Ақтоғай аудандық қоғамдық-саяси басылым Әлихан Бөкейханов: «Әуелі газета–халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Тоқырауын



жүктеу 0.53 Mb.

бет5/5
Дата10.02.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4   5

Алтынай Мұхаметбекова,

ХқКо Ақтоғай ауданының 

№1 бөлімінің инспекторы. 



құқықтық заңнама

Тұрғындар 

назарына!

Ақтоғай ауылдық 

округінің 

әкімшілігі 

2014 жылғы 10 

желтоқстан 

күні аудан 

орталығындағы  

«Ай-Фар» 

тойханасы 

алдындағы алаңда 

тұрғындар үшін 

арзандатылған 

бағада ұн 

және мал 

азықтық кебек 

сатылатындығын 

хабарлайды. 

Ақтоғай ауылының 

әкімшілігі.


5 желтоқсан

 2014 жыл

Тоқырауын тынысы

10

5 желтоқсан

 2014 жыл

Тоқырауын тынысы

11

Иә,  бауырым,  сенсіз 

көктем  келіп,  жаз  да  өтті, 

жанымызды 

құлазытып 

күз  де  жетті.  Тағдырға  ай-

тар  шарамыз  не,  сенсіз 

міне,  жыл  да  өтті.  Сенің 

қазаң, 

ол–ата-анаңның, 



бауырларыңның, 

туған-


туыстарыңның, 

жора-


жолдастарыңның, 

тіпті 


ауылдастарыңның  да  орны 

толмас  үлкен  қайғысы  еді. 

Сол  күні  қалың  жұрттың 

«Аққыз»  бөбекжай-балабақша  ұжымы  тәрбиеші 

Шахаева  Айгүлге  атасы  Төлегенов  Теңел  мен 

жолдасы  Төлегенов  Сәбиттің  қайғылы  қазаға 

ұшырауына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл 

айтады.

еске алу

Ақтоғай  ауылының  тумасы,  аяулы  жар,  от-

басының  тірегі,  туғандарының  қамқоршысы 

Нұрмағанбетов Самат елубайұлының дүние-

ден  өткеніне  13  желтоқсанда  1  жыл  толады. 

Жер басып, аман жүргенде, осы күні 67 жасқа 

келер  еді.  Тағдырдың  жазуына  қарсы  тұрар 

еш  пенде  жоқ  шығар.  Біз,  артыңдағы  отбасың 

өзіңді  сағынышпен  еске  алып,  жатқан  жерің 

жайлы,  топырағың  торқа  болсын  деп  Алладан 

медет тілейміз.

Күндер өтті, зуылдап жыл да өтті,

Сенсіз мына өмірдің сәні кетті.

Тірі адам тіршілігін жасайды екен,

Өкінішті, әрине, өкінішті.

Кеттің мініп келместің кемесіне,

Шара бар ма, Алланың бұл ісіне.

Көкетай, ойсырап тұр орныңыз,

Сағынышпен еске аламыз күнде езіле.

Жатқан жеріңіз Көкетай, жайлы болсын,

Шуақтанып қабірің нұрға толсын.

Ел-жұртың, туған-туыс, отбасыңды,

Аруағың өзіңнің қолдай жүрсін!



еске алушылар: жұбайы – рая, бауырлары, немерелері.

Марқұмның өмірден өткеніне 1 жыл толуына байланысты 13 желтоқсан 

күні  сағат  13.00-де  Ақтоғай  ауылындағы  «Парасат»  дәмханасында  ас 

беріледі.  Ағайын-туысты,  құда-жекжатты,  көршілерді,  ауылдас,  дәмдес 

болған жолдас-жораларын асқа құран бағыштауға шақырамыз.

Кежек ауылының тумасы, 

аяулы  жар,  асқар  таудай 

ардақты  әкеміз  оңғарбай 



Бейсенбаев  өткен  жылдың 

29 желтоқсаны күні дүниеден 

озды.  Осыдан  3-4  жылдай 

уақыт бұрын қос бауырымыз 

да өмірден мезгілсіз өткен еді. 

Олардың  асыл  болмыстары 

мен жарқын жүздері біздерден 

қанша алыстағанымен, қадір-

қасиеттері 

жадымыздан 

өшпек емес. Қимас сағыныш 

жүрегімізді 

тербетіп, 

жанымызды  егілтеді.  Алла 

тағала 

марқұмдардың 



қабірлерін 

жарық, 


то-

пырақтарын  мамық  қылғай 

деп дұға бағыштаймыз.

Асқар  таудай  арқа  сүйер 

әке едің,

Сен  бар  деп  біз  алаңсыз 

жүруші едік.

Сұм  ажал  сонша  неге 

қатал едің,

Ойсыратып ортадан алып 

кеттің.

Жыл артынан жылжытып 



бауырларды,

Қайғы-мұңға 

батырып 

оларды да алды.

Сағынышпен 

сарғайып 

көзді бұлап,

Анамыз 


бен 

артында 


бауырлары.

Сағынышпен  еске  алып, 

ұмытпаймыз,

Дұға 


етіп 

әрқашан 


бағыштаймыз.

Орнында  бар  оңалар  деп 

айтушы едік,

Ұрпағың  ұмытпайды  өзің 

жайлы. 

еске 

алушылар: 

ж ұ б а й ы – Т і л е у л е с , 

балалары,  күйеубалалары, 

н е м е р е - ш ө б е р е л е р і , 

жиендері.

Кежек ауылында 16 жел-

тоқсан  күні  сағат  13.00-де 

әкеміздің  қайтыс  болғанына 

1 жыл толуына байланысты 

ас беріледі. Асқа туған-туыс, 

құда-жекжат,  көз  көрген 

ағайындарды шақырамыз.

еске алу

Кеше ғана ортамызда жүрген Ақтоғай ауылының тумасы, қимас бауыр, 

аяулы  баламыз  Түсіпбаева  Ақнұр  Сағынғанқызының  небары  18-ақ 

жыл өмір сүріп, фәни жалғаннан бақилыққа аттанғанына 9 желтоқсанда 

1 жыл толады. Мезгілсіз ажал отбасымыз үшін орны әркез бөлек тұратын  

Ақнұрымыздың орнын үңірейтіп, ата-ана, жақын туыстарының жүрегінде 

жазылмастай  мұң  ұялатып  кетті.  Тағдырға  не  шара?  Көзден  кетсе  де 

көңілден мәңгілік кетпейтін бейнесін сағынышпен еске аламыз.

Рухыңа жыр арнаймыз сағынып,

Бұл тағдырдың амалына бағынып.

Бақилықта саған иман тілейміз,

Бір Аллаға жалбарынып, жалынып.

Иман тілеп мәңгілік тұрағыңнан,

Орын бергей Жаратқан жұмағынан.

Жатқан жерің, қабірің нұрға толсын,

Дұға арнадық өзіңе бір Алладан.



Сағына  еске  алушылар:  әке-шешесі–Сағынған-Сауық,  апа-

жездесі–Нариман-Жанар, жиендері–Нұрай, расул. 

қабырғасы  қайысты.  Бәрінің  аузында  бір-ақ  сөз  тұрды: 

«Нағыз азамат болып өсіп келе жатқан бала еді».

Иә,  күннің  боранына  қарамай  сан  тараптан  адамдар 

толассыз келіп жатты. «Бауырым, балам» деген жан айғайы 

мен  өкінішті  өксіктен  жыламаған  адам  кемде-кем.  Мұнша 

көпшіл ме едің, бауырым, амал не...

Сен  біз  үшін  қандай  едің...  Бауырларымыз  Ерден  мен 

Алматтың бар үмітін ақтап, ел азаматы ретінде жанып келе 

жатқан  жалын  едің.  Шоқ  жұлдыздай  жарқ  еттің  де,  үнсіз 

кете  бардың.  Қысқа  ғұмыр,  бітпес  мұң  деген  осы  ма  еді, 

бауырым.


Өкініштісі  сол,  сенің  Тұтынушылар  қоғамының 

Қарағанды 

кооператив 

колледжін, 

«Фемида» 

заң 


академиясының  экономика  факультетін  бітіргеніңмен,  сол 

дипломдарың  өзіңе  қызмет  ете  алмады.  Себебі,  сен,  өз 

еркіңмен әкең жүріп өткен жолды таңдадың. Ауыр жұмысқа 

ерте араластың, бауырым.

Осы  аз  ғана  уақытта  сен  аудан  көлемінің  сыйлы 

азаматына  айналдың.  Үлкенмен  үлкенше,  кішімен 

кішіше  араласа  білдің.  Әкеңнен  көргеніңді  іске  жаратып, 

өзіңнің  адалдығың,  көпшілдігің,  ақжарқын  мінезің, 

еңбекқорлығыңның  арқасында  ел  алғысына  бөлендің. 

Көптің рахметін алдың.

«Бас  екеу  болмай,  мал  екеу  болмайды»  деген  қағидаға 

сүйене  отырып  әкеңнің  босағасына  Динарадай  сүйкімді 

келін әкелдің. Әкең «жалғыз ұлым екеу болды» деп қатты 

қуанып,  ұлан-асыр  той  жасады.  Қуанышың  қуанышқа 

ұласып,  Айзере,  Айғаным  атты  немере  сүйдірдің,  әкеңді 

аталық  бақытқа  кенелттің.  Бәрі  де  өз  ретімен  келе  жатыр 

еді, тосын қайғың орын алды.

Жан бауырым, жан теңемес, Камалым,

Аңқылдаған еркесі едің далаңның.

Еркеліктен әкелікке жеткенде,

Қара жолдан болды-ау сенің ажалың.

Иә, 2013 жылдың 19-шы желтоқсаны. Қыршын 26 жас. 

Сол күні–ажал.

Боран болды, құтырынды ысқырып,

Жүрегімде қалды-ау мәңгі қыс тұрып.

Тұрмай қайтсын, Камалым-ау, айырылдым,

Қағым сәтте сені оған жұтқызып.

Қайғырдық,  қан  жұттық.  Сенің  артыңнан  есімізді  жия 

алмай қалдық.

Ажал жетті, асыл бейнең жоқ болды,

Жүректерге қайғы түсіп, шер толды...

Есеңгіреп  барып,  тәубеге  келдік.  Артыңдағы  қос 

қарашығыңа, жарыңа, ата-анаңа, қартайған атаң мен апаңа 

қарайладық. Ұрпағыңды жүрекке медеу еттік, бауырым.

Сенен айырылу– 

Ауыр қайғы болғанымен,

Жүрегіміз шер мен мұңға толғанымен,

Көтердік басты еріксіз.

Еріксіз басты көтердік,

Мына тағдыр әкеңді сенің сынға алды.

Сына ма деп бір әулеттің

Қара нары, арқа сүйер пырағы.

Әрине, Камал, бауырым, әкең сынбайды, жалғыз ұлының 

аманаты  ретінде  балаларыңды  өсіру  үшін  өз  күшіне  қайта 

енеді.

Сен әкеңді жақсы білесің ғой. Ол өз-өзін жебейді, ауыр 



ойларға жанын жегізбейді.

Жалғыз сенің әкең емес,

Жалғыз ұлдан айырылған,

Кең жазылмай бір қанаты майырылған.

Талай адам жалғызынан айырылып,

Бір сүрініп, бір жығылып, бір тұрған.

Әкең тоқтамға келед, күрсіне бермей,

Сен ұрпақсыз емессің.

Артыңда қалған қос қарашығың бар,

Қарашықтарыңның және де анасы бар.

Ақылға келеді,

Солар үшін,

Сенімен жаны бір анаң үшін.

Сен үшін,

Артыңда сенің

Еңіреп қалған Самал, Шынар, Ару үшін.

Сонымен қатар, 

Сексенінде селкілдеп қалған атаң мен апаң үшін,

Біз үшін,

Өзімен жаны бір ұялас бауыр үшін.

Иә,  бауырым,  бақұл  бол,  біз  сені  жібердік.  Артыңа 

алаңдама. Ата-анаңмен қатар, қос қарашығың–Айзерең мен 

Айғанымыңды  мейірлене  иіскер  Самалың  бар,  иықтарына 

тіреу болар Шынарың бар, еркеліктерін көтерер Аруың бар. 

Біз бармыз, бауырым.

Бақұл  бол,  бауырым.  Жаның  пейіште  болсын.  Жатқан 

жерің әрқашан мамық болсын. Жаның жәннатта болсын.

Апатайың–Гүлзара.

еске алу

Өтіп жатқан өмір-ай. Жүректен өшпейтін, көңілден кетпейтін, жарқын жүзді, 

ақжарқын  жиеніміз  Смағұлов  Камал  Ерденұлының  өмірден  өткеніне  1  жыл 

толыпты.


Небары  жиырма  алты  жыл  өмір  кешіп,  жарық  жұлдыздай  ерте  сөнген 

Камалымыз, жатқан жерің жайлы, топырағың жұмсақ болсын.



Сағына еске алушылар: нағашыларың Каримовтер әулеті, нағашы әжең–

Кәукіш.

Ақтоғай  ауданының  ту-

масы, 

ардақты 


жездеміз, 

бәрімізге  мейірімді  аға  бола 

білген  Самат елубайұлының 

өмірден өткеніне 1 жыл толды. 

Тағдырдың  жазуына  амал  бар 

ма?  Күні  кеше  ғана  сияқты 

еді  төрімізде  маңғазданып 

отырғаны. 

Еркелесек 

ер-


келігімізді 

көтеретін, 

ақыл  сұрасақ  жөн  сілтей 

білетін,     үлгі  тұтар  ардақты 

жездеміздің  жарқын  бейнесін 

әркез  қастерлеп,  аруағына 

дұға бағыштаймыз.

Жатқан  жерің  жарық,  то-

пырағың  торқа,  қабірің  нұрға 

толсын.  Жаның  жәннатта, 

тәнің рахатта болсын, жезде.

Жадымызда  жарқын  жүзің 

жатталады,

Өшпестей  боп  жүректерде 

сақталады.

Айтқан сөзің, жүрген кезің 

ортамызда,

Естелік  боп  әрқашанда 

айтылады.

еске алушылар: 

Жанғазы-Бақыт және 

балдыздары.

Опасыз  жалған-ай  десеңші.  Аңқыл-

даған 

қылығымен, 



жарқылдаған 

мінезімен 

жанымызды 

жаулап, 


бойымызды  баурап,  жүрегімізде  әкелік 

сезімді,  аналық  мейірімді  ұялатқан 

құлынымыз    Камалдан  қапияда  көз 

жазып  қалғанымызға  да  бір  жылдың 

жүзі  болыпты.  Камалтайымыздың  елде 

жоқ  елгезек,  кісіде  жоқ  көпшіл  мінезі, 

жанда жоқ биязы болмысы, адамда жоқ 

бекзат бітімі арқылы ер азамат атанып, 

ата-анама қолғабыс көрсетіп, қамқоршы 

болып,  перзенттік  парызымды  өтеймін 

деп жүріп, арманда кеткені өзегімізді өртеп, есеңгіретіп тастады.

«Тағдырдың  салғаны,  Алланың  жазғаны»  деп,  өзімізге-өзіміз  қанша 

басу  айтып,  өзімізді-өзіміз  қанша  жұбатқанымызбен,  Камалымыздың  зіл 

батпан ауыр қазасынан еңсеміз езіліп, есімізді әлі күнге жия алар емеспіз. 

Қабырғамызды  қайыстырып  кеткен  қайғыны  «орны  бар  оңалар»  деп 

соңынан  ерген  қос  қарашығының  қылық-қызығымен  ортайтып,  бауыр  ет 

баламыздың  артынан  дұға  бағыштағаннан  басқа  бізде  не  дәрмен  қалды. 

Асылық айтып, күпіршілік жасасақ, Жаратқан иеміз пенделік әлсіздігімізді 

өзі  кешірсін.  Әйтсе  де  Камалтайымыздың  көрер  қуаныш-қызығы,  кешер 

бақыт-баяны  әлі  алда  еді  ғой.  Амал  не?  Ендігі  қолымыздан  келер  бар 

пәрмен,  Алладан  «Камалымыздың  жатқан  жерін  жайлы,  топырағын 

торқа  етіп,  рухын  пейіштің  төрінде  шалқыта  гөр»  деп  сабыр  сақтау  ғана 

болғандай. Камалымыздың қос қанаты іспетті Айзере мен Айғанымға Алла 

баянды ұзақ ғұмыр беріп, әкелерінің тіккен отауы еңселі ордаға айналып, 

шаңырақтары шаттыққа толсын. Тәңір бізге соның куәсі болуды жазсын.

Ойға алып, есеңгіреп әрнені,

Түгесілді ата-анаңның дәрмені.

Арамыздан алып кеткен тым ерте,

Жаратқанның күшті екен пәрмені.

Өлді деуге көңіліміз қия алмай,

Сел боп ақты, көздің жасын тия алмай.

Қапияда келген ауыр қазадан,

Жүрміз әлі есімізді жия алмай.

Жазмыштың шара бар ма ісіне,

Жаратқанның дауа бар ма күшіне.

Сұм ажалдың құрығына іліктің,

Жазығың жоқ болса-дағы кісіге.

Қайғы-уайым ой-сананы меңдейді,

Өкініш-өрт жүректегі сөнбейді.

Енді қайтып келмесіңді білсек те,

Көңіл шіркін, соған әттең сенбейді.

Басымызға түскен сәтте қиын сын,

Көздің жасы қалай шыдап тиылсын.

Топырағың торқа болып, Камалтай,

Ол Жұмақтан жайлы орын бұйырсын.

еске  алушылар:  ата-әжесі–қантбек-Шәкіман,  ата-анасы–ерден-

Алмат,  жары–динара,  балалары–Айзере,  Айғаным  және  туған-

туыстары.

Марқұмның  жылдық  асы  Ақтоғай  ауылындағы  «Тоқырауын» 

тойханасында 16 желтоқсанда сағат 13.00-де беріледі.

еске алу

Бауырым Камалмен сырласу

еске алу

еске алу


Тіркеу куәлігі: 

№1337013370-Г

(Қазақстан 

Республикасы 

мәдениет және 

ақпарат 


Министрлігі 2013 

жылы 12 ақпанда 

берілген)

Жауапты хатшы: 

Сәбила Нұржанова 



Тілшілер: Мүсіркеп 

Әлімжанов, 

Манаргүл Мүтәліп, 

Думан Қабыл. 



Корректор: Әлия 

Ибраева 


Бет жасаушылар: 

Дәния Тәжібаева, 

Назерке 

Өміржанова 



есепші:

Ғалия Бекішева

Мақала 

авторларының пікірі 



газеттің көзқарасын 

білдірмейді.



Мекен-жайымыз: 

100200, Ақтоғай 

ауылы, Абай көшесі, 

№1 а үй.


Таралымы 1245 дана

Электрондық 

пошта aktogai_red

@mail.ru


Газет редакцияның 

компьютер 

орталығында 

қатталып, Қарағанды 

қаласында‘‘Арко’’ 

ЖШС баспаханасында 

басылады. Сәтбаев 

көшесі, 15 үй  



құрылтайшы:

Аудан әкімдігі



Меншік иесі:

‘‘Тоқырауын 

тынысы’’газеті 

редакциясы ЖШС



директор-Бас 

редактор  Гүлнар 

елеусізова

Газет аптасына 1 рет 

шығады 

Телефондар:

редактор: 2-18-81,

тілшілер, 

бухгалтер, факс: 

2-15-39.

компьютер 

орталығы: 30-3-37

Қусақтағы 

серпінді іс

Ауылдарды аралай жүріп, жанды бір істі көргенде кәдімгідей 

бір жасап қалатының бар. Өйткені, бәріміздің шыққан жеріміз, 

алтын  тұғырымыз  сол  ауыл  ғой.  Әдеттегі  кезекті  іссапармен 

қияндағы Қусақ ауылына жолымыз түскен-ді. Алыс  ауылдарды 

қанша  жиі  аралап  тұрамыз  десек  те,  Қусаққа  соқпағалы  да 

жылдан  асып  кетіпті.  Халықтың  қалауымен  сайланған  ауыл 

әкімімен биылдыққа жүздесіп отырғанымыз да осы. Бізге керегі– 

ауылдың жаңалығы, оң өзгерісі. 

–Жүріңіз,  сіз  әлі  көре  қойған  жоқ  шығарсыз.  Демалыс 

орталығын  ашып  алғанбыз.  Кеңес  тұсындағы  халыққа  тұр-

мыстық  қызмет  көрсету  мекемесінің  ғимараты.  Бос  тұратын. 

Қабырғамызбен  кеңесе  келе,  ауыл  әкімшілігінің  мамандары 

қаржыны өзіміз көтеріп, барлық өңдеу-жөндеу жұмыстарын өз 

күшімізбен  жасап  шығамыз  деп  бәтуаласып  қолға  алған  едік. 

Өткен  жылғы  Президент  күні  қарсаңында  ресми  түрде  ашып, 

ел  игілігіне  жаратып  отырмыз.  Ауылдың  жастары  тастаяқ 

(бильярд)  ойнап  бос  уақыттарын  өткізсе,  ауылдың  ардагер 

ақсақалдары  бір  мезет  дойбы,  шахматты  ермек  қылып,  емен- 

жарқын  әңгімелесіп,  қауқылдасып  тұрады.  Мына  тастаяқ, 

ана  шахмат  үстелін  ауылымыздың  көкірегі  ояу,  санасы  сергек 

ардагері,  «Береке»  шаруа  қожалығының  жетекшісі  Қабылбек 

Мұқашев ағамыз демеушілік жасап, алып беріп, ауыл жастары 

мен қарияларының сауабын алып, алғысына бөленіп отыр.

Аты дардай «Демалыс орталығы» болған соң музыкасыз сәні 

кіре ме? Ауыл имамы Рахат Секербаев караоке тарту етіп, ауыл 

жастарын  бір  қуантып  тастады.  «Рахат»  шаруа  қожалығының 

жетекшісі  Дәулет  Қадырберлин  атты  азамат  шахмат-дойбы 

тастарын,  Балқаш  қаласында  тұратын  жерлестеріміз  Ернұр 

Торыбаев,  Әнуар  Сәрсенбековтер  теледидар,  Түгелбай  Қалиев 

терезе  жалюздерін,  1993  жылдың  мектеп  бітірген  түлектері 

музыка  аппаратын  әперіп,  «Демалыс  орталығын»  қажетті 

нәрселермен жабдықтауға шама-шарықтарынша атсалысты,-деп 

ауыл әкімі Дархан Мұқатай алдымыздан жағымды жаңалықты 

ақтарып салды.

Ауылдың  тыныс-тірлігіне  жаңаша  сипат  беріп,  ауыл 

тұрғындарының  жаңа  бір  мәдени-рухани  демалатын  орнына 

айналған  ғимаратқа  біз  де  бас  сұқтық.  Ауыл  әкімі  мақтаса 

мақтағандай,  мақтанса  мақтанғандай-ақ  шаруа  тындырғанын 

көзімізбен көріп, халықтың қамы үшін қолға алынған жанды бір 

істің куәсі болып, ел тізгінін ұстап, халыққа қызмет жасап жүрген 

ауыл  әкімдігіндегі  азаматтарға  «Бәрекелді!»  дегеннен  басқа 

айтарымыз  болмады.  Әр  ауыл,  әр  елді  мекеннің  тұрғындары 

мен сырттағы азаматтары ауылдары үшін «ши» басын болса да 

сындырып, көмек қолын созып отырса, ауыл өмірі жанданып, ел 

тұрақтанар еді-ау. Десе де, қусақтықтардың игі ісі өзге ауылдар 

мен ірілі-ұсақты елді мекендерге үлгі-өнеге болса, кәне!  

Мүсіркеп СейдАХМеТ,

қусақ ауылдық округі.



Тұңғыш Президент күніне орай

«Аққыз» 


бөбекжай-балабақ-

шасында  Тұңғыш  Президент 

күніне  орай    топтар  және 

тәрбиеші  педагогтардың  қаты-

суымен 

апталық 


ұйымдас-

тырылды. 

Апталықтың 

мақ-


саты  –  Тұңғыш    Президент 

туралы  мәлімет    беру,  ұлттық 

рухты    ұялатып,  Президентті 

құрметтеуге,  оны  үлгі    тұтуға 

тәрбиелеу. 

    Балабақшаның  әр  топтары 

тақырыпқа  сай  безендіріліп, 

оларда    танымдық  сабақтар, 

әңгімелер, 

сайыстар 

өтіп, 

фильмдер  көрсетілді.  «Менің  



Отаным–Қазақстан» 

атты 


балалардың 

сурет 


көрмесі 

ұйымдастырылып,  «Еңселі  елдің 

Елбасысы»    деген  интерактивті 

тақта 


арқылы 

 

слайд-шоу 



көрсетілді. «Аққу» және «Ақбота» 

тобының тәрбиеленушілері  ара-

сындағы  танымдық  сайыста  

балалар  бір  кісідей  Әнұранды 

орындап,  Қазақстан,  Елбасы 

туралы,  мемлекетіміздің  бай-

Ел бағына туған ер

лығы, Отанды сүю  жайында  

мақтаныш сезімдерін білдірді. 

Осы  сайыста  жүзден  жүйрік 

шыққандар марапатталды. 

Ал,  апталықтың  соңында 

тәрбиеші педагогтар арасында 

«Ойжүйрік» танымдық сайысы 

өте  қызықты  өтті.  Сайыстың 

бірінші 


кезеңі 

«Ойжүйрік 

шұғыл  есте  сақтау»;  екінші 

кезең–«Жедел 

сұрақ-жа-

уаптар»    Президент  туралы; 

үшінші  кезеңде  Қазақстан 

қалаларынан 

басталатын 

әріптерден  сөйлем    құрау; 

төртінші кезеңде  патриоттық 

әндер, қолөнері, би және өлең 

оқу    аталымдарында    өзара 

бәсеке көрсетті. 

Сайыс 

соңында 


бас 

жүлдені    Н.Жармағанбетова, 

бірінші орынды А.Төлеуханова 

иеленіп,    «Өнерлі  педагог» 

н о м и н а ц и я с ы н д а  

Н.Құлатаева, 

М.Мақсұтова 

мақтау  қағаздарымен  ма-

рапатталды.       

Г.Ағыбаева,

Ақтоғай ауылы.

құрметті Темірхан 

Айтжанұлы!

Сізді    желтоқсан  айының 

1-ші  жұлдызында  50  жасқа 

толуыңызбен  шын  жүректен 

құттықтай  отырып,  зор  ден-

саулық,  отбасына  амандық, 

береке-бірлік,  ырыс-ынтымақ 

тілейміз. 

Жүрегіңіз 

оттай 


лаулап,  жаныңыз  әрдайым  жас  болсын.  Еңбекте 

табыс,  таусылмайтын  дәулет,  арылмайтын  бақыт 

тілейміз! Биік мақсаттарға жетіңіз.

құттықтаушылар:  жеңгең–Нұрзия,  бауыр-

ларың–құрманғали-Жанар,  Назерке,  Ақжол, 

көршің–Саракүл, даулет.

құттықтаймыз!

құттықтаймыз!

Құрметті 

Ақтоғай 

ауылының 

тұрғыны 

Мұстафин Темірхан Айтжанұлы!

Ердің  жасы  50  жасқа  толған  мерейтойыңмен 

шын  жүректен  құттықтаймыз.  Зор  денсаулық, 

ұзақ ғұмыр, шаңырағыңа шаттық, өмірдегі барлық 

жақсылықтарды тілейміз.

Иншалла деп шықтыңыз елудің асқарына,

Көркейіп, кеңпейіл көршілер арасында.

Жүргізіп темір тұлпар денсаулық арқасында,

Жүз жаса, асыл жар, бала-шаға ортасында.

Ақ  тілекпен:  көршілеріңіз–Берікбол,  оңал, 

Сембек-қорланның отбастары.

Ақтоғай  ауылының  тұрғыны  Жумаханова 



Шаризаттың  атына  11.04.2005  ж.  берілген 

№017106965  санды  жеке  бас  куәлігі  жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп табылады.

Жарамсыз деп танылсын

Статистика  мәліметтері  бойынша    орман 

алқаптары Қазақстанның 3 пайызын құрайды екен. 

Сондықтан,  оны  қорғау,  сақтап  қалу  мемлекеттік 

маңыздылығы жоғары іс деп айтуға болады. 

Ақтоғай  аудандық    IIБ-нің  «Құқықтық  тәртіп» 

жедел  профлактикалық  іс-шарасы  барысында 

Қараменде  би  ауылдық  округінің  тұрғыны  М. 

қайың ағаштарын кесуге тыйым салынған жерінен 

үйіне түсіріп алғаны анықталған. 

Ақтоғай  аудандық  сотында  21  қараша  2014 

жылы  әкімшілік  іс  қаралып,  құқық  бұзушы  М. 

ҚР  Әкімшілік  Құқық  бұзушылықтары    туралы 

Кодексінің  283  бабының  1  бөлімімен  кінәлі  деп 

танылып,  оған  18520  теңге  мөлшерде  айыппұл 

салынып,  17  779  теңгеге    бағаланған  ағаштарды   

тәркілеу туралы қаулы қабылданды.

Ақтоғай  аудандық  сотымен    12.11.2014  жылы  

азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс  қаралды. Азамат 

Т.  өзінің  үйіне  мас  болып  келіп,  жанұясының 

шырқын  бұзып,  жолдасы    Н-ға  балағат  сөздер 

айтып, отбасының мазасын алған.

Сот  мәжілісінде  құқық  бұзушы  Т.  өз  кінәсін 

толық  мойындап,  құқықбұзушылық  хаттамасында 

көрсетілген  мән-жаймен  келісіп,  істеген  ісіне 

өкініп,    жәбірленушіден  кешірім  өтініп,    тараптар 

сот мәжілісінен  татуласып қайтты. 

Өз кінәсін 

мойындады

Ақтоғай    аудандық 

соты  03.11.2014  жылы 

талапкер  С.  жауапкер 

А-дан  қарыз  өндіру 

туралы  азаматтық  істі 

қарады.  іс  құжаттары 

бойынша,    талапкер  С 

жауапкер  А-ның  өзіне 

788  мың  теңгесін  өз 

еркімен қайтармай жүр-

генін  көрсетіп,  талап 



Б і т і м г е р ш і л і к 

келісімін жасады

арыз берген, іске қарыз 

алғандығы  туралы  қол-

хатын берген.

Сот 

мәжілісінде 



тараптар    қарыз  ту-

ралы  өзара  келісімге 

келіп,  талапкер  талап 

арызынан  бас  тартып,  

бітімгершілік  келісімге 

келуіне 


байланысты  

соттың ұйғарымымен іс 

қысқартылды.

Заңсыз  ағаш  кесіп, 



айыппұл төледі



Сот залынан

Ақтоғай аудандық

сотының  баспасөз қызметі. 


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал