Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов осылай деді



жүктеу 425.32 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі425.32 Kb.
  1   2   3   4

+18

+6

Дүйсенбі, 13.10.2014



+19

+9

Сейсенбі, 14.10.2014



+20

+9

Сәрсенбі, 15.10.2014



+20

+8

Бейсенбі, 16.10.2014



+18

+10


Жұма, 17.10.2014

+13


+12

Сенбі, 18.10.2014

+5

+5

Жексенбі, 19.10.2014



Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады

Апталық  басылым



№41 (6918)  Cенбі, 11 қазан, 2014 жыл

Бөкей  ордасы   аудандық  қоғамдық-саяси  газеті

Орда жұлдызы

Аудан әкімдігінде

Ауылдық округ әкімдері мен аудандық мекеме 

басшыларының қатысымен өткізілген мәжілісте 

аудан  әкімі  Нұрлан  Рахымжанов  осылай  деді. 

Қыр астында тұрған қыс қамы өз алдына қазан 

айында жоспарланған  шаралар да қаншама?! 

Соның бірі – 10 қазаннан 10 қараша аралығына 

белгіленген    «Күзгі  марафон»  экологиялық 

айлығы.  Осы  айлық  аясында  сенбіліктер 

ұйымдастыру,  әлеуметтік  нысандарды  қысқы 

маусымға  дайындау,  қыс  мезгіліндегі  төтенше 

жағдайларға  техникаларды  әзірлеу  хақында 

аудан  әкімінің  орынбасары  Рүстем  Зұлқашев 

хабарлама  жасаса,  «Мейірбандық  күндері» 

қайырымдылық  айлығының  өту  барысы  жай-

лы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  Жанқуат 

Еркеғалиев баяндап, Сайқын ауылдық округінің 

әкімі  Бисенбек  Насимоллин  аудан  орталығы 

мен  округ  аймағының  тазалығын  қамтамасыз 

ету  мақсатындағы  сенбіліктер  кестесімен  та-

ныстырды.  «Қайырымдылық  айлығы  кезінде 

қарияларға  пакетпен  шай-пай  ұсынғаннан  гөрі 

баспанасын,  қора-қопсысын  қымтап  берген 

жөн  сияқты»,  -  деген  ұсыныс  түсірді  Бисенбек 

Жамбылұлы.

Аудан  тұрғындарының,  жер,  мүлік  салығын 

төлеу барысы жайында ақпарат берген аудандық 

салық  басқармасы  басшысы  Сағыныш  Жады-

раев  төлеу  мерзімі  аяқталып  қалса  да,  кейбір 

салықтөлеушілердің  салғырттыққа  салынып 

жүргенін, олардың арасында бюджеттік мекеме 

қызметкерлері де ұшырасатынын әңгімелеп, ме-

кеме басшыларынан іске қозғау салуды өтінді. 

«Және бір айтарым, - деді ол. – Қайырымдылық 

қорындағы  қаражаттың  жұмсалу  барысы 

аудандық газет арқылы көпшілікке мәлім етіліп, 

жариялылығы қамтамасыз етілсе».

«Бөкей  ордасы  аудандық  орталық  ауруха-

насы» ШЖҚ МКК директоры Әділгерей Ғаббас 

медициналық қызмет көрсетудің халық санына 

орайластырылып жоспарланатынына тоқталып, 

соған  байланысты  жылда,  «балапанды  күзде 

санайды»  қағидасымен  тұрғындар  есебін 

жүргізетіндерін  айтты.  «Саламатты  Қазақстан» 

бағдарламасына,  әркімнің  өз  денсаулығына 

жауапкершілігін  терең  сезінуі  керектігіне, 

жұмыс берушілердің де қарамағындағылардың 

денсаулығына 

жауапты 

екендіктеріне 

тоқталды.

-  Туберкулездің  ашық  түрімен  ауыратын  бір 

әйелдің  Қазталов  емханасынан  қашып  кетіп, 

біздің  аудан  аумағында  жұмыс  істеп  жатқаны 

жөнінде сондағы әріптестерімізден хабар түсті. 

Іздестіру шарасы нәтижесінде ол адамның Са-

ралжын  ауылдық  округіне  қарасты  «Рахматол-

лин» шаруа қожалығында балаларын ерте келіп, 

жұмыс  істеп  жүргенін  анықтадық.  Бұл  әйел  өз 

отбасымен  қоса,  шаруа  қожалығы  мүшелеріне 

де ауру жұқтыруы мүмкін ғой. Жауапсыздықтың, 

мән  бермеудің  салдары  орны  толмас  өкінішке 

ұрындыруы  ғажап  емес.  Жұмыс  беруші  де, 

ауыл  басшылары  да  осыны  ескерсе  екен,  - 

деп  құлаққағыс  жасады  ауданымыздың  бас 

денсаулық  сақшысы.  Оның  сөзіне  қарағанда, 

қай-қай округтің де шаруа қожалықтарында шет 

(ауданымыздан  тыс)  жерден  келген  жалдама-

лылар  бар  көрінеді.  Олардың  құжаттары  мен 

есепке  отырған-отырмағандығын  тексерумен 

қатар,  медициналық  кітапшаларына  да  көңіл 

бөлу қажет екен.

Мәжілісте  аудандық  ардагерлер  кеңесінің 

жаңадан  сайланған  төрағасы  Серік  Таңатов 

ұйым  жұмысын  жандандыру  бағытындағы  ой-

ларын  ортаға  салып,  округ  әкімдері  мен  ме-

кеме  басшыларын  айлық  кезінде  ғана  емес, 

күнделікті істе де ардагерлермен бірлесе, оларға 

жәрдемдесе отырып жұмыстануға шақырды. Ірі 

елді мекендер (бұрынғы бөлімше орталықтары) 

мен  мекемелерде  ардагерлердің  бастауыш 

ұйымын құрса деген ұсыныс тастады.

Иә,  бірлесе  қимылдаса  алынбас  асу 

жоқ.  Қат-қабат  келген  күзгі  шараларды  да 

ұйымшылдықпен  атқарып,  қыс  маусымына  да 

тыңғылықты қамданған абзал.

Нұрлан  Сағынтайұлы  Н.Қадымов 

ақсақалды құттықтап, иығына зерлі ша-

пан жапты. Еңбек ардагерлері Е.Есімов, 

Қ.Қарағойшин, 

Е.Кенжеғалиев, 

Ч.Қойшыбаев,  Ә.Исалиев,  С.Таңатов, 

аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, 

«Нұр Отан» партиясы аудандық фили-

алы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Т.Арыстанбеков,  аудандық  ішкі  саясат 

бөлімінің басшысы А.Әжіғалиев, Сайқын 

ауылдық  округінің  әкімі  Б.Насимоллин 

мерейжас  иесінің  еңбекқорлығымен, 

адами  биік  қасиеттерімен  жора-жол-

дастарына,  барша  ауылдастарына 

сыйлы жан екенін тілге тиек етіп, жылы 

лебіз  білдірді.  Аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  С.Таңатов  75  жас 

ЮНЕСКО-ның  шешімімен  белгіленген 

дата  екенін  айтып,  зейнеткерлер  аты-

нан құттықтаухат табыстады. 

Өз  кезегінде  Н.Қадымов  айтулы 

күнге байланысты қабылдау жасағаны 

үшін аудан әкіміне және өз атына жылы 

лебіздер білдірген құттықтаушылардың 

барлығына рахмет айтып, ризашылығын 

білдірді.

А.АҚМУРЗИН. 

7  қазан  күні  аудан  әкімдігінің  үлкен 

мәжіліс залында депутат Қуанышқалиев 

Саниолла Болатұлының төрағалық етуі-

мен  аудандық  мәслихаттың  кезектен 

тыс ХІХ сессиясы өтті. Оған депутаттар-

мен қатар аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, 

орынбасары  Р.М.Зұлқашев,  аппарат 

басшысы Е.Ж.Айтқалиев, ауылдық ок-

руг әкімдері мен мекеме, ұйым басшы-

лары қатысты.

Күн  тәртібіндегі  1.  «Аудандық  мәслихаттың 

2013  жылғы  27  желтоқсандағы  №14-2  «Бөкей 

ордасы  ауданының  2014-2016  жылдарға 

арналған  бюджеті  туралы  шешіміне  өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы», 2. «Аудандық 

мәслихаттың  2014  жылғы  12  наурыздағы 

«2014  жылы  Бөкей  ордасы  ауданының 

ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және 

тұруға  келген  денсаулық  сақтау,  білім  беру, 

әлеуметтік  қамсыздандыру,  мәдениет,  спорт 

және  агроөнеркәсіптік  кешені  саласы  маман-

дарына  көтерме  жәрдемақы  және  тұрғын 

үй  алу  немесе  салу  үшін  әлеуметтік  қолдау 

көрсету  туралы»  шешіміне  өзгерістер  енгізу 

туралы»,  3.  «Ауданның  даму  әлеуеті  жоғары 

және  орташа,  басқа  да  ауылдық  елді  мекен-

дерін  дамыту  бойынша  2014-2018  жылдарға 

арналған  іс-шаралар  жоспарын  бекіту  тура-

лы»  аудандық  экономика  және  қаржы  бөлімі 

бастығы Н.М.Темірбаевтың; 4. «Елді мекендер 

аумағының  жер-шаруашылығын  орналастыру 

жобалары туралы» аудандық жер қатынастары 

бөлімінің  басшысы  Р.Ғ.Кариннің;  5.  «Аудан 

әкімдігінің  кейбір  қаулыларына  өзгерістер  ен-

гізу туралы». 6. «Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 

17 наурыздағы №98 «Сыбайлас жемқорлықпен 

күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия 

құру туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 

аудан  әкімі  аппаратының  құқықтық  мәселелер 

жөніндегі бас маманы Ұ.А.Батырованың хабар-

ламалары тыңдалып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісінше 

шешімдер қабылданды.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов бюджетке жасалып 

жатқан өзгерістерге тағы бір тоқталып, қаржының 

мақсатты жұмсалып, игерілуі қажеттігін еске сал-

ды.  Жиналғандарды  қазан  айындағы  мереке-

лермен құттықтап, жарияланған «Мейірбандық 

күндері»  қайырымдылық  айлығына  белсене 

қатысуға шақырды.

Қарбалас келген күзгі науқан 



бірлескен іс-қимылды қажет етеді

7 қазан күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залын-

да оздырылған аудан әкімдігі жанындағы сыбай-

лас  жемқорлықпен  күрес  мәселелері  жөніндегі 

комиссияның кезекті отырысында «Құқық қорғау 

органдарының  2013  жылы  және  2014  жылдың 

өткен кезеңіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес  жұмыстарының  жайы  туралы»  аудандық 

ішкі  істер  бөлімі  бастығының  орынбасары 

О.Жапашев,  «Білім  ұяларындағы  шәкірттердің 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  көзқарасын 

қалыптастыру  бағытындағы  жұмыстар  тура-

лы»  аудандық  білім  бөлімінің  бас  маманы 

Н.Салимова,  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық 

филиалының биылғы бірінші жартыжылдықтағы 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмысы 

туралы»  филиал  төрағасының  бірінші  орын-

басары  Т.Арыстанбеков,  «Бұқаралық  ақпарат 

құралдарында 

жарияланған 

мемлекеттік 

органдардағы  сыбайлас  жемқорлық  көріністері 

хақындағы  материалдардың  мониторингі.  Сы-

байлас жемқорлықтың алдын алудағы БАҚ-тың 

рөлі туралы» аудандық ішкі саясат бөлімі бас-

шысы  А.Әжіғалиев,  «Ауданның  атқарушы  ор-

гандары мен ауылдық округ әкімі аппаратында 

сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың ал-

дын алу және жою, мемлекеттік тәртіпті нығайту 

жұмыстарының  жағдайы  туралы»  аудандық 

тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық,  жола-

ушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 

басшысы Е.Хайыров, Сайқын, Т.Масин ауылдық 

округтері әкімдері Б.Насимоллин, М.Қитанов ха-

барлама жасады. 

Мәжілісті жүргізген комиссия төрағасы, аудан 

әкімі  Н.С.Рахымжанов  хабарламашылар  сөзін 

толықтырып, ауданымызда сыбайлас жемқорлық 

фактісі  болмағанмен,  заңды  жете  білмегендік-

тен соған жол берілуі мүмкін жайттардың орын 

алғандығын  атап  көрсетіп,  ол  кемшіліктердің 

қайталанбау шараларын алуды тапсырды. Оты-

рыста тиісті хаттама қабылданды.

Сыбайластықпен күрес пысықталды

Ардагер ұлықталды

Мерейжас иесін қабылдады



43  жыл  еңбек  өтілінің  тең  жарымын  ұрпақ  тәрбиесіне  арнаған  «Қазақ 

ССР-ы оқу ісінің үздігі», «Бөкей ордасы ауданының Құрметті азаматы», 

еңбек ардагері Ноқаш Қадымов 10-қазан күні 75 жасқа толды. Аудан әкімі 

Н.Рахымжанов осы азаматтың мерейлі жасына орай бір топ еңбек арда-

герлері мен билік басындағы бірқатар лауазымды тұлғаларды қатыстыра 

отырып, қабылдау өткізді. 

Кезектен тыс ХІХ сессия



11 қазан 2014 жыл

2

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Тұңғыш қазақ 

кеңес генералы



Сүйер ұлың болса – сен сүй. Сүйсінерлік болca ол.

АБАЙ.

1919 жылы Ордада құрылған қазақтың тұңғыш үлгілі атты әскер полкінің 

взвод командирі, азамат және Ұлы Отан соғыстарының ардагері, Ұлы Отан 

соғысы кезінде қазақтан бірінші болып генерал атағын алған (16.10.1943 

ж.) жерлесіміз Шәкір Жексенбаев туралы айтылып та, жазылып та жүр. 

Марқұм  Мирболат  Сүлейменовтің  («Орда  жұлдызының»  алғашқы  ре-

дакторы Хамит Сүлейменовтің ұлы) әдеби өңдеуімен генералдың «И го-

рек  дым  войны»  атты  мемуары  да  жарық  көрген-ді.  Десек  те,  бүкіл  са-

налы  ғұмырын  әскери  қызметпен  байланыстырған  ол  туралы  қанша 

айтсақ та, жазсақ та көптік етпесі анық. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 

Ш.Жексенбаевтың өнегелі өмір жолын жас ұрпақтың санасында жаңғырту 

мақсатында Зәкір Асабаевтың баспаға дайындауымен осыдан отыз төрт 

жыл бұрын өмірден озған Иболла Сариевтің «Алматы ақшамы» газетінде 

жарияланған (26.07.2014ж) «Тұңғыш қазақ кеңес генералы» атты көлемді 

мақаласын аудан оқырмандары назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ардагер  ағалармен  сұхбат  үстінде  көбінесе 

Ұлы Отан соғысы жылдары еске жиі алынатыны 

бар. Әрине, бұл заңды да. Арасы тым сиреген 

қайсыбір Отан соғысы мүгедегінен қан майдан 

алапаты күні бүгін де түстеріне еніп, ұйқысынан 

шошып  оянатындарын  жиі  естисіз.  От  кешу, 

сұрапыл жылдар, әсіресе, соғыс ардагерлерінің 

жүрегінде  мәңгілік  өшпес  із  қалдырды.  Олар 

қандыкөйлек  майдандас  достарын,  қолбасшы-

командирлерінің ерлік жолдарын мақтан тұтып, 

ер есімдерін естен шығармай әңгімелейді.

Ұлы Отан соғысы, батырлар есімдері, кезінде 

егжей-тегжейіне  қанық  болмаған  жәйттар  сан 

жылдар  бойы  анықталып  айтылып,  жазылып 

келеді.  Жалпы,  Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбына 

сан  алуан  әскери  мемуарлар,  том-том  кітап-

тар  жазылғаны  мәлім.  Тарихтың  ұлы  шежірелі 

жылдары  жайлы  ұшан-теңіз  айтылып,  кеңінен 

баяндалды десек те, әлі бұл тақырыптың бітпе-

гені белгілі. Бұл кезең тақырыбына бүгінде сан 

алуан  шығармалар  жазылуда  және  жазыла  да 

бермекші.

Кейінгі бір жылдарда Қарабұғаз, Красноводск, 

Небитдаг,  Ашхабад  жерлерінде  болып,  арда-

герлер мен жастар арасында Ұлы Отан соғысы 

шежіресі жайлы сөз болғанда көңіл аударған бір 

жәй болған-ды.

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал кім?

Шәкір  Жексенбаев  жайлы  естіп,  ойға 

қалатынмын.

О  баста  генерал  әскерге  Қазақстанның  қай 

тұсынан келген?

Генерал  қазақ  қауымының  қайсы  атасынан 

болды екен? Есімі аңызға айналған халық пер-

зенті  бүл  күнде  тірлікте  бар  ма?  Бар  болса, 

қайда екен?

«Ол  кісіден  ұрпақ  бар  ма?»  –  деген  сияқты, 

кеңес  генералы,  қазақ  халқының  ардагер  пер-

зенті  жайлы  сан  алуан  сұрақтар  алдымызда 

тұрған-ды.

Өмірі  қашан  да  халыққа  үлгі-өнеге  болатын, 

қадыр  тұтатын  жақсы  адамдар  әмісе  жадыңда 

жүреді.  Бір  көрсең  де  ғұмырыңа жетерлік  әсер 

аласың.  «Жақсыдан  –  шапағат»  дегендей, 

соларға еліктеп, өз өміріңді солармен өлшеуге 

тырысасың.

Мен сапардан Алматыға оралған соң да өзім 

кездесіп,  сұхбаттасқан  қазақтың  тұңғыш  гене-

ралы  туралы  әңгімелескен  сәттерімді  есімнен 

шығара алмай, ой жетегінде біраз жүрдім. Гене-

рал туралы өзімнің естелігімді ауылдастарыма 

жеткізу үшін көп ойланып, көп толғанып, сол ту-

ралы генералдың өзіне айтудың не айтпаудың 

есебін таба алмай арада біршама уақыт та өтіп 

кетті.  Хат  жазып  жіберсем  ол  кісі  қалай  қарар 

екен?  Менің  ойымды  құптаса  жақсы.  Бой  та-

сада  қол  батырлыққа  салынып  хат  жазғаным 

әбестік болмас па екен? Ойлана, толғана келе, 

ақыры  үнсіз  бұғып  қалғанша  не  де  болса  хат 

жолдағанды жөн көрдім.

Жазарын жазсам да: «Қайтер екен? Жоқ, деп 

бетімді қайырып тастаса қайттім? Тіпті хатыма 

жауап  қайтармай  аяқсыз  қалдырса  ше?..»  де-

ген  ойлар  мазалап,  екі  жұма  бойы  тынышсыз 

күндер кештім.

Ақыры  Мәскеуден  жауап  хабар,  хат  1980 

жылғы  7  май  күні  келіп  жетті.  Анықтама  бю-

росы  «сұрастырған  кісіңіз  Мәскеу  облысын-

да  тұрмайды»  деп  жазыпты.  Менің  өтінішіме 

түсінбей  қалды  ма  немесе  ондағы  адамдар 

асығыс  жауап  қайтара  салған  да  болар  деген 

оймен екінші қайтара сұрастырдым. Көп кешік-

пей тағы да ашық хат алдым. Бұл хатта да сол 

байырғы жауап. Бұл қалай болды?

Шынымен  генерал  Мәскеуде  тұрмайтын 

болғаны ма? Әлде қоныс аударып, басқа қалаға 

көшіп  кетті  ме  екен?  Ол  кісі  туралы  деректі 

қайдан  іздестірсем  екен  деп  жүргенімде,  жол 

түсіп,  сол  жылдың  сентябрь  айында  Мәскеуге 

Бүкілодақтық көрмеге баратын болдық.

Осы  жолы  сапар  сәті  оңға  басса  екен  деген 

мазасыз  ой  ұшақтың  ішінде  де  қайта-қайта 

орала  берді.  Аспан  төрінде  самғаған  ұшақ  ақ 

ұлпа бұлттардың үстінен қалықтай ұшып, асқақ 

арманды  алға  жетелегендей  болды.  Ақыры, 

Мәскеу қаласына да келіп жеттік.

Қазақстаннан  барған  бір топ адам  қонақүйге 

жайғастық.  Жолсерігім  Қазақ  КСР  Ет  және  сүт 

өнеркәсібі  министрлігінің  қызметкері  Ясин 

Ұзақовқа іздеген кісімді қалай қарастырсам екен 

деп алдын-ала ақылдастым.

Ертеңіне  Ясин  біз  жатқан  бөлмеге  қуана 

кіріп,  маған  генерал  үйінің  телефон  нөмірін 

әкеліп  берді.  Іздеу  салған  кісімнің  Мәскеуде 

тұратынына  қуанып  қалдым.  Анықтама  бю-

росынан  ақсақалымның  мекен-жайын  да  оп-

оңай  тауып  алдық.  Алматыдан  бірнеше  рет 

сұрастырған  хатыма  «жоқ»  деп  жауап  келген 

себебін  сонда  білдім.  Бақсам,  «Джексенбаев» 

деудің  орнына  қазақшалап  ылғи  Жексенбаев 

деп жазған екенмін.

Келесі  күні  таңертең  қонақ  үйден  шығып, 

генералға  телефон  соқтым.  Тағы  да  жауап 

болмады.  Ақыры,  мекенжай  бойынша  ізде-

уге  кірістім.  Не  де  болса  ол  кісінің  үйін  көріп, 

есігінің  тұтқасын  ұстап  қайтайын  деген  ой-

мен  метроға  түстім.  Көрсетілген  мекенжай 

–  қаланың  солтүстік-батысы,  Хорошевское  тас 

жолы бағыты. Метродан шығып, зәулім үйлерді 

іргелей жүріп, көшенің сол жағына шығып, сегіз 

қабат  қыштан  өрілген  үйдің  ауласына  кірдім. 

Сірә, осы үйдің байырғы тұрғындарының бірі бо-

лар, подъезге кіре берісте алдымнан түбіт шәлі 

жамылған егде кісі шыға келді.

– Кешіріңіз, осы үйде тұратын Шәкір Жексен-

баев деген кісінің пәтері нешінші қабатта екенін 

білмес пе екенсіз?

–  Білгенде  қандай,  сіз  генералдың  пәтерін 

сұрап тұрсыз ғой? – деп басымнан аяғыма дейін 

маған таңырқай қарап алды.

–  Генерал  осы  үйдің  төртінші  қабатында 

тұрады.  Мынау  лифтпен  көтеріліңіз.  Дәл  бүгін 

үйінде  бар  ма,  жоқ  па  –  білмедім.  Бірсыпы-

ра  күннен  бері  ол  кісіні  көргенім  жоқ.  Әйтеуір 

тұратын мекен-жайы төртінші қабат.

Қарт кісіге рахмет айтып, жоғары көтерілдім. 

Қарсы алған аққұба бойжеткен қыз:

– Иә, осы пәтер, бірақ, іздеген кісіңіз қазір үйде 

жоқ, – деп күлімдей қарады. Бірден көзге жылы 

ұшыраған қызды түстеп те үлгерген сияқтымын. 

Сүйкімді дөңгелек жүзінен шығыс халқының кес-

кіні байқалады.

– Сұрап тұрған кісіңіз атам болады. Әжем еке-

уі жаз бойы дачада. Мен қазір сол кісілерге бара 

жатыр  едім.  Уақытыңыз  болса,  ертең  түстен 

кейін  осында  болсаңыз,  атамды  кездестіріп 

қаларсыз.

– Онда тіпті жақсы. Мен атаңның елінен кел-

дім, біз туысқанбыз, мені атаңа ерте бар, айна-

лайын. – Бойжеткен мән-жайға түсінгендей, «жа-

райды жүріңіз» деп ілтипатпен жауап қайтарды.

Генералдың  саяжайы  қаланың  шығыс 

бағытында  екен.  Ярославль  вокзалынан 

электропойызға  отырып,  күншығысты  бетке 

алып жүріп келеміз. Асылы, Мәскеу төңірегінің 

табиғаты тамаша ғой. Жан-жағымыз ну орманға 

жалғасып  кеткендей.  Қаланы  айнала  100-120 

шақырымдай жерлерде демалыс, сауығу орын-

дары да көп.

Мезгіл  әлі  суық  түспеген,  қоңыр  күз  кезі. 

Жолдың  екі  жағындағы  жасыл  орман  жары-

сып  қалысар  емес.  Ағаш  жапырақтары  сарғая 

бастағанмен,  әлі  де  түсіп  үлгермепті.  Күн 

сәулесіне шағылысып, сан алуан түске боялған 

айнала  ғажап сұлу. Табиғат әсемдігіне  сұқтана 

қарап, таңырқай көз тастап отырғанымды сезген 

Марина:


– Ағай, бүгін күн қандай тамаша, қараңызшы, 

ауа  райының  тамылжуын.  Сіздің  тегінде 

жолыңыз  болады  екен.  Жылда  осы  уақытта 

жапырақтар  сарғайып,  үп  еткен  желге  сау  ете 

қалып  ағаш  біткен  заматта  сойдиып-сойдиып 

шыға келетін. Биыл ауа райы ерекше. Сіздің жақ 

та көрікті шығар? – деп маған көз қиығын тастап, 

жауап күткендей болды.

– Қарағым, негізі, жолым болғыш кісімін. Бұл 

сапарда да жолым болатынына мана есік алдын-

да  өзіңмен  жолығысқан  сәтте-ақ  көзім  жеткен. 

Кешеден бері неше қайтара телефон соқсам да 

жауап ала алмаған соң бүгін әдейі арнап іздеп 

шығып едім. Егер де есіктен бір минут ерте не 

кеш  шығып  үлгергенімде  осылайша  жүздесіп, 

кездеспей  кете  беруіміз  мүмкін  еді.  Мен  шы-

нында өте қуаныш үстінде келемін. Сонау туған 

елімнен әдейі іздеп шыққан соң осылай болған 

да  шығар.  «Жақсыда  жаттық  жоқ»  деген  бар. 

Кең-байтақ Отанымыздың қай түкпірінде жүрсе 

де  халық  жақсының  есімін  ұмытпайды.  Қайта 

жылдар  жылжып  өткен  сайын  халқымыздың 

ардагер  ұлдарының  есімі  аңызға  айналып, 

олардың  өнегелі  өмір  жолы  мына  өзің  секілді 

жас ұрпаққа үлгі бола бермек. Сенің атаң азамат 

соғысы  мен  Ұлы  Отан  соғысының  қаһарманы, 

атағы  бүкіл  Одаққа  әйгілі.  Біздің  халықтан 

шыққан  ірі  тұлға  екені  жұрттың  бәріне  мәлім. 

Мен атаңды сен дүниеге келместен көп жылдар 

бұрын сонау Отан соғысы жылдарынан-ақ сырт-

тай танып-білетінмін. Өзін көріп жүздесер ме еді 

деп армандаған көптің бірі менмін. Әдейі іздеп 

шыққаным да сондықтан. Атаңды көріп, өзімен 

сұхбаттасуға құштар едім. Міне, енді көп ұзамай 

асыл ағаның қолын да алып қалармын…

Марина  төмен  қарап,  биязы  жымияды.  Күн 

қаққан  қоңырқай  жүзіме  қайта-қайта  қарап, 

айтқан әңгімеме ауық-ауық бас изеп қояды…

Отан  соғысы  әр  жүрекке  ұмытылмастай  із 

тастаған жоқ па? Етігімен су кеше жүріп, жауға 

ерлікпен  тойтарыс  беріп,  жанқиярлықпен  Ота-

нын жаудан қорғап қалған ерлер, сол бір ауыр 

күндер ұмытылар ма?

Сол Ұлы Отан соғысының үшінші жылға аяқ 

басқан кезі. Қақаған қыс жұртқа оңай тимеген-

ді.  Майданда  опат  болған  азаматтар  атына 

естірту – қаралы қағаз күнбе-күн келіп тұратын. 

Талайлардың  жүрегіне  айықпас  жара  салған 

тілдей қағазды ел іші «қара қағаз» деп атап кет-

кен.


Мектептерде  арнайы  әскери  сабақ  өткізіп, 

әскери  жаттығулар  үйретілетін.  Сол  кездің 

өзінде-ақ  зерек  оқушылар  әскери  ережелерді 

жаттап  та  алатын.  Ол  кезде  қазіргідей  хабар 

жеткізер  радиоқабылдағыш  немесе  теледи-

дар  сияқты  байланыс  құралдары  атымен  жоқ. 

Күнделікті баспасөз де ел ішіне кешеуілдеп ке-

летін.  Бүкіл  бір  ауылда  мықтаса  үш-төрт  үйде 

радио нүктесі болады. Ауыл адамдары ертелі-

кеш  соғыстан  майдан  хабарын  білмек  болып 

телеграф  діңгегінің  басына  қағылған  радиоға 

құлақ  тосатын.  «Не  естідің,  радио  не  айтты, 

қандай хабар болды?» деп бір-бірінен сұрайтын 

еді.


Газет  қолдан-қолға  ауысып  оқылатын. 

Батырлардың  ерлік  қимылдары  ауыздан-

ауызға көшіп, ел арасында аңызға айналатын. 

Газеттегі  хабарларды  ата-аналарға  оқып  бе-

рушілер  де  мектеп  балалары,  жауынгер  жар-

лары еді. Ата-аналардың елде сүйеніші мектеп 

жасындағы балалар ғана болғандықтан, ертелі-

кеш  хабар  күтіп  балаларының  ауызына  қарар 

еді. Сондықтан да, сол кездегі мектеп балала-

ры  балалық  дәурен  кешпей  жатып  тез  есейді, 

ел басына түскен қиыншылықты ересектермен 

бөлісті. Тез ержетіп еді.

Газеттерде,  әсіресе,  қазақ  жауынгерлерінің 

майдандағы  ерлік  ісі  сипатталып,  суреттері 

көріне  қалса,  газет  қолдан-қолға  ауысып  бүкіл 

ауылды  аралап  кетер  еді.  Батырдың  есімін 

ауыздарынан тастамай, ауыл адамдары айтып 

жүретін, мақтан тұтатын. Бір күні газет бетінен 

бір  топ  батырлар  суретін  көріп,  ауыл  адамда-

ры көздеріне жас алысты. Майданда көрсеткен 

ерліктері  үшін  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы 

берілген ылғи қазақстандық жауынгерлер екен. 

Топ батырдың орта тұсында ер тұлғалы келген, 

кең маңдайлы, жар қабақ, өткір жанарлы қазақ 

офицері  отыр.  Сурет  астына  «генерал-майор 

Шәкір Жексенбаев» деп жазылған.

Отан  соғысы  жылдары  Суворов,  Кутузов, 

Нахимов  сияқты  ресейлік  қолбасшылар  есімі 

жиі насихатталды. Отан қорғау жолында батыр 

бабаларша соғысуға шақырған үндеулер елдің 

еңсесін көтеріп, жеңіске жетелеп отырды.

Қазақ 


халқының 

Қамбар, 


Алпамыс, 

Қобыланды, Сырым, Исатай, Махамбет сынды 

батырларының ерлік жолдары қазақ жауынгер-

леріне күш-қуат, жігер бергені мәлім.

Республика  басшылары  майданға  қолдан 

келген  барлық  көмекті  көрсету  жұмыстарын 

тыңғылықты  жүргізумен  бірге,  радиодан, 

баспасөз  беттерінде  халыққа,  жауынгерлерге 

ерекше  жігер  берерлік,  жалынды  сөздер  жол-

дап  отырды.  Соның  бірі  –  1944  жылғы  18  ма-

усымда  «Социалистік  Қазақстан»  газетіндегі 

мақала. Онда былай делінген:

«Қазақ  халқының  тарихы  бағзы  заманнан 

басталады.  Ол  осы  ұзақ  өмірі  ішінде  талай 

сын  кезеңдерді  бастан  өткізді.  Өзінің  елдігін, 

тәуелсіздігін  сақтау  үшін  басқыншы  жауларға 

қарсы  ғасырлар  бойы  талмай  күрес  жүргізіп 

келді.  Тәуелсіздік  жолындағы  күрестер  қазақ 

елін  жауынгер  халық  етіп  өсірді.  Бұл  дәстүр 

атадан  балаға  көшіп  отырды.  Қазақ  әйелі  ба-

ланы  қаршадай  күнінен  ерлікке  тәрбиелейді. 

Оларға өткен ата-бабаларын үлгі етіп көрсетті. 

Отан  соғысы  күндерінде  қазақтың  өсіп-жетіл-

ген  тамаша  командирлері  де  аз  емес.  Қазақ 

халқының  тұңғыш  генералы  Шәкір  Жексенба-

ев,  гвардия  полковнигі  Бауыржан  Момышұлы, 

подполковник  Қасым  Сүлейменов  сияқты  ер-

лер өздерін ұрыс майдандарында көрсете біл-

ген даңқты қызыл командирлер. Оларды кеңес 

халқы жақсы біледі».

«Дүниеде  не  өлмейді?»  дегенге  «ғалымның 

хаты  өлмейді»  деген  екен  бір  дана.  Өмірде 

қайсыбір көңілге түйген жәйттер адам зердесі-

не өшпес әсерлер қалдыратыны бар. Мәскеуге 

жүрер  алдында  деректерді  аударыстыра  оты-

рып,  осынау  жылғы  батырлар  суреттерінің 

үстінен тағы шықтым. «Социалистік Қазақстан» 

газетінің 1945 жылғы 22 маусым күнгі нөмірінде 

Ұлы  Отан  соғысы  даңқты  батырларының  бір 

тобының  суреті  басылыпты.  Ортада:  генерал 

Шәкір  Жексенбаев.  Батырлар  суретіне  қызыға 

қарап,  есімдерін  оқи  жөнелдім:  Сергей  Лу-

ганский,  Мәлік  Ғабдуллин,  Нүркен  Әбдіров, 

Сұлтан  Баймағанбетов,  Қайырғали  Смағұлов, 

Ізғұтты  Айтықов,  Жәлен  Қизатов,  Қожахмет 

Тышқанбаев,  Ахмедияр  Құсайынов,  Төлеубек 

Әжімов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, 

Нарсұтбай  Ecболатов,  Төлеген  Тоқтаров, 

Мақаш  Балмағанбетов,  Кенжебай  Шәкенов, 

Балташ  Оңтаев,  Мартбек  Мамырбаев,  Садық 

Жақсығұлов, Жапарқан Асанов.

(Жалғасы бар).



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал