Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет6/9
Дата08.01.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

№6 дəріс сабақ. Тақырыбы: Орыс əдебиетінің дамуы. 

РСФСР- жерінің аумағы,халқының саны жəне экономик.қуаты жөнінен СССр-днгі аса 

ірі республика.1917ж.25 октябрьде (7 ноябрьде) құрылған.Соль-батысында 

Норвегиямен жəне Финляндиямен,батысында Польшамен,оңт-шығысында  

Қытаймен,МХР жəне ҚХДР-мен шектеседі.Сонымен қатар РСФСР Совет Одағы 

құрамындағы Эст.ССР-мен,Лат.ССР,Литв.ССР,БССР-мен(батысында),УССР-мен(оңт-

батысында)Груз.ССР-мен,Азерб.ССР жəне Қаз.ССР-мен(оңтүстігінде) с Солт.Мұзды 

мұхитқа(Баренц,Ақ,Қара,лаптевтер,Шығ.Сібір,Чукот теңіздеріне), Тынық 

мұхитқа(Беринг,Охота,Жапон теңіздеріне)жəне Атлант мұхитында(Балтық,Қара жəне 

Азов теңіздеріне),тұйық Каспий теңізіне ұласады.Жері 17075,4мың км.Халқы 133741 

мың(1975).Астанасы-Москва қ.Əкімш.жағынан 16  

автоном.республиканы(Башқұрт,Бурят,Дағыстан,Қабарда-

Балқар,Қалмақ,Карель,Коми,Мари,Мордва,Солт.Осетин,Татар,Тува,Удмурт,Чечен –

Ингуш,Чуваш,Якут),5 автоном.облысты(Адыгей,Таулы Алтай,Еврей,Карашай-

Черкес,Хакас),6 өлкені,49 облысты жəне 10 ұлттық окургты [Агин-Бурят,Коми-

Пермяк,Коряк,Ненец,Таймыр(Долған-Ненец),Усть-Орда-Бурят,Ханты-



МансиЧукот,Эвенкі,Ямал-Ненец] біріктіреді.Экономик. даму жөнінен 10 

экономик.ауданға (Солт.Бат.,Орталық,Волга-Вятка,орталық Қаратопырақты,Волга 

бойы,Солт.Кавказ,Орал.Бат.Сібір,Шығ.Сібір жəне Қиыр Шығыс) бөлінеді. 

 Əдебиеті.РСФСР территориясында ынтымақ-бірлігі жарасқан көптеген халықтар-

орым\стар,татарлар,чуваштар,башқұрттар,комилер,еврейлер,удмурттар,карельдер,балқ

арлар,аварлар,буряттар,қалмақтар,хақастар,қарашайлар,чечендер,адыгейлер,якуттар,не

нецтер,чукчилер т.б тұрады. 

  Көне орыс əдебиеті(10 ғ.басы-17ғ.)Киев Русінің əдеби кезеңінің(орыс,украин жəне 

белорус халықтарына ортақ)қайнар бұлағы болып табылады.азамматтық əуен,жоғары 

патриотизм –орыс əдебиетінің əуел бастағы қалыптасу кезеңінен келе жатқан айқын 

белгісі болды.орыстың көне шежіресі-``Өткінші жылдардың хикаясы``(11ғ) орыс 

халқының тарихи ролі,Русь мемлекетінің пайда болуы, қалыптасуы туралы  

баяндады.Халықты бірлікке шақыруда,жауынгерлік рухта тəрбиелеуде``игорь жорығы 

туралы жырдың``(12ғ)  мəні зор.13-14 ғ-ларда жазылған жылнамалық 

ескірткіштерде,тарихи аңыздық дастандарда орыс халқының сол кездегі көкейкесті  

мəселелері қозғалады.15-17 ғ-ларда аңыз-əңгіме негізінде туған көптеген шығармалар 

пайда болды. 

   Жаңа орыс əдебиетінің негізі 18ғ-да қаланды.Бұл кездегі  орыс əдебиетіндегі 

бағыттар(барокко классицизм,сентиментализм) идеялық-эстетикалық қасиеттерімен 

ерекшеленіп,тарихи қалыптасқан ұлттық мəдени дəстүрлерді бойына 

сіңірді.А.Д:Кантемир(1708-44),В.К.Тредиаковский(1703-68),М.В.Ломоносов(1711-

65),А.П.Сумароков (1717-77)т.б шығармалары орыс əдебиетін жаңа белеске 

көтерді.А.Н.Радищевтің(1749-1802)``Петербургпен Москваға саяхат`` (1790) аттты 

атақты  

Кітабы  жария  болды.Н.М.Карамзиннің(1766-1826)көп  томдық  ``Россия  мемлекетінің 

тарихы``атты туындысы жарық көрді.В.А:Жуковский (1783-1852),К.Н.Батяшков(1787-

1855)элегиялық  поэзияның  негізін  қаласа,олардың  дəстүрін  А.А.Дельвиг(1798-

1831),Н.М..Языков(1803-4+6)одан 

əрі 


жалғастырды.Азаттық 

идеясы 


сарыны 

демакрист-ақындар В.Ф.Раевский(1795-1872),К.Ф.Рылеев(1795-1826) творчествосында 

кең  орын  алды.И.А.Крылов(1768-1844),А.С.Грибоедов(1795-1829)  шығармалары 

сатиралық 

жəне 

драм.жанрларды 



жаңа 

сатыға 


көтерді.А.С.Пушкин(1799-

1837)творчествосы  орыс  əдебиетіндегі  жаңа  дəуірді  ащты,оның  лирикалары    мен 

поэмалары ,повестері мен романдары,драм.шығармалары əлемдік əдебиеттің өркендеу 

жолындағы 

жаңа 

белес 


болды.Орыс 

əдебиетінің 

реализм 

дамытуда 

Н.В.Гогольдің(1809-52)творчествосы  ерекшк  роль  атқарды.Бұл  кезеңде  орыстың 

сыншыл  эсте  тикалық  ойы  В.Г.Белинский(1811-48)шығармалары  арқылы  шырқау 

биікке 

көтерілді.И.А.Гончаров(1812-83),И.С.Тургенев(1818-



83),Ф.М.Достоевский(1821-81),М.Е. 

Салтыков-Шедрин(1826-89),А.И.Герцен(1812-

70)т.б  қоғам  өмірінің  сан  алуан  мəселелерін  асқан  шыншылдықпен  бейнеледі.Орыс 

реализмінің    онан  əрі  дамуына  А.Н.Островский(1823-86),Н.А.Некрасов(1821-77)т.б 

шығармалары  елеулі  улес  болып  қосылды.19ғ.2-жартысында  орыс  əдебиеті 

жаңаидеялық  өрлеу  жолына  түсті,рев.-азаматтық  қозғалысының  ықпалы  зор 

болды.``Современник``журналы  революцияшыл  демократтардың  идеялық  қаруына 

айналды.Осы  кезде  Н.Г.Чернышевский(1828-89),Н.А.Добролюбов(1836-61)  өздерінің 

рев-материалистік  эстетикасымен  патшалық  тəртіптің  мерезді  көріністеріне  қарсы 

аяусыз 


күрес 

ашты.Л.Н.Толстойдың(1828-1810),В.Г:Короленконың(1853-

1921),А.П.Чеховтың(1860-1904)əңгімелері  мен  пьесалары,повестері  мен  романдары 

орыс əдебиетінің даңқын шығарды.20ғ-дың басында орыс əдебиетінің мақтаны болып 



саналатын 

А.М.Горький(1868-1936),А.А.Блок(1880-1921),И.А.Бунин(1870-

1953),В.Я.Брюсов(1873-1924),В.В.Маяковский(1893-1930)сияқты 

суреткерлер 

өздерінің кемел таланттарымен көзге түсті. 

Башқұрт  жазба  əдебиеті  Қазан  революциясынан  кейін  қалыптасты.  Одан 

бұрынғысы – негізінен халық поэзиясы, фольклор. Ауыз  əдебиетінде форма жағынан 

ерекше  жетілген  жанр-қобайыр.  Ол  қазақ  поэзиясындағы  толғауға  жақын. 

Қобайырдың өзегі əлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын 

мадақтау.  Ал  «Ақбозат»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу», «Күсəк  бей»  секілді  эпикалық 

поэмалар башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелеген кесек туындылар. 18-19ғ-да 

əуезді  сырлы,  шерлі  əнмен  айтылатын  «Салауат»,  «Азамат»,  «Орал»  сияқты  тарихи 

жырлар  «Зұлхаза»,  «Шаруа»  секілді  аңыздар  туды.  Тəң  керіске  дейін  Башқұрт 

поэзиясының  кейбір  нұсқалары  қолжазба  түрінде  тараған.  Башқұрт  əдебиетінің 

тарихында  Салават  Юлаевтың  есімі  əйгілі.  Жауынгер  ақынның  ел  аузында  қалған 

кезінде  орыс  тіліне  аударылған  жырларына  тəн  сипат-ереуіл  рухы,  əлеуметтік  идея, 

азаматтық  пафос.  Діни  уағызға  арнап  шығарма  жазған  Т.Ялсыгул  (1787-1838), 

Ə.Қырғалы (1784-1825), Г.Салихов (1794-1867), Ш.Заки (1825-1865), Ғ.Сокрый (1826-

1889)  секілді  ақындар  софизм  бағытын  ұстады.  19ғ-дың  2-жартысында  башқұрт 

əдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кездің көрнекті өкілі көп қырлы, 

талантты  ақын,  тілші,  фольклорист,  этнограф,  тарихшы,  педагог,  аудармашы,  қоғам 

қайраткері.  М.Үмітбаев  (1841-1907)  болды.  Оның  1897ж.  шыққан.  «Жəдігер» 

жинағында  ғылыми  еңбектері,  өлеңдері  тоталған.  Қазақ  –татар  поэзиясында  елеулі  із 

қалдырған  Ақмола  ақын-башқұрт  демократтық  əдебиетіндегі  ірі  тұлға.  Башқұрт  кең. 

əдебиетінің  ірге  тасын  қалауда  Мəжит  Ғафурдың  «Қызыл  ту»,  «Ант»,  «Еңбекші», 

«Татар  жігітіне»,  Д.Юлтыйдың  «Октябрь»,  «Аттан  жігіт»,  «Майсара»,  Ш.  Бабичтің 

«Халыққа арнау», С.Құдаштың «Қызыл əскер», «Айтшы» секілді рев.жырлары аса зор 

рөл атқарды. 30 жылдарда халық өмірінің əр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза 

туды.  Олар  –С.Құдоли  «Қос  қаыйң»,  С.Агшитің  «Жағдайға  орай»  повестреі, 

Д.Юлтыйдың  «Қан»,  А.Тагировтың  «Қызыл  əскерлер»,  «Солдаттар»,  «Қызыл 

гвардияшылар»,  И.Насыридың  «Кедей»  романдары,  Х.Ибрагимовтың  «Башмақшы», 

К.Даянның  «Таңшолпан»,  Н.Кариптің  «Алма»  пъесалары,  С.Құдаштың  «Бақыт 

таңы»(1935),  «Республика  жырлайды»  (1938),  Б.Ишемғұлдың  «Отан»  (1936), 

Х.Каримнің  «Салтанат»,  Р.Ниматидің  «Ақ  Еділдің  əсем  айдыны»  (1940)  өлең 

жырлары. Отан соғысының қаһарлы шындағы əдебиетте жан-жақты бейнеленді. 

А.Бикчертаевтің  «Аққулар  Оралда  қаладысы»  (1956),  «Үлкен  оркестрі», 

Х.Даулетшананың  «Верғызы»  -  прозадан,  Р.Нигматидің  «Большевигі»,  Х.Каримнің 

«Алтын масағы», С.ҚҰдолиттың «Отаным менің» -поэзиядағы елеулі шығармалар. 

Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрғысында, сай-санасында ұқсастық көп, қазақ пен 

башқұрт туысқан халықтар. Башқұрт жазушыларының шығармалары қазақ тіліне көп 

аударылады. Үлкен ақын əрі драматург Мұстай КАримнің «Ай тұтылған түн» пьесасы 

қазақ сахынасынан көп жыл бойы түскен жоқ. М.Əуезовтің «Абай» т.б. көптеген қазақ 

шығармалары  башқұрт  тілінде  жарық  көрді.  С.Құдаш  пен  Б.Майлиннің, 

С.Мұқановтың шығармашылық достығы үзілген емес. 



 

№7 дəріс сабақ. Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Орыс əдебиетінің дамуы. 

Совет.дəуірінде орыс əдебиеті соц.реализм туын биік көтнріп,əлемдік əдебиетті 

дамытуда үлкен үлес қосты.Соц.көркемөнердің теориялық негізі К.Маркс пен 

Ф.Энгельстің,В.И.лениннің,орыстың революцияшыл демократтарының 

Г.В.Плехановтың(1856-1918).В.В.Воровскийдің(1871-1923),А.В.Луначарскийдің(1875-


1933)жəне басқа да марксист сыншылдардың еңбектерінде жасалды.В.И.Ленин совет 

əдебиетінің дамуына үнемі көңіл бөлді,əдебиеттің реалистігін,партиялылығы мен 

халықтығын қорғады,бурж.идеологияны насихаттау үшін көркем өнерді пайдалануға 

қарсы батыл күресті.Соц.реализм əдебиетінің қалыптасып дамуында М.Горький 

творчествосы үлкен роль атқарды.Д.Бедный(1888-1945),А.Серафимович(1863-

1949),В.Маяковский,С.Есенин(1895-1925),С.Н.Сереев-Ценский(1875-

1956),А.Толстой(1882-1945) т.б  шығармаларында Россиядағы тарихи оқиғалар,Ұлы 

Окт.революциясы жəне Азамат соғысы дəуіріндегі шындық жарқын 

бейнеленеді.Д.А.Фурманов(1891 

1926),М.А.Шолохов(1905ж.т),К.А:Федин(1892ж.т),Л.М.Леонов(1899ж.т), А. А. Фадеев 

(1901-56), Ф.В.Гладков (1883-1958), Н.А: Островский (1904-36), А.Т. Твардовский 

(1910-71), Н.Ф. Погодин (1900-62), Л.С. Соболев (1898-1971), А.А. Сурков (1899 

ж.т.),Н.С. Тихонов (1896 ж.т.), Г.М. Марков (1911 ж.т.) т.б. творчестволарында 

жасампаз өзгерістерге  толы советтік өмір ақиқаты, оның сан алуан күрделі  мəселелері 

көркемдік шешімін тапты. 

   РСФСР құрамындағы туысқан халықтар əдебиеттерінің əрқайсысының өзіндік туу, 

қалыптасу жəне өркендеу жолдары бар. Бұлардың бір қатарының Ұлы Окт. 

Революциясына  дейін əдебиеттері  кенжелеп келсе,Совет өкіметі тұсында мəдени күрт 

даму жолына түсті,жаңа мазмұнды əдебиеттерін жасады.Ұлы орыс əдебиетінің игі 

ықпалымен өркендеген туыс халықтар əдебиеттерінің  озық туындылары барша əлемге 

танымал болды.РСФСР халықтары əдебиеті ішінднгі ең ежелгілерінің бірі-татар 

халқының əдебиеті (татар АССР əдебиетін қараңыз).Татар ауыз əдебиетінің үлгілері 

тым əріден басталады.Жазба əдебиетінің көрнекті өкілдері-Ə.Курсави(1776-

1818),К.Насыри(1825-1902),Ғ.Тоқай(1886-1913),Ғ.Құлақметов(1881-

1918),Ғ.Ибрагимов(1887-1938),Ғ.Камал(1879-1933) т.б жазушылардың 

творчестволарында да халық өміріндегі елеулі оқиғалар суреттеледі,реалистік-

демократтық бағыт басты орын алады.Совет дəуірінде татар əдебиеті зор өрлеу 

жолына түсті.Ш.Камал(1884-1942),К.Наджми(1901-57),Х.Тахташ(1901-31),Мұрса 

Жалил(1906-44),Г.Баширов(1901ж.т),З.Нури(1921ж.т) т.б ақын-жазушылар жаңа 

өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелерін жасады,дəуір шындығын жоғары 

пафоспен суреттеді.Башқұрт жазба əдебиеті Окт.революциясынан кейін 

қалыптасты(Башқұрт АССР əд.қараңыз).Одан бұрынғысы негізінен ауыз 

əдебиеті,фольклор.Башқұрт əдебиетінің тарихында  Салауат Юлаев творчествосы 

үлкен орын алады.Башқұрт əдебиетінің ірге тасын қалауда М.Гафуридің (1880-

1934),С.Құдаш(1894 ж.т),А.Бикчентаев(1913 ж.т),М.Карим(1919ж .т) т.б ақын- 

жазушылар қазіргі башқұрт əдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты.Жазба үлгісі кеш 

дамыған бурят халқының əдебиеті тек Совет өкіметі тұсында өркен жайды.(Бурят 

АССР əд.қараңыз).Бурят Совет əдебиетінің негізін салған Х.Намсараев (1889-1959) 

шығармалары бурят поэзиясын жаңа мазмұнмен дамытты.Бурят Совет əдебиетінің 

өркендетуде Н.Г.Балдано(1907 ж.т),Қ.Номтаев(1909 ж.т) т.б жазушылар үлес 

қосты.Карель халқының жазба əдебиеті Окт.революциясынан кейін пайда болып,екі 

тілде(карель,орыс) дамып келеді.Карель жəне финн халықтарының эпосы- Калевала 

дүние жүзіне мəлəм.жаңа Карель əд.нің көрнекті өкілдері Я.Э.Биртанен(1889-

1939),С.Норин(1909-42),А.Тимонен(1915 ж.т),Я.Ругоев(1918 ж.т) т.б Коми əдебиеті 

туыстас екі тілде:коми,коми-пермяак тілдерінде дамып қалыптасты.Коми əдебиетінің 

негізін салушы демократ-ақын И.А.Круглов(1839-75) болды.Совет коми əд.де алдымен 

поэзия жəне драматургия жанры өркендеді.20 жылдардың орта шенінен жаңа 


мазмұнды проза дами бастады.В.А.Саввин(1888-1943),Н.Попов(1901-

71),Н.М.Дьяконов(1911ж.т) т.б ақын-жазушылар жемісті еңбек етті. 

  Қабарда мен Балқар əдебиетінің негізі бастауы фольклор болып саналады.Ауыз 

əдебиетінің үлкен мұрасы - ``Нарттар`` эпосы екі халыққа бірдей ортақ.Қабарда ақыны 

жəне филолог  Ш.Б:Ногмов(1794-1844) творчествосы үлкен роль атқарды.Қабарда-

Балқар əдебиеті Совет өкіметі жырдарында өркендеп дамыды.Б.И.Гуртиев (1910 

ж.т),А.Шогенсуков(1900-41),Ə.Кешоков(1914 ж.т),Қ.Кулиев(1917ж.т) ақын-

жазушылардың елеулі шығармалары бар.Авар,құмық,дарғын,лезгин,лақ,тат 

халықтарының əдебиеті  батырлық эпос,ертегі,аңыздардан басталады.Халықтық жаңа 

əдебиеттің биік белеске көтерілуіне Сүлеймен Стальский,Ғамзат Цадаса т.б 

шығармалары үлкен ықпал жасады.Советтік дуірде Расул Ғамзатов творчествосы биік 

белеске көтерілді.Қалмақ көркем əдебиеті ұлттық бай фольклордың негізіндн пайда 

болды.Халық творчествосының биік шыңы-Жəңгір эпосы.Ұлы окт.рев. қалмақ совет 

əд.нің берік қалыптасуына жол ашты.Қалмақ əдебиетінің негізін салушылар-

Х.Кануков(1883-1933),Н.Манджиев(1905-36) т.б жазушылар 

болды.Қарашай.Черкес,Абазин,Ноғайлардың ауыз əдебиетінің ортақ үлгілері 

бар.Жазба əдебиеті Совет өкіметі жылдарында пайдв болды.Қарашай –Черкес əдебиеті 

орыстың классикалық жəне совет əд.нің бай мұрасына сүйене отырып 

дамыды.А.Үртенов(190-55),Ф.Абдулалилов(1913 ж.т),С.Капаев(1927 ж.т)т.б.Қарашай-

Черкес əдебиетінің көрнекті өкілдері болып саналады.Ауыз əдебиетінен нəр алыа 19,-

дың 2-жартысынан бастап өрлеу жолына түскен чуваш əдебиеті өзіндік дамуды бастан 

өткерді.И.Яковлев (1898-1915),М.Сеспел(1899-1922),П.Хузангай(1907ж.т) т.б ақын-

жазушылар жаңа əдебиет жасап елеулі шығармалар туғызды.Окт.революц.дейін якут 

халқының ауыз əдеб.ғана дамыды.Якут жазба əдеб.1905-1907 жылдан кейін дами 

бастады.А.Е:Кулаковский(1877-1926),П.А.Ойунский(1893-

1938),Н.Мурдинов(1906ж.т),СЕфремов(1903ж.т)т.б жаңа якут əдебиетін жаңа 

щығармалармен байытты.Удмурт əд.нің көрнекті өкілдері М.Прокофьев(1884-

1919),Д.Майоров(1889-1923),М.Петров(1905-1955),И.Гаврилов(1912 ж.т)т.б 

жазушылардың шығармаларында удмурд халқы бастан кешкен ұлы өзгерістер жарқын 

бейнеленді.Д.Гофштейн(1889-1952),л.К.Витко(1895-1952),П.Маркиш(1890-1952)т.б 

еврей жазушылары советтік өмір шындығын бейнелеген көптеген шығармалар 

жазды.РСФСР жерінің едəуір бөлігін алып жатқан Қиыр Солтүстік пен Қиыр 

Шығыстағы аз халықтардың тұрмыстық,мəдени өсулері Совет өкіметі орнағаннан 

кейін басталды.Солтустік халықтары жас əдебиетінің көш басушылары болып хант 

Г.Лазалев,ненецтер Н.Вылка,И.Истомин, эвенкілер Н.Сахаров , А.Платонов, нанай 

А.Самар, коряктар К.Кеккетын, Л.Жуков, чукчи Ю.Рытхэу т.б көрінді. 

   РСФСР халықтары əдебиеті мен қазақ əдебиеті арасындағы туысқандық байланыс 

əріден басталады. Орыстың классикалық жəне совет əдебиетінің озық үлгілері қазақ 

тіліне жыл өткен сайын көптеп аударылып келеді. Сондай-ақ татар Ғ.Тоқай, Мұса 

Жалел, башқұрт М.Карим чукчи, Ю.Рытхэу, авар Р.Ғамзатов, балқар Қ.Кулиев, қалмақ 

Д.Кугультинов т.б жазушылардың туындылары қазақ оқырмандарының игілігіне 

айналып отыр. Ал қазақ ақын жазушыларының көптеген кітаптары жоғарыда айтылған 

туысқан халықтар тілдеріне аударылып, сан мыңдаған тиражбен басылып, тарап 

жатқаны баршаға аян.  

Татар əдебиеті 

Жазба  əдебиеті  көне  дəуірден  басталады.  Ең  көне  үлгілері  –  Ғалидың  ізгі 

махаббаты  жырлаған  «Жүсіп  жəне  Зылиха»  (13  ғ-дың  басы)  поэмасы  мен  авторы 

белгісіз  діни-эпикалық  «Кесікбас»  («Кисекбаш»)  жыры,  «Сопыларға  өсиет»  атты 



дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дəуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) 

«Хұсрау 


жəне 

Шырын» 


(1342) 

поэмасы 


мен 

Хорезмидің 

«Махаббат 

кітабы»(1354),беріректегі  Махмұт  Бұлғаридің  «Жұмаққа  жолы»  (1370)  мен 

Мұхамедиярдың  əр  алуан  поэмаларын  (16ғ.)  атауға  болады.  Феодализм  дəуіріндегі 

татар жазба əдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның 

өкілдері:  Мавля  Кули  (17ғ.2-жартысы),  Утыз  Имяни(1754-1834),  Шамсетдин  Заки 

(1825-65)  жəне  т.б.  болды.  18  ғ-дағы  əдебиетте  саяхатнамалар  (Ғали  Чокри,  1826-89) 

басым  болса,  19ғ-да  діни  мадақ  өлеңдер,  хат,  əңгімелердің  авторларымен  қатар, 

Əбділманих  Ғабдессалямолв  –Қарғалы  (1782-1828),  Ғабделжаббар  Қандали(1797-

1860),  Мифтахетдин  Ақмолла  (1831-95),  Яков  Емельянов  (1848-99)  тəрізді  татардың 

реалистік  поэзиясының  қалыптасыуна  елеулі  үлес  қосқан  бір  топ  ағартушы  ақын-

жазушылар əдебиет майданына келді. 

19ғ.  əдебиетінде  мұсылмагдық  схоластикаға  қарсы  ағартушы-демократиялық 

бағыт  кең  өріс  алды.бұл  тұста  Əбунасыр  Курсави  (1776-1818)  бастаған  антифеод. 

Күресті  Шигабутдин  Маржани  (1813-89)  одан  əрі  жалғастырадлы.  Каюм  Насыри 

(1825-1902)  өзінің  əдеби,  ғылыми  пед.еңбектерімен  ттардың  қазіргі  əдеби  тілінің 

негізін  қалады.  Ақмолла,  Загир  Бигеев  (1870-1902),  Ғадірахман  Ильяси  (1856-95), 

Фатих  Халиди  (1851-1923)  шығармаларында  адамгершілік,  ізгілік  пен  зұлымдық, 

надандықтың  бітіспес  күресі  сипатталады.  Закир  Хади  (1863-1933),  Шакир 

Мұхаммедов  (1865-1923)  бастаған  бұл  күрес  20ғ-дың  басындағы  əдебиетте 

революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция 

тұсында  татар  тілінде  газет,журналдар  шыға  бастады,  əдеби-сын,  революциялық 

публистицтика  дамыды.  Дəл  осы  тұста  бүкіл  халықтық  демократиялық  қозғалысқа 

Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-

1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тəрізді ақын, 

жазушылар  жігерлі  үн  қосты.  Рев.-демокр.  идеология  мен  либералдық-буржуазия 

күшейе  түсуі  пролет.əдебиеттің  тууына  жол  салды.  Бұл  жағдай  революционер  – 

жазушы Ғ.  Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. əдебиетке 

С.Рамиев  (1880-1926),  З.Ярмаки  (1890-1965),Ш.Бабич  (1895-1919),  Мұхаммед  Ғали 

(1893-1952),Ф.Валиев  (1892-1914),  М.Файзи  (1891-1928),  К.Тинчурин  (1887-1947) 

тəрізді  ақын,  жазушылар  қосылып,  Ұлы  Октябрь  революциясын  құшақ  жая  қарсы 

алды. Азамат соғысы жылдары əдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт 

(1900-62),  Қ.Нажми  (1901-57),  Мұса  Жалил  (1906-44),  Х.Такташ  (1901-31),  А.Шамов 

(1901ж.т.),  Б.Рахмат(1897-1957)  тəрізді  жауынгер  жазушылар  келіп  қосылды.  Татар 

совет  əдебиетінің  20  жылдардағы  туындылары  Ғ.Ибрагимовтың  «Қызыл  гүлдар» 

(1922)  повесі  мен  «Терең  тамырлар»  (1928)  романында,  Ш.Камалдың  «Таң  сəріде» 

(1927)  романы  мен  Қ.Нажмидың  «Шұғылалы  соқпақ»,  «Күн  астындағы  жаңбыр» 

(1930)  повестреніде,  сондай-ақ  Ф.Бурнаш  (1898-1946),  Х.Туфан  (1900  ж.т.) 

шығармаларында  жаңа  өмірдің  жалынды  күрескерлерінің  бейнелері  жасалып,  дəір 

көріністері  эпикалық  сипат  алды.  30  жылдары  татар  əдебиетінде  соц.реализм 

қалыптаса  бастады.  Еңбек,  коллективтендіру,  өндіріс  тақырыбы  өз  шешімін  тапты. 

Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) 

«Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) 

«Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең əдебиетінен адамның рузани 

өмірін  филос.мəнмен  жырлайтын  А.Файдидің  (1903  –  58)  «Флейталар»  поэмасы  мен 

«Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Əдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде 

болды.  Комедия  жанрларында  К.Тинчурин  (1887-1947),  Хұсни,  Н.Исанбет  (1900ж.т.) 

тəріздес  жазушылар  көзге  түсті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  көптеген  ақын, 


жазушылар  майданға  аттанып,  жауға  қарсы  күресте  қаламымен  де,  қаруымен  де 

қажырлы  еңбек  етті.  Мұса  Жалил,  Ф.Карим,  С.Хаким  (19911  ж.т.),  М.Садри  (1903 

ж.т.),  З.  Нұри  (1921ж.т.),  С.Баттал  (1925ж.т.)  жырлары  мен  Нəжми,  Ғази,  Х.Усманов 

(1908ж.т.),  Т.Гиззат  (1895-1955).  Н.Исанбет  (1900ж.т.)  шығармалары  соғыс 

жылдарының  əдеби  жылнамасына  айналды.  Мұса  Жалилдің  «Маобит  дəптері»  кейін 

тарихи  өшпес  даңққа  бөленді.  Соғыстан  кейінгі  дəіур  əдебиетінде  бейбіт  кезең  мен 

коммунизм орнату жолындағы қажырлы еңбек тақырыбы кең орын тепті. Бұл кезеңде 

қысқа  əңгіме,  повестремен  қатар  эпикалық  туындылар  да  бой  көрсете  бастады. 

Қ.Нəжмидің  «Ескек  жол»  немес  «Көктем  желі»  (1948),  Башировтың  «Намыс», 

Абсалямовтың  «Ғазинұр»  (1953),  Ғазидің  «Ұмтылмас  жылдар»  (1-3кіт.,  1949-66), 

Əмірдің  «Таза  жаны»  (1-2бөл.,  1954-60)  мен  т.б.  көптеген  туындыларда  замандас 

бейнесі  жасалды.  Бұл  жайт  драматургия  саласынджағы  Ишмұратовтың  «Дауылға 

қарсы»  (1964),  Исанбеттің  «Мұса»,  (1956),  Əмірдің  «Бостандық»  (1960), 

Ш.Хұсайыновтың  «Зүбайда  –  адамзат  баласы»  (1965),  Х.Вахиттің  (1918ж.т.) 

«Алғашқы  махаббат»  (1960)  атты  шығармаларынан  да  жақын  көрініс  тапты.  Балалар 

əдебиеті  дамыды.  60  жылдары  И.Юзеев  (1933ж.т.),  Ш.Ғалиев  (1928  ж.т.)  Э.Мəліков 

(1921ж.т.),  С.Сүлейменова  (1926ж.т.),  Р.Файзуллин  (1943ж.т.),  Р.Харисов  (1941ж.т.), 

Н.Фатах  (1928ж.т.)  Э.Қасимов  (1930ж.т.),  Ю.Аминов  (1924),  С.Шүкіров  (1918ж.т.), 

Т.Минуллин (1935ж.т.) жəне т.б. көптеген жастар келіп қосылды. 

Сын мен əдебиет тану ғылымы да өсіп өркен жайды. Танымал ақын, жазушылар 

творчествосы мен əдебиет тарихына арналған бір топ монографиялар жарық көрді. 

«Татар совет əдебиетінің тарихы» жазылды (1965). Бұл іске Х.Усманов (1908ж.т.), 

М.Ғайнуллин (1903ж.т.), Ғ.Халит (1915 ж.т.)Б.Ғиззат (1918ж.т.), Ғ.Кашшаф (1907ж.т.), 

Х.Хайри (1910ж.т.), Р.Бикмұхамедов (1928ж.т.), Н.Юзеев (1931 ж.т.), Р.Мұстафин 

(1931ж.т.) жəне басқалар қатысты. Татар əдебиетінен қазақ тіліне Ғ.Тоқайдың 

«таңдамалы шығармалары» (1952,1975), «Жезтырнақ» (1957), «Шөрəлі» (1966) атты 

жинақтары, Ғ.Ибрагимовтың «терең тамырлар» (1936), «Қазақ қызы» (1960), «Біздің 

күндер» (1971), Нəжми Қауидің «Көктем желі» (1952), Хусни Фатихтың «жаяудың 

соқпағы» (1960) романдары, Жалил Мұсаның «Жырларым» (1955), «Соғады 

жүректері»(1966), И.Салаховтың «Көкшетау жырлары» (1961) жинақтары, 

Ш.Усмановтың «Торғай даласында» (1972) повестер мен əңгімелер жинағы, Исанбет 

Нəкидің «Мұса Жалил» (1962) трагедиясы т.б. шығармалар аударылған. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал