Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



жүктеу 465.56 Kb.

бет4/5
Дата07.05.2017
өлшемі465.56 Kb.
1   2   3   4   5

Т.КӨШЕМБАЙҰЛЫ,

   Сарқан көмекші мектеп-интернатының ұстазы.

Мектебіміздің ұстаздар қауымы оқушының 

жеке қабілетін дамыту үшін оқу бағдарламасын 

тереңдетіп  оқыту,  ертеден  оқыту  және 

оқушының    танымдық  белсенділігін  арт-

тыру  арқылы  жүзеге  асыруда.  Мұғалімдер 

оқушылардың білімге деген құштарлығын арт-

тыру мақсатында қазіргі заман  талабына сай 

инновациялық  технологияларды  сабақ  бары-

сында жүйелі жүзеге асыруда.

Қазіргі таңдағы жаппай жүзеге асып жатқан  

Кембридж  Университетінің  әдіс-тәсілдерін 

Абай  атындағы  мектеп-гимназия  мұғалімдері 

2011-2012  жылдан  бастап  өз  тәжірибелеріне 

кіргізді.

Ең  алғашқы  бастаманы  география  пәнінің 

мұғалімі  Берлібекова  Әсем,  қазақ  тілі  мен 

әдебиет  пәнінің  мұғалімі  Нұрғалиева  Әсел 

ІІІ – деңгейлік курсты бітіріп  7 модуль бойын-

ша оқушы мен білім сапасын көтеру үшін өте 

тиімді  екенінін  аудандық,  облыстық  семинар-

да  дәлелді  түрде  көрсетті,  өздерінің  соңынан 

коучтар  құрып  әдістемелік  кеңестің  жаңаша 

өтуіне өз ықпалдарын тигізіп те үлгерді.

2013  жылы  информатика  пәнінің  мұғалімі 

Сураумбетова Раушан, қазақ тілі мен  әдебиет 

пәнінің  мұғалімі  Арғынбаева  Аида,  бастауыш 

сынып мұғалімі  Бекболатова Дана І деңгейлік 

курстан  өтіп  мектептің  даму  жоспарына  өз 

үлестерін  қосты.  Мектепте  өткен  әрбір  коу-

чинг-  сессиялар  ұстаздар  қауымының  заман 

талабына  сай  білім  беруіне  жаңа  өзгерістер 

кіргізді.  Мектептегі  қандай  да  бір  білім 

саласындағы  күрделі  мәселелерді шешуге та-

маша жол ашты. Атап айтсақ, «Үлгерімі төмен 

сыныптардың білім сапасын көтеру жолдары», 

«Жас  маманға  жедел  көмек»,  «Ата-ананың 

білім сапасына қосар үлесі», «Функционалдық 

сауаттылықты  арттыру  жолдары»,  «Жолдауға 

қолдау» атты тақырыптарда топтық жұмыстар  

арқылы  жүзеге асып жатты. 

Тың 


идея, 

тың 


серпілісті 

шебер 


ұйымдастыра    білетін  А.Арғынбаева  мен 

Д.Бекболатованың 

іс-тәжірибесін 

барлық 


бірлестіктер өз тәжірибелеріне қосып, білім са-

пасы үшін қолдануда.

ІІІ  деңгейлік  курстан  өткен  математи-

ка  пәнінің  мұғалімі  Б.Сыдықбаева,  тарих 

пәнінің  мұғалімі    Ғ.Оспанова,  география 

пәнінің  мұғалімі  Д.Урумбазарова,  информа-

тика  пәнінің  мұғалімі    Е.Утаршиева,  бастау-

ыш  сынып  мұғалімдері    Ш.Құрманғалиева, 

Д.Жолдасбаева,  биология  пәнінің  мұғалімі  

С.Аязбаевалардың  әрбір  сабағы  өте  тар-

тымды  өтіп,  қауымдастық  отырысын-

да    талқыланды.  Біздің  мектепте  жаңаша 

өтетін  коучинг  –  семинарларына  аудан  

мектептерінің    мұғалімдері  де    қатысуы 

дәстүрге айналды. 

Коучингтердің  мақсаты:  мұғалімдердің 

құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің 

кәсіби дамуына ықпал ету үшін коучинг және 

тәлімгерлік  тәжірибе  қалыптастыру.  Тиімді 

жері-  әрбір  жұмыста    рефлексивтік  ойлауын 

дамытып,  шешуі  керек  мәселелерге  және 

7  модульді  ықпалдастырылған  сабақтар 

топтамасы 

жоспарланады, 

мұғалімнің 

педагогикалық  тәжірибесінің    жаңаша  

толығуына ықпал етеді.

Ең негізгі психологиялық ахуал жақсарып, 

ынтамақтастық    артып,  ұстаздардың    тың 

пікірлерінің    айқындығын  көргенде  осы 

әдістердің өте тиімді екеніне көз жетеді.

Осы  әдісті жүйелі қолға алған бастауыш 

сынып  бірлестігі  мен  шет  тілдер  бірлестігі 

тоқсанның  «Үздік  бірлестігі»  номинациясына 

ие  болды.  Білім  мен  ғылым  жолында  жаңа 

көзқараспен  үлкен  жобаны  іске  асыруда 

басшылық жасап отырған мектеп директоры 

Есенгулова  Нурзиля  Бақытжанқызының  та-

лабы да жоғары. Қандай қиындықтың болса 

да  жолын    табу  үшін  ертеңгі  күнге,  білімді 

ұстаздарына үлкен сеніммен қарайды.

У.СМАХАНОВА,

Абай атындағы мектеп-гимназиясы  

директорының ғылыми әдістемелік 

жұмыс жөніндегі орынбасары. 

                              



А

заттықты аңсаған қазақ халқының 

асыл  арманының  орындалғанына 

да  23  жыл  толды.  Осы  сындарлы  шақта 

елдің  елдігін  сақтап  қалу,  ұлттың 

еңсесін  тіктеу,  халықтың  сенімін  ақтау 

аса  күрделі  іс  болатын.  Сол  аса  күрделі 

кезеңде Н.Ә.Назарбаевтай көреген басшы 

салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты 

сүріндірмей сара жолға шығарды.  Мемле-

кет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы 

жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  

Қазақстан  халқына  дәстүрлі  Жолдауын-

да биылғы жылы атқарылуы тиіс негізгі 

бағыттар  мен  міндеттер  айқындалды. 

Соның ішінде Тәуелсіздіктің 23 жылдығын, 

Ата  Заңымыз  бен  Қазақстан  халықтар 

Ассамблеясының  20  жылдығын,  Қазақ 

хандығының  550  жылдығын,  Ұлы  Отан 

соғысының  70  жылдығын  ел  болып 

жоғары  деңгейде  атап  өту  мәселесіне 

ерекше мән берілді. 

Тәуелсіздік  –  тәңірдің  біздің  ұрпаққа  бер-

ген  үлкен  бақыты,  халқымыздың  мәңгілік 

құндылығы.  Біз  бүгінге  дейінгі  барлық 

жетістіктерімізге  Тәуелсіздіктің  арқасында 

қол  жеткіздік.  Жиырма  үш  жыл  ішінде  елдің 



Әлем өзгеруімен біз де өзгере

міз

Igiman01@mail.ru

Болашақта  өркениеті  дамыған  елдер 

қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай 

білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған  бәсекеге 

қабілетті  елу  елдің  қатарына  жеткізетін, 

терезесін  тең  ететін-білім.  Сондықтан  қазіргі 

даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында 

оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесін 

қойып  отыр.  Жаңа  технологияны  меңгеруде 

мұғалімнің  жан-жақты  білімі  қажет.  Қазіргі 

мұғалім: Жаңаша ойлау жүйесін меңгере ала-

тын, оқушымен тез тіл табыса алатын, білімді, 

шебер, іскер болуы тиіс. Ұстаз білімдарлығы, 

адамгершілік  пен  әділдігін,  адалдығы  мен 

шыдамдылығы, тапқырлығы мен қамқорлығын 

оқушы  бойына  дарыта  отырып,  білім  алуда 

жақсы жетістікке жетуге болады. Болашақтың 

бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адам-

зат  қоғамын  алға  апаратын  күш  тек  білімде 

ғана.  Қай  елдің  болмасын  өсіп  өркендеуі, 

өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  оның 

ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  дамыту 

бағытына байланысты. Біз, ұстаздар қауымы, 

қандай  болмасын  жаңалыққа  құлақ  түре 

жүретініміз  анық.  Жаңа  технологияларды 

сабақта қолданудың тиімділігін қашанда алға 

қоярымыз анық. 

Баланы  ерте  жастан  сыни  тұрғыда 

ойлауға  үйрету  үшін  ең  оңтайлы  тәсіл, 

балалардың  жеке  басының  тәжірибесіндегі 

дәлелдерге  мән  беруге  ынталандыру.  Ол 

үшін  біз  балалардың  қызығушылығын  оятып, 

олардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдыларын 

дамыту  үшін  қолдануға  болатынын  білдім.  

Мысалы:  ертегілер  мен  қызықты  әңгімелер, 

өлеңдер,  мысалдар,  мәтін  де  жеткілікті. 

Оқушылардың  өз  беттерімен  түсініп  оқып, 

қолдануы 

көзделген. 

 

Бағдарламаның 



жеті  модулі  тәжірибеме  оң  әсер  көрсетті. 

Сондықтан  да  мен  бірінші  «Бетпе-бет» 

кезеңінде  алған  теориялық  біліміме  сүйеніп 

және «Блум таксономиясын» басшылыққа ала 

отырып, іс-тәжірибеге жеті модульдің бірі сыни 

тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қарастыруға 

ұйғардым.  Өйткені  мен  ойлаймын,  осы  жеті 

модульдің мендегі ең негізгісі -сыни тұрғыдан 

ойлау  қажет.  Осы  бір  модульмен  басқа  да 

модульдер  бір-бірімен  байланысып  ұштасып 



Жаңашыл мұғалім болу маңызды

Тәуелсіздік 

мерекесінің 

қар-


саңында  Екіаша  ауылдық  округінің  

әжелер алқасының  ұйымдастыруымен  

«Тәуелсіздік –құдайдың берген сыйы» 

деген  атпен аға буын өкілдерімен кез-

десу өтті. Бұл іс-шараның мақсаты жас 

буынға    тәуелсіздігінің  қадір-қасиетін 

терең  таныту, бостандықтың қазақ елі 

үшін  қымбаттылығын  ұқтыру    болды. 

Бұл  кездесуге  күш  қуаттары    барла-

рында  еңбек  еткен,  маңдайларының 

ащы терін төккен  сол кездегі «Семи-

речье»  колхозының миллионер колхоз 

болуына атсалысқан  азаматтар  қатысты. Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігін  жариялауы 

қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға  болғаны  туралы  Атутанов Берекелі ата 

баяндап  берді.  Тәуелсіздік      бізге  не  берді?    Бүгінгі    деңгейге    қалай  жеттік?  Бұрын  Қазақстан 

қандай  еді?  Қазір  қандай    деңгейде?  Ұтқанымыз  не?  Деген  сияқты    сауалдарға    Бәйдилдинов 

Көшербай,  Догоманова  Күләш,  Сабикенова  Базира  т.б.  ата  -әжелеріміз    өз  ойларын    айтты. 

«Еліміздің  мерейі  өсіп,  даңқы    аспандаған  осы  күнге  мың  да  бір  тәубе,-  »  деді    қарттарымыз. 

Кездесуді  қорытындылаған  ауыл  әкімі  –Естеуов  Мұрат  Қасымбекұлы:  Тәуелсіз  Қазақстанның  

қалыптасуынан бастап мемлекеттің даму жолы Елбасы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, 

тәуелсіздіктің  арқасында    еңбеккер  жұрттың  тұрмысы    түзеліп,  жағдайлары    жылдан  –жылға 

жақсарып  келе  жатыр  ,-деді.    Кездесуге  орта  буын  өкілдері  мен  жастар  қатысты.  Бұл  кездесу   

тәуелсіз қазақ елінің болашағы -  жастар үшін  тағылымы мол кездесу  болды.

Нұрсара ИСАЕВА, 

 Екіаша ауылдық округінің әжелер  алқасының  төрайымы.

Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!

әл-ауқаты  көтеріліп,  төл  мәдениетіміз  бен 

мемлекеттік  тіліміз  дамуда.  Елімізде  білім, 

ғылым,  денсаулық,  спорт  салалары  айрықша 

даму  үстінде.  Сондықтан    тәуелсіздіктің  23 

жылдығы  қарсаңында  Сарқан  гуманитарлық 

колледж  білімгерлерін    отанды,  елді,  жерді 

сүюге,  туған  ел  тарихын  білуге,  еліміздің 

мемлекеттік рәміздерін құрметтеп қастерлеуге 

тәрбиелеу  мақсатында  желтоқсан  айының 

03  -12  күндері  аралығында      топ  кураторла-

ры  “Тәуелсіздік  –  ата  баба  арманы,  ұрпақтар 

үшін  ақиқат”  атты  тақырыпта  топ  сағаттары,  

10  желтоқсан  күні  студенттік  кеңестің 

ұйымдастыруымен    “Біз  жастар  Тәуелсіз 

Қазақстанның - болашағымыз” атты тақырыпта  

дөңгелек  үстел,  11-желтоқсан  күні  103  А  топ 

кураторы  Н.Садыкованың  ұйымдастыруымен 

«Тәуелсіз  қазақ  елі:  Бірлігіміз  бен  ырысымыз 

сарқылмасын»  жастар  акциясы,  “Егеменді 

еліміздің еңсесі биік болсын ” атты тақырыпта 

сурет,    «Елімнің  еркіндігі  -  Тәуелсіздік!»  атты 

тақырыпта    кітап  көрмелері,      12  желтоқсан 

күні    201  ХК  топ  кураторы  Н.Дүкейханның 

ұйымдастыруымен  “Тәуелсіздік  деп  соғады 

жүрегіміз»  атты  тақырыпта  колледжішілік  іс-

шаралар    ұйымдастырылды.    12  желтоқсан 

күні   өткізілген концерттік бағдарламада  кол-

ледж  директорының  оқу  ісі  жөніндегі    орын-

басары  О.Ракитянская,  «Сарқан    аудандық 

ішкі  саясат  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің 

басшысы  М.Түсіпов,    облыстық  «Жас  Сар-

баз»  әскери  патриоттық  тәрбие  беру 

орталығының    жетекшісі    Д.Боранбаев, 

«Сарқан  ауданының  жастары»  филиалының 

жетекшісі 

Д.Каипов 

қатысып 


колледж 

білімгерлері  мен  оқытушыларын  мерекемен 

құттықтап,  білімгерлердің  рухани  патриоттық 

сезімдерін  оята  отырып,  тәуелсіздіктің  тари-

хы мен жетістіктері туралы өз ойларын ортаға 

салды. Халқымыз ежелден заңға, тәртіпке аса 

мән  бере  білген.  Бабаларымыздың  «Қасым 

ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», 

Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы»  сияқты  өте 

маңызды ереже-заңдары болғаны баршамызға 

аян. Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін 

айтып,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін 

тауып, ердің құнын, нардың пұлын екі-ақ ауыз 

сөзбен таразылаған би, шешендер елдің небір 

содыры  мен  тентегін  тоқтатып,  шекіскенді 

бітістіріп,  араздасқанды  татуластырған.  Де-

мек, кең байтақ жерімізді ежелден мекендеген 

халқымыз  әділдік  пен  адалдықты  әрқашан  ту 

етіп, әділ де сындарлы заңы бар өркениетті ел 

болуға ұмтылған. Енді тәуелсіздігін алып, азат 

атанып, көк туын тік ұстаған Қазақ елі  өз Ата 

Заңы бар құқықтық мемлекет.  

Міне, 

осы 


іс-шаралардың 

барлығы 


еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, жастардың ру-

хани  патриоттық  сезімдерін  оятуға,  Қазақстан 

Республикасының білімді де, тәрбиелі азамат-

тары  болуға,  құқықтары  мен  бостандықтарын 

қорғауға бағытталған.

Б.НУРМОЛДИНА,

Сарқан гуманитарлық колледжінің  

директордың тәрбие ісі жөніндегі  

орынбасары.

Тағылымы  мол кездесу


"

1 қаңтар 2015 жыл

7

Igiman01@mail.ru



Жексенбі-Воскресенье 2 қараша

Бізде жаңа тауарлар! Өз қаламыздан 

сапалы  жиһаздар  алғыңыз  келсе 

«Асемгүл» дүкеніне келіңіз. "Хоум кредит 

банкі"  және  "Еуразиялық  банк",  "Альфа 

банк"    арқылы  несиеге  жиһаздар  ала 

аласыз.  Алғаш  рет  Сарқан  қаласында 

"Каспий  банкі"  арқылы  6  айдан  9  айға 

дейін  пайызсыз  тауар  ала  аласыздар. 

"Хоум  кредит"  банкі  және  "Еуразиялық 

банкі"  арқылы  зейнеткерлерге,  ІІ,  ІІІ 

топтағы  мүгедектерге  барлық  тауарлар-

ды  несиеге  рәсімдейміз.  Сонымен  бірге 

алған тауарларыңызды несиеге рәсімдеу 

бірден  аталмыш  дүкенде  жүргізілетінін 

хабарлаймыз. Бізде  жоғары сапалы,  кең 

көлемді  тұрмыстық  техникалар  (теледи-

дар, кір жуатын машина, компьютер, ноут-

бук, ұялы телефондар, планшеттер және 

т.б.) бар.   Бізден тауар  алсаңыз қаланың 

ішінде  жиһазды  тегін  жинап,  үйіңізге 

тегін  жеткіземіз.  Жұмсақ  жиһаздарға, 

ноутбуктарға,  тұрмыстық  техникаларға 

10  %  жеңілдіктер  бар.  Кез-келген 

тауардың құнын қарыз түрінде 2 бөлікке 

бөліп  төлеуге  болады.  Жиһаз  фурниту-

ралары  сатылады.    Хабарласыңыздар: 

Сарқан  қаласы,  «ТурКа»  ұн  диірмені, 

2-қабат. Тел: 2-19-73, ұялы:  8 701 306 6663  

Айгүл, 8 702 9107124 Нази.

Құрметті аудан 

тұрғындары!

У нас новое поступление! Чтобы при-

обрести качественную мебель приходите 

в магазин «Асемгуль». Через банки "Хоум 

кредит" , "Евразийский" и "Альфа банк" 

можете получить мебель в кредит. Впер-

вые в городе Саркан оформление товара 

через "Каспий банк" ведется без процен-

тов  от  6-  до  9-ти  месяцев.    Через  "Хоум 

кредит" и "Евразийский банк" оформля-

ем кредиты пенсионерам, инвалидам ІІ и 

ІІІ группы.  А также сообщаем что оформ-

ление кредита на товары производится в 

данном магазине.  У нас в наличии высо-

кокачественные  бытовые  техники  (теле-

визор,  стиральная  машина,  компьютер, 

ноутбук, сотовые телефоны, планшеты). 

Если приобретете у нас товар то сборка 

мебели и доставка по городу бесплатна. 

На  мягкую  мебель,  ноутбуки  и  на  быто-

вую технику 10% скидка.  Любой товар вы 

можете  приобрести  без  процента  в  рас-

срочку. Продается мебельная фурнитура.   

Обращаться по  адресу: г. Саркан, мель-

ница    «ТурКа»,  2-этаж.  Тел:  2-19-73,  сот: 

8701 306 6663 Айгуль, 8 702 9107124 Нази.

Уважаемые 

жители  района!

Срочно  продам  дом.  В  доме  имеется 

летняя  кухня,  баня,  гараж,  вода.  Обра-

щаться по тел. 87015650161, 87789609473.

Әкімшілік жауаптылық

Сарқан  аудандық  сотында    2014  жылдың  1-қаңтардан  26-қарашаға    дейін  барлығы  62 

әкімшілік  іс    жүргізушінің  мас  күйінде  көлік  құралын  басқаруы  бойынша  ҚР  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы Кодексінің  467 – бабының 1- бабымен   қаралды. Осы 62 әкімшілік іс бой-

ынша 2 (екі) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы 21 құқық бұзушыға, 

ал 3 (үш) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы 41 құқық бұзушыға 

қолданылды. 

Жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы жөніндегі  ҚР әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы Кодексінің  467 – бабына  17 сәуірде 2014 жылы өзгерістер енгізіліп,  тағайындалатын 

көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасының мерзімі үш жылға дейін өзгертілгенмен, 

мас  күйінде  көлік  құралдарын  басқаратын  адамдардың  саны  азаймай    келеді.  Мұның  өзі 

қоғамға өте қауіпті екені белгілі. Сондықтан  жүргізушілер көлік құралдарын басқару кезінде  

өте абай болғаны жөн.

 

А.ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,



аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы.  

Менің мамандығым – 

Отанды қорғау

Мен  кішкентайымнан  әскербасы,  қолбасшы  болғым  келетін. 

Бастауыш  мектепте  мен  әскери  тактикаға,  стратегияларға  құмар 

болатынмын.  Тіпті,  достарыммен  бірге  соғыс  ойынын  ойнайтын-

мын.  Оның  өзіндік  жоспары  болатын.  Түрлі-түрлі  көне  заманның 

қару-жарақтарын  қолдан  жасайтынмын.  Садақ,  қылыш,  қалқан, 

тіпті, сауытқа дейін қолдан соғатынмын.Бала кездегі әскери соғыс 

ойындарын  ойнай  жүріп,  ойыма  әскери  адам  болып,  Отанымды 

қорғасам  деген  көзқарас  туды.  Отанын  қорғауды  армандайтын 

кішкентай  арманшыл  жандардың  бірі  мен  едім.  Бала  кезде  түрлі 

ойын  ойнап  дене  жетілді,  мұнда  ойымыз  да  жетілуде.  Мысалға, 

екінші  дүниежүзілік  соғыста  қаншама  адамдар  әскер  қатарына 

алынды.  Осы  соғыста  тамаша  ерлік  көрсетіп,  батыр  атанған, 

тіпті, Кеңес Одағының батыры деген атаққа ие болған жандардың 

тактикалық  дайындығы  мықты  болған.  Бауыржан  Момышұлы 

қазақтың  батыры,  Халық  Қаһарманы,  өз  жері  мен  елі  үшін  жан 

қиярлықпен шайқасқан батыр болған.  Ол  әдісіңе ақылыңды серік ет 

дейді, яғни жүректілікпен қатар  ептілік, әдіс-айла да негізгі шешуші 

нәрсе деп білген. А.Суворов айтқандай, «Тяжело в учении, легко 

в бою» деген сөздің астарында не жатыр? Менің әскери өмірдегі 

кумирім – осы лицейдің басшысы генерал-майор С.Тауланов. Ол  

-  осы  өмірдің  барлық  қиындықтарын  жеңген  адам.  Ол-  Қазақстан 

Қарулы  Күштерінің  құрылуына  зор  үлес  қосқан  адам.  Сондықтан 

айтарым,  әскер  –  мемлекет  тірегі,  ал  әскер  біз  сияқты  халықтан 

шыққан  патриоттардан  тұрса,  онда  біз  мәңгі  жасайтын  мемлекет 

боламыз.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың 

офицерлерге Жолдауында: «Армия – біздің егеменді еліміздің берік 

қалқаны. Армияның тәртібі ауыр деседі, бірақ бұл ауыртпалық – ел 

қорғау бейнеті, қиыншылық бейнеті емес. Сіздердің қызметтеріңіз 

–  еліміздің  тәуелсіздігінің,  Қазақстанның  әр  шаңырағының 

тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі». Армияны нық ұстап тұру 

– тек қасиетті борыш емес, зор мәртебе! Сондықтан менің айтарым 

–  әскери  адам  болу  арманыма  қол  жеткізуіме  «Арыстан»  лицейі 

негізін қаламақшы. Мен үшін әлемдегі ең жақсы мамандық – Отан 

қорғау!

Мағжан БИМОЛДАН,

мамандандырылған «Арыстан» лицейінің  

10-сынып оқушысы.

Ел  өміріндегі  елеулі  мереке 

тәуелсіздік  мерекесі  қарсаңында 

аудандық 

орталық 

кітапхана 

«ТӘУЕЛСІЗДІК-тәңірдің 

бер-


ген  сыйы»  атты  кітап  көрмесін 

ұйымдастырып,  келушілер  на-

зарына 

тақырыпқа 



арналған 

фото  суреттер  ұсынды.  Аталмыш 

көрмені  кітапхана  қызметкерлері: 

Анар 


Молдағалиева 

ұйым-


дастырып,  Лаура  Кулумбетова 

библиографиялық шолу өткізді.  

Осы  кезеңде  Қазақстанды 

дүние  дидарындағы  ең  мықты 

мемлекеттер  танитындай,  сый-

лайтындай  деңгейге  жеткізген  

Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып 

өтеміз.  Тәуелсіздік  мейрамы  еліміздің  барлық  азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке  себебі, 

осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен 

өтті. Кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты ба-

стан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін 

үзбеді. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан 

аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан 

далада,  егіні  теңіздей  толқыған,  төрт  түлігі  өрбіген,  өндірісі  өркендеген  мекенде  өмір  сүруші 

әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Міне осындай ұмытылмас сәттер мен кезеңдер өз бейнесін тапқан көрменің жас буынға берері 

мол. 

А.СЕЙПОЛДИНА,

Сарқан аудандық кітапхана әдіскері. 

Ұстаздың  шеберлігі 

- талантты қажет ететін 

ерекше  бір  өнер  емес, 

бірақ,  ол  басқа  да  ма-

мандарды  шеберлікке 

үйретуде  керек  бола-

тын  мамандық.  Жас 

ұрпақ 

тәрбиесіне 



бүкіл 

ғұмыры 


мен 

қажыр-қайратын  және 

бойындағы 

асыл 


сезімдерін  бағыттаған 

мұғалімдерді  ерекше 

айтуға  болады.  Абай 

атамыздың:  «Ақырын 

жүріп анық бас, Еңбегін 

кетпес  далаға.  Ұстаздық  еткен  жалықпас, 

Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім 

үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының 

данышпаны  болу  бір  күнде  пайда  болатын 

дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір 

бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін 

мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық 

нәтижеге  жетуге  болады.  Осындай  шебер 

ұстаздар біздің ортамызда да бар.

Ақын  Сара  атындағы  орта  мектебінде 

тәлімгер  ұстаз  Самал  Құрманғалиевнаның  

ұйымдастыруымен  жас  ұстаздарға  арналған  

«Квиллинг» тақырыбында оқушылармен  ашық 

сабағы өтті. Ұстаз сабақта қазіргі оқытудың жаңа 

әдіс - тәсілдерін  орынды қолданды, аз сөйлеп, 

көп білім мен тәрбие берді. Сабақ барысында 

оқушылар өздерінің білімдерін,  еңбексүйгіштік  

қасиеттерін,  сөйлеу  шеберліктерін  жақсы 

байқатты,  мұғалім  тарапынан  берілген  тап-

сырмаларды жақсы меңгерді. Қағазбен жұмыс 

жүргізудің түрлерін атап  көрсетіп, оны бүктеу, 

қию  арқылы  әсем  заттар  жасауға  болатынын 

дәлелдей білді.                      

Аталмыш  сабаққа  қатысу  барысында  мен 

жас маман ретінде еңбек пәні басқа пәндермен 

тығыз  байланысы  бар  екенін  ойға  түйдім 

және  оны  тиімді  қолдана  білу  шәкірттерге 

ерекше  әсер  беретіндігін  байқадым.  Осын-

дай  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай 

қабылдайтын,  шәкіртінің  жанына  нұр  құйып, 

өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де сол 

бақытқа  жеткізсем  деген  әріптесіміз  Самал 

Құрманғалиевнаның  еңбегі    қашанда  елеулі 

екендігін атап кеткім келеді.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал