Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет32/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64

 796.5 

 

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУҒА БЕЙІМДЕЛУ МЕН 

ҚАЛЫПТАСУ ШЕБЕРЛІКТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Оңалбек Ж.К., Иманалиев С.Ж., Тулеев Е.И

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы 



 

Резюме


 

 

В  данной  научной  статье  описывается  особенности  формирований  в  спрортивной 

тренировке греко-римской борьбе 

 

Summary 

 

This article describes the features of the scientific groups in sprortivnoy training Greco-Roman 

wrestling 

 

Спорттық  жаттықтыру  адам  ағзасының  сол  жүктемеге  бейімделу-қалыптасу 

мүмкіндігінің  өте  жоғары  екендігін  көрсетеді.  Қандай  да  болмаған  өте  ауыр  жəне 

экстремалды  жұмыс  атқаруды  қажет  ететін  қызмет  түрлері  адам  организмін  бейімделу 

қалыптастыру мүмкіндігі жағынан спорттық жүктеме арқылы жаттықтыруға жетпейтіндігі 

анықталды.  Оның  себебі  спортшының  күн  сайынғы  көптеген  сағаттар  бойына  үлкен 

жүктемелер  арқылы  жаттығуы  жəне  оған  климаттық  əсері,  сонымен  қатар  жарыс  үстінде 

спортшының экстремалдық жағдайларда жиі болуы ықпал етеді. 

Спорттық  жаттығу  кезінде  спортшы  əртүрлі  қозғалыс  түрлерін  орындауымен  қатар 

оның  жылдамдығын,  көлемін,  орындау  түрін  өзгертеді,  əртүрлі  əдіс-айланы,  тəсілдерді 

пайдаланады сонымен қатар психологиялық əсерлер қоса жүреді.  

Өткізілетін  жарыстың  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болған  сайын  спортшы  ағзасына 

түсетін  жүктеме  жəне  психологиялық  əсер  көп  болады,  осыған  байланысты  бейімделу 

деңгейіне де жоғары талаптар қойылады. 

Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар əртүрлі 

болып келеді (доп, штанга, семсер, бокс қолғабы, т.б), ал спорттық күрес кезінде екі адам 

бір-бірімен  жекпе-жек  жағдайында  болғандықтан,  бейімделу  қалыптасу  жағдайына 

басқаша талаптар қойылады. Спортшының түскен күшке, атқарған жүктемеге қалыптасып-

бейімделуі машықтану кезеңдеріне байланысты əртүрлі болып келеді. Көп жылды жаттығу 

жоспары  кезеңінде  алдағы  өткен  мерзімде  болған  бейімделу  жағдайын  бұзып,  одан  да 

жоғары талаптарға бейімделу қажеттігі туады. Осылай əр кезеңге қойылатын талаптардың 

өзгеріп  жəне  артып  отыратындығына  байланысты,  адам  ағзасында  ерекше  бейімделу 

процестері пайда болып отырады. Əр спортшының спорттық жылымен 5-6 жылдан 20-25 

жылға  дейін  жəне  одан  да  көп  болуына  əр  кезеңдегі  бейімделу-қалыптасу  кезеңдері  бір-

бірінен жоғары болып отырғанда ғана жететіні белгілі болды.[3] 

Спортшының үлкен жүктемелерді жеңуге бейімделу мүмкіндігін ең жоғары деңгейде 

ұстап  тұру  мерзімінің  ұзақтығы,  əр  спорттың  түріне  жəне  əр  спортшының 

феногенетикалық  ерекшелігіне  жəне  атқарылған  жаттығу  жұмысының  адам  ағзасына 

əсеріне байланысты. Осы жағдайда адам ағзасына берілетін жаттығу жүктемесінің мөлшері 

оны орындату əдістемесіне байланысты жəне оған адамның бейімделуі сол деңгейде ұстап 

тұру  мүмкіндігі  тікелей  əсер  етеді.  Осы  кезеңде  адам  ағзасының  дене-күш  қуатының 

сарқылып шаршамауын, зорықпауын қадағалау қажет. 

Жаттығудың əр кезеңдерінде адамның дене-күш қабілетінің бір түрінің азаюы екінші 

бір  түрінің  артуы  сияқты  құбылыстарды  доп  басып  байқап  отыру,  спорттық  жарыстарда 

нəтижелі жетістіктерді жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Спорттық  күресте  кілем  үстіндегі  жағдай  өте  тез  өзгеріп  отыратын  болғандықтан 

ұзақ,  уақыт  сақталытын  бейімделу  процесімен  қатар,  аяқ  асты  өзгерген  жағдайға  қажетті 

тез бейімделу процесі пайда болады. Қазіргі жоғары спорт жетістіктерінің талабы спортқа 



242 

 

дарынды  балаларды  алдын  ала  анықтау,  сол  арқылы  болашақта  үлкен  спорттық 



көрсеткішке жету жолын іздестіру болып табылады. 

Шеберліктері  өте  жоғары  жəне  түскен  спорттық  жетістіктерге  жеткен 

спортшылардың туа бікен қабілеттері басқа спортшыларға қарағанда ерекше жəне олардың 

жаттығу, жарыстық кезеңдерге бейімделу мүмкідіктерінің жоғары екендігі белгілі болады. 

«Бейімделу» ұғымы «стресс» ұғымымен жақын, себебі ол адам ағзасына бірден үлкен 

жүктеме  түсу  салдарынан,  барлық  сезім  мүшелерінің  үлкен  қозу  жағдайында  болуына 

əкеледі. Осындай күйге түскен кезде адам ағзасында гипофиз жұмысының артуы байқалып, 

аденокортикотропты  гормонның  бөлінуі  көбейеді.  Сондықтан  ол  адам  ағзасының  үлкен 

қозу жағдайларында бейімделу процестеріе реттейді. 

Қатты  тоңу  немесе  ыстықтау  өз  мүмкіндігінен  көп  мөлшерде  жұмыс  атқару,  қан 

жасаушы жəне иммунитетті сақтаушы тимустың жұмысын əсер етеді, эндокринді бездердің 

жұмысын көбейтіп, «стресс-синдром» тудырады. 

Осы  жағдайдың  екі  түрі  болу  қажет.  Біріншісі-егер  қоздырғыш  жағдай  өте  жоғары 

болып жəне көп уақытқа созылса, онда стресс-синдромның соңғы фазасы адам ағзасында 

зорығу  жағдайын  тудырады.  Екінші  түрі-егер  создырғыш  адам  ағзасының  мүмкіндігінен 

артпайтын болса, онда сол қоздырғышқа қалыптасуы, адам күшін реттеу арқылы бейімделу 

процесі  жүреді.  Стресс-синдромның  бірінші  түрі,  көбіне,  жарыстық  кезеңде  жəне 

спортшыға  өз  мүмкіндігінен  артық  жаттығу  жүктемесін  жоспарлап  орындатқан 

жағдайларда байқалады.[2] 

Екінші  түрі  жаттығу  жүктемесіне  бейімделудің  негізі  болып  табылады.  Осы 

жағдайда  қан  құрамында  глюкозаның,  майлы  қышқылдың,  аминді  қышқылдардың, 

нуклейдтердің көбеюі байқалып, жүрек-қан, тыныс алу жүйесінің жұмысы жақсарып, қан 

мен  оттегінің  жұмыс  жасаушы  мүшеге  жақсы  жеткізуін  қамтамассыз  етеді.  Сөйтіп 

жұмысты  көп  атқарушы  мүшеге  жұмысқа  араласпайтын  органнан  қосымша  ресурстар 

бөлінеді.  Мысалы,  қалыпты  жағдайда  адамның  бұлшық  еті  жеткізілетін  оттегінің  -  30%  , 

ми -20%, бүйрек - 7% пайдаланатын болса, үлкен жүктеме арқылы жаттығу кезінде бұлшық 

ет оттегінің - 87%, ми - 2 %, бүйрек - 1% жұмсайды. 

Адам  ағзасының  жүктемеге  бейімделуін  бірнеше  түрге  боледі.  Оларға:  жедел  жəне 

ұзақ уақыттық, туа біткен жəне жүре қалыптасқан түрлері жатады. 

Туа  біткен  бейімделуге,  -  жұмыс  жасау  кезінде  тыныс  алудың  жиілеуі,  қан 

айналысының көбеюі, көп шу болған жағдайда есту қабілетінің артуы, психологиялық қозу 

кезінде жүрек соғысының жиілеуі жатады. Ал жедел жəне жүре қалыптасқан бейімделуге, 

жаттығу  жұмыстарының нəтижесінен  үйренген күрделі  қозғалыстарды  орындай  білу,  көп 

əдіс айланы меңгеру жатады. 

Ұзақ  уақыттық  бейімделу  ол  біртіндеп  жəне  ұзақ  уақыт  қайта-қайта  қайталаудың 

салдарынан  адам  организмінің  сол  қоздырғышқа  бейімделуінен  пайда  болады.  Жедел 

бейімделу  түрінде  жаттығуды  қайта-қайта  орындау  нəтижесінде  адам  ағзасы  бейімделу 

кезеңінен  өткендігін  білу  қажет.  Олай  болмаған  жағдайда  келесі  берілетін  жүктеме 

мөлшеріне  қажетті  адам  ағзасының  күш-қуатының  жетіспеушілігі  байқалып,  күткен 

нəтижеге жету мүмкін болмай қалады. 

Есте  сақтау  қажетті  бір  жайдай:  ол,  қалыптасу  бейімделу  неғұрлым  тез  жүретін 

болса,  оны  сол  деңгейіне  шығарып  жаттықтыру,  қысқа  мерзімде  берілетін  жүктемелерге 

бейімделуін  арттырып  жарыстық  кезеңдерде  үлкен  табыстарға  жеткізеді,  бір  сол 

спортшылардың  жғары  көрсеткіштер  көрсетіп  жарыстарға  қатысу  мерзімдері  қысқа 

болады.  Керісінше,  ұзақ  жылдар  бойы  біртіндеп  жаттығу  жүктемесіне  қалыптасқан 

спортшылардың  бейімделу-қалыптасу  уақыты  ұзақ  болғанымен,  олардың  жоғары 

көрсеткіштер деңгейінде жарыстарға қатысу мерзімі ұзақ болады. 

Сонымен,  адам  ағзасы  спорттық  жаттығулар  кезеңінде  жəне  жарыстарға  қатысу 

кезеңдерінде  қалыпты  жағдайда  жұмыс  атқарып,  өз  мүмкіндігін  толық  пайдалана  алуы 

үшін бейімделу қалыптасу жағдайынан өтуі қажет. Осылай болғанда адам ағзасының күш-

қуаты ұзақ уақытқа сақталып, нəтижілі жұмыс атқаруына мүмкіндік туады. 

Адамның  күш  қабілеті  оның  бұлшық  еттерінің  физиологиялық  ерекшелігімен  жəне 

жүйке жүйесінің өзіндік қозғалыс күшімен сипатталады. 


243 

 

Балуан  күші  дегеніміз  -  күрес  үстінде  бұлшық  ет  күшін  пайдалану  арқылы  қажетті 



қозғалыс жасап, өзіне қарсы бағытталған күштерді жеңу. 

Күшті арттыру мақсатында адам мүмкіндігінің шегіне жақын жүктеме беру арқылы 

немесе соған жақын күш жұмсап орындалатын жаттығулар пайдаланылады. Орындалатын 

жаттығудың  түріне  жəне  берілетін  жүктеменің  көлеміне  байланысты  жаттығуды  қаталау 

саны бір реттен бірнеше ретке дейін көбейтіледі. 

Адамның бұлшық етіне шектеулі немесе шектен тыс жүктеме берілсе, бұлшық еттің 

жуандап өсуіне əсер етіледі. Осы жағдайда берілген жүктемелерге бұлшық еттің  «үйрен» 

қалыптасу  пайда  болады.  Адамның  өз  шамасына  сай  немесе  шамасынан  көп  берілетін 

жүктеме негізінде адамның жүйке жүйесіне күш түсу жағдайлары ұлғайып, ми жүйесінде 

бейімделу  процестері  пайда  болады.  Жаттығу  үстінде  негізгі  жұмыс  атқарушы  бұлшық 

етпен қоса жұмысқа тікелей қатысы жоқ бұлшық еттер де қамтылады. осының салдарынан 

антогонистік  бұлшық  еттер  қозғалысқа  кедергі  келтіреді.  Сондықтан  арнайы  жаттығу 

жұмыстарында,  əсіресе  əдісті  дəл  жəне  шебер  орындатуды  үйрету  кезеңдерінде  шамадан 

тыс жүктеме бемеген дұрыс. 

Күресу кезінде балуандардың кілем үстіндегі жағдайлары жылдам өзгеріп отыратын 

болғандықтан, дене күштерін қолданудың статикалық жəне динамикалық түрлері алмасып 

отырады.  Бұлшық  ет  күшінің  динамикалық  түрі  адамның  шаршау  кезеңінде  немесе  тың 

күйінде,  бұлшық  еттің  босау  немесе  жиырылу  кезеңінен  кейін  де  орындалуы  мүмкін. 

Сондықтан динамикалық жұмыс түрі кезеңінде күшті арттыруға қолданылатын əдістеменің 

бірнеше түрін береміз. 

Мүмкіндік  шегіне  дейін  орындау  əдістемесі.  Күшті  арттыруға  қолданылатын  бұл 

əдістеменің ерекшелігі - жаттығушының көтеру мүмкіндігінің 60-80% мөлшеріндегі салмақ 

алынып,  осы  салмақты  ол  10-нан  30  рет  аралығында  қайталап  орындай  алатындай болуы 

шарт. Соңғы қайталау жұмысы бұлшық еттің шаршау кезеңінде дəл келіп, балуан өз күш 

мүмкіндігін  шегіне  дейін  сарқа  қолданады.  Бұл  əдістемеге  кермеде  тартылу,  арқанға 

өрмелеу, етпеттен жатып қолды бүгіп жазу, бір аяқта отырып тұру, баспалдақпен көтерілу, 

өрге жүгіріп шығу жəне т.б. жаттығу түрлерін жатқызуға болады. Тынығып, демалғаннан 

кейін балуан жаттығуды қайталап орындайды. 

Бұл  əдістеме  бойынша  күшті  арттыру  жаттығулары  сабақтың  соңғы  бөлімінде 

беріледі.  Осы  əдістеме  сабақтың  кіріспе  бөлімінде  қолданылса,  жаттығушы  тез  шаршап 

қалады жəне негізгі бөлімдегі тапсырманы ойдағыдай орындауына кедергі болады. 

Шектен  тыс  күш  түсіру  əдістемесін  қолдану.  Бұл  əдістеменің  ерекшелігі  -  жаттығу 

үшін қолданылатын салмақ мөлшері өте үлкен болады. Мысалы, жаттығушы 1-2 рет қана 

көтере  алатындай  ауыр  салмақ  алынады.  Бұл  əдістемені  қолданған  кезде  балуан  тез 

шаршап қалады, бірақ қалпына келу  «шегіне дейін» əдістемеге қарағанда тезірек болады. 

Əр  жаттығу  аралығына  3-10  минут  үзіліс  беріледі.  Штангі,  зіл,  тас  т.б.  жабдықтар 

қолданылады.[1] 

Ауыспалы күш түсіру əдістемесі. Бұл əдістемеде алдымен жүктеме жеңіл салмақпен, 

одан  кейін  орташа  салмақпен,  соңынан  мүмкіндік  шегіне  дейінгі  салмақпен  орындалады. 

Осы  жаттығуларды  басқаша  да  орындауға  болады  мысалы,  алдымен  мүмкіндік  шегіне 

дейінгі  салмақты  қолданып,  салмақты  қолдану  кезінде  жаттығуды  жиі  қайталап  орындау 

қажет.  Салмақпен  орындалатын  жаттығуларды  секіру,  отырып-тұру,  екінші  бір  адамды 

иығына салып көтеру, т.с.с. жаттығулармен араластырып орындау пайдалы больп келеді. 

Статикалық жаттығулар. Статикалық жаттығулар күрес кезінде қарсылас балуанның 

ұзақ  уақытқа  созылатын  қарсы  күшіне  төтеп  беруге  көмектеседі.  Бұл  əдістеменің 

ерекшелігі жаттығушы өз денесінің бір мүшесін қозғалыссыз ұзақ ұстап тұруға негізделген 

(аяқты  көтеріп  ұстап  тұру,  қолмен  денені  тітпеп  тұру  т.б.).  Жаттығу  неғұрлым  күрделі 

болуы шарт, қозғалыссыз ұстап тұру уақыты небəрі 2-8 секундтан аспайтын жаттығуларды 

алу қажет, ол орындаушыға шамасынан тыс жаттығулар орындату мақсатынан туындаған. 

Мысалы, көтеруіне немесе қозғалтуына күші жетпейтіндей ауыр салмақтарды бір жерден 

екінші жерге апару, қабырғаға бекітілген заттарды тарту, итеру т.б. 

Шегіну - жол беру əдістемесі. Бұл əдістеменің ерекшелігі - адамға берілетін жүктеме 

мөлшері оның күшінен бірнеше есе артық болуы шарт. Осылай болған жағдайда бұлшық 

етке түскен салмақ күшінің əсерінен жұмыс жасаушы бұлшық ет созылуға болады. Осылай 



244 

 

əсер ету салдарынан бұлшық ет күшінің артуына үлкен жағдай туғызылады. Бұл əдістеме 



басқа  күшті  арттыру  жаттығуларына  қарағанда  тиімді  болып  келеді.  Бұлшық  ет  күшінің 

мөлшерін диномомерт аспабы арқылы өлшейді. 

Жүргізілген зерттеу нəтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол 

дене-күш,  техникалық,  тактикалық,  функционалдық  көңіл  күйінің  жылдам  жылдам 

ауысуына  жəне  нервтің  жылдам  шаршауына  əкеледі.  Осыны  есептей  отырып,  оқытушы 

сабақты  жоғары  деңгейде  өткізуге,  қатысушылардың  қызметін  жиі  өзгертуге  талпыну 

қажет. 

 

Əдебиеттер 



 

1. 


Алътшуллер  Г.С.,  Верткин  И.М.  Как  стать  гением:  жизненная  стратегия  творческой 

личности. -Мн.: Беларусь, 1994. -479 с. 

2.  Балабанов  И.Т.,  Степанов  В.Н.  Бюджетная  система  Российской  федерации.  -СПб.: 

СПбТЭИ, 1995. -С.10-15. 

3.  Барчуков  И.С.,  Пенькоеский  Е.А.  Теоретические  и  практические  основы  физического 

обучения  и  воспитания  студентов:  Учебник  /  Под  общ.  ред.  И.С.Барчукова.  -М:  МГУК, 

1996. -288 с. 

4.  Бачаев  Б.Ц.  Педагогический  кбнтроль  и  инструментальный  контроль  при  обучении 

броскам в спортивной борьбе: Метод. разработки. -Л.: ГДОИФК, 1983. -22 с. 

5.  Бачаев  Б.Ц.  Повышение  технического  мастерства  борцов  на  основе совершенствования 

методов педагогического контроля: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. -Л., 1986. -22 с. 

6.  Белов  В.  С  Строки  из  истории  греко-римской  борьбы.  Новосибирск  -  Заринск:  Издво 

«Алтан-кокс», 1999. -70 с. 

 

ƏОЖ



 796.5 

 

БАСКЕТБОЛШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАТТЫҒУЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 

АНКЕТАЛЫҚ САУАЛДАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР 

НƏТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ 



 

Ордабаев Н.О., Исаева Л.В., Алтынбекова Э.Ж

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы 



 

Резюме


 

 

В  научной  статье  рассматриваются  анализ  результатов  контроля  тренировочных 

процессов баскетболистов 

 

Summary 

 

In the scientific article discusses the analysis of the test results of the training process basketball 

 

Баскетболшы  студенттердiң  жаттығу  жүйесi  туралы  анкеталық  сұраулар  мен 

педагогикалық бақылаулар нəтижелерiнiң талдауы. 

Шымкент  қаласының  жоғарғы  оқу  орындарында  қалыптасқан  оқу-жаттығу 

үрдiстерiне  бақылау,  оқу  жəне  жарыс  жұмыстарының  жылдық  циклiнде  2012-2014  оқу 

жылында жүргiзiлдi. Жан-жақты мəлiметтер жинау мақсатында бiз бақылаулардың арнайы 

хаттамаларын  қолдандық.  Бақылаулар  3  жəне  4  жыл  оқыған  баскетболшы  студенттердiң 

жаттығулық сабақтарында жүргiзiлдi. ЖӨСМ-де 3 жылдық сабақта оқу-жаттығу үрдiсiнiң 

кезеңдерi енгiзiледi, оны ЖӨСМ бағдарламасының мəлiметтерi айқындайды.  

Жаттығу уақытының дайындық түрлерi бойынша бөлу кестеде көрсетiлген. Ол жерде 

«Академик»  спорт  клубының  2012-2014  оқу  жылындағы  мəлiметтерi  берiлген. 

Дайындықтардың  негiзгi  түрлерiне  бөлiнген  уақыт,  кестеден  көретiнiмiздей,  көптеген 



245 

 

жағдайларда талаптарға сай келедi, ол көрсетiлген уақыт бөлiмдерiнiң осы түрлерiне жəне 



ЖОО-да баскетбол бойынша қойылған сабақ бағдарламасына сай келедi.[2] 

Бiрақ, командалардың 2 жылдық дене дайындығына берiлетiн уақыт арасында бiздiң 

тарапымыздан  айырмашылықтар  анықталды  жəне  университеттiк  жаттығуларда-22%, 

сабақ  бағдарламасының  мəлiметiнде-30%.  Анықталған  айырмашылықтар  мынандай 

фактiмен  түсiндiрiледi:  баскетболшы  студенттердiң  жаттығу  үрдiсiнiң  2  жылдық 

жаттығуында,  тек  қана  дене  қабiлетiн  өркендетуге  бағытталған  жаттығуларды  орындау 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  техникалық-тактикалық  шеберлiктi  қалыптастыруды  бiрыңғай 

қолдану  болып  отыр.  Техникалық  дайындыққа  берiлетiн  уақыт  сабақ  бағдарламасының 

көлемiнен асып түседi. Бiздiң мəлiметтер бойынша, жаттығу уақытының 26%-ы 2 жылдық 

жаттығуы бар «Академик» командасында техникалық дайындыққа берiледi. Бағдарламада 

осы бөлiм бойынша тек 17% берiледi. 

1-кесте.  Баскетболшы  студенттердiң  допты  қайтаруда  жəне  допты  жабу 

қозғалыстарының тиiмдiлiктерiнiң көрсеткiштерi 

 

Жастық топтар 



оң қол 

сол қол 


 

СР

У 



СФ

У 

ТО



У 

45-


тан 

ауытқу 


СР

У 

СФ



У 

Жасөспiрiм 

баскетболшы-лар 19 

жас (n=15 адам) 

0,49

±

 



0,04 

0,21


±

 

0,02 



0,70

±

 



0,04 

8

±



1,

0,52



±

 

0,04 



0,25

±

 



0,01 

Жас баскет-

болшылар  

20-21 жас 

(n=16 адам) 

0,43


±

 

0,03 



0,15

±

 



0,01 

0,58


±

 

0,03 



5

±

0,



0,46


±

 

0,01 



0,19

±

 



0,02 

 

СРУ-сүйенiш реакциясының уақыты (с) 



СФУ-секiру фазасының уақыты (с) 

ТОУ-тəсiлдi орындау уақыты (с) 

Баскетболшы  студенттермен  жұмыс  iстейтiн  көптеген  жаттық-тырушылардың  ойы 

бойынша, олардың арасында сұрақ тестерi жүргiзiлдi, бұл жасөспiрiм топтағы техникалық 

дайындыққа  берiлген  17%  уақыт  жеткiлiксiз.  Олардың  қатарына  мыналар  кiредi: 

И.А.Горбашев, И.М.Мартыненко, С.И.Қасымбекова, Г.Р.Амренова. 

Қорғаныстағы  ойын  тəсiлдерiн  жетiлдiрудегi  бақылаулар  нə-тижелерi  кестеде 

көрсетiлген.  Кестенiң  мəлiметтерiне  қарағанда,  қозғалыстар  мен  қорғаныстағы  ойын 

тəсiлдерiн  жетiлдiру,  негiзiнен,  дайындық  кезеңiнде  де  жəне  жаттығулардың  жарыстық 

кезеңiнде  қалыптасады.  Осы  жерде  əртүрлi  бағыттағы  əдiстемелiк  тəсiлдер  қолданылады. 

Кестеде  3  жыл  оқытылған  баскетболшы  студенттердiң  қорғаныс  қозғалыстарын  жəне 

допты игеру тəсiлдерiн меңгерудегi уақыт бөлiнiсiнiң мəлiметтерi көрсетiлген.  

Көрсетiлiп  отырған  мəлiметтер  бойынша,  көбiнесе  жаттығудың  кешендi  əдiстемесi 

қолданылады. Оған жаттығудың жарыс жəне аралық тəсiлдерi енедi. Жаттығудың кешендi 

əдiсi  жарыс  кезеңiнде  кеңiнен  қолданылады.  Кешендi  əдiстемеге  бұл  кезеңде  қорғаныс 

тəсiлдерiн  жетiлдiруге  92,3%  уақыт  берiледi.  Тез  мəлiмет  тəсiлiн  қолдануға  тек  16,8% 

уақыт  қана  бөлiнедi.  Тренажерларды  қолдану  (12,7%)  мен  құралған  жаттығу 

бағдарламаларына да (9%) аз уақыт бөлiнедi.[3] 

Қорғаныс  қозғалыстарын  жəне  ойын  тəсiлдерiн  қолданудағы  пайдаланып  отырған 

əдiстемелiк 

тəсiлдерiнiң 

талдауына 

қарағанда, 

жаттықтырушылар 

жаттығу 

бағдарламаларын  құру  жəне  қолдану  кезiнде  онша  назар  аудармайды.  Бiрақ,  бiз  берген 

мəлiметтер  университеттiң  тек  бiр  командасына  тиiстi  екенiн  атап  өткен  жөн. 

Қозғалыстарды  жетiлдiруге  жəне  қорғаныстағы  ойын  тəсiлдерiн  орындауға  бағытталған 

жаттығуларды  қолдану  туралы  мəлiметтер  үлкен  қызығушылық  тудырады.  Бiздi 


246 

 

жаттығудың  əр  кезеңiндегi  жəне  осы  жаттығуларды  қолдану  туралы  мəлiметтер 



қызықтырды. Алынған нəтижелердiң тиiмдiлiгiн анкеталаудың көмегiмен алуға болады. 

Бiздiң  жағдайда,  Шымкентте,  Алматыда,  сонымен  қатар,  Қазақстанның  басқа 

қалаларындағы 

43 


жаттықтырушының 

жаттығулық 

тəжiрибелерi 

анкеталауды 

қалыптастырды. Бiздi сонымен қатар, қорғаныс қозғалыстары мен ойын тəсiлiн жетiлдiру 

үшiн  Қазақстандағы  жат-тықтырушылар  қолданып  отырған  əдiстемелiк  тəсiлдердiң 

мiнездемесi  де  қызықтырды.  Бiздiң  педагогикалық  бақылауды  жүргiзудегi  мақсатымыз 

əдiстемелiк  тəсiлдердi  анықтау  болды,  олар  көбiнесе  жас  баскетболшылардың 

жаттығуларында қолданылады. Анкеталық сұрау нəтижесiнде, қорғаныстағы қалыптасқан 

жаттығулар  жүйесi  Қазақстанның  10  университетiнiң  спорттық  клубтарында  бар  екендiгi 

туралы мəлiметтердi алдық. 

2-кесте.  Дайындық  түрлерi  бойынша  университетте  студенттерi  мен  2012/2014оқу 

жылында  (%  есебiнде)  жылдық  циклде  сабақтық  жəне  жарыс  жұмыстарының  жаттығу 

уақыттары бойынша бөлiнуi 

 

Кезеңдер 



Дайындық бөлiмдерi 

Дене 


дайындығы 

Техникалы

қ дайындық 

Тактикалы

қ дайындық 

Ойын 


дайындығы 

Дайындық 

28 

34 


12 

31 


Жарыс 

16 


40 

36 


52 

Ауыспалы 

22 





22 

Орташа 


мəлiметтер 

22 


26 

17 


35 

 

3-кесте. Жаттығудың əртүрлi тəсiлдерiне уақыттарды бөлу жəне қорғаныстағы ойын 



тəсiлдерiн жетiлдiруге уақыттар бөлу 

 

Уақыт 



көлемi 

Қозғалыстар-

ды жетiлдiру-ге 

жəне қорғаныстағы 

тəсiлдердi 

жетiлдiруге 

бөлiнген уақыт 

Тəсiлдердiң мiнездемесi 

 

Кеш


ен-дi 

Шұғ


ыл ақпа-

раттық 


Трен

а-жерлар-

ды қол-

дану 


Жаттығ

у бағдарла 

малары

н қолдану 



 

Дайындық 

49,3 

69,2 


22,9 

20,4 


14 

Жарыс 


47,5 

92,3 


9,7 

7,1 


Ауыспалы 

20,2 

23,0 


17,8 

10,6 


Орташа 


мəлiметтер 

39,0 


61,5 

16,8 


12,7 

 



 

Бұл  мəлiметтер  кестеде  көрсетiлген.  Əдiстемелiк  тəсiлдердiң  толық  аталуы 

баскетболшы  студенттерде  дайындық  жəне  жарыс  кезеңдерiнде  қалыптасқан  ойын 

тəсiлдерiндегi  жаттығу  жүйелерiн  салыстыруға  көмектестi:  Жүргiзiлген  талдаулардың 

нəтижелерi бойынша, дайындық кезеңiнде жаттықтырушылар жаттығудың жарыс кезеңiне 

көңiл  бөледi  (сұралған  жаттықтырушылардың  39,5%).  Екiншi  орында  айналмалы 

жаттығуды  қолдану  тұр  (сұралған  жаттықтырушылардың  35%).  Ал  үшiншi  орында 

жаттығудың ойындық тəсiлi (сұралғандардың 17,5%). 

Жарыстық  кезеңде  əдiстемелiк  тəсiлдердi  қолданудың  айтарлықтай  ерекшелiгi  бар. 

Көбiнесе  жаттығудың  ойын  тəсiлi  қолданылады  (сұралған  жаттықтырушылардың  46%). 

Жаттығудың жарыс тəсiлiн қолдану жарыс кезеңiнде 28%-ға дейiн қысқарады. Ал сұралған 

жаттықтырушылардың  12%  ойларына  қарағанда,  қорғаныстағы  ойын  элементтерiн 

қалыптастыру  үшiн  басқа  спорт  түрлерiндегi  жаттығу  тəсiлдерiн  қолдану  керек  деп 

есептейдi. 

[5] 


247 

 

Жүргiзiлген зерттеулер нəтижелерiн талқылағанда жаттықты-рушылар құрамындағы 



логиканы атап өткен жөн. Дайындық кезеңiнде жаттығудың жарыс тəсiлi көп қолданылуы 

керек,  өйткенi  жалпы  жəне  дене  дайындығына  арналған  сабақтар,  жеңiл  атлетиканың 

тəсiлдерiн  қолдану  арқылы  өтедi.  Ең  дұрысы  жеңiл  атлетикалық  жаттығуларды  жарыс 

түрiнде  орындалуын  талап  еткен  дұрыс.  Негiзгi  кезеңде  жаттығудың  жарыс  тəсiлiн 

қолдануды  қысқарту  мынандай  фактымен  түсiндiрiлуi  мүмкiн:  спортшылар  баскетбол 

бойынша  жарыстарға  қатысқан  кездерде  олардың  жарыстық  күш-қуаттары  жеткiлiктi 

болады, сол себептен, жаттықтырушылар бұл кезеңде ойын түрiне арналған жаттығуларды 

жүргiзгендi дұрыс санайды. 

 

Əдебиеттер 




1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал