Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ. д., профессор Ж.Қ. Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы



жүктеу 77.61 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі77.61 Kb.

37

Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы

Лирикалық  өлеңдердегі  басты  тұлға  «лирикалық  қаһарман»,  яғни,  басқа  сөзбен  айтқанда 

лирикалық «мен». Гегельдің айтуынша, «лирикалық өлеңінің нақ ортасында жырдың бүкіл бітім-

болмысын  әйгілейтін  нақты  субъект  ретінде  ақындық  «мен»  жатуға  тиісті.  Сонымен  қатар  кез-

келген лиркалық өлең (Өлең – сезім+ой+сюжет+композиция – ақиқат) негізінде құрылып, ақынның 

«көңіл жүрегінің сүзгісінен» таза да табиғи күйінде шаққанда ғана әрлене түседі.[6]

Кәмел Жүністегінің лирикалық өлеңдеріндегі жырдың өне бойындағы ішкі қоңыр ырғақ жүрек 

түкпірінен үн тартып, сыршыл әлемнің тұңғиығына терең бойлатып, тау суындай таза да табиғи 

қасиетімен көңілді баурайды. Ақынның өлеңдерін оқып отырғанда «автордың айтпағы не?» деген 

сауал туындамайды. Сіздің алдыңызда бар сырын жасырмай ақын өзі сөз салады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. 

Massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyrmasyi/26865/ 



2. 

Кәмел Жүністегі «Арманым оттан өрілген». Фолиант баспасы, Астана – 2011.

3. 

Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі - әйел». «Таңдамалы», 1997 (327-328, б.).



4. 

https://m.facebook.com/photo.php?fbid=332566427079420&id=100009781962892&set=t.

100009781962892&source=42

5. 


Көпен Әмірбек «Сәкеңмен бәріміз де сырлас едік» (осы кітапқа жазған қолтаңбасы)

6. 


Гегель В.Г. «Эстетика». В.4. – М.,1968.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ШАРТТЫ-МЕТАФОРАЛЫҚ ПРОЗА

Қарабаева А.С., студент,

Ғылыми жетекші: Такиров С.У.ф.ғ.к., доцент

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Қазіргі кезеңнің әдеби процесі – күрделі және қайшылықты құбылыс. Сол себепті сыншылар 

мен ғалымдарға бүгінгі әдебиетке объективті баға беру қиынға соғып тұр. Қазіргі жазушы да басқа. 

Оның  туындысы  қалыптасқан  дәстүрлі  шығармаларға  ұқсамайды.  Сонымен  қатар  оқырман  да 

өзгерді.

Социалистік  шындықтың  байлығы  мен  алуан  салалары  шынайы  шыншылдықпен,  асқан 

көркемдікпен  бейнеленген  озық  идеялы  советтік  көркем  әдебиетте  метафораның  қырлары  мен 

сырлары  барлық  саласынан  көріне  бастады.  Жаңа  заманның  жасампаз  туындылары  филология 

ғылымынан метафораны жаңаша зерттеуді, оның ескі сары сүрлеудің тапталған қайталаулардың 

дереу шығуын, теориялық тың талдауға көшуін талап етті. [1, 7]

Қазіргі әдебиеттің эстетикалық принциптері мен философиялық тұжырымдары алуан түрлі 

болып  келеді.  Ол  үш  көркемдік  жүйенің  арнасында  дамиды.  Олар  –  реализм,  модернизм  және 

постмодернизм.  Осы  үш  көркемдік  жүйелердің  ішінде  негізгісі  –  реализм.  Реализм  жүйесі  үш 

бағытты  (ағымды)  қамтиды:  неоклассикалық  (дәстүрлі),  шартты-метафоралық,  «басқа»  проза. 

Цензуралық  әдебиеттен  шартты-метафоралық  проза  пайда  болады.  Бұл  түсінік  1960  жылдың 

ирониялық  «жастар»  прозасына  еніп,  «фантастикалық  реализмнің»  дәстүрін  жалғастырады.  Ал 

шартты-метафоралық прозаның биік шыңы 1980 жылдың ортасында көрініс тапты.

Кешегі  кеңестік  дәуірдегі  қалыптасқан  әлеуметтік  жағдайда  жазушылар  өздерінің  саяси 

жүйеге  деген  қарсы  көзқарасын  ашық  білдіре  алмаған.  Қаламгерлер  шығармаларында  ойдан 

құрастылыған кейіпкерлер түрлі әрекет ететін ғажайып, фантастикалық әлемдер ойлап табылды. 

Фантастикалық  әлемдегі  бейнелер  арқылы  авторлар  қазіргі  қоғамдағы  көкейкесті  жағдайларды 

көрсетіп  отырған.  Осыған  байланысты  қазақ  әдебиетіндегі  соның  бір  көрінісі  ретінде  Бердібек 

Соқпақбаевтың «Ергежейлі еліне саяхат» шығармасын алуға болады. Шығарманың үзіндісі алғаш 

1966  жылы  «Пионерлер»  газетінде,  ал  ең  алғаш  толық  нұсқасы  1990  жылы  «Жұлдыз»  газетінде 

жарияланаған бұл шығармада КСРО-ның саясаты ашық сыналады, тап сол  қиын-қыстау кезеңдердегі 

тоталитарлық жүйеге деген қаламгердің наразылығы көрініс табады. Бұған дәлел ретінде хикаяттағы 

мына жолдарды келтіруге болады:

«- Ергежейлі халқын бақытқа жеткізуші данышпан көсем жасабол жасасын! - деп, айқай салған 

ұранмен аяқтадым.

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


38

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Елдесер менің әр сөзімді ергежейлі тіліне аударып тұрған. Соңғы сөзімді аудармай, бетіме 

бажырая қарады.

- Мен болдым, аудар, - дедім.

- Біздің президентімізді сіз жәбірлігіңіз келе ме?

- Қалайша?

-  Пендені  көзіне  мақтап  қолпаштау,  біздің  елдің  дәстүрінде  өте  ұят  мәселе.  Жәбірлеп 

тілдегенмен бірдей сөкет қылық.

Мен әрі сасып, әрі қысылып қалдым.

- Ойбай, онда аударма! - дедім». [2]

Шынымен де, кешегі КСРО кезінде көсемді ұлықтау, оған табыну дәстүр болды. Біздің халық 

ол дәстүрді әлі де қаза етпей келе жатқаны мәлім. Демек, Бердібектің сол тұстағы наразылығы әлі 

өз күшінде тұрғанын мойындауымыз қажет.

Дегенменен, бұл шығарма тақырыбының ашылып, тұнып тұрған астарлы ойының айқындалу 

мәселесі тек біршама уақыт өткеннен кейін ғана қарастырыла бастады.

Жалпы  алғанда,  шартты-метафоралық  бағыттың  өкілдері  (В.Орлов,  А.Ким,  В.Крупин, 

Ф.Искандер,  А.Адамович,  В.Маканин,  Л.Петрушевская  т.б.)  кейіпкердің  ішкі  әлемін  көрсетуге 

талпынбайды. Олар шығармашылығының бастау көзін өткен ғасырдың 60-жылдарының мысқыл 

әдісіне  негізделген  жастар  прозасы  деп  санайды.  Аталған  жазушылар  көркемдік  әлемді  әртүрлі 

шарттылық арқылы құрастырады (мифтік, ертегілік, фантастикалық). Бұл бағытқа физиологиялық 

очерк жанрында жазылған С.Калединнің («Стройбат»), Л.Габышевтің («Одлян, немесе Бостандық 

ауасы»)  атты  натуралистік  шығармаларын  және  ойын  әдісіне  негізделген  мысқыл  авангард 

поэтикасындағы Е.Попов, В.Ерофеев, В.Пьецух, А.Королев т.б. туындыларын жатқызуға болады.

Шартты-метафоралық  ағымнындағы  шығармалар  терең  психологиялық  сыңаймен  немесе 

қозғалыс  сипатының  бейнесімен  ерекшеленбейді.    Шартты-метафоралық  прозада  ең  әсерлісі  – 

шығарманың ойындық бастамасы: кейіпкерлер өздерінің белгіленген рөлін атқарады. Жиі кездесетін 

шартты-метафоралық проза жанрлары: ертегі, мифтар, аңыздар, астарлы әңгімелер.

Шартты-метафоралық  проза  әртүрлі  шарттылықтарды,  сонымен  қатар  ертегілік 

шарттылықтарын  қолдана  отырып,  шартты  формалар  мен  тәсілдер  арқылы  жасырын  тұрған 

шындықтың мәнін жарқын көрсетуге мүмкіндік береді.

Мысалға  орыс  жазушысы  Н.  Рузанкинаның  «Рынок»  (қаз.«Базар»)  әңгімесін  қарастырып 

көрелік. Бұл әңгімеде жазушы ертегілік шарттылығын жүзеге асырып отыр. Жазушы шындықтың 

айнасы болып келетін фантастикалық жағдай туындатады, яғни бұнда «жануарлар адам баласымен 

қоректенеді». Әңгіме кейіпкері, дәлірек айтсақ, адамзат өкілі бұл сұмдықты адам терісінен жасалған 

былғары киім-кешектер сататын базарға келіп көз жеткізеді. Жануарлар әлеміндегі жолсерік рөлін 

атқаратын  «қасқыр»  адам  терісінен  жасалған  өнімдерді  көрген  кейіпкердің  таңырқағанын  көріп, 

былай дейді: «Біз адам етімен қоректенеміз. Олар бұны қалайды ма, қаламайды ма, бізге бәрібір. 

Кезінде  адам  баласы  дәл  солай  жануарға  үстемдік  жүргізді  емес  пе?!  Адамдардың  терісінен  біз 

небір дүниелер тігеміз. Сол дүниелерді, киім-кешектерді іліп алып, сонау қиын-қыстау кезеңдерді, 

әсіресе біздің пұшпағымызды сіздер жаратқан сәттерді еске жиі алып жүреміз. Біз қолайлы сәтті 

күтудеміз. Шыдамға берікпіз, қонағым, ашпыз және де. Алайда теріңіз бізге жарамайды» [3, 96].

Адам мен жануардың бұл фантастикалық жүздесуі өңімізде көрініс таппаған бұл дау-дамайдың 

туып, қалыптасу мүмкіндігінің ескертпесі ретінде сипатталады. Н. Рузанкинаның түрлі реңк беріп 

суреттеген  жануарлар  цивилизациясы  қанша  дегенмен  адамзат  мәдениетінің  дәлме-дәл  айнасы 

болып  келеді.  Оларда,  яғни  жануарларда,  адамдарда  секілді,  тек  сауда-саттық,  кәсіп  қана  емес, 

төніп тұрған қауіп-қатерді ескеруге қабілетті адамды Қасқырға таба алу қасиетін беретін құдіреті 

де бар. Жануарларға деген тұтынушылық қатынасының салдарын түсініп, көз жеткізген адамзат 

өкілі  адамдардың  басына  қонғалы  тұрған  қайғының  алдын  алуы  міндетті  болған  еді:  «...  бізге 

қаншалықты қатыгез, қанішер болсаңыз, біз де қайыр қылмайтынымызды ескертіңіз.  Бұл әлемді 

қасапханаға айналдырыпсыз, ғұмырларыңызды біз де қасапханаға айналдыруға әзірміз. Ал содан 

соң не болады, қонағым? Сіздер де бұл жерден, ғаламнан бір-ақ сәтте құрдымға кетерсіздер! Содан 

кейін адамдарсыз, жануарларсыз бұл әлем жаңарып, жасарып қалары анық. Қорқынышты...» [3, 97].

Бұл  әңгіменің  шешуші  сәті  ертегілік  шарттылықтарын  бұзады:  жануарлар  үстемдік  еткен 

тылсым  әлемде  қонақ  боп  қайтқан  жас  әйел  психикалық  ауруға  шалдыққандарды  емдейтін 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


39

Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы

ауруханаға орнатылады. Сонда оқырман шындыққа қайта оралады.

Абай «Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды, (Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,)

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар» деп кейіптеп, кәрі құда, беймаза шалға теңейтін жыл мезгілі 

—  қыс.  Тобық  Жармағамбетов  ежелгі  халық  қиялы  эпикалық  құлашпен  қисындап,  жаратылыс 

нышанын кісі бейнелі етіп, метафоралық тілмен жұмбақтай кескіндеген табиғи құбылысты нысан 

етіп  дәл  таңдады.  «Отамалының»    кереметі,  жыл  мезгілінің  құбылмалы  кезеңін,  табиғат  тосын 

құбылған, қыс пен көктем таласқан алмағайып мезетті тұлғаландыра, нандыра суреттеуінде. Жыл он 

екі айда тайғақ кешу, бесқонақсыз болмайды. Жазушы қар аралас жаңбыр, көктемнің басқы салқын 

ауа райының ең жайсыз жаламыр мезгілін образ арқылы суреттеуі — космогониялық портрет, оның 

прозалық теңдесі жоқ көркем үлгісі.

Тобықтың  «Отамалы»  атты  әңгімесінде  адамзат  аңсай  беретін  мейірім  кені  жатыр.  Қазақ 

халқының рухани болмысын еректеп тұратын жан иесіне мейірбандық, рақым, жанашырлық, биік 

адамшылық гуманизм — поэтикалық-мифтік әңгіменің алтын өзегі. Ақ өлеңдей әр сөйлемі көркем, 

екшеп алуға татиды. Әуелгі кілтті сөз — мұз бен аңыз. Тобық Жармағамбетов дүниені құрсаған 

мұзды жібітер мейірімді жырлады. Оның сүйікті қаһарманы құбыжық дәу емес,  кебенекті ер. «Ертеде 

қазақ даласын борандар мен аңызақтар, жұт пен қасқырлар, сосын… аздаған қазақтар жайлайтын. 

Әр  төбенің  баурайында  тілін  жалаңдатып,  жұт  жортатын»  [4].  Отамалы  —  қойшы.  Жазушы 

жалшының қара мұрт Жапан байдың үйіне келген сәтін бейнелегенде шық бермес Шығайбай еске 

түседі. Тобық аға әңгіме тініне фольклорлық негізді дәл енгізгені ғажап. Ол ноғайлы жырауларының 

тұяғы,  психологиялық  параллель  арқылы  жер-көкті  орап  суреттейді:  «Намаздыгерде  Отамалы 

етігін  жамайды,  байеке  намазын  оқиды,  қарға  ұясына  кіреді».  Отамалы  өзін  мен  демей,  үшінші 

жақтан атап «Отамалы» деп жас балаша сөйлеуі тектік нышан, әңгіменің аңыз жанрында екенін 

экспрессивтік күшейте түседі. Кішкене кезінде бір қызым екіншісінен ойыншығын тартып алғанда, 

бұл менікі демей, «Макандыкы!» дейтін нығыздап, «Балкендікі», мына менікі дегені. Д.Ф.Купердің 

прозасында ақ нәсілділер қызылтерілі атаған үндістер өздерін үшінші жақтан сөйлейтін. Бұл мінез 

әуелі балаға тән, сосын жабайы түз адамына лайық аборигендік таза сананы айғақтайды. «Еділден 

аққан  сызашық,  Біз  көргенде  тебінгіге  жетер-жетпес  су  еді»,  —  деп  Шалгез  жырау  жырлаған 

бұрынғы есте жоқ ескі мифтік уақытты еске салады.

Бай  есімі  Жапан  аталуы,  жапан  дала,  жазы,  айдала  дегенді  білдіреді.  Сәкен  Жүнісовтың 

«Жапандағы  жалғыз  үй»  атты  романының  атауы    қазақ  кешкен  патриархалдық  тұрмысының 

моделі. Қойшы атсыз болуы мифтік деталь. Соңында ала төбеті бар. Шұбат ішкен түйелі Жапан 

бай жалшысына мінер бір ат тауып берері даусыз. Ол адам тәрізді берілген иен дала, елсіз кеңістік. 

«Темірқазық,  Жетіқарақшылар  көріне  бастаған.  Олар  бір  жанып,  бір  сөніп,  селк-селк  етті», 

«Ай,  Жетіқарақшының  теңселуін-ай!».  Жазушы  әр  детальды  мұқият  таңдайды.  Жеті  қат  көктегі 

жұлдыздар жердегі өсімдіктей тоңып тұрғаны Отамалының басына үйірілер, өлімге итерер дүлей 

зұлматты астарлайды. «Өмірден бар көргені осы ошақ, иттері, байдың үйі. Бірақ ол кең даланың 

етене баласы еді», «..жер танығыш еді».

«Жұлдыздарға да қиын-ау, жап-жалаңаш, — деп ойлады Отамалы бір мезет». Асан Қайғы, 

абыз  толғау.  Отамалы  ауылдан  ұзап  кеткендегі  төбелерді  жазушы  «қара  жаулық  жамылып»  деп 

суреттейді. Трагедиялық таңбаны оқушы жүрегі сезе бастауы үшін. Отамалының құла түзде мың 

қоймен жалғыз өзі ығып, сұрапыл суыққа ұрынуын Тобық аға мифологиялық үлгіде берген. «…бір 

мыжырайған төбенің бауырынан ызғырық жел кенеттен қойлар мен Отамалыға тап берді» [4].

Орыс  халқының  ірі  этнограф-ғалымы  А.Н.Афанасьев  (1826-1871)  «Поэтические  воззрения 

славян  на  природу»  атты  құнды  кітабында  ежелгі  еуразиялық  тайпалардың  мифологиялық 

дүниетанымын зерттеді. Көне қауым табиғат жаны бар, тірі деп түсінген. Бағзы пұтқа табынушылық 

табиғаттың мылқау күшіне бас иген, әр құбылысты қастер тұтып, жеке дара құдай деп таныған. 

Жер, су, от, жел, тегіс жанды, тұлғаланған, бәріне тәңірідей табынған. Дінге сенушілікке дейінгі 

адамзатқа  тән  тұңғыш  риясыз  көркем  дін  осы.  Бұл  расында  халық  тудырған  символдық  поэзия 

болатын.

«Көкек айында қар ұзақ жатпайды», жазушы жер жадын білетіні, алай-түлей стихия билеген кең 

даласын сүйетіні шүпілдеп тұнып тұр. Жан-жануар, тірі жәндікке мейір-шапағаты  адамға теңелген 

жазушы нағыз ізгілік иесі. Тобық Жармағамбетов қаламының құдіреті сол, жан-дүниесіндегі қазақы 

ұлы мейірімін боранда ыққан панасыз малға арнайды. Ол малдың үскірікке ұрынуын  трагедиялық 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


40

«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

биікке көтерген. Қой екеш қойды адамдай, жаңа туған қозысын нәрестедей көріп, аяп, үсік ұрған 

сайын жаны қалмай елжіреп, құсадан егілетін кім? Отамалы. Отамалыны тірілткен Тобық емес пе! 

Егіліп шер жұтқан Тобықтың өзі. «Қойлардың жалынышты маңырағаны ертіп келе жатыр оны», 

«Ызғырық желдің өтінде екеуі шоңқиып қала берді». Қойшы көкірегі зар жылайды. «Отамалы бүкіл 

денесімен селкілдеп, дірілдеп кетті. Ерні кемсең-кемсең етіп, түсі бұзылып қоя берді. Қойлардың 

жаппай қоздайтын уақыты жеткен екен ғой. Қазір дүниеге келген жас қозыларымен бірге қатып 

жатыр!».  Бейнетқор,  адал  қойшы  қара  басын  емес,  қорғансыз,  кенет  долданған  қу  далада  пана 

таппай қырылуға айналған қайран малды ойлап жаны түршігеді, сол үшін түңіле азап шегеді. Әзиз 

жаны кейіп, малды жайылымға зорлықпен жіберген ашкөз байды қарғайды.

Көкек айда көктеуге көмекке кеп,

Көптеу жауған жаңбырға ел өкпелеп,

Бетегеге көк қасқа қозы жайып,

Көпшілік боп көп төлге өбектеп ек,

Қажытса да жүгіріс қара сан ғып,

Мейірім көрсек мал-жанға жарасарлық,

Қуанамыз елжіреп:

Мекіреніп,

Шаранасын жаласа мама саулық.

Сонша үзілген, не деген өзек еді?!

…Мама саулық даусынан – маңыраудан:

«Құлдығым-ай!» — деген сөз естіледі. [4]

Жұматай Жақыпбаев. «Көктеудегі көріністер», патетикалық баллада.

Ермек  Тұрсыновтың  көрерменді  бастан-аяқ  ширықтырып  ұстап  отыратын  «Шал»  атты 

фильміндегі  қасқыр  қамаған  қойлардың  лажсыз  қозылай  бастауы,  шалдың  мейірімі  Тобық 

Жармағамбетовтың  «Отамалысын»  еске  түсірді.  Фильм  идеясы  Эрнест  Хемингуэйдің  «Шал  мен 

теңіз»  атты  культтік  повесінен  алынуы  стихиямен  жападан-жалғыз  алысқан  тағдырды,  «Адам 

жеңеді!» идеясын анықтайды.

«Алғашқы  қозыны  көргенде  Отамалы  өзін  ұмытып  кетті.  Бишара  саулық  қозысының 

денесін  жалағыштап  жатыр  екен.  Бірақ  оның  да  әлі  жоқ.  Отамалы  қозыны  көтеріп  алды  да, 

икемсіз  қолдарымен  шекпеніне  енгізді».  Қозы  әлі  тайған,  жансызданған  қойшы  қолынан  сусып 

түсіп,  көбік  қарға  тұншығып  өлді,  терең  қардан  аршып,  арашалай  алмай  қалды.  Ол  қой  жаппай 

қозылай бастағанда сұмдық қатты қиналады. Отамалы, халық «бесқонақ» атайтын мезгіл көктемгі 

мал төлдейтін уақытқа дәл келеді. Мұндай зарды ешкімнің басына бермесін. Өлген мұз қозысын 

жалаған  саулық.  «Отамалының  жүрегі  қарс  айрылды».  Есі  шыққан  қойшы  боран,  жел,  табиғат 

құбылысына айбат шегеді, Тәңіріге нала айтады. « — О тәңірі! Не істегенің? Не қылғаның? Көкек 

айы, сенің айдарың жұлынсын!» деген Отамалының күйініші көркем кейіптеу. Айнала жас өлім. 

Оның бешпентін шешіп, лақтыра салуы өлімге мойынсұнғаны. Басындағы тымағын жел ұшырды. 

Есі кетіп, етіксіз, шұлғауы шешіліп, тәні бір қар, бір мұз болып қайғылана асып барады.

«Аспан іріп кеткен», «…құстар ұшуын, кесіртке жорғалауын, өзен ағуын қояды». Автордың 

шеберлігі  қиямет  қайымды  еске  түсіреді,  тозақты  бейнелеуде  алдына  жан  салмайтын  католик 

классик ақындар болатын.

Табиғат құбылуын суреттегенде жазушы «…су өгіздің ыңыранғанындай дыбыстарға толып 

кетеді»,  «Суық  жел  мыңдаған  жыландарға  айналып  барады»  деп  мифологиялық  қанық  бояумен 

беруі құнарлы.

Дүкенбай Досжанның аптап құмда қой баққан, құлдан бетер қиналған  «Аборигені». Жұмабай 

Шаштайұлының «Қызыл қар» атты повесінде қой бағудың аласапыран қиыншылығы, қойшының 

бейнетқор тірлігі. Қазақ рухын қорғап, ұлт мұңын ашына жазған.

Қойшының,  жан  тәсілім  етер  сәті,  ол  отамалының  таусылар  тұсы,  құдай  айдап  әкелгендей 

құлпытасқа тап келуі. Өлерінде ол өзінің ұшып келе жатқан қазаны мен ошағын көреді. Астындағы 

жанған  отымен  бірге.  Отамалы  аруаққа  айналды.  Дүниеғайып.  Қыс  жеңілді,  жазғытұрым  келді. 

Отамалы өтті. Ол Снегурочка сияқты жылылықтан еріп кетті. Мифтанушы Александр Николаевич 

Афанасьев ақындар, абыздар, балгерлер табиғаттың сан алуан құбылысын түсіндірушілер болып 

табылады деп таниды.

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


41

Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы

Жазушының  мейір  тұнған  жүрегі  аңызды  былай  аяқтайды:  «Күн  қайта  шығып,  қарларды 

әп-сәтте ертіп жіберген. Қойлар баурайда өскен қызғалдақтарға қозыларын жайып, кең даланың 

төсінде мәңгі бақи қалып қойыпты. Оларды қасқырдан ит қорғапты».

Қиялдың құсы егіліп,

Іштегі дертті айдасын.

Бернияз Күлеевтің «Жырла да зарла, көңілім» атты өлеңінен қос жол мынау танымдық аңыз 

әңгіменің түп сарынын ашуға септігі тиер.

Қазіргі  қазақ  санасында  Тобық  Жармағамбетов  әңгімесінің  алтын  шуағындай  төгілген 

шынайы мейірім азайып, сарқылып барады. Бабалар орнында бар оңалар десе, ізгілікке сенімі. Отан 

мейірден өседі. Түрікмен ақалтекесін қызғыштай қориды. Қазақ тілімен жылқыны сүйеміз дейді, 

бірақ  кейбіреулер  әсіре  пайда  қуып,  бұл  жануардың  тұқымын  мөлшерден  артық  сойып  сатқыш 

қасапшыға айналды. Малды құдай адам несібесі үшін жаратты, сөйткенмен шектен тыс пышаққа 

қия беру обал. Мұның бәрі аураға, елдікке теріс әсер етері айдан анық.

Әбубәкір Қайранның «Түйелер трагедиясы» атты ыза жыры бар. Малдың киесінен қоғамына 

бағынышты  кейінгі  мәңгүрт  қазақтың  қорықпайтын  болғаны;  өз  көрін  өзі  қазған  нақұрыстай, 

обырдай  араны  ашылған  ет  комбинатына    өткізу  үшін    ауылдағы  түйе  жануарды  обал  жасап, 

техникамен соғып өлтіргені туралы.

Қамаудағы текті түлік, киелі,

Мойындарын көкке қарап иеді.

Құлап жатыр бірінен соң біреуі,

Елестетсем, ішім от боп күйеді!

…Бұғауланған түйелерді сонан соң,

Дырылдатып «ДТ»-менен сүйретті.

Бар еді ағам түйе баққан жасынан

«Тоқтат, кәне, сұмдықты!», — деп сол ағам,

Мылтық атты директордың басынан. [4]

Әбубәкір ақын өмір бойы түйе баққан әкесі қайтыс болған соң 3000 бас түйе түлігінің құрып 

кеткенімен  өлеңін  аяқтайды.  Төрт  түлік  мал  басы  елде  күрт  азайып  кеткені  осы  тектес  кесірлік 

зардабы. Құнарлы шұбаттан  айрылу, ұлттық құндылықтарды ата түлік малмен қоса жоғалту.

Қорыта  келгенде,  қазақ  әдебиетінде  шартты-метафоралық  проза  әлі  зерттелген  жоқ.  Десек 

те, бұл мәселені әдебиетшілер жан-жақты зерттеп, жаңалықтар енгізуге өз септігін тигізеді деген 

ойдамыз. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. - Алматы: Мектеп, 1966.

2. Бердібек Соқпақбаев «Ергежейлі еліне саяхат» («abai.kz» ақпараттық порталынан).

3. Рузанкина Н. «Рынок» // Странник  – 1997. – №4. – Б.94-98.

4. Тобық Жармағамбетов «Отамалы» («alashainasy.kz» сайтынан).

5. Әжиев Қ.Ө., Досмаханова Р.А.Орыс постмодернистік прозаның ерекшеліктері.

6. Нефагина Г.Л. Русская проза второй половины 80-х начала 90-х гг. XX века. 

ҚАСҚЫР ОБРАЗЫНЫҢ ҮШТАҒАНЫ: 

«КӨКСЕРЕК», «АҚ АЗУ», «ВИННИПЕГ ҚАСҚЫРЫ»

Мырзахметов А.Ә., оқытушы, ғылым магистрі,

Құсайынова И., студент,

Жарылғасын Ә., студент

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Жаһандық әдебиеттің бір бөлшегі ұлттық прозамыз басқа елдердің әдебиетімен бір жазықтықта 

өмір  сүре  отырып,  өзіндік  жаңалықтарын  ұсынуда.  Оларды  саралап  өзіндік  ерекшеліктерін  табу 

бүгінгі жаһандану әдебиеттануында аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл зерттеу мақаласының басты 

мақсаты – қазақ прозасы мен шетел әдебиетіндегі қасқыр образдарының үндестігін анықтау. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал