Қазақ филологиясы кафедрасы



жүктеу 0.82 Mb.

бет4/9
Дата08.01.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№2 дəріс сабақТақырыбы: Өзбекстан мемлекетінің əдебиеті мен Қарақалпақ 

əдебиеті. 

Қарақалпақ  –  ауыз  əдебиетіне  бай  халық.  оның  «Қырық  қыз»,  «Ашық  Ғаріп», 

«Шадьяр» т.б. батырлық жəне лиро-эпостық жырлары ертеден мəлім. Жазба əдебиеті 

18ғ-дан  басталады.  Ол  кезде  əдебиет  əлеміне  Жиен  жырау  Тоғайұлы  (18ғ)ғ  Күнқожа 

Ибраимұлы  (1799-1880),  əжінияз  Қасыбайұлы  (1824-78),  Бердақ  Қорғабайұлы  (1827-

1900),  Омар  Өтеш  (1828-1902),  Омар  Сүйірбабатұлы  (1879-1922),  Құлмұрат  (1838-

1917),  Сыдық  Шамр  (1857-1917)  сияқты  ақындар  шығып,  өздерінің  тамаша  өлеңдері 

мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен 

Бердақтың  «Ақимақ  патша»  атты  дастаны-қарақалпақ  əдебиетіне  елеулі  із  қалдырған 

аса  маңызды  шығармалары.  əжінияздың  «Боз  отауы»,  Бердақтың  «Ерназар  би», 

«Айдос  би»  деген  шығармалары19ғ-ды  тарихи  шындыққа  құрылды.  Қарақалпақ 

əдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. 

Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, əдеби сын, əдебиеттану ғылымы дамыды. 

А.Мусаев  (1880-1936),  С.Мəжитов(1869-1938),  А.Өтепов  (1904-34),  А.Дабылов  (1898-

1970),  С.Нұрымбетов  (1900-71)  сияқты  ақын-жыраулар  сол  кездегі  жаңа  заман  кеңес 

өкіметін,  оның  көсемдерін  мадақтаған  өлеңдер  жазды.  А.Бегімов  (1907-58), 

Ж.Аймырзаев 

(1910ж.т.), 

М.Дəрібаев 

(1909-42), 

Ə.Шамұратов 

(1912-53), 

Б.Қайыпназаров  (1916ж.т.)  т.б.  елеулі  еңбек  етті.  Бұлардан  кейін  келіп  қосылған 

Х.Сейтов  (1917ж.т.),  Х.Тұрынбетов  (1926-68),  Т.Жұмамұратов  (1915ж.т.),  И.Юсупов 

(1929ж.т.)т.б.  ақындар  өздерімен  бірге  қарақалпақ  поэзиясына  сыршылдық  лирика, 

сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді. 

Қарақалпақ əдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дəрібаевтың 

«Мыңдардың  бірі»,  Ə.Шамұратовтың  «Ескі  мектепте»  атты  көлемді  прозалық 

шығармалары  30  жылдары  жарық  көрді.  50  жылдары  жазылған  А.Бегімовтың 

«Балықшының  қызы»  (1958),  Ж.Аймырзаевтың  «Амудария  жағасында»  (1958), 

Т.Қайырбеговтың  (1929ж.т.)»Қарақалпақ  қызы»  (1-2кітап,1953-65)  романдары 

қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді. 

Қарақалпақ  əдебиетінде  драматургия  20  жылдардың  ортасында  пайда  болды. 

Қарақалпақ  драматургтары  С.Мажитовтың  «Ерназар  –  Алакөз»,  «Бағдагүл», 

«Тазагүл», Қ.Əуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» 

пьесалары  –  сол  кездегі  үздік  туындылар.  Кейінгі  жылдарда  жазылған 

Ж.Аймырзаевтың  «Айгүл  -  абат»,  «Раушан»,  «Бердақ»,  А.Бегімбаевтың  «Боз  отау», 

«Ашық  Ғаріп»,  М.Дəрібаевтың  «Көклан  батыр»,  «Жаңа  адамдар»,  Н.Дəуқараевтың 

(1905-53)  «Алпамыс»  С.Хожаниязовтың  «Сүлейменге  сүйкенбе»,  «Жас  жүректер» 

пьесалары  республика  таетрларының  репетуралрын  байыта  түсті.  əдеби  сын  мен 

əдебиеттану  ғылымы  да  дами  түсті.  Қарақалпақтың  тұңғыш  ғалымы  Қ.Дəуқараев, 

Өзбекстан  ҒА-ның  корр.мүшесі  проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов,  филол.ғыл. 

докторлары  Қ.Айымбетов,  Н.Жапақов,  С.Ахметов  т.б.  бұл  салада  жемісті  еңбек  етіп 

келеді. 


Қарақалпақ,  қазақ  əдебиеті  ежелден  туыстас.  Екі  ел  əдебиетінің  озық 

туындылары  қос  халыққа  ортақ.  Қарақалпақ  дастаны  «Қырық  қыз»  (1959),  қазіргі 



қарақалпақ  ақындарының  шығармаларынан  құрастырылған  «Қарақалпақ  жырлары» 

(1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты. 



Өзбек əдебиеті

 

Өзбек əдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз əдебиеті мен көрші халықтар 



əдебиетінің  ықпалы  негізінде  қалыптасқан.  өзбек  əдебиетінде  əлемдегі  фольклордың 

барлық  түрлері  кездеседі:  эпостық  циклдер,  лиро-эпостық  жырлар,  салт  жырлары, 

жоқтау,  сықақ  т.б.  Аталған  жанрлардың  ішінде  көш  орын  алатыны  –  халық  өмірін 

баяндайтын  тарихи  оқиғаларға  құралған  дастандар.  Оларға  «Күнтуғмиш», 

«Алпамыш»,  «Таһир  мен  Зуһра»,  «Арзигүл»,  «Ашиқ  пен  Ғариб»  т.б.  жатады.  Өзбек 

əдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі 

əдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тəжік əдебиетінің классигі Жəми творчествосы 

үлкен ықпал жасады. Өзбек əдебиетінің дүние жүзі əдебиетіне белгілі болып, кеңінен 

танылуына  Лутфидің  шəкірті  Ə.Науаидің  творчествосы  негіз  болды.  Ол  сол  кездегі 

дəстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. 

Науаи  «Екі  тілдің  таласы»  атты  кітабында  өзбек  тілінің  поэтикалық  байлығы  мен 

мүмкіндігін  теориялық  жағынан  дəлелдеп  шықтыү  16ғ-да  өзбек  əдебиетінің  игі 

дəстүрін  жалғастырушы  Бабыр  болды.  Ол  өзінің  «Бабырнама»  атты  көлемді 

шығармасы  арқылы  өзбек  əдебиетінде  əдеби  мемуарлық  шығарманың  негізін  салды. 

17ғ.мен  19-ғ-дың  1-жартысы  аралығында  Тұрды,  Гүлхани,  Мунис,  Хорезми  (1778-

1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), 

Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында 

өзбек  халқының  Россияға  қосылуы,  өзбек  əдебиетінде  демократтық-ағартушылық 

идеяның  пайда  болуына  себепші  болды.  Мыс.,  Мұқими  (1850-1903),  Фурқат  (1853-

1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс  мəдениетінен 

тəлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Əсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу 

Х.Хакімзаде 

Ниязи 

(1889-1929), 



С.Айни 

(1878-1954), 

А.Қадыри(1894-

1940)шығармаларында  кең  орын  алды.  Олар  өз  шығармалары  арқылы  халықты 

отаршылдық  мен  феодалдық  езгіге  қарсы  күреске  шақырып,  əйел  теңдігі  мен  бұхара 

халықтың  саналы  түрде  топтасуын  қозғауды  негізгі  тақырып  етіп  алды. 

Өбастаушылары  да  Айни  мен  Хамзаның  революциялық  рухта  жазылған  «Бай  мен 

батырақ  (1927)  драмасы,  «Кеңес  жасасын,  «Ей,  жұмысшылар  т.б.  өлеңдері  жаңа 

заманды,  соц.  өмірді  насихаттады.  Айнидің  реалистік  прозалары  мен  А.Қадыридің 

«Өткен  күндер»  (1925),  «Мехрабтан  шаян  (1929)  романдары  өзбек  əдебиетінде 

алғашқы жазылған романдар болды. 

20ғ-дың  басында  Ғ.Ғұлам  (1903-66),  Айбек  (1905-68),Х.Əлімжанов  (1909-

44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. 

Бұл  кезде  өзбек  əдебиетінің  өкілдері  қала  мен  ауылдағы  соц.құрылыс  жеңістерін 

суреттей отырып, ескіліктің кесапатын əшкереледі. Əсіресе дінге, аяққа басылған əйел 

теңдігі мəселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап 

жауларын  сынайтын  «Муштум»  сатиралық  журналы  шыға  бастады.  Ол  өзбек 

əдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-

жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тəсілінен арыла бастады. өзбек 

совет əдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дəстүрін жалғастыра отырып, жаңа 

бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды. Бұл ретте, əсіресе, В.Маякрвскийдің жаңашыл 

əдісін үйрену, оны өзбек əдебиетіне қолданудың ерекше орны болды. 

өзбек  əдебиеті  туындылары  СССР  Жазушыларының  1-съезі  қарсаңында  СССр 

халықтары  тілдеріне  аударылып,  Одақ  көлемінде  кеңінен  таныла  бастады.  Ұлы  Отан 

соғысы жылдары өзбек ақын-жазушылары Отан қорғау тақырыбын өз шығармаларына 


негізгі  өзек  етті.  Ғ.Ғұлам»Шығыстан  келемін»  атты  жинағына  енген  өлеңдері,  Айбек 

тарихи  өмірбаяндық  «Науаи»(1945)  романы,  Ұйғын  мен  И.Султан  «Əлішер  Науаи» 

драмасы  үшін  СССР  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  болды.  Өзбек  əдебиетіндегі 

Отан  соғысы  тақырыбына  байланысты  өзге  халықтардың  алғашқы  образдары 

жасалды(мыс.,  Яшеннің  «Басқыншыларға  өлім»т.б.).  Отан  қорғау  тақырыбы 

Шухраттың  «Шинельді  жылдар»,  А.Рахмат,  И.Рахымдардың  повестерінде  де 

бейнеленді. Отан соғысынан кейінгі жылдары М.Шейхзаде (1908-67) поэзиясы елеулі 

орын  алды.Бұл  кезде  30-жылдары  əдебеит  майданына  келген  Мирмухсин  (1920ж.т.), 

Зулфия  (1915ж.т.),  А.Мухтар  (1921ж.т.),  Т.Тула  (1917ж.т.)Шукурулла  (1920ж.т.)  т.б. 

ақын-жазушылар  өнімді  еңбек  етті.  Драмматургия  саласы  жаңа  табыстарға  жетті. 

Қаһардың Отанымызды қайта қалпына келтіру кезін суреттеген «Жібек созан»(1949), 

өзбек халқының еңбек жолын суреттеген Ұйғынның «Бостандық» («Хуррият»),»Ұшу», 

Яшеннің  «Жарық  жұлдыз»,  Н.Сафаровтың  «Шығыс  таңы»,  З.Фахтуллиннің 

«Сатқындар», Ə.Якубовтың «Берілгендік», А.Қаһардың «Ауру тістер» атты драмалары 

өзбек əдебиетіне қосылған кееск туындылар болды.Сондай-ақ Б.Рахмановтың «Жүрек 

сыры»  (1951),  С.Əзімовтың  «Қанды  сілем»(1964)  секілді  сатиралық  пьесалары 

жазылды.  Проза  жанрында  Айбектің  «Науаи»  (1945),  И.Рахымның  (1916ж.т.)  «Шын 

махаббат»(1957)  романдарын  туған  елді  сүю  тақырыбына  арналса,  Айбектің  «Алтын 

аңғардың  желі»  (1950),  «Ұлы  жол»  (1957),  Қаһардың  «Синчалық»(«Шанашақтай 

шымшық»,  1958)  повесі,  И.Рахымның  «Берілгендік»(1958),  Ш.Раштдовтың 

«Жеңімпаздар»  (1951),  «Боранна  да  күшті»  (1958)  роман,  повестреніде  колхоз 

құрылысындағы жетістіктер бейнеленсе, Х.Ғұламның «Алау» (1958), М.К.Исмаилидің 

(1908)  «Таң  алдындағы  Ферғана»  (1958,  жөнделіп    басылуы  1966),  Ж.Шариповтың 

«Хорезм» (1960-69) романдары рев. Тарихи тақырыпқа жазылды. А.Мухтар «Апалы -

сіңілілері»  романында  (1954)  ө-да  жұмысшы  табының  туып,  қалыптасу  тарихын 

бейнелесе,  «Туу  (1961  романы  совет  адамының  моралы  туралы  проблемаға  арналды. 

Ол  «Шынар  (1970)  романында  бір  семья  тарихын  суреттеу  арқылы  өзбек  халқының 

бірнеше  ұрпағын  бейнеледі.  П.Қадыровтың  (19258)  «Қара  көздер  (1966)  романы  мен 

А.Якубовтың  «Жігіт  болу  оңай  емес  (1945)  повесінде  қазіргі  жас  еңбек 

қаһармандарының 

образы 

бейнеленген. 



Қазіргі 

өзбек 


əдебиетінде 

К.Мухаммади,К.Хикмат,  П.Момын,Х.Нəзірдің  балалар  үшін  жазған  шығармалары 

одақ көлеміне танылды. Өзбек совет əдебиетінде А.Хашим,А.Саади, А.Шарафитдинов 

т.б.  бастаған  əдебиет  тану  ғылымы  қалыптасты.  30  жылдары  бұл  сала  Ю.Сұлтанов, 

И.Сұлтан,  Х.Якубовтармен  толықтырылса,  соғыстан  кейінгі  жылдары  А.Қаюмов; 

А.Қаюмов,  В.Абдуллаевтар  өнімді  еңбек  етіп  келеді.  Қазақ  тіліне  Ə.Науаидің 

«Таңдамалы  шығармалары»  (1948),  «Ғазалдары»1968,  А.Қадыридің  «Өткен  күндер 

(1963,  Айбектің  «Науаи»  (1948),  «Киелі  қан»  (1963),  А.Мухтардың  «Апалы-

сіңілілері»(1960), Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» (1959) романдары, Ұйғынның 

«Өлеңдер  мен  поэмалары»  (1961),  Ғ.Ғұламның  «Таңдамалылары»  (1963),  Яшеннің 

«Жарық  жұлдыз»  атты  пьесалар  жинағы,  А.Қаһардың  «Синчалақ»  (1960), 

Н.Фазыловтың  «Жүрек  əмірі»(1961),  Мирмухсиннің  «Жоғалған  гауһар»  (1961)  т.б. 

повестері аударылды. Өзбек тілінен аударылған шығармалардың ішінде жарына қарай 

топтастырылған «Өзбек өлеңдері» (1960), «Өзбек пьесалары»(1961), «Өзбек халқының 

ертегілері» (1957), «Мүшəйра» (1972) атты жинақтар да бар. 

 

№3 дəріс сабақ. тақырыбы: Қырғызстан мемлекетінің əдебиеті мен 

мəдениеті. Қырғыз əдебиетіне жалпы шолу. 


Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы «Манас» туралы алғашқы 

дерек шығыс оқымыстысы Молла-ад-Диннің «Маджмуат - тауарих» атты еңбегінде 

(16ғ) ұшырасады. Қырғыз халқының ежелгі ауыз əдебиетінің нұсқаларынан «Манас» 

эпосынан басқа «Кедейхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» т.б.жыр-

дастандары сақталған. Түркі тектес өзге халықтардың ауыз əдебиетіндегі сияқты 

қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мəтел, тұрмыс-салт жырлары 

т.б. мол дамыған. Қырғыз ауыз əдебиетінің əр алуан жанрдағы үлгілері көп. олардың 

дені əуел бастағы шығармалардың аты-жөні сақталмағандықтан халық шығармалары 

болып саналады. 19ғ-дың ортасында жасаған Қолығұл, Арыстанбек секілді 

ақындардың «Тар заман», «Ақыр заман»атыы өлеңдері мəлім. 19ғ-дың 2-ші 

жартысында ақын Молдо Қылыш шашырқановтың (1866-1977) шығармалары Мəшһүр 

болған. Оның «Жынды су», «Алдамшы», «Керме тау», «Қыз бен жігіт», «Қара 

Қошқар», «Бүркіт тойы», «Зар-заман» т.б. жырлары халық арасына кең тараған. Халық 

мүддесін көздеген көптеген жыр шығармаларымен қатар оның кейбір 

шығармаларында идеялық қайшылықтар кездеседі. Бұл кезеңде қырғыз халқының 

нағыз рухани жаршысы, демократ ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың (1864-1933) 

шығармаларындағы үлкен рөл атқарды. Ол шығармаларында езілген топ мүддесін 

жоқтап, бай, манаптарды шенеді. Ақынның кеңес дəуіріндегі шығармаларының негізгі 

тақырыбы –халық, партия, Ленин, жаңа өмір, жасампаз еңбек болды. Суырып салма 

ақын Борпы Алықұлов ты (1884-1949) төңкеріске дейінгі жылдарында («Қатал хан», 

«Бақташы жыры», «Жетім»т.б.) əлеуметтік теңсіздікке, қанаушылыққа қарсылық 

білдіреді. Кеңес дəуірінде жаңа өмір жетістіктерін жырға қосты. Тоғалақ Молда 

Абдрахманов (1860-1942) суырып салма ақын болуымен қатар, шығармаларын жазып 

та тартты. Оның өлеңдері, дастандары мен сатиралық шығармалары халық арасына 

кеңінен белгілі. Ол кеңес тұсында да көптеген жырлар, поэмалар жазды. 

 

Қырғыз  халық  поэзиясының  классигі  Тоқтағұл  Сатылғанов  салған  ақындық 



дəстүр Қалық Ақиев (1883-1953) Алынқұл Үсенбаев (1894-1963), Осмақұл Бөлебалаев 

(1888-1967) т.б. ақын-жыршылардың шығармаларында одан əрі өріс тапты. 

1924  жылы  қырғыз  халқы  алғаш  жазбасына  ие  болды.  Қырғыз  тілінде  тұңғыш 

«Эрикон ТОО » газеті шықты. Оның алғашқы санында Аалы Тоқамбаевтың (1904ж.т.) 

«Октябрь  дəуірі»  атты  өлеңі  жарияланды.  Бұл  шығарма  қырғыз  кеңес  жазба 

əдебиеттерінің іргесін қалауға негіз салды. 

20  жылдардың  аяқ  кезінен  бастап  жаңа  қырғыз  əдебиеті  барлық  жанрда  даму 

жолына  түсті.  Поэзиялық  жаңа  туындылармен  бірге  алғашқы  прозалық,  драмалық 

шығармалар  дүниеге  келді.Қ.  Боялиновтың  (1902ж.т.)  «Ажар»  атты  əңгімесі  (1928ж.) 

қырғыз  кеңес  əдебиетіндегі  тұңғыш  прозалық  шығарма  болды.  М.Тоқабаевтың 

(1905ж.т.)  «Қайғылы  Көкей»  атты  пьесасы  1927  сахнаға  қойылды.  30-40  жылдарды 

қырғыз  жазушылар  соц.реализм  əдісін  меңгеруге  күш  салды.  Бұл  жылдары 

А.Тоқамбаев,  Ж.Бəкенбаев  (1910-44),  Ж.Тұрысбеков  (1910-44),  М.Элебаев  (1905-43), 

А.Османов (1915-50), Т.Уметалиев (1908ж.т.), Т.Сыдықбеков (1912ж.т.),  Қ.Жанташев 

(1904-68),  Қ.Момеков  (1911ж.т.)т.б.  ақын,  жазушылар  жемісті  еңбек  етті.  Жүсіп 

Тұрысбековтың  «Өлім  елек,өмір  керек»  (1935),  Жомарт  Бөкенбаевтың  «Алтын  қыз» 

(1937)  пъесалалары  қырғыз  драматургиясын  жаңа  белеске  көтерген  айтулы 

шығармалар  болды.  Түгелбай  Сыдықбековтың  «Кең  су»  (1937-38)  «Темір»(1939-40), 

Қасымалы  Жантошевтың  «Қаныбек»  (1-2кітап,1939-48,  қазақ  тілінде  1-2  кітап,1962-

64) атты романдары сияқты көлемді прозалық туындылар жарық көрді. 



Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  жазылған  қырғыз  жазушыларының  шығармалары 

нағыз  патриоттық  рухта  болды.  А.Тоқамбаевтың  «Алға»,  «Москва  туралы  толғау», 

Ж.БӨкенбаевтың  «Жүрегім  менің»,  «Қызыл  ту»,  «Туған  жер»,  М.Элебаевтың  «Ұлы 

марш»  т.б.  шығармалары  туды.Соғыстан  кейінгі  кезеңде  қырғыз  əдебиеті  барлық 

жанрда  дамып  үлкен  белеске  көтерілді.  А.Османов  «Махаббат»  (1945)  «Отаным  жер 

бесігі»(1948),  Т.Үметалиев  «Туған  ел  əуені»(1949)  атты  поэзиялық  кітаптарын 

бастырды.  А.Тоқамбаев  «Өз  көзімен» поэмасын  (1952),  «Таң  алдында»  атты өлеңмен 

жазылған  романын  (1962)  жарыққа  шығарды.  Прозалық  шығармалар  көптеп  туды. 

Қ.Баялинов  «Бақыт»  (1947),  Т.Сыдықбеков  «Біздің  заманның  адамдары»  (1948,  қазақ 

тілінде  1950)  «Тау  арасында»  (1955-58,  қазақ  тілінде  61-62),  Н.Байтеміров  (1916ж.т.) 

«Соңғы  оқ»(1955),  Т.Қасымбеков  (1931ж.т.)  «қақ  бөлінген  қанжар»(1966-71) 

романдарын  жазды.  Қ.Маликовтың  «Мəртебелі  жерде»(1956),  Б.Жəкиетің  (1936ж.т.) 

«Əке 

тағдыры»(1961),Т.Абдумомыновтың 



(1922ж.т.) 

«Ар 


кешірмейді»(1964) 

пьесалары сахнаға шықты. 

Өмірдің  алуан  түрлі  шындығын  зор  шеберлікпен  бейнеленген  Ш.Айтманов 

(1928ж.т.)  шығармаларындағы  дүниежүзінің  көптеген  елдеріне  мəшһүр  болды.  Оның 

«Жəмила»  (1958қазақ  тілінде  1959)  «Алғашқы  ұстаз»  (1961,  қзақ  тіліне  1964)  «Ақ 

кеме»(1970,қазақ  тілінде  1972)  т.б.  прозалық  шығармалары  барынша  оқырман 

қауымынан  жоғары  баға  алды.  С.Эралиев  (1921ж.т.)),  М.Жанғазиев  (1921ж.т.), 

К.Бобулов  (1936ж.т.)  т.б.  ақын-жазушылардың  шығармалары  да  көпке  таныс. 

Əдебиеттану ғылымы мен əдебиет сыны да өркендеп өсті. Бұл салада Б.Керімжанова 

(1920ж.т.),  К.Асаналиев  (1918ж.т.),  М.Борбугулов  (1930ж.т.)  т.б.  жемісті  еңбек  етіп 

келеді. 

Қырғыз əдебиеті мен қазақ əдебиеті ертеден туыстас. Өткен ғасырда қазақтың 

ұлы оқымысты Ш.Уəлиханов қырғыз фольклорын жан-жақты зертеп, «Манас» 

эпосының даңқын шығарды. Ол осы жырды 1856 ж. қырғыз өлкенсіне барған 

сапарында жазып алып, алғашқы бөлімін орыс тіліне аударып бастырды. Кеңес 

дəуірінде қырғыз əдебиетін, оның ішінде «Манас» эпосының арғы-бергі тарихын жете 

зерттеп көлемді еңбек жазған М.Əуезов болды. Академик Ə.Марғұланның «Шоқан » 

жəне «Манас» атты монографиясын айтулы еңбек. Қазақ пен қырғыз əдебиетінің 

жақсы үлгілерін бір-біріне аудару ісі де дамыды. «Манас»  жыры , қырғыз ертегілер 

мен мақал-мəтелдері, Т.Сатылғанов,А.Тоқамбаев, Т,Сыдықбеков, Т.Үметалиев, 

Қ.Жанталиев, К.Момеков, Қ.Баялинов, Ш.Айтматов т.б. шығармалары қазақ тілінде 

басылды. Абай, Жамьыл, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, 

Ə.Тəжібаев т.б. қазақ ақын-жырауларының көптеген мшығармалары қырғыз тілінде 

жарық көрді. 



Аалы Токомбаев 

(1904-1988) 

Сонымен  қатар  алаштың  ардағы  Əокей  Марғұланмен  түйдей  құрдас,  туысқан 

қырғыз халықының үлкен ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Аалы Токомбаев биылғы 

жылы 100 жасқа толады екен. 

Ол  Шоңкелін  ауылында,  Қырғызстанда  1904  жылы  кедей  əулетінде  туды. 

Ташекеттегі  В.И.Ленин  атындағы  Отраазиялық  коммунистік  университетін 

бітірген.(1922).  Қырғыз  тіліндегі  алғашқы  газет  1924  жылы  шыққан,  мұнда  негізінен 

Қырғыз совет поэзиясының бастауында тұрған Тоқтағұл Сталығанов, Аалы Токомбаев 

сынды  ақындардың  өлңдері  жарияланды.  Токомбаевтың  есімімен  қырғыздың  жазу 

əдебиетінің туып, дамуы байланысты. Оның алғашқы шығармаларының тақырып аясы 

кең,  революциялық  пафос  тын.  Алғашқы  өлеңдер  жинағы  «Ленин  хақында»  (1927)  – 



ақын  халықтың  жоқтау  жырларының  үлгісін  пайдаланып,  көсемнің  ажалына 

қайғырып, жоқтау айтады. 

«Əйел  афнасы»  атты  кітапта  (1929)  қырғыз  əйелдерін  социалистік  құрылысқа 

белсене  араласуға  шақырады.  Оның  30ж.  туындылары  осы  заманғы  тақырыптарға 

арналған:  «Еңбек  гүлі»(1932),  «Шабуыл»(1933),  «Алғашқы  жырлар»  (1934),  «Тұтқын 

Марат»(1932) жəне басқалары. 

Аалы  Токомбаев  1934-49  жылға  дейін  Қырғыз  Жазушылар  одағының 

басқармасының  төрағасы  қызметін  атқарды.  Қырғыз  Ғылым  Академиясының 

академигі  болды.  Жоғары  кеңестің  депутаттығына  сайланып,  қоғамдық  өмірге  етене 

араласты. 

30ж. аяғы мен 40ж.басында ол «Днестр терең теңізге құяды»(1939), «Жараланған 

жүрек»(1940), «Əуен сыры», «Дат»(1940) шығармаларын жариялайды. 

Ұлы  Отан  соғысының  отты  жылдарында  ақынның  дауысы  ерекше  қуатпен 

естілген  еді.  «Мен  жауынгер»,  «Алға»,  «Кек  аламыз»  атты  өлеңдері  мен  дастандары 

«манастың  жерлесі»(1941),  «Жиырма  сегіз  туралы»,  «Алғыс»  атты  өлеңдер  жинағы 

(1944)  жарық  көрді.  Сондай-ақ қырғыз театрларының  сахналарында  бірнеше пьесасы 

табыспен жүрді. 

Соғыстан  соңғы  жылдарда  Аалы  Токомбаев  ірі  реализм  шебері  ретінде  қалам 

сермейді.  Бұл  кезеңнің  туындылары:  «Өз  көзіңмен»,  «Майлыбай»(1953),  «Менің 

метрикам»(1955), «Қобыз күйі»(1960) деп аталады. 

Аалы  Токомбаев  өлеңмен  роман  жазған  адам.  «Таң  алдында»  -  сюжеттік 

негізінде  қырғыз  халқының  патша  өкіметіне  қарсы  азаттық  күресінің  оқчиғалары 

алынған. Бірінші бөлімі –«Қанды жылдар», екінші бөлім «Таң алдында» деп аталатын 

бұл  өлеңмен  жазылған  роман  1967  жылы  Тоқтағұл  Сатылғанов  атындағы 

республикалық Мемлекеттік сйылықты алды. 

Аалы Токомбаев шығармалары СССР халықтарының көп тілдеріне аударынлған. 

Аалы  Токомбаев  ана  тіліне  Низами,  Гете,  Пушкин,  Шиллер,Лермонтов,  Абай, 

Жамбыл,  Маяковский,  Маршак  жырларын  аударды.  Оның  есімі  қырғыздың  жаңа 

заманғы əдебиетінде əдеби сын мен публисцитиканың басында тұр. 

Түгелбай Сыдықбеков 

Кеңсу  ауылы,  Қырғызстан  республикасы,  Ыстықкөл  облысы,  Түн  ауданында 

туған.  Қырғыз  кеңес  жазушысы.  Қырғыз  ҒА-ның  академигі.(1954).  Кедей  шаруа 

отбасында  туған.  Əдеби  қызметін  1928  жылдан  бастады.  «Күрес»  атты  тұңғыш 

өлеңдер  жинағы  1933  жылы  шықты.  «Батырлар»  (1936),  «Ақын  бұлбұл»  (1938)  өлең 

кітаптары  басылды.  Сыдықбеков  1935  жылы  қырғыз  əдебиетіндегі  тұңғыш  роман 

«Кеңсуды»  жазды.  (1-2кітап,  1937-38жылы  жарияланды).  1939-40  жылы  «Темір» 

романы жарық көрді. Сыдықбековтың даңқын шығарған –«Біздің заманның адамдары» 

атты  романы  (1948,  Кеңестік  мемлекет  сыйлығын  алған,  1949  жылы  қазақ  тілінде 

1950). Бұл роман бірқатар шетел тілдеріне аударылды. Сыдықбеков шығарамаларында 

«Тау  ішінде»  романы  ерекше  орын  алады.  Оның  1-ші  кітабы  1955жылы  (қазақ 

тілінде,1961ж), 2-ші кітабы 1958 жылы (қазақ тілінде 1961ж) басылды. Бұл шығарма – 

«Кеңсу»  романынның  қайтадан  өңделіп  басылғын  нұсқасы.  Сыдықбеков  1955  жылы 

«Зайыптар»  атты    трилогиясының  алғашқы  екі  кітабын жариялады.  Ол  қырғыз  балар 

əдебиетін  дамытуға  да  үлес  қосқан  жазушы.  Бұл  салада  оның  «Тау  балалары  »  атты 

романның  (1952,  қазақ  тілінде  1956)  орны  үлкен.  Ең  Қызыл  Ту  ордені  мен  жəне 

медальдармен  наградталған. 

Қ.с.энц.481бет 10 том. 



№4 дəріс сабақ.  Тақырыбы: Түркіменстан мемлекетінің əдебиеті мен мəдениеті. 

Түркімен əдебиеті. 

Т.  əдебиеті  эпостық  шығармалар  мен  ертегілерге  бай.  16  ғ-да  бірнеше 

шығармалардан  (12  жыр)  құрастырылған  «Китаб  Дəдəм  Қорқуд»  («Қорқыт  ата 

кітабы»)  жарыққа  шықты.  Түркі  халықтарына  ортақ  бұл  əдеби  мұрада  ертедегі  сол 

халықтардың  əдет-ғұрпы  мен  діни  сенімдері  (шаманизм  мен  қоса  ислам  діні)  жəне 

Кавказ,  Азия  елдерінің  эпостық  дəстүрлері  бейнеленген.  Оның  сюжеттік  элементтері 

«Кероглы»  («Көрұғлы»,  16  ғ.)  эпосында  да  бой  көрсетеді.  Хилали  Чағатай  (16  ғ.), 

Мырза  Бархудар  Түркмен  (17  ғ.)  т.б.  ертедегі  Т.  ақындары  шығармаларын  парсы 

тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 

2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси əлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты 

патриотизм  сарыны  мен  азаматтық  əуенде  жазылған  шығармалар  пайда  болды. 

Мақтымқұлы  (18  ғ.)  мен  Дурды  –  Шаһирдің,  Мақтымқұлы  –  Сеиди  (1775-1836)  мен 

Зелилидің  (1795-1850)  жазбаша  айтыстары,  Мискинклычтың  (1847-1906)  өлеңдер 

циклі  Т.  əдебиетінің  жетіліп  келе  жатқандығын  көрсетті.  Мақтымқұлы  əдебиеттегі 

жаңа  бағыттың  негізін  қалады.  Ол  Т.  əдебиетінде  тұңғыш  рет  өлеңнің  «гошпа» 

(төрттаған)  түрін  жазып,  аруз  өлшемін  қолданды.  19  ғ-да  түрікмен  лирикасының 

белгілі  өкілі  Молланепес  (1810-62)  шығыс  сюжеті  негізінде  «Таһир  мен  Зуһра» 

дастанын  жазды.  Кемине  (Мəмедəлі,  1770-1840),  Байрам  Шаһир  (1871-1948), 

Көрмолла  (1872-1934),  Молламұрат  (1879-1930),  Дурды  Клыч  (1886-1950)  əлеуметтік 

теңсіздікті əшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады. 

Совет  дəуіріндегі  Т.  əдебиетінің  алғашқы  үлгілері  Кермолланың  («Большевик», 

1918),  Дурды  Клычтың  («Мен  айтам»,  1923,  «Байлар»,  1924,  «Кедейлер»,  1924), 

Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Əдет 

құрбандығы»  (1932),  Аман-Дурды  Аламышевтың  (1904-43)  «Сона»  (1932)  т.б. 

шығармалары əйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 

жылдан  соң»  повесі  шықты.  20  жылдардың  2-жартысында  Б.  Кербабаев  пен  Ағахан 

Дурдыев  (1904-47)  жаңа  тақырыпта  прозалық  шығармалар  жазды.  Т.  əдебиетінде 

тұңғыш  рет  Ата  Қаушутовтың  (1903-53)  «Қанды  орман»  (1929),  Б.  Кербабаевтың 

«Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-

74),  Ч.  Аширов  (1910  ж.т.),  Алты  Қарлиев  (1909  ж.т.),  Таушан  Эсенова  (1915  ж.т.) 

колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің 

(1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. 

тарихи  романдары  жарияланды.  Қысқа  əңгіме  жанры  қалыптасып,  Н.  Сарыхановтың 

(1906-44) новеллалары басылды. 

1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. əдебиетінің творчеств. əдісі соц. Реализм 

болды.  1928  жылдан  «Совет  əдебиеті»  журналы  шығып,  Т.  совет  əдебиетінің  дамып 

қалыптасуына ықпалын  тигізді.  Ұлы  Отан  соғысы жылдарында  Ш.  Кекіловтің  «Иван 

ағай»  (1942),  Б.  Сейтақовтың  (1914  ж.т.)  «Қуғындағы  қыз»,  Я.  Насырлының  «Ерлік» 

(1942),  Б.  Кербабаевтың  «Құрбан-Дурды»  (1943)  поэмалары  т.б.  жарияланды.  50 

жылдары  Т.  əдебиетіне  Ата  Атажанов  (1922  ж.т.),  Мамед  Сеидов  (1925  ж.т.), 

Аллаберды  Хайдов  (1929  ж.т.),  Шахер  Боржақов  (1929  ж.т.)  т.б.  жас  əдебиетшілер 

келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» 

(1951  ж.  қойылды),  «Күміс  портсигар»,  Қ.  Сейтлиевтің  «Жақан»  пьесаларында  жаңа 

еңбек,  интеллигенттер  өмірі көрсетілді.  Б.  Кербабаев  «Алып  адым»  эпопеясының  2-3 

кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары 

прозада  Бердіназар  Құдайназаровтың  «Далалықтар»  (1970),  Клыч  Кулиевтің  (1915 

ж.т.).  «Қара  керуен»  (1971),  А.  Атажановтың  «Кремни»  (1971),    Б.  Сейтақовтың 

«Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, 



Арап  Құрбановтың  (1927  ж.т.),  Ораз  Ақмамедовтың  (1930  ж.т.)  т.б.  повестері  мен 

əңгімелері басылды. 

Түркімен    əдебиетінен  Б.  Кербабаевтың  «Ақ  алтынды  аймақтың  Айсолтаны» 

(1952)  повесі,  «Алып  адым»  (1-2-кітап,  1962-63)  романы,  Мақтымқұлының 

«Таңдамалы  өлеңдері»  (1947,  1959,  1960),  «Түрікмен  жырлайды»  (1963),  «Түрікмен 

əңгімелері»  (1969)  атты  жинақтар  т.б.  шығармалар  қазақ  тілінде  жарық  көрді. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал