Аягөз ауданына



жүктеу 482.28 Kb.

бет1/4
Дата11.09.2017
өлшемі482.28 Kb.
  1   2   3   4

Аягөз ауданына

жаңа әкім

тағайындалды

1-бет


БЕЙСЕНБІ 

1 ҚАҢТАР 2015 ЖЫЛ            

Е-mail: ayagoz.zhanalyktary@mail.ru       

Ауданда


Жаңа жыл

мерекесі өтті

2-бет

Ардагерлерге -



құрмет

1-3-4-бет

РЕСМИ ЖАҢАЛЫҚ

ӘЛЕУМЕТ


ТАҒЗЫМ

ГАЗЕТ 1930 ЖЫЛДЫҢ 

4 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП 

ШЫҒА БАСТАДЫ

№ 1 (10401) 

Желтоқсан  айының  29-күні  Аягөз  аудандық  мәслихатының  кезектен  тыс 

сессиясы болып өтті. Сессияға 15 халық қалаулысының 12-і қатысты. 

Жиынға  төрағалық  еткен  депутат  Е.Саңқайбаев  депутаттарды  кезектен 

тыс өтіп отырған сессияның күн тәртібімен таныстырды. 

Күн  тәртібіндегі  бір  ғана  мәселе  «Аягөз  ауданының  әкімін  тағайындауға 

келісім беру туралы» екенін айтқан сессия төрағасы: 

-  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  87  бабына,  ҚР-ның  2001 

жылғы  23  қаңтардағы  №148  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және 

ҚР-сы Президентінің 2011 жылғы 19-мамырдағы №86 «Облыстық маңызы бар 

қалалар  мен  облыстар  аудандарының,  облыстық  маңызы  бар  қалалардағы 

аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен Астанадағы аудандардың 

әкімдерін  тағайындау,  өкілеттілігін  тоқтату  және  қызметтен  босату  тәртібі 

туралы» Жарлығына сәйкес аудандық мәслихаттың регламентіне байланысты 

Шығыс  Қазақстан  облысының  әкімі  Даниал  Ахметовтың  Аягөз  ауданы  әкімі 

лауазымына тағайындау туралы ұсынысымен таныстырды. 

Алғашқы  сөз  кезегін  алған  облыс  әкімінің  орынбасары  Дүйсенғазы 

Мағауянұлы Мусин: 

-  Аягөз  ауданының  бұрынғы  әкімі  Нұрбол  Нұрғалиев  басқа  қызметке 

ауысуына  байланысты  аудандық  мәслихаттың  сессиясына  аудан  әкімі 

қызметіне  Бақытжан  Кәкенқажыұлы  Байахметовтың  кандидатурасы 

ұсынылып  отырғанын  айтты.  Б.Байахметов  сіздер  келісім  берген  жағдайда 

осы қызметке кіріседі,--деді. 

Сессияға қатысқан депутаттар бірауыздан облыс басшысының ұсынысын 

қабылдады.  Депутаттар  атынан  сөз  алған  халық  қалаулысы  Н.Тоқтабаев 

ауданның жаңа басшысының қызметіне кірісуімен құттықтады. 

Шығыс  Қазақстан  облысы  әкімінің  орынбасары  Д.Мусин  халық 

қалаулыларына  облыс  басшысының  ұсынысын  қабылдағандарына  рахмет 

айтып,  Аягөздей  үлкен  ауданда  атқарылатын  жұмыстардың  өте  көлемді 

екеніне  жан-жақты  тоқталып,  Бақытжан  Кәкенқажыұлы  Байахметовтың 

алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі. 



Кезектен тыс сессия

Құрметті Аягөз ауданының 

тұрғындары! 

Сіздерді 

алда 

келе 

жатқан  2015-ші  Жаңа  жыл 

мерекесімен  шын  жүректен 

құттықтаймын! 

Жаңа 

жылда 

жаңа 

табыстарға 

жетіп, 

биік 

асулардан көріне берулеріңізге 

тілектеспін. Тәуелсіздігіміздің 

жаңа  есік  ашатын  қой  жылы 

жарқын  үміттер  мен  жақсы 

істерге  толы  болсын.  Жаңа 

жыл әр шаңыраққа құт-береке 

әкелсін.

Жайық Жұмаханов, 

Шығыс Қазақстан облыстық 

ауруханасының бас дәрігері, 

облыстық мәслихаттың 

депутаты. 

Құрметті жерлестерім, 

сайлаушыларым! 

Сіздерді  2015  Жаңа  жыл 

мерекелеріңізбен шын жүректен 

құттықтаймын.  Құттықтай 

отырып 

баршаңызға 

зор 

денсаулық,  отбасыларыңызға 

береке-бірлік, 

еңбектеріңізге 

жеміс 

тілеймін. 

Халқымыз 

үшін келер қой жылы жақсылық 

әкелер  жыл  болсын.  Еліміздің 

экономикасы 

өркендеп, 

тұрақтылығымыз сақталып, әр 

шаңырақтың  түтіні  тік  ұшып, 

халқымызға  нұр  үстіне  нұр 

жаусын. 

Рысбек Дүйсекеев, 

облыстық мәслихаттың 

депутаты, «Айгүл» ЖШС-нің 

директоры.



Құрметті ағайындар!

2015  жаңа  жыл—

үміт пен тілектердің 

о р ы н д а л а т ы н , 

қуаныш  пен  табыс-

қа  кенелетін,  бейбіт-

шілік 

пен 

игілік, 

парасат  пен  өсіп-

өркендеу 

жылы 

болсын!

Жаңа 

жыл 

әр 

шаңыраққа 

бақыт, 

қуаныш, 

береке 

әкелсін! 

А.А.Искаков, 

Аягөз локомотив 

жөндеу депосының 

директоры. 



Б.Б.Бейсебаев, 

кәсіподақ ұйымының 

төрағасы.

Құрметті аягөздіктер! 

Темір жол 

саласындағы 

әріптестеріміз, 

ардагерлер! 

Б а р ш а ң ы з д ы  

2015-Жаңа 

жылмен 

құттықтаймыз! 

Ә р қ а й с ы ң ы з ғ а 

және жанұяларыңызға 

мол  бақыт,  бақ  пен 

береке тілейміз. 

Б.Үмбетов, 

«Теміржолсу-Аягөз» 

ЖШС директоры. 

Г.А.Оспанова, 

кәсіподақ ұйымының 

төрайымы.

Құрметті Аягөз 

ауданының 

тұрғындары! 

Сіздерді 

Жаңа 

ж ы л д а р ы ң ы з б е н 

құттықтай  отырып 

толағай 

табыс, 

толайым 

бақыт, 

шаңырақтарыңызға 

шаттық тілейміз. 

Құрметпен: 

«Қамқор Вагон» 

ЖШС «Аягөз вагон 

жөндеу депосы» 

филиалының 

директоры, 

Р.Г. Жасоқбай, 

Кәсіподақ комитетінің 

төрайымы, 

А.С. Қалиева.

Аудан әкімі тағайындалды

29-желтоқсан күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс 

залында аудан активінің жиыны өтті. Жиынды Шығыс 

Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы 

Мағауянұлы Мусин ашты.  

-  Құрметті  аудан  активі,  әріптестер  бүгін  мен 

облыс  әкімінің  Астанада  жиналысы  болуына  орай 

Даниал  Кенжетайұлының  арнайы  тапсырмасымен 

орталарыңызға  кеп  отырмын.  Ауданның  бұрынғы 

әкімі 

Нұрбол 


Жолдаспекұлы 

Нұрғалиевтың 

басқа  қызметке  ауысуына  байланысты    жаңадан 

тағайындалған аудан әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы 

Байахметовпен  таныстырамын. 

Аягөз потенциалы үлкен аудан. Аймақ басшысы 

қолынан  іс  келеді  деген  сеніммен  осы  жердің 

тумасы,  жерлестеріңіз  Бақытжан  Кәкенқажыұлы 

Байахметовты  осы  орынға  лайықты  деп  таныды.  

Бақытжан  Кәкенқажыұлы    еңбек  жолын  қатардағы 

инженер-электриктен  бастап,  білімі  мен  іскерлігі 

алға  жетелеп  осы  саланы  басқарды.    Келесі 

кезек  аудан  әкімінің  орынбасары  сатысынан  өтіп 

өңірдің  экономикасының  дамуына  өзіндік  үлесін 

қосып,  мәселелерімен  терең  танысты.    Қазақстан 

Республикасы мәдениет және ақпарт министірлігінде 

де өнімді еңбек етіп, облыстық құрлыс басқармасында 

шыңдалды.  Сонан  соң  Аягөз  қаласының  әкімі 

ретінде    де  Нұрбол  Жолдаспекұылымен  бірге 

қызмет  жасады.  Көп  бастамалардың  басы  қасында 

өзі  жүрді.  Негізі  салынған  сол  жұмыстар  Бақытжан 

Кәкенқажыұлымен  де  ары  қарай  жалғасын  тауып, 

жаңа  сипатта  өркендей  беретініне  сенімім  мол. 

Ақырғы  қызметі  Ұлан  ауданының  әкімі  ретінде  де 

Б.Байахметов  өзін  жақсы  қырларынан  көрсетіп, 

сол  өңір  халқының  ыстық  ықыласына  бөленді. 

Біздің мақсатымыз да, мүддеміз де бір. Елбасының 

тапсырмаларын  орындауымыз  керек.  Жалғыз 

әкімнің  жұмыс  істеуі  ойдағыдай  нәтиже  бере 

алмайды.  Сондықтан  да  аудан  басшысына  қолдау 

көрсетіңіздер.

(Жалғасы 3-бетте).


2

№ 1 (10401) бейсенбі 1 қаңтар 2015 жыл.

Жастық  шағы  от  жалынға 

оранған  Ұлы  Отан  соғысына 

тура  келген  ағаларымыздың  бірі-

-Жұмағали  Оразбекұлы.  1925 

жылы 1-қаңтарда Аягөз ауданының 

Сергиополь  селосында  дүниеге 

келген  Жұмағали  аға  соғыс 

басталғанда  небәрі  8-сыныпта 

оқып жүрген еді. Мектеп жабылып, 

ол еңбекке араласуына тура келді. 

1943  жылдың  ақпан  айында 

Аягөз әскери комиссариаты Қызыл 

Армия қатарына шақырып, әскерге 

алынды. 


Бас 

қолбасшының 

резерв  Армиясының  артиллерия 

полкында  болды.  Ленинградты 

қоршаудан  азат  етуге,  Эстония, 

Латвия,  Литваны  жаудан  босату 

ұрыстарына қатысты. 

Соғыс  біткеннен  кейін  Бас 

қолбасшының 

бұйрығымен 

резервтегі 

Армия 


қайта 

жасақталып,  Қиыр  Шығыстағы 

кеңестік  мүйіске  жіберілді.  Жапон 

милитаристерінен 

азат 

етуге 


қатысты.  Ұлы  Отан  соғысында 

көрсеткен  ерлігі  мен  қайсарлығы 

үшін  II-дәрежелі  «Отан  соғысы» 

орденімен, 

медальдармен 

марапатталды. 

1950 

жылдың 


қаңтарына 

дейін  Армия  қатарында  болды, 

Коммунистік  партия  қатарына 

қабылданды.  Әскер  қатарынан 

босаған  соң  Аягөз  қаласына 

оралды. 


Аудандық 

комсомол 

комитетінің  статистика  бөлімінің 

меңгерушілігіне тағайындалды. 

1951  жылы  аудандық  партия 

комитетінің  шешімімен  ішкі  істер 

Департаменті  органына  қызметке 

жіберілді. 

Қапшағай, 

Үштөбе, 


Аягөз  станцияларында  еңбек  етті. 

Ташкенттегі  ішкі  істер  органдары 

мектебін 

бітірді. 

Қызметін 

қатардағы милиционерден бастап, 

Аягөз станциясы желілік ішкі істер 

бөлімінің  бастығы  лауазымымен 

аяқтап,  1970  жылы  зейнетке 

шықты. 


Ішкі 

істер 


органдарында 

қызмет  еткен  жылдары  Құрмет 

грамоталарымен,  медальдармен 

марапатталды. 1970 жылдан 1995 

жылға дейін Аягөз дистанциясында 

Ардагер 


шаңырағында - 

мереке 


кадр жөніндегі бастықтың көмекшісі 

болып еңбек етті. 

Зайыбы  Рысбүбі  апай  екеуі  11 

бала тәрбиелеп өсірді, бәріне білім 

алуларына  мүмкіндік    жасады. 

Өкінішке орай, 50 жыл бірге ғұмыр 

кешкен зайыбы өмірден өтіп кетті. 

Жұмағали  аға  бүгінде  балалары 

мен  30  немере,  20  шөбере 

ортасында  ардақты  әке,  қадірлі 

ата. 

Аягөз 


станциясының 

теміржолшы 

ардагерлерінің 

тораптық 

кеңесі 

Жұмағали 



Оразбекұлын  мерейлі  жасымен 

және  алда  келе  жатқан  Ұлы 

Жеңістің 

70 


жылдығымен 

құттықтайды.  Мықты  денсаулық, 

ұзақ ғұмыр, жанұясына молшылық 

пен береке тілейді. 



С.Акишев, 

Аягөз станциясы теміржолшы 

ардагерлердің тораптық кеңесінің 

төрағасы.

Аудан  әкімінің  2014  жылғы 

соңғы  отырысы  26  желтоқсанда 

өтті.  Әкімдік  отырысын  аудан 

әкімінің  орынбасары  С.Ысқақов 

ашып, жүргізді. 

Күн 


тәртібіндегі 

–«Аягөз 


ауданының орталық усадьба және 

тірек ауылдарын дамыту жөніндегі 

іс-шараларының 

орындалу 

барысы 

туралы» 


мәселесі 

бойынша  аудандық  экономика 

және 

бюджеттік 



жоспарлау 

бөлімінің басшысы А.Ахметжанова 

баяндама  жасады.  Баяндамашы 

алдымен, тірек ауылдарды дамыту 

іс-шараларының  орындалуынан 

бастады.  Мұнан  кейін,  кент  және 

барлық 

ауылдық 


округтерде 

жобаланған 

іс-шаралардың 

орындалуына тоқталды. 

Жалпы  ауданда  2014  жылға 

185 жоба жоспарланса, оның 107-

і  ғана    аяқталған.  Бұл  жобалар 

ішінде 


–ауыл 

шаруашылығы, 

кәсіпкерлік,  инфрақұрылым  және 

Аудан әкімдігінің отырысы

абаттандыру,  әлеуметтік  салалар 

мен  «Жұмыспен  қамту-2020» 

Бағдарламасы 

бойынша 


атқарылар жұмыстар бар. 

Баяндамашы 

аяқталмаған 

жобалар  себептерін  де  нақты 

айтып  өтті.  Сонымен  қатар, 

ауылдық  округ  әкімдеріне  2015 

жылдың 

1-сәуірінен 



бастап 

салық  түрлерін  жинап-тапсыру 

міндеттелетіні айтылды. 

Жер, 



мүлік, 

көлік, 


кәсіпкерліктен  түсетін  салықты 

жинайсыздар.  Неғұрлым  салық 

түсімі  көп  болса,  өздеріңізге 

жақсы,  ауылдық  округтің  дамуы 

соған  байланысты  болады,  яғни, 

1-сәуірден  бастап  түскен  салық 

өздеріңізге  қайтарып  беріледі,--

деп  толықтырды  аудан  әкімінің 

орынбасары С.Кенжебеков.

Әкімдіктің 

күн 

тәртібіндегі 



екі  ақпарат:  «Аягөз  ауданында 

мемлекеттік  активтерді  басқару 

бойынша 

атқаралып 

жатқан 

жұмыстардың  барысы  туралы»-



-аудандық 

қаржы 


бөлімінің 

басшысы  Т.Мүтаиров;  «Аудан 

бойынша  БАҚ-қа  жазылу  және 

Жаңа  жыл  мерекесіне  дайындық 

жұмыстарының жүргізілуі туралы»-

-аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Р.Қаирбаева  хабарлама 

жасады. 


Аудан 

әкімдігінің 

отырысы 

тыңдалған  мәселелер  бойынша 

тиісті қаулы қабылдады. 

Әкімдік  отырысы  салтанатты 

сәтпен  жалғасты.  «Нұр  Отан» 

партиясы  аудандық  филиалының 

Алғыс  хатымен  №3  орта  мектеп 

директоры  Г.Абуталипова,  ал 

мемлекеттік 

қызметкерлердің  

XV-аудандық  спартакиадасында 

I-орын  алған—Білім  бөлімі,  II-V 

орындарды 

иеленген—Аягөз 

қаласы  әкімі  аппаратына,  аудан 

әкімі  аппаратына,  Нарын  және 

Майлин 

ауылдық 


округтеріне 

Кубоктар мен дипломдарды аудан 

әкімінің  орынбасары  С.Ысқақов 

тапсырды. 

 

 

 



 

С.Сағындыққызы.

«Ақши  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  жанындағы  интернат» 

пен  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінің  оқытушысы  Б.Кәукенқызы, 

кітапханашы Т.Бейсембайқызының ұйымдастыруымен «Бір мектеп—бір 

кітап» акциясы болып өтті. Акцияға Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», 

«Басында Үшқараның» шығармалары таңдалынып алынды. 

Акция  барысында  жазушының  өмірі,  шығармашылығы,  отбасылық 

фотосуреттері, С.Мұратбеков жайлы ақын-жазушылардың пікірлері слайд 

арқылы көрсетіліп, таныстырылды. Оқушылар Аян тағдыры арқылы Ұлы 

Отан  соғысы  кезіндегі  балалардың  тағдырын  көз  алдарына  елестетті. 

Өздерінің  шығарма  жайлы  ой-пікірлерін  айтып,  ұнаған  үзінділерін 

мәнерлеп оқыды. 

 

 

 



 

Б.К. Садықова

Ақши орта мектебі, 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 

Бір мектеп — бір кітап

Елдің 

әлеуметтік-экономикалық 



дамуына  қосқан  елеулі  үлесі  үшін 

Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік  наградасына  ие  болған 

жерлестеріміз: 

«Ерен  еңбегі  үшін»  медалімен 

Ибраимов 

Серік 


Якупекұлы—

«Локомотив»  АҚ  «Ақтоғай  локомотив 

пайдалану  депосы»  филиалының 

директоры. 

«Шапағат»  медалімен  Жұмақанов 

Жанат  Жұмағалиұлы—«Стоматолог» 

ЖШС директоры. 

 

 



 

«Аягөз 


жолдары» 

мекемесінің 

бастығы  Асан  Қапайұлы  Шакиров 

Қазақстан Республикасының «Құрметті 

жолшы» атағына ие болды. 

 

 



Мыңбұлақ 

ауылдық 


округінің 

«Қуаныш» 

шаруа 

қожалығының 



басшысы Дулат Жакенбаев –Қазақстан 

Республикасы  Ауыл  шаруашылығы 

Министрлігінің  Құрмет  грамотасымен 

марапатталды. 

 

 

 



Кәсіпкер  Рысбек  Дүйсекеев  –

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

экономика 

Министрлігінің 

Құрмет 

грамотасымен марапатталды. 



 

 

 



Тәуелсіздік  мерекесінде  қалалық 

үйкомшарқұрылыс  КМҚ-ң  директоры 

Қ.Санақов,  «Теміржолсу-Аягөз»  ЖШС 

директоры  Б.Үмбетов,  Аягөз  балалар 

психоневрологиялық 

медициналық 

әлеуметтік  мекемесінің  тәрбиешісі 

Т.Ибраева,  «Аягөз  су»  КМК-ның 

слесарі  М.Балташев  аудан  әкімінің 

Грамотасымен марапатталды.  

 

 

 



Қаңтар  айында  аудан  әкімдігінде 

ситуациялық  орталық  ақпарат  жүйесі 

іске қосылды. 

 

 



 

Қаңтардың  1-нен  бастап  Аягөз 

қаласында 16 бейнекамера орнатылды. 

 

 



 

«Туған  жерге—тағзым»  акциясы 

аясында 

тәуелсіз 

Қазақстанның 

тұңғыш Сыртқы істер Министрі, Шығыс 

Қазақстан облысы мен Аягөз ауданының 

«Құрметті» 

азаматы, 

жерлесіміз 

Төлеутай  Сқақұлы  Сүлейменов  Аягөз 

ауданына  «Daewoo» автобусын сыйға 

тартты. (Бағасы 13 млн. 840 мың теңге). 

 

 



 

Ақпан 


айында 

Қазақстан 

Республикасының 

Парламент 

Сенатының  депутаты  С.В.Плотников 

Аягөзде болды. 

Аудан  әкімі  Ауған  соғысының 

аяқталғанына 

25 

жыл 


толуына 

орай—Ауған  соғысының  73  ардагер-

жауынгерін 

қабылдап, 

мерекелік 

медаль тапсырды. 

1675-1768 жылдар аралығында өмір 

сүрген  әйгілі  жырау,  даңқты  қолбасшы 

батыр 

Ақтанберді 



Сарыұлының 

салмағы 


10 

келіге 


жуықтайтын 

сауытын -- Семейдің облыстық тарихи 

өлкетану мұражайы Аягөз мұражайына 

тапсырды. 

Наурыз  айының  12-күні  қазақ 

күресінен 

1997-1998ж.ж. 

туған 


жасөспірімдер  арасында  республика 

чемпионаты Аягөз қаласында өтті. 



Жылдың 

айшықты 

мезеттері

Аудандық  аумақтық  әлеуметтік  орталық  өздеріне  келіп  жүретін 

жалғызілікті  ардагерлерге  Жаңа  жылдық  мереке  ұйымдастырып,  «Ақ 

ниет» мейрамханасында тамаша іс-шара өткізді. 

Мерекеге сай безендірілген Шыршаны, Аяз Ата мен Ақшақарды көрген 

қариялар балаша қуанды. Әсем ән ырғағымен тербеліп, билеген аналар 

мен  аталарымыз--әлеуметтік  орталық  қызметкерлері  ұйымдастырған 

түрлі ойындарға да белсене араласты. 

Орталық  басшысы  Г.Тоқтаболатова  ардагерлерді  Жаңа  жыл 

мерекесімен құттықтады. Орталықтағы мүмкіншілігі шектеулі балаларға 

демеушілік жасаған қариялар Тоқтархан-Майра Сарсеновтарға Алғыс хат 

тапсырды. 

Қала 

әкімінің 



балаларға 

арналған  жасыл  шырша  мерекесі 

желтоқсанның  28-і  күні  өтті.  Әсем 

безендірілген  шырша  маңына 

жиналған  балаларға  ертегілер 

елінен арнайы келген Аяз ата, Ақша 

қар, түлкі мен қасқыр, Баба Яга мен 

аң  патшасы  арыстан,  барлығы  да 

бірге ән салып, шыр айнала билеп, 

мерекенің  салтанатын  арттырды. 

Балалармен 

бірге 


Жасыл 

шыршаны  айналып,  қуаныштарын 

бөліскен  қала  әкімі  Руслан 

Мәулітқазыұлы Қасымжанов Жаңа 

жыл мерекесімен құттықтады. 

Тұрмысы төмен отбасыларынан 

шақырылған  100  балаға  қала 

әкімінің сыйлығы тапсырылды. 

 

 

 



 

С.Қарабекова.

Парламент 

депутатының сыйлығы

Жаңа жыл - әсіресе, балалар үшін ерекше мереке. Ертегі 

әлемінен келетін Аяз Ата мен Ақшақарды тағатсыздана күтіп, 

сыйлық алуға арнайы дайындалып, ән-билерін әзірлейді. 

Бала жүрегі алданбауы үшін ересектер қолдан келгеннің 

бәрін жасауға ұмтылады. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы 

Сабильянов жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде бала-

ларға сыйлықтар беріп келеді. Биыл да ауданның 

мүмкіншілігі шектеулі 151 балаларына Жаңа жылдық 

сыйлығын жіберіпті. 

Аягөз аудандық аумақтық орталықтың Жасыл 

шырша мерекесінде дөңгелене билеп, ән айтқан, би 

билеген балалары Аяз Ата мен Ақшақардан тәтті 

кәмпиттер алса, көңілді мереке соңында Нұртай ағалары-

ның сыйлығын алып қайтты.

Аудан әкімінің шыршасы

Желтоқсан айының 26-күні қалалық №1 орта

мектептің спорт залында аудан әкімінің дарын-

ды балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық 

жасыл шырша мерекелік шарасы өткізілді. 

Жаңа жыл шыршасына аудан мектептерінен 

100 оқушы шақырылды. 

Жаңа жыл шыршасына келген балаларды 

аудан әкімінің орынбасары Сейілбек Абиұрұлы

Ысқақов құттықтап: 

- Бәріңді де алда келе жатқан Жаңа 

жылдарыңмен құттықтаймын. Егеменді 

еліміздің ертеңі де, болашағы да сендер-

сіңдер. Сол себепті осы бастан сабақ-

тарыңды жақсы оқып, терең білім 

алуларың керек. Келешек өздеріңнің 

қолдарыңда. Сондықтан да, білімді де, 

білікті азаматтар болып өсіңдер. 

Жаңа жыл береке мен бірлік, елімізге 

байлық, Отанымызға тыныштық, 

әр отбасына шаттық пен қуаныш 

әкелсін,-деп ыстық лебізін білдірді. 

Мұнан соң балаларға арналған

мерекелік Жаңа жылдық көрініс-

тер ары қарай өз жалғасын 

тапты. Думанды мерекенің ең 

басты кейіпкерлері Аяз ата мен 

Ақшақар да жасыл шыршаның 

қасына келді. Шыршаны айнала 

жүріп ән айтып, би билеген өнерлі 

балаларға Аяз ата тәттілерін таратты. 

Сол сияқты, жасыл шырша мерекесіне 

шақырылған  дарынды  оқушылар  аудан  әкімінің  арнайы  сыйлықтарына 

ие болды. 

 

 

 



 

 

Өз тілшіміз.

Қала әкімінің Жаңа жыл 

шыршасы


Кел, Жаңа Жыл! 

Жаңа  жыл  мерекесін  өткізуге 

демеуші  болған  жеке  кәсіпкерлер: 

-- 


А.Тохтиев, 

Ж.Алдажаров, 

С.Хасенова,  Г.Нұрсадықова,  №24 

дәріхана ұжымына мың алғыс. 

 

 

 



 

Өз тілшіміз.

2015 - Жаңа 

жыл баршаңыздың 

жүректеріңізге жылулық 

шашып, бақ пен береке 

әкелсін! 



3

№ 1 (10401) бейсенбі 1 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының 

төрағасы,  бас  муфти  Ержан  қажы  Малғажыұлының 

бұйрығымен  Сайфуллин  Думан  Нәдірұлы  ШҚО, 

Семей  өңірі,  Аягөз    ауданының  бас  имамы  болып 

тағайындалды.  Осы  уақытқа  дейін  бас  имамдық 

қызмет  атқарып  келген  Чадаев  Маратхан  қажы 

Мұхтарханұлы  Алматы  қаласы,  Түрксіб  ауданы, 

Қайрат елді мекенінің мешітіне бас имамдық қызметке 

ауысты.  Семей  қалалық  орталық  мешітінен  келген 

наиб  имам  Серікқали  қажы  жұма  уағыз  –  насихатын 

айтып,  өкіл  имам  Мақсат  қажы  Алтыбай  мырзаның 

сәлемін  жеткізіп,  имамдардың  бұйрықтарын  оқып, 

істеріне  сәттілік  тіледі.  Аудан  әкімі  тарапынан 

Сейілбек  Абиұрұлы  Маратхан  қажыға  аудан  әкімінің 

Алғыс  хатын  табыс  етіп,  Думан  Нәдірұлына  жаңа 

қызметіне  табыс  тіледі.  Мешіт  жамағаты  арасынан 

ақсақал  бата  беріп,  наиб  имам  көпшілік  атынан 

Маратхан  қажының  иығына  шапан  жауып,  алғыс 

хат  пен  сый  табыс  етіп,  қос  имамға  «Алла  Тағала 

имамдарымыздың жаңа қызметтеріне береке берсін, 

асыл  дініміздің  өркенденуіне  өзіндік  үлестерін  қоса 

берулеріне  тілектеспіз»  -  деген  жүрек  жарды  лебізін 

білдірді. 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

Аягөз қалалық мешітіне 

жаңа имам тағайындалды

Сарыарқа    жалпы    білім    беретін    орта    мектебінде 

«Зорлық-зомбылықсыз  балалық  шақ»  республикалық 

акциясы аясында оқушыларға   салауатты өмір  салтын  

насихаттауда  7-10  сыныптар    аралығында  тәлімгер  

А.Жастабанованың  ұйымдастыруымен  «Біз    салауатты  

өмір  салтын  сақтаймыз!»  атты көңілді  тапқырлар  клубы  

(КВН) өтті. 

Ойын нәтижесінде  7-сынып «СПОРТ»  тобы  1-орын, 

10-сынып «Жігіттер»  тобы 2-орын, 9 “а” – сыныбы «103»  

тобы 3-орынға  ие  болып, мақтау  қағаздарымен,  9 ”б”-

сыныбы  «Әзілқойлар»  тобы    мен  8-сынып  «Базар  жоқ» 

командалары  номинациялармен  марапатталды.

Д.Шарипов, 

10-сынып оқушысы.

«Зорлық  –зомбылықсыз  және  қатыгездіксіз  балалық 

шақ»  республикалық  акциясы  аясында  Аягөз  аудандық 

ІІБ-нің  КТЖ  испекторы  полиция  капитаны  Бағдат 

Ахметбекұлының  қатысуымен  қалалық  қазақ  мектеп-

лицейінде  «Кәмелеттік  жасқа  толмағандар  арасындағы 

қылмыс  пен  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу» 

тақырыбында жиналыс өтілді.

Кездесуді  қорытындылаған    директордың  тәрбие  ісі 

жөніндегі  орынбасары  А.М.Нұрқамбаева  жасөспірімдер 

арасында  құқық  бұзушылықтың    алдын  алу  үнемі 

назарда  ұсталып,    кездесулер  мен  тәрбие  сағаттары 

жүйелі  өткізіліп  тұратынын,  бүгінгі    кездесу  де  бұл 

бағытта    өз  нәтижесін  береді  деп  сенетінін  айта  келе, 

кездесуді  өткізуге  атсалысқан  қатысушыларға  алғысын 

жеткізді.  Осы  тақырыптағы  әңгіме  жалпы  ата-аналар 

жиналысында жалғасын табатынын атап айтты.

                                        

Қ.М.Манасбаева, 

қалалық қазақ мектеп-лицей тәлімгері.

Акция аясындағы шаралар

В  этом  году  исполняется 

75  лет  сказке  «Волшебник 

Изумрудного 

города»  

известного 

советского 

писателя, 

 

драматурга, 



переводчика,  выходца  из 

Восточного 

Казахстана 

Александра Волкова. 

В честь  юбилея сказки  в 

КГУ  «ОСШ№7»  28    ноября 

2014  года  была  поставлена 

сказка 


«Волшебник 

Изумрудного города». Юные 

актеры-  учащиеся  3  «Б» 

класса  отлично  сыграли 

свои роли. Это мероприятие 

послужило    мотивом  к 

изучению 

литературного 

творчества писателя. 

Сказки 


Александра 

Дорогой сказок и легенд

Аудандық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен  мектеп  - лицейде 

ҚР Тәуелсіздік  күні  мерекесіне  арналған  «Менің Қазақстаным!» 

атты    аудандық    жас    суретшілер    байқауы    өткізілді.  15  орта  

мектептің    оқушылары    келіп,    сынға    түсті.  Жас    дарынды    табу  

үшін,  осындай  байқаулар  көп  өткізілсе,  сөзсіз  біздің  жастарымыз  

өмірді  суреттегі  ашық  бояулар сияқты  көріп, үлкен  өмірге  жақсы  

көзқараспен  қарайтыны айдан  анық. 

Жас  ерекшіліктері  болып, 3  топта  өнер  көрсетті: 1 – 4 кл, 5- 8 

кл және 9 – 11 кл.

  Байқау    қорытындысы    бойынша    1  –  4  класс    оқушылары  

арасында І орынды № 3 орта  мектебінің  оқушысы Ж.  Қайыртаева, 

ІІ  орынды  С.    Ғаббасов    атындағы  орта    мектебінің    оқушысы  М.  

Қажияхметов, ІІІ  орынды  Қ.Кәдіржанов  атындағы орта мектебінің 

оқушысы С.Амангельдиева иеленді. 

5  –  8    класс    оқушылары    арасында  І  орынды  Ақшәулі  орта  

мектебінің    оқушысы  А.    Жанатұлы,  ІІ  орынды  гимназияның 

оқушысы Е. Тлеуханов, ІІІ  орынды «Өнер» мектебінің  оқушысы Д. 

Қазақбаева  иеленді. 

9 - 11  класс  оқушылары  арасында І орынды лицей оқушысы Д.  

Мелісханова, ІІ орынды «Өнер» мектебінің  оқушысы М. Өміржанов, 

ІІІ  орынды А. Көшкімбаева атындағы  орта  мектебінің  оқушысы Қ. 

Абусағитов иеленді. 

Барлық    жеңімпаздар    мен    жүлдегерлер    аудандық    білім  

бөлімінің   мақтау  қағаздарымен  марапатталды.



С.Қарабекова.

«Менің  Қазақстаным!» 

жас суретшілер байқауы

Волкова  глубоки  и    многозначительны,  меняют 

жизнь  человека  к  лучшему.  А  незабываемая  сказка 

«Волшебник  Изумрудного  города»    учит  детей  и 

взрослых  мудрости,  сердечности  и    отваге,  и  самое 

главное -  ценить  дом и свою семью.



О.В.Алексеева, 

учитель начальных классов, заместитель 

директора по воспитательной работе.

***


Бүгінгі  таңда  Аягөз  аймақтық  ХҚКО 

халыққа ыңғайлы да қол жетімді заңды және 

жеке  тұлғаларға  ақылы  негізде  көрсететін, 

қызмет  алушыларға  дайын  құжатты 

соңынан бере отырып, құжаттар топтамасын 

қалыптастыру  қызмет  түрін  атқарып  отыр. 

Бұл қызмет түрі, уақыты жоқ, қолы үнемі бос 

болмай жүретін тұтынушыларға  өте тиімді. 

Яғни,  сіздер  үшін  жұмыстарыңызды  ХҚКО 

бітіріп береді. Ол үшін  осы қызмет түрлері 

бойынша жауапты тұлға Ахметжанова Кама 

Турангазыевнаға  немесе  Нурмухаметов 

Шалкар  Саламатовичке  заң  жүзінде 

жұмыстарыңызды  жүзеге  асыру  үшін 

нотариалды түрде сенім хат  қажет. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал