Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет5/9
Дата08.01.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақтымқұлы 

Мақтымқұлы  (шын  аты,  лақап  аты  –  Фрачи,  т.-ө.ж.  белгісіз)  –  18  ғ-да  өмір 

сүрген,  түркіменнің  классик  ақыны.  Азади  Дəулетмамбет  ақынның  баласы. 

Мақымқұлы  ауыл  мектебінде,  кейін  Хиуадағы  Шерғазы  медресесінде  оқыған.  Орат 

Азия,  Азербайджан,  Иран  халықтарының  ауыз  əдеиеті  нұсқаларының  жастайынан 

бастпа,  жатқа  білген.  МүПоэзиясындағы  өзекті  тақырып  –  дамагершілік.  өлеңдерінде 

халықты бірігуге, ру ала алауыздағын жоюға Иран шаһы мен Хиуа ханы, Бұхара əмірі 

сияқты  басқыншыларға  қарсы  күреске,  ерлікке  үндейді.  («Керекті»,  «Ер»,  «Болмаса» 

т.б.)  ел  ішіндегі  бек,  қазылар  мен  молдаларды,  жол  Қаулық  пен  тоғымарлықтың 

сынайды («Түркімен» т.б.) М. Бұхара халық, туған ел туралы толғаулары арқылы озық 

ойлы  философ  ақын  ретінде  де  көзге  түсті.  əдет-салт  хақында  жаңа  гуманистік 

мəселелер  көтерді.  («Тау  санар»,  «Қарамас»,  «Кетіп  барады»,  «Болмаса» 

т.б.)М.жырлары  –  халық  даналығынан,  ауыз  əдебиетінен  нəр  алған  жаңа  үлгідегі 

поэзия. Ол араб-парсы поэзиясы үлгісін (арузды) қабылдамай, халық өлеңінің өлшемін 

падаланды.  өлеңдерін  халықытық  тілмен  жазды.  М.шығармалары  халық  арасына  кең 

тараған.  18  ғ-да  оның  бірсыпыра  өлеңдерін  Ф.Шопенинг  пен  А.Ходза  (1842), 

Г.Вомберн (1863). Батыс Европада жарияланды. М.шығармалары қазақ тілінде шықты 

(таңдамалы өлеңдер 1947; таңдамалы өлеңдер,1959, «Өлеңдер»,1968). 

1861  жылы  өзінің  Қазан  қаласындағы  досы,  тарихшы  –  этнограф 

А.И.Артемьевке  жолдаған  хатныда  орыстың  атақты  жазушысы  Салтыков  –  Щедрин 

былай деп жазады: 

«Осынау  талантты..  .  Фрачи  маған  шығыстың  Шиллері  сияқты  болып 

көрінедіМен осы Александр Сергеевичпен (Пушкин туралы 

Қатар  қоюдан  қорықпаймын.  Оның  творчествосына  ірі  баға  беру  үшін 

арабшадан жасалған азғантай үзіндіге сүйсіну мүлде жеткіліксіз. Солай бола тұрса да, 

Мақтықұлы мен үшін аса үздік талант екені күнəнсіз». 

Мақтымқұлы шығармаларына чуваш əдебиетшісі, тарихшы Спиридон Михайлов 

та, татар жазушысы Қапан Насыри де сүйсіну сезімін білдірген. Кейбір мəлеметтерге 

қарағанда Мақтұмұлы поэмаларынжа Л.Н.Толстой да ықылас аударған. 

Қазақ арасына Мақтымқұлы есімі ертеден мəлім дей аламыз. 

Туысқан түркімен халқының ұлы ақыны ойшылы, түркімен əдебиетінің классигі 

Мақтымқұлы  ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүріп  өткен  ақын.Оның  өмірбаянын  зерттеуші 

адамдардың  айтуына  қарағанда,  Мақтымқұлының  əкесі  Дəулетмəмбет.  Азади  деген 

кісі  өз  тұсында  атақты  ақын,  ғалым  болғн  көрінеді.  Солай  болғандықтан, 

Мақтымқұылының өлең-сөзге бола күнінен үйір болып өсуі əдбен мүмкін нəрсе. 

Мақтымқұлының ақындыққа неше жасынан бастап араласқанын дəлме-дəл айту  

қиын.  Дегенмен,  ол  қалдырып  кеткен  мұра  сан  жағынан  да,  сапа  жағынан  да  ауыз 

толарлықтай.  Мақтымқұлы  жазған  өлең  сондай  екен.  Бұл  шығармаларының  ішінен 

өлеңнің  əр  түрін  кездестіруге  болады:  батырлық  жайын  айтатын  өлеңдер  лирикалық 

философиялық,  сатиралық  өлеңдер,  өмірбаян  жайын  қозғайтын  өлеңдер, 

публисцистикалық толғаныстар. 


Заманның  озғын  ойлы,  данышпан  ақыны  өзінің  поэзиялық  шығ-нда  туған 

халқының өмріні кеңінен қамтып, мейлінше толық көрсетеді. Халықтық тұрмыс-күйі, 

туып  өскен  жерге  махаббаты  əділеттікті  ақсауы,еркін  өмірге  құштарлығы 

қанаушыларынан өзіне лайық орын алады. 

Ол заман түркімен халқы үшін қытымыр, қиын заман еді. Ру алалыға күшті, өз 

мемлекеті жоқ түркімендердің бір бөлігін Бұхар хандығы билесе, енді бір бөлігін Хиуа 

хандығы  билеп  төстейтін.  Бұлардың  үстіне,  түркімен  халқына  Иран  шахтары  мен 

байлары да көз алартып, қысым көрсетіп отыратын. 

Түркімен халқы осындай сыртқы тепкімен қабат. өз ішіндегі хан, сұдтандардан 

да  көп  жапа,  шегіп,  азап  тартқан  шақ  еді.  Бірақ  бостандық,  əділеттік  сүйгіш  халық 

соның бəріне қарсы аянбай алысты. 

Мақтымқұлы  туған  халқының  жаңағыдай  халге  ұшырағанын  өз  көзімен  көрген 

ақын. Сол ауыр бейнетті өзінің де бейнеті санап, зхалық қайғысына ортақ болған. «Ол 

өз өміріне қарап халықтың, халық өміріне қарап өзінің өмірін көрген». 

Оның  поэзиясының  халықпен  бірге  өсіп  біте  қайнасуы,  өзінің  таңдаулы 

шығармаларында  еңбекші  халық  тұрмысының  реалистік  суреттерін  шебер  беруі 

Мақтымқұлын шын мағынасындағы ұлы ақын етеді. 

Ол  халық  қуатына,  ел  күшіне  əбден  сенген  адам.  Мұны  оның  «Елімен», 

«Менімен»,  «Көздер»,  «Жар  керек»  сияқты  өлеңдерін  көріге  болады.  Бірқатар 

жырларында ол ер ірегі ел деген пікір айтады: 

Биік тауға бұлт төнсе, 

Сарқылады сел деген 

Ер басына іс келсе, 

Ақылдастра елмене!- 

Туған жерді, ел – жұртты сүю керек, сол үшін қызмет ету керек, сол үшін қызмет 

ету керек. Адам өмірінің мағынасы осы. Соңы түсіну керек. 

Мақтымқұлының  жастарға  айтатын  ақыны  да  отаншылдық  сарында  болып 

келеді. 


Ерлер өлер ел үшін, 

Жанын қияр көп үшін. 

Ер жігітке ол үшін. 

Намыс керек, ар керек. 

Адам  елмен  адам.  Елсіз  оның  күні  жоқ  деген  идеяны  ол  бісыпыра  өлеңдерінде 

баса айтады. 

Мақтымқұлы əділетсіздікке қарсы алысып, поэзиясын хандарға, бектерге қарсы 

қару  етіп  жұмсаған  ақын.  «Қалмады»,  «Бастады»,  «Бар  шығар»,  «Келмес  пе»сияқты 

өлеңдері осыны аңғартады. «би мен бегі жегіш, парақор» зұлымдықты шеней отырып, 

ақыры бір жақсылық келер деген үміт білдіреді. 

Дүние сенің бір бұл емес келгенің, 

Қып-қызыл қан тістеріңді көрмегін. 

Құтшы үңгіген аясын сенің ермегің, 

Көңіл сергіп, жвылаған бір күлмес пе? 

əлдінің  əлсізге,  күштінің  нашарларға  озбырлық  жасап,  тізе  көрсетіп  жватқаны 

көрген  ақын  қаламының  өткір  ұшын  озбырларға  қолдайды.  «Қайда  барсаң  халық 

үстінде қолың сор» екенін айта келіп: 

Залымдардың жұртқа сырты қабарып, 

Қамшысынан қаны толы бастады,- деп суреттейді зорлық-зомбылық дүниесінің 

өкілдерін. 



Ол  қазы,  молдаларды  өлтіре  сынап,  халық  алдында  аясуыз  əшкерлейді.  Олар 

халықты дін жолымен алдап, қан сорушылар екенін айтады: 

Кей сопылар жүр өздерін сопы деп, 

Залындармен өз томығын қосып жеп, 

өзін адал адам екен десін деп, 

əр есікке қолқа бола, бастады. 

Немес, қазыларды шенеуі: 

Қозы деген бір жауапта тұрған жоқ, 

Еңбек етіп, кітпа оқып көрген жоқ. 

Шариғаттың жолында əрі жүрген жоқ 

Дүние үшін ардан кете бастады, 

«Байқы»,  «Таптаса»,  «Көздер»,  «Тең  емес»  тəрізді  өлеңдерінде  ол  езілген 

еңбекшілердің жаңашыр жыршысы есебінде көрінеді: 

Біреулер жүр нан таппай, 

Біреулер жүр жер таппай, 

Біреулер жүр тон таппай 

Біреу жібек шəл көздер 

Мақтымқұлының  көзі  өз  тұсындағы  осындай  кемтарларға,  жоқшылық, 

мұқтаждық көргендерге түседі. əлеуметтік теңсіздік жайларын ол осылай көрсетеді. 

«ол  кедейшілік  құлдық  емес  адаиға,  қожалар  бар  құлға  құны  тең  емес»  деп, 

кеудені кере үн қатады да, адамды адам ететін еңбек ғылым деген пікір айтады: 

Еңбегінде адал бол, 

Ғылым табар шақ керек. 

 

Еңбек етсең арта бермек мəртебең 



Аймағыңда асатын жан жоқ сене. 

Кітап пайдасын сөз қалғанда, ақын «онда қилы жан азығы жазу бар» деп келеді. 

Надандық  жайлаған  қолың  елге  ондай  кітаптың  маңызы  күңгірт,  əттең,  соның  көзін 

ашар кісі болса ... деп арман етеді. 

Мақтымқұлының  жақсылық,  жамандық,  ізгілік,  жігіттік  дəурен  жайлы 

өлеңдеріндегі басым сарын-ерлікті мадақтау, ел қоғаны ерлерді мадақтау, ел қорғаны 

ерлерді ардақтау сарыны. («Кееркті» «Ер», «Ат керек», «Болмаса» т.т.) 

Мысалы мынадай: 

Ер жігіттің ел дегенде қойны ашық 

Ез жігітке қайтып ішің жылысын. 

Мақтымқұлы жинағында «айрылдым», «Сұлу» сияқты, жүрек түпкірінен қайнап 

шыққан, нəзік сезім күйін білдіретін əдемі, сыршыл өлеңдер де бар. 

Мақтымұлы шығарамалырндағы ақын Ғали Орманов 1947 жылы  аударды. Кейін 

бірқатар өлеңдерін Ғафу Қайырбековте қазақшалаған. 

 

Сағынғали  Сейітов  əдебиеттер  достығы  (мақалалар  мен  зерттеулер  «Жазушы» 



баспасы. Алматы -1965ж.192-195беттер). 

 

Мақтымқұлы өлеңдері. 



(Түрікмен ақыны) 

 

Түрікмен тағдыры 

 

Жейхун-Əму, 

Атырау-Хазар арасы, 

Əлі оңынан тұрар желі түрікменнің. 

Ашылған гүл – нəркес көздің қарасы, 

Қара таудан құлар селі түрікменнің. 

 

Əділ мекен, байтақ оның саясы, 

Жайылады шөлінде нар, маясы. 

Кеңи түсер жайлауының аясы, 

Қарық болар гүлге шөлі түрікменнің. 

 

Үлде менен бүлде киер серісі, 

Жұпар шашар жидегі мен жемісі. 

Жайсаңдар мен жақсылар кіл ел іші, 

Жер жұмағы болар елі түрікменнің. 

 

Мəрттің ұлы, мəрт мінезді бабасы, 

Сертке берік, Гөроғлы – ағасы, 

Жармасқанда жыртылмайды жағасы, 

Жолбарыстай жүректі ұлы түрікменнің. 

 

Дос келетін болса достың қасына, 

Тебіренеді топырағы, тасы да. 

Жұрт жиналса бір дастарқан басына, 

Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің. 

 

Қуанасың олар атқа қонғанда, 

Кездессе егер – қопарылар қорған да. 

Дарияның суы балдай болғанда, 

Өткел бермес тасқын үні түрікменнің. 

 

Қапы қалмас, қантөгісте қор болмас, 

Қасірет шекпес, кең көңілі тар болмас, 

Бағы солып, бұлбұлынан зар болмас, 

Дəйім жұпар шашар гүлі түрікменнің. 

 

Тайпа тату, рулардың аузы бір, 

Бағы жанып, ұзарады аз ғұмыр. 

Мəрт аттанса, арғымақтың алды кіл 

Қанды майдан – жүрер жолы түрікменнің. 

 

Шабыт шалқыр, қайрат-жігер мұқалмас, 

Тасты үгітер, оны ешкім тұта алмас, 

Көкірек қазы, көз таразы, құдды алмас- 

Мақтымқұлы – сөйлер тілі түрікменнің. 

 

Боларсың 

 

Асқар таулар, биікпін деп бəлсінбе, 

Төмпешікпен сен де теп-тең боларсың. 

Асау дария, айбат шекпе əлсізге, 

Күнің жетсе, сен де тепсең боларсың. 

 

Асыр салған тағылары таулардың, 

Алыс емес сені түгел аулар күн. 

Дарияның дархандығын даулар кім, 

Есең кетсе – сен де кещем боларсың. 

 

Бұл жалғаннан жарлымын деп түңілме, 

Бағың жанар күндердің бір күнінде. 

Үкім айтып үбір менен шүбірге, 

Көкжал сынды сен де өктем боларсың. 

 

Дүниеде не бар сүйген жарға тең, 

Ахиретке бірге əкеткен бар ма екен? 

Имансызға қайда-дағы тар мекен, 

Иман болса – сенде кеп-кең боларсың. 

 

Жақсылардан жырақ кетсең мұңайма, 

Адам түгіл, аласарар Құдай да. 

Көңіліңді болса мың айла 

Мұратыңды бастан тепкен боларсың. 

 

Лұқпанша дертке дауа тапсаң да, 

Рүстемше жынын жаудың қақсаң да, 

Ескендірше жердің жүзін шапсаң да, 

Бəрібір сен жермен жексен боларсың. 

 

Мақтымқұлы, көзіңді сал маңайға, 

Орныңды тап, оң солыңды абайла. 

Тəлім алып, тəлім беріп талайға, 

Сөйлей - сөйлей сен де  сөзшең боларсың. 

 

Ақырзаман аузым барып айттым көңіл қайғысын- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

Шариғатты ұмыттық біз пайда үшін- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Молдалардың ілімменен ісі жоқ, 

Бір-бірімен айтысады кісінеп, 

Пиғыл жаман, түсінетін кісі жоқ- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Мүфтеге ел пітір, зекет төлейді, 

Ала-ала құлқындары кеңейді. 

Пиіл кетті, ауру-сырқат көбейді- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Дүмше алады, демейді ол күнə артам, 

Бермегенің мойныңда қыл арқан, 

Шариғатпен жұмысы жоқ кіл арсан- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап. 

 

Ишандар жүр қаза қылып намазын, 

Қызыққа бар көруге жоқ азабын, 

Садақаға аударған бар назарын- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Ақ сəлдесін орай салып шекеге, 

Сопылар жүр барып қайтып меккеге, 

Ұқсайды олар күйесі азған текеге, 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Шейх біткер жаназаға таласып, 

Бір-біріне ала көзбен қарасып, 

Өлген жанға көрген емес жаны ашып- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Қожалар жүр артықтығын елге үндеп, 

Арғы атамыз Қиям Асамеддин деп, 

Артық туған қалайша енді жөн жүрмек- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Төрағасы дөкірленіп барады, 

Көзді жұмып, алады да параны, 

Бет бақтырмай аппақ дейді қараны- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Бай біткенде болған емес мырзалық, 

Жоқ оларда ауызбірлік, ырзалық, 

Табанында ойбай салып кіл ғарып- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Əкелер мəз жебір болып ұлы өссе, 

Шешелер мəз жеңіл болып қыз өссе, 

Дүниені бүлдіріп жүр не сабаз- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Əдеп кетті, ұят кетті жастардан, 

Ойнап күлу, оларда жоқ басқа арман, 

Бұл сөзімді, табылар ма қостар жан, 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Заман-жаман, ері кетті мойнына, 

Ала шұбар жылан кірді қойнына. 

Опасыздар ой салады ойлыға- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Бай – шонжарлар зекетінен бас тартты, 

Жазалайтын заман жетті жас, қартта. 

Өмір енді ас орнына тас тартты- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Белшесінен күнəға ел батулы, 

Үйренді олар бірін-бірі атуды. 

Кəсіп қылды арақ-шарап сатуды. 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

Мақтымқұлы мақсатыңды айқында 

Аузың барды бұның бəрін айтуға. 

Дүние – еш, жүрек келді ақылға- 

Ақырзаман қалмады ма жақындап? 

 

 

 



№ 5 дəріс сабақ. Тақырыбы: Тəжікстан əдебиеті мен мəдениеті. 

Тəжік əдебиеті мен мəдениеті. 

Қытаймен, Ауғаныстанмен, Үндімен шекаралас жерде Тəжік Республикасы 

орналасқан. Тəжіктердің тікелей ата тегі болып шығыс ирандықтар халқы  саналады, 

өйткені біздің эрамызға дейінгі көп жылдар Орта Азияны мекен еткен. Басқа Орта 

Азия халықтарына қарағанда Тəжіктер ирандық сөйлеу тілін сақтап қалған.  

Ежелгі жəне орта ғасырлардағы бұл халықтардың əдебиеті де, мəдениеті де ортақ 

болады жəне осы иран тілдерінде сөйлейтін халықтардың (парсы, тəжік) түркітектес 

халықтардың (өзбек, түркімен, əзірбайжан, түріктер т.б.) ортақ байлығы болып 

есепттеледі. Бұл кездегі ортақ қазынаның бірі немесе парсы – тəжік мəдениетінің 

өнерінің үлкен ескерткіші бұл ежелгі парсы тілінде жазылған Ахменидтер  əулетінің 

жазбасы  «Авеста» атты шығарма. 

ІХ-ХV ғ. Бұл кезеңдегі ақындар жоғарыдағы айтқанымыздай бір əдеби тілде-парсы 

тілінде жазып еді. Классикалық поэзияның отаны осы кезде Орта Азия мен Хорасан 

болып еді. 

Жоғарыда айтқанымыздай тарихта белгілі 200 жылдай Орта Азия жері араб 

халифатының езгісінде болды. Олар ана тілі мен  мəдениеті жаншып отырды. Осы 

езгіден құтылу мақсатында дербес мемлекеттік жеңіп алу жолында, күрес жолында 

Феодалдық  Саманидтер мемлекеті құрылды (874-999) Ол мемлекет Орта Азияның 

біраз бөлігін, Солтүстік Ауғанды, Хорасыанды өзіне тартты. Басқыншылардың 

мəдениетіне қарсы  сөйтіп тəжік тілі мен мəдениеті қарсы қойылды. Классикалық 

Тəжік əдебиетінің негізін салушы деп Рудаки танылады. 

Əбілхасан Рудаки қазіргі Тəжікстан Республикасының Пəнджрудак ауданында 860 

жылдар шамасында туған 941 жылы сол жерде қайтыс болған. Ұлы ақын өз заманында 

жақсы білім алған, араб тілін білген. Жасында  

тамаша сері болған 40 жылдан астам уақыт Бұқарадағы Семанид əмірлерінің 

сарайында бас ақын болып тұрған. Өмірінің соңғы кезінде құрғынға ұшыраған. Парзы 



поэзиясының атасы атанған ұлы Рудакидің мол мұрасынан бізге жеткені бейіттені 

немесе 2000 жолдай өлеңі ғана. 

Рудаки таза адамдық махаббатты, шындықты, туған ел, туған жерге деген махаббатты, 

əділдікті жырлады. Таза философиялық лириканы дамытты. Өмірді сүюді жырға 

қосты. Халықтың поэзияны сүюді, дамытты.  «Қалила   мен Димна» атты мысалдар 

жинағына өлең мен қосымшалар енгізді. 

Омар Хайям (1040-1123 жылдар).    Нишапурда туған. Балалық шағы Балхта өткен. 

Жастайынан қабілетті болған. Кейін ұлы ғұлама,  математик, астроном, философ жəне 

ақын болған. Бұхара əміріне жақын жүрген. Кейін сəлжүктердің Сұлтан Мəлікшахтың 

сарайында болған. Сұлтанның уəзірі, тамаша ғалым Низан Əл-Мүлікпен дос болған 

Сол кісі Омар Хайямға көп көмектескен. Авсерватория ашып берген. Көп жыл Омар 

осы  авсерваторияны басқарған. Кейін сұлтан мен оның уəзірі өлгеннен кейін оны 

қудалаған. Содан ол Меккеге барып қажы боп оралған. 1103 ж. Кейін сол  Нишапурда 

қайтыс болған. Омар Хайям өлең жазуды арнайы кəсіп етпеген адам. Қолы босаған 

шақтарында, достарымен отырған отырыстарға дəптердің, кітаптың ашып беттеріне 

жаза салады екен. Кейін оны достары жинап, жаттап алып ауыздан ауызға таратып 

қолжазба етіп, кітап етіп бастырып шығарған. Ол əлемге тамаша рубайларымен 

танылады. Оның рубайлары сан-салалы өмір, тұрмыс көріністері. Сары уайымда жоқ 

емес, ғибрат айту, өзінің бастан өткізген тəжірибелері, философиялық ойлары бəрі 

поэзия тіліне айналып тамаша рубайлар болып шыққан. 

Абу-Али Ибн Сина (980-1037) философ, врач, математик, жаратылыстану сынақшысы, 

ақын. Бұхара жанындағы Афшана селосында дүниеге келген. Оның əкесі Балхтан 

шыққан тəжік Бұқарадағы финанстық мекеменің əкімі болған, шешесі тəжік 

Ситорабану Афшананың тұрғыны. Бұқарада оқып, білім алған. Врачтық қызметі осы 

қаладан басталған. Саманидтер мемлекеті құлағаннан кейін 1002 жылы Хорезм- 

хорезм шахтың сарайында тұрған. 10 жылдан кейін Иранға көшкен Исфахат жəне 

Хамадан қалаларында тұрған.Сарай доғдыры болған жəне Хамадан əмірінің уəзірі 

болып істеген. Сонда қайтыс болып сонда жерленген. 

Абулқасым Фирдоуси 934-941 жылдар шамасында туып, 1025 жылдар шамасында 

қайтыс болған. Оның отаны-Табаран Тус қаласының маңы (қазіргі фирдоус) Хоросан 

өлкесі. Кішігірім ақсүйек семьясынан шыққан. Өз кезеңінде тамаша білім алған араб 

тілін білген, сол сияқты пехлевейлік те тіл білген (Ортапарсылық тілдер) Жастық шағы 

Саманидтер мемлекетінің өсіп гүлденуі тұсында өтеді. Фирдоусиді батыс жəне шығыс 

ирандықтардың біріктіру деген патриоттық идея шабыттандырды. Бір орталықтан əділ 

басқару ойы Фирдоуси жазған Шахнаманың бүкіл өн бойы алып тұр еді. Бұл 

шығарманың бірінші редакциясын 994 жылы бітірген. Бірақ бұл кезде Фирдоусидың 

отанын да көптеген өзгерістер болып еді. Өйткені кедейлер мен ақсүйектер 

арасындағы жанжалдар мемлекеттің құлдырауына əкеліп соқтырды. 999 жылы 

түріктердің қараханидтер ханы мемлекеттің астанасы Бұхараны басып алып, 

Саманидтерді құлатты. Осы кезде Əмудариядан бастап оңтүстік шығысқа қарай 

көптеген жерді Махмуд Ғаснауи сұлтанның əміріне бағынды. Міне осындай 

өзгерістерден кейін Фирдоуси Шахнаманың екінші редакциясын жазған оны 1010 

жылы бітіріп, Махмуд сұлтанға апарған. Ол оған ұнамаған Сонда Фердоуси сұлтанға 

өлеңмен жауап қайтарған. Содан баста Фирдоуси елден кетуге мəжбүр болған. Көп ел 

аралаған Бағдатқа барған Осы кезде «Жүсіп-Зылиха» атты поэмасын жазған. 

Қартайған шағында қайтып оралған. 1020-25 жылдар шамасында қайтыс болған. 

Сағди (1203-1292) Муслихеддин Ширазда туған. Бағдаттағы жоғары діни академия 

«Низамийде» оқыған. Жиырма жылдан астам Таяу жəне Қиыр Шығыс елдерін 



аралаған. 1256 жылдар шамасында отанына оралған содан кейін өзінің атақты 

шығармаларын жазған. Олар «Бустан» (1257) дидактикалық поэма, «Гүлстан» (1258) 

қысқа новеллалар 

Жəлелəддин Руми 1207 жылы Балхта туып 1273 жылы қққазіргі Түркия жеріндегі 

Коньяда қайтыс болған. Суфизм идеясын қуаттаған ақындардың бірі. Жас кезінен 

бастап көп елдерді аралаған. Ұлы ақын Нишапур, Бағдад, Дамаск, Алеппода сияқты ірі 

мəдени орталықтарда тұрған. Руми көптеген ғазалдар, лирикалық өлеңдер жəне 

«Мəснəуи», «Диван» секілді ірі шығармаларды дүниеге алып келген. «Мəснəуи» алты 

кітаптан тұратын мысалдар мен өлеңдер жинағы.  

Румидын шығармаларында суфизм идеясы басым жатқанымен оның өлеңдерінде 

сонымен бірге халықтың мотив, озбырлыққа қарсы күрес, басқыншылдыққа қарсы 

түру идеясы да жоғары тұрады. Өлең мысалдарының барлығы дерлік ғибратты болып 

келеді. 

Хисрау Дехлеви (Əмір Хисрау) парсы тілінде жазған үнді ақыны. Оның əкесі Монғол 

шапқыншылығы кезінде Индияға жер ауып кеткен. Хисрау Делиде оқыған дели 

сұлтандарының ақыны болған романтикалық поэма жанрын дамытушылардың бірі 

«Хамса» жанрын дамытушы.Бұдан басқа Дехлевидің «Дувальран мен ХХызырхан» 

атты поэмасы бар. Дели сұлтанының баласы мен гуджарат раджысының қызы 

арасындағы трагедиялы Махаббаты жайлы 

Жаңа Тəжік əдебиеті 

Əбілқасым Лахути (1887-1957) ұсақ қолөнершінің семьясында Керманшах қаласында 

(Иран жері) дүниеге келген. Ирандағы революциялық істерге қатысқаны үшін 

қудалаған. Лахути Творчествосында екі кезең бөлектеніп көрініп тұрады. Бірі кеңестік 

ревалюцияға дейінгі, Ирандағы кезең (1904-1922) екіншісі 1922-1957 кеңестік ССРР-

дағы эмиграциялық кезеңі ол парсы революциясына қатысқан (1905-1911), Ирандағы 

империалистік соғысқа қатысқан. (1918-1922) сонан кейін біздегі революцияны көрген 

осының бəрі оның творчествосына қатты əсер етіп өзінің атақты «Кремль» деген 

поэмасын жазады (1923) Осы кезде тəжік баспасөзінің де əсері үлкен болды. «Овози 

тоджик» (Тəжік дауысы), «Бедори Тоджик» (Тəжіктің оянуы) атты газеттер «Рахбари 

Дониш» (Білім жолшысы) сияқты журналдар шығып тұрды. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал