Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет31/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64

  

Əдебиеттер 



 

1.

 



Абалаков  В.А.  Приборы  для  динамометрических  и  динамографических 

исследований.  -  Матер.  Всесоюз.  конференции  по  изобретательству  и  применению 

различной аппаратуры в области спорта,- М.: Физкультура и спорт, 1966, - С, 31 

2.

 



Айринянц A.M. Волейбол. - М., Физкультура и спорт, 1976. - 230с. 

3.

 



Александрова  Н.Е.  Соматотолологические  характеристики  волейболистов  на  этапе 

спортивного  совершенствования.  //  XXI  научная  конференция  студентов  и  молодых 

ученых, Мосспортакадемия: тезисы докладов. - Малаховка, 1997, - С. 97-98. 

4.

 



Александрова  Н.Е.  Тенденции  развития  волейбола  и  морфо-функциональные 

показатели 

волейболистов.//ХХII 

научная 


конференция 

студентов и молодых ученых. Мосспортакадемия: тезисы докладов. - Малаховка, 1998. – 

С. 48 -50. 

5.

 



Александрова  Н.Е.  Критерии  спортивного  отбора  волейболистов  на  основе  их 

соматотипологических характеристик. Автореф. дис. ...канд. пед. наук. - Малаховка, 1999. 

- 23 с. 

6.

 



Анохин 

П.К. 


Очерки 

по 


физиологии 

функциональных 

систем. 

М.: Медицина, 1975. -440 с. 



 

ƏОЖ


 796.5 

 

ВОЛЕЙБОЛШЫ ҚАЗДАРДЫҢ ҚОРҒАНЫСТАҒЫ ТОПТЫҚ ІС-ҚИМЫЛ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Ордабаев Н.О., Джарлагасова С.М., Беков А.А



 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы  



 

Резюме


 

 

В этой научной статье дано особенности движений групповой защиты волейболисток 



 

Summary 

 

In this scientific article describes  the features of the motion group protection of volleyball  players 

 

Қорғаныстағы  топтық  тəсілдік  іс-қимылдар  түрлі  ойын  кезеңіндегі  бірнеше 

ойыншының немесе топтың өзара іс-қимылын қарастырады. 


234 

 

Қорғаныстың  үш  сызығын  анықтауға  байланысты  ойыншыларды  тосқауылшылар, 



сақтандырушылар мен қорғаушылар деп бөледі. Алайда бір ойыншы екі тəсілдік міндетті 

қатар  атқаруы  мүмкін.  Ойыншылардың  өзаа  іс-қимылдары  топтық  тосқауылда  (екі  қатар 

немесе  үштік)  шабуыл  соққыларын  қабылдаудағы  түрлі  іс-қимылдарда,  сақтандыруда 

көрінеді. 

Түрлі  міндеттерді  тқаратын  ойыншылар  арасындағы  өзара  іс-қимылдарды 

əзірлегенде тосқауылшыға көп үміт артылады. Сақтандырушылар мен қорғаушылар өз іс-

қимылдарын тосқауылшының ойынына байланысты құрады. 

Топтық  тосқауыл  тəсілінің  негізі  –  екі  қтар  тосқауыл.  Ұштік  тосқауыл  өте  сирек 

кездеседі.  Жалаң,  аймақтық  жəне  жылжымалы  тосқауылды  құру  принциптері  топтық 

тосқауылды құруда да қолданылады.[4]  

Тосқауылшыларды  орталық  (ортаңғы)  жəне  шеткі  түрлерге  бөледі.  «Негізгі  жəне 

көмекші  тосқауылшы»  ұғымы  шартты  мағынада  қолданылады.  Олардың  қызметін  қатаң 

қалыппен  бөлмеген  дұрыс.  Егер  ойыншы  орталықта  тұрса,  ол  міндетті  түрде  негізгі 

тосқауылшы, ал шетте тұаса, көмекші тосқауылшы болады. 

Тəсілдік ойлауына байланысты күшті тосқауылшы көп жағдайда орталықта ойнайды. 

Бұл  ең  алдымен  ол  3-аймақты  қоспағанда,  2-аймақта  да,  3-аймақта  да  үлгеруі  үшін 

жасалады. Бұл ойыншы тосқауылдың ұйымдастырушысы болп табылады. 

Күшті  тосқауылшыны  тордың  шетіне  қалдырған  дұрыс  болатын  шабуылдағы 

көптеген  тəсілдік  жылдамдық  айла-шарғылары  пайда  болды.  Кейде  бұл  белгілі  бір 

қарсылас  шабуылшысына  қарсы  жеке  жасалады.  Мұнда  шеткі  тосқауылшыға 

жауапкершілік жүктеледі. 

Күшті  тосқауылшы  немесе  шартты  түрде  негізгі  тосқауылшы  алдын  ала  болжанған 

соққының  қауіпті  бағыттарын  жабады,  ал  басқа  тосқауылшылар  оған  барлық  аймақта 

көмектеседі. Сондықтан жылжымалы ойыншыны орталықта қалдырған дұрыс. 

Іс-қимылдар  мен  қатаң  тəртіптің  үйлесімділгі  арқылы  ғана  топтық  тосқауылдарды 

ойдағыдай орындауға болады. Бұл орын таңдауға,  соған лайық ауысуға, шешуші орынға 

орналасуға,секіру сəтіне, қолдың саусақтарының қалпына байланысты. Топтық тосқауылда 

кім кімнің жанына қосылады деген сауал соққы сəтіндегі доптың орнына, соққы бағытына, 

тіпт  тосқауылшы  ойыншының  тұрған  орнына  да  байланысты  болады.  Егер  соққы  оң 

жақтағы  тосқауылшы  жағына  қарай  бағытталса,  демек,  сол  жақтағы  тосқауылшы  соған 

қосылады  жəне керісінше.  Егер  доп  олардың  ортасына бағытталса,  онда  екеуі  келісіммен 

ойнайды. 

Екі  қатар  жəне  үштік  тосқауылда  қол  мен  саусақ  орны  тосқауылшының  іс-қимыл 

аймағы мен соққы бағытына байланысты болады. 

1)

 

Жүрістен берілген соққыны тосқауылдағанда (тікелей) тосқауылшының қолдары 



доптың екі жағынан толық  қамтып, бір-біріне ұштасады.  

2)

 



4-аймақтан  келген  қиғаш  соққыларды  тосқауылдағанда  орталық  тосқауылшы 

доптың  сол  жағына  орналасып,  қолын  торға  бұрыш  жасай  орналастырады.  Шеткі 

тосқаулдаушы  допқа  қарсы  тұрып,  соған  сəйкес  қолын  орталық  тосқауылшы  мен  тығыз 

қояды. Қиғаш соққыда тосқауылшының қолы сол жағынан соққыға сəйкес өзгереді. 

3)

 

4-аймақтан  келген  соққыны  тосқауылдағанда  шеткі  ойыншы  солға  ауысып, 



доптың оң жағына немесе оған қарсы орналасып, қолын соған сəйкес оң алақанын бұрып, 

ал  сол  алақанын  оған  қарсы  қояды;  орталық  тосқауылшы  доптың  сол  жағында  тұрып, 

қолын шеткі ойыншының қолына жанастыра қояды.[2] 

Үштік  тосқауылда  шеткі  ойыншылар  орталық  ойыншыға  қарай  жылжиды.  Үштік 

тосқауылды тордың ортасында жəне тордың шетіне жақын соққыларға қарсы қолданады. 

Сатылап  орындалатын  тосқауыл.  Тосқауылшының  бірі  (орталық  немесе  шеткі)  

əдеттегідей  тікелей  тордың  жанында,  ал  басқалары  тордан  шамамен  бір  метр  алшақ 

орналасады. Бұл осы ойыншылардың біріншісіне қажет болған жағдайда тордың жанында 

орын  ауыстыруына  ,  бірінші  екпіндегі  шабуылшыға  қарсы  əрекет  жасауына  кедергі 

келтірмеуі үшін қолданылады. 

  Өз  кезегінде,  бұл  екінші  тосқауылшыға  екінші  екпінде  шабулдайтын  қарсыласына 

қарсы  қимыл  жасауы  үшін  дұрыс  орын  таңдауына  ,  топтық  тосқауылда  бəсекелес 

шабуылының күрделі əдістік айла-шарғыларын бейтараптандыруға мүмкіндік береді. 


235 

 

  Топтық тосқауылдың түрлерін қарастырамыз: 



1)

 

Қарсылас  команда  соққы  үшін  берілетін  екінші  допты  2-аймақ  ойыншы 



орындайды. Олардың командасының ең жақсы шабуылшысы 3-аймақта соққы береді, онда 

ол  бұл  аймақта  өте  нəтижелі  ойын  көрсетеді. Тосқауылшылар 3-аймаққа қарай жылжиды 

(əсіресе  4-аймақ  ойыншысы).  2-аймақ  тосқауылшысы  жарты  жолда  тұрады,  себебі  4-

аймақтағы қарсылас шабуылшысы қауіп төндіреді, бірақ  3-аймақтың шабуылшысына баса 

назар аударылады. 

  Ойыншылар  тордың  ортасына  үштік  тосқауыл  қояды.  Жəне  соңғы  сəтте,  егер 

берілген  доп  тордың  шетіне  түссе,  2  жəне  3  аймақ  тосқауылшылары  тез  сол  тұсқа  өтеді 

(доп берудің жылдамдығы мен ұзақтығына қарай).  

  2)  Қарсыласы  екінші  доп  берумен  1-аймақтан  шыққан  ойыншыға  шабуылдап, 

күрделі  тəсілдік  айла-шарғы  жасайды.  Тордың  шетіне  көздеп  доп  беру,  орталыққа 

төменнен доп беріп ойнау, доп берушінің артқы жағынан ойнау, шабуылшыларды қиылыса 

ауысуы жəне т.б. кездеседі. 

  Əрбір  тосқауылдаушы  өзіне  қатысты  шабуылшыға  орай  орналасады.  Тек  соңғы 

сəтте шабуылдың негізгі бағыты белгілі болғаннан ғана тосқауылшылар екі қатар тосқауыл 

қояды. 

 

Шабуыл соққыларын қабылдаудағы топтық іс-қимылдар.Бұл іс-қимылдар мына 



ойыншылардың өзара іс-қимылдарын қарастырады: 

-

 



қорғаушылардың өз арасында; 

-

 



қорғаушылардың сақтандырушылармен; 

-

 



қорғаушылардың тосқауылшылармен; 

-

 



сақтандырушылардың тосқауылшылармен; 

-

 



екі қатар сақтандыруда (аралас) сақтандырушылардың өз арасында. 

Шабуыл соққыларын қабылдауда орын таңдағанда қорғаушылар іс-қимылдың негізгі 

жəне  қосымша  аймақтарын  анықтайтын  ережелерді  басшылыққ  алады,  яғни  өз  аймағыңа 

жауап беріп, əріптесіңе көмектесуге дайын бол қағидасы бойынша ойнайды.  

  Қорғаушылардың 

өзара  қарым-ұатынасы  соққылардың  негізгі  бағытымен 

анықталады, сондықтан іс-қимылдың мүмкін болатын нұсқаларын белгілейді. Мұнда ойын 

аймағы қорғаныс іс-қимылдарын меңгеру шеберлігіне байланысты əркелкі бөлінуі мүмкін. 

  Қорғаушылардың  іс-қимыл  аймағын  ауыстыруы  да  мүкін,  яғни  белгілі  бір 

аймақтың  қорғаныс  қимылдарында  мамандану  керек.  Қорғаушылар  арасындағы 

міндеттемелер  түрліше  бөлінуі  мүмкін:  олардың  бірі  алаңның  ортасына,  келесісі  бүйір 

сызығына,  енді  бірі  алдағы  соққыға  бейім,  келесісі  беткі  сызықттағы  соққыға  бейімдеу 

келеді жəне т.б. 

  Ойын барысында ойыншылар аймақтан-аймаққа ауысып отырады. 

  Қорғаушылардың  сақтандырушылармен  өзара  əрекеті  іс-қимылдардың  жалпы 

ережелер  мен  нақты  жағдайға  сəйкес  үйлесімділігімен  көрінеді.  Сонымен  қатар  олар 

мынаған байланысты: 

-

 



сақтандырушы ойыншының орналасуы мен оның іс-қимыл аймағы; 

-

 



сақтандырушылар саны; 

-

 



қорғаушылардың орналасу орны; 

-

 



сақтандырушы ойыншының орын ауысу мүмкіндігі; 

-

 



қорғаушылар мен сақтандырушы ойыншылар арасындағы келісім. 

Қорғаушылардың сақтандырушылармен өзара əрекеті дəл болуы тиіс. Егер  

сақтандырушы  ойыншы  дер  кезінде  бастапқы  немесе  шешуші  орынға  тұрмаса,  өзі 

орын  ауыстырғанда  келесі  ойыншыларға  кедергі  жасаса,  өз  добын  жіберіп  алып,  өзгенің 

добын алса, доптан ажырап қалуы мүмкін. 

  Қорғаушылардың  тосқауылшылармен  өзара  əрекеті  көп  жағдайда  қорғаныстағы 

ойынның нəтижелілігін анықтайды. 

  Қорғаушылар  мен  тосқауылшылар  арасындағы  өзара  келісім  түрліше  болуы 

мүмкін.  Мысалы,  тосқауылшылар  тек  бүйір  сызығындағы,  алаң  ортасындағы  күшті 

соққыларды немесе тек қиғаш берілген күшті соққыларды жəне т.б. жабуы мүмкін. Осыған 

сəйкес қорғаушы өз іс-қимыл аймағын біршама ұлғайтуы мүмкін. 


236 

 

  Сақтандырудағы  тосқауылшылардың  өзара  іс-қимылдары  тосқауыл  қою  аймағы 



мен  сақтандырушылардың  орналасуы  қарай  анықталады.  Олардың  бастапқы  тұрысы 

қорғаныстағы қабылданған ойын жүйесімен анықталатын нақты өзара іс-қимыл ережесіне 

байланысты болады. Сақтандырушы ойыншылардың іс-қимыл аймағы олардың санына да 

байланысты болады. 

Бірінші  нұсқа.  1).  сақтандыруда  6-аймақ  ойыншысы  қатысады.  Үштік  тосқауылда 

тордың  ортасында  тек  бір  ойыншы  сақтандырса,  онда  ол  оң  жəне  сол  жағынан  келетін 

допты қабылдауға дайындалып, алаңның ортаңғы бөлігінде тұрады (1-сурет). 

2). 


6-

аймақ  ойыншысы  екі  қатар  тосқауылда  сақтандырады.  Бұл  жағдайда  оның  іс-қимыл 

аймағы азаяды, себебі оған тосқауылға қатыспаған ойыншы көмектесуі мүмкін.Мысалы, 2-

аймақта  екі  қатар  тосқауыл.  Сақтандырушы  ойыншы  осы  аймақта  орналасады    жəне  2-

аймақ  пен  3-аймақтың  жартысындағы  сақтандыруға  жауап  береді.  Егер  жалған  іс-қимыл 

мен  тосқауылдан  келген  соққы  4-аймаққа  түссе,  онда  оны  осы  аймақтың  ойыншысы 

қабылдауы керек (2-сурет).егер екі қатар тосқауыл 4-аймақта қойылса, онда сақтандырушы 

ойыншы 4 жəне 3 аймаққа жауап береді. 

 

 

1-сурет    



 

2-сурет 


3).  6-аймақ  ойыншысы  жалаң  тосқауылда  кез-келген  аймақты  сақтандырады.  Оның 

іс-қимыл  аумағы  азяды,  себебі  оған  тосқауылға  қатыспайтын  екі  ойыншы  көмектеседі. 

Егер ол 3-аймақтағы тосқауылды сақтандырса, онда ол осы аймақтың ойыншысынан кейін 

шабуыл  сызығында  тұрады  (3-сурет);  егер  2-аймақта  болса,  онда    тосқауылшының  оң 

жағына қарай, ал 4-аймақта болса, одан солға қарай орналасады.[3] 

Екінші  нұсқа.1).  Тосқауылға  қатыспайтын  алдыңғы  сызық  ойыншысы 

сақтандырады. 

Жалаң 


тосқауылдғаы 

сақтандыру 

6-аймақ 

ойыншысының 

сақтандыруындағы  жалаң  тосқауыл  қоюмен  толық  сəйкес  келеді.  2).  3  жəне  2  аймақ 

ойыншылары  2-аймақта  екі  қатар  тосқауыл  қояды  (4-сурет).  4-аймақ  ойыншысы 

сақтандырады. Ол шамамен 2 жəне 3 аймақтың шекарасында тұрады, бірақ ол шабуылдың 

барлық аймақтарындағы сақтандыруды қамтамасыз етеді, бірақ бұл өте күрделі. Шынында 

да біршама алға шығып, арасында 4-аймаққа да жауап беретін 5-аймақтың қорғаушысына 

сенім артылады.3). Бұл мысал да алдыңғыға ұқсас. 4 жəне 3 аймақ ойыншылары 4-аймақта 

тосқауыл  қояды.  2-аймақ  ойыншысы  сақтандырады.  Іс-қимылдар  да  сол  сияқты.  2-аймақ 

ойыншысы 1-аймақтағы шеткі  қорғаушы жағынан көмек күтуіне болады. 

 

 

3-сурет    



 

4-сурет 


Үшінші  нұсқа.1)  Сақтандыруда  1  жəне  5  аймақтың  ойыншылары,  яғни  шеткі 

қорғаушылар  қатысады.  Бұл  нұсқада  тек  екі  қатар  жəне  үштік  тосқауылды  сақтандыру 

қаратырылады.  Бұл  жағдайда  шеткі  қорғаушылар  тосқауылдан  бос  ойыншылар 

көмектесетін  негізгі  сақтандырушылар  болады.Тек  шеткі  қорғаушылар  бір-біріне 

көмектесетін  негізгі  жағдайды  қарастырамыз.Бұл  жағдайда  (5-сурет)  тосқауыл  қоюға  2-

аймақта 3 жəне 2 аймақтан шыққан ойыншылар қатысады. 1-аймақтың шеткі қорғаушысы 

сақтандыруға дайындалып, шабуыл сызығына жақын орынға ауысады. Мұнда ол шабуыл 

аймағына  алдын  ала  жүгіріп  бармай,  күтеді,  яғни  соңғы  сəтте  сақтандырады.  Қажет 

жағдайда  оған  4-аймақ  ойыншы  көмектесуі  тиіс.4-аймақта  4  жəне  3-аймақ  ойыншылары 


237 

 

тосқауылдайды.  5-аймақтың  шеткі  қорғаушысы  сақтандыруға  дайындалып,  шабуыл 



сызығына жақын ауысады. Ол да қажет болған жағдайда 1-аймақты сақтандырады. Оған 2-

аймақтың  ойыншысы  көмекке  дайын.Тосқауылға  шабуыл  сызығының  барлық  үш 

ойыншысы қатысады (6-сурет).  1 жəне  5 аймақтың  шеткі қорғаушысы  шабуыл  сызығына 

қарай жылжып, алдыңғы сызықтың барлық аймағын сақтандыруға дайындалады.  

 

 

 



 

 

 



5-сурет  

 

 6-сурет 



Сақтандырудағы өзара қарым-қатынас əдістері түрлі əдістік амалдарды орындағанда 

кең  қарастырылады.  Мысалы,  тасталған  допты  жəне  шабуыл  соққысын  қабылдауда,  өз 

шабуылшысын сақтандыруда. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Беляев А.В. Волейбол: Учебник. - Москва: 2002  

2.

 



Кумянский В.Л. Волейбол: О судьях и судействе, – Москва: 2002 

3.

 



Джаркешев  З.А.,  Ильюшенко  К.В.  Игра  в  волейбол  начинается  в  школе.  -  Алма-Ата: 

"Катан", 1987. 

4.

 

Ильюшенко  К.В.  Волейбол  в  Казахстане:  учебное  пособие  по  истории  волейбола 



Казахстана. - Алма-Ата: КазИФК, 1979. 

5.

 



Ильюшенко  КВ.,  Асарбаев  АК.  Подготовка.  квалифицированных  волейболистов: 

учебник  по  теории  и  методике  тренировки  волейболе.  -  Алма-Ата:  Изд.  Мин.  Обр.; 

КахССР, 1989. 

6.

 



Клещев  Ю.Н.,  Фурманов  А.Г.  Юный  волейболист.  –  Москва:  "Физическая  культура  и 

спорт", 1979 

 

ƏОЖ


 796.5 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТƏРБИЕЛЕУДІҢ ЖЕКЕ ЖƏНЕ 



ТОПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Оңалбек Ж.К., Жорабеков Т.Б., Беков А.А

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы 



 

Резюме


 

 

В научном статье описываются различие учащихся при воспитании физических качеств  



 

Summary 

 

In a scientific article describes the difference in the education of students of physical qualities 

 

Дене  тəрбиесі  ең  алдымен,  педагогикалық  басқару  процесі,  яғни  өзімізге  қажетті 

бағытта  өзгерту  мақсатында  жеке  ерекшелікті  дамытуға  əсер  ету  болып  табылады.  Бұған 

қоса  тəрбиені  дене  жаттығулары  арқылы  жүргізеді,  оны  педагогика  тəрбие  құралы  дей 

алмайды. Дене жаттығулары ролін өсу мен даму барысының табиғи жеделдетушісі ретінде 

бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. 



238 

 

Дене  жаттығулары  арқылы  даму  мен  өсудің  табиғи  жеделдетушісі  болу  мүмкіндігі 



дене  тəрбиесі  теориясы  үшін  маңызды  болып  табылады.  Бұл  мəселе  негізінен,  тұқым 

қуалаушылық жəне əлеуметтік факторларының тепе-теңдік мəселесін құрайды. 

Тұлғаны  дамытудың  ғылыми  теориясы  тұқым  қуалаушылық  жəне  географиялық 

факторлар əсерін адамға қарсы қоймайды, оларды адамның биоəлеуметтік табиғаты туралы 

түсінікке  біріктіреді.  Академик  Д.К.Беляевтың  əлеуметтік  жəне  биологиялық  мінез-

құлықтың  біртұтастығын  мойындау  адамды  тек  биологиялық  жаратылыс  ретінде 

қарастыру  мүмкіндігін  жоққа  шығарды:  табиғи-ғылыми  контексте  биологиялық 

бағдарламаның  қызметін  тым  өсіру  адамға  əлеуметтік  жинақтығынан  айырылған  жануар 

ретінде  ғана  қарауды  білдіреді.  Д.К.Беляевтың  стресс  туралы  ойлары  назар  аудартады. 

Стрестің өзіндік бір себебі, оның ойынша, ағзаның бұрын қалыптасқан даму нормасының 

тұрақсыздануы  жəне  тұқым  қуалаушылық  өзгерістердің  аяқ  астынан  күшеюі  болып 

табылады.  Стрестерді  толық  жоқ  қылу  мүмкін  емес  жəне  олай  істеу  зиянды.  Ағзаның 

стреске қарсы тұру тұрақтылығы мен икемділігі жоғары, бірақ шексіз емес. Сондықтан да 

қазірдің  өзінде  психоэмоционалдық жүктеме  мен стрестің  қауіпсіз деңгейі туралы  мəселе 

маңызды болып отыр, бұның тек физиологиялық қана емес, генетикалық процестер үшін де 

мəні зор. Ғылыми зерттеулер мынадай сұрақтарға жауап беру керек: қазіргі əлемде күшейіп 

отырған психоэмоционалдық стресс адамзатқа орны толмас шығын əкелмей ме? 

Көптеген  зерттеулердің  мəліметтері  кейбір  функционалдық  көріністерді  тұқым 

қуалаушылық себепке жатқызады, оның ішінде дене қабілеттерін дамытуға тікелей қатысы 

барын  дəлелдейді.  Мысалы,  зерттеулерінде  копзиготты  егіздерде  жылдамдық,  иілгіштік 

жəне басқа дене қасиеттерінің жоғары сəйкестігі көрсетіледі. "Егіздік" əдісімен жүргізілген 

зерттеу  нəтижелерінде  дəлелденген  жылдамдық-күші  қабілеттердің  генетикалық 

негізделгендігінің жоғарғы деңгейі мына авторлардың жұмысында да айтылған.[4] 

Даму  мен  өсудің  жеке  ерекшеліктері  генетикалық  негізге  байланысты  екендігі 

туралы  басқа  да  дəлелдерді  əдебиеттерден  кездестіреміз  жүгіруге  дайындықтың 

биомеханикалық  аспектісі  физиодогиялық  жəне  антропологиялық  көрсеткіштердің 

деңгейіндегідей  генетикалық  негіздерге  тəуелді  деген  қорытындыға  келеді.  Бұл  тұрғыдан 

монозиготты егіздердің жұптарында ең көп сəйкестік денеде салмақ орталығын ауыстыру 

өлшемдерінде  жамбас,  тізе  жəне  тобық,  табан  буындарындағы  қозғалыстың  тік  бұрышты 

сипаттамасы, аяқты жерге қойып итерілу сондай-ақ бақылау қашықтығына 40-50% жүгіру 

мерзімінде көп көрінеді. 

Генетикалық  жəне  қоршаған  ортаға  тəуелділікті,  спорттық  іс-əрекетті  табысты  ету 

аспектісінен қарастырған мамандардың пайымдауларынша көбінесе жеке биомеханикалық 

жəне  морфологиялық  функционалдық  сипаттамалардың  немесе  олардың  жиынтығының 

тұқым  қуалаушылық  негіздемесінің  дəлелдеріне  жоққа  шығаруына  баса  назар  аударады. 

Бұл  кезде  зерттеушілердің  көпшілігі  мəселенің  мынадай  маңызды  жағын:  адамның  жеке 

даму  процесінде  жəне  оның  дене  күші  байланыстылығының  деңгейін  естен  шығарып 

алады.  Тұқым  қуалаушылықты  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  белгісіз  бір  бағыт 

бағдарламаларынан қарау қажет жəне ары қарай жүзеге асуы көптеген жағдайда қоршаған 

ортаға, сонымен қатар дене тəрбиесіне байланысты. 

Бала  ағзасын  дамуының  шектелген  бағыттағы  теориясы  бар,  ол  бүкіл  онтогенез 

бойында  генетикалық  бақылауда  болады.  Бірақ  мұндай  төмендеу  жалғыз  емес,  себебі 

əсердің  көптеген  факторлары  бар  жəне  олар  aғзa  дамуына  өзгерістер  енгізуі  мүмкін. 

Генетикалық  бағдарламаны  жүзеге  асыруға  қоршаған  ортаның  факторлары  қандай 

деңгейде жəне қалай əсер ететінін анықтау маңызды. Эндокринді аурудан тіпті гормондық 

терапиядан  сон  да  бала  ағзасы  бұрынғы  даму  жолына  қайта  оралады.  Бұл  генетикалық 

дамудың  төмендеуі,  даму  жолына  қайта  оралу  процесіндегі  дұрыс  тамақтанбайтын 

балалардан байқауға болады. 

Ағзаның  генетикалық  дамуын  бақылаудың  қазіргі  заманға  сай  теориясын  поляктың 

танымал биологы еңбектерінде айтады. Бұл теория бойынша, адам ағзасының генетикалық 

дамуы  негізделген  бағдарлама  бойынша  жүреді.  Əр  балаға  генетикалық  бағдарламадағы 

жеке  даму  жолы  тəн.  Қолайсыз  факторлардъщ  əсерінен  (экологияның  бұзылуы,  аурудың 

қозғыштығы)  бала  дамуының  генетикалық  бағдарламасында  немесе  тіпті  оның  ең 

ақырында  қажетсіз  ауытқулары  болуы  мүмкін.  Ауытқулар  деңгейі,  пікірі  бойынша, 



239 

 

факторлардың  күшіне,  оның  əсер  ету  ұзақтығына  сонымен  бірге  бұл  өзгерістер  адам 



өмірінің қайсы кезеңінде байқалғанына байланысты. Егер "соққы" тым күшті болса, өлімге 

əкеп  соқтыратын  құрылымдық  өзгерістер  болады.  Əсіресе,  олар  жедел  даму  кезеңіне  сай 

келсе.  Егер  соққының  ұзақтығы  үлкен  болса  онда  ағзаның  биохимиялық  жəне 

морфофункционалдық  елеулі  өзгерістеріне  əсер  етуі  жəне  генетикалық  бағдарламадан 

төменгі деңгейде өтуі мүмкін. Қолайсыз факторлардың əсері ағзаның жедел даму кезеңіне 

тап келсе, орны толмас ауытқулар болады. 

Генетикалық  канал  туралы  теорияны  дамыта  келе,  қоршаған  ортаның  қолайлы 

жағадайларына  (дене  тəрбиесінің  тиімділігі  жəне  күн  тəртібіндегі  дұрыс  тамақтану) 

баланың  жеке  дара  дамуы  өзінің  генетикалық  саладағы  бағдарламасының  жоғарғы 

деңгейіне  көтеріледі,  басқаша  айтқанда,  даму  мен  есу  процесінде  табиғи  ынтыландыру 

жүреді, - дейді [3]. 

Жетілу  кезеңінде  ағза  дамуы  мен  өсуінің  табиғи  жағдайлардың  бағдарын  біздің 

арнаулы  жас  балалар  спорт  мектебіндегі  əр  түрлі  спорт  үйірмелері  бойынша  жасөспірім 

спортшыларға  жүргізген  бақылауларымыз  дəлелдей  түседі.  Мұнда  бала  ағзасының 

үйлесімді дамуы мен өсу жағдайлары ретінде спорттық сабақтардың əсері көрсетілген. Жас 

балалар  спорт  мектебіндегі  бағдарлама  бойынша  жүзу  спортымен  шұғылданатын  жас 

спортшылардағы  өзіндік  қасиеттердің  дамуын  таңдауы,  олардың  денсаулығындағы  оң 

өзгерісін  көрсетеді.  Əсіресе,  ағзаның  қуатты  қамтамасыз  ету  жүйесінің  дамуы,  қозғалыс 

қызметін  реттеп  жетілдіру  жəне  олардың  дене  жұмыс  деңгейінің  жоғарылағандығын 

көрсетеді.  Бұған  мысал  ретінде  Ю.М.Шацков  атты  жаттықтырушының  басшылығымен 

жеңіл  атлетикамен  айналысқан  Я.Васишяның  спорттық  тарихын  алуға  болады.  Арнайы 

жасалынған  дене  жаттығулар  жиынтығы  /секіру,  тартыну,  т.б./  жəне  тəуліктік  қозғалыс 

тəртібін орынды қолдана отырып, бұл спортшы төрт жылдың ішінде бойының ұзындығын 

едəуір өсіре алды. 

Жас  балалар  спорт  мектебінің  оқушыларын  бақылау  барысында  жаттығу 

сабақтарындағы жүктеменің өсімталдығы тиімді болған кезде спортшының сүйек диафизі 

жуандайтынын, сүйек ұлпасының қоюланып, синостоз процесі баяулайтыны байқалатынын 

көрсетті.  Ұзын  түтікше  сүйектің  дистальді  бөлігі  сүйек  ұзындығының  елеулі  өскенін 

көрсетеді. 

Мұндай өсу процестері дене жұмысына ең көп қатысатын сүйектерден жиі көрінеді. 

Мысалы, жасөспірім диск лақтырушыларда жеңіл атлетикамен 3 жыл айналысқаннан сон, 

оң  қол  сүйектерінің  алыптан  тыс  үлкеюі  байқалды  [иық  сүйектері  шамадан  1,5  см 

ұзындау].  Волейболшы  қыздарда  13  жастан  бастап  алақан  сүйектерінің  ұзарып 

жуандайтынын байқаймыз, əсіресе III алақан сүйек қалыптан тыс ұлғаяды, 16 жасқа жеткен 

волейболшы  қыздардың  бұл  сүйегі  сол  жастағы  спортпен  шұғылданбайтын  қыздарға 

қарағанда  3  мм  ұзын.  Біздің  зерттеушілер  дене  жаттығуларының  себепші  болуымен 

сүйектің  ені  жəне  ұзындығының  өсуі  əсіресе  берілген  спорт  түрінің  қимылына  көп 

қатысатын  сүйектердің  өсетіні  туралы  қорытындыға  келді.  Мұндай  өсудің  механизмі 

түсініксіз. 

Поляк  ғалымдары  Гданьск  қаласының  8-14  жастағы  1850  ұл  бала  жəне  1309  қыз 

балалардың  өсу  өлшемдерін  зерттеді.  Олардың  856-сы  спорт  мектебінде  оқитындар.  Жас 

спортшылар сол жастағы спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда бойы биік жəне 

дене салмағы үлкен болған. Бірақ бұл айырмашылық тура болмайды жəне 8-14 жаста ғана 

сақталды, бұл жаттығудың бой өсуіне əсері болмайтынын, спорт үйірмесіне ірі балаларды 

таңдап алатынын көрсетеді. Спортшылардың ішіндегі ең аласа бойлысы сайысшылар, ал ең 

ұзындары  жүзушілер  мен  гандболшылар  болды.  Спортшылардың  физиологиялық  жасы 

олардың күнтізбелік жасынан асып кететіні байқалады. 

Француз  ғалымдары  мектеп  жасындағы  жоғары  мамандандырылған  спортшыларға 

арналған  сыныпта  оқитын  көптеген  балалар  тобын  зерттеді.  Бұл  балалар  аптасына  орта 

есеппен 8-12 сағат жасайтын жаттығулар мен толық оқу процесін бірге алып жүре алады. 

Тексеруді дене тəрбиесі мұғалімі мен колледж, лицейлердің жаттықтырушылары жүргізді. 

Авторлар  осы  оқу  мекемелеріне  2  рет  анкета  жүргізген,  мұнда  мұғалімдер  өз 

оқушыларының антрометриялық жəне функционалдық мəліметтерін көрсеткен. Анкеталық 

сұрақтарға басында 312 жас спортшы қатысты. Бірақ кейін көбі əр түрлі себептер бойынша 



240 

 

спортпен белсене айналысуды тоқтатып, əдеттегі мектептерге ауысты, ал мұғалімдер қолы 



бос  еместігін  сылтау  етіп,  ғалымдармен  бірге  жұмыс  істеуден  бас  тартты.  Сөйтіп  5  жыл 

ішінде  тексерілген  балалар  саны  50  адам  ғана  болды,  тағы  да  3  тексеруден  30-ы  өтті. 

Зерттеудің  сонында  барлығы  12-19  жастағы  763  ер  бала  жəне  12-17  жастағы  398  қыз 

баланың мəліметі бар 1185 анкета жиналған. 

Анкеталардың  статистикалық  анализі  жас  спортшылар  мен  Францияның  осы 

жастағы  өзге  тұрғындарының  арасындағы  морфологиялық  өлшемдердің айырмашылығын 

дұрыс көрсете алмады. Дегенмен де спортшылар спортпен айналыспайтын балалардан биік 

[көбіне  аяқтың  ұзыңдығы  байқалады],  дене  салмағы  ауыр  жəне  қолдары    ұзын  болып 

келеді.  Иық  белдеуі  мен  жамбас  белдеуінің  кеңдігінің  тепе-теңдігі  сондай-ақ  жамбас 

белдеуі мен дене ұзындығының тепе-теңдігі оларда бірдей болмады [2]. 

Ғалымдардың  айтуынша,  тіпті  жедел  түрдегі  үздіксіз  жаттығулардың  өзі  баладағы 

табиғи  даму  мен  сүйек  өсуіне  елеулі  əсер  ете  алмайды,  бұл  процестер  тұқым 

қуалаушылыққа  бағылады.  Дегенмен  де  жас  спортшылардың  басым  көпшілігінің 

ренттенограммасында  сүйектің  аздап  жуандауы,  əсіресе,  денеге  күш  берген  кезінде 

бұлшық етке көп салмақ түскен жерлердің жуандағаны көрінеді. Ғалымдар бұл феноменді 

сүйек  пен  сінір  ұлпасының  үлкен  механикалық  жүйке  бейімдеп  үйретудің  əсері  деп 

түсіндіреді. Бұндай əсер өсіп келе жатқан бұлшық ет массасының тірегі болып табылатын 

сүйек элементтерінің тығыздығынан білінеді.     

15  кəсіпқой  балериналарда  жамбастың  көлденең  бағытта  анамальды  жарылуы 

байқалған,  бұлар  бала  кездегі  сүйек,  сінір,  жамбас  бұлшық  еттеріне  түскен  тым  артық 

салмақтығы нəтижесі екені дəлелденді. 

Жас  футболшылар  мен  гимнастарда  төменгі  жақтағы  сүйектерден  бұлшық  еттің 

ажырап  алыстауының  105  жағдайы  байқалған.  Мəліметтері  бойынша,  дзюдошылар  мен 

қайық  өсушілерде,  спортпен  айналыспайтын  балаларға  қарағанда,  омыртқаның 

остеодистрофиясы  көп  кездеседі.  Зерттеулердің  дəлелдеуішпе,  жаттығуды  əрекеттен  ерте 

жəне  қарқынды  басталған  жағдайда  балаларда  елеулі,  емдеуге  қиын  буындардың 

созылмалы  ауруы  кездеседі.  Сондықтан  ғалымдар  арнайы  маманданушы  жас 

спортшыларды  жүйелі  түрде  ренттенографиялық  жəне  функционалдық  тексеруден  өткізу 

керектігін  айтады,  өсу  мен  сүйек  жетілуінің  ауытқу  процесін  ерте  тауып,  оны  ескеріп, 

жаттығу жүктемесін тиімді мөлшерлеу керектігін талап етеді. 

Қорыта  келгенде,  біздің  ойымызша,  өсудің  табиғи  жағдайлары  мен  дене  тəрбиесі 

бағдарламасының сабақтастығын тағы да айта кету керек. Дене жаттығуларымен тым көп 

айналысу ағза дамуына кері əсер етіп, спортшының денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Адамбеков  К.Т.  "Оқушылардың  дене  тəрбиелеудің  педагогикалық  негізі"  п.ғ.д.  дисс. 

авторефераты. Алматы, -1995, 38 бет.  

2.

 

Аяшев  А.О.  Болашақ  мұғалімнің  тəрбие  жұмысына  кəсіби  даярлығын  дене  тəрбиесінің 



құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.д. дисс. авторефераты, М., 1993, 55 б. 

3.

 



Кузнецов З.ИМектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту // ғылыми 

конференциясының жинақтары, Поланга, 1966 ж.  

4.

 

Сапарбаев М.БДене тəрбиесі пəнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру 



жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дисс. авторефераты. Алматы, 1993, 318 б. 

5.

 



Гейнца  К.А.  Қазақстандағы  жалпы  білім  берегін  мектептердегі  1-9  сынын 

оқушыларының нұсқалық, бөлімдерін жете зерттеу. п.ғ.к.. дисс. авторефераты. М., 1995, 22 

б.   

6.

 



Жұманова  А.С.  "7-9"  жастағы  қазақ  балаларының  дене  тəрбиесі  ісінің  мазмұнын 

тəжірибеде

 

дəлелдеу. п.ғ.к. дисс. авторефераты Алматы, -1997.



 

 

 



 

 


241 

 

ƏОЖ




1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал