Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет4/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

Literature 

1. Harmers «The practice of English Language Teaching» London, Longman. 1996. 

2.

 

Ur,  P.  Teaching  Listening  Comprehension.  Cambridge:  Cambridge  University  Press. 



1984. 

3.

 



Anderson, A. and T. Lynch. 1988. Listening. London: Oxford University Press. 

4.

 



Brown,  G.  and  G.  Yule.    1983.  Teaching  the  spoken  language.  Cambridge:  Cambridge 

University Press. 

5.

 

Chaudron,  С  1983.  Foreign  talk  in  the  classroom—An  aid  to  learning?  In  Classroom 



oriented research in second language acquisition, ed. H. Seliger and M H. Long. Rowley, 

Mass.: Newbury House. 

6.

 

Murphey, T. 1992. The discourse of pop songs. TESOL Quarterly, 26(4), 770-774. 



7.

 

Rauscher, Shaw   & Ky, Role play in language learning. London: Longman. 1993 



8.

 

Poppleton, C. 2001. Music to our ears. American Language Review. 



9.

 

Isabel Hines.2003. Using song in the classroom, Global Involvement Through Education. 



10.Dobson, J. Effective Techniques for English Conversation Groups. Washington D.C., 1992.  

11.  Jones,  L.  Kimbrough,  V.,  Great  ideas.  Listening  and  Speaking  Activities  for  students  of 

English, CUP, 1997. 

12. Kate M. Donley, Film for fluency. English teaching forum 2000.  

13. Shalya Shaptoshvili, Vocabulary practice games. English teaching forum 2002.  

14. Ivanova V. Using video materials in a language classroom. Shymkent 2004. 

15.

 

 Willis, J. 1981. Teaching English through English. London: Longman. 



16.

 

 Howatt, A. and J. Dakin. 1974. Language laboratory materials, ed. J. P. B. Allen, S. P. B. 



Allen, and S. P. Corder. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  


24 

 

ƏОЖ



: 323(574) 

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ 

ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕР 

 

Сахитжанов О.О

 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан 



 

 

 

Резюме


 

В  данной  научной  статье  рассматривается  некоторые  вопросы  музеев  в  Южно-

Казахстанской области 

Summary 

 

In this scientific article discusses some of the issues museums in South Kazakhstan region 

 

2011  жылғы  1  шілдеде  мемлекеттік  басқару  органы  Мəдениет  басқармасының   

мəдениет  ұйымдары  желісі  бір  бірлікке  қысқартылды.  Осыған  сəйкес  музейлер  саласын 

дамыту  Стратегиясы  негізінде  қызметтің  үш  стратегиялық  бағыты  анықталды.  Олар, 

тарихи – мəдени мұраны сақтау мен насихаттау;  қаланың мəдениет жəне өнер саласының 

бəсекелестік  қабілетінің  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету.  Тарихи-мəдени  мұраны  сақтау 

аясында  Қазақстан  Республикасының  заңын  сақтауды  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар 

қабылданды.   2011  жылғы  1  наурыздағы  Астана  қаласы  əкімдігінің  «Ескерткіштер  мен 

мүсіндерді  Астана  қаласының  коммуналдық  меншігіне  қабылдау  туралы»  №  16-144қ 

Қаулысы  қабылданып,  тарих  жəне  мəдениет  ескерткіштерін  коммуналдық  меншікке 

қабылдау бойынша Қаржы басқармасымен бірлескен кешенді жұмыстар аяқталды.  

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына негізделіп, Оңтүстік 

Қазақстан облысы бойынша «Жергілікті маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткіштерін 

Мемлекеттік тізімнен алынып тасталған жəне жергілікті маңызы бар тарих жəне мəдениет 

ескерткіштерін  мəртебесінен  айыру  туралы»  қаулысының  жобасы  орталық  мемлекеттік 

органдарда келісу ресімдерінен өтті [1]. 

 «Астана қаласының тарихи-мəдени мұрасы. Ескерткіштер жинағы» атты кітап жарық 

көрді.  Іс-шараны іске асыруға жергілікті бюджеттен 8160,0 мың теңге бөлінді. 

Тарихи-мəдени  мұра  объектісін  сақтау  мақсатында  тарих  жəне  мəдениет 

ескерткіштерін  пайдаланушылар  мен  иеленушілермен  қорғау  міндеттемелерін  ресімделу 

аяқталды.  Қала  құрылысы  жəне  сəулет  ескерткіштерінің    қорғау  міндеттемелерін  қажет 

ететін  35  объектінің  барлығы  да  100%  жаңа  үлгіде  жасалынған.    12  археология 

ескерткішінің бəрінің қорғау міндеттемелері жаңа үлгіде бекітілген. Нəтижесінде, 47 тарих 

жəне  мəдениет  ескерткіштерінің  бəрінде  де  қорғау  міндеттемелері  бар  (100%).    «Тарихи-

мəдени мұраны сақтау мен насихаттау» стратегиялық бағыты бойынша тікелей нəтижелер 

көрсеткіштеріне қол жеткізілді. 47 тарих жəне мəдениет ескерткішіне (2 республикалық, 45 

жергілікті  маңызы  бар),  оның  ішінде  12  археология  ескерткішіне  жаңа  үлгідегі  қорғау 

тақталары орнатылған, іс-шараны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 3503,0 мың теңге 

бөлінді.  Жылжымайтын материалдық тарихи-мəдени құндылықтарға кезеңдік тексерістер 

жүргізіліп,  нəтижелері  тарих  жəне  мəдениет  ескерткіштерін  қорғау  бойынша  қалалық 

комиссия отырыстарында  қарастырылды.   2010  жылғы  29  желтоқсандағы  Шымкент 

қалалық  мəслихатының  шешімімен  бекітілген  №421/55-IV  2011-2015  жылдарға  арналған 

Оңтүстік Қазақстан облысын дамыту бағдарламасының орындалу барысында мемлекеттік 

сатып алу бойынша С. Сейфуллин əкімшілік ғимаратына  ағаш өнері ескерткішіне жөндеу-

қалпына  келтіру  жұмыстарына  жергілікті  бюджеттен  43448,0  мың  теңге  бөлінді. 

(келісімшарт сомасы 43224,8 мың теңге); жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары 2011 жылғы 

мамыр-қазан айларында жүргізілді. 2011 жылдың мамыр-шілде аралығында  С. Сейфуллин 

атындағы  Қазақ  аграрлық  университетінің  алдындағы  Сəкен  Сейфуллин  ескерткішінің 

тастұғырын  жасау  мен  орнату  жұмыстарына  жергілікті  бюджеттен  4840,0  мың  теңге 

бөлінді. (келісімшарт сомасы 4840,0 мың теңге) бөлінді. 2011 жылдың маусым-желтоқсан 



25 

 

айларында ХХ ғасыр басындағы тарихи – мəдени ескерткіш көпес Кубриннің үй-жайының 



сыртқы  жөндеу-қалпына  келтіру  жұмыстарына  (13  мамыр  е.к.)  жергілікті  бюджеттен 

28900,0 мың теңге бөлінді (келісімшарт сомасы 28778,1 мың теңге) [2]. 

Аталған  іс-шараларды  жүзеге  асыру  «Оңтүстік  Қазақстан  облысын  қалпына 

келтірілген тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің саны» көрсеткішін орындауға мүмкіндік 

беріп, 2011 жылғы жоспарлық мəні 3 бірлікті құрады. 

Бұдан  өзге,  «XIX  ғасырдың 

соңындағы  тарих  жəне  мəдениет  ескерткіші  –  бұрынғы  мұсылман  мектебінің  ғимаратын 

қалпына  келтіру  бойынша  ғылыми-зерттеу  жəне  жоба  жұмыстары»  жобасының  жобалау-

сметалық    құжаттамалары  əзірленді.  бұл  іс-шараны  іске  асыруға  жергілікті  бюджеттен 

9562,0 мың теңге бөлінген. 2012 жылдың ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтеді. 

Тарихи-мəдени  мұраны  қорғауды  қамтамасыз  ете  отыра  отыра,    мəдени  əлеует 

сақталады,  оның  ішінде  тарихи-мəдени  ескерткіштерді  насихаттауға  мүмкіндік  беретін 

туризмді дамыту  республика мен елорда абыройын күшейтеді.  

Мұражай  заттарын  қалпына  келтіру  жұмыстары  жалғасуда.  Қазіргі  заманғы  өнер 

мұражайында 30 туынды, оның ішінде  12 бірлік сұңғат өнері, 7 бірлік кескіндеме жұмысы 

мен 11 бірлік мүсін қалпына келтірілді. Облыстық құғын сүргін мұражайында 7 экспонат 

қалпына келтірілді. С. Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне қатысты, алдағы уақытта көрме 

процестерінде  пайдалануға  қолданылатын    ақынның  дəуірі  мен  заманын  сипаттайтын 

этнографиялық  деректер,    18  бірліктегі  мұражай  экспонаты  жөнделді.  лагерде  болған 

тұтқын- əйелдің сандығы қалпына келтірілді [3].  

Жеке  жəне  заңды  тұлғаларға  мемлекеттік  қызмет  көрсету  реестріне  сəйкес  – 

əкетілетін  жəне  əкелінетін  затттың  мəдени  құндылығының  болуы  туралы  қорытындыны 

Мəдениет  басқармасы  береді.    Аталған  қызмет  түрі  –  əкетілетін  жəне  əкелінетін  мəдени 

құндылықтар  бойынша  сараптама  комиссиясының  қорытындысы  мен  уақытша  əкетілетін 

мəдени  құндылықтарға  сараптама  комиссияның  қорытындысы.  2011  жылы  мəдени 

құндылық болып есептелмейтін əкетілетін заттарға 158 қорытынды  ресімделді.  Тарихи-

мəдени мұраны насихаттауға келесі іс-шаралар мүмкіндік берді.   «Шымкентндағы 

туристердің  қызығушылығын  тудыратын  тарих  жəне  мəдениет  ескерткіштерінің  саны» 

көрсеткішіне  қолжеткізу  мақсатында  е.к.  15  қаңтарында  Халықаралық  «Арман-Тур» 

туристік  агенттігінің  аудармашы-гидтер  мен  экскурсия  жетекшілері  мектебінде  оқитын 

топтар  үшін    Орыс  театрының  ғимараты  (қала  құрылысы  мен  XIX  ғасырдың  соңындағы 

сəулет  өнері  ескерткіші)    мен  театр  мұражайында  экскурсия  ұйымдастырылды.  

«Атамекен»  Қазақстан  Картасы  Этномемориалдық  кешенінде  өткен    Халықаралық 

мұражайтанушылар  форумы  аясында  «Ақмола  турист»  АҚ  өкілдерімен  кездесу 

ұйымдастырылды.  Халықаралық  форумда  қаланың  өзге  де  туристік  агенттіктерінің 

өкілдері  қатысты.    Оңтүстік  Қазақстан  мəдениет  жəне  спорт  объектілері  бойынша  Жол 

көрсеткіш кітапша жарық көрді [4]. 

Астана  қаласының  мəдениет  жəне  өнер  саласының  бəсекелестікке  қабілеттілігінің 

тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету  мəдениет  кəсіпорындарының  материалдық-техникалық 

базасын  жетілдіруге  мүмкіндік  туғызады.  Материалдық-техникалық  базаны  айтарлықтай 

жақсартуға келесі жобаларды іске асыру мүмкіндік берді. 

«АЛЖИР»  саяси  жəне  тоталитарлық  қуғын-сүргін    құрбандарының  мұражай-

мемориалдық  кешенінің  ғимаратына  күрделі  жөндеу  жүргізілді.  Жобаны  іске  асыруға 

жергілікті бюджеттен 105 000,0 мың теңге бөлінді.                 Қ. Қуанышбаев атындағы 

академиялық  қазақ  музыкалық  драма  театрының  шатыры  жөнделіп,  оған  жергілікті 

бюджеттен 17 971,0 мың теңге бөлінді.  ,  Филармонияның, қала театрларының əртістері,  

мұражай  жəне  кітапхана  қызметкерлері  тұратын  Мемлекеттік  филармонияның 

жатаханасына   ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.   

Мəдениет  ұйымдары  ғимараттарында  өртке  қарсы  техникалық  қамтамасыз  ету 

жүйелерін орнату, инженерлік жүйелер мен тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері бойынша 

жұмыстар  орындалды.  Жұмыстың  бұл  түріне  жергілікті  бюджеттен  64 975,0  мың  теңге 

бөлінді.  Бұдан  өзге  осы  салада  стандарттау  жəне  сертификаттау  бойынша  заманауи 

жүйелер мен есептеу құралдарын енгізу жұмыстары жүргізілді [5].   

Саяси  қуғын  сүргін  репрессиясының  құрбандары  Алжир  мемориалды-мұражайында 

Қазақстан  Республикасының  Тəуелсіздігінің  20  жылдығына  орай    2011  жылдың  19 


26 

 

қаңтарынан  бастап  Астана  қаласының  ЖОО-да  “Алжир  ”  мұражайы  күндері”  атты 



мерекелік  жоба  бастауын  алды,  бағдарлама  негізінде:  жас  оқытушылар    жəне  студенттер 

арасында  «Тəуелсіз  Қазақстан:өткенге  жəне  шынайыға  көзқарас»  тематикалық  фильмдер 

көрсетілімі «Біз өмір сүреміз», «АЛЖИРдің» суық ызғары», «Біз куəгеріміз» «ескі кез,ескі 

сырқат» жəне т.б.:қозғалмалы көрме жұмыстары «Тəуелсіздіктің тамыры-Алаш арыстары». 

Ғылыми  экспедиция  барысында  көрменің  басты  мағлұматтары  Ақтөбеде,  Қызылордада, 

Қарағандыда,  Алматы,  Санкт-Петербургте,  Орынборда,  Мəскеуде,  Ташкентте  жиналған. 

21-ші  қаңтарда  С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  аграрлық-техникалық  университетінде  

300студенттер  мен  оқытушылардың  қатысуымен  мерекелі  кеш  өтті.  25-ші  қаңтарда 

«Тұран»  Университетінде  200студенттер    мен  оқытушылардың  қатысуымен.  20-шы 

мамырда  Қазақ  мемлекеттік  медицина  академиясында  «Сол  кездегі  жылдар»  атты 

жылжымалы    көрме  өтті,  онымен  академияның  895  студенттері  мен  оқытушылары 

танысты. 

 «Тəуелсіздіктің  тамыры-  Алаш  арыстары»  жылжымалы  көрменің  құрамымен  №40 

мектеп  оқушылары  мен  экономика    жəне  азық  түлік  стандарттау  колледжі    есеп  кезеңі 

уақытында танысты.  

2007  жылғы  13  ақпан  күні  Астанадағы  Бейбітшілік  жəне  келісім  сарайында  өткен, 

2004-2006  жылдарға  арналған  «Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 

жөніндегі  Қоғамдық  кеңестің  кеңейтілген  отырысында  сөйлеген  қорытынды  сөзінде 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Біз  бүгін  елдіктің  бір  ісін,  бір  ісі  болғанда  да  ірі  ісін 

қорытьндағалы  отырмыз»,  -деген  болатын.  Шынында  да  2004-2006  жылдарға  арналған 

«Мəдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  егемен  еліміз  тарихындағы  тарихи-мəдени 

мұраға бет бұрған елдіктің бір ісі, бір ісі болғанда ірі ісі екеніне ешкімнің күмəні жоқ. 

Əсіресе, «Мəдени мұра» бағдарламасының еліміздің барлық аудандары мен облыстарында 

орналасқан  тарихи-мəдени  ескерткіштерінің  жалпы  саны  белгісіз  болып,  олардың  тізімі 

жасалмай  отырған  кезде,  Қазақстан  Республикасының  1992  жылы  қабылдаған  «Тарихи-

мəдени  мұраны  қорғау  жəне  пайдалану  туралы»  Заңы  мен  2007  жылы  қабылдаған 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  тарихи-мəдени  мұраны 

қорғау жəне пайдалану мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Заңы толыққанды жұмыс атқармай, тарих жəне мəдениет ескерткіштерін есепке алу, сактау, 

корғау  жəне  пайдалану  жұмыстарын  уақыт  талабына  сай  жүргізудің  жолдарын  іздестіріп 

отырған  кезде  қабылдануы,  мемлекеттің  мəдени  мұраға  деген  соны  стратегиялық 

ұстанымы  болып  отыр.  2004-2006  жылдарға  арналған  «Мəдени  мұра»  мемлекеттік 

бағдарламасы  аясында  қазақ  жерінде  қальптасқан  өркениеттің  куəсі  болған  тарихи-мəдени 

ескерткіштерді зерттеуге мемлекет тарапынан жүздеген миллион теңге бөлініп, атадан қалған 

мұраны  зерттеудің  жаңа  тарихи  кезеңі  басталды.  Тек  осы  бағдарламаның  «Археология, 

тарихи-мəдени ескерткіштер» секциясы бойынша 35 тарих-мəдени ескерткіштер қайта 

жаңғыртылып,  жөндеу,  қайта  калпына  келтіру  жұмыстары  іске  асырылды.  Əртүрлі 

кезеңдерден  сақталған  30  археологиялық  ескерткіште  қазба  жұмыстары  жүргізіліп 

тарихымыздың ақтаңдақтарын толықтыратын жаңа  деректер  табыла  бастады.  Соның  бір 

айғағы  Шілікті  мен  Берел  обалар  қорымының  ашылуы,  олардан  табылған  сақ 

өркениетінің  əртүрлі  кезеңдерінен  сакталған,  қас  шеберлердің  қолынан  шыққан  қолөнер 

туындылары  жəне  Арал  өңірі  сақтарыньң  астанасы  болған  ІІІірікрабат  қаласынан,  басқа  да, 

ежелгі, ортағасырлық қалалардан ашылып жатқан мəдени қабаттар. Еліміздегі тарих жəне 

мəдениет  ескерткіштерінің  санын  анықтау,  тізімін  жасау  жəне  олардың  облыстар 

бойынша  жинақтарын  шығару  мақсатында  Шығыс  Қазақстан,  Алматы,  Қызылорда 

облыстарында кең көлемде археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. [6].   

2002-2007  жылдар  аралығында  Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 

университетінің (ХҚТУ) Археология ғылыми-зерттеу орталығы (құрамында 5-6 ғылыми 

қызметкер бар), Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстарының аты аталған 

9 ауданында университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарға бөлген қаржысына, ҚР Білім 

жəне ғылым министрлігінің 2006-2008 жылдарға арналған іргелі зерттеулер гранты бойынша 

берілген қаржыға жəне 2004 жылдың күз, 2005 жылдың көктем айларында «Мəдени мұра» 

мемлекеттік  бағдарламасы,  ал  2007  жылдың  жаз  айларында  салалық  бағдарлама 

бойынша  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  бюджетінен  бөлінген  қаржыға  археологиялық 



27 

 

барлау жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Орталық 



бұрын  есепке  алынбаған,  осы  уақытқа  дейін  ғылымға  белгісіз  болып  келген  1215 

археологиялық  ескерткіш  ашып,  ғылыми  айналымға  енгізді,  олардың  қатарында  ежелгі 

жəнс  ортағасырлық  қалалар,  елді-мекендер,  кəріз,  көпір,  əр  түрлі  дəуірлердің  жеке 

обалары,  обалар  тобы,  обалар  қорымдары,  тасқа  салынған  сурет  орындары,  қарауыл 

төбелер  мен  қарауыл  мұнаралары,  əртүрлі  тас  құрылыстар  бар.  Жаңадан  ашылған 

археологиялык  ескерткіштердің  жекелеген  аудандар  бойынша  саны  мынадай  болды: 

Қызылорда  облысының  Шиелі  ауданында  82,  Жаңақорған  ауданында  195;  Онтүстік 

Қазақстан  облысының  Түркістан  ауданында  380,  Бəйдібек  ауданында  179,  Түлкібас 

ауданына  139;  Жамбыл  облысынын  Жуалы  ауданында  101,  Жамбыл  ауданында  19, 

Талас ауданында 57, Сарысу ауданында 63 ескерткіш. 

2002-2007  жылдар  аралығында  жүргізілген  археологиялық  зерттеу  жұмыстарының 

нəтижесінде  елімізде  алғаш  рет  Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиялық үлгідегі 

көп  томдық  (шамасы,  13-14  том)  археологиялық  картасын  шығаруды  бастады.  2004  жылы 

археологиялық картаның «Түлкібас  ауданы»  атты  алғашқы  томы  жарыққа  шықты.  2008 

жылы осы археологиялық картаның «Бəйдібек ауданы» атты 2-томын шығару жоспарланып 

отыр.  Егер  қолға  алынған  осы  бастама  «Мəдени  мұра»  салалық  бағдарламасы,  Оңтүстік 

Казақстан,  Жамбыл,  Қызылорда  облыстары  тарапынан  қаржылай  қолдау  тапса, 

таяудағы  2-3  жыл  көлемінде  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түркістан,  Созақ,  Жамбыл 

облысының  Жуалы,  Талас,  Сарысу,  Қызылорда  облысының  Жаңақорған  мен  Шиелі 

аудандарының археологиялық картасын шығаруға болады. [7].   

Қорыта  келе,  Оңтүстік  Қазақстанда  орналасқан  тарихи-мəдени  ескерткіштер  мен 

мұражайлар  Қазақстан  тарихында  алатын  орны  ерекше.  Сол  ескерткіштер  арқылы 

өткенімізді  зерттеп,  тарихқа  терең  үңіле  аламыз.  Осы  музейлердегі  тарихи  құндылықтар 

мен тарихи-мəдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең əрі дəйекті зерттеу, зерделеу сол 

арқылы  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  отаншылдық  рухта  тəрбиелеу,  сол  өткен  тұлғалардан 

үлгі  -  өнеге  беру  қазіргі  қазақ  мемлекетінің  алдында  тұрған  бірден  бір  маңызды 

мəселелерінің  бірі  болып  табылады.  Алайда,  олардың  кейбіреулері  мемлекеттік 

орындардың  қорғауына  алынбаған,  тіпті  біршамасы  тоналған  күйінде  тұр,  музейлердегі 

мамандардың  басым  бөлігі  қазіргі  заман  талабына  ере  алмай  жүр.  Бұл  біздің  өткен 

тарихымызды  жоғалтуға  алып  келуі  мүмкін.  Сондықтан  мемлекеттік  «Халық  тарих 

толқынында» атты бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мəселелер бар. Олар 

ескерткіштердің толық тізімін жасау, музейлердің жағдайын көтеру, облыстық деңгейдегі 

музейлерді  күрделі  жөндеуден  өткізу,  ол  жердегі  экспонаттарды  қорғау,  қорғау 

аймақтарын  анықтау,  белгілеу,  мемлекеттік  қорғауға  алыну.  Жойылу  қаупі  төнген 

археологиялық  ескерткіштерді  ғылыми  тұрғыда  зерттеу  жұмыстарын  қолға  алып,  осы 

тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Жолдасбеков М. Алтын арқалы асыл мұра. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр 

2.

 



 Тарихи-мəдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу 

аймақтарын жəне қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидаларын 

жəне оларды пайдалану режимін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 

жылғы 28 қазандағы № 1218 Қаулысы 

3.

 

Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи жəне 



мəдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы 

4.

 



Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 41/401-IV 

шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Əділет департаментінде 2011 жылғы 3 тамызда N 2056 

тіркелді. 

5.

 



 «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы 

ереже. – 2013 ж.  

6.

 

Елеуов М.Е. Түркістан оазисіндегі археологиялық ескерткіштердің ашылу тарихы. - 



Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран 

баспаханасы, 2007. - 36 б.  



28 

 

7.



 

 Археологиялық ескерткіштерді зерттеу жөніндегі М.Е. Массонның кеңестері // Əл-

Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. - Тарих сериясы. – 2010. – № 2. – С. 210 – 213. 

 

ƏОЖ



   331. 361 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ КƏСІБИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 



 

Сихымбаева М.Т., Ахмет Л.С



 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан,  



 

Резюме


 

 

Профессиональные 

интересы 

студентов

как 

правило

формируются 

в 

учебной 

деятельности,  а  затем  поднимается  до  уровня  навыков,  чтобы  стать  выбором  профессии.  Его 

будущее как владелец бизнеса специальности в сознании подростков чувствоватьподражать тем

кто  работает  в  каждом  аспекте  производства  позволит  улучшить  выбор  профессии.  Это 

требует рассмотрения среды как систему 

 

Summary 

 

Professional  interests  of  students,  as  a  rule,  from  formed  study  activity  and  then  the  rises-level 

habits,  to  become  a  sample  in  the  profession.  His  future  as  owner  business  specialty  in  consciousness  of 

teenagers feel, imitate territory, working this topic in each of the aspects of production allow enhance the 

choice in the profession. It requires consideration environments as the system 

 

Студент  –  өзіндік  бір  жеке  тұлға.  Кəсіби    санасы  дамыған,  халықтың  ертеңгі 

болашағының  тізгінін  ұстауы  үшін  өз  алдына  үлкен  мақсат  қойған  жеке  тұлға,  яғни  өз 

бағыт-бағдарын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты мен көздеген мұраты бар тұлға. 

Шығармашылық – осы жеке тұлғаның жаңадан ойлап табу болмысын немесе бір игі 

істі  жалғастыруға  қызығушылығы  болсын,  тым  болмаса  əрекетке  ұмтылуы  деп  алайық. 

Студенттің ғылыми жұмыспен айналысуы, мəдени шараларға белсене араласуы, қоғамдық 

бірлестіктердің мүшесі болуы, қазіргі күні белең алған ең ізгі шара. Студенттердің өзін-өзі 

басқаруының бір мүшесі болуы, міне, осының барлығы студенттің тек жеке басы үшін ғана 

емес,  алғашында  өзінің  оқу  орны  үшін,  кейін  елі  үшін  атқарар  ісінің  бастамасы  болып 

есептелінеді.  Яғни,  шығармашылық  шырқау  шегінің  нəтижесіне  жетуге  осы  кезден 

қамдана  бастайды.  Яғни  бойындағы  қабілетін  дарытады.  Оның  барлығына  ықпал  ететін 

тылсым күш иесі бұл оқытушылар болмақ. Егер ғылыми іспен айналысатын болса, ғылыми 

жетекшісі,  шығарма  жазатын  болса,  тіл  байлығы  мықты,  сөзге  шебер  ұстаз  керек,  өнер 

саласында  жүрер  болса,  биші,  жезтаңдай  əнші  дегендей  əр  саланың  бабына  сай  бапкері 

студенттердің шығармашылықпен айналысуына ықпал жасайды. Нəтижесінде студент оқу 

бітіргеннен  кейін  келелі мол  келешектің  тізгінін ұстайтын,  бостандыққа  толы  болашақты 

бастайтын,  айбаты  арыстандай,  қайраты  жолбарыстай,  аузы  дуалы,  білегі  қуатты,  білімі 

мол, қай салада болса да аянбай тер төгуге бар жас маман иесі болып шығады. Бұл сөзсіз 

шындық. 


Студенттердің  кəсіби  қызығушылықтары  негізінен  алғанда  оқу  іс  -  əрекет  кезінде 

қалыптасады  да,  «күшті  сынау»,  яғни  өндірістік  еңбекте  бекітіліп  кейіннен  мамандық 

таңдауға  айналатын  икемділіктер  дəрежесіне  көтеріледі.  Сонымен  қатар  жасөспірімнің 

санасында өзінің болашақ кəсіпкер мамандық иесі ретінде сезінуі, өндірістің əр саласында 

қызмет  жасап  жүрген  адамдарға  еліктеу  мамандық  таңдауын  жетілдіреді.  Бұл  жұмыстар 

ортақ  жүйе  ретінде  қарастыруды  талап  етеді.  Кəсіби  бағдар  жүйесінің  құрылымдық 

элементтері оң мақсаттарын орындауға бағытталған. Сонымен бірге əрбір элементті басқа 

дəрежедегі жүйе ретінде қорғау болады. Ол өз кезеңінде өз міндеттерін шешеді. Сатылық 

принципі көп дəрежелі жəне көп баспалдақты күрделі жəне үлкен жүйелерді қарастырады. 

Əрбір саты төменгі сатыны басқарады да бір мезгілде жоғары дəрежедегі сатының басқару 



29 

 

объектісі  болып  табылады.  Негізінен  алғанда  кəсіби  бағдарды  басқару  мына  үш  сатыда 



жүзеге асады: əлеуметтік, ұйымдастырушылық, педагогикалық – психологиялық. 

Студенттік  кезең  –  бұл  ерекше  əлеуметтік  мəдениет,  жоғары  білім  беру 

институтымен  біріктірілген  адамдардың  қоғамы.  Тарихи  жағынан  бұл  əлеуметтік-кəсіби 

құрылым  бірінші  университеттердің  пайда  болу  уақытынан,  11-12  ғасырдан  басталады. 

Студенттер  бағыттылықпен  білімді  жəне  кəсіби  біліктілікті  жүйелі  меңгеретін,  оқу 

еңбегімен айналысатын адамдар тобы.  

Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілерінен алынған мəліметтер студенттік кезеңнің – 

интеллекттің  күрделі  құрылымдарының  уақыты  екендігін  көрсетеді.  Жоғары  оқу 

орнындағы  оқу  уақытында  еңбектік,  кəсіби  іс-əрекеттің  негізі  қалыптасады.  Оқу 

барысында меңгерілген білім, біліктілік, дағды оқу іс-əрекетінің пəні ретінде емес, кəсіби 

іс-əрекеттің  құралына  айналады.  Бірақ  техникалық  жоғарғы  оқу  орындарындағы 

студенттердің  жартысында  жоғары  мектепті  таңдаған  кезде  кəсіпке  деген  қызығушылық 

мотиві жоқ. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі өзінің мамандығын дұрыс таңдағанына 

күмəнданады (А.А. Вербицкий, Т.А. Платонова). 

Қазақстандағы  білім  беру  жүйесін  реформалаудың  ең  басты  міндеті  балаға  өмірде 

қажет  болатын  білім  беру,  оны  алдын  –  ала  белгілі  бір  мамандыққа  дұрыс  даярлау, 

икемдеу.  Оқушының  ел  ертеңі  үшін  нағыз  азамат  болып  тəрбиеленіп  шығуы  үшін 

мектептерде қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар 

өнім  шығарумен  айналысып,оны  өткізіп  табыс  табуда.  Осыған  орай  мектеп  жасындағы 

балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасалып, еңбек 

сабақтарын  көбейтуді  қажет  етеді.  Мектеп  тек  қана  орта  білім  беру  ғана  емес,  сонымен 

бірге жасөспірімдерге арнаулы еңбек сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мамандық таңдау 

үшін  əртүрлі  іс-əрекеттер  процестерінде  даму  динамикасында  негіздей  қарауды  талап 

етеді. 


Əлеуметтік топ ретінде ол кəсіби бағыттылықпен, келешек кəсібіне деген қатынастың 

қалыптасуымен  сипатталады.  Соңғысы  мамандық  қоятын  талаптар  мен  кəсіби  іс-əрекет 

жағдайларын  білуді  қажет  етеді.  Зерттеулер  нəтижесінде  студенттің  мамандық  туралы 

түсініктері оның сабаққа деген қатынасының деңгейімен сəйкес келетінін көрсеткен: өзінің 

мамандығы туралы неғұрлым аз білсе, соғұрлым сабаққа деген жағымды қатынасы төмен 

болатыны анықталған. 

Əлеуметтік-психологиялық  аспектте  студенттер  өзге  топтармен  салыстырғанда 

неғұрлым  жоғары  білімділік  деңгейімен,  мəдениетті  белсенді  пайдалану  жəне  таным 

мотивациясының жоғарғы деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар студенттер - əлеуметтік 

белсенділіктің жоғарғы деңгейімен жəне жеткілікті түрде интеллектуалды жəне əлеуметтік 

зерделіліктің  үйлесімділігімен  сипатталатын  əлеуметтік  қоғам.  Бұл  студенттік 

ерекшеліктің  негізінде  əрбір  студентке  деген  оқытушының  педагогикалық  қатынастың 

болуы  жатыр.  Жеке  дара-іс-əрекеттік  тұрғыдан  студент  өзінің  іс-əрекетін  өз  бетімен 

ұйымдастырушы  педагогикалық  өзара  əрекеттің  субъектісі  ретінде  қарастырылады.  Оған 

нақты  кəсіби-бағдарланған  тапсырмаларды  шешу  үшін  танымдық  жəне  коммуникативті 

белсенділікке  деген  бағыттылық  тəн.  Студенттік  кезең  –  адамның  қалыптасуындағы 

орталық  кезең  жəне  түрлі  қызығушылықтардың  көрінуімен  ерекшеленеді.  Студенттің 

мəнді көрсеткіші – оқу іс-əрекетінің түрлері мен түр пішіндерін орындай алу біліктілігі. 

Оқытушылардың  алдында  жауапкершілігі  мол  психологиялық-педагогикалық 

тапсырма тұр. Ол студентті өзінің əрекетін жоспарлап, ұйымдастыра алуды білдіретін оқу 

іс-əрекет субъектісі ретінде қалыптастыру мəселесі. 

Студентке  əлеуметтік  зерделі  тұлғаға  қатынас  ретінде  қарау  адамның  əлемге  деген 

көзқарасы  емес,  дүниедегі  өзінің  орынына  деген  пікірдің  де  қалыптасуына  əкеледі. 

Студенттің  əлемді  тануын  қалыптастыру  оның  рефлексиясының  дамуын,  өзін  іс-əрекет 

субъектісі, əлеуметтік пайдалы тұлға ретінде сезінуін білдіреді. 

Практикалық психологтың тұлғалық-кəсіби даму процесінің жүзеге асуы объективті, 

субъективті, субъективті-объективті жағдайлардың орындалуын талап етеді 

Əлеуметтік сатыда кəсіби бағдарды басқару қоғамдық масштабта жүзеге асырылады. 

Бұлар  жекелеген  шаралар  мен  байланыс  құралдар  арқылы  жасалатын  үгіт  –  насихат. 

Ұйымдастырушылық  сатыдағы  кəсіби  бағдарды  басқару  оқу  –  тəрбие  процесі  үстінде 



30 

 

жүзеге  асады.  Педагогикалық,  психологиялық  сатыдағы  кəсіби  бағдарды  басқару  сынып 



жетекшінің,  кəсіби  бағдар  беруші  мамандардың,  мектеп  психологтарының  оқушымен 

тікелей қарым – қатынас жасауы нəтижесінде жүзеге асады.  

Елімізде  жоғары  білім  жүйесін  дамыту  талаптарына  сай  студенттерге  терең  білім 

жəне  тəрбие беру,  оларды  жан–жақты дамыту  бүгінгі  күннің    басты  мəселесі.  Білім жəне 

тəрбие    беру  –  бұл қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  интеллектуалдық  мəдени  дамуының 

жоғары деңгейін жəне кəсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс. 

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық 

меңгерген,  қоғам  өміріне  белсене  араласатын,  шығармашылықпен  ойлайтын,  өзін-өзі 

көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын жəне оны дамытуға қабілетті, кəсіби 

құзыретті  жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.  

Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беру  мен  тəрбие  жұмыстарының  талапқа  сай 

жетілдірілуі  студенттердің  болашақ  кəсіби  құзыретті  маман  болып  қалыптасуына  зор 

ықпал етеді.  Осы тұрғыда республикамыздың  жоғары білім беру жүйесі кəсіби мамандар 

даярлауда оқытудың  кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды. 

Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тəжірибесін ескермей, қазіргі заманға 

сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.  

Танымдық  қажеттілік  пен  қызығушылықтардың  туындауының  негізгі  шарттары 

субъект əрекетінде пайда болатын мəселелік жағдайларда көрініс береді.  

Сондықтан да алдыңа қойған мақсатыңның нəтижесін көрсең, ісіңнің оңға басқанына 

куəгер  болсаң,  жаңа  білімді  іздестіруде  оқудың  жаңа  əдістерін  табуға  мұғалімдер  мен 

оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеуде  талаптары  арта  түседі.  Əрбір  оқушының  оқу 

жұмыстарында  табысқа  жету  жетістіктері,  қиындықтардан  тез  шығуы  жəне  қиын  істерді 

шешуінің  мүмкіндіктерімен  байланысты.  Бұл  жерде  эмоцияны  оқушылардың  еңбегін 

бағалаудағы  əділетті  көзқарастарының  пайдалы  қортындылары  болып  табылады.  Бұл 

эмоцияны  В.Сухомлинскийдің  айтуы  бойынша  еңбектің  “бақыты”  мен  “қуанышы”  деуге 

болады.  Ол  сонымен  бірге  жақсы  оқуға  деген  талпыныс,  өзінің  адамгершілік  қасиетіне 

деген  сезімі  сияқты бірнеше  эмоцияларды көрсетеді.  Алдымен  мінез-құлық  қалыптасады. 

Мінез-құлық  өмірдің  алдында  қалыптасатын  негізгі,  өзекті  қасиеттер,  яғни  адамның 

өміріндегі  қарым-қатынастары,  қимыл-қозғалыстары  мен  қылықтарының  белгілері. 

Эмоционалды  жағдайлар  сезгіштің  жиынтығымен  байланысты,  мұнда  қызығулар, 

түрткілер,  қажеттіліктер,  мақсаттар  мен  міндеттер,  ойлар,  оянулар,  ұмтылыстар  туралы 

ұсыныстар енгізіледі. Сонымен қатар жеке тұлға дамуындағы танымдық қызығушылықтар 

ұғымына  ғалымдар  əр  түрлі  пікірлер  айтады.  Жеке  тұлға  əлеуметтік қатынастармен бірге 

сапалы іс-əрекетті жүзеге асыратын, нақты қоғамның мүшесі ретінде өзін-өзі басқалардан 

ажырата  білетін,  өзінің  кім  екенін  түсінетін  есі  кірген  ересек  кісі.  Танымға,  танымдық 

əрекетке  қажеттілік  көп  ғасырлық  адамзаттың  тəжірибелерді  игеруінде  қалыптасады. 

Балалық шақтың өзінде танымдық қажеттіліктер, хабарламаның əр түрлі жақтарын, өмірлік 

пікірлердің қорын игеруге бағытталады. 

Адамның  бұдан  былайғы  өмірінде  қызығушылықтың,  білімді  игерудің  түрлері  мен 

тəсілдері жəне объектісі өзгереді. Демек, танымға деген қажеттілік адамның ішкі қасиетіне 

тəн  бола  отырып,  жылдан  жылға  дамуына  ие  болып  отырады.  Əрбір  адамда,  əсіресе 

ересектерде,  танымдық  қызығушылықтар  біршама  танымды  жəне  бағытталған  болып 

құрылады.  Бұл  кəсіби  əрекетке  байланысты  қызығушылықтар,  қоғамдық  өмірді  түсінуге 

қажеттіліктерден  туындайтын  қызығушылықтар,мəдениеттің  əртүрлі  салаларына  деген 

қызығушылығының  əсерінен  пайда  болатын  тілектер.  Ал,оқу-танымдық  əрекеттерге 

келетін  болсақ,  онда  ол  ғылыми  фактілер  мен  заңдылықтарға,  танымның  тəсілдері  мен 

əдістеріне, 

яғни 


теоретикалық 

білімнің 

құндылығына 

бағытталған 

танымды 

қызығушылықтармен  қанағаттандырылады.  Танымдық  əрекеттің  іргелі  сипаттамасында 

мотивацияның  əлеуметтік  қыр-сырын  ескермей,  тек  жеке  адамның  өсуге  жəне  дамуға, 

əлеуметті мағыналы əрекетке өзін-өзі нақтылау мен өзін-өзі бағалауға деген тепе-теңдікте 

түсіну мүмкін емес. Танымдық қызығушылықтардың дамуы кезеңдеріне тоқталып өтейік. 

Бірінші  кезеңде  қызығушылық  əдетте  жарық  əсерімен,  танымның  жаңа  құрылымымен 

байланысты. Ал келесі кезеңінде адам заттың тек сыртқы жағына емес, оның ішкі мəніне, 

құбылыстың  пайда  болуындағы  себептерді  түсінуге  тырыса  отырып  зейінін  салады.  



31 

 

Қызығушылықтың дамуы, сонымен қатар, оның мамандануына, білім тереңдігіне, зейіннің 



тұрақтылығына,  оған  қоса  адамның  білім  саласындағы  біршама  күрделі  мəселелерді 

шешуге  ұмтылуымен  байланысады.  Танымдық  қызығушылықтың  дамуының  ең  жоғарғы 

табалдырықтарында  адам  өзін  таным  əрекеттерінің  шыңында  көреді,  өзінің  өмірлік 

жоспарлар 

жүйесінде 

танымдық 

қызығушылықтарын 

қосады. 


А.Н.Матюшкин 

көрсеткендей, танымдық қажеттілік мақсаттарға жетуге деген іс-қимылдарды орындаудағы 

мүмкіндіктер  болған  кезде  пайда  болады,  яғни  қажеттілік  –  бұл  адамға  жаңа  ақпаратты 

іздеуге, оның керек шешімін қалыптастыруға итермелейді. 

Х.Хенхаузен 

еңбектерінде 

оқушының 

бойында 


қалыптасатын 

танымдық 

қажеттіліктердің,  ақыл-естің  əрекеті  педагогтардың,  ата-аналардың  жаппай  ақпараттық 

құралдарынан,  көркем  əдебиет  пен  ғылыми  əйгілі  шығармалардың  əсері  арқылы 

белсендіріліп  отырылады.  Оқу  əрекетінде  қызығушылықтардың,  түрткілердің  бірден-бір 

мағынасы  оқу  барысында  жəне  сыныптан  тыс  жұмыстардың  барысында  тəрбиеленетін 

танымдық қажеттілік болып табылады. 

Г.И.Щукина  бойынша  “Танымдық  қажеттілік  ынталандырудың  негізгі  көзі–оның 

ойынша  оқу  материалдарының  мазмұны,  оқушыға  əкелетін  алдағы  ақпараттардың 

белгісіздігі,  таңқаларлық  сезімдерді  оятатын,  айқын  құбылыстарға  жаңаша  қарауға 

мүмкіндік  беретін,  білімді  жаңа  өлшемдерді  ашатын  материалдар;  ғылыми  білімдердің 

пайда  болуы  мен  даму  тарихын  айқындайтын,  оқылатын  білімдердің  практикалық  мəнін 

сипаттайтын мазмұн” – деп есептейді. Танымдық қызығушылық оқудағы жəне өз бетінше 

тəрбиені,  оқушылардың  танымдық  белсенділігінің  қалыптасуына  интенсификациялық 

ойлау  əрекетіне,  оқушылардың  білім  деңгейінің  дамуындағы  оқу  процесінің 

ұйымдастырылуына,  оқудың  эмоционалды  атмосферасын  жəне  оқу  процесінің  жағымды 

формасын құруына ыңғайлы жағдай туғызады. Сонымен бірге ақыл-ой тəрбиесі əлеуметтік 

жұмыстарды  оқушылардың  зейінді  болу  шеберлігінің,  оқу  ақпараттарын  есте  сақтаудың, 

ойлау  операцияларын  əр  түрде  болуының  дамуымен  байланыстырады.  Оқушылардың 

зейінін дамыту үшін оқытушылар алдына істелінетін жұмыстардың міндетін дəлірек қоюы 

керек,  үнемі  ең  маңыздыларын  белгілеп  қою  керек,  тақырыпқа  байланысты  айқын 

мысалдармен  қызықтырып  отырылуы  керек.  Сынып  мұғалімдері  зейінді  дамытудың 

əртүрлі  арнайы  жаттығуларын  (қызықты  ойындар,  оқушылардың  зейінін  анықтайтын 

ойындар)  қолданады.  Зейіннің  дамуымен  қатар  есте  сақтау  үрдістеріне  қалыптасуы  да 

игеріледі  –  сөздік,  көру,  бейнелеу,  қимылдық,  есте  сақтау  процестері.  Есте  сақтаудың 

дамуы оқушылардың материалдарды есте сақтауына (ұзақ жəне қысқа) деген нұсқаулардың 

қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Мұндай нұсқау жаңа материалдарды ойлаудың барлық 

процестерінің бойында əрекет жасауы керек. 

Зейін  дамыған  жағдайда  оқытушылардың  оқу  жұмыстарындағы  тұрақтылығын 

көтермейді, оқытылғанды нақтылаудағы олардың мақсаттылығын дамытады, қабылданған 

материалдың  мазмұнын  айтуға  үйретеді.  Сонымен  қатар  есте  сақтауға,  дағдылануға 

арналған арнайы жаттығуларды да пайдаланып отырады. 

Оқушылардың  ойлауын  дамыту  үшін  əсіресе  олардың  салыстыру,  анализдеу, 

синтездеу,  талдап  қорыту,  себеп-салдар  байланысын  құру,  жіктеу  жəне  жүйелеу 

операцияларын  тұрақты  түрде  талдау  керек.  Осы  операцияларға  байланысты  ақыл-есті 

тəрбиелеу,  жаңа  оқу  ақпараттарын  игерудің  аналитикалық  жəне  синтетикалық  тəсілдерін 

қабылдаудағы  өзара  байланыстылыққа  ұмтылуы  керек.  Оқушыларға  оқылған 

проблемаларды,  ұғымдарды,  құбылыстарды  талдауды  үйрету  керек,  сонымен  қатар, 

синтезделген  мінездемелерді  нақты  фактілерге  сүйеніп,  бақылай  отырып,  белгілі  бір 

нақтыланған  талдау  жасау,  арқылы  қорытынды  жасау  керек.  Ойлау  əрекетінің  дамуында 

оқушыларға  оқылған  материалдардың  мəнін  түсіндіріп,  ең  бастысын  бөліп  қарауға 

шеберлігі де əсер етеді. Олар: 

-  ақыл-ой  тəрбиесі  ойлаудың  сипаты  мен  стилі,  жеке  адамның  дүниеге  көзқарастың 

позициясына  жəне  оқушылардың  ғылыми  көзқарасының  дамуына  байланысты 

төмендегідей бөлінеді.  

- оқушылардың нақты фактілерді талдап қорыту шеберлігі жəне жалпы көзқарастың 

шешімдерді жасай алуы;  


32 

 

-  көзқарастық  идеялардың  мағынасын  аша  алу  шеберлігі,  табиғи  жəне  қоғамдық 



құбылыстардың диалектика позициясымен бағалай алуы; 

- өзінің ой-пікірін негіздеп жəне қорғай алу шеберлігі; 

Ал, диалектикалық ойлау – сол ғылыми теорияның дамуын, ғылымдағы көзқарас пен 

пікірлер  таласын  талдауды  үйрену.  Практикалық  түрде  əрбір  оқулық  пəні  оқушыларға 

ғылыми  жаңалықтың  тарихи  негізін,  ғылым  тармақтарын,  жаңа  ғылыми  жағдай  мен 

бұрынғы  жаңалықтар  арасында  логикалық  байланыстарын,  ғылыми  дамуының  ішкі 

логикасын,  оның  заңдылықтарының  ішкі  қайшылық  идеяларын,  ескі  көзқарастарды  жаңа 

ұсыныстармен  ауыстыруын  ұсынады.  Осы  жоғарыда  айтылған  жағдайлар  оқушылардың 

күнделікті даму барысында, əсіресе білім алу деңгейлерінде түпкілікті шешім қабылдауына 

көптеген əсерлер жасайды. Бəрінен де бұрын жеке адамның қызығушылығында оқу əрекеті 

–  адамның  еңбек,  таным  жəне  қатынас  субъектісі  ретінде  оның  жалпы  өмір  тіршілігінің 

нақты  түрінің  бірі.  Адамның  танымдық  қажеттіліктері  мен  қызығулары  адамның  жалпы 

өмірлік  бағыттылығындағы  нұсқаулар  мен  құндылықтардың  жалпылама  жүйелерін 

белгілейді. 

Оқушылардың  таным  процесі  өзіне  тəн  ерекшелігі  бар  күрделі  психикалық  үрдіс. 

Оқушының нəтижелі оқуына əсер ететін сыртқы жəне ішкі күштер немесе белгілі себептері 

болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі 

қайшылықтар.  Оқушының  оқуына  түрлі  əсер  ететін  себептердің  бірі  –  түрткілер, 

қызығушылықтар.  

Қоршаған  ортаның  алуан  түрлілігі  секілді,  адам  қызығулары  да  алуан  түрлі  болып 

келеді. Мысалы: пəндік қызығулар адамның көркем-өнерге, денешынықтыруға, техникаға, 

сондай-ақ  танымдық  пəндерге  қызығуы.  Оның  ішінде  бір  нəрсеге  ғылымның  бір  түріне 

немесе  спорттың  бір  түріне  қызығуы  басым  болады.  Бұндай  қызығуларды  пəндік  немесе 

сабақтан тыс өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы дамытамыз. Жалпы қызығудың ерекше, əрі 

өте  маңызды  бөлігін  -танымдық  қызығушылық  құрайды.  Оны  оқушының  өз  білімін 

тереңдетуге  ұмтылысынан  көреміз.  Яғни,  танымдық  қызығу,  оның  оқуға,  тіпті  өмірге 

жаңаша  қарауына  əсер  етпей  қоймайды.  Оқушы  сол  сабақты  сабырсыздана  күтеді,  сол 

мұғаліммен  қарым-қатынасты  немесе  интеллектуалдық  қуанышты  бастан  өткереді,  бұған 

кешегіден де көбірек білгендігіне қуанады.  

К.Д.Ушинский  еңбектерінде  “Танымдық  қызығушылық  оқушының  білімге  ,  бір 

нəрсені  білуге  құштарлығын  арттырып  қана  қоймайды  сонымен  қатар  айналадағы  бізге 

белгісіз,  жұмбақ,  сырларға  жауап  іздеуге  итермелейді-  деп  қарастырады.  Ол  үшін 

танымдық  қызығушылығының  психологиялық  табиғатты  оқу  барысында  қолдау  мен 

қолпаштауға  ие  болу  керек.  Танымдық  қызығушылыққа  бекітілген  өмірлік  маңызы  бар 

процестер жайлы мұғалімнің ойланып, толғанатын жері де осы. 

 

Əдебиеттер 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал