Азақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі, қ аза қ қ ар а сөзіні ң майталманы



жүктеу 76.48 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі76.48 Kb.

Қ

азақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі, 

қ аза қ  қ ар а сөзіні ң майталманы 

Ғабиден Мұстафин есімі бүгін — 100 жыл-

дық мерейтойы барысында тіптен де ас-

қақтап, Арқа төсінің мәуелі бәйтерегіне ай-

налғандай. Өйткені, оның бұрын жазушы 

ретінде де, жеке адам,  қоғам  қайраткері 

ретінде де ашық айтыла бермейтін көпте-

ген 


қ ырлар ы егеме н  Қ аза қ станны ң 

тәуелсіз, тұтас тұлғасымен қайта қауышқ-

андай. Шын мәнінде Ғабиден - елімен егіз 

тұлға. Әсіресе, туған  Қарағандысының бар 

тағдыр-талайына армансыз ортақтасқан 

адам. Тарихтың осынау бір күрделі  қиылы-

сында дала төсінде ашылған алып өндіріс 

ошағының  қара  қазанында  қайнап, пісіп, 

домнасында қақталған қазақтың жаңа қай-

рат, жаңа жігерінен жаратылған жаңа са-



палы тұлға еді. Оның кеңестік идеология 

тар шеңберінде сығылып қалмауының сыры 

да осында. Өмір тезінде  қаламгер ретінде 

де, тұлға түрінде де берік тағанды бет-бағ-

дар айқындады. Сондықтан оның  қуатты 

сөзін  қалың елі  қазағы ғана емес, әлемнің 

сандаған елі елеңдей тыңдап, тамсанғаны 

мәлім. Неміс ақыны Бертольд Брехт оңай 

кісі емес. Шығанақ тереңін бірден түсініп, 

поэма жазуы тегін емес. 

Бүгінде Ғабиден өткен тарихи кезеңді 

қайта бір ой елегінен өткізгенде жазушы-

ның уақыт уысында  қалып кетпей, белгілі 

тақырыптарды шиырлаумен ғана 

шектелмегеніне  қуанышпен сүйсіне  қарай-

сың. Өйткені оның сол «қиын» кезеңі қазақ 

сөзін даңғаза, айғай-шумен көміп таста-

ғандай еді... Ал Ғабекең еркіндік идеясы-

ның дауылпазы бола жүріп, халық даналы-

ғының нәрін таңдайдан үзбеген. Кейінгі 

ұрпаққа сол даналықты тастап кетуге ты-

рысқан. Яғни,  қаламгерлік  п а р ы з д ы кір 

шалдырмай  с а қ т а у ғ а санасын сарқа 

жұмылғандай. 

Ж а з у ш ы тұлғасы тек тасқа түскен 

дүниелерімен ғана өлшенбейді. Тұлға мен 

туынды, авторы мен оның позициясы тұтас-

тыра тексерілгенде ғана бізге  қажетті 



ш ы н д ы қ т ы пайымдай аламыз. Ғабекең 

бұл жағынан таусылмайтын кен деуге бо-

лады. Өйткені ол шын өмірмен беттесті. 

Апшыны  қуырған  қазақ халқының басына 

төнген  қауіпті де,  қатерлі жылдардың от-

жалынында арбаса жүріп өз жолын іздеді. 

Сондықтан да  қазақ әдебиетінде ол түзген 

образдар жүйесі  т а қ ы р ы п т а н биік тұра-

ды. «Тарихи» өлшемнен гөрі өмірлік өлшем 

желісі кеңірек тартылады өйткені. Сондық-

тан бүгіннен болашаққа бейімделген 

бейнелердің ғұмыры ұзара түспек. Яғни ол 



к ө з қ а р а с т а ғ ы жазбалардың тасасында 

қажырлы Ғабиден Мұстафин тұр деген сөз. 

Ғабиден шығармаларында кездейсоқ, 

екінші, үшінші  қатарда тұратын кейіпкер 

жоқ. Мәселен, ол өзінің  қосалқы деген 

кейбір кейіпкерлері жайлы былай дейді: 

«... Қарақыз ұстаның керемет іскерлігін сан 

рет көрдім. Ол романға енуі керек еді; Тапа 

мен Көктайыншаны жақсы білемін. Соңғы-

сы бізге тіптен туыс болып келеді. Көктай-

ынша кейін «Доскей» колхозының  ұстасы 

болды. Бұлар өнерлі, ақылды адамдар. 

Екеуінің ақылдылығын жинақтап «Миллио-

нердегі» Ахмет  ұстаға бердім. Бір әттеге-

найым — Ахметтің  к о л х о з ғ а  д е й і н г і 

өмірбаянын толық жаза алмадым. Жалпы 

ау ыл ұсталарының ақыл-парасаты екеуінде 

де бар. Тапа ылғи ыңылдап ән салып оты-

ратын. Көктайынша  қуақы әңгімешіл еді. 

Иә, есіме түсті. 

Қайран шырақ көр болар, 

Тар лақатым төр болар». 

(Ғабиден Мұстафин туралы естеліктер. 

«Елорда», 2001 ж. 55 бет). Прототип мық-

ты ма, кейіпкер күшті ме?! Әттең сол ғажай-

ып прототипті  қаз  қалпында көсіле жаза 

алмай арманда отырған «нағыз» жазушы-

ны жолықтырып отырмыз. Осы кісілердің 

әдебиет үшін жан аямай айқасуында да 

терең мән бар ғой. Әдебиет арқылы ғана 

халықты өлтіріп алмауға болатынын әріден 

ұққан адамдар бұлар. Сырт көзге «әдеби-

ет алыптары атанған ақсақалдарға не 

жетпейді», «неге бірінің бірі жанын жеді» 

деген  қауесеттер айтылып жүрді ауызекі 

тілде. Біздіңше, соның бәрі әдебиет 

мүддесі үшін айқас. Бүгін халық қуанышы-

на айналып отырған жазушы, жолы,  қазақ 

тілінің мөлдір  қайнарындай туындылары 

жеп-жеңіл туып,  қалыптасты деп ойлайсыз 

ба?!  Қасарысқан қарсыластың, қажыр-қай-

раттың ғана жемісі. 

Жазушымен жастай сыр мінез болған 

Қадыр Мырзалиев мынадай бір естелікті 

айтады: «...Келесі күнгі мәжіліс бірден 

шабуылдан басталды. Төрағаның сөзін 

күтпестен: — Әй, ағайын! Мені бәрің де 

жақсы білесіңдер. Сәбит Мұқановпен ай-

қ ас қ а н адамны ң абыро й алғаны жо қ ! 

Несіне  құр босқа арам тер боласыңдар! — 

деді секпіл беті ашудан қып-қызыл боп ала-

бұртып кеткен Сәбең. Сол сол-ақ екен 

төрде отырған Ғабиден Мұстафин ағамыз 

бірден шарт ете  қалды. 

— Әй, Сәбит — деді тістеніп, —  Қой бұл 

қоқан-лоқынды! Білмейді екенсің ғой, мен 

сені ...жіберем. 

Мұндай дауасыз даудың аяғы  қайбір 

жақсылықпен тынушы еді.  Қазақстан Жа-

зушылар одағының басшылығы түгелге 

жуық өзгерді». (Ғабиден Мұстафин туралы 

естеліктер. «Елорда», 2001 ж.). Ғабиденді 

олай болса алыптар тобына өктем заманы 

әкелген жоқ, тікелей  қалам  қайраты, жарау 

атанбай ширыққан жігері жеткізді. 

Өмірді зерделей зерттеу жағынан оның 

«мектеп», «университеттерінен»  қапысыз 

өткен Горький тағдыры Ғабиденге де тән. 

«Ащының дәмін татқан біледі» танымынан жа-

зушы ауа жайылып, еш ауытқымайды. Тіпті 

Горький романтизміне де көп бой алдырма-

ды. Ал кеңес кезінде Горькийдің революция-

лық романтизмі ғана дәріптелгені белгілі. Осы 

т ұ с т а да Ғабиден шығармашылығының 

өміршеңдігін көруге болады. Осы таным жа-

зушыны ешбір науқан-науқаншылдыққа, жал-

ған пафос-ұран,  ұр да жықтыққа ұрындырма-

ды. 

Тахауи Ахтановтың: «Ғабитті мақтамай-



мыз, Ғабитпен мақтанамыз» деген афоризм-

ге айналған сөзін біз бүгін Ғабиден Мұстафин-

ге арнап айтсақ, шындық шырайы шыға 

түсері хақ. Шындық шіркін жасанды бұрмалан-

баса ақиқат айналып өз  қазығын табар-ақ еді 

ғой. Халық даналығына бойлай түсіп, оның 

ұлан-ғайыр дәстүрін зерделеуде де Ғабекең 

мықтылық танытқан. Алып мұхит оны ағызып 

әкете алмаған. Зерделі зергердей өзіндік 

өрнек түсіруге  қабілет-қарымын тәрбиелей 

білген. Алтынның көшкен ізін аңғара алмаса: 

«Абайдың орны бос тұр-ау»деп үйде де, түзде 

де дегбірсізденбес еді. 

Абайды халық санасынан өшіруді мақсұт 

тұтқан замана тегеуріні оны дегеніне жүргізіп, 

ықтыра алмады деген сөз. Ол  т ұ с т а 

(бүгінгідей) Абайды әркім іздеген жоқ. Зама-

на жаңғырығымен жамыраған. Ал Ғабекеңнің 

ол турасындағы әлгі  т ұ ж ы р ы м ы  қолдан 

құйғандай берік, жел-құзға мызғымай ғасыр-

ларға жететін дана сөз. 

«...Абай —ерекше дарын. Оны құдіретті ет-

кен ақындық шеберлігі. Шеберлікке құмарлық 

жетелейді. Меніңше, әуестік пен құмарлық екі 

дүние. Осы  құмарлық меніңше, өлең енерінде 

халық құмарлығынан, ел арманынан туып жат-

паса,  ж ә й бір нәрсе, ыстық  қ а н с ы з сал-

ғ ы р т та салқын нәрсе, жан  ж ы л ы т п а й д ы , 

қ айт а  а д а м д ы  б о й к ү й е з етеді .  Құмарлық 

арман халқының іштегі дертінің  қайтсе жазы-

луы. Міне, Абай ақындығының құдіреті осыны 

шебер толғауында (сонда 14 бет) деп білемін. 

Кітаби жорғалықты кәсіп еткен көп 

әдебиетшілерге бұл ұғым-түсініктің ауылы әлі 

де алыста. Ғабекеңнің ыстық деміне шарпыл-

ған осы жолдар біздің бүгінгі-кешегі көптеген 

ақын-жазушыларымыздың жан дүниесінен 

осылайша төл рухани  қазына болып бөліне 

алар ма екен?! «Ынталы жүрек» сезбеген 

сөздің бәрі - тұл. Өндірістен туған, өндірісті 

жазып, еңбекті жырлаған эпик жазушыға 

ақындық өнердің  қажеті не еді? Алайда  қай 

кәсіпті  қумасын, өмірдің  қай бүкпесін-

бүкпесіне тап болмасын, ол өзінің адамдық 



н е г і з і н Абайдан, оның ақындық өнерінен 

іздеді. Тапты! Сондықтан  ұтылмады,  ұтты. 

Оның даралануына да осы  м е т о д о л о г и я с ы 

басшылық етті. Бірақ еркін кесілуге мүмкіндік 

қайда? Жазған Мұстафиннен жазбаған Мұста-

фин мықты көрінеді маған бүгін. Өлең сөзге 

ат ізін салмаған Ғабең өлең шығара 

білмегендіктен емес, өлеңді, өзін  қатты сый-

лағандықтан,  қадірлілігінен бармады. «Жас 

қазақ» сөз і  қ атт ы  қ ол қ алауда н туғаны н 

білеміз. Майдан тақырыбына барша ақында-

рымыз ат салысты. Бірақ проза тіліндегі бұл 

өлеңнің орны ерекше. Лирик ақындардың 

көбінің  қолын жеткізе алмаған асқаралы асуы 

тарихымыздың «таңбалы тасындай» боп атар 

таңымыздың ақ сәулесінде  қайта тірілмек... 

Ғабиден Мұстафин өзінің әдеби білім-

білігін «сынап» саналы түрде өзін қиын-күрделі 

«тақырыптарға» салған.  Қиындықты ойсыра-

та жеңген  қайсар қаламгер. «Қарағанды» ро-

манының өмір өткелдерінен өтіп, бір ғасырдан 

соңғы оқырманмен  қайта  қауышуда да өз 

өміршеңдігімен теңдессіз туынды екенін 

дәлелдеп отыр. Неге десеңіз,  Қарағанды 

кеше Одаққа өзінің көмір-темірімен аты 

әйгіленген өндіріс ошағы ғой. Индустриали-

зация ұраны күн тәртібінен түсті. Өндіріс әде-

биет үшін сондықтан «басты» тақырып емес. 

Шығарма авторы Мұстафин  қайтпек?! Әбден 

саясаттанып  қалған үркек сезімдер ала 

қашып, тұрақсыз таным тайғанақтық таныт-

қанмен, мықты Мұстафин өз «Қарағандысы-

ның» үстінде мығым отыр. Ат жалынан айры-

лар емес. 

Қ

арағанды - кеңестің ең ауру жері Гу-



л а г т ы ң да «ыстық белдеуі» болып 

әлемдегі өркениет өкілдерін қатты шошытып-

шошындырған өлке ретінде де жер шарының 

қартадағы қара ноқат еді ғой. Кеңес саяса-

тымен үзілді-кесілді келіспеген орыс зиялыла-

рының дені Батыс Европаға  қоныс аударға-

ны мәлім. Осы көзқарасы үшін 1921жылы аты-

лып кеткен орыстың  ғ а ж а п ақыны 

Н.Гумилевтің «шәкірті» атанған И.Одоевцева 

Францияда Мережковский, Буниндермен тағ-

дырлас  қана емес, дәмдес-тұздас болған 

өмірі жайлы «Сена жағалауында»  д е г е н 

кітабында: «тағдырымызға тым нали бермейік, 

Қ арағандығ а тап болуымыз да әбден мүмкін 

еді ғой. Сонда  қайткен болар едік»  — д е п , өзін 

де, өзгелерді де жұбанышқа шақырады. Бұл 

—  Қарағанды деген  ж е р атауынан емес, за-



тынан — кезіндегі рухани атмосфера-аурасы-

нан шошынған сезімталдық еді. Психология-

лық ахуалды тап басқан таным болатын. 

Осы түсініктегі әлем зиялыларымен бүгінгі 

диалогқа тең түсер тұлғаны іздегенде,  Қара-

ғандының «не зат» екенін көркем түсіндіргенде 

оларға алыптар тобының осы  қос Ғабеңінен 

басқа тәуелсіз  Қазақстаннан жәрдемге кім 

келе алар еді?! Олардың бізге ортаймас қазы-

на қалдырып кеткенін тереңнен сезіну қандай 

бақыт,  қандай мақтаныш расында да. 

Кешегі алмағайып-аласапыранда әдебиет 

әлемінің мұндай тылсымын ажырата алмай 

қалдық. Елдігіміздің мықты тегіршігін бұлар 

болмағанда мүлде омырып алар ма едік,  қай-

тер едік. Сондықтан да шығар бәлкім, алып-

тар тобы аман тұрғанда олар Қарағандыға ат 

суытпай келіп тұрды. Ел-жұртты мұндағы әде-

биет айдынымен сауықтырып, «тымау-сы-

мауға» шалдықтырмай, үнемі халықпен жан-

ды байланыста болды. 

Соңғы кезде бұл үрдістің арқауы босаң-

сып кеткен еді. Немесе келіс-кетістің мән-

мазмұны сұйыла бастағандай ма,  қалай? Айт-

пағымыз мүлде бұл емес, күні кеше Ғабекең 

тойы үстінде аруақты ағалардың рухы тіріліп, 

Қарағанды аспанында өзгеш е бір көптен 

сезілмеген құбылыс-рухани ағын жүріп өткен-

дей болды. Бұл руханияттағы игі-ізгі іс-ша-

раның басы болғай. Сарыарқа кіндігі -  Қара-

ғанды Карлаг  ұғымынан арылып, ежелгі 

өмірсалтын нәсіп ететін күн  т у а т ы н д а й 

сезіндік осы күндері. «Бітер істің басына жақ-

сы келер  қасына» демекші, Арқаның ар-

шын төс жазушысы Ғабиденнің қоладан құйған 

мүсінін ашуға оның исі сіңген інілері Әбіш 

Кекілбаев, Сәкен сері Жүнісов,  Қадыр 

Мырзалиевтердің келіп тәу еткенін «ырым» 

көрдім.  Қойнында  қасиет бар халқымыз бір 

сілкініп, дүр сілкініп  қалды. Әдебиетіміздің 

бұлардан басқа да  қаймақтары,  қадірлес 

қаламдастары  құрылтайға бергісі з келелі 

мәслихат  құрысты. Алайда бүгінді айту — 

ертеңнің шаруасы.  Ұлы уақыт өзі айқындай-

тын болашақтың еншісіне—ұрпақ айтар сөзге 

кейде орынсыз араласуды өз басым онша жөн 

көре  қоймаймын. Ал өткенмен өмір сүру ба-

қыты бұйырған ел ең өркенді ел екенін анық 

білемін. Осы  о р а й д а Ғабекең  қатты 

қ адірлейті н шын мәніндегі ғұлама інілері 

Сәйділ Талжанов, Ісләм Жарылғаповтармен 

туған халқына оның асыл қазынасы — тіліне 

деген іңкәр сезімдері бірге лаулай жанып 

жамырасқан сәт сағаттарына куә болған 

кездерім еске түседі. Жан жайлаулары 

ерекше жараса  қалатын еді-ау. Сөйтсем, 

осы жарастық бұлардың көзқарасына да 

ұласып жатады екен ғой. 

«... Қарағандыға 1960 жылдың басында, 

ақпан айында 40 шамалы жазушы бірге 

бардық. Ішіміздегі ең жолы үлкен Ғабекең 

болатын. Туған жерінде жаңа  т ү с к е н 

келіндей өте биязы, өте кішіпейіл жүрді. 

Туған перзенттің ыстық сағынышын арқа-

лап келгені де сезіліп тұратын. Инженер 

інісінің үйіне Тайырды, Әбділданы, Хамзе, 

Тоқпановты, Сәйділ Талжановты, Зейнол-

ла  Қабдоловты, мені ертіп апарды. Бізге 

бір үлкен ақсақалдың —  қазақ оқығанда-

рының бірі, әмбебап ғұлама Әлімхан Ерме-

ковтің әңгімелерін тыңдатты. Естісін, білсін 

деп апарған секілді, — дейді ақын Мұзафар 

Әлімбаев (Ғабиден Мұстафин туралы 

естеліктер. «Елорда», 2001 ж. 99-бет). 

Ақжарқын ағамыз аса  құнды дерек айтып 

отыр. Демократияның ауылы елі алыс со-

нау жылдардың өзінде асыл ағалар шоғы-

ры өз жүректерін аз тыңдамаған екен-ау 

дейсің ойланып. Мұндай  қыран көз ағалар 

қатары сиреген сайын әдеби ахуал да сыр 

беріп, сызат танытып  қалды емес пе. 

Қ

оғамымызды демократиялаудың 



кең мағынасының өзі тарихымыз-

дың ащы сабақтары арқылы  ұрпақ  қана-

тын қатайту емес пе? Танымы кенже ұрпақ 

егемен еліне ие бола ала ма?! Ендеше «реп-

рессия» сияқты  қасиетті  ұғымның өзін на-

уқаншылап, талапайға салу — өркениетке 

жат нәрсе. Ғылыми талдау-танымның, 

қаламгер мәдениетінің аса бір  қажет кезі 

де біз үшін — қазіргі өтпелі кезең олай бол-

са.  Құрбандарды ғана емес,  қазақ 

әдебиетінің алтын тұғырына айналған ха-

лық жазушысы Ғабиден Мұстафин шығар-

маларын XXI ғасыр түлегіне түсіндіріп 

жеткізуде де әділ таразы, әдебиетшінің 

азу тісі  қажет болады.  Қазақ әдебиетінің 

жаңа  т а р и х ы мен жазушы өмір тарихын 

ұштастыратын арналы арқаулар керек бо-

лады. «Көз көрген» кейіпкерлерінің 

кейбіреуі емес, негізгі тұлға — Сейткемел 

б а й д ы ң бел балаларымен  к е з д е й с о қ 

кездесіп, жазушы жайлы «ұнамсыз» 

пікірлерін естіген болатынмын. Бір кездегі 

қымбатты адамына  қара  қазандай өкпе 

артып отырды. «Байды жамандау үшін — 

бізді жамандайды», — дейді. Жеңілген, 

пұшаймен бейнеде сөйлейді. «Оқытқан біз 

едік, бізден еш жамандық көрген жоқ еді» 

дегенді және айтты. Мен  қатты ойланып 

қалдым... (Мен бұл әңгіменің шет жағасын 

Мәруар Сейткемел немересінен естіген 

едім). 


Халық Сейткемеловті Сәйділ ағаның 

қасынан көп көрдім. Биік лауазымды, түр-

т ұ л ғ а с ы  а с а келіскен,  а қ с ү й е к т і к 

тәрбиесімен  қатты ерекшеленетін ақылды 

да, сезімтал адам еді. Сәйділ ағаға ғана 

сыр алдыратын тым сырбаз жан болатын. 

Сол Ғабең 1972 жылы 70-ке толған мерей-

тойына арналған  Қыздар педагогикалык 

институты  ұжымымен кездесу үстінде 9 

желтоқсан күні: «...Сіздерге қарап отырып 

сонау алыста  қалған жастық шағым есіме 

түседі...  Қанша көрікті, сұлу қызды көрсем 

де жасымда ұнаған бір қыз артық көрінеді 

д е т ұрады, ол уыздай жас шағында қайтыс 

болып кетті»  — д е д і (Сонда, 58-бет).  Б ұ л -

алғашқы жары Сейткемелдің Әубәкірінін 

қызы екені даусыз әрине. Аяусыз себілген 

сұрқиялықтың дәнін бойға дарытпай әбден 

жансебіл болған, «сол сұм өмірдің»  қақпа-

қылын көп көрген жазушы бір ғасырға жуық 

аласапыран, түлкі заман кешсе де оның 

адамдық сезімін жаулай алмаған екен-ау 

Осы сөзді аяулы жас арудың «қарындас-

тары» естісе қандай хал кешер еді? Жазу-

шыға енді  қандай көзбен қарар еді? Асыл 

сезімін қара жер қойнына өзімен бірге ала 

кеткен  Қозы — Баяндар көп пе?! Тәні тоз 

ған жетпістегі Ғабекеңді, өзім анықтап 

көрген Ғабекеңді бүгін мен  Құралай сұлу 

ды сағынып жылаған, өмірінің өзекті ар 

манына айналдырған Келденнің (Иса Бай 

зақов «Құралай сұлу») орнына  қоямын 

Сөйтемін де Абайдың: «асыл адам айны 

мас» тереңіне сүңгимін. Сөйтіп, Ғабекең 

жәйлі  қайтадан жаңа бір дастанның бетін 

ашқандай боламын. 

Ғабидентануға жаңа бір бетбұрысты 

осы мерейтойға арналған ғылыми конфе 

ренцияда Қазақстан Республикасы Ғылым 

академиясының корреспондент-мүшесі 

С.А.Қасқабасовтың баяндамасынан бай-

қағандай болдық. Академик С.С.Қираба-

ев та мерейтой  құрметіне арнаған сөзінде: 

«әдебиет оны бағалауды  қайта  қарау ке-

рек» деген пікірдің әдебиетші ғалымдар 

ортасында орныға бастағанын атап айтты. 

Басқаны білмеймін, өзімнің ішкі дүниемде 

өзгеше бір жылы ағын жүріп өткендей бол-

ды.  Ұзақ уақыт ғылымда әбден орныға 

тұмшаланған (социализм идеясы) осы бір 

«қатерлі» де  қасиетті, шындыққа алғаш 

ұрынғанда,  қанатын «күйдірген»  қарлыға-

шы да мен екенімді жұртшылық жақсы 

біледі. Әңгіме онда емес, әңгіме комму-

низм елесінен алдымен ғылыми ахуалдың 

сауыға бастауында. 

Бақыт КӘРІБАЕВА, 

филология ғылымдарының 

д о к т о р ы ,  п р о ф е с с о р . 

Орталық Қазақстан. -2002. -4 желтоқсан(№195/196). -10 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал