Аудандық қоғамдық саяси газет Газет 1935 жылдан шығып келеді ШҰҒыла жұма, 24 ақпан



жүктеу 312.23 Kb.

бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі312.23 Kb.
  1   2   3   4

Аудандық  қоғамдық - саяси  газет

Газет 1935 жылдан 

шығып келеді

ШҰҒЫЛА


Жұма, 

24 ақпан

2017 жыл

№ 9 (8080)

Е-mail: shugulazhanibek@mail.ru

www.facebook.com/ Жәнібек аудандық 

«

Шұғыла

»

 газеті

3 - бетте

 4- бетте

 5- бетте

-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында 

Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды. Еліміздің бірінші 

жаңғыруы тәуелсіздігімізді алып, жаңа мемлекет құрған кезде болғанын, 

екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» стратегиясының қабылдануымен 

және жаңа Елордамыз – Астананың салынуымен басталғанын Елбасы 

Жолдауында атап айтқан болатын, - деді басқосуда Жанар Диясқызы. 

Ол  сондай-ақ  Президенттің  Жолдауында  коммуникацияның  дамуы 

мен  оптикалық-талшықты  инфрақұрылымға  жаппай  қолжетімділікті 

қамтамасыз  ету  керектігі  көрсетілгенін,  бұл  біздің  аудан  үшін 

аса  маңызды  екендігіне  тоқталды.  Кездесу  барысында  сөз  алған 

Амангелді  Мырзағалиұлы  жыл  сайынғы  Елбасының  Жолдауын 

халық  асыға  күтетіндігін,  биылғы  Жолдау  да  аудан  тұрғындарының 

көңілінен  шыққандығын  мәлім  етті.  А.Уәлиев  Жолдауда  айтылған 

еңбек өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, 

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының іске асуы, білім беру 

мен денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы өз ойын 

ортаға салды. Жиында аталған мекеменің қызметкерлері де Елбасы 

Жолдауына қатысты ой-пікірлерін жеткізді.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын БҚО өндірістік 

филиалы  КазТрансАймақ  аудандық  газ  учаскесінің  ұжымы  да 

талқылады.  



Д.ЗЕННАТ

Ой-пікірлерін жеткізді

Батыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық 

департаментінің Жәнібек аудандық қазынашылық 

басқармасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы 

Жанар Қошанова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы 

Амангелді Уәлиевтің қатысуымен Елбасының «Қазақстанның 

үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 

Жолдауы талқыланды.

Басқосуда  сөз  алған  облыстық  қаржы  басқармасы 

басшысының  орынбасары  Нұрлан  Есенғалиев  биылғы 

Жолдауда  елдің    жаһандық  бәсекеге  қабілеттілігін 

қамтамасыз  ететін  экономикалық  өсімнің  жаңа  моделін 

құру үшін Мемлекет басшысы Қазақстанды үшінші жаңғырту 

жөнінде  міндет  қойғанын  және  оның  бес  басымдығы  бар 

екенін  атап  өтті.  Ол  сондай-ақ  халықты  тұрғын  үймен 

қамтуға  бағытталған  бағдарламаларға  тоқталып,  мемлекет 

тарапынан көрсетілетін әртүрлі жеңілдіктерді халыққа егжей-



Жарқын болашаққа жетелейді

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа 

Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық 

ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері 

Қамысты ауылдық округінде болып, ауыл 

тұрғындарының қатысуымен жиын өткізді.

тегжейлі түсіндірді. Жиын барысында облыстық 

кәсіпкерлік  және  индустриялық-инновациялық 

даму  басқармасы  басшысының  міндетін 

атқарушы Руслан Сапарғалиев Қазақстанды 30 

озық елдің қатарына қосу мақсатында биылғы 

Жолдау  зор  міндеттер  айқындап  бергенін 

мәлім  етіп,  Жолдауда  көрсетілген  цифрлық 

технологияны  қолдану,  шағын  несие  беру 

аясын кеңейту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, 

білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы 

өзгерістер 

және 

қауіпсіздік, 



сыбайлас 

жемқорлықпен күрес шараларына жан-жақты тоқталып өтті. 

Е.Ниетқалиев  атындағы  мектептің  бастауыш  сынып 

мұғалімі  Жәмилә  Қадырғалиева  Елбасы  Жолдауындағы 

төртінші  басымдық  –  білім  беру  жүйесінің  рөлі  жөнінде  өз 

пікірін  ортаға  салып,  аталған  салаға  енгізілетін  өзгеріс-

терді,  жаңа  бастамаларды  толықтай  қолдайтындығын 

жеткізді.  Басқосу  барысында  ақпараттық-түсіндіру  то- 

бының мүшелері тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға 

жауаптар берді.



Д.ОСПАН

Ұзынкөл ауылында Елбасының «Қазақстанның 

үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

атты биылғы Жолдауын талқылау, насихаттау 

жиыны оздырылып, оған ауылдық округ тұрғындары  

қатысты. 

Жиынды  ашқан  ауыл  әкімі  Алтай  Бақтығалиев 

маңызды  құжатты  насихаттау  жұмыстарының  ауылда 

кеңінен  жүргізіліп  жатқанын,  Жолдауға  қатысты 

түсінік  аламын  деген  тұрғындарға  барлық  жағдайдың 

жасалғанын баяндады. Бұдан соң облыстық ақпараттық 



Атқарылған істер көп

түсіндіру тобының мүшесі, БҚО жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 

басшысының  орынбасары  Қазбек  Ме-

ңеев  биылғы  Жолдаудың  маңызы  мен 

ерекшеліктеріне  тоқталып,  бұдан  алдыңғы 

екі жаңғырту барысында елімізде атқарылған 

алмағайып  істерді  саралады.  Ол  өз  сөзінде 

Елбасының сарабдал саясатының арқасында 

халықтың  өмір  сүру  деңгейінің  артқанын 

айқын  мысалдармен  айта  келіп,  үстіміздегі 

жылы аудан орталығы мен Ұзынкөл ауылын 

қосатын  асфальт  жол  төсеу  жұмыстары 

аяқталып,  одан  әрі  де  қаржы  бөлініп,  бұл 

істің жалғаса беретінін мәлім етті. Басқосуда 

сөз  алған  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Жанар  Қошанова  жиналған 

қауымға  саяси  құжатта  айтылған  әлеуметтік 

мәселелерді  жан-жақты  талдап,  қарапайым 

тілмен  түсінікті  қылып  жеткізді.    Жиында 

жұртшылық  тарапынан  қойылған  көкейтесті 

сауалдарға жауаптар қайтарылды.



Н.ӨТЕй

ҚР Тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау агенттігінің БҚО 

тұтынушылардың құқықтарын қорғау 

департаментінің Жәнібек аудандық 

тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау басқармасы және ҚР Ұлттық 

экономика министрлігі тұтынушының 

құқығын қорғау комитетінің «Ұлттық 

сараптама орталығы» шаруашылық 

жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнының 

БҚО бойынша филиалының 

Жәнібек аудандық бөлімшесінде 

аудандық ішкі саясат бөлімінің 

басшысы Жанар Қошанова және 

аудандық «Шұғыла» қоғамдық-

саяси газетінің бас редакторы 



Қолдау білдірді

Ахмедияр Батырханов  Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

атты Қазақстан халқына арнаған 

Жолдауын талқылады. Өз кезегінде 

Жанар Диясқызы Елбасының 

еліміздің жаһандық бәсекеге 

қабілеттілігін қамтамасыз ететін 

экономикалық өсімнің жаңа моделін 

құру қажеттігін айтқанын айта келіп, 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары, 

«Цифрлық Қазақстан»  және 

аграрлық сектор мен әлеуметтік 

қамтамасыз ету салаларын тілге 

тиек ете келіп, бірлік пен ынтымағы 

жарасқан елдің халқы бейбіт өмір 

сүретінін жасырмады. Одан соң 

Ахмедияр Қуанұлы  ҚР Тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

сарабдал саясаты жайында 

тереңнен әңгіме өрбітіп, бүгінгі 

Қазақстанды әлем мойындағанын 

дәйекті мысалдармен айтып шығып

Жолдаудағы «Нұрлы жер» тұрғын 

үй бағдарламасы мен «Баршаға 

арналған тегін кәсіптік-техникалық 

білім беру» жобасын және білім 

саласы жайын  қамтып өтті.  

Екі бірдей мекеменің ұжымы 

Елбасының Жолдауына толықтай 

қолдау білдіретіндерін асқан 

қуанышты сезіммен жеткізді.



А.ҚАРШЕКЕ

Жолдау жолдарынан 

Талов  ауылдық  мәдениет  үйінде  аудандық  білім  беру  бөлімінің 

басшысы  Миранбек  Ибатов  ауыл  тұрғындары  алдында  Елбасы 

Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге 

қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар 

туралы түсінік берді. Жарыссөзде аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі 

М.Мұқатаева  мен  ауылдық  кітапхана  меңгерушісі  А.  Абдуллина  өз 

пікірлерін білдірді. 



А.ҚҰРМАШ

Түсінік берді

Теннис 


ардагерінің 

мерейлі жасы 

ұлықталды

«Ана үлгі береді, 

ата нұсқа 

қалдырады»

«Темір де көніп 

тіл қатқан, Тетігін 

тапқан маманға!»


Шұғыла

2

24 ақпан  2017 жыл



Тәуелсіз  еліміздің  алғашқы  жылдарында  мемлекет 

билігі  бір  қолда  болуы  қажет  еді.  Өйткені,  қоғамның, 

мемлекеттің,  меншіктің  бір  жүйеден  екінші  жүйеге  көшуі 

 Дамыған елдердің қатарына енуге жол ашады

Қазір еліміз жаңа сапалы деңгейге көтеріліп 

отыр. Қоғам өзгеріп, күрделенді. Ондағы 

үрдістер де көбейіп, көлемі кеңейді. Сондықтан 

оны таяу арада оңтайлы шешуді уақыттың 

өзі талап етуде. Дүние жүзінде тым аз 

уақыттың ауқымында көптеген өзгерістер 

жасалуда. Оларды жылдам қабылдау, 

түсіну, тиімді шешу жолдарын табу уақыт 

талабы. Осыған орай біздің еліміздің де билік 

тармақтарына оң өзгерістер енгізу қоғам 

дамуынан туындаған жайт.

қиынның  қиыны  болатын.  Осындай  қиын-қыстау  шақта 

Елбасы  мемлекет  басқаруды  өз  қолына  алды.  Мұның 

бірден-бір дұрыс шешім болғанын бүгінде көріп отырмыз. 

Қазір  әлем  өзгеру  үстінде.  Демек,  ел  билігі  басқаша 

сипат  алу  керек.  Сондықтан  Елбасы  өзінің  Үндеуінде 

өкілеттілігінің  біразын  Үкімет  пен  Парламентке  беретінін 

мәлім  етті.  Алайда,  елдің  стратегиялық  даму,  ұлттық 

қауіпсіздік,  елді  қорғау,  сыртқы  саясат  сияқты  маңызды 

мәселелері мен бағыттары Елбасының қолында қалады. 

Ал, мемлекеттің жұртшылыққа аса қажет экономикалық, 

әлеуметтік  мәселелері  үкіметке  беріледі.  Мемлекеттік 

басқаруды  жетілдіру,  заңдарды  қабылдау,  оларға 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу,  конституциялық 

талаптарды  орындау  -  біздің  қоғамымызда  іс  жүзінде 

демократияға даңғыл жол ашу болып саналады. Мұның 

өзі қандай деңгейде мемлекетте заң орындалса, сондай 

көлемде демократия орнайды деген сөз. Мұның барлығы 

да  халық  игілігі  үшін,  әсіресе,  жастарды  осы  қоғамдық-

саяси  жұмыстарға,  мемлекет  билігіне  көптеп  тарту, 

белсенділіктерін арттыру, жауапкершіліктерін өсіру, сенім, 

қолдау көрсетуден туындап отыр. 

Қорыта  айтқанда,  Елбасының  бұл  бағыты  күшті 

Президенттік билік, кәсіби Үкімет, жауапты Парламент, сот 

жүйесі  болып  табылады.  Осының  негізінде  біз  дамыған, 

өркениетті отыз елдің қатарына қосылатын боламыз. 



А.ҚАРАТАЕв,

Жақсыбай ауылдық округінің 

әкімі

Біз жаһандану үрдісіне етене араласып, экономи-

ка  мен  әлеуметтік  ахуалды  дамыттық.  Бүгінде  за-

ман, уақыт талабы күн сайын дерлік өзгеруде. Оның 

үстіне жұртшылықтың сана-сезімі де артуда. Соған 

байланысты  Елбасы  әлеуметтік-экономикалық 

үрдістерді  басқарудың  тың  жолдарын  іздеу,  билік 

жүйесінің  халық  алдындағы  жауапкершілігін 

арттыру  қажеттігін  Үндеуінде  айқын  білдірді.  Сол 

себепті  билік  тармақтарының  өкілеттілігін  қайта 

бөлу және Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі 

бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатынын жеткізді. 

Елбасы  қабылдаған  бұл  шешім  бүгінгі  уақыт 

талабына  сай  жаңа  бағыт  болмақ.  Оның  негізгі 

мақсаты -  еліміздегі биліктің ел басқаруда тиімді 

әрі  тұрақты  жүйелерін  енгізуге  және  олардың 

жауапкершілігін арттыруға бағытталған.  Мемлекет 

басшысының  Үндеуінің  ауқымында  еліміздегі 

саяси партиялардың да атқарар жұмыстары жаңа 

белестерден көрінбек. 



Б.ҚАРАҚҰлОв,

Қамысты ауылдық округінің әкімі

Жетістіктерге бастайды

Елбасы тәуелсіздік алған күннен бастап-ақ барша халықтың қолдауымен президенттік 

басқару жүйесін таңдап, осы арқылы бүгінде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Міне, 

тәуелсіздігіміздің  ширек ғасыр кезеңіне көз салсақ, ел басқарудағы бағыттың өте дұрыс 

таңдалғанын өмірдің өзі дәлелдеп берді. 

Себебі,  бұл  Үндеуде  Үкімет  пен  Парламент  тепе-теңдігі 

қалыптастырылып,  сонымен  қатар  бұлардың  жауапкершіліктерінің 

арта түсетіндігі айтылды. Сонымен қоса, нәтижелі қызмет жасауларына 

да жағдайлар туындайды. Яғни алдағы уақытта саяси реформаларға 

сай Үкімет пен Парламент біріктіріліп, парламент арқылы отставкаға 

кететіндігі хабардар етілді. Бұл реформаны халық сараптап, талқыға 

салады. Және бұған барлық қоғамның қатысуы талап етіледі.

Халқымыз Елбасының осы Үндеуді тектен-тек баяндап отырмаға-

нын  түсініп,  бүгінгі  қол  жеткен  табыстардың  өзінен-өзі  келмегеніне, 

ол  үшін  қыруар  еңбек,  жігер-қайрат,  тынымсыз  ізденіс,  нар  тәуекел 

қажет  болғанына  да  көзіміз  жеткендігін  ескеріп,  бірауыздан  Үндеуді 

қолдайды деп сенемін.

М.МҰХАМБЕТЖАНОв,

Талов ауылдық округінің әкімі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Үндеуін 

тыңдап, бұл Үндеудің мемлекетіміздің салиқалы саясатты 

жүзеге асыруда, көлемді реформалардың табысты 

жүргізіліп, дамуын көздейтін демократиялық мемлекеттің 

өркендеп өсуіне жол ашылып, мүмкіндіктер туғызатынына 

көзімді жеткіздім. 

Қолдайды деп сенемін

Тәуелсіздіктің  25  жылында  қалыптасқан  билік  жүйесі  осындай 

оң  қадам  жасауға  мүмкіндік  беруде.  Мәні  зор  реформаны  жүзеге 

асыратын  кезең  келді.  Үндеуде  айтылғандай,  Үкіметке  және 

жергілікті  атқарушы  билік  органдарына  әлеуметтік-экономикалық 

үдерістерді  реттеу  үшін  40-қа  жуық  өкілеттілік  берілмек.  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  саяси  ерік-жігері  заң  шығарушы  биліктің 

рөлін  арттыру  арқылы  халқымыздың  бірлігі  мен  келісімін  нығайтуға 

және  Қазақстандағы  демократиялық  үдерістерді  жалғастыруға  тың 

серпін  беретіні  анық.  Бұл  Үндеу  Президенттің  Қазақстан  халқының 

әл-ауқатын арттыру және өркендеуі жолындағы жаңа бастамасының 

табысты жүзеге асатынына сенім білдіремін. 



А.БЕКҚАлИЕвА,

Борсы ауылдық округінің әкімі 

Өркендеу жолындағы

 жаңа бастама

Қазақстандағы қоғамдық және саяси жүйені оңынан 

дамыту – Елбасы саясатының басты бағыттарының 

бірі. Президент өз Үндеуінде мемлекеттік билік жүйесіне 

елеулі өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл саяси қадам еліміздің 

қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи жаңа кезеңнің бастауы 

болмақ. 

Елбасының халыққа арнаған Үндеуі

  -Өздеріңіз  білетіндей,  Елбасының  Үндеуіне 

байланысты  билік  тармақтарының  өкілеттіктерін 

қайта  бөлу  міндеті  тұр.  Осыған  орай  мемлекеттің 

басқару жүйесі де жаңғыртылатын болады. Ол үшін 

арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол барлық сұрақтар-

ды  жан-жақты  зерттеп,  қоғамдық  талқылауға 

шығару  үшін  ұсыныстар  әзірлейді.  Үндеуге  үн 

қосып,  ұсыныс-пікір  айтып,  талқылау  26  ақпанға 



Ел мүддесі мен заман талабы

Аудандық білім беру бөлімінде ұжым мүшелерінің қатысуымен Елбасының билік 

тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі 

талқыланды.

дейін  жалғасады.  Президенттің 

бірқатар  өкілеттіктері  Парламет 

пен  Үкіметке  беріледі.  Ал  сырт-

қы  саясат,  қорғаныс,  ұлттық 

қауіпсіздік  секілді  стратегиялық 

маңызға  ие  мәселелер  Пре-

зиденттің  өкілеттігінде  қалады. 

Елбасы  биліктің  барлық  тар-

мақтарының  өзара  келісіммен 

жұмыс  істеуін,  сонымен  қатар, 

билік 


органдарының 

халық 


алдындағы  жауапкершілігін  қам-

тамасыз  ететін  болады,-деген 

бөлім  басшысы  Миранбек  Ибатов  әріптестерін 

Үндеуге  үн  қосуға  шақырды.  Өз  кезегінде 

ұжым  мүшелері  Үндеумен  баспасөзден  оқып-

танысқандықтарын, ондағы елдің мүддесі мен заман 

талабынан  туындап  отырған  соны  өзгерістерді 

толықтай қолдайтындықтарын білдірді.



А.ҚҰСАйЫНОв

-Мемлекет  басшысының  халыққа  арнаған  Үндеуін  бәріңізде 

теледидардан  көріп,  тыңдаған  боларсыздар.  Президенттің  өзі 

бүгінгі  әлемнің  өзгергенін,    қазіргі  заманның  дидары  басқаша 

болып  отырғанын  айтты.  Осыған  байланысты  мемлекеттік 

билік  жүйесіне  енгізілетін  өзгерістерді  біз  дұрыс  қабылдауымыз 

қажет.  Бұл  реформаны  жүзеге  асыруға  қоғам  болып  белсене 

араласуымыз керек, - деді жиынды ашқан аудандық ветеринария 



Аграршылар арасында талқыланды

Аграршылар үйінде осында орналасқан 

мекемелердің ұжымдары Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуін 

талқылады. 

бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев. Аудандық жер қатынастары 

және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов та 

өз  сөзінде  Елбасының  Үндеуі  жаңа  реформалардың  бастауы 

екендігін,  Ата  Заңымызға  енгізілетін  өзгертулер  елді  жарқын 

болашаққа жетелейтін даңғыл жол болатындығын атап айтты.   

Жиын  барысында  сөз  сөйлеушілер  Елбасының  40-қа  жуық 

өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беретініне, оның халық үшін 

тиімді жақтарына тоқталды. Олар сондай-ақ бұл бастама арқылы 

елдің демократиялық құндылықтары одан әрі артатынына сенім 

білдірді.

Д.ЗЕННАТ


Шұғыла

3

24 ақпан  2017 жыл



Мектептің 

әлеуметтік 

педагогі 

Н.Кәрімғалиев  «Халқымыздың  мейірім-

ділік,  қайырымдылық  дәстүрлері»  ат-

«Қамқорлық» 

қайырымдылық акциясы

Мәселен,  топ  мүшесі,  аудандық  білім 

беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов 

жастарды  жалған  діни  ағымдардың 

ықпалына  түспеуге  үндеп,  ауданда  ұлт- 

тық  құндылықтарды  насихаттауға  бағыт-

талған  шаралардың  мазмұнын  егжей-

тегжейлі  баяндаса,  топ  мүшесі,  аудандық 

жастармен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталықтың  теолог  маманы  Азат  Қаратай 

діни  экстремизм  мен  терроризмге  қарсы 

күрес жалпыхалықтық сипат алу керектігін, 

сондықтан  жастардың  адамгершілік    және 

имани  құндылықтарды  бойына  сіңіріп, 

халқымыздың  салт-дәстүрін  терең  білуге 

ұмтылуға  тиіс  екендіктерін  қарапайым 

мысалдармен  жеткізді.  Ал  Қамысты  ауы-

лындағы  мешіт  имамы  Жұмабек  Сәдман- 

ұлы    жастарға  Наурыз,  көрісу  мейрам-

дарының  мәні  мен  маңызын,  сондай-ақ 

жеті атаны білу, шариғатқа қайшы келмей- 

тін  салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыптар  жайын- 

да  кеңінен  баян  етті.  Басқосу  барысында  

діни  сауаттылықты  арттыруға,    салт-дәс- 

түрді  насихаттауға    негізделген  бейне  тү- 

сірілімдер  көрсетілді.  Жиын  соңында 

ауылдағы  көркемөнерпаздардың  ұйым-

дастыруымен шағын концерт қойылды.  



Н.ӨТЕй

Діни сауаттылықты

арттыру қажет

Қамысты ауылында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу 

жөніндегі аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері жастар 

алдында діни сауаттылықты арттыру мәселесін қаузаған жиын өткізді. 

Басқосуды аталған ауылдық округтің әкімі Бауыржан Қарақұлов ашқаннан 

соң ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері сөз алды. 

Биылғы жылғы 10 қаңтар мен 

10 ақпан аралығында Ұзынкөл 

ЖББОМ-да жалпыға бірдей білім 

беру айлығы мен «Қамқорлық» 

қайырымдылық акциясы 

оздырылды. Айлық барысында 

оқумен қамтылмаған балаларды 

анықтау рейдтері және мектеп 

жасындағы оқушыларды үй 

бойынша есепке алу жұмыстары 

жүргізіліп, ауылдық округте 

оқуға тартылмаған бала 

анықталған жоқ.

ты  мектепішілік  шара  өткізді.  Барлық 

сыныптарда  қайырымдылық,  мейірім-

ділік,  инабаттылық  тақырыбында  тәр- 

бие  сағаттары  оздырылып,  оларға 

оқушылар  белсене  қатысты.  Жоғары 

сынып  оқушылары  Б.Серіков,  Б.Ра-

мазанов, Ж.Ибраемов, Н.Демеуов, Р.Сер-

далиев, Е.Шниязовтар жалғызбасты ана-

лар,  еңбек  ардагерлері  П.Жұмабаева,  

А.Дуйсуовалардың  үйлерінің  айнала- 

сын қардан аршып берді.

Мектеп педагогикалық ұжымының қа- 

йырымдылық  акциясына  қосқан  10000 

теңгесіне  әлеуметтік  жағынан  аз  қам-

тылған  23  оқушыға  оқу-жазу  құралда- 

ры сатып алынып берілді.

Г.ӨТЕШОвА,

тәлімгер

Елеусін ағаның бала кезінен спортқа жаны 

құмар болған. Әсіресе, теннис десе ішкен 

асын жерге қоятын ол осы спорт түрімен 

мектепте оқып жүргенде айналыса бастаған. 

Кейін институтқа оқуға түскенде бірден үстел 

теннисінің секциясына жазылды. Студент 

шағында теннистен институт чемпионы, ЖОО-

лар арасындағы жарыстың жүлдегері болып 

танылды. Отан алдындағы борышын өтеген 

кезде де теннистен алшақтамайды. Елеусін 

аға бірнеше дүркін аудандық, облыстық 

спартакиадалардың жүлдегері. Бүгінге дейін 

жүз шақты шәкіртті үстел теннисіне баулып, 

оларға осы спорт түрінің қыр-сырын меңгертті. 

Шәкірттері облыс чемпиондары, республикалық 

жарыстардың жүлдегерлері атанды.

-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

бұқаралық спортты дамытып, саламатты 

өмір салтын насихаттау жөнінде міндеттер 

қойған болатын. Бүгінгі өткізіліп жатқан турнир 

жерлесіміз Елеусін Зинуллаұлының аудандағы 

спорттың дамуына қосқан үлесін лайықты 

бағалау, сонымен қатар үстел теннисін одан 

әрі дамыту болып табылады. Ресейден 

команда келіп, қатынасып жатқандықтан жарыс 

халықаралық мәртебеге ие. Алыстан ат арытып 

келген спортшыларға ризашылығымды білдіргім 

келеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, -  

деді жарыстың ашылу салтанатында аудан 

әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев. Мұнан 

кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің 

төрағасы Амангелді Уәлиев замандасы әрі 

Теннис ардагерінің мерейлі

жасы ұлықталды

Спорт ардагері Елеусін Зинуллиннің 70 жасқа толу мерейтойына арналған үстел 

теннисінен 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер және ересектер арасында 

ашық аудандық турнир оздырылды. Жарысқа жергілікті спортшылармен қатар Орал 

қаласы мен Қазталов ауданы және Ресей Федерациясының Волгоград облысынан 

командалар қатысты.

досының спортты дамытуға сіңірген еңбегін 

атап өтсе, Елеусін Зинуллин өз сөзінде мерейлі 

жасын ұлықтап, осы турнирді ұйымдастырған 

аудан әкімдігі 

мен аудандық 

балалар-

жасөспірімдер 

спорт 

мектебіне, 



демеушілерге, 

сондай-ақ 

қатысушы 

командаларға 

ризашылығын 

білдірді.     

Турнирдің 

ресми бөлігі 

аяқталған соң 

кездесулер басталып, қатысушылар ширақ ойын 

көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша, 

жасөспірім қыздар арасында Гүлзада Сайынова 

(аудандық БЖСМ-1), Гүлфия Жиендетқалиева 

(БЖСМ-2), Милана Ниғматуллина (Қазталов 

ауд.), ұлдар арасында Роман Жанұзақұлы 

(БЖСМ-1), Бауыржан Мырзағалиев (БЖСМ-1), 

Қадыр Сәрсенғалиевтер (БЖСМ-2) сәйкесінше 

бірінші, екінші және үшінші орындарды 

иемденді. Әлия Меркен «Ең жас спортшы», 

Гүлфия Жиендетқалиева «Жеңіске деген жігері 

үшін», сондай-ақ Гүлзада Сайынова «Ең үздік 

техникасы үшін» аталымдарын жеңіп алды. 

Командалық сында БЖСМ-1 бірінші, Қазталов 

ауданы екінші және БЖСМ-

2 командасы үшінші орынға 

табан тіреді. Ересектер 

арасында Айдар Кенжеғұлов 

(Орал қ.) жарыс жеңімпазы 

атанды. Әскер Абдолов 

(Жәнібек ауд.) пен Дулат 

Жүзбаев (Орал қ.) екінші және 

үшінші орындарды өзара 

бөлісті. Командалық сында 

Орал қаласы бірінші, Волгоград 

облысы екінші, ал Жәнібек 

ауданының командасы үшінші 

орынды иемденді.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал