Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет9/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64

 

Literature 

 

1  Broughton  G.,  Brumfit  C.  Teaching  English  as  a  Foreign  Language.  -  London:  Henley  and 

Boston, 1978. - 228 p. 

2  Wing  B.H.  Listening,  reading  and  writing:  Analysis  and  application.  Middlebury.  -  VT: 

Northeast Conference, 1986. - 262 p. 

 3 Bachman L.F., Palmer A.S. Language Testing in Practice. - Oxford: Oxford University Press, 

2000. - 165 p. 

 4 Alexander L. Practice and   Progress. - London: Longman, 1980. - 523 p. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


60 

 

ƏОЖ



 616.995.122:574 

 

ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНЕ ҚАРАЙ ӨЗГЕРУІН АҚ СҰЛАМА 

ЖƏНЕ БАУЫРСОРҒЫШ АРҚЫЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ОҚЫТУ 

 

А.А.СенкебаеваА.М.Бердалиева 



 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В  статье  рассматриваются  методы  изучения  плоских  червей  путем  сравнения  белой 

планарии и фасциолы 

 

Summary 

 

This  article  is  about  the  mane  methods  of    researching  feeble  warms  with  the  helpbof  comporison 

between white planaria end  fasciola 

 

Жалпақ  құраттар  типіне  жататын  жəндіктердің  денесі  созылыңқы,  қарны  арқасына 



жабысып жалпайған болып келеді. 

Жалпақ  құрттар  мухитта,  теңізде,  тұщы  суларда  жəне  жануарлар  мен  адамдардың 

ағзасында  кездеседі.  Осыған  байланысты  олар  негізінен  жыртқыштық  жəне  тоғышарлық 

тіршілік етеді. 

Тіршілік  ету  түріне  байланысты  олардың  морфологиялық  жəне  физиологиялық 

ерекшеленуін  біз  бауырсорғыш  пен  ақ  сұлама  жалпақ  құрттарын  салыстырмалы  түрде 

көрсеттік. 

Жалпақ  құрттар  типінің  өкілі  ақ  сұлама  судағы  ұсақ  жəндіктермен  қоректенуіне 

байланысты олардың денесін қозғалу мүшесі – көптеген кірпікшелер қаптаған. Сондықтан 

олар кірпікшелі құрттар немесе турбеллярия деп аталады. 

 

Ақ сұламаның денесі үш қабаттан құралады: сыртқы қабаты – эктодерма, ол тері-



бұлшықет қапшығын түзеді; ішкі қабат – эндодерма; ал үшінші қабат – мезодермадан ішкі 

ұлпалар мен мүшелер дамиды. 

 

Ақ сұламаның қоректенуі бауырсорғышқа қарағанда өзгеше болып келеді. Оның 



аузы  құрсақ  жағында,  денесінің  ортасына  орналасқан.  Ол  жемін  аулаған  кезде 

жұтқыншағын  айналдырып  ауыздан  шығарып,  қорегін  қоршап  алады  да,  оны  тұтастай 

жұтып қояды. Қорек іште қорытылады. 

  Ақ  сұламада  арнаулы  тыныс  алу  мүшесі  жоқ,  сондықтан  судағы  оттегіні  бүкіл 

денесі  арқылы  сіңіреді  жəне  бүкіл  денесі  арқылы  көмірқышқыл  газын  сыртқа  шығарады. 

Денесінде қан болмағандықтан, оларда қан айналым мүшесі де болмайды. 

  Ақ сұламаның ағзадағы зат алмасу қалдығы мен сұйық заттарды денесінен сыртқа 

шығаратын  зəр  шығару  мүшесі  жетілген.  Оларға  бүкіл  денесіне  тармақталып  жатқан 

өзекшелі  түтіктер  жатады.  Жүйке  жүйесі  алдыңғы  жағында  жүйке  жасушалары 

жинақталған жүйке түйіні мен денені бойлай созылатын екі бағанадан құралған. 

  Кірпікшелі  құрттарда  сезім  мүшелері  дамыған.  Ақ  сұлама  денесінің  алдыңғы 

бөлігінен  екі жағындағы томпиып,  құлақ  тəрізденіп  тұрған  өскін-сипап  сезу  мүшесі жəне 

соның  жанында  жарық  сезетін  екі  қара  көзі  орналасқан.  Ақ  сұламаның  суда  денесін 

бірқалыпты ұстау үшін тепе-теңдік сақтайтын мүшесі қалыптасқан. 

  Олардың  көбеюі  бауырсорғыштар  сияқты  күрделі  болмайды.  Ақ  сұлама 

қосжынысты  болып  келеді.  Аталық  ұрықтан  аналық  жұмыртқалар  тығыз  қабықша  – 



61 

 

пілдемен топтастырылып сыртқы ортаға шығарылады. Мезгілі келгенде кішкене сұламалар 



пілдені жарып жарық дүниеге шығады.  

Жалпақ  құрттар  типіне  жататын  бауырсорғыш  құрты  үй  жануарлары:  қой,  ешкі, 

сиыр,  жылқы,  түйе,  шошқа  жəне  жабайы  шөп  қоректі  аңдар  мен  адамдардың  бауырында 

тоғышарлық  тіршілік  етуіне  байланысты  оның  морфологиялық  жəне  физиологиялық 

ерекшеліктері байқалады (1 кесте).  

 

1 кесте  



Ақ сұлама мен бауырсорғыштың морфологиялық жəне физиологиялық 

ерекшеліктері 



 

р/с 


Белгілер 

Ақ сұлама 

Бауырсорғыш 

Тіршілік ортасы 



тоған  суларында,  тасты 

жылғаларда 

жануарлар мен адамдар денесінде 

Тіршілік түрі 



Жыртқыштық 

тоғышарлық 

Кірпікшелері  



Болады 

Тек 


балапан 

құрттары 

мирацидийде  кірпікшелер  жəне 

церкарийде құйрық болады 

Сорғышы  



Болмайды 

2  сорғышы  болады:  ауыз  жəне 

құрсақ 



Ас 



қорыту 

жүйесі 


ауыз,  жұтқыншақ,  3 

тармақты ішек 

ауыз  сорғышы,  жұтқын-шағы,  3 

тармақты ішегі 

Қорегі  


ұсақ жəндіктер 

қан жəне бауыр жасушалары 

Тыныс 


алу 

жүйесі 


суда еріген О

2

 – ні бүкіл 



денесімен сіңіреді 

иесінің денесіндегі О

2

 – ні сіңіреді 



Жүйке жүйесі 

2 бүйір жүйке тізбегінен 

тұрады 


жұтқыншақ  маңы  жүйке  түйіні 

жəне жүйке тізбектері 

Сезім мүшелері 



сипап сезу, көру мүшесі 

жəне 


тепе-теңдікті 

сақтайтын мүшесі бар 

сезім  мүшелері  дамымаған,  тек 

балапан  құрттары  мирацидийде 

жарық  сезу  көзшелері,  сипап  сезу 

мүшесі  жəне  тепе-теңдік  сақтау 

мүшелері дамыған  

10 


Көбею жүйесі 

Қосжынысты 

қосжынысты 

11 


Дамуы  

жұмыртқалары 

пілде 

ішінде  дамып,  кейін 



қабығын жарып шығады 

жұмыртқадан  шыққан  балапан 

құрттар  аралық  иелерінде  дамып 

циста түзеді 



 

Бұлардың  мекендейтін  иесінің  ұлпалары  мен  ішкі  мүшелеріне  бекінетін  сорғышы 

болғандықтан, оларды сорғыш құрттар немесе трематодтар (грекше: trematoda – сорғышы 

бар) деп  атайды.  Бауырсорғыштың  екі  түрі  болады:  біріншісі кəдімгі  фасциола  –  Fasciola 

hepatica, ұзындығы 2-3 см, алып фасциола – Fasciola giganticа, ұзындығы 3,5 см-ден 7,5 см-

ге дейін жетеді. 

Бауырсорғыш  бауырдағы  өт  түтіктерінде,  ұлпаларда  тіршілік  ететін  болғандықтан 

еркін  қозғала  алмайтын  жəндіктер.  Сондықтан  олардың  денесін  кірпікшелер  мен 

талшықтар  т.б.  өсінділер  қаптамаған,  тегіс  жұқа  қабықша  –  кутикула  қоршап  тұрады. 

Бауырсорғыштарда  қозғалу  мүшелері:  кірпікшелер  мен  құйрықтары  сыртқы  ортада 

тіршілік  ететін  балапан  құрттар  –  мирацидийлерде  болады.  Мирацидийлер  аралық  иесі 


62 

 

ұлудың денесіне ену үшін суда 1 секундта 2 мм дейін қозғала алады. Қозғалу үшін қажетті 



қоректік  заттар  –  гликоген  кірпікшелі  жасушаларында  жинақталған.  Құйрықты  балапан 

құрт – церкарийлер суда еркін қозғалып жүреді.  

Бауырсорғыштың денесінде екі сорғышы болады: біріншісі – ауыз сорғышы, екіншісі 

– құрсақ сорғышы, ол арнаулы бекінетін мүше болып табылады.  

Бауырсорғыш  қосжынысты  жəндіктер.  Олардың  көбеюі  өте  күрделі.  Көбею  кезінде 

ересек жынысты жетілген құрттар қосымша иесі тоспа ұлуының денесінде тіршілік етеді, 

ал жұмыртқалары мен цисталары сыртқы ортада сақталады. Бауырсорғышта қан айналым, 

тыныс  алу  жүйелері  болмайды.  Олар  иесінің  қанымен  жəне  бауыр  жасушаларымен 

қоректенетіндіктен сезім мүшелері дамымаған тоғышар жəндіктер болып саналады. 

Ескертетін  жай  бауырсорғыштардың  балапан  құрттары  –  мирацидийлерде  сезім 

мүшелері  дамыған.  Олардың  денесінің  алдыңғы  жақтарында  жарықты  сезетін  екі 

көзшелері, тепе-теңдік сақтау, сипап сезу мүшелері байқалады. 

Келтірілген  көрсеткіштер  жалпақ  құрттар  типіне  жататын  жəндіктердің  тіршіліктің 

жыртқыштық  жəне  тоғышарлық  түріне  байланысты  морфологиялық,  физиологиялық 

ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын  кірпікшелі  құрттар  өкілі  -  ақ  сұлама  мен  сорғыш 

құрттар  өкілі  –  бауыр  сорғышты  салыстыру  арқылы  оқыту  көрнекті  болатындығын 

көрсетті. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



А.Э.Брем Жизнь животных. ІІІ т., М.«Терра» 1992г. 

2.

 



Ə.Н.Халила,  К.Ш.Муминова,  А.А.Сенкебаева  Жануартану,  оқу-əдістемелік  құрал. 

Шымкент 2000 ж. 

3.

 

Ə.Н.Халила,  А.А.Сенкебаева  Фасциола  жəне  фациолез,  оқу-əдістемелік  құрал. 



Шымкент, 2000 ж. 

4.   К.Дəуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы, оқулық. Алматы, 2004 ж. 

 

ƏОЖ


   636.598:591.47 

 

ЛЕВОМИЦЕТИН ҚОЛДАНҒАН ҚҰС ЕТІ МЕН ІШКІ-АҒЗАЛАРЫНЫҢ 



САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ 

САРАПТАУ 

 

Токтарова Г.К., Балтақожаев Т.Р., Тулеметова С.Е



 

М.Ауезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В  данный  статье  рассмотрено  мясо,  и  внутренние  органы  птицы  подвергший  лечение 

антибиотикам  левомицетином  исследовавшие  методом  ветеринарным  санитарным  экспертизы

Следы  левомицетина  встречалось  в  мышцах  грудины,  печени,  желудке  в  мышечных  тканях 

пропущенный через мясорубки 

 

Summary 

 

In  given  to  the  article  meat,  and  internal  organs  of  bird,  is  considered  exposing  to  treatment  the 

antibiotics  by  Laevomycetinum  investigating  a  method  veterinary  sanitary  examinations.  Tracks  of 

Laevomycetinum met in the muscles of breastbone, liver, stomach in muscular fabrics skipped through meat 

grinders 


63 

 

Құс  шаруашылығының  өнімдері  өте  үлкен  сұранысқа  ие  болып  отыр[1,  2].  Мұның 



бірден-бір  себебі  құс  еті  аса  дəмді,  сапалы  болады.  Көптеген  ғалымдардың  болжауынша 

құс  етін  тұтынатын  халық  бұлшық  ет  талшықтарының  морфологиялық  ерекшеліктеріне 

жəне оның физикалық қасиеттеріне – нəзіктігіне жəне шырындылығымен байланыстырады. 

Басқа  жануарлар  етімен  салыстырғанда  құс  етіндегі  бұлшық  ет  талшықтары  жіңішкелеу 

жəне олардың аралығындағы жалғастырғыш талшықтар аз келеді[3,4]. 

Құстар өнімінің отандық жəне шетелден келетін шикізаттарды қалдық антибиотиктер 

мөлшерінің ластану деңгейін зерттеу бүгінгі таңның ең өзекті мəселесі [5,6].  

Мамандардың  көбісі  тамақ  өнімдеріне  антибиотиктердің  болуын  ауылшаруашылық 

жануарлары  мен  құстары  үшін  емдік,  профилактикалық      құралдар  түрінде  кең  

қолданылуымен байланысты. 

Ғылыми  деректер  бойынша  ауылшаруашылық  құстарының  антибиотиктермен 

азықтандырғанда  құс  етінің  ветеринариялық-санитариялық  өзгерістердің  салыстырмалы 

ғылыми мəліметтері сирек кездеседі. Соның ішінде, əсіресе, құс етіндегі антибиотиктердің 

адам ағзасына қауіпсіздігін анықтау мақсатындағы мағлұматтар жоқтың қасы. 

Əсіресе,  құс  шаруашылығында  левомицтин  қолданғанда    анықтау  бағытында 

маңызды рол атқарады.  

Левомицетин  пайдаланған  тауық  етінің  химиялық  құрамын  анықтау  еттің  жəне  ет 

өнімдерінің  сапасын,  тағамдық  құндылығын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Ал  еттің  бұл 

қасиеттері  оның  құрамындағы  ақзаттың,  майдың,  минералды  заттардың  жəне 

ылғалдылығының ара қатынасына байланысты. Сонымен қатар ет өнімдеріндегі заттардың 

сапасы оны сақтау кезіндегі төзімділігінеде əсер етеді [9 ,10] 

Зерттеу əдістері жəне материалдар  

Антибиотиктерді сапалы анықтау

Сараптама жүргізу. 

Зерттеуге дайындалған 0,5 мл көлеміндегі сыналатын сынамаларды шыны түтіктерге 

осындай  көлемдегі  (0,5  мл)  ет  сопасына  енгізіледі  жəне  мұқият  араластырамыз.  Барлық 

шыны түтіктерге қоректік орталардың екі есе негізгі дозасы бар 0,5 мл қосамыз. 

Соңғы  шыны  түтікте  сыналатын  субстратты  сақтамайды  жəне  қоректік  ортаның 

ферментативтік белсенділігін бақылауға қызымет етеді. 

Шыны  түтіктерді  сыналатын  субстраты  бар  қоректік  ортаның  3  сағаттық 

экспозициясымен термостатқа орналастырамыз. 

Бұдан кейін əр шыны түтікке ертілген жəне (45+/-1) С дейін мұздатылған метиленді 

көгілдір жəне глюкозасы бар 2 мл ет агары енгізіледі. 

Нəтижелерін есепке алу. 

1.

 

Антибиотиктің  сыналатын  үлгілерінде  тыныс  алу  ферменттері  болмаған 



жағдайда културалардың бактериалды клеткалары анаэробты жағдайда метиленді көгілдір 

бұзылмайды жəне қалпына келеді. 

2.

 

 Сыналатын  үлгісі  жоқ  бақылау  шыны  түтіктерінде  термостатта  (37+/-1)  C 



температурада 1-2 сағат бойы бақылауда солғындау болады културалардың бактериальдық 

клеткаларының ферментативтік белсенділігін бақылау. 

3.

 

Сыналатын  үлгісіде  антибиотик  бар  болған  жағдайда  бактериальды 



клеткалардың  тыныс  алу  ферменттері  жабылады,  метиленді  көгілдір  қалпына  келмейді 

жəне шыны түтіктер өзгермейді, олардың түсі көгілдір болып қалады. 

4.

 

Екінші  бақылау  сапасы  ретінде қосымша  антибиотиктің  анықталған  қосылымы 



бар субстратты қолдануға болады. 

Антибиотиктердің  жəне  сыналатын  үлгілердің  стандарттарын  тарату  үшін 

қолданылатын ертінді, реактивтер. 

Стандарттың негізгі ертіндісін 0,01 H тұзды қышқылда (HCl) ерітеді. 

Сыналатын  үлгілерді  стандартты  жəне  сығындыны  қалыпты  тарату  N2-  цитратты 

тұзды қышқыл (pH 5,8-6,0) буферде дайындалады. 



64 

 

Ғылыми–зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  мақсатында  сатып  алынған  құстар  жақсы 



желдетілетін  торда  ұсталды.  Ғылыми-зерттеу  жұмысы  ҚазҰАУ-дың  Ветеринариялық 

санитариялық 

сараптау 

оқу-зерттеу 

зертханасында 

жүргізілді. 

Пайдаланылған 

материалдар: əртүрлі құстардың бұлшықеттері жəне мүшелері.  

 

Зерттеу нəтижелері  



Алматы  қаласының  əкімшілігі  қаулысымен  «ұзақ  мерзімге  Алматы  қаласындағы 

сауда қауіпсіздігін бекітудің негізгі бағыттары»  іске асыру үшін  шикізаттардағы  қалдық 

антибиотиктерді  анықтау  бойынша  отандық  жəне  сырттан  келген  жануарлар  жəне  құс  ет 

өнімдеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу өте маңызды.  

Зерттелген  уақыт  арасында    қала  лабораторияларына  зерттеуге  түсетін  жануарлар 

өнімдеріндегі  антибиотиктердің  құрамының  асуы  əр  түрлі жағдайда  кездесті:    бұлшық  ет 

ұлпасы жəне  құс өнімдері. 

Антибиотиктер  қалдықтарымен  ластанған  құстар  өнімінің  жəне  бұлшық  ет 

ұлпасының көп бөлігі де сырттан келген.  

Құстардың,  бұлшық  ет  ұлпалары  мен  ішкі  құрылыстарынан  көбіне  тетрациклиндік 

қатар  антибиотиктері  анықталып  жатты.  Жиі  кездесетіндер  ішінен  тағы  стрептомицин 

болып  табылады.  Бұлшық  ет  ұлпаларынан  жəне  ішкі  құрылыстардан    левомицетин  аз 

табылды.  Пенициллин еш нұсқада табылмады.  

Тауық  жұмыртқаларынан  жəне  жұмыртқа  ұнтағынан  тетрациклин  жəне 

стрептомицин кездесті, басқа антибиотиктер табылмады. 

Жануарлар өнімдерінің нұсқаларын зерттеу нəтижелерінің анализінен,  74,5 %  

жағдайда тетрациклиндік қатардағы антибиотиктер нұсқаларынан табылды.  

Тауық еттерінің өнімдерінде жиі левомицитин  тауық төсінде -11%, бауырда-16%, 

қарында-45%, шегіген етте-28% табылды.  Антибиотиктерді нашар сақтайтын бұлшық ет 

ұлпаларымен салыстырғанда, антибиотик  шегіген етте екі есе жиі түрде табылса, үш есе 

көп қарында табылды. 

 

1-диаграмма Құс ет өнімдеріндегі левомицетиннің мөлшері. 



 

60  дана  тауық  жұмыртқасын  зерттеу  кезінде  тетрациклин  17  данасынан  табылды 

(28,3%),  стрептомицин  2  данасы  (3,3%),  левомицетин  1  данасы  (1,6  %).  Барлығы  33,3  % 

жағдайда  тауық  жұмыртқалары  антибиотиктерден  тұрды,  алайда  жұмыртқа  беретін 

тауықтарға ешқандай антибиотиктер берілмеуі тиіс.  

Левомицитиннің  үлкен  салмағы  болуы,  құстарды  өсіру  үшін,  тыйым  салынған 

нұсқауларға қарамастан беруін жалғастырумен байланыстыруға болады.  

Термикалық өңдеу нəтижесінде  мал мен құстардың бұлшық ет ұлпаларында едəуір 

антибиотиктер құрамы қысқарады.  Негізінен  бұлшық ет талшықтарынан дəрілік препарат 

бұлшық  ет  сусынымен  сорпаға  өтеді,  препараттың  қалған  бөлігі    жоғары  температура 

əсерінен бұзылады. 


65 

 

Мал  мен  құстардың  бұлшық  ет  ұлпасынды  қайнатудан  кейін  негізгі  антибиотиктер 



көлемінің оннан бір бөлігі ғана қалады.  Сорпаға 70 %  антибиотиктер өтеді. Сəйкесінше,  

антибиотиктердің  20  %  қайнату  нəтижесінде  бұзылады,  не  болмаса,    микробиологиялық 

əдіспен анықталмайтын (1 кесте) метаболиттерге өтеді. 

1-кесте Құстардың бұлшық ет ұлпаларында антибиотиктердің өңдеуге жəне өңдеуден 

кейінгі құрамы 

 

Жа



нуа

р 

түр



і 

Антибиотик 

Шикі бұлшық 

ет 


ұлпасындағы 

құрамы 


(100%) 

±



m)  

Өңдеуден кейінгі 

бұлшық ет 

ұлпасының құрамы 

±

m) 



 Бульонның құрамы 

±



m)  

Бұзылға


ны 

±



m)  

мг/кг 


мг/кг 

мг/кг 



Құ



с 

Тетрациклин, 

n

=

30 



0,6

±

0,01 



0,046

±

0,00



9,0


±

2,6 


0,35

±

0,04 



71,3

±

2,9 



19,7

±

4,1 



Левомицетин, 

n

=



30 

0,6


±

0,02 


0,054

±

0,01  11,6



±

1,



0,35

±

0,03 



69,1

±

1,5 



19,4

±

2,0 



Гризин, 

n

=



30 

0,26


±

0,05 


0,01

±

0,0 



5,8

±

1,6 



0,18

±

0,03 



76,1

±

3,4 



18,2

±

2,8 



Бацитрацин, 

n

=



20 

0,3


±

0,04 


0,016

±

0,0 



7,2

±

3,0 



0,16

±

0,03 



78,3

±

2,2 



14,4

±

2,1 



 

Алынған  нəтижелерді  талдау.  Жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмысында  барлық 

сойылған өнімдердің ішінде ең көп мөлшерде левомицитин кездесті атап айтқанда,  құстың 

төс  етінде    тауық  төсінде  -11%,  бауырда-16%,  қарында-45%,  шегіген  етте-28%    болды. 

Алынған  зерттеу  нəтижелерінен  байқағанымыздай  термикалық  өңдеу  нəтижесінде  

құстардың бұлшық ет ұлпаларында едəуір антибиотиктер құрамы азайды.   

Қорыта  келгенде,  левомицитин  құрамы  бойынша  құстың  төс  етінде,  бауырда,  

қарында,    шегіген  ет  ұлпасында  ең  жиі  кездесті.  анықталды.  Зерттеу  нəтижелерінен 

байқағанымыздай  термикалық  өңдеу  нəтижесінде    құстардың  бұлшық  ет  ұлпаларында 

антибиотиктер құрамы төмен деңгейде болды.   



 

Əдебиеттер 



 

1.

 



С.Қырықбайұлы,  Т.М.Телеуғали,  Б.Майқанов,  А.Ж.Сахариянов,    А.А.Жұмагельдиев, 

М.С.Садуов,  Б.Д.Есімова,  М.О.Ерғұмарова  //Ветеринариялық  санитариялық  сараптау 

практикумы- Алматы - 2013- 102-109 б. 

2.

 



Қырықбайұлы С, Тілеуғали Т.М. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. 

– Алматы: Агроуниверситет, 2007. - 36 б. 

3.

 

Антипова  Л.В.,  Глотова  И.А.,  Рогов  И.А.  Методы  исследования  мяса  и  мясных 



продуктов.- Москва: Колос, 2004. – 376 с. 

4.

 



Позняковский    В.М.    Экспертиза  мяса  и  мясопродуктов,  качество  и  безопасность.  – 

Новосибирск: Вера, 2005. – 528 с. 

5.

 

Кальницкая  О.И.  Ветеринарно-санитарные  требования  к  качеству  продуктов  убоя 



животных // Практик. – 2003. - № 6. 

6.

 



Смагулов  А.К.,  Елешов  Е.Р.,  Гаврилова  Н.Б.,  Калиев  А.Х.  и  др.  Качество  и    

безопасность сельскохозяйственной пищевой продукции.  -Алматы: КазНАУ, 2002. – 382 с. 

 

 

 



66 

 

ƏОЖ



:372.8:811.Т-53 

 

БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР 



 

Туткабаева Зухра-Бану УсеиновнаАбаева Венера Абаевна 



 

Жаңа технологиялар колледжі, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

В этой статье рассматриваются использование и недрение новых технологии 



 

Summary 

 

In this article uses the innovative technology and the  quality of teaching 

 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мəселелерінің бірі – мектептегі білім 

беру  жүйесінде  оқыту  үрдісін  технологияландыру.  Осыған  орай  оқытудың  əр  түрлі 

технологиялары  жасалып,  мектеп  тəжірибесіне  енгізілуде.  Педагогикалық  технологияға 

алғаш  анықтама  берген  ғалымдардың  бірі  -  орыс  ғалымы  В.Беспалько.  Оның  жеке 

аспектілері  мен  түрлері  В.Монохов,  М.Кларин,  П.Третьяков,  И.Сенновский,  Г.Монахова, 

М.Чошанов,  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде  қарастырылған.  В.Беспалько  “Педагогикалық 

технологияны - практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба” деп көрсеткен. 

Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, 

мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы əдіс-тəсілдер деп қарастырады. 

Б.Лихачев  «Педагогикалық  технологияны  оқу  үрдісіне  белгілі  бір  мақсат  көздей 

отырып  əсер  ететін  педагогикалық  нəтижеге  жетелейтін  бірліктердің  жүйесі  ретінде 

көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады», -  [1]. 

М.В.Кларин  “Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу 

жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдардың 

жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті», деген анықтама ұсынды. 

М.А.Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технологиялары - дидактикалық 

жүйенің  процессуалдық  құрамдас  бөлігі».  Ал  В.М.Монохов    «Педагогикалық 

технологиялар  -  оқыту  процесін  жобалау,  ұйымдастыру  жəне  өткізудің  ойластырылған 

моделі», - деп көрсеткен  [2]. 

Педагогикалық  технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін  дамуына, 

жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасалады.  Жоғарыда 

келтірілген ғалымдардың еңбектерін жəне басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық 

технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне жəне олардың іс-əрекетіне қарай жүйелеп 

бір сызбаға келтіруге болады . 

Педагогикалық технологиялардың түрлері былайша топтаймыз: 

Бағдарламалап оқыту технологиясы

Ойын арқылы оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясы

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы

Дамыта оқыту технологиясы

Өздігінен даму Ынтымақтастық педагогикасы

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Ынтымақтастық педагогикасы

Білім беруді ізгілендіру технологиясы


67 

 

Оқытудың компьютерлік технологиясы



Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы.                               

Талап ету педагогикасынан  қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік 

тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің ажырамас бөлігі: 

-мұғалім-оқушыоқушы-оқушыоқушы да-субъектмұғалім де-субъект

-оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас

-оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  өзара  түсінушілік,  ынтымақтастық  қарым-

қатынас

Мұғалім мен оқушының біріккен іс-əрекетінің формасы: 

1.Дамытудың  өзектілік,  жүйелік,  практикалық,  ғылымилық  қағидаларын  сақтай 

отырып,   сабақты ұйымдастырудың белсенді формаларын қолдану; 

2.Дамыта оқытудың əдіс-тəсілдерін қолдану. 

3.Оқу  материалының  оқушылардың  таным  қызығушылығын,  білуге  құштарлығын 

оятатын жаңалықты болып, оқушының білгеніне ризалық сезімін туындату. 

4.Оқушылардың  қателіктері  мен  қиналыстарын  анықтап,  ескеріп  түзетіп  отыру, 

оқушыларды    саралап жеке ықпал ету; 

5.Шығармашылық іс-əркет дағдысына баулу. 

6.Оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз ету. 

7.Сабақ  мазмұнын  бейіндік  бойынша  өмірімен,  практикамен  жəне  пəн  аралық 

байланысты   қамтамасыз ету. 

8.Сабақ 

көрнекілігін  жан-жақты  ұйымдастыру  (аудио,  видео  касеталар, 

графопроекторлар,   модуль сызба, таблица, тірек сигналдары т.б. қолдану). 

9.Сабақтың  тəрбиелік  нəтижелілігін,  оқушының  саналы  тəртібі  мен  болмысқа  сай 

сезімдік   қалпын қамтамасыз ету; 

10.Мұғалімнің  оқытудың  құралдарын  пайдалану  жүйелі  жəне  (бір  жақтылықтан 

сақтану) оқу құралдарын өз бетінше дайындау мүмкіндіктерін жете бағалау  [3]. 

Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы  (Ш.А.Амонашвили).  Оқушыны  азамат  етіп 

тəрбиелеу,  олардың  танымдық  күшін  қалаптастыру  жəне  дамыту,  баланың  жаны  мен 

жүрегіне жылылық ұялату. 

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы.  Дидактикалық,  тəрбиелік,  дамытушылық, 

əлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-əрекеттің психологиялық механизмі жеке 

бастық  өзіндік  талап-талғамдарына  сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімділік,  танымдық, 

шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.  

Сабақтарда  ойындарды  пайдалану  өте  тиімді.  «Ойын»  -  оқушының  ой-санасын 

дамытатын,  өсіретін  бірден-бір  қарапайым  құрал.  Жай  сөзбен  айтқанда  оқушы  «ойын» 

арқылы  өз  білімін  жинақтап,  бар  күш-жігерін  сала  отырып,  жеңіске  жетуге  тырысып 

бағады.  Ал  жеңіске  өзінің  алғырлығы,  зеректігі,  шапшаңдығы,  тапқырлығы  жəне  терең 

білімі арқылы ғана жетеді. Сабақтарда пайдаланатын ойындарды мынадай түрлерге бөлуге 

болады:  

1.Қимыл ойындары; 

2.Үстел үстінде ойнайтын ойындар; 

3.Танымдық  ойындар.  Бұл  ойындар  сабақта  еркін  шығармашылық  іс-əрекет  ретінде 

оқушының  ойын,  қиялын  дамытып,  еңбектенуге  дағдыландырады.  Сонымен  қатар 

оқушылардың  сабаққа  қызығушылығын,  белсенділігін  арттырып,  ойлау  қабілетін 

дамытуға, ұжымшылдыққа тəрбиелейді, тапқырлыққа баулиды», - [4]. 

В.А.Сухомолинский:  «Ойынсыз  ақыл-ойдың  қалыпты  дамуы  жоқ  жəне  олай  болуы 

мүмкін  емес.  Ойын  -  дүниеге  ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспеттес,  ол  арқылы  баланың 

рухани  байлығы  жасампаз  өмірмен  ұштасып,  айналасындағы  дүние  туралы  түсінік  алды. 

«Ойын»  көп  білуге,  білімділікке  баулиды  жəне  білгенін  тұжырымдап,  нақты  айтуға 

тəрбиелейді.  Ойын  үстінде  оқушы  іскерлік  пен  түрлі  дағдыны  меңгеріп,  бекітуге, 


68 

 

қорытынды жасауға үйренеді. Кез-келген сабақты даярлағанда жəне өткізгенде білімділік, 



дамытушылық,  тəрбиелік  сияқты  іскерлік  ойындардың  мақсат-міндеттерін  анықтап  алу 

керек. Осы үш мақсат оны іске асыру жолдарына бағыт-бағдар береді. 



1.Білімділікнегізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту 

2.Дамытушылық:  əлеуметтік-экономикалық  жүйенің  элементтері  мен  олардың 

арасындағы байланысты дамытуға бағыт-бағдар беру, іскерлік қабілеттерін дамыту 



3.Тəрбиелік:  кəсіптік  көзқарасты  қалыптастыру,  техникалық  құрал-жабдықтармен 

жіті,  сауатты,  ұқыпты  жұмыс  істей  білуге  тəрбиелеу.  Іскерлік  ойындарды  өткізудің  əдіс-

тəсілдерінің үлгі жоспары: 

- ойынның аты; (ойынның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері); 

- қысқаша сипаттамасы; 

- ойынның мақсаты мен міндеттері  

-  рөльдерге  бөлу  (кейбір  ойындарда  рольдерге  бөлінбейді,  ойын  барысында  өзі 

қалыптасады,  оны  мұғалім  алдын-ала  біледі  жəне  керек  кезінде  ойынға  өзі  араласып 

кетеді); 

-  ойын  жағдайына  кіру  (ереже  бойынша  тарау  тезис  түрінде  баяндалады,  ал 

мұғалімнің ролі – ойында əрі қарай дамытуға ықпал жасау); 

-  ойынның  кезеңдері  (ойындағы  іс-əрекеттер  кезеңдермен  сипатталады,  ол 

тəжірибеде ойынға сəйкес келеді); 

-  ойынның  қорытындысы  (ойынның  əрбір  кезеңінде  жеткен  жетістіктер,  сонымен 

қатар жеңімпаздарды марапаттау); 

-  ойын  нəтижесін  талдау  (эвристикалық  əңгіме  түрінде  өтеді).  Мұнда  оқушыларға 

қойылатын құрақтар мен олардың жауаптары анықталады жəне осы өткен материалдарда 

қайталауға арналады; 

-  үй  тапсырмасы  (сауалнама  түрінде  жүргізуге  болады,  бұл  əр  оқушының  алған 

білімдерін  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Кейде  ойын  басталмай  тұрып  анкета  беруге  де 

болады. Ол оқушылардың ойынға белсене араласуына ықпал жасайды). Оқытудың барлық 

түрлерін  «ойын»  түрінде  өткізу  мүмкін  емес.  Оқу  үрдісінде  əсіресе  оқушылардың  жас 

ерекшеліктерін  ескерсек,  жоғары  сыныптарда  жаңа  ұғымдарда  қалыптастыру,  қоғамдағы 

басқа да өзгерістер мен іс-əрекеттерді талдауда іскерлік ойындардың ролі зор. 

Сонымен бірге қазақтың ұлттық ойындарының да өзіндік ерекше маңызы зор. Ойын 

элементтерін пайдаланғанда оқушы білімінің сапасына көп көңіл бөлеміз. Себебі əр оқушы 

берген  жауаптарының  нақтылығы,  дұрыстығы  арқылы  ғана  жетері  анық.  Сабақтарда 

күделікті  5-7  минуттай  сергіту  барысында  «формуланы  толықтыр»,  «қатесін  тап», 

«анықтамаларын  жаз»,  «қай  мерзім»  деген  сауалдарды  дəріс  арасында  ойнатып 

отырғанның  зияны  жоқ.  Бұл  ойындар  оқушының  алған  білімдерін  тереңірек  бекітуге 

көмегін тигізеді. Бағалау сабақтың ең бір маңызды бөлімі екені сөзсіз, қорытындысы депте 

айтуға болар еді. Бағалаудың түрлеріне келетін болсақ: өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, 

топпен бағалау. Бағалаудың түрін оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ұсынған жөн. 

3.Бірін-бірі  бағалау.  Тест  тапсырмасын  орындап  болғаннан  соң  кілтін  тақтаға  іліп 

оқушылардың  бірін-бірі  бағалауы  немесе  топтағы  оқушылардың  тест  жұмысын  кілттің 

көмегімен топ басшысының тексеруі жəне белгіленген критерий бойынша бағалауы.  

Өздігінен  даму  технологиясы  (М.Монтессори).  Баланы  жан-жақты  дамыту, 

дербестікке тəрбиелеу, бала санасында нəрселер əлемі мен ойлау əрекетінің бірігуі. Оқыту 

баланың  дамуына  сəйкес  табиғи  (жасанды  емес)  болуы  керек,  сонда  бала  өзін-өзі 

дамытады.  Монтессори  педагогикасының  ұраны  баланың  мұғалімге:  «мынаны  менің 

өзімнің  жасауыма  көмектесіп  жібер»    деуіне  жету.  Баланың  туғанынан  азамат  болғанға 

дейінгі  барлық  өмірі-оның  еркіндігі  мен  дербестігінің  дамуы  болып  табылады.  Онда 

оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, əркім табиғат берген даму жолымен жүреді. 

Мектепте  сабақ  болмайды,  əр  күн  жалпы  жиыннан  басталады.  Жиыннан  кейін  əркім  өз 

еркімен  қалаған  жұмысымен  айналысады.  Баға  болмайды,  бірақ  əр  бала  өз  еңбегіне  орай 

үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды. 



69 

 

Өздігінен  даму  жұмыстары-  бұл  мұғалімнің  тікелей  қатысуынсыз,  бірақ  оның 



тапсыруымен  оның  басшылығымен  жəне  бақылауымен  орындайтын  жұмыс.  Орындау 

кезінде  оқушы  теориялық  білімін  кеңейтеді,  тереңдетеді,  белсенді  іс-əрекет  барысында 

ойлау  қабілеттері  дамиды,  ал  ең  бастысы  өзіне  деген  сенімі  мнығайып,  жауапкершілікті 

сезіну  қалыптасады.  Физиканы  оқыту  əдістемесін  жəне  оқыту  əдістерін  жетілдіру, 

оқушылардың  өзіндік  жұмыс  істеу  сұрақтарымен  тығыз  байланысты.  Тарау  бойынша 

оқушыға бірнеше сұрақтар беріліп, əдебиеттер тізімін көрсетіп, жауап жазып келуі, ізденуі 

қадағаланады.  Оқушылардың  өздігінен  даму  ізденістерін  қалыптастыруды  төрт  кезеңге 

бөлуге болады. 

Бірінші  кезеңде  -  мұғалім  оқушыны  қарапайым  таным  əрекеттерімен  таныстырады. 

Физикадан белгілі ғалымдардың тарихынан мəліметтер жинақтату, сонымен бірге əр түрлі 

тарихи есептер, ертегі есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер жəне əзіл 

есептер  шығарту  арқылы  физика  пəніне    деген  қызығушылығын  арттырып,  өз  бетімен 

жұмыс  істеуге  баулу  керек.  Оқушының  əр  қадамына  көңіл  бөліп  мадақтап,  қадағалап 

отырған  дұрыс.  Есептердің  шығарылу  жолына  нұсқау  беріп,  өз  бетімен  орындауына 

мүмкіндік беру. 

Екінші  кезеңде  -  мұғалім  есеп  шығарудың  əр  түрлі  əдіс  тəсілдерін  көрсетіп, 

талқылап, есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді. Берілген 

тапсырмалардың  бірнеше  əдіспен  орныдалуын  талап  етеді.  Əр  түрлі  қиындықтағы 

тапсырмаларды  орындау  барысында,  өз  бетімен  оқып,  оқу  құралдарын,  қосымша 

анықтамалық материалдарды пайдалану қажет. 

Үшінші  кезеңде  -  мұғалім  оқушыға  үлкен  жауапкершілік  жүктейді.  Оқушы  өз 

жұмысына анализ  жасап,  кеткен  кемшіліктерін  талдап,  өзінің  нені  жетік  білмейтініне  көз 

жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып-үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді. 

Төртінші  кезеңде  -  оқушының  шығармашылық  ізденістерінің  нəтижесі  көрінеді. 

Ережелерді,  заңдылықтарды,  теорияларды,  анықтамаларды,  дəлелдеудің  əр  түрлі  əдіс-

тəсілдерін  табуға  көмектеседі.  Оқушы  белгілі  бір  тақырыптарға  өзіндік  ой  толғап,  пікір 

білдіріп,  жаңалық  ашқандай  қалыпқа  жетіп,  ойын  айтуға  ынталанады.  Өздігінен  даму 

технологиясы    пəндерде  арнайы  педагогикалық  əдістер  мен  тəсілдерді  жүйелі  түрде 

пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін 

қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. 

Дамыта  оқыту  технологиясы  (Л.С.Выготский,  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин, 

В.В.Давыдов).  Баланы  оқыта  отырып,  жалпы  дамыту.  Яғни  бала  бойында  еркіндік, 

мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту. Осының нəтижесінде əр оқушы өзін-өзі ертуші субъект 

дəрежесіне  көтерілуі  көзделеді.  Оқыту  дамудың  алдында  жүруі  керек,  дидактикалық 

құралдардың  дамуға  əсері  зор.  Дамудың  тиімділігі  үшін:  кешенді  даму  жүйесі  негізінде 

мақсатты  даму,  мазмұнның  жүйелілігі  мен  тұтастығы,  теориялық  білімнің  жетекші  ролі, 

жоғары  қиындық  деңгейінде  оқыту,  материалды  меңгеруде  жедел  ілгерілеу,  оқу  үрдісін 

баланың  сезінуі,  оқыту  үрдісінің  əртүрлілігі,  жекелеп  оқыту,  барлық  баланың  дамуы 

жолындағы жұмыстар болуы керек.  

 

Əдебиеттер 




1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал