Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет7/9
Дата08.01.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№8 дəріс сабақ. Тақырыбы: Украина əдебиеті 

Украина  УССР-Кеңес  Одағының  суверенді  республикасы  1917  жылдың  12(25) 

декабрінде 

құрылған.Еліміздің 

оңт-бат.бөлігінде 

құрылған. 

Польшамен,Чехословакиямен,Венгриямен 

жəне 


Румынямен 

шектеседі. 

Оңт. 

жағалауын Қара жəне Азов теңіздері шаяды. Белоруссиямен,РСФСР-мен,Молдавиямен 



ұласып  жатыр.Жері  603,7  мың  км.Халқы  49,3  млн.(1977).Астанасы-Кинв  қаласы. 

Əкімш.жағынан  25  облысқа,477  ауданға  жəне  8561  селолық  Советке  бөлінеді;  394 

қаласы  жəне  896  қ.т.  поселкесі  бар.  Украин  халқының  ауыз  əдебиеті  ерте  кезден-ақ 

дамыған.Тұрмыс-салт жырлары,ертегілер жəне сықақ өлеңдер,мақалдар,мəтелдер,аңыз 

əңгімелер т.б. өріс алған.10-11 ғасырларда ежелгі орыс елінің (орыс,украин,белоруссия 

халықтарына  ортақ)тарихи  тақырыпта  шығарылған  эпостық  жырлар  –былиналар 

кеңінен тарады. Киев Русі тұсындағы жазба əдебиеті 10ғ аяғы мен 11 ғ-дың бас кезінен 

бастап 


дамыды.11-13 

ғасырларда 

негізінен 

аударма 


 

əдебиет 


(И.Златоуст,И.Дамаскин,Е.Сирин,К.Индикоплов  т.б.  туындылары)  өріс  алды.15-16 

ғасырларды  У  елінің  мəдениет  ағауту  жəне  əдеби  орталықтары  Острог,Львов 

қалаларында  болса,17  ғасырдың  басынан  бастап  Киевке  көшті.  1574  ж.  орыстың 


алғашқы  баспагері  И.Федров  тұңғыш  кітап  басылымы  –Апостолды  Львовта  жарыққа 

шығарды. Ағарту ісі мен кітап басу жұмысының өрістеуі 16 ғасырдың 2-жартысынан 

бастап  У  əдебиетінің  жедел  дамуына  игі  ықпалын  тигізді.  Шығармалардан  У 

халқының əлеуметтік жəне ұлттық мүддесі көріне бастады.  

17-18  ғасырларда  У  əдебиет  барлық  жанрларда  дамыды.  1648-54  жылдардағы  ұлт-

азаттық  көтеріліс  оқиғалары  көптеген  халықтық  өлеңдер,тарихи  жырлар 

туғызды,украин  халқының  ерлік  күресі  мен  оның  басшыларының  қаһармандықтары 

бірқатар  шығармаларың  арқауына  айналды.  Осы  кезде  шыққан  туындыларда  У-ның 

Россияға ықтиярымен қосылу оқиғалары көрініс табады. Бұл тұстағы ең көрнекті өкілі 

Г.С. Сковорода (1722-97) болды. Ол өз кезінің ұлы жазушысы болумен бірге философ-

ағартушы,демократ,гуманист  ретінде  шығармаларында  əлеуметтік  жəне  ұлттық 

теңсіздікке  қарсы  батыл  үн  қосты.  18-20  ғасыр  арасында  У  əдебиетінің  жаңа  дəуірі 

өрістеді.Осы кезеңде өмір сүрген аса көрнектіақын жəне драматург И.П. Котляревский 

(1769-1838)  украин  халқының  тілінде  тұңғыш  басылған  кітап-Энейда  поэмасын  1798 

жылы  Петербургте  бастырып  шығарды.  Поэманың  қалған  3  бөлім  автор  қайтыс 

болғаннан  кейін  1842  жылы  жарық  көрді.    Украин  халқының  ұлы  ақыны,демократ  

ойшылы Т.Г. Шевченко (1841-61) творчествосы 19 ғасырдың У əдебиетінің тарихында 

жаңа  кезең  болып  саналады.  Оның  Кобзорь  атты  өлеңдер  жинағында  (1840), 

Гайдамақтар  тарихи  поэмасында  т.б.  поэзиялық  туындыларында  халық  өмірінің 

шындығы  асқан  щеберлікпен  суреттеледі.Т.Г.  Шевченко  творчествосы  жаңа 

украинəдебиетін асқар белеске көтерді.  

Ол  украин  əдеби  тілінің  негізін  қалады.  Шевченко  есімімен  байланысты  У  əдебиеті 

əлемдік  аренаға  шықты.  19  ғасырдығы    У  прозасында  сыншыл  реализмді  өрістетуде 

Марко  Маркович  үлкен  еңбек  сіңірді.  Ол  Кармелюк,Маруся,Тірі  жан    т.б.  прозалық 

туындыларында  əлеуметтік  теңсіздікті  көрсетт.  Кеңес  дəуіріндегі    У  əдебиет 

классикалық  орыс  жəне  украин  əдебиеттерінің  игі  дəстүрлерін  өрістете  отырып,жаңа 

даму  жолына  түсті.  Соц.реализм  бағытына  берік  ұстанып,əдебиетте  партиялық  жəне 

халықтық  рухты  басты  негіз  етеді.  Революцияны  алғашқыда  біраз  толқулармен 

қабылдаған М.Ф.Рыльский  (1895-1964) осы  дəуірдегі бірқатар  жырларды  жаңа  дəірге 

суреттеді.Соғыстан кейін дəуір У жазушыларының жаңа белеске шыққан кезеңі болды. 

М.А.  Стельмах,П.Н.  Воронько,Д.В.  Павлычко  т.б.  жаңа  туындылары  жарияланды. 

Гончардың  Ту ұстаушылар,Собконың Ақ жалын,Рыбактың Пересяслов Радасы,Гулдер 

мен  жүзімдер,Жүрек  ескеткіші  т.б.  əйгілі  туындылары  жарық  көрді.  Əдебиеттің 

барлық  жанрларында  кемел  шығармалар  жазған  У  əдебиетшілердің  бірқатар өкілдері 

Лениндік  жəне  СССР  Мемл  сыйлықтарынының  лауреаттары  атанды.  Соц.Еңбек  Ері 

атағын  алды.  Олардың  шығармалары  дүние  жүзінің  көптеген  елдерінің  жəне  Совет 

Одағының барлық халықтарының тілдеріне сан рет аударылып басылды. 

№9 дəріс сабақ. Тақырыбы: Белоруссия əдебиеті.  

 

Беларуссия əдебиеті жазу өнері едəуір өркендеген Киев Русі дəуірінен 



басталады. 14-16 ғасырларда Б. Литваның ұлы князьдығы құрамында болған. Бұл 

кезде беларус тілі мемлекеттік тіл болды, дипломатиялық қарым-қатынаста, сот жəне 

басқару органдарында пайдаланылды, сонымен бірге белорус тілінде «Литван 

метрикасы», Литваның ұлы князьдығының Статуы сияқты туындылар шықты. 16 ғ-да 

гуманист, ағартушы Франциск Скорина тұңғыш рет шығыс славян кітап басып 

шығаруды қолға алды. 1569 ж. Литваның ұлы князьдығы Польшаман бірігіп, бір 

мемлекет болды. 1696 ж. Польша сеймі мекемелерде, мектептерде белорус тілін 

пайдалануға тыйым салды, белорус тілінде кітап басып шығару тоқтатылды. Осыдан 

кейін Б. Халқы ұлттық жəне рухани езгіге қарсы көтеріліп, ұлы орыс халқымен 


қосылуға күш салды. Б.халқының азаттығын аңсаған авторсыз өлеңдер, 

интермедиялар, мектеп театрларына арналған драмалар көріне бастады, бірақ оларда 

халық ауыз əдебметінің салмағы басым болды. 18 ғ-дың аяғында Б-ның Россияға 

қосылуы жаңа əдебиеттің дамуына қолайлы жағдай жасады. 19 ғ-дың 1-жартысында 

езілген халықтың мұң-шерін жырлаған, жəбірленушілерді əшкерелеген, кедей 

шаруалардың өмірін реалистік тұрғыда суреттеген «Энейда сыры», «Парнасқа шыққан 

Тарас» тəрізді сатиралық шығармалар жарық көрді. «Парнасқа шыққан Тараста» А. С. 

Пушкин, М. Ю. Лермонтов сияқты прогресшіл орыс жазушыларының даңқы 

жырланды. Алайда орыс патшасының отаршылық саясаты Б.  Мəдениетінің 

өркендеуіне едəуір бөген жасады. Белорус тілінде сөйлегендер, шығарма жазғандар 

қуғынға ұшырады, сондықтан белорус ақын, жазушылары өз туындыларын қолжазба 

түрінде тартуға мəжбүр болды. Бұлардың көбі жоғалып кетті. Тек басыбайлы шаруа 

ақын П. Багримнің «Ойна,ойна, жас жеткіншек» (1829) атты жалғыз ғана өлеңі 

сақталған. 19 ғ-дың аяқ шенінде сыншыл реализм бағытындағы шығармалар туа 

бастады. Б.əдебиетінің бұл кезеңдердегі дамуына В. И. Дуин- Марцинкевич (1807-

1884) елеулі үлес қосты. Б.шаруаларының 1863 жылғы көтерілісіне басшылық еткен 

Кастусь Калиновскийдің көркем публицистикасы, Ф. Богушевичтің (1840-1900), Я. 

Лучинаның (И. Несуховский, 1851-1897), А. Абухановичтің (1840-1905) 

демократиялық бағыттағы өлең, жырлары, поэмалары жарық көріп, əдебиетті 

өркендетуде үлкен роль атқарды. 

    1905 жылғы бурж.демокр,революция Б.əдебиетінің жаңа қарқынмен дакмуына 

қолайлы жағдай жасады. Халықтың ұлт теңдігіне, азаттыққа ұмтылуы, рев.ой-сананың 

өсуі Я. Купала, Я. Кллас, Тетка шығармаларынан айқын көрінеді. Əсіресе, А. 

Пашкевичтің «Азаттыққа аттаныс», «Белорус скрипкасы» (1906) атты жинақтары – 

рев.күрес рухындағы туындылар. Я. Купала мен Я. Колас шын мəніндегі халық 

ақындары ретінде өздерінің көптеген өлең-жырларында, кітаптарында халықтың мұң-

зарын, азаттыққа ұмтылуын, рев.күреске атсалысуын реалистік тұрғыдан суреттеді. 

Бұлардың үлгісімен Т. Гартный (З. Жилунович, 1887-1937), М. Богданович (1891-

1917), З. Бядуля (С. Плавник, 1886-1941) сияқты талантты ақын-жазушылар 

Б.əдебиетін өркендетуге елеулі роль атқарды.  

      ҰЛы Октябрь революциясы Б.əдебиетінің шарықтауына даңғыл жол ашты. Ұлы 

революцияның жеңісін баянды етуді көздеген дарындар «Молодняк» бірлестігіне 

топтасып, жаңа құрылысты дəріптеді, рев.романтимкасын жырлады. Əдеби 

творчествосын революциядан көп бұрын бастаған Я. Купала мен Я. Колас өздерінің 

қаламдастарына партиялық, халықтық əдебиеттің үлгісін берді.  

      1939 жылы Батыс Б-ның Сов. Б-ға қайта қосылуы нəтижесінде М. Танк, Ф. 

Пестрак, А. Кулешов, П. Панченко, Э. Огнецвет, А. Русак сияқты таланттар 

сов.реализм əдебиетінің ірі өкілдеріне айналды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дəуірде 

Б.əдебиетінің өкілдері сов.əдебиетіне зор үлес қосты. Аты əлемге танылған 

дарындармен қатар И. Шамякин, И. Мележ, Я. Брыль, В. Быков, Р. Бородулин т.б. 

көптеген ақын-жазушылардың романдары мен повестері, өлеңдері мен поэмалары Б. 

əдебиетінің абыройын көтерді. Əдебиет тану мен əдеби сын саласынан А. 

Адамовичтің, С. Александровичтің, В. Борисенконың т. б. еңбектері белгілі. Б. 

Жазушылары мен ақындары мен шығармалары сов. Халықтарының жəне шет елдердің 

тіліне аударылып, дүн.жүзілік əдебиет қорынан берік орын алды. Қазақ халқына Б-ның 

Я. Купала, Я. Колас, Б. Бровка, М. Танк сияқты дарынды ақын-жазушыларының 

тамаша туындылары көптен таныс. И. Шамякиннің «Терең ағын» романы (1954), Я. 


Колостың «Талаш атай» повесі (1956) мен өлеңдері (1956) т.б. туындылар қазақ тіліне 

аударылды.    

 

 

№10 дəріс сабақ. Тақырыбы: Молдавия əдебиеті. 



  Молдавия  (Молдова)  –  СССР-дегі  одақтас  республика.  Алғашқы  УССР  құрамында 

Молдавия  АССР  (1924ж.  12  октябрьде)  болып,  кейіннен  Бессарабия  Совет  одағына 

қосылғаннан  кейін  (1940ж.  2  августа)  Молдавия  одақтас  республикаға  айналды. 

Еліміздің  Европа  бөлігінің  оңтүстік-батыс  жағында  орналасқан.  Батысында 

Румыниямен,  солтүстік-шығысында  жəне  оңтүстігінде  Украинамен  шектеседі.  Жері 

33,7  мың  км².  Халқы  3773  мың  (1974).  Астанасы-Кишинёв  қаласы.  Республика  33 

əкімшілік 

ауданға 


бөлінеді. 

20 


қаласы, 

34 


қ.т. 

поселкесі 

бар. 

   Əдебиеті.  Молдавия  жазба  əдебиеті  дамып  қалыптасуына  ауыз  əдебиетіндігі 



қарапайым  өлеңдер  мен  ертегілердің,  лиро-эпикалық,  батырлық  дастандардың  зор 

ықпалы  болды.  Халық  поэзиясының  ішіндегі  əрі  көлемдісі,  əрі  құндысы-  «Миорица» 

балладасы.  9-10  ғасырлардан  17  ғасырға  дейін  діни  шығармалары  мен  іс-қағаздары, 

жылнамалар  жəне  митрополит  Варлааманың  (1590-1657)  шіркеулік-славян  тілінде 

жазылған  «Казания»  атты  кітабы  тұңғыш  рет  жарияланды.  Кейін  Варлааманың  

мирасқоры  митрополит  Досифей  (1624-93)  «Пеалтырь»  атты  шығармасын  жазу 

арқылы Молдавия жазба əдебиетіне жол салды. Жылнамашы Мирон Костин (1633-91) 

Молдавия  халқының  шығу  тегі  жайлы  «Əлем  тіршілігі»  атты  поэмасын  жазды. 

Молдавияның  сол  кездегі  көрнекті  мəдениет  өкілі  Николай  Милеску  (Спарфарий, 

1636-1708)  «Жорық  журналы»,  «Қытай  туралы  суреттеме»  атты  кітаптарын 

жариялады.    А.Д.  Кантемирдің  əкесі- орыс ақыны,  ірі ғалым-энциклопедист, жазушы 

əрі  саяси  қайраткер  Д.  Кантемир  (1673-1723)  творчествосы  18  ғасырдағы  Молдавия 

əдебиетінің  шыңы  болды.  Ол  «Иероглифтік  тарих»  атты  аллегориялық  романын, 

Молдавияның  тарихын,  географиясын,  саяси  өмірін  сипаттайтын  еңбектер  жазды. 

   18  ғасырдың  аяғында  Молдавия  тілінде  лирикалық  өлеңдер  пайда  болды.  Француз, 

орыс  т.б.  тілдердегі  көркем  шығармалар  аударыла  бастады.  Бессарабияның  Россияға 

қосылуы  (1812)  декабристердің  демократиялық  идеялары  мен  А.С.  Пушкиндей 

бостандық  сүйгіш  ақындар  өлеңдерінің  Молдавияға  тарауына  себепші  болды.    19 

ғасырдың  1-жартысында  орыс  тілінде  жазатын  А.  Хыждеу  (1811-1874),  К.Конаки 

(1778-1849),  К.  Стамати  (1786-1869)  Молдавия  əдебиетінің    дамуына  белгілі  үлес 

қосты.  «Əдеби  Дакия»  журналының  шыға  бастауы  (1840),  А.  Донич  (1806-1866),  В. 

Александри  (1821-90)  өлеңдері  мен  К.Нигруццидің  реалистік  прозасы  төл  əдебиетті 

дамыта  түсті.  В.П.  Хашдеу  (1838-1907)  ұлт  əдебиетіне  сыншыл  реализмді  ендірді. 

«Контемпоранул» («Современник», 1881-91), «Басарабия» (1906-07) журналдары орыс 

əдебиетімен  байланысты  күшейтіп,  демократиялық  бағыт  ұстанды.  Октябрь 

революциясынан кейін Молдавия əдебиетінің нағыз даму кезеңі басталды. Д.Милевтің 

(1887-1944)  «Горицэ  атай»  (1926),  «Таң  алдында»  (1928),  Н.Марковтың  (1903-41). 

«Партия  шақырады»  (1935),  «Қазына»  (1936)  атты  романдар  мен  повестері, 

Т.Малайдың  азамат  соғысы  мен  колхоздастыру  кезеңін  суреттейтін  поэмалары 

социолистік  шындықты  бейнелеген  таңдаулы  туындылар  болды.  1918-40  жылдары 

корольдық  Румынияға  қараған  буржуазиялық-помещиктік  құрылыстағы  Бессарабия 

жеріндегі  А.Лунан  (1912  ж.т.),  Е.Буков  (1909ж.т.)  т.б.  ақын-жазушылар  жасырын 

революциялық  қозғалыстарға  араласты,  фашизмге  қарсы  күрес  жүргізді.  Молдова 

ССР-і  құрылған  соң  (1940),  ақын-жазушылардың  творчествосына  кең  жол  ашылды. 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Буковтың  «Қараймын  саған,  Молдавия»  (1942). 


«Днестрдегі көктем» (1944) атты өлеңдер жинағы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары 

барлық жанр, оның ішінде поэзия күшті дамыды. Драматургия, балалар əдебиеті, проза 

жедел  өсті.  И.  Друцэнің  (1928  ж.т.)  «Қайғы  жапырағы»,  И.  Чобанудың  (1927  ж.т.) 

«Кодры»  (1,2  кітабы  1954-57),  Шляхудың  «Соқа  айдаған  солдат»  (1957),  «Төменгі 

шалғай»  (1962),  А.Шаларьдың  (1923ж.т.)  «Адамдар,  тағдырлар»  (1958),  А.Лунаның 

(1922  ж.т.)  «Желпіген  самал»  (1957),  «Жер,  диқаның  қайда»  (1963)  роман-повестері 

жазылды.  Драматургияда  Лунанның  «Сəуле»  (1928),  Буковтың  «Буырқанған  Дунай» 

(1957),  Р.  Партнойдың  (1908-65)  «Ұшпайтын  құстар»  (1957)  атты  пьесалары 

жариланды.  60-70  жылдары  Чобанудың  «Көпірлер»  (1965),  Друцэнің  «Дала 

балладасы»  (1963)  романдары  мен  Лунан,  Боцу  т.б.  ақындардың  өлеңдер  жинағы 

баспадан  шықты.  Гагауыз  əдебиті  саласында    Д.  Карачобан  (1933ж.т.).  Д.  Танасоглы 

т.б.  ақын-жазушылар  еңбек  етуде.  Молдавия  əдебиетінен  қазақ  тіліне  «Қырмызы» 

(1954)  атты  халық  ертегілерінің  жинағы,  Ставскаяның  «Жыр  сарайы»  (1956).  С. 

Романның «Алтын қылыш» (1958) кітаптары аударылды 



№11 дəріс сабақ. Тақырыбы: Армян əдебиетінің дамуы. 

Армян халқының əдебиеті – СССР халықтары əдебиеті  ішіндегі ең көнелерінің 

бірі.  Онда  армян  халқының  өмірі  мен  ерлік  күресін  бейнелейтін  халық  туындылары 

мол сақталған. А-ның ауыз əдебиетінен патшалар мен қолбасшылар, философтар мен 

тарихшылар,  жазушылар  мен  суретшілер  жайындағы  тариха  аңыз,  эпикалық  жырлар, 

халық  жыршылар  –  гусандар  поэзиясы  елеулі  орын  алады.  Армян  фольклорының 

асқар  шыңы  –  «Сусунци  Давид»  дастаны.  Дастанда  армян  халқының  7-10  ғ.лардағы 

Араб  халифаты  езгісіне  қарсы  ерлік  күресі  бейнеленеді.  Армян  жазба  əдебиетінің 

тарихы 5 ғ.-дан басталады. 4 ғ.дың аяғында халықтың мемл. тұтастық пен тəуелсіздік 

үшін  күресі  тұсында  таза  армян  тіліндегі  жаңа  əдебиет  жасау  қажеттігі  туды.  Армян 

жазуын  жасау  сол  кездің  аса  ірі  ғалымы,  ағартушы  Месроп  Маштоцтың  (361  -  440) 

үлесіне  тиді.  Араб  жəне  Византия  үстемдігі  кезінде  (7-9  ғ.)  армян  əдебиетінде  діни 

проза  мен  шіркеу  поэзиясы  үстем  болды.  Армения    тəуелсіздігі  қайта  орнаған  соң 

(886),  жаппай  мəдени-экономикалық  өрлеу  басталды  да,    əдебиетте  адамгершілікті 

жырлау  идеясы  арта  түсті.  Сол  өрлеу  дəуірінің  ірі  өкілі  Григор  Нарекаци  поэзияны 

шіркеу жырмауынан шығаруға күш салды. 11 ғ.-дың ортасында шетел темкісіне қайта 

түскен армян халқының 12 ғ.да ғана тəуелсіздікке қолы жетті. 12 ғ.да Иоанн Саркаваг, 

Нерсес  Шнорали,  Мхитар    Гош  тəрізді  жазушылар  əдебиетке  келді.  Осы  кезде 

армянның  көне  əдеби  тілі  –  грабар  пайдаланудан  қалып,  халық  тілі  үстемдік  алды. 

Бірте  –  бірте  орта  армян  тілі  қалыптасты.  13  ғ.дан  бастап  əдебиетте  кертартпа  – 

феодалдық  бағыт  пен  халық  мүддесін  көздеші  бұқарашыл  бағыттың  күресі  күшейе 

түті. Бұқарашыл бағыттың көрнекті өкілдері Константин Ерзнкаци (13-14ғ), Фрик (13 

ғ.), Вардан Айгекци (13 ғ.) болды. Ованес Тулкуранци (14 - 15 ғ.), Григор ахтамарци 

(16  ғ.),    Наапет  Кучак  (16  ғ.),  Саят  –  Нова  (18  ғ.)  тəрізді  жыршылар  халықтың 

көкейкесті  арман  –мұңына  үн  қосты.  19  ғ.дың  алғашқы  ширегінде  Шығ.  Армянның 

Россияға қосылуы  экономика мен мəдениттің өрлеуіне жағдай жасады. Оқу орындары 

ашылып,  кітап  шығару  ісі  жолға  қойылды.  18ғ.-19ғ.дың  1  ширегінде  армян 

əдебиетіндегі  бағыт  классицизм  болды.  Мұның  өкілдері  (О.  Ванандеци,  П.  Минасян, 

А.  Багратуни)  тарихи  тақырыпқа  бой  ұрып  мемлекеттік  тəуелсіздікті  қалпына 

келтіруді өздерінің саяси мақсаты етті. 19 ғ.дың 1 ширегінде жаңа армян əдебиетінің 

негізін салушы Х. Абовян прогресшіл романтизм мен реализмді қуаттап, бұған дейін 

армян əдебиетінде орын тепкен классицизмге қарсы күрес ашты. 19 ғ.дың ортасында 

армян əдебиетінің өрлеу дəуірі басталды. Абовян дəстүрін дамытқан көрнекті жазушы, 

ірі  ойшыл  М.  Налбандян  50  жылдпардың  ақырында  революцияшыл  демократизм 



бағытын  ұстап  Н.  Г.  Чернышевский,  Н.  А.  Добролюбов,  А.  И.  Герцендердің  жолын 

қуды.  60  -  80  ж.  Армян  əдебиетінде  азаматтық  поэзия  кең  өрістеді.  Бұл  тұстың 

көрнекті  ақындары  Р.  Патканян  (1830  -  92),  С.  Шахазаз  (1841  -  1907)    болды.  80 

жылдары О. Ионнисян, əсіресе 90 жыдардан бастап О.Тумянян мен А. Исаакян сияқты 

ақындар  творчествосы  армян  поэзиясы  дамуының  жаңа  кезеңін  танытты.  Бұл  екі 

ақынның  да  шығармалары  халық  оптимизміне  бай.  О.  Туманян  «Сасунци  Давид» 

дастанын,  А.  Исаакян  «Сасундық  Мгер»  эпосын  қайта  өңдеді.  Революцияға  дейінгі 

армян  поэзиясының  дамуындағы  тың  бағыт  В.  Терян  (1885  -  1920)  творчествосымен 

тығыз  байланысты.  Армян  пролет.əдебиетінің  негізін  салушы  жəне  оның  ірі 

өкілдерінің  бірі  Акоп  акрпян  болды.  Бір  топ  пролет.  жазушылары рев.  пафосқа  толы 

жырлар жазды. Олар: Ш. Кургинян (1876 - 1927), М. Петросян (1867 - 1934), Арази (М. 

Арутюнян 1878 ж.т.) т.б. 

 Ұлы  Окт.  Революциясынан  кейін  армянның  экономикасы  мен  мəдениеті, 

əдебиеті  мен  өнері  дамып,  өзінің  шырқау  щыңына  жетті.  Сов.армян  əдебиеті 

идиелогиялық  күрес  үстінде  шыңдалып  жетілді.  Демокр.интеллигенция  өкілдері:  О. 

Туманян,  О.  Иоаннисян,  А.  Исаакян,  А.  Ширванзаде,  Нар  –  Дос,  Д.  Демирчян 

қайшылықтары бола тұрса да, революцияны жырлады. 1920 ж. Тбилиси мен ереванда 

армян  əдебиетінің  топ  –  бірлестіктері  ұйымдасты.  1927  ж.  Армян  пролет. 

жазушыларың  бір  тұтас  одағы,  1929  ж.  Армян  совет  жазушыларының  федерациясы  

құрылды.  20  жылдары  мол  дарынымкен  көзге  түскен  Е.  Чаренц  жаңа  өмірдің 

жаршысы  болды.  Оның  өлеңдері  мен  поэмалары  («Бірегей    поэма»,  «Халық  туралы 

жыр» т.б.) балладалары («Владимир Ильич туралы баллада», «Ленин жəне Əли» т.б. ) 

рев.  асқақ  ойға  құрылған.  Осы  жылдардың  жемісі  ретінде  А.  Вштунидің  (1894-1958) 

шығыс  үлгісінде  жазылған  поэмалар  циклін,  А.  Акопянның  «Волховстрой», 

«Ширканал  - большевик»  поэмаларын, А.  Хнкоянның ұлт өлеңдері  мен  мысалдарын, 

В.  Алазянның  ,  Н.  Зарьянның,  Г.  Сарьянның  жырларын  атау  орынды.  Бұл  тұста  С. 

Зорьянның, А. Бакунцтың повестері мен əңгімелері жарық көрді. 30 жылдар əдебиеті 

өмір  шындығын  жіті  зерттеу,  өнердегі  соц.  мұраттарды  ардақтау,  жаңа  эстетикалық 

принциптерді қалыптастыру талабымен дараланады.  

Ұлы  Отан  соғысы    кезінде  40-тан  астам  армян  ақын  –жазушылары  майданда 

болып,  жалынды  жырлар  жазды.  Соғыстан  кейін  Г.  Севунцтың  «Тегеран»  (1952) 

романы  жарық  көріп,  ол  совет  Одағы  халықтары  мен  шетел  тілдеріне  аударылды.  А. 

Саинянның,  Л.  Гурунцтың,  Н.  Зарьянның  шығармалары  рев.  қарсаңындағы 

оқиғаларды  суреттесе,  С.  Ханзадаянның,  Х.  Такалцяның  романдары  осы  заман 

аламдарының өміріне арналған. Ғылыми – фартастика жанрының дамуына жазушы А. 

Шайбон елеулі үлес қосып келеді. В. Ананянның «Севан жағасында», «Барыс үігірінің 

тұтқыны»  романдары  көп  ұлтты  Совет  Одағы  мен  соц.  елдерде  жылы  қабылданды. 

Əдебиетте Ұлы Отан соғысы жылдары келген жаңа буын өкілдері де Совет халқының 

бейбіт  өмірдегі  ерлік    еңбегін  бейнелеу  ісінде  көзге  түсті.  Олар:  Г.  Эмин,  С. 

Капутикян, А. Сагиян, В. Давтян, В. Ованесян, М. Маркарян, А. Дарбни, М. Корюн, Г. 

Борян,  Г.  Тер  –  Григорин,  Р.  Араксманян  т.б.  армян  ақын  –  жаушылары  туралы 

көптеген  монографиялар  жазылып,  халықтың  бай  мұраларын  кең  қамтитын  əдебиет 

тарихы жарық көрді. 

№13 дəріс сабақ. Тақырыбы: Латыш əдебиеті 

Лат. ССС- і 1940 ж. 21 июльде құрылды. 1940 ж. 5 августан  СССР құрамында. СССР- 

дің  Европ.  бөлігінің  солтүстік  батысында  орналасқан,  батыс  жағынан  Балтық  теңізі 

жəне  Рига  шығанағы  қоршайды.  Эстон  СССР-  мен,  РСФСР-  мен,  БССР-  мен  жəне 



Литв. ССР- мен шектеседі. Жері 63,7 мың шаршы киллометр Халқы 2454 мың  (1974) 

Астанасы- Рига қаласы. 26 ауданға бөлінеді; 56 қаласы, 35 қ.т. поселкесі бар. 



Əдебиеті.  Латыш  халқының  ұлттық  əдебиеті  19  ғасырдың  орта  кезінен  бастап,  ұлт- 

азаттық  қозғалысының  ықпалымен  өрлеу  жолына  түсті.  Оғандейін  неміс 

феодалдарының  езгісінде    (13  ғасырдан)  бодлған  елдің  көркем  əдебиетінің  кең 

дамуына  мүмкіндік  болмады.  Тек  16  ғасырда  ғана  латыш  тілінде  діни  мазмұнда 

жазылған  бірен-  саран  кітаптар  жарық  көрді.  Латыш  əдебиеті  негізгі  бастауын 

халықтық  бай  фольклордан  алған.  Халық  шығармашылығының  ертегі,  аңыз,  анекдот 

сияқты үлгілері, əсіресе , халық өлеңдері мол дамыған. Латыш халықтық жырларының 

«Латыш  дайналары»  (1-  6т.,  1894-1915),  деп  аталатын  алғашқы  толық  басылымын 

белгілі  латыш  фольклорисі  Кр.  Барон    (1835-  1923)  құрастырып  шығарды.  Ю.  А. 

Алунанның  (1832-  64)  «Өлеңдер»  атты  жинағы  (1856)  латыш  жазба  поэзиясының 

негізін салды. 19- ғасырдың  2- жартысында Латыш əдебиетінде романтизм өріс алды. 

Оның  басты  өкілдері  –  Аусеклис    (шын  аты-  М.  Крогземис,  1850-79)  пен  А.  Пумпур 

(1841-1902  )    бұлардың  шығармаларында  бостандық  идеясы  басым  суреттелді.  А. 

Пумпур  «Лачплесис»  атты  еңбегінде  (1888)  халық  бақыты  үшін  образын  жасады. 

Проза  саласындағы  алғашқы  елеулі  туынды  –  ағайынды  Матис  (1848-  1926)  жəне 

Райнис (1839- 1920) Каудайттердің «жер өлшеушілер дəуірі » (1879) романы болды. А. 

Алунан (1848- 1912) пьесалары латыш драматургиясының негізін қалады. Бұл кездегі 

латыш  жазушылрының  шығармашылығына  орыстың  реалистік  əдебиеті  үлкен  ықпал 

етті.  

   Латыш əдебиеті дамуының жаңа дəуірі 19 ғасырдың 90- жылдарынан басталады. Бұл 



кезде латыштың аса көрнекті ақыны Я. Райнис (плиекшан, 1865- 1929) шығармалары, 

бурж.  қоғамды  сынап,  қанаушыларды  жоюға  шақырған  ревалюциянерлер  ақын  Э. 

Вейденбаум  (1867-  92)  өлеңдері  жəне  осы  кезеңнің  белгілі  ақын  –жазушылары 

Аспазия  (1865-  1943  ),  Треманис  (1866-  1950),  Я.  Янсон  (1872-  1917),  Р.  Блауманис 

(1863- 1908) т.б. туындылары халыққа  кеңінен  мəлім болды. 

1905-  07  жылдарындағы  бурж.  ревалюция  тұсында    Я.  Райнистің    «Көкшіл  кештегі 

алыстан естілген  үндер» (1903), «Дауыл есігі» (1905), «Жаңа дəуір» (1906), «Тыныш 

кітап»  (1909),  «Ұмытылмайтын  жандар»  (1911),  т.б.  кітаптарында  халықтың 

революцияны  жақтаған  көңіл  күйі  шынайы  суреттеледі.  Оның  «От  пен  түн  »(1905) 

пьесасы  еңбекші  халықтың  азаттық  жолындағы  күресі  мен  ой-  арманын  жарқын 

бейнелейді.  Судрабу  Эджус  (1860-1941),  А.  Буркленайс  (1891-1918),  В.  Плудонис 

(1874-1940)  т.б.  шығармаларында  да  револуциялық  рух  көрініс  тапты.  20  ғ-дың 

басында  латыш əдебиетінде сыншыл реализм нығая түсті. Оның басты өкілі – А. Упит 

(1877-1970)  өзінің  «Буржуа»  (1907),  «жаңа  бастаулар»  (1908),  «Əйел»  (1910),  «Жібек 

торда»  (1912),  Алтын  (1914)  т.  б.  роман-  повестерінде  дəуір  шындығын  терең 

суреттеді.  

   Ұлы  қазан  ревалюциясы  кезінде  латыштың  кеңестік  əдебиеті  туды.  Оның  алғашқы 

өкілдері-  Л.  Паэгле  (1890-  1926),  Я.  Судрабкалн  (1894ж.  т.)  т.б.  шығармалары 

ревалюцияшыл  əдебиеттің  даму  бет  алысын  айқындады,  əдебиеттің  идеялылығы  мен 

партиялылығының үлгісі болды. Алайда  бұл бағыттағы латыш əдебиеті ұзақ өмір сүре 

алмады.  1919  ж.  майда  Латвияда  бурж.  өкімет  үстемдікке  ие  болды.  Бурж.  Латвияда 

əдебиет  таптық  күрес  жағдайында  дамыды.  Прогресшіл  жазушылар  бурж. 

демократияны    (1920-  1934),  фашистік  диктатураны  (1934-  40)  жылдары  сынға  алды. 

Алдыңғы  қатарлы  жазушылар  шығармаларын  астыр  тын  бастырып  таратты.  20-30 

жылдары А. Упиттің, В. Лацистің (1904-66)  талаттары ерекше танылды. Упиттің «Ян 


Робежниектің қайтып оралуы » (1932), «Ян Робежниектің өлімі » (1933) , В. Лацистің 

«Балықшының баласы» (1934) романдары халық сүйіп оқитын туындылар болды. 

    1940  ж.  Латвияда  совет  өкіметі  қайта  орнады.  Содан    кейінгі  дəуірде  латыш 

əдебиетінде  соц.  реализм  қалыптаты.  Ұлы  отан  соғысы  мен  соғыстан  кейінгі  кезеңде 

А.  Упиттің  «Жасыл  жер  »  (1945,  СССР  Мемл.  сыйлығы,  1946),  «Бұлттағы  сəуле  » 

(1951),  В.  Лацистің  «Дауыл»  (1945-48,  СССР  Мемл.  сыйлығы,  1949),  «Жаңа  жағаға» 

(1950-51,  СССР  Мемл.  сыйлығы,  1952),  Саксенің  (1905  ж.т.  ),  «Тау  ішінде  »  (1948, 

СССР  Мемл.  сыйлығы,  1949),  т.б.  романдары  туды.  Я.  Судрабкалн  «Туысқандардың 

семьяда  »  өлеңдер  жинағын  (1947,  СССР  Мемл.  сыйлығы,  1948)  жариялады.  Ол  көп 

жылғы жемісті əдеби жəне қоғамдық қызметі үшін  Соц. Еңбек Ері атағын (1974) алды.  

    Кейінгі    жылдар  ішінде  А.  Янсон  (1915  ж.  Т.)  ,  А.  Веян  (1927  ж.т),  М.  Зиодонис 

(1933 ж.т ), Вирзе (1921) т.б. көптеген талантты ақын- жазушылар өздерінің прозалық, 

поэзиялық  жəне  драматургиялық  сəтті  туындыларымен  көзге  түсті.  Латыш  əдебиет 

тану ғылымына 6 томдық «Латыш əдебиетінің тарихы» (1956- 63) жəне басқа күрделі 

əдеби  ғыл.-зерт  еңбектері  үлкен  үлес  болып  қосылды.  Латыш  əдебиетінің  үздік 

туындылары дүние жүзінің жəне СССР халықтарының көптеген тілдеріне аударылып 

басылды.  В.  Лацистің  «Дауыл  »  романы  (1953),  «Латыш  ертегілері  »  (1960),  Я. 

Райнистің  «Өлеңдері»  (1968),  «Даутава  дабылы  »  (1965)  атты  жинағы  қазақ  тілінде 

жарық көрді.        



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал