Аудандық ҚОҒамдық-саяси газет №24 (731) 12 мамыр, 2016 жыл



жүктеу 214.62 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі214.62 Kb.

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№24 (731)

12 мамыр, 2016 жыл

gazeta_karakia@mail.ru



Газет 1985 жылдың 1 шілдесінен 

шыға бастады

Ұландар –

 

Отан қорғаны!



      1992  жылдың  7  мамырында  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 

Жарлығымен 

Қазақстан 

аумағында 

орналасқан  Қарулы  Күштер    республиканың  қарауына 

өтті.  Жоғарғы  Бас  Қолбасшы  ретінде  Қарулы  Күштерді 

басқаруды Президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  Күштерінің  құрылған  күні 

болғандықтан  «Отан қорғаушы күні» деп жарияланды.

Бұл  күн  -  қайсар  мінезді  ата-бабамыздың  жауынгер-

лік  дәстүрінің  заңды  жалғас  тапқан  күні.  Халқымыз 

«Жердің  қорғаны,  елдің  тұтқасы»-деп  ер-азаматтары-

мызды  әрқашан  ерекше  құрметтеген.Олардың  күш-

жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады 

да!Азаматтарымыз  -  арыстан  келбетті,  жолбарыс  жүректі, 

қырандай  қырағы,  намысқой,  ер  мінезді  сипатқа  ие.Ата-

бабаларымыз  намысшыл,  ержүрек,  ұлтжанды,  отансүйгіш 

қасиетке баулыған.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  жастарға  арнаған 

бір  сөзінде:  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашы-

са,  адамзаттық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз 

мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып 

жүріп,  еңбек  ет.  Жердің  де,  елдің  де  иесі  өзің  екеніңді 

ұмытпа!», - деген еді.

24    жылдық  қалыптасу  кезеңінде  ұлттық  әскер  күштері 

азаматтардың  еңсесін  тіктеп,  еркіндігін  кеңейтіп,  аянбай 

еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан 

жылға нығаюда. 

Отансүйгіштік  сезім,  рух  –  ол  біздің  егеменді  елімізді 

өркениетті  елдердің  санатына  қосып,  дамыған  елдердің 

қатарынан  өзіне  тиесілі  орын  алуына  ықпал  ететін  алып 

қуаттардың бірі. Тәуелсіз ел жастарының ел қорғаны болып 

өсетініне сенеміз! 

Ерлікпен келген 

Жеңіс!


   1941-1945 жылдар қазақ даласы үшін алар орны ерекше... 

Тосыннан келген жау елімізді еңсіретті. Фашистік Германия 

соғыс  жарияламастан  1941  жылы  22  маусымда  КСРО 

шегарасын бұзып, аяқ астынан басып кірді.

Соған қарамастан осы бейбітшілік таңы үшін бүкіл кеңес 

халқы  ержүректілікпен  төзімділік  көрсетіп  жауға  қарсы 

тұрды.

Қазақ – ел басына күн туған шақта толарсақтан саз кешетін 



жауынгер  халық.  Оған  мысал  ретінде  айқас  алаңдарында 

өшпес  ерлік  көрсеткен  бес  жүз  қазақстандықтың  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді. 

Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен,  ісімен,  ерлігімен  туған  жердің  топырағын  жауға 

таптатпай,  еңіреп  жүріп  жауды жеңіп,  тауын  шағып,  туын 

жығып, жеңістің таңбасын басқан  күн – Жеңіс күні. Ұлы 

Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін 

ғажап  күшпен  жеттік.  Ол  күш  –  әрине  бірлік,  халық  бір 

тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс 

–  сол  кездегі  он  бес  одақтас  болған  мемлекеттердің  ортақ 

мерейтойы.

Міне,  Жеңіске  71  жыл  толыпты.  Торқалы  тойдың 

қуанышы – өзі сүйген халық үшін ерекше.

Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың 

қарасы жыл санап азайып барды. 

Сол  сұрапыл  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен 

шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  Мұнайлы 

ауданы  тұрғындары  Утаев  Абдулла  мен  Құлиев  Ермек 

–  біздің  ардагерлеріміз.  Олар  1943  жылы  соғысқа  атта-

нып, Украина, Болгария, Чехословакия жерлерін азат етіп, 

Құлиев  Ермек    7  жылдан  соң,  Утаев  Абдулла  1945  жылы 

ауыр жарақатпен елге оралған.                                         

Бұл күннің толғағы ащы болса да, халық үшін қуанышты 

күн. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, 

аман оралған ардагер аталарымыздың, қалың елдің қамығып 

жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол - 

өмір заңы.



Техникалық реттеу және метрология комитетінің 

Маңғыстау облысы бойынша Департаменті

ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІ мен 

ЖЕҢІС КҮНІ мерекеленді

   ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҮП ҚАЗЫҒЫҢ

ЖЕР – елдік кепілі

      Қазіргі  уақытта  елде  жерге  қатысты  мәселе  қызу 

талқыланып  жатқаны  белгілі.  Бұған  түрткі  болып 

отырған  Жер  кодексіне  енгізілген  түзетулер,  ондағы 

ауылшаруашылық  жерлерін  аукцион  арқылы  Қазақстан 

азаматтарына сату жайы. 

Ақиқатын  айтсам,  меншігімде  жерім  жоқ.  Дегенмен 

елдің  азаматы  ретінде  Жер  тағдыры  мені  де  бей-жай 

қалдырмайды. «Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел 

де, жер де – қазақтікі», «Жер – ата-бабамыздан бізге ми-

рас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы 

байлығы»,  «Жер  тағдыры  –  ел  тағдыры»  дейді  Елбасы. 

Ендеше, осындай ұлағатты, кесек ойлар айтқан Мемлекет 

басшысының  ата-бабамыздың  аманаттап  кеткен  жерін  ел 

ішінде сөз болып жүргендей, шетелдіктердің иеленіп кет-

пеуі үшін бар жағдай жасайды деп сенемін.

Кешегі  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XXIV 

сессиясында:  «Ауыл  шаруашылығы  жерлерін  шетел-

дік  азаматтар  мен  компанияларға  сату  туралы  мәселе 

тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптардағы 

алыпқашпа сөздер негізсіз. Жер 

туралы  кодекстегі  өзгерістер 

ауылшаруашылығымен  айналы-

сып жүрген шаруақор адамдарға 

жеңілдік  жасауды  көздейді.  Олар  жердің  қожасы  болса, 

жерді қадірлейді, күтеді»,-деді Елбасы.

«Ауылшаруашылығы  мақса тын дағы  жер  қалай  саты-

лады,  жалға  кімге  беріледі,  шетелдіктер  жерімізді  алып 

қоймай ма?» деген сияқты көптеген сұрақтардың ара жігін 

тарқатып, шынайы жауабын таба алмай жатқандар ел ішін-

де  баршылық.  Сондықтан  бұл  өзекті  мәселеге  қатысты, 

ел  ішінде  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  керек.  Жердің 

тиімді пайдаланғаны, елге қызмет еткені жөн. Жалға алған 

жағдайда  тыңайту,  құнарлы  жерге  айналдыру  тетіктері 

қарастырылуы қажет.

Мемлекет  басшысы  аузынан  жердің  шетелдіктерге 

сатылмайтындығын, жер сату жөніндегі аукционға шетел-

діктер қатыса алмайтындығын естіп, көкейдегі көп күдік 

сейіліп, қуанып отырмын. 

Жер деген нәзік мәселеде көңіл-күйдің жетегінде кетпей, 

ой-түйінімізді  таразыға  салып,  салмақтап  көрейік,  сабыр 

сақтайық дегім келеді.



Ержан БЕГНИЯЗОВ,

Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің басшысы

Қ

ұрық  ауылының  орталық  кө-



шелеріне  қос  майдангердің 

атын беру салтанатты рәсімі 7 мамыр 

күні    өтті.  Көше  бойына  ескерткіш 

тақ талар  орнатылып,  естеліктер  ай-

тылды.

Ал аудандық кітапхана ұжымы «Ер 



–  елдің  қорғаны»  «Отан  қорғау  аза-

маттық парыз», «Отан үшін от кешкен-

дер»  тақырыптарында  көрмелер  мен 

шолулар  ұйымдастырса,  спортшы-

лар  да  түрлі  спорттық  сайыстардың 

көрігін қыздырды.

Мерекелік  шаралар  өтетін  күнге 

дейін «Мәңгілік алау» маңы абаттан-

дырылып, жаңартылды.

Мерекеге  арналған  салтанатты 

жиын  7  мамыр  күні  «Мәңгілік  алау» 

жанынан  басталды.  Шараға  аудан 

әкімі Ә. Дауылбаев, аудан әкімдігінің 

дербес  бөлім  басшылары,  мекеме, 

кәсіпорын  қызметкерлері,  мектеп 

оқушылары, ауыл тұрғындары қа тыс-

ты. «Жыланды» заставасының сарбаз-

дары құрметті қарауылға тұрды. 

Жиналғандар  алдында  аудан  әкімі 

Ә.  Дауылбаев  құттықтау  сөз  сөйледі. 

Содан соң Ұлы Отан соғысы ардагер-

леріне  арналған  ескерткішке  ықылас 

гүл шоғын қойды. Аудандық мешіттің 

наиб-имамы Ибрагим Маханов сол бір 

сұрапыл соғыста шейіт болғандар ру-

хына арнап дұға оқыды.

Шара  соңы  аудан  көркемөнерпаз-

дарының  мерекелік  концертіне  ұлас-

ты.  Осыдан  соң  ардагерлер  «Жылан-

ды»  заставасының  ұйымдастырған 

дала асханасынан ауыз тиді. 

С. АБДЫНАСЫРҰЛЫ.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Үкімет  отырысын-

да  «Жер  кодексіне»  енген  өзгерістердің  күшіне  енуіне 

бір  жылға  мораторий  жариялады,  —  деп  хабарлайды 

Қазақпарат.

Елбасы жерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу 

мен оны түсіндіру кезіндегі кемшіліктерді сынға алды.

«Елге  ешқандай  ауылшаруашылық  жері  сатылмайты-

нын  түсіндіру  керек  еді.  Сондықтан  мұнда  спекуляция 

болды.  Яғни,  тиісті  топтарға  бұл  нормалар  толық  жет-

педі.  Алайда,  заңды  қабылдау  мен  нормалары  қоғамда 

талқылауға  түспеді,  адамдардың  қауіптенуі,  дабыл 

қағуы  ақталды.  Егер  біздің  азаматтар  мұны  түсінбесе, 

қабылданған шешімдерге сенімсіздік танытса, яғни, бұл 

дұрыс  болмағаны.  Біз  барлығын  адамдар  үшін  жасап 

отыр  емеспіз  бе?  Яғни,  қоғамда  осы  мәселеге  қатысты 

заңнамаларға енген өзгерістерге күдік туды», — деді Ел-

басы.


ПРЕЗИДЕНТ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ 

ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

   Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар «Еңбек 

Қызыл Ту» орденінің иегері, тыл ардагері Түсекен Лұпанов пен соғыс ардагері 

Байдолла Алиповтың аттарына көше атын беру рәсімінен басталды.


2

№24(731) 12

 мамыр 2016 ж.

ҚАРАҚИЯ


gazeta_karakia@mail.ru

12 МАМЫР – МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ



ТҮСІНДІРМЕ

МЕМЛЕКЕТТІК  МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК  МЕКЕМЕЛЕРДЕ  СТА-

ЦИОНАР ЖАҒДАЙЫНДА ТҰРАТЫН АДАМДАРДЫҢ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 

ЖӘНЕ  ЕҢБЕК  СІҢІРГЕН  ЖЫЛДАРЫ  ҮШІН  ЗЕЙНЕТАҚЫ  ТӨЛЕМДЕРІ 

МЕН  МҮГЕДЕКТІГІ  БОЙЫНША  ЖӘНЕ  АСЫРАУШЫСЫНАН  АЙРЫЛУ 

ЖАҒДАЙЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРЫН 

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ

Қ

а­­зақстан­ Республикасының­ әлеуметтік­ саясаты­ ұстанымдарының­ бірі­ ­ –­



әлеуметтік­ әділеттілік­ болып­ табылады.­ 1998­ жылға­ дейін­ мемлекеттік­

медициналық-әлеуметтік­мекемелерде­тұратын­адамдарға­тағайындалған­зейнетақы­

төлемдері­мен­жәрдемақылардың­30­пайызы­төленіп­келді,­70­пайызы­мемлекеттік­

бюджет­ есебінде­ қалып,­ медициналық-әлеуметтік­ мекемелерді­ қамтамасыз­ етуге­

бағытталып­отырды.

Бүгінде­ өз­ күшімен­ пәтерінде­ тұрып­ жатқан­ қарт­ адамдар­ зейнетақысын­

коммуналдық­ шығындарға,­ тамақтануға­ жұмсайды,­ сондай-ақ­ киім-кешек,­ дәрі-

дәрмек­сатып­алып,­дәрігерлердің,­заңгерлердің­қызметіне­төлейді.

Жоғарыда­айтылғандарды­ескере­отырып,­республикалық­бюджет­қаржысынан­екі­

есе­төлем­жұмсалмас­үшін­нормативтік-құқықтық­актілерге­өзгерістер­енгізілді.

Зейнетақымен­ қамсыздандыру­ саласында­ заңнамаға­ енгізілген­ өзгерістерге­

(Қазақстан­Республикасының­2015­ жылғы­3­ желтоқсандағы­№433-V­Заңы)­ сәйкес­

(Қазақстан­Республикасының­2013­жылғы­21­маусымдағы­«Қазақстан­Республика-

сында­зейнетақымен­қамсыздандыру­туралы»­№­105-V­Заңы)­және­мүгедектігі­бойын-

ша,­асыраушысынан­айрылу­жағдайы­бойынша­және­жасына­байланысты­берілетін­

жәрдемақылар­(Қазақстан­Республикасының­1997­жылғы­16­маусымдағы­«Қазақстан­

Республикасында­мүгедектiгi­бойынша,­асыраушысынан­айрылу­жағдайы­бойынша­

және­ жасына­ байланысты­ берiлетiн­ мемлекеттiк­ әлеуметтiк­ жәрдемақылар­ тура-

лы»­ №­ 126­ Заңы)­ағымдағы­жылдан­ бастап­ медициналық-әлеуметтік­мекемелерде­

тұратын­адамдарға­зейнетақы­және­жәрдемақы­төлемдері­келесі­тәртіппен­төленеді:

Қазақстан­ Республикасының­ 2013­ жылғы­ 21­ маусымдағы­ «Қазақстан­ Республи-

касында­ зейнетақымен­ қамсыздандыру­ туралы»­ №105-V­ Заңына­ (әрі­ қарай­ -­ Заң)­

сәйкес­ жасы­ бойынша­ зейнетақы­ төлемдерін­ және­ мүгедектігі­ бойынша­ мемле-

кеттік­ әлеуметтік­ жәрдемақы­ алуға­ құқығы­ жоқ­ адамдарды­ қоспағанда,­ мемлекет-

тік­ базалық­ зейнетақы­ төлемі­ мемлекеттің­ толық­ қамсыздандыруындағы­ алушы­

медициналық-әлеуметтік­ мекемелерде­ (ұйымдарда)­ стационар­ жағдайында­ тұрған­

кезеңіне­тоқтатыла­тұрады.

Қазақстан­Республикасының­1997­жылғы­16­маусымдағы­«Қазақстан­Республика-

сында­мүгедектiгi­бойынша,­асыраушысынан­айрылу­жағдайы­бойынша­және­жасына­

байланысты­берiлетiн­мемлекеттiк­әлеуметтiк­жәрдемақылар­туралы»­№126­Заңына­

(әрі­ қарай­ –­ МӘЖ­ бойынша­ Заң)­ сәйкес­ жалпы­ үлгідегі­ медициналық-әлеуметтік­

мекемелерде­(ұйымдарда)­стационар­жағдайында­тұратын­және­мемлекеттің­толық­

қамсыздандыруындағы­адамдарға­мүгедектігі­бойынша­және­асыраушысынан­айы-

рылу­жағдайы­бойынша­мемлекеттік­әлеуметтік­жәрдемақылар:

егер­ жәрдемақының­ тағайындалған­ мөлшері­ республикалық­ бюджет­ туралы­

заңмен­тиісті­қаржы­жылына­белгіленген­ең­төмен­күнкөріс­деңгейінен­төмен­болған­

жағдайда,­МӘЖ­бойынша­Заңның­12­және­16-баптарында­көзделген­мөлшерлерде;

МӘЖ­бойынша­Заңның­12­және­16-баптарына­сәйкес­тағайындалған­жәрдемақы­

мөлшерінің­ 30­ пайызы­ көлемінде,­ бірақ­ республикалық­ бюджет­ туралы­ заңмен­

тиісті­қаржы­жылына­белгіленген­ең­төмен­күнкөріс­деңгейінен­төмен­емес­көлемде­

төленеді.

Осыған­ байланысты­ жалпы­ үлгідегі­ медициналық-әлеуметтік­ мекемелерде­

(ұйымдарда)­стационар­жағдайында­тұратын­мүгедектердің­шотына­тағайындалған­

жәрдемақының­бір­бөлігі,­бірақ­ең­төмен­күнкөріс­деңгейінен­кем­емес,­яғни­22859­

теңге­мөлшерінде,­ал­қалған­бөлігі­­медициналық-әлеуметтік­мекеменің­жеке­банктік­

шотына­аударылады.

Медициналық-әлеуметтік­мекемелерде­(ұйымдарда)­стационар­жағдайында­тұра-

тын­ және­ мемлекеттің­ толық­ қамсыздандыруындағы­ адамдарға­ жасы­ бойынша­

зейнетақы­төлемдері:

1)­ егер­ жасы­ бойынша­ зейнетақы­ төлемінің­ осы­ нормаға­ сәйкес­ есептелген­

мөлшері­ республикалық­ бюджет­ туралы­ заңмен­ тиісті­ қаржы­ жылына­ белгілен-

ген­ең­төмен­зейнетақы­мөлшерінен­кем­болса,­Заңның­11-бабының­5-тармағында­

көзделген­көлемде;

Заңның­ 15-бабына­ сәйкес­ есептелген­ жасы­ бойынша­ зейнетақы­ төлемдері­

мөлшерінің­ 30­ пайызы­ көлемінде,­ бірақ­ республикалық­ бюджет­ туралы­ заңмен­

тиісті­қаржы­жылына­белгіленген­ең­төмен­зейнетақы­мөлшерінен­кем­емес­көлемде­

төленеді.

2)­еңбек­сіңірген­жылдары­үшін­зейнетақы­төлемдері­Заңның­65-бабына­сәйкес­

тағайындалған,­ еңбек­ сіңірген­ жылдары­ үшін­ зейнетақы­ төлемдері­ мөлшерінің­ 30­

пайызы­көлемінде,­бірақ­республикалық­бюджет­туралы­заңмен­тиісті­қаржы­жылы-

на­белгіленген­ең­төмен­зейнетақы­мөлшерінен­кем­емес­көлемде­төленеді.

Осыған­байланысты­медициналық-әлеуметтік­мекемелерде­(ұйымдарда)­стационар­

жағдайында­тұратын­зейнеткерлер­шотына­тағайындалған­зейнетақының­бір­бөлігі­

(тағайындалған­зейнетақы­төлемдерінің­мөлшері­­ең­төмен­зейнетақы­мөлшерінен­

төмен­ болған­ жағдайда­ толық­ көлемде),­ бірақ­ ең­ төмен­ зейнетақы­ мөлшерінен­

кем­емес,­яғни­25824­теңге­мөлшерінде,­ал­қалған­бөлігі­­медициналық-әлеуметтік­

мекеменің­жеке­банктік­шотына­аударылады.

-­Психоневрологиялық­аурулары­бар­адамдарға­арналған­медициналық-әлеуметтік­

мекемелерде­(ұйымдарда)­стационар­жағдайында­тұратын­және­мемлекеттің­толық­

қамсыздандыруындағы­адамдарға­мүгедектігі­бойынша­және­асыраушысынан­айы-

рылу­ жағдайы­ бойынша­ мемлекеттік­ әлеуметтік­ жәрдемақылар­ МӘЖ­ бойынша­

Заңның­ 12­ және­ 16-баптарына­ сәйкес­ тағайындалған­ жәрдемақы­ мөлшерінің­ 30­

пайызы­көлемінде­төленеді.

Жәрдемақылардың­тағайындалған­мөлшерінің­70­пайызын­аудару­медициналық-

әлеуметтік­мекемелердің­(ұйымдардың)­жеке­банктік­шотына­жүргізіледі.

Алушы­медициналық-әлеуметтік­мекемелерден­(ұйымдардан)­шыққан­жағдайда,­

мемлекеттік­базалық­зейнетақылық­төлем,­жасына­байланысты­және­еңбек­сіңірген­

жылдары­ үшін­ зейнетақы­ төлемдері,­ мүгедектігі­ бойынша­ және­ асыраушысынан­

айырылу­жағдайы­бойынша­мемлекеттік­әлеуметтік­жәрдемақыны­төлеу­шыққан­ай-

дан­кейінгі­айдың­бірінші­күнінен­бастап­толық­көлемде­қайта­төленеді.

Мемлекеттік­ медициналық-әлеуметтік­ мекемелерде­ стационар­ жағдайында­

тұратын­ адамдардың­ жасына­ байланысты­ және­ еңбек­ сіңірген­ жылдары­ үшін­

зейнетақы­төлемдері­мен­мүгедектігі­бойынша­және­асыраушысынан­айрылу­жағдайы­

бойынша­мемлекеттік­әлеуметтік­жәрдемақыларын­пайдалану­ережесі­анықтайтын­

бекітілген­тәртіпке­сәйкес­мемлекеттік­медициналық-әлеуметтік­мекемелердің­жеке­

банктік­шотындағы­қаржы­төмендегі­мақсаттарға­жұмсалатын­болады:

киім-кешек­түрлерін­сатып­алу­(сырт-іш­киімдер,­бас­киім,­аяқ­киім);

санитарлық­ гигиена­ заттарын­ сатып­ алу­ (сулықтар,­ тіс­ пастасы,­ тері­ күтіміне­

қажетті­заттар,­сабын,­дәретхана­қағазы,­т.б.);

кепілдендірілген­ ақысыз­ медициналық­ көмек­ көлемі­ тізбесіне­ кірмейтін­

медициналық­қызмет­және­дәрі-дәрмектер­сатып­алу.

Аталған­нәрселерге­қажеттілік­тоқсан­сайын­комиссиялық­негізде,­бірақ­айына­1­

реттен­жиі­емес­анықталып­отырады.

­

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің



 Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Мамандығым - 

БАҚЫТЫМ

   ЖЫЛ САЙЫН МАМЫР АЙЫНЫҢ 12-CІНДЕ МЕДБИКЕЛЕР 



КҮНІН  АТАП  ӨТЕМІЗ.  БҰЛ  КӘСІБИ  МЕРЕКЕ  МЕН  ҮШІН 

ЕРЕКШЕ  МЕЙРАМ.  ӨЙТКЕНІ  БҰЛ  МАМАНДЫҒЫМДЫ 

ӨЗІМНІҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫМЕН ТАҢДАДЫМ. 

М

ен­осы­денсаулық­сақтау­саласында­жиырма­жыл-



дан­ бері­ еңбек­ етіп­ келемін.­ 1959­ жылдың­ 18­

тамызы­ күні­ Оңтүстік­ Қазақстан­ облысының,­ Жетісай­

ауданының­ «Ленин»­ атындағы­ кеңшарында­ дүниеге­ кел-

дім.­Өзім­көп­балалы­қарапайым­отбасынан­шықтым.­Жеті-

сай­орта­мектебін­бітірген­соң,­1977­жылы­Алматы­меду-

чилищесіне­түстім.­1979­жылы­оқуымды­бітіріп,­Шымкент­

орталық­емханасында­тері­аурулар­емдейтін­мейірбике­бо-

лып­жұмысқа­тұрдым.­«Бас­екеу­болмай,­мал­екеу­болмас»­

деп,­ 1980­ жылы­ өмірлік­ серігім­ Е.­ Бекжановпен­ тұрмыс­

құрдым.­Көп­ұзамай­Құрық­ауылына­қоныс­аудардық.­Со-

дан­бері­аудандық­емханада­тері­ауруларын­емдейтін­бөлімде­мейірбике­болып­жұмыс­жасап­келемін.­

Бүгінде­бес­бала­тәрбиелеп­отырған­анамын.­Қасымдағы­жолдасым­Есбаймен­бақытты­ғұмыр­кешу-

деміз!

Райхан АБДУЛЛАҚЫЗЫ, 

Орталық аудандық ауруханасының мейірбикесі.

        Жүрек қалауым

      МЕН  ОҚУЫМДЫ  БІТІРІП  КЕЛГЕННЕН  КЕЙІН,  ОРТАЛЫҚ  АУДАНДЫҚ  АУРУХАНАНЫҢ  ЖҰҚПАЛЫ 

АУРУЛАР  БӨЛІМІНДЕ,  АҚ  ХАЛАТТЫ  АБЗАЛ  ЖАНДАР:  ХАЙРОВА  ГАЛЯ,  АБДУЛЛАЕВА  МАРИЯШ, 

ТОҚБАЕВА  ТАНЯ,  ЕЛЕМЕСОВА  НҰРЖАМАЛ  ЖӘНЕ  БӨЛІМ  МЕҢГЕРУШІСІ  ҚАЗІРГІ  ЕМХАНА 

БАСШЫСЫ  Г.  БЕГНИЯЗОВАМЕН  ЖӘНЕ  СОЛ  КЕЗДЕГІ  АУДАНДЫҚ  ЕМХАНАНЫҢ  КАРДИОЛОГ 

ДӘРІГЕРІ  М.  СҮЛЕЙМАНОВПЕН  БІРГЕ  ЖӘНЕ  «БАЛДЫРҒАН»  БАЛАБАҚШАСЫНДА,  «АЙГӨЛЕК» 

БАЛАБАҚШАСЫНДА, №2 БАСТАУЫШ МЕКТЕБІНДЕ МЕЙІРБИКЕЛІК ҚЫЗМЕТІМДІ АТҚАРДЫМ. 

Т

ұрақты­жұмыс­орны­болмағандықтан,­уақытша­бала­



күтіміне­ кеткен­ қызметкерлердің­ орнында­ істедім.­

Кейде­жұмыссыз­жүрген­кездеріміз­де­болды.­Сондай­кез-

дерімде­қай­еңбек­те­адал­ғой­деп­өндірісте­жеке­меншік­

кәсіпорындарында­кіші­қызметкер­де­болдым.­Жасыраты-

ны­жоқ­сол­кезде­істеген­қызметімді,­пендешілікпен­беті-

ме­басатын­кейбір­адамдар­да­бар.­Сол­жылдары,­отбасы,­

бала­келіні,­немерелері­бар­әйел­адамның­және­жап-жас­

қыздарымыздың­арсыздық­жолымен­ақша­тауып­жүргенін­

көргенде,­менің­тапқан­наным­мың­есе­адал­екен...

Қазіргі­ таңда­ Қарақия­ кәсіптік­ колледжінде­ мейірби-

кемін.­ Колледжіміздің­ ашылғанына­ биыл­ 3­ жыл­ бол-

ды.­ Қазіргі­ жастарымыздың­ білімге­ деген­ талпынысын,­

өмірге­ деген­ құлшынысын­ осы­ колледж­ студенттерінен­

аңғаруға­болады.

Колледжіміздің­

директоры­

міндетін­

атқарушы­

Бекмағанбетов­ Далабай­ Орынбасарұлының­ басшылығы-

мен­ және­ директордың­ оқу­ ісі­ жөніндегі­ орынбасары­

А.­ Сабиева,­ өндірістік­ оқу­ орынбасары­ А.­ Жанадилова,­

колледжіміздің­ тәрбие­ жөніндегі­ орынбасары­ Ә.­ Ерма-

нова­ сынды­ қызметкерлеріміздің­ арқасында­ көптеген­

жетістіктерге­жетуде.­

Былтыр­қазан,­қараша­айларында­15-19­жас­аралығында­

аудандағы­ мектеп­ оқушыларына,­ біздің­ колледжіміздің­ студенттеріне­ қызылшаға­ қарсы­ екпе­ салын-

ды.­ Айта­ кететін­ жай,­ сол­ кездегі­ емхана­ басшылығының­ және­ дәрігер,­ мейірбике­ қызметкерлерінің­

ұйымшылдығының,­ тәжірибелілігінің,­ біліктіліктерінің­ арқасында­ және­ оқушылар­ мен­ студенттерге­

барлық­жағдайлар­жасалып,­екпе­нәтижесі­сәтті­өтті.­

Сөз­соңында­айтайын­дегенім­«Денсаулық­–­мол­байлық»,­-­дегендей,­ауырып­ем­іздегенше­ауырмаудың­

жолын­іздеңіздер.­Скрининг­–­дегеніміз­аурудың­алдын­алуға­таптырмайтын­тәсіл­дер­ем.­Еліміз­аман,­

жұртымыз­тыныш­болсын­ағайын­және­мерекелеріңізбен­құрметті­ақ­желеңді­әріптестер!



Алтын ЖЫЛҚАЙДАРҚЫЗЫ, 

Қарақия кәсіптік колледжінің медбикесі.

Балабақшада 

бірлік күні атап 

өтілді 


Елбасымыз­ Н.­ Ә.­ Назарбаевтың­ «Мәңгілік­

Ел»­ бағдарламасында­ Қазақстанның­ барлық­

тұрғындарының­ басын­ ­ біріктіретін­ құндылық:­

теңдік,­ еңбекқорлық,­ әділдік,­ татулық,­ білімге­

құштарлық­деп­­көрсетілген­болатын.

Еліміздің­ дамуы­ осы­ құндылықтарды­ сақтауға­

байланысты­екендігін­Сенек­­ауылында­орналасқан­

«Шұғыла»­бала­бақшасының­ұжымы­бүгін­тағы­да­

бір­дәлелдеді.­Осы­балабақшада­1-мамыр­Қазақстан­

халқының­ бірлігі­ күніне­ орай­ «Татулығымыз­­

жарасқан!»­атты­ертеңгілік­өтті.­

Қазақ­жері­іспетті­қасиетті­­киіз­үйдің­­қос­ке-

регесін­ ­ керіп,­ қаусырылған­ құшағына­ әр­ ұлт­

өкілдері­ етіп­ түрлі­ ұлттың­ киімдерімен­ киінген­­

бүлдіршіндерді­ ­ отырғазып,­ тату-тәтті­ бірліктегі­­

елдің­сипатын­аңғартты.

Тәрбиеленушілер­ Әлішер,­ Гүлназ,­ Ерхан­

қазақтың­ «Ұлытау»­ биін,­ Мансур­ мен­ Құралай­

орыстың­«Антошка»­биін,­Рахат­пен­Айкүн­түрік,­

ал­Тожан­мен­Ернұр­испан­биін,­Ақжол­мен­Мәдина­

украин­биін­орындады.

Нұртас­ пен­ Ақбөбек­ үнді,­ Елнұр­ мен­ Жаннұр­

өзбек,­Айқын­мен­Дина­әзірбайжан,­Қобылан­мен­

Бейбарыс­ түрікмен,­ Насихат­ пен­ Нұрсая­ тәжік,­

Мейіржан,­ Нұргелді­ қырғыз­ ұлтының­ өкілдері­

ретінде­ өнерлерін­ ортаға­ салды.­ Ал­ Сәтжан,­

Мәтжан,­Ерқыран,­Кәусарлар­ұйғыр,­грузин­тілін-

де­тақпақтар­­оқыды.­Осыдан­соң­Айқын­«Атаме-

кен»­әнін­орындады.

Мерекенің­ соңында­ көкке­ ұшырылған­ ақ­

көгершіндердің­қанатының­астында­«Ақ­көгершін»­

әні­қалықтады.



Феруза ЖАРЫЛҒАСОВА,

Сенек  ауылы.

АУЫЛ ХАБАРЛАРЫ



ҚАРАҚИЯ

3

№24(731) 12



 мамыр 2016 ж.

gazeta_karakia@mail.ru



Білім 

саласындағы 

жаңа талап, 

жаңа мақсат

      Алла  тағала  адамдарға  өзге  жаратылыс  иелерінен 

артықшылық  берген.  Ол  –  адамның  он  сегіз  мың 

ғаламның  сырын  ашып,  білім  ала  білу  мүмкіндігі.  Адам 

барлық  нәрсеге  қанағатшылық  жасауы  керек.  Тек  бір 

ғана  нәрсеге  –  білуге  қанағатсыздық  танытуға  болады. 

Бұл жөнінде халқымыз «Білгенің – бір тоғыз, білмегенің 

– тоқсан тоғыз», - деп тақпақтайды. 

Әр  заманның  білім  алуға  байланысты  өз  мақсаты  және 

талғамы бар. ХІХ ғасырда қазақ халқы балаларының қара 

танығанына  шүкіршілік  етті.  Ата-аналар  балаларының 

не  оқып  жатқанын  да  білмеді.  Балалар  құр  сүрелерді 

жаттағанымен,  мағынасын  түсінбеді.  Ал  оқытқан  мол-

да  «Аңқау  елге  арамза  молданың»  кері  болып,  қойды 

қозысымен  алып,  келесі  ауылға  жөнелетін.  «Балам  білім 

алды»  деп  әке  мәз,  ештеңе  үйренбесе  де  күнде  шыбық 

сынғанша  дүре  соғатын  молдадан  құтылып  бала  мәз.  Бұл 

күндер де өтті... 

Одан  соң  Абай  заманы  келді.  Ұлы  бетбұрыс  заманы. 

Абайды әкесі 3 жыл арабша оқытып, 3 ай орыс мектебіне 

беріп,  оқудан  шығарып  алатыны  бар.  Әдетте,  «Приход-

ская  школадан»  шығарып  алуын  біз  әкесінің  Абайды  ел 

ісіне  араластырғысы  келгендігімен  түсіндіреміз.  Шын 

мәнінде, Құнанбай баласының орысша оқығанын қаламады. 

Орыстанып  кетеді  деп  қорықты.  Құнанбайдың  Абайды 

«орысшылсың» деп сөгетіні бар. Сондағы Абайдың жауабы: 

«Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде 

алысатын  дұшпанның  айласы  мен  әдісін  білу  керек.  Мен 

орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын».

ХХІ ғасыр... 

Дәл  сол  жағдай  қазір  біздің  басымызға  да  келді.  Тек 

орыс  тілінің  орнында  –  ағылшын  тілі  тұр.  Қазіргі  кез-

де  халықаралық  тілдер  ішінде  басты  орынды  испан 

және  ағылшын  тілі  алады.  Яғни,  қай  халықтың  болсын, 

әлемдік  білім  аренасына  шығуы  үшін  халықаралық  тілдің 

бірін  меңгеруі  керек.  Болашағын  бағдарлай  білетін  елдер 

бұл  мақсатта  бағдарламалар  даярлап  жатыр.  Қазақстан 

осы  елдердің  алдыңғы  қатарында.  Оған  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Үш  тұғырлы  тіл»  идеясы  дәлел.  Осы 

мақсатта біздің білім саласына үлкен өзгеріс келе жатыр. 

Мұғалімдер арасында, жалпы қоғамда бұл «үштілділік» 

туралы қайшы пікірлер көп. Бірі «Қазақ тілі шет қалады» 

десе,  бірі  «Біз  олай  жасай  алмаймыз,  ағылшын  тілін  біз 

қалай үйренеміз» десе, бірі «Мұнда бір үлкен саясат жатыр» 

деп ойлайды. Бұлай болуы заңдылық болар.

Мен биыл 1 наурыз күні Астана қаласында «Білім беру 

мазмұнын  жаңартудың  маңызды  шарты  ретінде  үштілді 

білім берудің Жол картасын жүзеге асыру» тақырыбындағы 

халықаралық  конференцияға  қатыстым.  Республиканың 

әр  түпкірінде  «үштілділік»  бағыты  бойынша  жасалып 

жатқан  жұмыстарды  көрдім.  Ағылшын  тілінде  еркін  ба-

яндама жасаған әріптестерді көріп, көз қуанды. Қазақ тілі 

үшін  қорқынышымыз  да  болды.  Қазақ  тілі  тасада  қалып 

қойғандай күй кешкенім тағы бар. Бірақ бұл - заман талабы.

Заманың  түлкі  болса,  тазы  боп  шалмақ  керек.  Ен-

дігі  біздің,  қазақ  тілі  мамандарының  алдына  қойған 

мақсаты  қандай  болуы  керек?  Мақсат  айқын:  ағылшын 

тіліне  басымдық  берілетін  білім  бәсекесінде  қазақ  тілі 

мәртебесін сақтау. Бағдарлама жоспарында қазақ тілі және 

әдебиеті  сабақтарында  ағылшын  тілін  кіріктіру  талабы 

жоқ.  Дегенмен,  ана  тіліміздің  байлығын,  сөздік  қоры  мен 

грамматикалық  тұлғаларының  мол  екендігін  көрсету  үшін 

ағылшын тілімен салыстырмалы түрде түсінік берсек дұрыс 

болар  деп  ойлаймын.  Мысалы:  Қазақ  тілінде  42  әріп  бар, 

ағылшын  тілінде  26.  Ол  нені  көрсетеді?  Қай  тілді  үйрену 

қиын? - деген сұрақтарға жауап іздеп, қазақ тілінің әмбебап 

қасиетін, артықшылығын танытып, әр сабақта болмаса да, 

реті келген сабақтарда түсінік жүргізіп отырсақ, жаман бол-

мас еді. Және тағы бір айта кететін жәйт -  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Үш тұғырлы тіл» саясаты тіл білімінде аударманы жетіл-

діруді қажет етеді. 

Біздің  білуімізше,  М.  Әуезовтың  «Абай  жолы»  роман-

эпопеясының  ағылшын  аудармасы  сын  көтермейді. 

Көлемінің  аз  екендігін  еске  алмағанда,  сөздер  дұрыс, 

нақты мағынасында аударылмаған. Тіпті «арыстандай» деп 

берілетін Құнанбайға қатысты сөзді «қорқаудай» деп ауда-

рады. Тіпті көп сөзді аудара алмай, сол күйінде ағылшынша 

дыбыстай салады. Яғни, бұл сөздерді аудару үшін ағылшын 

тілінің сөздік қорында балама жоқ. Сондықтан бұл шығарма 

қайта  аударуды  қажет  етеді.  Қанша  айтылып  келе  жатса 

да,  қайта  аударуға  ешкімнің  жүрегі  дауаламайды.  Менің 

ойымша, бұл шығарма ағылшын тілін білетін қазақты күтіп 

жатыр.  Мен  бұл  шығарманы  аударатын  бала  біз  бен  сіз 

дайындайтын, үш тілді еркін меңгерген шәкірттер арасынан 

шығады деп сенемін. 

«Үш  тілділік»  бағдарламасының  мақсаты  қазақ  тілін 

төмендету  емес,  керісінше,  өсіру,  қолдану  аясын  кеңейту, 

мерейін  көтеру  екенін  маман  ретінде  дұрыс  түсінгеніміз 

жөн. 

Кенжегүл  ТУЛЕМБЕТОВА,

Құрық орта мектеп-гимназиясы 

-  Оразбай  Бердіханұлы,  сө зімізді 

алдымен  жаңа  форматқа  бет  бұрған 

мұғалімдерден бас тасақ?

-  Жаңа  форматқа  көшу  мектебіміз-

де  2-3  жылдан  бері  жүйелі  қолға  алы-

нып  келеді.  Екі  І  (ілгері)  деңгейлі,  төрт 

ІІ  (негізгі)  деңгейлі,  сегіз  ІІІ  (базалық) 

деңгейлі  мұғалімдер  бар.  Өзім  де  осы 

бағытта  мектеп  директорларының  кур-

сынан өттім. Қазір мекте біміздің барлық 

мұғалімдері дерлік бір-бірін қолдай оты-

рып,  осы  бағытқа  көшті  деп  сеніммен 

айта аламын. Нәтиже жақсы.

-  Қазіргі  кезеңде  мектептерде  білім 

сапасын жақсарту қолға алынуда. Бұл 

бағытта қандай жұмыстар істелуде?

- Жалпы білім беру жүйесін жетілдіру 

ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  талабына 

сәйкес  ХХІ  ғасырдың  даму  міндеттерін 

іске  асыруға  бағытталған.  Еліміз  жаңа 

ғасырға өмірдің барлық саласында жаңа 

құрылыммен  енген  кезеңде,  мектепте 

білім  беру  әдістері  де  саны  мен  сапа-

сы  жағынан  биік  деңгейге  көтеріліп, 

тәжірибеде  батыл  көрінуде.  Осыған 

орай,  қазіргі  білім  беру  саласында 

оқытудың  озық  әдістері,  түрлі  техноло-

гиялары көптеп енгізіліп, мұғалімдердің 

біліктілігін  арттыру  жұмыстары  ұйым-

дастырылуда.

-  Осы  орайда  бірер  мысал  келтіре 

кет сеңіз?

- Біз жақында мектепте  І жарты жылдық 

қорытындысын  пе да гогикалық  кеңесте 

талқы ла дық.  Педагогикалық  кеңес  әдет -

тегіден  тыс  түрде  өткізілді.  Он да  төрт 

мәселе қарадық. Бі рін ші, сындарлы оқыту 

техно ло гияларын оқу үдерісінде қол дану 

арқылы білім сапасының жақсаруы; екін-

ші, әдістемелік жұмыстың жүйелілігінің 

білім  сапасын  көтерудегі  рөлі,  үшінші, 

тәрбие  бағытындағы  кедергілер,  төртін-

ші, нәтижеге бағытталған білім сапасын 

көтеруде  тест  технологиясының  алатын 

орны.


Міне, осы мәселелер бойынша педаго-

гикалық  кеңесте  мұғалімдер  төрт  топқа 

бөлініп,  өздерінің  ой-пікірлерін  ашық 

айтып,  қазіргі  күнде  кездесіп  отырған 

кедергілер  мен  жетістіктер  сараланды. 

Мұғалімдер  Фишбоун  схемасы  арқылы 

кедергілер  себебі  мен  дәлелдерін  келті-

ре  отырып,  одан  қалай  шығу  жолдарын 

ұсынып, «Екі жұлдыз, бір тілек» страте-

гиясы арқылы өз ұсыныстарын да ашық 

жеткізді.  Сондықтан  бұл  педагогикалық 

кеңестің  дәстүрлі  кеңеске  қарағанда 

берері  көп  болды.  Біз  осы  мәселелерді 

жинақтап,  алдағы  жұмыс  жоспары-

на  енгіздік.  Бүгінде  осы  мәселелерден 

туындаған  басымдықтарға  байланысты 

соңғы бір ай ішінде жоспарлы жұмысты 

жүргізіп келеміз. Нәтиже бар.

Жалпы  мектептің  «Жаңа  бастау» 

желілік қоғамдастығы өз жұмысын жос-

парлы  өткізіп  келеді,  онда  мектепте 

«Ашық  есік»  күндері,  жас  мамандар  он 

күндігі,  шық  сынып  сағаттары  т.  б.  ша-

ралар өткізіліп, қорытындысында жақсы 

бағаланып  отыр.  Желілік  қоғамдастық 

аясында  ұйымдастырылатын  шараларға 

ауданымыздың 

мектептерінен 

мұ -

ғалімдер  және  жақында  ғана  Бо лашақ 



стансасындағы  мектеп  мұғалімдері 

келіп,  әдіс  алмасып  кетті.  Аудан,  облыс 

шеңберінде  мектеп  мұғалімдері  ашық 

сабақтар  көрсетіп,  жақсы  бағаланып 

жүр. Атап айтар болсам, мектеп көшбас-

шысы  Ү.Кенжебекова,  мектеп  коучта-

ры:  Ж.  Унгарбаева,  Л.  Дүйсенбаева,  А. 

Тоғызбай  деңгейлі  курстардан  өткен 

мұғалімдер:  Н.Му шаханова,    Ә.  Чаба-

ева,  А. Игниязова, Б. Тайыр, Ф. Маши-

рова,  А.  Жалғасбаева,  З.  Машировалар 

және  осы  деңгейлік  курстардан  өтпесе 

де  әдіс-тәсілді  өте  жақсы  меңгеріп 

алған  мұғалімдеріміз,  жас  мамандар 

К.Сағынова, М. Нұрғалиева, Д.Қоханова, 

А. Қойланбаевты, мұға лімдер М. Чабае-

ва, А. Тілеуова, Ж. Ходжекеева және ар-

дагер ұстаз Ж. Ишбатырова апайды атап 

өткім келеді. 

-  Мек  тепте  мұғалімнің  көшбас-

шылығын  дамыту  жұмыстары  қалай 

жүріп жатыр?

- Білім беру сияқты оқытудағы басқару 

және көшбасшылық та адамның тұрақты 

дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып 

табылады.  Мұғалімнің  көшбасшылығын 

дамыту 


жұмыстары: 

іс-тәжірибені 

жетілдіру  жұмыстарын  өз  қолына  алу; 

өзгерістер  енгізу  үшін  әріптестерімен 

стратегиялық 

ше шімдер 

қабылдау; 

бірігіп  жұмыс  істеуде  фактілерді  жинау 

және  қолдану;  кәсіби  білімді  құру  және 

таратуға ат салысу. 

Көшбасшылықты  дамыту  бо йын -

ша  жұмыс  мектепте  жаңа  білімді 

қалыптастырады. Мектепте алдында ай-

тып өткен «Жаңа бастау» атты деңгейлік 

курстан  өткен  мұғалімдер  мен  олардың 

тәлімгерлерінен  құрылған  топ  жұмыс 

жасайды.  Олар  мектептегі  мәселелерді 

дер  кезінде  анықтап,  кедергілерді  жою 

ба ғытында  жұмыстануда.  Мәселен,  І 

жар ты  жылдықта  білім  сапасы  төмен 

дең гейден көрінген 5 «Ә», 8 «Ә», 9 «Ә», 

10  «Ә»  сыныптарына  арнайы  «Lesson 

Stady»  әдісінде  зерттеу  жүргізіліп, 

мұғалімдердің  сабақтары  өзара  талда-

нып, «оқушылар үні» тыңдалды.

Қазір  мектептің  барлық  мұға лімдері 

сабақтарын  жаңа  форматқа  өткізуде. 

Ұжымда  толықтай  алға  ілгерілеу  бар. 

Дегенмен,  күнделікті  жұмыс  барысын-

да  кедергілердің  кездесіп  тұруы  заңды 

құбылыс. Жаңа білім беру де мұғалімнің 

шеберлігін  талап  етеді.  Өз  мектебіне 

жаны  ашып,  шын  ниетпен  іске  кіріс-

кен  ұстаз  ғана  орасан  зор  пайдасын 

тигізеді.  Әрине,  біз  ондай  ұстаздардан 

көп  нәрсені  күтеміз.  Бірақ  баланың 

жаны  нәзік.  Барлық  оқушыларымыздың 

сабаққа  қатысуын  қаласақ  та,  кей 

оқушыларымыздың тыс қалып жататыны 

рас.


-  Мек тептің  ата-аналармен  байла-

нысы қандай?

- Біз пән мұғалімдері мен сынып жетек-

шілерінің ата-аналармен тығыз байланыс 

жасауын  қадағалап  отырамыз.  Өйткені 

білім сапасын арттыруда «Мұғалім – Ата-

ана – Оқушы» арасында тығыз байланыс 

пен  өзара  түсіністік  болмайынша,  бел-

гілі бір нәтижеге қол жеткізу қиын. Бұл 

үш жақ да жауапкершілікті жете түсініп, 

ынтымақтасқанда  ғана  алынбайтын 

қамалдың жоқтығына сенім ұялатады.

Біз  сондай-ақ  ата-аналармен  ашық 

пікір алысу  мақсатында арнайы коучин-

гтер  мен  басқосулар  да  ұйымдастырып 

келеміз. Жа қында ғана ІІ жарты жылдық 

бойынша  ата-аналармен  де  жаңа  фор-

матта  «Бала  тәрбиесіндегі  ата-ананың 

рөлі»  тақырыбында  жиналыс  өткіздік. 

Ата-аналардың  осы  жиналысқа  де-

ген  ризашылықтары  мен  жиналыс-

та  айтқан  ойлары,  ұсыныстары  келесі 

жұмысымызды  бірлесіп  атқаруға  сілте-

ме болды. Мектепте ата-ана арасындағы 

жалпы  жиналыс,  сынып  сағаттары  осы 

форматта  өткізілетін  болып  шешіл-

ді.  Ата-аналардың  осындай  жұмыстар 

арқасында белсенділігі де артатыны бел-

гілі. Қазіргі уақытта ата-аналардың мек-

теппен байланысы жақсаруда. 

Жасыратыны  жоқ,  кейбір  ата-аналар-

дың  мектеппен  байланысы  жоқтығы 

рас.  Сонымен  қатар  бала  тәрбиесіндегі 

әке рөлінің орыны, әкенің балаға тәрбие 

беру мәселесі, шынын айту керек, соңғы 

уақыттарда әлсіреп кеткендей. Көпшілік 

әкелер  жұмыс  бастылық  пен  сылтауға 

беріліп,  мектептегі  ата-аналар  жина-

лысына  қатыспайды.  Баланың  білімі 

мен  тәртібіне  жете  көңіл  бөлмейді. 

Мектеп  жиналысына  үнемі  аналар 

ғана  қатысатыны  шындық.  Баласының 

болашағын  ойлаған  әке,  баласының 

тәрбиесіне жете көңіл бөліп, жақсы аза-

мат  болып  өсуіне  ат  салыса  еңбектенсе, 

мектеппен  тығыз  байланыс  орнатып, 

баланың білімі мен тәрбиесін мұғалімдер 

арқылы жіті қадағалап отырса, тәртіпсіз 

оқушы,  нашар  оқушы  деген  атауларды 

айтпас па едік? 

«Ата-ана  –  Оқушы  –  Мұғалім»  ара-

сындағы  байланыстың  жоқты ғы  неге 

әкеп  соқтырары  белгілі  жағдай.  Осы 

тұста  мектеп  мүм кіндігі  келгенше  ата-

ананы,  соның  ішінде  әкелерді  мектепке 

тартуға жұмыстануда. Нәтиже бар. 

Тағы  бір  айтатын  мәселе,  ата-

аналардың  балаларына  қымбат  ұялы 

телефон  сатып  алып  беруі.  Әрине,  мен 

сатып алып бермеңдер, рұқсат етілмейді 

деп отырғаным жоқ. «Сол ұялы телефон-

ды бала қайда және қалай қолданып жүр, 

ата-ана  оның  ішінде  не  барын  біле  ме 

екен?» деген сұрақтар мазалайды. Шыны 

керек,  қазіргі  уақытта  бала  психология-

сына  кері  әсер  ететін  сан  алуан  бейне-

орамдар көбейіп кеткені рас. Тіпті кейбір 

бала  соған  еліктеп,  қитұрқы  әдеттерге 

барып  жүргені  шындық.  Осы  мәселе 

мектептің  жалпы  ата-аналар  жиналы-

сында талай әңгіме болып, талқыланды. 

Соның  өзінде  де  осындай  жағдайлар 

анықталып  келеді.  Өз  тарапымнан  ата-

анаға  баласына  қарапайым  ғана  ұялы 

телефон  алып  беруін    ұсындым.  Онда 

әлгінде  айтылған  бейнеорамдар  салын-

байды.  «Ата-ана  баласымен  тек  байла-

ныс жасауға жарап тұрса, болды емес пе» 

деген ойлар. 

Сол сияқты баланың үйде компьютер-

ді қолдануы да көп жағдайда кері әсерін 

тигізіп жатады. Баланың күні-түні есеп-

сіз компьютер алдында отыруы, бірінші-

ден, бала денсаулығына зиян, екіншіден, 

оқушының үйде сабаққа дайындалу жағ-

дайына кері әсер ететіні кейбір ата-анала-

рымызды ойландырмайтын сияқты. 

Cөзімнің басында айтып өт кендей, кей 

оқушыларымыздың  осыған  байланысты 

сабақтан тыс қалып жататыны шындық. 

Бұл туралы кейбір ата-ана ойланса дегім 

келеді.

-  Оразбай  Бердіханұлы,  жүр гізіліп 

жатқан өзгерістерден кү тілетін нәтиже 

қандай?

- Қазіргі талап бойынша ең негізгі бір-

ақ нәтижені айтсам, ол – жаңа өзгерістер 

арқылы білім сапасын арттыру. Біз жаңа 

өзгерістерді жан-жақты қолға алуымызға 

байланысты  әрбір  атқарылған  істі 

нәтижеге  бағыттай  отырып  жүргіземіз. 

Жаңа өзгерістер бұрын сандаған жылдар 

қалыптасқан  дәстүрлі  қалыпты  бірден 

ауыстырып  жібере  алмайтыны  түсінікті. 

Сондықтан  оның  нағыз  нәтижесіне 

түпкілікті  қол  жеткізу  үшін  уақыт, 

ынта-ықылас,  шыдамдылық  және  көп 

еңбектену қажет.



-  Қолға  алған  жұмыста ры ңызға 

сәттілік тілей отырып, әңгімеңізге рах-

мет айтамыз.

Садуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ.

БІЛІМ. БАҒДАРЛАМА. БІЛІК

ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БЕТ БҰРДЫҚ

   Білім мен тәрбие беруде ең маңызды мақсат – қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, 

жан-жақты  дамыған  шығармашылық  тұлға  қалыптастыру.  Бұл  –  «Назарбаев  зияткерлік 

мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен 

Англиядағы  Кембридж  университетінің  педагогика  факультеті  бірлесіп  жасаған  жаңа 

форматты оқыту бағдарламасының өзекті бағыты. Қазір бізде деңгейлі курстардан өтіп, жаңа 

өзгерістерге бет бұрған мектептер көптеп кездеседі. Солардың бірі – Құрық ауылының №1 

орта мектебі.  Біз осы мектептің директоры О. Б. Шатеновке жолығып, қолға алып жатқан 

істерімен таныстық.


№24(731) 12

 мамыр 2016 ж.

ҚАРАҚИЯ


gazeta_karakia@mail.ru

Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және 

аќпарат министрлігінде 6.02.2013 ж. есепке 

ќойылып, №13357-Г куєлігі берілген.

Газет  жарияланымдарындаѓы  ав тор  пi-

кiрi  ре дакцияныњ  т‰пкiлiктi  кµз ќа расы 

бо лып есеп тел мей дi.

Жарияланѓан  материалдарды    сiлте ме-

сiз кµ шi рiп басуѓа болмайды.

Жар  нама, хабарландырулар маз м±нына 

ре дак ция жауап бермейді.

Ре дак цияѓа  жолданѓан  мате риал дарѓа 

ре цен зия  жасалмайды  жєне  ќолжазба 

ав торѓа ќай та рыл майды.

Тақырыптық суреттер ғаламтордан алы-

нады.


Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС 

ақпарат және дизайн орталыѓында 

беттелдi.

Таралымы: 865.

Индекс: 65681.

Газеттің 

бағасы 

келісімді.

 «CASPY PRINT» ЖШС  

баспаханасында  

басылды. 

130000,  Аќтау ќаласы, 

22 ш/а. 

Тел: 750999, 750666

Редактор - Садуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ

Тілшілер:  Жалғас АЙТҚҰЛОВ 

                   Майра ТӨЛЕУОВА

фототілші -  Эльмира ҚОШМАНОВА



АУДАНДЫҚ  ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ   ГАЗЕТ

Жетекшісі - Әбдіғалым СӘРКЕНОВ

Беттеуші дизайнер -  Ш. АЯЗБАЕВА



Меншік иесі:

Директор - 

Дархан УӘЛИХАНОВ

АУА   РАЙЫ   БОЛЖАМЫ

13 МАМЫР

түнде: +13   күндіз: +21



14 МАМЫР, жаңбыр

түнде: +13     күндіз +20



15 МАМЫР, жаңбыр  

түнде: +14   күндіз: +16



16 МАМЫР, жаңбыр

  түнде: +14      күндіз +19



17 МАМЫР 

 түнде: +12    күндіз: +20

4

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ                                                                                                                              



Мекенжайымыз:   Қарақия ауданы, Құрық селосы, 1 шағын  аудан, 52а-үй. Тел/факс:  8(72937) 2-17-39, 8 (72937) 2-12-34, e-mail: gazeta_karakia@mail.ru

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрық  ауылында  автокөлікке 

газ  құю  стансасы  құрылысын  салу 

үшін,  қоғамдық  тыңдау  өтетінін 

хабарлаймыз.  БОЛАТЫН ЖЕРІ: 

шағын  аудан,  52  а  ғимараты,  кәсіп­

керлік  палатасының  кіші  мәжіліс 

залы: Тыңдау 18.05.2016 жылы, сағат: 

17­00 де. өтетінін хабарлаймыз.

Шағын жеке кәсіпкер 

С. БАСҚАРАЕВ.

Қарақия  аудандық  «№2  бастауыш 

мектебі»  мемлекеттік  мекемесінің 

18.02.2002ж.  шыққан  БСН  (бизнес-



сәйкес тендіру  нөмері)  жоғалуына 

байла ныс ты жарамсыз деп танылсын.



Жарамсыз деп танылсын

Хабарландыру

  

 Барлық қоғамдық 

бірлестіктер, мүгедектер 

ұйымы, басқа да мекемелер, 

яғни халықты әлеуметтік 

қорғау жүйесі шеңберіндегі жеке 

тұлғалар мен үкіметтік емес 

ұйымдар назарына!

Ағымдағы жылдың сәуір 

айынан қыркүйек айлары 

аралығында аймақтық 

деңгейде комиссия шешімімен 

«Қазақстандағы ең үздік 

жобаларды іске асыру» іс-

шаралары өткізіледі.

Қатысуға мәлімдемелер мен 

әдістемелік ұсыныстармен 

«Қарақия аудандық жұмыспен 

қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімі»  

мемлекеттік мекемесіне, 

барлық сұрақтар бойынша 

2-14-94, 2-15-61 

телефондарына 

хабарласуға болады.

Ақтауда бірінші 

НЕСИЕЛІК 

СЕРІКТЕСТІГІ 

құрылды

Өзіңнен баста



«Қарақия  ауданы  бойынша 

мемлекеттік  кірістер  басқар-

масы» басшысы

Абилов Баймұрат Көбейұлы

1. 2015 жылғы тапқан табысым – 

2 542 580 теңге;

2.  Жеке  меншік  құқығындағы 

жыл жымайтын мүлік ­ жер орны с. 

Құрық,  13  шағын  аудан,115  телім, 

0,11га, кадастр нөмері – 13­197­002­

1464; 


3. Жеке зейнетақы шотымда –  2 

120 596,59 теңге.

Өзіңнен баста

Қарақия  аудандық кәсіпкерлік бөлі-

мі басшы сы Н. Жұбаназаров:

жыл сайынғы «Өзіңнен баста» акциясы 

аясында  халық  алдында  өзімнің  кірісім 

және  меншік  құқығымдағы  мүліктерім 

туралы мәліметтерді жариялаймын:

1. Менің еңбек  ақым  2015 жылы 1 млн.  

546 мың  534 теңге.    

2. Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қо­

рын дағы  зейнетақы  жинағы  2015  жылғы   

мәлімет  бойынша  762  мың  660  теңгені 

құрады.

3. Меншік құқығымда мүлігім – тұрғын 



үй мекенжай:  Ақтау  қ., 13 ш/а 50 а, 53  

пәтер, 2 бөлмелі  және  Volkswagen  Polo  

автокөлігі бар.

МАМАН КЕҢЕСІ

Б

ұл – ауыз судың, қауіпсіздігіне, азық­түлік өнімдерінің дайын­



далу,  тасымалдану  және  тарату  ережелерінің  сақталуына, 

сауда  және  тамақтану  кәсіпорындарының,  мектепке  дейінгі 

және  жалпы  білім  беретін  мекемелердің  санитарлық­гигиеналық 

жағдайына  жүргізілетін  санитарлық­эпидемиологиялық  бақылау. 

Бірақ ішек инфекцияларымен күресу оңай емес – ауруды тудыратын 

қоздырғыштар өте көп, олардың пайда болу жолдары да әртүрлі, 

диагностикасы қиын, инфекцияның берілу жолдары да әрқилы. Сол 

үшін ішек инфекцияларының пайда болуы мен таралуының алдын 

алуда бәріміз бірігіп белсенді күресуіміз  қажет.

Жедел  ішек  инфекциялары  –  бұл  бактериялар,  вирустар, 

қарапайым  қоздырғыштар  тудыратын  және  балалар  мен  ересек 

адамдарда  ішек  қызметінің  бұзылуымен  (диарея)  сипатталатын 

жұқпалы  ауру.  Ішек  инфекциялары  бұрынғы  заманнан  бері, 

кір  қолдың  ауруы  деп  аталып  келіп,  онымен  салақ  адамдардың 

жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні 

бойына  қолымызбен  айналадағы  кір  заттарға  жанасамыз,  айтар 

болсақ,  қоғамдық  көліктерде  тепе­теңдікті  сақтау  үшін  тұтқаны 

ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік 

тұтқаларын  ұстаймыз,  дүкендерде  сауда  жасағанда  сатушымен, 

көліктерде  кондуктормен  есеп  айырысамыз,  ақша  санасамыз, 

таныстарды  көргенде  қол  беріп  амандасамыз.  Осыдан  келіп, 

«Жұмыстан,  серуендеуден  үйге  келгенде,  тамақ  дайындаудың, 

ішердің алдында, сондай­ақ балалармен ойнарда және оларға күтім 

жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым 

ережелер туындайды. 

Ішек  инфекцияларының  пайда  болуының  алдын  алу  үшін 

азық­түліктердің  жарамдылық  сапасы  өте  маңызды  –  көптеген 

тағамдарда бактериялар тек қана өміршеңдігін сақтап қана қоймай

олар  ауру  тудырушы  қасиетімен  адамның  қолымен  тағамды 

ауызына апарғанда асқазан­ішек жолына кір қол арқылы, ластанған 

су арқылы, сапасыз азық­түліктер арқылы түсіп, қарқынды түрде 

көбейеді.

Әсіресе,  тұтынар  алдында  термиялық  өңдеуден  өтпейтін 

тағамдар  өте  қауіпті.  Ондай  тағамдарға  –  салаттар,  винегреттер, 

сондай­ақ  жемістер  мен  жидектер  жатады.  Салаттар  мен 

винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз, 

түнге қалдыруға болмайды.

Тұрғындарды жуылмаған және бұзылған көкөністерді, жемістер 

мен жидектерді, қауын, қарбызды қолданбауға шақырамыз.

Өкінішке  қарай,  қаладағы  арнайы  емес  орындардағы,  әсіресе 

базарлар маңындағы аймақтардағы сауда бойынша ахуал мәз емес. 

Өзіңіз білетіндей және күнде көріп жүргендей, азық­түлік өнімдері  

арнайы  киімсіз,  санитарлық  кітапшасыз  сатылады.  Бейберекет 

сауда, ауру тудырушы бактериялардың азық­түліктерде өміршеңдігі 

мен  көбеюіне  және  таратылатын  азық­түлік  өнімдерінің  (жеке 

адамдар сататын салаттар, тандыр күлшелер мен тандыр самсалар, 

бәліштер, түскі астар мен әртүрлі сусындар және т. б.) сапасының 

төмендеуіне  ықпал  етеді.  Сондықтан,  кездейсоқ  адамдардан 

тағамдық азық­түліктерді сатып алмағандарыңыз дұрыс.

Сонымен  қатар,  салаттарды,  крем  қосылған  кондитерлік 

(пирожный,  заварной,  трубочка,  эклер,  рулет,  начинкасы  бар 

кекс  пен  торт)  және  кулинарлық(сэндвич,  пицца,  хот­дог,  самса, 

беляш, чебурек, чизбургер мен гамбургерлер) өнімдер тоңазытқыш 

витринасыз сөрелерде сақталса, өнімді шығарушы, шығару мерзімі 

мен сақтау мерзімі көрсетілмесе сатып алмаңыз. Есіңізде болсын, 

тоңазытқыш витриналарда салаттар 12 сағаттан артық, сэндвичтер, 

хот­догтар  мен  кондитерлік  өнімдер  72  сағаттан  артық  уақыт 

сақталмауы керек.

Сіз  білесіз  бе,  кездейсоқ  жерлерден  су  іше  салу  және 

ластанған,  шомылуға  рұхсат  етілмеген  жерлерде  шомылу  Сіздің 

денсаулығыңыз үшін өте қауіпті. Ауру жұқтырмас үшін, маңызды 

гигиеналық  дағдыны  әдетке  айналдыру  керек  –  суды  тұтынар 

алдында  кішкентай  бір  күдігіңіз  болса,  оны  міндетті  түрде 

қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.

Ал  ең  кішкентай  нәрестелерге  келсек,  оларды  аурудан  сақтау 

үшін  қарапайым  санитарлық­гигиеналық  ережелерді,  оларды 

күту кезінде: баланы әрбір тамақтандырар алдында және тамағын 

дайындар  алдында  қолды  жақсылап  сабындап  жуу  керек,  оның 

әрбір  затын,  ойыншықтарын,  бөтелкесі  мен  емізіктерін  таза 

жағдайда ұстау керек.

Аурудың  себептерін  анықтау  барысында  көптеген  аналар, 

әсіресе жас аналар, балалар қоспасына арналған бөтелкені ыстық 

сумен шаюдың орнына бірнеше рет қолданатындықтарын айтады. 

Балалар  арасындағы  ішек  инфекцияларының  басты  себебіне 

балалар қоспалары мен шырындарын тоңазытқышсыз ұзақ уақыт 

сақтау да себеп болып отыр, олардың сақталу температурасы +80С 

аспау керек.

Қарақия  ауданы  бойынша    2015  жылы  жедел  ішек  инфекция­

ларымен 32 жағдай тіркеліп, оның ішінде 14 жасқа дейін ­ 26 науқас 

тіркеліп отыр, яғни ата­аналар  аурудың алдын алып,  өте тиімді 

ережелерін білу керек және оларды қатаң түрде сақтау керек.

А. ЛЕПЕСОВА,

Аудандық  ТҚҚБ жетекші маманы.

ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

   БІЗДІҢ  АУДАНЫМЫЗДА  ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨЛЕМДЕ ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН 

ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ 

ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. 

М

аңғыстау  индустриалдық  палатасында  өткен 



кездесуде  шаруа  қожалықтарының  жетекшілері 

жаңадан  құрылған  «Маңғыстау»  несиелік  серіктестігінің 

құрылу мақсаты және алда тұрған міндеттерімен танысты. 

Несие  алуға  мүдделі  кәсіпкерлер  кез­келген  сомада 

несие алуына болады, ол аталмыш серіктестіктің құрамына 

құрылтайшы  ретінде  кірген  кәсіпкерлердің  өздеріне 

байланысты.  Шартқа  сәйкес  серіктестікте  кем  дегенде  20 

құрылтайшы болуы тиіс.   

«Біз сіздерді осы серіктестік қатарына кіруге шақырамыз. 

Мәселен, кәсіпкер осы серіктестікке 1 млн. теңге салса, ол 

10  млн.  теңгеге  дейін  несие  алуына  болады,  яғни  салған 

сомасынан 10 есе көбірек алуына мүмкіндік беріліп отыр. 

Ал қаражат алуға берген тапсырыс қысқа мерзімде қаралады 

және  көп  құжатты  қажет  етпейді.  Яғни  өзіңіздің  айналым 

капиталыңызды  оңай  толтырып  және  қысқа  мерзімде 

құжат  рәсімдегісі  келгендерге  бұл  жақсы  мүмкіндік»,  ­ 

деді  «Маңғыстау»  несиелік  серіктестігі»  ЖШС  директоры 

Ғалымжан Балтілеу. 

Маңғыстау өңірінде бұрын­соңды несиелік серіктестігінің 

болмағанын ескерген «Маңғыстау» несиелік серіктестігінің 

басшылығы  тәжірибе  алмасу  мақсатында  «Аграрлық 

несиелік  корпорациясы»  АҚ  Атырау  облысы  филиалының 

директоры  Тимур  Құталиевті  арнайы  шақыртқан  болатын. 

Өз  кезегінде  Тимур  Құталиев  маңғыстаулық  шаруа 

қожалықтарының  жетекшілеріне  «Сыбаға»,  «Құлан», 

«Алтын  асық»,  «Ырыс»  мемлекеттік  бағдарламалары, 

сонымен  қатар  құдық  қазу  мен  субсидиялау  төңірегінде 

егжей­тегжейлі айтып берді. 

 «Атырау облысында 6 несиелік серіктестігі жұмыс жасап 

тұр,  ал  Ақтөбе  мен  Батыс  Қазақстан  облыстарында  оның 

саны  –  12­ден.  Барлығы  да  ел  экономикасының  дамуына 

үлестерін  қосып  келеді.  Оларда  айтарлықтай  проблема 

да  жоқ.  Бүгінде  несиелік  серіктестікпен  жұмыс  жасаған 

тиімді,  оның  жемісін  уақыт  өткесін  көре  жатарсыздар. 

Менің  де  айтарым,  жаңадан  құрылған 

«Маңғыстау»  серіктестігінің  қатарына  кіріп 

жұмыстансаңыздар,  банктерге тәуелді болмай­

сыздар», ­ деді Тимур Құталиев. 

Басқосуда  сөз  алған  кәсіпкерлер  ауыл 

шаруашылығында  кадр  мәселесін  өзекті 

екендігін  айтып  өтті.  Олардың  айтуынша 

агрономдар  тапшы,  сол  себепті  агроөнеркәсіп 

кешенін  дамытудың  бірден­бір  жолы  ­ 

тәжірибелі маман дарды еңбекке тарту.  

Бұл  ретте  ауыл  шаруашылығы  саласына  қажет  маман­

дарды  даярлау  үшін  «Жаңа  серпін»  орталығы  қол  ұшын 

созуға  дайын  екендігі  айтылды.  Ол  үшін  кәсіпкер  өзіне 

қажет  маманды  оқытып  беру  жөнінде  өтініш  жасауы  тиіс. 

Іріктеуден  соң  үш  жақты  келісім  жасақталады,  ал  жас 

маман кәсіби қайта даярлау бойынша оқу орнында білімін 

жетілдіретін болады. 

«Бізге  сізден  тек  өтініш  түссе  болды.  Оқытатын  оқу 

орындары  шектелмеген,  еліміздің  кез­келген  өңірінде 

немесе  көрші  елдерде  де  оқытуды  таңдауға  болады.  Сол 

себепті әріптестік орнатуға шақырамын, яғни сіздер маман 

даярлауда шығындалмайсыздар, барлығын мемлекет есебі­

нен біздің орталық арқылы жасау мүмкіндігі қарастылырып 

отыр», ­ деді «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат 

Рыспаев. 

Айта  кету  керек,  «Маңғыстау»  несиелік  серіктестігі 

Маңғыстау  индустриалдық  палатасының  тікелей  қол­

дауымен  құрылып  отыр.  Барлық  мәселелерді  бірлесіп 

қарауға  шақырған  жаңа  серіктестік  басшысы  кез­келген 

уақытта ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығару үшін 

шаруа қожалықтарын бірігуге шақырды. 

Ал  жиынға  қатысқан  кәсіпкерлер  болса,  көкейінде 

жүрген  сұрақтардың  барлығына  тұшымды  жауап  алып, 

«Маңғыстау»  несиелік  серіктестігі  шаруа  қожалықтарын 

толғандырған  мәселелердің  оң  шешімін  табуына  ықпал 

ететін алаңға айналатынына сенім білдіріп тарқасты. 

«МАҢҒЫСТАУ» НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІГІ ЖШС 

МЕКЕН-ЖАЙЫ: АҚТАУ ҚАЛАСЫ, 2 Ш/А,

 «АҚТАУ» ҚОНАҚ ҮЙІ, 102 КАБИНЕТ. 

ТЕЛЕФОН: 8 (7292) 50-47-55. 

ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТА: INFO@MIPAKTAU.KZ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрық ауылында 

орналасқан «Рауан» ЖШС 

балабақшасына мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқыту 

мамандығы бойынша 

тәрбиешілерді жұмысқа 

шақырамыз.

Байланыс телефондары: 

(872937) 5-23-12, 87751977190, 

87028268212.

Қарақия  ауданы,  Болашақ  ауыл ­

дық  округінің  «Ерке-Наз»  бала-

бақшасының  мөрінің  жоғалуына 

бай ланысты жарамсыз деп танылсын.



Жарамсыз деп танылсын

Бұдан  былай  Маңғыстау  облысындағы  ауыл 

кәсіпкерлері «Маңғыстау» несиелік серіктестігіне 

жүгініп,  ірі  көлемде  несие  алу  мүмкіндігіне 

ие  болды.  Бұл  аймақтағы  бірінші  несиелік 

серіктестігі  және  ол  шаруа  қожалықтарын 



тікелей несиелеумен айналысатын болады. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал