Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Абылқайырхан көшесі, 16



жүктеу 185.72 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі185.72 Kb.

               Ақтөбе облысы,

               Қобда ауданы

           Абылқайырхан көшесі, 16

                Орталық  кітапхана

             Тел: 8-713-41-21110

             Қобда аудандық орталықтандырылған 

                              кітапхана   жүйесі

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі

    

            

«Зобалаң жылдар жаңғырығы»

          (Қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу)

              Ұсыныстық-библиографиялық  көрсеткіш

 2012ж.

                      Құрастырушылар:

Қобда аудандық орталықтандырылған

кітапхана библиографы

Шайхина Р. М.

Бөлім  меңгерушісі  Қизатова Н. Қ.

Шығаруға жауапты:

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана 

директоры  Исатаева Б. К.

                                      

                    

       

  

                        Мазмұны:

Алғы сөз ---------------------------------------- -1 бет

Қазақстан трагедиясы ----------------------2 бет

Зобалаң жылдар жаңғырығы --------------3 бет

Қобда ауданы бойынша жазықсыз

                            жазаланғандар ----------13 бет

Ашаршылық ақиқаты - ------------------- 19 бет

Жиырмасыншы ғасыр --------------------- 21 бет

Түйетөбеде  ескерткш-

                                обелиск ашылды -----22 бет     

Алжир лагерьі---------------------------------34 бет

Ашаршылық құрбандарына

                                   ескерткіш -----------34 бет

Өзімді өзім көргендей -----------------------40 бет

Библиографиялық  әдеби  көрсеткіш ---42 бет

Пайдаланылған әдебиеттер --------------43 бет

                        

                                

 Алғы сөз

            Жыл сайын мамыр айының   соңғы күні – 31  

мамыр сонау ел басына күн туып, ер етігімен су  

кешкен   қасіретті   зұлмат   –   Саяси   қуғын-сүргін  

және   ашаршылық   құрбандарын   еске   алатын  

қасиетті күн болып  саналады. 

           Бұл     өткенге   тағзым,     тарих   тағылымы  

екенінің тағы бір ақиқаты . Ақтаңдақ беттерді  

парақтап, ұлтым деген арыстарымызды еске алу  

Қазақстан   халқы   Ассамблеясының     сессиясында  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев   саясм  

қуғын-сүргін   құрбандарымен   бірге   елімізге   орны  

толмас   қасірет   әкелген   ашаршылықтық   80  

жылдығы   мен   Қазақстанға   өзге   ұлт   өкілдерін  

жаппай   жер   аударудың   75   жылдығы,   Алаш  

партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына  

-95жыл   толуы   жайлы   ерекше   тоқталғаны  

белгілі.   Соған   орай,   Қобда   аудандық  

орталықтандырылған

 

кітапханасында  

шығарылған     «Зобалаң   жылдар   жаңғырығы»  

атты   ұсыныстық   библиографиялық   көрсеткіш  

көпшілік оқырмандарға арналады.

       Бұл көрсеткішімізде қазақ елі тарихындағы  

зобалаң қуғын-сүргін заманының  4 кезеңі туралы 

мағлұматтар берілді.

 

1


  Қазақстан трагедиясы

Көктем туып бар тіршілік оянған,

Қаумалаған қалың ойдан жеріп көр.

Жер де, міне, жасыл реңге боялған,

Көз алдымда...  мұз құрсанған өліктер.

Кір қожалақ, балаң биті басқа өрген,

Бірақ оны  елемеймін  мен  тіптен.

Көрген сәтте сорлыларды  босқа өлген,

Ет жүрегім жүгірмей-ақ  ентіккен.

Киімім көк, ашығуды білмеймін,

Аш жалаңаш бәрі-дағы олардың,

Әйел, кемпір...  нанға зәру тілдей бір,

Соны ойласам көкірегіме  толар  мұң.

Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар,

Айныдық па адамшылық  салтынан?

Ашыққандар шөп-щаламды ақтарар,

Табам ба деп, табам ба деп жарты нан.

       Татьяна  Невадовская

                         Аударған  З. Қыстаубаев

2

                  Пайдаланылған әдебиеттер

Қуғын-сүргін құрбандары. Жертвы репрессии. Қаралы тізім – 

Скорбные списки.1 кітап. – Алматы, 1997.- 294бет.

Қуғын-сүргін құрбандары. Жертвы репрессии. Қаралы тізім – 

Скорбные списки.2 кітап. – Алматы, 1997.- 294бет.

Қуғын-сүргін құрбандары. Жертвы репрессии. Қаралы тізім – 

Скорбные списки.3 кітап. – Алматы, 1997.- 294бет.

Тасымбекоа А.

Жан дауысы: Деректі публицистикалық повесть – Алматы: 

Жалын, 1994.-176 б.

Досжанов Д.

Абақты: - Алматы: Қазақстан, 1992.- 288б.

Нәубет: Публицистикалық ой-толғаулар \Құрастырушы: 

З.Қыстаубаев.- Алматы. Жалын, 1990.- 448бет.

Қозыбаев Манаш

Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы.- Алматы:- «Қазақ 

университеті», 1992.- 272 бет.

Страницы трагических судеб: Сб. Воспоминаний

жертв политических репрессий  в СССР в1920-1950-е гг.

\Сост: Е. М. Грибанова, А. С. Зулкашева,

А. Н. Илмаганбетова и дрр. –Алматы: Жеті жарға, 2002.-448с.

Жұмаділов Қабдеш

Көкжал. Хикаяттар, әңгімелер, сыр- сұхьат, ой-толғамдар. 

Алматы: Атамұра, 2011.- 408 бет

43


Библиографиялық әдеби  көрсеткіш

1 .Алапат ашаршылық\Егемен Қазақстан.-2012ж.- №292-297.- 

5маусым.- бет 2.

.Байжомартоы Үкітай, Екі басты бүркіт бейнеленген тұйме 

хикаясы\ Ү. Байжұмартоав/Ақтөбе.- 2009.-№130-131.- 

29қазан.-бет 27.

3 .Бегманов Қасымхан, Мұстафаға тіл тигізгендер\ Қ. 

Бегманов\ Айқын.- 2012ж.- №94.- 25мамыр.- бет 3.

4 .Еділқызы Ляйля, Мәңгілік тағзам\ Л. Еділқызы\ Егемен 

Қазақстан.-2012ж.-№288-289.- 1 маусым.- бет1-2.

5 .Жанназарова Нүргүл, Тарихта қалсын деп едім\ Н. 

Жанназарова\ Қобда.- 2008ж.- №22.-29 мамыр.- бет 3.

6. Жексенбаев Серікқали, Адамның қолымен жасалған 

айуандық\ С. Жексенбаев\ Алтын орда.- 2012ж.-№21.- 24 

мамыр.- бет 6.

7. Жұмат Жолтай, Ұлттың азалы ғасыры/ Ж. Жұмат/Егемен 

Қазақстан.- 2012ж.- №274-278.- 29 мамыр.- бет .7

8. Көкірекбаев Кәрім., Бұл қазақ, тәңірге зар қазақ/Қ. 

Көкірекбаев/ Егемен Қазақстан 2012ж.- 30 мамыр.- №279-

285.-бет 8-9.

 9 .Қойшыбаев Бейбіт, Қанды 38/ Қойшыбаев Бейбіт Саяси 

қуғын-сүргін құрбандарына тағзым.- Ана тілі. 2008ж.-№12-

13.-20 наурыз.- бет9.

10  Қыдырбек Ә, Зұлмат жылдар құрбандарын еске алды/ Ә. 

Қадірбек.- Егемен қазақстан.- 2008ж.-№162-163.- 3маусым.-

бет 4.

 11 . Мағзұмқызы Райса, Зобалаң жылдар жаңғырығы/ Райса 



Мағзұмқызы/ Қобда.- 2012ж.- №27.- 31мамыр.-бет6.

12 .Сағалиқызы Гүлбаршын, Мың өліп, мың тірілген/ Г. 

Сағалиқызы/ Қобда.-2012ж .- №27.-31 мамыр.- бет 2.

42

                   «Зобалаң жылдар жаңғырығы » 



   31 мамыр  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 

          Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә. 

Назарбаев   өзінің   Жарлығымен   1997   жылды 

Жалпыұлттық   келісім   және   саяси   қуғын-сүргін 

құрбандарын еске алу жылы, ал 31 мамырды-қуғын-

сүргін   құрбандарын   еске   алу   күні   деп   жариялады. 

ШетелдІк   зерттеуші   Роберт   Конковичтің   еңбегіне 

үңілсек, 1940 жылы Иосиф Сталин Берияға  «КСРО 



көлемінде 1919-1940 жылдардың арасында қанша 

адам қуғын-сүргінге ұшырады және олар қандай 

топтарға   бөлінді?     Сол   туралы   мәлімет   беріңіз» 

деп   тапсырма   берген.   Берия   осы   сұраққа   жауап 

ретінде Сталинге құпия түрде мынадай мазмұнда хат 

жазған: «ВЧК  ОГПУ  органдары 1919-1940 жылдар 

арасында   2,5   миллиондай   «халық   жауларын», 

контрреволюционерлерді,

 

саботажниктерді 



әшкерелеп,   көзін   жойды.   1930-1940   жылдар 

арасында   ОГПУ,   НКВД   органдары   Ресей 

Федерациясы қылмыстық істер кодексінің 58-бабына 

сәйкес   1   миллион   300   мыңнан   астам   адамды 

айыптады.       Соның   ішінде   контрреволюциялық 

жолға   түскен   партияның   бұрынғы   басшылары-

937 100адам,   оның   686   мыңы   атылды,   76 634   адам 

Отанын сатып, 

3


тыңшылық жолға түскені үшін айыпталды. Оның 35 

мыңы   атылды.   Берия»   деп   қол   қойған   екен.   Әлгі 

келтірілген   мәліметке   қарағанда   1919-1940   жылдар 

арасында   немесе   21   жылдың   ішінде   3,9   миллион 

адам   қуғын-сүргінге   ұшыраған.   Осы     3,9   миллион 

адамның   2,9   миллионы   «халық   жауы»   ретінде 

атылған. 

             Осылардың   ішінде   қазақстандықтардың 



саны қанша десек.  1920-1938 жылдар аралығында 

105   мың   қазақстандық   «халық   жауы»   ретінде 

айыпталды.   Олардың   25   мыңы   немесе   төрттен   бір 

бөлігі   «халық   жауы»   ретінде   атылды.   КСРО 

көлемінде   жер   аударылғандары   ,   қуғын-сүргінге 

ұшырағандарды топтастыратын екі үйірім жасалды. 

Оның   бірі   –Сібір,   екіншісі-Қазақстан.   Бұл   екі   елді 

таңдап   алудың   өз   себептері   бар.   Сібір-әлі   толық 

игерілмеген   жер.   Қазақстанның   да   жері   кең,   ол   да 

толық   игерілмеген.   Әрі   бұл   екі   өңір   де   халықтың 

қалың ортасынан жырақ орналасқан. Қуғын-сүргінге 

ұшырағандарды   сырт   көзден     құпия   түрде,   қатаң 

бақылаумен   ұстауға   өте   ыңғайлы   жерлер. 

Қазақстанға қауіпті деген халықтарды жер аударып 

отырды.  Сонда бұл саясаттың түпкі мақсаты не? 

Кеңес   үкіметі   коммунистік   идея   жеңіп   шыққаннан 

кейін   оған   қарсы   күресетін   элементтердің 

барлығынан 

4

Қайғылы тау мен дала тұр

Аштықты қорғап ана тұр.

Аналардың жүдеу алдында

Кішкентай арық бала тұр

Ескі ауыл көшіп келгендей,

Қалмапты тарих мөрленбей.

Балаға қарап селк еттім,

Өзімді өзім көргендей.

Мүсіншілер ерен еңбегін,

Сол болар сүйіп келгенім.

Елбасы амандасқанда

«Анау бала мен», дедім.

Қол алғанда Елбасы,

Дедім-ау, Алла, қолдашы!

Алғыстың айттым үлкенін,

Тоқтады сонда көз жасы.

Сексенге жеткен әр таңым.

Жаңарған сәтін байқадым.

Жасай бер, Ел мен Елбасы»

Құрбандар үшін айтарым.

31 мамыр 2012жыл

Астана

41


Өзімді өзім көргендей

Кәкімбек Салықов

Қабағым бүгін ашылды,

Өткенді көңіл жасырды

Тәуелсіздік ақ таңы

Сөнбес нұр боп тасынды.

Тәңірім тілекті қолдады.

Ұлы арман жетті толғағы.

Ашаршылық  құрбандарына,

Зор ескерткіш орнады.

Осы еді арман-жоспарым

Бірлесіп, талай қоштадың.

Шота, Шерхан, Нұрғожа

Сүйінші құрдас - достарым!

Аналардың жүдеу алдында

Кішкентай арық бала тұр

40

тазарғысы келді. Сөйтіп коммунизм идеясына жан-



тәнімен берілген жаңа заман адамдарын қалдырса 

ғана заман ілгері басады деп есептеді. ХХ ғасырдың 

30-   жылдарының   екінші   жартысында   қуғын-

сүргіннің шапшаң жүргізілуіне КСРО –ға батысынан 

Германияның,   шығысынан   Жапонияның   қауіп 

төндіруі   себеп   болды.   1937-38   жылдары   бірінші 

дүниежүзілік   соғыстың  

  қарсаңында   іштегі 

жаулардан тез арада құтылмаса, олар ертең сырттан 

келетін   жаумен   бірлесіп   кетуі   мүмкін   деген   саясат 

жүргізілді.   Екінші   жағынан  КСРО   көп   ұлтты 

болғандықтан оларды бір уыста ұстап тұру қиынға 

соқты.   Оның   үстіне   1936жылы   сталиндік 

Конституция   жарық   көрді.   Онда:   «Әрбір     одақтас 

мемлекет КСРО-ның құрамынан шығып, өз алдына 

мемлекет болуға немесе  басқа елдің құрамына енуге 

құқы бар» деп жазылған. Осыны оқыған сол кездің 

зиялылары   тәуелсіздік   туралы   өзара   әңгіме   айта 

бастады.  Бірақ олардың аузын бағып жүрген НКВД 

сол бойда  жоғарғы жаққа жеткізіп отырды. Осыдан 



«ұлтшылдар»  деген   категория   пайда   болды.   Ол 

кездегі   ислам   әлемі   Германиямен   дипломатиялық 

қарым-қатынаста болды. Кеңес үкіметі   бүкіл ислам 

әлемі   көтерілсе   үлкен   қауіп   төнетінін   сезіп,   алдын 

ала тазалау, жою процесін бастап кетті. Мешіттер 

5


мен медреселерді талқандады. Осылайша ойлай 

алатын,   пікір   айтып   халықты   соңына   ертетін 

адамдарды ұстап, айдауға салды, атты, асты. 

Қалғандарын 1941-45 жылы соғысқа аттандырды. 

              Қ.   Жұбанов   атындағы   Ақтөбе   мемлекеттік 

университетінің     Қазақстан   тарихы   кафедрасының 

меңгерушісі,   профессор   Закратдин   Байдосов 

облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде 

алты ай жарым отырып, «қуғын-сүргін құрбандары» 

деген   үш   томдық   кітап   жазып   шығарды.   Онда 

қуғынға ұшыраған 5200 адамның тізімі бар.     Қазақ 

ССР   Ішкі   істер   халық   комиссариаты   біздің 

облысымыздағы

 

Ырғыз



 

ауданын 


«контрреволюционерлер»   мен   «ұлтшылдардың» 

ұясы   ретінде   есептеді   де,   осында   туып-өскен   және 

жоғары қызмет атқарып жүрген Қазақ ССР Орталық 

Атқару   комитетінің   төрағасы     Ұ.   Құлымбетовті, 

республика   білім   беру   халық   комиссары   Т. 

Жүргеновті,   лингвист-ғалым,   профессор   Т. 

Шонановты,   оның   әйелі,   КазПИ-дің   ассистенті   Ш. 

Шонанованы,   ғалым-филолог,   профессор   Қ. 

Жұбановты,   Қазақстан   прокуратурасының   бөлім 

меңгерушісі   А.   Алпысбаевты,   дәрігер-аспирант 

Дүкенбаевты,   Балқаш   қалалық   кеңсесінің   төрағасы 

Ы. Қаренеевті, Коммунистік ауыл шаруашылығы 

6

                     2012 жылы Астанада орнатылған   

                     «Әйел-ана  мен бала ескерткіші 

39


         «Біздің тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді  

ұмытпауымыз, 

          осындай   нәубеттердің   қайталанбауы   үшін  

бәрімізге қажет Бұл ретте тұтас ұлтты жойып  

жібере   жаздаған   ашаршылық   ешқашан 

ұмытылмақ емес. Сондықтан біз Астананың қақ  

төріне   ашаршылық   құрбандарына   ескерткіш  

орнатып отырмыз»

                                                 Нұрсұлтан Назарбаев

38

мектебінің   ресторы   А.   Құлыбековті,   Халық 



комиссариаты   жанындағы   табиғат   қорғау 

комитетінің   төрағасы   Б.   Сисекеновті   және 

басқаларын   қамауға   алып,   «халық   жауы»   ретінде 

атып   тастады,   ал,   олар   мемлекеттің,   ғылым   мен 

мәдениеттің көрнекті қайраткерлері болатын.

           Қуғын – сүргін жылдарында Ақтөбе облысына 

саяси   сенімсіздер   ретінде   НКВД-ның   қатаң 

бақылауымен   Ресейдің   орталық   қалаларынан, 

Украина,   Молдавияның   батыс   бөліктерінен   3   мың. 

Орыс,   5   мың.   Украин,   бессарабтар,   700   болгар,   6 

мың. Чешен, 400 еврей, 660 кәріс, басқа да сандаған 

ұлт өкілдері жер аударылды. Олардың көбісі кейін 

құғын-сүргінге ұшырады.

     1997 жылдың 31 мамырында 1937-1938 жылдары 

«халық   жауы»   мен   саяси   қуғын-сүргіннің   басқа   да 

құрбандары атылған Түйетөбе мекенінде облыс және 

қала жұртшылығы қатысқан қаралы митинг өткізіліп, 

онда   саяси   террордың   кінәіз   құрбандарына 

ескерткіш-обелиск ашылды.

             Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік 

Комитетінің   Ақтөбе   облысы   басқармасының 

архивтік қорларының қойнында жатқан мәліметтерді 

талғағанда  барлық қуғын-сүргінге ұшырағандардың 

2366-ы   қазақ,   47,1   процент,   1103-і   орыстар-21,9 

процент, 683-і украиндар-13,6, 329-ы немістер-6,5, 

7


132 еврейлер-2,6, 108 корейлер-2,2 процент құрайды. 

1936-1938   жылдары   арасында   партиялық 

құжаттарды тексеру барысында және әртүрлі 

   жағдайлармен, бүкіл партия бойынша айтпағанның 

өзінде, тек  қана Қазақстан  Компартиясы  көлемінде 

25 833 адам партиядан шығарылды, олардың 8544-ті 

«халық   жаулары»   ретінде   айыпталды.   Ал   Ақтөбе 

облысы бойынша 1936-1937 жылдар арасында 1070 

адам партиядан аластатылды. Олардың ішінде 392-сі 

ақ   гвардияшылар,   17-сі   алашордашылдар,   139-ы 

шетел   тыңшылары,   14-і   троцкистер   мен 

зиновьевшілер   деп   жарияланды:   айдалды,   қуғын-

сүргінге ұшырады.

         Бүкіл   облыс   бойынша   158   «панисламшыл» 

молдалар мен ишан, хазреттер ұсталып, олардың 79-

ы атылу жазасына кесілді.

            Ақтөбе   облысы   бойынша   156   «халық 

жауларының» әйелдері ұсталып Алжирге айдалды . 

     562 «халық жауларының» балалары мен қыздары, 

қолында   тәрбиеленіп   отырған   15   жасқа   толмаған 

інілері   мен   қарындастары   әртүрлі   концлагерлерге, 

НКВД-ның   балалар   қабылдайтын   үйлеріне, 

детдомдарға жөнелтілді. 

       1937 жылдың басындағы есеп бойынша тек қана 

Ленинградтан Ақтөбе облысына жер аударылғандар 

8

трагедиясын   көрсетеді.   Бұл   ескерткіш   монументті 



тұрғызу   –   біздің   ата-   бабаларымыздың   алдындағы 

парызымыз.   Сондықтан     өз   ойымды   жүзеге   асыру 

үшін   бар   жігерімді   жұмсауға   тырыстым»   -   деген 

болатын.


          Монумент   елорданың   Республика   мен   Абай 

даңғылдарының   қиылысындағы     алаңға   қойылған. 

Мұндағы   Әйел-ана   бейнесіндегі   ескерткіштің 

биіктігі   4,4   метрге,   басқа   да   сәулеттік   мүсіндердің 

биіктігі-1,2   және   2,5   метрге   тең.   Ал     «Қасірет 

керегесі   »     қабырғасының   биіктігі   5   метр   болса   , 

оның жалпы ұзындығы - 23 метр.  

               Ескерткіш – монументі   нәубетті кезеңнің 

қасіретін   ашып     көрсетуімен,   ал   «Керегенің» 

«Әйел-ана   мен   бала»   мүсіндерімен   қатар 

тұрғызылуы – аштық тақсіреті қанша қыспаққа 

алса да, қайсар халықтың сағы ел сынбайтынын 

білдіруімен  ерекшеленеді.

37


айтуынша,   мұндағы   бейнелердің   әрқайсысының   өз 

орны,   ерекшелігі   бар.   Мәселен,   композициялық 

мүсіндер орналасқан дөңгелек жерошақ бейнесіндегі 

шеңбердің ішінде ана мен бала бейнелерімен бірге, 

әдетте   қазақ   халқының   ескі   қорымдарында 

орнатылатын балбал тасмүсіндер қойылыпты. Мұнда 

аштық   тақсіретіне   ұшырап,   құрбан   болған   жандар 

мен   тірі   қалғандар   арасындағы   байланыстың 

ешқашанда  үзілмейтінін  көрсеткім келді.  Әйел-ана 

қашанда   шаңырақтың   шырақшысы,   отбасының 

ұйытқысы.   Сондықтан,   қаншама   адамның   өмірін 

жалмаған қиын кезеңде Жаратқаннан  ер азаматтың 

емес,   Әйел-ананың  жалбарына   жәрдем   сұрауын, 

баласы   үшін   тілек   тілеуін   сәулетті   композиция 

арқылы көрсетту - менің негізгі ойым.  Әйел-ана  өз 

баласының   амандығын   тілеп,   ұрпағының 

жалғасқанын қалайды. Мен ана бейнесі арқылы сол 

кездің   трагедиясын,   бала   бейнесі   арқылы   тұтас 

халықтың   жаңаруын   да   көрсеткім   келді,-деген 

болатын.   Мұндай   ескерткіштің   бой   көтеруі   келер 

ұрпақ   үшін   қажет   .Ал   артқы   қапталында 

тұрғызылған   «Қасірет   керегесінің   авторы   –  Орал 



Әлібаев  «Менің   бұл   жұмысым   арқылы   керегесі 

күйреп,   шаңырағы   ортасына   түскен   қазақ 

отбасыларының   сол   кездегі   ауыр   тағдырын 

бейнелеуді   мақтан   тұттым.     Бұл   композициядан 

керегелері сынып, жарты бөлшегі ғана қалған үйдің 

бөлігін көруге болады. Мұндағы қара түс сол кездің 

36

саны   361   еді.   Олардың   84-і   Ақтөбеде,   112-і 



Шалқарда,   26-ы   Мартөкте,   47-і   Ойылда,   24-і 

Темірде, 29-ы Жұрында, 6-ы Алғада, 18-і Аралда,12-і

 Ырғызда, 20-сы Степнойда, 10-ы Қобдада, 4-і 

Новоресейде   орналасқан   еді.  Зұлмат   пен   үрей: 

қуғын-сұргін   анатомиясы    Қазақ   елі   тарихындағы 

зобалаң   қуғын-сүргін   заманын   төрт   кезеңге   бөлуге 

болатын сықылды. Бірінші кезең 1919-1924 жылдар 

арасындағы   азамат   соғысы,   1922-1923   жылдардағы 

аштық,   жаппай   аштыққа   тоқталды.   кеңестендіру 

және   қазақ   интеллигенциясын   қудалау,   олардың 

көзін жоюмен айқындалды. Осылардың нәтижесінде 

қазақ   халқы   800   мыңға   кеміді.   Еліміздің   көсемдік 

қайраткерлері   Ә.   Бөкейханов,   А.   Байтұрсынов,   М. 

Дулатов,   Мұстафа   Шоқай   т.б.   Кеңес   жүйесінің 

қырына ұшырады. Екінші кезең   1925-1933 жылдар 

арасын қамтиды. Бұл Голощекиндік «қызыл қырғын» 

- «Кішкене Қазан» заманы. Осы кезде қазақ байлары 

тәркіленді,   олар   қашты-пысты,   шет   елдерге   жер 

ауды;   күштеп   ұжымдастыру,   отырықшыландыру, 

мал   басының   қүрт   азаюы,   асыра   сілтеу   т.б. 

Осылардың   және   басқалардың   зардабынан   3 

миллионға   тақау   қазақ   жамағаты   қырылды,   басқа 

елдерге, қаша қоныс аударды. Бұл кезде қазақ елінің 

зор мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, С. Қожанов, 

9


Н. Нұрмақов т.б. қудаланды. Дәл осы кезде қазақстан 

Компартиясы   ішінде   жоғарғы   орын   нұсқауы 

бойынша екі дүркін «тазалану ісі» жүзеге асты. 21,2 

мың.   Таңдаулы   ел   азаматтары   партиядан 

аластатылды, айдалды, атылды.  Үшінші кезең,  бұл 

1935-1939   жылдар   арасын   қамтиды.   Бұл   кезде 

бұрынғы   одақ   бойынша   15   млннан   аса,   Қазақстан 

бойынша   25   мыңнан   аса   адам   қуғын-сүргінге 

ұшырады, атылды, қудаланды.  Төртінші кезең, бұл 

кезең 1940-1945 және 50 жылдардың ара-басын 

       қамтиды.  Бұл   кезде   350  мыңнан  аса   боздақтар 

Орыс-герман   арасындағы   соғыста   қаза   болды. 

Куғын-сүргінге ұшыратудың нәтижесінде 4 миллион 

175 мың қазақ   жамағаты   құрбан болды,  жер  ауды. 

Бұл қазақ халқының орны толмастық ұлы қасірет еді. 

Сондықтан да сол замандарда халық: «Қара таудың 



басынан   көш   келеді,   көшкен   сайын   бір   тайлақ 

бос   келеді,   айрылған   ел,   бауырдан   жаман   екен, 

екі көзге мөлдіреп жас келеді.», ал ХХ ғасырдың 

бірінші   жартысында   :   «Аспаннан   түскен 

жасынды,   жасынға  тіктім   басымды.   Теңізден 

маржан   сүзгендей,   теріп   бір   алды-ау   асылды. 

Қаптай көшкен қауымның, қорымы қалды-ау, о, 

жалған! Ардағы кетіп ауылдың, тобыры қалды-

ау, о, жалған»  -  деп зарлаған екен.  

10

құрбандарына ескерткіш орнатып отырмын», - деді. 



Сондай-ақ,   Елбасы  бұл   ескерткіштің   бой   көтеруін, 

Біріншіден, 

ашаршылықта   құрбан   болған 

миллиондаған   бабаларымыздың   рухына   бүгінгі 

буыннан тағзым, 



  Екіншіден,  келер   ұрпақ   ата-бабаларының   қандай 

қасіретті бастан өткергендігін білу керектігін айтты. 

Ақтабан     шұбырынды   да   Ұлы   Отан   соғысында   – 

жалпы басқа да соғыстар барысында қазақ халқының 

қырылғандығын   айта   келе     «:Мынандай   нәубетті 

қазақ     еш   уақытта   басынан   өткерген   жоқ. 

Халқымыздың,   санақ   бойынша,   жартысына   жуығы 

қырылды. Егер де олай болмаған кезде халқымыздың 

саны қанша болар еді? Өздеріңіз  ойлай беріңіздер», - 

деді   .Ашаршылық   құрбандарына,   өткенге   тағзым 

ретінде   бой   көтерген   ескерткіш-монументтің 

сәулеттік   композициясы   екі   мазмұндық   бөлімге 

негізделген.   Ондағы   негізгі   идея   –   көкке   қолын 

жайып,   Тәңірден   үмітпен   жалбарына   жәрдем 

сұраған, ұрпағына өмір тілеген әйел-ана бейнесінен 

көрінеді. Ал анасының қалқасына тығылып, аяусыз 

тіршіліктен өзіне қорған іздеген ,аштықтың зардабын 

тартып,  арып-ашқан  бала  бейнесі  композияцияның 

мазмұнын

 

толықтыра



 

түсті.


 

Сәулеттік 

композицияның авторы  Валерий Пирожковтың 

35


Ашаршылық құрбандарына ескерткіш.

Кеңес   одағы     аумағындағы   1932-1933   жылдары 

болған   ашаршылық     -   адамзат   тарихындағы   ең 

қасіретті   кезеңдердің   бірі.     Қазақстанда   ғана   емес, 

Ресей, Украина, Белорусь жерлерін қамтыған алапат 

ашаршылық   7   миллион   адамның   өмірін   жалмады. 

Оның ішінде Қазақстаннан  ең кемі 1,5 миллион адам 

аштықтан   ажал   құшты.   31   мамыр   күні   Елорда   да 

1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының 

рухына   тағзым   –   монументалды   сәулетті   көркем 

композиция салтанатты түрде ашылды. Ескерткіштің 

ашылу   рәсіміне     Әлемдік   және   дәстүрлі   діндер 

көсбасшылары   сьезінің  

  делегаттары,   ел 

басшылығының   және   қоғамымыздың   көрнекті 

өкілдері   қатысты     Бірнеше   миллион   адамды   ажал 

құштырған аштық қасіреті құрбандарына ескерткіш 

орнату –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы

Ескерткіштің   ашылу   салтанатында   сөз   сөйлеген 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің тарихқа жіті 

көзбен   қарап,   өткенді   ұмытпауымыз,   осындай 

нәубеттердің   қайталанбауы   үшін   бәрімізге   қажет. 

Халықтың қасіретті сәттері әрдайым елдің жадында 

болуы тиіс.   Бұл ретте   тұтас ұлтты жойып жібере 

жаздаған   ашаршылық   ешқашан   ұмытылмақ   емес.. 

Сондықтан да біз Астананың қақ төріне ашаршылық 

34

Қуғын   –сүргін   зұлматына       ұшырағын   арасында 



біздің Ақтөбе облысы да шетте қалған жоқ. Соларды 

айтатын болсақ, 

               Ақтөбе облысы бойынша – 1340 адам қуғын-

сүргін   құрбаны   болды.   Шалқар   ауданында   -55, 

Табын ауданында 465, Темірде-388, Ойылда – 260, 

Ырғызда – 236, облыс бойынша барлығы 6400 адам 

қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың арасында «халық 

жауы» ретінде Ақтөбе облыстық партия комитетінің 

бірінші   хатшылары   Ә.Досов,   А.Мусин,   обкомның 

екінші   хатшылары   Саакиян,   Ф.И.   Буланин,   Ақтөбе 

облыстық   атқару   комитетінің   төрағасы   Стецюра, 

оның


 

орынбасарлары

 

Т.Жаманмұрынов, 



Ж.Қожахметов,   Ж.   Дүрімбетов,   әуелгіде   Ырғыз 

аудандық   атқару   комитетінің   төрағасы   қызметінде 

болған   облыстық   білім   беру   бөлімінің   меңгерушісі 

У.   Асқаров,   облыстық   денсаулық   сақтау   бөлімінің 

меңгерушісі   Д.   Шайшев,   аудандық   партия 

комитетінің   хатшылары:   Ырғыздан-С,Тасболатов, 

Ойылдан-   Н.   Әбдікәрімов,   Қарабұтақтан-   Ж. 

Дәукенов,

 

Новоресейден-М.



 

Байдәулетов, 

Жұрыннан-   М.   Баймұратов,   Шалқардан-   М. 

Бермұхамедов,   аудандық   атқару   комитетінің 

төрағалары   –   М.   Бермұхамедов,   аудандық   атқару 

комитетінің төрағалары-Қобдадан-М. Мәмбетов, 

11


Мартөктен- Б. Уәлиев, Табыннан- Ж. Әлмұхамедов, 

Жұрыннан- Е. Жамболатов және басқалары тұтқынға 

алынып,   атылды.  1929-1939   жылдар   арасында 

Ақтөбе   облысы   бойынша   7 200   адам   «халық 

жаулары» деген атпен байларды кәмпескеледі, содан 

соң   ағайын-тумаларын   жер   аударды.   Осындай 

«халық жаулары» Ақтөбе облысы бойынша 800-ден 

асты.   Бұл   бастамасы   ғана   болатын.   1929   жылы 

Ақтөбе   облысындағы   кулактарды   жаппай   ұстау 

басталды.   Оларлың  да  барлық   мүліктерін  тәркілеп, 

отбасымен Сібірге жер аударып жіберді. 1934жылы 

«алашордашыларды»   куғындау   қолға   алынды. 

Әсіресе,   Ақтөбе   облысының   Ойыл   ауданында 

«алашордашылар»   көп   деген   мәлімен   тарады.     Бір 

жылдың   ішінде   Ойылдан   170   адам   ұсталып,   жер 

аударылып кетті. 1937 жылы нағыз  жаппай қуғын-

сүргінге   ұшырау   басталды.   1937-1938   жылдары 

Ақтөбе   облысы   бойынша   4 200   «халық   жауы» 

Сібірге айдалып, жартысынан көбі атылды. Олардың 

3480-і   қатардағы   жұмысшылар,   46-ы   облыстық, 

аудандық   партия   комитеттерінің   хатшылары,   39-ы 

облатком,   ауатком   төрағалары,   84-і   облыстық, 

аудандық   басқару   органдарының   басшылары,   32-і 

кеңшар   директорлары,   214-і   ауылдық   кеңес 

төрағалары,   140-і     педагогтар,   58-і   молдалар,   46-ы 

дәрігерлер, 64-і отбасындағы  - әйелдер

12

Астана (бұрынғы Ақмола) қаласынан батысқа 



қарай Қорғалжың тас жолының бойында 

«АЛЖИР» лагерьіне  

арналған   кесене-

ескерткіш орнатылды.

            

33


лагері»   Тұрған   жері   –   Ақмоланың   өзі   емес 

қаладан қырық шақырымдай жердегі иен дала 

Лагерьде   10 000-ға   жуық   тұтқын 

бар.Лагерьдегі   әйелдер   талғамы   биік,   білігі 

жоғары   элитаның   әйелдері   болған.   Бәрі   де 

оқыған, тәрбиелі, нәзік сезімді сұлулар, біреуі 

дәрігер,   біреуі   мұғалім,   агроном,   экономист 

болған.   Бұлар   министрлердің,   обком 

хатшыларының, генералдардың, ғалымдар мен 

жазушылардың кезінде таңдап қосылған нақ-

сүйер жарлары.  Тегін жұмыс күші шаруаның 

әр саласына қаншадан адам шығарам десе де 

еркін   жетіп   тұр.   Бірер   мыңы     -   тігіншілер 

цехында,   мыңға   жуығы   –   құрылыста,   бес 

жүздейі  – алыстағы  егін даласында,  бірнеше 

жүзі   мал   соңында   жүрді.   Бұлардан   басқа   да 

құс,   шошқа   фирмасында   жүргендері 

қаншама   .Мал   баққандардың   көпшіліг   і- 

қазақтар.   «Таң   атпайын   десе   де,   күн   еркіне 

қоймайды»   дегендей,   заманнан   –   заман 

өткенде,   қазақ   даласының   төсіне   шыққан 

қатерлі   жара   –   «АЛЖИР»   де   жер   бетінен 

жойылып,еді.Қазір 

32

                Қобда ауданы бойынша 



                                  жазықсыз жазаланғандар

Сталиндік   қудалау     тырнағына   Қобда   ауданы 

бойынша   289   адам   ілініп,   жазықсыз   жалған   жала 

жабу нәтижесінде өлім жазасына кесіліп, бас 

     бостандығынан айрылды.   Зобалаңның зардабын 

тартқандардың   арасында   ауданның   басшылары, 

аудандық,   ауылдық   мекемелердің   жетекшілері, 

зиялы қауым өкілдері, қарттар мен жастар, әйелдер 

және жазықсыз жазаланғандардың отбасы мүшелері 

болды.     Олардың   арасында   Қобда   аудандық 

кеңесінің     атқару   комитетінің   төрағасы   Мәмбетов 

Ақылбай   (1905   жылы   15   ақпанда   туған)   атылу 

жазасына   кесілді.   Қобда   аудандық   комсомол 

комитетінің   хатшысы   Мусин Жұмағали Мұсаұлы 

(1909жылы туған) 1937 жылғы  30 қарашада УНКВД 

үштігінің   шешімімен   10   жылға   бас   бостандығынан 

айрылды.   Қобда   ауданының   №8   ауылында   туған. 

Құнашев   Пангерей     Ойыл   аудандық   партия 

комитетінде   нұсқаушы   болып   жүргенде   атылу 

жазасына   кесілді.   Жалған   жала   жабу   нәтижесінде 

«Сталин» артелінің төрағасы  Әбуов Лайық 10 жылға 

еңбекпен   түзету   лагеріне   айдалды.   Кіндіксай 

колхозының   төрағасы     Әбілқайыров   Ғалым 

«астыртын   үгіт   жүргізгені     үшін»   атылу   жазасына 

кесілді. Киров атындағы колхоздың 

13


төрағасы    Ыбырай     Ғалым   (Ғабдісәлім)   жазықсыз 

10жылға   еңбекпен   түзету   лагеріне   жөнелтілді. 

Әліпбайсай колхозының  төрағасы Рыспаев Әлмұқан 

«контрреволюциялық   үгіт   жүргізгені   үшін»   атылу 

жазасына кесілді. Сондай-ақ «Новый путь» 

      колхозының төрағасы Лысенко Федор Ефимович 

7 жылға сотталды. Қобда астық дайындау базасының 

меңгерушісі  Беличенко Владимир Яковлевич «эстон 

барлаушысы»  деген  айыппен  ату   жазасына  кесілді. 

Сталин   атындағы     кеңшар   зоотехнигі     Павел 

Никитович   Мелихов   та   ату   жазасына   кесілген. 

МИхайлович атындағы ұжымшардың агрономы Беот 

Анастасия   Михайловна   5   жыл   бас   бостандығынан, 

осы   шаруашылықтың     зоотехнигі   Бергер   Антон 

Иосифович 10 жылға, ферма меңгерушісі Құлниязов 

Апай   10жылға   бас   бостандықтарынан   айырылған 

болатын.  

  Қарақобдалық   сүт   фермасының 

меңгерушісі   Меңдалин   Шаштықара   «зиянкестік 

әрекеті   үшін»   ату   жазасына   бұйрылған.   Ақырап 

кеңшарының бухгалтері Алексей Андреевич Лаптев 

5жылға   сотталған.     «Қазақстанның   15   жылдығы» 

кеңшарының малдәрігері Алексей Павлович Кудрин 

«астыртын   ұйым   мүшесі»     ретінде   10   жылға 

сотталды.   Аудандық   газеттің   редакторы 

Нұрсұлтанов     Бахман,     жауапты   хатшысы   Исабаев 

Жақып, Ақсай ауылдық кеңесінің төрағасы 

14

екен.   Сонда   әрбәр   әрпін   әріптесек 



«Акмолинский   лагерь   жен.   изменников 

Родины»   деген   мағынаны   білдіріпті.Қазақ 

даласы қаңырап бос қалған сияқты. Елде ес, 

халықта сес жоқ. Бұл өлкеде елден ие, жерден 

кие   кеткелі   қашан.   Ұлт   рухы   өшкен.   Көш 

бастар   көсемдер   келмеске   кетіп,   қырқын 

жисаң   қыр   аса   алмайтын,   томағалы   тобыр 

қалған.       Мына   келе   жатқан   аналар   – 

«Алжирь»   лагерінде   жазасын   өтеп   жүрген 

тұтқындар. Сонау қыр астынан шығып лагерь 

орталығына келе жатқан беттері. Бұрын   бұл 

жазалау   орнын   1931   жылы   құрылған 

«Карлагтың»   26-бөлімшесі     аталған   баракта 

үсті-үстіне   әкеліп   жатқан   әйелдер   тіпті   көп, 

орын жетпеген. Бұл барактағы тұтқындар қос-

қостан   нар   орнатқан   күнде   де   ,   тұтқындар 

тұздаған   балықтай   сығылысып,   зорға   сиған. 

1938-жылдан   бері   кілең   әйелдердің   еншісіне 

тиіп,   «Алжир»   деген   атқа   ие   болған. 

Қазақшасы:

 

«Отанға


 

опасыздық 

жасағандардың әйелдеріне арналған Ақмола 

31


                       Алжир лагерьі

     Қуғын

  - сүргін  сол бір аяулы азаматтардың 

берекелі   шаңырағын   шайқалтты.   Шырқырап, 

құлындағы   даусы   естіліп   жатса   да 

«гроцкишіл,   жапонның,   ағылшынның, 

немістің тыншысы» деп халық жауы атанған 

талай-талай   азамат   айдауға   түрмеге 

жөнелтілді.   Ана   күйеуінен,   бала   анасынан, 

Ана баласынан айырылды.       «Халық жауы» 

аталып   ұсталғандардың   отбасы   мүшелері, 

тума-туыстарының қамауға алынуы жығылған 

үстіне   жұдырық   болды.   Сәбилердің   шат-

шадыман күлкісі естіліп жататын  базарлы үй 

мазарлы   үйге   айналды.     Бұған   мыңдаған 

тұтқын   әйел   отырған   Ақмола   қаласының 

маңындағы  сол кездегі ресми түрде лагерьлер 

Бас басқармасының   26-шы нүктесі куә бола 

алады.   Қылмысты   істер   кодексінің   58-

статьясының,   17-ші   тармағымен   бас 

бостандығынан  айырылып, сотталған сол бір 

аналар орналасқан мекен «Алжир» деп атайды 

30

Досмұратов Ғұбайдолла, Қарасу ауылының кісіподақ 



комитетінің   төрағасы   Иван   Лаврентьевич   Синица 

халық   жауы   ретінде   әр   түрлі   мерзімге   бас 

бостандықтарынан айырылды. Қобда ауданының №5 

ауылының мектеп директоры Сұлтанғалиев Ғабділ  

10   жылға   бас   бостандығынан   айырылды.  «Қызыл 

жұлдыз»   кеңшарының   мектеп   директоры 

Тәжімұқамедов   Зайлағи,   Михайловка   ауылының 

мектеп директоры директоры Карл Петрович Бланк,

 осы мектептің диреторы Германим Константинович 

Майер ату жазасына кесілді.  Михайловка мектебінің 

мұғалімдері Фаст Иван Григорьевич, Эндриш Абрам 

Петрович,   Бельц   Александар   Федорович   жалған 

жала   жабу   нәтижесінде   әр   түрлі   мерзімге   бас 

бостандықтарынан айрылды. Сталиндік қуғын-сүргін 

Кеңес   Одағының   барлық   территориясын   қамтып, 

бүкіл ел   үлкен түрмеге айналып, құрсаулы шеңбер 

құрылды.   Осының   нәтижесінде   алыс   Ленинградтан 

Қобда өңіріне 10 адам жер аударылды.   Қарапайым 

адамдарда   тыс   қалмады.     Вознесеновка   ауылының 

тұрғындары   Николай   Иванович   Коровниченко, 

ағайынды   Григорий   мен   Матвей   Григорьевич 

Макаренколар,   ағайынды   Анисим   мен   Иван 

Васильевич   Новицкийлер,         Семен   Елизарович 

Жеведь     әр   түрлі   мерзімге   бас   бостандықтарынан 

айырылып, қуғынға ұшырады.  Сталиндік зобалаң 

15


құрбаны болған Қобда өңірінің азаматтары тек қана 

Қазақстан теуелсіздігін алған соң ақталды. Ардақты 

азаматтардың   осынау   тағдырлары   бүгінгі   ұрпаққа 

сабақ, халқымыздың тарихындағы қиын кезең болып 

табылады.  Осы   мағлұматтардың   көбі   Жұбанов 

атындағы   Ақтөбе   мемлекеттік   университетінің 

саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, 

тарих   ғылымдарының   кандидаты,   доцент   Беркін 

Құрманбековтың   жинығынан   алынды.   (Қобда, 

19қаңтар, 2012ж.) 

          Біздің   архивімізде   куғын   –   құрбын   құрбаны 

Теміров Кенжегүлдің мәліметі бар.Теміров Кенжегүл 

Қобда   ауданынң   Ақсай   ауылында,   1899ж.   туған. 

1937жылы   онымен   бірге   Костанай   облысының 

Тарановский ауданының Викторовка ауылында әйелі 

Багида,   баласы   Таран,   қызы   Сара,   қарындасы 

Кинбат, қарындасы Жинкия бірге тұрған.

      Ғүбайдолла Сейкетов, 1917 ж/туған, Қобда ауд. 

Батпақты   жерінен,   Орынбор   облысының   2   курсын 

бітірген     (1938ж),   КазПИ   (1941ж),   соғыс   ардагері. 

1946-47ж.   Ақтөбе   қаласында   обком   партиясының 

нұсқаушы   қызметін   атқарған,   1947-51ж. 

Қазақстандағы ғылыми Академиясының аспиранты, 

1951-82ж.   кіші   ғылыми   қызметкер,   аға   ғылыми 

қызметкер,   ғылым   Академиясының   вирусология 

және микробиология институтының бір бөлімін 

16

             

29


                 1997 жыл  31 мамыр

Түйетөбедегі  ескерткішке

жазықсыз құрбан болғандарға

арналған ескерткішке    гүл қою

28

басқарған   адам.   1982ж.   зейнеткерлікке   шыққан. 



Алматы   қаласында   баласы   Рустем   (физик-

математик),   қызы   Зита   (химик),   қызы   Зарема 

(консерваторияны бітірген), төрт немересі, 2

 2 шөбересі тұрады. Әйелі Опажан врач-венеролог. 

Молдабай   Әбдіров   Алматыдағы   тарихи 

институтында қызмет істеп жүрген жерінен Бекпан 

Хазірет   ұрпағы   болғандықтан   Сібірге   жер 

аударылды. Кейін 1954 жылы ақталып, елге оралды. 

Өте білімді адам болған. К. Маркстің «Капиталын» 

қазақшаға   тұнғыш   аударған.   Қазақ   СССР-ның 

энциклопедиясының     авторларының   бірі.   Өмірінің 

соңына дейін қара шаңырақ қазақтың Абай атындағы 

педагогикалық   институтында   саяси   экономикадан 

сабақ берді. 

Шәріп   молданың   ақыл-кеңесін   алған,   еліктеген 

адамдарының   бірі   Өтешсайда   туып   өскен,   руы 

Табынның Сармантағы Кәрімберген Сарқұлов молда. 

Өзінің саналы ғұмырын дін жолына бағыштаған осы 

азамат   қайғылы   да   қасіретті   өмір   кешкен.   Дін 

жолына   ерте   түсіп,   содан   жаңылмай   өткен 

Кәрімберген   молда   діни   көзқарастары   үшін   саяси 

құғын-сүргіннің   зардабын   тартқан   адамдардың 

алғашқы легінде кеткен. Дегенмен, қасиетті жолдан 

қайтпапты.   Оның   есімі   өзі   туған   өңірдегі   ұрпақ 

есінде әлі сақталып келеді.

17


  Ол 1937 жылдың 21 желтоқсанында, елуден асқан 

шағында   НКВД   шешімімен   дін   қызметкері   ретінде 

10   жылға   еңбекпен   түзету   лагеріне   айдалып,   адам 

төзгісіз   қиямет-көпірден   өтеді.   Өмірінің   соңына 

дейін,   ақтық   демі   біткенше   Алла   деп   өткен 

Кәрімберген   Сарқұловты   Ислам   іліміне   нағыз   адал 

адам ретінде айтуға болады.  

                Өмірдің   өткелі   көп.       Адам   баласы   мәнді 

тіршілік   үшін   күреседі,   небір   қысылтаяң,   қиын 

шақты   бастан   кешеді.   Соның   ең   киыны-   қолдан 

жасалынған тығырықтан, кедергіден өту.

           Ең жаманы - әділеттң куғынын   көріп, тепкіге 

түсу. Соның бәрін көрдік, көндік, ұзақ жылдар бойы 

кеудемізге көміп келдік. 

       « Уақыт  -  әділ қазы. 

  Айтпасты   айтуға   мүмкіндік   алғаным   үшін   де, 

тағдырға разымын»   - деген Молдабай Әбдіровтың 

сөзін еске  алайық.

18

         31 мамыр 1997ж. Түйетөбедегі 

митингі-реквием.

           Жазықсыз құрбан болғандарды

  еске алу.

27


1997 жылдың  31мамырындағы 1937-1938

 жылдардағы «Халық жаулары» ретінде

   атылғандардың аруағына қойылған

 Түйетөбедегі қаралы митингіден көрініс.

26

19



20

Түйетөбе.

                Нәубет  құрбандары ескерткішіне 

            гүл қою. 1997 жыл 31 мамыр

25


Түйетөбе.

Нәубет құрбандары ескерткішіне

гүл қою. 31 мамыр 1997 жыл

24

  



Жиырмасыншы ғасыр

...

       Жиырмысыншы   ғасыр   -   қазаққа   қасірет   пен 

қуанышты   қатар   берген   ғасыр.   Жер   есімді 

планетаның   евразиялық   ұлы   кеңістігін   еркін 

иемденіп,   дүниенің   төрт   қиырына   көшпенділер 

мәдениетінің   атағын   жайып,   абыройын   аспандатар 

бірден-   бір   халық   ретінде   танылып   келген   ұлы 

Даланың   қожайындары   ғасырдың   алғашқы 

жартысында   бұрын-   соңды   болмаған   қатерге 

кезікті...   Ұлы   нәубет   Ұлы     Даланы   шалғымен 

орғандай жайпап өтті. Қазақ халқы қолдан жасалған 

геноцидтің   құрбаны   болып,   өз   жерінде   өздері 

теперіш   көрді.Басына   ұлт   ретінде   жойылып   кету 

қаупі төнді. Ұлт тұтастығы   мен ұлт тағдыры тарих 

тәлкегіне   түскен   осындай   қиын   тұста,   күрделі 

кезеңде   «Алашым»,   деп   аңыраған   арыстардың, 

«Елім»   деп   еңіреген   ерлердің   нендей   күй   кешіп, 

өмірі   мен   тағдыры   тоталитарлық   құрылымның 

шеңгеліне қалай іліккен, азап пен дозақтың тепкісіне 

қалай түскені белгілі...

     Елім, деп еңіреп, халқым деп аңырап, отқа да, суға 

да   түскен   Ахмет,   Міржақып,   Жүсіпбек,   Шәкәрім 

Сұлтанмахмұт,   есімдері   болып,   ел   төріне   қайта 

оралды. Сәкен, Бейімбет, Майлиндер болып, қасиетті 

қазақ жерімен, қазақ елімен қайта тыбысты.

21


  

   Түйетөбеде ескерткіш -

                     обелиск ашылды.

        1997 жылдың 31 мамырында

1937-1938 жылдары «халық жауы» мен 

саяси қуғын-сүргіннің басқа да 

құрбандары атылған Түйтөбе 

мекенінде облыс және қала  

жұртшылығы қатысқан қаралы 

митинг өткізіліп, онда саяси 

террордың кінәсіз құрбандарына 

ескерткіш-обелиск ашылды.

22

                  Түйетөбе. Облыс әкімі А. Е. Мусин



               митингіде  сөз сөйлеуде. 1997ж. 31 мамыр

23




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал