Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



жүктеу 465.56 Kb.

бет3/5
Дата07.05.2017
өлшемі465.56 Kb.
1   2   3   4   5

(Баспасөз  материалдары  бойынша 

дайындалды). 

Жеткен бүгін атағы, сазы алысқа,

Атамекен, бай өлкем Қазақстан.

Ерлерің бар жасын боп егілмеген,

Жерің байтақ, дархан тас, елің кенен.

Ортамда өсіп тұр ғой бақша-бауым,

Дән сеуіп, тұқым алып қорек еткен.

Жеріңнің құнарынан талай қауым,

Малың бар төскейіңде қаптап жүрген.

Қадыр-қасиетіңді халқың білген,

Мен дағы қасиетіңе бас ұрамын,

Сырымды қалай ғана жасырамын.

Ескінің салт-дәстүрін сағынып жүр,

Әулие-әмбиеге табынып жүр.

Аруақты ардақты ата-бабалардың,

Қашанда қасиетіңе сиынып жүр.

Сөз айтпа бет алды сен көңілдегі,

Қолдайды әрқашан да аруақ сені.

Қорықса да, қуанса да сиынатын.

Қолда деп аруаққа мұсылман тегі.

Әулие ақын, батыр аналар бар,

Қазақта данышпан да даналар бар.

Кезінде атын жерге көміп тастап,

Дәл бүгін жүргендер бар оларға зар.

Әркімнің өзіне сай талабы бар,

Әркімнің өзіне сай заманы бар.

Білгенге иман діннің ибағаты,

Төрден орын алардай сабағы бар.

Қаратау Қысқаш таумен жалғас екен,

Баурайы бабаларға болған мекен.

Жетісу жер ананың құшағында,

Әулие жеті бабам қоныс екен.

Әулие бабам бірі жатыр Бәйтік,

Аузынан тастамайды халқым айтып,

Сиынып аруағына жылай келіп,

Қуанып халқым жатыр сауығып қайтып.

Түсіріп жеті пері көк әлемнен,

Тараған аты елге, бар әлемге,

Ұлы елге ұлылықпен болған пана.

Бұл өзі Тілеукеұлы Бәйтік баба.

Аң-құсың, өзен-суың бәрі қымбат,

Жатқан жоқ бабаларым мұны бұлдап.

Бір атым насыбайдай топырағың,

Алтынмен теңдеспейді бұл да қымбат.

Адам да топырақтан жаралады,

Жер-ана топырағынан нәр алады.

Жүргенмен бүгін тірі, ертең ғайып,

Құшағына жер-ананың оралады.

Теңіздей толқып жатқан көңілім бар,

Әлі де көретұғын өмірім бар.

Бастайын Әулие атам енді бірін,

Жырлаған талай ақын халқым бұрын.

Әулие бабам бірі Көтентәуіп,

Айып па пайғамбарым десем танып.

Бас ұрып мұқтаждықпен жылап барсаң,

Қайтасың қуанышпен көңіл сауық.

Әулие бұл бабам да қолдап жүрген

Халқымды аруағымен қолдап жүрген.

Әулием қобызшы да, өзі ұста,

Шығыпты аты әлемге сол бір тұста.

Шыққанда қобыз даусы күңіреніп,

Тұрғандай барлық әлем тебіреніп.

Барады күнде өтіп дүние жалған,

Бәйгеге қобыз қосу сізден қалған.

Бар ма еді бұдан бұрын аталарда,

Бәйгеге қобыз қосып жүлде алған.

Арқаның арғы бетін араладың,

Көп іздеп қобызға ағаш параладың.

Мәуелік зәулім ағаш өссе-дағы,

Қобызға жарамас деп қарамадың.

«Арқада өсіп тұрған қос ағаш бар,

Біреуін шауып кеттім белгі салып.

Ағып тұр қос ағаштың қара қаны,

Соны ал қобызына жарағаны»

деді де ғайып болды сол бір адам,

Оянса түсі екен, көргені аян.

Сол жайлы пікірлескен сөз болыпты,

Алдынан қара ағаш кез болыпты.

Өзі де әсем сұлу өскен екен,

Осылай Арқа ағашын кескен екен.

Қобыздың күңіренген үні шығып,

Құлапты сол бір ағаш құлаш ұрып.

Жасаған сол ағаштан қобыз ойып,

Қасыңа неше түрлі шебер қойып.

Емдеген қобыз шертіп науқастарын,

Ол дағы бойға қонған үлкен дарын.

Алалап бай-кедей деп жіктемеген,

Жақсыны жаманды да түптемеген.

Мыңнан бір кезігеді-ау мұндай адам,

Иманың жолдас болсын Тәуіп атам.



Жанбота САЯСИҰЛЫ.

Жақсының 

аты өлмейді

(Әулие бабам Көтентәуіп 

Қоңырбайұлының рухына)


1 қаңтар  2015 жыл

Igiman01@mail.ru

5

Ия,  бұл  шақ  балаларының  жемісін  жеп, 



қызығын  көрер,  немеренің  ортасында  бал-

бұл  жанып  бақытқа  кенелер  шағы  еді.  Міне 

кеше  ғана  көз  алдымызда  асқар  таудай, 

Хантәңірідей  биік,  еңбегімен  ер  атанған,  ел 

тірегі  болған,  қайырымды  ел  ағасы,  өмірдің 

қызығы  мен  қиянатын,  бақыты  мен  салтана-

тын  тастап,  небәрі  63  жыл  ғана  өмір  сүріп, 

келместің  кемесіне  мініп  кете  барды.  Ол 

өмірлік  жарына  да,  сүйікті  немерелеріне  де, 

ел-жұртына  да  қарайлай  алмай,  пешенесіне 

жазылған тағдырмен бірге, арман, қиял, ойла-

рын  да  өзімен  бірге  ала  кетті.  Ғұламалардың 

«Жақсылар Аллаға да қажет» деген сөздері рас 

сияқты. Кілең жақсылар, ақылдылар, боздақтар 

игі  істерін  аяқтай  алмай  өтіп  жатқаны.  «Елім, 

жерім»-  деп  соққан  жүректердің  мезгілсіз 

тоқтағаны өкінішті –ақ. 

Сарқан ауданының тумасы Макетов Болат 

Нәбиұлы 1940 жылдың 30 қыркүйегінде Энер-

гия колхозында ұстаз жанұясында дүние есігін 

ашып еді. Әкесі Нәби білімді мұғалім болды. Ол 

соғысқа аттанғанда «Қиындықтан қорықпайтын, 

қайсар,  болаттай  мықты болсын  »  деп  қойған 

Болатын жан-жары Батимаға «Арлы, адал етіп 

өсірерсің» деп аманаттапты.  Әкесі қайта орал-

мады.  Анасы  кішкентай  Болатын  қанаттыға 

қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. Ба-

сын тауға да, тасқа да соғып, мұз төсеніп, қар 

жастана  жүріп,  колхоздың  қойын  бағып  бала-

сын өсірді, он жылдықты бітіртті. Кішкентайдан 

қиындықты  көріп  өскен  бала  ерте  есейді. 

Анасының  бір  жағына  шығып,  қой  бақты.  Бо-

латтай  мықты,  қайсар  баланың  еңбегі  жанды, 

озат  қойшы  атанды.  Ерен  еңбегінің,  төккен 

терлерінің арқасында тасы өрге домалап, ме-

жеге баспалдақтап көтерілді. Еңбек ете жүріп, 

сырттай  оқып,  жоғарғы  білім  алды.  Ол  өзі 

туған  колхозда  есепші,  бригадир,  меңгеруші, 

ауылдық  кеңестің  төрағасы  болып  абырой-

лы  еңбек  атқарды.  Оған  сенім  артып  Крас-

ный  Октябрь  колхозына  парторг  етіп  жіберді. 

Аз  жылда  елге  тез  танылған  азаматты  Ленин 

атындағы  колхозға  басқарма  етіп  жіберді. 

Ұйымдастырушылық  қасиеті  зор,  қайтпас 

қайсар жан бұл қызметін де дөңгелетіп әкетті. 

Өндірілетін астық дақылдарынан, қызылшадан 

мол  өнім  алып,  алдына  жан  салмады.  Мал 

шаруашылығы да өркендеді. Өмір болған соң 

қызығы  мен  қиындығы  қатар  жүреді  емес  пе? 

Аға  жеңісін  көре  алмаушылар  да  кездесіп, 

көптеген кедергілерге де тап болды. Сонда да 

ол адам ешқашан мойымайтын. Халқына, осы 

ауылға қолынан келген жақсылығын істей берді. 

Сол  кісінің  жүгіруімен  зәулім,  әдемі  мәдениет 

үйі,  мектеп,  аурухана  салынды,  жап-жасыл 

шырша  бағы  жайнап  өсті.  Отан  соғысының 

ардагерлеріне, жағдайы нашар отбасына үнемі 

көмек қолын созушы еді. Қиын болған 97 жыл-

дары  мектеп  оқушыларына  да  көмек  қолын 

созып, бүкіл мектеп оқушыларын түсте ыстық 

тамақпен қамтамасыз етті. Бұл қайырымдылық 

ол  кезде  әр  жанұя  үшін  үлкен  көмек  еді. 

Мұғалімдерді де, дәрігерлерді де назардан тыс 

қалдырған емес. Сол кезде де жас дәрігерлерге 

таңдап, ең жақсы деген үйді алып беруші еді. 

Дәрігердің  жағдайын  жасағаны,  халықтың 

жағдайын жақсартқаны деп түсінемін. Тарихта 

болып  көрмеген  марапаттарды  да  ұстаздарға 

жасаған еді. Еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың 

жанұясына  бір-бір  сиыр  байлап,  көп  қой  ай-

дап кіргізген де осы аға болатын. «Жақсының 

жақсылығын  айт  нұры  тасысын»  демей  ме 

бабаларымыз.  Бірге  еңбек  еткен  Алмалы 

ауылының  «Құрметті  азаматы»,«Озат  колхоз-

шы»,  Отан  соғысының  ардагері  Шынғожанов 

Уәлидің  қызы  болғандықтан  ерлер  еңбегі  аян 

болып, ертеңгі ұрпаққа өсиет, үлгі болсын деген 

ниетпен ой қозғадым.  Болат аға:«Әй, Уәлидің 

қызы»  -деп  мені  құрметтеуші  еді,  марқұм  жан 

аға!


Колхоз тарап, жекешеленіп кеткеннен кейін 

де аға «Қажы Нәби» шаруа қожалығын құрып 

көптеген жандарға табыс көзін ашып берді. Тек 

өз ауылына ғана емес, көршілес ауылдарға да 

көмегін аямайтын жан еді. Осындай ағаны кім 

жек көрсін, ауыл болып сыйлап, Бөке деп құрақ 

ұшар жандар күн сайын еселеніп арта түсетін.

Аға  ерен  еңбегінің  арқасында  көптеген 

марапаттарға  ие  болған  жан.  Бірнеше  мәрте 

аудандық,  облыстық  кеңестің  депутаты  бо-

лып  сайланды,  алғыс  мадақтаулар  қаншама! 

Өмірде  досы,  қиындыққа  тіреуі,  шаршағанда 

көңілі, қиналғанда ақылы бола білген жан жары 

Алтынбала  Сарқытбайқызы  екеуі  алтындай 

үш  қыз,  алмастай  екі  ұлды  тәрбиелеп  өсіріп 

жеткізді. Барлық балалары да жоғары білімді.

Бағдаты,  Махаббаты,  Сәулесі,  Бақытжаны 

қалада  еңбек  етіп,  әке  еңбегін  ақтап,  әулетін 

биік  ұстап  жүр.  Мейрамы  әкесінің  бастаған 

ісін  жалғастыруда.  Немерелері  Нұрбек,  Іңкәр, 

Ақбота, Абай, Әйгерім гүл жайнап өсіп келеді. 

Сол  әулеттің  туын  жоғары  ұстап,  балалары-

на  бас  көз  боп,  жан-жарының  отын  мазда-

тып  өшірмей  жағып  отырған,  кезінде  адам 

жанының арашашысы болып, зейнет демалы-

сында  жүрген  алтындай  жарқыраған  Алтын 

апайымызға  ағаның көрмей кеткен қызықтарын 

сіз еселеп, молдап көріңіз дегіміз келеді. 

Жастайыңыздан  қиындықты  көп  көріп, 

еңбекке  ерте  араласып,  ақыл  мен  ізгілікті 

басқалардан  ерте  сіңірдіңіз,  аға.  Әр  нәрсенің 

екі  жағы  бар  десек,  басыңыздан  бақытты 

бал  дәурен  балалық  шақты  қызықты  өткізе 

алмасаңыз 

да, 

қатарларыңыздан 



ерте 

кемелденіп,  ерте  есейдіңіз.  Болаттай  мықты 

жанұя иесі болдыңыз. Өмірден көргендеріңізді, 

балаларыңыздың  бойына  сіңіре  білдіңіз.  «Аға 

солай  етер  еді»  деген  аңызға  айналдыңыз. 

Еңбегіңіз ел есінде. 

Мен  өзім  қосағыңмен  қоса  ағарып,  бала-

шағаның  қызығын  көру  барлық    адамдардың 

арманы деп білемін. 

Ақын  аға!  Бүгінде  ұрпағыңыз  ісіңізді 

жалғастыруда.  Екі  кітабыңыз  жарық  көрді. 

Сіздің  өлеңдеріңіз,  өсиеттеріңіз  ел  аузында. 

Алтыныңыз  керегені  керіп,  босағаны  мықты 

ұстап  отыр.  Қызыққа  арнап  салған  үйіңіз  ақ 

ордаға  айналды.  Онда  жиі-жиі  баланың  был-

дыры, сыңғырлаған күлкісі жиі естіледі.

Аға,  сіз  шыға  алмай  кеткен  биікке 

балаларыңыз  шықсын!  Көре  алмай  кеткен 

қызықтарыңызды  ұрпағыңыз  көрсін!  Ер  есімі 

әрқашан  ел  есінде!  Жатқан  жеріңіз  жайлы, 

мәңгілік мекеніңіз жылы болғай. 

Жайлы болсын мекенің Болат аға!

Ақын ең, ақиық ең болған дана.

Халқына қол жеткенше көмектестің

Өрілдің игі ісіңмен болып дара.

Өтуші еді еңбекпенен әрбір күнің,

Қажымай көтеріп ең өмір жүгін.

Қиындықтар түсті ме жүрегіңе,

Қалай ерте кеттіңіз морт боп сынып.

Әттең-ай, қандай қысқа ғұмыр деген,

Ойласаң бас аяғы білінбеген.

Көре алмадың зейнетін бейнетіңнің,

Сурет қалды тек төрде күлімдеген.

Жарың қалды артыңда алаңдаумен,

Бала қалды соңында әкем деумен.

Немере жүр: «Атамыз қайда екен»-деп, 

Жылдар жылжып барады амалдаумен.

Шын ниетпен беріп едің қол ұшын,

Бұлдамап ең еңбегіңнің борышын.

Өрелі ісің үлгі болар ұрпаққа.

Өлген жоқсыз, біздер үшін тірісің!

Әр ісіңді абыроймен өтедің,

Еңбекпенен өрілдіңіз қалаған.

Сіздің ақыл, мұратың мен ойыңды,

Жалғастырар бағалайтын әр адам!

                        



 Нұртай УӘЛИҚЫЗЫ,

                         ардагер ұстаз.

                        

лағаттылар 

мытылмайды

Ұ

А

яулы  ұл,    асқар  таудай  әке, 

адал  дос,  әулетінің  қорғаны, 

елдің 

қамқоры 

болған 

Болат 

ағамыздың  пайғамбар  жасында  ғана 

өмірден өтіп кетерін кім білген? Арқа 

сүйер  ағамыздың  ер-азаматтың  ке-

мел  жасына  ғана  жетіп,  ұзақ  жыл 

төккен  терлерінің  зейнетін  бір  сәт 

те көре алмай кеткені қабырғамызды 

қайыстырып, жүрегімізді сыздатады. 

Әр  жыл  өткен  сайын  оның  биіктігі, 

адалдығы,  ерендігі,  дархандығы, 

даралығы айқындала түседі, әр ізгі ісі 

де ел аузында. "Осындай нар тұлғалы 

дархан, дарынды азаматтар көп бол-

са  ғой",-деп  армандайсың.  Артта 

өсіп-өніп келе жатқан жас ұрпақ сабақ, 

өнеге, үлгі алсын деп қолға қалам ал-

дым.

Сағыныштан шіркін көңіл 

селдейді,

Асау тағдыр дегеніңе көнбейді.

Өтсе дағы он бір жылдың жүзі де, 

Өлді деуге әлі жүрек сенбейді.

Жаңа жыл жарылқасын!

Ауданның 

төл 


перзенті 

ретінде  жерлестерімнің  қол  жеткізген  жетістіктері 

мен толайым табыстарына әрдайым қуанып, жақсылығына 

сүйсініп отыратын қыздардың бірімін. Әрбір жеңісіне шаттанып, 

жүрегімнің төрінде сақтап, мақтанып-марқайып қалатыным да 

рас.  Еліміздің  өміріндегі  елеулі  оқиғаларға  ат  салысуды 

халық  қалаулысы  ретінде  парызым  деп  санаймын.  Өткен 

жыл мен үшін жемісті болды. Облыстық мәслихаттың де-

путаты  ретінде  мәслихаттардың  20  жылдығы  құрметіне 

мерекелік медалімен марапатталдым. Мектеп басшысы 

ретінде  қол  жеткен  жетістіктерімізді  тізбелеп  отырсам 

шағын лебізге сыя қоймайтын болу керек. 

Күн өткен сайын әлеуметтік-экономикалық және 

мәдени жағынан қарыштап дамып, қанатын еркін 

жайып  келе  жатқан  ауданымызда  игілікті  істер 

еселене түсуде. Біз болашағы айқын, ертеңіне үлкен үміт артқан елдің ұрпағы 

ретінде  есігімізді  ашқан  жаңа  жылымыздан  көп  жақсылықтар  күтеміз. 

Жаңа жыл баршамызды жарылқай берсін!



Жамал ҚҰЛАХМЕТОВА,

облыстық мәслихаттың депутаты, Новопокровка 

орта мектебінің директоры.

Шеберлер шаңырағында

- Біздің ауданда Мұратбек Сейітқали деген шебер тұрады екен. Қолдау көрсетуіміз керек, 

ұлттық  өнерімізді  алға  бастыруымыз  қажет,-  деді  аудан  әкімі  Ерғазы  Қошанбекұлы  кезекті 

басқосудың бірінде.

Ойланып  қалдық.  Мұратбектің  атасы  Сейітқали  ақсақалды  білуші  едік.  Монғолиядан 

атажұртқа қоныс аударғандардың көш басында болды бұл кісі. Сол  өңірдегі аймақтық газет-

терде қызмет атқарған ақсақалмен пікірлескеніміз бар. Көнекөздің сарқыты екен, білмейтін 

тақырыбы жоқ. Сараң жауаптасудың үстінде-ақ ағамыздың біліктілігіне ден қойғанбыз. 

Тольятти Сейітқалиұлы бізбен замандас. Қолынан келмейтіні жоқ. Тоқсаныншы жылдары 

елге қат жиһаздар осы замандасымыздың қолынан шықты. Әкесінің жолын бүгіндері ұлдары 

Мұратбек пен Еркінбек жалғастыруда. 

-  Өнерімізді  өрістету  үшін  Алматыға  барып  айтулы  шеберлер  ағайынды  Махмұт, 

Тұрсынбек, Айтбергендерден бір жылдай тәлім алдым. Қасымда ұлым Мұратбек бар. Қазір біз 

теріден, ағаштан, сүйектен кез-келген тапсырысты орындаймыз,- дейді Тольятти Сейітқали. 

Алаштың ақын-жыраулары  шығармаларының ең ғажабы - атқа, жылқыға қатыссыз бір 

нәрсе  жоқ.  Ақтамберді  жырау  толғауындағы:  "Күлдір  де,  күлдір  кісінетіп,  күреңді  мінер  ме 

екенбіз" деп басталатын шумақтар барлығына таныс. Ал "Жауға шаптым ту байлап, шепті 

бұздым  айғайлап"  дегендей  жырларда  ерлік,  батырлық  айтылғанымен,  атқа  байланысты 

қаншама  керемет  теңеулер  бар?!  "Жолбарыстай  шұбарды,  таңдап  бір  мінер  ме  екенбіз", 

"Ор  қояндай  жүгінтіп,  аш  күзеңдей  бүгілтіп",-  дейді.  Арғымақты  "Отбасар  орны  отаудай", 

"Ор қояндай қабақты, қиғаш қамыс құлақты, сары мысықтай азулы, саптыаяқтай ерінді" деп 

суреттейді.  Осы  кереметтерді  жан-тәнімен  түсініп,  түйсінгендердің  қатарында  Тольяттидің 

ұлдары Мұратбек пен Еркінбек бар. Олар ат әбзелдерін, ер тоқымды, ер қаруы - қылыш, най-

заларды, өнер мұраларын ел-жұртына ұсынып келеді. 

Шағын шеберхана дайын бұйымдарға толы. Мұнда не жоқ дейсіз? Құранды ер де, бесік 

те, қобыз да менмұндалайды. 

-Мұратбек  үйленді,  келініміз  Мадина  әзірбайжан  қызы.  Үш  жыл  аралығында  келініміз 

тілімізді  ғана  үйреніп  қоймай,  салт-дәстүрімізді  әбден  меңгеріп  алды.  Қазір  күйеуі  мен 

қайнысына  көмектесіп,  киізден  елдің  сұранысына  ие  бұйымдарды  өзі  кестелеп  шығарады. 

Ұрпағымыздың ұлы өнерді жалғастырып келе жатқанына ризашылығым шексіз,- дейді отана-

сы Мәншүк.

Шеберлер шаңырағынан ақжарылқап пейілмен шықтық. Жаңа жыл жаңа белестерге    ба-

стасын!  

Ж.МАҚАТҰЛЫ.

Суретте: Мұратбек, Мадина, Еркінбек жұмыс үстінде.

Еліміздің ертеңі жарқын

Мерекелік лебіздер

Жаратқанның 

әр 

күні,    әр  айы,  әр  жылы  қасиетті  ғой. 



Атам қазақ келер күннен тек жақсылық тілеген. 

Өткен күндеріне шүкіршілік еткен. 

Кешегі  жылқы  жылы  да  еліміз  үшін  берекелі 

жыл  болды.  Тарихқа  көз  жүгіртер  болсақ,  жылқы  мен 

қазақ  бөлініп-жарылмайтын  егіз  ұғым.    Өткен  жылғы 

ауданымыздың  басқан  қадамы  тұлпардың  тұяғындай 

мықты, арман мақсаттарымыз сәйгүліктей жүйрік болды. Өзім 

ортасында  жүрген  ауыл  шаруашылығының  қалыптасқанын 

көріп,  көңіл  тоғаяды.  Шаруа  қожалықтары  іріленуге  бейім. 

Бұрынғыдай  емес,  бұл  саланың  қыр-сырын  жетік  меңгерген 

әріптестерім  көптеп  саналады.  Қой  жылынан  күтеріміз  көп. 

Еліміздің ертеңі жарқын болғай!



Мұрат ҚАУМЕНОВ,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

1 қаңтар 2015 жыл

6

Туған елім-тәуелсіз 



Қазақстан

Ата-бабамыз  талай  ғасырлар  бойы  ар-

ман  еткен  тәуелсіздігімізге  биыл  23  жыл  то-

луда.Осыған  байланысты  өскелең    ұрпақ 

бойына 

отансүйгіштік, 



ұлтжандылық, 

патриоттық  сезімді  ұялату  мақсатында  

Абай  атындағы  мектеп-гимназияда  тәрбие 

ісінің  меңгерушілері    А.Уристемова  мен  

Г.Бекежанованың  ұйымдастыруымен  «Туған 

елім-тәуелсіз  Қазақстан»  атты  патриоттық 

әндер байқауы 5-10 сынып оқушылары  ара-

сында  өтті.  Байқау  барысында    туған  ел, 

тәуелсіздік,  Отан  тақырыптарында  әндер 

шырқалды.Қазылар  алқасы  әділ  бағаларын 

берді.Нәтижесінде  І  орынды    Айгүл 

Құрмашева,  ІІ  орынды    Құрманақын  Бег-

дар, Сиқымбай Балжан, ІІІ орынды Әбдіқожа 

Елігай,  Төлеубек  Сандуғаш,  Қанатбекұлы 

Арнұр  иеленіп,  марапатталды.  Қалған 

қатысушылар    «Тәуелсіз  елдің  патриоты», 

«Үздік дауыс»  номинациялары бойынша ма-

рапатталды.

Сонымен  қатар    мектебіміздің  5-8  сы-

ныптары  арасында    «Елімнің  бақытын  тер-

беткен  Тәуелсіздік»  атты  бейнелеу  өнерінен 

байқау өтті. Байқауды бейнелеу пәні мұғалімі 

Г.Кунчибаева  ұйымдастырды.  Оқушылардың 

еңбектері  бағаланып  І  орынды  Тұрысбекова 

Асем, ІІ орынды Алдаберген Али, ІІІ орынды 

Батырбекұлы  Қайнар,  «Дарынды  суретші» 

номинациясын  Орман  Біржан,  «Қылқалам 

шебері»  номинациясын  Шакрат  Нұрай, 

«Жас  суретші»  номинациясын  Абдрахман 

Алау  еншіледі.Мектебімізде    «Тәуелсіз  елім- 

мақтанышым»,  «Ұмытылмас  желтоқсан», 

«Егемен  елдің  еңсесі  биік»,  «Желтоқсан  – 

тәуелсіздіктің түп тамыры» т.б тақырыптарда 

ашық  тәрбие  сағаттары  өтті.Осындай  іс-

шаралар әлі де жалғасын табуда. 

Балхаш  АЙДАРХАНОВА,

Абай атындағы мектеп-гимназияның 

музыка пәні мұғалімі. 

жатады.  Осы  бағдарлама  аясында  талантты 

және  дарынды  балаларды  оқытуды  дамыту 

үшін  анағұрлым  инклюзивті  тәсіл  пайдаланы-

латын  болады.  Дарынды  балалар  өздерінің 

не  білетінін  және  білмейтінін,  қажетті  білімді 

алуға  өздеріне  ненің  көмектесетінін  біледі. 

Оның  үстіне  олардың  креативтілігі  ойлау 

жылдамдығына  байланысты  емес.  Фриман 

тексеру  парақтары  бойынша  зерттеулер-

ге  негізделген  және  ең  үздік  оқушыларды 

анықтайтын  сенімді  өлшемдері  –  дарын-

ды  балалардың  есте  сақтау  қабілеттері  өте 

жоғары;  олар  ақпаратты  біліп  қана  қоймай, 

оны пайдалана алады. Өздерінің оқуын реттей 

алады,  жоспардың  жүзеге  асуына  тез  жетеді 

және  басқаларға  қарағанда  олардың  ойлау 

қабілеттері жақсы ұйымдастырылған.

Бастауыш  мектеп-баланы  оқуға  үйрету 

мен  тәрбиелеу,  оның  тұлға  ретінде  өзін-өзі 

ашуға жалпы дамуының қалыптасуына жағдай 

жасайтын  негізгі  саты.  Сондықтан  мен  әр 

сабағымды  бағдарламаның  жеті  модулін  бір-

бірімен  ықпалдастыра  отырып,  түсінікті  тар-

тымды, әрбір баланы сыни тұрғыдан ойлануға 

бағыттайтындай  оқытудың  жаңа  тәсілдерін 

қолданып  сабақтарымды  ұйымдастыруға 

тырыстым.    Сыни  тұрғыда  ойлау  әдістерін 

пайдалану  оқушы  бойына  төмендегідей 

дағдылардың  қалыптастыратынын  байқауға 

болады.  Тез  әрі  терең  ойлау;  Ортаға  ой  та-

стай  отырып  бір  шешімге  келу;  Бірлесе 

ынтымақтастықта  жұмыс  істеуге;  Жан-жақты 

ізденуге; Тіл байлығын арттырып дұрыс сөйлей 

білуге; Шығармашылық белсенділігі артады.

Сыни  тұрғыда  ойлауға  үйрету  әдістерін 

тиімді  пайдалану  арқылы  тілін,  ойын  еркін 

сөйлеуін  дамытып  топпен  жұмыс  барысында 

бірін-бірі  тыңдай  білуге,  құрмет  көрсетуге  ба-

сты  назарда  ұстау  -    менің  негізгі  мақсатым.  

Атап  айтқанда,  сабақта  қолданылатын  стра-

тегиялар  көмегімен  жеке  тұлға  ретінде  жан-

жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті 

жоғары  білімді  жеке  тұлға  қалыптастыру. 

Жаңашыл мұғалім болу үшін жаңа әдіс-тәсілді 

меңгерген білімді де тапқыр болу керек..



А. МОЛДАБАЕВА,

К.Ушинский атындағы орта мектебінің 

бастауыш сынып мұғалімі.

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздіктің азаттықпен арайланған ақ таңы атқалы да міне, биыл  23 жыл. Жер-жерде 

осынау  ұлық  мереке  айрықша  аталып  өтуде.  Сарқан  көмекші  мектеп-интернатының  ұжымы 

да  тәрбиелік,  тәлімдік  мәні  зор  мейрамға  орай  «Тәуелсіздік  деп  соғады  жүрегіміз»  атты  іс-

шара  өткізді.    Аталмыш  шара  әсіресе  ұрпақты  патриоттық  сезімдерге  тәрбиелеуде,  Отан, 

Туған жер деген ұғымдарды аялауда, ата-баба армандаған азаттыққа қалай қол жеткізгендігін 

түсіндіруде таптырмас тәрбиелік құрал. Шара барысында елім, жерім деп бастарын қатерге 

тігіп,  жасқанбастан  86-ның  желтоқсанында  кеңестік  жүйеге  қарсы  шыққан  қазақ  жастары 

Қайрат,  Сәбира,  Ербол,  Ләззат  сынды  ұлт  батырларының  табанды  тірліктері  суреттелген 

көріністер қойылды. Қазақ үшін құрбан болған қыршын жастар бір сәттік үнсіздікпен еске алы-

нып,  құрмет  көрсетілді.  Сонымен  бірге  ұлттық  рухты  ұлықтайтын  әуендер  әуелеп,  интернат 

тәрбиеленушілері  тақпақтарын  айтып  берді.  Бұл  күні  егемен  еліміз  жеткен  жетістіктің  ту  ба-

стауында  тәуелсіздік  тұрғаны  айдан  анық.  Әлемге  әйгілі  желтоқсан  оқиғасы қазақ  жастарын 

қанға  бөктіргенмен  тәуелсіздіктің  толғағы  осы  оқиғамен  келді,  еліміз  үшін  жаңа  ғұмырдың, 

жаңа  дәуірдің  есігі  осы  көтеріліспен  айқара  ашылды.  Өршіл  жастардың  өнегесі  өскелең 

ұрпаққа аманат. Ұжым ұстаздары тәрбие жөніндегі меңгеруші Г.Итжанова, мұғалімдер Г.Таева, 

С.Керімбекова  ұйымдастырған  шараға  қатысқан  оқушылар,  ата-аналар  және  қонақтар  дәл 

осы  ұғымды  бір  сәт  санаға  салды,  түсінік  етіп  түйсікке  түйді.  Көп  көңілінен  шыққан  шарада 

М.Абеустанов, Қ.Көптілеуов, О.Амантаев сынды оқушылар белсенділік танытқандығын да айта 

кеткеніміз орынды.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал