Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет62/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64

 

ƏОЖ


 373.1.02:372.8  

 

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ 



ҚҰРАЛДАРЫН  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ҚАЖЕТТІЛІГІ 

 

Шалбаева Ш.А., Егізбаева Ж.А



 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан  



 

Резюме


 

Процесс 

информатизации 

образования 

предъявляет 

высокие 

требования 

к 

профессиональным  качествам  и  уровню  подготовки  учителей.  Педагог  должен  свободно 

ориентироваться  в  информационном  мире,  самостоятельно  находить  и  принимать  решения  по 

организации  воспитания  и  обучения  школьников,  постоянно  находиться  в  поиске    новых  форм  и 

методовсредств организации учебно-воспитательного процесса



Summary 

 

The  process  of  informatization  education  makes  demands  of  professional  qualities  and  a  level  of 

training for teachers. The teacher should be free to orientate in the information world, on jne

/

s own to find 

and  make  decisions  on  the  organization  of  upbringing  and  education  of  students,  constantly  in  search  of 

new forms and methods of organizing the educational process. 

 

 



Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  мен  онымен  тығыз  байланысты  білім  беруді 

ақпараттандыру  ақпараттық  технологияларды  жетілдірумен  жəне  жаппай  таратумен 

сипатталады. Олар ақпаратты тарату мен қазіргі заманғы білім беру жүйесінде мұғалім мен 

оқушының  өзара  əрекеттесуін  қамтамасыз  етуде  кеңінен  қолданылып  отыр.  Осыған 

байланысты  қазіргі  кезде  болашақ  мұғалім  ақпараттық  технологиялар  саласында  білімді 

болып  қана  қоймай,  оларды  өзінің  кəсіби  қызметінде  қолдануды  жүзеге  асыра  алатын 

маман болуы тиіс [1].    

«Технология»  сөзі  өз  тамырын  грек  тілінен  алады  жəне  аудармасында  ғылым, 

шикізаттарды, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу немесе қайта 

өңдеу  əдістері  мен  тəсілдерінің  жиынтығын  жəне  оларды  тұтыну  затына  айналдыруды 

білдіреді.  Осыған  орай,  ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияларға  ақпаратты  өңдеу 

мен қайта құруға бағытталған технологияларды жатқызуға болады.  

Ақпараттық жəне қатынастық  технологиялар –  бұл  ақпаратты  сақтау,  жинау,  өңдеу, 

ұсыну жəне берудің əр түрлі əдістерін, тəсілдерін жəне алгоритмін сипаттайтын қорытушы 

ұғым. 

Бұл  анықтамада  «пайдаланушы»  сөзі  əдейі  қосылмаған.  Ақпараттық  жəне 



қатынастық  технологияларды  пайдалану  екінші  бір  басқа  технология  туралы  сөз  қозғауға 

мүмкіндік береді –  ол білім беруде, медицинада, əскери істе жəне адам қызметінің басқа да 

көптеген  салаларында  ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияларды  пайдалану,    ал  бұл 

ақпараттандыру  технологиясының    тағы  бір  бөлігі  болып  табылады.  Осы  салардың 

əрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өзінің шектеулері мен ерекшеліктерін қосады. 

Мысал  ретінде,  ақпараттық  жəне  қатынастық  технология    ретінде  қарастырылатын 

Интернет  технологиясын  алуға  болады.  Ал  білім  беруде  Интернетті  пайдалану 

технологиясын  ақпараттық  жəне  қатынастық  технология  ретінде  емес,  білім  беруді 

ақпараттандыру технологиясы ретінде қабылдаған дұрыс [3]. 

Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының ауқымы білім беру саласында 

ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияларды  пайдалану  технологиясына  қарағанда 


460 

 

едəуір  кеңірек.  Бұл  ұғымға  білім  беруді  ақпараттандырудың  мақсаттарына  жетуді 



қамтамасыз ететін  тəсілдердің, əдістердің амалдардың жəне көзқарастардың бүкіл кешені 

кіреді. 


Мысалы,  білім  беруді  ақпараттандыру  технологияларына  толығымен  білім  берудің 

ақпараттық  ресурстарын  құру  мен  сапасын  бағалау  тəсілдері,  педагогтарды  өздерінің 

кəсіби  қызметінде  ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияларды  тиімді  пайдалануға 

оқыту əдістері жатқызылады.  

Білім 

беру 


саласында 

пайдаланылатын 

ақпараттық 

жəне 


қатынастық 

технологиялардың құралдарының негізі ретінде, перифериялық құрылғылар жиынтығымен 

жабдықталған жеке компьютер алынады. Компьютердің мүмкіншіліктері онда орнатылған 

программалық  қамтамасыз  етумен  анықталады.  Программалық  құралдардың  негізгі 

санаттары  жүйелік  программалар,  қолданбалы  программалар  жəне  аспаптық  құралдар 

болып табылады [2]. 

Ақпараттық-қатынастық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс 

істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, 

электрондық  оқыту  құралдарын,  интерактивті  тақтаны  пайдалануға,  Интернетте  жұмыс 

істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық  əдістемелік 

материалдар қатынастық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді.  

Ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияның  ақпараттық  жəне  аспаптық 

программалық  құралдардың  дамуындағы  таңқаларлық  үрдіс  əртүрлі  жаңа  дидактикалық 

идеялардың іске асуына техникалық жақсы мүмкіндіктер əкелді. Алайда, оқу бағытындағы 

отандық жəне шетелдік электронды жүйені талдау нəтижесі көрсеткендей, олардың кейбірі 

дидактикалық сипаты жағынан қанағаттандырарлық деңгейде деп те айтуға келмейді. Айта 

кетуіміз  керек,  оқу  бағытындағы  «иілгіш»  өнімнің  сапа  деңгейі  электрондық  оқытудың 

мəліметтер базасын толықтыру мақсатындағы оқу материалын дайындау, үлгілеу түріндегі 

компьютерлік  жүйемен  оқу  жұмыстарының  сценариін  жасау  жəне  тапсырмалар  мен 

жаттығулар  əзірлеу  кезеңінде  бекітіледі.  Өкінішке  орай,  оқытуды  қолдануға  арналған 

электронды  құралдар  əдістемелік-техникалық  даму  жағынан  қалыс  қалуда.  Өйткені, 

əдістемелік  тұрғыдан  электронды  оқытуды  қолдануға  арналған  электрондық  құралдар 

психология, педагогика, математика, кибернетика, информатика секілді əртүрлі ғылымдар 

ілімін  біріктіреді.  Əдіснамалық  мəселелерді  əзірлеудің  нашар  дамуы  педагогикалық 

əдістеменің  «технологиялық  еместігі»  білім  беруде  жаңа  ақпараттық  жəне  қатынастық 

технологиясында  қолданатын  əлуметтік  жəне  бар  мүмкіндіктердің  екіге  бөлінуінің  басты 

себебі. 

Ендеше  қазіргі  замандағы  мектеп  мұғалімі  тек  өз  пəнінің  маманы  ғана  емес, 

ақпараттық  жəне  қатынастық  технологияларды  жан-жақты  меңгерген  өз  кəсібінің  шебер 

маманы  болуы  қажет,  сондай-ақ  ақпараттық  технологияны  оқу  үдерісінде  тиімді,  сапалы 

қолдану  үшін  компьютерді  қолдану  əдістерін,  компьютерді  қолдану  технологиясын 

игерген оқытушылар құрамы болуы тиіс.  

Жоғарыдағы  қойылған  мəселер  бойынша  болашақ  информатика  мұғалімдеріне 

ақпараттық-қатынастық  технологияларды  пайдалана  алуды  жан-жақты  меңгерумен  бірге,  

Анимациялық электрондық оқыту құралын жасай жəне пайдалана білуінің мəні ерекше. 

Соңғы уақытта орта мектептерде, орта кəсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарында 

білім  беру  үрдісіне  ақпаратты  технологияларды  енгізуге,  оқу  бағдарламаларын  жəне 

электронды  кітапханаларды  құруға  желілік  құрылымның  дамуына,  сонымен  қатар 

қашықтан білім беруге көп көңіл бөлінуде. Орта мектеп, орта кəсіптік білім беру, жоғарғы 

оқу  орындарының  ақпараттандыру  үрдісіне  «иілгіш»  білім  беру  ортасын  құру,  яғни 

базалық арнайы пəндерді оқыту жəне білімді бақылау үдерісінің сапалы өзгерісі маңызды 

орын  алады.  Орта  мектеп,  орта  кəсіптік  білім  беру,  жоғарғы  оқу  орындарының  ғылыми 

жəне оқу ақпараттық ресурстарын құру үдерісін автоматтандыру жəне дамыту нəтижесінде 

оқыту  мүмкіндігін  кеңейтуге  болады.  Барлық  адамның  жоғарғы  білім  алуын  қамтамассыз 

ету  қажет.  Жоғарғы  білім  алу  білімгердің  қабілетін,  мүмкіндігімен,  табандылығымен, 

күшімен анықталуы тиіс [1].  

Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды жəне жаңа білім əдістерін білім жүйесінде 

кеңінен пайдалану жүзеге аса бастады. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде 



461 

 

қолданудың  ең  маңызды  факторы,  негізгі  қозғаушы  күші  адам,  сол  себепті  білім  беру 



саласында білімнің негізгі принциптері жүзеге асырылуы тиіс. 

Кез-келген  елдің  даму  деңгейі  əлемдік  жаңа  технологияларды  қолдану  деңгейімен 

өлшенетіні  белгілі.  Информатика  негіздері  мен  ақпараттық  технологиялар  практика 

жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларымен қатысты. 

Білім  беру  жүйесін  ақпарттандыру  білім  беру  саласының  болашағына  үлкен  əсерін 

тигізеді.  Информатика  пəні  бойынша  жасақталған  мемлекеттік  білім  стандарты    білім 

мазмұнының  міндетті  минимумы  мен  оқушының  дайындық  деңгейіне  қойылатын 

талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелеріне сəйкес оқушыларды информатика пəніне 

оқыту  Қазақстан  Республикасының  орта  жалпы білім  беретін  мектептерінде,  олардың қай 

мекемеге тəуелді болғанына, ұйымдастыру құқықтық нысанына жəне оқыту түріне тəуелсіз 

жүзеге 

асырылады. 



Мемлекеттік 

білім 


беру 

стандартында 

жазылған 

ережеде 


информатиканы:  оқытудың  практикалық  мақсаты  оқушыларды  практикалық  қызметке, 

еңбекке  сонымен  қатар  басқа  пəндерді  оқу  үдерісінде  практикалық  есептер  шешуге  жəне 

оны  ақпараттық  қоғамдық  өмірге  дайындауға  бағытталсын,-делінген.  Сондықтан  орта 

мектепті компьютерлендірудің қамтитын мəселесі тек информатиканы оқытумен шектеліп 

қалмай,  басқа  пəндерді  оқытуда  компьютерді  көрнекі  құрал  ретінде  пайдалана  білуді  əр 

мұғалімге міндеттейді. 

Информатика  пəнінде  екі  бағыт:  теориялық  информатика  жəне  ақпараттық 

технология анықталған. Олар информатиканы іргелендіру бағытына жəне оны қолданбалы 

ғылым ретінде қалыптастыруғы мүмкіндік береді. 

Мұғалімнің басты мақсаты – терең де тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру 

үшін,  əр  мұғалім  шығармашылықпен  жұмыс  жасауы  қажет.  Мұғалім  пəнді  өзі  жетік 

білумен қатар, оны оқушыға меңгерту үшін əр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын 

дұрыс  қолдана  білуі  тиіс.  Əр  сыныптарға  ұсынылатын  материалдар  сол  сынып 

оқушыларының  психологиялық  жəне  физиологиялық  ерекшеліктеріне  толығымен  сəйкес 

келуі  керек,  оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын,  өзіндік  тану  белсенділігін 

арттыруға  бағытталған  болуы  тиіс.  Компьютерді  сабақта  орынды  қолданудың  бірқатар 

артықшылықтары  бар.  Компьютерлік  технологияны  қолдану  барысында  мұғалімнің  əр 

оқушымен  жеке  жұмыс  істеуге,  əрқайсысына  əр  түрлі  тапсырмалар  беріп,  барлық  оқушы 

білімін бағалауға мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты меңгергенін немесе қай жерде 

білімнің  осал  екенін  байқап,  соны  жүйелі  түрде  жою  үшін  көмек  көрсете  алады. 

Компьютерді пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Əр оқушы өзі 

еңбек етеді. Оқушы мен мұғалім қызметінде ақпараттық мəдениет қалыптасады. Сонымен 

қатар оқушының психикасы мен ойлау қабілетіне де игі əсер ететіні сөзсіз [3]. 

  Білім  саласындағы  жаңа  қатынастық  технологиялар  түсінігі  компьютерлік 

технология жəне электрондық анықтамалық жүйелердің дамуымен адамның əрдайым жаңа 

оқыту əдістерін іздеуінен пайда болды.  

Болашақ  мұғалімнің  кəсіби  мəнді  сапаларын  қалыптастыру  жəне  тұлғасын  дамыту, 

педагогикалық  іс-əрекеттің  дидактикалық  негіздерін  айқындау,   ЖОО-да  оқу   үдерісінің 

тиімділігін  арттыру  мəселелері  бүгінгі  күнгі  өзекті  мəселелердің  бірі.  Солардың  ішінде 

мектеп информатика пəні мұғалімдері де бар екені белгілі. 

Бұл  пəнді  оқытуда  оның  зерттелуші  информатика  құралдарымен  бірге,  оқу 

тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін білім беру русуртары қатар пайдаланылады. Яғни, 

информатика бойынша электрондық оқыту құралдары жасау үрдісінде мұғалім қандай роль 

атқармасын, оның жеткілікті кəсіби деңгейде қажет мəселелерді шеше алатындай білім мен 

дағдылары  болуы  тиіс.  Ол  үшін  болашақ  информатика  пəні  мұғалімдеріне  анимациялық 

электрондық  оқыту  құралын  жасаудың  жəне  пайдаланудың  қазіргі  бар  əдістемелік-

технологиясын да үйретуіміз қажет.   

Енді,  элементтері  болашақ  информатика  мұғалімдерін  АЭОҚ  жасауды  оқытудың 

мазмұнына  кіруі  мүмкін  анимациялық  электрондық  оқыту  құралын  жасаудың  бар 

технологияларын  қарастырайық.  Анимациялық  электрондық  оқыту  құралын  жасау 

технологиясының дəл сипаттамасы А.Ю.Уваров пен Л.Х.Зайнутдинованың жұмыстарында 

келтірілген. 



462 

 

А.Ю.Уваровтың зерттуелерінде 



[

4

]



 типтік экран (бет перде, тіркеу, ақпараттық экран, 

сұрақтар  экраны,  тапсырмалар  экраны)  тұжырымдамасы  негізделген  анимациялық 

электрондық  оқыту  құралын  жасаудың  технологиясы  қарастырылған.  Осындай 

электрондық оқыту құралдары кең түрде қолданыс тапты.  

Л.Х.Зайнутдинованың  монографиясында 

[

5



]

  кешенге  қойылатын  талаптарды  шеше 

алатын  теориялық  үлгі  əдісі  деп  аталатын  анимациялық  электрондық  оқыту  құралын 

жасаудың  жаңа  əдісі  ұсынылған.  Бұл  əдіс  оқу  үдерісін  интербелсендіруде  оқу-

ақпараттарын жасанды көрнекі-үлгілік жəне вербальды-логикалық кескіндеу мүмкіндігімен 

қамтамасыз  етеді.  Теориялық  үлгілер  əдісін  қолдануға  негізделген  анимациялық 

электрондық оқыту құралын құру технологиясы ұсынылады.  

Пайдаланушының электрондық оқыту құралдарымен танысуын жəне онымен жұмыс 

істеуін  жеңілдететін  мəселелерді  шешуге  осындай  құралдар  қажет  екені  бірнеше  рет 

айтылды.  Бұл  жағдайда  компьютерлік  диалогты  сауатты  ұйымдастыру  мен  анимациялық 

электрондық  оқыту  құралдары  сапасын  арттыру  үдерістеріне  өзара  əсер  ете  алатынымыз 

анық: бірізділік электрондық оқыту құралдарының интерфейсін құрудың бірлік принципіне 

əсер  етеді,  яғни  оқушымен  қарым-қатынасын  жеңілдетеді.  Диалогты  ұйымдастырудың 

принциптерін  бірлікте  сақтау  электрондық  оқыту  құралдарының  сапасын  арттырушы 

бірден  бір  фактор.  Осы  орайда  түрлі  АҚТ-ға  байланысты  инварианттылық  принципін 

енгізу  қажет. 

Электрондық  оқыту  құралдары  жобалаудың  педагогикалық  жағын  қамтамасыз  ету 

үшін  осындай  құралдар  классикалық  дидактиканың  принциптеріне  сəйкес  келіп  қана 

қоймай,  сонымен  қатар,  жоғарыда  аталған  факторларды,  арнайы  принциптер: 

интерактивтілік,  оқу  ақпараттарының  жеткіліктілігі,  ақпараттық  құрылымдар  мен 

үдерістердің  иерархиясы,  оқытудың  əртүрлі  формаларын  пайдалану,  мультимедиа 

құралдарын  кешенді  пайдалану  жəне  виртуальды  шынайылылықты  толық  ескерген  жөн 

[

6

]



Танымдық  үдерістің  аталып  өткен  психология-дидактикалық  ерекшеліктерін 

информатика бойынша электрондық оқу құралдарын жасауда ескеру керек. 

Оқушыға  электрондық  құрал  желісін  пайдаланғанда  мультимедианың  үлкен 

файлдары  мен  беттерін  экранға  шығару  уақытын  болжауға  көмектесу  керек.  Бұл  үшін 

қажетті  файл  немесе  беттің  өлшемін  сілтеменің  жанына  көрсету  жеткілікті.  Ереже 

бойынша, іздестіруде 10 секундтан артық уақытты қажет ететін файлдар үшін оның өлшемі 

көрсетілуі қажет. 

Информатика  бойынша  анимациялық  электрондық  оқыту  құралын  желілік  өңдеуде 

осы  құралда  көрсетілген  материал  құрылымын  ескеру  қажет  екені  оның  тағы  бір 

ерекшелігіне жатады. 

Ақпаратты берудің технологиясы мен əдістемесі саласындағы ғылыми талдаулар мен 

жоғарыда  көрсетілген  зерттеушілердің  анализі  осы  əдістердің  бəрін  сызықты  жəне 

құрылымдық  деп  шартты  түрде  бөлуге  болатындығын  көрсетеді.  Оқу  ақпараттарын 

сызықты  кескіндеуге  оқу  материалын  құрылымдық  баяндау  материалдың  бірінің  артынан 

бірі  берілуі  тəртібімен  анықталады.  Бұл  əдіс  оқушының  есінде  оған  берілетін  ақпараттың 

қалыптасуы жағынан онша жақсы емес. Ол қандай да бір ақпараттық нысана туралы жалпы 

қорытынды жасауына мүмкіндік бере алмайды. 

Педагогикалық  психологиядан  оқытуды  ақпараттандырудың  біріздендірілген 

құралдарын  жасау  жəне  қолданудың  негізі  арнайы  технологиясы  бола  алатын  ин-

варианттардың бірі иерархиялық ақпараттық құрылым болуы мүмкін жəне болуы тиіс те. 

Мұнда  информатика бойынша анимациялық электрондық оқыту құралын құралдары 

жасауға  қатысты  мəселелер  қарастырылды.  Осы  талдаудың  негізінде  информатика 

бойынша  анимациялық  электрондық  оқыту  құралын  жасаушы-педагогтарға  қажетті 

білімнің мазмұндық аспектісі анықталады.  

Информатика  пəнінің  мұғалімін  қосымша  дайындаудағы  пайда  болған  талаптардың 

негізіне  өз  бетінше  анимациялық  электрондық  оқыту  құралын  жасаушы  информатика 

мұғалімі осы қаралған мазмұндық аспектіні білуі қажет деп есептеледі. 

 


463 

 

 



 

 

Əдебиеттер 

 

1.  Гриншкун  В.В.,  Григорьев  С.Г. Ииформационные  и  коммуникационные  технологии  в 



системе открытого бразования. // Электронный учебник. ИДО РУДН(с) 2001. 

2.  Бидайбеков  Е.Ы.  Развитие  методической  системы  обучения  информатике 

специалистов  совмещенных  с  информатикой  профилей  в  университетах  Республики 

Казахстан: автореф. ... д.п.н.:.13.00.02. -М.,1998. - 49с. 

3.  Мұхаметжанова  С.Т.   Внедрение  современных  информационно-коммуникационных 

технологий  в  систему  повышения  квалификации  работников  образования.  //  Журнал 

«Известия КАО» №2. 2008. С.64-67. 

4. Уваров А.Ю. Электронный учебник: теория и практика. -М.: Изд-во УРАО. - 1999. - 220 

с. 

5.  Зайнутдинова  Л.Х.  Создание  и  применение  электронных  учебников  (на  примере 



общетехнических дисциплин). Монография. - Астрахань.: Изд-во ЦНЭП. - 1999. - 364 с. 

6.Рыжов  В.А.,  Корниенко  А.В.,  Демидович  Д.В.  Разработка  личностно-ориентированных 

педагогических  технологий  в  образовательной  среде.  //  Педагогическая  информатика.  - 

2002. - №2. - С. 10-11. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


464 

 

 



 

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖƏНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 



ЕСТЕСТВЕННЫЕ И ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 

NATURAL AND PEDAGOGICAL SCIENCES 

 

М.С.Сайдуллаева.,  А.М.Оразбаева., А.Е.Қыдырбаева    

Аймақтық əлеуметтік инновациялық унтверситеті, АИИ, Шымкент, Қазақстан

 

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



  

Сатторов Н.Д



ТГПУ имени С.Айни, г. Душамбе. Республика Таджикистан 

 

ПЕРВЫЕ ПРЕДСТАВИТЕЛИ ШКОЛ АРАБСКИХ ЯЗЫКОВЕДОВ



 

Ш.Б.СейдуалиеваП.СламбековаГ.Нуралиева 



Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан

  

ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА 

ЖАҒДАЙЫНЫҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ  

10 


Сейдуалыханқызы С., Жылысбаева А.Н.,Есалиева З

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан



  

КӨКСАРАЙ СУ РЕТТЕГІШІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ƏСЕРІ 

13 

Сапарова Ж.И., Бердалиева А.М., Каладинов О.И



Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет,  Шымкент, Қазақстан

 

ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ҚАЛҚАНША БЕЗІ ГОРМОНДАРЫНЫҢ АУЫТҚУЫ 

ЖƏНЕ ƏСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР 

17 


Satybaldieva D. E.  

International humanitarian-technical university, Shymkent, Kazakhstan



  

THE  ROLE OF READING  AND WRITING ACTIVITIES IN  DEVELOPING 

COMMUNICATIVE SKILLS IN FOREIGN  LANGUAGE TEACHING 

20 


Сахитжанов Ондабай Омаргазиевич 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты,  

Шымкент, Қазақстан

 

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 



МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР

 

 

24 

Сихымбаева М.Т., Ахмет Л.С



Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан 

СТУДЕНТТЕРДІҢ КƏСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

28 

Сихымбаева М.Т., Ахмет Л.С



Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Қазақстан, Шымкент

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

33 

Султанова НК., Жекеева АК.  



Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей    

қаласының «№ 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі, Семей,Қазақстан 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

36 


Сатаев Л.О., Адилбаев А.А. 

ТарГУ, Тараз, Казахстан   

ОПРЕДЕЛЕНИЕ НАИКРАТЧАЙШЕГО СПУСКА С 

39 


465 

 

ПОМОЩЬЮ ЦИКЛОИДЫ 



РСəтімбековҒ.Ж.МедеуоваƏРамазанова 

Қазақ



1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал