Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана. 11-12 қараша, 2011 жыл



жүктеу 86.57 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі86.57 Kb.

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ЖАЗУШЫ. ҒАЛЫМ. 



  

ЕСПЕНБЕТОВ Арап, 

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті  

гуманитарлық-заң факультетінің деканы, филология  

ғылымдарының докторы, профессор 

 

Мен  Тұрсын  Құдакелдіұлын  бозбала  кезінен  танып,  қырық  жылдан 

астам  уақыт  оның  шығармашылық  өмір  жолын  жіті  қадағалап,  әр  түрлі 

орайда пікір білдіріп келемін. Уақыт пен өмір өлшемі ауысқанымен де, оның 

жаңа  шығармасына  орай  бұрынғы  ойларыма  жаңа  пікірдің  қосылғаны 

болмаса,  менің  Тұрсын  туралы  пікірім  өзгерген  жоқ.  Сондықтан  да  оның 

алпыс жасқа толуына орай жасалмақ бұл баяндамның кіріспесіне Тұрсын елу 

жасқа  толғанда  Семей  қаласындағы  кездесу  кешінде  сөйлеген  сөзімді  арқау 

етіп  алмақпын.  Тек  «елу»  деген  сөзді  «алпыс»  деп  түсінсеңіздер  болғаны. 

Кейін  ол  «алпысты»  «жетпіске»  өзгертіп  баяндама  жасауды  өмір  бізге 

жазсын – деген тілекпен сөзімді бастаймын. 

Бес жаста жарға ойнаған лақтайсың,  

Он жаста асық атып тырақтайсың

Он бес пен жиырмаға келгеннен соң – 

Көргенде қызды ауылды қылжақтайсың. 

Жиырма бес, отыз беске жеткен шақта 

Қайнардан көзі ашылған бұлақтайсың. 

Қырықта қия шапқан қылыштайсың 

Елуде ерлер мінген пырақтайсың, – 

деп Кенен Әзірбаев адам өмірінің сатыларын жіліктеп тарқатады. Пешенеге 

жазылған  кесікті  мерзімді  босқа  өткізіп  қапы  қалмай,  арттағыға  үлгі-өнеге 

қалдыруды насихаттайды. 

Адамның  жас  мөлшері,  өмірінің  кезеңдері  жөнінде  жыр  кестелемеген 

ақын қазақта кемде кем. Халық даналығы «Елу – ердің жасы!» деп айырықша 

қастерлесе, өнер ордасындағы дуалы ауыздар елу жасты «шабыттың шаңқай 

шағына», шын таланттың «кемел сәтіне» балап жатады. 

Көлденең көк аттының баршасы соғып өтер елу жас емес, бүгінгі әңгіме 

тумысынан  алла  тағаласы  жар  болып,  дара  тұлғалық  дәрежеге  толассыз 

ізденіс 

нәтижесінде 

шаршамай, 

шалдықпай 

жеткен 

қаламгердің 



жартығасырлық мерейтойы төңірегенде өрбімек. 

«Жақсы  сөз  –  жарым  ырыс»  емес  пе?  Белгілі  жазушы,  ғалым,  сыншы, 

филология  ғалымдарының  докторы,  Республика  ғылымына  еңбек  сіңірген 

қайраткер Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай мерейтойлық жасқа толыпты деген 

хабар  қалың  оқырман  қауымға  жетіп  еді.  Бүгін  жанашыр  туыстарымен, 

қаламгер  құрбыларымен,  атақ-абыройы  мен  даңқ,  дәрежелері  Қазақстан 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

шекарасынан  шығандап  шығып  кеткен  әдебиет,  мәдениет  қайраткерлерінің 



ортасында өзі жетіп отыр. 

Хош келіпсіздер қасиетті Семей жеріне, Шыңғыс еліне қадірменді зиялы 

қауым!  Хош  келдің,  туған  топыраққа  ардақты  Тұрсын  інім!  Тойларыңыз 

тойға ұлассын, қадамдарыңызға гүл бітсін аяулы семейліктер! 

Адам  баласының  жаратылысы,  мінез-құлқы  таңғажайып!  Кейде 

әлдекімді  қолдан  қуыршақ  жасағандай  аяқ  астынан  әспеттеп,  қол-аяғын 

жерге  тигізбей  аспандатып  әкететін  сыңар  езу  мінезімізді  де  жасырмай-ақ 

қояйық?!  Бәз  бір  сәтте  асылымызды  асқақтата  алмай,  жәй  жылтырағанмен 

алтын мен жездің бәсі бөлек, орны өзге екендігін ұқтыра алмай жататын тағы 

да  өзіміз.  Оның  үстіне  күнделікті  бірге  жүріп,  аралас-құралас,  дәмдес-

табақтас,  пікірлес-ниеттес  қалыпта  өмір  сүру  қаламгердің  айырым 

қасиеттерін танып-білуде кедергі болатыны да бар. 

Айтпағым,  бүгінгі  мерейтой  иесі  Тұрсын  Құдакелдіұлының  азаматтық, 

адамгершілік,  шығармашылық  келбетін  сөзге  тиек  еткенде  көрініс  беретін 

объективтік,  субъективтік  жағдаяттардың  творчество  адамының  баршасына 

ортақ  екендігі.  Балалық  шағы,  өмір  жолы  замандастарына  ұқсас.  Абай 

ауданының  Шаған  ауылында  дүниеге  келген  Тұрсын  Кеңес  Одағының 

Батыры Жанғазы Молдағалиев атындағы мектепті тәмәмдаған. Туған жерінде 

қайнаған еңбекке араласқан. 

Туған  жер  демекші,  ұлы  Абай,  шалқар  дария  Шәкәрім,  данышпан 

Мұхтарды  әлемге  сыйлаған  қасиетті  қарт  Шыңғыстың  перзенті  болу  кез 

келгеннің  пешенесіне  жазыла  бермейтін  «ерекше  сый»  екендігін  жанымен 

ұғынуы – қаламгердің болашағын анықтап берген факторлардың ең бастысы, 

әрі маңыздысы. 

Жазушының өзіне сөз берейік: 

«Әкеміз  Құдакелді  марқұмның  сүйегі  осы  кітаптың  басы-аяғында  жиі 

айтылатын  Икенің  күздеуінде  жатыр.  Тағдырдың  тезіне  қатар  ұшыраған 

жандар  еді.  Ике,  Мұсатай,  Халел  Ғаббасовқа  қатысты  деректер  Мұхтар 

Әуезовтің  өмірімен  қатар  өріліп  отырады.  Шәкәрімнің  қазасы  естеріңізде 

шығар.  Соған  байланысты,  Ике  арғы  бетке  ауып  барып,  Жұртбайдың  інісі 

немере  атам  Райбайдың  үйінде  қыс  бойы  тұрыпты.  Әкем  ол  кезде 

Алматының түрмесінде жатқан», – дейді «Бесігіңді түзе!..» атты ғұмырнама- 

толғауында.  Тұрсын  мырза  дүниеге  келген  орта,  тарихи  ортаға  тікелей 

қатысты екендігіне көздеріңізді жеткізудегі мақсатымыз – балалық балдәурен 

шақты  еске  түсіру.  Есейген,  толысқан  Т.Жұртбайдың  қазір  «сөзі  түзелген», 

ендеше тыңдаушым «сен де түзел». 

«Мен  үшін  туған  жердің  босағасы  осы  Күшікбай  асуынан  басталады. 

Бірақ  Шыңғыстың  самалын  сағынған  оқудағы  Абай  мен  өскен  ортадан 

жарақтау жүрген Мұхтар салған жол, Абай мен Мұхтар аттың белін суытып, 

су  ішкен,  жан  рахатын  шақырған  қасиетті  бастау  ғой.  Кімдер  дәм  татпады 

дейсіз.  Шоқан  Уәлиханов,  Федор  Михайлович  Достоевский,  Семенов-Тянь-


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Шаньский,  Григорий  Потанин,  ағылшын  Джордж  Кеннан,  поляк  Адольф 



Янушкевич,  Абай,  Әсет,  Кемпірбай,  Сұлтанмахмұт,  Шәкәрім,  Сәбит 

Дөнентаев,  Мұхтар,  Ғабит,  Сәбит,  Ғабиден,  Қалибек,  Жүсіпбек,  Қайым, 

Жәнібек  сусынын  қандырған  бұлақ.  Абайтанудың,  Әуезовтың  алғашқы  беті 

осы  Күшікбай  асуынан  ашылады.  «Қорғансыздың  күні»  сол  бастауға 

мәңгілікке  орнатылған  көркем  ескерткіш  сияқты.  Солай  болып  та  отыр.  Ол 

кезде  мынау  бауыры  жерге  жабысқан  ескі  қыстаудың  мұражасынан  түтін 

созыла шығып, жанай өткен жолаушыны өзіне шақыратын. Жүдеу тірлігімен 

де жылы ұшырайтын». 

Құрметті  Тұрсын  мырза!  Сіздің  өзіңіз  осылай  перзенттік  ғашықтықпен 

суреттеп,  талмай  насихаттап  келе  жатқан  қыдыр  қонып,  құт  дарыған  туған 

жер босағасы бүгін Сізді өзгеше бір салтанатпен қабылдауда. 

Тұрсын  Құдакелдіұлы  –  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің  журналистика  факультетін  бітірген  соң  түрлі  газет-

журналдарда  қызмет  жасады.  Соның  ішінде  «Жұлдыз»  журналының 

редакциясында  қызмет  істеген  жылдардың  орны  бөлек.  Он  жылдан  астам 

уақыт «Жұлдызда» сын бөлімін басқару ізсіз өткен жоқ. Тұрсын журналдағы 

сын  жанрының  елеулі  орынға  иеленіп,  бетінің  анықталуына  күш-жігерін 

төксе,  «Жұлдыз»  журналы  сынның  әдепті,  әдемі,  салиқалы,  парасатты 

қалыпқа түсуіне ықпалын тигізді. Бұдан ешкім де ұтылған жоқ. 

Т.Жұртбай  1990-1993  жылдары  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 

өнер  институтының  аға  ғылыми  қызметкері,  1993-1996  жылдары  М.Әуезов 

мұражайының  меңгерушісі,  1996-1998  жылдары  «М.Әуезов  үйі»  ғылыми-

мәдени орталығының директоры, соңғы жылдары ҚазҰУ-дың журналистика 

факультетінің, 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

жанындағы 

Мемлекеттік қызмет академиясының аға оқытушы қызметтерін көңілдегідей 

атқарды. 

Тұрсын Құдакелдіұлының «Абай шыңы – Мұхтар шыңы» атты алғашқы 

мақаласы  1966  жылы  мектеп  оқушыларының  республикалық  конкурсында 

бәйгеге  иеленіп,  баспа  бетіне  шыққан  (15  жасында).  Қарымды  қаламгер 

қаламынан  шыққан  құнарлы  дүниелер  отыздан  астам  кітапты  құрапты.  Сан 

жағынан  жемісті,  сапа  тұрғысынан  кенеулі  дүниелерді  берді.  Қазақ  сөз 

өнерінің  бар  жанрына  аянбай  ат  салысып  келеді.  «Замандасым,  сырласым» 

(1976) көсемсөздер жинағы, «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегімде – жұмыр жер» 

(1980)  жыр  кітаптары,  «Бесқарагер»  (1982)  повестер  жинағы,  «Дара  тұлға» 

деректі  хикаясы,  «Жер-бесік»  (1985),  «Бейуақ»  (1990),  «Кетбұға»  (1996), 

«Дулыға»  қостомдығы,  «Күйесің,  жүрек...  сүйесің!»  кітаптары  қалың 

оқырман  қауымның  сүйіспеншілігіне  бөленіп,  жүрегінен  берік  орын  алған 

туындылар. 

«Бейуақ»  –  қаламгердің  суреткерлік,  әрі  ғалымдық  ізденістерін  бір 

арнаға  тоғыстырған  шығарма.  Бұл  кітаптың  жазылуы  да,  оқырманға  шығар 

жолы  да  ауыр  болды.  Ауыр  болатын  жөні  де  бар  еді.  Тұрсын  1916  жыл 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

оқиғасы  турасындағы  өз  шындығына  тауқыметі  көп  айналма  жолмен  – 



Мұхтар  Әуезовтің  ерекше  қиын  тағдырлы  «Қилы  Заман»  повесі  арқылы 

келді.  Әуезов  осы  шығармасын  жазған  тұстағы  әлеуметтік-психологиялық 

хал,  саяси  шырмау  әлі  өзгере  қоймағаны  кешегі  1986-ның  желтоқсанында 

соқырға таяқ ұстатқандай анық болды. 

«Осы орайдан келгенде «Бейуақ» автордың 1916-жыл оқиғасына, Әуезов 

творчествосына  қатысты  нақты  деректерді  әдебиетшінің  ғана  емес, 

тарихшының да терең зердесімен сараптай отырып, өз тұрғысынан толымды 

ойлар  айтқан  туындысы  деп  танимыз»,  –  деп  бағалауы,  белгілі  әдебиетші 

Тұрсынжан Шапайдың қостауды, қолдауды қажетсінетін, ойланып айтылған 

пікір.  1992  жылы  «Бейуақ»  кітабы  негізінде  кандидаттық  диссертация 

қорғауы сөзімізді бекіте түседі. 

Т.Жұртбайдың  әдеби-шығармашылық,  ғылыми-зерттеушілік  еңбегі 

шоғырланған  ірі  екі  сала  бар.  Әдебиет  шаруашылығының  алтын  арқауына 

айналған  абайтану  мен  мұхтартану  оның  өмірінің,  шығармашылығының 

мұрат-мақсатымен  астасып,  біте  қайнаған  ажырамас  дүниелер.  «Бесігіңді 

түзе!..», «Бесігіңді ая!..», «Бесігіңді аяла!..», «М.О.Әуезовтің шығармашылық 

өмірі  мен  көркемдік  әлемі»,  «Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов»,  «Абай  және 

рухани  тәуелсіздік  мәселесі»  монографиялары,  оның  басқаруымен, 

жетекшілігімен,  қатысуымен  дүниеге  келген  «М.О.Әуезовтің  өмірі  мен 

шежіресі»,  «М.Әуезов  туралы  естеліктер»,  «Әуезов  әлемі»,  М.О.Әуезов 

шығармашылығының  елу  томдық  толық  жинағының  алғашқы  үш  томы, 

М.Әуезов  «Ескермедім,  қабылдамадым...»  атты  ашық  хаттар  жинағы  жарық 

көрді  және  оның  араласуымен  «Мұхтар  Әуезов»  энциклопедиясы 

дайындалды. 

Өткен  жылы  қорғаған  докторлық  диссертациясы  –  Абай  мен  Әуезов 

шығармашылығын  басты  нысанада  ұстаған  аса  күрделі  еңбек.  «Бесігіңді 

түзе!»  монографиясы  сол  соқталы  дүниенің  кілті,  ұстап  тұрған  тұтқасы 

іспеттес.  «Сарыарқа»  газетінің  1917  жылы  5  қыркүйектегі  санында  жарық 

көрген «Адамдық негізі – әйел» мақаласында семинарист Әуезов: «Ал, қазақ, 

мешел болып қалам демесең тағлымыңды, бесігіңді түзе!», – деп жар салған 

еді. 

Ұлы  жазушының  бұдан  88  жыл  бұрын  көрегендікпен  жұртына  жол 



сілтеуі  –  зерттеушіні  толғантқан,  тебіренткен  проблема  Т.Жұртбайдың 

«Бесігіңді  түзе!..»  монографиясында  жан-жақты  қарастырылып,  қапысыз 

қопарыла талданған. 

«Бесігіңді  түзе!..»  –  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  жаңалық  әкелген, 

қаламгердің  ғұмырнамасы  мен  жекелеген  шығармаларының  жазылу 

тарихына  арналған  еңбек.  Бір  сөзбен  айтқанда,  суреткер  лабораториясы, 

жазушы мен жазушы дүниеге әкелген дүниелердің психологиясы сияқты аса 

күрделі теориялық маңызды мәселелерді шешуді алдына мақсат етіп қойған 

монография.  Мәселені  қою  бар  да,  оның  шешімін  табуы  бар.  Бұл  ретте 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Т.Жұртбайдың  жеткен  табыстары  баршылық.  Бір  кітаптың  ішінде  қаншама 



тағдыр,  қаншама  тарих  сиып  кеткен.  Автордың  білімдарлығы,  тарихи 

материалдарды  еркін  игеріп,  тиісті  қорытындылар  жасап  отыруы  таң 

қалдырады.  Оның  үстіне  архивте  сақталған  естелік  жазбалалар  мен  көз 

көрген көнеқұлақ қариялардың айтқан деректері де ескерусіз қалмаған. Бірақ 

қажеттісін  сұрыптап  алып,  тарихи  фактілермен  салыстырып  барып  ғылыми 

айналымға енгізу авторды жемісті жолдарға бастаған. 

Ең басты жетістігі қарт Шыңғыстың қатпар-қатпар қойнауындағы тұнып 

тұрған  шежіре  мен  Абай,  Шәкәрім,  Мұхтар  елінің  сөз  қадірін  әспеттейтін 

мінезіне  бойлай  енген.  Ұлылар  елінің  шешендік,  парасаттылық,  тәрбиелілік 

сияқты  көшелі  мінез-қалпына  алыстағы  Алатаудың  биігінен  қарамай,  елдің 

дәстүр,  салт,  психологиясымен  етене  жақын  қалыпта  сыр  ақтаруы  ғалымға 

жарасып-ақ тұрған қасиет. 

Бірінші  бөлімде  Абай  қалыптастырған  дәстүр  мен  жас  Мұхтардың 

азамат, жазушы, қайраткер ретінде өсу жолы сөзге тиек болған. 

«Еңлік-Кебек»,  «Қорғансыздың  күні»,  «Оқыған  азамат»,  «Сыбанның 

моласында», «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қарагөз», «Көксерек» 

шығармаларын  талдау  барысында  ғалым  ретіндегі  ізденісі  мен  суреткер 

қалпындағы толғаныстары сәтті өрімделген. Аталған әр шығарманың жазылу 

тарихы  ыждахатпен,  сүйіспеншілікпен  қадағаланып,  жазушының  жеке 

тағдыры 


мен 

шығармашылық 

процестің 

арасындағы 

көркемдік-

психологиялық байланыстар ашылып, түптеп келгенде соның барлығы архив 

қойнауындағы  деректермен  дәлелденіп  жатады.  Творчество  адамы  үшін 

басты нысана осы ғой. 

«Бесігіңді  аяла!..»  аталатын  екінші  бөлімде  «Түнгі  сарын»,  «Айман-

Шолпан»,  «Қасеннің  құбылыстары»,  т.б.  тақырыбы,  жанрлық  сипаты, 

жазылу  мәнері  жағынан  бір-біріне  ұқсамаған.  М.Әуезов  қаламынан  шыққан 

көркем шығармалар талданған. Мұнда да Оқырманды өзіне ілестіріп, тартып 

алатын  күш  –  ғылыми  тиянақтылық,  тазалық,  зор  білім,  жазушының 

көркемдік әлемін тап басып түйсінуі көзге бұрынырақ шалынады. 

«Бесігіңді  түзенің»  жалғасындай  әсер  қалдыратын  «Талқы»  мойнына 

ауыр  жүк  артқан  шығарма.  Сүйікті  тақырыбы  Әуезов  өмірі  мен 

шығармашылығына  қайрыла  оралып  қоғам  мен  тағдырдың,  тарих  пен 

танымның, тарихи тұлға мен жеке адамдардың талқысына құрылған кітаптың 

ең  басты  ұтқан  жері  –  тек  қана  архив  деректеріне  құрылуында.  Тарих  – 

архивке  тіл  бітіріп,  сөйлете  келе  «Тарих  талқысы»,  «Ел  талқысы»,  «Жер 

талқысы»,  «Заман  талқысы»  М.Әуезовтің  тағдыр-талайына  қалай  әсер  етті, 

одан  шығатын  түйін  қандай  деген  сауалдарға  мынадай  жан-жақты  жауап 

аласыз. 

«Табиғаттың  тауқыметін  ерте  тартқан  қуатты  емендер  қашанда 

шыдамды,  дауылға  қарсы  қасарысып  тұрып  алады.  Сол  сияқты  Мұхтар  да 

сан шайқалып барып қайта қалпына келді. Бірақ жапырағын желге тонатқан 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

жапандағы жалғыз түп ағаштай айналасы үңірейтіп бос қалды... Көпке дейін 



көңіл  сарайы  құлазып,  қоңылтақсып  жүріпті.  Ол  да  бір  өткен  өмірдің 

татқызған кермек дәмі. Мұхтар бұл жылы тура қырық жасқа толды. Алдағы 

жиырма  төрт  жыл  өмірінің  жиырма  жылын  Абайға  арнады»,–  деп  үкілі 

үмітпен аяқтайды Т.Жұртбай. 

Отыздың  ішінде  мұндай  байсалды  пікір  қозғауға  Тұрсынның  толық 

қақысы  бар  болатын.  Оған  негіз  қалайтын  дәлел,  Тұрсынның 

замандастарынан  оқшауланып  тұратын  қасиеті  –  ізденімпаздығы,  білмекке 

құмарлығы.  Қазақ  арасында  нелер  кеудесі  дария,  құйма  құлақ,  білімі  көл 

көсір  дария  тұлғалар  болған  ғой,  сірә!..  Жатпай,  тұрмай,  жалықпай, 

шаршамай жоқ қуушылық және соны кәдеге жаратып іске асыру Тұрсынға да 

тән.  Әсіресе,  Абай  мен  Әуезовке  іңкәрлік,  өлке  тарихына  ғашықтық  –  хат 

тани  бастаған  шағынан  қанына  сіңген.  Сарғалдақтың  шалдарынан, 

Шыңғыстаудың  көнекөз  қарияларынан  естігендерін,  көкіректері  алтын 

сандық  –  Абай  елінің  әңгімелері  мен  өнер  саңлақтарынан  түйсінгендерін 

жалықпай  қағазға  түсіру  бала  кезден  оның  ғадетіне  енген.  Қаншама  адам 

есімдері,  ру,  жер-су  аттары  жасөспірімнің  жадында  жатталған,  соңыра 

көркем шығармаға азық болған. Қайран қаласың!.. 

Ал, шәкірттік пен жастық кешуінде қолтығына алған, оқығаны, түйгені, 

түйсінгені  мол,  әңгімені  бастап  кеткенде  бүгінгі  күннен  бастап  алыстағы 

тарихқа бойлатып алып кететін, сөйлегенде құлақтың құрышын қандыратын, 

айналасы  сілтідей  тынып,  ұйып  тыңдайтын  (кеше  ғана  арамыздан  асығыс 

аттанған)  Рымғали  Нұрғали  мен  Ақселеу  Сейдімбектің  ұлағаты  кімге  де 

болса  өнеге  еді.  Оның  үстіне  Тұрсынның  Әлкей  Марғұлан  мен  Қайыржан 

Бекхожин,  Ілияс  Есенберлин  мен  Қайым  Мұхаметханов  сияқты 

марғасқалардың  «өкіл  баласы»  болғандығы  тағы  бар.  Сондықтан  да  оның 

өткен күндер туралы шежірелері шындыққа құрылады, әрі сендіреді. Нақты 

мысалдарға жүгінелік.  

«Арлы-берлі  кіре  тасып,  көпестік  жасаған  Береке  жол  шетінде  отырған 

Әуезбен  танысады.  Ол  –  Алматы  түбіндегі  Байсерке  елінің  азаматы.  Сол 

Берекенің  немересі  Нұржамалды  Омарханға  айттырады.  Тек  Береке  – 

Әбсеметтің  әкесінің  аты  болуы  керек».  Ұлы  Абайдың  сүйікті  перзенті 

Әбдірахман  науқастанып  жатқанда  шығарған  өлеңінде  атайтын  Әбсемет 

туралы  соншама  таратып  баяндауы  деректерді  сұрыптап,  іріктеудің 

нәтижесінде  жеткен  жемісі.  Немесе:  «Әуез  қарт  немересі  Мұхтарды  дала 

данышпаны  өлерден  бір  жыл  бұрын,  сәуір  айында  алып  барып,  Абайдың 

батасын алды. Абай отырған үйге: «Дінәсіл әженің» қоңыр қозысы ғой бұл» – 

деп Мағауия ертіп кірсе керек. Абай Мұхтарды өзіне шақырып, маңдайынан 

сипапты. Иіскемеген, сипапты. Балаға суық болған ұлы ақын. Бірақ Мұхтарға 

жылы ұшырап, ықыласын аударыпты». 

Сенбеске  әддіңіз  жоқ.  Көзімен  көріп,  бірге  қатынасқандай  әсер 

қалдырады.  Ұлы  адамның  мінезіне,  табиғатына,  ұстанымына,  әдет-ғұрпына 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

қатынасты  көз  көргендердің  естеліктерін  молынан  жинақтап,  керегінше 



кәдеге жаратқаны бадырайып көрініп тұр. 

Т.Жұртбайдың  шығармашылық  өмір-баянындағы  белесті  кезең  –  Алаш 

арыстарының  өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеумен  тікелей  байланысты. 

«Ел – шежіре» баспасынан жарық көрген  «Ұраным  – Алаш!..» үш томдығы 

сұрқия  заман  тарихын  қопара  көтерген,  оқырманына  баға  жетпес  сыйлық 

есебінде  ұсынылған  дүние.  Бұрын  зерттеушілердің  қолына  тимеген,  саяси 

қылмыскер  саналған  аяулыларымыздың  тар  қапаста  азапталған,  адам 

айтқысыз  қасіретті  бастарынан  кешірген  аянышты  тағдыры  нақты 

құжаттарға  негізделіп  шынайы  баяндалған.  Тұрсынның  өз  сөзімен  айтқанда 

«тағдыр  мен  тарихтың  талқысы  тоғысқан,  қым-қуыт  қайшылықтар  мен 

қарама-қарсы көзқарастар шарпысқан, ақыл мен арандату араласқан, тұлғаны 

қорлаудың,  азапқа  салудың  неше  түрлі  амалдары  қарастырылған,  зорлап 

қойылған қолдардың табы бар, ең ақырында олардың көзін жойып жіберген 

үкімдер сақталған» мұрағаттармен танысуға жазушылар Одағының төрағасы, 

қайраткер азамат Олжас Сүлейменовтың ұсынысымен бел шешіп іске кірісуі 

сәттіліктің басы. Жүздеген шаң басқан, қан жұққан, заһар шашқан томдарды 

аянбай  ақтарып  Алаш  ардагерлерінің  аянышты  тағдырын  құнттай  зерделеп, 

баға жетпес ескерткіш соғуы – Т.Жұртбайдың ерлігі. Қазақ тарихына сіңірген 

баға жетпес еңбегі. 

  Тұрсын  Жұртбай  2001  жылдан  Қазақстандағы  аса  ірі  ғылыми-мәдени 

орталық «Отырар кітапханасын» басқарып келді. Жер жаһанды шарлап жүріп 

40  мыңға  тарта  қолжазбалар  мен  сирек  кездесетін  кітаптарды  қорға 

жинақтады. Отыздан астам кітап баспадан шықты. Қайым Мұхамедхановтың 

9  томдығы  мен  Сапарғали  Бегалиннің  6  томдығын  атасақ  та  жеткілікті. 

С.Бегалиннің,  М.Қаратаевтың,  С.Қирабаевтың,  Т.Кәкішевтің,  К.Ақышевтің, 

Р.Сыздықованың,  О.Нұрмағамбетованың,  А.Сейдімбектің,  Р.Нұрғалидың 

мұражай-кітапханалары ашылды. Бұл тағылымды тірлік жалғаса бермек. 

  «Бәрін айт та бірін айт» демекші, оның тыңнан салған жолы – қаламгер 

кітапханасы.  Сонау  өткен  ғасырдың  90-жылдары  басылған  екі  мақаласы  – 

Мұхтар Әуезов пен Абайдың кітапханасы туралы екі мақаласы маған ерекше 

қымбат.  Мәселенің  қойылысымен  қымбат.  Абай  кітапханасының  мөлшері 

қандай, нені оқыды, нені қабылдады? Жеке кітапханасының тізімін жасауға, 

анықтауға  ұмтылу  нәтиже  бере  ме?  Соңғы  бір  екеуара  әңгімемізде  сондай 

күрделі  сұрақтар  көтерілді.  Өкініштісі,  ғылыми  ортада  оны  елеген,  ой 

бөліскен, мән берген пенде көрінбеді. Тұрсынның соңғы кезде назар аудара 

бастаған  Ғазали,  Софы  Аллаяр,  Маржани,  Камариддин  хазірет,  Ғаспаралы, 

Мұхамед  Ғабдуку,  Монтень,  Мэн,  Ницще  туралы  «Мұхтар  Әуезов» 

энциклопедиясына  арналып  жазылған  мақалалары  сол  бір  игілікті  іске  бет 

алғанын аңғартатын сияқты.  

Қысқасы,  Тұрсын  Құдакелдіұлы  Жұртбайдың  халқына  айтары  әлі  де 



жетіп артылады. Ендеше, берекелі білім иесіне толайым табыс тілейік.

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал