Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



жүктеу 154.2 Kb.

Дата11.05.2017
өлшемі154.2 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 

ФЕДЕРАЛДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ОРЫНБОР 

МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ЗАПАДНО – КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ 

ИМ. М. УТЕМИСОВА 

ФЕДЕРАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ БЮДЖЕТНОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ 

ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ  

ОРЕНБУРГСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

WEST KAZAKHSTAN STATE UNIVERSITY AFTER  M. UTEMISOV 

FEDERAL  STATE BUDGETARY EDUCATIONAL INSTITUTION OF HIGHER  EDUCATION  

ORENBURG STATE  PEDAGOGICAL UNIVERSITY 

 

 

 



 

 

«Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті 



мәселелері» 

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 

МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

20 қазан 2016 жыл 



 

 

 



МАТЕРИАЛЫ 

международной научно-практической конференции 



«Актуальные проблемы теории и практики инклюзивного 

образования» 

 

20 октября 2016 года 



 

 

 



MATERIALS 

of the international scientific-practical conference 

Actual problems of the theory and practice of inclusive education” 

 

20 october 2016 year 



 

 

 



 

 

Орал – Уральск - Uralsk 



 

ӘОЖ 159.922.7 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

ЖОЛДАРЫ 

 

Муканова Н.Е., Абдрахманова У.К., Мергенова Р.Қ. 

(Қазақстан, Орал қ.) 

 

Қазіргі  кезеңде  арнайы  білім  беру  саласы  әлемдік  білім   кеңістігіне  енуіне  байланысты 

жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан 

оқушылардың  дербестігін  және  танымдық  қабілеттерін  дамытып,өмірдің  жаңа  жағдайларында 

пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектелген балалардың 

танымдық  қабілеттерін  дамыту  –  түзету  (коррекциялық)  жұмыстары  өзекті  мәселенің  бірі  болып 

отыр.Бұл  мәселені  зерттеумен  айналысқан  ғалымдар  М.С.Певзнер,  Т.А.Власова,  К.С.Лебединская, 

В.В.Ковалев,  П.Е.Сухарева,  В.И.Лубовский  т.б.   бала  дамуы  ерекшеліктеріне  қарай  өз  пікірлерін 

ұсынды. 

Инклюзивті  білім  беруді  дамыту  бағыттары  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  білім 

беруді  дамыту  бағдарламасында  шешімін  тапты.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  заңының» 

20–шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни, 

-арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары жүзеге асырады. 

-дамуында  әртүрлі  ауытқулары  бар  балаларды  емдеуге  және  психологиялық    педагогикалық 

тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала-бақшалар, психологиялық – медициналық 

– педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады. 

-ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай – ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі 

бар 


мүмкіншіліктері 

шектеулі 

балалар 

мен 


жасөспірімдерге 

арнаулы 


түзету 

мекемелері   ұйымдастырылады.  Балалар  мен  жасөспірімдердер  бұл  ұйымдарға  ата  –  аналарының, 

психологиялық  –  медициналық  –  педагогикалық  кеңестер  негізінде  жіберіледі.Сонымен  қатар, 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 11 – шілдеде «мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары 

мен  оларды  әлеуметтік  қамсыздандыру  туралы»  заңы  қабылданды.  Бұл  заңда:«Барлық  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  ерекше  түрін  ескере  отырып,  оларды  арнайы 

мекемелерге  орналастыру,  оларға  жағдай  жасау,   психологиялық  –  медициналық  –  педагогикалық 

кеңестер арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу, әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 

Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқы бар» делінген. Сонымен қатар: 

-  кемтар  балалардың  әлеуметтік  және  медициналық  –  педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдауда 

кепілдікті тегін алуға; 

-мемлекеттік  медициналық  ұйымдарда  психологиялық  –  медициналық  –  педагогикалық 

кеңестерде тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға; 

-дене  немесе  психикалық  кемістіктері  байқалған  сәттен  бастап,  оның  көріну,  дәрежесіне 

қарамастан,  психологиялық  –  медициналық  –  педагогикалық  консультация  қорытындысына  сәйкес 

тегін психологиялық – медициналық – педагогикалық түзеуге; 

-медициналық  айғақтамалары  бойынша  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген 

тәртіппен  протез  –  ортопедия  бұйымдарымен  және  аяқ  киіммен,  арнайы  қарпі  бар  баспа 

басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық 

техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілуге; 

психологиялық  –  медициналық  –  педагогикалық  консультациялардың  қорытындысына  сәйкес 

білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға; 

-мемлекеттік  оқу  орындарында  мемлекеттік  білім  беру  бағдарламалары  шегінде  конкурстық 

негізде тегін кәсіптік білім алуға; 

-оқу   бітіргеннен  кейін  алған  біліміне  және  (немесе)  кәсіби  даярлығына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар; 

-Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік  тегін білім алу, білім беру басқалармен бірдей 

болған  жағдайда,  медициналық  —  әлеуметтік  сараптау  бөлімдерінің  қорытындысына  сәйкес  тиісті 

білім беру ұйымдарында білім алуына болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер 

басым құқыққа ие болады; 

-жетімдер  қатарындағы  ата–анасының  қамқорлығынсыз  қалып,  толықтай  мемлекет  қамтамасыз 

ететін  кемтар  балалар  арнаулы  білім  беру  ұйымдарында  болуын  аяқтағаннан  кейін  және  кәмелеттік 

жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен 

қамтамасыз етеді. 



Психикалық  дамудың  кешеуілдеуі  –  бұл  анамалияның  дамуы,  яғни  көбінесе  ол  оқу  жылының 

алғашқы  айларында  байқалуы  мүмкін.  Ол  негізінен  балалардың  оқу  процесінің  қажеттіліктеріне 

адаптацияланбауынан байқалады. 

Мүмкіншіліктері  шектеулі  адамдардың  әлеуметтік  байланыс,  қарым–қатынас  құқықтары 

халықаралық  заңдылықтармен  бекітілген.  Балалар  бірінші  кезекте  қамқорлық  пен  көмекке  ие  болуы 

тиіс.  Балалар  құқығы  (1959  ж).  Декларациясында  былай  делінген:  «Барлық  балалар  нәсіліне,  ақ  – 

қаралығына,  жынысына,  тіліне,  дініне,  саяси  және  басқа  да  түсінігіне,  туған  жері  мен  жағдайына 

қарамастан мүмкіншіліктердің бәріне құқылы». 

Балалардың  ақыл–ой  дамуындағы  жеңіл  ауытқулар  «психикалық  дамудың  тоқтап  қалуы»  деп 

аталатын  терминмен  сипатталады.  Бұл  жағдайдың  негізгі  себебі  бала  миының  әлсіз  түрдегі 

органикалық  зақымдануы  немесе  іштен  туа  біткен,  туылуы  кезінде  және  өмірінің  бастапқы 

кезеңдерінде  болған  жағдайлар  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  дамудың  тоқтап  қалуы  жоғарғы 

жүйке  жүйесінің  ауруларымен,  созылмалы  соматикалық  жағдайлармен,  бас  мидың  жарақаттануымен, 

эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал. 

Танымдық  белсенділіктің  төмендеуі   айнала   туралы   білім  қорының  және  баланың  мектепте 

оқуының  алғашқы   сатысындағы  жасына   сәйкес  практикалық  дағдыларының  шектелуінен 

көрінеді.Тілдің  аздаған  жетімсіздіктері  дыбысты   дұрыс   айтпаудан,  сөздік  қордың  жүдеулігі  мен 

жеткілікті   сараланбауынан,  логикалық,  грамматикалық  құрылыстарды  меңгерудің  қиындығынан 

көрінуі  мүмкін.  Балалардың  едәуір  бөлігінде  фонетикалық-фонематикалық  қабылдаудың  жетімсіздігі, 

есту-сөйлеу жадының төмендеуі байқалады.  

Танымдық қабілеттерінің бұзылысы барысында – қабылдау мен ойлау процестеріне ерекше мән 

беріледі.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларда  сөйлеу  тілінің  артта  қалушылығы  басым  келеді.  Оқу 

процесінде балалардың цереброастениялық синдромдары анық байқалады. Осының негізінде, балалар 

пассивті,  ашуланғыш,  шыдамсыз  күйінде  болатыны  белгілі.Жалпы  сөйлеудің  бұзылысы  кезіндегі 

психикалық  дамудың  кешеуілдеуі  байқалады.  Сөйлеудің  бұзылуы  көбінесе  ойлау  әрекеттеріне  кері 

әсер  береді.  Осы  уақытта  вербальдық  –  логикалық  ойлауда  дамудың  кемшіліктері  анық 

байқалуда.Ойлаудың бұзылуы – ауыр  жағдай кезінде де, мектептің жағдайына да кері әсер етеді. Есту 

қабілеті  бұзылуының  ауыр  жағдайындағы  психикалық  дамудың  кешеуілдеуі,  бұл  есту  қабілетінің 

сөйлеу  тілі  қабілетінің  бұзылысымен  тығыз  байланысты.  Осы  қатынастардың  негізінде,  саңырау 

балаларда вербальдық – логикалық ойлау қабілеттері төмен болады.Сөйлеу тілі қабілеттерінің бұзылу 

салдарынан, бұл балалардың  түсініктері де аз болады. Олардың абстракциялау, қарым–қатынас жасау 

дағдылары  ең  төменгі  жағдайда  болатыны  анық.  Есту  қабілетінің  бұзылысы  кезінде,  бұл  топтағы 

балалардың  жалпы  жағдайлары  өзгеріске  ұшырайды.  Осы  уақытта  бұл  балалар  инфантилимзнің 

қылықтарын қайталай отырып, өзін-өзі бақылаулары шектеледі. Осының нәтижесінде, саңыраулықтың 

әсері  ми  қызметінің,  органикалық  жағынан  төмендеуіне  әкеліп  соғады.  Бұл  дегенеміз,  яғни 

цереброастениялық синдромының негізгі көріністері байқалады. 

Көру  қабілетінің  ауыр  жағдайындағы  психикалық  дамудың  кешеуілдеуі.Көру  қабілетінің  артта 

қалушылығы  –  баланың  моторикалық  сферасының  бұзылысына  негіз  болады.  Сондай–ақ,  кеңістікті 

бағдарлауы  бұзылады.  Соқырлықтың  бұзылуы  алуан  түрлі  әрекеттер  негізінде  анықталады:  пәндік-

маникулятивті;  ойындық.  Көру  қабілетінің  ауыр  жағдайында,  яғни  эмоциональдық  –  ерік  сферасы 

бұзылады. Бұл топтағы балалардың  барлығы тұйықтау, өзімшіл,  өздерінің әрекеттерін қорытындылай 

алуы мүмкін. 

Соматикалық аурулар жағдайындағы психикалық дамудың кешеуілдеуі кезінде 

соматикалық  ауруларда  –  астениялық  синдромдар  пайда  болады.  Осы  синдромдар  физикалық 

және  психикалық  жағдайлар  кезінде  анықталады.  Көптеген  балаларда  эмоциялық  ерік  сфераларының 

тұрақсыздығымен қатар, ашуланғыш жағдайдағы қылықтары болады. Осы топтағы балалар невроздық 

көңіл – күйде болатыны анықталды.  

Психикалық  дамуы  кешеуілдеген  балалардың  танымдық  қабілеттерін  диагностикалау 

мақсатында мынадай зерттеу әдістері қолданылды.Олар: 

 - Қабылдауын зерттеу; 

 - Есте сақтауын зерттеу; 

 - Ойлау қабілетін зерттеу; 

 - Зейінін зерттеу. 

Арнайы түзету  сабақтарын  жоғары дефектологиялық  білімі бар педагогтар-ологофренопедагог, 

логопед, педагог-психолог жүргізуге  тиіс. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға   арналған   мектепте  (мектеп-интернатта),  сыныпта  оқу-тәрбие 

процесін ойдағыдай  жүзеге  асыру үшін кешенді түзеу-дамыту жұмысын жүргізу қажет.Олар: 

балалардың  



соматикалық  

және  


психоневрологиялық 

денсаулығын 

нығайтуға 

бағытталған  емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүзеге  асыру; 

- қорғау режимін сақтау (3-сыныпты қоса алғанда күндізгі ұйқы, серуендеу, т.с.с.); 


-  төменгі  сынып  оқушылары  үшін   ақпанда   ұзақтығы  7  күнтізбелік   күннен  құратын  қосымша 

демалыс   ұйымдастыру.  Жекелеген  оқушыларға  (мед.  Айғақтамалар  бойынша)  аптасына   бір  рет 

«демалыс күні» берілуі мүмкін; 

- психологиялық жайлы ахуал жасау; 

-  балалардың  білім  беру   стандартының   талаптарына   сәйкес   білім  беру   бағдарламаларын 

ойдағыдай меңгеруі үшін қажетті ғылыми-әдістемелік жарақатандыру. 

ПДТ балаларға  арналған сыныптардың  толықтырылуы 9-дан 12 адамға  дейін  болуы тиіс. 

Бір оқушыны  үйде  жеке оқыту үшін  аптасына  дайындық сыныбында, 1-4 сыныптарда -8сағат, 

5-9  сыныптарда  10  сағат  бөлінеді.  Мектептің  (мектеп-интернаттың)  материалдық-техникалық  базасы 

жалпыға  арналған  мектептің  жабдықтарына   қойылатын   талаптарға   сәйкес  келуге  тиіс.  Жалпыға 

арналған   мектепке   көзделген  үй-жайлардың  сыртында  арнайы  мектептің  (мектеп-интернаттың)  1-3 

сыныптарға  арналған  логопедтік  сабақтар,  психологпен  сабақтар  өткізуге   арналған  үй-жайлары, 

емдік   дене  шынықтыру  мен  ритмикаға  арналған  медициналық  кабинеттері,  физиотерапия,  ойын 

бөлмелері,  еңбекке  баулу  кабинеттері  және  4-9  сыныптарға   арналған   еңбек  шеберханалары  болуға 

тиісті.  Көпшілік  оқитын  мектептердегі  ПДТ  балаларға   арналған  сыныптарда  түзеу-тәрбиелеу 

міндеттерін   ойдағыдай   іске   асыру  үшін  балаларды  оқытудың  барлық   жылдарында  ұзартылған   күн 

режимі бойынша  жұмыс  жүргізген дұрыс. Өзін-өзі даярлауды ұйымдастыру  үшін тәрбиешілермен бір 

мезгілде  

пән  

мұғалімдерін  



тартудың 

пайдасы 


көп.Балаларға  

логопедтік 

көмек 

көрсету   үшін   білім   беру   мекемесінің  штаттарына  кемінде   сөйлеу  қабілеті  бұзылған   15-20 



адамның  есебінен  бір жүктемелік  логопедтің лауазымы енгізіледі. Мектепте осындай  типтегі  сынып 

үштен  асып  кетсе,   штаттық  кестеге:  психолог-педагог,  әлеуметтік  педагог,  дефектолог 

және  басқа  мамандардың қосымша жүктеме  енгізу  жөнінде мәселе  қарауға  болады. 

Түзеу 


сабақтарын 

бүкіл 


сыныппен  

бір  


мезгілде  

өткізуге;жекеше-топтық 

түзеу 

сабақтарына   бөлінген   сағаттарды   бүкіл  сыныпқа  арналған  жаңа  курсты  өткізу  үшін,  логопедтік 



сабақтарды,  психологпен  сабақтарды  өткізу   үшін  пайдалануға;қосарлас  сыныптар  арасында  түзеу 

сағаттарын  қайта  бөлісуге  жол  берілмейді.Оқу   жоспарында   балалардың  ана  тілі   мен 

математиканы   меңгерудегі  өзіндік  қиындықтары  ескеріледі,  соған  сәйкес  осы  пәндерге 

жалпыға  арналған  мектептердің базистік  жоспарларымен салыстыра отырып сағаттар санын  көбейту 

көзделген.  «Түзеу  ритмикасы»  міндетті   оқу  пәні   ретінде  ПДТ  балалардың  қимыл  және  сөйлеу 

дағдыларын   дамытудағы   ауытқуларды   жеңу  қажеттілігіне   байланысты  енгізіліп  отыр.  Қалған  оқу 

пәндеріне  қатысы  жөнінен  эмоциялық-тұлғалық  жағынан  түзеуге   және  оқушылардың   танымдық 

қызметін  жандандыруға  мүмкіндік  беретін   эстетикалық   цикл  пәндерінің  (музыка,  бейнелеу  өнері, 

дене   тәрбиесі)  мәні   бірдей   деп  санауға   болады.Әлеуметтік  бейімдеу,  оқушылардың   оқу  қызметін 

нормалау  үшін  еңбекке  баулу  сабақтарының   үлкен  маңызы  бар,   оны   бастауыш  мектепте  басқа 

пәндермен 

ауыстыруға  

болмайды. 

Еңбек  


және 

кәсіби  


оқытудың 

мазмұны   жергілікті   жағдайларды,   оқушылардың  денсаулық  жағдайын  ескере  отырып  белгіленеді 

және   еңбектің   вариативтік  бейіндері  негізінде  жүзеге  асырылады.  Еңбек  және  кәсіби   оқыту 

сабақтарын өткізген кезде 5-сыныптан бастап сыныптар 2 топқа  бөлінеді. 

«Әлеуметтік-тұрмыстық  бағдарлау»  (ӘТБ)  курсы   оқушылардың  бойында  өмірлік  біліктік 

дағдыларын 

қалыптастыруға, 

қоғамдық 

және  

тұрмыстық 



өмірге  

өз 


бетінше 

дайындауға   бағытталған.Жеке-топтық  түзеу  сабақтарының   мазмұны  толыққанды  оқу  қызметін 

қалыптастыруға   бағытталған. Бұл  үшін бастауыш сыныптарда мінез-құлық пен танымдық дәлелдерді 

ерікті  түрде  реттеуді  дамытуға  ықпал  ететін  ережелер  бойынша   ойындар,  рөлдік  ойындар 

пайдаланылуы  мүмкін.ПДТ  кіші   буын  оқушыларының  басым  бөлігі  үшін  ұсақ  моториканы  дамыту 

жөніндегі  сабақтар  қажет.  Бұл  мақсатта  илеу,  сурет  салу,  құрастыру,  мозаикамен  жұмыс 

сияқты   қызмет  түрлері  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Жеке-топтық  сабақтар   тіл  дамуында,  кеңістікте 

бағдарлануында  кемістіктері   бар   балалар,  оқу  пәндерін  меңгеруде  қиындық  көретін  оқушылар 

үшін   де ұйымдастырылады.Жеке-топтық түзеу сабақтары   мен логопедтік   сабақтар  оқушылардың  ең 

көп 


жүктемесінен 

тыс 


өткізіледі. 

Әрбір  


сыныпта 

осы 


сабақтарға 

бөлінетін 

апталық 

сабақтардың   көрсетілген   саны   әрбір  жеке  оқушының  емес,  мұғалімнің  жүктемесіне  кіреді.  Әрбір 

оқушының  үлесіне  аптасына  15-тен  30  минутқа  дейін   тиеді.  Сабақтар   жеке  немесе  түзеу 

кемістіктерінің  ұқсастығы   негізнде   жинақталған  шағын   топтарда  (2-3  оқушы)  өткізіледі. 

Төменгі   сынып   оқушылармен  жеке-топтық  түзеу  сабақтарын  негізгі  мұғалім  жүргізеді.  Ол 

шағын   топтармен  жұмыс   істеген   уақытта   логопед  пен  психолог  сыныптағы  басқа   балаларға  сабақ 

береді.  Жоғары    сыныптардағы  жеке-топтық  сабақтарға  бөлінген  сағаттар  пән  мұғалімдердің 

арасында   бөлінеді.  Осы  сабақтарда  оқушыларға   білім  беруде   кеткен   оқулықтардың   орны 

толтырылады  және  қиын  оқу  материалын  меңгеруге   дайындық   жүзеге   асырылады.  Танымдық 

белсенділігі  жеткіліксіз  балаларда  тез  шаршау,  тежелгіштік  байқалады.  Бұл  балалар  есептің  шартын, 

диктанттық  түрде  айтылған  сөйлемдерді  есіне  сақтай  алмайды,  зейіндерін  тапсырмаға  бағыттай 

алмайды,  мектеп  тәртібіне  бағына  алмайды.  Мұндай  балалар  ерекше  көңіл  бөлуді,  түзетіп  оқытуды, 

емдеу  мекемелерін  талап  етеді.  Оқу  әрекетін  қалыптастырудағы  түзету  жұмысы  сабақ  уақытында 

қалаған  оқу  пәні  кезінде  жүзеге  асырылады,  әсіресе  еңбек  сабағында  баланың  көптеген  қасиеттерін 



(батылсыздық,  енжарлық,  баяулық  т.б.)  дамытуға  болады.  Баланы  айналадағы  ересектермен, 

құрдастарымен  араласуға,  өзіне—өзі  қызмет  етуге  үйрете  білу  қажет.  Баланы  қоршаған  ортамен 

таныстыра отырып, оны саяхаттарға, серуендерге шығару қажет. Мұның барлығы оның дүниетанымын 

кеңейтеді, сөздік қорын дамытады.  

Таным процесінің негізгі түрінің бірі – сөйлеу, адамдардың дыбысты тіл арқылы өзара қарым – 

қатынас процесін «сөйлеу» деп атаймыз. Бұл қарым – қатынасты әр адам өзінше, тіл құралдары арқылы 

іске  асырады.  Ал  тіл  болса  сол  құралдардың  (дыбыс,  сөз,  сөйлем  )  осылардың  арасындағы  байланыс 

жүйесі, яғни дыбыс қоры  және сөздік қоры сондай – ақ грамматикалық  формалары болып табылады. 

Тіл  қоғамдық  даму  барасында,  амалдардың  өзара  сөйлесу,  қарым  –  қатынас  жасау  процесінде  пайда 

болған, сөйтіп адам дайын тілді игерген. Ойлау мен сөйлеу бір – бірімен өте тығыз байланысты.Бірінші 

сыныпқа  немесе  мектепке  дейінгі  балалардың  сөздерінің  мағыналық  жағы  көп  жағдайда  жетіле 

қоймайды,  сөздің  мәнісін  түсінуі  нақты  болмайды.  Балалардың  сөйлеу  әрекеті  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты  өзгеріп, айналасындағы адамдардың қисық айтылған сөздерін тез қағып алу арқылы кері 

әсер береді. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жақын болады. Сондықтан 

әрбір  мұғалім бірінші кұннен бастап  –  ақ балалардың  сөзбен сөйлемді  өз мәнісінде дұрыс  қолдануды 

қадағалау  тиіс.  Тілді  дамытуда  монологты  сөйлеудің  пайдасы  мол,  ол  баланың  ойын,  сөзін  бөлмей 

аяғына  дейін  тыңдап,  соңынан  әңгіменің  кемшіліктерін  түзетіп  отырған  тиімді.  Сонымен  қатар 

жазбаша сөйлеудің баланың тіл мәдениетін дамытуда ерекше орын алатын фактор. Сөздік қоры дұрыс 

дамымаған  баланы  жазба  жұмыстары  да  дұрыс  болмайды.  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес 

тілінің  дамуын  психологиялық  тұрғыдан  қарастырған  Л.С.Выготский  мен  швейцария  психологы  Жан 

Пиаже болды. Балалардың тілі дамыту үшін ең алдымен барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс 

айтуға  үйрету  барысында  сөздің  дыбыс  анализінің  жүйелі  түрде  жаттықтыру  қажет.  Егер  баланың 

тілінде кемшілік болса онда тиісті педагогикалық әдіспен мектепке келген күннен бастап бір қалыпқа 

келтіру қажет. 

Қазіргі  таңда  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  –  ол  оқу  үдерісінде  балалардың  дамуындағы 

ауытқушылықтарды  дефференциалды  зерттеудің  маңызы  болып  отыр.  Дамуында  ауытқушылықтары 

бар  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде,  олардың  потенциалдық  мүмкіндіктерін  тиімді  ескере  отырып, 

бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады. 



Әдебиеттер 

1.Н.Ә.Назарбаев.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  құқықтары  және  оларды  қамтамасыз  ету 

заңы. Астана – 11 шілде. -2002. 

2.Қ.Р.ның білім беру заңы. 30 тамыз. 1995. 

3.Мустаева 

Л.Г.Коррекционная 

падегогика 

и 

социолого 



психологические 

аспекты 


сопровождения детей  с задержкой психического развития. 2005. -146С 

4.Лапшин В.А, Пузанов Б.Т.Основы дефектологии . Москва: Просвещения. 1990. – 143С 

5.Никуленко.  Коррекционная  педагогика  высшие  образования.  Растовка  Дону:  Феникс.  2006.-

456С 


6.Мишина Г.А. Моргачева Е.Н. Коррекционная педагогика. Москва. 2007.-257C 

7.Кузнецов  Л.В.Особенности  мотивационно  –  волевой  готовности  детей  С  ЗПР  к  школьному 

обучению// Дефектология. 2005. — №4. 

8.Торшин О.В. Жулина Е.В.Логопсихология. Москва. 2005.-349С 

9.Мастюкова Е.М. Ребенок с отклонениями в развитии. Москва: Просвещение. 1992.-414С 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ 

 

Иманғалиев А.С. 

АЛҒЫ СӨЗ / ВСТУПИТЕЛЬНОЕ СЛОВО..........................................................................................3 



 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС / ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 

 

Королева Ю.А., Аутаева А.Н. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ В РОССИИ И КАЗАХСТАНЕ.........................................................4 



Акимова О.И., Абаева Г.А.  

СПЕЦИФИКА  ПОДГОТОВКИ  ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  КАДРОВ  В  СФЕРЕ  ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ В СОВРЕМЕННОМ  ПЕДАГОГИЧЕСКОМ ВУЗЕ......................................................7 

Лебедева Н.Н. 

ОРГАНИЗАЦИЯ 

СПЕЦИАЛЬНЫХ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ 

УСЛОВИЙ 

ДЛЯ 


ДЕТЕЙ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИ 

В 

УЧРЕЖДЕНИЯХ 



ОБРАЗОВАНИЯ 

КАЗАХСТАНА.............................................................................................................................................13 



Lee Jong Hyun 

ІNCLUSIVE EDUCATION IN KAZAKHSTAN: STATUS AND PROSPECTS.......................................15 



Салов В.Ю., 

Иргалиева Э.К. 

АДАПТИВНАЯ ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА: ПРОБЛЕМА И РЕШЕНИЕ..........................................17 

 

 

 

І СЕКЦИЯ, SECTIONS 

 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ 

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

СҮЙЕМЕЛДЕУ 

 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ЛИЦ С ОСОБЫМИ  

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ 

 

PSYCHOLOGY AND PEDAGOGICAL ESCORT OF PERSONS WITH SPECIAL 

EDUCATIONAL NEEDS IN MODERN EDUCATIONAL SPACE 

 

Арыстангалиева В.Т., Ж.Г.Байгалиева,  А.Шарипова  

ЖАСӨСПІРІМ  ШАҚТАҒЫ  ҚЫЗ  БАЛАЛАРДЫҢ  ДАУ-ЖАНЖАЛДЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТКЕ  БАРУ 

СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................21 



Ахмедалиева  Д. У. 

ОҚЫТУ  МЕН  ТӘРБИЕЛЕУДЕ    ЕРЕКШЕ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ТЕТІКТЕРІ..............................................................................................23 

Баянгалиева Р.М.Курманбаева С.Т. 

ЕРЕКШЕ 


БІЛІМ 

АЛУДЫ 


ҚАЖЕТ 

ЕТЕТІН 


ОҚУШЫЛАРМЕН 

ЖҰМЫСТАНУДЫҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............................................................26 

Бекдаирова А.С.,  Журекенова А.К. 

СОВРЕМЕННЫЙ  ПОДХОД    В  УСЛОВИЯХ  ПМПК  В  РАБОТЕ  С  РОДИТЕЛЯМИ  И  ДЕТЬМИ  С 

ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ...................................................................28 

Бисингалиева Ж.А. 

РОЛЬ ППМС-ЦЕНТРОВ В СИСТЕМЕ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ.....................................35 



Доскалиева Р.Б.,  Қанатова М.С., Денизбаева.Н.Е. 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАТТЫҒУЛАР.......................................................................................................37 

Ергалиева Г.А., Конарова Б.Б. 

ОТБАСЫНДА    ТҰЛҒААРАЛЫҚ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

АСПЕКТІЛЕРІ..............................................................................................................................................................................40 

Ергалиева Г.А.,  Оқас М.Т. 

ОҚЫТУ  ПРОЦЕСІНДЕ  ИНТЕРАКТИВТІК  ӘДІСТЕРДІ  ҚОЛДАНУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ОҚУ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................45 


Ергалиева Г.А. А.Қ.РамазановаА.М. Кузайрова 

ӘЛЕУМЕТТІК 

ПЕДАГОГТЫҢ 

ТОЛЫҚ 


ЕМЕС 

ОТБАСЫ 


БАЛАЛАРЫМЕН 

ЖҮРГІЗЕТІН 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................50 

Ерниязов О.Н.Шапхатова А.С.  

ЖАСӨСПІРІМ ЖАСЫНДАҒЫЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................................53 

Ерниязова С.Н., Ажыгалиева Н.Г. 

ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

...................................................................................................................................................57 

Жантуреева А.А., Жанұзақ А.Н., Онгарбаева А.Ж. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ...................62 



Зинуллин Т.Е., Распаева Д.А., Ғабитова Ү.Ғ. 

МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРМЕН 

ЖҮРГІЗІЛЕТІН 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАРЫ.............................................................................................................................................67 

Золотых И.Н., Карнаух Ю.Н. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

ЛИЦ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ 

В 

СОВРЕМЕННОМ 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ 

ПРОСТРАНСТВЕ.........................................................................................................................................71 



Искалиева А. К., Шунайбекова К.М. 

ОБУЧЕНИЕ ГОВОРЕНИЮ НЕМЕЦКОМУ ЯЗЫКУ НА СТАРШЕМ ЭТАПЕ....................................74 



Кинжекова Р.С., Габдрахманова Ш.Т. 

ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................78 

Kismetova G.Karabay A.  

USING OF MODERN PEDAGOGICAL TECHNOLOGIES.......................................................................80 



Кирилина Н.П., Романова В.Л. 

ЭМОЦИОНАЛЬНОЕ ВЫГОРАНИЕ РАБОТНИКОВ СОЦИАЛЬНОЙ СФЕРЫ ТРУДА....................83 



Коренева В.О., Чернышева Н.С. 

 ЗНАЧЕНИЕ 

ТЬЮТОРСКОГО 

СОПРОВОЖДЕНИЯ 

ДЕТЕЙ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИЗДОРОВЬЯ 

В 

УСЛОВИЯХ 



ИНКЛЮЗИВНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ 

ПРАКТИКИ...................................................................................................................................................87 

Кормушина Н.Г. 

КОММУНИКАТИВНАЯ  ТОЛЕРАНТНОСТЬ  КАК  ОСНОВНОЕ  УСЛОВИЕ  ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ ДЕТЕЙ С ОВЗ.................................................................................................................90 

Кулдашева Н. У., Мұрат Ж. 

ЖАЛПЫ 


ОРТА 

БІЛІМ 


БЕРЕТІН 

МЕКТЕПТЕРДЕ 

 

ИНКЛЮЗИВТІ 



 

БІЛІМ 


БЕРУДІ   

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................95 



Қонисбекова Л.О. 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ  БЕРУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ    ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................................100 

Максутова А.Е.Сейтжанова Ж.Б. 

РОЛЬ 


ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 

СОПРОВОЖДЕНИЯ 

ДЕТЕЙ 

ВУСЛОВИЯХ 



ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ......................................................................................................107 

Малкина Т. С., Рифферт Л. И. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

ДЕТЕЙ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ 

В 

СОВРЕМЕННОМ 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ 

УЧРЕЖДЕНИИ...........................................................................................................................................114 



Молдагалиев А.М., Нуфтиев Ө.Г. 

 ЕЛДІҢ  ЕРТЕҢГІ  ҚОРҒАНЫ -  ПАТРИОТ  ЖАСТАР........................................................................116 



Молдагалиев А.М., Сыдык Б.С. 

ДУХОВНОЕ И НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ МОЛОДЕЖИ......................................................118 



Муканова А.Д.Сардарова Ж.И. 

ФОРМИРОВАНИЕ 

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 

КОМПЕТЕНТНОСТИ 

БУДУЩЕГО 

УЧИТЕЛЯ 


НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ........................................................................................................................121 

Муканаева Ә. 

БОЛАШАҚ 


МАМАННЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

МӘСЕЛЕСІ..................................................................................................................................................124 

Мухамбетжанова Ә.М., Гайпназарова Б.Д., Рамазанова А.П. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ М.МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ............126 



Набиулина З.С., Шунайбекова К.М. 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ  ПРОЕКТНОЙ  МЕТОДИКИ  В  ПРЕПОДАВАНИИ  НЕМЕЦКОГО  ЯЗЫКА  НА 

СТАРШЕЙ СТУПЕНИ...............................................................................................................................130 



Насибуллина А.Д., Шаукенова Э.Ш

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

СЕМЕЙ, 


ИМЕЮЩИХ 

ДЕТЕЙ 


С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ  ВОЗМОЖНОСТЯМИ  ЗДОРОВЬЯ  КАК  АКТУАЛЬНОЕ  НАПРАВЛЕНИЕ 

ИНКЛЮЗИВНОЙ ПРАКТИКИ................................................................................................................132 

Ойлыбаева Л.Н., Серикбаева Ж.Д. 

ПЕДАГОГТЕРДІҢ  ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ  ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ТҮЗЕТУ 


ШАРАЛАРЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................................................................................................................134 

Оразбаева Ж.А.Утегалиева А. М. 

ДАМУ 


МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРҒА 

ИНКЛЮЗИВТІ 

БІЛІМ 

БЕРУДЕГІ 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚОЛДАУ  ҚЫЗМЕТІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДА  ТИІМДІ 

ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ............................................................................................................................137 



Өрбісінова Н.А., Кадыргалиева С.И. 

РАЗЛИЧНЫЕ  МЕТОДЫ  И  СРЕДСТВА  ОБУЧЕНИЯ  ДОШКОЛЬНИКОВ  АНГЛИЙСКОМУ 

ЯЗЫКУ.........................................................................................................................................................143 

Өтеғұл Г.К. 

МҮМКІНДІГІ  ШЕКТЕУЛІ  БАЛАЛАРДЫ  ТӘРБИЕЛЕУ  МЕН  ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ  ҮДЕРІСІНДЕГІ  

ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ.................................................................................................................................146 

Рамазанова А.П.Бекежан М.А., Шапқатова А.Т. 

КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ.................149 



Сапахова Г.М., Жуматова М.С. 

ӘР БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІН АШУ МАҢЫЗДЫ.....................................................................................153 



Тұрдалиева Ш.Т., Мырқасымова М.А., Момынова С.Н. 

ЖЕКЕ  ТҰЛҒАНЫҢ 

ЭМОЦИЯЛЫҚ  КҮЙІН  БАСҚАРУ  ҚАБІЛЕТІН   

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ЖОЛДАРЫ..................................................................................................................................................160 

Тұрдалиева Ш.Т., Әлімбекова Ә.С., Есентаева Г.А., Қошқарбаева Г.Т. 

ТОЛЫҚКҮНДІ 

МЕКТЕП 

ЖАҒДАЙЫНДА 



ОҚУШЫНЫҢ 

ТВОРЧЕСТВАЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУДА АРТ ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................................................164 



Хамзин Н.А., Хабиева Д.Г. 

БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ..........................169 



Якиманская И.С. 

БЕЗОПАСНОСТЬ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ 

СРЕДЫ 


И 

ОСОБЕННОСТИ 

ПРЕДСТАВЛЕНИЙ 

СУБЪЕКТОВ ОБРАЗОВАНИЯ КАК УСЛОВИЯ ДЛЯ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБУЧЕНИЯ................171 

 

 

СЕКЦИЯ, SECTIONS -2 



 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЙЫ 

ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ БЕРУДІҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИНКЛЮЗИВНОГО И СПЕЦИАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

ЛИЦ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ (ООП) 

 

ACTUAL PROBLEMS OF THE THEORY AND PRACTICE OF INCLUSIVE EDUCATION 

 

Б.Қ.Бадашев,  М.Б.Қуанғалиева 

ҮЙДЕН ОҚИТЫН БАЛАЛАРДЫҢ АТА – АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС..............................................176 

Бахтыгереева  Б. Д. 

АКТУАЛЬНЫЕ 

ПРОБЛЕМЫ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ 

ЛИЦ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ.......................................................................................179 

Бахчеева Е. Н., Будилова В.Ю., Никитина С.А. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ РАЗВИТИЯ.........................................185 



Баюканская С.Ф., Демченко Л.В., Султанова А.К. 

ПРОБЛЕМЫ 

ОБРАЗОВАНИЯ 

И 

ТРУДОУСТРОЙСТВА 



ЛИЦ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИ ЗДОРОВЬЯ...........................................................................................................188 

Баюканская С.Ф., Жумагулова Г.М. 

АКТУАЛЬНЫЕ 

ПРОБЛЕМЫ 

РЕАЛИЗАЦИИ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ 

В 

КАЗАХСТАНЕ............................................................................................................................................192 



Болтекова Ш.С.,  Қадырғалиева С.И. 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕТ ТІЛДЕРІНЕН ӨЗІНДІК ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ.............................................195 



Гайпназарова Б.Д., Джуматова Б.У., Джакасова А.С. 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...............198 



Г.А.Ергалиева, Г.Кеңес, М Мұратқызы 

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..................................................200 



Зельвенский М.Б., Акимова О.И. 

СРАВНИТЕЛЬНЫЙ 

АНАЛИЗ 

ОТНОШЕНИЯ 



К 

ЛЮДЯМ 


С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 

ВОЗМОЖНОСТЯМИ В ЕВРОПЕ И РОССИИ.......................................................................................203 

Измайлова Л. С., Королева Ю.А. 

МОТИВАЦИОННО-ЦЕННОСТНЫЙ 

КОМПОНЕНТ 

ГОТОВНОСТИ 

К 

ИНКЛЮЗИВНОМУ 



ОБРАЗОВАНИЮ ПЕДАГОГОВ РЕСПУБЛИКИ ИНГУШЕТИЯ.........................................................207 

Имангалиева С.Т. 

РОЛЬ ЛЕЧЕБНОЙ ФИЗКУЛЬТУРЫ ЛЕЧЕНИИ ДЦП..........................................................................210 



Косарева А.А., Фоминых Е.С. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ  СОПРОВОЖДЕНИЕ  ДЕТЕЙ  С  ОВЗ  В  ИНКЛЮЗИВНОМ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ..............................................................................................212 

Кошанова З.А., Сахипова Ж.М., Искакова К.А. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ..............................................214 



Кулдашева Н.У., Алпысбаева А.М. 

ӘЛЕУМЕТТІК 

ПЕДАГОГТЫҢ 

ЖАЙСЫЗ 


ОТБАСЫ 

МҮШЕЛЕРІМЕН 

ЖҮРГІЗІЛЕТІН 

ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .......................................................................................................217 



Қаденова С. М., Кадыргалиева С.И. 

ШЕТ ТІЛДЕРІНЕН ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР............................222 



Лазаревская В.Б., Акимова О.И. 

О ВНЕДРЕНИИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В РРЕСПУБЛИКЕ МОЛДОВА...................225 



N.K. Lyssenko 

INCLUSION IN EDUCATION IN KAZAKHSTAN..................................................................................227 



Мелешкина М.С. 

ТРУДНОСТИ  ПОНИМАНИЯ  ТЕКСТА  МЛАДШИМИ  ШКОЛЬНИКАМИ  С  УМСТВЕННОЙ 

ОТСТАЛОСТЬЮ КАК ПРОБЛЕМА ИНТЕГРАЦИИ И СОЦИАЛИЗАЦИИ......................................229 

Меерзон Т.И. 

МЕДИЦИНСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

РЕБЕНКА 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ В ИНКЛЮЗИВНОМ ОБРАЗОВАНИИ................................................................232 



Меерзон Т.И., Попова Е. В.  

ОРГАНИЗАЦИОННО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ 

УСЛОВИЯ 

ФОРМИРОВАНИЯ 

ИНКЛЮЗИВНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ................................................................................................................234 



Молдагалиев А.М., Газимов А.М. 

ПРЕЗИДЕНТ И ВООРУЖЕННЫЕ СИЛЫ: СТАНОВЛЕНИЕ КАЗАХСТАНСКОЙ АРМИИ...........238 



Муканова Н.Е., Абдрахманова У. К.,  Мергенова Р.Қ. 

МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРДЫҢ 

ТАНЫМДЫҚ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН 

ДАМЫТУ 

ЖОЛДАРЫ..................................................................................................................................................241 



Мукашева И.Б 

АРТ-ТЕРАПИЯ КАК ОДНО ИЗ НАПРАВЛЕНИЙ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...............245 



Мусагалиева А.Қ. 

АРНАЙЫ  БІЛІМ  БЕРУ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ  БАР  АДАМДАРҒА  ИНКЛЮЗИВТІ  ЖӘНЕ  АРНАЙЫ 

БІЛІМ БЕРУ ДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР...............................................................................................248 

Мустафина Р.К. 

СОЗДАНИЕ  ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  УСЛОВИЙ  В  ШКОЛЕ  ДЛЯ  ДЕТЕЙ  С 

НАРУШЕНИЕМ ЗРЕНИЯ. ............................ ............................ ............................ ................................251 

Муханбетчина А.Г., Айтжанова О.А. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................ ...................................255 



Мухсинова А. Н. 

ПОДГОТОВКА 

ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ 

КОМПЕТЕНЦИЙ 

БУДУЩИХ 

УЧИТЕЛЕЙ 

ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА............................ ............................ ............................ ................................258 

Сариева Р.Д., Маденова Л.М., Тугжанова А.Т. 

РАЗВИТИЕ    СПЕЦИАЛЬНОГО    И    ИНКЛЮЗИВНОГО    ОБРАЗОВАНИЯ  В    СОВРЕМЕННОМ  

КАЗАХСТАНЕ............................ ............................ ............................ ............................ ........................261 


Сатбаева А. М., Кадыргалиева С.И. 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ДАҒДЫ МЕН ҚАБІЛЕТТІҢ ДАМУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................ ...264 



Павлова О.С. 

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ 

НЕГОТОВНОСТЬ 

УЧИТЕЛЯ 


КАК 

ФАКТОР, 


ОСЛОЖНЯЮЩИЙ 

ВНЕДРЕНИЕ СИСТЕМЫ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ............................ ...........................266 



Польшина М.А. 

КОПИНГ-ПОВЕДЕНИЕ 

ПОДРОСТКОВ 

С 

ОВЗ 



В 

УСЛОВИЯХ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБУЧЕНИЯ.................................................................................................................................................270 



Феофанов В.Н. 

ПЕДАГОГИ,  РЕАЛИЗУЮЩИЕ  ИНКЛЮЗИВНУЮ  ПРАКТИКУ:  ТРЕБОВАНИЯ  К  НИМ  И 

РЕАЛЬНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИХ............................ ............................ ............................ .......................273 

Фоминых Е.С. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ 

ТЕХНОЛОГИИ 

РАБОТЫ 


С 

ОБУЧАЮЩИМИСЯ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ  ВОЗМОЖНОСТЯМИ  ЗДОРОВЬЯ:  ВОЗМОЖНОСТИ  ДЕВИКТИМИЗАЦИИ  В 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ ВУЗА.................................................... ............................................284 

Хасанова Н.К. 

О КОМПЛЕКСНОСТИ В РЕШЕНИИ ПСИХИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ РЕБЕНКА...........................288 



Шереметьева Е.В., Байрамгулова Ю.М. 

ПРОБЛЕМЫ  ПРОЦЕССА  ИНТЕГРАЦИИ  ДЕТЕЙ  С  ОВЗ  В  УСЛОВИЯХ  ДОШКОЛЬНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ............................ ............................ ......................................290 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал