Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана. 11-12 қараша, 2011 жыл



жүктеу 50.8 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі50.8 Kb.

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

«АЛАШ!..» ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ 



(Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай туралы сыр) 

 

ЖАҚЫП Бауыржан,  

«Қазақ энциклопедиясы» АҚ президенті,  

Халықаралық Айтматов академиясының академигі

филология ғылымдарының докторы, профессор. 

 

Біздің  ауыл  –  төңірегін  Сарыарқаның  аласа  жоталары  көмкерген 



ықтасынға  орналасқан.  Ауылдың  іргетасы  1934  жылы  құрылған. 

«Мойынсерік»,  «Гүлден  кедей»  ауылдарының  мал  саны  өсіп,  жер 

жағдайлары  таршылық  көрсеткеннен  кейін  сол  кездегі  ақсақалдар  «Тұяқ» 

деген  жердің  маңынан  осы  қонысты  іздеп  тауып,  жаңадан  ірге  теуіпті.  Сол 

ауыл  бертінге  дейін  «Социалистік  Қазақстан»  аталып  келді.  Кейіннен 

«Таңат» ауылы атанды.  

Ауылда  30-40  қаралы  үй  бар  еді.  Жаңағы  тау  қоршаған  жазық  салада 

қырат  беткейлерінен  басталған  бұлақтар  тұс-тұстан  жасыл  шымды  аралай 

ағып жататын. Суы мөп-мөлдір. Сосын ауылдың шетін ала бере қалың қияқ 

өсетін. Қысы қаншалықты қатты болса, жазы соншалықты ыстық болатын.  

Ауылдың  бір  жағы  Әміренің  ән  жайлауымен,  бір  жағы  Әуезовтің  жан 

жайлауымен, бір жағы Тәттімбеттің күй жайлауымен, бір жағы Абайдың жыр 

жайлауымен  шектесіп  жататын.  Ауылдың  үлкен-кішісі  ерекше  ұйымшыл, 

қызық-думанға толы, берекелі жер еді.  

Үлкен  ақсақалдардың  алдын  қия  баспайтынбыз.  Олар  да  өздерінің 

қариялық қалпын сақтаған нағыз қара шалдар еді. Аттары да қызық – Мекіш, 

Сарыбас,  Нығымет,  Аухан,  Мауқай,  Құдакелді,  Рамазан,  Әлімбек,  Есмұхан, 

Ығыбай,  Көшербай,  Кенебай,  Төлебай,  Құйқабай  болып,  тіпті,  өлең 

жолдарындай ұйқасып кете беретін.  

Ал,  әжелер  жағын  еске  алсақ,  олардың  әрқайсысы  бір-бір  кітапқа  жүк 

боларлық тағдыр кешкен ақ шашты аналар еді. Жәми апа мен Бибіш апаны 

бүкіл  кемпірлер  патшадай  сыйлайтын.  Рақан,  Мақтай,  Бикен,  Қарашаш, 

Нұрша,  Үгіл,  Күлжан,  Мәйке,  т.б.  әжелеріміздің  әлдиін  көріп  өстік.  Жазды 

күн  шілде  болғанда,  әжелеріміз  жиналып  алып  жүн  сабайтын,  жіп  иіретін, 

ашық  көгалда  отыра  қалып  өрмек  құрып,  алаша  тоқитын,  сырмақ  басатын. 

Қазанға  сол  жүнді,  тастан  алынған  түрлі-түсті  қынаны  қайнатып,  бояйтын. 

Сол кезде жүгіріп барып, біз асықтарымызды бояп алатынбыз. Қысқасы тау-

тас кезіп, өзенге шомылып, балық аулап, қарақат, бүлдірген теріп, асық атып, 

доп қуып балалық шағымызды естен кетпестей тәтті өткіздік.  

Сол  біздің  бала  кезімізде  үлкендерден  еститініміз  –  анау  Сапаның 

баласы Медеу үлкен жазушы болыпты, жазда ауылға жазу жазуға келгенде, 

арнайы  бие  байлап,  киіз  үй  тігіп  береді  екен;  мынау  Мекіштің  баласы 

Бақтажар  Мәскеуде  Сталиннің  қызы  Светлана  Аллилуевамен  бір  курста 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

оқиды  екен;  ал  Сәдіқұлдың  үлкен  баласы  Төлтай  үлкен  оқымысты,  ғалым, 



доктор, «наук» екен; Құдакелді ақсақалдың баласы Тұрсын Алматыға үлкен 

жазушылық оқуға түсіп, оқып жатыр екен – деген әңгімелер болатын.  

Біз  қара  сирақ  өңкей  ойын  баласы,  сол  әңгімелерге  біріміз  сол 

құлағымызды, біріміз оң құлағымызды бере тыңдайтынбыз.  

Бүгінгі  әңгіме  сол  шағын  ауылдан  шығып,  бүкіл  қазақ  еліне  танымал 

болған қаламгер, ғалым Тұрсын Жұртбай хақында.  

Бір  күні  түс  ауа  берген  кезінде  есік  алдына  шықсам,  Тау  Ата  мен  Тау 

Апа деген екі қарттың үйінің желкесінде таудың басында кітап оқып жүрген, 

үстіне оюлы ұлттық шапан киген жігіт ағасын көрдім. Менің Тұрсын ағаны 

бірінші  көруім  осы  болатын.  Одан  бұрын  да  көргенмін  ғой.  Бірақ  үстіне 

ұлттық  шапанды  желбегей  жамылған,  қолына  кітап  ұстаған  мына  бейнесі  – 

менің есімде мәңгі қалып қойды. Ол кезде Тұрсын аға Алматыда ҚазГУ-дің 

журналистика  факультетінде  оқиды.  Шіркін,  ақын,  жазушы  деген  осындай 

ерекше болады екен-ау! – деп көңілге бір ой келген.  

Кейін  мектеп  қабырғасында  жүргенде,  газет-журналға  құмар  болдым. 

Бір  күні  ұмытпасам,  «Қазақстан  әйелдері»  журналынан  Тұрсын  ағаның  бір 

топ  өлеңдерін  оқыдым.  Ерекше  әсер  еткені  қарындасы  Төлеуге  арнаған  хат 

пішініндегі өлеңі.  

 

 

Т Ө Л Е У Г Е 



 

Сездірдің-ау тынысын жақындардың,  

Елжіретіп жүрегін ақындардың.  

Көз жасыңның қағазға табы қалған,  

Қарындасым, ауылдан хатыңды алдым. 

 

«Жүрген аға алыста сағындырып,  



Білейінші өзіңнің жайыңды ұғып.  

Қарлығаштың тасымал суындай-ақ,  

Кеткенің не сәлемге зәру қылып. 

 

Өзің білші, ағажан, күлесің бе,  



Жасап алдық сырғанақ күресінге.  

Үшбу сәлем атыңа жолдап отыр,  

«Әй-дөй апа» кәрияны білесің бе? 

 

Жамырапты бұзаулар сай жаққа өтіп,  



Отырған ем мен Иса Байзақты оқып.  

Айымханның қолы да босамайды,  

Аяғыңа түбіттен байпақ тоқып. 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

 



Садаққа иіп жасаған ырғайыңды ап,  

Анда-санда күрсініп «құдайымдап».  

Сен дегенде ішерде асын қойып,  

Атам да жүр өзіңді уайымдап. 

 

«Қалашыл боп кетті ме дала құсым», –  



Дейді ашулы, саралап тарамысын.  

Қызға жазған хатыңды сезіп жүрміз,  

Бізді ұмытып, көкетай, барамысың. 

 

Тулағанда өмірдің арнасы кеп,  



Бір анадан үш өмір жалғасып ек. 

Хатқа салдым бір сомды аз да болса,  

Көкежаным тарығып қалмасын деп. 

 

«Жақсы ақын бол, өлеңді сүйетін ем...»  



Босағанын көрмеп ем жүйе тілмен.  

Жылы лебің көзіме жас алдырды,  

Айналайын, жарығым, ниетіңнен! 

Осы  өлеңнен  Тұрсынның  бүкіл  өмірінен  хабар  алуға  болады. 

Тұрсекеңнің  әкесі  Құдакелді  ақсақалды  көзіміз  көрді.  Шүңірек  көзді,  ашық 

жүзді,  салалы  қолдары  тарамыс,  аз  ғана  шоқша  сақал,  мұрты  бар,  түлкі 

тымақ,  сырма  тымақ,  қаракөл  тымақтың  түр-түрін  басынан  тастамайтын 

қария  еді.  Тұрсын  аға  анадан  жастай  жетім  қалған  үш  ағайынды  болатын. 

Қарындасы Төлеу ҚазГУ-дің филология факультетінде оқып жүріп, тіпті он 

екіде бір гүлі ашылмай «Дегелеңнің дерті» – ақ қаннан қайтыс болды. Апайы 

Айымхан  керемет  бауырмал  жан  еді.  Алматыға  келгеннен  соң,  отанасы 

болып,  перзент  сүйіп,  ол  да  «Дегелеңнің  дертінен»  ертерек  кетіп  қалды. 

Өлеңдегі «Әй-дөй апа» Тұрсын ағалармен көрші тұрған Жәми апа деген кісі 

еді.  Құдакелді  ақсақалдың  үйі  ауылдың  шет  жағындағы  жер  кірпіштен 

салынған ұзынша үйде тұрды.  

Бір есімде қалған оқиғаны айтайын. Тұрсын ағаның апайы Үмітхан апай 

менің  бірінші  кластан  сабақ  берген  мұғалімім,  әрі  бізбен  құдайы  көрші 

болды.  Құдакелді  ақсақал  ауырып,  сырқаттанып  жүрген  кезі.  Сонда  түн 

қараңғысында  Үмітхан  апай  мені  қасына  ертіп  фонарь-шамның  жарығымен 

Құдакелді атаға бардық. Кейде біздің ауылда электр жарығы болмай қалатын 

кездері  болушы  еді.  Сондай  күннің  бірі  болар.  Сондағы  Құдакелді  атаның 

бейнесі әлі  көз  алдымда.  Басында  көк сырмадан  тоқылған,  қаракөл  тымағы. 

Ерекше мейірімді, бірақ тағдырдың көп тауқыметін көрген қарттың бейнесі. 

Тұрсын  ағаның,  Төлеудің  оқудағы  кезі.  Жүзінде  сарғайған  сағыныштың 

табынан, тағдырдың салған әжімі де бар. Бара: «Ассалаумағалейкум!», – деп 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

сәлем бердім. Апай біраз сөйлесіп отырды. Мені ерекше жақсы көріп, алдына 



алып, емірене сүйіп, сосын кетер кезде тамаша бір тәтті сөздерден құралған 

бата  берді  маған.  Мен  қолдағы  фонарь-шамды  көтеріп,  қараңғы  түнді  қақ 

жарып апаймен бірге қайта бердім... 

Кейін арман қуып Алматыға оқуға келгенде, Тұрсын ағамды іздеп тауып 

алдым.  Қазақстан  Жазушылар  Одағы  ғимаратының  үшінші  қабатында 

отырады екен. «Жұлдыз» журналы сын бөлімінің әдеби қызметкері. Мені сол 

бөлімнің  меңгерушісі,  адуынды  ақын  Жарасқан  Әбдірашевпен  таныстырды. 

Екеуі бір бөлмеде отырады екен... 

Алғашында  «Қоңырқаз»,  «Жүрегімде  –  жұмыр  жер»  жыр кітаптарымен 

ақын  ретінде  танылған  Тұрсын  Құдакелдіұлы,  кейін  газет-журнал  бетін 

бермейтін пікірталас, проблемалық мақалаларымен кең көрінді. «Замандасым 

–  сырласым»  деген  очерктер  жинағын  шығарды.  Мұнан  соң  әдеби  ортаға 

дендеп еніп, салиқалы сын мақалаларымен елді елең еткізді.  

Біртуар  актер  Қалибек  Қуанышбаев  туралы  «Дара  тұлға»  атты  деректі 

шығармасы  да  оқырманның  оң  бағасын  алды.  «Жер-бесік»  романы  үшін 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  І.Жансүгіров  атындағы  сыйлығын  алды. 

Кейінірек біржолата ғылыми-танымдық, деректі шығармалардың ізіне дендеп 

түсіп,  таза  зерттеушілік  қызметпен  айналысты.  Мұрағаттарды  ақтарды, 

сарғайған  газет-журналдар,  сирек  қолжазбалар  бетінен  тарихи  тың 

мағлұматтарды  тауып,  ғылыми  айналымға  енгізіп,  ақтаңтақтар  ақиқатын 

ашты.  

Қазақтың көне тарихына сүңгіген 2 томдық «Дулыға» тарихи-танымдық 



кітабының  берер  тағылымы  мол.  Ұлы  Абай,  данышпан  Мұхтар  туралы 

зерттеулеріндегі ойлардың өміршеңдігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бұл ретте 

«Бейуақ», «Бесігіңді түзе!», «Талқы», «Мұхтар Омарханович Ауэзов» (түрік, 

орыс  тілдерінде,  Анкара),  «Күйесің  жүрек...  сүйесің!»,  «Бесігіңді  аяла», 

«Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары.  

Ал 1922-1937 жылдар аралығындағы, 50-ші жылдардағы ұлт зиялыларын 

қудалау,  қуғын-сүргінге  ұшырату  туралы,  «Алаш»  партиясы  мен  Алашорда 

үкіметі  басшылары  мен  мүшелерінің  (жиыны  71  адам)  үстінен  жүргізілген 

тергеу  істерінің  негізінде  «Ұраным  –  Алаш!..»  атты  үш  томдық  зерттеу 

монографиясының шығуы – рухани дүниемізде үлкен резонанс туғызды. 

Тұрсын  Жұртбай  1992  жылы  кандидаттық,  2000  жылы  докторлық 

диссертациясын қорғап, 2002 жылы профессор ғылыми атағын алды.  

Қазір есімі жазушы, публицист, сыншы, ғалым – энциклопедист ретінде 

алты  алашқа  танымал  болған  Тұрсын  ағамды  өз  басым  мақтан  тұтамын. 

Қашан көрсең, ақкөңіл, адал, ұлтжанды қасиеттерімен замана мінберінен сөз 

алып, қоғамдық белсенділік қабілетімен көрініп жүргені.  

Бір  ауылдан  шыққан  ақын  ағасы  Төлеужан  Ысмайловтың,  өмірден 

мезгілсіз  озған  рухани  ұстазы  Рымғали  Нұрғалиевтың,  Шаған  өзенінің 

жағасында  құлын-тайдай  тебісіп  бірге  өскен  жан  досы,  ғажайып  әнші 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Жәнібек Кәрменовтың, кешегі ауызша мен жазбаның алтын көпіріндей дуалы 



ауыз  Шәкір  ақынның,  құйма  талант,  суырыпсалма  ақын  Қалихан 

Алтынбаевтың,  дүниеден  ерте  кеткен  семейлік  ақындар  Мерғали  Ибраев, 

Ақылбек Манабаев, Әнуарбек Мәкеновтердің қашан көрсең, жоқшысы болып 

жүреді.  Оның  кең  жүрегіне  жасы  үлкен  аға  да,  жасы  кіші  іні  де,  бәрі-бәрі 

сыйып кетеді.  

Асқан  мейірбан,  шуақ  төккен  бауырмал  қалпымен  ол  өзінің  үлкен 

жүректі  нағыз  қазақ  екенін  әлдеқашан  дәлелдеп  қойған.  Тынымсыз 

еңбекқорлық,  дәйекті  жазудың  шебері  ретінде  ол  зиялы  қауымның  биік 

бағасын алды.  

 

Домбыра – Аға, Шаңқобыз – Аға! 



Жүрекке салмақ салмаңыз, Аға! 

Астана жақта жүрсеңіз-дағы, 

Бізге бірер хат жолдаңыз, Аға! 

 

Сайын далада көшкенбіз біздер,  



Сәруар самал боп ескенбіз біздер. 

Абайға қарап Мұхтар өскендей

Тұрсынға қарап өскенбіз біздер.  

 

Дауылға төсеген құс төсін, Аға! 



Үйіңе мол-мол ырыс келсін, Аға! 

Алаштың рухы қолдасын Сізді,  



Қолыңнан қалам түспесін, Аға! 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал