Аудан әкімінің ҚҰттықтауы



жүктеу 390.48 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі390.48 Kb.
  1   2   3   4

БІРЛІГІ 

ЖАРАСҚАН ЕЛ



АУДАН ӘКІМІНІҢ

 

ҚҰТТЫҚТАУЫ

ТІЛЕГІМІЗ БІР, 

ЖҮРЕГІМІЗ ҮНДЕС

ЖЕРЛЕСІМІЗ

ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ КЕҢ ҚҰШАҒЫН 

САЯЛАҒАН...

№16

(9192)

27 ақпан

сенбі 

2016 жыл

МӘРТЕБЕ


БРИФИНГ

Аудандық қоғамдық–саяси газет

БҮГІНГІ САНДА:

АУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 

КАНДИДАТТАР–2-3 БЕТТЕР,



ШҰҒЫЛАНЫҢ” ШАТТЫҒЫ–4 БЕТ,

ҚАНАТ ЖАЙҒАН КӘСІП–4 БЕТ

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – 

ОТАН ҚОРҒАНЫ

Жұмыр жердегі 

барша адамзат 

баласы «достық» 

сезімін қастерлесе 

әлемде бейбітшілік 

пен тыныштықтың 

тіні тарқатылмас 

еді. Өкінішке қарай 

адамзат пайда 

болғалы көп халық 

аз халыққа өктемдік 

жасап, алпауыт 

мемлекеттер 

кішігірім елдерге, 

қарасы қалың 

халықтар ұсақ 

ұлттарға үстемдік 

етіп келеді. 

Тіпті кейбір 

мемлекеттердің 

зорлықшыл жүйесі 

ұйыған тыныштықты мылтық үнімен бұзып, 

қантөгіске себеп болып отыр. 

Бүгінгі  әлемдегі  болып  жатқан  саяси  ахуалдың 

күн  озған  сайын  күрделеніп  бара  жатқанын  ақпарат 

құралдары арқылы күнде көріп отырмыз. Орта Азияның, 

Еуропаның  көп  мемлекеттерінде  тыныштық  бұзылып, 

толқулар  туып,  көшелерінде  билікке  қарсы  наразылық 

шерулері  жүріп  жатыр.  Терорлық  әрекеттердің 

нәтижесінде  жарылыстан  көз  ашпай  отырған  Ислам 

мемлекеттеріндегі бір сәтте күлі көкке ұшқан үйлер мен 

көліктерді, жанкештілердің жарылғыштарынан жандары 

жаһаннамға  кеткен  жазықсыз  жандарды  көргенде 

еліміздегі  саяси  тұрақтылыққа,  тыныштыққа,  бірлікке 

шын  шүкіршілік  етесің  және  осындай  бақыт  қонып, 

ырыс ұялаған үлкен шаңырақта, берекелі де, мейірбан 

елде  еш  уайымсыз,  бақытты  ғұмыр  кешіп  жатқаның 

үшін  Аллаға  сансыз  мадақ  айтасың,  қиын  кезеңде 

бізді  жатсынбай  достық  көңілмен  бауырына  тартып, 

төбелерінен жай, төрлерінен орын берген қазақ халқына 

деген шексіз алғысыңды жаудырасың. 

Ата-әжелеріміз  сонау  зұлмат  жылдары  тағдырдың 

желі  айдап,  көрмеген,  білмейтін  елдің  халқы  қалай 

қарсы  алар  екен  деп  жаутаңдап  келгенде  өздерін 

құшағын айқара ашып, қуана қарсы алған қазақ халқына 

деген  шынайы  ризашылықтарын  білдіріп,  ғұмырының 

соңына  дейін  алғыстарын  айтып  өтті.  Қиыр  Шығыстан 

Қазақстанға  қоныс  аудару,  әрине  біздің  Корей  ұлтына 

оңай болмағанын білемін. Әйтсе де, жергілікті халықтың 

даладай  дархан  көңілі  мен  сүттей  аппақ  пейілдері 

жарым  көңіл  жандарға  демеу  болды,  бастарына 

түскен  қиыншылықты  жеңілдетті,  олардың  яғни  сол 

ата-әжелеріміздің бүгінгі ұрпағы –  біздердің осы елдің 

бір  баласындай  болып,  осы  жергілікті  халыққа  сіңіріп 

жіберді. Сондықтан біздің ұғымымызда жер бетінде қазақ 

халқындай  қонақжай,  мейірімді,  пейілі  таза,  достыққа 

құрметпен қарайтын халық жоқ. Оның дәлелін жоғарыда 

келтірдім. Біздің жанымыз да, қанымыз да бүгінде қазақ 

халқымен бірге. Олай дейтінім, мен өзім қазірде қазақ 

ұлтының келінімін. Қазақтың салтымен бір әулеттің отын 

жағып, ошағын күзетіп отырмын. Менің ендігі тағдырым 

осы шаңырақпен, келешегім де осы елмен байланысты. 

Сондықтан  мен  1  наурыз  –  Алғыс  айту  күні  Қазақстан 

деген достықтың алып шаңырағының астында ұйысып, 

ымыралы  ынтымақта  тату-тәтті  ғұмыр  кешіп  отырған 

жүз отыздан астам ұлт өкілдерінің атынан қиын-қыстау 

күні  жабырқаулы  жанымызды  жылы  сөзімен  жұбатып, 

жүрек  жылуын  аямай,  ұлан-ғайыр  жақсылық  жасаған 

қазақ  ұлтына,  осы  ауданның  жергілікті  тұрғындарына 

алғаусыз алғыс айтқым келеді. 



Татьяна КИМ, 

корей ұлтының өкілі.

БИЫЛДАН БАСТАП, 

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ 

ЖАРЛЫҒЫМЕН  1 НАУРЫЗ– 

«АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ БОЛЫП 

ЖАРИЯЛАНДЫ. БАРША 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ДОСТЫҚ 

ПЕН ТАТУЛЫҚҚА, БІРЛІК ПЕН 

МЕЙІРІМДІЛІККЕ ШАҚЫРАТЫН 

МЕРЕКЕНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. 

СЕБЕБІ, БҰЛ КҮН ЕЛІМІЗДЕГІ 

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫН НЫҒАЙТА 

ТҮСПЕК.

Халқымыз  ел  бірлігіне  ерекше  мән 

берген.  Мемлекеттің  мемлекет  болуы 

– бірлікте. Ал бірлігі бар елдің келешегі 

кемел  болатындығы  айқын.  Елдігіміздің 

ел  болып,  еңсе  түзегеннен  бергі  қанға 

сіңген  осы  берік  бірлігі,  ұйымшылдығы, 

басқа  халықтармен  одақтасып,  достаса 

білуі  жеңістен  жеңіске  жеткізіп  келеді. 

Оны тамыры терең тарихымыз дәлелдеп 

тұр. Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, 

мәртебесі  өскен,  атағы  әлемге  асқан 

мемлекет.  Жүз  отыз  ұлт  баласы  бір 

шаңырақтың  астында  жиналып,  бір 

үйдің  баласындай  тату-тәтті  ғұмыр 

кешіп  жатыр.  Бүгінде  әлем  елдерінде 

түрлі  толқулардан  тыныштық  кетті.Оны 

әлемнің  әр  тарапынан  ақпарат  жеткізіп 

отырған  көк  сандықтан  көріп  отырмыз. 

Әлем  алдында  өзін  мойындатқан 

сұңғыла саясаткер Елбасымыз діні бөлек, 

тілі  басқа  халықтарды  бір  мемлекетте 

ұйыстырып отырудың өзі үлкен күш. Бір-

бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, 

достықты  сақтап  қалу  үшін  қазақ  билігі 

талай  ауқымды  шараларды,  беделді 

бастамаларды  қолға  алды.  Осынау 

көпұлтты  тұрғындардың  «Қазақстан» 

атты  бір  шаңырақ  астына  топтасуы 

Ұлт  көшбасшысы,  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың саясаткерлігі һәм Тәуелсіз 

елімізді  әлемдегі  дамыған,  өркениетті 

елдердің  қатарына  қосу  жолындағы 

сындарлы 

қадамдары 

жағдайында 

мүмкін болып отыр.

Бұл  мереке  –  тек  қазақ  халқына 

алғыс  айту,  түрлі  этностардың  өзара 

сыйластығы  ғана  емес,  бұл  әрқай-

сысымыздың  бір-бірімізге  деген  құр-

метіміз,  отбасындағы  түсіністік,  жас 

ұрпақтың ата-аналарына, үлкенге деген 

құрметі, яғни бұл – бір шаңырақ астында 

өмір сүріп келе жатқан барша адамдарды 

жақындастыруға  бағытталған  мереке. 

Көптеген ұлт өкілдері бірлікте, татулықта 

күн  кешіп  жатқан  біздің  мемлекет  үшін 

бұл,  әсіресе,  маңызды  күн  болады  деп 

сенеміз.


Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ



Ел тыныштығы шекара шебінде 

тұрған сайыпқыран сарбаздарға 

байланысты. ҚР Қарулы Күштерінің 

Жоғарғы Бас Қолбасшысы 

Н.Назарбаев Тәуілсіз елдің туын 

құлатпау, бейбітшілікті сақтау 

жоғарғы деңгейдегі сарбаздарды 

дайындауды мықтап қолға 

алған. Әсіресе, болашақ сарбаз 

дайындауды мектеп қабырғасынан 

бастап үйретіп, дамыту үшін 

республикалық сайыстардың өтуін 

жіті назарда ұстап отыр. Соның 

бір айғағы  ретінде, үстіміздегі 

жылы Қарағанды қаласында өткен 

Республикалық «Айбын» әскери-

патриоттық жастар жиынын 

айтуға болады.

Апта  басында  №202  орта  мектепте 

Республикалық  «Айбын»  әскери-патриоттық 

жастар  жиынына  қатысушыларды  іріктеу 

мақсатында  сайыс  болып  өтті.  Аталмыш 

шараға аудан әкімінің орынбасары Жағыпар 

Тажмаханов қатысып, оқушыларға облыстық 

іріктеуде  жоғары деңгейден көрініңдер деген 

тілегін жеткізді. 

–Құрметті  сайысқа  қатысушы  жастар! 

Республикалық  «Айбын»  әскери-патриоттық 

жастар жиынында ауданымыздың абыройын 

асқақтатып,  мәртебесін  жоғары  көтереді 

деген  сенімдеміз!  Аталмыш  сайыстың 

арқасында  әрбір  азамат  өзін-өзі  жан-жақты 

көрсетуге мүмкіндігі бар. Елдің тыныштығын 

қорғау  жолында    жастарды  Қарулы  Күш-

тердегі  әскери  қызметке  даярлау,  ептілікті 

қалыптастыру, сондай-ақ жастарға салауатты 

өмір 


салтын 

насихаттау 

мақсатында 

өткізілген  мұндай  сайыстарға  қатысу  сіздер 

үшін  маңызды  болмақ.  Алдағы  облыстық 

іріктеу  сайыстарында  сіздерге  сәттілік  серік 

болсын!, - деді Жағыпар Айтбайұлы. 

Өскелең 


ұрпақты 

елжандылыққа 

тәрбиелеу,  ел  азаматтарын  адамгершілік 

сынды  асыл  қасиетке  баулу  бүгінгі  қоғам 

алдындағы міндет. Осы жолда ерліктің үлгісін 

танытып келген Ауған соғысы ардагерлерінің 

қайсарлығы  мен  жанкештілігі  кейінгі  буынға 

өнеге.  Жастардың  бойына  осы  асыл 

қасиеттерді сіңіру үшін олардың еңбегі жайлы 

жас  ұрпаққа  әрдайым  насихаттап  отыру 

қоғам үшін маңызды. Шара барысында аудан 

әкімінің  орынбасары  Жағыпар  Тажмаханов 

Ауған 

соғысының 



ардагері 

Мұратбек 

Төремұратұлына  облыс  әкімі  Қырымбек 

Көшербаевтың  ел  басына  күн  туғанда 

Отан  қорғау  жолында  ерлік  көрсеткені  үшін 

зор  құрмет  білдіре  отырып,  өз  ықыласын 

білдірген алғыс хатын табыстады. 

Халық  батыры  Б.Момышұлы:  «Патрио-

тизм  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік.  Жеке 

адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемле-

кеттік  тәуелді  екенін  сезіну,  мемлекетті 

нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту 

екенін  мойындау;  қысқасын  айтқанда, 

патриотизм  дегеніміз  –  мемлекет  деген 

ұғым, оны жеке адам барлық жағынан өткені 

мен  бүгінгі  күні  және  болашағымен  қарым 

-  қатынасын  біріктіреді»,  -  деп  терең  және 

жан-жақты  анықтама  берген  екен.  Демек 

елдің  тізгіні  тәрбиенің  күшімен  шыңдалған 

нағыз  патриоттардың,  қынаптан  суырған 

алмас қылыштай жарқ еткен жастардың күш-

жігерінде екендігі даусыз!  



Жайна ШЕРНИЯЗОВА. 

Сонау  1938  жылы    Арал  қаласында,  қара-

пайым отбасында  дүниеге келген Хайрутдинова 

София  Шарифовна  сол  өңірдегі  орыс  мектебін 

бітіріп,  Қызылорда  қаласындағы  қазіргі  Қорқыт 

Ата  атындағы  университеттен  химия  пәнінің 

оқытушысы  мамандығы  бойынша  жоғары  білім 

алып  шығады.  Алғашқы  еңбек  жолын  Сексеуіл 

стансасындағы  №423  орыс  мектебінде  мұғалім 

болып  бастаған  жас  маманның  алдында  асуы 

биік армандар көп болатын.

Сол бір студенттік кезеңнің думанды шағында 

Болат  есімді  қазақ  жігіті  жас  арудың  жүрегін 

жаулап,  екеуінің  арасында  ерекше  сыйластық 

сезімі  қалыптасады.  Көп  ұзамай  екі  жас  ата-

аналарының ақ батасын алып, отау құрады. Осы 

жерде София апаймен әңгімеміз әсерлене түсті.

–Апай,  сіздің  қазақ  ұлтына  тұрмысқа 

шығуыңызға  ата-анаңыз  қарсы  болған  жоқ 

па? Жалпы қалай үйлендіңіздер?  

–Жоқ, кәдімгі қазақтың салтымен құда түсіп, 

ата-анамның  келісімін  алды.  Содан  соң  ағаш 

шабаданға киім-кешегімді салып, пойызға міндім 

де, сүйіктімнің соңынан еріп кете бардым. 

Шабаданым  толған  сәнді  киімдер.  Әкем 

колхоздастыру  кезеңінде  артель  құрып,  тігін 

шеберханасын  ашқан.  Анам  да,  әкем  де  өте 

шебер  адамдар  болатын.  Ауыл-аймақтың 

тұрғындарына  сұранысына  сай  киім-кешек 

тігетін.  Әлі  есімде,  бір  күні  НКВД-нің  адамдары  

үйіміздің астан-кестеңін шығарып, тінту жүргізіп, 

алайда ештеңе таба алмай кетті. Сонда әкемді  

“кәсіппен  айналысып,  табыс  тауып  отыр”  деп 

айыптамақ  болды.  Ал  қазіргі  елімізде  кәсіппен 

айналысатындарға барлық мүмкіндік жасалған.  



–Иә,  “Елу  жылда  ел  жаңа”  деген  осы. 

София апай, әңгімемізді әрі қарай сабақтасақ. 

Қай  ұлтта  болсын,  үлкенге  құрмет  жасау 

парыз.  Дегенмен  жас  келінге  жүктелетін 

міндет өз алдына бөлек. Осы ретте өзіңіздің 

ата-енеге  жасаған  қызметіңіз,  олардан  алған 

тәліміңіз жайлы айтып беріңізші. 

–Әрине, бірақ мен келін болып түскенде атам 

жоқ, енеме қызмет жасап, ақыл-кеңесін тыңдап, 

қайын  жұртыма  құрмет  көрсететінмін.  Жастық 

шақта  отбасының  тұрмыс-тіршілігі  оңайға 

соқпайтыны анық. Сол уақытта  үлкен кісілердің  

тәрбиесімен  өмірге  бейімделдік.  Өзімнің  анам 

да көп жыл осында болды. Қазақтың кең пейіл, 

қонақжайлығын ерекше ұнататын.    

–Халқымыздың  қандай  салт-дәстүрлері  

сіздің жаныңызға жақын болды?

–Қазақ  халқында  үйге  қонақ  келсе,  қазанға 

ет салып, ұлттық асын әзірлейді. Мен де осыған 

қалыптастым. Сонымен қатар, табаға нан жауып, 

айран пісіп, құрт та жаятынбыз.

–Әлбетте,  София  апай,  дұрыс  айтасыз. 

Қазақтың  үйінен  қонақ  арылмайды.  Сөйтіп 

жүріп,  мектепте  мұғалім  болып  жұмыс 

жасадыңыз. Отбасында сегіз баланы  өмірге 

әкеліп,  оларды  өсіріп,  жеткіздіңіз.  Әрине, 

оңай болмаған шығар…

–Иә, өзім ол кезде аудан орталығындағы №31 

орыс мектебінде мұғаліммін. Ескі мектеп осы күнгі  

№246  мектептің  орны  болатын.  Сабағымның 

арасында  уақыт  тауып,  үй  жақта  ойнап  жүрген 

балаларымды  сыртынан  қарап  кететінмін. 

Жолдасым  Болат  та  жұмыста.  Ол  аудандағы 

“Автобаза”,  “Казсельхозтехника”  мекемелерінде 

еңбек етті. Жолдасыммен сыйласып,  жұмыстағы 

жауапкершілік  пен  отбасындағы  міндетті  қатар 

алып  жүруге  бар  күшімді  салдым.  Соның  нәти-

жесі  болар,  балаларымыз  қазір  ер  жетіп, 

әрқайсысы өмірден өз орындарын тапты.

Иә,  бүгінде  украин,  татар  ұлттарымен  құда-

жекжат  болып,  он  бес  немерені,  үш  шөберені 

бауырына  басқан  София  апай  бақытты 

әжелердің бірі.

Ауданның  білім  саласында  айрықша  еңбегі 

бар  Хайрутдинова  София  Шарифовна  бүгінде 

зейнеткерлік  демалыста.  Өмірінің  елу  жылдан 

астам  уақытын  ұстаздық  қызметке  арнап, 

қаншама  шәкірттерін  қанаттандырып,  ұядан 

ұшырған  ұлағатты  ұстаз  ел  алдында  абырой-

беделден, мемлекет тарапынан берілген мадақ, 

марапаттаулардан  да  кенде  емес.  Ұстаздың  ең 

бір  есінде  қалған  ерекше  сәт,  70  жасқа  толған 

мерейтойында  аудан  әкімдігінің  қолдауымен 

Астана  қаласына  саяхаттап,  демалып  қайтқан 

кезі. 

–Жаңарған,  жасарған  Астананы  аралап, 



керемет  әсерге  бөлендім.  Ауданда  білікті, 

тәжірибелі,  абыройы  биік  ұстаздар  қаншама?! 

Олардың  әрқайсысы  құрметке  лайық.  Жалпы 

бүгінде  зейнеткерлік  демалыста  болсақ  та,  

аудандағы  қоғамдық-саяси  шаралардың  бар-

лығына  араласып,  елдің  бірлігін  сақтауға,  жас 

ұрпаққа бағыт-бағдар беруге барынша үлесімізді 

қосып  келеміз.  Күнделікті  өмірде  еңбегімізді 

бағалап, құрмет білдіріп жататын әріптестеріме, 

аудан халқына алғысым шексіз,-дейді ұстаз.

 “Ұстаз шәкіртімен мақтанады”. Шындығында 

София  Шарифқызының  көптеген  шәкірттері 

қоғамда  белді  де  беделді  тұлғалар  болып 

қалыптасты.  Айталық,  ҚР  Сенат  депутаты 

болған  Қ.Баймаханов,  ғылым  докторлары 

Н.Табынбаев,  Б.Баймаханов,  Ә.Байдүйсенова, 

қазақтың  тұңғыш  әскери  кемесінің  капитаны, 

марқұм    Б.Алтынбаев,  облыста,  ауданда  жо-

ғары  лауазымды  қызметтер  атқарып  жүрген, 

Ж.Жылқышиева, Т.Дүйсебаевтар ұстаздан дәріс 

алған, аудан орталығындағы  №31 орта мектептің 

түлектері.

–Бұл  азаматтар  тек  менің  ғана  емес,  осы 

мектеп  қабырғасында  білім  берген  барлық 

ұстаздардың  шәкірті,  мектебіміздің,  жалпы 

ауданымыздың  мақтанышы,-дейді София апай.

Иә,  саялы  бәйтеректей  өсіп-өнген  шаңы-

рақтан өмір ағымымен, өрімталдай ұрпақ өрбіп, 

ұл ұяға, қыз қияға қонды. Қазіргі таңда отбасының 

кенже  ұлы  Мүсілім  мен  келіні  Салтанат  ата-

аналарының  үмітін  ақтап,  шаңырақтағы  сый-

ластық  пен  татулықты  сақтап  келеді.  Сыр-

сұхбатымыздың соңында София Шарифқызы: 

  –Мемлекеттік  мерекелердің  тізіміне  енген 

“Алғыс айту” күні сүйікті Отаным – Қазақстанның 

барша  халқына  ыстық  ықылас  пен  ерекше 

құрметімді білдіремін,- дейді.

Ғазиза ӘБІЛДА.

ҚОҒАМНЫҢ 

САН ҚИЛЫ САЯСИ 

ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САЛДАРЫНАН, 

ТАҒДЫРДЫҢ САН ТАРАУ 

ЖОЛДАРЫНАН ӨТІП, ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ТАБАН 

ТІРЕГЕН КӨПТЕГЕН ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ 

КӨКІРЕГІНДЕ ОСЫНАУ КЕҢ ПЕЙІЛ ХАЛЫҚҚА 

ДЕГЕН АЙРЫҚША АЛҒЫС СЕЗІМІ ЖАТЫР. 

ОЛАРДЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫМЕН ПІКІРЛЕСІП, 

СӨЙЛЕССЕҢІЗ ДЕ АЛАСАПЫРАН 

КЕЗЕҢДЕ АЙҚАРА ҚҰШАҚ АШЫП

ТӨРІНЕН ОРЫН БЕРГЕН ҚАЗАҚ 

ЖҰРТЫНА ҚҰРМЕТІ БӨЛЕК.

Сіздерді  көктемнің  алғашқы  күнімен  тұспа-

тұс  келген  1  наурыз  –  Алғыс  айту  күнімен 

құттықтаймын. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2016  жылғы  14 

қаңтардағы №173 Жарлығымен биыл алғаш рет 

аталып өткелі отырған бұл атаулы күн – қоғам 

бірлігін,  Қазақстан  халқының  өзара  татулығын 

нығайтып, 

«Мәңгілік 

Ел» 

жалпыұлттық 



патриоттық идеясын жүзеге асыруға және оның 

құндылықтарын  халықтың  игілігіне  жарауына, 

жаңа қазақстандық патриотизмнің қағидаларын 

қалыптастыруға қызмет етеді. 

Тәуелсіз елімізде бүгінде жүз отыздан астам 

ұлттардың  өкілі  тату-тәтті,  бақытты  ғұмыр 

кешіп  отыр.  Бүгінде  Қазақстан  –  көптеген  ұлт 

өкілдеріне  құтты  қоныс,  қасиетті  мекен  болған 

достықтың  шаңырағына  айналды.  Өткен 

ғасырдың  ортасына  таяу  тағдыр  тәлкегімен 

елімізге қоныс аударған өзге ұлт өкілдері де осы 

Қазақстан деген алып шаңырақ астынан тұрақ 

тауып,  өсіп-өнді,  ұрпақ  өрбітіп,  армандарын 

бақыт  бесігінде  тербетіп,  бейбіт  те,  берекелі 

тіршілік кешіп келеді. 

Ендеше бұл күн –  өздерін құшақ жая қарсы 

алып,  бастарына  түскен  ауыртпалықты  бірге 

бөліскен  қонақжай  қазақ  халқына  Қазақстанда 

туып-өсіп,  осы  елде  тұрып  жатқан  өзге  ұлт 

өкілдерінің алғыс айтатын күні. Бұл күн – кешегі 

халқымыздың басынан өткізген нешеме зұлмат 

соғыстарда Отан үшін отқа түсіп, елін қорғаған 

аталарымызға  артындағы  ұрпағының  алғыс 

айтатын  күні.  Бұл  күн  –  Тәуелсіз  мемлекетті 

құруда  қаншама  қиындықтарды  еңкеймей 

жүріп  еңсерген  аға  буын  өкілдеріне  кейінгі 

буынның алғыс айтатын күні. Бұл күн – Тәуелсіз 

еліміздегі барша азаматтардың бірі-біріне жүрек 

қалауымен жақсылық жасап, көктем шуағындай 

жылы  лебізін  білдіріп,  алғаусыз  алғысын 

жеткізетін күні. 

Құрметті  аудан  тұрғындары!  Көгілдер 

көктемнің алғашқы күнінде келген «Алғыс айту» 

мерекесі  баршаңызға  тағы  да  құтты  болсын! 

Еліміздің  береке-бірлігі  бекем  болып,  ырысы 

арта берсін!



Ізгі ниетпен,

аудан әкімі:                        Т.Дүйсебаев.

Құрметті аудан тұрғындары!

Кішкенбаева  Жұлдыз  Қалыбекқызы  1980  жылы  20  қаңтарда 

Қызылорда Жалағаш ауданында туған. 

1997  жылы  Қызылорда  облысы  Жалағаш  ауданындағы  №123 

дарынды балалар мектебін бітірген. 

2001  жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университетін  үздік  дипломмен  бітірсе,  2003  жылы 

осы  университеттің  филология  мамандануы  бойынша 

магистратурасын үздік бітірген. 

2005-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК-Шекара 

қызметінде сарапшы қызметін, 2008-2010 жылдары «Қазақстан 

Теміржолы»  Ұлттық  компаниясы  «Локомотив-2030»  ЖШС 

кадр  қызметі  бөлімі  бастығының  орынбасары  қызметтерін 

атқарған.

2010  жылдан    Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  қазақ  әдебиеті 

кафедрасының  аға  оқытушысы.  2011-2014  жылдар  аралығында  аталған  университеттің  қазақ 

әдебиеті кафедрасының 6D020500-Филология мамандануы бойынша PhD-докторанты.

2014 жылдың 1 қыркүйектен бастап қазіргі таңда жоғарыда аталған университеттің түркітану 

кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.

Соңғы  үш  жылда  20-дан  аса  ғылыми  мақаласы  ғылыми  журналдарда,  халықаралық 

және  отандық  ғылыми  конференция  материалдарының  жинақтарында,  Білім  және  ғылым 

саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда жарияланған. Диссертация аясындағы 1 

ғылыми мақаласы мақаласы «Scopus» базаасында жарияланған.


№16  (9192)   27.02.2016

2

Алиева Рауаш Алиқызы Қызылорда 

облысы,    Жала ғаш    ауданы,  Калинин 

сов хо зында    1957  жылы  8  наурызда  

дүниеге    келген.  1974  жылы  осы 

ауылдағы  №33    орта    мектепті    үздік 

бітіріп,  алғаш  еңбек    жолын  1974  

жылы    жұмысшы    болып    бастады.  

1976-1981  жылы  Алматы  шет  тілдер  

институтының    дайындық    курсына  

түсіп,    аталмыш    институтты  1981 

жылы  «Ағылшын    және    неміс    тілі»  

мамандығы    бойынша  ойдағыдай  

бітіріп шықты.

Педагогикалық  еңбек  жолын  1981-

1983    жылдары    Шымкент    облысы,  

Киров  ауданы  С.Ерубаев   атындағы  

мектептен    бастаған.  1983    жылы  

Қызылорда  облысы, Жалағаш  ауданы, 

Бұқарбай    батыр    ауылындағы  өзі 

білім  алған  №33    орта    мектепте    ағылшын    тілі    мұғалімі,    1987-1996  

жылдары  мектеп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары қызметін  

жүйелі  түрде  атқарып,  №33 орта  мектептің  оқу-білім  деңгейін,  аудан  

мектептері  қатарынан  алдыңғы  шепке  апаруға  ынта-жігерімен  үлес  

қосты.

1996-2006  жылдары    аралығында  Жалағаш    кентіндегі    Т.Жүргенов  



атындағы    №123  дарынды  балалар  мектебінің  директоры  қызметін 

атқарып, мектептің оқу-тәрбие жұмысын  республика  деңгейіне  көтерді.  

1998-2003  жылдары    аралығында    Жалағаш    аудандық    мәслихаттың 

2  шақырылым    депутаты  болып    сайланды.  Осы  жылдары  Жалағаш 

ауданы  әкімі  жанынан  құрылған  «Отбасы  және  әйелдер  ісі  жөніндегі 

комиссияның» төрайымы болып, қоғамдық жұмысты қоса атқарды.

2004  жылы  мектеп  ісін  басқаруда  мектеп  басшыларының   теориялық  

және    практикалық    біліктілігі    байқауына  қатысып  «Біліктілігі    жоғары»  

деп  танылып, грант иегері атанып Америка Құрама Штатында Миннесота  

штатындағы  Миннеополис  қаласында  1 ай өз  білімін  көтеріп, тәжірибе   

алмасып    қайтты.    Осы    аталған    жылы    Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  

қабылдауында  болып,  республикалық «Әйелдер  форумына» қатысты.

Алиева    Рауаш    Алиқызы    салауатты,    салиқалы  жұмысының  

нәтижесіне    сәйкес  2006-2011  жылдары    Жалағаш    ауданы      әкімінің  

әлеуметтік  сала   жөніндегі  орынбасары қызметін атқарды. Аудан әкімінің 

орынбасары  қызметін  атқарып  жүргенде    ауданымыздың    әлеуметтік 

ахуалының   тұрақтануына  сүбелі  үлес  қосты. 

2010 және 2015 жылдардағы Елбасы сайлауының қоғамдық штабын 

басқарды.  2012  жылдан  осы  уақытқа  дейін  аудандық  мәслихаттың  5  

шақырылым депутаты.  

Қызмет  атқарған  жылдарында  аудандық,  облыстық, республикалық  

бірнеше “Алғыс  хаттар”  және  “Құрмет  грамоталарымен”   марапатталса,  

2005    жылы    «Қазақстан    Конституциясына–10  жыл»    мерекелік  

медалімен,  «Астанаға– 10 жыл»  медалімен, «Қызылорда  облысына–70 

жыл»    медалімен,  «ҚР  Білім  беру  ісінің  үздігі»  төсбелгісі,  «Қазақстан 

Мәслихатына–20  жыл»  медалі,  ҚР  Президентінің  “Алғыс  хатымен”  

марапатталды.  Аудан,  облыс  әкімдерінің  “Құрмет  грамотасымен” 

марапатталған.

2011  жылдан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  аудан  орталығындағы 

№202  орта  мектеп  директоры  болып  қызмет  атқаруда.  2011  жылы 

мектепке  келгеннен  бері  білім  саласына  оң  өзгерістер  енгізіп,  аудан, 

облыс деңгейінде семинарлар көрсетілсе, мектеп оқушылары облыстық, 

республикалық,  халықаралық  жобаларға  қатысып  жақсы  көрсеткіштер 

көрсетуде, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда оза шауып 

нәтижелі  орындар  иеленіп,  «Алтын  белгі»  иегерлері  ақталды.  Жыл 

қорытындысымен  мектеп  «Шабыттың  ақ  желкені»,  «Білім  бәйтерегі» 

номинацияларымен  марапатталып  келеді.  Аталмыш  білім  ордасын, 

өнегелі  тәлім  ошағына  айналдырған    Алиева  Рауаш  Алиқызы  өз 

жұмысының білгірі екенін аңғартып қоймай, қоғамға үлес қосушы тұлға.  

Мемлекеттілігімізді 

нығайтуға, 

жолдан 


адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай 

туғызатын  беріктік  қорын  жасап  беретін  «Ұлт 

жоспары–100 нақты қадам»  мен ұстанған негізгі 

бағыт болып табылады.

Жоспардың негізгі мақсатында айтылғандай, 

менің  де  мақсатым  тынысы  таныс,  жағдайы 

мәлім  Дәуімбай  елді  мекеніндегі  қордаланып 

қалған  мәселелердің  бетін  сылап-сыйпап 

қоймай,  оларды  «жүйелі  емдеуге»,  осы    елді 

мекен  халқының  тұрмыс  жағдайының  түбегейлі 

өзгеруіне ықпал жасау. 

Идеологиялық  бағыт.  Ана  мен  бала 

мәселесіне ерекше көңіл бөлу, зейнеткерлердің 

өтініш-тілектеріне  қолдау  көрсету,  жастар 

мәселесіне  қатысты  бастамаларға  жан-жақты 

көмек  беру,  мүмкіндігі  шектеулі,  жалғызбасты 

жандардың  мәселелерінің  оң  шешім  табуына 

ықпал  жасау,  тұрмысы  төмен  отбасыларына 

мүмкіндігіне қарай қамқорлық жасау және оның 

мемлекет  тарапынан  әлеуметтік  қорғалуын 

қадағалап,  заңдылықтардың  сақталуын  үнемі 

назарда ұстау.

Әлеуметтік  бағыт.  Кедейшілікті  төмендету, 

жеке  және  отбасылық  кәсіпкерлікті  дамыту, 

жұмыссыздықты  азайту,  қосымша  жұмыс 

көздерін ашуға бағытталған бастамалар көтеру: 

-Дәуімбай  елді  мекенінде  салынған  екі 

спорт  алаңына  әрі  қарай  күтіп  ұстауға  және 

жасанды  газонын  ауыстыруға  қосымша  қаржы 

қарастыруға;  

-Салынған  демалыс  орындарына  көркейту-

көгалдандыруға қаржы бөлдіруге

-Халықтың  сұрауы  бойынша  бос  жатқан 

жерлерге  балалардың  жасанды  спорт  алаңын 

салдыртуға; 

-№202  мектептің  жанындағы  бос  жатқан 

орынға жылыжай (теплица) салдыртудың жолын 

қарастыруға ықпал жасау.

Халықтың  тұрмыс  жағдайына  аса  қажетті 

мәселелер аясында нақты жұмыс атқару: 

-Панфилов,  Ы.Алтынсарин,  А.Қазбеков, 

Қ.Сәтбаев,  І.Нүркенов  көшелеріне  кезең-

кезеңімен  асфальт  немесе  тас  төсетуге  қаржы 

бөлдіруге; 

-Мысық би көшесіне 165 млн-ға жасалынған 

сметалық құжаттың әрі қарай орындалуына; 

-Жартылай  асфальтталған  Ә.Байсопақов, 

Ғ.Мұратбаев 

көшелерін 

аяғына 


дейін 

асфальттауға қаржы бөлдіруге; 

-М.Мәметова көшесіне жарық жүргізуге; 

-Барлық  көшелердің  электр  желілерін  қайта 

жаңғыртуға;

-Дәуімбай  елді  мекеніндегі  ескі  6-7  ТП-ның 

кем дегенде 2-3 ТП-сын ауыстыруға ықпал ету.

 Ұлт жоспарын іске асыруға барша жұрт, қауым, 

кәрі-жас  үлес  қосуымыз  қажет  деп  санаймын. 

Қазыналы  қарттарымыз,  ақыл  тоқтатқан  аға 

буынымыз,  татулығы  жарасқан  ұлттарымыз, 

жаңашыл  жастарымыз  барда  келешек  үшін 

бастау алған бастамаларым қолдау табады деп 

сенім білдіремін. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал