Ақтөбе облысының тАбиғи, тАрихи-мәдени мұрАлАры



жүктеу 6.25 Kb.

бет8/12
Дата09.04.2017
өлшемі6.25 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ескерткіштің  атауы  мен  мерзімі:  Қобыланды  батыр 
мемориалдық кешені, 2007 жыл. 
Орналасқан жері: Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы, Қобыланды батыр 
көшесі, 1 а.
Сипаты: Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық 
батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадын-
да сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ 
Қобыланды» деп атайды.
Шежіре  деректеріне  қарағанда,  Қара  Қыпшақ  Қобыланды  Жошы 
ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV 
ғасыр)  өмір  сүрген,  соның  белгілі  қолбасшыларының  бірі  болған  адам. 
Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делі-
неді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың 
атасы  Дайырқожа  Әбілхайыр  ханның  сүйікті  қазысы  екен.  Билікті  әділ 
айтқандықтан  «Ақжол»  атаныпты.  Және  Қара  Қыпшақ  Қобыланды  да 
ханның  сүйікті  адамы  екен.  Екеуі  іштей  жауласып  жүргенде,  бір  күні 
Қобыланды  Дайырқожаны  далада  өлтіріп  кетіпті.  Мұны  әз-Жәнібек  хан 
біліп,  Қобыландыны  шариғат  бойынша  қысас  қылып  өлтіруге  сұрапты. 
Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, 
үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» де-
ген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның 
әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан 
жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? 
Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп 
басталатын толғауы да дәлелдей түседі.
Мемориалдық  кешен  Қобыланды  батырдың  сүйегі  қайта  жерлен-
ген мавзолейден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады. Төбесінен 
қарағанда кешен қалқанның үстіне қойылған батырдың дулығасына және 
жанында жатқан садаққа ұқсайды. 
Мавзолейдің  негізгі  қабырғасы  Ресейде  жасалған  күйдірілген  қызыл 
кірпіштен биіктігі – 7,0 м. жуық 15 үшкіл тіреулер тәрізді қаланып, сыртқы 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
154
155
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
пішіні батырдың дулығасы тәріздес күмбезделген. Оңтүстік-шығыс бетінде 
биіктігі 5,0 м. кіреберіс-пештақ орналасқан. Мавзолейдің жалпы биіктігі – 
17,5 м., диаметрі – 16,0 м. Мавзолейдің сыртындағы жалпы диаметрі – 78,0 
м. дөңгелек шеңбер-қалқанды айнала 29 меңгіртастар символы көгілдір 
түсті  шамдалдар  кіреберістен  оңтүстік  шығысқа  қарай  биіктігі  –  2,0  м. 
қызғылт гранитпен қапталған 20 үшкіл балбал тастар символы орнатылған.
Кешеннің  екінші  бөлігі  мавзолейдің  батыс  бөлігіндегі  жалпы  аумағы 
–  447,0  шаршы  метр  батырдың  садағы  бейнелі  Даңқ  залынан,  холлдан 
және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерінен тұрады. Кешенде Қобыланды 
батырдың  қайрақ  тасы,  сүйегі  қайта  жерленгенде  орнатылған  тас  бел-
гілер  орналасқан.  Кешен  Жиренқопа  ауылының  шығысындағы  Ұлы 
Қобда  өзенінің  бойындағы  жалпы  аумағы  –  2,06  га  жерді  алып  жатыр. 
Оның – 3370,0 шаршы метр жері көгалдандырылған, 820,0 шаршы метр 
асфальтталған. Сәулетші Б. Ыбыраев.
мұғАлжАр АудАны
Ескерткіштің атауы мен мерзімі: Қарағұл-тамы, ХІХғ.аяғы.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Борлы ауылынан 
10 км ОШ-та.
Сипаттамасы:  Мавзолей  күмбезді,  сегізқырлы,  күйдірілген  және 
күйдірілмеген  кірпіштен  аралас  қаланған,  арасы  құмды  сылақ.  Іргетасы 
жоқ. Жарға 17 қырлы барабар жалғасып, сфера тәрізді күмбезге айнала-
ды. Мавзолейге кірер есік жандарында терезелері бар. Ішкі келбеті жебе 
тәрізді  терең  ойықтармен  салынған,  іші  саманды-құмды  балшықпен 
сыланған.  Еденде  жерлеу  камерасында  екі  мәйіт  жерленген  ойыс  бар. 
Мавзолейдің биіктігі – 6,70м, сыртқы қырлардың ара-қашықтығы – 7,70 м. 
2007-2009 жж. Қарағұл-тамы мавзолейі қайта қалпына келтірілді.
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Жәлімбет мавзолейі, ХІХ 
ғ.- ХХ ғ.басы.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылы-
нан 10 км ШСШ-та. 
Сипаттамасы: Мавзолей қасбетті-күмбезді, төртбұрышты, күйдірілген, 
күйдірілмеген  кірпіштен  қаланған,  іргетасы  тұрмыстық  тастан,  арасы 
балшықпен сыланған. Оңтүстік қасбетінде орналасқан бетше босағасында 
пилондар сақталған. Ғимараттың қаңқасы нақты бұрышты конструкцияны 
құрайды. Ғимараттың сыртқы жағында айқын ойықтардың арасында каме-
ралар орналасқан. Мавзолейдің жарынаға өріп қалаған жалпақ барабан 
күмбез болып жалғасып кеткен. Жар құрылысында бұрыш ойықтарының 
арасында  терең  жебе  тәрізді  ойықтар  бар.  Камераның  сырты  тегістеліп 
ақталған,  арканың  төменгі  бөлігінде  өсімдік  және  геометриялық  ою-
өрнектердің іздері сары және қара түсте сақталған. Сақталған биіктігі – 6,00 
м, ауданы 9,70 х 9,70 м.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
156
157
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
ойыл АудАны
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Азамат соғысында қаза 
тапқан Бауырластар зираты. 
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы.
Қазақстанда  Кеңес  өкіметіне  қарсы  қарулы  күрестің  негізгі  күштері 
Орынбор,  Сібір,  Орал,  Жетісу  казак  әскерлері,  өнеркәсіп  орындарының 
бұрынғы  қожалары,  кезінде  Ресейден  қоныс  аударып  келушілердің 
ауқатты  топтары,  қазақ  ауылының  бай-шонжарлары  және  солардың 
мүдделерін  қорғайтын  саяси  партиялар  мен  ұйымдар  болды  (кадеттер, 
эсерлер,  ұлттық  және  діни  саяси  ұйымдар).  Алашорда  үкіметі  азамат 
соғысының  алғашқы  кезінде  Кеңес  өкіметіне  қарсы  күштермен  байла-
нысып,  қазақ  халқының  мүддесін  қорғауға  тырысты.  Үкімет  мүшелері 
Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған 
үкіметтермен-Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен 
(Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктату-
расымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісім-
ге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Се-
мей  облыстарының  көптеген  аудандарын,  соңынан  Жетісу  облысының 
бірқатар  аудандарын  басып  алып,  Кеңес  өкіметін  құлатты.  Кеңес 
өкіметі  Батыс  Қазақстанның  кейбір  аудандары  мен  оңтүстік  өлкесінде 
сақталды.  Қазақстанда  азамат  соғысының  Ақтөбе,  Орал  және  Жетісу 
майдандары  құрылды,  олардағы  соғыс  әрекеттері  Азамат  соғысының 
ірі  майдандарындағы,  ең  алдымен  Колчак  әскерлеріне  қарсы  құрылған 
Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан 
Қазақстандағы  азамат  соғысының  тағдыры  негізінен  Қызыл  Армияның 
Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс 
қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан 
азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандар-
да  жасақталған  партизандық  жасақтар  құрамында  да  азамат  соғсына 
қатысуға  мәжбүр  болды.  Қазақстандағы  шешуші  соғыс  қимылдарына 
“қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, 
И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков, 
т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Има-
нов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. 
Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) 
Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің 
жеңісімен  аяқталды.  Бауырластар  зиратының  үстіне  жоғарғы  бөлігі  туға 
айналған  тіктөртбұрышты,  биіктігі  -  4,5  м  ескерткіш-белгі  орнатылған. 
Оны  көлемі  3х3  м.  болатын  бетон  тұғырға  орнатқан.  Ескерткіш-белгінің 
алдыңғы  жағында  «История  освобожденного  пролетариата,  обязанного 
вам свабодою и счастьем, навсегда запомнит Ваши славные имена» М.В. 
Фрунзе деген сөздер жазылған тақтайша бекітілген. Төменгі жағында Аза-
мат  соғысында  қайтыс  болған  жауынгерлердің  аты-жөндері  жазылған. 
Ескерткіш-белгі 1977 жылы тұрғызылған.
Ескерткіштің  атауы  және  мерзімі:  Ш.  Берсиевтің  ескер-
ткіші.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
158
159
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал ауылы.
Сипаты: Шығанақ Берсиев (1881-1944 жж.) Асан қайғы бабамыз «Ойыл 
көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің…» деп 
Жәнібек ханға зілді сөйлеп, Ойылдың орны бөлек екенін айғақтады. Осы 
Ойыл өңірінен шыққан текті тұлғаның бірі - Шығанақ Берсиев.
Ақтөбе  облысының  Ойыл  ауданындағы  «Құрман»  колхозының  зве-
но жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ол әуелі «Құрман» колхозында 
мұрап,  1938  жылдан  звено  жетекшісі  болып  істеді.  Шөлейтті  аймақтың 
ауа райына қарамастан, ұзақ жыл бойы Берсиев тарыдан мол өнім алды. 
Оның звеносы әр гектардан: 1939 ж. 25,5; 1940 ж. 155,8; 1941 ж. 165; 1942 
ж.  175;  1943  ж.  201  ц  өнім  жинады.  Берсиев  тарыға  арам  шөптен  таза, 
құнарлы жер таңдап алып, оған қой қиын төкті. Сеялкамен әр гектары 20 
кг-нан тоғыспалы әдіспен 5–6 см тереңдікке тұқым сеуіп, топырақты ауыр 
ағаш катокпен тегістеді. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде егістікті 4 рет су-
арып, 2 рет үстеп қоректендірді. Ш. Берсиев жаз бойы егістіктің 3 рет арам 
шөбін отап, кейде оған күл мен құс саңғырығын шашты. Ол тарыны пісуіне 
қарай таңдап оратын.
Жыл  сайын  ойыл  ақ  тарысының  сабағы  майысып  тұрған  күлтелерін 
таңдап,  оның  ірі  дәнін  ғана  тұқымға  іріктеп  алды.  Сөйтіп,  тарының 
жақсартылған жаңа сортын өсірді. Жазушы Мұстафиннің «Шығанақ» ро-
маны  Берсиев  өмірінен  жазылған.  Осы  еңбегін  бағалап,  Кеңес  үкіметі 
Берсиевті  Ленин  орденімен  (1940)  марапаттады.  Байлардың  мал-мүлкін 
тәркілеу мен оған ұласқан аштық, одан кейінгі отыз жетінің сойқаны ел-
жұртты  есеңгіретіп  тастағаны  былай  тұрсын,  тұтас  елдің  жер  бетінен 
жоғалу  қаупі  туғанда  кез  Ойылдағы  Шығанақтың  белсеніп  еңбек  еткен 
кезеңіне түспа-түс келеді. Ол аштықтан қырыла бастаған ел- жұртын аман 
сақтап қалудың бірден-бір жолы - тары өсіріп, жұрттың өзегін жалғау деп 
ұғынды. Өз үйінің көмбесінен алған ақ тары тұқымы Ойылға ауған жұрттың 
жаппай қырылып қалуына жол бермеді. Сол уақыт өткеннен кейін Қызыл 
Армияның мұқтаждығына жұмсалды.
  Осыған  байланысты  Қазақстан  Компартиясының  Орталық  комитеті 
және  Қазақ  КСР-ның  Министрлер  Кеңесі  1946  жылы  Ш.Берсиевтің  туған 
жеріне  ескерткіш-мавзолей  салу  туралы  қаулы  шығарды.  Архитекторы 
Т.К.Басенов.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
160
161
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Ескерткіштің  атауы  және  мерзімі:  «Әйгілі  тары  өсіруші 
Ш.Берсиевтің бейіті және Даңқ мұнарасы», 1947 ж.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаратал ауылы.
Сипаты:  Ш.Берсиевтің  бейіті  саман  кірпіштен  тұрғызылып  цемент 
балшықпен сыланған, бейіттің үстіне «Әйгілі тары өсіруші Шығанақ Бер-
сиев  (1881-1944  ж.ж)»  деген  мәтіні  бар  қоладан  мемориалды  тақта 
орнатылған.  Бейіт  күйдірілген  кірпішпен  қоршалып,  солтүстік-батыс 
жағында обелиск орнатылған. Ескерткіштің айналасы металл қоршаумен 
жымқырыла қоршалған.
Мавзолейдің құрылысы дөңгелек, үйтам тәрізді және кіреберісі аркалы 
болып келеді. Мавзолейдің оңтүстік-батыс бетіндегі қабырғасында арка-
мен өтетін кішкентай ғана қасбет орнатылған. Қасбетті айнала баспалдақ 
орнатылған,  сол  жағындағы  мавзолейдің  жоғарғысындағы  күмбезге 
шығады. Мавзолейдің сырты метал қоршаумен қоршалған. Қабырғаның 
сыртқы  диаметрі  -  5,2  м,  жалпы  биіктігі  -  4,4  м.  Мавзолей  1947  жылы 
салынған.
Ескерткіштің  атауы  және  мерзімі:  Керуен  сарай  тарихи-
архитектуралық кешені, ХІХ ғ. 
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы.
Сипаты:  «Керуен-Сарай»  тарихи-архитектуралық  ансамбльдің 
аумағында  сауда  қатарлары  және  жәрмеңке  комитетінің  ғимараттары 
орналасқан. Алғашқыда 1869 жылы екі қатарлы сауда қатары тұрғызылған, 
солтүстіктен-оңтүстікке  қарай  созылып  жатыр.  Әрбір  сауда  қатары  5 
бөліктен  тұрады:  әрбір  бөлік  төртбұрышты  (5,30х80,0  м)  және  жалпы 
ұзындығы 400 метрді құрайды. Әрбір бөлікте 18 есік (1,60 х1,60 м) және 
терезенің орындары бар (0,70х1,50 м), жалпы ғимараттың биіктігі 4,10 м. 
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Шаруа жастарының мек-
тебі, ХІХ ғ.
Орналасқан  жері:  Ақтөбе  облысы,  Ойыл  ауданы,  Ойыл  селосына 
қарасты Талтоғай елді мекені.
Сипаты: 1898 жылы Күмісбаев Меңдібай салдырған. Ағаштары Орын-
бордан түйе арбамен әкелінген. «Қызыл мектеп» алғашында екі кластық 
орысша-қазақша  мектеп  болған.  Оны  бертін  келе  «Шаруа  жастар  мек-
тебі» деп атаған. Бұл оқу орны әр кезде әрқилы мақсатқа пайдаланады. 
Мұндағы балалар үйі 1952 жылға дейін қызмет етті. ХХ ғасырдың елуін-
ші  жылдардың  ортасынан  жетпісінші  жылдарға  дейін  өкпе  ауруымен 
ауырғандарды  сауықтандыратын  санаторий  болды.  Қазірде  санаторий 
атымен аталады.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
162
163
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Шаруа  жастар  мектебінің  ұзындығы  30  м,  ені  20-23  м,  ал  биіктігі  3,5 
м  болады.  Шатырының  жерден  алғандағы  биіктігі  5  м,  үйдің  жоғарғы 
төбесінен алғандағы арқалығы 6-7 м. Онда 20 бөлме бар. Дәлізінің ені 4 м, 
ұзындығы 20 м. Қосымша құрылысының ұзындығы 15 м, ені 7-8 м, биіктігі 
4 м. Мұнда сегіз бөлме болған. 
темір АудАны
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Ахмет Халфе мешіті, ХХ 
ғ. басы.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы.
Сипаты: Мешіт төрбұрышты (10х22 м) екі қабатты құрылыс. Қабырғасы 
өңделген қоңыр текше тастардан цемент балшықпен қаланған. Солтүстік 
бетінде 8 қырлы мұнарасы ағашпен жабылып, қаңылтырланған, ұшар басы 
алты жақты тіктөртбұрыш тәрізді, оған жарты айшық орнатылған. Осы бет-
те жарты күмбез тәрізді жабылған құбыла мінәжат қуысы орналасқан. Ішкі 
беті үш қызмет бөлмесіне бөлініп, орталықтағы екі қабат намаз бөлмесі 
мен шығар есікке жалғасқан.
Ескерткіштің атауы және мерзімі:  Шіркеу, ХІХ ғ. ІІ жартысы.
 
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы.
Сипаты: Шіркеудің сыртқы көрінісі төрбұрышты (11х29 м) солтүстіктен 
оңтүстікке  қарай  созыла  орналасқан.  Шіркеу  күйдірілген  қызыл  кірпі-
штен, ақ бор аралас цемент балшықпен қаланған. Шіркеуге кіретін есік-
тер  оңтүстікте,  батыста  және  шығыс  жақ  беттерінде  орналасқан  оның 
ішінде  шығыс  жағындағы  есік  көшеге  шығатын  есік  болып  табылады. 
Қабырғасының орта деңгейінде жоғарғы жағы жартылай иіліген терезелер 
жолақ  қаңылтырлармен  қуалай  жиектеліп  қиылыстырыла  көмкерілген. 
Шіркеу  ғимаратының  құрылысы  үш  құрылымнан  тұрады.  Шіркеудің 
ішкі  бетіне  сылақ  жүргізіліп,  жасыл  бояумен  боялған,  шіркеудің  басты 
бөлмесінде қабырғаға салынған іздер байқалады.
Шіркеудің биіктігі - 13,25 м.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
164
165
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Досжан Ишан ата қорым-
мешіті, ХІХғ. аяғы – ХХғ. басы.
 
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінен 
оңтүстікте 5 шақырым жерде орналасқан.
Сипаты: «Досжан ишан қорымы» деп аталған жер негізінен ХІХ ғасырда 
өмір сүрген аймаққа әйгілі діни тұлға Досжан Қашақұлының  салдырған 
мешіті мен асыл сүйегінің жерленген орны. Қазіргі таңда ХІХ ғасырдың 70 
жылдары бой көтерген Досжан ишанның мешіті орны және қасында ХІХ 
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бой көтерген үлкен қорымнан 
тұрады.
Бұл  тарихи  жерді  «Досжан  ишан  қорымы»  дегеннен  гөрі  «Досжан 
ишан  діни  –  тұрғын  кешені»  деуге  тұрарлық.  Оған  себеп  бой  көтерген 
«қорыммен» қатар, мешіттің, тұрғын үйлердің, шаруашылық жайлардың, 
құдықтың орындарының әлі күнге дейін сақталғандығы. 
«Досжан ишан» қорымның ортасында бейіттердің ескі бөлігі орналасқан, 
енді соған тоқталсақ. Қорымның ескі бөлігі негізінен, топырақтан үйілген 
көбелерден,  топырақ  қоршаулардан,  тас  қоршаулардан  және  төрт 
бұрышты  қалыпта  төмен  өрілген  сұрғылт  өңді  тастан  тұрғызылған  төрт 
құлақтардан  тұрады.  Ұлу  тастан  жасалған  құлыптастардың  бірнеше  түрі 
бар. Ол құлыптастардан көбісі құлап қалған. 
Осы  құлыптастардың  19  данасының  эпитафиясында  жазылған 
мәліметтердің мазмұны аударылды. Бұл құлыптастар ХІХ ғасырдың соңы 
мен ХХ ғасырдың басында жасалған.
Құлыптастардағы  эпиграфикалық  мәліметтерге  қарағанда  қорымда 
жерленген адамдардың негізі: осы жерді мекендеген шүрен руының жа-
ман  шүрен  тайпасы,  шөмішті  табын  руының  қоңыр  тайпасы  өкілдеріне 
тиісілі.  Сонымен  қатар:  кердері,  адай,  т.б.  ру  өкілдері  жерленгендері 
көрініп  тұр.
Құлыптастардағы  жазылған  эпитафиясының  мазмұны  барлық  қазақ 
құлыптастарында  тән  мазмұннан  тұрады,  тек  жазудың  құрылымында 
ғана  өзгешіліктер  бар.  Осы  айтылған  мешіт  жанында  сақталған  қоныс-
жайлардың  жобалық  және  жарнамалық  сызбалары,  өлшемдері  және 
фотографиялық суреттері  алынды.
шАлқАр АудАны
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Балғасын кешені, ХІІІ-ХVІІІ 
ғғ.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Талдықұм ауылынан 
15 шақырым оңтүстік-батыста. 
Сипаты:  Орта  ғасырлардан  сақталған  көне  қорым.  Балғасында  ХІХ 
ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Орынбор  ғылыми  мұрағат 
комиссиясының мүшелері А. Матов, И. Хохлов, Ж. Кастанье болған. 
1979-1980 жылдары Қазақстан Мәдениет министрлігінің экспедициясы 
(жетекшісі С.И.Әжіғалиев) зерттеген. 
Қорым  Балғасын  мұнарасының  қалдығынан,  Оңалбек  ата  (шамамен 
ХVІІ-ХVІІІ ғасыр) кесенесінен және шикі кірпіш пен тақта-тастан салынған 
көптеген бейіттерден тұрады. Көркем стела немесе құлпытас жоқ, сирек-
теу ғана өңделмеген дөрекі белгілер кездеседі. Олардың кейбірінде шекті 
руының таңбасы ойып салынған. Мавзолейдің биіктігі – 8,80 м.
Балғасын қорымын моңғол дәуіріне жатқызады, себебі «балғасун» то-
понимі моңғол тілінен аударғанда «бекініс», «қала» дегенге сай келеді. 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
166
167
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
 
Балғасын қорымы, Оңалбек ата мавзолейі, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Балғасын қорымы, 
панорама
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Есет-Дәрібай кесенесі, ХІХ ғ.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылынан 
12 шақырымда.
Есет Көтібарұлы (1803-1889ж.ж.) Шекті руынан шыққан белгілі тарихи 
тұлға. Ол азаттық үшін күрескен халық батыры. 1853-1858 жылдары шек-
ті жұртының халық-азаттық қозғалысының басшысы,1868-1880 жылдары 
Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болған. Көтібар батырдың үлкен ұлы.
Ресей  империясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  ұлт-азаттық 
қозғалыстың  башысы.  Кіші  жұздің  Қабақ  руының  басқарушысы  болған. 
Ақтөбе  облысының  Шалқар  ауданындағы  Шалқар  көлінен  жеті  –  он 
шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.
Есет – Дәрібай кесенелері ХІХ ғасырдың қаһарман батырлары Есет (1803 
– 1888) және Дәрібай (1805 – 1891) Көтібар ұлдарына тұрғызылған ескер-
ткіш. Кесененің бірінші нұсқасы 1890 жылы төртбұрышты шикі және күйген 
керпіштен  күнбезбен  өріліп,  қабырғалары  әшекейленіп  салынған.  Бірақ, 
уақыт әсерімен құлаған. Шалқар өңірі халқының бастамасымен бұл кесене 
екінші рет, қазіргі заманның сәулет өнерінің талаптары ескеріліп, ұлттық 
нақышпен 1993 жылы қайтадан салынды. Кесене құбылаға қарағанда оң 
жағындағысы  Есеттің,  сол  жағындағысы  інісі  Дәрібайдың  тамдарынан 
тұрады.
Есет Жоламан Тіленшіұлы қозғалысына қатысқан. Ырғыз, Торғай, Сыр-
дария өңірлерінде орыс бекіністерінің салынуы Есет Көтібарұлының пат-
шалы Ресейге қарсы өшпенділігін туғызды.
1847 жылы Ембі өңірінде Есет Көтібарұлы қазақтар мен хан жасақтарына 
шабуыл  жасады.  Осы  көтерілістен  кейін  Есет  отрядты  Ембінің  жоғарғы 
жағалауына  Арыс-Бөрте,  Имелі-Шашан  өңірлеріне  бекінді.  Бұдан  кейін 
ол Хиуа феодалдарына қарсы күресте Жанқожа Нұрмұхамедов батырмен 
уақытша бітім жасады.
1853 жылы Есет бастаған қозғалыс күшейе бастады. 1855-1858 жылдар 
патша әкімшілігіне қарсы белсенді қозғалыс кезеңдері болды.
1859 жылы бір топ сұлтандармен бірге Петербургке шақырылды. 1860 
жылы 28 тамызда делегацияны II Александр қаьбылдады. Ол 1861 жыл-
дан бастап Қабақ руының старшыны, 1869 жылдан Ырғыз уез бастығының 
кіші көмекшісі болды. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін оған ме-
даль берілді. 1879 жылдан пенсияда. Оған 300 сом мөлшерінде зейнетақы 
тағайындалды.  Есет  Көтібарұлы  Ақтөбе  облысы,  Шалқар  ауданының 
Шолақжиде деген жерінде жерленген.
ырғыЗ АудАны
Ескерткіштің атауы және мерзімі: Алмат-тамы мавзолейі, 
ХІХғ.
Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылынан 22 
шақырым ОШ-та.
Сипаттамасы:  Алмат-тамы  мавзолейі  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген 
Ырғызға  атағы  шыққан  қайраткер  Алматтың  отбасы  жерленген  ерекше 
декорацияланған  күрделі  композиция.  Құрылыс  төртбұрышты  (12,70м 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
168
169
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
х  12,10м),  күрделі,  көпкамералы.  Мавзолейге  кірер  есік  солтүстік  батыс 
қасбеттің  оң  жағымен  ұзынша  дәлізден  аралық  камераға  кіріледі.  Одан 
оңға  қарай  жүріп  орталық  шеңбер  тәрізді  камераға  өтіледі.  Дәліз  әрі 
қарай шығыс бөлігімен ғимараттың келесі бұрышына дейін созылып жа-
тыр.  Орталық  бөлменің  диаметрі  5,50м  басқа  бес  камералармен  арала-
ры аркамен бөлінген. Төрт камера дөңгелек пішінде (3,00 м), ал солтүстік 
шығыстағы камера – төртбұрышты (3х3 м). Барлығының төбесі күмбезделіп 
жабылған.  Бөліп  тұрған  аркалар  жартышеңбер  түрінде  архивольттар-
мен  айрықшаланған.  Барлық  камераларда  адам  жерлейтін  ақымдарды 
арқалықтар бөліп тұр. Ортаңғы залдың фризы декоративті жолақтармен 
әдеміленіп арасында ою-өрнек соғылған ганча тақтайшалары бар. Фриздің 
беті сылақпен сыланып әктелген. Ескерткіштің сыртыда безендірілген.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал