Аудан қалашығының үлкен клубында салтанатты сауық кеші думанды түрде өтуде. Шатырлаған шапалақ үні ішінде, алуан түрлі шымылдықтар тартылып, электір шырақтары



жүктеу 8.15 Kb.

бет1/23
Дата14.09.2017
өлшемі8.15 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

3
АНАНЫҢ АРМАНЫ
Аласа  ғана  тақыр  төбедегі  зираттыққа  келгенде,  Арман 
аяғын тік басып тұра алмады. Кесек тастардан қыр шығара 
жиналған,  үстіне  əлдеқашан  шөп  шығып  үлгірген  ана 
қабырын құша барып жығылды.
– О, қайран анам! Бұл тірлікте тым болмаса бір рет бет 
көрісіп, дидарыңды көре алмадым-ау?!
Оның күңірене шыққан зарлы дауысына тас бауыр қара 
жер  жібіп,  меңіреу  мола  тіл  қататын  емес.  Үнсіз  мелшиіп, 
сұлқ жатыр. Тіпті табиғат та бір сəт тынысынан тоқтағандай 
тұнжырап, құлазып тұр. Иə, дүниеде анадан ардақты, анадан 
аяулы жан жоқ қой! Бала үшін бұл тірлікте ананың дидарын 
бір көруге зар болып өту қаншалық ауыр арман болса, ана 
үшін  баласынан  айырылу  қаншалық  қасыретті  десеңізші! 
Міне, Арман да осы бір ащы қасыреттің қайғылы құшағында 
жатыр.
* * *
Аудан қалашығының үлкен клубында салтанатты сауық 
кеші думанды түрде өтуде. Шатырлаған шапалақ үні ішінде, 
алуан  түрлі  шымылдықтар  тартылып,  электір  шырақтары 
УДК 821.512.122
ББК 84 (5 Қаз)7-44
Ə 54
Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат 
министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
  
 
Əлқанұлы Тұрсынқан.
Ə 54    «Тірліктен  теріп  алғандар»:  Повестер  жəне  əңгімелер./ 
Т.Əлқанұлы. – Алматы:  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдасты-
ғының «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 384 бет.
 
   ISBN 978-601-7023-45-4
 
  «Тірліктен  теріп  алғандар»  кітабындағы  əңгіме,  повестер  шына-
йы,  қарапайым  өмірге  жақындығымен,  дəл  де  нəзік  суреттелген 
кейіпкер бейнелерімен ерекшеленеді. Күнделікті өмірдегі көзге еле-
не бермейтін үйреншікті құбылыстар Тұрсынқан шығармаларында 
өзгеше қырынан көрініп, мəн-маңызы ашыла түседі. Жазушы про-
заның ықшам жанрларының ерекшеліктерін жақсы меңгерген.
 
 
 
 
 
УДК 821.512.122
 
 
 
 
 
ББК 84 (5 Қаз)7-44
ISBN 978-601-7023-45-4
© Дүйсебаев Б., 2012
© Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 
«Атажұрт» баспа орталығы, 2012

4
5
жайнап  тұрған  кең  сахнаға  жылтыраған  жылтыр  жіптер 
өткермеленген  сусылдаған  жібек  көйлек  киген,  алды-
на  құлата  тастаған  жуан  қос  бұрымы  тірсегін  соққан,  қыр 
мұрынды,  керме  иықты,  бұлақ  суындай  мөлдіреген  тұнық 
жанарлы  жас  əйел  аяғын  санап  басып,  жүрексіне  шығып 
келеді.  Қараңғылық  үйірілген  қарсы  алдында  анталаған 
қалың көздер оған қадала қарап қалыпты. Бұл оның бұндай 
сəнді де үлкен сахнаға тұңғыш рет шығуы еді. Үрей мен ұялу 
аралас бір түрлі күрделі сезім оны қас қаққанша соғып өтті 
де, буын-буыны қалтырап сала берді.
Міне оркестір де құйқылжи көтеріліп, күңірене басталып 
кетті. Таныс сарын оны ұйқысынан оятқандай тез сергітіп, 
анталап  келген  үрейді  əлдеқайда  алысқа  айдап  əкетті.  Ол 
баяу  жылжып  сахна  ортасына  қойылған  микрофон  алдына 
келді де, көрермендерге ілтипатты тəжім етіп, музыка үніне 
сəйкесе атақты халық əні «Елім-айды» қалтыраған қайғылы 
сарын, ерекше бір сезімдік леппен шырқай жөнелді:
Қара таудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Туған жерден айырылған қиын екен,
Қара көзден мөлдіреп жас келеді.
Əй, Елім-ай, жерім-ай!
Күңіренген оркестр, күркіреген күндей топтық сүйемел, 
бүкіл əндегі мұңлы сарын бара-бара оны өз құшағына құлата 
тартып,  көңіл  аспанына  көтеріп  əкетті.  Ол  өзін  шырқау 
көкте ақша бұлтқа мініп, əлем аясында қалықтап жүргендей 
сезінді де, айналасындағылардың бəрін есінен шығарды. Əн 
сарыны оны бір түрлі ашты ырғақпен тербей жөнеліп, қиял 
дүниесін алыс түкпірге қарай жетелей берді.
Міне оның көз алдында жан алқымға алған жаугершілік 
заман, жат ұлттың табанында тапталған туған жердің қасиетті 
топырағы, жанталасқан қимыл, ары-бері сілтенген ақ сойыл 
мен бос мойын шоқпарлар, қан майданда қан құшқан ер аза-
мат, атаның баладан, баланың анадан айырылып зар илеген 
жантүршігерлік сүркей көріністері, берекесі кетіп, «ақ табан 
шұбырынды» болып, алысқа ауған ел. Құлағында сатырлаған 
ат дүбірі, ақырған айғай, салған ұран, шыңылдаған сойыл-
шоқпар  үндері,  ата-ананың  бауыр  еті  баладан,  тату 
жұбайлардың сүйген жарларынан мезгілсіз айырылып, қан 
жұтқан шерлері, тозған елдің «елім-ай», «жерім-ай» деп, бо-
тадай боздаған қайғылы да қасыретті өксіктері... Біріне-бірі 
жалғаса тізбектеле өтіп жатыр. Ол осы əнді айтқанда, қалай 
екені  белгісіз  қай-қашанда  бір  өзгеше  сезімге  бөленетін. 
Көңіл  əлемін  лықсыған  өксік  пен  булыққан  қайғы-шердің 
қара  тұманы  тұмшалап,  жүрек  түкпірінде  көміліп  жатқан 
жан-жарасы жүрегін тырмалай беретін.
Жазды  күнгі  нөсердей  шатырлаған  шапалақ  дауысы 
мен алғысты алқау үндер көпке дейін толастамады. Өзінің 
тартымды  əншілік  өнері,  ерекше  орындау  шеберлігімен 
көрермен  көптің  алқауына  бөленген  əнші  бұлықси  басып, 
сахнадан  түсіп  барады.  Бұл  кезде  өзінің  бұлбұл  үні  мен 
əншілік  өнері  арқылы  көркемөнер  сахнасын  дүрілдетіп, 
жұрт алқауына бөленіп жүрген адам Арманның анасы Ай-
жамал болатын. 
* * *
Айжамал  қазақ  сахарасындағы  орташа  ғана  дəулеті  бар 
момын  шаруаның  басынан  құс  ұшырмай  мəпелеп  өсірген, 
жар  дегенде  жалғыз  қызы  еді.  Ес  біліп,  етек  жауып  бой 
түзеген кезде тірлік заңы бойынша өлтірісі жүріліп, Қасым 
атты қарапайым ауыл жігітіне тұрмысқа шықты. Көп өтпей 
олардың  жарасты  көңілдерінің  айғағы  болған  шикі  өкпе 
бауыр  етке  де  қолдары  жетті.  Оған  бұлдыр  болашақтың 
үмітіндей Арман деп ардақтап ат қойды. Оның сəби тіліне, 
былдырлаған  бал  тіліне  мəз  болып,  тəй-тəйлаған  жүрісін 
көрді. Жыл құстарының сан рет келіп-қайтуымен Арман да 
шыбықты ат қылып мініп, үй арасында тайраңдай бастады.
Бірақ, тасбауыр тағдырдың адамдарды суық құшағында 
қатты шəйқап, біреуді бақыт шыңына шығарып, енді біреуді 

6
7
сор құмына айдап жататыны бар емес пе?! 1940-жылдардың 
соңындағы  кесек  қоғамдық  өзгерістердің  аласапыран 
тасқыны Қытайдағы қазақ даласын көктемгі сеңдей соғып, 
дауылды күнгі қоғадай жапырып жатқан кез еді. Қарашаның 
қараңғылық басқан меңіреу бір түнінде Қасымның ауылын 
жаулар басып қалды да, қайтерлерін білмей сасқан ел жат ел, 
жат жерді бетке алып, босқын болып шұбыра жөнелді. Бес 
жасар Арман да сары атанның үстіне құндақталып, ауған ел-
мен бірге шырылдап кете берді...
Бұл кезде көрші аудандағы ауылына төркіншілеп кеткен 
Айжамал  қасқыр  ұлып,  құзғындар  сұңқылдаған  ауылының 
орнын сипап, бауыр еті баласы мен сүйген жарынан тірідей 
айырылып, қанаты сынған қазша жұртта аңырап қала берді. 
Қатал  тағдыр  оны  алғаш  рет  қасқа  маңдайдан  қағып  өтіп, 
жүрегіне өшпейтін жара салды. Ал, туған жер, өскен елінен 
айырылып, «қайран  елім», «туған  жұртым»  деп  зар  шегіп, 
запыран  жұтып  алысқа  ауған  ел  жат  ел  топырағына  қадам 
тастап, босқындық, сергелдеңдік тұрмыс ішінде жанталасып 
жатты.
* * *
Аяуы  жоқ  ащы  өмір  белін  бүгіп,  еңсесін  түсіріп  кеткен 
Айжамалды  ұзақ  өтпей  азаттықтың  алтын  таңы  аймалады. 
Оның  жаралы  жүрегінен  жарқын  үміт  ұшқыны  жарқ  етіп, 
көңілінің биігіне қонақтады. 
Сан ғасырдың шыңырауынан жиналып, сан сапардың шың-
дауынан  өткен  Халықтың  ұшан  теңіз  əн-күй  өнері  Айжа-
малды үкісі желбіреген бала шағынан бастап ынтықтырып 
баураған болатын. Өсе келе ауыл арасында халық күйлерін 
құйқылжыта шертіп, өлең өнерімен мен, мен деген жігіттерді 
өрелеп  кетіп  жүретін.  Осы  өнері  Айжамалды  азаттықтың 
алғашқы  кезінде-ақ  ауыл  сахнасынан  ауданға,  онан  аймақ 
сахнасына бір-ақ көтерді. Халық мұрасы оның он саусағынан 
сорғалай төгіліп, дəуір əні оның жез таңдайында бұлбұл боп 
тамылжыды. «Шын берілген көңілдің алып қалары болмай-
ды»  дегендей  əн-музыка  жасампаздығымен  айналыса  ба-
стап, өнер өріне өршелене құлаш сермеген оның бара-бара 
творчество төрінен де төбесі көріне бастады.
Халық мұрасы мен жасампаздық еңбегі мұңлы көңіліне 
медеу  болған  осындай  күндерде  ол  ай  сəулесі  құйылып, 
жым-жырт қана мүлгіп тұрған табиғат кештерін жамылып, 
аулада жүріп, ұзақ-ұзақ ойға кететін. Бұл шақтарда өмірінің 
асқарындай  Арман  қайғысы  мен  сүйген  жар  сағынышы 
сəтке  болса  да  үміт  елесіне  айналып,  ана  жүрегінің  адал 
сезімі  жалындай  бұрқ  етіп  қоздана  қалатын.  Жүрегін  əлде 
бір  сағынышты  сезім  селі  қытықтап,  көз  алдынан  арман 
елестері тізбектеле өтіп жататын. Белгісіз бір сағыныш жыры 
көңілінде  оянып,  арман  əні  таңдайынан  тасып  төгілердей 
лекілдеп  келіп  қалатын.  Өкпе-бауырын  суырып  алатындай 
əлде бір қайғылы өксік те жан дүниесін соғып өтетін. Ардақты 
ұлы Арман мен сүйген жары Қасым күндердің бірінде өзін 
іздеп  келіп  қалатындай  сезілетін.  Алайда,  қанша  мықты 
болғанымен де, тағдырдың құрығынан қашып құтылған бар 
ма?! Оның сан–сапалақ ой-қиялы ақыры осыған кеп тиянақ 
табатын.
* * *
Қатал  жылдар  қадамын  жəйімен  аударып,  жыйырыла 
жылжи берді. Бір кезде ардақты ана Айжамал дидарын бір 
көруді қол жетпес биіктей аңсап өткен Арманға міне бүгін 
жылдар  керуенінің  таңбасындай  сақал-мұрт  та  əлдеқашан 
шығып  үлгірген.  Отан  қақпасы  сыртқа  айқара  ашылған 
шақта туған жеріне туысшылай келіп отыр.
Бина терезесінен туған жердің əсем табиғатына құмарла-
на,  ұзақ  телміріп  тұрған  Арман  қолындағы  нота  қағазына 
жасты  көзімен  қадала  қарады  да,  дыбыс  қабылдағыштың 
тетігін басты.
Мұңлы  музыка  ғылым  тілінің  құдыретімен  шығандай 
көтерілді.  Бұл  анасы  Айжамалдың  аналық  асыл  жүрегінен 
туған  көп  жылдық  көңіл  толғанысы,  өмірінің  соңында  көз 

8
9
майын сарқа жазған «Ананың арманы» атты күй еді. Күй са-
рыны бірде шапшыған толқынға ұқсап шарықтай көтерілсе, 
енді  бірде  жыртқыш  түткен  жаралы  құстай  шырылдай-
ды.  Бірде  көңіл  құсы  болып  көкке  құлаш  ұрса,  бірде  сезім 
семсері  болып  жарқылдайды.  Бірде  ана  көңілінің  ақ  тілеуі 
болып құйқылжыса, енді бірде ана жүрегінің ырғағы болып 
соғады. Біресе тарыққан көңіл, сағынған сезімнің куəсі бо-
лып  сыбырласа,  тағы  бірде  асқардай  арманның,  болашақ 
үміттің жаршысы болып қанат қағады.
Ана күйі Арманның сезім қылын қытықтап, жан дүниесін 
жалын  болып  шарпып,  өзегін  өртеп,  кеңсірігін  ашытып 
жіберді. Оның жүрегі төмен тартып, аяғы қалтырап барады. 
Бұл  оның  өне  бойын  ауыр  салмақпен  жаншыған,  ардақты 
ананың  асқардай  арманының  құдыреті  еді.  Көзінен  жас 
төгілген Арман қайтадан терезе алдына барып тұрды. Туған 
жердің  салқын  самалы  оның  жүзін  ананың  алақанындай 
мейірлене сипап өтті. 
О, туған жер! Көлін аңсаған сарала қаздай күндіз күлкіні, 
түнде ұйқыны бұзып, сарғая аңсап келген туған жер! Сенің 
асыл топырағыңнан айналайын! – деп күбірледі Арман.
1984 жыл 
БІР ТҮРЛІ АДАМ
Газет-журналдарда  жəне  радио-телевизор  секілді  үгіт 
апараттарында  «басшылық  алқасынан  үш  түрлі  адамды 
аластау»  саясаты  үнемі  үгіттеліп  келе  жатса  да,  өзімнің 
салақтығымнан  ба,  жоқ  əлде  қоғамдық-саяси  өмірге  онша 
көп ой бөліп, жінтіктей назар аударып кетпейтіндігімнен бе, 
əйтеуір, күні бүгінге дейін басшылық алқадан аласталатын 
«үш  түрлі  адамның»  қандай  адамдар  екендігін  əліге  дейін 
ұққан емеспін. Алайда, осы заводта көптен бері істеп келе 
жатқандығымнан болар, өзіміздің заводтың бастығына əбден 
қанықпын. Қашан болмасын өзінің өзгеше мінезімен ол кісі 
маған «бір түрлі адам» болып көрініп, «бір түрлі адам» бо-
лып  сезіледі  де  тұрады.  Бұл  кісінің  əрқандай  қызметте 
айғайсыз жүрмейтіндігі, кішігірім істерде де айғайға үйірлігі 
заводымыздың ер-əйел, кəрі-жасына көптен-ақ əйгілі. Тіпті 
семиялықтар  бинасындағы  естияр  балаларға  дейін  ол  кісі 
келе жатыр десе қарадай қорқып, қалшылдап тұрады. Əйелі 
мен басқа əйелдер əлдебір кір арзымайтын отбасылық ұсақ 
істерге бола түс шəйісіп, балаларымен басқа балалар ойнап 
жүріп қағысып қалса да, ол кісі сол отбасыларға ұялмай-ақ 
кіріп барып:
– Бұның өзі басшылықты басынғандық! Принципті аяқ-
асты етіп, ынтымақты бүлдіргендік. Бұдан кейін аяқтарыңды 
аңдып басып, көздеріңді ашып жүріңдер! – деген сияқты ке-
сек кесімдер айтып, айбар шегіп, айғайлап шығатын.
Бастығымыз  сорайған  ұзын  бойлы,  орта  жастарға  келіп 
қалса да киім-киіс, жүріс-тұрысқа өте ұқыпты қарайтын адам 
еді. Киімдеріне дақ түсірмей сəндеп киюді ерекше ұнататын. 
Жүргенде  де  денесін  тік  ұстап,  көкірегін  керіп,  бір  түрлі 
сымбатты да кербез жүріспен жүретін. Дегенмен бет-пішіні 
онша келісті емес еді. Аласы басым үлкен көздері бір түрлі 
сұсты ызғармен алақ-жұлақ етіп, еті қалың еріндері тістерін 
жабусыз  ашық  тастап,  сыртқа  қарай  дүрдиіп  тұратын  да, 
айғайға үйір аузы əрқашан да ашық жүретін...
Алғашқы күздің қара суық ызғары жүріп тұрған бір күні 
ол  кісі  біздің  қырып-жону  цехымызға  аяқ-астынан  келе 
қалды.  Жарма  есіктің  биік  баспалдағында  тұрып,  əр  ста-
нокке бірден көз жүгіртіп, бажайлай қарап шықты да, менің 
жанымдағы көптен бері бүлініп, иесіз тұрған 3-нөмірлі ста-
нокке жетіп келіп, шыр айналып тықыршып кетті. Станокті 
басқарушы жас жігіт келісімен-ақ бүкіл залдағы гүріл үнін 
баса айғайлай жөнелді:
– Не бітіріп жүрген адамсың сен? Машинаны қаңтарып 
тастап,  қайда  қаңғырып  кеткенсің?  Өстіп  жүріп  міндетті 
қайтып  орындайсың?  Дереу  барып  цех  бастығыңды  ша-
қырып кел! Сенің осы айдағы еңбек ақың тартылып қалы-
нады.

10
11
Жас  жұмысшы  оған  шарасыздығын  айтып,  шағына  тіл 
қатты:
–  Тегершіктің  білігі  сынған  еді,  қамба  басқарушының 
əкелгені өлшемге толымсыз, жарамсыз материал екен.
– Қара мынаның жалақорын! Енді бар пəлені қамба басқа-
рушыға артып, өзің сүттен ақ, судан тұнық болып шыға келмек-
сің  ғой,  баяғы  нем  кетті  жауапкерсіздік  емес  пе?!  Əйтпесе 
соны  егеп-қырып  болса  да  ілекерлеп  сала  салсаң  болмай 
ма? 
Жас  жұмысшы  да  енді  əлдебір  ыза  буғандай  сынған 
білікті қолына алып, қызына сөйледі:
– Мынау егеп болса да ілекерлеп сала салатын баланың 
ойыншығы емес. Көрмейсіз бе, міне, жоғары сортты қоспа 
материалдан  жасалған.  Ешкінің  құйрығы  көкке  жетсе  де 
бұндай  материал  бұл  арадан  табылмайды.  Мені  қызметтен 
қазір-ақ айдап жіберсеңіз де бұған істер шарам жоқ!
Жас  жұмысшының  дауы  бастығымыздың  жанына  ауыр 
тиген болса керек, ол кісі бұлардың дауына аңтарыла қарап 
тұрған жұмысшыларға қатулана бұрылып, қос қолын көтерді 
де:
– Тоқтатыңдар машинаны! Дереу жиын ашып, мəселені 
əл етеміз!– деп айғайлап жіберді.
Міне  осылайша  цехымызда  жарым  күн  жұмыс  тоқтап, 
анау  ананы  айтып,  мынау  мынаны  айтқан  қып-қызыл  дау, 
бітпейтін  керіс  болды.  Мəселе  жарамсыз  бөлшек  əкелген 
қамба басқарушыдан ба? Жоқ əлде машинасына жауапкерсіз 
қараған жұмысшыдан ба? Бұл мəселе бəрібір шешілмей қала 
берді.
Біздің  бастығымыз  міне  осындай  адам.  Бұл  кісі  «бір 
түрлі адам» ба? Жоқ əлде, əлгі айтылып жүрген «үш түрлі 
адамның» біреуі ме? Бұның шешімін саясатқа жүйрік жол-
дастар айта жатар?! 
1984 жылы наурыз айында жазылды 
АНАНЫҢ КӨҢІЛІ БАЛАДА
Иə, «бала – адамның бауыр еті» деген сөз тым бекер айтыл-
маған  ғой.  Жер  бетіне  пенде  болып  келген  адамның  бала 
сүюді, бала қызығын көріп, артына ұрпақ қалдыруды арман-
дамайтыны болмайды. Адам пендесі қашанда келешек көрер 
қызығын сол ұрпағына жүктеп, соның бойынан көруді аңсап 
отырады.
Əлде тағдырдың жазмышы солай болар, Жəзира шешей 
бұл үйге келін болып түскеннен кейін 4-5 жылға дейін бала 
көтермеді.  Өмір  өткен  сайын  жұбайы  Нұрман  екеуі  бала 
сүйіп,  шикі  өкпе  көруді  қаншама  аңсады  десеңізші!  Бірақ, 
тағдыр ісіне не шара?! Жыл артынан жыл келіп, шұбатыла 
өтіп  жатты.  Олардың  армандары  да  күн  озған  сайын  алы-
стап, бұлдырлана берді. Дəтке қуат іздеп, көрінбеген доғдыр, 
бармаған  аурухана,  жасамаған  ем-домы  қалмады.  Өстіп 
жүргенде бір жылы Жəзира өзінің жүкті екенін сезді. Бұған 
жүрегі  жарыла  қуанса  да,  əлде  бір  алдамшы  сезім  болып 
қала ма деп, бұл қуанышты Нұрманға білдіруге көпке дейін 
батылдық ете алмай жүрді.
Жаз таңы тамылжи сызылып, үй алдындағы бақша құс-
тары енді-енді ұйқыларынан оянғандай, жабыла сайрай бас-
тағанда  Нұрманның  отбасынан  шыр  еткен  бөбек  үні  шыға 
қалды  да,  дүниеге  тағы  бір  ұрпақ  келгенін  хабарлағандай 
таң құшағын тіліп өтіп, алысқа тарап жатты. Ақыры Нұрман 
мен Жəзираның көп жылдар бойы көздері төрт болып, асыға 
аңсаған  армандарына  қолдары  жетті.  Бара-бара  бұл  бөбек 
осы бір аядай үйге таусылмас шаттық пен лəззəт, көтеріңкі 
күлкі  мен  қуаныш  əкелді.  Өзінің  сəбилік  қылығымен  көп 
жылдар бала деп зарыққан ата-аналарының төбелерін көкке 
жекізді.
Алайда,  өмірде  бақ  пен  сор  қашанда  егіз  жүреді.  Жақ-
сылық пен жамандық та үнемі жыл құстарынша ауысып оты-
рады. Көп ұзамай тірліктің қатал соққысы Жəзираны қасқа 
маңдайдан  қағып  өтіп,  жүрегіне  шер  таңбасын  басып,  жа-
рым жанын алып кетті. Дəл Бұлбұлқан екі жасқа шығып, үй 

12
13
ішінде бірде еңбектеп, енді бірде тəлтіректеп жүре бастаған 
кезде,  жұбайы  Нұрман  бір  күні  аяқ-астынан  ауырды  да, 
мəлімсіз  дерттен  мезгілсіз  көз  жұмды.  Жылай-жылай  көз 
жасы сарқылған Жəзира қолқа жүрегіне орнаған күйік пен 
өкінішті  ауыр  күрсініспен  аттандыра  берді.  Бұл  күндері 
ештемеден  хабарсыз  сəби  Бұлбұлқан  оған  алданыш  жəне 
медеу  болды.  Егер  осы  бір  жұдырықтай  сəби  болмағанда, 
ол  əлдеқашан  жынданып  кетер  ме  еді,  қайтер  еді?!  Өмір 
соққысын  ойлап,  өзегін  қайғы  оты  шалып  өткенде,  ол 
Бұбұлқанын құшырлана бауырына басып, оны ұзақ аймалап 
сүйетін де, көз жасын еріксіз ішке жұта беретін.
Ауыр  күндер  міне  осылайша  табанын  жайымен  аудара 
берді. Бірер жылдан соң оған сөз салушылар да болды. Басқа 
салғаннан кейін адам баласының көрмейтіні, көмпіс болып 
көтермейтіні  болмайды  екен.  Алғашында  асау  аттай  алып 
қашып, ыңыршағын мойнына ала тулағанымен де, жүре келе 
бұндай  сөздерге  де  құлағы  үйірлесті.  Жасы  келіп,  жұбына 
жетіп  отырмағаннан  соң  оның  тірлікте  сүйеніш  болатын 
біреудің етегінен ұстауына да болатын еді. Ойына оқыстан 
бұндай  сезімдер  орала  қалғанда,  Бұлбұлқанға  бір  қараса-
ақ  болғаны,  ондай  сезімдер  өрістемей  өшіп  жоғалатын  да, 
оның  сəбилік  нұр  ескен  мөлдір  көзіне  қарап,  ұзақ  отырып 
қалатын.  Жат  босаға  мен  өгей  əке  алдында  оны  қайтып 
жаутаңдатып қоямын дегенді ойлайтын да, көз жасы бейне 
жібінен үзілген маржандай домалай жөнелетін. Ұзақ өтпей 
өмірдің  ауыртпалығын  баласына  деген  аналық  махаббаты 
мен  сүйіспеншілігі  жеңген  ана  бар  махаббаты  мен  тірлік 
қызығын баласына арнауға белін бекем байлады.
Жылдар  жылыстай  жылжып,  ұстатпай  ұзай  берді.  Міне 
Жəзира  ақыры  Бұлбұлқанды  жетелеп  мектепке  апарды. 
Бетінен ұзақ сүйіп, мұғаліміне қайта-қайта қадағалай тапсыр-
ды. Өзі теңдес балалар арасында тайраң қағып, асыр салып 
жүрген оған бейне бір айырылмас асыл құсы алысқа ұшып 
бара жатқандай қимастықпен ұзақ қарап тұрып қалды. Үйге 
келген соң да бір отырып, бір тұрып, орнығып отыра алма-
ды. Қашан балалар оқудан тарағанша бұл дүниеде жападан-
жалғыз қалғандай қоңылтақси берді. Өмірде алғаш рет ауыр 
да азапты жалғызсырау сезімін басынан өткізді.
Жылдар  жылыстай  жылжып,  ұстатпай  ұзай  берді.  Жыл 
өткен  сайын  Бұлбұлқан  да  бой  жетіп,  толыса  түсті.  Алай-
да,  ол  Жəзираға  əлі  де  тұлымы  желбіреген  сəби  баладай 
көрінетін де, оны бауырына басып, құшырлана сүйсе, көңілі 
көтеріліп,  бір  жасап  қалатын.  Міне  Бұлбұлқан  да  орталау 
мектепті тауысқаннан кейін орта техникумға емтиқан беріп, 
облыс орталығына оқуға аттанатын болды.
– Бұлбұлымды өз қасымнан ешқайда шығармаймын, оқып 
кəдір  болмаса  да  көз  алдымда  жүргені  артық,–деп  Жəзира 
шешей алғашында бұлан-талан болғанымен де, туыс-туған, 
көңіл  жетерлер  ақыл  айта  жүріп,  ақыры  көндірді.  Оған  да 
көнбес  еді,  Бұлбұлқанның  «оқимын»  деген  жалғыз  ауыз 
тілегі  таудан  да  ауыр  тиді.  Сонымен  көз  жасын  көлдете 
жүріп, оны оқуына аттандырып салды. Бұлбұлқан оқуға кет-
кен  алғашқы  бір  маусым  Жəзира  шешейге  ғасыр  өткендей 
өте  ұзақ  сезілді.  Ол  əркүні  кешке  жақын  ауыл  жанындағы 
жотаға шығып, күре жолға телміре ұзақ қарап тұратын. Тіпті 
аудандық  қаладан  бірер  аттылы  не  арбалы,  немесе  маши-
намен  адам  келсе,  оған  екі  өкпесін  қолына  ала  жүгіріп  ба-
ратын  да,  келген  адамдарға  жаутаңдай  қарап,  мұңая  үйіне 
қайтатын.  Бұлбұлқан  тарауға  жақын  қалды  деп  хат  жазған 
сайын ары өткен, бері өткендерден:
– Қарағым, біздің Бұлбұлдар оқудан тарап па?– деп жан 
алқымға алып, жалпылдай сұрап жататын.
Жылдар жылыстай жылжып, ұстатпай ұзай берді. Бұлбұл-
қан да екі жылдық оқуын ақыры тауысты. Əлдебір жасырын 
ойды  ішіне  бүккен  ол  сүйген  жігітінің  əкесінің  көмегімен 
аудан  қалашығына  қызметке  орналасып  қалды.  Бұл  кезде 
Жəзира шешей:
– Баламды өз қасыма жіберіңдер! – деп аудандық үкіметке 
көп рет барса да, ол арадағылардың:
–  Сіз  тұрған  жерде  балаңыз  істейтін  кəсіп  жоқ.  Оның 
үстіне балаңыз да қалада қызмет істеуді қатты талап етеді,– 
деген жауаптарымен мүсеурей қайтып отырды.

14
15
Осылай болса да Бұлбұлқан апта сайын үйіне барып, шеше-
сіне көрініп, көмектесіп қайтатын болды да, Жəзира шешей 
бұған  да  шүкіршілік  етті.  Кей  жексенбілерде  Бұлбұлқан 
əлдебір жұмыстармен айналысып, апасының жанына бара ал-
май қалатын болса, Жəзира шешей бірнеше шақырым шалғай-
дағы аудан қалашығына жаяу келіп, оған қолындағы бəр тəт-
ті-дəмділерін апарып беретін-де, қызының жүзіне бүгін ғана 
көріп  отырғандай  ұзақ  қарап  отыратын.  Бұлбұлқан  қанша 
айтса  да  апасына  бұл  əдетін  қойдыра  алмай-ақ  қойды.  Ол 
үйіне бара алмай қалған шақтары шешесі табанынан тозып 
келе берді.
Бұлбұлқан үйіне бара алмай қалған жəне бір жексенбі күні 
Жəзира шешей Бұлбұлқанның жатағына қаннен-қаперсіз кі-
ріп келді де, есік көзінде сілейіп тұрып қалды. Оның қарсы 
алдында бейтаныс бір жас жігіт Бұлбұлқанды бауырына ба-
сып, тас қылып құшақтап отырған еді.
1984 жылы желтоқсан айында жазылды 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал