Атты халықаралық Ғылыми тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері




бет10/64
Дата08.01.2017
өлшемі7 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64

 

1.М.Валиева.  Білім  беру  технологиялары  жəне  оларды  оқу-тəрбие  үрдісіне      енгізу 

жолдары. (Əдістемелік нұсқау). - Алматы, 2002. 

2.Қ.Көнеева,  А.Қалықова.  Оқыту  үрдісінде  педагогикалық  технологияларды  ұтымды 

пайдалану. - Алматы, 2006. 

3.Мейірманқұлова  Т.  Білім  берудегі  инновациялық  технологиялар  (əдістемелік    құрал).  - 

Алматы, 2005. 

4.«Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы, 2008. 

 


70 

 

ƏОЖ



:372:811.Т-55 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 



ПАЙДАЛАНУ 

 

Туреханова А.Т



 

№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан 



 

Резюме


 

 

В  этой  статье  рассматривается  применение  инновационных  технологий  на  занятиях  по 

изучению Языков 

 

Summary 

 

The using of the new technologies on the lessons of foreign languages is considered in this article 

 

Жалпы,  қазір  тілдерді  меңгертудің  қазіргі  заманғы  үрдісін  сипаттап,  орта  оқу 

орындарында  оқу  процесін  сапалы  ұйымдастыруға  септігін  тигізетін,  тілдік  жүйені 

меңгертуде  оқушылардың  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  əдіс-

тəсілдерді пайдалану мен əрі қарай жетілдірудің қажеттігі туындады. Дидактика - оқыту іс-

амалдарын  орындау  барысындағы  əрекеттер  жиынтығы  болса,  ал  жаңа  технологиялар 

дегеніміз  практикада  іс  жүзіне  асатын  арнайы  лайықталған  əдіс-амалдар.  Практикада  іс-

жүзіне  асатын  лайықталған  əдіс-тəсілдер  педагогикалық  жүйе  болып  есептелінеді.  Ал 

педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін,  бір-бірімен өзара байланысты 

тəсілдер. Жаңа технологиялардың басты ерекшелігі - олардың жекелей бағыт-бағдар беру 

тəсіліне ұмтылуы, осы мəселелерге байланысты оқыту үдерісі ерекше маңызға ие болады. 

Оқытушы  əрбір  оқушының  жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  сапасын  зерттей  отырып, 

оларға өздерінің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіруге жəне өз мүмкіндіктеріне сенуге 

тəрбиелеп,  нəтижелі  іс-əрекетке  бағдар  беріп  отырады.  Қазіргі  ғылымның  дамуы,  шектес 

пəндердің дүниеге келуі арқасында психология мен физиология саласында ашылып жатқан 

ғылыми  жаңалықтар  материалды  түсіну  мен  қабылдаудың  жекелік  ерекшеліктері  мидың 

қызметіне  тікелей  байланысты  екендігін  дəлелдеді.  Зерттеу  еңбектердің  нəтижелері 

көрсеткендей, оқыту үдерісіндегі ең көп сүйенетін тəсіл - есту мен көру процесі.  

Қазір заман мен қоғам талап етіп отырғандай оқушыларға бейнелік те, ассоцациялық 

ойлауды  қалыптастыратын  əдіс-тəсілдерге  көп  көңіл  бөлу  қажеттігі  туындады,  соның 

негізінде  жұмыстар  атқару  талап  етілуде.  Кез-келген  адамның  өзіне  тəн  жекелеген 

танымдық  ерекшелігі  болады,  ал  оқытушыдан  сол  əрбір  жеке  тұлғаның  өзіне  тəн 

ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  қажетті  оқыту  стильдерін  таңдап,  бейімдеп  оқыту  үрдісі 

талап  етіледі.  Оқытушы  тіл  материалдарын  қабылдайтын  əр  оқушының  қабілеті  мен 

қарымын ескеріп, оқушыға тақырыпты меңгеру кезінде түрлі тəсілдерді пайдалана отырып, 

жеңіл игеруге, ұғынуға жағдай жасап, көмектесуі тиіс. Сынып болған соң, сыныпта ең кемі 

25 оқушы бар. Əр оқушының дəрісті, айтылған мəліметтерді қабылдау алу мүмкіндігі де əр 

түрлі болып келеді. Кейбір оқушылар есту түйсігі арқылы қабылдауға мəн берсе (аудио), ал 

кейбірі тек көру түйсігі нəтижесінде қабылдаған ақпаратқа сүйенеді (визуалды), ал үшінші 

тобы оқыту үрдісіне өзінің тікелей араласуы арқылы үйреніп, жауап береді. 

Тіл  пəндерін  меңгерту  жұмыстарында  жаңа  əдістерді  пайдаланудың  тұжырымдық 

үлгісінің  ерекшеліктері  неде?  Жаңа  материалды  түсіндірудің  тиімді  тəсілдерін 

оқытушының өзі таңдайды, тіл үйренушінің жеке тұлғасы субъект есебінде танылған кезде 

таным  үдерістерін  дамытуды  мақсат  етеді.  Жаңа  материалды  түсіндіру  оқушылардың 

мектепте тіл сабақтарында алған білімдерінің сапасына қарай сараланып, талданады. Осы 


71 

 

мақсатта қажетті білім шеңберін тереңдетуді,  байқағыштығын дамытуға, қажетті дағдылар 



мен шеберліктерді қалыптастыру үшін жасырын жəне ашық тəсілдер қолданылады. Қарым-

қатынас  жүйесі  барлық  уақытта  екінші  адамның  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  да 

практикалық  тапсырмалар  пікір  алысу,  сөйлесімдік  сипатқа  ие  болады  да,  өзара  қарым-

қатынас орнайды. 

Осындай өзара əрекеттің барлық түрлері дерлік тіл сабақтарында қолданыла береді. 

Жұптық жəне топтық жұмыстар, командаға бөлу, тапсырмаларды орындау барысындағы əр 

түрлі  жарыстар,  викториналар,  сөзжұмбақ  шешу  жəне  рольдерге  бөлініп  өткізілетін 

ойындар  да  жатқызылады.  Білім  беру  үдерісін  жаңарту,  сөз  жоқ,  жаңа  тəсілдерді  ойлап 

табуға  алып  келеді.  Ондағы  мақсат  -  тіл  үйренуші  мен  білім  алушының  танымдық 

əрекетімен үйренушінің педагогикалық қызметін үйлестіре отырып, нақты нəтижеге жету.  

«Инновация»  ұғымының  мəні,  латынның  «in-novus»  деген  сөзінен  шыққан.  Өз 

тілімізге  тікелей  аударғанда  «жаңарту»,  «өзгерту»  деген  мағынаны  білдіреді.  Жалпы, 

педагогикада  жаңа  əдістер,  тəсілдер,  құралдар  оқулықтарды  дұрыс  пайдалануды  білдіріп, 

оқыту  үрдісі  мен  тəрбие  мəселесіне  өзгерістер  енгізу,  олардың  сапасын  арттыру  болып 

табылады.  Қазіргі  оқу  үрдісінде  мысалы,  модульдік  оқыту  технологиясын  көбірек 

пайдалануда.  Модульдік  оқыту  технологиясы  ғалым  М.Жанпейісованың  атымен  тікелей 

байланысты.  Бұл  əдістеме  бұрыннан  жинақталған  тəжірибелерді  шығармашылықпен 

сабақтастырып,  қайта  құрып,  жаңаша  есепке  алған.  Ғалымның  тұжырымдауынша,  «өзі 

жасап  шығарған  оқыту  стратегиясын  репродуктивтік  жəне  ізденушілік  процесті 

сабақтастыратын «модификацияланған нұсқа» деп санайды [1,57]. 

Бұндай  əдістеменің  жаңашылдық  сипаты  былайша  анықталады:  оқытушыға 

оқушының  іс-əрекетін  ұйымдастырушы  рөлі  беріледі  де,  ал  қызметтің  өзі  олардың 

əрқайсысының  жеке-дара  қабілеттерін  есепке  ала  отырып  ұйымдастырылады.  Бұл 

технология  мынадай  басымдылыққа  ие:  а)  үйренушілердің  танымдық  белсенділігінің 

жоғары  болуы;  ə)  оқытушылық  статусының  өзгеруі,  ол-басшы  емес,  ізденіске 

қатысушылардың  ең  белсендісі;  б)  əр  білім  алушыны  танымдық  қызметке  оның  бар 

қабілеттерін есепке ала отырып, тапсырмалар белгілеу. «Модуль» деген ұғымның өзіне көп 

мəн  беріледі.  «Модуль  дегеніміз-қандай  да  бір  жүйенің,  ұйымның  анықталатын  біршама 

дербес бөлігі» [2] деген анықтама берген С.И.Ожегов өз сөздігінде.  

Модульдік  технологияның  ерекшелігі  -  оның  білімді  меңгеруге  емес,  тұлғаның 

танымдық  қабілеттерін  жəне  танымдық  үдерістерді  (есту,  көру,  қимыл,  жад  жəне  т.б.) 

ойлауын,  ынтаны,  қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  жəне   танымдық  əрекеттер 

арқылы дамыту,  сөздік қорын  байыту  болып  табылады. Модульге   мыналарды  жатқызуға 

болады:  нақты  мақсат  қою,  оны  нақтыландыру  жұмыстары,  пəнді  меңгерудің  жалпы 

тəсілдері,  тақырып  материалын  сапалы  баяндау,  танымдық  қызметті  ұйымдастыру, 

машықтандыру  жаттығуларын  орындату.  Сонда  толыққанды,  нақты  орындалған  бір 

дəрістің талдамасы шығады. Пəнге байланысты, əр оқу модулінде  сағат саны да əр түрлі 

болады.  Ол  сол  пəннің  оқу  бағдарламасы  бойынша  сол  материалға,  материалдар  тобына 

немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты болып келеді.  

Оқытушының  барлық  қызметі  оқушылардың  ойлау  процесі  мен  интеллектісін 

шығармашылыққа  баулуға  бағытталуы  тиіс.  Оқушылар  тарапынан  оқуға  деген  тұрақты 

жəне  дұрыс  қатынас  қалыптасқан  жағдайда  жағымды  қарым-қатынас  қалыптасады. 

Бағдарламалық  материалдар  үнемі  дамытушылық  сипатта  болуы  тиіс.  Бұл  жерде 

қарапайымнан  күрделіге  ұстанымын  да  ұмытпауымыз  тиіс.  Бұл  үшін  репродуктивті 

жаттығуларды  ізденушілікпен  сабақтастыру  қажетілігі  туындайды.  Міне  осы  үшін  де 

зерттеуші-ғалым  М.Жанпейісова  өз  еңбегінде  тіл  сабақтарында  ұйымдастырылатын  əр 

түрлі  дидактикалық  ойындарға  үлкен  көңіл  бөледі.  Мысалы:  проблемалық, 

шығармашылық,  рөлдік  сюжетті,  еліктеушілік  ойындары.  Бұл  ойындар  оқушылардың  өз 

бетінше  ойлау  белсенділігін  арттыру  мақсатында,  таным  үдерістерінен  пікірталас  тудыра 

алады.  Оның  да  тиімділігі  жоқ  емес.  Сабақтың  құрылымы  мен  мазмұны  тіл  жайлы 

мəліметтерді  саналы  түрде  іріктеуді  қамтамасыз  етеді  жəне  практикалық  дағдылар  мен 

шеберліктерін  қалыптастыруға  оқушылардың  қарым-қатынас  жасау  қабілетін  дамытуға 

септігін  тигізеді.  Тəжірибелік  тіл  сабақтарында  белгілі  бір  тілдік  сөйлеу  дағдыларын 


72 

 

дамытуға  қажетті  материалдар  пайдаланады.  Əрі  бұл  жерде  оқу  материалдарын  топтау 



жəне  оны  игерудің  əдіс-тəсілдері  жайында  толық  мағлұматтар  беріледі.  Сонымен  қатар, 

бұл  жерде  тіл  жайында  мəліметтің  ішіндегі  сөйлеу  дағдылары  мен  машықтарын 

қалыптастыруға қажет бөлігі ғана ұсынылады. Сөйлеу тəжірибесі қатынас жасаудың типтік 

жағдаяттарында  қарым-қатынас  шеберлікті  қалыптастыруға  да  бағытталады.  Алдыңғы 

сабақтарда  үйренген  грамматикалық  матеиалдарды  қайта-қайта  қарап  шығу  жүзеге 

асырылады, белгілі бір грамматикалық заңдылықтар мен тілдік құралдарға назар аудармай, 

оларды қарым-қатынас үдерісінде қолдану үлгілері де іске асырылады.  

Қоғам  дамуындағы  өзгерістер  жеке  ғылым  саласы  ретіндегі  тіл  біліміндегі  жаңа 

бағыттардың  туындауына  əсер  етсе,  өз  кезегінде  сол  өзгерістер  оның    оқыту  жүйесін  де 

жаңартуды  қажет  етіп  жатыр.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  бiлiм  берудi  дамыту 

тұжырымдамасының: «Қазiр педагогикалық қоғамдастықтың  алдында бiлiм берудiң жаңа 

моделiн  құрудың,  сынақтан  өткiзу  мен  енгiзудiң  ауқымды  мiндеттерi  тұр.  Бiлiм  берудiң 

қазiргi  негiзгi  мақсаты  бiлiм  алып,  бiлiк  пен  дағды-машыққа  қол  жеткiзу  ғана  емес, 

солардың негiзiнде дербес, əлеуметтiк жəне кəсiби бiлiктiлiкке - ақпаратты өзi iздеп табу, 

талдау жəне ұтымды пайдалану, жылдам өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру 

жəне  жұмыс  iстеу  болып  табылады»  [3,5],  -  деп  көрсетiлген  басты  қағидатымен  толық 

үндеседі.  

Ана тілін, сондай-ақ басқа тілді үйрену, меңгеру күрделі, көп қырлы үдеріс. Оның ең 

маңызды  жағының  бірі  -  грамматикалық  материалды  оқып-үйрену  əдістемесін  жетілдіру. 

Грамматикалық материалды осылайша тəртіпте беру теориялық материал мен практикалық 

жұмысты  меңгеру  уақытының  арақатынасын  реттеуге  жағдай  жасайды.  Грамматикалық 

материалдар  негізінде  алдыңғы  сабақтарда  ұсынылады,  сол  сабақ  барысында  оқушылар 

белгілі-бір  ұғымдардың  аумағын  меңгереді.  Келесі  сабақтарда  ол  мəлімет  жинақталып, 

қарым-қатынас  барысында  пайдаланады,  тілдік  шартты-сөйлесімдік,  сөйлесімдік 

жаттығулар  арқылы  бекітіледі.  Сабақ  барысында  сөйлеу  қызметінің  алуан  түрінде  оны 

қайталау  жүзеге  асырылады.  Бұл  үлгілердің  дидактикалық  мəні  мынада:  олар  үлкен 

материалдарды  меңгеруді  жеңілдетеді,  оқушыларға  тақырыптың  маңызды  бөлігін 

меңгеруге  жағдай  жасайды,  сапалы  білім  алуға  септігін  тигізеді.  Мұндай  кестелерді 

шартты  түрде  екі  топқа  бөлуге  болады:  анықтамалық  сипаттағы  кестелер  жəне 

грамматикалық ережелер мен көрнекі материалдардан тұратын кестелер.  

Қорытынды  сабақтарда,  сөйлеуді  дамытуға  көмектесетін  оқу  іс-əректінің  түрлері 

тексеріледі.  Сабақтар  рөлдік  ойындар,  пікірсайыс,  пікірталас  сабақтар,  конференциялар, 

т.б.  формасында,  яғни  барынша  табиғи  сөйлесімге  жақындатылған  сипатта  болады.  Ең 

маңыздысы оқушы өзара қарым-қатынас əрекетінің ең басты құралы оған қолайлы жағдай 

туғызу  екенін,  арнайы  таңдалып  алынған  мəтіндер  мен  пікір  алысуға  жетелейтін 

жаттығулар екендігін сезінуі тиіс. 

 

Əдебиеттер 



 

1.Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. - Актобе,1999. 

2.Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М: «Русский язык», 1990. 

3.Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы.  - 

Алматы, 2004. - 5 б. 

 

 



 

 

 



 

 


73 

 

ƏОЖ



:2479.(574) 

 

М.Х.ДУЛАТИ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ  АЛҒАШҚЫ ТАРИХШЫСЫ 



 

Төребаев О.А., Бейсбаева СМ

 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті, Академиялық инновациялық институты 



Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме



 

В данной  научной статье рассматривается  один из первых историков казахского ханства   



– М.Х.Дулат 

 

Summary 

 

In this scientific article one of the first historians of the Kazakh Khanate - M.H.Dulati 

 

Тəуелсіздік  тізгінін  қолға  алғаннан  кейін,  өткенін  еске  түсіріп,  ұлттық 



мемлекеттілігіміздің  қалай,  қашан  құрылғаны  туралы  білу  маңызды  мəселе  болып 

табылады.  ХV-ХVІІІ  ғасырда  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  бөлігінде  құрылған  Қазақ 

хандығы  ірі  тарихи  оқиға  болды.  Қазақ  хандығының  ықпалы  Ноғай  Ордасы,  Моғолстан, 

Мəуереннахрдағы  Ақсақ  Темір  ұрпақтарының  мемлекетіне,  ХVІ  ғасыр  басындағы 

шайбанилық əулет мемлекеттерінің саясатына, тарихына, мəдениетіне əсер етті. Орта Азия 

жəне  оған  іргелес  елдер  арасында  Бұрындық,  Қасым,  Хақназар  хандар  тұсында  Қазақ 

хандығының орны ерекше болып, ел аралық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарды. 

ХІV-ХV  ғасырларда  Дешті  Қышпақ  пен  Мəуереннахр,  Моғолстанда  болған  этникалық 

процесстердің  дамуы,  Еуразиялық  шығыс  жəне  Орта  бөлігіндегі  саяси  даму  Қазақ 

хандығының құрылуының басты факторы болды.   Моңғол 

шапқыншылығы 

кезінде 


қазіргі  Қазақстан  жəне  Орта  Азия  аймағында  саяси  құрылымдар  өзгеріп,  этникалық 

процестің дамуы тежелді. ХІV ғасырда жаулап алушылар саяси құрылымдарын жергілікті 

ру-тайпалардың  талабына  сай  өзгертіп,  олармен  терең  сіңіп,  этникалық  процесс  қайта 

қарқындап, жанданды.  

Сондықтан  ХІV  ғасырда  пайда  болған  Ақ  Орда,  Ноғай 

Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті 

деп есептеледі.  

ХV  ғасырдың  орта  шеңінде  Қазақ  хандығының  құрылуына  əсер 

еткен  саяси  оқиғалар:  Мауреннахрдағы  Ақсақ  Темір  ұрпақтарының  мемлекеті  Дешті 

Қыпшақтағы Əбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, 

Оңтүстік  Сібірдегі  қалмақ  тайпалары,  Иран  мен  Əзірбайжандағы  Қара  Қоюнлы  Əулет 

арасындағы күрделі саяси шиеленістер. [1]. 

  Мырза  Хайдар  Дулати  XVI  ғасыр  перзенті.  Ол  осы  күнгі  қазақ  ,қырғыз,  өзбек 

секілді  түркі  халықтары  ұлт  боп  ұйып,  тарих  сахнасына  көтеріле  бастаған  кезеңде  өмір 

сүрді. Бұл Жошы ханның Батыс Сібірді мекендеген кіші ұлы Шайбан əулетінің Орта Азия 

мен  Ауғанстан  һəм  Хорасанды  да  уысында  ұстаған  Əмір  Темір  ұрпақтарынан 

Мауараннаһрді  тартып  алмақ  боп  белін  бекем  буған,  феодалдық  соғыс  өрті  тұтанып, 

аласапыран шақ туған тұс еді. Сондықтан да болашақ ғалым қмірінің көпшілік бөлігі əуелі 

Орта  Азия,  сонан  соң  Шығыс  Түркістан  мен  Ауғаныстан,  Тибет  пен  бадахшан,  үндістан 

жағында өтті. Ол көбінесе ат үстінде, жорықтарда жүрсе де сол кездегі ғылым, білім тілі – 

парсы  тілінде  «Тарих-и  Рашиди»  атты  Орталық  Азия  халықтарының  XIV-XVI 

ғасырлардағы  тарихы,  этнографиясы  мен  геграфиясы,  əдебиеті  мен  мəдениеті  жайында 

классикалық  тамаша  шығарма  қалдырды.  Онда  Мауараннаһрдегі  Шағатай  əулеті  құрған 

мемелекеттің  XIV  ғасыр  ортасына  таман  ыдырап,  екіге  бөлінуі,  Моғолстан  деген  шығыс 

бөлігінде  дулат  тайпасының  күшімен  дербес  мемлекет  негізі  қаланғаны  жəне  басқа 

көптеген  тарихи  оқиғалар  туралы  əңгімеленеді.  Қазақстан  мен  Орта  Азия  елдерін 



74 

 

зерттеулердің,  тіпті  түркі  тектес  халықтардың  мəдениетін  зерделеген  Европа 



ғалымдарының да ешқайсысы сол себепті күні бүгінге дейін «Тарихи Рашидиге» жүгінбей, 

оған  соқпай  кете  алмайды.  Сөйтіп  осы  күнгі  қазақ,  өзбек,  ұйғыр,  ауған,  үнді,  тибет 

халықтарының тарихын зерттеушілер «Тарихи Рашидиді» аттай алмайды. Еңбек осысымен 

де  құнды,  осысымен  де  бағалы.  Бұл  дүниені  ағылшындар  ХІХ  ғасырда  Индиядан  тауып, 

белгілі  шығыстанушы  Дэнисон  Росстың  тəржімасымен  1985,  1898  жылдары  бірнеше  рет 

Лондонда жариялады. Əйтсе де ол күні бүгінге дейін қазақ тіліне аударылмай келеді. 1996 

жылы  ғана  Өзбекстан  шығыстанушылары  «Тарихи  Рашидиді»  орыс  тіліне  тұңғыш  рет 

толық тəржімалап Əмір Темірдің 660 жылдығына орай Ташкентте басып шығарды. [2].  

«Тарихи Рашидиді» Мырза Хайдар 1542-1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. 

Ол  «екі  дəптерден»,  яғни  екі  үлкен  бөлімнен  тұрады.  Біріншісінде  Мəуереннаһрдегі 

Шағатай  əулеті  құрған  мемлекеттің  XIV  ғасыр  ортасына  таман  біржола  ыдырап,  екіге 

бөлінуі  Моғолстан  деген  атпен  белгілі  болған  шығыс  бөлігіне  беделді  де  белгілі  тайпа  – 

дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қалағаны жайлы баяндалады. 1348 жылы 

осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330-1362) хан болады. «Тарихи 

Рашидидің» бірінші дəптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан өзін Жаркенттен кетуге 

мəжбүр  еткен  Əбдірашид  (1512-1560)  ханға дейінгі  Моғолстанда  екі  ғасырға  жуық  уақыт 

арасында  болған  түрлі  тарихи  оқиғалар  əңгімеленеді.  Мысалы:  Шағатай  текті 

Шермұхаммед хан (1415қ.б.) мен Уəйіс ханның (?-1429) Моғолстанның тағы үшін болған 

қанды  айқастары,  Уəйіс  ханның  тілегіне  жеткені,  оның  қалмақтармен  болған  сансыз 

соғыстары  да  баян  етілді.  Мырза  Хайдар  жазбаларының  ішіндегі  ең  қызықтысы  -  əрине, 

халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уəйіс 

ханның  кенже  ұлы  Есенбұғаның  (1418-1462)  билікке  таласар  тұстарын  сөз  еткен.  Дешті 

Қыпшақ  əміршісі  Əбілхайырдан  көп  қысым  көрген  Жəнібек  хан  мен  Керей  ханның  одан 

бөлініп,  Моғолстандағы  Шу  мен  Қозыбасыға  келуі,  Есенбұғаның  оларды  жылы  қарсы 

алуы, соңыра Əбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің Жəнібек 

хан  мен  Керей  ханға  келіп  қосылуы  жайлы  айтуды  да  автор  ұмытпаған.  «Олардың  ұзын 

саны жүз мыңға жетті жəне оларды өзбек-қазақ деп атай бастады. (Бірақ оны) Алла (бізден) 

артық біледі» - деп жазады Хайдар мырза.   Сөйтіп,  қазақ  халқының  тарих  сахнасына 

көтерілген  кезі  1465  жыл  екенін  Мырза  Хайдар  шегелей  көрсеткен.  Одан  əрі  ол:  «содан 

қазақтар 940 (1533-34) жылға дейін Өзбекстанның көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей 

ханнан кейін Мұрындық хан болды. Сонан соң Жəнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз 

билігін Дешті  Қыпшаққа  да  жүргізді.  Оның əскері  миллионнан да көп еді.  Жошы  ханнан 

кейін  бұл  үйден  одан  күшті  хан  шыққан  емес.  Қасымнан  соң  оның  баласы  Мамаш  хан 

болды.  Одан  кейін...  Таһир  хан  болды.  Осы  Таһир  хан  тұсында  қазақтар  көп 

қиыншылықтарға  ұшырады.  Одан  кейін  оның  бауыры  Бұйдаш  хан  болды...  Қысқаша 

айтқанда,  Есенбұға  ханнан  бастап  Рашид  ханға  дейінгі  аралықта  моғолдар  мен  қазақтар 

тату-тəтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан» деп жазады ол. Ол рас та еді. 

Өйткені Əбдірашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ 

іздеген. Сөйтіп, қазақ хандығының құрылуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һəм 

көршілерімен  болған  қарым-қатынасы  жайлы  Мырза  Хайдар  секілді  осылай  жүйелі  де 

нақтылы  жазған  қаламгерлер  кемде-кем-ақ.  Ұлы  ғалым  сондай-ақ  өз  жазбаларында  көп 

ретте əдеби тəсіл – шегініс жасауды да шебер пайдалана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның 

тақ  үшін  таласта  жеңіліске  ұшырағаннан  кейін  Иран  жаққа  кетуі,  соңыра  Моғолстанға 

оралған  соң  Мір  Қажы  көншінің  қызы  Исан  Дəулат  бегімге  үйленуі,  Сыр  бойында 

Əбілхайырдың  ұлы  Бұрыж  оғланмен  шайқасып,  кейін  Ташкентке  келуі,  шейх  Жамалдың 

тұтқынына  түсіп  қалуы,  бірақ  арада  бір  жыл  өткен  соң  дулаттардың  шейх  Жамалды 

өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-

ретімен  көз  алдыңнан  өте  береді.  Оның  ара-арасында  Мырза  Хайдар  Жүніс  ханның  үш 

қызының  тұрмысқа  шығуы,  Əмір  Темір  ұрпақтарының  өзара  қақтығыстары  жайлы  да 

айтып  өтеді.  Одан  кейінгі  тарауларда  Жүніс  ханның  ұлы  Ахмет  ханның  өмірі, 

қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мəселесі, Мырза Əбу Бəкір Дулатимен болған соғысты 

сипаттауда да шеберлік таныта алған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де баяндап 

отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіре кетеді.  


75 

 

Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан əмірлері мен бектері, онда өмір 



сүрген түркі тайпаларының тыныс-тіршілігі, Əбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ 

мемлекеті,  ханның  өзі  жəне  ұрпақтарының  Мəуреннаһрде,  сондай-ақ  қазақ  хандары  һəм 

сұлтандарымен  жүргізген  соғыстары  жайлы  тəптіштей  баяндаған.  Мырза  Хайдардың  бір 

ерекшелігі  ол  шындықты  жазады.  Тарихшы  ғалымдардың  барлығы  да  оның  осы  бір 

қасиетіне ерекше мəн береді. «Тарихи Рашидиді» жазу үстінде Мырза Хайдар өзіне дейін 

өмір  сүрген  араб,  парсы,  түркі  текті  Мир  Гийас  ад-Дин  Мансур,  Жамал  ад-Дин  Қарши, 

Йақұт  əл-Хамауи  ар-Руми,  Рашид  ад-Самарқанди,  Ұлықбек,  Мұхаммед  Қази,  Мұхаммед 

Захир  ад  Батыр,  Ата  Мəлік  Жувайни,  Шараф  ад-Дин  Əли  Йазди,  Мирхонд,  Хондемир 

секілді  белгілі  тарихшы,  жылнамашылар  еңбектеріне  белгілі  бір  шамада  иек  артқан. 

Мұның  өзі  оның  ортағасырлық  түркі  əдеби  тілі  –  шағатай  тілінен  басқа  араб,  парсы 

тілдерін де жақсы білгендігін көрсетеді. Аталмыш авторлардың туындыларын ол Орталық 

Азия елдері мен оны мекен еткен түрлі тайып, ру, ұлыстардың тарихын баяндағанда жазба 

дерек-бұлақ  көздері  ретінде  орнымен  пайдаланған.  Сөйтіп  ол  «Тарихи  Рашидидің» 

деректілігін,  дəйектемелерінің  дəлдігі  мен  құжаттылығын  арттыра  түскен  [3].  «Тарихи 

Рашидиде»  тек  тарих  ғана  емес,  сондай-ақ  əдебиет  пен  тіл,  мəдениет  пен  өнер,  əдет  пен 

ғұрып,  география  мен  этногеография  мəселелері  де  ұмыт  қалмаған.  Онда  сондай-ақ  сөз 

болған  ру,  тайпалардың  тіршілік-тынысы  мен  салт-санасы,  ауыз  əдебиетінің  үлгілері 

жайлы  да  əңгімеленеді.  Соған  қарап  «Тарихи  Рашидиді»  XIII-XVI  ғасырдағы  Орталық 

Азия  елдерінің  белгілі  бір  дəрежедегі  энциклопедиясы  деуге  де  болатын  сияқты.  Ал 

«екінші дəптердің»  тарихи-мемуарлық  сипаты  басым.  Мұнда  ол  өз  өмірбаянын  тілге  тиек 

еткен, əрі оны «бірінші дəптерден» бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куəсі болған, 

басынан өткен, немесе естіген жəйттер мен түрлі оқиғаларды оны əдеби-мемуарлық көркем 

прозаның туған əдебиет тарихындағы алғашқы үлгісіне жатқызуға болады. Онда сан қырлы 

суреттер  мен  эпитет,  теңеулер,  айшықты  образдар  мен  сол  заманда  өмір  сүрген  ақындар 

мен ойшылдар, көрнекті сөз зергерлерінің шығармалары ғана емес, сондай-ақ авторлардың 

ойға толы өз жыр жолдары да ұшырасады. Сонымен «Тарихи Рашидиді» ұзақ жылдар бойы 

қолжазба күйінде қалып келгендігіне қарамай жоғарыда айтылғандай тарихи деректерінің 

нақтылығы,  дəйектілігі,  айқындылығы  мен  шынайылығына  орай  Үнді,  Пəкстан, 

Ауғаныстан,  Иран  һəм  Орта  Азияның  ғана  емес,  сондай-ақ  Ресей,  Европа  елдері 

ғалымдарының да назарын аударумен келеді. [4]. 

Шоқан  Уəлиханов  Мырза  Хайдар  еңбегін  зерделей  оқып,  құрметпен  қараса, 

В.В.Вельяминов-Зернов  (1830-1904)  оның  қазақтар  туралы  деректеріне  қатты  мəн  бере 

келе:  «Мұхаммед  Хайдардың  жазғандығының  барлығы  дерлік  жаңалық  жəне  мейлінше 

қызғылықты.  Əңгімелері  қай  жағынан  қарағанда  да  үйлесімді  жəне  жауапкершілігімен 

ерекшеленеді»,  - дейді. Əрі ол ғалым жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. 

Орта  Азия  мен  Қазақстан  тарихын  кеңінен  зерттеген  В.В.Бартольд  те  Мырза  Хайдардың 

еңбегіне  зор  мəн  берген.  Мырза  Хайдардың  еңбегіне  зор  мəн  берген.  Кеңес  дəуірінде 

«Тарихи  Рашиди»  жайлы  қазақ  ғалымдарынан  əр  жылдары  Ə.Х.Марғұлан,  Т.И.Сұлтанов, 

Н.Н.Мингулов, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов, С.Ə.Əзімжанова, Х.Хасанова жəне 

тағы  басқалардың  үлкенді-кішілі  зерттеулері  жарияланды.  Əлкей  Марғұлан  Мырза 

Хайдардың  қазақтың  тұңғыш  тарихшысы  десе,  көрнекті  жазушы  Шерхан  Мұртаза  оны 

"Қазақ Геродоты", "Қазақ тарихының атасы" деп орынды атаған [5]. 

Ғалымдардың пікірінше, бүгінгі күні "Тарихи-и Рашидидің" отызға тарта нұсқалары 

белгілі.  Əрине,  олардың  əрқайсысында  да  өзгешіліктері  бар.  Мысалы,  шығыстанушы 

ғалымдарының  пікірінше,  Тəжікстан  астанасы  Душанбе  қаласында  сақталған  нұсқа 

шығарманың  ең  толық  нұсқасы  болып  саналады.  Мұхаммед  Хайдар  еңбегіне 

қызығушылық  соңғы  жылдары  тағы  күрт  өсті.  Бүгінгі  күні  оның  ағылшын,  қытай,  орыс 

тіліндегі  аудармалары  бар.  "Тарих-и  Рашиди"  XIV-XVI  ғасырлардағы  Орталық  Азияның 

тарихына байланысты негізгі дерек көзі болып табылады. Сонымен қатар бұл еңбекте қазақ 

хандығының, оның ортағасырлық мемлекетінің тарихына байланысты өте маңызды, құнды 

деректер  сақталған.  Оны  1999ж.  Алматы  басылымының  алғы  қазақстандық  тарихшы 

ғалымдар  (М.Қ.Қозыбаев,  К.А.Пищулина)  атап  көрсеткен.  Өзбек  ғалымы  А.Урунбаев 

Мұхаммед Хайдарды Қазақ хандығының тұңғыш тарихшысы деп бекер айтпаған.  


76 

 

Бұл  шығарманың  қазақ  тіліне  аударылуы  арқылы  қазақтар  төл  тарихының  ең  бір 



маңызды да қызықты кезеңімен өз ана тілінде тыныса алады. Сондықтан, жаңа аудармаға 

сəт сапар тілегінен өзге айтарымыз жоқ.  

 

Əдебиеттер 




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал