Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет29/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64

 

Литература 

1.

 

 



Остемиров А.С. Профессиональная  педагогика. А.- 2006.-120с.  

219 

 

2. Тхоржевский Д.А., Гетта В.Г. Внедрение проблемного обучения на уроках труда // 



Школа и производство. -1997. -№4. – 6-10с. 

3. 


Гетте 

В.Г. 


Профессионально-педагогическая 

технология 

обучения 

в 

профессиональных учебных заведениях. - СПб, 1995.-46с. 



4.  Фридман  Л.М.  Маху  В.И.  Проблемная  организация  учебного  процесса 

/Методическая разработка. – М., 1990. – 234с. 

5.  Шырынбаева  Г.К.    «Народное  ремесло  казахского  народа».  Учебное  пособие.  А- 

2004.-136с. 

6. Касиманов С. Народное творчество казахского  народа. А.-1995.-70с. 

7. Советский современный гобелен. М., 1979.-120с. 

8. Маргулан А.Х. Казахское народно-прикладное искусство. Т. 1, 2, 3, А., 1994. 

 

ƏОЖ


 372, 878 

 

ҚАЗАҚСТАНДА ЭСТРАДАЛЫҚ ƏНШІЛІК ӨНЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 



 

Жақсыбеков С



 

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

Автор рассматривает формирование и развитие эстрадного пения в Казахстане 

 

Summary 

 

An author examines forming and development of the vaudeville singing in Kazakhstan 

 

       Қазақ  эстрадасы  –  ұлттық  сахна  өнерінің  концерттік  –сауықтық  түрі.  Эстрада 

ұғымының нышандары ертеде қалыптаса бастағаннан байқауға болады. Осыған орай қазақ 

эстрадасын  үш  түрлі  тарихи  дəуірге  жіктеуге  болады:  1)  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезең. 

Оған  18-19  ғасырда  өмір  сүрген  күлдіргі  өнерпаздар  жатады.  Олар  əжуа,  қалжың, 

шымшыма,  сықақ,  тапқарлық  арқылы  адам  бойындағы  қулық,  сараңдық,  іштарлық, 

күншілдік секілді жағымсыз қасиеттерді əшкерлеп, жұртшылыққа əн-өлең, айтыс үлгісінде 

жеткізіп отырған. Ел арасындағы той –жиындарда танылған сондай шаншарлар- Айдарбек, 

Күндебай, Текебай, Тонбай, Торлықбай, т.б. 2) 20- ғасырдың бас кезіндегі қазақ эстрадасы 

– жаңа құбылыс болды. Бұл кезеңде көпшілікке арналған əндерді шығарушы авторлар мен 

орындаушылар  қалыптасты.  [1]  Кеңес  дəуіріндегі  қазақ  эстрадасының  қалыптасуына 

композиторлар 

А.Жұбанов, 

Е.Брусиловский, 

Л.Хамиди, 

əншілер: 

Ж.Омарова, 

Р.Қойшыбаева,  Р.Бағланова,  Б.Төлегенова,  Е.Серкебаев,  ағайынды  Абдуллиндер,  т.б. 

елеулі үлес қосты. Музыкалық эстрадамен қатар көркем сөз оқу шеберлеріде қалыптасты. 

Олардың  қатарында  Қ.Қуанышбаев,  Е.Өмірзақов,  С.Қожамқұлов,  Ə.Жолымбетов,  т.б. 

есімдерді  атауға  болады.  3)  Қазақ  эстрадасының  кəсіби  сипатқа  ие  болу  кезеңі  –  20 

ғасырдың 2-ші жартысы. Бұл қазақ əн өнерінің жалпы халықтық сипатқа ие бола бастаған 

тұсы.50-80  жыл.  Қазақ  эстрадасының  көк  жиегіне  Б.Байқадамов,  Ə.Еспаев,  Ш.Қалдаяқов, 

Н.Тлендиев,  Е.Хасанғалиев,  Ə.Бейсеуов,  Т.Базарбаев,  С.Бəйтереков,  К.Дүйсекеев  сынды 

сазгерлер көтеріліп, шығармалары ел арасына кеңінен тарады. [2] 

        Көпшілікке  арналған  əн  жанрының  дамуымен  қатар  оны  орындайтын  эстрада 

əншілерінің  өзіндік  мəнері  қалыптасты.  С.Əбусейітов,  Л.Кесоглу,В.Қармысова, 

С.Тыныштығұлова,  М.Мұсаев,  Р.Мұсаев,  Н.Нүсіпжанов,  А.Қоразбаев,  Қ.Құлыш, 

С.Нұрмағанбетова,  Р.Рымбаева,  А.Сембин,  Б.Сəмединова,  Ж.Айжанова,  Н.Өнербаев,  т.б. 

əншілерді  атауға  болады.    «Гүлдер»,  «Дос-Мұқасан»,  «Арай»,  «Ариран»,  «Алатау», 

«Яшлык»,  «Жайық  қызы»,  «Сыр  сұлу»,  «Жетісу»,  «Ұлытау»,  əн-би  жəне  эстрадалық 

ансамбльдері  Қазақ  эстрадасының  дамуына  өз  үлесін  қосты.Кəсіби  сипаттағы  Қазақ 

эстрадасының  қалыптасуы  1965  ж  Г.Ғалиева  ұйымдастырған  эстрада  –цирк  өнері 



220 

 

студиясының  ашылуымен  тығыз  байланысты.  Оның  жанынан  əнші,термеші,  артистер 



даярлап, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов, Ж.Кəрменов, т.б. дəріс берді. Еліміз 

егемендік  жолына  түскелі  Қазақ  эстрадасы  жаңа  сипатқа  ие  болды.  «Қымызхана», 

«Тамаша» ойын-сауық отаулары Т.Жаманқұлов, Қ.Сұлтанбаев, Т.Құлыбеков, М.Нүрекеев, 

т.б. есімдерін көпшілікке танытты. [3] 

        Сонымен  қатар  республикамызда  эстрадалық  əн  орындаушыларының    «Жас  Қанат», 

«Шабыт»,  «Арай»,  «Жахан  дала»,  «Шəмші  Қалдаяқов  атындағы»  байқау,  «Бозторғай», 

«Айгөлек»,  Ə.Бейсеуов  атындағы  «Армандастар»  əн  байқаулары  өткізіліп  келеді.  Соңғы 

жылдары  «Алтын  диск»  байқауы  мен  «Азия  даусы»  халықаралық  фестивалі  тұрақты 

өткізіліп келді. 2005 жылға дейін.Бұл байқауларға қатысқан көптеген жас дарындарымыз – 

композиторлар мен əншілер өз өнерлерін дүниежүзілік деңгейде пашт етті. «Азия даусы» 

халықаралық 

эстрадалық 

форумның 

басты 


мақсаты 

–қазақ 


музыкасының 

ынтымақтастықты  қалыптастырудағы  рөлін  айқындау  болып  табылады.  Оның  жюри 

құрамына  АҚШ,  Англия,  Африка,  т.б.  елдердің  əйгілі  өнерпаздарының  кіруі  соны 

аңғартады. 

       «Азия 

даусы»  фестивалінде  М.Жүнісова,  Б.Исаев,  Б.Шадаева,  М.Байтасов, 

Б.Қажымұқанов,  Г.Оразымбетова,  А.Жорабаева,  В.Ступин,  Ə.Жақсыбеков,  М.Арапбаева, 

Н.Тұрлыбеков  секілді  əншілер,  «Роксанаки»,  «Жерұйық»  топтары  лауреат  жəне 

дипломанттар  атанды.Қазақ  эстрадасындағы  жаңа  процестер  қатарында  композитор 

Ж.Еңсепов  пен  күйші  А.Еңсеповтердің  шығармашылық  ізденісін  атауға  болады.Олар 

домбыра  аспабын  жаңа  технологиялық  мұмкіндіктермен  үйлестіріп  қолдана  бастады. 

Осылайша  қазақ  музыкалық  мұрасын  өздері «ДЭККО»  (Домбыра.Эстрада.Күй. 

Компьютер.Орындаушы)  деп  атаған  жаңа  бағытта  көпшілік  тыңдарманға,  шет  елдерде 

(Франция, 

АҚШ,  Англия,  Германия,  Корея,  Израиль,  Туркия,  т.б.)  кеңінен 

насихаттап,халықаралық  байқауларда  жүлделі  орындарға    (Ыстықкөл-98,  Гран-при)  ие 

болды. Бүгінгі Қазақ эстрадасының аяқ алысы да табыстарға толы. Есімдері елге танымал 

Р.Рымбаева, 

М.Жүнісова, 

М.Ералиевалардың 

ізін 

баса 


А.Мейрбеков, 

Б.Тайлақбаев,Г.Сиқымбаева,  М.Ілиясова,  Ж.Ысқақова  Р.Стамғазиев,  М.Арынбаев, 

Қ.Болманов,  Д.Таңатаров,  Т.Серіков,  М.Беспаев,  С.Жолбарыс,  Н.Байкөзов,  Г.Қаспақова, 

Ж.Жексенұлы,  Қ.Шалабаева,  А.Таженова,  Қ.Жақсыбеков,  А.Дүйсен,  Д.Исмаилов, 

Т.Дауытов,  С.Сейтимова  секілді  талантты  əнші  орындаушылар  мен  жас  композиторлар 

шықты.  Олар  Қазақ  эстрадасының  өсіп  өркендеуіне  өзіндік  үлес  қосып,  эстрадалық  жəне 

халықтық  əн  дəстүрін  одан  əрі  дамытып,  жетілдіріп  келеді.  К.Дүйсекеев  «Қарағым-ай», 

Т.Рахымның  «Алтайдың  ар  жағынан  келген  ару»,  Т.Шапайдың  «Дариға,  дəурен»  атты 

əндері  бүгінгі  Қазақ  эстрадасының  жемісі.  Кейде  мені  де  қатарларымызды  да  мынадай 

сұрақ мазалайды.[4]  

       СССР  тарқағаннан  кейін  1990  жылдары  Қазақстан  Республикасында  композиторлар 

одағының  өз  жұмысын  жүйелі  түрде  істеуге  мүмкіндігі  болмады.  Жалпы  жекешелендіру 

кезінде  клубтар,  кино  театрлар,  стадиондар  мемлекеттің  бюджетінен  қаржы 

бөлінбегендігіне байланысты тарап кетті. Эстрада жанры осы кезде жан-жақты өз еркімен 

мемлекеттің  қадағалауынсыз  жүйесіз  дамыды.  Жекеменшік  тойханалар  көбейіп,  тойға 

арналған əндер де əншілер де көбейді, жекеменшік  дауыс жазу студиялары көбейді. Теле 

арналарға  жарнасын  төлеген  əншілер  музыкалық  сауаты  бары  да,  жоғы  да  өз-өзін 

жарнамалайды.  Кейінгі  жылдары  эстрада  əншілері  мен  кəсіби  классикалық  əн 

орындаушылар арасында додаға түсіп келе жатқан түйін бар. Ол – жанды дауыс мəселесі. 

Бір кезде еуропа, орыс эстрадасы да тек қана жанды дауыста өнер көрсеткен. Кейін бəрі де 

жаппай  фонограммаға  ауысты.  Қазір  сол  кездегі  бұлақты  бастауларына  орала  алмай 

қиналып жатыр. Жасыратыны жоқ, фонограмма əншісін жанды дауыспен сахнаға шығатын 

əншілермен  қатар  қою  шынымен  де  обал  болады.  Біздің  халықтың  да  көзбояушылыққа 

əбден үйреніп алғандығы соншалық, қыруар қаржы төлеп, билет алып  фонограмма тыңдап 

отыра  беретіндіктеріне  таңым  бар.  Ал,  классикалық  бағыттағы  əншілер  (вокалист) 

фонограмманың ығында тұрып əн салмайтындығымен мақтанады. Осы тұрғыдан келгенде 

олар  эстрада  өнерпаздарын  əнші  қатарына  қоспайды.  Өйткені,  дəстүрлі  ұғым  бойынша 

"əншіде дауыс болу керек!" Жасыратыны жоқ, бұл күнде барлық халық əншілері эстрадаға 

əуес болып алды. Ол жанр талабына дауыстары, қозғалыс əрекеттері келе ме, жоқ па, онда 


221 

 

шаруалары  шамалы.  Эстрада  да  өнердің  үлкен  бір  саласы.  Оның  да  өз  тарихы  бар.  Ат 



жарыстырып,көкпарлатып  қалған  қазақ  осы  екі  үлкен  бастауды  бір-бірімен  салыстырып, 

бəсекелестірумен əлек. Негізінде бұлай салыстырудың өзі көбіне  бұл екі арнаның ағысын 

түсінбегендіктен  туындап  жатады.  Содан  соң  «эстраданы  дамытты»  деген  сөзді  абайлап 

қолданған  дұрыс.  Жақсы,  келісейік,  дамытқан  екен.  Олай  болса  ашып  айтайық:  Эстрада 

деген қандай жанр? Бізге қалай жəне қандай формада келді? Осы əлемдік өнер түріне қазақ 

ұлтының,  оның  ішінде  аты  аталған,қазақ  эстрадасының  бірегейі,  негізін  қалаушы  екені 

даусыз,қазақ  эстрадасының  қаншайымы  Роза  Бағланова  оның  аты  тарихта  мəңгілікке 

қалды. Қазіргі қазақ эстрадасы жақсы жағына көп өзгерді. Қазір жаңа толқын жас əншілер 

келе  жатыр.  Жаман  жағы  да,  жақсы  жағы  да  бар.  Өнерге  кездейсоқ  келгендер  жаймен 

тазарып,  сахнадан  ысырылып  қала  береді  де,  нағыз  таланттылар  сахнада  қалады  деп 

ойлаймын. Нағыз əншілер байқауларға қатысып, өз өнерін көрсетіп, бəсекеге қабілетті болу 

керек.  Ондай  əншілер  үлкен  байқаулардан  көріну  керек.  Кешегі  өткен  «Азия  даусы» 

байқауы. Қазіргі таңда теле арналардан көрсетіп жатқан  «Жас Қанат», «Қазақстан даусы» , 

«Жұлдызды дода»  əн байқаулары соған дəлел [5]. 



 

Пайдалынған əдебиеттер 



 

1.

 



“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ə. Нысанбаев – Алматы “Қазақ 

энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 

2.

 

Қазақ  мəдениеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  Алматы:  “Аруна    .”  ЖШС, 



2005 

3.

 



«Гаухар  тас»  əншілік  өнерге  арналған  хрестоматия  1-том  Алматы  2009  Өнер 

баспасы 


4.

 

«Сұршақыз»  əншілік  өнерге  арналған  хрестоматия  2-том  Алматы  2010  Өнер 



баспасы 

5.

 



Бейсембеков  А  Вокальдық  жаттығулар    мен  вокализдердің  дауыс  қоюдағы 

маңызы 2012 Талант баспасы Семей 

 

ƏОЖ


 378.796 

 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КƏСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ДЕНЕ 



ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

 

 

 

Қалмұрзаев Қ.С., Қуанышов С.А., Хаджиназаров С.Б



 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент, Қазақстан 

Республикасы 

 

Резюме


 

 

Рассматриваются  некоторые  вопросы  совершенствования  профессиональной  подготовки 

будущих  специалистов  в  физкультурно-оздоровительной  системе.  Особое  внимание  уделяется  на 

особенности физическая воспитания



 

Summary 

 

Some  guestions  on  the  strengthen  the  professional  training  f  future  specialists  in  the  physical- 

recreational  system  are  depicted  in  the  given  article.  Special  attention  is  paid  for  the  peculiarities  of 

physical training. 

 

Қазіргі  күні  болашақ  мамандарды  дене  шынықтыру-сауықтыру  жүйесінде  кəсіби 



дайындау педагогика ілімінде көкейкесті мəселе.  

222 

 

Болашақ  мамандарды  сауықтыру,  дене  шынықтыру  жүйесінде  кəсіби  дайындау 



жөнінде  айтқанда,  алдымен  сол  сауықтыру,  сауаттылық  туралы  ғылыми  түсініктерді 

зерттеуден бастайық.. 

Бүгінгі таңда педагогикалық бақылаудың кешенді жүйелерін құру үшін алғышарттар 

бар.  Олардың  элементтері,  бір  жағынан,  жарыс  (спортымен  шұғылданатындар  емес) 

қызметінің тиімділігін бағалау əдістері, ал екінші жағынан жаттығу жүктемелері мен дене 

бітімі  мен  денсаулықтың  жекелеген  факторларының  деңгейін  обьективті  бақылауға 

мүмкіндік  беретін  арнайы  іріктеліп  алынған  тесттер  болып  табылады.  Педагогикалық 

бақылаудың  теориялық  жəне  практикалық  мəселелері  қазіргі  кезде  дене  шынықтыру-

сауықтыру жаттығуларын оңтайлы бағдарламалауға байланысыт қаралады. 

Осы  проблеманың  іргелі  зерттеу  нəтижелеріне  жүргізілген  талдау  денсаулықтың 

ғылыми  негізделген  тұжырымдамасының,  оның  дəл  анықтамасының  жоқтығы  туралы 

мəселені  анықтайды.  Денсаулыққа  жəне  оны  айқындайтын  факторларға  арналған 

көзқарастардың қаншалықты əр түрлі екендігін көрсететін бірнеше анықтамаларды бар. 

Денсаулық- бұл барынша тұрақсыз көрсеткіш. Ол экзогенді (сыртқы) жəне зндогенді 

(ішкі) факторлар арқылы үнемі өзгеріп тұратын-биологиялық құбылыс болып табылады. 

Президентіміз  Н.Ə.  Назарбаев  «Халық  денсаулығы»  атты  Мемлекеттік 

бағдарламасында  халықтың  денсаулығын  нығайту  –  бірінші  кезектегі  шаралардың  бірі 

екендігін  атап  өткен.  «Халықтың  денсаулығы  дегеніміз-ел  қауіпсіздігінің  өркендеуі  мен 

өркениеттің басты өлшемі» деген бағдарламада Қазақстан азаматтарының саулығына əсер 

ететін барлық жағдаяттар жан-жақты мұқият ескеріліп тұжырымдалған. 

Бағдарламаның  басты  мақсаты-халықтың  денсаулығын  нығайту,  демографиялық 

ахуалды жақсарту. Бағдарламаға өзегі болған басты мəселе Бүкіл Дүние жүзілік Денсаулық 

сақтау  ұйымының  XXI  ғасырда  баршаның  саулығын  сақтау  үшін  деген  басты  принципке 

үйлесіп жатыр[1]. 

Дене тəрбиесі – денені жетілдіруге бағытталған өз алдына əлеуметтік педагогикалық 

процесс.  Оның  негізгі  ұсынатын  компонеттері  сауықтыру  сияқты  ағзаның  қызметі  мен 

құрылысын жақсарту. Дене тəрбиесінің қорытындысы қоғамда байқалмаған жағдайда, яғни 

дене тəрбиесінің сауықтырулық тиімділігі төмендеуінен денсаулықтың нашарлауына жəне 

аурудың артуына əкеп соғатыны белгілі. 

Дене  мəдениеті  жəне  дене  тəрбиесі  мамандарының  міндеті  өскелең  ұрпақ  пен 

жастардың денсаулығын нығайтудың əдістері мен тəсілдерін зерттеуде. 

Қазіргі  күнде  дене  тəрбиесі  пəндерінің  өз  алдына  қойылған  шешілмеген  мəселелері 

мол.  Егер  ауру  көрсеткіші  жоғары  болса,  қанағаттанарлық  денсаулық  деуге  болмайды, 

ондай жағдайда денсаулық жəне еңбекке қабілеттілік деңгейін бағалаудың да қажеті жоқ. 

Бала  денсаулығы  білім  сапасына  тікелей  байланысты  екенін  ескерсек,  əрбір  мұғалімнің 

оқушы  денсаулығы  туралы  мəліметі  жеткілікті  болуға  тиіс.  Білім  сапасының  жəне  сабақ 

үлгерімінің  төмендігі-бұл  тек  пəн  мұғалімдерінің  де  сынып  жетекшілері  жəне  дене 

тəрбиесінен  сабақ  беретін  мұғалімдердің  де  оқушылардың  денсаулығы  жəне  еңбекке 

қабілеттілігі  туралы  мəліметтің  болмауы.  Жасыратыны  жоқ,  қазіргі  мектептерде  дене 

тəрбиесі  сабағынан  балалардың  көбі  денсаулығы  бойынша  босатылады,  ал  қалған 

оқушылармен формальді түрде сабақ өтеді. Сондықтан, дене тəрбиесі сабағының алдында 

денсаулық  деңгейін  жақсарту,  денсаулық  деңгейінің  реабилитациясы  деген  міндет 

қойылмаған. 

Дəл  қазіргі  уақытта  мынадай:  дене  тəрбиесі  сабағын  ұйымдастыруда  –«Адам  үшін 

денсаулықтың  маңызын  мектепте  тəрбиелеу»,  «Қоғам  жəне  ұрпақ»,  «Оқыту  əдістемелік 

мектебі», жəне Өзінің денесі мен тəнін жетілдіру тəсілі»-деген идеялар ойға келеді. Бірақ, 

бұл қазіргі теория жүзінде. 

Дене  шынықтырудың  адам  ағзасы  үшін  маңызы  зор.  Көптеген  оқу  орындарында 

əсіресе,  соңғы  уақытта  дене  шынықтыру  сабағы  дұрыс  жолға  қойылмаған.  Көрсеткіш 

бойынша  50-60%  жасөспірімдер  дене  шынықтырумен  айналыспайды.  Олардың  көбі  бұл 

сабақтан  түрлі  себептермен  босатылған.  Тіпті  бұл  мəселе  отбасында  да  өз  мəнісін 

жоғалтқан.  Жоғары  оқу  орындарында  сабақ  кестесі  бойынша  3-сабақ  дене  шынықтыру 

немесе  аэробика  сабақтары  сабақ  кестесінен  орын  алуы  шарт.  Сабақ  арасында  үзіліс 

уақыттарында  эмоционалды  компоненттерді  іске  қосу  пайдалы  жəне  əртүрлі  қозғалмалы 



223 

 

ойындар,  жеткіншектер  үшін  спорттық  үйірмелер  секциялар,  жарыстар,  ұлттық  ойындар, 



туристтік саяхаттардың ұйымдастырылуы салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы 

зор болар еді. 

Дене шынықтыру тəрбиесінің маңыздылығы: 

1.

 



Денсаулықты  жақсартады,  дене  мүшесі  дұрыс  өседі,  еңбекке  баулиды,  іртүрлі 

ауруларға дене мүшесі қарсы тұра алады; 

2.

 

Негізгі қозғалмалы мүшелердің сапасы артады; 



3.

 

Дене мүшесі дұрыс қалыптаса отырып, ептілікке үйренелі; 



4.

 

Жеке арнайы білім мен қоғамдық гигиена қалыптасады; 



5.

 

Денешынықтыруға,  спортқа,  активті  дұрыс  өмір  сүруге  қызығушылықпен 



сүйіспеншілікке тəрбиелейді; 

6.

 



Дене шынықтыру-көңілге қуаныш сыйлайды, сергітеді, ширатады; 

Дене  тек  дене  мүшелері,  ағза  ғана  сауығып  қана  қоймай  оның  рухани  ақыл-ой, 

адамгершілік,  имандылық  қасиеттерімен  де  сауығуы  қажет.  «Физикалық  дене 

жаттығуларын тоқтатқан адамдар жиі жүдейді немесе қозғалысты жасай алмай күш-қуаты 

əлсірейді. Қозғалыссыз өмірден басқа ешнəрсе адамды жүдетіп те жəне бұза да алмайды» - 

деп  Аристотель  айтқандай  адамның  денсаулығын  жақсартатын  да,  сергітіп  өмірге 

құштарлығын арттыратын да, тіршілік қажеттіліктерін толықтыратын да, мемлекет мерейін 

де көтеретін – қозғалыс, еңбек жəне спорт. 

Бұл 

жөнінде 


Президент 

Н.Ə.Назарбаев 

«Қазақстан 

Республикасының 

салауаттылығын – спорттық жеңістер дəлелдейді» - деген [2]. 

Демек,  бұлардың  бəрі  дене  шынықтыру  –  сауықтыру  жүйесінің  құраушыларын 

түзесе,  оларға  ғылыми  тұрғыдағы  көзқарасты  болашақ  кəсіби  маман  даярлау  барысында 

қажетті екендігімен дəлелдей түстік. 

Осылайша  дене  шынықтыру-сауықтыру  арқылы  болашақ  мамандардың  кəсіби 

дайындығын жетілдіруге байланысты мəселелердің ғылыми тұғырлары мен ұстанымдарын 

түрлі  қырларынан  қарастырып,  педагогика  іліміндегі  зерделі  сұрақты  талқыладық.  Ендігі 

кезде  осы  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарының  əр  түрлі  спорттық  ойындар 

түрлерінде,  түрлі  қозғалыс  режимдері,  энергетикалық  өлшемдері  сияқты  мазмұндық 

сипаттарын  педагогикалық  талаптары  тұрғысында  қарастыруда  келешекте  дене 

шынықтыру  жəне  спорт  ілімі  теориясы  мен  əдістемесінің  өзекті  мəселесі  деп  айтуға 

болады. 


 

Əдебиеттер 

1. 

Қараков  А.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  жүйелерінің  ілімі  мен  тəжірибесі. 



Оқулық-Алматы, 2007ж. 205б. 

2. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан – 2030. Қазақстан Республикасы халықтарын сауықтыру 

бағдарламасы. – Алматы: Білім, 1997. – Б.256. 

 

ƏОЖ



 378.011.1 

 

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ 



ЖҮКТЕМЕЛЕРДІҢ ЖҮЙЕСІ 

 

Қалмұрзаев Қ.С., Қуанышов С.А., Юльчибаев К.Н

                      

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент, Қазақстан 

Республикасы 

 

Резюме



 

В  данной  статье  рассматривается  содержательные  основы  нагрузки  физкультурно-

оздоровительной работы. 

Summary 

  In  the  given  article  the  author  depicts  rich  in  content  basis  of  commitments  of  health  improving 

work. 


224 

 

 



Президент  Н.Ə.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  Жолдауындағы  ұзақ  мерзімді 

басымдылықтың  бірі  «Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі,  мен  салауаты» 

тармағындағы  азаматтарымыздың  өз  өмірінің  аяғына  дейін  дені  сау  болуы  жəне  оларды 

қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына əзірлеу қажеттілігі айтылған [1]. 

Демек,  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарын  жүргізу,  оны  арнайы  жүктемелер 

негізінде жүзеге асыру көкейкесті мəселе. 

Қоғамның  дамуының  қазіргі  заманғы  жағдайында  халықтың  денсаулығы  мен  өмір 

сүру  ұзақтығының  күрт  төмендеуі  байқалады.  Əр  түрлі  зерттеулердің  деректері бойынша 

жастардың  10%-ға  жуығының  ғана  дене  бітімі  мен  денсаулығы  қалыпты  деңгейде, 

адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7-9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның 

өндірістік əлеуеті төмендеуде [2]. 

  Қазіргі  уақытта  адам  денсаулығы  білім  берудің  əр  түрлі  салалары  үшін  ең  өзекті 

проблема  болуда,  олардың  ішінде  халықтың  валеологиялық  мəдениетін  қалыптастыру 

жолымен  адам  денсаулығын  дамыту  жəне  сақтау  жүйесі  арқылы  танылған  педагогика 

ғылымына ерекше орын берілген. 

  «Тəні  саудың-жаны  сау»  демекші,  дені  сау,  денсаулығы  мықты,  дене  күші,  дене 

мəдениеті  қалыптасқан  адам  ғана  зерделі  ойлап,  өз  іс-əрекетін  өмірлік  маңызды 

міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті. 

Сондықтан дене тəрбиесі жастарға, жалпы ұрпаққа білім мен тəрбие беру саласының басты 

міндеттерінің  бірі  бола  отырып,  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына,  күшті  де  қуатты 

болып  өсуіне,  өмірге,  еңбек  нарығындағы  бəсекелестікке  жəне  Отан  қорғауға  даярлауға 

қызмет етеді. 

Мұндай  міндеттерді  толық  жүзеге  асыру  дене  тəрбиесі  жүйесіне  жəне  жалпы  дене 

шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарына  тікелей  байланысты.  Өйткені,  дене  шынықтыру-

сауықтыру  жұмысы  –  денсаулықты  нығайту,  білім  беру,  дамыту,  тəрбиелеу  міндеттерін 

шешуге  арналған  педагогикалық  іс-шаралардың  бірі  бола  отырып,  жеке  тұлғаның 

денсаулық  деңгейін  арттыру,  табиғи  күш-қуатын  нығайту,  дене  мүшелерінің  гигиеналық 

негіздері  мен  дене-қозғалыс  қабілеті  мүмкіндіктеріне  сай,  өз  бетінше  қимыл-қозғалыс 

жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.    

  Дене  тəрбиесі  жəне  спорт  саласындағы  кейбір  мəселелерді  кешенді  түрде 

зерделеудің  қазіргі  кезде  зерттеу  жұмысында  өзекті  болып  отырғанын  айта  кету  керек. 

Салауатты өмір салты проблемасына оның күрделілігін көрсететін жəне адамның оңтайлы 

өмір сүрмеуі денсаулық жағдайының нашарлауына жəне əр түрлі аурулардың туындауына 

əкеліп  соғатынын  көрсететін  көптеген  ғылыми  жұмыстар  арналған.  Жүргізіліп  отырған 

зерттеулерден  гиподинамия  ерекше  рөл  атқаратын  жүрек-қан  тамыр  ауруларының  қатері, 

тамақтану  режимінің бұзылуы,  темекі  шегу,  алкоголь,  стрестер,  эндогенді жəне  экзогенді 

факторлар  бір-бірімен  өзара  байланысқан  жəне  артериялы  гипертония,  май  басу, 

гиперхолестеринемия  жəне  басқа  да  ағзадағы  палотологиялық  өзгерістер  сияқты 

аурулардың дамуына ықпал ететінін көреміз. Əр түрлі аурулардың маңызды себептерінің 

бірі қандағы холестерин мөлшерінің жоғары дəрежеде болуы жəне жүрек пен бас миының 

қан  тамырларын  зақымдауға  ықпал  ететін  май  (липидтік)  алмасудың  өзгеруі  болып 

табылады.  

Қандағы  холестериннің  деңгейін  азайту  жəне  май  алмасуды  қалыпқа  келтіру  үшін 

басты  жолдардың  бірі  қозғалу  болып  табылады,  оны  қарауға  осы  арналған,  мұнда  дене 

бітімінің  жағдайын  жəне  денсаулықты  жақсартудағы  əдіснамалық  негіз  денсаулық 

деңгейінің  адам  ағзасының  жүйелерінің  функционалдық  жай-күйінен  тікелей  желілік 

тəуелділігінің  биологиялық  заңдылығы,  ішкі  ортаны-гомеостаз  тұрақтылығын  ұстап  тұру 

қабілеті  болып  табылады.  Берілген  суреттен  ағзаның  жүйелерінің  функционалдық  жай-

күйін жақсартуда. 

  Əдебиеттік  шолу  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  сауықтыру  дене  шынықтыру 

жаттығуларының  проблемасы  сияқты  əрбір  адам  үшін  қызығушылық  білдіретін  жəне 

осындай қарама-қайшы пікірлер тудыратын басқа ғылыми проблеманың табылуы екіталай. 

Дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы туралы мəселенің өзінің біркелкі жауабы жоқ. 

Бір жағынан олардың пайдасы-медициналық та, экономикалық та көзқарас жағынан сөзсіз.  



225 

 

  Бірақ,  екінші  жағынан,  егер  олар  қолайсыз  экологиялық  жəне  гигиеналық  немесе 



дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық жəне медициналық бақылау жағдайында өткізілсе, 

дене  шынықтыру  жаттығуларының  теріс  зардаптары  туралы  көптеген  деректер 

жарияланды.  Олардың  қатарында  созылмалы  аурулардың  ушығуы,  жүрекке  қатты  күш 

түсу, тірек-қимыл аппаратының жарақаттануы жəне психологиялық артық жүктемелер. 

  Сауықтыру дене шынықтыруындағы жүктемелер абсолюттік шамада үлкен спортқа 

қарағанда  əрине  төмен  екендігіне  қарамастан,  олардың  салыстырмалы  шамасы 

шұғылданатындардың  дене  шынықтыруға  дайындығы  аз  болған  кезде  елеулі  болып 

көрінеді. Жəне денсаулық жағдайындағы ықтимал бұзылулардың тізбесі мəнісінде жоғары 

білікті  спортшылар  дайындау  кезіндегіндей.  Осы  бұзушылықтарды  болдырмау  жəне 

олардың  орнын  толтыру  сауықтыру  дене  шынықтыруында  едəуір  анық  емес,  не  бұл 

проблемамен шынайы деңгейде салыстырмалы түрде жақын арада ғана айналысты. Алайда 

бірқатар жағдайларда бұл жолдар белгіленген, олар осы шолуда көрсетілетін болады.  

  Көптеген зерттеулерде денсаулықты нығайтудағы адамның қозғалу белсенділігінің 

жетекші  рөлі  көрсетілген.  Гипокинезия  нəтижесінде  мыналар  азаяды:  бұлшық  ет  тонусы, 

ақуыздардың құрамы, оттегіні пайдалану, негізгі алмасу, циркуляцияланатын қан мөлшері, 

гликоген  мен  калцийдің  деңгейі  жəне  адам  ағзасындағы  басқа  да  өзгерістер.  Қозғаулы 

белсенділігінің төмен болуы жүрек пен бас миының қан тамырларын зақымдайтын қандағы 

холестериннің деңгейінің артуына жəне липидтік айналымның өзгеруіне əкеп соғады[262], 

ал  оңтайлы  күш  түсу,  керісінше,  холестериннің  құрамын  азайтады,  липидтік  айналымды 

қалыпқа  келтіреді  жəне  жəне  тек  қана  жүрек-қан  тамырларының,  эндокринді,  жүйке-

психикалық  аурулардың  ғана  емес,  онкологиялық  аурулардың  да  алдын  алу  мен  емдеу 

құралы  болып  табылады.  Алайда,  бұрын  атап  көрсетілгендей  дене  бітімінің  жай-күйі 

деңгейінің  жəне  денсаулықтың  артуының  тиімділігі,  ең  алдымен,  қолданылатын  күш 

туулер  мен  олар  арасындағы  демалыс  интервалдарының  көлемі  мен  қарқындылығына 

байланысты.  

Əдебиеттік  шолу  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  сауықтыру  дене  шынықтыру 

жаттығуларының  проблемасы  сияқты  əрбір  адам  үшін  қызығушылық  білдіретін  жəне 

осындай қарама-қайшы пікірлер тудыратын басқа ғылыми проблеманың табылуы екіталай. 

Дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы туралы мəселенің өзінің біркелкі жауабы жоқ. 

Бір жағынан олардың пайдасы-медициналық та, экономикалық та көзқарас жағынан сөзсіз 

[3]. 

 

 



Бірақ,  екінші  жағынан,  егер  олар  қолайсыз  экологиялық  жəне  гигиеналық  немесе 

дұрыс  ұйымдастырылмаған  педагогикалық  жəне  медициналық  бақылау  жағдайында 

өткізілсе,  дене  шынықтыру  жаттығуларының  теріс  зардаптары  туралы  көптеген  деректер 

жарияланды.  Олардың  қатарында  созылмалы  аурулардың  ушығуы,  жүрекке  қатты  күш 

түсу, тірек-қимыл аппаратының жарақаттануы жəне психологиялық артық жүктемелер. 

Сауықтыру  дене  шынықтыруындағы  жүктемелер  абсолюттік  шамада  үлкен  спортқа 

қарағанда  əрине  төмен  екендігіне  қарамастан,  олардың  салыстырмалы  шамасы 

шұғылданатындардың  дене  шынықтыруға  дайындығы  аз  болған  кезде  елеулі  болып 

көрінеді. Жəне денсаулық жағдайындағы ықтимал бұзылулардың тізбесі мəнісінде жоғары 

білікті  спортшылар  дайндау  кезіндегіндей.  Осы  бұзушылықтарды  болдырмау  жəне 

олардың  орнын  толтыру  сауықтыру  дене  шынықтыруында  едəуір  анық  емес,  не  бұл 

проблемамен шынайы деңгейде салыстырмалы түрде жақын арада ғана айналысты. Алайда 

бірқатар жағдайларда бұл жолдар белгіленген, олар осы шолуда көрсетілетін болады. 

Көптеген  зерттеулерде  денсаулықты  нығайтудағы  адамның  қозғалу  белсенділігінің 

жетекші  рөлі  көрсетілген.  Гипокинезия  нəтижесінде  мыналар  азаяды:  бұлшық  ет  тонусы, 

ақуыздардың құрамы, оттегіні пайдалану, негізгі алмасу, циркуляцияланатын қан мөлшері, 

гликоген  мен  калцийдің  деңгейі  жəне  адам  ағзасындағы  басқа  да  өзгерістер.  Қозғаулы 

белсенділігінің төмен болуы жүрек пен бас миының қан тамырларын зақымдайтын қандағы 

холестериннің  деңгейінің  артуына  жəне  липидтік  айналымның  өзгеруіне  əкеп  соғады,  ал 

оңтайлы  күш  түсу,  керісінше,  холестериннің  құрамын  азайтады,  липидтік  айналымды 

қалыпқа  келтіреді  жəне  жəне  тек  қана  жүрек-қан  тамырларының,  эндокринді,  жүйке-

психикалық  аурулардың  ғана  емес,  онкологиялық  аурулардың  да  алдын  алу  мен  емдеу 

құралы  болып  табылады.  Алайда,  бұрын  атап  көрсетілгендей  дене  бітімінің  жай-күйі 


226 

 

деңгейінің  жəне  денсаулықтың  артуының  тиімділігі,  ең  алдымен,  қолданылатын  күш 



туулер  мен  олар  арасындағы  демалыс  интервалдарының  көлемі  мен  қарқындылығына 

байланысты.  

Сауықтыру  бағытындағы  күш  түсудің  көлемін  немесе  ұзақтығын  айқындау 

проблемасына дене бітімінің жай-күйі мен денсаулық деңгейін арттырудың негізгі факторы 

жүктеменің ЕКК-тің 40-тан 90%-ға дейінгі, ал жаттығуларды орындау ұзақтығының 3-тен 

120  минутқа  дейінгі  шегіндегі  қарқындылығы  болып  табылатындығын  көрсететін 

зерттеулер арналған. 

Демек,  қорытындылай  келе,  жүктемелерді  сауықтыру  мақсатында  дозалау 

проблемасы  өзінің  ғылыми  негізделген  шешімін  тапқан  жоқ  дегенге  келуге  болады  жəне 

сондықтан бұдан əрі зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы мəселе қойылады. 

 

Əдебиеттер 



1. Қазақстан 2030,- Алматы: Юрист, 2003,-131б. 

2. Кураев Г.А., Бабенко В.В. Бинокулярная эспозиционная острота зрения как показатель 

раннего развития зрительного утомления при работе с компьютером. Валеология, 1999, №1 

3. Караков А. Жүктемелерді сыныптауға арналған жарияланымдар. Дене тəрбиесінің 

жаршысы, Алматы, 2008. №1. 

 

ƏОЖ




1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал