Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет8/9
Дата08.01.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№14 дəріс сабақ. Тақырыбы: Литва əдебиеті. 

Литва (Летува). Литв. ССР-і 1940 ж. 21 июльде құрылды. 1940 жылдың 3 авгусынан 

Совет  Одағының  құрамында.  СССР-дің  Европ.  бөлігінің  батысында  орналасқан. 

Солтүстігінде  Лат.  ССР-мен,  шығысы  мен  оңтүстігінде  БССР-мен,  оңт.-  батысында 

Польшамен  жəне  РСФСР-дің  Калининград  обл-мен  шектеседі;  батысында  Балтық 

теңізіне жалғасады. Жері 65,2 мың км . халқы 3262 мың (1974). Астанасы – Вильнюс 

қаласы. 44 ауданға бөлінеді, 92 қаласы, 22 қ.т поселкесі бар. 

Əдебиеті. Л-ның көне жазба ескерткіштері (14-17 ғ.) орыс (беларус) тілінде («Литва 

заңдарының»  жинағы,  шежірелер  т.б.),  латын,  поляк  тілдерінде  жазылған.  Литван 

халқы  өзінің  ой-арманын  бай  ауыз  əдебиетінде  (дайна-өлеңдер,  ертегілер,  аңыздар, 

мақал-мəтелдер  т.б.)  бейнеледі.  Литван  жазуның  пайда  болып,  дамуы  16  ғ-дың  «-

жартысындағы  Реформация    қозғалысына  байланысты  туды.  М.Мажвидас  (  т.ж. 

белгісіз  -  1563  ж.ө.)  түзген  Л-ның  бірінші  кітабы  («Катехизис»)  шықты.  Кітаптың 

мазмұны дін текстерінен құрылғанмен, оның алғы  сөзі насихат өлеңмен жазылды, Л-

ның бірінші  əліппесі берілді. 16-17  ғ-да,  негізінен,  діни    əдебиет жасалды. 17-18  ғ-да 

зиялылық мазмұнда жазылған көркем шығармалар пайда болды.  18 ғасыр əдебиетінің 

ең таңдаулы үлгісі  К. Донелайтистің (1714 - 80) , «Жыл мезгілдері» (1918 ж. баспадан 

шыққан) атты поэмасы болған. 19ғ –дың  1-жартысында  Д.Пошка (1757 -1830) , Л.Реза 

(1776 - 1840) , А. Страздас (1763 -1833 ), С.Станявичюс (1799 -1848 ) сияқты ақындар 

мен  жазушы  жəне  тарихшы    С.Даукантас  (1793  -  1864)    т.б  жазушылар  литван  

əдебиетін айтарлықтай дамытты. А.Баранаускастың (1835 - 1902) «Аникшяй орманы»   

( 1860ж баспадан шыққан) поэмасы литван поэзиясын дамыта түсті.19ғ-дың  аяғымен  

20ғ-дың  басында    Л.  əдебиетінің  жанры  молайып,  балалар  əдебиеті,  əдебиет  сыны, 

əдебиеттану  ғылымы дами бастады.  Əдебиетте  Жемайте (лақап  аты; шын  аты  жөні – 

Ю.Жемайтене,  1845  -1921)      бастаған  сыншыл  реализм    қалыптасты.  Жазушы    И. 

Билюнас    (1879  -1907)    тұңғыш  рет  жұмысшы  бейнесін  жасаушылардың  бірі  болды. 

Реалистік  дəстүрлі  одан  əрі  ақындар  Й.  Йоварас  (лақап  аты    Й.  Крикщюнас,  1880  -

1967), прозаиктер        Г. Пяткявичайте – Бите (1861 -1943), А. Венуолис –Жукаускас  

(1882  -1957),  т.б.  дамытты.  Пролетарлық  əдебиеттің  тууы  сыншы  –марксистік  жəне  



жазушы  В.  Мицкявичюс  –  Капсукастың    (1880  -1935)    творчествосына    байланысты. 

Пролетарлық  поэзияда  дарынды    революционер    ақын    Ю.  Янонистің  (1896  -1917)  

өлеңдері  ерекше  көзге  түседі.  Литван  əдебиетінің    одан  əрі    дамуы  Октябрь 

төңкерісіне,  литван  халқының    1918-  19  жылдардағы  Кеңес  үкіметі    үшін  күресіне 

байланысты.  Бурж.  Үкімет  билік  еткен  кезде  (1919  -40)    əдебиетте  модернистік 

ағымның  күшейе  түскені  байқалады.  30    -жылға  қарай  П.  Цвирка    (1909  -47),  И. 

Шимкус  (1906  -65),  А.  Венцлова  (1906-71),  К.Борута  (1905-65)  т.б.  талантты 

антифашист  жазушылар  топтасты.  Олардың  көпшілігі  «Трячяс  Фронтас»  («Үшінші 

майдан»),  «Литература»,  «Культура»  т.б.  журналдардың  төңірегіне  бірікті.  Бұл 

жылдары  бұрынғы  фитуризм,  символизм,  неоромантизм  т.б.  ағымдарда  болған 

жазушылардың  көпшілігі  релизмге  ойысып,  реалистік  əдебиет  дамыды,  балалар 

əдебиеті  өркендеді,  əдебиет  тану  ғылымы  мен  фольклористика  саласында  елеулі 

еңбектер жазылды. Əр түрлі ағымдардың арасында өткір идеологиялық күрес жүрді. 

Л-да      Кеңес  үкіметі  қалпына  келтірілгеннен  кейін  (1940)  литван  əдебиеті  

дамуының жаңа кезеңі басталды. Оның бірінші белсенді қаламгерлері Цвирка, Нерис, 

Монтвила,  Гира,  Шимкус,  Тильвитис,  Венцлова,  Корсакас  т.б.  болды.  Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарында  ақындар  Нерис,  Гира,  Венцлова,  Корсакас,  жас  ақындар 

Э.Мижалайтис  (1919  ж.т.),  В.Музорюнас  (1922-64),  В.Мозурюнас  (1922-64), 

В.Реймерис  (1922-1921ж.т)  т.б  ақындар  ерлік  пен  соғыс  жылдарындағы  өмір 

шындығын  жырлады.  Соғыстан  кейінгі  жылдары  жазылған  шығармалардың  иедясы 

халықтың тұрмысын қалпына келтіру ісіне байланысты болды. Комсомол жазушылар: 

М.Слуцкис (1928 ж.т, ) А. Беляускас (1923 ж.т), А.Ионинас  (1923 ж.т) В.Грибас (1927 

-54), Ю.Маиявичюс (1928 ж.т) И.Авижюс (1922 ж.т) т.б əдебиетке жаңаш үнмен келді.  

Драматургия  саласында  Марцинкявичюстің  шығармалары  ерекше  аталады.  Балалар 

жəне  жасөспірімдер  əдебиетін  К.Кубилинскас  (1923-62),  Межелайтис,  А.Матутис 

(1923  ж.т),  Слуцкис,  В.Пятькявичюс  (1930  ж.т)  т.б  елеулі  шығармалармен  дамытты. 

Əдебиеттану  ғылымындағы  маңызды  еңбек  –  «Литва  əдебиетінің  тарихы»  (1957-68). 

Қазақ  тілінде  «Литва  əңгімелері»  (1959).  Э.Межелайтистің  «таңдамалы  өлеңдері» 

(1971)  Ю.Поунтялистің  «көршілер»  романы  (1967)  атты  əңгімелер  жинағы  (1958) 

шықты.  


№15 дəріс сабақ. Тақырыбы: Эстон əдебиеті 

Эстония- балтық жағауындағы одақтас республика. 1940 ж. 21 июльде құрылған, 1940 

ж. 6 августан СССР- дің құрамында. Шығысында РСФСР- дің Ленинград жəне Псков 

облыстарымен,  Оңтүстігінде  Лат.  ССР-  імен  шектеседі.  Еліміздің  солт.-  батысында, 

Финн  жəне  Рига  шығанақтарының  арасында  орналасқан.  Территориясының  9%-і 

аралдар (800- ге жуық); олардың ішіндегі ірілері- Моонзунд архипелагы құрамындағы 

аралдар (Сааремаа 2714 км. кв. Хийумаа 964 км. кв, Муху 200 км. кв). Жері 45,1 мың 

км.  кв.  Халқы  1,5  млн.  (1977).  Астанасы-  Таллин  қ.  республика  əкімш.  жағынан  15 

ауданға бөлінеді; 33 қаласы, 26 қ.т. поселкесі бар. 

Əдебиеті.    Э.  жерін  13  ғасырда  неміс,  кейін  дат  феодалдары  басып  алып,  ұлттық 

əдебиет  пен  мəдениеттің  дамуына  ұзақ  уақыт  кедергі  жасады.  19  ғасырға  дейінгі 

халықтың  рухани  өмір  бейнесі  тек  фольклордан  ғана  айқын  көрінеді.  Ескі 

хроникаларда Э. халқының өмірі туралы мəліметтер кездеседі. Генрих Латышскийдің 

(13ғ), Ливонийдың (13 ғ. аяғы- 14 ғ. ортасы ), Кельхтың (17 ғ. соңы ) хроникалары бар. 

1525  ж.  Любекте  шіркеулік  тұңғыш  кітап  жарияланды    да,  кейін  жойылды.  1535  ж. 

эстон  жəне  төменгі  неміс  тілінде  Ванрадт  пен  Коольдің  катехизесі  (сұрау  жауапқпа 

құрылған  діни  өсиетті  кітап(  жарияланды.  1656  ж.  эстон  тілінде  алғаш  шіркеу 

жырларының  жинағы  шықты.  18  ғ.  аяғы-  19  ғ.  басынан  каендарьларға  қосымша 


дидактикалық зиялы əдебиет сол кезден  басталды. Э. жерінің Россияға қосылуы (18 ғ.) 

халықтың əдебиеті мен мəдениетінің  еркін дамуына жағдай туғызды. 19 ғ-да эстонның 

тұңғыш ғартушысы О. В. Мазинг (1763- 1832), алғашқы ақыны К. Я. Петерсон (1801-

1822) белгілі болды. Э. көркем əдебиеті 19 ғ- да, эстон ұлт қозғалысының қарсаңында 

дами бастады. Бұл əдебиеттің негізін салушы ағартушы демократ Ф. Р. Фельман (1798- 

1850)  оның  ісін  алға  апарушы    Ф.  Р.  Крейцвальд  (1803-82)  болды.  Ол  фольклорлық 

негізде  «Калевипоэг»  эпосын  (1857-  61),  «Ежелгі  эстон  халық  ертегілерін  »  (1866) 

құрастырып,  ұлттық  əдебиет  бағытын  айқындады.  Прогресшіл  демократтар  И.  В. 

Яннсен  (1819-  90),  К.  Р.  Якобсон  (1841-  82)  Э-  нің  Россиямен  бірлігін  жақтады.  Л. 

Кайдула (1843- 86) патриоттық поэзияның дамуына зор əсер етіп, үлкен роль атқарады. 

19  ғ-дың  соңында  ұлттық  романтика  мəнін  жойып,  оның  орнына  сыншыл    реализм 

қалыптасты.  Э.  Вильде  (1865-  1933)  «Темір  қолдар»,  (1898)  романын,  «Махтрадағы 

соғыс»  (1902),  «Аниядан  келген  босқындар»  (1903),  «Əулие  Мальсвет»  (1905-  1908) 

деп  аталатын  трилогиясын  жазды.  1905-07ж.  ревалюция  кезінде  Э-ның  пролет. 

əдебиеті өркен жайды. Х. Пегельманның (1875-1938) поэзиялық, публицистикалық, Ю. 

Лилиенбахтың (1870-1928) сатиралық шығармалары жарияланды. Г. Суйтстың (1883-

1956), Ф. Тугластың (1886- 1971) шығармаларынан рев. романтика бой көрсетті. Олар 

«Ноор- Ээсти » («Жас Эстония») атты əдеби топ құрды.  

    Октябрь  Ревалюциясы  жеңіп,  кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін  Э.  əдебиетшілерінің 

жіктері айқындалды. Пролетариат жазушылары жəне публицистері Ээссааре Ааду (Я. 

Анвельт,  1884-  1937)  ,  В.  Кингисепп  (1888-1922)  т.б.  жазушылар  жаңа 

шығармаларымен  көрінді.  Өкіметті  буржуазия    басып  алған  соң  ,  шығармашылық 

жұмысын  жасырын    жүргізе  берді.  Осы  кезде  А.  Таммсааренің  (1878-  1940)  сыншыл 

реализм негізінде жазылған 5 томдық «Шындық пен əділдік» (1926-33) атты эпопеясы 

əйгілі болды. Р. Сирге (1904-70), А. Якобсон (194-63) т.б. жазушылардың романдары 

шықты. 1930 жылдары əдебитте антифаш. бағыт күшейді.  

     Э- де кеңес өкіметі орнауының (1940) арқасында əдебиеттің жаңа дəуірі басталды. 

1940-41  ж. азаматтық лирика дамыды. Ұлы отан соғысы кезінде антифаш. патриоттық 

жырлар  өріс  алды.  Соғыстан  кейін  Соц.  реализм  негізінде  жаңа  тақырыпты  игеру 

кезеңі басталды. 40 жылдардың соңында А. Якобсонның, Семпердің, А. Хин тің (1910 

ж.т. ) Э- дағы таптық күресті көрсететін драмалық шығармалары сахнаға қойылды. Г. 

Леберехт  (1910-  60),  Э.  Крустен  (1900  ж.т.),  Ю.  Смуул  (1922-71)  т.б.  жазушылардың 

повестері  мен  əңгімелерінде  эстон  шаруаларының  жаңа  өмірі,  Якобсон,  Э.  Мянник 

(1906-66),  О.Тоомиг  (1914  ж.т),  Р.  Сирге  т.б.  прозаиктердің  шығармаларында  соғыс 

оқиғалары бейнеленді, поэзияда халықтық еңбектегі өрлеуі жырланды.  

    50 жылдардың ортасында Э. əдебиетінде дамудың жаңа кезеңі басталып, таихи рев. 

тақырыпта эпикалық шығармалар көрнекті  орын алды. Хинттің «Желді жаға» (1951-

66) тетрологиясы, Крустеннің «Жастар жүрегі» () 1954-56  дилогиясы, Сиргенің «Жер 

жəне  халық»  (1956)  романыт.б.  шығармалар  эстон  халқының  соц.  жеңісіне  қарай  аяқ 

басқан  қозғалысының кең панорамасынкөрсетті. 60 жылдардан бастап Э. прозасының 

тақырыптық  өрісі  кеңіп,  жанр  түрлері  молайды.    П.  Куусбергтің  (1916  ж.т  ),  Ю. 

Тууликтің  (1940ж.  т.)  романдары  шықты.  Əдебиетте  жас  проаиктердің  жаңа 

шығармалары  қосылды.  60  жылдардың  соңы-  70  жылдардың  басында  романның 

түрлері  көбейді.  50  жылдардың  ортасынан  бастап  поэзияның  да  тақырыбы  кеңейіп, 

жанртүрі молая түсті, аға буын ақындардың лрикалары гуманистік жəне филос., орта 

буын  ақындардың  шығармасы  парасаттылық  жəне  публицистік  ерекшеліктерімен 

танылды.  Жастар  поэзиясы  филос.  өткірлігімен,  түрлік  өзгешеліктерімен  көзге  түсті. 

Драматургияда  адамгершілік,  этика  мəселелерін  көтерген  əлеуметтік-  психол. 



шығармалар  жазылды.  Очерктік-  публицистикалық  роза  (Ю.  Смуулдің  1959  ж, 

шыққан,  1961  ж  Лениндік  сыйлық  алған  «Мұз  кітап»  атты  кітабы  т.б.)  жəне  балалар 

əдебиеті дамыды. «Эстон əдебиетінің тарихы» (1-3 т. 1965-69 ) шықты. Э. əдебиетінен 

Ю.  Смуулдің  «Мұз  кітап  »  (1976)  повесі,  Э.  Вильденің  «Заңың  құлы»  (1964  )  атты 

əңгімелер  жинағы,  А.  Таммсааренің  «Новеллалар»  (1971)  жинағы  т.б.  шығармалар 

аударылып, қазақ тілінде жрық көрді.     



 

6. Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары. 

 

№ 1 практикалық  сабақ . Тақырып : Азербайжан əдебиеті мен мəдениеті 



Практикалық сабақ  мазмұны: 

1.Əзербайжан халқының ауыз əдебиеті 

2. Əзербайжан əдебиетінің ерте кезеңі.  

3. Əзербайжан əдебиетінің ХІХ ғасырдағы дамуы 

4. Əзербайжан əдебиетінің ХХ ғасырдағы дамуы 

5. Əзербайжан əдебиетінің жаңа кезеңі. 



№2 практикалық сабақ. Тақырыбы: Ғафур Гулям шығармашылғы 

Практикалық сабақ мазмұны:  

1. Ақын өмірі мен шығармашылғы.  

2. Ғ.Гулям поэзиясының өзегі – халық, олардың адал істері мен арманы.  

3. Ана, Ана жан дүниесі / «Ана»/. Балалық шақ, өзгешелігі мен əсемдігі / «Жырымның 

жақсы жолдары»/. Табиғат əуендері / «Көктем», «Жаз»/.  

4.  Ғ.Гулям  –  поэзия  өрнегіне  жалынды  күш,  салмақты  ойлар  əкелген  шебер  ақын  / 

«Сия»/. 


№3. практикалық сабақ. Тақырыбы: Қырғыз əдебиетінің өкілдері.  

Практикалық сабақ мазмұны:  

1. 


Аалы Тоқамбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі.  

2. 


«Қанды жылдар» - қырғыз халқының азаттық үшін күресін баяндайтын өлеңмен 

жазылған роман.  

3. 

1916  жылға  зобалаңға  қарсы  күрес.  Қытайға  өту  жолдарындағы  сұрапыл 



жайлардың терең сезіммен жырлануы. Романның мазмұн тереңдігі мен тіл нəрлілігі.  

4. 


Аалы Тоқамбаев əдебиет зерттеушісі. 

№4 практикалық сабақ. Тақырыбы: Түркімен халқының əдебиеті. 

Практикалық сабақ мазмұны: 

1. 

Берді  Кербебаевтың,  Беки  Сейтақовтың  түркімен халқының  əдебиеттегі алатын 

орны.  

2. 

Берді  Кербебаевтың,  Беки  Сейтақовтың  түркімен халқының  əдебиеттегі алатын 

орны.  

3. 

«Алып  адым»  Б.Кербебаевтың  ең  көрнекті  шығармасы  екендігі.  Көтерген 

мəселесі.  :  Берді  Кербебаевтың,  Беки  Сейтақовтың  түркімен  халқының  əдебиеттегі 

алатын орны. 



№5 практикалық сабақ. Тəжік əдебиетінің дамуы.  

Мазмұны:  

1. Иран, парсы, тəжік əдебиетінің тарихы. 

2. Тəжік əдебиетінің классикалық кезеңі. 

3. Тəжік əдебиетінің ХІХ ғасырдағы дамуы. 

4. Тəжік əдебиетінің ХХ ғасырдағы дамуы. 

5. Кеңес кезіндегі тəжік əдебиеті. 



№6 практикалық сабақ. Орыс əдебиетінің XVIII-ХІХ ғ. дамуы. 

Практикалық сабақ мазмұны: 

1. XVIII ғ. орыс əдебиетінің дамуы. 

2. ХІХ ғ. І жартысындағы орыс əдебиеті. 

3. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы орыс əдебиеті. 

№7 Практикалық сабақ. Кеңес дəуіріндегі орыс əдебиеті. 

Мазмұны:  

1. ХХ ғ. басындағы орыс əдебиетінің дамуы. 

2. Кеңес дəуіріндегі орыс əдебиетінің дамуы. 

3. Татар əдебиетіне шолу. 

4. Башқұрт əдебиетіне шолу. 

№8 практикалық сабақ. Украина əдебиеті. 

Мазмұны:   

1. Украина əдебиетінің ХІХ ғ. дамуы. 

2. Украина əдебиетінің ХХ ғ. дамуы, ірі-ірі өкілдері.  

3. Украина əдебиетінің Кеңестік дəуірдегі ірі өкілдері. 

4. Жаңа украина əдебиеті. 

№9 практикалық сабақ. Беларуссия əдебиеті.  

Мазмұны: 

1. ХІХ ғ. Беларуссия əдебиетінің дамуы. 

2. ХХ ғ. Беларуссия əдебиеті. 

3 Кеңес дəуіріндегі  Беларуссия əдебиеті. 

4. Беларуссия əдебиетіне орыс əдебиетінің ықпалы. 

№10 практикалық сабақ. Молдава əдебиеті. 

Мазмұны: 

1. 


Молдава əдебиетінің поэзия жанрының дамуы. 

2. 


Молдаваның прозасының дамуы 

3. 


Молдава драматургтерінің еңбекетрі. 

4. 


Молдавия, Румыния байланысы. 

№11 практикалық сабақ. Армян əдебиеті. 

Мазмұны: 

1. Армян əдебиетінің ерте кезеңі. 

2. ХІХ ғ. Армян əдебиетінің ірі өкілдері. 

3. ХХ ғ. Армян əдебиетінің дамуы. 

4. Армян əдебиетінің жаңа кезеңі негізгі бағыт. 

№12 практикалық сабақ. Грузин əдебиеті. 

1. 


Грузин əдебиетінің ерте кезеңі. 

2. 


Грузин əдебиетінің ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басында дамуы. 

3. 


Грузин əдебиетінің Кеңестік дəуірдегі  дамуы. 

№13 практикалық сабақ. Латыш əдебиеті. 

Мазмұны: 

1. 


Латыш əдебиетінің  қалыптасу кезеңі. 

2. 


ХХ ғасырдағы Латыш əдебиетінң дамуы. 

3. 


Жаңа Латыш əдебиеті. 

№14 практикалық сабақ. Литва əдебиеті. 

Мазмұны

1. 


Литва əдебиетінің ерте кезеңі. 

2. 


ХХ ғ. Литва əдебиетінің дамуы. 

3. 

Кеңестік дəуірдегі Литва əдебиеті. 

4. 

Литва əдебиетінің қазақ ьіліне аударылуы. 



№15 практикалық сабақ. Эстон əдебиеті. 

Мазмұны: 

1. Эстония əдебиетінің ерте кезеңі. 

2. ХХғ. Эстония əдебиеті. 

3. Кеңес дəуіріндегі Эстония əдебиеті. 

4. Эстония əдебиетінің қазақ тіліне аударылу туралы. 

 

7. 



Пəнді оқыту жөніндегі əдістемелік нұсқаулар. 

 

 

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға  əдістемелік нұсқаулар 

 

- тақырып 

- мақсаты  

– негізгі сұрақтар  



əдістемелік нұсқаулар 

- пайдаланатын əдебиет 

 

 

 



СОӨЖ сабақтарға əдістемелік нұсқаулар 

- тақырып 

- мақсаты 

- өткізу түрі 

- тапсырмалар, сұрақтар 

- əдістемелік нұсқаулар 

- пайдаланатын əдебиет 

 

7.1. 

Семинар сабақтарға əдістемелік нұсқау: 

Семинар сабақ сұрақ-жауап, мазмұндау, түсіндіру, талдау, баяндау түрінде өтеді. 



7.2. 

ОСӨЖ сабақтарына əдістемелік нұсқау: 

Бұл сабақтың түрі көбіне көп ауызша түрде, салыстыру, сыни тұрғыдан талдау 

түрінде өтеді. 

7.3. 

СӨЖ сабақтарына əдістемелік нұсқау: 

СӨЖ жазбаша түрде алынады. Бұл реферат немесе ой-толғау болып келу мүмкін. 



 

8. 

Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық 

проект (жұмыс) орындалуы бойынша əдістемелік нұсқаулар. 

Бұл тарау жоспарланбаған 



 

9. 

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген 

тапсырмалардың  мəтіні,  əр  бір  тақырып  бойынша  өзін-өзі  тексеру 

материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, əдебиет тізімі 

жəне арналған уақыт көлемі. 

 

 



Студенттің  өзіндік  жұмыстары  оқу  процессінің  маңызды  бөлігі.  СӨЖ  олардың 

шығармашылық  қабілетін арттырып, тəжірибеде білімдерін қолдана білуге үйретеді. 

 

Студенттің өзіндік жұмыстарына мыналар кіреді: 

-    Өткен  дəріс  материалдарын  қайталау,  берілген  негізгі  жəне  қосымша  əдебиеттерді 

оқу. 

-  Тəжірибелік сабақтарға дайындалу. 



-  Үй тапсырмаларын орындау. 

-  Семестрлік тапсырмаларды орындау. 

 

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру əдісі: 

- Дəріс материалдарын дер кезінде талдап отыру. 

- Тақырыпты толық меңгерге шейін студенттермен жұмыс істеу. 

- Конспектімен жұмыс істей отырып, əдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мəліметтер 

еңгізу. 

- Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесті дəрісте міндетті түрде талқылау. 



 

8. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР 

1 апта 

 №1 ОЖСӨЖ мазмұны: Низами «Хамсасы». Қазақ  əдебиеті жəне Низами.  

№1 СӨЖ мазмұны: Азербайжан əдебиеті мен қазақ əдебиетінің байланыстары 

№2  ОЖ  СӨЖ  мазмұны:  Мехти  Гусеиннің  «Аишерон»,  «Таң»,  «Қара  құздар» 

романдарын оқу. 



№2 СӨЖ мазмұны: Мырза Фатали Ахундовтың философиялық еңбектері. 

2 апта 

№1. ОЖСӨЖ мазмұны:  Айбек – шебер аудармашы. / «Евгений Онегин», «Демон», 

«Фауст», «Иллиада», «Давид Сосунский», т.б. /. 



№1. СӨЖ мазмұны: «Науаи» - тарихи өмірбаяндық роман. 

№2.  ОЖСӨЖ  мазмұны:  Қарақалпақтың  «Қырық  қыз»  эпосы.Эпостың  ауыз 

əдебиетінен  алатын  орны,  маңызы.  Қысқаша  сюжеті.  Тақырыбы,  идеясы.  Гүлəйім, 

Арслан, Жұрынтаз образдары. Эпостың тілі. 

№2. СӨЖ мазмұны:  Жиен жырау Тағайұлы шығармашылғы. 

3 апта 

№1.  ОЖСӨЖ  мазмұны:  «Эр-тештюк»  эпосының  сюжетін  қазақ  ертегісімен 

салыстырмалы талдау 



№1. СӨЖ мазмұны: «Көрұғлы» дастанының көп нұсқалық сиаты. / реферат/ 

№2.  ОЖСӨЖ  мазмұны:  Түгелбай  Сыдықбеков  өлеңдеріне  шолу.  «Тау  ішінде» 

туындысы. 



№2. СӨЖ мазмұны: Аалы Тоқамбаев əдебиет зерттеушісі / «Манас», «Т.Сатылғанов 

творчествосы»/, кең арналы ақын, қоғам қайраткері. 



4 апта 

№1.  ОЖСӨЖ  мазмұны:  Түркі  халықтарына  ортақ  «Қозы  Көрепш  Баян  сұлу» 

жырының сюжеттері. 



№1. СӨЖ мазмұны: Мақтымқұлы Фраги - түркімен əдебиетінің классигі. 

№2.  ОЖСӨЖ  мазмұны:  Берді  Кербебаевтың  түркімен  халқының  əдебиеттегі 

алатын орны. 

№2. СӨЖ мазмұны: Беки Сейтақов шығармашылғы. 

5 апта 

№1. ОЖСӨЖ: Тəжікстан əдебиетінің кезеңдеріне шолу 

№1. СӨЖ: И.С.Брагинскийдің «Из историй персидского и таджикиского литературы» 

атты еңбегін оқып, конспектілеу. 



№2. ОЖСӨЖ: Тəжік халқының ауыз əдебиеті 

№2.СӨЖ:  Е.Э.Бертельстің  «История  персидского-таджикской  литературы»  атты 

еңбегін оқып, конспектілеу. 



6 апта. 

№1. ОЖСӨЖ: А.С.Пушкин жəне оның қазақ əдебиетіне əсері. 

№1.  СӨЖ:  А.Н.Радищевтің  «Петербургтен  Москваға  саяхат»  шығармасын  оқып, 

коспектілеу. 



№2. ОЖСӨЖ: М.Достоевский, М.Е.Салтыков Щедрин жəне орыс прозасы. 

№2. СӨЖ: Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов жəне «Современник» журналы. 

7 апта. 

№1. Б.Л.Пастернак жəне М.А.Булгаков шығармашылығы. 

№1. М.Шолоховтың «Тынық Дон» романын оқып, мазмұндау. 

№2.ОЖСӨЖ: Б.Л.Пастернак жəне М.А.Булгаков шығармашылығы. 

№2.СӨЖ: М.Шолоховтың «Тынық Дон» романын оқып, мазмұндау. 

8 апта 

№1. ОЖСӨЖ: Тарас Шевченко шығармашылығы. Əдеби байланыс. 

№1. СӨЖ: А.Е.Корнейчуктың «Богдан Хмельницкий» жəне т.б. пьесалары. 

№2. ОЖСӨЖ: О.Гончардың «Знаменосцы» трилогия сын оқу. мазмұндау.  

№2.СӨЖ: Павло Тычинаның өлең, поэмаларының ерекшелігі. 

9 апта 

№1.  ОЖСӨЖ: Янка Купала шығармашылығына талдау 

№1. СӨЖ: М.Богдановичтің М.В.Ломоносов, Т.Г.Шевченко туралықысқы этюдтарын 

оқу.  


№2. ОЖСӨЖ: Якуб Колас шығармашылыға талдау. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал