Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет36/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64

 

 

Тұрсынбеков М.Т.,Əжібеков М.Ж



 

Халықаралық гуманитарлық - техникалық  университеті, Шымкент қаласы 

 

Резюме 


 

В статье рассматриваются

   

роль национального образования в формирований и личности



 

 

Summary 



 

Problems and directions of national system of education are considered in the article. 

   

Қазіргі білім беру бағытын ұстансақ,  онда жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру 



және  дамыту болып отыр. Әрбір адамның интеллектуалдық қуатын және жауапкершілігін 

қалыптастыру қолға алынуда. Сонымен қатар, білім беру саласындағы өзгерістер оларды 

ұйымдастыруда  ғана  емес  оқыту  мен    тәрбие  процесінде  де  қарастырылуда.  Соларды 

шешудің  бірден –бір тиімді бағыты тұлғалық-бағдарлық бағыт болып отыр.   Әрине мұны  

басшылыққа  алуымыз    керек.  Десекте,  бір    таңданарлық  жәйт,    «Қасқырдың    -  қойды  

жеуіне  құқығы  бар,  ал  қой  болса    қасқыр  тарапынан  желінуге  толық  құқылы    екені»  - 

сияқты, білім беруде «россиецентристік»,  батыстық мазмұндағы бағыт басым болып тұр.    

Білім  біздің  отандық  мазмұнда  болып  отырған  жоқ,  өйткені  біздің  отандық  білім 

фольклорымызға, ұлттық мәдениетімізге  негізделінген.    

 Осы жерде М.Жұмабаевтің  «Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пән көзінен, 

яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысуы жағынан келу дұрыс болар еді» - деген 

сөзі 


[

1

]



  бүгінгі күнге тағыда сұраныс тауып отыр демеске лажымыз жоқ. 

  Ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуында  ұлттық  білім  мен  ғылымның  рөлі  аса  маңызды 

дейтін  болсақ,  ондағы  жасалынып  жатқан  реформалар  мен  өзгерістердің  бағыт-бағдары, 

ұлттық  мүдде  тұрғысынан  туындауы  керек.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  біз  көбінесе,  «Не 

себепті ана тіліміз өріс ала алмай отыр?  Не себепті ана тіліміз ғылыми тілге айнала алмай 

отыр?  Неге  біздің  ата  –аналарымыз  балаларымызды  мейірімділік  пен  қасқүнемдікті 

ажыратуға, үйретуге мұршасы жоқ?- деген сұрақтарға назар аудара келіп, оның  тәрбиелік  

мәніне  ғана  көңіл  бөлетін    және  осы  әрекетімізбен  оқу-тәрбие  үрдісіне  біржақты 

қайрайтын сияқтымыз.  

Мұның  бәрі  біздің  білім  беру  саламызда  оқыту  мен  тәрбие  процесінде  ұлттық 

идеологияның жоқтығына саяды. 

 Біздің  ең  негізгі  мақсатымыз,  ұлттың  болашағы  болғандықтан,  іске  асыратын 

әрекеттерімізде білімнің ұлттық сипатын, рухани мазмұнын қамтамасыз ету. Сөз жүзінде 

мұны  мойындағанмен,  оны  іске  асыратын  нақтылы  тетіктерді  таба  алмай  отырған 

жайымыз  бар  екенін  мойындауымыз  керек.    Ол  үшін,  білімнің  ұлттық  жүйесін 

қалыптастыру мәселесіне көңіл аударылуы керек.   Өйткені, қазіргі білім де, білім беру 

жүйесі 

де 


кеңес 

одағының 

бірыңғайландырылған,бірқатар 

педагогикалық 

принциптері  жағынан    кеңестік  азаматты  қалыптастыруға  ыңғайландырылған  жүйе 

екендігіне көзіміз жетіп отыр. Ол жүйе ұлтсыз ұрпақтарды тәрбиелеуге бағытталғандықтан, 

ұлттық  мәдени  мұра,  рухани  қазына,  елдің  салт-дәстүрі,  тілі  мен  ділі  сыртта  қалды. 


270 

 

Әрине,жалпы,  оқыту  деңгейі  жоғары  болғанын  мойындауымыз  керек.  Десекте, 



оның  ұлттық  құндылықтарымыздан  алыстатылғанына,      ұлттық  сипаты,  рухани 

мәйегі 


болмағанына, 

ұлт 


тағдырын, 

еліміздің 

ерекшелігін, 

халқымыздың 

менталитеті ескерілмегеніне ешкімде дау айта алмаса керек.   

 Міне, осыдан кейін-ақ,білім берудің мəдениет қалыптастырушы функциясын 

анықтау қажет екеніне барлығымыздыңда көзіміз жеткендей болып отыр 

[

2



]

 .  


 Мұнда,білім  мен  тәрбиенің  түпкі  мақсаты  –  ұлтымыздың  рухани  өмірін  сақтап  қана 

қоймай,  оны  байытып,  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тарихи  құндылықтарын,  әсіресе  сана-

сезімін қазіргі адамзат өркениеті биігіне көтеру деп түсіну керек. Десекте, өзінің төл мәдени 

байлықтарын меңгермеген жан әлемдік өркениетті де жарылқамасынада назар аударған жөн. 

Осы  жерде  тағы  бір  айта  кететін  жайт,  осы  күнгі  алған  білімдеріміз  тез  естен  шығып 

қалады,  ал  ұлтымыздың  салт-дәстүрі,  фолклоры  осы  күнге  дейін  ұмытылмай  келеді. 

Мұның түп-төркіні неде ?- деген сұрақ туындайды.  Өйткені, олар- ұлтымыздың өмір сүру 

қалпын түзеді.  

 Дәстүр–ұрпақтан-ұрпаққа,  атадан  балаға  көшетін  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік 

нормалар  мен  принциптер  жиынтығы 

[

3

]



.      Сондықтанда,  дәстүр  –  білім  алудың 

әдіснамалық  негізі  деуге  орын  бар.Ұлттық  білім  мазмұнын  зерттеудің  әдіснамалық 

негіздерін  жүйелеу,  оқыту  процесінде  ұлттық  дүниетанымдық  принциптерді,  олардың 

қайнар  бұлақтарын  ғылыми  айналысқа  енгізу  жолдарын  іздестіру  болып  саналады.  Осы 

себепті де, ұлттық білім мазмұнын ұлттық мәдениет контекстінде қарау жөн болған болар 

еді.  Өйткені,  қай  ұлт  болмасын,  сол  ұлт  өкілінің  рухани  жан  дүниесін  тек  қана    ойлауға 

саюға 

болмайтынын 



дәлелдейтін, 

мойындайтын 

философиялық, 

педагогикалық, 

психологиялық методология қалыптасып келеді.     

 

Әдебиеттер 



 

1.Жұмабаев М шығармалары (Құрастырған Абдуллин Х., Дәрімбетов Б., Жұмабаева З. –    

   Алматы.Жазушы, 1989. – 448 б 

2. Нығмет Ж. Қазақ тілі хрестоматиясы . Алматы , - 2003,-  392 бет. 

3. Бурбаев Т. Ұлт менталитеті. Астана: Елорда , 2001- 248б 

 

ƏОЖ



 378: 786.8 (574)                                                          

 

БАЯН АСПАБЫНДА СТУДЕНТТІҢ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Тұрдалиев А.М

 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В  статье  проведен  глубокий  анализ  одного  из  начальных  компонентов  форм  преподавания 

исполнительских навыков на баяне

Исполнение  на  баянелучших  музыкальных  произведений  казахского  народа  способствует  не 

только становлению национального самосознаниягражданскому и патриотическому воспитанию,  

что очень важно для каждого учителя музыкино и совершенствованию исполнительских навыков 

игры на баяне

 

Summary 

 

The  deep  analysis  of  one  of  initial  components  of  forms  of  teaching  is  lead  (carried  out)  to 

dissertations  и  executive      skills  on  a  accordionprocess  of  development  of  products  of  a  folk  music.  With 

reference to our work the given problem is actual. 

Object of investigation: Prepare  the future teachers of music in complete teaching and educational 

process of high school. 


271 

 

Музыкалық аспапта ойнау аспапта ойнап үйрену, педагогикалық үрдістің жеке дара 



оқыту  түріне  жатады.  Музыка  кəсібінің  ерекшелігіне  байланысты  тарихи  солай 

қалыптасқан. 

Студенттердің  бойындағы  жеке  қасиеті,  қабілеті,  білім  деңгейі  əлеуметтік  қарым  - 

қатынасы,  өмірге  деген  көзқарасы  осылардың  бəрі  -педагогикалық  іс-əрекеттің  объектісі 

болып табылады. 

Музыкалық  аспапта  ойнау  үрдісі  -  əрқашанда  студенттің  жалпы  тəрбиесімен  тығыз 

байланыста  болады.  Яғни,  музыкалық  аспапта  ойнау  -  жеке-дара  оқыту  түріне  жатса, 

студентті  тəрбиелеу  негізі  де,  жеке-дара  болып  келеді.    Музыкалық  -  орындаушылық 

пəндерді оқыту үрдісінде, оқу-тəрбиелік жұмысының негізі болып сабақ өтудің жеке дара 

педагогикалық  түрі  қолданылады.  Музыкалық-педагогикалық  іс-əрекет-ол  педагогикалық 

жəне музыкалық-орындаушылық (көркем шығармашылық) іс-əрекеттерінің синтезі болып 

саналады. 

Адам  баласының  жасайтын  қызметтерінің  бір  саласы  ретінде  музыкалық-

орындаушылық  іс-əрекеттің  де  өзіне  тəн  құрылымы  болады.  Ол  құрылым  арнайы 

музыкалық  білім  негізінде  жасалынады,  бірақ,  психологиялық  ғылымының  жалпы  іс-

əрекеттер  заңына  бағынады.  Осыдан  көріп  тұрғанымыздай,  аспаптағы  орындаушылық 

дағдыларды  жетілдіре  түсу  мəселесі  əлі  де  өзекті  күйінде  қалуда.  Біздің  зерттеулерімізде 

студенттердің аспапта ойнау, аспапты игеру үрдісінде жиі кездесетін негізгі қиындықтар - 

техникалық (саусақтар мен көріктің-мехтіңбір-бірімен үйлесімдік іс-əрекетінің ретсіздігі; 

баянда - көріктіжүргізудің мүмкіндіктерін əлсіз пайдалану; баянның сол клавиатурасының 

өзіндік  орналасу  ерекшеліктеріне  байланысты,  көріктің  үнемі  (қысу,  созу)  қозғалыста 

болуы  əсерінен  дыбыс  шығару  мүмкіндігіне  тигізетін  қиындығы)  жəне  теориялық 

(аспапта ойнау кезіндегі дыбыс шығару тəсілдерін əдістемелік тұрғыдан қарастыруда ортақ 

пікірдің  болмауы  –  штрихтар,  динамика  жəне  тағы  басқалары;  аспаптың  конструктивтік, 

орындаушылық жəне шығарманың көремдік мəселелеріне біржақты қарау; аспапта дыбыс 

шығарудың  сынақтан  өткізілген  əдістері  мен  тəсілдері  қалыптастыру  құралдарының 

жоқтығы;  баян  аспабында  ойнаудың  тұрақты,  нақты  жүйесінің  болмауы)  қиындықтар 

болып табылады. 

Соңғы  жылдары,  біздің  елімізде,  Қазақстанда  өз  халқымыздың  рухани  салт-

дəстүрлері мен музыкалық мəдениетіне көңіл аудару ерекше маңыздылыққа ие болуда. 

Осы  аталған  мəселе  біздің  зерттеу  жұмысымызға  қатысты  болып  келеді.  Қазақ 

халқының жəне басқа да халықтардың үздік музыкалық шығармаларын баянда ойнау əрбір 

музыка  мұғалімі  үшін  өте  маңызды  болып  саналатын  ұлттық  өзіндік  саналық,  азаматтық 

жəне патриоттық тəрбиенің қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ музыкалық аспапта (баян) 

ойнаудың шығармашылық дағдыларын жетілдіруге де ықпал етеді. 

Сонымен,  осы  жағдайға  байланысты  ғылыми  жұмыстарға  жасаған  талдау  бойынша 

музыкалық  аспапта,  соның  ішінде  баян  ойнаудың  орындаушылық  дағдыларын  халықтық 

музыкасы  арқылы  жетілдіру  мəселесін  қарастыратын,  ал  басқа  бір  авторлардың  олардың 

білімін дəстүрлі музыка өнеріне бағдарлаудың дұрыс екендігін дəлелдейтінін көрсетті. 

Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жұмыстардың барлығы жекелей əр түрлі сипатқа 

ие, олар біз белгілеген келесі маңызды сауалдардың бейнесі болып табылады:    

- музыкалық аспапта ойнаудағы халықтық музыка шығармалары негізінде көркемдік-

орындаушылық  дағдылардың  сапалық  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ететін  жағдайлар 

қандай болуы тиіс;   

-  егер  білім  мазмұны  (баян-аккордеон)  класы  бойынша  орындаушылық  репертуары, 

тарихи-теориялық пəндер циклы жəне т.б.) дəстүрлі музыка шығармаларына бағытталатын 

болса,  болашақ  мұғалімдерінің  бойында  аспапта  ойнаудың  көркемдік-орындаушылық 

біліктіліктері мен дағдылары қалай қалыптысатын болады. 

       Баян  педагогикасының  генезисі  осы  аспаптардың  өзіне  тəн,  арнайы  əлеуметтік-

мəдениеттік  статусынан  бастау  алады.  19  ғасырдың  30-шы  жылдарындағы  тұрмыстық-

фольклорлық  музыкамен  əуестеніп  шұғылданудан  бастап,  қазіргі  кезеңнің  академиялық-

концерттік өнер тұрғысына шықты.  

Біздің заманның 20-шы ғасырдағы Қазан көтерілісінен кейін сырнай-гармоника-баян 

аспабында  ойнау  жаңа  белеске  көтеріледі.  Сол  жылдары  (1926,  1928,  1932-1939  жылдар) 



272 

 

халық  аспаптарында  ойнаудың  орындаушылық  конкурстары  жүргізіліп,  баян  аспабында 



ойнаудың  аспаптық-орындаушылық  педагогикасы  (А.Кузнецов,  П.Гвоздев,  И.Паницкий, 

Н.Ризоль, М.Макаров жəне т.б.) калыптаса бастайды   

Жаңадан  баян  аспабын  үйрену  мектептері  оқу  құралдары,  əдістемелері  (И.Гладков, 

А.Голубев, А.Клейнард, А.Иванов) жəне этюдтер (И.Рожков) мен пьесалар (И. Хведчени) 

жинағы жарық көреді. 

Консерваторияларда,  институттарда,  музыкалық  училищелер  мен  музыкалық 

мектептерде  халық  аспаптары  факультеттері  (бөлімдері)  ашыла  бастады.  Музыкалық-

педагогикалық факультеттер, кеңес дəуірі кезеңінің контексінде 20-шы ғасырдың 30-40-шы 

жылдарында пайда болды.  

Музыкалық-педагогика  мəселелеріне  арнап  Н.А.Ветлугина  (1967),  З.С.Квасница 

(1970),  Г.Н.Падалка  (1970),  О.А.Апраксина  (1971)  алғашқы  докторлық  диссертацияларды 

жазып қорғады. Сол жылдары музыка бағдарламаларының жаңа концепциялары: мектепке 

дейінгі  балаларды  музыкаға  оқыту  бағдарламасы  -  Н.А.Ветлугина      (1967),            мектеп 

жасындағы  балаларды  (1-8  сыныптар)  музыкаға  оқыту  бағдарламасы  О.А.Апраксина 

(1971),  Э.Б.Абдуллин  (1978),  Ю.Б.Алиев  (1978),  Д.Б.Кабалевский  (1978),  эстетикалық 

тəрбиенің  теориясы  мен  əдістемесін  -  жалпыға  бірдей  міндетті  түрде  эстетикалық 

тəрбиемен  бірге  қосып  оқыту  -  В.К.Белобородова  (1975),  О.А.Апраксина  (1977)  жəне 

тағыда басқаларымен жазылды.  

19-шы  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  гармоникалар  қазақ  жеріне  де  (Жаяу 

Мұса  Байжанов,  Майра  Уалиқызы,  Нартай  Бекежанов,  Əсет,  Шашубай  жəне  т.б.)  келіп 

таралады.  

Қазіргі 


таңда 

Отанымыздың 

консерваторияларында, 

университеттерінде, 

институттарында,  музыкалық  жəне  педагогикалык  колледждерінде,  арнайы  музыкалық 

жəне музыкалық мектептерінде сырнай-баян, аккордеон кафедралары (бөлімдері) бар. Баян 

аспабында  ойнаудың  жоғары  тұрғысына  көтерілген,  халықаралық  конкурстарының 

(чемпионаттарының)  лауреаттары  мен  дипломаттары  —  А.Гайсин,  Д.Тұяқбаевжəне 

Д.Сұлтановтар соның айғағы. 

Музыкалық аспап класында орындаушылық мəселесі  əр қашанда өзінің өзектілігімен 

ерекшеленеді.  Сондықтан  біз,  музыкант  орындаушының  қалыптасуының  төрт  үлкен 

міндетін бөліп көрсетеміз: 

1.Жалпы мəдениетінің қалыптасуы (адамның қалыптасуы). 

2.Музыкалық мəдениетін тəрбиелеу,  есту қабілетін дамыту,  музыканың эстетикалық 

жəне танымдық құндылықтарын  түсіне  білу  (музыканттың қалыптасуы). 

3.Аспаптық-орындаушылық  шеберлігін  тəрбиелеу,  өз  музыкалық  аспабы  арқылы 

(ойдағысын) айтайын дегенін жеткізе білу біліктілігі. 

4.Өз бойында арнайы кəсіби қасиеттерді тəрбиелеу, музыкаға берілу қабілетінің бар 

болуы,  тыңдап  отырған  тыңдаушының  назарын  аудару,  көрермендерімен  кездесуге 

тəрбиелеу. 

Аспапты  меңгеру  мен  орындаушы-музыканттың  жеке  дамуы  арасындағы  тығыз 

байланыс маңызды болып келеді, өйткені есту тəжірибесін байыту, орындау қозғалыстары 

шеңберін  кеңейту,  аспапта  ойнауда  барынша  көп  еркіндікке  ие  болу  жақсы  нəтижелерге 

алып келеді. 

Шығарманы жақсы шебер ойнағанда ғана оның қажеттілігі туады. Орындалып жатан 

шығарманың  мазмұнының  тереңдігі  -  кешенді  ойлау  -  қозғалыс  біліктіліктері  мен 

дағдыларына тепе-тең. 

Студенттің  баянаспабында  техникалық  шеберлікті  игеруі  -  ең  алдымен  келесі 

біліктіліктер мен дағдыларды игеру (1-ші схема) нəтижесінде іске асырылады.  

 

1-ші схема. Баян аспабында техникалық шеберлікті игеру 



 

273 

 

1.Отыру жəне аспапты (баян, аккордеон) дұрыс ұстап отыру дағдыларын игеру. Баян 



(аккордеон)  аспабында  ойнау  күрделі  процесс.  Баян  аспабында  музыкалық  шығарманы 

орындау  -  студентке  үлкен  ауыртпалықты  (тез  шаршап  қалу,  дене,  бұлшық  ет  күшін  көп 

жұмсауы жəне т.б.) түсіреді жəне ойнау кезінде бірақтар қолайсыздықты (баян аспабының 

салмағының ауырлығы, көріктің созылып кетуі, сол қолдың мəселесі жəне т.б.) тудырады. 

Осыларды  болдыртпау  үшін,  біз  студентке  барынша  қалайлы  жағдай  жасаумыз 

керек.Аспап  пен  студенттің  арасында  жақсы  «ара-қатынас»  болуы  үшін:  отыру  жəне 

аспапты  дұрыс  ұстап  отыру  дағдыларын  игеру;  ойнау  аппаратының  еркіндігін;  қолдың 

дұрыс  қойылуы  жəне  клавиштерді  басу  тəсілдері  -  студенттің  рациональдік  қимыл 

əрекеттеріне сəйкес болуы керек.                  

2. Көрікті жүргізу дағдыларын игеру. 

Көрікті  бір  қалыпты,  жұлмай,  музыка  желісін  бұзбай  жүргізу  қажет.  Көрікті  ауысу 

кезінде  өте  мұқият  болу,  дыбысты  үзбей  музыкалық  ой-толғанысын  сақтап  отыру. 

Орындаушы  көрікпен  жұмыс  жасаған  кезде  сол  қолға  үнемі  назарын  аударып  қадағалып 

отырғаны жөн.  

Əр  түрлі  динамикалық  белгілерді  дұрыс  ойнай  білу.  Ойнап  отырған  кезде, 

орындаушы  өзін  еркін  ұстауы  қажет.  Ойнау  аппараты:  қолды,  буындарды  саусақтарды 

қатты  тырыстырып,  «ескерткіш»  сияқты  жансыз  пішінде  отыру  (аспапта  ойнауды  қатты 

қиындатуы мүмкін) мүлдем дұрыс емес. Соған өте мұқият, абай болу керек. 

3.Техникалық дағдыларды игеру. 

Техникалық дағдылардың дамуы көп ұақытты жəне əр түрлі іс-əрекетті талап етеді. 

Ең  алдымен  орындаушы  (студент)  негізгі  апликатуралық  принциптерімен  мен 

дəйекетіліктерді білу керек. 

4.Дыбыс шығаруды игеру. 

Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда  музыкалық  аспапта  ойнауға  (дыбыс  жасауға) 

мыналар əсер етеді: 

1) студенттердің сенсорлық дамуы; 

 2)  олардың  дыбыс  тудыру  принциптерін  сезінуі,  өйткені  адамның  музыкалық 

аспапта əсерінсіз дыбыс шығару мүмкін емес; 

3)  белгілі   бір    өзгеруші   жағдайларда   осы   аспаптың    өзіндік дыбысталуы    туралы  

дыбыстық    түсінікті    қалыптастыру    (штрих,  динамика,  нюанстарда  өзара  байланыстыра 

жəне үйлестіре орындау). 

 Болашақ 

музыка  мұғалімдерін  университет  қабырғасында  сондай  үлкен 

орындаушылық  тұрғыға  көтерілсін  деп  тəрбиелеу  əрине  дұрыс,  бірақ,  ол  біздің  / 

педагогтардың/  мақсатымыз  емес.  Біздің  алға  қойған  мақсатымыз  жалпы  білім  беретін 

мектептерге білікті музыка мұғалімдерін даярлау.  

Болашақ  музыка  мұғалімдерінің  халықтық  музыка  шығармалары  арқылы 

орындаушылық  дағдыларын  қалыптастыруындағы  ең  маңызды  мəселе  –  ол  музыкалық 

аспапты меңгеру.  

1-ші  кесте.  Болашақ  музыка  мұғалімінің  халықтық  музыка  шығармаларын  игеру 

арқылы баянаспабында ойнау кезіндегі кəсіби іс-əрекеті  

 

Аспапта


 ойнау 

кез


iндегатқаратын 

iс-əрекеттер 

түрлер




 

 

Теориялықб



iлiм

 

 

Б

iлiктiлiктер мен 

дағдылар

 



Жеке-дара 

орындаушылық 

Əртүрлi бағыттағы жəне түрлi 

мектептер тəрбиелеген композиторлар 

Əнкүй сабағы 

бағдарламасына сəйкес 

2. Көрікті жəне 

ысқышты жүргізу 

дағдыларын игеру 

3.Техникалық 

дағдыларды игеру 



4. Дыбыс 

шығаруды 

игеру 

1.Отыру жəне аспапты  дұрыс 

ұ

стап отыру дағдыларын игеру 



 

274 

 

шығармаларының орындалу стилистикасы 



мен заңдылығын бiлу 

қосымша бөлек халықтық 

музыка шығармаларын /ХМШ/ 

iрiктеп – жақсы туындыларын 

таңдау; кəсiби жоғары деңгейде 

орындап көрсету 

ХМШ-мен өз 

алдына жұмыс жасау 

Музыкалық шығармаларды жаттау 

кезiндегi əркезеңнiң əдiстемесiн бiлу; 

дауысқа бөлiп орындау; əртүрлiстильдегi, 

жанрдағы шығармалардың дыбысымен, 

əсерiмен жəне екпiнi мен жұмыс жасау 

ерекшелiктерi; техникалық 

қиындықтардан өту 

Шығарманы-жазған 

композитордың мəтінінен 

айнытпай, жазылған түп 

нұсқасын сақтап, тиянақты 

орындау; ХМШ-рынөте аз 

уақыт iшiнде эскиз ретiнде 

танысып икемдеу 

Сүйемелдеу 

Балалар хорына, жеке аспаптарға, 

жеке əншiге сүйемелдеудiң 

ерекшелiктерiн бiлу 

Сүйемелдеу мен жұмыс 

жасау: дауысқа жəне хорға 

арналған ХМШ фактураларын 

тез ара ажырата алу; өзiне-өзi 

сүйемелдей бiлу; сүйемелдеу 

партияларын жеңiлдете жəне 

қиындата бiлу; сүйемелдеу 

кезiнде жаңа əуендi қоса бiлу; 

сүйемелдеу кезiнде бүтiн 

музыкалық бейненi жасау 

Мəтінге 

қарапноталарды лезде 

орындап оқи алу 

Нота мəтініне қарап жеке жəне 

ансамбльдерге арналған шығармаларды 

лезде орындап оқи алу тəрлерiн бiлу; 

əртүрлi фактуралар типтерiн – олардың 

əуездiлiк заңдылықтарының 

ерекшелiктерiн ажырату 

Музыкалық есту 

қабiлетiне сүйенiп, музыкалық 

ой-сананың даму логикасын 

алдын-ала таба бiлу; 

шығарманың екпiнi мен 

əсерлеуiнiң даму бағытының 

негiзiн сол мезетте табу; 

шығарманың əуездiлiк негiзiн 

көрсету 


Бiр 

тональдықтан екiншi 

тональдыққа ауыстыру 

/транспонирование/ 

Гаммалар, аккордтар, 

арпеджиолар–олардың негiзгi 

аппликатураларының принциптерiн бiлу 

Iшкi есту қабiлетi сезiмi 

арқылы шығарманың бастапқы 

тональдығын табу; 

шығарманың фактуралық жəне 

əуездiлiк ерекшелiктерiн тез 

арадатауып, басқа тональдыққа 

ауыстыру; күрделi музыкалық 

фактураны жеңiлдете бiлу 

Ансамбльдеойна

у 

Жеке 


жəнесүйемелдеупартияларыныңзаңдылықт

арынбiлу 

Шығарманың екпiндiк, 

əсерлiлiк көркемдiк 

бiртұтастығын сақтау; негiзгi 

жəне қосалқы əуенiн естiп 

ажырата бiлу; қасыңда отырған 

серiгiн естiп, сезiп отыру жəне 

сонымен бiрге екпiннен 

шықпай дұрыс орындау 

Музыка 

тартушығармашылығы 



Музыкалықсуырыпсалудыңарнайы

стильдерiноныңзаңдылықтарынбiлу 

Есту арқылы таныс 

əндердi, əуендердi олардың 

сүйемелдеуiн ойнай бiлу; 

шағын үзiндiлердi ойнай бiлу; 

берiлген тақырыпқа суырып 

салу элементтерiн қосып – 

екпiндi жəне фактураларды 

өзгертiп ойнауды игеру 




1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал