Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



жүктеу 143.12 Kb.

Дата07.05.2017
өлшемі143.12 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 

ФЕДЕРАЛДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ ОРЫНБОР 

МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ЗАПАДНО – КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ 

ИМ. М. УТЕМИСОВА 

ФЕДЕРАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ БЮДЖЕТНОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ 

ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ  

ОРЕНБУРГСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

WEST KAZAKHSTAN STATE UNIVERSITY AFTER  M. UTEMISOV 

FEDERAL  STATE BUDGETARY EDUCATIONAL INSTITUTION OF HIGHER  EDUCATION  

ORENBURG STATE  PEDAGOGICAL UNIVERSITY 

 

 

 



 

 

«Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті 



мәселелері» 

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 

МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

20 қазан 2016 жыл 



 

 

 



МАТЕРИАЛЫ 

международной научно-практической конференции 



«Актуальные проблемы теории и практики инклюзивного 

образования» 

 

20 октября 2016 года 



 

 

 



MATERIALS 

of the international scientific-practical conference 

Actual problems of the theory and practice of inclusive education” 

 

20 october 2016 year 



 

 

 



 

 

Орал – Уральск - Uralsk 



 

ӘОЖ 159.922.73 

 

КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Рамазанова А.П., Бекежан М.А., Шапқатова А.Т. 

(Қазақстан, Орал) 

 

Көз өмір айнасы. Көз арқылы жер бетіндегі барлық адам баласы қоршаған орта туралы көптеген 



мәлімет  алады.  Адам    көру  қабілеті  арқылы  заттардың  түсі,көлемі,пішіні  туралы  түсінікті,олардың 

өзара орналасуын біледі, әрі 80% ақпаратты алады. 

Көру  қызметі  адамға  кеңістікті  бағдарлау,өзінің  қозғалыс  аймағын  кеңейту,әлеуметтік 

тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет.Көру адамдардың қызмет түрінің 

әр түрлі болуына байланысты басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуында да маңызды рөл атқарады. 

Көру  мүмкіндігі  шектелген  жандарға  осындай  өмірлік  қажеттіліктерді  қамтамасыз  ету  үшін 

олардың  психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерін  терең  біліп  қызмет  ету  үшін 

тифлопедагогика  мен  тифлопсихологияның  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелерінің  бірі.Тифлопедагог 

(typhlos(грек  сөзінен  –зағип,logos-оқыту  немесе  ғылым)  негізгі  мәселеге  талдау  жасай  отырып,көру 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  психологиялық,педагогикалық,медициналық  зерттеу  жолдарын 

айқындап,көру  қабілетінің  бұзылу  себептерін,психикалық  және  педагогикалық  ауытқуларын 

анықтау,оларды  толықтыру  ,кемістігі  бар  сезім  мүшелерін  түзету  және  қалпына  келтіру  жолдарын 

анықтап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына көмектеседі. 

Тифлопсихология  сенсорлық  кемістігі  бар  балалардың  психологиялық  дамуын  қарастыратын 

арнайы психология бөлімі.Тифлопсихологияның негізгі бөлімдері: 

 1.Көру кемістігі бар балалардың психикалық көріністері мен даму заңдылықтарын ашу. 

 2.Соқырлар мен нашар көретіндерге тән өзіндік құбылыстарын ажырату. 

 3.Көру  кемістігінің  пайда  болу  уақыты  мен  паталогиялық  белгілерін,деңгейін  анықтау  және 

оның психикаға енетін әсерін зерттеу. 

Нашар  көретін  балалар  кейбір  тітіркендіргіштікпен,  тұйықтықпен  сипатталатын  мінез-

құлқындағы  ерекшеліктермен  ерекшеленеді.  Бұл  жетіспеушілік  көру  кемістігі  салдарынан  ойында, 

оқуда,  құрдастарымен  қарым-қатынаста  болатын  қиындықтармен  түсіндіріледі.  Сондықтан  нашар 

көретін  балалар  оқыту  мен  тәрбиелеудің  арнайы  жағдайын  талап  етеді.  Егер  де  нашар  көретін  бала 

жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта 

қала  бастайды.  Егер  оның  үлгерімі  оның  мүмкіндіктерінен  төмен  болса,  онда  бұл  үлгере 

алмаушылыққа алып келеді. 

 Көру  жүйесінің  бұзылу  деңгейіне,  оның  белгілеріне,  пайда  болу  уақытына,  компенсация 

мүмкіндігіне  байланысты  нашар  көретіндерге  арнайы  оқыту  мен  тәрбие  жүйесі  құрылған.  Нашар 

көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын 

жақсартатын,  ауыртпалық  түсірмейтін  жағдайда  болу  керек.  Оған  көруді  түзететін  офтальмолог 

ұсынған  құралдарды  қолдану  жатады:  кәдімгі  және  арнайы  көзілдіріктер,  жұмыс  істейтін  жердегі 

жарық  беретін  құралдар,  арнайы  оқулықтар,  көру  жұмысының  күнтізбесін  сақтау  жатады.  Көру 

кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең 

қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте 

сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы 

мектеп-интернатта,  нашар  көруге  арналған  арнайы  сыныптарда  оқиды.  Нашар  көретіндермен 

жүргізілетін  оқу–тәрбие  жұмысының  әдісі  қалыпты  жағдайдағы  балалармен  жүргізілетін  әдістен 

ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз 

көру  жүйесін  сақтау  және  оны  ары  қарай  дамыту.  Осыған  байланысты  нашар  көретіндер  оқитын  оқу 

бөлмелері  жарықпен  қамтамасыз  етілген.  Оқу  бөлмесінің  терезелерінде  ашық  түсті  перделер  ілінген. 

Оқу  бөлмесінің  қабырғалары  жасыл,  көк  түс  беретін  сырлармен  боялған.  Арнайы  нашар  көретін 

балаларға  арналған  бір  орындықты  парталар  оқу,  жазу,  сурет  салу  барысында  олардың  дұрыс 

отыруына  жағдай  жасайды  және  кітап  пен  дәптерді  көзбен  керекті  арақашықтыққа  қоюға  мүмкіндік 

береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары 

арнайы  сызықтармен  бөлінген  дәптерлер  қолданылады.  Нашар  көретіндерге  арналған  көрнекі 

оқулықтар  балалардың  елестетуін  анықтауға  және  көзді  сақтауға  әсер  етеді.  Мұндай  оқулықтарда 

суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және 

дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді. 

  Көзі  көрмейтін  және  нашар  көретін  баланы  тәрбиелеу  мен  оқытуда  жанұядан  дамытудың 

ерекшеліктерін,  психикалық  қызметте  қалыптасқан  ақаулардың  алғашқы  әсерлерінен  қозғалыс, 

әлеуметтік,  оқу  және  басқа  да  білімдерді  білу  талап етіледі.  Кеңістіктегі  даму  бағыты  мен  қалыптасу 


әдіс,  тәсілдері  қоршағанәлемнің  пайда  болуы  мен  құралдарын  қабылдау  ,  қарым-қатынас  жасаумен 

құрдастарымен,  үлкендермен  араласу,  өзін-өзі  күту.  Сақталған  сезімнің  көмегімен  баланың  қоршаған 

ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың психикалық дамуы көретін балалардың  дамуы сияқты 

заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай 

үлкен  әсер  етеді.  Көруі  бұзылғандар  үшін  өзіне  тән  бағдарлануы  дыбысқа  реакция  беру  болып 

табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы.  

 Соқырлық  —  сезім  мүшелерінің  (талдағыштардың)  бірінің  кемістігі.  Соқырлармен  тәрбие 

жұмысын жүргізген кезде мұғалімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) 

одан  әрі  дамыту  қажет  десе  онда  олар  қателеседі.  Ғылыми  әдебиеттерде,  ел  арасындағы  аңыз-

әңгімелерде  соқырлардың  музыкаға  бейімділігі,  ал  олардың  кейбіреулері  туғаннан  музыкаға  бейім 

екендігін  көрсетеді.  Бұл  пікірдің  шындығы  әрине  асыра  айтушылық.  Соқырлар  осы  уақытқа  дейін 

бірде-бір музыкалық шығарма авторы емес,  олар тек шіркеуде, көшелерде  жалбарынды өлең айтумен 

ғана  шектеледі.  Дене  мүшесінің  кемістігі  биологиялық  жағынан  өзге  мүшелерімен  толықтырылады 

және ол бұл дүниеден өткенінше сақталады деген лакап сөз ел арасында кең тараған. П.Трошин кемтар 

балаларды зерттеп, олардың сау мүшелерінін ерекше артық дамымайтындығын анықтаған. 

Соқыр  балалардың  мінез-құлқы  тіршілік  ету  жағдайына  икемделіп,  олармен  тәрбие  істерін 

жүргізу  нәтижесінде  сыртқы  ортамен  шартты  байланыс  жасалып,  олардың  кеміс  мүшесіне  өзге 

қызметін өзге сау мүше атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің психологиялық механизмі кеміс 

балалар  да  дені  сау  балалардікімен  бірдей.  Соқыр  баланың  сипау  сезімі,  саңыраудың  көру  мүшесінің 

жоғары түрде жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден екінші 

мүшеге  ауысып  отыратындығы.  Соқырдың  сезімталдығы  мен  саңыраудың  көргіштігі  дені  сау 

балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер 

өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер. 

Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы 

ңүктелерді  мұқият  тануы  арқылы  әрбір  ңүктенің  орналасу  тәртібіне  орай  бөлек  әріпті  білдіріп,  сол 

дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-

1852)  -әлемге  әйгілі  француздың  соқырларды  оқыту  жөніндегі  педагогі.  Соқырлар  үшін  өз  атымен 

белгілі жазу,  оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша 

оқып  үйренудің  кәдімгі  әріптерден  айырмашылығы  жоқ  дейді.  Көзбен  көріп  оқығанына  ұқсас  және 

психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок. 

Хат танымайтын сауатсыз адамға кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль 

шрифтары  да  біздерге  түсініксіз.  Бұл  ретте  мәселенің  мәні  сезім  мүшелерінің  жақсы  жетілуіне  орай 

оның  сауаттылығы  мен  тәжірибесіне  байланысты.  Браиль  нүктелерін  шапшаң  айырып  оларды  дұрыс 

қабылдауына  байланысты.  Көзі  көретін  адамдар  да  нүктелерді  соқырлар  сияқты  тез  арада  үйренуге 

болады.  Сол  сияқты  ерінді  қимылдатып  сөйлеуді  де  үйрену  қиын  емес.  Саңырау  мұндай  тәсілді 

пайдаланып  «көзімен  естуді»  үренеді.  Мұңдай  ерекшелік  көздің  айрықша  жаратылуында  емес,  оның 

сауаттылыры  мен  ойлау  қабілетінің  еріннің  қимыл-қозғалысына  қарап,  оны  әрбір  затпен  салыстыра 

отырып оқуына икемділігінде 

Туа болған соқырдың қайғысы жүре біткен соқырдың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы 

өкініші өшпейді, -дейді Щербина (1916, 39 б.). Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға 

тоқталады. Соқырлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, 

бірақ  ол  үйінде  өздігінен  тамақтануға  үйретілмегендіктен  қолына  қасық  ұстауды  да  білмеген  (бұл  да 

сонда, 40 б.). Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес соқыр баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау 

баламен  бірдей  болу  керек.  Ондай  балаға  жастайынан  жүруді  де,  өзін-өзі  күтуді  де  ,  көзі  көретін 

балалармен  бірге  ойнауға  да  дағдыланып,  оған  сондай  талап  қойып  отыру  керек  ондай  балаға  көзің 

соқыр  екен  деп  аяныш  білдірудің  қажеті  жоқ.  Сонда  ғана  Щербина  айтқандай  соқыр  бала  өзінің 

кемдігін онша сезіне қоймайды (бұл да сонда). Соқырға жарық сәулені білу қажет пе? деген сұраққа өзі 

соқыр А.В.Бирилев педагогикалық тұрғыдан қорытынды жасап «жарық сәулені білу қажет», — дейді. 

Өмірден  көзі  көретін  баланың  ұғымын  соқыр  5  бала  да  білуі  керек.  Соқыр  балаға  терезесінің  ар 

жағында перде  жабулы  тұрғанда  оның  көрінбейтінін,  ал  үйде  шам  жанып  тұрғанда перде  жабылмаса 

оның  ар жағынан көрініп тұратынын түсіндіру  керек. Яғни ол жарык  сәуленің қандай болатындығын 

білуі керек. 

Брайль әліппесінің  бір нүктесін тесу үшін оқушы (Б.К.Тупаногов)400 граммнан 1200грамм күш 

жұмсайды,  ал  бес  бет  шығарма  жазғанда  3000  тоннаға  дейін  күш  жұмсайтынын  естен  шығармау 

керек,сондықтан, тактильді жүктеменің ұзақтығы -10 минуттан аспау керектігін білу және саусақтарды 

демалдыратын  әр-түрлі  жаттығулар  (мысалы  «қоян,ит,санамақ,т.б»)  жасау  керек.  Коррекциялық 

бағытты оқыту-балаға бірден-бір көмек,әрі үлкен рөл атқарады. 

Көзі  нашар  көретін  оқушыларға  арналған  білім  беру  жүйесін  теориялық  негіздеп  тәжірибеде 

тиімді  әдістермен  толықтыру,  нәтижені  жинақтау  арнаулы  мектеп-интернаттың 

мұғалім, 

тәрбиешілерінен үнемі ізденуді,шығармашылықпен жұмыстануды қажет етеді. 


 Басты  мақсат  –мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  толыққанды  өмір  сүруіне  көмектесу,  жеке 

тұлғаның қасиеттерін жан-жақты дамыту. 

Көру  мүмкіндіктері  төмен  балаларды  оқытып,  тәрбиелеуде  әр  баланың  жеке  қасиеттеріне, 

психологиялық  дамуына,  қабілеттеріне,  көру  мүмкіндіктеріне  қарап  терең  үңілмей,  білім  берудің 

жүйелі ұйымдастырылуы мүмкін емес.  

Осы орайда, көру қабілеттері шектеулі балаларға білім беріп тәрбиелеу барысында  ұстаздың өз 

ісінде  үлкен  шеберлігін,  баламен  жете  түсінісе  алатындай  үлкен  еңбегін  қажет  етеді.  Бұл  балалармен 

жұмыс  істеуде  тек  пән  мұғалімінің  сабақ  беруімен  шектелмей,  тифлопедагог,  психолог,  көз  дәрігері, 

логопед  мамандарымен  бірлесе  отырып  сабақ  құрылымы  ұйымдастырылса,  әр  баланың  көру 

қабілеттерінің  деңгейін  сақтай,  түзей  отырып,  бала  бойындағы  танымдық  белсенділіктерін  дамытып, 

сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға болады. 

Келесі кезекте тифлопедагог К.К. Мағауина көзге арналған жаттығулар кешенін ұсынды. 

 

«Аспанды бұлт торлайды,                      (Жоғары қарайды) 



Жаңбыр жауа бастайды.                         (Төмен қарайды) 

1 тамшы – тырс!                                     (Жоғарыдан төменге 1 рет) 

2 тамшы – тырс, тырс!                           (Жоғарыдан төменге 2 рет) 

Тағы жауа бастады: 

Тырс – тырс – тырс!                              (Жоғарыдан төменге 3 рет) 

Жаңбыр жауып өтті, 

Кемпірқосақ шықты.            

Кемпірқосаққа қараймын, 

Түстерін мен санаймын: 

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7».                                  (Оңнан солға 7 рет) 

 

 «Любопытная Варвара 



Смотрит влево,                                      (Солға қарайды) 

Смотрит вправо,                                    (Оңға қарайды) 

Смотрит вверх,                                      (Жоғары қарайды) 

Смотрит вниз,                                        (Төмен қарайды) 

Чуть присела на карниз, 

Посмотреть на кончик носа,                  (Мұрынның ұшына қарайды) 

А с него свалилась вниз, 

Посмотреть на пол».                               (Төмен қарайды) 

Көру  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  ойлау  қызметінің  көрнекі-әрекеттік,  көрнекі-үлгілік 

деңгейінің  жеткілікті  дамымауы  тән,  ол  балалардың  нақты  есте  сақтау  арқылы  ойлауларының 

ерекшеліктерін  анықтайды.  Көру  қабілетінің    бұзылуынан  тітіркену  санының  азаюы,  зейін 

тұрақтылығының төмендеуі байқалады.   

Оқу  процессінде,  еңбекке  дайындауда,  өз  бетімен  өмір  сүру  дағдысын  қалыптастыруда  осы 

оқушылар  дамуындағы  ауытқушылықтарды  түзету  бағытында  коррекциялық  сабақтар  ең  басты  рөл 

атқарады. 

Коррекциялық  сабақтар  –  оқу  тәрбие  жұмысымен  тығыз  байланыста,  оқушының  жан-жақты 

дамуына жақсы жағдай жасайды. Оқу процессіндегі бағдарламаны қабылдаудағы кедергіні жеңілдетіп 

дамуындағы ауытқушылықты жоюға көп көмегін тигізеді. 

 Коррекциялық  сабақтар  оқушының  даму  ерекшеліктеріне,  диагнозына  байланысты,  арнайы 

жеке  түзеті-дамыту  бағдарламалары  даралап,  жекелеп  және  топпен  оқытылады.    Мысалы,  кеңістікті 

бағдарлау  сабағында  тифлопедагог  зағип  баламен  мектеп  ауласында  жүріп,  қай  бағыттан  машина 

дыбысын  естігенін  сұрап,  мотор  дыбысынан  қандай  машина  екенін  анықтауға  дағдыландырады, 

алдындағы кедергінің барын анықтауды, келе жатқан жолының тегіс асфальт немесе жайын жол екенін 

айыра білуге үйретеді, желдің бағытын оң, сол, алды, арты, жай, өткір т.б ұғымдарымен байытады.  

 Жекелеп,  даралап,  дифференциалды  оқыту  –  әр  оқушының  психикалық  даму  ерекшелігіне 

байланысты оқу процессіндегі педагогикалық қолдау болып табылады. Бұл үшін мұғалім әр оқушының 

жеке даму ерекшелігін білгені жөн. 

Жекелеп  ,  даралап,  дифференциалды  оқытудың  тиімділігін  арттыру  үшін  көру  мүмкіндігі 

шектеулі  оқушыларды  жан-жақты  зерттеу,  ауруының  қашан  болғанын,физикалық  және  психикалық 

даму  ерекшелігін,  оқуға  деген  қызығушылығын,  оқу  мүмкіндігін  және  қай  пәнге  көңілін  көп 

аударатынын байқап, соған сәйкес жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қажет етеді.  

Б.К  Тупоноговтің  ,  В.З  Денискинаның  ,  В.П  Ермаковтың  еңбектері  мен  әдістемелік 

нұсқауларында айтылғандай, көз аурулары, яғни, бірінші ақаудың салдарынан психикалық, физикалық  


дамуы  барысында  екінші  ауытқушылық  пайда  болады.  Көз  ауруына  байланысты  болатын  екінші 

ауытқушылық – оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді меңгеруіне кері әсерін тигізеді.  

Коррекциялық-педагогикалық жұмыс сезу мүмкіндіктерін дамыта отырып бейімдеу және түзете 

отырып толықтыру болып табылады. Коррекциялық бағыт сабақ барысын ұйымдастыруда жасалатын 

оқушы дамуындағы қиындықтарды жоятын арнаулы педагогикалық шаралар жүйесі, арнаулы әдістер, 

тәсілдер қолданады.  

Көзі  нашар  көретін  адам  айналадағы  адамдардан  сұрап,  түрлі  нұсқауларды  жақындап  оқып, 

мысалы, темір жол бекетінен аялдамаға жеткенше біраз уақыт жұмсайды, ал зағип жан адамдардың аяқ 

дыбыстарын  көбірек  аңдып,  қай  жақтан  дыбыс  көп,  сол  жақа  бағдарлай  отырып,  есту  ұшқырлығына 

сүйеніп,  діттеген  орнына,  аялдамаға,  тезірек  жетеді.  Брайль  әліппесін  үйреткенде  де  айтып,  үнемі 

түсініктеме  беріп,  сабақ  түсіндіру  барысында  ауызша  түсінік  беріп  отыруды  дағдыға  айналдырып 

отыру тиімді.  

Коррекциялық бағытты оқу процесінде дұрыс жолға  қою –  оқушыға бірден-бір көмек,  әрі  жан-

жақты толықтыру болып табылады.  

 Көз  нашар  көретін  оқушыларға  арналған  білім  беру  жүйесін  теориялық  негіздеп  тәжірибеде 

тиімді  әдістермен  толықтыру,    нәтижені  жинақтау  арнаулы  мектеп-интернаттың  мұғалім, 

тәрбиешілерінен  үнемі  ізденуді,  шығармашылықпен  жұмыстануды    қажет  етеді.  Басты  мақсат  – 

мүмкіндігі шектеулі жандардың толық қанды өмір сүруіне көмектесу, жеке тұлғаның қасиеттерін жан-

жақты дамыту.  

Әдебиеттер 

1.   «Қазіргі білім беру жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктері  мен болашағы» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. 2009 ж. 167-168 

2.  Выготский  Л.  С.  Балалардың  жас  ерекшеліктері  және  кемтар  бала  психологиясы  туралы 

таңдамалы еңбектер . А: 1999  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ 

 

Иманғалиев А.С. 

АЛҒЫ СӨЗ / ВСТУПИТЕЛЬНОЕ СЛОВО..........................................................................................3 



 

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС / ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ 

 

Королева Ю.А., Аутаева А.Н. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ В РОССИИ И КАЗАХСТАНЕ.........................................................4 



Акимова О.И., Абаева Г.А.  

СПЕЦИФИКА  ПОДГОТОВКИ  ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  КАДРОВ  В  СФЕРЕ  ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ В СОВРЕМЕННОМ  ПЕДАГОГИЧЕСКОМ ВУЗЕ......................................................7 

Лебедева Н.Н. 

ОРГАНИЗАЦИЯ 

СПЕЦИАЛЬНЫХ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ 

УСЛОВИЙ 

ДЛЯ 


ДЕТЕЙ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИ 

В 

УЧРЕЖДЕНИЯХ 



ОБРАЗОВАНИЯ 

КАЗАХСТАНА.............................................................................................................................................13 



Lee Jong Hyun 

ІNCLUSIVE EDUCATION IN KAZAKHSTAN: STATUS AND PROSPECTS.......................................15 



Салов В.Ю., 

Иргалиева Э.К. 

АДАПТИВНАЯ ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА: ПРОБЛЕМА И РЕШЕНИЕ..........................................17 

 

 

 

І СЕКЦИЯ, SECTIONS 

 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ 

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

СҮЙЕМЕЛДЕУ 

 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ ЛИЦ С ОСОБЫМИ  

ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ 

 

PSYCHOLOGY AND PEDAGOGICAL ESCORT OF PERSONS WITH SPECIAL 

EDUCATIONAL NEEDS IN MODERN EDUCATIONAL SPACE 

 

Арыстангалиева В.Т., Ж.Г.Байгалиева,  А.Шарипова  

ЖАСӨСПІРІМ  ШАҚТАҒЫ  ҚЫЗ  БАЛАЛАРДЫҢ  ДАУ-ЖАНЖАЛДЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТКЕ  БАРУ 

СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...........................................21 



Ахмедалиева  Д. У. 

ОҚЫТУ  МЕН  ТӘРБИЕЛЕУДЕ    ЕРЕКШЕ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ  ӘЛЕУМЕТТІК-

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ТЕТІКТЕРІ..............................................................................................23 

Баянгалиева Р.М.Курманбаева С.Т. 

ЕРЕКШЕ 


БІЛІМ 

АЛУДЫ 


ҚАЖЕТ 

ЕТЕТІН 


ОҚУШЫЛАРМЕН 

ЖҰМЫСТАНУДЫҢ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..............................................................26 

Бекдаирова А.С.,  Журекенова А.К. 

СОВРЕМЕННЫЙ  ПОДХОД    В  УСЛОВИЯХ  ПМПК  В  РАБОТЕ  С  РОДИТЕЛЯМИ  И  ДЕТЬМИ  С 

ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ...................................................................28 

Бисингалиева Ж.А. 

РОЛЬ ППМС-ЦЕНТРОВ В СИСТЕМЕ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ.....................................35 



Доскалиева Р.Б.,  Қанатова М.С., Денизбаева.Н.Е. 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖАТТЫҒУЛАР.......................................................................................................37 

Ергалиева Г.А., Конарова Б.Б. 

ОТБАСЫНДА    ТҰЛҒААРАЛЫҚ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

АСПЕКТІЛЕРІ..............................................................................................................................................................................40 

Ергалиева Г.А.,  Оқас М.Т. 

ОҚЫТУ  ПРОЦЕСІНДЕ  ИНТЕРАКТИВТІК  ӘДІСТЕРДІ  ҚОЛДАНУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ОҚУ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................45 


Ергалиева Г.А. А.Қ.РамазановаА.М. Кузайрова 

ӘЛЕУМЕТТІК 

ПЕДАГОГТЫҢ 

ТОЛЫҚ 


ЕМЕС 

ОТБАСЫ 


БАЛАЛАРЫМЕН 

ЖҮРГІЗЕТІН 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................50 

Ерниязов О.Н.Шапхатова А.С.  

ЖАСӨСПІРІМ ЖАСЫНДАҒЫЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................................53 

Ерниязова С.Н., Ажыгалиева Н.Г. 

ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

...................................................................................................................................................57 

Жантуреева А.А., Жанұзақ А.Н., Онгарбаева А.Ж. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК БАСТАУЫ...................62 



Зинуллин Т.Е., Распаева Д.А., Ғабитова Ү.Ғ. 

МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРМЕН 

ЖҮРГІЗІЛЕТІН 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАРЫ.............................................................................................................................................67 

Золотых И.Н., Карнаух Ю.Н. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

ЛИЦ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ 

В 

СОВРЕМЕННОМ 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ 

ПРОСТРАНСТВЕ.........................................................................................................................................71 



Искалиева А. К., Шунайбекова К.М. 

ОБУЧЕНИЕ ГОВОРЕНИЮ НЕМЕЦКОМУ ЯЗЫКУ НА СТАРШЕМ ЭТАПЕ....................................74 



Кинжекова Р.С., Габдрахманова Ш.Т. 

ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................78 

Kismetova G.Karabay A.  

USING OF MODERN PEDAGOGICAL TECHNOLOGIES.......................................................................80 



Кирилина Н.П., Романова В.Л. 

ЭМОЦИОНАЛЬНОЕ ВЫГОРАНИЕ РАБОТНИКОВ СОЦИАЛЬНОЙ СФЕРЫ ТРУДА....................83 



Коренева В.О., Чернышева Н.С. 

 ЗНАЧЕНИЕ 

ТЬЮТОРСКОГО 

СОПРОВОЖДЕНИЯ 

ДЕТЕЙ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИЗДОРОВЬЯ 

В 

УСЛОВИЯХ 



ИНКЛЮЗИВНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ 

ПРАКТИКИ...................................................................................................................................................87 

Кормушина Н.Г. 

КОММУНИКАТИВНАЯ  ТОЛЕРАНТНОСТЬ  КАК  ОСНОВНОЕ  УСЛОВИЕ  ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ ДЕТЕЙ С ОВЗ.................................................................................................................90 

Кулдашева Н. У., Мұрат Ж. 

ЖАЛПЫ 


ОРТА 

БІЛІМ 


БЕРЕТІН 

МЕКТЕПТЕРДЕ 

 

ИНКЛЮЗИВТІ 



 

БІЛІМ 


БЕРУДІ   

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................95 



Қонисбекова Л.О. 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕ  БЕРУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ    ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................................................100 

Максутова А.Е.Сейтжанова Ж.Б. 

РОЛЬ 


ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 

СОПРОВОЖДЕНИЯ 

ДЕТЕЙ 

ВУСЛОВИЯХ 



ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ......................................................................................................107 

Малкина Т. С., Рифферт Л. И. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

ДЕТЕЙ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ 

В 

СОВРЕМЕННОМ 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ 

УЧРЕЖДЕНИИ...........................................................................................................................................114 



Молдагалиев А.М., Нуфтиев Ө.Г. 

 ЕЛДІҢ  ЕРТЕҢГІ  ҚОРҒАНЫ -  ПАТРИОТ  ЖАСТАР........................................................................116 



Молдагалиев А.М., Сыдык Б.С. 

ДУХОВНОЕ И НРАВСТВЕННОЕ ВОСПИТАНИЕ МОЛОДЕЖИ......................................................118 



Муканова А.Д.Сардарова Ж.И. 

ФОРМИРОВАНИЕ 

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 

КОМПЕТЕНТНОСТИ 

БУДУЩЕГО 

УЧИТЕЛЯ 


НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ........................................................................................................................121 

Муканаева Ә. 

БОЛАШАҚ 


МАМАННЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

МӘСЕЛЕСІ..................................................................................................................................................124 

Мухамбетжанова Ә.М., Гайпназарова Б.Д., Рамазанова А.П. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ М.МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ............126 



Набиулина З.С., Шунайбекова К.М. 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ  ПРОЕКТНОЙ  МЕТОДИКИ  В  ПРЕПОДАВАНИИ  НЕМЕЦКОГО  ЯЗЫКА  НА 

СТАРШЕЙ СТУПЕНИ...............................................................................................................................130 



Насибуллина А.Д., Шаукенова Э.Ш

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

СЕМЕЙ, 


ИМЕЮЩИХ 

ДЕТЕЙ 


С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ  ВОЗМОЖНОСТЯМИ  ЗДОРОВЬЯ  КАК  АКТУАЛЬНОЕ  НАПРАВЛЕНИЕ 

ИНКЛЮЗИВНОЙ ПРАКТИКИ................................................................................................................132 

Ойлыбаева Л.Н., Серикбаева Ж.Д. 

ПЕДАГОГТЕРДІҢ  ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ  ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ТҮЗЕТУ 


ШАРАЛАРЫН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.......................................................................................................................................134 

Оразбаева Ж.А.Утегалиева А. М. 

ДАМУ 


МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРҒА 

ИНКЛЮЗИВТІ 

БІЛІМ 

БЕРУДЕГІ 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҚОЛДАУ  ҚЫЗМЕТІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДА  ТИІМДІ 

ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ............................................................................................................................137 



Өрбісінова Н.А., Кадыргалиева С.И. 

РАЗЛИЧНЫЕ  МЕТОДЫ  И  СРЕДСТВА  ОБУЧЕНИЯ  ДОШКОЛЬНИКОВ  АНГЛИЙСКОМУ 

ЯЗЫКУ.........................................................................................................................................................143 

Өтеғұл Г.К. 

МҮМКІНДІГІ  ШЕКТЕУЛІ  БАЛАЛАРДЫ  ТӘРБИЕЛЕУ  МЕН  ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ  ҮДЕРІСІНДЕГІ  

ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ.................................................................................................................................146 

Рамазанова А.П.Бекежан М.А., Шапқатова А.Т. 

КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ.................149 



Сапахова Г.М., Жуматова М.С. 

ӘР БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІН АШУ МАҢЫЗДЫ.....................................................................................153 



Тұрдалиева Ш.Т., Мырқасымова М.А., Момынова С.Н. 

ЖЕКЕ  ТҰЛҒАНЫҢ 

ЭМОЦИЯЛЫҚ  КҮЙІН  БАСҚАРУ  ҚАБІЛЕТІН   

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ЖОЛДАРЫ..................................................................................................................................................160 

Тұрдалиева Ш.Т., Әлімбекова Ә.С., Есентаева Г.А., Қошқарбаева Г.Т. 

ТОЛЫҚКҮНДІ 

МЕКТЕП 

ЖАҒДАЙЫНДА 



ОҚУШЫНЫҢ 

ТВОРЧЕСТВАЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУДА АРТ ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................................................164 



Хамзин Н.А., Хабиева Д.Г. 

БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ..........................169 



Якиманская И.С. 

БЕЗОПАСНОСТЬ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ 

СРЕДЫ 


И 

ОСОБЕННОСТИ 

ПРЕДСТАВЛЕНИЙ 

СУБЪЕКТОВ ОБРАЗОВАНИЯ КАК УСЛОВИЯ ДЛЯ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБУЧЕНИЯ................171 

 

 

СЕКЦИЯ, SECTIONS -2 



 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРҒА АРНАЙЫ 

ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ  БІЛІМ БЕРУДІҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИНКЛЮЗИВНОГО И СПЕЦИАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

ЛИЦ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ (ООП) 

 

ACTUAL PROBLEMS OF THE THEORY AND PRACTICE OF INCLUSIVE EDUCATION 

 

Б.Қ.Бадашев,  М.Б.Қуанғалиева 

ҮЙДЕН ОҚИТЫН БАЛАЛАРДЫҢ АТА – АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС..............................................176 

Бахтыгереева  Б. Д. 

АКТУАЛЬНЫЕ 

ПРОБЛЕМЫ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ 

ЛИЦ 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ.......................................................................................179 

Бахчеева Е. Н., Будилова В.Ю., Никитина С.А. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ РАЗВИТИЯ.........................................185 



Баюканская С.Ф., Демченко Л.В., Султанова А.К. 

ПРОБЛЕМЫ 

ОБРАЗОВАНИЯ 

И 

ТРУДОУСТРОЙСТВА 



ЛИЦ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 



ВОЗМОЖНОСТЯМИ ЗДОРОВЬЯ...........................................................................................................188 

Баюканская С.Ф., Жумагулова Г.М. 

АКТУАЛЬНЫЕ 

ПРОБЛЕМЫ 

РЕАЛИЗАЦИИ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБРАЗОВАНИЯ 

В 

КАЗАХСТАНЕ............................................................................................................................................192 



Болтекова Ш.С.,  Қадырғалиева С.И. 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЕТ ТІЛДЕРІНЕН ӨЗІНДІК ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ.............................................195 



Гайпназарова Б.Д., Джуматова Б.У., Джакасова А.С. 

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕ САУСАҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...............198 



Г.А.Ергалиева, Г.Кеңес, М Мұратқызы 

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ..................................................200 



Зельвенский М.Б., Акимова О.И. 

СРАВНИТЕЛЬНЫЙ 

АНАЛИЗ 

ОТНОШЕНИЯ 



К 

ЛЮДЯМ 


С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ 

ВОЗМОЖНОСТЯМИ В ЕВРОПЕ И РОССИИ.......................................................................................203 

Измайлова Л. С., Королева Ю.А. 

МОТИВАЦИОННО-ЦЕННОСТНЫЙ 

КОМПОНЕНТ 

ГОТОВНОСТИ 

К 

ИНКЛЮЗИВНОМУ 



ОБРАЗОВАНИЮ ПЕДАГОГОВ РЕСПУБЛИКИ ИНГУШЕТИЯ.........................................................207 

Имангалиева С.Т. 

РОЛЬ ЛЕЧЕБНОЙ ФИЗКУЛЬТУРЫ ЛЕЧЕНИИ ДЦП..........................................................................210 



Косарева А.А., Фоминых Е.С. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ  СОПРОВОЖДЕНИЕ  ДЕТЕЙ  С  ОВЗ  В  ИНКЛЮЗИВНОМ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОСТРАНСТВЕ..............................................................................................212 

Кошанова З.А., Сахипова Ж.М., Искакова К.А. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ..............................................214 



Кулдашева Н.У., Алпысбаева А.М. 

ӘЛЕУМЕТТІК 

ПЕДАГОГТЫҢ 

ЖАЙСЫЗ 


ОТБАСЫ 

МҮШЕЛЕРІМЕН 

ЖҮРГІЗІЛЕТІН 

ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .......................................................................................................217 



Қаденова С. М., Кадыргалиева С.И. 

ШЕТ ТІЛДЕРІНЕН ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР............................222 



Лазаревская В.Б., Акимова О.И. 

О ВНЕДРЕНИИ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В РРЕСПУБЛИКЕ МОЛДОВА...................225 



N.K. Lyssenko 

INCLUSION IN EDUCATION IN KAZAKHSTAN..................................................................................227 



Мелешкина М.С. 

ТРУДНОСТИ  ПОНИМАНИЯ  ТЕКСТА  МЛАДШИМИ  ШКОЛЬНИКАМИ  С  УМСТВЕННОЙ 

ОТСТАЛОСТЬЮ КАК ПРОБЛЕМА ИНТЕГРАЦИИ И СОЦИАЛИЗАЦИИ......................................229 

Меерзон Т.И. 

МЕДИЦИНСКОЕ 

СОПРОВОЖДЕНИЕ 

РЕБЕНКА 


С 

ОСОБЫМИ 


ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 

ПОТРЕБНОСТЯМИ В ИНКЛЮЗИВНОМ ОБРАЗОВАНИИ................................................................232 



Меерзон Т.И., Попова Е. В.  

ОРГАНИЗАЦИОННО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ 

УСЛОВИЯ 

ФОРМИРОВАНИЯ 

ИНКЛЮЗИВНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ................................................................................................................234 



Молдагалиев А.М., Газимов А.М. 

ПРЕЗИДЕНТ И ВООРУЖЕННЫЕ СИЛЫ: СТАНОВЛЕНИЕ КАЗАХСТАНСКОЙ АРМИИ...........238 



Муканова Н.Е., Абдрахманова У. К.,  Мергенова Р.Қ. 

МҮМКІНДІГІ 

ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРДЫҢ 

ТАНЫМДЫҚ 

ҚАБІЛЕТТЕРІН 

ДАМЫТУ 

ЖОЛДАРЫ..................................................................................................................................................241 



Мукашева И.Б 

АРТ-ТЕРАПИЯ КАК ОДНО ИЗ НАПРАВЛЕНИЙ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...............245 



Мусагалиева А.Қ. 

АРНАЙЫ  БІЛІМ  БЕРУ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ  БАР  АДАМДАРҒА  ИНКЛЮЗИВТІ  ЖӘНЕ  АРНАЙЫ 

БІЛІМ БЕРУ ДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР...............................................................................................248 

Мустафина Р.К. 

СОЗДАНИЕ  ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  УСЛОВИЙ  В  ШКОЛЕ  ДЛЯ  ДЕТЕЙ  С 

НАРУШЕНИЕМ ЗРЕНИЯ. ............................ ............................ ............................ ................................251 

Муханбетчина А.Г., Айтжанова О.А. 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................ ...................................255 



Мухсинова А. Н. 

ПОДГОТОВКА 

ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ 

КОМПЕТЕНЦИЙ 

БУДУЩИХ 

УЧИТЕЛЕЙ 

ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА............................ ............................ ............................ ................................258 

Сариева Р.Д., Маденова Л.М., Тугжанова А.Т. 

РАЗВИТИЕ    СПЕЦИАЛЬНОГО    И    ИНКЛЮЗИВНОГО    ОБРАЗОВАНИЯ  В    СОВРЕМЕННОМ  

КАЗАХСТАНЕ............................ ............................ ............................ ............................ ........................261 


Сатбаева А. М., Кадыргалиева С.И. 

ГРАММАТИКАЛЫҚ ДАҒДЫ МЕН ҚАБІЛЕТТІҢ ДАМУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............................ ...264 



Павлова О.С. 

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ 

НЕГОТОВНОСТЬ 

УЧИТЕЛЯ 


КАК 

ФАКТОР, 


ОСЛОЖНЯЮЩИЙ 

ВНЕДРЕНИЕ СИСТЕМЫ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ............................ ...........................266 



Польшина М.А. 

КОПИНГ-ПОВЕДЕНИЕ 

ПОДРОСТКОВ 

С 

ОВЗ 



В 

УСЛОВИЯХ 

ИНКЛЮЗИВНОГО 

ОБУЧЕНИЯ.................................................................................................................................................270 



Феофанов В.Н. 

ПЕДАГОГИ,  РЕАЛИЗУЮЩИЕ  ИНКЛЮЗИВНУЮ  ПРАКТИКУ:  ТРЕБОВАНИЯ  К  НИМ  И 

РЕАЛЬНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИХ............................ ............................ ............................ .......................273 

Фоминых Е.С. 

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ 

ТЕХНОЛОГИИ 

РАБОТЫ 


С 

ОБУЧАЮЩИМИСЯ 

С 

ОГРАНИЧЕННЫМИ  ВОЗМОЖНОСТЯМИ  ЗДОРОВЬЯ:  ВОЗМОЖНОСТИ  ДЕВИКТИМИЗАЦИИ  В 



ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ ВУЗА.................................................... ............................................284 

Хасанова Н.К. 

О КОМПЛЕКСНОСТИ В РЕШЕНИИ ПСИХИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ РЕБЕНКА...........................288 



Шереметьева Е.В., Байрамгулова Ю.М. 

ПРОБЛЕМЫ  ПРОЦЕССА  ИНТЕГРАЦИИ  ДЕТЕЙ  С  ОВЗ  В  УСЛОВИЯХ  ДОШКОЛЬНОЙ 

ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ОРГАНИЗАЦИИ............................ ............................ ......................................290 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал