Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



жүктеу 465.56 Kb.

бет1/5
Дата07.05.2017
өлшемі465.56 Kb.
  1   2   3   4   5

      

 Бағасы   келісімді                      № 1  (9097)             1 қаңтар   2015 ж.                         Цена   договорная

Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады



Ауданныњ 

ќоѓамдыќ-

саяси 

апталыќ 

газеті

Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады



Аудандық 

мәслихаттың 

сессиясы

Жуырда  аудандық  мәсли-

хаттың  47-сессиясы  өтіп,  аудан 

әкімі  аппаратының  ұйымдастыру 

және 

мемлекеттік-құқықтық 



жұмысы  бөлімшесінің  басшысы 

Н.Әділова  "Сарқан  ауданының 

ауылдық  округінің  аумағында 

жергілікті  қоғамдастық  жиынына 

қатысу үшін тұрғындардың сандық 

құрамын  және  бөлек  жергілікті 

қоғамдастық  жиынын  өткізудің 

қағидаларын бекіту туралы" хабар-

лама жасады.  Келесі кезекте депу-

таттар  "Сарқан  ауданының  2015-

2017  жылдарға  арналған  бюджеті 

туралы" аудандық экономика және 

бюджеттік  жоспарлау    бөлімінің 

басшысы Талғат Аязбаевтың баян-

дамасын тыңдады. Осы екі мәселе 

халық  қалаулылары  тарапынан 

жан-жақты  сарапталып,  шешім 

қабылданды. 

Сессияда  Орал  Сердаліқызы 

Исановаға  "Сарқан  ауданының 

Құрметті азаматы" атағын беру ту-

ралы  ұсыныс  депутаттар  тарапы-

нан толық қолдау тапты. 

Сонымен 


қатар 

сессияда 

аудандық 

мәслихаттың 

және 

тұрақты  комиссиялардың  2015 



жылға  арналған  жұмыс  жоспары, 

Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы 

терроризмге 

қарсы 


комиссия  

құрамы, діни бірлестермен байла-

ныс жөніндегі кеңес құрамы, аудан 

әкімдігінің дербес құрамы бекітілді. 

Жаңа 2015 жыл - жақсылық жылы болсын!

Сарқан ауданының әкімі ҚОШАНБЕКОВ Ерғазы 

Қошанбекұлының Жаңажылдық  құттықтауы

Құрметті  аудан  тұрғындары!  Тағы  бір  табысты  жылды  артқа  тастадық.  Жаңа  жылда  бар-

шамыз өткен жылдың елеулі оқиғаларын еске аламыз, ой елегінен өткіземіз. Жүріп өткен жолда-

рымызды бағамдап, болашаққа бағдар жасаймыз. Бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздігіміз 

ел  іргесін  бекітіп,  аяққа  нық  тұруға  мүмкіндік  берді.  Қазақстандықтар  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауынан қуат алды. Осынау жылдар 

ішінде еліміз қарышты қадам жасап, бірлігі берік елдің болашағы баянды екенін айғақтап, тарлан 

тарих үшін мөлшерлі мерзім ішінде биік белестерді бағындырды. Сол белестердің айқын белгілері 

күнделікті өмірімізде анық сезілуде. Бұл сіз бен біздің қажырлы еңбегіміздің арқасында мүмкін бол-

ды. Өркениетті елдің ұрпағы ретінде алар асуымыз асқақтап, жемісті жеңістеріміз жалғаса беруіне 

мүдделіміз. 

Ауданымыздың әлеуметтік -экономикалық ахуалы жақсарып,  ауыл шаруашылығы аяғынан нық 

тұрып, тұрғын үй-коммуналдық саламыз жаңа белеске көтерілсе, жолдарымыз жүйелі жөндеуден 

өтіп, басқа да салалар оң шешімін табуда. Жаңа жыл бізді бұдан да кемелденген келешекке бастай-

ды деп сенемін. Баршаңызды 2015 жылмен құттықтаймын! Әр шаңырақ жаңа жылда шаттықпен 

шырайланып, баянды бақытқа бөленсін! 

Аудан  әкімдігінің  2014  жылғы  8 

желтоқсандағы  №502  қаулысымен 

аудан  әкімдігінің  дербес  құрамы 

өзгертіліп, қайта бекітілген болатын. 

Жуырда  әкімдіктің кезекті мәжілісіне 

қала  және  ауылдық  округтердің 

әкімдері, 

мәслихат 

хатшысы, 

облыстық,  аудандық  мәслихаттың 

депутаттары,  аудандық  басқарма, 

кәсіпорын,  мекеме  басшылары, 

«Нұр Отан» партиясы аудандық фи-

лиалы төрағасының бірінші орынба-

сары,  кәсіподақ  ұйымы,  аудандық 

газет 

редакторы 



шақырылды. 

Жиналыстың төрағасы - аудан әкімі 

Ерғазы Қошанбеков жиналғандарды 

күн  тәртібіндегі    мәселелермен  та-

ныстырды.

Аудан  әкімінің  орынбасары 

Ғалымжан  Маманбаев  «Қазақстан 

Республикасындағы  тіл  туралы» 

Заңының  аудан  көлемінде  орында-

луы туралы" баяндама жасады. Ау-

дан бойынша құжат айналымындағы 

мемлекеттік тілдің қолдану көрсеткіші 

100  пайызды  құрайды.  Аудан  әкімі, 

қалалық,  ауылдық  округ  әкімдері 

аппаратында, аудандық мәслихатта, 

бөлімдерде,  мемлекеттік  меке-

мелерде  іс  қағаздар  мемлекеттік 

тілде  жүргізілді.  Жеке  азаматтар-

дан,  заңды  тұлғалардан  түскен 

арыз,  өтініштерге  жауап,  өтініш 

жасалған тілде берілді. Мемлекеттік 

мекемелерде 

маңдайша 

жазу-


лары  мемлекеттік  және  орыс 

тілінде  жазылған,  мөрлері  мен 

мөртабандары  мемлекеттік  тілде 

дайындалған.  Мемлекеттік  тілді 

оқыту  орталығына  биылғы  2014 

жылы  3  млн.  72  мың  теңге  бөлініп, 

ІІ  жартыжылдықта  20  тыңдаушы 

курсқа  қабылданған.  Оның  ішінде, 

бесеуі  қазақ,  қалғаны  өзге  ұлт 

өкілдері,  барлығы  да  бюджеттік  ме-

кеме  қызметкерлері.    2014  жылғы 

І  жартыжылдықтың  қорытындысы 

бойынша  19  тыңдаушының    9-на 

куәлік,  7-не  сертификат  берілді,  3 

тыңдаушыға  анықтама  беріліп    өз 

деңгейлерінде  қайта  қалдырылды.  

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау 

жүйесі  –  КАЗТЕСТ  бойынша  834 

тест  тапсырушы  байқау  сынағынан 

өтті.  Оның  ішінде  мемлекеттік 

қызметкерлер – 47, бюджеттік меке-

ме қызметкерлері – 787. 

Баяндамашы 

бұдан 


әрі 

мемлекеттік тілді дамыту жолындағы 

атқарылған  жұмыстарды  сарапқа 

салып,  маңызды  мәселеге  бейқам 

қарайтын  бірқатар  ауыл  әкімдіктері 

мен  мекемелерді  сын  тезіне  алды. 



Аудан әкімдігінің мәжілісі

30  елді  мекеннің  атауы  мемлекеттік 

тілде.  Өзгертуге  болатыны  6  -  Чер-

касск, Петропавловка, Садовое, Со-

коловка,  Пограничник,  Тополевка 

ауылдарының  атауы.  358  көшенің 

228-інің  атауы  өзгертілген,  88-інің 

атауы  бұрыннан  қазақ  тілінде.  25 

көше  орыс  халқының  ұлы  жазу-

шылары,  ақындары,  Кеңес  Одағы 

батырларының есімдерімен аталған. 

11  көше  жаңадан  аталды.    Атау-

ын  өзгертуге  болатын  6  көше  - 

Сарқан  қаласында  ДЭУ  552,  ПМК 

72,  Арычная,  Екіаша  ауылында 

Молодежная,  Көкөзек  ауылында                                                    

Фестивальная,  Алмалы  ауылында 

Коммунарлар көшесі бар. Аудандағы 

30  орта  мектептің  14-нің  атауы 

бұрыннан  мемлекеттік  тілде  бол-

са,  8  мектептің  атауы  өзгертілген. 

Өзгертілмегені  7  -  Островский,  Пе-

тропавл,  Пограничник,  Тополев-

ка,  Ушинский,  Черкасск,  Ленинка 

мектептерінің атаулары.

Сарқан  қалалық  округі  әкімінің 

міндетін  атқарушы  Марат  Жакенов,  

аудандық  аурухананың  бас  дәрігері  

Иманғали Мырзашев  күн тәртібіндегі 

мәселе  бойынша  атқарылып  жатқан 

жұмыстарды ортаға салды.  

Келесі 


кезекте 

"Жоғарғы 

органдардың  актілері  мен  өз 

құжаттарының  орындалуына  бақы-

лау,  тексеру  ұйымдастыру  және 

Қазақстан  Республикасының  «Жеке 

және заңды тұлғалардың өтініштерін 

қарау  тәртібі  туралы»  Заңының 

орындалуы туралы  аудан әкімдігінің 

жалпы  бөлімшесінің  басшысы  Сал-

танат  Төлеуова  баяндады.    Мінбеге 

Шатырбай  ауылдық  округінің  әкімі 

Манарбек  Сүлейменов,    аудандық 

жер  қатынастары  бөлімінің    бас-

шысы    Игілік  Юсупов  көтеріліп, 

өздеріне  қатысты  айтылған  сын-

ескертпелерге  түсініктеме  берді.   

Күн  тәртібіндегі  мәселелер  бой-

ынша 

жиналыс 


төрағасының, 

жарыссөзге шыққандардың айтылған 

ұсыныстары ескеріліп, аудан әкімдігі 

қаулы қабылдады. 

Дәстүрлі  мерекемен  ау-

дан  әкімі  Ерғазы  Қошанбеков 

құттықтап,  өзінің  ізгі  тілегін 

ортаға  салды.  Сонымен  бірге 

аудан  басшысы  балаларға 

сыйлық  ретінде  дайындалған 

120  киімді  тарту  етіп,  әкімдік 

тарапынан  ұсынылған  тәтті-

дәмді    базарлықтарды  бүлдір-

Шәкірттерге шаттық сыйланған күн

шіндермен  бөлісті.  Өзінен 

көп  үміт  күттіретін  қой  жы-

лын  барша  мереке  куәгерлері 

қарсы  алып,  еліміз  үшін 

жемісті  болған  жылқы  жылын 

қош  айтып,  шығарып  сал-

ды.    Бұл  мерекеде  сәбилер 

өздері  сүйіп  оқитын  халық 

ертегілерінің  кейіпкерлерімен 

жүздесіп,  өнерлерін  ортаға 

салды.  Көңілді  мерекенің  ба-

сты  кейіпкерлері    Аяз  Ата  мен 

Қарша  қыз  өнерлі  балаларды 

айқындап,  сый-сияпаттан 

кенде  қалдырмады.  Шат-

шадыман  шаттық,  ұшар 

басы көк тіреп түрлі шырақ 

шамдармен 

көмкерілген 

жасыл  шырша,  мерекелік 

сыйлықтар,  әуелеген  ән 

мен  әсем  би  осының  бәрі 

болған  аталмыш  мереке-

ден  бүлдіршіндеріміз  зор 

қуанышпен қайтты.

Өз тілшіміз.

Ж

аңа  жыл  мерекесі  қарсаңында  Н. 

Островский 

атындағы 

мектеп-

лицейде  аудан  әкімінің  дәстүрлі  шырша-

сы  өтті.  Қызылды-жасылды  қылып  әдемі 

безендіріліп,  көрер  көзге  қуаныш  сыйлайтын 

салтанатты  мерекеге  озат  оқушылар,  түрлі 

байқауларда  топ  жарып  жүрген  бүлдіршіндер 

және  аз  қамтылған  отбасылардың  балалары 

қатысып,  айтулы  күннің  айшықты  сәттеріне 

куә болысты. Жүректеріне жақын, өздері жақсы 

көретін  кейіпкерлердің  бейнесін  сомдаған 

бүлдіршіндер  көрер  көздің  жауын  алатын  жа-

сыл  шыршаны  шыр  айнала  жүріп,  мейрам 

шаттығын кіргізді. 


1 қаңтар   2015 жыл

2

Igiman01@mail.ru



Жүлделі жасөспірімдеріміз

Сарқандық 

спорт 

саңлақтары 



жеткен 

жетістіктер  жетерлік.  Бүгінгі  күні  осынау  жеңісті 

жолды  жасөспірімдеріміз  жемісті  жалғап  келеді. 

Қараша  айында  Жезқазған  қаласында  бок-

стан  1999-2000  жылдары  туылғандар  арасында 

Қазақстан  Республикасының  солтүстік-шығыс 

аймағының  чемпионаты  болып  өтті.  Осынау 

бәскеде үкілеп апарған үмітіміз Пограничник орта 

мектебінің 10 сынып оқушысы Ерсұлтан Закенов 

(жаттықтырушысы  Е.Мухамадьяров)  жүлделі  ІІІ 

орынды жеңіп алып, жүзімізді жарқын етті. 70 келі 

салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен өреніміз осы 

жетістігі арқылы ел біріншілігіне жолдама алып әрі 

спорт шеберіне үміткер атағына ие болды.

     Ал 20-23 қараша күндері Үштөбе қаласында 

ауыр  атлетикадан  жасөспірімдер  арасында  өткен  Алматы  облысының  чемионатында 

қос  бірдей  шәкіртіміз  алдыңғы  қатарлардан  көрінді.  Атап  айтқанда  Ақын  Сара  атындағы 

орта  мектептің  оқушылары  Еділ  Тұрғанбай  І  орынды  жеңіп  алса,  Ботагөз  Дүйсенбекова  ІІІ 

орынға (жаттықтырушысы Н.Жаманқыз) ие болды. Сонымен бірге Тұңғыш Президент күнінің 

құрметіне  орай  ұйымдастырылған  дзюдо  күресінен  ашық  біріншілікте  мына  оқушылар  өз 

қатарластарын  қапыда  қалдырып  жүлдеге  ие  болды.  Олар  Ақын  Сара,  М.Жұмабаев  және 

Екіаша ОМ-нің шәкірттері:  І орын Жарқын Жексенбек, ІІ орын Әли Орысбай, Бекзат Сейт-

маханбет, ІІІ орын Алаш Жәнібек, Сырым Абылқасымов, Мирас Жексенбек, Бекзат Дарубай.

Б.ТЛЕУБАЕВ,

аудандық спорт мектебінің әдіскері.

Желтоқсан айында Текелі қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне 

арналған шахмат, дойбы ойындарынан Алматы облысының чемпионатына Сарқан ауданынан 

команда құрылып жарысқа қатысты. Жарыстан спортшыларымыз жақсы нәтижемен оралды. 

Жарыс өте тартымды да қызықты өтті. Спортшыларымыз шахмат ойынынан 1-тақта бойын-

ша жүлделі ІІІ-орынды Забылханов Қапаш ағай иеленді, 2-тақта бойынша  жүлделі ІІ-орынды 

Тойшыбаев Талғат иеленсе, командалық есеп бойынша ІV-орынға табан тіреді. Дойбы ойы-

нынан 1-тақта бойынша жүлделі І-орынды  Тойшыбаев Гаухарбек жеңіп алса, 2-тақта бойын-

ша  І-орынды  Уанов  Дәуренбек  ағамыз  жеңіп  алды,  3-тақта  бойынша  ІІІ-орынды  Кызайбаев 

Руслан иеленіп, командалық есеп бойынша ІІІ-орынға ие болды. Спортшыларымызға Сарқан 

қалалық  округі  әкімдігі  тарапынан  және  аудандық  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі  аты-

нан алғысымызды білдіреміз. Барша спорт сүйер қауымға және спорт ардагерлерін алда келе 

жатқан жаңа 2015 жыл мерекесімен құттықтаймыз.  Спортшыларға дендеріне саулық,  бақыт 

және келер жылда жеңіс тілейміз.



Р. КЫЗАЙБАЕВ,

Сарқан қалалық округінің спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 

«Сарқан 


аудандық 

білім 


бөлімі» 

мемлекеттік  мекемесі  бос  мемлекеттік  орта 

білім беру ұйымдарының басшыларының ла-

уазымы орындарына конкурс жариялайды.



Бос  орын:    «Сарқан  аудандық  білім 

бөлімінің Бірлік негізгі орта мектебі мектепке 

дейінгі  шағын  орталығымен»  коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің директоры.

Мекеменің орналасқан жері: Алматы об-

лысы  Сарқан  ауданы,  Бірлік  ауылы,  Чепра-

сов көшесі №34 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын 

біліктілік талаптары:

1) жоғары педагогикалық;

2)  педагогикалық  жұмыс  өтілінің    бес 

жылдан  кем  болмауы  немесе  білім  беру 

ұйымының  бейініне  сәйкес  білім  беру  білім 

беру  ұйымдарында  немесе  ұйымдарда 

басқарушылық  қызметте  жұмыс  өтілінің  бес 

жылдан кем болмауы;

3)  үш  жылдан  кем  емес  педагогикалық 

салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы 

немесе  білім  беру  ұйымының  бейініне  сәйкес 

білім  беру  ұйымдарында  немесе  ұйымдарда 

басқарушылық  қызметте  жұмыс  өтілінің  бес 

жылдан кем болмауы;

4)  бірінші  немесе  жоғары  біліктілік 

санатының болуы;

5) сотталмаған болуы тиіс.

Қосымша:  Мемлекеттік  тілді  білуі, 

мамандығы  бойынша  біліктілікті  арттыру 

сертификатының  болуы,  Word,  Excel,  Internet 

бағдарламаларымен  компьютерде  жұмыс 

істей білуі.

Құжаттар төмендегі мекен-жайда хабарлан-

дыру жарыққа шыққан күннен бастап 15 жұмыс 

күн  қабылданады.  Құжаттар  қабылданып 

болғаннан кейін аталған мекен-жайда конкурс 

өткізіледі.



Конкурсқа  қатысу  үшін  ұсынылатын 

құжаттардың тізбесі:

1)  конкурстық  комиссия  төрағасы  аты-

на  тұрғылықты  тіркеу  орнын,  нақты  тұратын 

жерін,  байланыс  телефондарын  көрсетумен 

қоса өтініш; 

2)  нотариалды  куәландырылған  жеке 

тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3) нотариалды куәландырылған білім тура-

лы құжат көшірмесі;

4)  нотариалды  куәландырылған  еңбек 

кітапшасының көшірмесі;

5)  бұрынғы  жұмыс  орны  кадр  қызметі 

куәландырған  фотомен  кадрды  есепке  алу 

жөніндегі жеке парақ;

6)  бар  жазалар  мен  көтермелеулерді 

көрсете  отырып  бұрынғы  жұмыс  орнынан 

өндірістік мінездеме;

7)  нотариалды  куәландырылған  бар 

біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі тура-

лы құжат көшірмесі;

8)  медициналық  куәландырудан  өтуі  ту-

ралы құжат;

9) сотты болмағандығы туралы анықтама 

ұсынуы қажет.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы 

құжаттарды  конкурсқа  қатысушыға  қайтару 

үшін  негіз  болып  табылады.  Конкурсқа 

қатысушы  біліміне,  жұмыс  тәжірибесіне, 

кәсіби  деңгейіне  қатысты  қосымша  ақпарат 

(біліктілігін  арттыру,  ғылыми  дәреже  мен 

атақ  беру,  ғылыми  жарияланымдар  туралы 

құжаттардың  көшірмелері,  алдыңғы  жұмыс 

орнындағы  басшылық  берген  ұсынымдар 

және т.с.с.) бере алады.



Ұйымның  мекен  жайы:    Алматы  об-

лысы,  Сарқан  қаласы,  М.Тынышбаев 

көшесі, 8, «Сарқан аудандық білім бөлімі» 

мемлекеттік  мекемесі.  Байланыс  теле-

фондары: 8 (72839)  2-27-39,  2-12-51,  2-24-

66.

П.ИМАНГАЗИЕВА,

 бөлім басшысы.                                                                            

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

● Спорт

Недавно в городе Талдыкорган, в спортивном зале спортивного комплекса «Жастар» со-

стоялся республиканский турнир среди ветеранов на Кубок Акима области, в котором, при-

няло участие более 10 команд. Хочется немного рассказать о нашем земляке Молдахметове 

Матайбеке.  На  протяжении  многих  лет  работающий  преподавателем  физической  культуры 

Екиашинской средней школы, воспитавший не одно  поколение   молодежи. 

Взять семью Молдахметовых, так она и вся спортивная. Семья Молдахметовых неодно-

кратные чемпионы области и республики в соревнованиях «Папа, мама, я – спортивная се-

мья», защищали честь района и области.  Сейчас же Матайбек играет в сборной Алматинской 

области по волейболу среди ветеранов в команде «Жетысу» возглавляемая Акимом области 

Амандыком  Габбасовичем, который в свою очередь своим примером пропагандирует здоро-

вый образ жизни, и любовь к этому прекрасному виду спорта. Одним из партнеров по площад-

ке был   Олжас Сулейменов,   несмотря на свой преклонный возраст играет и хочется сказать 

неплохо играет в волейбол.  Сам же турнир проходил в двух подгруппах. Команда «Жетысу» 

в полуфинале со счетом 2*0 обыграв команды города Алматы, в финальной схватке встре-

тилась с командой Астана. В упорной борьбе наши земляки обыграли команды Астанчан со 

счетом 3*1 стали обладателями Кубка и призового фонда в 1 млн.тенге.

Поздравляем и желаем команде «Жетысу» и всем ветеранам крепкого здоровья и удачи! 

С наступающими праздниками Вас!

А.КУДАБАЕВ

руководитель отдела физической культуры и спорта.

Ойлылар ойыны 

Молодец ветеран!

Дәл 


осындай 

атпен 


әл-Фараби 

атындағы  орта  мектебінде  Тәуелсіздік 

күніне  арналған  тарихи-сазды  кеш  болып 

өтті.  Кеш  басында  8-сынып  оқушылары  

осыдан  28  жыл  бұрын  тәуелсіздік  үшін 

күресте  жапа  шегіп,  ар-намыстары  тапта-

лып,  қорланған  қазақтың  ұл-қыздарының 

ерлігін,  батырлығын,  ұлтжандылығын, 

өршілдігін сахналық көріністер арқылы ке-

ремет көрсете білді. Ұлт қамы үшін сол күні 

алаңға  шыққан  жастардың  ерік-жігері  мен 

қайрат-күші  тәуелсіздікке  қол  жеткізуімізге 

себепші болды. Кеш барысында желтоқсан 

оқиғасына  қатысып,  жастар  қозғаған 

көтерілісті  өз  көзімен  көрген  жерлесіміз 

Бекмұханбетова  Құралай  осы  оқиға  жай-

лы әңгімелеп, оқушыларға біраз мағлұмат 

берді.  Кеш  соңы  мектеп  оқушылары 

ұйымдастырған тәуелсіздік күніне арналған 

мерекелік  концертпен  жалғасты.  Бұл  ша-

радан  бұрын  музыка  пәнінің  мұғалімі 

Ш.Ченемисованың 

ұйымдастыруымен 

патриоттық әндер байқауы өткен еді.



А.ҚАЙЫРКЕН,

әл-Фараби атындағы орта мектептің 

8-сынып оқушысы.

Үзілген гүлдің уілі



Мәдениет үйі - жастар игілігіне

Қазақстан  Респуб-

ликасының Тұңғыш Пре-

зидент күні қарсаңында 

туған өлкем - Шатырбай 

ауылында  ел  игілігіне 

арналған 

мәдениет 

үйінің  ашылуы  салта-

натты  түрде  аталып 

өтті.  Осы  жаңалық, 

әсіресе,  ауыл  жаста-

рын  қатты  қуантты. 

Жаңа  мәдениет  үйінде, 

жастардың бос уақытын 

тиімді 


пайдалануға 

барлық 


мүмкіндіктер 

жасалған. Денсаулықты 

шыңдау  үшін  әр  түрлі 

спорт 


құралдарын 

пайдалануға,  тренажер 

залында  жаттығуға  бо-

лады. Теннис және бильярд ойындарына арналған үстелдер орнатылған. Дойбы, шахмат және 

тоғызқұмалақ ойындарын ойнауға жағдайлар жасалынған. Қолөнер, музыкалық аспаптар, би 

үйірмесіне қатысушалар үшін де жеке бөлме жабдықтаулы.

«Артық білім – кітапта» демекші, мәдениет үйінің кітапханасының есігі жастарымыз үшін 

әрқашан ашық. 

Елбасымыздың  соңғы  Жолдауында  қоғамның  қозғаушы  күші  –  жастарға  деген  ерекше 

қамқорлығын біз, ауыл жастары, әрқашан сезінеміз. 



А.СМАЙЛХАНОВ,

Шатырбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы. 

Жаңа экономикалық саясатты 

айқындайтын құжат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жыл сайын халыққа арнайтын дәстүрлі 

Жолдауы биыл уақытынан бұрын жасалды. Мұның себебін Нұрсұлтан Әбішұлы әлемде, айнала-

да болып жатқан тәуекелге толы жағдайлармен байланыстырды.

Жаңа Жолдау арқылы Елбасы өз тапсырмасымен Үкімет дайындаған Қазақстанның «Нұрлы 

жол» 


атты 

еліміздің 

құрылымдық 

реформа-


ларын  одан  әрі  жүзеге 

асыруға бағытталатын жаңа 

экономикалық 

саясатын 

жария  етті.  Ол  еліміздің 

әлемдік  экономикада  орын 

алып  отырған  дағдарыс 

жағдайында мемлекетіміздің 

діттеген 

міндеттерді 

орындауын  мақсат  етеді. 

Сондықтан, 

бұл 

құжат 


бойынша 

экономиканың 

маңызды 

буындарына, 

халықтың басты мұқтаждарына қосымша қаржы қарастыру көзделіп отыр. Өйткені, Елбасы осы 

басқосуда тағы да атап өткендей, оны құрудағы мақсат тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды 

қамтамасыз ету, экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау болатын.

Жолдаудағы  тағы  бір  ерекше  атап  өтерлік  мәселе  әлеуметтік  инфрақұрылымдарды  дамы-

ту.  Бірінші  кезекте,  бұл  –  апатты  мектептер  мен  үш  ауысымды  оқыту  проблемаларын  шешу. 

Бұл  біздің  Сайлауалды  тұғырнамамыздың  негізгі  индикаторларының  бірі.  Сондықтан,  Үкіметке 

қосымша 70 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Балабақша мәселесі де өз шешімін таппақ. Үш 

жыл  бойы  қосымша  20  млрд.теңге  бағыттауды  тапсырды.  Сонымен  қатар  білім  беруді  дамыту 

бағдарламалары жалғаса бермек. Біздің алдымызға қойған міндетіміз жалпыұлттық құндылықты 

әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар 

етіп,  тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы  жолға  айналдырдық.  Әрқайсымыз  аянбай  еңбек 

етіп, өз үлесімізді қосамыз.




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал