Аудандық «Сырым елі» газетіне 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Газетке жазылу бағасы



жүктеу 471.89 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі471.89 Kb.
  1   2   3   4

Аудандық  «Сырым  елі» 

газетіне 

2016 

жылдың 

бірінші  жартыжылдығына 

жазылу жүргізілуде. 

Газетке  жазылу  бағасы  – 

1300 теңге болса, мекемелер 

мен  қоғамдық  ұйымдар 

үшін 

газетке 

жазылу 

бағасы  –  2000  теңге  болып 

белгіленген. Ал, тікелей редакцияға келіп жазылушылар 

үшін  газеттің  бағасы  –    900  теңге  болып  белгіленген. 

Газетке  “Қазпошта”  АҚ-ның  барлық  бөлімшелерінде 

жазылуға болады.

Сүйікті газетіңізге жазылуға асығыңыз, ағайын!

“Сырым елі” газетіне 

жазылдыңыз ба?

Бейсенбі № 46 (9805)  12 қараша 2015 жыл

Аудан  әкімдігінің  отырысында  

аудан 

 

әкімі 



А.Шыныбеков 

мемлекеттік  статистиканың  90 

жылдығына орай сала қызметкерлерін 

құттықтап,  құрмет  көрсетті.  Сала 

басшысы  Гүлнұр  Бекқожина  мен 

қызметкері  Тұрғали  Ерғалиев  аудан 

әкімінің алғыс хатына ие болды. 

Күн 


тәртібіндегі 

мәселелер 

бойынша    жұмыспен  қамту  және 

әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің 

басшысы  А.Баяндықов  бюджет 

қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік  

қызметтерді ұсыну, мұқтаж жандарға 

қамқоршылық    тағайындау  туралы 

хабарлама жасады. 

Аудандық  ауыл  шаруашылығы  

және  жер  қатынастары    бөлімінің 

басшысы    Қ.Молдағалиев    жер 

учаскелеріне  қатысты  хабарламалар 

жасады.


«Тазалық  айлығы»  байқауында 

үй-маңайын 

абаттандырып, 

көркейткендері  үшін  Өлеңті  және 

Жымпиты  ауылының  тұрғындары 

Жаңыл  Айдарханова  мен  Ержан 

Нүфтиев  «Үздік  аула»  аталымы 

бойынша, 

Ж.Молдағалиев 

көшесінің  тұрғыны  Роза  Хамиева 

мен Т.Тәжібеков көшесінің тұрғыны 

Нұрсұлу  Дабашева  «Үздік  көше» 

аталымы  бойынша  марапатталды. 

Есімдері 

аталған 

азамат-


азаматшаларға  Жымпиты  ауылдық 

округінің 

әкімі 

Қ.Төлеповтың 



атынан  арнайы  диплом  мен  сияпат 

көрсетілді. 

Еліне  елеулі  еңбегімен  танылған 

«Сырым 


ауданының 

құрметті 

азаматы», соғыс және еңбек ардагері 

Молдаш  Қаналыұлы  Қаналиевті 

еске алуға арналған ерлер арасында 

волейболдан    аудандық  турнир 

М.Қаналиев атындағы орта мектеп-

балабақша  кешенінде  салтанатты 

ашылу  рәсімімен  аталып  өтті. 

Аудандық  «Қайсар»  спорт  клубы 

мен 

Қаналиевтер 



жанұясы 

ұйымдастыруды 

қолға 

алған 


турнирге аудан әкімі А.Шыныбеков, 

аудандық 

мәслихат 

хатшысы 


Ә.Ғалымов,  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  О.Сарғозыұлы, 

М.Қаналиевтің ұрпақтары мен ауыл 

тұрғындары,  әр  ауылдық  округтен 

барған 8 команда қатысты. 

Ойын 


нәтижесі 

бойынша 


Жымпиты  командасы  І,  Бұлдырты 

командасы ІІ, Аралтөбе командасы ІІІ 

орындарға қол жеткізді. А.Шалабаев  

«Ең  үздік  либеро»,  Ч.Шайхиев  «Ең 

үздік  шабуылшы»,  Р.Қайырғалиев 

«Ең  үздік  ойыншы»,  Б.Мұқанов 

«Ең үздік қорғаушы» аталымдарына 

ие  болып,  ұйымдастырушылар 

тарапынан марапатталды. 

Өз тілшімізден

Өткен аптада аудан 

әкімдігінің кіші мәжіліс 

залында аудан басшысы 

Абат Шыныбеков Сырым 

ауданы бойынша биыл 

көгілдір отын жеткізілуі 

тиіс деп белгіленген 

елді  мекендердегі ішкі 

желілерді тартуға жауапты 

мердігерлермен жүздесті. 

Аралтөбе  –  Қызылағаш  –  Бұлан 

–  Жамбыл  –  Тамды  –  Қоңыр 

– Бұлдырты – Көгеріс – Қарақұдық 

–  Көздіғара  елді  мекендерінің 

ішкі  желілерін  тарту  жұмыстарын 

«Экодаши Газ и К», «Нұржан»  және 

«Батысремстройпроект» 

сияқты 

үш  бірдей  серіктестік  жүргізуде. 



Аралтөбе ауылдық округі мен Бұлан 

ауылдық  округіндегі  жұмыстарға 

жауапты  мердігер  «Экодаши  Газ  и 

К»  ЖШС  және  Жосалы  ауылдық 

округіндегі  жұмыстарға  жауапты 

мердігер  «Нұржан»  ЖШС  өз 

жұмыстарын тиянақты деп сендіріп 

отыр.  Бұл  мердігерлер  өздеріне 

тиесілі  шаруаларды  мүмкіндігінше 

қарқынды атқаруда. 

Ал,  Бұлдырты  ауылдық  округіне 

қарасты 


Бұлдырты, 

Көгеріс, 

Қарақұдық  және  Сарой  ауылдық 

округіне  қарасты  Көздіғара    елді  

мекеніндегі 

ішкі 


жұмыстарға 

жауапты  «Батысремстройпроект» 

ЖШС  жұмыс  үлгерімі  мардымсыз. 

Аудан  әкімі  Абат  Шыныбеков 

мердігер серіктестіктен тапсырылған 

шаруаны ыждағаттауды талап етті. 

«Аудандағы 

көгілдір 

отын 

желісіне 



қосылу 

жұмыстары 

межеленген  уақытында  аяқталуы 

керек.  Әріптестеріме  осы  мәселені 

қадағалауға алуды тапсырамын. Бұл 

жұмысқа  бәріміз  де  жауаптымыз. 

2015 жылы газ берілуі тиіс», - деді 

аудан басшысы қорытынды сөзінде. 



Бауыржан Ширмединұлы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

ХXХІІ сессиясын шақыру туралы

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  №148  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес ШеШІм ҚАБылдАдым:

Аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс  ХХХІІ  сессиясы  2015  жылдың    қараша  айының  12  күні  сағат  15.00-ге  

шақырылсын.

Күн тәртібіндегі мәселе:

1.  Сырым  аудандық  мәслихатының  2014  жылғы  26  желтоқсандағы  №25-2  «2015-2017  жылдарға  арналған 

аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 

жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату 

туралы.


 Сырым аудандық  мәслихат сессиясының төрағасы    Х.муСАгАлиев

«2015 жылы газ 

берілуі керек»

Әкімдіктің отырысында

Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының 

Ш е Ш І м І

Жымпиты ауылы                                 № 43                         9  қараша 2015 жыл

Ардагер атындағы 

турнир

Жеңімпаздар 

марапатталды

2

12 қараша  2015 жыл

Мерейтой

 

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастауы өткен ғасырлардан басталады. 

1918-1919  жылдар  аралығында  қазақ  халқының  тұңғыш  Ұлттық 

үкіметі аталған Алашорда өмір сүрді. 1918 жылдың 18-21 мамыры 

аралығында Жымпиты қаласында Орал өңірі қазақтарының кезекті 

IV съезінде Қазақстанның бүкіл батысына ықпал етерлік ұлттық-

территориялық құрылым – «Ойыл уәләятының Уақытша үкіметі» 

(Батыс  Алашорда)  жарияланды.  Осы  шешімді  мақұлдаған  кеңес 

үкіметіне  қарсы  күштердің  қолдауына  ие  болған  олар  тездетіп 

әскер  құру,  оны  қаруландыру,  Ұлттық  банкі  ашады,  баспахана 

ұйымдастырады,  газетін  шығаруға  шешім  қабылданады.  Алайда, 

ешқандай  полиграфиялық  қоры,  сауатты  қаламгерсіз  басылымды 

шығаруға асыл азамат Ахмет Мәметов өзі араласады.

Батыс  Алашорда  қайраткері,  Алаш  қозғалысына  қатысушы, 

ағартушы, ақын, журналист, дәрігер Мәметов Ахметғали (Ахмет) 

Орал  губерниесі,  Бөкей  уезі,  Орда  ауданындағы  Қойтоғыт 

қонысында дүниге келген. Тегі Байұлына жататын шеркеш руының 

сүйініш бөлімінен.

Ағайындары  оны  Ақас  деп  атаған.  Жастайынан  батрақ  болған 

әкесіне көмектесіп, мал баққан. Өз бетінше, кейін ауыл мектебінен 

сауатын ашады. Бала жасынан зерек болған Ақас 14 жасында жеңге, 

құрбыларына арнап өлеңдер жаза бастайды. 15 жасында Нарыннан 

Уфа  қаласына  бара  жатқан  адамдармен  ілесіп  барып,  сол  қалада 

біреуге жалданып қалып қояды.

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында сақталған 

А.Мәметовтың  өз  қолымен  толтырған  2  жеке  ісі  бар.  Жеке  іс 

Жымпиты  уездік  РКП(б)  ұйымының  атына  толтырылған.  Онда 

өзінің  1894  жылы  туғандығы,  2  сыныпты  білімі,  1920  жылы 

Забиров  пен  Алжановтың  қолдауымен  Жымпитыда  партияға 

өткендігі, Орал көркемсурет одағы кәсіподағының мүшесі екендігі 

жазылған.  17  баптағы  «Революциялық  қызметі  туралы  қысқаша 

мәлімет» атты сұраққа «1920 жылдың ақпанынан Орал губкомының 

үні «Ерік» газетінің редакторы және 15 қыркүйектен РКСМ ұйым 

жетекшісімін» деп көрсеткен [1].

Білім алу жолындағы оның қадамы туралы мынадай деректер 2-

ші істе бар. А.Мәметов 1932 жылы аспирантураға баруға толтырған 

жеке  ісінде  өз  өмірбаяны  туралы  былай  деп  жазады:  «Маметов 

Ахмед  Маметович  1895  жылдың  желтоқсанында  тудым.  1916 

жылға дейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде және Астраханьдағы 

жеміс-жүзім мектебінде оқыдым. 1916 жылы Ақтөбе уезіне қарасты 

«Сәуле»  мектебінде  мұғалім,  1917  жылы  Орынбор  қаласындағы 

«Қазақ»  газетінде  экспедитор  және  конторщик,  1922  жылы  түрлі 

кеңестік  қоғамдық  ұйымдарда,  1919  жылдың  аяқ  шенінде  Орал 

РКП(б)  губкомитетінің  «ЕРК»  (Свобода)  газетінің  Жымпитыдағы 

және аудандық уезкомның органына редактор болдым» [2]. Осы екі 

мұрағат  деректерінде  әр  жылдары  толтырғандықтан  өзінің  туған 

жылын екі рет түрліше көрсеткен.

Кейбір мұрағаттық деректерде 1910 жылы, ал кейбіреуінде 1913 

жылы деп көрсеткен. «Ғалия» медресесінде А.Мәметовтың оқығаны 

белгілі.  «Қазақ»  газетінің  1915  жылғы  2  ақпан  №101  санында 

«Тәңірі жарылқасын!» атты мақала жарияланған: «Өткен жаз елге 

қайтпай, Сібір жағында мұғалім болып, осы қыс тағы да Уфадағы 

медресе «Ғалияға» келіп оқып жатқанымда, 12 қаңтарда атамның 

опат  хабары  келіп,  үйге  қайтып  едім.  Елге  қайтуға  қаражатым 

кем  болып  тұрғанда  серіктерім  -  қазақ  шәкірттері  өз  араларынан 

жолдық  ақша  жинап  берді.  Енді  медресеге  қайта  барудан  үміт 

үзіп  тұрғанымда  «Қазақ»  басқармасынан  25  сом  барғанын  көріп, 

баруға жігер еткенімде, Лұқпан Көжеков, Әжікей Жакенов секілді 

құрбылар Уфаға жетерлік жолдық расход жинап беріп, тағы қайта 

бара  жатырмын.  Бұлардың  әр  қайсысына  тәңірі  жарылқасын 

айтамын! Ахмет Мәметов» [3, 131 б.]. 

Осы медреседе оқып жүргеннен-ақ Ахметтің өлеңдері жарыққа 

шыға  бастайды.  1912  жылы  Қазан  қаласындағы  Кәрімовтер 

баспаханасынан  «Аберт»  (орысша  «Назидание»)  жинағы  жарық 

көреді.  Қазақ  халқының  тәуелсіздігін  армандаған  балғын  жастың 

«Тілегім» атты өлеңі сол жинақта басылып шықты. 1913 жылы осы 

баспадан «Кеңес» деген орыс ақын-жазушыларының жинақтарының 

шығармаларын  қазақшаға  аударып,  жинақ  етіп  шығарылады. 

Алғы бетінде: «Автор Ахмет-Али Маметов. Букеевец. 47 страниц. 

Казань»  делінген.  Ахмет  Мәметов  медреседегі  оқу  жылдарында 

шәкірттерімен  бірге  төте  оқулық  «Әліппе»  оқу  құралын,  Ғұмар 

Қараштың «Бала тұлпар» өлеңдер жинағын шығарысады. «Айқап» 

журналының 1914 жылғы №22 санының 300-301 беттерінде «Бір 

қазақ  қызының  әкесіне  зары»,  1915  жылғы  №1  санының  12-14 

беттерінде «Тарих исламнан» атты өлеңінде кедейге көмектесуші 

халифа  туралы  аңызды  мысалға  келтіріп,  елге  пайда  тигізуге 

шақырған.

«Ал енді бүгінгіні ойлап тұрсақ,

Бір жерге таласамыз кеңес құрсақ.

Халифа, патша түгіл, ауылнайлар,

Ақырып  қорқытады  мойын  бұрсақ»,-деген  жолдарды  оқимыз 

[4,242-б.].

«Қазақстан»  газетінің  1912  жылғы  24  сәуірдегі  №11  санында 

«Жаз» атты өлеңінде табиғаттың әсем жаз бейнесі, сол жылғы 21 

ақпан №7 санында «Ұмтыл» өлеңінде жастарды оқуға, өнер-білімге 

шақырды.  «Алаш»  газетінің  1917  жылғы  25  мамырдағы  №22 

санында  «Балаларға»,  «Қазақ»  газетінің  1915  жылы  5  наурызда 

№109 санында «Көңіліме», 27 қаңтардағы №99 санында «Тілегім», 

1916  жылғы  №186  санындағы  «Су  жағасында»  атты  өлеңінде 

табиғатты суреттейді, 1917 жылғы №222 санында «Алашқа сәлем», 

№ 232 санында «Г… жұбату» өлеңдері жарық көрді.

Сөйтіп,  1912-1917  жылдары  Ахмет  Мәметов  азамат  болып 

қалыптасып, өз еңбегін, оқуын, халқына қызмет етуге арнады. «...

Ақыры қаржы қиындығына байланысты Орынбордағы «Хусаиние» 

медресесіне  ауысып,  осы  оқу  орнын  тәмамдады.  Бұл  жылдары 

Шәңгерейдің мәдени ықпалы аясында болды. Ақынға еріп, Тайпақ, 

Жымпиты  өңірін  аралады,  Алаш  қозғалысына  үн  қосты.  1916 

жылғы дүрбелең тұсында босқыншылыққа ұшыраған қырғыз еліне 

көмек  беру  жөнінде  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов, 

Ж.Жәнібековтермен бірге 1917 жылы маусымда «Қазақ» газетінде 

қазақ  еліне  үндеу  тастады.  I-Бүкілресей  Мұсылмандар  сиезіне 

қатысқан бір топ зиялының Жалпықазақ сиезін Ташкент қаласында 

өткізу,  Алаш  автономиясына  Түркістан  өңірін  қосу  туралы  ойын 

қостады», - деп жазады ғалым Тәж-Мұрат Мақсат [5,129 б.].

А.Мәметов 1917-1918 жылдары С.Қожанов редактор, М.Шоқай 

шығарушы  болған  «Бірлік  туы»  газеті  басқармасында  жұмыс 

істейді. Кейін өзінің туған жері Бөкей уезіне қайтып келеді. Міне, 

осы тұста 1919 жылы Алаш партиясының ісіне біршама араласып, 

қазіргі Ақтөбенің Ойыл ауданына қарасты Ойылда «Еркін қазақ» 

атты  газетті  шығарады.  1920  жылы  Жымпитыдағы  шығатын 

«Ерік» газетінде редактор болып жұмыс істейді. Міне, жоғарыдағы 

мұрағат қорында сақталған жеке істе бұл қызметтері анық та, айқын 

көрсетілді. 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  1918  жылдың  18-21  мамыры 

аралығында Жымпиты қаласында Орал өңірі қазақтарының кезекті 

IV съезінде Қазақстанның бүкіл батысына ықпал етерлік ұлттық-

территорялық  құрылым  –  «Ойыл  уәләятының  Уақытша  үкіметі» 

(Батыс  Алашорда)  құрылып,  баспахана  ұйымдастырады,  «Еркін 

қазақ» газетін шығарады. Бірақ, төртен бір нұсқасы жоқ тек әдемі 

қиял  бесігінде  «құндақтаулы»  сәби  үкіметтің  газет  шығаруға 

деген  мұршасы  болмады.  Сондықтан  бұл  іске  нар  жүгін  көтерер 

асыл  азамат  Ахмет  Мәметов  бел  шеше  кірісті.  Тарих  сахнасына 

шыққан  Қазақстанның  батыс  өлкесіндегі  осы  мерзімді  баспасөз 

туралы  мәлімет  алғаш  рет  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушы, 

ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармасынан орын 

тапты. Революционер ақынның «Тар жол, тайғақ кешу» романында 

өз  көзімен  көріп,  өзі  бел  ортасында  жүрген  оқиғаларды  суреттей 

отырып, былай дейді: «Күнбатыс Алашорда» (Батыс бөлімі) сүйтіп, 

өзінше істей берді. Айтқандайын, Ойыл қаласында газет шығарды. 

Газетінің  аты  жаңылмасам,  «Жаңа  қазақ»  («Еркін  қазақ»)  болса 

керек. Шығарушысы - Ахмет Мәметұлы деген дәрігер» [6, 129 б.].

 

1919  жылығы  10  қаңтарда  Қаратөбеде  өткен  облыстық 



земство жиналысының қаулысына сай газет шығаруды қолға алады. 

Кейін  1919  жылдың  26  қыркүйегінен  Ойылда  Батыс  Алашорда 

көсемдерінің табанды қарекетінің арқасында тұңғыш тәуелсіз қазақ 

газеті  жарық  көрді.  Газет  «Еркін  қазақ»  деп  аталды.  1997  жылы 

белгілі зертеуші – ғалым-журналист Б.Байғалиев газеттің 1 нөмірін 

ҚРОМА  қорынан  тауып  алып,  жариялайды.  Бірінші  нөмірінде 

астына  «Бөкейлік  баласы»  деп  қол  қойған  А.Мәметовтың  жүрек 

кернеген қуанышы бар. Төменде Қазақстан Республикасы Орталық 

Мемлекеттік мұрағатында сақталған газеттен көшірме беріліп отыр 

(Ескерту: араб қарпінен аударып оқыған Республикалық Орталық 

кітапхананың жауапты қызметкері Толқын Замзаева):

ЕРКІН ҚАЗАҚ

Адресъ: г. Уилъ 

редакция газеты 

«Еркн-Казак».

1919-ншы жыл 

26-ншы мизан.

Жұма


Бірінші нөмір

Жазылу бағасы

Үш  айға  20  сом.  Екі 

айға 15 сом. Бір айға 10 

сом. Бір нөмір 2 сом

***


Еркелеп «Еркін қазақ» алашына.

Жайылған Сары арқаның даласына.

Жер-жерге сәлем беріп таралуға тұр – 

Жалықпай, жалпы қазақ арасына.

Тарамай ел ішіне жеті сайын.

Қолға алып заманның түрлі жайын.

Алаштың ар-намысын тұтқан жолы – 

Алалап айырмастан жарлы, байын.

Ағарту, алғасу біреу алаш аян

Көрсетіп келіспеген кейбір жерін.

Көз, құлақ алашыма боламын деп.

Белсеніп  шықты  бекен 

буып Баян.

Орынды 


жалтақтамай 

айтар сөзін.

Көтермес  еш  адамның 

көріп көзін.

Жағыну, жалбақтауға үйір болмай

Танытар ашық сөзбен халыққа өзін.

Бөкейлік баласы.

***

26-ншы мизан. Ойыл

1917-нші  жыл,  27-нші  хұт  өзгерісі  болғаннан  бері  қарай  қазақ 

тілінде  бір  газета  шығармақ  Орал  зиялы  азаматтары  ауызында 

болған. Өткен 18-нші жылда бірқатар халық жұмыстарын басқарып, 

земстволарды  құрып  болғаннан  кейін  областной  земствоға  арнап 

Текеден  20  мыңға  бір  баспахана  алынды.  Бұл  баспахананы  алып 

Жемпиті  қаласына  әкеліп  құрды.  Бір  қатар  керек-жарақтары  да 

төгелденді. Іс басталды. Осылай айтып енді газета да шығарамыз 

тұрған  кезде  Текені  большевиктер  келіп  алып,  Жемпитіға  да 

қорқыныш кіре бастады. Қыс ішінде земство һәм басқа мекемелер 

кеңселерін ......трек  болған Қызылқоға жағына қарап көшірді. Осы 

көшудің  артынан  жазға  салым  баспахананы  да  Ойылға  көшірді. 

Баспахананы көшірген уақытта жолда бірқатар нәрселері жоғалып 

Ойылға келген соңы да бір ай шамасында әзер құрылып болды. ..........

....................................................................................  жұмыскерлерінің 

барлығы бірдей Ойылға келмей, қайтадан Текеге кетіп қалды. Бұрын 

баспаханада тұрып, қызмет еткен жұмыстарының жөн, жосықтарын 

білетұғын үш-ақ адам бірге Ойылға келді. Міне, осы уақытқа дейін 

сол үш адаммен баспахана түрлі мекемелердің заказдарын атқарып 

келді.  Бұл  баспахананың  үлкен  жұмысының  біреуі  қазақ  тілінде 

бір газета басып таратпақ еді. Бұл газета шығару туралы былтыр 

баспахананы  алғаннан  бері  қарай  сөз  болып  келді.  Жемпитіда 

баспахана  құрылып  енді  іс  басталады  деп  тұрған  кезде  жоғары 

айтылған көшу оқиғасы болып қалды. Ойылға келген соң шығара 

бастауға мұсылманша наборщик болмады. Наборщик секілді бұрын 

баспаханада қызмет еткен адамдарды тауып алатын жерлер мен осы 

күнгі  болып  жатқан  оқиғалар  себепті  қатынасу  мүмкін  болмады. 

Соныменен  газета  шығару  жұмысы  бұл  уақытқа  дейін  тоқталып 

келді. Қазірде де наборщик табылған жоқ, сонда да наборщиктікке 

үйреніп  жатқан  қазақ  балаларыменен  шығармақ  болып  тұрмыз. 

Жоғарыда жазылған көшу оқиғалары болмағанда, бұрын баспаханада 

қызмет етіп жұмыстарының ретін білетін асылған адамдар табылып 

тұрғанда бұл газета былтыр күзден басталып шықпақ еді. Бұл газета 

туралы өткен 10-ншы қаңтарда болған земский собранияда сөз болып 

тұрған. Зорлығы қандай болу керек. Айына неше рет шығару керек 

боларының барлығында белгіленген еді. Бұл уақытқа дейін шыға 

алмай тұрғанына не нәрсе есебеп болғандығы жоғарыда жазылды. 

Енді осы бірінші нөмірін үйреніп жатқан бала наборщиктерменен 

шығарып  қараймыз.  Бұл  балалардың  қолдарынан  үлгіре  алатын 

шамалары болса, жиды жұлдызынан бастап жұма сайын қалдырмай 

айына  төрт  рет  шығарып  тұрмақпыз.  Оның  бір  жағында  Теке, 

Орынбор  секілді  үлкен  қалаларға  жол  ашылып,  қатынасу  мүмкін 

бола қалса, ол уақытта тағы да керекті баспахана жұмыскерлерін 

тауып  алуға  областной  управа  тырыса-шақ.  Бұл  шығарған  нөмір 

бірінші  тәжірибе  һәм  алдағы  істердің  басы  болашақ.  Заман 

тынышталып, тағы да олай, бұлай істерден халық аман, ел тыныш, 

жер  босаңшылық  болып  тұрса,  бұл  газетада  түрлі  осы  күнгі 

Россияда  болып  жатқан  оқиғалардың  хабарлары  земство  істері 

һәм земствоның не нәрсе екендігі, Алаш орда һәм оның бастан аяқ 

тарихтары жазылып тұрмақ. Бұл уақытта газета шығару жұмысы 

өте  қиын  жұмыстардың  бірі.  Себебі:  бұрынғыдай  сарлап  жүріп 

тұрған  пошта  жоқ,  бір  сағатта  дүниенің  ұшытындегі  хабарларды 

пошта да жеткізетін телеграмма жоқ. Пошта сайын түрлі жерлерден 

құшақ,  құшақ  келіп  тұрған  газеталар  және  жоқ.  Өзіңмен  іргелес 

елдердің  ішінде  болып  жатқан  оқиғаларды  айдың  бас  аяғында 

дерлік азар-азар талып естіледі шет елдер, алыс жерлер хабарлары 

болса  жылдың  басы-аяғында  ғана  алу  серіп  зорға  естіледі.  Онда 

да  тең  жартысы  я  көбірек  өтірік  болып  шығады.  Бұл  хабарларда 

газетада  жазылған,  я  телеграмдағы  емес.  Көбі  ауыздан  уызға 

көшіріліп жүрген алып қашты хабарлар. Бұл газетада мұндай алып 

қашты хабарларға көп орын берілмей халден келгенше хабарлардың 

тазалары ғана жазылып тұруға тырысыла-шақ. Қысқасы алаш елін 

пайдалы  деген  іске  қарап  басуға,  пайдасыз  істен  қашуға  демдеп, 

қолдан келгенше ел үшін көз, құлақ болып тұрмақ. Міне, бұл секілді 

істермен алаш баласымын деген зиялы азаматтардың барлығына тегі 

міндет. Соның үшін газета шыға бастаған соң әр азамат қолдарынан 

келгенше  қалам  жәрдемдерін  беріп  тұрулары  керек.  Сонда  ғана 

газета бола-шақ, сонда ғана басталған іс тасталмай іс болып шыға-

шақ. Бегіренде қазіргі заманда.

Қылышбай СҮндеТұлы, 

Х.досмұхамедов Атму З.Қабдолов  атындағы ғылыми-зерттеу  орталығының 

жетекшісі, тарих  ғылымдарының кандидаты

АХМет МӘМетоВ ЖӘНе БоЛЬШеВИЗМГе 

ҚАрСЫ КҮреСКеН ГАЗет

(Жалғасы бар).

“Сырым елі” газетінің 85 жылдығына орай


3

12 қараша  2015 жыл

ХАБАр-оШАр

 

1. Тоғанас мәдениет үйінің меңгерушісі 

лауазымы – 1,0 бірлік

2.  Тоғанас  мәдениет  үйінің  әдіскері 

лауазымы – 1,0 бірлік

3. 


Аралтөбе 

мәдениет 

үйінің 

көркемөнерпаздар 



жұмысын        

ұйымдастырушы лауазымы – 1,0 бірлік.

4.  «Демалыс  орталығы»  МКҚК- 

нің 


мәдени-демалыс 

жұмыстарын 

ұйымдастырушы лауазымы – 1,0 бірлік.

5.  «Демалыс  орталығы»  МКҚК-нің 

әдіскері  лауазымы  (уақытша  декреттік 

демалыстағы  қызметкердің  орны)  –  1,0 

бірлік

6.  «Демалыс  орталығы»  МКҚК-нің 



дыбыс режиссері лауазымы – 1,0 бірлік



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал