Ақтөбе облысының тАбиғи, тАрихи-мәдени мұрАлАры



жүктеу 6.25 Kb.

бет1/12
Дата09.04.2017
өлшемі6.25 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ақтөбе облысының тАбиғи, 
тАрихи-мәдени мұрАлАры:
 
қорғАу және тиімді пАйдАлАну

2
3
ӘӨЖ 
ББК 
Пікір жазғандар:
Сапаров Қ.Т. –  география ғылымдарының докторы,  
 
 
 
қауымдасқан профессор 
 
 
 
(Л.Н. Гумилев атындағы Евразия  
 
 
 
ұлттық университеті)
Сұлтанғалиева Г.С. – 
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
 
 
(Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  
 
 
 
университеті)
Бекназаров Р.А. – 
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
 
 
(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  
 
 
 
мемлекеттік университеті)
Сергеева А.М., Әбденов А.Ж., Мамедов А.М., Сулейменова Г.Ж., Досмуратов Ф.С. Ақтөбе 
облысының  табиғи,  тарихи-мәдени  мұралары:  қорғау  және  тиімді  пайдалану:  –  Жоғары 
оқу  орындары  студенттеріне,  колледж,  гимназия,  лицей  және  орта  мектеп  оқушыларына, 
сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған./ 
ISBN 
Ақтөбе  облысының  табиғи,  тарихи-мәдени  мұралары:  қорғау  және 
тиімді  пайдалану  мәселелеріне  арналады.  Кітапта  Ақтөбе  облысының 
табиғи,  тарихи-мәдени  мұралары,  оларды  қорғау  мен  тиімді  пайдалану 
мәселелері қарастырылған.
ӘӨЖ 
ББК 
ISBN
  © Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы, 2016
МАЗМҰНЫ
 
Алғысөз 
 
Кіріспе 
1  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ МҰРАЛАРЫ 
1.1  Ақтөбе облысының географиялық орны 
1.2  Ақтөбе облысындағы табиғи ескерткіштердің  
таралу ерекшеліктері 
1.3  Ақтөбе облысындағы палеонтологиялық  
ескерткіштер 
1.4  Ақтөбе облысы аумағында өңірлік табиғи парк,  
табиғат ескерткіші, табиғи нысандар  
түрлерін ұйымдастыру
2  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ 
2.1  Ақтөбе облысының тарихи-мәдени  
мұраларына жалпы сипаттама 
2.2  Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар
тарихи-мәдени ескерткіштер 
2.3  Ақтөбе облысы бойынша жергілікті  
маңызға ие ескерткіштер
3  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАБИҒИ-МӘДЕНИ  
МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
3.1  Табиғи ескерткіштерді тиімді пайдалану  
тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде 
3.2  Мәдени және табиғи мұра өңірдің тұрақты  
дамуының факторы ретінде 
3.3  Ақтөбе облысындағы табиғи-мәдени мұраларды  
туризмде тиімді пайдалану жолдары 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
4
5
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
АлғысөЗ
Географиялық  тұрғыдан  қазіргі  Ақтөбе  облысы  XVI-XVIII  ғасырда  Кіші 
жүздің құрамында болып, XIX ғасырда Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз, 
Орал облысының Темір уездерінің аумағын қамтыды.
Қазақ  қазақ  болғалы,  елге  қоныс,  малға  жайылым  болған  Елек  пен 
Қобда, Жем мен Сағыз, Ойыл мен Қиыл алабы талай тарихтың куәсі болды. 
Бұл туралы көпті көрген Қашаған жырау:
Саланың бойы салқын деп,
Күнелтсін ұрпақ, халқым деп,
Арқаның кең даласын
Жайлады қазақ баласы.
Сырдан төмен кең қоныс – 
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Елек, Қобда саласын,
Мекенденіп кетіпті ,
Кіші жүздің баласы
Темірдің басы құба бел ,
Сол жақта қалды бөлініп,
Әлім аға бөлек ел.
Еділдің басы – Мыңтөбе,
Жайықтың басы – Орал тау, 
Електің басы-Есенбай ,
Қобданың басы – Шоңмұрын,
Жемнің басы – Мұғаджар,
Ойылдың басы –Ойбұлақ,
Қонысқа солай тараған», – деп жырлаған болатын.
1869 жылдың көктемінен бекініс ретінде салынған Ақтөбенің жаңа та-
рихы басталды. 
Тарихта  ешқандай  «ақтандақ»  болмауы  шарт  .  Қалын  жұртшылық, 
әсіресе жас ұрпақ өз елінің, өз жерінің тарихын басқа емес, өз халқының 
тарихи  санасы  тұрғысынан  жазылған  тарихтан  біліп,  жадына  сақтап  өсуі 
қажет. 
Ақтөбе облысында тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік 
тізіміне енгізілген 659 ескерткіш бар, оның 9-республикалық, 650-жергілік-
ті  маңызы  бар  ескерткіш  болып  табылады.  Сонымен  қатар  Абат-Байтақ, 
Дәуімшар, Қарасақал, Асан-Қожа, «Хан моласы» қорымдары мен Сүндет, 
Тоқпан  мавзолейінің  қорғау,  құрылыс  салуды  реттеу  және  қорғалатын 
табиғи  ландшафты  аймақтары  анықталып,  облыстық  мәслихаттың  2013 
жылғы  17-сәуірдегі  және  2015  жылғы  11-желтоқсандағы  шешімдерімен 
бекітілді. 
«Мәдени  мұра»  ұлттық  жобасы  аясында  Ә.Молдағұлова,  А.Жұбанов, 
Ғ.Жұбанова,  Ш.Берсеев,  А.Биекенов,  Т.  Бигельдинов,  Ш.Қалдыаяқов, 
Т.Ахтанов  пен  Қ.Шаңғытбаевқа,  Әйтеке  би  Бәйбекұлы  сияқты  көрнекті 
қоғам,  мемлекет,  өнер  қайраткерлерінің  ескерткіштері  мен  ескерткіш-
мүсіндері орнатылды. Ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль АЭС апатын 
жоюға қатысушыларға, Ядролық жарылыстан зардап шеккен құрбандары 
мен  Ұлы  Отан  соғысының  құрбандарына  ескерткіш  белгілер  қойылып, 
аллеялар  ашылды.  Сонымен  қатар  Қобда  ауданы  Жиренқопа  ауылында 
қазақ  халқының  эпостық  қаһарманы  Қобыланды  батырға  және  Әйтеке 
би ауданы Қабырға өзенінің Өлкейік өзеніне құяр сағасындағы «Хан мо-
ласы» қорымында Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы даңқты қолбасшысы, 
сұңғыла  саясаткер,  көреген  мәмілегер,  мемлекет  қайраткері  Әбілқайыр 
хан Қажысұлтанұлына кесенелер тұрғызылып, мемориалдық кешен және 
музей ашылды. 
Тарихи-мәдени  және  табиғат  ескерткіштерінің  Жинағын  құрастыру 
мақсатында  облыс  аумағындағы  тоғыз  ауданындағы  ескерткіштер-
ге  анықтау,  сараптау  және  барлау  жұмыстары  жүргізіліп,  нәтижесінде 
Жинақтар құрастырылып шығарылды. Қалған үш ауданды атап айтқанда 
Байғанин, Ырғыз және Шалқар аудандарын таяу болашақта аяқтау жоспар-
лануда.
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл кітап, Ақтөбе облысының 
табиғаты мен тарихын жас ұрпаққа таныту мақсатында жасалған қадам.
Туған жердің тарихын әрбір азамат жастайынан біліп, санасына сіңіріп 
өсуі  қажет.  Қазақстанның,  қазақ  халқының  тарихын  толық  жазу  үшін, 
аймақтық тарих толық зерттелінуі шарт. 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
6
7
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Кіріспе
Ақтөбе  облысы  еліміздің  солтүстік-батысында  орналасқан.  Об-
лыс  экономикасындағы  жетекші  салалары  болып  табылатын  қара 
металлургияның,  химия  өнеркәсібінің,  ауыл  шаруашылығының  маңызы 
зор. Сондықтан Ақтөбе облысы өз экономикасын еліміздегі басқа облыста-
рымен, шетелдермен байланыс орнатып, дамытып келеді. Мұнсыз қазіргі 
заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту мүмкін емес. Нақ 
осы  кезеңдегі  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  қауырт  даму  жер-
гілікті жердің табиғат байлықтарына сүйенеді. Оны ұтымды пайдалану ісі 
мен қорғау ісін қатар жүргізуді заман талабы қажет етіп отыр. Нарықтық 
экономика  жағдайында  ойдағыдай  жұмыс  жүргізу  үшін  ең  алдымен  өз 
облысымыздың  тарихы,  табиғаты  және  шаруашылығының  өзіндік  ерек-
шеліктерін білуімізді керек етеді.
Ақтөбе  облысының  шаруашылығын  дамытуда  өңдеуші  өнеркәсіптің 
жаңа  салаларын  құру  жолымен  экономиканың  шикізатқа  бағыттылығын 
жою, көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын 
тағы басқаларды қалыптастыру процестерін барынша жеделдету міндеті 
тұр.
Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  жүйесіндегі  аумақтық  күрделі 
үрдістердің (шаруашылықтың дамуындағы әр түрлі бағыттар, экономикалық 
дағдарыстар  мен  қарама-қайшылықтар,  өсу  қарқыны,  салалық  және 
аумақтық  құрылымдық  өзгерістер,  т.б.)  жылдам  өзгеруі  соншалықты, 
әлеуметтік-экономикалық,  саяси-географиялық  ақпараттардың  соңынан 
уақытында ілесіп жүру қиындыққа түседі. Яғни олар жылдам ескіреді не-
месе ақпараттық жүйелерге жаңа мәліметтердің жинақталуы кешеуілдеп 
жатады. 
Белгілі бір аумақтың табиғат жағдайы мен ресурстар жиынтығы оның 
табиғи-ресурстық  әлеуетін  құрайды.  Оның  құрылымы  сол  аймақтың, 
ауданның, мемлекеттің әр түрлі табиғат жағдайлары мен ресурстарының 
ара-қатынасынан  тұрады.  Табиғи-ресурстық  әлеует  деп  аумақтың 
(ауданның,  мемлекеттің,  экономикалық  зонаның)  табиғи-ресурстық 
байлығының тұтас көлемінің құндық мөлшерін айтамыз. 
Ақтөбе  облысы  бүгін  Қазақстанның  табиғи  қорларға  бай,  бел-
гілі  дәрежедегі  бәсекелестікке  ие  және  қарқынды  даму  үстіндегі 
аймақтарының  бірі.  Ақтөбе  облысы  көлемі  жағынан  Қарағандыдан  кей-
ін екінші орында. Ақтөбе облысында жалпы халық саны 711,9 мың адам 
(2009 жылдың 1-қаңтарындағы санақ бойынша). Облысқа 12 аудан, 410-
дей елді мекен кіреді. 
Нарықтық экономика жағдайында ойдағыдай жұмыс жүргізу үшін ең ал-
дымен өз облысымыздың табиғаты, тарихы және шаруашылығының өзіндік 
ерекшеліктерін білуімізді керек етеді. Осы уақытқа дейін жаһанданудың 
қарқынды  дамуы  байқалады.  Мұндай  жағдайда  ең  бірінші  міндет  – 
әлемдік  дамудан  артта  қалмау.  Осы  бағытта  Қазақстанда  экономикалық 
жағдайды жақсартуға байланысты мемлекет саясатында ұзақ және орта 
мерзімді жоспарлар қарастырылып, нақты шешімдер шығарылуда. Осын-
дай жоспарлардың ішінде 50 ірі бәсекеге қабілетті елдердің біріне айналу 
бағдарламасы бар. Әрине, міндет ауыр болғанымен экономиканың әр са-
ласын нығайта отырып, қалдықтар мен шикізатты жоғары технологиялық 
өндірісте  қолдану  барысында  қол  жеткізуге  болады.  Бүгінгі  күні,  қазіргі 
заманға  сай  технологиялармен  қамтылған  жағдайда  жоғары  экспортқа 
шығарылатын өнімдерді өндіру мүмкін емес.
«Ақтөбе  облысының  табиғи,  тарихи-мәдени  мұралары:  қорғау  және 
тиімді  пайдалану»  кітабына  мәліметтер  «Тобыл-Торғай»  экология  де-
партаментінен,  Ақтөбе  облыстық  табиғи  ресурстар  мен  табиғат  пайда-
лануды  реттеу  басқармасынан,  «Ырғыз-Торғай»  мемлекеттік  табиғи  ре-
зерватынан,  Ақтөбе  облыстық  гидрометеорологиялық  орталығынан, 
Ақтөбе облысының статистика департаментінен, «Зере Тур» туроперато-
рынан, облыстық өлкетану мұражайынан, облыстық мұрағаттан, «Ақтөбе 
облыстық  тарихи-мәдени  мұраларды  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  ин-
спекциясы» ММ алынды. 
Еліміздің басқа аймақтарындағы сияқты облысымыздағы шиелініскен 
әлеуметтік-экономикалық  және  экологиялық  мәселелер  көп  ретте 
адамдардың «географиялық факторлардың» ерекшелігі мен орнын жете 
түсінбеуден пайда болғанын және болатындығын естен шығармау қажет. 
Орта және арнаулы оқу орындарындағы өз өлкеміздің географиясын ба-
рынша  тереңдете  оқытудың  қажеттілігі  осыған  байланысты.  Жергілікті 
географиялық ерекшеліктерін білу – экономиканың күрделі мәселелерін 
айыра  білуге,  облыстағы  қазіргі  шаруашылық  жағдайды  дұрыс  бағалап, 
бүгінде саяси дербестік пен тәуелсіздікке ие болып отырған Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық  дамуындағы  ірі  өзгерістердің  мәнін  түсінуге 
жәрдемдеседі.
Қазір облыс шаруашылығын дамытуда өңдеуші өнеркәсіптің жаңа са-

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
8
9
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
лаларын  құру  жолымен  экономиканың  шикізатқа  бағыттылығын  жою, 
көлік, байланыс желісін одан әрі дамыту, тауар, валюта рыноктарын тағы 
басқаларды  қалыптастыру  процестерін  барынша  жетелдету  міндеті  тұр. 
Минералды ресурстарды игеруге шетел инвестициясын тарту мен техно-
логиясын пайдалануға үлкен жұмыстар жүргізілуде.
«Ақтөбе  облысының  табиғи,  тарихи-мәдени  мұралары:  қорғау  және 
тиімді пайдалану» кітабы 3 бөлімнен тұрады. 1-бөлімге Ақтөбе облысының 
табиғи  мұралары  арқау  болды.  2-бөлімде  Ақтөбе  облысының  тарихи-
мәдени  мұраларына  шолу  жасалды;  3-бөлімде  Ақтөбе  облысындағы 
табиғи-мәдени мұраларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері тал-
данды. 
Ақтөбе  облысының  табиғи  мұраларын  саралау  барысында  Абдулин 
А.А., Сегедин Р.А., Сотников А.В., Успанов У.У., Новикова А.Г., Стороженко 
Д.М.,  Бекмухаметов  М.А.,  Тюрменко  А.Н.,  Петелина  А.М.,  Агелеуов  Е.А., 
Бөлекбаев З.Е., т.б. ғалымдардың еңбектері өз үлесін қосты.
Ақтөбе  облысының  тарихи-мәдени  мұраларын  саралау  барысында 
Әжіғали С.Е., Бекназаров Р.А., Құрманбеков Б.Ж., Құрманбеков Е.Ж., Ілия-
сова Р, Мырзабай Б.Б., Сұлтанғалиева Г.С., Бисембаев А.А., Ізбасарова Г.Б., 
Мамиров Т.Б., т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Кітапқа  ғылыми  монографиялар,  оқу  құралдары,  т.б.  кеңінен 
қолданылды. Сондықтан кітап мәтінінде сілтемелер болмағанымен, олар 
қолданылған әдебиеттер тізімінде берілді. 
1 Ақтөбе облысының тАбиғи 
мұрАлАры
1.1 Ақтөбе облысының геогрАфиялық орны
Ақтөбе  облысы  –  республикамыздың  солтүстік-батысындағы  көлемді 
аймақты  алып  жатыр.  Облыс  аумағы  300,6  мың  шаршы  шақырымды 
құрайды  (2009  жылғы  1  қаңтардағы  мәлімет  бойынша).  Аумағының 
көлемділігі жөнінен еліміздегі облыстар арасынан алдыңғы орындардың 
бірін иемденеді. 
Ақтөбе  облысының  аймағы  солтүстігіндегі  Орал  маңы  үстірттерінен 
оңтүстіктегі Асмантай-Матай сорлары, Матай құмдарына дейін созылады. 
Ал батысында Ақтолағай қырқасы, Ақшатау, Доңызтаудан Торғай қолатына 
дейінгі алапты алып жатыр. Ақтөбе облысының аумағы Еуропа мен Азияда 
орналасқан. Олардың облыстағы шекарасы Мұғалжар тауларының шығысы, 
Жем (Ембі) өзенінің арнасымен жалғасады.
Физикалық-географиялық жағдайы жағынан облыстың мынадай ерек-
шеліктерін атап көрсетуге болады:
•  облыс аумағының сейсмикалық салыстырмалы тұрақты болып келуі;
•  жер бедерінің басым бөлігінің үстіртті-жазықты болуы;
•  Еуразия  құрлығының  ішкі  ауданында  орналасқандықтан,  климаттық 
жағдайы қатаң, шұғыл континентті болып келетіндігі;
•  аумақтың  дала,  шөл  және  шөлейт  табиғат  белдеулерінде 
орналасқандығы;
•  кен байлықтарының дүниежүзілік және жергілікті жер масштабындағы 
мол қорларының болуы;
•  облыстың оңтүстік бөлігіндегі гидрографиялық желісінің өте нашар да-
муы;
•  облыс  Ресей,  Өзбекстан  Республикаларының  облыстарымен  және 
еліміздің өнеркәсіпті облыстарымен шектес орналасқандығы.
Атап көрсетілген анықтамалардың қай-қайсысы да облысқа тән сипат-
тарды, белгілерді нақтылы сипаттайды.
Облыс  солтүстігінде  Ресей  Федерациясының  Орынбор  облы-
сымен,  оңтүстігінде  Өзбекстан  Республикасының  құрамындағы 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
10
11
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Қарақалпақстанмен,  Қызылорда  облысымен;  батысында  Батыс 
Қазақстан,  Атырау  облыстарымен;  оңтүстік-батысында  Маңғыстау  об-
лысымен,  ал  шығыс  бөлігінде  Қостанай,  Қарағанды  облыстарымен  шек-
теседі.  Қарағанды  облысының  Ақтөбе  облысымен  арадағы  шекарасы 
Жақсықылыш көлінің күнбатысынан басталып, Жыңғылды өзені аңғарына 
дейінгі  сортаңды,  құм-төбелі  бұйраттармен  өтеді.  Облыстың  шекара 
бағыттары солтүстіктен оңтүстікке 550, батыстан шығысқа 500 шақырымға 
созылып жатыр. Облыс аумағы 45º10′ - 50º20′ с.е. және 53º35′ - 64º15′ ш.б. 
аралығында орналасқан. 
Облыстың  географиялық  орнының  ерекшеліктеріне  байланысты 
табиғатының  сипаты  шұғыл  континенттік  климат,  су  ресурстарының 
тапшылығы  мен  бірқалыпты  таралмауы,  аридті  және  семиаридті 
ландшафтардың басымдылығы анықталған.
Табиғат  жағдайының  әр  түрлілігі  облыс  аумағының  көлемділігімен 
сипатталады.  Облыс  аумағының  көпшілік  бөлігі  таулы-қыратты  жазық. 
Солтүстігінде  Орал  тауының  оңтүстік  сілемдері  орналасқан.  Орталық 
бөлігінде Мұғалжар таулары созылып жатыр.
Облыс  аумағының  Ресейдің  Орынбор  облысымен  шекаралас  болуы 
шаруашылық жағынан дамуына үлкен әсер етеді. Сондай-ақ іргелес Батыс 
Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда облыста-
рымен тығыз ішкі экономикалық, т.б. қарым-қатынастары экономикалық-
географиялық  жағдайының  қолайлылығын  көрсетеді.  Облыстың 
мемлекетаралық,  республикалық  көліктік-экономикалық  байланыстары 
шаруашылықтың барлық салаларының кешенді дамуы үшін қолайлы бо-
лып отыр.
Ақтөбе  облысы  батысында  Батыс  Қазақстан,  Атырау  облыстарымен, 
оңтүстік-батысындағы  Маңғыстау  облысымен  бірігіп  республикадағы 
өндірістік қуатты Батыс Қазақстан экономикалық ауданы құрамына кіреді.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардың өзінде Ақтөбе облысының 
экономикалық-географиялық жағдайының артықшылықтары, өнеркәсіптің 
дамуы, оның жаңа рөлін айқындап берді. 
Ақтөбе  облысының  транзиттік  жол  торабында  жатуы,  жер  бедерінің 
басым бөлігінің жазық болуы, минералдық ресурстар қорының молдығы, 
экономикалық-географиялық  жағдайының  артықшылығы  болып  табыла-
ды.
1.2 Ақтөбе облысындАғы тАбиғи есКертКіштердің 
тАрАлу ереКшеліКтері
Ақтөбе  облысы  Жайық,  Жем,  Елек,  Ойыл,  Сағыз,  Ебейті,  Торғай,  Ырғыз, 
Қобда және басқа да өзендер аңғарларының әдемі интразоналдық ландшаф-
тары, олардың өзіндік өсімдік және жануарлар әлемі бар далалық, шөлейтті 
және  шөл  ландшафтарын  қамтитын  әртүрлігімен  сипатталады.  Сонымен 
бірге, жерді ауыл шаруашылық игеру, мұнай-газ және рудалы кен орында-
рын қарқынды игеру табиғаттың жекелеген компоненттеріне кері әсер етті. 
Адамдардың  табиғат  жүйесіне  өсіп  келе  жатқан  әсері  айтарлықтай  үлкен 
көлемдегі жергілікті табиғи қауымдастықтардың жойылуына, топырақ және 
өсімдік қабатының бұзылуына, әртүрлі түрлерінің азаюына әкеліп соғады. 
Табиғат ескерткіштері қатарына көне заманнан қалған, сирек кездесетін 
ағаштар мен ағаш топтары, жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануар-
лар, шағын ормандар мен тоғайлар, табиғаты жағынан теңдесі жоқ өзен 
жағалаулары мен аңғарлары, мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастар, 
геологиялық шөгінділер, үңгірлер, арасан бұлақтары, сарқырамалар, кей-
бір көлдер т.б. жатады. Ақтөбе облысының табиғи ескерткіштері көбінесе 
Хромтау, Қобда, Мұғалжар аудандарында орналасқан (1-кесте).
1-кесте. Ақтөбе облысының табиғи ескерткіштері

табиғи ескерткіштер атауы
орналасқан ауданы
1.
Үйтас
қобда ауданы
2
шоқпар орманы
қобда ауданы
3
барқын құмы
ойыл ауданы
4
Көмбетас
хромтау ауданы
5
Айдарлыаша қимасы
хромтау ауданы
6
Азбартас 
хромтау ауданы
7
қарашың 
хромтау ауданы
8
сарқырама
қарғалы ауданы
9
жаманшың кратері
ырғыз ауданы
10
ырғыз-торғай  мемлекеттік  ре-
зерваты
ырғыз ауданы
11
Ақбота-сәңкібай шыңы
байғанин ауданы
12
ойыншықтау
шалқар ауданы
13
Көштас-сынтас
шалқар ауданы

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
12
13
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы

табиғи ескерткіштер атауы
орналасқан ауданы
14
төлеубұлақ үңгірі
мұғалжар ауданы
15
шуылдақ қимасы
мұғалжар ауданы
16
реликті  орман  (шевченко 
ауылының маңы)
мәртөк ауданы
Үйтас. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 
1880-1890  жылдары  шыққан  карталарда  жер-су  атаулары  бұрынғы 
қалпында жазылған. Оларда облыс аумағында кездесетін екі үйтас атауы 
мен орны көрсетілген. Бірінші үйтас – қазіргі Хромтау ауданына қарасты 
Тасөткел  елді  мекенінің  Шот  өзені  жағасында  Екінші  үйтас  –  Қобда 
ауданының  Қиыл  елді  мекенінен  20  шақырымдай  жерде  орналасқан 
(1-сурет). Қиыл өзенінің шығыс бетіне өтіп, солтүстік бағытқа қарай дала-
да  орналасқан.  Төңіректе  көзге  түсерліктей  тау-тас  көрінбейді.  Оншақты 
шақырым жүріп өткесін жолдың біртіндеп төмендей бастағанын байқауға 
болады. Биік жарқабақтың кемерінде ұзыннан жиналған шөгінділер орта-
сында жалғыз киіз үйге ұқсаған үлкен тас бірден көзге түседі. Ойпат деп 
тұрған орын миллиондаған жылдар бұрын терең теңіздің түбі болғанын 
байқауға болады.
1-сурет. Үйтас
Ойпат түрлі өсімдіктер дүниесіне бай. Үйтас айналасындағы шөгінділер 
бор  дәуірі  кезінде  толқындар  теңізден  жағаға  үнемі  шығарып  тастаған 
жыныстардың жиналуынан пайда болған сияқты. Ғалымдардың пайымда-
уынша, ертеде Ақтөбе өңірінің жерін екі рет жойқын су басқан. Ең соңғы рет 
50 миллион жыл бұрын осы жердегі телегей-теңіз ұзақ тұрып қалып, қайтқан 
соң сол аймақтардағы жер бедерінің өзгеруіне алып келді. Соның салдары-
нан Байғанин, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Хромтау аудандарында жойқын су 
мен күшті желдің әсерінен пайда болған табиғаттың ескерткіштері қалған. 
Әсіресе, бор дәуірінен жеткендері жақсы сақталған.
Үйтастың аталуы, геологиялық түзілуі ғылыми зерттеулерді әлі де қажет 
етеді. Осы ғажайып табиғи ескерткіштердің аталуы түрлі топонимикалық 
деректерде кездеседі. Мысалы, 1985 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан 
Б.Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер-су аттары сөздігі» еңбегінде «Үйтас 
–  мекен  аты.  «Киіз  үй»  көрінісін  елестететін  жартасты  мекендер.  Онда 
тас қорған, обалар, тас мүсіндер де бар. Бұл өңірдің жер бедері негізінен 
үстіртті, адырлы, төбелі, жазық болып келеді. Ғалымдардың анықтауынша, 
Ор-Елек үлкен үстіртті аймағы соңғы 50 миллион жыл бұрын теңіз регрес-
сиясына ұшыраған. Бор дәуірінің шөгінділері жағалай қыраттың жиегіне 
жинала-жинала келе, сан алуан биіктіктерді түзеген.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
14
15
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Үйтас  тұрған  жардың  тереңдігі  150  метрдей,  кейбір  тұстары  одан  да 
терең. Сонда толқын лақтырған шөгінділер 150-200 метр биіктікке – бор 
аралас  жардың  үстіне  жеткені  анық.  Тынымсыз  толқындар  шөгінділерді 
бірінің  үстіне  бірін  қалап,  уақыт  өтісімен  жиналған  бор  үйінді  тасқа 
айналған. Бордың табиғи қасиеті – су тиген сайын қатая түседі.
Үйтас  тұрған  төңірек  ғалымдар  тарапынан  зерттелмеген.  Кезінде 
үкіметтің мал жайлауы ретінде пайдаланылғанымен, шаруашылықтар та-
рап, елде мал басы азайған соң бұл жер ұмытылды. Бор шөгінділерінен 
тасқа айналған үйтастың бүгінгі биіктігі – 10-15 м, шеңбері – 20-25 м. Қар 
мен жел, жаңбыр суының әсерінен үгітіліп, шөккен. 
Барқын  құм  Ойыл  және  Қуырдақты  өзендері  аралығында,  Ойыл 
ауылының  оңтүстік-батысында  орналасқан.  Аумағы  3,4  мың  шаршы 
шақырым.  Шөптесін  өсімдіктерден  жүзгін,  құланқұйрық,  құмаршық, 
жыңғыл, сондай-ақ қарағай да жиі кездеседі. Олар құм көшкінін тоқтату 
мақсатымен 1873, 1899, 1903, 1907, 1913 жылдары отырғызылған. Бүгінде 
қарағайлы  қалың  орман  пайда  болып  шоқ  тал,  қараған,  қара  терек, 
қайың өсіп тұр. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхидейдің, шатырлы 
гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері пайда болған. Барқын 
құмының жербедер дөңесті және дөңесті тізбекті, кейде барханды кейбір 
телімдер жазықтық рельефпен сипатталады. Абсолюттік биіктік 100 - 130 м 
биіктікте ауытқиды. Құмның сумен қамтамасыз етілуі әлсіз, бірақ грунт 3 - 8 
м тереңдікте кездеседі.
Ақтөбе  облысының  аудандары  мен  елді  мекендерінде  көз  тартар 
табиғи  алқаптар,  көңіл  мен  санада  ескермеуі  тиіс  ескерткіштер,  қашан 
да  жадыңнан  кетпеуі  тиіс  тарихи,  мәдени  орындар  аз  емес.  Мысалы, 
Ырғыз өңіріндегі белгілі Жаманшың, Хромтау ауданындағы Азбартас, Ай-
дарлыаша  геологиялық  кесінділерін  айта  аламыз.  Ескіден  келе  жатқан 
геологиялық орындар, ел болып ұюдың әр дәуірінен хабар беретін табиғи 
мен тағылымдық, сабақтастық, яғни елдік үрдістерді жалғайды.
Еліміздегі  геопарктердың  қарқынды  даму  мүмкіншілігі  бар  өлкенің 
бірі  –  Ақтөбе  облысы.  Туризм  түрінің  жағдайы  және  даму  факторлары: 
Облыстағы  туризм  дамуының  басты  кезеңдерінде,  көп  қаражат  және 
қиын инфрақұрылымды қажет етпейтін дамытуға тиімді туризм түрі – ор-
мандар, реликті флорасы бар оазистер қызығушылық тудырады. Хромтау 
ауданындағы Айдарлыаша геологиялық кесіндісі, Мұғалжар ауданындағы 
Төлеубұлақ  үңгірлері,  сонымен  қатар  Байғанин  ауданындағы  Ақбота-
Сәңкібай ақ-борлы таулары туристерді қызықтырады. 
Дамытуға  қажетті  іс-шаралар:  Аймақтарды  антропогендік  күштен 
қорғап,  геологиялық  саябақтар  құру.  Геологиялық  туризм  саласында 
мамандандырылған  туристік  агенттер  және  операторлар  дайындау.  Об-
лысымыз  табиғи  және  тарихи  ескерткіштерге  өте  бай.  Соның  ішінде 
геологиялық – тектоникалық, жанартаулық, метеориттік, палеонтологиялық 
– тірі ағза қалдықтарының тасқа айналған түрлері кеңінен таралған. Об-
лыста  12  жерде  өлі  табиғат  ескерткіштері  (геологиялық  тектоникалық, 
жанартаулық, метеориттік, палеонтологиялық) сақталған. 
Айдарлыаша.  Хромтау  ауданының  аумағында  350  млн.  жыл  бұрын 
өткен карбон кезеңінің соңы мен пермь кезеңінің басындағы ежелгі жа-
нуарлар мен өсімдіктердің таңбалары сақталған Айдарлыаша қимасы бар. 
Жер  бетіндегі  тіршіліктің  дамуы  туралы  толық  мағлұмат  беретін  мекен, 
оның өзге формасы басқа жерде кездеспейді. Айдарлыаша қимасы 1950-
ші жылдардан бері зерттеліп келеді. 1991 жылы әлем ғалымдары пермь 
жүйесінің 150 жылдығында, осы кезеңге байланысты барлық геологиялық 
қималарында экскурсиялар өткізді. Ақтөбе облысында 150 жылдыққа бай-
ланысты әр елден келген ғалымдар жұмыс жасап, Айдарлыаша қимасы – 
жердегі  өмірдің  дамуы  туралы,  карбон  және  пермь  дәуірлерінен  толық 
мағлұмат беретінін атап айтқан. 
Дүниежүзілік  маңызы  бар  «Айдарлыаша»  геологиялық  ескерткіші 
Ақтөбе  қаласынан  45  шақырым  жерде  Ақжар  ауылының  маңында 
орналасқан (Сурет 2). Шағын өзеннің жағасын қымтай орналасқан, көлемі 
3 га болатын, көлденеңі 200 м, ұзыны 1,5 км. Айдарлыаша үлкен сайдың 
шығыс жақ бетінде созылып жатқан екіге бөліп көрсететін айдар сынды 
оны екіге бөліп тұр. Аша атауы осы екі өзекке қатысты болса керек. Табиғаты 
тарылмаған, сулы жер. Жалпы, 350-360 млн жылға созылған карбон мен 
285  млн  жылға  созылған  пермь-палеозой  заманының  соңғы  кезеңдері 
екен белгілі. Карбонның алдынғы девон кезеңіне ауа райы ылғалды, әрі 
жылы  болып,  алып  ағаштар  қаулап  өсіп,  трилобиттер,  сауытты  жануар-
лар  дәуірлесе,  карбонның  соңы  мен  оған  ұласқан  пермь  кезеңінде  ауа 
райы  құрғақтанып,  бұрынғы  тіршілік  түрлері  бірте-бірте  жойылып,  жаңа 
жағдайға бейімделген өсімдіктер мен жәндіктер пайда болды. Карбон мен 
пермь кезеңдері трилобиттердің құрып біту, қос мекенділердің дәуірлеуі 
және  жорғалаушылардың,  бунақденелілердің  пайда  болып,  дамуымен 
ерекшеленеді. Айдарлыашаның әр кесегінде сол кезеңдердің ізі көрінеді.

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
16
17
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
   
2 cурет - Айдарлыаша геологиялық ескерткіші
Айдарлыашадағы  ерекшелік  осы  қиманы  зерттеу  арқылы  жер 
қыртысының  әр  кезеңдердегі  өзгерістерін,  Арал,  Каспий  маңы,  Батыс 
Қазақстан  өңірінің  кен  байлықтарын,  олардың  мөлшері,  тереңдігі  секіл-
ді мәліметтерді анықтауға болады. 1996 жылы Қытайда өткен дүние жүзі 
ғалымдарының  Халықаралық  геологиялық  конгресінде  осы  қырқада 
жатқан Айдарлыаша қимасы – бұдан он млн-даған жылдар бұрынғы кар-
бон және пермь дәуірлерінің ізін сақтаған орын ретінде атап өтіліп, әлемде 
теңдесі жоқ табиғи ескерткіш деп бағаланып, халықаралық геологиялық 
планетарлық ескерткіштер қатарына қосылыпты. 
Шуылдақ. Қазақстан ауқымында көп жағдайда жекелеген фрагменттер 
(шет-пұшпақтар)  түрінде  ғана  сақталған  көптеген  көне  жанартаулар  ара-
сында Оңтүстік Мұғалжар жоталарындағы Шуылдақ (Сурет 3) жанартауы 
ерекше мәртебеге ие. «Шуылдық» палеожанартаулық кесіндісі Мұғалжар 
тауының оңтүстігінде Шалқар ауданындағы Шуылдақ өзенінің сол жағасын 
ұзына бойы 20 шақырым, ені 1 – 3 шақырым жерде созылып жатыр.
3 сурет - «Шуылдық» палеожанартаулық кесіндісі
Мұндағы жете зерттеуге мүмкіндік беретін жанартау сілемдері өзінің 
бірегейлілігімен ерекшеленеді. Бұл сілемдер алғашқы және ортаңғы де-
вон  дәуірлерінде  (осыдан  350  млн.  жылдан  астам  уақыт  бұрын)  Орал 
палеомұхитының түбінде пайда болған. Жанартау әрекетінің қайнар көзі 
рөлін литосферадағы терең жарылым атқарған және жаңадан қалыптасқан 
мұхит  түбі  аталған  жарылымның  екі  жақ  қапталына  қарай  үнемі  жыл-
жып  отырған.  Шуылдақ  ауданының  бір  ауқымды  алқап  өңірінде  (ауда-
ны  шамамен  1000  шаршы  шақырым)  көне  жанартауларды  сипаттайтын 
құрылымдық  элементтердің  барлық  түрлері,  бойлық  бағытта  созылған 
дайкалар  (сығылмалар),  базальт  жамылғылары,  гиокластиттер  типті  жа-
нартау  орындары  сақталған.  Шуылдақ  өзеншесінің  жағалаулық  жарын-
да  бойлық  бағытта  созылған  дайкалар  (сығылмалар)  кешені  сақталған, 
бұлар  –  жер  мантиясына  тиесілі  тереңдіктерден  жоғары  көтеріле  оты-
рып, литосферадағы жарықтарды иемденіп қатайған магманың сан алу-
ан  «тік  тұрған»  денелерін  құрайды.  Дайкалар  (ағылшынның  «dike»–«тас 
қабырға» сөзінен) мұхит алабы түбінің орталық бөлігін тілгілеген жарық 
бойына  енген  мантиялық  базальт  балқымасының  қатаюы  нәтижесінде 
қалыптасқан төмен қарай тік құлайтын қалыңдығы 0,1–3 м аралығындағы 
тақташа.  Олар  әдетте  бір-біріне  жанаса  созылады,  аракідік  бір-бірінен 
бұрын  төгілген  базальт  ағымдарының  шағын  бөлікшелері  арқылы  дара-

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
18
19
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
ланады. Жекелеген дайкалардың (сығылмалардың) ұзындығы ондаған м-
ден аспайды, алайда олар бір-бірін жалғай отырып, ұзақ қашықтықтарға 
сағаланады. Бұл дайкалар (сығылмалар) девон кезеңі мұхитының «іздері» 
ретінде бойлық бағытта Орал тауларын сағалай созылады, сөйтіп солтүстік 
бағытта Қазақстан шекарасын қиып өтеді. Дайкалар (сығылмалар) будасы 
көбінесе  өздеріне  тән  жолақтар  түрінде  жер  бетінде  анық  ерекшелене-
ді,  ал  мұндай  жолақтар  дайкаларды  (сығылмаларды)  жанамалай  өсетін 
дала өсімдіктерінің (көбінесе ақселеудің) тізбектері түрінде айшықталады. 
Аталған  жолақтар  әуефотосуреттерде  өте  әсерлі  байқалады,  бұл  жайт 
литосферадағы көне жыртылыс орындарын картаға түсіруге айтарлықтай 
көмектеседі.  Базальт  жамылғылары  –  мұхит  түбіне  төгіліп  қатайған  лава 
жайылмалары. Олар көбінесе дөңгелек пішінді лава денелерінен – жеке-
леген  «көпшіктер»  жиынтығынан  құралады,  мұндай  «көпшіктер»  магма 
балқымаларының  мұхит  алабы  түбіне  сығымдала  көтерілуі  нәтижесінде 
пайда болады. Мұхиттың жалпақ жайылған түбі бетінде аталған эллипсо-
идтармен қатар мөлшері 1-3 м аралығындағы жұқалтай «тасбақалар» да 
ұшырасады. Ал тік жарлы баурайларда лаврлар піл тұмсығын еске сала-
тын құбыр пішіндес денелер түрінде қатаяды. Олардың көлденең қимасы 
1 м-ге дейін, ал ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді. Кейде лавалар тасқыны 
алып  тюбиктен  сығымдалған  тіс  пастасына  ұқсас  денелер  құрайды.Кей-
бір  өңірлерде  лавалар  арасында  гиокластиттер  –  оттай  ыстық  базальт 
лавасының  мұхит  суымен  жанасуы  сәтінде  туындаған  қабыршақтардың 
жұрнақтары болып табылатын базальтты шынылардың сынықшаларынан 
тұратын  таужыныстар  ұшырасады.  Мұндай  сынықша  шоғырлары 
ағымдардың  немесе  «көпшіктердің»  аралықтарын  иеленеді,  сол  сияқты 
жанартау  көмейіне  тән  қуыс  көпшіктердің  өзін  тоғытады.  Лавалар  баяу 
қарқынмен сығымдалған жағдайда гиокластиттер жұмыртқаға ұқсас дер-
бестелмелер  түрінде  көрініс  береді.  Бұл  жаралымдар  жанартау  әрекеті 
орнының жақын маңда орналасқандығын көрсетеді.
Жекелеген  жанартау  сілемдері  лава  құбырларының  бір-бірінен 
алшақтау орталықтары түрінде ошарылады. Көпшікті лава ағымдарымен 
көмкерілген  шоқылар  көрінісі  бұлардан  да  әсерлі  және  қомақты  болып 
келеді (Алабас, Жалғызтау, т.б. палеожанартаулар). Бұл құрылымдардың 
диаметрі 1,5 км-ге дейін жетеді, олар өздерін қоршаған ортадан 80 м-ге 
дейін  биігірек.  Бұлар  өздерінің  барлық  көрсеткіштері  тұрғысынан  қазіргі 
таңдағы  мұхиттардың  рифтілі  белдемдеріндегі  суасты  жанартаулары-
мен  тетелес  құрылымдар.  Шуылдақ  өңіріндегі  көптеген  бөлікшелерде 
мұндай таужыныстар суасты көпшікті базальттары арасында ұшырасады. 
Көне құрылымның сақталуы бүгінгі таңдағы оған ұқсас мұхиттық рифтілік 
белдемдердегі  жанартау  әрекетінің  болмыс-бітімін  анығырақ  түсінуге 
мүмкіндік береді. Мұндай процестердің жай-күйін бүгінгі мұхиттар түбінде 
қадағалауға ондағы жарықтың жеткіліксіздігі, мұхит түбінің беткі жазықтығы 
ұйықталғандығы,  нақтылы  жапсарлардың  сирек  ұшырасатындығы  кедер-
гі келтіреді. Шуылдақ өзенінің аңғарында лава ағымдарының бетін көзбе-
көз зерттеуге, жанартау төбесіне көтерілуге ғана мүмкіндіктер туып қоймай, 
сол жанартауды оның қимасын бұрғылау ұңғымалары көмегімен тесіп өту 
арқылы зерттеу мүмкіндігі де көп қиындық туғызбайды. Мұның нәтижесінде 
сөз  болған  типтегі  жанартаулар  әрекеті  жайлы  жаңа  мағлұматтар  алу 
мүмкіндігі  айтарлықтай  артады.  Шуылдақ  палеожанартаулы  ауданы 
қазірдің өзінде көптеген ғылыми зерттеулер жүргізу және кәсіби экскурси-
ялар ұйымдастыру аймағына айналып отыр. Жақын келешекте бұл ауданға 
туристік және ғылыми мақсаттарда жол тарту үрдісі айтарлықтай жандануы 
тиіс, себебі саяқатшылар мен зерттеушілердің қазақстандық өкілдерінің де, 
алыс-жақын шет ел азаматтарының да бұл өңірге деген қызығушылығы жыл 
санап арта беретінге ұқсайды. Осы жайтты ескере отырып, Шуылдақ палео-
жанартау аймағы – бәсекеге қабілетті геосаябақ [4].
Жаманшың.  Ғалымдардың  пайымдауынша  бұдан  1  миллион  жылдай 
бұрын облыстың оңтүстік-шығыстағы Ырғыз елді мекеніне таяу жерге әлем 
кеңістігінен алып метеорит құлаған кезде тереңдігі 700 метрей, диаметрі 
5,5 шақырым болатын қазан шұңқыр пайда болған. Әлемде теңдесі жоқ, 
табиғаттың таңғажайып құбылысы болған «Жаманшың» қазан шұңқыры 
әйгілі  геолог-географ  ғалымдарының  назарын  аударып,  жан-жақты 
зерттелді. Жаманшың метеориттік кратері Ырғыз ауданының орталығынан 
оңтүстікке қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Шамамен милли-
он жыл бұрын бұл мекенге жобамен 36 – 40 млн. тонна ғарыш салмағымен 
метеорит құлаған. Нәтижеде аумағы 5-6 шақырым, тереңдігі 700 м бола-
тын шұңқыр және кейіннен ғылыми тілмен айтқанда «жаманшиттер» тек-
титтер  «ырғызиттер»  деп  аталатын  төбелер,  импактиттер  пайда  болды. 
Бұл  1937-1939,  1946,  1957,  1969,  1975-1976,  1980,  1986-1988,  1989  жж. 
ғалымдар  А.Яншин,  В.Вохромеев,  Е.Бойцов,  П.Флоренский,  А.Дабажи, 
Р.Гриев,  Д.Гарвин,  Д.Шторнер  тарапынан  жасалған  ғылыми  зерттеулер 
кезінде анықталды. Жаманшың – тарих жұмбағы деуге болады. Аталған 
кратер Ырғыз ауданындағы табиғи қорық болып саналады. Ал таңғажайып 
құбылыс  ретінде  туристердің  қызығушылығын  ұдайы  тудырып  отыра-
ды.  Жаманшың  кратері  Ақтөбе  облысының  Ырғыз  ауданы  аумағында 
орналасқан.  Аудан  орталығының  оңтүстік-батыс  бөлігіндегі  40  шақырым 
қашықтықтағы бұл жер кезінде Жамантау деп те аталыпты. Жамантаудың 
ерекше жер екенін байқаған ғалымдар өткен ғасырдың отызыншы жыл-

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
20
21
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
дарында  зерттей  бастаған.  Негізінде  Жаманшың  зерттеушілер  назарын 
өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдарында  аудара  бастаған.  1937-1939  жыл-
дары ғалым А. Яншиннің жетекшілік жасауымен осында түсіру жұмыстары 
жүргізіледі. Геологтар жер бетінен палеозой дәуірінің жыныстарын табады. 
Жаманшыңның құпияларын табу зерттеуші ғалымдарға тіпті де оңайға түскен 
жоқ. Сондықтан да бұл жердегі геологиялық жұмыстар 1946, 1957, 1961 және 
1963 жылдары одан әрі жалғасын тапты. Өкінішке қарай, олар күткен нәтиже 
алдан шыға қоймады. Оның орнына қара түсті шлактар, әйнектің ерекше бір 
түрлері көп кездеседі. Аталған кен үлгілері Мәскеудегі білікті ғалым П. Фло-
ренскийге жіберіледі. П. Флоренский 1975-1976 жылдары Жаманшыңның жа-
рылыстан пайда болған ойпат екендігін ғылыми негіздеді. Осыннан табылған 
ерекше тастарға жаманшит, иргизит деген атаулар берілді. Осыдан кейін ба-
рып, яғни 1977 жылдың жаз айында метеориттер жөніндегі комитеттің экс-
педициясы жұмыс істей бастайды. 1989 жылдың қыркүйегінде АҚШ, Канада, 
ГФР және Франция елдерінің ғалымдарынан құралған халықаралық экспеди-
ция ұйымдастырылып, Жаманшың әлем назарын аударды. 1 млн-дай жыл 
бұрын кратер құлаған деп айтады. Жұлдыздар атмосфераның қысымымен 
түскенде ол 1500-нан 5000 градусқа дейін ыссылықпен түсіп, түскен жерін 
ойып,  кіріп  кетеді  екен.  Сонда  ол  700-800  м-ге  дейін  сіңіп  кетуі  мүмкін, 
қазаңшұңқыр пайда болады. Ғалымдар Жаманшыңның шын мәнінде ме-
теорит құлаған орын екендігін, ал әйнек сынды тастар мен кеуектастардың 
метеорит жарылуы салдарынан балқып кеткен тау жыныстары, яғни, им-
пактиттер  екендігін  дәлелдеуге  тырысты.  Импактиттерді  жаманшит  деп 
атады. Табылған мөлдір тастарды, яғни тектиттерді иргизиттер деп атады. 
Бұл бұрынғы совет одағы аумағындағы табылған алғашқы тектиттер бола-
тын. Бұрынғы КСРО елдері аумағында мұндай тектиттер тек Ырғызда ғана 
кездеседі. Рас, Аустралияда, Чехияда, Словакияда, Филиппинде де тектит-
тер бар, алайда ол жерлерде кратер болмаған. Осындай тектитті метеорит 
құлаған жердің табылмағанына таңдаған ғалымдар Жаманшыңды жүйелі 
түрде зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. 1989 жылдары кеңестік ма-
мандарды  былай  қойғанда,  Ырғызға  АҚШ,  Канада,  Германия  сынды 
мемлекеттерден  де  халықаралық  экспедиция  мүшелері  ағыла  бастады. 
Геологиялық барлау нәтижесінде Жаманшың кратерінің метеорит түсуінен 
пайда болғаны және оның диаметрі 5,5 шақырым, тереңдігі 700 м екендігін 
нақты  анықталды.  Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша,  миллиондаған  жыл-
дар бұрын жер бетіне аспан денелерінің жаууы салдарынан динозавр, ин-
дрикотерий сынды жануарлар қырылып, жер бедері өзгерген. Жер бетін-
де болған сүтқоректілердің ең үлкені болып есептелетін индрикотерийдің 
биіктігі  бес,  ұзындығы  8  м-дей  болған  деседі.  Ол  20-30  млн  жыл  бұрын 
тіршілік  еткен.  ХХ  ғасырдың  басында  ғалымдар  Ырғыз  жерінен  осы 
жануардың сүйегін тауыпты. Жаманшыңның оңтүстігінде Керегешың тау-
лары жатыр. Ал батысына қарай биік жоталар Бөкенбай шоқысына, одан 
әрі Темірастау, Мұғалжар тауларының тізбегіне жалғасып кетеді.
Төлеубұлақ үңгірлері. Төлеубұлақ үңгірлерінің әдемілігіне сөз жетпейді. 
Тастары қолмен қалап қойғандай әсем. Әсіресе батқан күннің шапағымен 
арайланып, алыстан қызартып көрінгенде түрлі мүсіндерге айналады. Күн 
сәулесінің  түсуіне  орай  Төлеубұлақ  үңгірлері  біресе  көшіп  бара  жатқан 
түйелер керуенін көзге елестетсе, біресе бүк түсіп отырған адамның кей-
піне ене қалады.
Мұғалжар  ауданында  табылған  Төлеубұлақ  петроглифтердің 
энеолитикалық жасы туралы біз абсолютті сенімділікпен айта алмаймыз. 
Бұдан да гөрі ертерек мерзім мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, бұл іс 
жүзінде іздестіру мүмкін болмайтын ұқсас нақыштамалардың бірегейлігі-
мен байланысты. Бұл жердегі петроглифтер екі жерде орналасқан. Олар-
ды Ембі 1 және Ембі 2 (4 сурет) деп қарастырамыз. Ембі 1 үңгірі шыңды 
құмдауыттардың  ең  жоғарғы  шөгіндісінің  батыс  бөлігіде  орналасқан. 
Үңгірдің биіктігі онша жоғары емес (кіре берісте – ең жоғары нүктесінде 
70  см).  Аумағы  –  20  шаршы  метр  шамасы.  Үңгірдің  күллі  едені  әр  түрлі 
типтерге  жататын  кескіндемелермен  көркемделген.  Бірдей  бейнелеу-
лермен  біріккен  және  алаңы  бойынша  шамамен  тең  аймақтарды  бөліп 
қарастыруға болады. 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
22
23
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
   
 
4 сурет - Ембі 1 петроглифтері
Ескерткіштің жоғарғы жағы кесінді параллельдермен және қосалқы па-
раллельдер желісі қатарларымен, сондай-ақ шағын шұңқырлар түріндегі 
тереңдетулермен жабылған. Орта бөлігі олар арқылы өтетін екі сызықпен 
тұйықталмаған  сопақша  фигуралармен  толықтырылған.  Бейнелеулердің 
үшінші тобы тостаған ыдыс түріндегі тереңдетулермен ұсынылған. Кейбір 
шұңқыр тәрізді белгілердің тереңдігі 6 см-ге дейін жетеді, олардың диа-
метрлері 17-25 см. Мұндай символдар кейбір зерттеушілердің пікірлеріне 
қарағанда,  Жер  бетіндегі  ең  ежелгілері  болып  табылады.  Ембі  2  петро-
глифтері «аң стилінде» орындалған. Ембі 2 петроглифтерінде түйе, жылқы 
және жыртқыш аңдар: түлкі, қасқыр бейнеленген. Бұл петроглифтер Ембі 
1 петроглифтеріне қарағанда бергерек кезде салынған. Бұл петроглифтер 
облыс аумағында басқа жерде кездеспейді. Төлеубұлақ петроглифтері осы 
аймақтың ерекше геологиялық туристік нысаны деп айтуға болады. 
Ақтолағай үстірті Ақтөбе облысының Байғанин ауданында, оның Аты-
рау  облысымен  шекарасына  жақын  маңда,  Ақтөбе  қаласынан  оңтүстік–
оңтүстік-батысқа қарай 440 км, Атырау қаласынан шығысқа қарай 250 км 
қашықтықта  орналасқан.  Үстірттің  адам  таңданарлық,  тіпті  теңдесі  жоқ 
ландшафтысы  оны  геотуризмнің  ең  қызғылықты  нысандарының  біріне 
жатқызуға  толық  мүмкіндік  береді.  Ірі-ірі  елді  мекендерден  қашықтау 
орналасуы,  жол  қатынасының  нашарлығы  экзотикалық  табиғаттың 
шын  мәніндегі  әуесқойларына  кедергі  бола  алмасы  хақ.    Ақтолағай 
нысандарының фотосуреттерін бір көрген адам қашан да оны енді қайта-
қайта  көруге  асығатындығы  даусыз.  Ақтолағай  бор  кезеңі  пішіндерінің 
табиғи мұражайы іспетті. «Шахмат Ханшасы(Ақбота-Сәңкібай тауы)», «Ти-
таник», «Құлшар шоқысы», «Алып Бағана», «Сфинкс»... Мұқият іздесеңіз 
бұл жерден әлемнің ғажайып монументтерінің көшірмелерін түгелге жуық 
табуға болады. 
Ақтолағай – ені 9-10 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 50 км-ге дейін 
созылып  жатқан  қырқа.  Өзінің  жаралу  табиғаты  мен  морфологиясы 
тұрғысынан алғанда Ақтолағай байырғы үстірт болып табылады, алайда ол 
әйгілі  Үстірт  үстіртімен  салыстырғанда  әлдеқайда  кішірек.  Ақтолағайдың 
беткі  жазығы  оның  батыс  жапсарында  тереңдігі  кейде  140  м-ге  дейін 
жететін  тік  құлайтын  кертпешпен  шектелген,  бұл  кертпеште  жоғарғы 
бор-неоген  түзілімдерінің  бүкіл  Орал–Жем  мұнайлы  облысы  үшін  тірек-
ті  қимасы  зерттелген.  Кертпеш  шатқалдарындағы  геологиялық  қабаттар 
бүгінгі Венгрияға дейін көлкіген жылы теңіз түбінде түзілген. Аппақ түсті 
бор  және  бор  тектес  әксаз  қойнауқаттары  миллиардтаған  өте  ұсақ  көне 
организмдердің  қазба  қалдықтарынан  құралған.  Мұнда  біршама  ірі 
таснұсқаларды да, мәселен, бор кезеңі акулаларының тістерін, белемнит-
терді, аммониттердің, тіржандардың, маржандардың, теңіз лалаларының, 
теңіз кірпілерінің т.б. қазба қалдықтарын да тауып алуға болады. Үстіртті 
қоршаған  гипстенген  саздардан  тұратын  шоқылар  да  палеонтологиялық 
қалдықтарды көптеп кіріктіреді және бұлар да біршама әсерлі, себебі олар 
күн  сәулесіне  шағыла  жалтылдаған  гипс  кристалдарының  шашылымда-
рымен көмкерілген. Үстіртті қоршаған аймақтардың бедері биіктігі 60-80 
м-лік төбелер мен қырқалар түріндегі тұзды күмбездердің күмбезаралық 
кеңістіктердегі  сорлармен  және  тақырлармен  алма-кезек  ауысып  оты-

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
24
25
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
руымен  сипатталады.  Үстіртпен  төрт  тұзды  күмбез  жапсарласады,  олар 
Құлдықұдық,  Толағай,  Шиелісай  және  Алашақазған  күмбездері.  Тұзды 
күмбездер  жиі-жиі  жарылымдармен  оқшауланған  әр  түрлі  пішіндердегі 
көтерілімдер түрінде көрініс береді. Тереңдіктерде орналасқан ас тұзының 
қойнауқаттары  оларды  үстінен  жаныштаған  қатқабаттар  салмағының 
әсерінен аққыштық қасиетті иеленеді де, әр түрлі жарықтар мен өзге де 
осал өңірлер арқылы жоғары қарай жылыстайды, осылайша тұзды ядро-
дан  тұратын,ал  жербедерде  көтерілімдермен  сипатталатын  арнаулы 
қатпарлар  қалыптасады.  Бұл  процесс  тұз  тектоникасы  деп  аталады.  Кас-
пий  маңы  ойысының  көптеген  тұзды  күмбездері  мұнай-газ  кен  орында-
рын  кіріктіреді. Ұмытылмас ландшафт, палеонтологиялық қалдықтардың 
алуан түрлілігі және миллиондаған жыл бұрын болып өткен геологиялық 
процестердің  көрнекілігі  Ақтолағай  үстіртін  тек  мамандарды  ғана  емес, 
барша туристерді де сөзсіз қызықтыратын нысан ретінде даралайды (5-су-
рет). Әзірге Ақтолағай үстірті бір де бір туристілік жарнама құралдарына 
енгізілмеген.  Алайда  үстірттің  жаппай  туризмінің  әйгілі  нысаны  болу 
мүмкіндігі ол жөніндегі ақпараттың таралу ауқымына тығыз байланысты 
екендігін ұғыну қиын емес. Бұл жайт болашақта қажетті инфрақұрылымды 
жасақтауға  және  қызмет  көрсету  сапасын  да  бірте-бірте  сұранысқа 
сәйкестендіруге мүмкіндік беретін болады.
 
1 - Ақтолағай
 2 - Құлшар шоқысы
3 – Ақбота - Сәңкібай
5 сурет  - Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ақ таулар
Ақбота  -  Сәңкібай  тауы  -  Миялы  құмынан  45  шақырым  қашықтықта 
орналасқан  тау  Ақбота  -  Сәңкібай  атын  иемденген  (Сурет  5).  Табиғи 
ескерткіштің өзінде үлкен құпия жатыр. Алып таудың екі шоқысы бар. 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
26
27
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Ақбота-Сәңкібай шоқысы. Аңыз бойынша бұл жерде ХVІІ ғасырда өмір 
сүрген, ақтабан шұбырынды жылдары қалмақтарды Еділ мен Жайықтан 
асыра қуу кезінде Әжібай би мен Арал батыр бастаған сарбаздарға қолдау 
көрсеткен  Сәңкібай  батырдың  қызы  Ақботаның  қорымы  жатыр  деседі. 
Байғанин  ауданының  Қаражар  елді  мекенінен  40  шақырымдай  жерде-
гі борлы тау теңіз деңгейінен 200 м биікте тұр. Аумағы 10 га жерді алып 
жатыр. Бір қырынан қарағанда шөгіп жатқан бота тәріздес, кейде теп-те-
гіс жерде тұрған борлы тау су бетінде жүзген аппақ ақ кемені елестетеді. 
«Ақбота-Сәңкібай шоқысы» дүние жүзі геологтары арасында «Шахмат хан-
шайымы» атауымен белгілі.
Қопа селолық округінен 50 шақырым жерде Азбартас табиғи ескерткіші 
бар. Азбартасқа барар жолда жер бедері шоқылы болып келеді. 
 
  
6 сурет - Азбартас
Жолында  бірнеше  бұлақ  көздері  кездеседі,  әрқайсысының  өзіне 
лайық етіп қойған атаулары бар. Бірінші Айқынбұлақ, Қызылбұлақ (судың 
түсіне  байланысты  аталған),  Талдыбұлақ,  Ақкиізбұлақ,  Қыдырмабұлақ, 
Мұхамбетәлібұлақ көздері бар.
Азбартастың әрбір тасы қолмен қаланғандай, үңгірі бар. Жұмбағы көп 
Азбартастың биіктігі шамамен 11 м, ені 4 м (6 сурет). Табиғи ескерткіштің 
алып жатқан жалпы аумағы – 100 м. Ақтөбелік белгілі геолог Р.Сегедин: 
«Азбартас  ашық  аспан  астындағы  табиғи  ескерткіш,  мұндай  ескерткіш 
басқа еш жерде қайталанбайды», - деп жазды. Жергілікті тұрғындар «бұл 
киелі  жер  болған,  маңайында  артық  өскен  шөп  болған  жоқ,  айналасы 
тықыр, жерінде гранит тастар жаз айында күнге шағылысып жатқан, кейін-
нен үңгіріне мал қамап, тастарын қозғағаннан кейін айналасын қалың шөп 
басып кетті», - дейді. Азбартас келешекте зерттеуді қажет етеді.
1.3 Ақтөбе облысындАғы пАлеонтологиялық 
есКертКіштер
Үш ірі геологиялық құрылымдардың Орыс платформасы, Орал қатпарлы 
жүйесі және Тұран ойпатының қиылысында орналасқан Ақтөбе облысы біре-
гей геологиялық қиындыларға бай. Геологиялық қиындылар органикалық 
әлемнің  тасқа  айналған  қалдықтары  бойынша  жер  қыртысының  ұзақ 
уақыт  даму  жағдайлары  мен  процестерін  көрсететін  өткен  геологиялық 
дәуірлердің негізгі құжаттары. Облыста өңірдің қалыптасу кезеңдері және 
оның жер қойнауы байлығын зерттеу үшін ерекше маңызға ие флора мен 
фаунаның  жақсы  сақталған  қалдықтары  бар  бірегей  табиғи  геологиялық 
маңызды  нысандар  бар.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006  жылғы 
28 қыркүйектегі № 932 «Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерінің 
тізбесін  бекіту  туралы»  қаулысына  сәйкес  Ақтөбе  облысы  аумағында 
республикалық  маңыздағы  мемлекеттік  табиғи-қорықтық  қорға  ерекше 
экологиялық,  ғылыми,  тарихи-мәдени  және  рекреациялық  құндылықты 
көрсететін  жер  қойнауы  телімдері  –  бірегей  табиғи  су  нысандары, 
геологиялық  және  геоморфологиялық  нысандар  кірді.  Республикалық 
және  халықаралық  маңыздағы  мемлекеттік  табиғи-қорықтық  қордың 
геологиялық  нысандар  15  жер  қойнауы  телімдерімен  берілген:  
Әулие массиві – Ембі қаласынан шығысқа қарай 20-30 км жердегі Әулие 
жылғасының  аңғарындағы  жоғарғы  девон  түзілістерінің  жалаңаштануы. 
Нысан  геологиялық  зерттеулер  мен  ғылыми  экскурсиялар  жүргізуде 
қызығушылық туғызады. Тікбұтақ жылғасындағы палеогендік және соңғы 
бор жасындағы өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының бай кен орны – 
сағасынан 3 және 8,5 шақырымдағы Тікбұтақ жылғасының оң жағалауында 
орналасқан.  ертедегі  өсімдіктер  жапырақтарының  таңбасынан  басқа 
қазынды  акулаларды  (селяхтардың)  көптеген  тістері  кездеседі.  Нысан 
кәсіби  геологиялық-палеонтологиялық  зерттеулер  үшін  қызығушылық 
туғызады.  Ақтасты  өзеніндегі  төменгі  пермь  жасындағы  цефалопод 
қалдықтарының  бай  кен  орны  –  төменгі  пермь  жасындағы  ассельдік, 
сакмарлық  және  артиндік  жікқабаттарының  цефалопод  қалдықтарының 
бай  кен  орны  Ақтасты  өзенінен  шығысқа  қарай  2  км  жердегі  Жаман 
Қарғалы  өзенінің  оң  жағасында  орналасқан.  ұзындығы  2  км  шамасын-
да  Тілік  құмдақтардың  алевриттермен  және  аргилиттермен  қабаттасып 
түсуімен сипатталады. Тіліктегі елеулі маңызды көптеген аммониттерге, тік 
наутилоидеяларға  және  бактритоидеяларға  бай  доломиттенген  әктастар 
алады, олардың арасында брахиоподтар және аздаған фузулинидтер бо-
лады.  Басаяқты  ұлулар,  әсіресе,  төменгі  Перьмнің  артиндік  жікқабатына 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
28
29
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
ғана тән аммониттер биостратиграфикалық тұрғыдан маңызды. Аммонит-
тер,  фузулинидтер  кешендері  біртұтас  стратиграфикалық  шкаласы  және 
барлық Оралдың бірыңғайластырылған өңірлік стратиграфикалық сызба-
сы бар Ақтөбе Оралмаңын қоса алғандағы көкжиекке дейінгі жікқабаттар 
тіліктерін салыстыра қарауға мүмкіндік береді. 
Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 20 км жерде, Белогор антиклиналының 
батыс  қанатында  орналасқан  Ақтасты  кедертасының  төменгі  пермь 
жасындағы  сутекті  кедертас  әктастары.  Кедертас  әктастарының  денесі 
Ақтасты өзенінің субендікті бағытының ауысу телімінде орналасқан, мұнда 
өзен солтүстік және оңтүстік бөлікке бөледі. 
Кедертасты  әктастар  артиндік  жікқабаттың  сутекті  толқынды-қабатты 
әктастар  көкжиегінде  жатыр.  Кедертас  денесі  эрозинді  тілікте  өзінің 
орталық  бөлігінде  1  км  дейін  ені  болатын  2,5  км  меридианды  бағытта 
созылған түзу емес линза көрінетін дене қалыбына ие. 
Қазіргі  уақытта  кедертас  денесінің  солтүстік,  шығыс  және  батыс 
бөліктері  сақталған,  ал  оңтүстік  бөлігі  құрылыс  материалдарының  ка-
рьеріне  өңделген.  Әктастар  күшті  карсталған,  көбінесе,  айтарлықтай 
жарықшақтары бар мәрмәр тәріздес оникс денесі болады. Оникс, кейде 
сталактиттер мен сталагмиттер құра отырып, сазды қоңыртемір-сазды ма-
териалмен  жасалған  карстық  жолақтарда  көрінген.  Карьердің  жалаңаш 
қабырғалары  кедертастық  дененің  ішкі  құрылысын  сапалы  зерттеу 
жүргізуге мүмкіндік береді. 
Бөртебай  жылғасындағы  әктасты-терригендік  қатқабат  –  девон  мен 
карбон арасындағы шекаралас қабаттардың аса толық қимасының бірі. Ас-
трокодтар,  фораминиферлер,  конодонттар  болатын  әктасты-терригендік 
қатқабат Шалқар ауданы Біршоғыр станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 
12 км жердегі Шуылдақ өзенінің оң саласындағы Бөртебай жылғасының 
аңғарында  орналасқан.  Нысан  кәсіби  геологиялық-палеонтологиялық 
зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. 
Жаманшың  шатқалындағы  кратер  –  Ырғыз  ауданының  оңтүстігіндегі 
көлемі 7х7 импактілі кратер.
Қызылтөбе  қыратындағы  олигоцендік  жастағы  өсімдіктер  таңбалары 
– батыс Мұғалжар маңындағы Құндызды өзенінің сол жақ жағасындағы 
темір  құмдақтар  мен  алевролиттердегі  олигоцендік  жастағы  өсімдіктер 
таңбаларының бай орны. 
Жалғызтау  палеожанартауы  –  Шалқар  ауданында  Мұғалжардың 
оңтүстігіндегі  Милыаша  өзенінің  жоғарғы  сағасында  орналасқан 
вулканизмнің  арал  типтес  шлактік  конус  қалдықтары  бар 
андезитодациттердің ірі, жақсы сақталынған экструзивтік құрылымы.
Көкжиде құмы – Темір өзенінің ендік бойымен оңтүстікке қарай Жем 
өзенінің  оң  жағында,  Темір  ауданында  орналасқан  тұщы  судың  бірегей 
резервуары.  Көкжиде  жер  асты  тұщы  суларының  кен орны  геологиялық 
құрылымына  бор,  төрттік  және  осы  заманғы  түзілістер  қатысқан.  Су 
сыятын  түзілістер  қуаты  10-12  м  дейін  болатын  түрлі  түйіршікті  жақсы 
сіңірілетін құммен берілген. Жер асты суларының минералдануы 0,14-0,48 
г/л. Судың толығуы негізінен атмосфера ылғалының, су тасқыны кезінде 
су тасқынының сүзгіленуі және борлы түзілістерден жер асты суларының 
ағып келіп қосылуы есебінен болады. 
Оңтүстік  Ақтолағай  үстірті  –  кампан,  маастрихт,  эоцен  түзілістерінің 
тіректі стратиграфикалық тілігі, Байғанин ауданы аумағындағы Ақтолағай 
қыратында орналасқан. 
Оңтүстік  Жамантау  руда  көрінісі  –  жер  бетіне  шығып  жатқан  және 
Оңтүстік  Жамантау  тауының  басына  үйілген  Шалқар  ауданы  Оңтүстік 
Жамантау  тауларындағы  бірегей  мыс  карьерлері  бар  мыс-магнетитті 
рудалардың шоғыры.
Әлімбет  өзеніндегі  серпентиниттік  деланж  (девон-карбон)  -  Әлімбет 
өзенінің  оң  жағасын  бойлай  орналасқан  субендікті  қыраттардың 
оңтүстік  жартастарындағы  жалаңаштанған  ордалық-силурийлік  кезде-
гі  жыныстардың  ашылуы.  Сакмарлық  құрылымдық-қалыптық  аймақтың 
батыс  бөлігіндегі  тектоникалық  қабыршақтардың  бірін  оңтүстік  жағынан 
қоршайды  және  төменгі  орда  мен  төменгі-орта  орда  мен  силурдің 
жанартаулық-тұнбалы құрылымының терригендік кешенін бөледі. Серпен-
тиниттер  қарқынды  белдерге  бөлінген.  Жыныстардың  құрамы  бойынша 
көптеген клиптер, блоктар, шойтастар бар. Көгілдір-жасыл ашылымдары 
бар биік құламалы жағалар көркем бейне береді және туристерге көрсету 
объектісі болуы мүмкін.
Домбар төбелеріндегі ертекарбондық аммонидтердің жиналған жері 
– Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жердегі Домбар және 
Алабайтал өзендерінің аралығындағы Домбар өзенінің орта ағысындағы 
төменгі карбонның әктастардағы аммонидтердің бірегей және бай орны. 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
30
31
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
Цефалтәріздес  фациялар  жиналған  жерлері  жоғарғы  визе  мен  сер-
пуховтік  жікқабат  генозоны  үшін  типтес  болып  табылады.  Алғаш  рет  Ру-
женцев  пен  Богословскийлер  зерттеген  (1971ж.).  Олар  аммоноидеялар 
бойынша  бай  осы  кен  орнын  осы  топтың  эволюциялық  даму  барысын 
қалпына келтірді, бұл карбонды стратиграфикалық бөлу үшін негіз болды. 
Конодонттардың, фораминиферлердің және көне қазбалардың фаунасын 
кешенді  зерттеу  және  жинау  шекара  маңындағы  интервал  жыныстарын 
литологиялық және седиментологиялық талдау және шекараларының си-
патын анықтау үшін үлкен маңызы бар. 
Боқтықарын тұзды күмбезі. Төменгі-жоғарғы Маастрихт шекарасы – де-
ректер табылған жоқ.
Шуылдақ палеожанартаулы ауданы – Шалқар ауданының Арыстанбай, 
Дөңгелек,  Ақтоғай  қыстаулары,  Ысқақ  жайлауы  ауданындағы  Шуылдақ 
өзені  аңғарындағы  (ұзындығы  20  км)  Мұғалжардың  оңтүстік-шығыс 
бөлігіндегі палеожанартаулы құрылыстар үзіндісі. 
Түрлі  морфологиядағы  лавалар  –  жастық,  құбыр  тәріздес,  пластты. 
Көлденең сығылмалар, экструзивті-лавалық және гейзерлік құрылымдар. 
Республикалық  және  халықаралық  маңыздағы  мемлекеттік  табиғи-
қорықтық қордың геоморфологиялық объектілері: Айдарлыаша өзенінің 
аңғары,  Жақсы  Қарғалы  өзенінің  сол  жағасындағы  карсты  ландшафт, 
сүтқоректілердің сүйек қалдықтарының орны бар Шалқарнұра шыңы.
Айдарлыаша  өзенінің  аңғары  –  таскөмір  және  перм  жүйесі 
шекарасының  тірек  қимасы,  аммоноидтар,  фузулинидтер,  конодонттар 
фаунасының орналасқан жері. Қима Новороссийск селосынан (Хромтау ау-
даны) батысқа қарай 10 км жердегі Айдарлыаша өзенінің оң жақ құламалы 
жағасында орналасқан. Органикалық қазба қалдықтарының бірегей орны, 
олар қимада біркелкі бөлінбеген. Қиманың оңтүстік бөлігінде фузулинид-
тер  мен  конодонттар  басым  таралған,  аммоноидеялар  сирек.  Қиманың 
жалпы қуаты 988 м.
Аммоноидеялар – құрып кеткен басаяқты моллюскілердің қосымша то-
бына жататын аммониттер. Барлық жер шары бойынша девоннан бордың 
аяғына дейін белгілі. 1500 жуық түрі бар. Жыртқыштар. Теңіздерде мекен 
еткен. 
Конодонттар  –  жануарлардың  қазба  қалдықтары,  олардың  тұрақты 
қатыстылығы анықталған жоқ. Кембрийден триасты қоса алғанға шейін-
гі  түзілістерде  белгілі.  Стратиграфиялық  палеозойлық  түзілістер  үшін 
маңызды. 
Фузулинидтер – фораминиферлер жойылған түрі. Таскөмір және пермь 
кезеңдерінде өмір сүрген. Таскөмір және пермь түзілістерінің стратигра-
фиялары үшін ерекше маңызы бар. 
Айдарлыаша  өзенінің  аңғары  –  бірден-бір  сақталған  қазбал 
органикалық  қалдықтардың  бірегей  орны.  Карбон  мен  пермьнің  шека-
ралас  қабаттарының  қимасы  белгілі  бір  жер  мен  уақытта  тірліктің  даму 
деңгейі,  климаты,  тұнбаның  жинақталу  жағдайлары  туралы  ақпарат 
береді.  Қиманың  биология,  геология,  география  саласындағы  маман-
дар  үшін  ғылыми  маңызы  бар,  геология  және  биология,  география 
мамандықтарының  студенттері  үшін оқу тәжірибелері  мен экскурсиялар 
өткізу орны, сол сияқты геологиялық туризм үшін объект бола алады. 
Жақсы Қарғалы өзенінің сол жағасындағы карстық ландшафтар – Ақтөбе 
қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан, көлемі бір-
неше гектар. Карстық жер бедері төменгі Пермьнің кунгур жікқабатының 
гипс қатқабаттарының дамыған саласында таралған.
Пермь жүйесінің кунгур дәуірі алабы тұздылығының және жағалау желісі 
сипатының өзгеруін қамтамасыз еткен тұнба тәріздес жаңа жағдайларымен 
белгілі  болды.  Бұл  ерекшеліктер  үш:  теңіз  жағасының  сульфатты-карбо-
натты-терригендік,  сульфатты-терригендік-галогендік  және  теңіз  галогені 
басым фациялы-түрлі аймақтардың қалыптасуына әкелді. Алғашқы аймақ 
Ақтөбе  облысындағы  Аралмаңының  жалаңаштанған  шығыс  бөлігінде 
таралған  хемогендік,  сульфаттық  және  карбонаттық  тұнбалардың 
қалыптасуымен  сипатталады,  олардың  арасында  гипс  линзаларының 
қабаттары  басым  және  анықтаушы  рөл  атқарды.  Гипстер  жыныстардың 
барлық комплекстерінің аса әлсізі ретінде, суда ерудегі жоғары дәрежеге ие 
бола отырып, оңай шайылады және аса жоғары бөліктерден төменгі телім-
дерге  шығарылады,  соның  нәтижесінде  бос  кеңістіктер,  қуыстар,  орлар 
құрылады, олар жер бетіне шығатын тұнбалы қабаттарда өзіндік карстық 
жер  бедерін  қалыптастырады.  Карстық  жер  бедері  үшін  ой  шұңқырлар, 
шұңқырлар,  қазандықтар,  үңгірлер  тән,  олар  зерттеушілер  үшін  де,  ту-
ристер  үшін  де  қызығушылық  тудырады.  Мұндай  табиғи  объектілерді 
бақылаусыз пайдалану олардың тез бұзылуына және жойылуына әкеліп 
соғады. Сүтқоректілердің сүйектері қалдықтарының орны бар Шалқарнұра 
шыңы – Ырғыз ауданындағы Шалқартеңіз сорының солтүстік ернеуі. Бұл оли-
гоцен  жасындағы  ертедегі  мүйізтұмсық-индрикотерийлердің,  сол  сияқты 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
32
33
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
басқа да сүтқоректілердің сүйектері қалдықтарының орны. Қуаты 55-67 м 
болатын свитаның аса толық қимасы Құрсай сайында орналасқан. мұнда үш 
жікқабат: төменгісі – алевритті-құмдақ, ортаңғысы – сүйек қалдықтары бар 
сазды-карбонатты және жоғарғысы – құмдақты қабаттар бөліп көрсетіледі. 
Сүйек  қалдықтары  бар  индрикотерий  свитасының  сазды-карбонатты 
жікқабаты  ырғақты  қабаттар  құрылысына  ие.  Индрикотерийлік  фаунаның 
сүйектерінен басқа тығыз емес бақалшықты әктастардың линзалары (жұқа 
тұщы  сулы  гастроподтар),  сол  сияқты  жапырақтар  таңбалары  бар  көмір 
қабаттары байқалады. 
1.4 Ақтөбе облысы АумАғындА өңірліК тАбиғи 
пАрК, тАбиғАт есКертКіші, тАбиғи нысАндАр 
тҮрлерін ұйымдАстыру
Ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) ғылыми негізделген 
желісі  болып  биологиялық  алуан  түрлілікті  сақтаудың  аса  тиімді  және 
оңтайлы түрлерінің бірі есептелінеді, олар тек жекелеген бірегей ландшаф-
тарды  немесе  экожүйелерді,  түрлер  мен  қауымдастықтарды  ғана  емес, 
сонымен қатар, тұтастай алғанда мекен ететін табиғи ортаны да сақтауға 
мүмкіндік береді. 
Облыстың  табиғи  ландшафтарына  антропогендік  әсердің  жоғары 
деңгейіне байланысты ЕҚТА жүйесін ұйымдастыру өзекті әрі уақытылы бо-
лып табылады. Облыстың табиғи жағдайларының ерекшелігі және жоғары 
шаруашылық  игеру  қазіргі  жағдайларына  және  антропогендік  бұзылу 
дәрежесіне  қарамастан  түрлі  табиғи  кешендер  мен  объектілерді  ЕҚТА 
жүйесіне қосу қажеттігін белгіледі. 
Ақтөбе  облысындағы  табиғи  әлеуетті  пайдаланудың  қазіргі 
жағдайларында өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті қолдау және табиғатты 
пайдалану тәртібін реттеу үшін облыстық деңгейде ерекше қорғалынатын 
табиғи аумақтарды ұйымдастыру есебінен ЕҚТА желісін құру ұсынылады. 
Қазіргі  уақытта  өзгермеген  далалық  табиғи  ландшафтар  іс  жүзінде 
қалмаған далалық аймақта қорғалынатын аумақтарды ұйымдастырудың 
ерекше  маңызы  бар.  Аумақты  ауыл  шаруашылығына  игеру  басқа 
аймақтармен салыстырғанда ландшафтардың бүліну дәрежесі аса жоғары 
болуына әкеліп соқты. Табиғи ландшафтардың орнына дәнді-дақылдары, 
шабындықтары және жайылымдары бар ауыл шаруашылық жерлері кел-
ді. Көшетін құстардың жолындағы облыстың транзиттік жағдайын ескере 
отырып,  ЕҚТА  желісіне  басты  орнитологиялық  аумақтарды,  сирек  және 
жойылып бара жатқан жыл құстарының түрлерінің жиналатын, ұялайтын 
және демалатын орындарын қосу ұсынылады. Облыс аумағында өңірлік 
табиғи  парк,  табиғат  ескерткіші,  табиғи  заказник  сияқты  ЕҚТА  түрлерін 
ұйымдастыру ұсынылады.
«Ерекше қорғалынатын табиғи аумақтар туралы» Заңға сәйкес мемле-
кеттік өңірлік табиғи саябақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк үшін белгілен-
ген тәртіп түрі бар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аналогы болып табы-
лады, сондай мақсаттар қояды және сондай міндеттерді атқарады, бірақ 
табиғатты  қорғау  ғылыми  мекемесі  мәртебесі  бар  жергілікті  маңыздағы 
ерекше қорғалынатын табиғи аумаққа жатады. 
Өңірлік табиғи парктердің негізгі қызметіне табиғи кешендерді, біре-
гей  табиғат  телімін,  мемлекеттік  табиғи-қорықтық  қор  объектілерін, 
табиғи және тарихи-мәдени мұраларды сақтау; биологиялық әртүрлілікті 
сақтаудың  ғылыми  әдістерін  әзірлеу;  табиғат  шежірелері  бағдарламасы 
бойынша жеке табиғат объектілеріне және экологиялық жүйелерге мони-
торинг жүргізу; бүлінген табиғи кешендерді, мемлекеттік табиғи-қорықтық 
қор  объектілерін,  табиғи  және  тарихи-мәдени  мұраларды  қалпына  кел-
тіру;  экологиялық-ағарту,  ғылыми,  туристік,  рекреациялық  және  шекте-
улі  шаруашылық  мақсаттарда  табиғат  паркі  аумағын  және  оның  қорғау 
аймағын пайдалануды реттеу жатады. 
Облыс  аумағындағы  Қарғалы  су  қоймасында  өңірлік  табиғи  парк 
ұйымдастыру жоспарлануда. Ұсынылған аумақ кішкентай жылғалары мен 
жыралары, жағажайлары мен көркем сайлары бар өзенмаңы ұсақ шоқысын 
көрсетеді  және  бұрыннан  жергілікті  тұрғындар  мен  Ресейдің  шекаралас 
аудандарынан  келген  қонақтар  үшін  сүйікті  демалыс  орны  болып  табы-
лады. Қарғалы мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы. Ұйымдастыру себеп-
тері – жалпы экологиялық тепе-теңдікті қолдау үшін флора мен фаунаның 
қызыл  кітапқа  енген  түрлерін  және  азоналық  және  интразоналық  лан-
дшафтарды,  орман  шоқтарын,  су  және  су  маңы  құстарының,  аңдардың 
бағалы түрлерінің (елік, бұлан, қабан, орман сусары, европалық құндыз, 
суыр)  мекен  ететін  жерлерін  сақтау  және  қалпына  келтіру.  Аумақты 
рекреациялық мақсаттарда спорттың қысқы және жазғы түрлерін дамыту 
үшін  жыл  бойы  пайдалануға  болады.  Табиғи-қорықтық  қордың  Қарғалы 
су қоймасы, Жақсы-Қарғалы өзендері, қатар орналасқан геологиялық (До-
мбар төбелері, Ақтасты, Ақтасты кедертасы) геоморфологиялық (Жақсы-
Қарғалы карстық үңгірлері) объектілері экологиялық және танымдық ту-

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
34
35
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
ризм объектілеріне қызмет ете алады.
Геологиялық құрылымы – аумақ протерозой мен палеозойдың тұнбалы, 
жанартаулық,  метаморфозды  қатқабаттарымен,  сол  сияқты  палеозойға 
дейінгі, каледондық және герциндік жыныстарымен қалыптасқан Ор-Елек 
өзен аралығы ауданына жатады. Бұл уақытша суағарлардың тығыз желісі-
мен тілімделген аласа толқынды ұсақ шоқы. Жер бедерінің етегінде төрттік 
және осы заманғы бос аккумулятивтік түзілістер жинақталған. 
Жер  бедері    салыстырмалы  биіктігі  5-25  м  құрайды.  Су  қоймасының 
жағасы  әдемі  шығанақтары  мен  қойнаулары  бар  құламалы  және 
жайпақ,  биік  және  аласа  жазықтық  телімдерімен  және  300  метрден 
400  метрге  дейінгі  биіктік  белгілері  бар  өзен  маңындағы  көтеріңкі  ұсақ 
шоқыларды көрсетеді. Аумақ өзен аңғарларымен және уақытша суағарлар 
аңғарларымен  тілімделген.  Тегіс  жазық  беткейлер  жыралармен,  сайлар-
мен тілімделген. 
Климаты  шұғыл-континентальды.  Жауын-шашын  мөлшері  280-300 
мм, аязсыз мерзім ұзақтығы 130-150 күн, гидротермиялық коэффициент 
– 0,8-1,0. Ылғалдылық коэффициенті – 0,40-0,50. Желдің орташа жылдық 
жылдамдығы  4,5-5,5  сек,  солтүстік-батыс  бағыттағы  жел  басым.  Ауаның 
орташа жылдық температурасы +1+2°С, шілдеде +20+21°С, қаңтардағы ор-
таша температура -15-20°С.
Жер бетіндегі сулар: Қарғалы су қоймасы Ақтөбе қаласынан солтүстік-
шығысқа  қарай  60  км  жерде,  Жақсы-Қарғалы  өзенінің  бас  жағында 
орналасқан.  Бөгет  жартасты  жыныстардан  тұрғызылған.  Судың  жалпы 
көлемі 186 млн.м
3
 құрайды. Су қоймасы 1975 жылдан бері пайдаланыла-
ды. Суды босату күзгі-қысқы маусымда 2-3 м
3
/с жазғы маусымда 8-12м
3
/с 
тәулік бойы жүргізіледі. 
Жақсы-Қарғалы өзенінің аңғары
Жақсы-Қарғалы  өзені  –  Елек  өзенінің  оң  саласы,  өзеннің  ұзындығы 
114  км.  Қуағаш  және  Көкпекті  өзендерінің  қосылуынан  пайда  болады. 
Өзеннің тұрақты ағысы бар. Қоректену негізінен көктемгі еріген қар суы 
есебінен,  жер  асты  суымен  және  күзгі  жауын-шашынмен  толығу  үлесі 
көп емес. Жер асты сулары кристалл жыныстардың жарықшақ аймағына 
орайластырылған, 30-75 метр тереңдікте айналады және бұлақтар түрінде 
жиі жарып шығады. Жақсы-Қарғалы өзенінің аңғарында жер асты сулары 
1-ден  18  метрге  дейінгі  тереңдікте  жатыр.  Су  шығару  көкжиегінің  қуаты 
– 5-15 м. судың минералдануы 1-1,2 г/л аспайды. Химиялық құрамында 
гидрокарбонаты  натрий  және  кальций  басым.  Минералдануы  жоғары 
сульфатты және хлоридті натрийлі су көп. Толығуы негізінен су тасқыны мер-
зіміндегі сүзгілену есебінен, жылдың қалған уақытында – атмосфералық 
жауын-шашынның инфильтрациялануы есебінен, өзен суы молаяды. 
Топырақ қабаты сортаңдар аз қоңыр қызыл топырақтың қатысуымен 
қоңыр-қызыл  қарапайым  топырақтар  таралған.  Сортаңды  топырақ 
жоғарғы өзен террассаларындағы еңістіктерде кездеседі. Ерекшелік сипа-
ты сортаңды көкжиектің болуы. Өзендер жайылмаларында аллювиальды-
шалғындар, ал еңістіктерде шалғынды-батпақты топырақтар қалыптасқан. 
Өсімдік жамылғысында садақбоз (тырса), қызыл боз, бетегебоз басым. 
Сондай-ақ  далада  қызыл  боз  –  түрлі  шөптерікең  таралған.  Түрлі  шөптер 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
36
37
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
арасында: қызылбояу, қазтабан, түйнекті қасқыржем, мыңжапырақ және 
басқалары; шөлге шыдамды түрлер – ақжусан және изен, татар кермегі, 
мыңжапырақты түймешетен, бот, сораң басым. Қиыршықтасты топырақта 
қау, садақбоз, қылқұрт, бетеге, сұлыбас және басқалары таралған. жайыл-
малар мен сайларда шалғындық өсімдіктер: бидайық, айрауық, қоңырбас 
және түрлі шөптер,  орман шоғырла рында қайың, көктерек, тал, терек, 
итмұрын, тобылғы және басқалары басым өседі. 
Жануарлардан  далалық  түрлер  таралған.  Cүт  қоректілерден  түлкі, 
қарсақ, дала күзені, европалық қара күзен, қабан кездеседі. Орнитофауна 
көптеген суда жүзетін және су маңы түрлерімен берілген: көкқаз, шиқылдақ, 
өзен және сүңгуір үйрек, көк тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек; ұшып 
өтетіндер  –  қызылтамақ  қарашақаз,  ақбас  үйрек,  ақкөз  қаралаүйрек, 
ақтырна, сүйрік тұмсықты шалшықшы. Қазақстанның Қызыл кітабына ен-
гізілген  сирек  және  жойылып  бара  жатқан  құстардың  түрлері:  қалбағай, 
қызылтамақ қарашақаз, дуадақ, ақбас үйрек, ұзын қанат қарлығаш, без-
гелдек және өзгелері бар. Су қоймасының жағасында, өзендер жайылма-
ларында және уақытша суағарлар аңғарларында көлбақа, сүйрік тұмсық 
бақа,  тарбақа,  орман  алқаптарында  жасыл  бақа  таралған.  Бауырымен 
жорғалаушылардан: кәдуілгі дала ешкемер, сұр кесіртке, даланың сұр жы-
ланы,  өрнекті  абжылан  тән.  Өзендер  мен  су  қоймаларының  жағасында 
– сужылан, сарыбас жылан, батпақ және Орта азиялық тасбақалар бола-
ды.  Су қоймасының ихтиофаунасы жергілікті түрлер: шортанмен, сазан-
мен, мөңке балықпен, табанбалықпен, алабұғамен берілген. Мемлекеттік 
табиғи  ескерткіштер.  Табиғи  қорық,  ұлттық  табиғи  парк,  табиғи  резер-
ват,  өңірлік  табиғи  парк,  табиғи  заказник  сияқты  ірі  табиғи  объектілер-
ді  қорғаумен  қатар  экологиялық,  ғылыми,  мәдени  және  рекреациялық 
маңызы  бар  кішігірім  табиғи  аумақтарды  қорғауға  да  көңіл  бөлу  керек. 
Әдетте, мұндай аумақтар мен объектілер мемлекеттік табиғи ескерткіштер 
мәртебесін алады. 
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалынатын табиғи аумақтар 
туралы» Заңына сәйкес табиғаттың мемлекеттік ескерткіші – экологиялық, 
ғылыми, мәдени және эстетикалық қатынаста жекелеген құнды, бірегей, 
орны толмайтын табиғи кешендер.  
Қорғалынатын объектінің ерекшелігіне байланысты табиғи ескерткіштер 
геологиялық, палеонтологиялық, ландшафтық, ботаникалық және басқалары 
болуы  мүмкін.  Табиғи  ескерткіштер  аумағында  оның  табиғи  жағдайы  мен 
сақталынуын бұзатын кез-келген әрекетке тыйым салынады. 
Ақтөбе  облысы  аумағында  жергілікті  маңыздағы  17  мемлекеттік 
табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру ұсынылады (2 кесте).
2 кесте. Ұсынылатын мемлекеттік табиғат ескерткіштері 
№ обьектінің 
атауы
обектінің  сипатта-
масы
орналасқан жері
пайдалану 
түрі
геологиялық
1
 шиелі
импактілі кратер
мұғалжар  ауданын-
да,  дмитриев  кен-
тінен 
солтүстікке 
қарай 7 км
ғылыми  экс-
курсиялар
2
жылансай
тұзды  күмбез  (им-
пактілі кратер)
мұғалжар  ауданын-
да,  дмитриев  кен-
тінен 
солтүстікке 
қарай 7 км
ғылыми  экс-
курсиялар
3
 шәуішке
төменгі  ордовик 
қабаты  мен  венд-
тік кезең түзілістері 
төселетін 
аса 
толық  шекаралас 
қималардың бірі
қарғалы 
ауданы, 
лушниковка селосы-
нан  батысқа  қарай 
5  км,  ұзындығы  1,3 
км.  шәуішке  және 
қопа  өзендерінің 
қосылатын жері
ғылыми  экс-
курсиялар
4
 қуағаш
Кемпірсай  ультра-
негізгі  алабының 
шығыс  бөлігі  бай-
ланыс  аймағының 
қимасы
қарғалы 
ауда-
ны,  бадамша  қтк-
нен 
солтүстікке 
қарай  9  км,  жоса-
лы 
селосындағы 
қуағаш  өзеніндегі 
бөгеттен  теміржол 
көпіріне дейін
ғылыми  экс-
курсиялар
5
 шаңдашы
Кемпірсай 
уль-
транегізгі 
алабының  батыс 
қоршауының  бай-
ланыс  аймағының 
қимасы
никельтау  станция-
сынан об қарай 9 км, 
шаңдашы  өзенінің 
сағасынан ұзындығы 
3,0  км,  ағыс  бойын-
ша жоғарыға қарай
ғылыми, 
экологиялық 
туризм

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
38
39
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
№ обьектінің 
атауы
обектінің  сипатта-
масы
орналасқан жері
пайдалану 
түрі
6
 қияқты
ырғыз өзенінің сол 
жақ  жағасындағы 
қияқты  алабының 
аймағы
әйтеке  би  ауданы, 
Аралтоғай  кентінен 
оңтүстікке  қарай  21 
км,  ырғыз  өзенінің 
сол жақ жағасы
ғылыми  экс-
курсиялар
7
 доңызтау
Үстірттің  солтүстік 
шыңдарының 
құламаларындағы 
палеогендік 
түзілістер  қимасы 
(доңызтау), 
солтүстік 
Арал 
маңының 
қайталанбас аңдар 
және 
өсімдіктер 
әлемі
байғанин  ауданы, 
Үстірттің  солтүстік 
шыңы
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
8
солтүстік 
Александров
Александров 
селосындағы, 
тас 
карьерінде-
гі  перм  кезеңі 
кунгур  және  уфа 
жікқабаттарының 
шекарасы
қарғалы 
ауданы, 
Александров  село-
сынан  сб  қарай  1,2 
км,  жақсы-қарғалы 
өзенінің оң жағасы
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
9
батыс-
қызылжар
қызылжар 
село-
сынан 
батысқа 
қарай 
пермнің 
қазан  және  татар 
жікқабаттарының 
шекарасы
қарғалы 
ауданы, 
қызылжар  селосы-
нан  батысқа  қарай 
0,5  км,  құндызды 
сайының сол жағасы
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
№ обьектінің 
атауы
обектінің  сипатта-
масы
орналасқан жері
пайдалану 
түрі
палеонтологиялық
10 медес
мұғалжар 
және 
барлық 
оңтүстік 
орал  аумағындағы 
төменгі ордовиктің 
трилобиті 
фаунасының 
орналасқан жері
қарғалы 
ау-
даны. 
медес 
өзенінің  оң  жағасы 
(жылға 
аңғары 
және 
шығыстан 
қосылатын 
шоқы), 
қосағаш 
өзенінің  сағасынан 
оңтүстікке қарай 2,0 
км
ғылыми  экс-
курсиялар, 
Экологиялық 
туризм.
11 өрнектассай планетарлық 
маңызы 
бар 
жоғарғы 
девон 
әктастарындағы 
кремнийдің 
бай 
жері
хромтау 
ауда-
ны. 
өрнектассай 
жылғасының 
аңғарында, 
қызылжар  жылғасы 
саласының 
оң 
жағасы
ғылыми  экс-
курсиялар
12 Канкоус
шағырай 
үстірті 
құламасындағы 
орта 
олигоцен 
флорасының 
орналасқан жері
шалқар 
ауданы, 
шағырай үстірті
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
13 Каракөл
орта 
эоценнің  
лавр, 
шамшат 
және  басқа  да 
субтропикалық 
өсімдіктер 
таңбаларының 
орналасқан жері
жем өзенінің баста-
уы
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
14 романкөл
жоғарғы  палеогендік 
флора  мен  фаунаның 
орналасқан жері
хромтау ауданы, ба-
дамша қаласы ауда-
нында
ғылыми, 
экологиялық 
туризм

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
40
41
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы
№ обьектінің 
атауы
обектінің  сипатта-
масы
орналасқан жері
пайдалану 
түрі
ландшафттық
15 ебейті 
шатқалы
Кембрийге  дейін-
гі  және  төменгі 
палеозойдың 
интрузивтік, 
метаморфоздық 
және 
шөгінді 
жыныстарының 
жартастарын 
көрсететін  көркем 
шатқал
қарғалы 
ауданы. 
ебейті 
өзенінің 
сағасы  және  оған 
жақын  жатқан  сол 
жақ  жағасындағы 
аңғар
ғылыми, 
экологиялық 
туризм
ботаникалық
16 Көктоғай
сирек  кездесетін 
алма ағаштарының 
шоғыры
қарғалы 
ауда-
ны,  жайық  (орал) 
өзенінің  сол  жақ 
жағасы, 
Көктоғай 
аулынан  оңтүстік-
батысқа  қарай  1,4 
км
ғылыми  экс-
курсиялар, 
Экологиялық 
туризм.
17 таңатар
таңқурай бұталары 
бар шоғыр
қарғалы 
ауда-
ны,  жайық  (орал) 
өзенінің  сол  жақ 
жағасы, таңатар 
таулары
ғылыми  экс-
курсиялар, 
Экологиялық 
туризм.
Ұйымдастыру ұсынылған барлық табиғат ескерткіштерінен геологиялық 
ескерткіштер  басым,  бұл  көптеген  жылдар  бойғы  геологиялық  барлау 
жұмыстарының  нәтижесінде  Ақтөбе  облысының  аумағы  геологиялық 
жағынан жақсы зерттелгендігімен түсіндіріледі. 
Геологиялық  жыныстар  шөгінді  және  метаморфозды  жыныстар 
қабатында  бейнеленген,  климат  пен  органикалық  әлемнің  өзгеруінің 
ықпалымен  болған  жер  қыртысының  ұзақ  уақыт  дамуынан  бұрынғы 
геологиялық  жағдайлардың  артефакты.  Табиғаттың  палеонтологиялық 
ескерткіштері  сол  дәуірлерде  өмір  сүрген  флора,  фаунаның  сақталған 
қалдықтары  мен  климаттық  жағдайларының  оларға  тән  геологиялық 
дәуірлерінің  бөліктерін  сипаттайды.  «Геологиялық  дәуірлер  құжаттары» 
жер  бетінен  жойылып  кетпеуі  үшін  ерекше  қорғау  тәртібі  бар  табиғи 
ескерткіштер түріндегі ерекше қорғалынатын табиғи аумақтар құру және 
олардың аумағын ғылыми және танымдық мақсаттарда пайдалану қажет. 
Флора мен фаунаның бағалы және сирек түрлерін мекендеуі және өсіп 
жетілуінің негізі ретінде бірегей және көркем аумақты сақтау қажет деп 
танылған  ландшафтық  және  ботаникалық  табиғат  ескерткіштерін  құру 
ұсынылады. 
Облыс аумағында тек экологиялық, ғылыми ғана емес, сонымен бір-
ге рекреациялық қызығушылық та тудыратын табиғи объектілер өте көп 
екенін  атап  көрсету  керек.  Ұсынылған  табиғи  ескерткіштер  тізімі  түрлі 
дәрежедегі ерекше қорғалынатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру кезін-
де  аумақты  егжей-тегжейлі  зерттеу  нәтижесінде  толықтырылуы  мүмкін. 
Бірақ табиғи ескерткіштердің бүлінуін, қирауын немесе толық жойылуын 
шектеу үшін олар орналасқан аумақтарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес 
қорықтық тәртіп орнату қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттік заказниктер табиғи кешендерді қорғауды 
және аумақты дәстүрлі шаруашылыққа тұрғындар мен табиғи ландшафтар 
үшін  зиянсыз  пайдалануды  үйлестіруге  мүмкіндік  беретіндіктен  ерекше 
қорғалынатын табиғи аумақтар аса кең таралған түрлері болып табылады. 
Мемлекеттік  табиғи  заказник  –  мемлекеттік  табиғи  қорықтық 
қордың бір немесе бірнеше объектілерді сақтауға және өсіруге арналған 
шаруашылық қызметтің тәртібі бар ерекше қорғалынатын табиғи аумақ. 
Барлық  ұсынылған  заказниктер  жергілікті  тұрғындардың  тіршілік 
әрекетінің  жалғыз  көзі  болып  табылатын  дәстүрлі  ауыл  шаруашылыққа 
игерілетін  аумақтарда  орналасқан.  Сондықтан  оларды  ұйымдастыруда 
ауыл  шаруашылығы  айналымынан  қайтып  алмай,  бірақ  шаруашылық 
қызметін жүргізуді қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізе отырып, заказ-
ник тәртібін сақтау ұсынылады. Облыс аумағында жергілікті маңызы бар 
13 заказник ұйымдастыру ұсынылады (3 кесте). 
3 кесте. Ұсынылатын мемлекеттік табиғи заказниктер 

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
42
43
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы

Ата
уы
типі
қорғау объектілері
табиғи 
аймақ/ 
қосымша аймақ
1
қоб
да
Кешенді
бірегей 
ландшафтар, 
орман 
шоғырлары. су және су маңы құстары 
мен аңдарының мекендейтін жерлер. 
бұлан,  елік,  қабан,  құндыз,  орман  су-
сары, суыр, құр, суда жүзетін және су 
маңы  құстары.  флора  мен  фаунаның 
қызыл кітапқа енген түрлері
бірқалыпты  қуаң 
дала
2
ебейті
Кешенді
бірегей  ландшафтар.  қандыағаштан, 
қайыңнан,  теректен  тұратын  орман 
шоғырлары.  флора  мен  фаунаның 
қызыл  кітапқа  енген  түрлері.  бұлан, 
елік, қабан, құндыз, суда жүзетін және 
су маңы құстары. 
қуаң дала
3
м
әрт
өк
Кешенді
бірегей  ландшафтар.  қандыағаштан, 
қайыңнан,  теректен  тұратын  орман 
шоғырлары.  флора  мен  фаунаның 
қызыл кітапқа енген түрлері.
қуаң дала
4
о
зерный
(орнит
ологиялық)
екі  әйке  және  шалқар-қарашатау 
телімдерімен.  ұшып  өтетін  және 
ұялайтын 
авиафауна 
(көкқаз, 
сыбырлақ  аққу,  кішкентай  аққу,  ақбас 
қаз,  қызылсирақ  балшықшы,  бұйра 
бірқазан, 
суқұзғын; 
қоныстарда 
қызғылт  бірқазан,  жалбағай,  қызыл 
жемсаулы қарашақаз және басқалары 
ұялайды)  үшін  аса  маңызы  бар  ұшып 
өтетін маңызды трансконтинентальдық 
жолдағы батпақ-көл алқаптары. мұнда 
республикалық  маңыздағы  табиғи-
қорық  қорының  жұмыс  істеп  тұрған 
объектісі – әйке көлі орналасқан.
құрғақ дала

Ата
уы
типі
қорғау объектілері
табиғи 
аймақ/ 
қосымша аймақ
5
Көкжид
е-
құмж
арған
Кешенді
республикалық  маңыздағы  нысан  – 
Көкжиде  құмы,  аса  таза  тұщы  су  ре-
зервуары;  құмжарған  құмындағы  ор-
ман  алқабы;  флора  мен  фаунаның 
қызыл кітапенген түрлерінің мекендей-
тін жері; темір және жем өзендерінің 
аңғарларында  суда  жүзетін  және  су 
маңы құстарының ұшып өтетін және ұя 
салатын жерлері
шөл дала
6
о
рқаш
Кешенді
орман және батпақты-су       алқаптарымен 
қатарлас 
орналасқан 
барқан 
құмдардың  бірегей  табиғи  кешені. 
елік,  бұлан,  қабан,  суда  жүзетін  және 
батпақты-су  құстары.  құстар  қайтқан 
кездегі демалатын орны.
құрғақ дала
7
о
йыл
Кешенді
ландшафтық 
жазира 
– 
барқан 
құмындағы  бірегей  қарағай  орманы 
(1896 ж. отырғызылған), ілесе жүретін 
жыныстар - терек, үйеңкі, қайың. ойыл 
өзеніндегі  жайылма  орман  алқабы. 
өңір үшін өте сирек кездесетін ірі ақ-
қызғылт  гүлдері  бар  тікенекті  кеуел 
өсетін  жерлері  бар,  борлы  Ақшатау 
тауының таңқаларлық жер бедері. фло-
ра мен фаунаның сирек түрлерінің ме-
кендейтін жерлері.
құрғақ  дала,  шөл 
дала
8
м
ұғалж
ар
Кешенді
жусанды  дала  жазықтықтарының, 
қайың-терек  шоғырлары  мен  қара 
қандыағаштар  телімдері  сақталынған 
құрғақ  дала  ландшафтары.  фло-
ра  (мұғалжар  тақыршөбі,  Комаров 
жоңышқасы)  мен  фаунаның  (дала 
қыраны, бүркіт, көк тырна, ақбас тыр-
на,  тарғақ)  сирек,  эндемикалық  және 
реликтік түрлері мекендейтін жерлері. 
бұланның қыстайтын жері.
құрғақ  дала,  шөл 
дала

Ақтөбе облысының табиғи, тарихи-мәдени мұралары: 
қорғау және тиімді пайдалану
44
45
Қазақстандық ұлттық 
географиялық қоғамы

Ата
уы
типі
қорғау объектілері
табиғи 
аймақ/ 
қосымша аймақ
9
Кіші 
борсық
кешенді
құм  алаптарының  экожүйесі,  фло-
ра  (Комаров  жоңышқасы,  борщов 
қызғалдағы, жапырақты сораң, жүзгін) 
мен фаунаның (төрт жолақты абжылан; 
шұбар күзен, сабаншы, ергежейлі боз 
қосаяқ,  қарақұйрық,  шағыл  мысығы, 
дала қыраны, безгелдек, жорға дуадақ, 
қарабауыр бұлдырық және басқалары) 
қызыл кітапқа енген түрлері
шөл дала
10
Үлк
ен 
борсық
Кешенді
құм  алаптарының  экожүйесі,  фло-
ра  (Комаров  жоңышқасы,  борщов 
қызғалдағы, жапырақты сораң, жүзгін) 
мен  фаунаның  (төрт  жолақты  абжы-
лан;  шұбар  күзен,  сабаншы,  ергежей-
лі  боз  қосаяқ,  қарақұйрық,  шағыл 
мысығы,  дала  қыраны,  безгелдек, 
жорға  дуадақ,  қарабауыр  бұлдырық, 
ақбауыр  бұлдырық  және  басқалары) 
қызыл  кітапқа  енген  түрлері.  қарағай 
мен сексеуіл отырғызу.
шөл дала
11
ш
ырқалы
Кешенді
Эндемикалық  бор  флорасы,  жер 
бедерінің  экзотикалық  түрлері  бар 
тау  жұрнақтарының  бор  үстірті 
(бүршік тәріздес төрткөл қалдықтары). 
қызыл  кітапқа  енгізілген  флораның 
(бор  зығыры,  бор  маренкасы)  және 
фаунаның (ірі көрсоқыр, дала қыраны, 
тазқара,  дуадақ,  ақбас  тырна,  тарғақ) 
жойылып  бара  жатқан  және  сирек 
түрлері
бос жатқан шөл

Ата
уы
типі
қорғау объектілері
табиғи 
аймақ/ 
қосымша аймақ
12
сағыз
Кешенді
табиғи  әртүрлілік.  құм  алаптары 
мен  өзен  аңғарларының  экожүйесі, 
флораның,  фаунаның  қызыл  кітапқа 
енген түрлерінің мекендейтін жері; су-
да  жүзетін  және  су  маңы  құстарының 
қайтып бара жатқанда ұялайтын және 
демалатын жері
шөл дала
13
Ақт
олаг
ай
Кешенді
жер  бедерінің  көркем  түрлері  бар 
Ақтолағай  бор  қырқасы.  оңтүстік 
Ақтолағай геологиялық объектісі. фло-
ра мен фаунаның қызыл кітапқа енген 
түрлері
шөп дала


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал