Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет11/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64

 

1.

 



Ə.Дербісалиев. "Қазақ даласының жұлдыздары" А.,1995.  

2.

 



Ə.Дербісəлиев. "М.Х.Дулати - Өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық" А.,1999.  

3.

 



Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. "Бабырнама" А.,1993.  

4.

 



М.Х.Дулати. "Тарихи Рашиди" А., 2003. 

5.

 



К.Пищулина, Н.Ағытай. "Тарихи Рашидидің" тəржімесі туралы. //Қазақ тарихы, 2004.  

 

ƏОЖ



 101. 8:316+37(574) 

 

АУДАРМАНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ    



 

Төлеген Ұ.Ш., Арынғазиева Б.Б.  

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 



педагогикалық институт, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме


 

 

В  этой  статье  описывается  процесс  становлении  переводческого  дело  и  о  его  связи  с 

возникновении языка 

Summary  

 

This article describes the process of the formation of the translation business and its relation to the 

origin of language 

 

 Аударма  қашан  пайда  болды  деген  сұраққа  нақты  жауап  беру  өте  қиын,  өйткені, 

аударма  тарихы  уақытта  ғана  емес,  сонымен  бірге,  кеңістікте  де  болады.  Көне  дəуірде 

аудармашылық  қызметтің  болғандығын  дəлелдейтін  тарихи  құжаттардың  табылуы 

аударманың  көне  заманда  əр  түрлі  тілдерде  сөйлейтін  халықтар,  тайпалар  немесе  т.б. 

этникалық топтардың арасында қатынасу қажеттілігі туындағаннан бастап пайда болғанын 

дəлелдейді.  Сонымен,  аударманың  пайда  болу  мəселесі  əлем  тілдерінің  пайда  болуымен 

тікелей  байланысты.  Тілдердің  пайда  болуы  туралы  кең  тараған  теориялардың  бірі 

моногенез  (грек.  monos  –  біреу,  genesis  –  туу)  болып  табылады.  Ол  теория  бойынша, 

адамзат  тілдері  о  баста  бір  сөзден  тараған.  Бұл  теория  адамның  пайда  болуының 

моногенезді  теориясымен  тікелей  байланысты.  Көптеген  антропологтар  мақұлдайтын  бұл 

теория  бойынша,  қазіргі  адам  түрі  –  Homo  sapiens  Жер  бетінің  бір  жерінде,  мүмкін 

Африкада, шамамен 100 мың жыл бұрын бірегей мутация нəтижесінде пайда болады. Осы 

уақытта  жалпы  адамзатқа  ортақ  тіл  де  туындаған,  сөйтіп,  бұдан  30-40  мың  жыл  бұрын 

ертедегі  адамдардың  көбейіп,  Африкалық  жəне  Еуразиялық  континентке  қоныстануының 

нəтижесінде ортақ тіл түрлі диалектілерге бөлінген. Демек, кезінде бастапқы ортақ тіл əр 

алуан  тілдерге  ыдыраған.  Тілдердің  көптүрлілігін  осылай  деп  болжамдау  қазіргі 

антропологтар мен лингвистерге де тəн.   

Түрлі  тілдердің  болған жағдайында  бірнеше  қоғамдық жүйелердің  қатар өмір  сүруі 

зат  алмасуының,  бірігіп  қызмет  етудің  немесе,  керісінше,  əскери  əрекеттер  жасалуының, 

бір  сөзбен  айтқанда,  «халықаралық  қатынастардың»  болғандығының  тұжырымдалуына 


77 

 

мүмкіндік  береді.  Көптілдік  жағдайында  қалыптасқан  мұндай  қарым-қатынастардың 



алғашқы аудармашыларсыз, яғни, басқа елдің тілін білетін адамдарсыз орындалмаған.  

Біз  Киелі  Жазу  мəтіндерінен  тілдің  пайда  болуы  мен  бөлінуінің  мифологиялық 

үлгісін  кездестіреміз.  Түрлі  замандарда  айтылған,  жазылған  əралуан  əпсана,  аңыз 

шығармаларды  «құдай  сөзі»  деп  уағыздайтын  еврейлердің  жəне  христиандардың  ортақ 

діни кітабы – Библияда əлемнің заттарға атау берудің нəтижесінде құрылғандығы туралы 

айтылған.  Басқаша  айтқанда,  есімін  айту,  нақтырақ  айтсақ,  атау  Құдайдың  əлемді 

жаратуының  негізінде  жатыр.  «Əуел  баста  Сөз  болған,  –  деп  жазылады  Иоанн  (Жохан) 

Евангелиесінде  (Ізгі  хабарда),  –  Сөз  Құдаймен  бірге  болған,    Сөз  Құдай  болған.  Ең 

алғашқыда-ақ  «Сөз»  Құдаймен  бірге  болған.  Бар  нəрсені  Құдай  «Сөз»  арқылы  жаратқан, 

жаратылған  еш  нəрсе  Онсыз  пайда  болмаған.  «Сөз»  өмірдің  бастауы  болған,  осы  өмір 

адамзат  үшін  Нұр  болған.  Нұр  түнектің  ішінде  жарқырайды,  ал  түнек  Нұрды  жеңе  алған 

емес» (Иоанн, 1:1) [1, 48 б.]. Құдайдың əлдеқайда маңызды объектілерге ғана ат бергендігі 

қызығушылық  тудырады:  ол  жарықты  күн  деп,  қараңғыны  –  түн  деп,  қаттыны

 

–  аспан, 



құрылықты  –  жер  деп,  судың  жиналған  жерін  –  өзен  деп  атайды.  Жер  бетіндегі  тірі 

жандарды айтатын болсақ, оларға ат беруді Құдай Адамға тапсырды. Осылайша, Сөз, яғни, 

тіл  дүние  бастамасының  негізіне  немесе,  нақтырақ  айтсақ,  адамның  қоршаған  ортаны 

тануының  негізіне  айналады.  Басқаша  айтқанда,  сананың  пайда  болуы  тілдің 

қалыптасуымен қатар жүреді.  

Інжілдік мəтін, сонымен бірге, моногенез теориясы мен тілдердің кейінгі бөлінісіне 

дəлел  келтіруімен  де  қызықты.  Бізді  қызықтырып  отырған  оқиға  Библияда  келесідей 

берілген:    Содан  бері  Вавилон  көптілділік  бейнесі  ретінде  көзге  елестетіледі.  Қазіргі 

заманғы  аудармашылар  үшін  Вавилон  –  олардың  мамандықтарының  символы. 

Аудармашылардың  Халықаралық  федерациясы  BABEL  деп  аталады.  Көне  еврей  тілінде 

бұрындары  Вавилон  осылай  аталған  болатын.  Вавилондық  мұнара  рəмізі  аудармаға 

арналған  кейбір  кітаптардың  беттерінде  кездесіп  тұрады.  Вавилон  туралы  аңыз 

лингвистикалық  тұрғыдан  да  қызықты,  өйткені,  Библияда  мифологиялық  тұрғыдан 

түсіндірілген  Вавилон  атауының  этимологиясы  тілдердің  араласып  кетуі  туралы  аңызға 

негіз  бермейді.  Көне  ивритте  BABEL  сөзіне  үндес,  «шатастыру»  дегенді  білдірген  етістік 

формасы  [bil’bel’]  деген  болған.  Қала  атауының  библиялық  түсіндірмесінің  негізінде  нақ 

осы ұқсастық жатыр. Алайда, Вавилон туралы библиялық мифтің негізінде ірі мұнараны – 

зиккуратты,  «бабылдық  бағананы»  салу  тұсындағы  «Бабылдық  сабылыс»,  «Бабылдық 

топыр»  фактісі  жатыр  деп  тұжырымдауға  да  негіз  бар.  Киелі  бағананың  ерекше 

космогониялық  қызметі  болған:  ол  жоғарғы  əлемге  өтер  «қақпаны»  білдіріп,  аспанмен 

байланысты қамтамасыз еткен.  

Вавилония астанасы Вавилонда салынған мұнаралар мен ғибадатханалар Ғарыштық 

тауды  білдіріп,  «Үй  Тауы»,  «бүкіл  Жерлердің  Үй  Тауы»,  «Аспан  мен  Жер  арасындағы 

Көпір» [2, 33 б.] деп те аталды. Жеті планетарлық аспанды білдірген жеті қабаттан тұратын 

зиккураттың  шыңына  көтеріле  отырып,  діндар  Ғаламның  шыңына  жеткендей  болған. 

Басқаша айтқанда, мұнара – Аспан мен Жердің арасындағы байланыстырушы буын болып 

есептелінеді.  Вавилониялық-ассириялық  немесе  ассириялық-вавилондық  деп  аталатын 

аккадтық  тілде  Құдай  Қақпасы  деген  мағынаны  беретін  Bаb-ilu  сөзі  болған.  Бұл  сөз 

Вавилон  қаласының  осылайша  аталуына  мұрындық  болған.  М.Элиаденің  байқауынша, 

«Вавилонның көптеген атауларының ішінде «Аспан мен Жердің бастау алатын тұсындағы 

Үй», «Аспан мен Жер арасындағы Көпір» деген атаулар болған көрінеді [3, 48 б.].

  

Палестинадан  бабылдық  патша  II  Навуходоносор  қуған  жəне  күшпен  Вавилонияға 



жер  аударылған  еврейлердің  (вавилондық  тұтқын  б.э.д  586-539  жж.)  мұнараның 

салынуынан өздерін бодан еткен жандардың тəккапарлығы  көрінісін байқағандығы туралы 

тұжырым жасауға болады. Ал, Вавилон қаласын тарихшылар көпұлтты жəне көптілді деп 

есептейді.  Осылайша,  жаулап  алушылардың  менмендігі,  көне  иврит  пен  көне  аккадтық 

тілдердегі  сөздердің  дыбысталу  ұқсастықтары  (bil’bel’=Bаb-ilu)  мен  көптілділік 

Вавилондағы тілдердің араласуы туралы библиялық мифтің негізіне айналуы мүмкін. 

Көне  Өсиет  мəтіндерінің  б.э.д.  XII-II  ғғ.  жататындығы  баршамызға  белгілі.  Бізді 

қызықтырып  отырған  миф  вавилондық  тұтқын  кезінде  жазылғандығы  туралы  тұжырым 



78 

 

жасауға  мүмкіндік  береді.  Аударма  туралы  алғашқы  тарихи  деректер  туралы  айтатын 



болсақ, олар аударманың шығуын б.э.д үшінші мыңжылдыққа жатқызады. Аударма туралы 

бізге  жеткен  ескерткіштердің  ең  көнесі  асуандық  жазбаларда  мысырлықтардың  Ніл 

жағалауындағы  арал  –  Элефантинаны  мекен  ететін  князьдар  арасынан  шыққан 

аудармашылары  болғанына  сілтеме  бар.  Нубийліктер  мен  мысырлықтар  көршілес  тұрған 

бұл  шекаралық  аймақта  аудармашылық  қызметтің  негізін  қалаған  екітілділік  дамыған. 

Аудармашылар  мысырлықтар  мен  Синайдың  семиттік  халық  қоныстанған  мыс  қоры  бар 

аудандарда  да  болған.  Аудармашылар  əскери  сапарларға  қатысып,  сауда  керуендерімен 

бірге жүріп отырады екен [4 , 157-184 бб.].

 

 

Ежелгі Мысырдағы жазбаша аудару туралы б.э.д. 2500 жыл бұрынғы көне папируста 



жазылған  аңыз  дəріптейді.  Онда  қайсыбір  пақырға  медицина  құдайымен  теңдестірілген 

Имхотептің  ғажайыптары  туралы  мысырлық  кітапты  грек  тіліне  аударуға  тапсырма 

берілгендігі  туралы  айтылады.  Аудармашы  жалқау  болғандықтан  жұмыс  өте  баяу  жүріп 

отырыпты. Сонда Имхотеп əлгіге ауру жіберіп, қолына кітап ұстағандай болып оның түсіне 

кіреді. Аудармашы түсінде жіберілген аянды дұрыс түсіне қояды да, аударма жұмысын тез 

арада бітіріп, сауығып кетеді [5 , 184 б.]. Неғұрлым біз тарихи материяға үңіліп тереңдеген 

сайын, соғұрлым ол қойыртпақтана түскендей болып көрінеді. Сол бір қойыртпақ тарихи 

өткен кезеңде ғасырлар мен тіпті мыңжылдықтардың өзі біздің жылдар мен айлар сияқты 

қабылданады. Шынында, кейбір деректерде, Имхотеп шынайы тарихи тұлға, сəулетші жəне 

Джосер фараонның министрі болған деседі. Оған ақыл, медицина мен магияның жартылай 

құдайы деп табынатын болған. Көне грек тілін айтар болсақ, оның қалыптасуын тек б.э.д. 

XVII ғасырға, ал жазбаша түрінің пайда болуын, тіпті, одан да кейінгі уақытқа – б.э.д. IX-

VIII  ғғ.  жатқызады.  Мүмкін,  сөз  грек  тілі  емес,  б.э.д.  II  мыңжылдықтың  ортасынан  бері 

қалыптасқан  финикиялық  тіл  туралы  болған  шығар,  алайда,  ондай  тарихи  болжамдардан 

бас тартқан жөн.  

Аудармашылық қызметтің б.э.д. III мыңжылдықтан бері келе жатқандығын Ассирия 

астанасы  Ниневияның  кітапханасынан  табылған  сазды  тақтайшалар  да  дəлелдейді. 

Ассириялық патшалар арасында алғашқы болып хат танығандардың бірі – Ашшурбанипал 

(б.э.д.  669-633)  өз  сарайларының  біреуінде  бүкіл  көне  вавилондық  жəне  шумерлік 

жазбаларды  жинақтауға  бұйрық  береді.  Сонда  əлемдегі  ең  алғаш  кітапхананың  басым 

бөлігін  шумерлер  мен  вавилондықтар  аудару  үшін  қолданған  көптілді  сөздіктер  құраған 

екен. Ең көнелері өз ерліктерін империяның түрлі тілдерінде мадақтауды ұнатқан Саргон 

Аккадскийдің (б.э.д. 2872-2817 жж.) билік еткен кезіне сəйкес келеді.  

Ұлы  грек  өркениеті  қоғамның  аудармашыларға  қатынасын  көрсететін  маңызды 

деректер қалдырмады. Бізге гректерді аудармашылық қызмет қаншалықты қызықтырғанын 

көрсететін  ешбір  жазбалар,  тіпті,  айтылған  ұлағатты  сөздер  де  жеткен  жоқ.  Ежелгі 

гректердің  тілі,  тілдік  мəдениеті  мен  əдебиетінің  кемелдігін  ескерсек,  алғашқыда  бұл 

жағдай  парадоксалды  болып  көрінуі  мүмкін.  Алайда,  тарихшылардың  тұжырымдары 

бойынша,  нақ  сол  себептен  де,  яғни,  тілі  мен  əдебиетінің  жоғары  дəрежеде  дамуы 

себебінен  де  ежелгі  гректер  басқа  елдердің  тілдерінен,  əдебиеті  мен  мəдениеттерінен  бас 

тартқан.  Оны  ұлттық  тəккапарлық  пен  гректердің  өзгелерден  тыс  жаратылысына  деген 

сенім  туғызған  көрінеді.  Басқа  тілдерді  олар  варварлық  тіл  деп  есептеді.  Βarbaros  – 

варварлық  деген  грек  сөзінің  этимологиялық  негізінде  басқа  тілдерге    кемсітумен  қарау 

жатыр: сөз құрылымының негізінде, гректердің айтуынша, басқа елдердің тұрпайы, анық та 

əсем  емес,  бырылдақ  тілдерін  дəл  келтіретін  ономатопея  [бр,  бр]  жатыр.  Ұлттық 

өркөкіректігі мен өзінің тілдік мəдениетін жоғары деп білуіне сай, гректер басқа варварлық 

елдердің шығармаларын аударуға аса ұмтыла қоймаған. Керісінше, олар грек тілі мен грек 

əдебиеті басқа елдер үшін үлгі мен аударма көзіне айналуға тиіс деп есептеді. Сондықтан 

болар, аударма ежелгі эллиндер арасында аса үлкен құрметке ие болмаған сияқты. Бүгінгі 

күні көне гректердің аудармаға деген қатынасын біржолата анықтап айту қиын, өйткені, ол 

туралы  ешбір  дерек  жоқ.  Мүмкін,  аудармашылық  қызметтің  тəжірибесі  суреттелген 

деректердің жоқтығы гректердің аудармаға деген немкеттілігінің дəлелі де шығар. Өйткені, 

гректердің ғылыми қызығушылықтары туралы мағлұмат беретін риторикаға, философияға, 

математикаға  жəне  т.б.  қатысты  еңбектері  бүгінгі  күнге  дейін  жетті  емес  пе?!  Осыдан 



79 

 

аудармашыға  екінші  дəрежелі  тұлға,  делдал,  басқалардың  айтқанын  қайталайтын  адам 



ретінде кемсітумен қарау нақ осы Ежелгі Грецияда қалыптасты деп тұжырымдауға болады. 

Алайда,  гректердің  мифологиясында  Гермес  деген  құдай  болған.  Ежелгі  Грецияның 

Орфикалық  мифтерінің  бірінде  Гермес  туралы  «барлық  тілдердің  аудармашысы», 

аудармашылардың атасы деген сөз бар. Герместің рəміздік атрибуттары ретінде ойлау мен 

тапсырмаларды  орындау  жеделдігін  білдірген  қанатты  тымақ  пен  қанатты  сандалийлер 

(жазға  киер  ашық  аяқ  киім)  болғаны  баршаға  мəлім.  Кейде  оны  өз  айтқанын  оң  қолын 

көтеріп  түсіндіргендей  кейіпте  бейнелейді.  Гермес  адамдарға  өз  ойларын  сөз  арқылы 

жеткізуді  үйретіп,  Олимп  құдайлары  мен  адам  арасындағы  дəнекер  ретінде  адамдармен 

əрдайым  қарым-қатынаста  болып  тұрды.  Гермес  туралы  мифте,  ең  алдымен,  оның  құдай 

бола тұра делдалдық қызмет атқаруы жəне ойды интерпретациялауы (талдауы), демек, 

ойды  сөзге  айналдыра  білу  қабілеті  назар  аудартады.  Алайда,  Гермес  –  өте  қайшылықты 

тұлға.  Оны  саяхатшылар  да,  саудагерлер  де,  сөзге  шешен  –  ораторлар  да,  олармен  бірге, 

ұрлықшылар  да  құрмет  тұтқан.  Алдамшы,  бүлдіргіш  жəне  адамдарға  от  ұрлап  апарып 

берем деп Олимптен өз қылықтары үшін қуылған ұрлықшы Герместің қалай дегенмен де 

көптің  көңілінен  шыға  білетін  қасиеті күмəнсіз  болатын.  Олимп  онсыз  қараңғы  жəне  бос 

болып  қалғандықтан,  Зевс  оны  өзінің  өкілі,  делдалы,  елшісі  мен  жаршысы  етіп 

тағайындады.  «Желаяқ  құдай  лезде  бүкіл  бұйрықтарды  орындап  қоятын,  өте  епті,  кез 

келген жағдайда – тапқыр, ал керек болған кезде – жасырында жабық жан бола қоятын» [6, 

78  б.].  Ежелгі  мүсіндер  Герместі  хламидасы  (гректердің  жалаңаш  арқаға  іле  салатын 

жапқыш шапаны) қалай болса солай киілген жас жігіт ретінде бейнелейді.  

Қазіргі аударма теориясында түсіну, бастапқы сөз мəтінінің мазмұнын ашу сатысын 

белгілеу  үшін  қолданылатын  талқылау,  интерпретациялау,  түсіндіре  білу  қабілетін 

білдіретін герменевтика сөзінің түбірі Гермес құдайдың атынан құралады. Гермес – мəңгі 

өлмес  жəне  мəңгі  жас.  Өйтпесе,  ол  өз  күшін  толығымен  сарп  етіп  жұмсап  бітер  еді. 

Өйткені, күндіз ол түрлі құдайларға қызмет етуі керек, ал түнде адасқандарға жол сілтеп, 

өлгендердің жандарын жер астына, Аид патшалығына шығарып салуға міндетті еді. Шын 

мəнісінде,  Гермес  бойында  аудармашының  барлық  қасиеттері  шоғырланған.  Гермес  – 

қызыл  тілдің  құдайы.  Ол  –  тек    епті  жəне  айлакер  ғана  емес,  сонымен  бірге,  ақылды  да 

еңбекқор тұлға рəмізі. Нақ осы Гермес, аңыз бойынша, сандар мен алфавитті ойлап тапқан 

болатын.  Бірақ,  ең  бастысы  –  ол  өз  білгенінің  бəрін  адамдарға  үйретті.  Жазу  көптеген 

халықтарға  аударма  арқылы  жетті.  Бүгінде  де  аудармашы  көпшілік  үшін  жас 

мөлшеріне  қарамай,  ұшып  жүретін,  кез  келген  уақытта  өзінің  басты  міндеті  –  сөздерді 

интерпретациялаудан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыра  білетін,  барлығын  орындауға  дайын 

адам болып елестейді. 

Аударманың  алуан  түрлері  туралы  алғашқы  ойлар  (Цицерон  мен  Гораций), 

аударманың  риторикалық  жаттығу  ретіндегі  маңызы  туралы  алғашқы  пікірлер  (Цицерон, 

Квинтилиан),  еркін  аударманы  алғашқы  ақтау  мен  негіздеулер  (Иероним),  аудармаға 

арналған  алғашқы  трактаттар  (Э.Доле),  алғашқы  машиналық  аударма  жəне  тағы 

басқаларының  барлығы  адамзат  мəдениеті  тарихындағы  аударма  ісіне  деген  мүдделі 

қызығушылықтың жемісі. Аударма тарихының үзік-үзік бейнеленуінің тарихилығы сонда, 

олар  аударманы  адамзат  қоғамының  əлеуметтік  өмірінің  тарихындағы  басқа  оқиғалар,  ең 

алдымен,  тіл  мен  мəдениетке  байланысты  оқиғалар  негізінде  қарастырған.  Сондықтан, 

Цицеронның  аударма  туралы  айтқан  ойлары  оның  антикалық  кезеңде  жазылғандығы 

есебінен  емес,  оның  аударма  туралы  ойларының  латын  тілінің  грек  тілінен  көркемдік 

дəрежесінің кем еместігін дəлелдегісі келгендігімен де қызықты. Э.Доленің трактаты бізге 

Қайта  Өрлеу  кезеңінде  жазылғандығымен  емес,  сол  кезде  француз  тілі  латын  тілін 

ығыстыра  бастап,  оның  көптеген  қоғамдық  функцияларды  қамтамасыз  ету  мезетінде 

жазылғандығымен  қызықты.  Мартин  Лютердің  аудармашылық  тəжірибесі  Реформация 

кезіндегі  теологиялық  идеялар  трансформациясынан  гөрі  сол  уақыттағы  неміс  тіліндегі 

жоғарыда  аталған  процестерге  ұқсас  процестерге  қатыстылығымен  қызығушылық 

тудырады. 

Осылайша, аударма тарихы тіл мен мəдениет тарихы негізінде дамиды. 



 

80 

 

Əдебиеттер 



 

1. Киелі кітап. Тəурат. Жахан жазған Ізгі хабар. Стамбул: «Жаңа өмір» баспасы, 1994. -461 

б. 

2. Элиаде М. Священное и мирское. М.,2004. -216 б. 



4. Уорф Б.Л. Отношение норм поведения и мышления к языку. // Языки как образ мира. 

М.,2003. -416 б.  

 

ƏОЖ


 339.924(574

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ИДЕЯ  ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ 

САЯСАТТАҒЫ ІРГЕЛІ МƏСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ 

 

М.С.ТөлентаевА.ЖИбраимова   

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы,  Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В данной  научной  статье  рассматривается  евразийская идея как основное направление в 

интеграционной политике современного Казакхстана 

 

Summary 

 

In  this  research  paper  considers  the  Eurasian  idea  as  a  major  trend  in  modern  integration  policy 

Kazakhstana 

 

Еліміздің  тəуелсіздік  алып,  дербес  даму  жолына  түсуіне  байланысты  түрлі  саяси 



күштер мен ағымдардың, олардың жетекшілері мен идеологтарының халық санасын оятып, 

адамзаттың  ұлы  көшінен  қалмай  алға  жылжуына  сіңірген  еңбегін  ғылыми  тұрғыдан 

сараптап,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізудің  маңызы  арта  түсуде.  Мыңжылдықтардан  бастау 

алатын ұлы даланың көне шежірелері, əдетте өркениет атаулының кіндігі болып табылады. 

Ұлы далада салтанат құрған сан ғасырлық өркениет мемлекеттік тарихты жасады. Демек, 

Еуразия  атты  алып  құрлықтың  барша  мəдениеті  мен  өркениеті  ұлы  даламен  тығыз 

байланысты.  Сол  ұлы  даланы  мекен  еткен  дала  перзенттерінің,  оның  ішінде  қазақ 

халқының алдында жаңа мемлекет құру идеясы тұрды, халықтың оның күрделі мəселелерін 

үздіксіз шешуіне тура келді [1]. 

  Қазақстан мемлекеті заманауи мемлекетаралық қатынастарда өзінің тың идеясымен 

əлемді  өзіне  қаратты.  Елбасының  Еуразияшылдық  идеясы  жаңа  бағытта,  жаңа  тұрпатта 

өрбіді. Өткен ғасырдың екінші жартысында көрнекті ғұлама Лев Гумилевтің бастамасымен 

бірқатар  ғалымдардың  еуразияшылдық  ұғымын  ғылыми  кеңістікте  орнықтырғандығы 

белгілі.  Дегенмен,  бұл  философиялық  ұғым  ғалымдардың  хатында  теория  ретінде  келе 

жатқан  еді.  Осынау  асқақ  ұғымды  Нұрсұлтан  Назарбаев  саяси  аренаға  алып  шықты. 

Аталған формула тұтас құрлықты ұйыстырған ықпалдастық тұжырымдамасы ретінде тіпті 

жаңа  келбетке,  жаңа  сипатқа  ие  болды.  «Еуразиялық  Одақ  қажет.  Бұрынғы  Кеңес 

Одағының  республикаларын  біртұтас  қоғам  құруға  тарихтың,  тағдырдың  өзі 

дайындағандай.  Бізге  байланыс  пен  басқарудың  тетіктері  мен  тəсілдері  ортақ,  біздің 

менталитетіміз, бүкіл болмыстарымыз ұқсайды. Бір-бірімізге сенім білдіру маңдайымызға 

жазылған.  Біз  Одақ  деген  сөзден  қорықпауымыз  керек.  Жанымызда  Еуропалық  Одақ  та 

тамаша  өмір  сүріп  жатыр  емес  пе»  деген  еді  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  1994 

жылғы  наурыз  айында  М.  В.  Ломоносов  атындағы  Мəскеу  Мемлекеттік  университетінің 

ұстаздары мен ғалымдарының алдында сөйлеген сөзінде [2].  



81 

 

Еуразиялық  идеяның  басты  өзегі  экономикалық  қана  емес,  рухани  бірлікті  де 



лайықты деңгейде сақтай отырып, əр мемлекеттің өз идеясымен дамуына толық мүмкіндік 

беру  болып  табылады.  Идеяның  бағыты  дұрыс,  бағдары  айқын  болғандықтан  да  бұл 

бастамаға  белгілі  ғалымдар  мен  саясаткерлерден  бастап  қарапайым  еңбек  адамдарына 

дейін  қызу  қолдау  көрсетіп  келеді.  Сондықтан  да  бұл  идеяның  тарих  үшін  маңызы  зор 

болмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияны еріктілік пен теңдік негізінде жүзеге 

асыруды  ұсынды.  Тəуелсіз  мемлекеттер  қазірде  еуразиялық  интеграцияның  негізгі 

қатысушылары  болып  табылатындықтан,  бұл  мемлекеттер  еуразиялық  саясаттың  мықты 

жəне  ықпалды  субъектілері  болып  есептеледі.  Қай  кезде  де  Елбасының  авторлық 

идеясынан  туындап,  аз  уақыттың  ішінде-ақ  зиялы  қауым  мен  қарапайым  халықтың 

тарапынан мейлінше қолдау тапқан еуразиялық идея – Қазақстан тарихының жаңа беттері.  

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеясы алып құрлыққа өзінің 

өміршеңдігін дəлелдеді. Бұл жағдай Кеден Одағын, Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру 

барысында,  сонымен  қатар,  мемлекет  басшыларының  2015  жылға  қарай  Еуразия 

Экономикалық Одағын құру туралы шешімін қабылдау кезінде анық көрінді. Сол себепті 

идеяны 


қолдаушылардың 

саны 


уақыт 

өткен 


сайын 

артып 


келеді. 

         Елбасымыз  еуразиялық  интеграцияға  қатысты  əрбір  айтқан  сөзінде  кез-келген 

мемлекеттің  егемендігіне  қол  сұғылмайтынын,  əр  елдің  ішкі  шаруасына  ешкімнің 

араласуға  құқығы  жоқтығын  анық  көрсетіп  отырған.  Мұның  дəлелін  Мəскеудегі  ғылыми 

элита мен студенттер қауымының алдында оқыған дəрісінен басталық. Онда былай деген: 

«Еуразиялық  экономикалық  одақ  ТМД-дан  бөлек  қағидаттармен  құрылуы  тиіс.  Жаңа 

бірлестіктің  негізін  басты  екі  мəселе:  бірыңғай  экономикалық  кеңістік  қалыптастыратын 

жəне бірлескен қорғаныс саясатын қамтамасыз ететін ұлтүстілік орган құрауы керек. Бұл 

жердегі маңызды нəрсе, қалған мəселелердің барлығы, яғни, егемендікке, ішкі мемлекеттік-

саяси  құрылымға,  əр  қатысушының  сыртқы  саясаттағы  қызметіне  ешкімнің  қол  сұғуға 

қақысы  жоқ».    2004  жылдың  3  сəуірінде  Л.  Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-інде  сөйлеген 

сөзінде  интеграцияны  тек  бір  аспектімен  тұжырымдауға  болмайтынын  нақтылап  берді. 

«Осы  жылдарда  біз  ҰҚКҰ  сияқты  əскери,  ЕурАзЭҚ  сияқты  экономикалық  жəне  ШЫҰ 

сияқты  жалпысаяси  алуан  түрлі  интеграциялық  бірлестіктердің  жұмысын  көрдік.  Əр 

интеграциялық  деңгей  өз  міндетін  атқарады.  Бұл  идеяның  екінші  бір  аспектісі  –  əртүрлі 

жылдамдықтағы  интеграция.  Əуелде  бұл  туралы ойлағандар аз.  Интеграция  бола  ма, жоқ 

па  деген  екінің  бірін  таңдау  тұрғандай  ғана  көрінетін.  Бірақ,  нақты  тұжырым  əртүрлі 

елдердің  интеграцияға  дайын  немесе  дайын  еместігімен  өлшенеді»  деді  Елбасы.  Сайып 

келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың əр жылдары сөйлеген сөздеріне ұқыптылықпен үңілген 

адам  бұған  бірден  көз  жеткізеді.  Мысалға,  2009  жылы  19  наурызда  «Известия»  газетінде 

жарық  көрген  «Евразийский  Союз:  теория  и  реальность»  атты  мақаласында  былай  деп 

жазады:  «15  жыл  бұрын,  мен  Еуразиялық  одақ  құру  туралы  бастама  көтердім.  Ол 

тұжырымдама  ерікті,  тең  құқылы  интеграцияға,  посткеңестік  мемлекеттердің  бірлескен 

саяси-экономикалық  дамуына,  жаһанданған  əлемде  ТМД  елдерінің  беделін  нығайту 

ұстанымдарын күшейтуге негізделген. Əрине, алғашында бұл идеяны жұрттың бəрі бірдей 

түсінген жоқ. Бəлкім, ол заңдылық та шығар. Себебі, тəуелсіздік алған алғашқы жылдары 

ТМД-ның  барлық  мемлекеттері  ұзақ  күттірген  егемендіктен  масаттануды  басынан 

кешіргені  мəлім.  Алайда,  уақыт  өте  келе  бұл  идея  өзінің  өміршеңдігін  жоғалтқан  жоқ. 

Керісінше,  жылдар  өткен  сайын,  ол  ТМД  елдерінің  саясаткерлерінің  де,  қоғамдық 

орталарының да кең қолдауына ие болды». [3] 

Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық процестерді 

алсақ,  олар  еуразияшылдықтың  табиғи  терең  мəнін  көрсетеді.  Н.Ə.  Назарбаевтың 

Еуразиялық  одақ  идеясы  саяси  немесе  жалаң  сыртқары  ойларға  емес,  Еуразия 

халықтарының  мəдениеті  мен  болмысының  іштей  жақындығы,  славяндар  мен 

тұрандықтардың  іс  жүзіндегі  ішкі  менталитеттік  бірлігіне  негізделген.  Еуразиялық  одақ 

мақсаты  сырттап  өмір  сүру  мен  басымшылдықты  жоққа  шығарады,  өйткені  еуразиялық 

«жинақтаушылық»  əртүрлі  тектер,  мəдениеттер  мен  елдер  арасындағы  оқшау  қатынасты 

емес,  достық,  яғни  үйлесімді  қатынасты  білдіреді  [4].  Шынайы  қоғамдық  процестерді 



82 

 

идеологиялндыру  əсіресе  Еуразия  халықтарының  рухани  саласында  көрініс  береді, 



олардың  социализм  құру  процесіне  зорлап  араластырып,  барлық  этностар  үшін  біркелкі 

көзқарас  қалыптастыруға  күш  салынған  болатын,  ол  қоғамдық-экономикалық  өмірдің 

барлық  құбылыстарында  мақсатқа  сəйкестіліктің  кепілі  ретінде  қарастырылады.  Еуразия 

кеңбайтақ кеңістігінде  1980  жылдардың  аяғы  мен 1990 жылдардың  басында  болып  өткен 

оқиғалар жəне интеграция процесі еуразиялық социалистік лагердің зорлықпен орнағанын 

жария етті. Кеңес кезеңіндегі қоғамдық дамудың табыссыз тəжірибесі еуразиялық идеяның 

көп  түрлілігін  дəлелдеп  жəне  оның  қолайлы  балама  моделін  іздеуді  қажетсінетінін 

айғақтады,  сол  моделдердің  ішінде  тəуелсіз  Қазақстан  өзінің  лайықты  орынын  таба  білді 

[5]. 

Тəуелсіздік алуымен байланысты Қазақстанның алдынан, шын мəнінде, болашақтағы 



өркениетті  дамудың  үш жолы,  үш  мүмкіндігі  тұрған  еді. Біріншісі  -  батыстану,  біртіндеп 

батыстық үлгіге бой ұруға деген құлшыныс. Екіншісі – шығысқа, мұсылман əлеміне бағыт 

ұстау.  Ал  үшіншісі  –  Батыс  пен  Шығыстың  жетістіктерін  жəне  сонымен  қоса  тарихи 

тəжірибесі мен тарихи-мəдени дəстүрлерін, сондай-ақ қазіргі геосаяси шындықты ескеретін 

өзіндік үлгі қалыптастыру болатын [6]. 

Американдық  саясаттанушы  З.  Бжезинский  Қазақстанның  стратегиялық  зерттеулер 

институтында  сөйлеген  сөзінде  екі  мəселеге  көңіл  қойған.  Олар,  біріншісі,  КСРО-ның 

құлау  себебі,  ондағы  қордаланған  мəселелердің  барлығы  догматикалық  түрде  жоққа 

шығарылды.  Бүкіл  жүйе  ұйымдасқан  түрде  өзін-өзі  алдау  негізінде  құрылды.  Екіншісі, 

американдық  қоғамдық  пікір  бойынша,  Кеңестік  империяның  құлауымен  тəуелсіздігін 

алған  мемлекеттердің  ішінде  Қазақстан  беделі  жоғары  елдердің  бірі  ретінде 

қарастырылады [7]. 

Қазақстан  -2030  Стратегиясында  «Қазақстан  Еуропаның  кішкентай  болса  да  бір 

бөлігі,  тарихи  тұрғыдан да  біз Батыс  өркениетіне  ұмтыламыз  дейді  біреулер.  Біз көбінше 

азиялық  елміз,  сондықтан  «жолбарыстардың»,  Жапонияның,  Кореяның  тəжірибесін 

ұстануға  тиіспіз  дейді  екінші  біреулер.  Біз  ресейлік  менталитет  пен  ұжымшылдық 

принциптерін  бойымызға  терең  сіңірдік,  сондықтан  біздің  таңдауымыз  Ресейдің 

таңадауына  сай  болуға  тиіс  дейді  үшіншілер.  Төртінші  біреулер  біздегі  халықтың  басым 

көпшілігі  мұсылмандар,  сондықтан  біз  жаңа  түркі  моделін  негізге  алуға  тиіспіз  деп 

дауласады.  Ғажабы,  бұлардың  барлығының  айтқаны  ақиқат  жəне  сонымен  бір  мезгілде 

олардың  барлығы  қателеседі.  Біз  -  өзіміздің  белгілі  тарихымыз  бен  өзіндік  болашағымыз 

бар  еуразиялық  елміз.  Сондықтан  біздің  моделіміз  басқа  ешкімнің  моделіне  ұқсамайтын 

болады. Ол өз бойына əртүрлі өркениетердің жетістіктерін сіңіреді» -деп атап көрсетілген. 

Н.Ə.  Назарбаев  біздің  бірінші  мүмкіндігіміз  Еуразия  аймағындағы  жолдардың 

түйiскен  торабында  орналасқан  географиялық  жағдайымыздан  туындайды дейді.  Əлемдiк 

экономикалық  жəне  саяси  процестердiң  ауқымдану  процесi  осы  факторды  түйiндiлерiнiң 

қатарына қосады. Бiздiң бабаларымыз түркi халықтарының бiртұтас отбасы құрамында осы 

маңызды стратегиялық факторды өздерi үшiн тиiмдi пайдалана бiлдi. Атақты Жiбек жолы 

бойымен Еуропа жəне Азия елдерi арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған 

болатын.  Бүгiн  бiз  осы  арнаны  аймақтағы  басқа  елдермен  ынтымақтаса  отырып  жəне 

əлемдiк  қоғамдастықтың  қолдауымен  қалпына  келтiре  бастадық.  Сөз  жоқ,  келешекте 

Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесi мен адамдардың көшi-қоны ұлғая 

түседi.  

Н.Ə.  Назарбаевтың  осы  заманғы  еуразиялық  жобаның  өз  көкейіндегі  бейнесін 

былайша  анықтайды:  «Өзінің    шындық  тұрғысында  тұрып,  ортақ  мəдени  жəне  рухани 

ықпалдастықтың  ғасырлар  бойы  жинақталған  игіліктерінен  бас  тартқысы  келмейтін 

миллиондаған  адамдардың  көңіл  күйін  ескермеуге  болмайды.  Тарихта  біздің  ортақ 

мекенімізде  руханилығымыздың,  түйсіну-сезінуіміздің,  діліміздің,  тəжірибеміздің 

ұқсастығымен  ажарланған  айрықша  өркениет  үлгісі  қалыптасқанын  тектен-тек  мансұқтай 

салуға болмайды» [8]. 

Еуразиялық  одақ  құру  жобасының  кіріспесінде  былай  делінген:  -  «Дүниежүзілік 

практика  көрсетіп  отырғандай,  өтпелі  қоғамдар  тек  ұжымдасқан  күш-жігер  арқылы  ғана 

ойдағыдай жаңғырту ісін жүзеге асыра алады. Сонымен бірге біз кейбір ТМД елдерінің осы 


83 

 

міндетті  жеке-дара  шешпекші  болған  əрекеттері  бұрынғысынша  сəтсіз  болып  келе 



жатқанын  көріп  отырмыз.  Жаңа  жағдайдағы  экономикалық  интеграцияны  іске  асырғанға 

дейін, солай болып қала бермекші. Елдердің арасындағы нарықтық экономиканың дамуы, 

саяси  процестердің  демократиялануы  деңгейінің  айырмашылықтарын  ескере  отырып,  біз 

қосымша кірігу құрлымын – ТМД қызметімен үйлесетін Еуразиялық одақ қалыптастыруды 

ұсынамыз.  Бұл  орайда  кірігудің  көп  нұсқалығы,  əрекеттілігі  мен  əр  векторлығы  еске 

алынады.  Бұл  ТМД-да  жаңа  экономикалық  тəртіп  қалыптастырудың  өте-мөте  қажеттілігі 

туралы айтуға негіз болады. 

Əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  дағдарыс  ТМД  мемлекеттерінің  бəріндегі 

дерлік  көпұлтты  халықтардың  көз  алдында  өтіп  жатыр.  Осының  салдарынан  этностық 

қатынастар  ширығып,  ол  мемлекеттердің  өз  ішіндегі  шиеленіске  ғана  емес,  кейде  тіпті 

мемлекетаралық  жанжалдарға  соқтырып  жүр.  Мұндай  жағдай  Тəуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығы  институтының  беделін  түсіреді.  Демек,  бірлескен  күш-жігер  арқылы  əртүрлі 

жанжалдарды  тежеу,  тұмшалау  жəне  өшіру  тетіктерін  жасау  қажет.  Экономикалық  кірігу 

мəселелерін  шешу  жеткілікті  мөлшердегі  құзіреті  бар  саяси  институттар  құруға  мəжбүр 

етеді.  Олар  мемлекетердің  экономикалық,  саяси,  құқықтық,  экологиялық,  мəдени,  білім 

салалардағы  қарым-қатынастарын  реттеу  міндетін  атқару  тиіс»  [9].  Жобадағы  болжау 

бойынша  Еуразиялық  одаққа  бұрынғы  кеңестік  республикалардың  барлығы  болмаса  да 

белгілі бір бөліктері енуі тиіс. Ынтымақтасу ТМД елдерінің азаматтарын олардың сеніміне, 

саяси жəне құқықтық көзқарастарына қарамастан қызықтыруы тиіс деп күтілген болатын. 

Оның кепілі барлығына ортақ жағдай, мемлекетердің өзара жақындасуы жəне олардың ең 

бірінші  кезекте  экономикалық  ауыр  дағдарысты  жеңіп  шығу  үшін  күш  біріктіріп 

шоғырлану,  əлеуметтік  жəне  қоғамдық  реформаларды  батыл  үйлестіріп  жүргізу  болып 

табылады. 

Қорыта  келе  Еуразиялық  одақ  орталықтанудан  қашу  жəне  жаппай  ыдырау  белең 

алып жатқан шақта посткеңестік аумақты қайта байланыстыруға бағытталған негізді жəне 

ілгері  жылжуды  көздеген  жоба.  Бұл  жобаның  төңірегінде  пайда  болған  айтыс-тартыстар 

мен  пікірталастар  кейінгі  жылдары  осындай  ынтымақтастыққа,  əріптестік  пен 

одақтастыққа  мүделі  елдерді  іріктеп  шығарды.  Еуразиялық  одақ  жобасы  ХХІ  ғасырға 

өркениетті  жолмен  енуге  шынайы  мүмкіндік  береді.  Бүгінде  жаңа  пайда  болған  тəуелсіз 

егеменді мемлекеттередің қарқынды дамуына кедергі болып отырған күрмеулі жайлардың 

бəрін Еуразиялық одақ жобасының шеңберінде шешуге əбден болады. Əлеуметтанушылық 

сауалнамалардың  мəліметтері  бойынша,  кеңестік  дəуірден  кейінгі  өмір  сүрудің  түрлі 

кезеңдерінде бытыраңқы тірлік кешуді қаламайтынын бұрынғы кеңес адамдарының санасы 

жоғары болып келген. Ал ғасырдың соңына қарай КСРО аумағында тұратын адамдардың 

70%-ға жуығы белгіл бір түрдегі кірігуді қолдайтындықтарын білдірген. 

Қоғамның  ең  қалың  ортасында  мұндай  түсінушілік  пен  мақұлдаушылық  Қазақстан 

басшысы  ұсынған  кірігу  нақты  іске  асыру  жаппай  қолдау  табатынынан  сенім  ұялатты. 

Оның  үстіне,  ғылыми  пікірталстар  барысында  болсын,  көптеген  жарияланымдар  болсын 

Еуразиялық  одақ  идеясы  толып  жатқан  жаңа  қырларымен  жарқырай  түсіп,  өзінің 

сарқылмас өміршеңдік əлеуетін танытты. Сондықтан ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің 

1994  жылғы  қазандағы  мəжілісінде  Еуразиялық  одақ  жобасын  тиісті  зерделеуден 

өткізгенен  кейін  Президент  Н.Ə.  Назарбаевтың  Еуразиялық  одақ  құру  туралы 

хабарламасын  ескеруге  қабылдап,  осы  ұсыныста  баяндалған  негізгі  идеяларды  Тəуелсіз 

Мемлекеттер  Достастығындағы  кірігу  үрдістерін  тереңдету  үшін  пайдалануға  ұйғарым 

жасалды.. 

Көптеген  саясаткерлер  нақ  осы  Еуразиялық  одақ  құру  идеясы  Достастық 

шеңберіндегі  өзара  ықпалдастықтың  құрылымдары  мен  тетіктерін  неғұрлым  серпінді 

дамытуға,  Мемлекетаралық  экономикалық  комитет  құру  туралы  шұғыл  түрде  шешім 

қабылдауға мүмкіндік берді дегенге тоқтайды. Қазақстан Президенті бұл ұсынысты сонау 

1992  жылғы  қаңтарда  Бішкекте  айтқан  болатын,  бірақ  оны  құрудың  егжей-тегжейлі  екі 

жылдан  аса  уақыт  бойы  пысықталды.  Еуразиялық  одақ  идеясы  берген  серпін  тапжылмай 

тұрған  іске  қозғау  салды  да,  сол  жылғы  кездесудің  өзінде-ақ  мемлекет  басшылары  іс-



84 

 

қимылды  үйлестіру  мен  бірлесе  қабылдаған  шешімдердің  орындалуын  бақылау  үшін 



мемлекетаралық экономикалық орган құру қажеттігімен келіскен еді. 

Еуразиялық  одақ  идеясын  ұсынғаннан  кейін  Н.Ə.  Назарбаев  өзінің  екі  мақсатының 

жүзеге  асқанын  айтады.  Жұртшылық  назарына  ұсынылған  еуразия  одағын  қалыптастыру 

жобасы  алыс  елдердің  де,  жақын  елдердің  де  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  аузына 

ілігіп,  ғылыми  ортада  қызу  айтыстар  туғызып,  əлденеше  конференциялар  шақырылды. 

Соңғы  екі  жылдың  ішінде  ТМД  елдері  талай  мəселені  қолға  алды.  Халықаралық 

экономикалық комитет құрылды. Кеден одағына келісім шарт жасалды. Жобада оң пиғыл, 

теріс пиғыл ретінде атап өтілген талай құбылыстар іс жүзінде дəленденді дейді. Сондай-ақ, 

өзгелердің  тек  қатесінен ғана емес,  жетістіктерінен  де  үйрене отырып,  теңдік  қағидасына 

негізделген  ықпалдастықтан  ештеңе  шықпайды,  теңдікке,  еріктілікке  жəне  өз  мүдесіне 

ойлаушылыққа негізделген ықпалдастық тек Еуразияның лайықты болашағын қамтамасыз 

етіп  қана  қоймай,  ХХІ  ғасырдағы  əлемдік  экономика  мен  саясаттың  ең  басты,  ең  зор 

сипатына айналады деп атап көрсетілген еді.  



1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал