Қазақ МҮддесі үшін қҰрбан болған азамат нығмет Нұрмақұлы қазіргі Қарағанды облысына қарасты



жүктеу 100.45 Kb.

Дата18.01.2017
өлшемі100.45 Kb.

ҚАЗАҚ МҮДДЕСІ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАН АЗАМАТ 

 

-  Нығмет  Нұрмақұлы  қазіргі  Қарағанды  облысына  қарасты 



Егіндібұлақ  ауданында,  1895  жылғы  25  сәуірде  шаруа  отбасында  дүниеге 

келді.  Нұрмақ  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  кісі  болған.  Бала  Нығмет  1905-08 

жылдары жергілікті Хасен байдың қамқорлығындағы ауыл мектебінде сауат 

ашады.  Бұдан  кейін  Қарқалыдағы  орыс  училищесіне  түседі.  Оның 

өміріндегі  үлкен  өзгеріс  осы  арадан  басталса  керек.  Өйткені  оқу  орнының 

меңгерушісі  атақты  Ахмет  Байтұрсынова  еді.  Мұның  үстіне  бұл  кезде 

Бірінші орыс ревалюциясының жаңғырығы Қарқаралыға  да жеткен. Әлихан 

Бөкейханов,  Жақып  Ақбаев  және  басқа  да  қазақ  зиялылары  сол  тұста 

Қарқаралыда  жиі  бас  қосқан.  Бозбала  Нығметтің  ел  көзіне  түсуі  де  Хасен 

байдың тілмәші кезінен басталады. Хасанмен бірге Омбыда ашылған ауыл 

шаруашылығы көрмесіне барған оны сондағы мұғалімдер семинариясының 

оқытушысы  А.Сидельников  ұнатып,  оқуға  шақырады.  Міне,  осында  оқып 

жүргенде 

Шәймерден 

Әлжанов, 

Мағжан 


Жұмабаев, 

Сәкен 


Сейфуллиндермен  бірге  ұлттық  –  ағартушылық  бағыттағы  «Бірлік» 

ұйымына  мүше  болады.  Жалпы,  Нұрмақовтың  өмірбаянында  осы  Омбы 

кезеңінің рөлі ерекше. 

1915  жылы  семинарияны  бітірген  Нығмет  өзі  оқыған  училищеге 

оралып,  мұғалімдік  қызметке  орналасады.  Көп  нәрсеге  көз  жеткізеді. 

Әділетсіздікке  қарсы  алғаш  бой  көтеруі  1916  жылдың  жазына  тұспа  –  тұс 

келеді.  Ол  қазақтан  майданның  қара  жұмысына  адам  алу  науқанына  ашық 

қарсы  шығады.  Ақыр  соңында  қалайда  қандастарына  қорған  болуды 

ойлаған  ол  майданға  баратын  жігіттер  сапына  мыңбасы  ретінде  өзі  барып 

қосылады... 



Жақсы  інім,  Нығметім,  қыран  құсы,  мәңгіге  өлмеуі  хақ  ұранды 

ісің! 

-Қандай  да  бір  ірі  тұлғаны  өсіп  –  өнген  ортасы  қалыптастырады. 

Нығметте  нағыз  қазақы  (  сол  жылдары  Қарқаралы  қаласы  тұрғындарының 

тоқсан бес пайызы қазақтар екен ), текті ортадан түлеп ұшқан ғой. 

-Өкімет  басына  біресе  қызылдар,  біресе  ақтар  келіп,  сапырласып 

жатқан  1918  жылы  Нығмет  бірқатар  большевиктермен  бірге  түрмеге  түсіп 

қалады.  Әйгілі  Мәди  Бапиұлымен,  елдің  атақты  байы  Ыбырай  Ақбаевпен 

бірге  отырады.  Семейдегі  қыздар  гимназиясында  оқитын  Зүпүн 

Ыбырайқызымен  таныстығы  осы  жерден  басталады.  Әкесіне  келіп  жүрген 

бойжеткенді Мәди ақынның өткір көзі қалт жібермей: «Әй, Нығмет, әкесіне 

тамақ  тасып  жүрген  қыз  жаман  болмас,осы  қызды  алсаңшы»,  дейді.  Өзі 

қатты  сыйлайтын  жас  азаматтың  әйелі  де  өзіне  сай  көрікті  де  ақылды 


болғанын  қаласа  керек.  Бір  қызығы,  түрмеде  жатып  –  ақ  Мәди  оның 

болашақта ірі тұлға болатынын сезіп, оған арнап өлең шығарады: 

Достарым, отырмыз біз абақтыда, 

Қатулы бәрімізде қабақ мұнда. 

Қабаған иттей Колчак жендеттері, 

Бермейді мезгілінде тамақты да. 

Тойдырдық бит пен бүрге, қандаланы, 

Күн зырлап, түндерге түн жалғанады. 

Отырмыз бұл қапаста сәуле көрмей

Мәдидің елге естілмей салған әні. 

Жақсы інім, Нығметім, қыран құсым, 

Мәңгіге өлмеуі хақ ұранды ісің! 

Күн туып, жендеттердің торы қирап, 

Соңына еліңді ертіп тұрармысың. 

Тіліңнің балы тамған бұлбұл інім

Арналған елдің үшін мол білімің. 

Сыйынсаң тәуекелге тәңір жақтар, 

Бәрі де ұмыт болар бұл күніңнің. 

Ертең – ақ ел ерлері беріп қолын

Құтқарар бізді бақыт ашып жолын. 

Әрдайым жігер берші бәрімізге, 

Байқайтын батырым ең оңы – солын. 

Ақын  жазғандай,  А.Редченко  бастаған  полк  қалаға  түнделете  басып 

кіріп,  өлім  аузында  отырған  Қарқаралы  кеңесінің  мүшелерін  түрмеден 

түгелдей босатып алады. 

Көп  кешікпей,  халқының  бақыты  жолында  жан  –  тәнімен  қызметке 

кіріскен  күндер  басталады.  Нығмет  Нұрмақов  жан  –  жақты  ойлану,  саяси 

күштердің  бағыт  –  бағдарын,  болашағын  салмақтаудың  нәтижесінде 

большевиктерге  қосылды.  Омбыда  бірге  оқыған  серігі  С.Сейфуллинге 

жазған  хаттарында  былай  дейтіні  бар:  «Бұрынға  патшаның  тепкісінде 

жаншылған  халықтарға  теңдік  беріп,  адам  хаттарына  санайтын  жалғыз 

большевиктер партиясы екеніне көзім жетті. Сол себепті мен де большевик 

болдым». Шындығында ол мұндай түпкілікті шешімге үш жылға созылған 

саяси талас – тартыстың нәтижесінде келді. Өзі айтқандай, езілген халқына 

жақсылық  жасайтын  партия  деп  сеніп  келді.  Содан  былай  саяси, 

шаруашылық  қызметтен  қол  үзген  емес.  Бір  жыл  уездік  төңкеріс  комитеті 

мен  атқару  комитетінде  жауапты  қызмет  атқарды.  1920  жылдың  4 

қарашасында  Қазақ  АССР-нің  құрылуын  жария  еткен  кеңестердің  І 



құрылтай жиналысында қатысу үшін Орынборға аттанды. Сол жолы Қазақ 

Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 

1921  жылы  Семейге  ауысып,  губерниялық  комитет  мүшесі  әрі  аз 

ұлттар  бөлімінің  меңгерушісі  болды.  Жергілікті  «Қазақ  тілі»  газетіне 

басшылық  жасады.  Нұрмақовтың  Қарқаралы  мен  Семейдегі  қызметіне 

байланысты екі оқиғаны айта кеткен жөн. Біріншісі Қу тауына жасырынған 

300  –  ден  аса  ақгвардияшыларды  қолға  түсіруге,  екіншісі  полковник 

Тоқтаров бастаған ақтар тобы жойып жіберуге тікелей басшылық жасауы. 

1922 жылдың басында ел арасында күн санап беделі өсіп келе жатқан 

жас басшы астанаға қызметке шақырылды. 



Қазақ мемлекетінің конституциялық негіздерін қалыптастыру. 

-Нұрмақовтың үкімет басшысы болып сайланғанға дейін лауазымдық 

қызметтерін  жәй  ғана  тізіп  шығудың  өзі  едәуір  орын  алар  еді.  Сондықтан 

кейбіреулеріне  ғана  тоқталып  өтсек,  1999  жылы  Әділет  министрлігінің  80 

жылдығы қарсаңында авторы сіз боп, баспагері біз боп дегендей, «Юстиция 

халық  комиссарлары  »  атты  кітап  шығарып,  Қазақ  елі  тарихында  Әділет 

министрі  болған  тұлғаларды  бір  түгендеп  бердік  емес  пе?  Содан  былай 

олардың портреттері министрліктің ғимаратында қаз – қатар ілулі тұр. Сол 

сияқты,  бәлкім,  біздің  тізбекті  мақалаларымыздан  соң  Қазақ  үкіметі  өз 

тарихына  бет  бұрып,  болашағын  ой  таразысына  салып  байқар.  Ол  енді 

бөлек әңгіме ғой. 

Қазіргі үкімет мүшелері арасында отыздан жаңа асқан кадрлар да жоқ 

емес.  Солардың  бірі,мысалы,  Қайрат  Келімбетов.  Ол  бір  сұхбатында  33 

жасында 


министр 

болғанын 

мақтанышпен 

айтады. 


Мақтануға 

тұрарлық,әрине. Бірақ Қазақ үкіметі тарихына көз салсақ, бұл ерекше атап 

өтетіндей  де  құбылыс  емес.  Мысалы,  Нұрмақовты  алайық.  27  жасында 

Қазақ  автономиялық  республикасы  Жоғарғы  сотының  төрағасы  болғаны, 

арада    бір  жыл  өткенде  Әділет  халық  комиссары  мен  республиканың  бас 

прокуроры  міндеттерін  қатар  (!)  атқарғаны  белгілі.  Ал  республика 

үкіметінің  төрағасы  қызметіне  кіріскенде  әлі  30  –  ға  да  толмапты.  Атақты 

Смағұл  Сәдуақасов  25  жасында  –  ақ  оқу  –  ағарту  халық  комиссары  және 

республикалық  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  редакторы  міндетін  қатар 

атқарған. Бір қызығы, журналисттермен, демек көпшілікпен қоян  – қолтық 

аралысқан  тұлғалар  өз  қызметінде  батыл  және  халықшыл  бола  білген. 

Айталық, Нұрмақов «Еңбекші қазақта» редактор болды емес пе? Сейфуллин 

–  кәсіби  қаламгер.  Басқаша  айтқанда,  өз  тілінде  жазып  –  сыза  білген, 

ойланып – толғана алатын адам ғана өз ұлтының шын жанашыры бола алған 

сияқты... 


-Жоғарыда айтылғандай, 1922-24 жылдары ол Жоғарғы сот төрағасы, 

Әділет  халық  комиссары,  республика  бас  прокуроры  міндеттерін  атқарды. 

Осы  кезеңдегі  қызметі  туралы  арнайы  кітап  жазып,  заң  саласындағы  іс  – 

тәжірбиелерін  жинақтап,  оқу  орындарының  студенттеріне  оқытса  құба  – 

құп. 

Үкімет  басына  келер  алдындағы  ол  атқарған  бірсыпыра  жұмыстарға 



қысқаша тоқтала кетейік. Біріншіден, Нұрмақов жобасын жетілдіріп, жасап 

шыққан  Өлкелік  партия  комитетінің  қаулысы.  Мұнда  жергілікті  қазақ 

ұлтының 

республикадағы 

билікті 

қалыптастырып, 

басқарудағы 

артықшылықтары мойындалды. 



-Сексен  жылдан  аса  уақыт  бұрын  мойындалған  шындықты 

қазіргі үкіметтің құлағына ілмейтіні қызық.  

-Сол  қаулыда  мынандай  мәселелер  қарастырылған:  мемлекеттік 

мекемелердің  барлығына  қазақтарды  қызметке  тарту;  қазақ  тілінде  іс 

жүргізудің  мерзімдерін  белгілеу;  қазақ  мектептерін  ұйымдастыру; 

әдебиеттер шығару..Осылай кете береді. Екінші бір  атап өтетін жайт, 1923 

жылы  Нұрмақовқа  болашақ  конституцияның  жобасы  бойынша  баяндама 

жасау тапсырылды. 

-Демек,  қазақ  елінің  алғашқы  ресми  Конституциясында  қазақ 

тілінің  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болуы  Нұрмақовтың  арқасы  екен  – 

дағы.  Жалпы,  оның  қазақ  мектебі  мен  тілінің  болашағы  жолындағы 

еңбектері ұшан – теңіз. Егер одан кейін үкімет басына келген тұлғалар 

көп жаңалық ашпай – ақ, ақ тер, көк тер болмай – ақ, Нұрмақов салып 

берген сара жолдан адаспай, соның сұлбасымен ғана жүріп отырғанда, 

қазақ тілі әлдеқашан қазақстандықтардың  ұлтаралық қатынас тіліне 

айналып, қазақ мектебі баяғыда – ақ халықаралық стандарт деңгейіне 

көтерілер ме еді?! 

-Иә,солай.  Бұған  бір  –  екі  мысал  келтіре  кетейік.  1923  жылдың  16 

мусымында  Нұрмақовтың  басшылығымен  Әділет  комиссариатының  алқа 

мәжілісі  өтті.Онда  сот  органдарының  қазақ  тілінде  іс  жүргізуге  көшіру 

тәртібі талқыланды.Онда мынандай нақты шамалар белгіленді: 

1.  Сот  және  тергеу  орындарының  аудандық  кестесі  қайта  қаралып, 

біріңғай қатар жатқан қазақ болыстары жеке аймақтарға бөлінсін. 

2.  Қазақ,  орыс  болыстары  аралас  адандарда  арлас  аймақтар 

құрылып,оларда  сот  мәжілістері  мен  іс  қағаздары  міндетті  түрде  екі  тілде 

жүргізілсін. 

3.  Кілең  қазақтар  қоныстанған  және  басқа  ұлттар  аралас  тұратын 

жерлерде  сот  төрағасы  мен  тергеуші  қызметіне  міндетті  түрде  қазақ  тілін 

меңгерген  адамдар  тағайындалсын.  Аралас  аймақтағы  сот  қазылары  мен 


тергеушілері орысша да сауатты болсын. Мұндай аймақтардағы қазақ тілін 

білмейтін,  қызметке  жарамсыз  барлық  іс  жүргізушілер  жұмыстан 

босатылып, қазақша жетік білетіндермен алмастырылсын. 

4.  Осыған  сәйкес  барлық  прокурор  көмекшілерінің  тізбесі  қайта 

қаралып, сот ісі қазақша жүретін аймақтарға тиісінше қызмет көрсету үшін 

прокуратура құрамына қазақ тілін білетін, білімді маман енгізілсін. 

5.  Қызметінен  босағандар  басқа  аймақтарға  тағайындалсын.  Ол  да 

мүмкін  болмаған  жағдайда  Еңбек  туралы  заңға  сәйкес  олармен  біржола 

есептесіп, жұмыстан босатылсын. 

6.  Қазақ  пен  орыс  аралас  тұратын  губерния  соттарында  қазақ 

бөлімдері құрылсын. 

7.  Губерниялық  соттың  қазақ  бөліміндегі  халық  заседательдері  осы 

тілде сөйлеп әрі түсінуі тиіс. 

-Шын  мәнінде  нақты  шаралар  екен.  1923  жылы  қазақша  сауатты  заң 

кадрларының  қасқалдақтың  қанындай  қат  екенін  ескерсек,  бұл  нағыз  нар 

тәуекел  қадам  ғой.  Осы  іс  –  шараларға  біздің  қазіргі  қазіргі  тәуелсіз 

еліміздегі министрлердің көзі түссе, төбе құйқалары шымырлайтын шығар. 

-Мамандардың 

тапшылығына  қарамастан,  бұл  нұсқау  хатта 

көрсетілегн  шараларды  1923  жылдың  1  қыркүйегіне  дейін  жүзеге  асыру 

тапсырылған. 

-Төрт  айда!  Біз  лақтырған  таяқ  жоғары  білімді  қазақ  маманының 

басына  тиетін  заманда  мұндай  міндетті  республика  былай  тұрсын,  бір 

қазақы ауданның көлемінде іске асыра алмай келеміз. 

-Бізде  заң  да,  жоспар  да  бар.  Бірақ  оны  бақылау,  кінәларды  жауапқа 

тарту,  жалпы  жауапкершілік  жоқ.  Айтылған  нәрсе  айтылған  жерде 

қалады.Айтпақшы, 1923 жылдың тамызында іс жүргізуді қазақшаға жүргізу 

жөнінде  мемлекеттік  комиссия  құрылды.  Сол  кезде  комиссариаттың 

басшылары  құрамында  үш  –  ақ  қазақ  болған:  комиссар  Н.Нұрмақов,  алқа 

мүшесі А.Бірімжанов, бөлім меңгерушісі С.Қадырбаев 

-Үш қазақ мың қазаққа пара –пар болғаны да! 

-Артығы  жоқ,  Семей  губ-ның  прокурорынан  Зайсан  уезіндегі  іс  – 

жүргізудің  қазақ  тіліне  көшірілуіне  орпй  уездік  прокурор  көмекшісі 

Шестовтың  орнына  қазақ  маманын  жіберу  туралы  хат  түседі.  Комиссар 

Н.Нұрмақов  прокурор  Доманскийдің  өтінішін  қабыл  алып,  өз  бұйрығымен 

әлгі кісіні қызметінен босатады. Осында себептермен 1924 жылдың аяғына 

дейін сот саласының 30 – ға жуық қызметкері жұмыстан кетіріледі. 

-Қазіргі реформаттар министрлеріміз туралы осындай сөз айта аламыз 

ба? Құлкеевтің аз уақытта қазақ мектебі жүйесін қиратып кете жаздағанын 

ескерсек, Нұрмақовтай  кадрлар қазаққа қазір де ауадай қажет болып тұр  – 



ау.  Ал  ол  кезде  ондай  тұлғалардың  қызмет  сатысымен  тез  өрлемеуі  де 

мүмкін емес қой. 

Енді  бірер жылда  Қазақ  үкіметіне  тоқсан  жыл  толады.  Бірақ  оны  елеп-

ескерейін  деп  жатқан  өкіметтің  өкілін  байқамадық.  Өншейінде  елеусіз  бір 

мекеменің  тәй-тәй  басқан  қадамын  атап  өтіп,  ауыл  көлеміндегі  әкім 

көкеміздің  мүшелтойын  дүркіретіп  жатамыз  ғой.  Мынадай  тарихи  оқиғаға 

келгенде  тарының  қауызына  сыярдай  тырысып,  тарыла  қаламыз.  Күні  кеше 

ғана Даниал Ахметовтың командасы бұл туралы түс те көрместен, отставкаға 

кете  барды.  Жаңа  тағайындалатын  үкімет  басшысы  да  өзі  басқаратын 

құзіретті  мекеменің  кешегісі  мен  келешегі,  сабақтастық  пен  дәстүр 

жалғастығы жайында, әй, бс қатыра қоймас. Солай екен деп қарап отыру да 

жараспас. Өткен жылы басталған әңгімені («Қазақ үкіметі: кеше және бүгін», 

№140;  «Қазақ  үкіметі:  Тұрар  Рысқұлов»,  №148)  бүгін  одан  ары 

жалғастыруды жөн көрдік. 

Ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақ үкіметінің құрамында талай-талай ірі 

тұлағалар  қызмет  етті,  әрине.  Солардың  арасындағы  ең  шоқтығы  биігінің 

бірі, сірә, Нығмет Нұрмақов шығар. 

Көп жылдардан бері жоғары оқу орындарында қаызмет етіп келе жатқан 

Болат  ҚАБДӨШЕВ  жақында  «Н.Нұрмақовтың  қоғамдық-саяси  және 

мемлекеттік  қызметі»  деген  тақырыпта  диссертация  қорғап,  тарих 

ғылымының кандидаты атағын алды. Біз оны әңгімеге тарттық. 

- Нығмет Нұрмақов ең бір шешуші, қиын жылдарда Қазақ автомониялық 

республикасы Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы міндетін атқарды. Сол 

кездегі,  тіптіқазіргі  де  өлшеммен  алып  қарағанда  үкімет  басында  ұзақ 

отырды (4 жыл 4 ай). 

Жалпақшешейлікпен  емес,  мықтылықпен  ел  басқарды.  Саяси  тұлға, 

қайраткер  ретінде  оны  әйгілі  Тұрар  Рысқұловпен,  Қазақ  үкіметінің  басына 

келеген тұңғыш қазақ Сәкен Сейфуллинмен салыстыруға болар еді. Көпшілік 

қауымға бұл екі алаш ардақтысының өмірбаяны кеңінен таныс. Сері де сұлу 

сәкен  ақын,  жазушы  ретунде  өз  өмірбаяның  өзі  қағазға  түсіріп  кетті.  Тұрар 

және  оның  өсіп,  қалыптасқан  ортасы  туралы  Мұхтар  Әуезов,  Шерхан 

Мұртаза,  тағы  да  басқа  қаламгерлер  тарихи  көркем  шығармалар  жазды.  Ал 

Нығмет  сынды  күрескердің  өмірі  мен  қызметі  күні  кешеге  дейін  жалпы 

оқырманға  беймәлім  болып  келді  емес  пе?  Біздің  байқауымызша,  осы  уш 

тұлғаның  мемлекет  және  ұлт  туралы  көзқарастарында  алшақтық  жоқ. 

Сондықтан  да  шығар,  Сейфуллиннің  орнына  келген  Нұрмақов  ол  бастаған 

істерді ( айталық,  қазақ тілін өркендету, мемлекеттік деңгейге көтеру) одан 

әрі тереңдетіп, батыл жүргізді. Рысқұловпен әрдайым тізе қоса жұмыс істеді. 

Ақыры екеуі қосақтасып, «халық жауы» ретінде аталып кетті. 


 

 

Қазақстанды қазақ ұлтының төл мемлекті ету жолында 

- Нұрмақов үкімет басына келгенне бері арада 80 жылдан аса уақыт өтті. 

Ғылым  мен  техника  қарыштап  алға  кетті.  Адамзат,  саның  ішінде,  әрине, 

қазақстандықтар  да  сықырлаған  өгіз  арбадан  ғарыш  кемесіне  дейінгі  даму 

жолынан  өтті.  Қазіргі  үкімет  пен  оның  құрамындағы  министірліктердің 

мүмкіндіктерікешегі  бас  комиссардың  түсіне  кірмеді  деуге  әбден  болады. 

Бірақ,  қарап  отырсаң,  ел  басқару  саласында,  жалпы  адамдар  арасындағы 

қарым-қатынаста  жоғарыда  біз  тамсанғандайжетістік,  ерекшеліктер  жоқ 

сияқты.  Қайта  бұл  өнер  қасаңдана  түскендей.  Ел  басқаруға  өнер  деп 

қарайтын  көзқарас  өшіп  бара  жатыр  ма  деп  қаламыз.  Қазір  басшыларды 

даярлауға  үлес  қосатын  жоғары  мектеп  те,  академия  да  жоқ.  «Ұстаз  бен 

шәкірт»  деген  ұғымның  орнына  «команда»  түсінігі  қалыптасты.  Бір  адам 

басшы да, қалғаны соның айдауында жүріп, айтқанына көне беретін топ, яғни 

команда.  Осы  тұрғыдан  келгенде  Нұрмақовтың  кейінгілерге  үлгі-өнеге 

болатындай  іскерлік  қасиеттері  де  аз  емес.  Ол,  біздің  білуімізше,  ұлт 

болашағына  қатысты    мәселелері  комиссарларына  жүктеп  қоя  салмай,  өзі 

қадағалап  отырған.  Жоғарыда  айтылған  тіл,  кадр,  мәдениет,  оқу-ағарту 

салаларына  қоса  халық  шаруашылығына  да  жете  мән  берген.  Өнеркәсіпті 

өркендетумен  бірге  қазақтың  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  алға  басуына 

ерекше  ден  қойып,  осы  бағытта  «тым  әсіре  жаңашыл»  республика 

басшыларымен текетіресіп, өз танымынан айнымаған. 

-  Нұрмақов  аса  жоғары  лауазымды  қызметіне  кіріскен  алғашқы  күннен 

бастап  өнеркәсіпті  дамыту,  отаршылдық  саясаттың  салдарынан  құнарлы 

жерлерінен 

айырылыпқалған 

қазақтарды 

ата 


қоныстарына 

қайта 


орналастыру,  мал  шаруашылығын  тиімді  ету  мәселелеріне  ден  қойды. 

Әсіресе жол қатынасын жақсарту және мал шаруашылығын дамытуға ерекше 

мән  беріп,  бұл  туралы  РСФСР  Халқ  комиссарлар  кеңесіне  хат  жолдады.  

Бюджеттен бөлінетін қаржыны көбейтуді сұрады. Орталыққа қаржы жағынан 

тәуелді  болу  отаршылдықтың  жаңа  тұрпаты  деп  түсінді.  Онымен  қолынан 

келгенінше  күресті  де.  Көп  ұзамай  мұндай  жүйелі,  табанды  істің  нәтижесі 

көріне бастады. Мал басы 1924-25 жалдары 24880 мың болса, арада үш-төрт 

жыл өткенде 41 миллионға жетті. Осы аралықта егістік жер көлемі 2,260 мың 

гектардан  3,836  мыңға  жетті.  «  Ресейдің  қара  топырақты  аймақтарын, 

Поволжьенің шаруашылығын дамытуға орасан қаржы жұмсалуды, - дейді ол. 

–  Біз  де  мәселені  осылай  қоюымыз  керек...  Мал  шаруашылығы  біздің 

экономикада жетекші рөл атқаруы керек». 



Нұрмақовтың үкімет басшысы ретінде Ф.Голощекин бастаған топ қарсы 

шықты. Бұл екі басшының көзқарастары әсіресе ұлттық мәчелелерде кереғар 

шығып жатты. 

1928 жылдың 11 наурызында өткен Өлкелік партия комитетінің төралқа 

мәжілісінде  сөйлеген  сөзінде  Нұрмақов  жұрттан  жұтаған  елдің  салығын 

жеңілдету  туралы  мәселе  көтерді.  Голощекин  осы  арада  «  Нұрмақов 

туыстарына  көмектескесі  келеді»  деп,  сөз  қыстырды.  Бұл  «Нұрмақовтың 

әйелі  байдың  қызы»  дегенді  мензегені-тін.  Нұрмақов  оған  айылын  да 

жимайды. Қайта сес көрсетеді. 

«Нұрмақов:  Мен  осылай  мәлімдесем,  өз  сөздеріме  толық  жауап 

беремін.  Жауапкершілікті  мен  де  сезінемін  және  жер-жерде  осы  жұмысты 

жүргізген  адамдар  да  жауапсыз  емес.  Менің  мәлімдемем  губерниялардан 

түскен  тақпараттар  бойынша  жасалды.  Ол  губернияларда  болған  доқпын. 

Бірақ оларға сенбуге еш негіз жоқ. Қазақстанда жұт бар. Жұт мал қырылып 

жатқан Сырдария губерниясында бар, жұт Ақтөбе губерниясында бар, Адай 

уезін  жаппай  жұт  жайлады,  жұт  Орал  губерниясында  және  Семей 

Губерниясының Қарқаралы уезінде де бар... 



Голощекин: Мен мұны бекерге шығарамын. Әсіресе көп туыстары бар 

соңғы уезге қатысты. 



Нұрмақов: Абайлаңыз! 

Голощекин: Мен сөзіме жауап беремін. 

Нұрмақов: Дегенмен, кішкене абайлаңыз. Мен де өзімнің барлық ісіме, 

сөзіме жауап беремін. Мені әр нәрсемен қорқытпаңыз... Мен жұт бар екенін 

жәй  ғана  баяндап  тұрғам  жоқ,  жұт  бар  екенін  ескерейік,  асыра  сілтеп 

жібермейік  деп  отырмын.  Ештеңе  жоқ  деп  айтуымыз  –  мұрнымыздың 

астында не болып жатқанын білмеуіміз. 

Голощекин: Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады.  

Нұрмақов:  Жұт  Қазақстанды  жыл  сайын  кей  жерлерде  болғанмен,  ол 

биыл барлық губернияларды қамтыды... Апат күткен мөлшерден асып кетті... 

Менің  ойымша,  тек  өз  сөзіңе  сенбей,  басқалардың  да  сөзіңе  сену  керек... 

Менің  жұтты  айтып  отырып,  бір  жағынан  Қарқаралыдағы  туыстарымды 

қолдағым  келеді  екен.  Сіздің  де  басқа  жерде  туыстарыңыз  болуы  мүмкін... 

Бірдеңе айтқан кезіңізде кішкене ойлануыңыз керек. Мені тек туыстарының 

жағдайын ойлайды деп сіз ешқешен ештеңемен дәледей алмайсыз». 

- «Абайлаңыз» деген жәй айтылғанымен, түсінген адамға улы жыландай 

ысылдап  тұрған  сөз  ғой.  Оның  артында  әдетте  «Жардан  құлайсыз».  « 

Мойныңыз үзіледі» дегендей мағына тұрады. 

- Нұрмақовтың басым кетер-ау демей, Сталиннің Қазақстандағы оң қолы 

болып  отырған  Голощекинге  үнемі  тойтарыс  беруі,  жерге  орналастыру 



мәселесінде  төбесінен  төнген  РСФСР  Халық  комиссарлар  кеңесімен  де, 

РСФСР  Жер  ісі  комиссариатымен  де,  Бүкілодақтық  Орталық  атқару 

комитетімен  де  кетісуі  Қазақстанның  болашағына,  оның  тәуелсіздігіне 

дегеналаңдаушылықтан туындаған іспетті. «Жер мәселесі – қазақтар үшін аса 

күрделі әрі негізгі мәселе, - дейді ол. – Жерге орналастыруды жүзеге асыруда 

бірінші  кезекте  қазқатардың,  содан  кейін  барып  келімсек  еуропалықтардың 

мәселесін  шешу  керек».  Ол  өзі  басқарған  өкіметтің  жұмысын  осы  бағытқа 

жұмылдырды.  1925-27  жылдар  аралығында  қазақтарды  жерге  орналастыру 

барынша  қарқынды,  ұйымдасқан  түрде  жүргізілді.Бірақ,  көп  ұзамай, 

республикада,  орын  алған  саяси  текетірес  Қазақ  үкіметінің  түпкілікті 

Орынбор  губерниясын,  онымен  бірге  көршіге  кеткен  алтын  және  тұз 

кеніштерін  республика  меншігіне  қайтару  жөніндегі  жанқиярлық  әрекеттері 

де  Кремль  тарапынан  қолдау  таппады.  Сөйтіп  ақ  патша  тұсында  шөл  және 

шөлейт  аймақтарға  ығыстырылған  қазақтар  ата  қоныстарына  енді  жайғаса 

бастағанда осынау ұлы көшті орталық күшпен тоқтатты. 

Қазақ  байларын  тәркілеу  ісінің  де  ұлттық  ерекшеліктерді  ескермей, 

біржақты жазалау сипатында жүргізілуі Нұрмақовтың шыдамын тауысты. Ол 

төрағалықтан өз еркімен босанып, Мәскеуге оқуға кетті. Көп арманы, қайғы-

шеріішінде  кетті.  Басына  үйірілген  бұлт  пен  қайғысы  тарқамай,  қайта 

коюлана түсті. 

 

Бас комиссар Нұрмақов пен жас шабандоз Бірімжановтың жорға 



жарыстыруы 

-  Әр  кезең    басшыларының  өз  хоббиі  болды.  Кешегі  социолизм 

тұсындағы  мықтылар,  мәселен,  жасырынып  арақ  ішіп,  карта,  бильярд 

ойнап,  моншаға  түсуді  ұнатқан.  Қазіргі  министрлер,  әкімдер  бұрынғы 

әріптестеріндей  жасырына  бермейді.  Ашық  жүріп  доп  ойнайды, 

мейрамханаға,  саунаға  барады.  Гольфты  жақсы  көреді.  Қысқасы,  не 

істеп,  не  қойып  жүргендері  көпшілікке  белгілі.  Ал  Нұрмақовтар  немен 

әуестенді? 

-  Нығметте  әкесінен  өткен  сал-серілік  болған.  Бұл  туралы  жазушы 

Жайық  Бектұровтың  естелігінде  айтылады.  Соны  қысқаша  жаңғыртып 

өтейік.  1925  жылдың  күзінде  Қазақ  автономиялық  республикасы 

құрылуының 5 жылдығына орай мереке өтеді. Сол тойда ат жарысы болады.  

Жорға жарысында Нығмет Нұрмақұлының қаракөк аты бас бәйге алады. Той 

аяқталып,  қазақ  елі  басшыларының  бір  тобы  қалаға  қайтіп  келе  жатқанда 

С.Қожанов  пен  Н.Нұрмақовтың  жанынан  бір  бала  көктеңбіл  атын 

жорғалатып өте береді. Сонда Нығмет: 

- Әй, балақай, атың жорға екен, жарысуға калайсың? – дейді.  



Бала  келісі  кетеді.  Батырбек  атты  баланың  аты  су  шайқалтпас  жорға 

екен,  Нығметтің  қаракөгі  шыдас  бермей,  желіп  кете  береді.  Сонда  төраға 

баланы тоқтатып, оның жеңісін мойындайды. 

- Сенің жорғаң озды. Неге жарысқа қоспағансың? – дейді. 

Батырбек кешігіп қалғанын айтады. 

-  Қап,  әттеген-ай,  жорға  жарысына  қосылғанда  бас  бәйгені  сен  алатын 

едің  –  деп  Нығмет  қойын  қалтасына  қол  салады.  Батырбек  ұялып,  төраға 

ұсынған  ақшаны  алмайды.  Есесіне  ойлмаған  жерден  қазақ  елін  ашса 

алақанында,  жұмса  жұдырығында  ұстай  алатын  үлкен  бастықпен  танысып 

қалады. 


-  Жарайды,  алмасаң  Ахаңа  сәлем  айт.  Кейін  ол  кісіге  мына  атының 

бәйгесін өзім табыс етемін, - дейді Нұрмақов ағынан жарылып. 



- Иә, мықтыны мойындай білу де мықтылық қой! 

- Айтпақшы, Нұрмақовтың «Ахаң» деп отырғаны Ахмет Бірімжанов еді. 

Ол кезінде Қазан университетінің заң факультетін алтын медальиен бітірген 

қазақ. Бірақ патша заманында жоғары білім алғандығынан ба, кеңес үкіметі 

оған онша сенім арта қоймаған сияқты. Біліміне лайық қызмет бермепті. Ал 

оның,  әлгі  Батырбек  бала  кейін  үлкен  ғалым  атанды,  қазақ  химия 

ғылымының негізін салушылардың бірі болады. 

P.S.  Соңғы  жылдары  Министрлер  кабинетінің  жиі  жаңарып  тұратын 

құрамын  Рысқұлов,  Нұрмақов,  Тәшенов,  Қонаев  сынды  тұлғаларды  іздей 

бастаған  зиялы  қауым  11  ақпанда  үкімет  мүшелері  түгелімен  отставкаға 

кеткенде, кәдімгідей өлеңдеді. 

Кеше  Д.Ахметов  премьер-министр  қызметіне  қайта  тағайындалды. 

Соған  қарағанда,  Қазақ  үкіметі  өзінің  басты  тарихи  миссиясын  орындауға 

жуық арада кірісе қоймайтын сияқты. 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал