Аудандық ҚОҒамдық-саяси газет 20 мамыр сенбі 2017 жыл №37 (8059)



жүктеу 346.93 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі346.93 Kb.
  1   2   3   4

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

20 МАМЫР 

СЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№37 (8059)

ҰБТ белгілі бір кезеңде білім алушылардың білімін бағалау 

құралы  ретінде  өзіне  жүктелген  міндетін  атқарды.  Енді  ҰБТ-

ны екі кезеңге бөліп өткізіп, талапкердің білімін саралауға бо-

лады. Яғни, қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиха-

ны, ал, ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізіледі. 

Қорытынды аттестаттау мектепте 5 пән бойынша (4 – міндетті 

және  1  –  таңдау  бойынша),  мектептегі  оқыту  бейіні  ескеріле 

отырып  (қоғамдық-гуманитарлық  және  жаратылыстану-

математикалық бағыт) өткізіледі.

Түлектер барлық емтихандарды мектепте тапсырады. Мек-

тептерде  осындай  емтихандар  қазіргі  уақытта  да  өткізіліп 

келеді  –  оны  ҰБТ-ға  бармайтындардың  тапсырып  жүргені 

мұғалімдер  мен  оқушыларға  мәлім.  Атап  өтерлік  өзгеріс 

сұрақтарды  кімдердің  дайындауында  болғанына  байланысты 

бұрын  тест  сұрақтарын  облыстық  білім  басқармалары  дайын-

даса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек. 

Тест сұрақтары негізінен дайын.

Сауаттылық  бойынша  тапсырма  оқу  арқылы  талапкердің 

жалпылау,  салыстыру,  тұжырымдау  және  т.б.  дағдыларын 

тексеруге  бағытталған.  Сауаттылықты  тексеруге  арналған 

тапсырмалардың  ҰБТ-ге  енгізілу  себебі  –  студенттік  оқуда 

түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеп,  оларды  сараптауға, 

сол  көздерден  алынған  ақпараттарды  салыстыруға  және 

тұжырымдауға  тура  келеді.  Демек,  бұл  дағдылар  мектеп 

түлегінің алдағы білім алу барысында өте қажет болады.  

Бейінді  пәндер  бойынша  тапсырмалар  ұсынылған  бес 

жауаптың  ішінен  тек  жалғыз  дұрыс  жауабы  бар  20  сұрақтан, 

сондай-ақ,  көп  жауаптың  ішінен  бірнеше  дұрыс  жауапта-

ры  бар  10  сұрақтан  құралады  екен.  Бейінді  пәндер  бойынша 

тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды 

енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты 

меңгергендері  анық  көрінеді.  Сонымен  қатар,  бірнеше  жауап 

варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе 

болжау арқылы беруге тосқауыл болады.

Жалпы  120  сұрақ  қойылады.  Тестілеуге  бөлінген  уақыт 

3  сағат  30  минутты  құрайды.  ЖОО-на  түсу  үшін  бағаның  ең 

төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды. Ең 

жоғары көрсеткіш – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген 

дұрыс жауаптар есебінен). 

Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 на-

урыздан 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ өткізілу мерзімі 

– 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. ҰБТ-ді ақылы негізде 

тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың 

тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі. 

Ардақ РЫСПАНБЕТОВА, 

аудандық білім бөлімінің бас маманы.

2005  жыл.  Шымкент  шаһары.  Студенттік 

шақ.  Әр  айдың  20-на  пәтерақы  төлейміз.  Ол 

үшін екі-үш күн бұрын үйге қоңырау шаласың. 

Ұялы  телефон  қолжетімді  болмағандықтан 

«Қазақтелеком» АҚ-ның бөлімшесіне барамыз. 

Үймен тілдескеннен кейін пәтерақының пұлын 

«Қызылорда-Шымкент»  бағытындағы  «Ика-

рус»  автобусына  не  поездан  салып  жібереді. 

Содан  2-3  күннен  кейін  межелі  уақыттан  2-3 

сағат  бұрын  автовокзалға  барып,  теңгеңді 

күтіп  аласың.  Міне,  осылай  3  сағаттық  жолға 

3-4  күн  уақыт  жоғалтасың.  Әрине,  ол  кезде 

банк  қызметі  бар  еді.  Оған  қоса,  Қазақстан 

да  ең  алғаш  мобильді  банкинг  жүйесі  2005 

жылдан  бастап  жүзеге  аса  бастаған.  Бірақ, 

оны  көпшілік  қолданбайтын.  Бұл  бұрын.  Ал, 

бүгінде мұны ұялы телефондағы мобильді бан-

кинг пен интернет-банкингтің көмегімен 3 ми-

нутта  жүзеге  асыруға  болады.  Бар  болғаны 

банктік  карточкаңызда  қаржы  болуы  керек. 

Яғни, автобус не поезд, не банк бөлімшелерін 

жағаламай,  үйде  отырып,  Қазақстанның  кез 

келген  қаласына  қажетті  қаржыңызды  ауда-

ра  аласыз.  Әрине,  біз  аударма  жүйесін  ғана 

сөз  еттік.  Ал,  одан  бөлек  көптеген  операция-

ларды жүзеге асыруға болады. Әуелі мобильді 

банкингтің мүмкідігін бағамдасақ. 

ЖАҢАШЫЛ 

ЖҮЙЕНІҢ 

ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Елімізде  ең  алғаш  банк  саласы  бойынша 

«мобильді банкинг» жүйесін «Халық банкі» АҚ 

бастады. Яғни, пластикалық төлем картасының 

иелері  мобильді  телефонға  келетін  смс-хат 

арқылы    карталық  есеп-шотындағы  қаржы 

айналымы  туралы  ақпаратты  біліп  отыруға 

мүмкіндік  беретін  қызмет  түрі.  Сондай-ақ, 

банктердің  тұрғындарға  тиімді  мобильді 

қосымшасы жайлы да айта кетсек. Бұл жөнінде 

біз  толығырақ  мәліметті  «Халық  банк»  АҚ 

аудандық филиал басшысы Ербол Еркішовтен 

білдік. 

–  Елбасы  Жолдауында  сандық  техноло-

гияны  одан  әрі  жетілдіруді  жүктеген  бола-

тын.  Бұл  бағытта  банк  қызметі  клиенттерге 

барынша  қолжетімділікті  қамтамасыз  етуде. 

Мәселен,  ұялы  телефонға  «myHalyk»  жүйесін 

жүктеп  алып,  төлемдер  мен  аударымдарды 

бөлімшеге  келмей-ақ  жүзеге  асыруға  болады. 

Ол үшін пластикалық картаңызда қаржы болса 

жеткілікті. Оған қоса, қосымша мобильдік нұсқа 

арқылы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, 

«Қазақтелеком»  АҚ-ның  байланыс  қызметін 

төлеу,  Ұялы  байланыс  операторларына  бірлік 

салу  үшін,  банктегі  депозитіңізге  қаржы 

аударуға  болады.  Одан  бөлек,  коммуналдық 

төлем  түрлері,  салық  пен  айыппұлдар,  би-

леттер,  сақтандыру,  білім,  қайырымдылық 

мақсаттағы  электрондық  төлемдерді  жүзеге 

асыруға  болады.    Және  де  өз  шоттары  мен 

карталары  арасында,  өз  картасынан  Банк 

шығарған  кез  келген  картаға  қаржы  аудару 

мүмкіндігі бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, опе-

рациялар  тәулік  бойы  қолжетімді.  Мобильді 

қосымшаны  аудан  тұрғындарыда  белсенді 

қолдануда. Айта кететіні, смс-банкинг қызметі 

бар.  Ол  –  ұялы  телефоныңыздың  нөміріне 

келіп түсетін Смс-хабарламалар арқылы төлем 

картасы  бойынша  ақша  қозғалысына  тәулік 

бойы  бақылауды  қамтамасыз  ететін  қызмет 

түрі, – деді банк басшысы. 

Міне, 

интернет-банкингтің 



мүмкіндік 

аясы  қаншалықты  кең.  Бұл  операциялардың 

барлығын  банк  клиенті  сайт  арқылы  не  ұялы 

телефон  арқылы  өз  шотының  жай-күйі  ту-

ралы  ағымдағы  ақпаратты  ала  алады,  шот 

бойынша  қозғалысын  қуаттайтын  төлем 

құжаттары деректемесін тексере алады. Жал-

пы сарапшылардың зерттеуінше, Қазақстанда 

сауда жасауда төлем картасын қолданатындар 

саны  артқан.  Яғни,  қолма  қол  емес  төлем 

тәсіліне  тұрғындар  қалыптасу  үстінде.  2017 

жылдың  бірінші  тоқсанында  жасалған  опера-

циялар  36,2  миллионды  құраған.  Ағымдағы 

жылдың  қаңтар-наурыз  айындағы  қолма  қол 

емес төлем көлемі 415,4 млрд теңгеге жеткен.

Әрине, біз мобильдік жүйенің тек қаржылық 

саласын қамтуға тырыстық. Енді осы мобильдік 

қосымша 


арқылы 

мемлекеттік 

қызмет 

түрлеріне  қалай  қол  жеткізуге  болатындығын  



айта кетсек. Бұл туралы бізге толық мәліметті 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік 

корпорациясы»  КЕАҚ  облыс  бойынша  фили-

алы  «ХҚКО»  департаментінің  аудандық  бөлім 

басшысының  орынбасары  Қуаныш  Мәуленов 

айтып берді.

– Бірден айта кету керек, біздегі мобильді 

қосымшаны  Мобильдік  үкіметте  тіркелген  ҚР 

азаматтары ғана пайдалана алады. Яғни, egov.

kz  қосымшасы  мол  мүмкіндіктер  мекені  деп 

атауға  болады.  Себебі,  кабинеттерде  кезек-

ке тұрғаннан гөрі, үйде отырып көптеген опе-

рацияны  жүзеге  асыра  аласыз.  Қосымшадағы 

«Қолжетімді  қызметтер»  деген  тарауында: 

мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үйге 

кезек  нөмерін  көруге,  балабақшаға  кезек 

нөмерін  қарауға,  кезекті  онлайн  брондауға, 

салық қарызын не тексеру сынды тағысын тағы 

қызмет түрі қолжетімді. 

Сондай-ақ,  жеке  кабинет  тауарларының 

толық  құрамын  қарау  үшін  смартфон  жа-

дына 


ауыстырылатын 

пайдаланушының 

электрондық  қолтаңбасы  бойынша  кіруді 

жүзеге  асыру  қажет.  Мобильдік  қосымшада 

80-нен  астам  әрі  түрлі  сервистер  ұсынылған. 

Мысалы, некені тіркеу туралы анықтама беру, 

туу туралы анықтама беру, мекен-жай туралы 

анықтамасын  беру,  дәрігердің  қабылдауына 

жазылуға  болады.  Одан  бөлек,  электрондық 

қызмет  түрінде  төлемдерді  төлеуге  мүмкіндік 

мол, – деді Қуаныш Мәуленов.

Иә,  бір  ғана  мобильдік  қосымша  арқылы 

үйден  шықпай-ақ  электрондық  форматта  80-

нен астам мемлекетік қызмет түрлері мен сер-

виске қол жеткізе аласыз. Түптеп келгенде, Ел-

басы Жолдауынан туындаған басым бағыттың 

бірі – сандық технологияны жетілдіру елімізде 

қарқынды  жүргізілуде.  Тек,  тұрғындар  тара-

пынан  интернетті  игілігіне  икемдеп,  уақыт 

тиімділігін түсінсе игі. 

МОБИЛЬДІ

 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БИЫЛҒЫ 



ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДА-

УЫНДА ТАБЫСТЫ ӨТКЕН ЕКІ 

ЖАҢҒЫРУДАН КЕЙІН, АЛҒА БА-

ТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАП, ҮШІНШІ 

ЖАҢҒЫРУДЫ БАСТАУ КЕРЕКТІГІН 

АТАП ӨТТІ. БҰЛ ЖАҢҒЫРУ 

ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘЛЕМДІК 

ӨСІМІНІҢ ОРТА ДЕҢГЕЙДЕН 

ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНЫН ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАНЫН 

ЖЕТКІЗДІ. ЖӘНЕ ДЕ ОЛ 

ОЗЫҚ ОТЫЗ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА 

ІЛГЕРІЛЕУГЕ МОЛ МҮМКІНДІК. 

ОСЫ ТҰСТА ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ – 

БІРІНШІ БАСЫМДЫҚ РЕТІНДЕ 

ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАҢҒЫРТУ ЕКЕНІН АЙРЫҚША 

ТОҚТАЛДЫ. ЯҒНИ, ЕЛБА-

СЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛАТЫН 

ЖАҢА ИНДУСТРИЯНЫ ӨРКЕНДЕТУ 

БҰЛ МАҢЫЗДЫ КЕШЕНДІ МІНДЕТ 

ДЕДІ. ӘСІРЕСЕ, ҚАЗАҚСТАНДА 

БІРҚАТАР САЛАНЫ ӨРІСТЕТУ 

КЕРЕКТІГІН АЙТА КЕЛЕ, МОБИЛЬДІ 

БАНКИНГТІ  ДАМЫТУҒА ТАПСЫР-

МА БЕРДІ. БҰЛ ҚАЗІРГІ КҮННІҢ 

ӨЗІНДЕ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ-

ТЕРДЕ АТАЛМЫШ ҚҰРЫЛЫМДАР 

ЭКОНОМИКАНЫҢ БІР БӨЛШЕГІНЕ 

АЙНАЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ОСЫ ТҰСТА 

БІР СӘТ ӨТКЕНДІ ЕСКЕ ТҮСІРСЕК. 



БАНКИНГТІҢ 

МҮМКІНДІГІ 

МОЛ

ҰБТ 2017: 

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШ – 140 БАЛЛ

2004 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ 

БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ЕНГІЗІЛДІ. 

СОДАН БЕРІ ОРТА МЕК-

ТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ 

ДЕҢГЕЙІН ТЕСТІЛЕУ АРҚЫЛЫ 

БАҒАЛАУ ҚАЛЫПТАСТЫ. ЖАЛ-

ПЫ, ҰБТ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ 

АТТЕСТАТТАУЫ МЕН ОРТА 

БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ ЖОҒАРЫ 

БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНА 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫН 

БІРІКТІРІП КЕЛДІ. ЕҢ БАС-

ТЫСЫ, ҰБТ ЖАЛПЫ БІЛІМ 

ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ САПА-

СЫН СЫРТТАЙ БАҚЫЛАЙТЫН 

ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫ. АЛАЙ-

ДА, БИЫЛДАН БАСТАП ҰБТ 

ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕТІНІ 

БЕЛГІЛІ. СОНДЫҚТАН, ЖАҢА 

ФОРМАТТАҒЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҰСЫНЫП 

О ТЫРМЫН.

Облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев 

шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  аймақ 

үшін  басым  бағыт  екенін  атап  өтті. 

Мәселен,  өңірлік  кәсіпкерлер  палатасы-

мен  бірлесіп  жүзеге  асырылып  жатқан  

«Микробизнес-Қызылорда»  жобасы  ая-

сында  жалпы  сомасы  840  млн.  теңге  бо-

латын  132  жоба  қаржыландырылып, 

429  жаңа  жұмыс  орындары  ашылды.  Ал, 

қаржының  қайтарылуы  100  пайызды 

құрайды.


Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы 

жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  Бірыңғай 

жол  картасы  әзірленді.    Жол  карта-

сын  жасаудағы  мақсат  –  кәсіпкерлікті 

қолдау  шараларына  арналған  барлық 

бағдарламаларды  тиімді  жүзеге  асы-

ру  арқылы  жұмыссыздар  мен  өзін-өзі 

жұмыспен  қамтушылар  арасында  жаңа 

жұмыс орындарын құру және   кәсіпкерлер 

санын арттыру.

–  Біз  әрбір  селолық  округ  пен  аудан, 

қала    үшін  экономиканың  салалары  бой-

ынша  барлық  индикаторларды  облыс 

әкімдігінің  ахуалдық орталығына жүктедік. 

Осы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту-

да  ауыл,  аудан,  қала  әкімдерінің,  қаржы 

институттарының 

және 


мемлекеттік 

органдардың  жұмысын  ашық  қадағалай 

аламыз, – деді Қ.Көшербаев. 

Өңірлік  кәсіпкерлер  палатасының  ди-

ректоры  Ғалымбек  Жақсылықов  шағын 

және  орта  бизнесті  дамытуда  аймақта 

атқарылып жатқан жұмыстар туралы және 

кәсіпкерлердің  қызметіне  кері  әсер  етіп 

отырған   әкімшілік  кедергілер туралы ба-

яндады.  

«Атамекен»  ҰКП  Төралқа  Төрағасы 

Қызылорда  облысындағы  кәсіпкерлікті 

дамыту  бағытында  атқарылып  жатқан 

жұмыстарға жоғары бағасын берді. 

–  Біздің  міндет  бизнес  пен  билік  ара-

сында  диалог  орнату.  Қызылорда  об-

лысында  бұл  жұмыстар  толығымен 

атқарылуда,  ал,  кәсіпкерлікті  дамыту-

да  облыс  әкімдігінің  жүргізіп  отырған  іс-

шаралары  республикада  озық  тәжірибе 

болып  саналады,  –  деп  атап  өтті  Тимур 

Асқарұлы.   

«Атамекен»  ҰКП  басшысы  экономи-

каны  және  жеке  кәсіпкерлікті    дамытуға 

қосқан  жеке  үлесі  үшін  облыс  әкімі 

Қырымбек Көшербаевты Палатаның «Ісіне 

адалдығы үшін» медалімен марапаттады.

КӘСІПКЕРЛІКТІ 

   ДАМЫТУДА 

      СЫРДЫҢ ОЗЫҚ 

          ҮЛГІСІ БАР

«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 

ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ ТИМУР 

ҚҰЛЫБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА 

ОБЛЫСЫНА КЕЛІП, БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК 

НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, АЙМАҚТАҒЫ 

МИКРОКӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЯҚ АЛЫСЫН БІЛДІ. 

СОНДАЙ-АҚ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ АЙМАҚТЫҚ 

КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ.

18-мамыр  -  Халықаралық  музейлер  күніне  орай  «ЭКС-

ПО-2017»  мамандандырылған  көрмесі  аясында  "Сығанақ 

тарихи-мәдени  қорық-мұражайы"  қоғамдық  бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  Сығанақ  тарихи  музейінің  ашылу  сал-

танаты  өтті.  Халықаралық  деңгейде  өткен  мазмұнды 

шара  шымылдығын  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  заң 

ғылымының  докторы,  академик,  Жаңақорған  ауданының 

«ХХ  ғасыр  адамы»  Сұлтан  Сартаев  ашып,  лентасын  қиды. 

Ол  ел  алдында  жүрген  азаматтарды  елдің  тірегі  болумен 

қатар  халықты  өрісті  жолға  бастап,  дәрісті  тағлымдарымен 

таяныш  болуға  үндеді.  Қазақ  халқын  сара  жолға  бастаған 

Елбасы  саясатын  қолдап,  жақсылыққа  ұмтылғанда  ғана 

болашақтың жарқын боларына аталық өсиетін айтып, тоқсан 

жас ғұмырынан түйген өнегесін өлең жолдарымен өрнектеді. 

Жиналғандар  одан  әрі  «Һиссамиддин  Сығанақи»  мешітінің 

бірінші  қабатында  орналасқан  «Сығанақ»  тарихи  музейімен 

танысты. Шара «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурсы 

орталығында  ұйымдастырылған  «Тарихта  қалған  Сығанақ» 

атты  республикалық  ғылыми-танымдық  конференцияға 

жалғасты. Конференция жұмысын аудан әкімінің  орынбаса-

ры Бақытжан Әйтпембет ашты: 

– Ежелгі қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласының 

атақ-даңқын  ғасыр  құмынан  аршып,  әлемге  паш  етумен 

қатар, болашаққа аманаттау – ортақ парызымыз, – дей келе 

ғұлама ғалымдарды дүниеге әкелген қасиетті топырақта туып 

өскен, маңдайының жұлдызы жарқыраған перзенттерінің бірі 

Сұлтан Сартаев ағамызға сөз берді. 

Ғалым  Сығанақ  туралы  айта  келе,  шырайлы  шаһардың 

ежелгі қазақ хандықтарының төбелі төресі болғанын, «Жібек 

жолы» сауда керуені өтінде өркениеті дамығанын, жас өркені 

жасанып  жібектен  киім  кигенін,  жарқырап  өмір  сүргенін, 

бейбітшілік  байырқалап,  ілім-білімге  сүйенген  ел  болғанын 

сүйсініспен жеткізді. Сол жауынгер жұрттың ХХ ғасырда гүл 

жарған  желектерінің  егеменді  елде  ерлік  рухын  асқақтатар 

азаматтар болуы тиістігіне аталық батасын берді. 

Келесі  кезекте  жиын  модераторы  Х-ғасырдың  екінші 

жартысында  мұсылман  дінін  қабылдаған  қазақ  жеріндегі 

Ислам  өркениетінің  қанат  жаюына  Қожа  Ахмет  Ясса-

уи  мен  Асан  қайғыдан  бастап,  Абай  мен  Шәкәрім,  Ахмет 

пен  Міржақыпқа  дейінгі  қазақ  мәдениеті  өкілдерінің  өзіндік 

қолтаңбаларына  тоқталды.  Осы  тақырыпта  баяндама  жасау 

үшін «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 

аға  оқытушысы,  PһD  докторы  Қайрат  Құрбанбаев  мінбеге 

көтерілді. 

– Орта ғасырлық Мауереннахр кеңістігінде ислам өркениеті 

мен  мұсылмандық  ойдың  дамуына  атсалысып,  Ханафилік 

мұраны  жалғастырған  ғалымдар  мен  ойышылдар  аз  болған 

жоқ.  Хусамуддин  әс-Сығнақидің  ғылыми  мұрасы  исламтану 

саласында  Қазақстан  тарихындағы  ең  алғашқы  докторлық 

диссертацияға  арқау  болды.  Онда  ортағасырлық  қазақ  да-

ласынан  шыққан  ғұламаның  өмірі  мен  шығармашылығы 

нысанаға алынды. 

  Сыр бойындағы Сығанақ қаласында дүниеге келген әс-

Сығнақи балалық шағынан бастап Сығанақ, Йассы, Исфиджап 

қалаларында білім алып, ілімін жетілдіру үшін ислам әлемінің 

шығысындағы  ғылым  ошақтарына  ұзақ  сапарға  шығады. 

Бұқарада  көп  тұрақтап,  осындағы  көрнекті  ғұламалардан 

білім алады.

Ислам құқығы, оның негіздері мен ислам теологиясы және 

араб лингвистикасына қатысты еңбектері ғалымның осы са-

лаларда шоқтығы биік екенін аңғартады. Сонымен қатар әс-

Сығнақи-Әбу  Ханифаның  еңбектері  мен  Ханафи  мектебінің 

құнды  мұралары  бұрмаланбай,  жоғалмай  ұрпақтан  ұрпаққа 

жетуіне  үлес  қосқан  ғалым.  Сондай-ақ  деректерден  әс-

Сығнақидың  ақындық  қырын  көре  аламыз,  –  дей  келе  Ис-

лам  өркениетінің  прогрессивті  интеллектуалды  дамуына 

Орта Азия кеңістігінен шыққан ғалымдар мен ойшылдардың 

қосқан үлесі, мұралары зерттеліп жатқанымен олардың іргелі 

еңбектерінің  басым  бөлігі  әлі  күнге  қазақ  қоғамына  таныс 

еместігін  айтып,  бұл  тұрғыда  ғылыми  зерттеулерді  арттыру 

қажеттігіне тоқталды. 

Келесі  кезекте  сөз  алған  Астана  қаласындағы  «Әзірет 

Сұлтан»  мешітінің  наиб-имамы  Қуат  Мінуаров  ҚМДБ-ның 

төрағасы,  бас  мүфти  Ержан  қажы  Малғажыұлының  аты-

нан  арнайы  келіп  отырғанын,    шараның  жан-жақты 

мазмұндылығына,  2013-2015  жыл  «Дін  мен  дәстүр»  жылы, 

ал  2016-2017  жыл  «Дін  мен  тарихи  тағылым»  жылы 

деп  белгіленгенін  жеткізді.  Араб,  Түркия  елдерінде  ис-

лам  ғұламаларының  бүкіл  ғұмырын  құжаттап,  қаттап,  көз 

қарашығындай  сақтап  отырғанын,  бүгінгі  шара  біздің  де 

осындай үрдісті ұлықтауды қолға алуымыздың айқын көрінісі 

екеніне  тоқталды.  Келесі  кезекте  Ресей  Ғылым  Академиясы 

жанындағы Шығыстану институтының қызметкері, зерттеуші 

Гончаров Евгений Юрьевич сөз алып, теңгенің шығу тарихы-

на  тоқталды.  Оның  әр  ғасырдағы  әр  хандықтың  тұсындағы 

нақыш-бедеріне көп назарын аударды. 

Конференция 

соңында 

осы 


шараның 

тікелей 


ұйымдастырушылары – Қазақстан Журналистер сыйлығының 

лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері, «Сығанақ» тари-

хи музейінің директоры Асан Сарқұловқа және осы қоғамдық 

бірлестік  төрағасы  Рысбек  Амандықов  сөз  алып,  келген 

қонақтарға, сый-сияпат тарту етті.

Шара  түс  ауа  «Ордакент»  ардагерлер  және  жастар 

ресурстық  орталығының  мәжіліс  залында  «Тарихта  қалған 

мүшайра» атты жазба ақындардың мүшайрасы мен сазгерлер 

байқауымен жалғасты.

Әбдісамат ӘБДІШ.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

ӘРБІР ХАЛЫҚТЫҢ, ӘРБІР 

ӨРКЕНИЕТТІҢ БАРШАҒА 

ОРТАҚ ҚАСИЕТТІ ОРЫН-

ДАРЫ БОЛАДЫ. БІЗ ОСЫ-

НАУ МҰРАЛАРЫМЫЗДЫ 

ҒАСЫРЛАР ҚОЙНАУЫНАН 

АРШЫП, КӨЗ АЛДЫМЫЗДА 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ 

АТА-БАБАЛАРДАН АСЫЛ 

АРНА ТАРТҚАН БАЯН-

ДЫ КӨШ БАҒДАРЫН, АР-

МАНЫ МЕН АҢСАРЫН 

ТЕРЕҢ ТАНЫП, ТЕРЕҢ 

ТҮЙСІНЕ ТҮСЕМІЗ. МЕМ-

ЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ 

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 

ДЕП АТАЛАТЫН ҚҰНДЫ 

ЕҢБЕГІНДЕ ҚАМТЫЛҒАН 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ 

МАЗМҰНЫ ДА ОСЫҒАН 

С АЯДЫ. «ТУҒАН ЖЕРДІҢ 

ӘРБІР САЙЫ МЕН 

ҚЫРҚАСЫ, ТАУЫ МЕН 

ӨЗЕНІ ТАРИХТАН СЫР 

ШЕРТЕДІ. ОСЫНЫҢ БӘРІН 

ЖАС ҰРПАҚ БІЛУГЕ ТИІС» 

ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ. 

ТАРИХТАН ТАРТҚАН ТАҒЫЛЫМ



Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

КОНФЕРЕНЦИЯ

ЖАҢА ФОРМАТ

Janakorgangazeta@mail.ru

20 мамыр 2017 жыл.

2

Мәдениет мәйегі



Жаңақорған

тынысы


Күлән  Биғазықызын  мәдениет  саласы  қызметкерлерінің  мерейлі  мерекесі 

қарсаңында құттықтап, шаңырағына барған едік. Бір көргеннен бауырмашылдық 

қасиетімен  жақын  адамыңдай  жаныңды  жадыратып  жіберетін  қасиетімен  кіре-

берістен  кең  құшағын  жая  қарсы  алды.  Біздің  ұсынысымызға  сай  керемет 

сәттердің куәсін бейнелейтін суреттер жинағын әзірлеп қойған екен. Ақ жүректі 

апайды әңгімеге тартып, суреттерге көз жібердік.

– Апай, өнерге қалай келдіңіз? Әйел баласы үшін қиын да қызық жолды неге 

таңдадыңыз? – деп сұрадық. Тосыннан қойған сауалға тосылмай: «Шырағым, та-

лант адамға Құдайдың нәсіп еткен қасиеті. Бойыңдағы қасиетті қанша тырыссаң 

да оны тұншықтыра алмассың. Бала күнімде әкем осы бір өнерімді байқаған бо-

лар, мені домбыра ұстауға үйретті», – деп бастады әңгімесін.

Өнер иесінің бала күннен сыр шерткен суретте әкесі Биғазы мен қызы Күләннің 

домбыра шертіп, күй тербетіп отырған сәті бейнеленген. Жанында анасы ұйып 

тыңдап, жүзі балбұл жанып отыр. Осы бір суреттен әкесі қарапайым жан болса да 

қызының өнерлі болуын қалағанын сезінуге болады. Тіпті, әке-шешесі қыздарын 

биік  мінбер  мен  тұғырлы  сахна  төрінен  көруді  қалаған  екен.  «Қызымды  теле-

дидардан  әртіс ретінде көрсем екен» деп арман еткен отбасының тілегі сезіліп 

тұрды. Қарлығаш қанатты қыздың сапалы білім алып, саналы ғұмыр кешуіне ана-

сы Күлшаттың еңбегі бар. Олай дейтініміз, ардақты ана өзі қазақша және орысша 

сауаты болғандықтан өз қатарластарының алды болған. Көзі ашық, көкірегі ояу 

жан қыздарының да білімді де тәрбиелі болуын қалаған екен.

Иә,  талдырмаш  жас  қыздың  өнер  баспалдағынан  өрге  көтерілуі  оңай 

болмағаны  анық.  Сын  кезінде  сүрінбей,  соқпақта  тайып  жығылмауға  Үрзада 

апайы,  Әбдеш  Абдуллаев,  Кемал  Жұмабаев,  Әбдіразақ  Ақбалаев  секілді  кемел 

ұстаздың  тәлімі  себеп  болды.  Талабын  шыңдап,  әркез  өнер  адамының  әдебін 

үйретіп,  жанашырлық,  ағалық  ақылын  аямаған  халық  ақыны  Манап  Көкенов, 

Әбілтай Сүлейменов, Есіркеп Қоңқабаев, Аманбай Өтебаев, Сауран Елеуов, Әмір 

Мәжитов секілді өнер саңлақтары талантты тұлғаның талабын шыңдапты. 

«Әйел бір қолмен бесікті, екінші қолмен әлемді тербетеді». Осы бір мазмұны 

терең мақалды әркез жадына сақтап, отбасында сыйлы келін, аяулы жар болуға 

Зада  Исаева,  Зәуре  Шоманова,  Тұрсынай  Мырзақметова  әпкелік  жол  нұсқаған. 

Әсіресе, Мәжит ағаның жары Ардақ Мәжитовамен сырласып, «әйелдің бақыты – 

отбасы, ошақ қасы және қызмет» екенін ұғынған. Өткен жылдарды ностальгия-

мен еске алған Күлән апай: «Ардақ апай өте ұқыпты әрі қас қабағымыздан ішкі 

жан дүниемізді оқып қоятын» деп қызықты сәтті еске түсірді. Сол тамаша сәттерде 

ел сыйлаған, халық қадірлеген ел ағалары мен қадірлі қыз келіншектермен бірге 

түрлі  мәдени  шарада  бірге  өнер  көрсеткен  тұстары  жинақталып,  үлкен  альбом 

болыпты.


Өзі  басшылық  ететін  «Арман»  мәдениет  үйінің  тыныс-тіршілігін  тізбектеген 

суретте 13 қызметкер мен бірге ардагер ұстаздарымен бірге түсіпті. Бүгінде ке-

мелденген шаққа жетіп, Ардақ апайы секілді ұжымның ұйытқысы болып, достық 

һәм  әріптестік  қарым-қатынасты  берік  сақтаған.  Мәдениет  үйіндегі  Ырыскүл 

Ұлықпанова, Шәкизат Қарабекова, Ботакөз Шайкенова секілді қыз-келіншектерге 

аналық мейірімін, әпкелік қамқорлығын аяп қалған емес. Күлән апай тек ұжымға 

ғана емес, алдына келген кез-келген қыздың мұңына құлақ түріп, пайдалы ақылын 

беруден тайынбайды. Береке мен бірлігі жарасым тапқан ұжымның бағындырған 

белесі өз алдына бөлек бір әңгіме. Өнер ұжымына Күлән Әбілтанова басшылыққа 

келгелі халық арасынан көпшілікке танылып, жұлдызы жанған жандар аз болмап-

ты. Тарақатып айтсам, жез таңдай әнші Ақнұр Сматова, кең диапазонды салист 

Закира Бакирова, қоңыр дауысты әнші Ағайша Мамадиева, эстрада әншісі Бекнұр 

Пазылбек, жас әнші Әсел Марзулланың алғашқы шығармашылық кешін өткізіп, 

әншілік өнерге қанат қағуына септігін тигізді. Бір сөзбен айтсақ, «таланттардың 

тұсауын кесті». Бүгінде осы аталған жастар елдің әр түрлі аймақтарында өнер са-

ласында  еңбек  етуде.  Осы  бағытта  жас  ерекшелігіне  қарамастан  шығармашыл 

жанға  рухани  қолдау  білдіріп,  Ақмарал  Зайдашеваның  «Жібек  сезім»  және 

Ізатілла Нәрзілдаевтың «Сағына айтар әнім бар» атты шығармашылық кешін бер-

ген.  Осындай  мәдени-тәрбиелік  маңызы  жоғары  кештерден  көптеген  суреттер 

топтамасы жинақталып сақталған екен.

 Сарғайған сары парақтарды ақтара отырып, Манап Көкеновпен бірге кино-

залда  түскен  сурет  жайында  сыр  шертті.  Халық  ақыны  Манаппен  бірге  деректі 

фильмге түскен екен. Сондай-ақ, Надежда Лушникованың, Тәушен ақынның об-

разын сомдап, талай сахналық қойылым жасаған сәттері бір сәттік бейнеге ай-

налыпты. Тәушен апаның көзін көрген Күлән Биғазықызына дауысы мен обры-

зын келтіріп ойнау қиындық тудырмаған. «Өнер саласындағы әйел қауымының 

ең ардақтысы, асылы Тәушен Әбуова дер едім. Отбасын да өнерін де қатар алып, 

қиындықпен  күресе  білген  жан  еді.  Марқұм  апамыздың  сойып  саларлық  өткір 

сөзі,  кесіп  айтатын  ойы  және  өнер  адамына  тән  мінезі  бар  еді.  Мен  осы  асыл 

қасиетті өзіме үлгі еттім», – деді. 

Отбасылық бақытты сәттерге ойысқан суретте жары Сабырхан аға мен ұлы 

Әділет  пен  Айсер,  қызы  Гүлзия  мен  Анельдің  балғын  сәттері  көз  алдымыздан 

зырғып жатты. Үнемі ақ жаулықпен, дәмді тоқашымен, мейірімді махаббатымен 

шаңырақтың  шаттығын  кіргізген.  Жолдасы  ауданның  қадірлі  ел  ағасы,  энерге-

тика  саласында  құрметті  ардагер  қызметкері.  «Шиелі  Жарығы»  коммуналдық 

кәсіпорны  Жаңақорған  аудандық  филиалы  директорының  орынбасары.  Екеуі 

де  білімді  әрі  көзқарасы  қырағы  болғандықтан  ұл  мен  қыздың  заманауи  білім 

жетілдіріп, әлемнің үздік ғылымын меңгеріп, ел мүддесі үшін мерейлі өмір сүргенін 

қалайды. Және сол үшін өздерінің ақылы мен тәрбиесін бойына дарытып, асқақ 

армандарына талпындыруда.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал