Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет23/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64

 

 

 

174 

 

ӨНЕР ЖƏНЕ СПОРТ 



КУЛЬТУРА И СПОРТ 

CULTURAL AND SPORTS 

___________________________________________________________________ 

ƏОЖ


 796.5 

 

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНДАҒЫ ШАБУЫЛШЫ СОҚҚЫЛАР БАРЫСЫНДА 

ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ƏРЕКЕТІ 

 

Алшынбаев К.И., Азтаев А.А., Ермашова А.О

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан Республикасы  



 

Резюме


 

 

В  данной  статье  описывается  взаймопонимание  между  собой  при  нападений  игроков  в 

волейболе 

 

Summary 

 

This article describes the understanding between them when attacking players in volleyball 

 

Жеке  тəсілдік  дайындық  əріптесімен  өзара  əрекеттесу  іскерлігін  меңгерудің  негізі 



болып  табылады.  Ол  топтық  жəне  командалық  тəсілдік  жаттығулар  барысында 

тəрбиеленеді.  Бұл  жаттығулар  шабуылдағы  тəсілдік  іс-қимылдарды  жетілдіруге 

бағытталған.  Сонымен  қатар  қорғаныс  пен  шабуылдағы  тəсілді  жетілдіруге  бағытталған. 

Олар ойын жағдайына біршама жақын.  

  Ойыншылар  арасындағы  барлық  өзара  əрекет  қорғаныс  пен  шабуылдағы  айқын 

жүйелермен белгіленген. 

Алғашқыда  ойыншылар  арасында  тек  доп  беруде  ғана  қалыптасқан  жаттығуларды 

үйренеді. Мұнда ойыншылардың орныдары мен доп беру бағытын бірізді ауыстыру қажет. 

өзара  əрекет  барысында  қатысатын  ойыншылар  саны  біртіндеп  артады.  Белгіленген 

аймақтардағы  ойыншылар  санын  азайту  арқылы  тез  орын  ауыстыру  іскерлігін  дамытуға 

болатынын ескеру керек.  

Əрине,  жетілдірудің  бастапқы  кезеңінде  қарапайым  доп  берулерді  пайдаланған 

дұрыс, содан кейін доптың төмен ұшу жолымен жылдам доп беруді үйренеді.  

Көптеген  жаттығуларды  алаңның  тек  бір  бөлігінде  ғана  емес,  егер  ойыншылар 

лайықты  орналасса,    допты  алаңның  қарама-қарсы  бетіне  ұрып  түсірумен  (екі  қолмен 

жоғарыдан доп беру) орындауға болады. Бұндай жаттығулардың ең күрделі түрі – оларды 

бір  мезетте  екі  доппен  орындау  болып  табылады.  Алғашқыда  əр  ойыншының  алдына 

белгілі  бір  мақсат  қойып,  сосын  оларға  жағдайға  қарай  іс-қимылды  таңдау  еркіндігі 

беріледі. 

Ойыншылар  жаттығуды  алаңның  барлық  үш  аймағында  орындап,  алдыңғы  жəне 

артқы  сызық  ойыншыларымен  байланыс  орнатуын  қадағалау  қажет.  Шабуыл  соққларын 

жетілдірудің белгілі бір кезеңінде тосқауылшылардың қарсылығын ендіру керек. Алдымен 

олар  əлсіз,  сосын  белсенді  болады.  Тапсырманы  біртіндеп  қиындату  оның  орындалуын 

ойын жағдайына жақындатады. 

Бұндай  жаттығулардың  көпшілігі  шабуылдағы  бір  жүйедегі  ойыншылардың  өзара 

əрекетін жетілдіруге бағытталған. Содан кейін белгіленген арақашықтықтағы ойыншылар 

арасындағы өзара əрекетті қалыптастыру керек. 

1. Ойыншылар бір-бірінен 7 м арақашықтықта орналасады: добы бар екеуі 2 жəне 4 

аймақтарда  тордың  жанында,  үшінсі    беткі  сызықта.  4,  2  аймақтардың  ойыншылары 

кезектесіп 6 аймақ ойыншысына доп береді, ол допты алған жағына қайта береді. Бірнеше 



175 

 

рет  қайталағаннан  кейін  барлық  ойыншылар  орын  ауыстырады.  Жаттығуды  екі  доппен 



орындау ойыншыларда қырағы көруді жəне алаңда бағдар алуды дамытуға көмектеседі.  

6  аймақ  ойыншысының  іс-қимылын  оған  доп  беруді  4  аймақтан  солға  қарай,  2 

аймақтан біршама оңға бұру арқылы қиындатуға болады.  

 Жаттығуды былай түрлендіруге де болады. 6 аймақ ойыншысы 2 аймақтан берілген 

допты  алып,  допты  4  аймаққа  береді.  6  аймақтан  4  аймаққа  бір  мезгілде  доп  берумен  4 

аймақтан 6 аймаққа доп беруді орындайды. 4 аймақтан доп алған 6 аймақтың ойыншысы 

оны 2 аймаққа бағыттайды жəне т.б. 

1.

 



Ойыншылар  1,  2,  4,  5  аймақтарда  бір-бірден  орналасады.    5  аймақтан  2 

аймаққа допты  

бағыттайды,  содан  кейін  доп  беруші  ойыншы  4  аймаққа  орын  ауыстырады.  2 

аймақтан  берілген  доп  тордың  жанымен  4  аймаққа  өтеді,  ал  ойыншы  1  аймаққа  өтеді;  4 

аймақтағы доп 1 аймаққа беріледі, ал ойыншы 5 аймаққа өтеді. 1 аймақтан доп 4 аймаққа 

келеді,  ал  ойыншы  5  аймаққа  өтеді.  4  аймақтан  допты  2  аймаққа  бағыттайды,  ойыншы  5 

аймаққа  өтеді,  2  аймақтан  диагональ  бойымен  5  аймаққа  доп  береді,  ойыншы  1  аймаққа 

өтеді. 


Бұл  жаттығулар  мына  принциптер  бойынша  жасалады.  Доп  беруді  диагональ  жəне 

тор  


бойымен  өткізу:  5-2-4-1-4-2-5  жəне  т.б.,  ойыншылардың  бүйір  сызығынан  орын 

ауыстыруы: 5-4-5 жəне 2-1-2.  

  Жаттығу  ойыншылардың  орын  ауыстыру  бағыты  доп  беру  бағытына  сəйкес 

келмейтінімен  ерекшеленеді.  Сонымен  қатар  ойыншыларға  диагональ  доп  берулерді  тор 

жанында доп берумен үнемі кезектестіріп тұруға тура келеді.  

  4  аймақтан  1  аймаққа    жəне  2  аймақтан    5  аймаққа  доп  беруді  орындағанда 

қорғаныстағы ойын жағдайына жақындату үшін жоп беру жолын төмендету қажет.  

  3.  Екі  ойыншы  5  аймақта,      ал  1,  2,  3  жəне  4  аймақтарда  бір-бірден  орналасады. 

Жаттығуды 5 аймақтан 3 аймаққа доп берумен бастайды, одан допты 4 аймаққа, сосын 1 

аймаққа бағыттайды, ойыншы ол допты 3 аймаққа қайтарады. Содан кейін допты 2 аймаққа 

береді,  одан  5  аймаққа  береді.  Орын  ауыстыру  5-3-4-1-3-2-5  бағытында  доп  беру 

бағытымен жүргізіледі. Жаттығудың бір нұсқасында 3 аймақ ойыншысы екінші доп беруді 

орындағанда 4 жəне 2 аймақ ойыншыларына қарама-қарсы қарап тұрады, келесі нұсқада 5 

аймақтан  доп  алған  ойыншы  допты  бастан  асыра  2  аймаққа  бағыттайды,  1  аймақтан 

берілген  допты  алған  ойыншы  бастан  асыра  4  аймаққа  бағыттайды.  Соңында  3  аймақ 

ойыншысы өз қалауынша 2 жəне 4 аймақтан доп беруді орындайды.  

  Содан  кейін  5  жəне  1  аймақ  ойыншыларының  іс-қимылын  олардың  аймағындағы 

доп беру жолын төмендетіп жəне допты бір жағына қарай бұрып қиындатуға болады.  

  4.  Екі-үш  ойыншы  алаңның  ортасына  қарай  6  аймақта,  ал  3,  4,  2  аймақтарда  жəне 

алаңның  қарсы  бетіндегі  5  жəне  1  аймақта  бір-бір  ойыншыдан  орналасады.  6  аймақ 

ойыншысы 3 аймақ ойыншысына допты бағыттайды, ол 4 жəне 2 аймақтарға кезекпен доп 

береді.  4  аймақ  ойыншысы  екі  қолымен  жоғарыдан  тор  арқылы  5  аймаққа,  ал  2  аймақ 

ойыншысы  алаңның  қарсы  бетіндегі  1  аймаққа  доп  береді.  5  жəне  1  аймақ  ойыншылары 

тор  арқылы  допты  6  аймаққа  қайтарады.  Ойыншылар  өз  жағындағы  орындарын 

ауыстырады:  6-3-4(2)-6,  ал  5  жəне  1  аймақ  ойыншылары  өзара  орын  ауыстырып,  өз 

бөліктерінде  қалады.  Ойыншылардың  орын  ауыстыруы  доптың  жолы  бойынша  да 

жүргізілуі мүмкін: 6-3-4-5-6-3-2-1-6.  

  Бұдан  кейін  3  аймақ  ойыншылары  өзінің  доп  бағыттайтын  аймағын  қалауынша 

таңдай алады.  

  5.  Ойыншылар  алаңның  екі  жағында  да  6,  2  жəне  4  аймақтарында  орналасады.  6 

аймақтан  2  аймаққа,  ол  орыннан  4  аймаққа  бағыттайды,  ол  ойыншы  допты  екі  қолмен 

жоғарыдан  тор  арқылы  6  аймаққа  бағыттап  қайта  ұрады.  Ойыншылар  доп  беру  жүрісі 

бойынша өз алаң бөлігінде орын ауыстырады; 4 аймақ ойыншысы 6 аймаққа өтеді. Келесі 

нұсқада доп беруді 6 аймақтан 4 аймаққа бағыттап орындайды, одан 2 аймаққа береді, ол 

ойыншы тор арқылы 6 аймаққа қарай допты ұрады.  

  6. Бірінші доп беруден тез доп ұруға арналған ойыншылардың өзара əрекеті. Екі-үш 

ойыншы  шабуыл  сызығы  бойында  3,  4  жəне  2  аймақтарда  бір-бірден  қатарға  тұрады. 


176 

 

Жаттығуды  3  аймақтан  4  аймаққа  соққыға  арнап  доп  берумен  бастайды.    4  аймақ 



ойыншысы  тор  арқылы  допты  3  аймақ  ойыншысына  бағыттайды,  3  аймақ  ойыншысы  өз 

алаңындағы  4  аймақ  ойыншысына  соққыға  арнап  доп  беруді  орындайды,  ол  3  аймаққа 

тордан  асыра  доп  ұрады.  Содан  кейін  3  аймақтан  доп  соққы  беру  үшін  2  аймақ 

ойыншысына  бағытталады,  ол  допты  тор  арқылы  3  аймаққа  береді  жəне  барлығы 

қайталанады. Бірінші доп беру бағыттары кезектестіріледі.  

  Орын  ауыстыру  мына  тəртіппен  жүргізіледі:  3  аймақтан  ойыншылар  доп 

бағытталған  аймаққа  қарай  орын  ауыстырады,  тор  арқылы  доп  бергеннен  кейін  4  жəне  2 

аймақтардан алаңның өз бөлігіндегі 3 аймағындағы қатарға тұрады.  

  7.  Артқы  сызық  ойыншысының  шығуымен  шабуылшы  ойыншылардың  өзара 

əрекеті.  (58-сурет).  Екі-үш  ойыншыдан  алаңның  екі  жағында  да  5,  1,  4,  2  аймақтарында 

орналасады. 5 аймақ ойыншысы допты 2 жəне 3 аймақ арасында торға қарай бағыттайды (3 

аймаққа  біршама  жақын).  1  аймақ  ойыншысы  2  аймақ  ойыншысы  себебінен  оның  оң 

немесе сол жағына шығады жəне 4 жəне 2 аймаққа қарай доп береді. Осы ойыншылардың 

кез-келгені допты алғаннан кейін оны тор арқылы 5 аймаққа бағыттайды, одан соң жаттығу 

қайталанады.  Одан  кейін  алға  шыққан  ойыншы  доп  беруді  орындаған  аймаққа  орын 

ауыстырады. 4 жəне 2 аймақ ойыншылары 5 аймақ қарай өз жағына да, қарама-қарсы жаққа 

қарай  орын  ауыстырады,  ал  5  аймақ  ойыншысы  1  аймаққа  кетеді.  Одан  соң  шығатын 

ойыншы допты өз қалауы бойынша кез-келген бағытқа қарай береді.  

  1  аймақ  ойыншысы  доп  беруді  орындау  үшін  алдын  ала  шықпауы  керек.  Ол  тек 

допты алаңның қарсы бөлігінен 4 (2) аймаққа ұрғаннан кейін ғана ауысуы керек. Шыққан 

ойыншы  шабуылшы  ойыншылардың  іс-қимылдарын  дұрыс  бағалай  біліп,  соған 

байланысты жоғарыдан, орташа немесе жылдам доп беруді орындауы тиіс. 4 жəне 2 аймақ 

ойыншылары допты тор арқылы секірмей жəне шабуыл соққысын бейнелеп беруі мүмкін.  

  Бұл  жаттығуды  кез-келген  нұсқада  орындауда  мына  іс-əрекеттерге  назар  аудару 

қажет: 

-

 



ойыншылардың орын ауыстыру мен доп беруге əрдайым дайын болуына; 

-

 



доп  беруші  ойыншылардың  өз  əріптестерінің  іс-əрекетін  көріп,  бағалау 

іскерлігі; 

-

 

орын ауыстыру шапшаңдығы мен дəлдігі; 



-

 

доп беру аймағына уақытысында шығуы. 



Егер жаттығуды екі доппен орындаса, онда оны алаңның екі бөлігінде де бір кезде  

бастау  керек.  Бұл  ойыншыларда  қырағылықты,  алаңның  келесі  бөлігіндегі 

ойыншылардың іс-қимылын қадағалау іскерлігін дамытуға көмектеседі.  

Бұл  жаттығуларды  6  жəне  5  аймақтан  шыққан  ойыншылармен  өзара  əрекеттесу 

барысында  да  орындауға  болады.  Мұнда  да  алда  тұрған  шабуылшы  ойыншылардың  оң 

жəне сол жағынан да шығып орындауға болады.  

Жаттығуды орындағанда мына жайттарды есте ұстау қажет. Соққы үшін жоғарыдан 

доп беру кезінде доп беруші ойыншының қолынан шыққаннан кейін ғана қимылды бастау 

керек.  Дəлірек  айтқанда,  доп  берудің  биіктігі  мен  жылдамдығы  бастапқы  жолмен 

анықталады.  Жүгіріп  келу  екпіні  баяу,  соңына  қарай  жылдамдығы  артып  жəне  тез 

секірумен орындалатын болады.  

Орташа  биіктікте  доп  беруді  орындайтын  шабуылшы  қимылды  доп  беруші 

ойыншының саусағында жатқан сəтте бастайды. Жүгіріп келу екпіні жылдам, тез секірумен 

орындалатын болып келеді.  

Төменгі биіктікте доп беруді орындайтын шабуылшы қимылды соққыға доп беретін 

ойыншыда бергенге дейін доп болған жағдайда бастауы тиіс. Жүгіріп келу екпіні шапшаң, 

тез секірумен орындалады.  

Барлық жағдайда шабуылшы ойыншының торға жəне доп беруші ойыншыға дейінгі 

арақашықтық  жағдайын  ескеру  керек.  Кейде  тұрған  орнында  соққыны  орындауға  тура 

келеді. [3] 

Ойыншы кез-келген соққы барысында секіру кезінде жақсы бағдар алып, əрдайым өз 

алдындағы допты сезінуі үшін ол шамамен допқа қол созым арақашықтықта секіруі қажет. 

Секіруді дұрыс орындаған жағдайда да (тікелей ұшуды мысалға алады) соққыны орындау 

үшін  қолайлы  алға  қарай  қозғалатын  бірқатар  инерция  бар.  Егер  ойыншы  допқа  қарай 



177 

 

жақын  орында  секірсе  (кері  тебілсе),  онда  соққыны  орындау  үшін  қолайсыз  жағдайда 



болады. Бұл  шабуылды «көрмей» орындау себептерінің бірі. Сонымен қатар ойыншылар 

шабуыл  барысында  түрліше  амалдар  жасай  алмайды.  Оқыту  барысында  төмендегі 

жаттығуларды орындау ұсынылады. 

  1. Алдыңғы жəне шабуыл сызығындағы доп беруші ойыншылар арасындағы өзара 

іс-қимылдар. Добы бар шабуылшы шабуыл сызығында 4 (2) аймақта, доп беретін ойыншы 

3 аймақта орналасады. Шабуылшы екінші доп берумен соққы береді. Доп беретін ойыншы 

шабуылшыны  үнемі  бақылауында  ұстап,  кез-келген  жолмен  соққы  үшін  доп  беруді 

орындауға  арналған  бірінші  доп  берудің  сапасы  да  осыған  байланысты.  Доп  беретін 

ойыншының іс-қимылын оған допты дəл бермей күрделендіруге болады.  

Ойыншылар  арасындағы  өзара  əрекет  олардың  өзара  түсіністігі  мен  іс-қимыл 

үйлесімділігін қарастырады. Доп беруші өзінің мүмкіндіктерін, сонымен қатар туындаған 

жағдайдағы шабуылшының іс-əрекеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, оған соққыны орындау 

үшін  қолайлы  жағдай  жасауы  керек.  Шабуылшы  нақты  жағдайдағы  доп  берушінің 

мүмкіндіктерін міндетті түрде ескеруі тиіс.  

Жаттығуды алаңның екі бөлігінде де бір мезгілде орындайды. Ойыншылардың орын 

ауыстыруы түрліше жүреді. Бір жағдайда шабуылшы 4 аймақтан соққы берілісімен келесі 

ойыншыға  доп  беруді  орындау  үшін  3  аймаққа  өтеді,  екіншісінде,  3  аймақта 

байланыстырушы  ойыншылар  тұрған  кезде  шабуылшы  соққы  берісімен  4  аймақтағы 

қатардың  соңына  барып  тұрады.  Байланыстырушы  ойыншылардың  орын  ауыстыруы 

жаттықтырушының белгі беруімен жүреді.  

Осыған  ұқсас  жаттығуларда  ойыншылардың  орын  ауыстыруы  да  осы  тұрғыда 

жүргізіледі.  Соққыны  айқын  бағытта  ғана  (аймақта)  ойыншы  жоқ  жерде  орындау 

қажеттігін  ескеру  керек.  Мысалы,  аталған  жаттығуда  соққыны  тек  алаңның  сол  жақ 

жартысына  бағыттау  керек.  Егер  оқушылар  бұл  тапсырманы  орындай  алмаса,  онда 

жаттығуды  тек  бір  бөлігінде  ғана  орындау  қажет,  бірақ  тез  3  аймақтағы  екі  шабуылшы 

ойыншылармен 4 жəне 2 аймақтардан шабуылдау керек.  

2.  Доп  берушінің  4  жəне  2  аймақтағы  екі  шабуылшымен  өзара  əрекеті.  Соққыға 

арналған  доп  беруді  əріптесіне  қарап  бастан  асыра  орындауға  болады.  Бұл  жаттығуды 

орындауға  артқы  сызықтың  ойыншыларын  да  қатыстыруға  болады.  Мысалы,  добы  бар 

ойыншылар  6  аймақтағы  беткі  сызықта,  доп  берушілер  3  аймақта  тордың  жанында, 

шабуылшылар  4  жəне  2  аймақтардағы  шабуыл  сызығында  орналасады.  Артқы  сызықтан 

допты  3  аймақтың  ойыншысына  бағыттайды,  одан  доп  беруді  4  жəне  2  аймаққа  қарай 

кезекпен  береді.  Орын  ауыстыру  түрліше  жүреді.  Егер  доп  беретін  ойыншы  3  аймақта 

тұрақты тұрса, онда 6 аймақтың ойыншылары соққы қайдан орындалғанына қарай 4 жəне 2 

аймақтарға  кетеді.  6  –  3  –  4  (2)  –  6  аймақтың  барлық  ойыншылары  бір-бірімен  орын 

ауыстыруы мүмкін. [2] 

Бұл  жаттығудың  келесі  нұсқасында  6  аймақ  ойынщылары  допты  қабылдайды,  оны 

алаңның қарсы бетінен алып, допты жаттықтырушыға лақтырады.   

3.  Шабуылшылар  3  аймақта,  доп  беруші  2  аймақта  тұрады.  Шабуылшы  2  аймақ 

ойыншысының  екінші  доп  беруімен  соққы  беруді  орындайды.  Ойыншылардың  өзара 

əрекеті  принципі  алдыңғы  жаттығудағыдай.  2  аймақтың  доп  берушісі  3  аймақтың 

шабуылшысымен  өзара  байланысып,  оның  артынан  бастан  асыра  соққы  беру  үшін  орын 

ауыстырады, сосын 4 аймақ шабуылшысымен байланысады.  

4 аймақ ойыншысы 3 аймаққа тез өтіп, төменгі доп берумен соққыны орындайды, ал 

3  аймақ  ойыншысы  доп  берушінің  артындағы  2  аймақта  жəне  4  аймақта  шабуылдауы 

мүмкін.  

Бұл жаттығуға допты доп берушіге бағыттайтын артқы сызық ойыншыларын да жəне 

допты алаңның қарсы бетінен лақтыратын ойыншыларды да қатыстыруға болады.  

4.  1  аймақтан  шығатын  ойыншының  екі  шабуылшымен  өзара  іс-əрекеті. 

Шабуылшылар  4  жəне  2  аймақтардағы  шабуыл  сызығында  орналасады.  Ойыншы  1 

аймақтан  екінші  доп  беру  үшін    шығады.  Торға  қарай  бірінші  доп  беруді  5,  6,  1 

аймақтардан  бағыттайды.  4  аймақ  шабуылшысы  өз  аймағында  жəне  3  аймақта,  2  аймақ 

шабуылшысы  доп  берушінің  артында  жəне  оның  алдында  соққы  орындай  алады.  Бұл 

жағдайда  шабуылшылар  да  өзара  байланыса  алады.  Мұнда  шабуылшы  доп  беруші 



178 

 

ойыншының, өз əріптесі-шабуылшының іс-қимылын бақылауда ұстауы маңызды. Мысалы, 



егер  2  аймақ  шабуылшысы  алға  шыққан  ойыншының  алдына  соққы  үшін  шықса,  онда  4 

аймақ ойыншысы тордың шетінен жартылай көзделген доп берумен шабуылдайды.  Егер 4 

аймақ ойыншысы төменгі доп берумен соққы беру үшін доп берушімен орын ауыстырса, 

онда  2  аймақ  ойыншысы  алға  шыққан  ойыншының  артқы  жағынан  шабуылдайды.  Алға 

шыққан  ойыншылардың  өзара  əрекеті  4,  3,  2  аймақтағы  барлық  шабуылшылар  үшін  де 

бірдей  болады.  Мысалы,  4  аймақ  ойыншысы  3  аймаққа  өтеді,  ал  3  аймақ  ойыншысы  4 

аймаққа  қарай  қиылыса  ауысады.  Мұнда  алдымен  төменгі  доп  берумен  соққыны 

орындайтын немесе қарсыласының назарын өзіне аударатын ойыншы өтеді (бұл жағдайда 

4 аймақ ойыншысы).  

5. 3 жəне 2 аймақтың шабуылшылары өз аймақтарында шабуылды орындап, сонымен 

қатар  басқа  аймақтарға  орын  ауыстыруы  мүмкін.  Мұнда  екі    шабуылшы  да  бір  аймақтан 

соққы беруі мүмкін болатын жағдайлар кездеседі, ол шабуылшы мен алға шыққан ойыншы 

арасында  өзара  байланыс  болуын  талап  етеді.  Демек,  3  аймақ  ойыншысы  алға  шыққан 

ойыншының  алдында  төменгі  доп  берумен  соққы  беруге  шығады,  ал  3  аймақ  ойыншысы 

орташа доп берумен осы аймақта шабуылдайды (3 аймақ). [4] 

Екі  ойыншы  да  əріптесінің  аймағында  шабуылдайтын  жағдайлар  кездеседі,  яғни  3 

аймақ  шабуылшысы  2  аймақта  ойнайды  немесе  керісінше.  Бұл  жаттығуларды  əдетте 

алаңның  бір  бөлігінде  ғана  орындайды.  4,  3,  2  аймақтарда  2-3  шабуылшыдан  орналасуы 

мүмкін.  Соққыны  орындаған  ойыншы  кез-келген  қатардың  соңына  барып  тұрады. 

Шабуылшылар өз аймағында жəне əріптесі аймағына орын ауыстырып соққыны орындауы 

мүмкін.  Көп  жағдайда  бастама  көтеруші  төменгі  доп  берумен  соққы  беру  үшін  тез  орын 

ауыстыратын  тəсілдік  айла-шарғыны  бастайтын  ойыншыға  тəн  болады.  Бұл  тəсіл  тор 

орталығында  жиі  қолданылады.  Алға  шыққан  ойыншыға  бірінші  доп  беруді  артқы 

сызықтың  кез-келген  аймағынан  орындауға  болады,  ал  ол  тұсқа  допты  алаңның  қарсы 

бетінен бағыттайды. Бұл ойын жағдайына жақындайды.  

6 жəне 5 аймақтардан доп беру үшін алға шыққан ойыншылармен шабуылшылардың 

өзара əрекетін көрсететін осыған ұқсас жаттығулар.  

6.  Соққы  беру  мен  артқа  шегіну  барысындағы  бірінші доп  берудегі  ойыншылардың 

өзара  байланыста  ойнауы.  Добы  бар  ойыншылар  алаңның  ортасында,  добы  жоқ  екі 

ойыншы шабуыл сызығындағы 4 аймақта орналасады. Ойыншылар 6 аймақтан соққы беру 

үшін допты 4 аймаққа береді, ол тұстан шабуыл соққысы орындалады. Соққыға арнап доп 

бергеннен кейін 6 аймақ ойыншысы тез 5 аймаққа кетеді, ал соққыны орындаған ойыншы 

допты алып, 6 аймақтағы қатардың соңына барып тұрады.  

Соққыға  арнап  доп  беруге  қойылатын  талаптар  доп  беруге  арналған  жаттығуларды 

кеңінен  қарастырған  тарауда  берілген.  Бұл  жаттығудың  басқа  да  түрлерін  пайдалана 

отырып, соққыға арнап доп беруші мен шабуылшылардың арасындағы өзара байланысты 

басқа аймақтарға орналастырумен орындап жетілдіруге болады. 

 

Əдебиеттер 



 

1.

 



Беляев А.В. Волейбол: Учебник. - Москва: 2002  

2.

 



Кумянский В.Л. Волейбол: О судьях и судействе, – Москва: 2002 

3.

 



Джаркешев З.А., Ильюшенко К.В. Игра в волейбол начинается в школе. - Алма-Ата: 

"Катан", 1987. 

4.

 

Ильюшенко  К.В.  Волейбол  в  Казахстане:  учебное  пособие  по  истории  волейбола 



Казахстана. - Алма-Ата: КазИФК, 1979. 

5.

 



Ильюшенко  КВ.,  Асарбаев  АК.  Подготовка.  квалифицированных  волейболистов: 

учебник  по  теории  и  методике  тренировки  волейболе.  -  Алма-Ата:  Изд.  Мин.  Обр.; 

КахССР, 1989. 

6.

 



Клещев Ю.Н., Фурманов А.Г. Юный волейболист. – Москва: "Физическая культура и 

спорт", 1979 

 

 


179 

 

ƏОЖ



 796.5 

 

ДЕНЕ МƏДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КƏСІБИ 

САПАСЫНА ТƏЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІ 

 

Алшынбаев К.И., Шыршықбаев С.А., Ермашова А.О

 

Аймақтық əлеуметтік инновациялық университеті, 



 

Резюме


 

В  научной  статье  расмотрены  результаты  экспериментальных  работ  профессиональных 

качеств студентов ВУЗ-а 

Summary 

 

In  the  scientific  article  reviewed  the  results  of  experimental  studies  of  professional  qualities  of 

students and higher education institutions 

 

Тəжірибелік-эксперимент  жұмысын  ұйымдастыру  барысында  алдымен  жүргізілетін 

жұмыстар жоспарланып алынды. 

1 .Эксперимент жұмысының жалпы мақсаты мен міндеттері; 

2.Эксперимент зерттеуін ұйымдастыру принциптері мен шарттары; 

З.Анықтау,  қалыптастыру,  бақылау  экспериментінің  мақсаттары,  ғылыми-

педагогикалық əдістері мен ұйымдастырудағы əдістемелік ерекшеліктер. 

Эксперименттің  мақсаты:  белгіленіп  алынған  педагогикалық  шарттардың  болашақ 

мамандардың  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдаланудағы  даярлығын  қалыптастыру  процесінің 

тиімділігіне ықпалын  эксперимент  жүзінде  тексеру  болды.  Мақсатты  айқындап  алу  бізге, 

эксперимент барысында шешімін іздестіретін міндеттердің сипатын анықтауға көмектесті: 

- кəсіби 

іс-əрекеттерде  студенттердің  даярлық  деңгейінің  өлшемдері  мен 

көрсеткіштерін айқындауға; 

- дəстүрлі оқу аясында кəсіби іс-əрекеттерде студенттердің нақты даярлық жағдайын 

жэне осы іс-əрекетті жұмыс істеп жұрген мамандардың жүзеге асыру деңгейін анықтау; 



саралап  көрсетілген  педагогикалық  шарттардың  студенттердің  кəсіби  іс-

əрекеттерде  пайдалануға  даярлығын  қалыптастыру  процесінің  тиімділігіне  ықпалын 

эксперимент жүзінде тексеру; 

- эксперимент  жұмысының  нəтижесіне  сүйене  отырып,  студенттердің  кəсіби  іс-

əрекеттерде даярлығын қалыптастыру бойынша ғылыми-əдістемелік ұсыныстар жасау. 

Педагогикалық  құбылыстарды  зерттеуде  эксперименталды  əдістерді  пайдалану 

тиімділігіне  принциптердің  жалпы  ғылыми  жəне  нақты-ғылыми  жүйесі  маңызды  ықпал 

етті.  Бұл  эксперимент  жұмысын  ұйымдастырып  өткізудегі  жалпы  талаптарды 

сипаттайды.[4] 

   Зерттеу жұмысымызда біз мына принциптерді тірек еттік: 

1.  Педагогикалық  құбылыстарды  біртұтас  зерттеу  принципі  (бұл  принцип:  жүйелі    

көзқарасты    пайдалануды;    педагогикалық    процесте    зерттеу кұбылысының орнын 

нақты айқындауды; зерттеу құбылысының қозғалысын ашып көрсетуді болжайды); 

2. Əділеттілік  принципі   (бұл  принцип:   əрбір  дəлелдемені   бірнеше əдістермен 

тексеруді;  зерттеліп  отырған  обьектідегі  өзгерістің  бəрін  белгілеп  отыруды;        өз   

зерттеуінің   мəліметтерін   басқа   зерттеу   мəліметтерімен салыстыруды болжайды); 

3.  Тиімділік  принципі  (бұны  принцип  деуге  де,  зерттеудің  негізгі  мақсаты  леуге  де 

болады). 

Бірінші  принципті  біз  студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  даярлау  жүйесін 

модельдеуде тірек еттік. 

Екінші  принципті  студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  даярлық  деңгейі 

иагностикасының  бағдарламасын  жасауда,  анықтау  жəне  қалыптастыру  экспериментінің 

нəтижесін талдауда негізге алдық. 

Үшінші  принципті  болжауды  анықтауда  жəне  талдауда,  сондай-ақ    эксперимент 

жұмысын  өткізудегі  жағдайларды  жоспарлауда,  алынған  зксперимент  мəліметтерін 


180 

 

бақылауда, талдау мен бағалауда тірек еттік. 



Студенттердің кəсіби іс-əрекеттерде даярлығын қалыптастыру əдістемесін құруда біз 

жалпы  дидактикалық  принциптерге  (саналылық,  белсенділік,  көрнекілік,  жүйелілік, 

бірізділік,  ғылымилық,  беріктілік,  түсініктілік,  теорияның  практикамен  байланысы), 

сондай-ақ  тұлғалық-бағдарлық,  əрекеттілік,  модульдік  сияқты  əдіснамалық  принциптерге 

(көзқарастарға) сүйендік.       

Эксперимент  барысында  алынған  нəтижелердің  дəлелділігі  көбінесе  эксперимент 

өтілген  ортадағы  жағдайларға  байланысты  болды.  Эксперимент  жұмысы  педагогикалық 

процестің  табиғи  жағдайында,  студенттердің  арнайы  курсты  меңгеру  барысында  жəне 

кəсіби практиканы өту барысында жүзеге асырылды. 

Эксперимент  жұмысы  Халыхаралық  қазақ  түрік  университетінде  үш  кезеңде 

(анықтау,  қалыптастыру,  бақылау)  жүргізілді.  Экспериментке  40  студент  қатысты,  оның 

20-сі эксперимент тобында, 20-і бақылау тобында.[3] 

Анықтау  эксперимент  барысында  студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануға 

даярлық  деңгейі  модельде  көрсетілген  төрт  компонент  (мотивациялық,  когнитивтік, 

эмоциональдық-еріктілік, рефлексивтік) бойынша анықталды. 

Студенттердің 

кəсіби 

іс-əрекеттерде 



даярлаудағы                                                                                                      

мотивациялық  кбмпоненттің  даму  деңгейі  төмендегідей  анкеттік  сұрақтар  мен 

педагогикалық байқаулар арқылы анықталды: 

1. Дене шынықтыру жəне спорт мамандарына теориялық жəне практикалық сапалар 

керек деп ойлайсыз ба? 

2. Дене шынықтыру жəне спорт мамандарына спорттық жаттығу керек деп санайсыз 

ба? 

  3. Дене шынықтыру жəне спорт мамандарына спорт технологиясын меңгеру қажет 



деп ойлайсыз ба? 

           4. Спорттық шұғылданушылық кезінде спорт түрлері көрінісін атаңыз. 

Студенттердің  сұраққа  берген  жауаптары  əртүрлі  болды.  Егер  оларға  қысқаша 

тоқталатын  болсақ,  мынадай  көріністі  байқауға  болады.  12-ші  сұраққа  эксперимент 

тобының  20  студенттің  67,2%,  адам  адамгершілік,  эстетикалық  тəрбие  беріп  ой  өрісін 

жетілдіреді деп жауап берсе, 32,8% жоқ, білмеймін деумен шектеледі. 1-ші сұраққа-57,9% 

студент  жоқ  десе,  24,2%-иэ,  17,9%-білмеймін  деп  жауап  берді.  16-шы  сұраққа-73,8%-

студент  жатаханада  тұрамын,  онда  төмен  деп  жауап  берсе-19,0%-иə,  7,2%-үйде  əке-

шешемен жанұяда орта деңгейде деп жауап берді. 

Жалпы  айтқанда,  анкета  сұрақтарын  өндеу  нəтижелері  студенттердің  бірінші 

компонент бойынша білім деңгейлерінің төмендігін көрсетті (Кесте 8). 

 

Кесте 2 - Студенттерді кəсіби іс-əрекеттерде мотивацияльщ компоненттің даму   



деңгейінің көрсеткіштері 

 

Компоненттер 



Эксперимент тобы-70, бақылау тобы-70 

 

 



Жоғары 

Жеткілікті 

Орта 

Төмен 


 

 

ЭТ 



БТ 

ЭТ 


БТ 

ЭТ 


БТ 

ЭТ 


БТ 

Мотивациялық 



14,53 



14 

30,64 


32,39 

54,83 


53,53 

181 

 

 

Сурет  2  -  Студенттерді  кəсіби  іс-əрекеттерде  мотивациялық  компоненттің  даму 

деңгейінің динамикасы 

Студенттердің  көпшілігінің  жауабы  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануы  төмен 

деңгейдегі  білімді  көрсетті.  Əсіресе  кəсіби  іс-əрекеттегі  мүмкіндіктерін  25,3%-студенттің 

түсінбеуі,  оның  мəні  мен  құрылымын  жəне  принциптерін  21,0%  студенттің  нашар 

меңгеруі, 9,7% студенттер кəсіби іс-əрекетте пайдалану əдістемесін білмеуі қалыптастыру 

экспериментіндегі талаптарды күрделендіруге түрткі болды. 

Студенттерді кəсіби іс-əрекеттерде орнатуға даярлаудағы когнитивтік компоненттің 

даму деңгейін анықтау бойынша жүргізілген анкеттік сұрақ нəтижелерін (Кесте-9) көруге 

болады. 


Кесте 3 - Студенттерді кэсіби іс-əрекеттерде когнитивтік компоненттің даму 

деңгейінің көрсеткіштері 

 

Компоненттер 



 

 

 



Жоғары 

Жеткілікті 

Орта 

Төмен 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


Когнитивтік 



9,08 

11,26 


33,87 

36,61  56,45 

52,13 

 

 

Сурет  9  -  Студенттерді  кəсіби  іс-əрекеттерде  компьютерлік  графиканы 



пайдаланудағы когнитивтік компоненттің даму деңгейінің динамикасы 

Кестедегі көрініс, эксперименттің басында эксперимент тобы мен бақылау тобының 

даму  деңгейі  бірдей  болғандығын  көрсетеді.  Студенттердің  көпшілігінің  жауабы  төмен 

деңгейді  (эксперимент  тобында-56,45%  студент,  бақылау  тобында-52,13%  студент), 

эксперимент тобының-33,87%, бақылау тобының-36,61% орта деңгейді көрсетсе, жеткілікті 

деңгейді эксперимент тобынан-9,68% студент, бақылау тобынан-11,26% студент көрсетті. 

Студенттердің кəсіби іс-əрекеттерде іске асыруға даярлаудағы эмоционалдық-еріктік 

компоненттің даму деңгейі де мынадай анкеттік сұрақтардың көмегімен жүргізілді: 

1.Өзіндік  тəрбиелеу  арқылы  дербес  жетілдіре  аласыз  ба?  (иə,  жоқ,  қажетсінбеймін). 

Егер жетілдірсеңіз, қандай бағытта? 

2. Кəсіби шеберлігіңізді қандай жұмыс формалары арқылы жетілдіресіз? 

4. Біліміңізді меңгеруге ынта-ықыласыңыз тұрақты ма? 

5.Кəсіби сапа орнату кезінде қандай əсерде боласыз? 

6. Жаттығушылармен іс-əрекетіңіз өз көңіліңізден шыға ма? 

11. Орындалған тапсырмаларды эмоционалдық сезіммен қабылдайсыз ба? 

Эмоционалдық-еріктік  компоненттер  бойынша  жүргізілген  анкеттік  сұрақтардың 

нəтижелерін (Кесте 10) көруге болады. 

Кесте    4    -    Студенттердің    кəсіби    іс-əрекеттерде    даярлаудағы эмоционалдық-



182 

 

еріктік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіштері 



 

Компоненттер 

 

 

 



Жоғары 

Жеткілікті 

Орта 

Төмен 


 

 

ЭТ 



БТ 

ЭТ 


БТ 

ЭТ 


БТ 

ЭТ 


БТ 

Эмоционалдық-еріктік 



6,46 



7,06 

40,32 


38,02 

53,22 


54,92 

 

 



Сурет  4  -  Студенттерді  кəсіби  іс-əрекеттерді  даярлаудағы  эмоционалдық-еріктік 

компоненттің даму деңгейінің динамикасы 

Кестедегі  көрініс,  студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  даярлаудағы  эмоционалдық-

еріктік  компоненттің  даму  деңгейі  көрсеткіштерінің  эксперимент  тобы  мен  бақылау 

тобында төмендігін бірдей екендігін көрсетті. Мысалы, төмен: эксперимент тобы-53,22%, 

бақылау  тобы-54,92%;  орта:  эксперимент  тобы-40,32%,  бақылау  тобы-38,02%;  жеткілікті 

эксперимент тобы-6,46%, бақылау тобы-7,06% көрсетті. 

Студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  даярлаудағы  рефлексивтік  компоненттің  даму 

деңгейі де алдыңғы компоненттер сияқты анкеттік сұрақтар бойынша анықталады. Анкета 

сұрақтары төмендегідей: 

1.Жаттығушылармен  қарым  қатынас  кезінде  ұлттық  мəденитті  элементтерін 

қолданасыз ба? 

2. Өзіңіздің ісіңізге баға бере аласыз ба? 

3. Сөйлеу мəдениеті спроттық жаттығуда басты рол атқарады деп ойлайсыз ба? 

4. этика ережелерін сақтайсыз ба? 

5.əдет ғұрып салт-дəстүрлерді сақтай білесіз бе? 

6. жаттығушының жас ерекшелігін ескере білесіз бе? 

7. өзіңіздің іс-əрекетіңізге пайдалануда дұрыс баға бере білесіз бе? 

         9. Кəсіби іс-əрекеттерде оңтайлы жүзеге асырудың жолдарын білесіз бе? 

Анкета сұрақтарының нəтижелері мына кестеде (Кесте 11) берілген: 

 

Кесте 5 - Студенттерді кəсіби іс-əрекеттерде даярлаудағы рефлексивтік компоненттің 



даму деңгейінің көрсеткіштері 

 

Компоненттер 



 

 

 



Жоғары 

Жеткілікті 

Орта 

Төмен 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


ЭТ 

БТ 


Рефлексивтік 



41,94 



43,66 

58,06 


56,34 

 

183 

 

 

Сурет  5-  Студенттерді  кəсіби  іс-əрекеттерде  мəдени  қарым-қатынасты  орнатуға 

даярлаудағы рефлексивтік компоненттің даму деңгейінің динамикасы Студенттердің білім 

деңгейлерінің  төмен  болуы,  біздің  пайымдауымызша,  мектептегі  оқу-тəрбие  процесінде 

жүйелі пайдаланылмауына, кейбір мектептерде оның тіпті болмауына жəне мұғалімдердің 

бұл  саладан  педагогикалық-əдістемелік  даярлығының  төмендігіне  байланысты.  Осының 

бəрін  ескере  отырып,  біз  осы  анықтау  экспериментінің  бірінші  кезеңінде  мектеп 

мұғалімдерінің  мəдени  қарым-қатынасты  орнатуға,  соның  ішінде  болашақ  дене 

шынықтыру  мен  спорт  мамандығы  студенттерінің  білім,  іскерлік,  дағды  деңгейлерін 

сауалнамалар арқылы анықтадық. Алынған деректер толығырақ  

болу үшін мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оқу процесінде пайдалану іскерлігін, 

тапсырмаларды орындаудағы кəсіби даярлығын бақыладық. 

Мұғалімдердің  анкеттік  сұрақтарға  берген  жауаптары  мен  жүргізген  сабақтарынан 

былайша  ой  түйіндеуге  болады:  мұғалімдердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануда  білімі 

төмен,  кəсіби  жəне  зерттеу  əрекетінде  пайдаланудың  жаңа  тұжырымдамасы  туралы 

көзқарасы  үстірт,  ақпараттық  идеяларды  практикада  пайдалануда  қиналады.  Көптеген 

мұғалімдер  оқу  əрекетінің,  оқушының  білімі  мен  іскерлігінің  мотивациялық 

диагностикасын, технологиясын нашар меңгерген. Мысалы, мектеп мұғалімдерінің 56,8%-

ы  мəдени  қарым-қатынасты  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануда  ең  аз  даярлық  деңғейін 

көрсетті. Бұл мұғалімдердің көпшілігінің жоғары оқу орнында арнайы курстарды мүлдем 

оқымағандығымен  түсіндіріледі.  Мектепте  бес  жылға  дейін  қызмет  істегендердің,  соның 

ішінде дене шынықтыру мен спорттан нақты білім алғандар кəсіби іс-əрекетте пайдалану 

тəжірибесінен  ең  аз  деңгейді,  яки  46,9%  көрсетсе,  жеткілікті  деңгей  тек  18,3%  боды. 

Сонымен  бірге,  жалпы  айтсақ  бұл  нəтижелер,  оқу  орнын  бітіргелі  отырған  студенттердің 

нəтижесінен соншама айырмашылығы жоқ. Бұның бəрі студенттерді кəсіби іс-əрекеттерде 

пайдалануға  даярлаудағы  дəстүрлі  жүйенің  тиімсіздігін  жəне  оны  жетілдіру  қажеттігін 

көрсетеді.[5] 

Біз  студенттердің  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануға  даярлық  деңгейін  анықтаумен 

бірге,  олардың  бүгінгі  жоғары  оқу  орындарында  даярлық  жүйесінің  ұйымдастырылу 

сапасына қанағаттанушылық деңгейін де зерделедік. 

Студенттердің  берген  жауабына  жасалған  талдау,  олардың  даярлық  деңгейінің 

жеткіліксіздігін  мойындайтынын  жəне  осы  іс-əрекеттің  тəжірибесін  кəсіби  тұрғыда 

меңгеруді  қажетсінетінін,  алайда  олардың  сұранысының  жоғары  оқу  орнындағы 

студенттерді  кəсіби  іс-əрекеттерде  пайдалануға  даярлаудың  бүгінгі  жүйесіне  байланысты 

шамалы қанағаттандырылатынын айғақтады. 




1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал