Қазақ елінің тарихында Шаяхметовтер болған. Әңгіме арқауы қоғам және мемлекет қайраткері, тың ардагері Рақымжан Омарұлы Шаяхметов. Туган жері Арқадағы Ақтоғай ауданы бұрынғы



жүктеу 57.95 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі57.95 Kb.

Тың ардагері -

РАҚЫМЖАН ШАЯХМЕТОВ 



Қазақ елінің тарихында Шаяхметовтер болған. Әңгіме арқауы қоғам және мемлекет қайраткері, 

тың ардагері - Рақымжан Омарұлы Шаяхметов. Туган жері Арқадағы Ақтоғай ауданы (бұрынғы 

Қоңырат ауданы), Желтаудың бауырындағы Сарытерек ауылы, 1916 жылдың 6 қарашасы. Ғұмыр 

дерегінде, төлқұжатында осылай жазылыпты.Үш арысты: Алаш көсемі Әлихан Бөкейханды, тұңгыш 

математика профессоры Ермектің Әлімханын, заңгер Ақбайдың Жақыбын берген киелі топырақ-Ақтоғай. 

Тектілердің көші үзілген жоқ.

 х 

Қазақта: «Шымшың сойса да қасапшы сойсын» 

деген сөз бар. Мүйізі карағайдай жорналшы інілеріме: 

"Биыл тыңға 60 жыл толды, Рақаңды түлеткен осы тың. 

Көзкөргендері азайып барады. Қалам тартып, кейінгі 

ұрпаққа есімін білдіру парыздарың емес пе"? - деп 

көрдім. 

Бауырларым өзімді жұмсағаннан әріге бармады. 

Сонымен Алматыға жол тарттым. Студент кезім осында 

өткен, қаланы өзімше жап-жақсы білем. Қуанарлығы 

көше аттары қазақшаланған, жастары да тілін 

сындырған, қала сәулеті көркейген. Шұбарлап тұрған 

жарнамалар ғана. Қарт Алатаудың өзі де, қары да бәз 

қалпында. 

Мәшине жүргізуші қаршадай қыз Әсем Мәскеуде 

оқу бітіргенін, көлігінің электрмен де, жанармаймен 

де жүретінін айтып та үлгерді. Қазақшасы бүтін, 

шетелдік компанияда істейтін боп шықты. Орысша, 

ағылшынша ағып түр. "Д.Қонаев көшесі, 114 үй -

осы",-деді жүргізуші қыз. Түстім. Үшінші қабаттың 

тұсындағы ескерткіш тақтаға көзім бірден түсті. "Бұл 

үйде 1972-1998 ж.ж. қазақтың көрнекті мемлекет және 

қоғам қайраткері тұрған". Жоғарыда суреті, төменде: 

"Шаяхметов Рақымжан Омарұлы" деп қашалыпты. 

Іздеген пәтерімді таптым. Баласы Нұрлан, жұбайы 

Зәуреш, келіні Жанар қарсы алды. Іркес-тіркес 

бүлдіршін шөберелері жүгіріп келіп сәлем беріп жатыр. 

Ең кішісі-Райымжан." Ішімнен Рақымжан атасының 

құрметіне койған-ау деп топшылап ем, солай болып 

шықты. Сәл-пәлден соң Нұрлан ұлы асқа келді, шәйға 

отырдық. 

Рақымжан ағайды жұрт көп айтатын. Үлкендеріміз 

исі Сарым баласында ол кісіден жоғары қызметте 

болған ешкімді естімедік деп отыратын. Ең құрмаса 

Рақымжан ағаның қара шаңырағында болайын, 

балаларымен, немере-шөберелерімен танысайын, 

қолым жетсе архивінен сыр тартайын деген ойлар 

еді мені жетелеген. Аузымыз әңгімеден босар емес, 

қазан көтертпедік. Менің ойым тезірек Рақымжан 

ағаның архивіне іліксем-ау деп отырмын. Нұрлан сөзге 

сараңдау, мінезі салмақты, жауабы сұрасаң ғана, қысқа-

нұсқа, мамандығы - энергетик. "Мен жетпістемін, сен 

қаншаға келдің?" - дегенімде, "1949 жылғымын",-деп 

қысқа қайырды. 

Рақымжан ағаның жұмыс кабинетіне ауыстық. Төрде 

қара домбыра, арнайы кілемде наградалары, ағамыздың 

үлкен портреті, өңірінде орден-медальдардан бос жер 

жоқ, бір қабырғадағы суретте Д.Қонаев екеуі қалың 

егіннің ортасында. Фотосуреттерге кезек келді. Нұрлан 

танисыз ба деп сол тұстағы Мәскеу көсемдерін сұрап 

қояды. Жауап менен. "Мынауың А.Микоян, мынауың 

Н.Хрущев, мынауың Л.Брежнев, мынауың Г.Лященко, 

мына кісі Д.Қонаев. Бәрінін қасында тау тұлғалы, 

қазақ перзенті Р.Шаяхметов. Кімдермен қызметтес, 

кімдермен катар, кімдермен үзенгілес, кімдермен 

дәмдес болмаған деп ішімнен ойлап қоям. 

Н.Хрущев деп отырғанымыз, Бас хатшы /Генсек/ 

Қазақстанды бөлшектеу идеясының авторы, жүгерінің 

атасы Ж.Тәшеновке қиянат жасаған да сол... 

Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберін туфлимен 

ұратын "батыр" осы Хрущев еді ғой. Бүгінгі аға ұрпақтың 

жадында осындайлары ғана қалды. Қазақтарды басшы 

қызметтерге қоюды шектеу, совхоз директорларын 

Мәскеумен келісу дегенді Орталық партия комитетінің 

Пленумына шығарған да осы "көсем". 

Тың және тыңайған жерді игеру ұранымен 

Қазақстанда 25 млн. гектардан астам жер жыртылды. 

Не ұттық, неден ұтылдық тарихшылар пікірі біреу 

емес. Сабақтап, тереңдеу зерттей түсіп ғалымдар 

айта жатар. Бұл Р.Шаяхметов сияқты ардагерлерінің 

мәртебесін биіктетпесе, аласартпаса керек. Олар тыңды 

көтерді, тың оларды көтерді. Халық ұлдарын таныды, 

біртуар перзенттерін төбесіне көтерді. Олардың еңбегі 

ерлікке пара-пар. Қалай мадақтауға ұрады, біздікі -

ұрпақтарына осыны таныту. 

Жерлестерінің де суреттері бар. Мынау-Мұқажан 

аға, мынау Төлеуқадыр, мынау-дала академигі, 

«дегерес қой» тұқымын шығаруға көп жыл енбек 

сіңірген Зікірия Көпбаев. Иэ, сол, ақтоғайлык шопан. 

Елбасының қабылдауында болғанда, төс қалтасынан 

қатталған бір уыс жүнді алып көрсететін аксақалыңыз-

осы кісі". Нұрланның бүл сұрағынан да сүрінбей өткен 

болуым керек, басын изей берді. 

Ауылдан келгендер Рақанды сөйлетіп, өздері 

тыңдаудан жалықпайтын. Сол жолы керісінше Зікірия 

ақсақал сөйлесін. Оқу да, диханшылық та Орысбайға 

қонған (Рақаң аталары). Тоқырауын бойында 

тоғандардың, тақталардың сілемі әлі бар. Тек Ақбидай 

қайда деп төтесінен қойсын. Рақаң жымиып, өкінішке 

орай халықтың селекциясы, Ақбидайдан айрылып 

қалдық қой деді,-деп Нұрлан сәл кідіріс жасады. 

Кезек кітаптарға келді, екі-үшеуін желдірте ақтарып 

га үлгердім. Ішінде Р.Шаяхметов туралы талай деректер 

тұнып тұр. Әріден, тереңірек тың тарихынан сыр шертер 

кітаптар сөйлеп тұр. Кейінгі зерттеулермен, егемендікпен, 

тәуелсіздіктің көзқарасымен, Қазақстанның жаңа 

дәуірі ақиқаты тұрғысынан қайта зерделенсе деген ой 

да жарыс берді. Стол үстіндегі кітаптардан бұрында 

ақтарған кітаптарым көзіме түсті: "Қазақ жерінің зиялы 

азаматтары" /Ж.Уралбаев/, " Штрихи к портретам" 

/М.Исиналиев/, "Қазақ ССР Жоғарғы Советінін 

депутаттары". Қазақ елінің тарихында орны ерекше тын 

эпопеясына өтпес бұрын сәл шегініс жасайын. 

Елде кәмпеске басталғанда (1928 ж.) Рақымжан 12-де, 

аштық тұсында (1932 ж.) 16-да екен. Қазақ ауылының осы 

тұстағы көрген нәубеті адам төзгісіз болғанын тарихтан 

енді біліп жатырмыз. 

Айтпағымыз - бала Рақымжанның өмірін, қиын 

кездерін көз алдарыңызға келтіру. Сары теректегі төрелер 

мектебінде латын ғарпімен сауат ашу, кейіннен арабша 

оқу. Белсенділер күнкөрісін, аздаған малын тартып алған 

соң жағдай тіпті қиынға кетті. Арты елді аштыққа әкеп 

соқты. Халық босып кетті. Өзен жағалағанның өзегі 

талмас дегендей, көбісі Балқашқа шұбырды. Медеуі -

өндіріс ашылады, зауыт салынады деген ғана. 

Бұл Қазақстанда "кіші қазан" жасамақшы бол-

ған, қазақтар "ку жақ" дейтін, Мәскеу жіберген 

Ф.Голощекиннің тұсы болатын. Көзі ашық, хат танитын, 

оқыған маман кадрлар елде жоқтың қасы еді. 1932 жылы 

аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен Алматыға 

оқуға жіберіледі. Мұнда да тоқшылықтың нысаны жоқ 

еді. Арнайы дайындық курсынан өтіп, зооветеринарлық 

институтқа оқуға түседі. 1939 жылы қызыл дипломға 

бітіреді. Бүкіл саналы ғұмырын республиканың ауыл 

шаруашылығына арнаған Қазақстанда бір қайраткер 

болса, ол - Рақымжан Шаяхметов. 

Сол жылы Семей облысы, Көкпекті ауданына 

зоотехник болып қызметке жіберіледі. Бір жылға жетпей 

Қазақстан Орталық партия комитеті жаңадан ашылған 

Павлодар облысы совхоздар тресінің зоотехнигі, 1941-

1942 жылдары совхозаралық мектептің директоры, 

совхоздар тресі директорының орынбасары. Павлодар 

обкомы совхоздар бөлімі меңгерушісі. Бас-аяғы үш 

жылда бұл жаман емес еді. 

1947 жылы Қызылорда обкомының орынбасары, 

бұл қызмет жойылған соң облыстық аткару комитеті 

орынбасары. 1951 жылы Ақмола облаткомнын 

орынбасары, Тың эпопеясының сыртында емес, ішінде 

қайнаған, казанында піскен, талай жаңа совхоздардын 

қазығын қаққан тұсы еді. Ақ қар, көк мұзда Ақмоланың 

ақтүтек боранымен араласып, эшалондар Ресей 

қалаларынан келіп жатты. Осыларды орналастыру, 

коныстандыру жағдайын жасау... бұл енді ұшы-қиыры 

жоқ қыруар жұмыс болатын. Тыңға кімдер келмеді, 1 млн. 

адам, Қазақстанның тыңын игереміз деп келгендердін 

ішінде кім жоқ дейсің? Тек шыдағандары ғана орнықты, 

бейімделді, тыңға түрен салды. Тыңға шабуыл басталғанда 

40-қа әлі толмаған бас сардар Ақмола обкомы ауыл 

шаруашылығы хатшысы Р.Шаяхметов үстінде Мәмбала 

шешесі тігіп берген күзен ішігі, басында қаракөл бөркі, 

аяғында етік, кеңседен гөрі мәшинада көбірек жүретін 

тұсы. 


Апта аралатпай Мәскеудің есебі тағы бар. Кейде Бас 

хатшы Н.Хрущевтың ойбай-аттаны, Мәскеуге, Алматыға 

іссапарлар, съездер, пленумдар. Рақаңмен араласқан, 

сыйласқан азаматгар Қазақстанда аз болмаған. Солардың 

ішінде ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Қаз 

ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі 

Хайдар Арыстанбеков (1919 ж.). Қазақ мемлекеттік 

ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық 

аграрлык университеті) 18 жыл басқарған ғалым. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығы ғылымын қалыптастыру 

мен дамытуға, ауыл шаруашылығын өркендету және 

білікті мамандар даярлау мәселелеріне үлкен үлес 

қосты. "Тың және тыңайған жерлерде жаңадан ірі астық 

кеңшарларын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді" делінген 

Қазақ эңциклопедиясында. Х.Арыстанбеков ағамызды 

1981 жылы Нарманбет ауылында күттім, үйде бір емен-

жарқын әңгіме болды. Жасыратыны жоқ Қарағанды 

облысында қаншама аспиранты болғанын білмейді екем. 

Тың жөнінде пікір-екіұдай. Мәскеудің шешімі 

бұрыс деушілер де, дұрыс деушілер де бар. Уақытт-

тарих, ғалымдар зерттеп, зерделеп айта жатар. Еге-

менді ел атанып, тәуелсіздік тұсында Қазақстанды 

дүниежүзіне жылдамырақ танытқан осы бидайы. 

Бұл-менің жеке пікірім. Бидайдың қатты сортын 

дүниежүзінде экспорттаушы елдердің алғашқыларының 

санатына кірді. Бұл, сөз жоқ, тыңның, оның сол тұста 

басында тұрған Р.ІІІаяхметов сияқты тұлғалардың ерен 

еңбегі екенін ешкім жоққа шығармас. Рақанды тынды 

игерушілердің алдыңғы сабынан көру лайық, 15 жылда 

тың төсінде қыруар іс тындырғанын халқы біледі. 

Алғашқы қазақстандық миллиард пұт астық құйылды 

(1956 ж.). Осы жылдары Целиноградта теміржол 

вокзалы, аэропорт, тың игерушілер сарайы, қонақ үйлер, 

мектептер, ауруханалар салынды. Жолдар жөнделді, т.б. 

1960 жьгльг Шаяхметов Рақымжан Шығыс Қазақстан 

облатком төрағасы, 1962 жылы Батыс Қазақстан 

крайкомның 2-ші хатшысы, крайком төрағасы. Край 

жойылған соң 1964 жылы Ақтөбе обкомы 2-ші 

хатшысы, 1965 жылы Целиноград облатком төрағасы. 

"Дәуір" баспасынан шыққан "Почитаемые люди земли 

казахской" /Ж.Уразбаев/ деген кітапта Рақымжан 

Омарұлы Целиноград қазіргі Ақмола облысында 15 

жылдан астам қызмет жасады делінген (470-бет). 1972 

жылдан Қазақстан Республикасы ет-сүт Министрінін 

орынбасары. 

Тәуелсіздіктің алдында Қазақстанның Сыртқы істер 

министрі Михаил Исиналиевтың "Штрихи к портретам" 

атты кітабы жарық көрді. Автор ғұмырының 26 жылын 

Ресейге, 40 жылын Қазақстанға берген адам. Михаил: 

"Өзі облысында ғана емес, республикаға аты кеңінен 

танымал басшылар, Совет Одағының Батыры Махмет 

Каирбаев, Социалистік Еңбек Ері Оразалы Қозыбаев, 

Рахимжан Шаяхметов, Сұлтан Досмағамбетов, т.б." деп 

жазыпты. Астана, Кенесары көшесі, 4-ші үйге ескерткіш 

тақта орнатылды. Рақымжан Шаяхметовтың еңбегін 

елі елеусіз қалдырған жоқ. Бірнеше жыл қатарынан 

Қазақстан Орталық партия комитетінің мүшесі, 6-7-8-ші 

шақырылған Республиканың Жоғарғы кенесі депутаты, 

КПСС XXII, XXIII, XXIV съездерінің делегаты. Қазан 

Революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 

көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның 

келешегіне сенген, ісіне берілген, елін-жерін сүйген, 

мәдениеті жоғары, парасат-пайымы биік, биязы мінез, ісі 

таудай тұлға, халқының адал перзенті. Тек Тың эпопеясы 

көмескіленіп, кейінгілер оқымайтын кітапқа, телевизор 

көрсетпейтін фильмге айналмаса екен. Қазақстандық 

патриотизм, ұлтгық тәрбие, ардагерлерді тану Рақымжан 

Шаяхметов сияқты тұлғаның өмірі, тындырған жұмысы, 

атқарған ісі арқылы келері хақ. 

"Қазақ жерінің зиялы азаматтары" атты кітаптың 

469-бетінде Р.Шаяхметовтың ғұмырдерегі толық кел-

тірілген. Үзінді алдым: "Исключительная порядочность, 

шедрость души, человечность всегда отличали по жизни 

Рахимжана Омаровича. С его мнением считался Кунаев 

Д.А." Рақымжан аға мен жары Бағира апай 50 жылдан 

астам бірге ғұмыр кешті. 4 бала тәрбиелеп, немере-

шөберелерін көрді. Рақаңды жақсы білетін елдегі 

көзкөргендерінен талай естігенім: мінезі жібектей, ісі 

таудай, қарапайым да биязы, қоңыр дауысты, дария 

білімді, мәдениетгі, жан-жағына шапағат нұрын сеуіп 

отыратын, нар тұлға еді. Туған жері Ақтоғайға электр 

жарығының келуіне Рақаң шапағаты тигенін біреу білсе, 

біреу білмейді. Ақмолада отырып, басын тігіп, Мәскеуден 

именбей, осылай жасауы, перзенттік борышы емей, 

немене? Тәтпіштеп жазып, кітаптардың атын атап, түсін 

түстеп жатқанымыз да тегін емес. Кейінгілер іздесе 

жылдам тауып алсын деген ниет қана. Биыл Қазақстанда 

Тың және тыңайған жерді игеру жорығына - 60 жыл. 

Алдағыны тұтас көру үшін, өткен өткелдерімізге де бір 

сәт көз жүгірткен де керек. Бүгінге кешеден келдік қой 

бәріміз де. Тың эпопеясының бас батырларына да, хас 

батырларына да қандай ескерткіш қойса да, артық емес 

деп ойлаймыз. Бүкіл саналы ғұмырын еліне, жеріне 

бағыштаған тау тұлға, жылдар өткен сайын биіктей 

бермек. Қысқасы, Р.Шаяхметовсыз тыңның тарихы 

түгел емес, алда 100 жылдығы. 1997 жылы Арқада -

Ақмолада Тәуелсіз Қазақстанның өзі таңдаған тұңғыш 

Астанасы бой көтерді. Ракымжан ағамыз Ұлы Көшті 

көрді. Республиканың рәміздері Ақмолаға барғанда 

халқымен бірге қуанды. Елбасы Н.Назарбаевқа ақ жол 

тіледі. Жастық шағы, тыңдағы тынымсыз еңбек, жүрген 

жолдар, өткен жылдар, балаларының өмірге келуі, 

бәрі-бәрі көз алдынан өтіп жатты. Өзі тұсауын қиған 

қаншама кұрылыс объектілері, қадасын қаққан тыңдағы 

совхоздар. Ең бастысы, Қазақ елінің қақ ортасы, 

Евразияның кіндігі, геосаясатқа қолайлы қай жағынан 

болса да, таңдау орынды. 

Енді бір жылдан соң 1998 жылы 82 жасында 

ағамыздың жүрегі соғуын тоқтатты, Кеңсайдан топырақ 

бұйырды. Қазанамасына Н.Балғымбаев, А.Есимов, 

Ж.Карибжанов бастаған қазақтың бірталай жақсылары 

қол қойып, көңіл айтыпты. Ойды ой қозғайды. Астанада 

тұрған үйіне ескерткіш тақта қойғанына жерлестері 

де қуанды. Тың ардагері Р.Шаяхметовке Астанада 

көше атын, не оқу орындарының бірінің атын беру 

жөн болар еді. Ақтоғайлық жерлестері де ойланар. 

Еңбек кітапшасын қарасам, ағамыз кадр дайындауды 

1941 жылы бастапты. Одан соңғы қызметтерінде де 

кадр мәселесін айналып өтпеген. Тың эпопеясының 

бас қаһармандарыньщ бірі - Рақымжан Шаяхметовке 



астаналықтар қандай кұрмет көрсетсе де лайық. 

Амантай ҚАЛЫМБЕРГЕНОВ, 

зейнеткер. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал