Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған



жүктеу 103.31 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі103.31 Kb.

Ақтөбе облысы,

Қобда ауданы,

Абылқайырхан көшесі, 16

Қобда аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесі

Тел: 8713-41-21-110

   

Қобда аудандық орталықтандырылған 

кітапхана жүйесі

           Ақпараттық-библиографиялық бөлім 

                           

   

«Шаттықтың жырын шертеміз»

                                       атты

Әдістемелік  библиографиялық  құрал

                                  

                              Қобда 2012

Мәңгі лаулап жану үшін  ғаламда.

Үлкен бақыт  табу  үшін  ғаламда.

Үлкен болып қалу үшін ғаламда.

Үлкен арман керек екен адамға.

    Мұхтар Шаханов

  

  Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, 

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға. 

Әр адамда өз анасынан басқа да

Ғұмырына етер мәңгі  астана, 

Демеп жүрер, жебеп жүрер,  арқада, 

Болу керек құрметті төрт ана: 

ТУҒАН ЖЕРІ-түп қазығы, айбыны, 

ТУҒАН ТІЛІ -мәңгі өнеге айдыны, 

ЖАН БАЙЛЫҒЫ; САЛТ-ДӘСТҮРІ-тірегі, 

Қадамына шуақ шашар үнемі, 

Және ТУҒАН ТАРИХЫ, 

Еске алуға қаншама 

Ауыр әрі қасіретті болса да. 

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер, 

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер. 

Өзге ананың ұлылығын танымас, 

Төрт анасын менсінбеген пенделер. 

Төрт анадан сенім таба алмаған 

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?! 

Төрт анасын сыйламаған халықтың 

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған. 

Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тынысы, 

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы!



                                                 Мұхтар Шаханов

         

Құрастырушылар:

Қобда  аудандық  орталықтандырылған  кітапхана 

жүйесінің кітапхана библиографы:

 Шайхина  Райса Мағзұмқызы 

Бөлім меңгерушісі :Қизатова Назира  Қоздайқызы

Шығаруға жауапты

:

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана 

жүйесінің директоры:

Исатаева Бибігүл Көпжасарқызы

                  

                    

            

Төрт Ана

Алғы сөз -----------------------------------------1бет

Жазушы туралы ой  маржандар-----------3 бет

Мұхтар Шаханов өмірі ----------------------5бет

Мұхтар Шаханов өлеңдеріне жазылған

                                                       әндер –---10 бет

Мұхтар Шаханов өлеңдері -----------------15 бет

Фото-шежіре ---------------------------------20 бет

Мұхтар Шаханов әдебиеттері 

Пайдаланылған әдебиет тізімі ------------35 бет

                           

                                   

       Қайтпас қайсар рухты   Мұхтар ағамыз, қазақтың 

Мұхтар   Шахановы   70   жасқа   келіп   жатыр.    Жер 

бетіндегі   қай   ұлт   болмасын   өзінің   қайраткер   ұлын 

құрмет тұтып, оның   ерлігін, ақыл-ойын, ерік-жігерін 

дәріптесе керек. 

       Қазақта өз Мұхтарын жақсы көреді. Оған сенеді. 

Тар   заманның   тайғақ   кешулерінде   күдерідей   жалын 

көтеріп,   күркіреп   шыққан   Шаханов   ел   алдында 

шалқалап   сөйлегендермен   шарпысты,   талтаңдап 

басқандармен тартысты. Әлі де сол бетінен танған жоқ

         Ұлы   Мұхтар   жолындағы     -   Мұхтар   Шаханов 

қазақтың   күрескер   ақыны   ғана   емес,   -   сазгер. 

Мұхаңның   әндері   60-70   жылдардың   жастарын   әйгілі 

Шәмші Қалдаяқовпен бірге «вальс құшағында» 

тербетіп, «жиырмасыншы ғасырдың төбесінен лирика 

болып тамшылаған» еді, енді жаһандану заманындағы 

қазақтың   өрімдей   ұлдары   мен   қыздарын   патриоттық 

рухқа

 

бөлеп



 

асқақтап


 

тұр. 


Ақын,   композитор   Мұхтар   -   қоғам   және   мемлекет 

қайраткері.

       Соған орай, Қобда аудандық орталық   кітапхана 

жүйесі   Қырғыз   Республикасының   халық   жазушысы, 

ақын Мұхтар Шахановтың 70 жас толу мерейтойына 

арналған   «Шаттықтың   жырын   шертеміз»   атты 

әдістемелік   библиографиялық   құралын   көпшілік 

оқырманға  ұсынады.

1

     

АЛғы сөз

Мазмұны:


                                        

Мұхтар Шаханов

    Қырғыз елінде дипломатиялық қызметте де болды. 

Парламент Мәжілісінің төрінде отырып биліктің бетін 

ұлт мүддесіне бұрып буырқанды. Бір сөзбен айтқанда 

бұл   адам   -   тірліктегі   пендеге   тән   шаруаның   бәрін 

ысырып   тастап,   өзін   ұлт   ісіне   басыбайлы   «тұтқын» 

етіп берген адам.  

    «Үлкен бір кісіміз науқас, көңілін сұрап шығайық», 

- деген жақынына: «Қайсысына барамын, мында ұлт 

өлейін деп жатыр», - деген Шаханов  алаңда өзін күтіп 

тұрған   қауымға   қарай   жүріп   кеткен   екен   (бұл   жайт 

«Ұлт   бірлігі»   доктринасының   қабылдануына   қазақ 

зиялылары қарсылық танытқан тұста болса керек. Аты 

әп-әдемі   болғанымен,   аталған   доктринада   қазақ   - 

мемлекетті құраушы ұлт тұғырынан түсіп қалған еді). 

        Сондай   Шаханов   шарболаттай   қалпынан   аумай 

халқының   қашанда   қасынан   табыла   береріне 

күмәнсізбіз. Қазақтың Мұхтар есімді ұлдарының ұлт 

ісінде   аянып   қалары   жоқ.   Мұхтарлардың   бәрі   сол 

үлкен   Мұхтардың,   ұлы   Мұхтардың   жолында  келе 

жатыр.

2

            



   

ББК.84Қаз7-5

Ш 31


    Шаханов М. 

Зверестке   шығу.  Өлеңдер,     балладалар,   поэмалар. 

Алматы: Атамұра, 2003.- 272 бет



ББК84(5Қаз)7-5

Ш 31


     Шаханов М.

Махаббатты қорғау:Өлеңдер,   балладалар,дастандар, 

әндер – алматы, 2012.- 526 бет, суретті.

          

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан   Ұлттық     энциклопедия  \Бас   ред.   Б. 

Аяған.-Алматы.   «Қазақ   энциклопедиясының»   Бас 

редакциясы, 2007.- 688 бет

Шаханов М. Зверестке шығу. Өлеңдер,  балладалар, 

поэмалар. Алматы: Атамұра, 2003.- 272 бет



Шаханов   Мұхтар   Махаббатты   қорғау::Өлеңдер, 

балладалар,дастандар, әндер – алматы, 2012.- 526 бет, 

суретті.

 

  Мұхтар   Шаханов,   Тағдыры   қыл   үстінде   тұрған 



халықпыз\Жас алаш,2008ж.- 17 қаңтар.- бет2  

  Мұхтар   Шаханов   1.   Өмірі//Жұлдыздар   отбасы.- 

2012ж.- №12.- маусым.- бет1-22.

Мұхтар Шаханов 2  Желтоқсан шындығының белгісіз 

беттері//Жұлдыздар   отбасы.-   2012ж.-№12.-   маусым.- 

бет22-32.

Мұхтар Шаханов 3 Поэзияның алтын қазығы - 

ұлт//Жұлдыздар отбасы.- 2012ж.- №12 .- маусым.- 

бет32-46.                            35

«Ұлы ғалым, 

ұлы ақындар 

қажет шығар. 

Бірақ қазіргі 

таңда бізге 

азамат 

қажет».


«Ұлы ғалым, 

ұлы ақындар 

қажет шығар. 

Бірақ қазіргі 

таңда бізге 

азамат 


қажет».

Мұхтар Шаханов 

әдебиеттері

Өзіңменен өмір сүріп 

                                  келгендеймін бір ғасыр 

Сенсің және сырласым да, 

                                 мұңдасым да құрдасым.

Кейде толқып, кейде шалқып алып

                                     келем арнамда

Кешірімді көзбен қарап сен

                                        қасымда тұрасың.

Бақыт әркез татулыққа, ізгілікке барады,

Бұл пейілің аман жүрсе, жеңіс 

                                      бізде қалады.

                                             М. Шаханов

34

     

                 

     


       

 

                        



           

3

Жазушы туралы ой 

маржандар

Жазушы туралы ой 

маржандар

  

  

  



4

        


33

Мұқаң – жұртқа  қайсар 

болып көрінгенімен, өмірде 

баладай аңқау, аңғал, 

жүрегі өте  нәзік жан.   

Қаншайым Шаханова 

Мұхтар Шаханов – қазақ 

әдебиетіндегі айрықша, ірі 

тұлғалардың бірі. Ол - жас 

кезінен –ақ  қазақ поэзиясына 

соны серпін, тың үрдіс, тосын 

мінез алып келген ақын.          

   Темірхан Медетбек

   


Мұқаң – әзілді жақсы 

көретін адам. Өзінен 

бастап айналасындағы 

адамдарға  байланысты  

әзіл сөздерді  көп  

айтады..


Мереке Құлкенов

 Мереке Құлкенов



32

        

     


   Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік 

Қазақстан   облысы,   Отырар   ауданы,   Шілік  ауылында 

дүниеге   келген.   Мамандығы   тракторшы,   филолог. 

1969   жылы   Шымкент   педагогикалық   институтын 

сырттай оқып бітірген. 1969 жылы КСРО Жазушылар 

Одағының   мүшесі,   1978жылы   КСРО   Жазушылар 

Одағының   пленум   мүшесі,   1984жылы   «Жалын» 

альманахының, 1986жылы «Жалын» журналының бас 

редакторы,   1996жылы   Қазақстанның   халық 

жазушысы,   1986жылы   Қазақстан   Жазушылар   Одағы 

Басқармасының хатшысы, 1988жылы Республикадағы 

тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал және 

Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің 

төрағасы   1986   жылғы   Желтоқсан   көтерілісі   аясында 

қазақ   халқына   «ұлтшыл»   деп   кінә   таққан   КОКП 

Орталық   комитеті   Саяси   Бюросының   қаулысына 

қарсы   және   сол   Желтоқсан   кезіндегі   шындықты 

қалыптастыру   жөнінде   тұңғыш   рет   Қазақстан 

Жазушылар   Одағының   Пленумында   КСРО   халық 

депутаттарының   І-ші   съезінде   1989жыл   Кремльде 

батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған 

соң,   белгілі   ғалым,   Нобель   сыйлығының   лауреаты 

А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті 

болған   Б.Ельциннің   қолдауымен   бұл   проблеманы 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші 

рет   қайта   көтеріп,   КСРО   Президенті   М.Горбачевты 

Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға 

беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл

5

Мұхтар Шаханов 

өмірі


комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ 

КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта 

бірінші боп саяси айып тақты…                     М.Шаханов 

1926   жылы   ислам   дінінің   қалдығы   деген   желеумен 

Кеңестер   Одағының   тоталитарлық   жүйесі   тойлауға 

тыйым   салған   «Наурыз»   мерекесінің1988   жылы   62 

жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды. 

1989  жылы  22-қарашада  Қазақ  КСР   Жоғарғы   Кеңесі 

орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже 

берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып 

қойғанда,   екінші   рет   қайта   шығып   сөйлеп, 

депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға 

үндеді   және   қабылданған   заңның   үлкен   зардабы 

болатынын   ескертті.   М.Шаханов   ұсынысы 

Президенттің   қолдауымен   дауысқа   қайта   салынып 

қазақ   тілі   жекедара   мемлекеттік   мәртебеге   иеленді. 

Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей 

қазақ   халқын   және   республикадағы   аз   ұлттарды 

тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық 

ұлттан»   алатын   «қазақстандық   ұлтқа»   да   батыл 

қарсылық   танытып   келеді.   М.Шаханов   1989-91 

жылдар   аралығында   КСРО   халық   депутаты,   КСРО 

Жоғарғы   Кеңесінің   мүшесі,   1990-93   жылдары   – 

республика   Жоғарғы   Кеңесінің,   2004-2007   жылдары 

Қазақстан   Республикасы   Парламенті   Мәжілісінің 

депутаты болып сайланды.    

1992   жылы   М.Шаханов   Олжас   Сүлейменовпен 

бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. Бірақ екі 

тілде тәрбиеленген екі тұлға арасында ұлттық мүдде 

мен   космополиттік   ағым   жүйелі   көзқарас   таба 

алмағандықтан партия ұзақ ғұмыр кеше алмады. 

6

31



 

30

1993-2003 жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан 



Республикасының   Қырғыз   Республикасындағы 

Төтенше   және   Өкілетті   Елшісі   болды.   2001   жылдан 

«ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита 

клубының президенті, 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» 

қоғамдық   қозғалысының   төрағасы,   2010   жылдан 

«Тәуелсіздікті   қорғау»   атты   50-ден   астам   қоғамдық 

ұйымдардың,   партиялардың,   баспасөз   орындарының 

басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың 

төрағасы және республикалық «Жалын» журналының 

Бас   редакторы.     М.Шахановтың   «Өркениеттің 

адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс 

ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО 

шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас 

тудырды.   Оның   шығармалары   дүниежүзінің   50-ден 

астам тілдеріне аударылды. Автордың Ш.Айтматовпен 

бірлесіп   жазылған   «Құз   басындағы   аңшының   зары» 

атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы 

да   бірнеше   елдің   кітап   дүкендерінен,   сахналарынан 

орын   тепті.         Мұхтар   Шаханов   –   «Қырғыз 

Республикасының   халық   ақыны»,   жиырмадан   астам 

шет   елдік   академиялардың,   университеттердің 

құрметті   докторы,   профессоры.   Біріккен   Ұлттар 

Ұйымының   Қоршаған   Орта   Бағдарламасы 

сыйлығының,   Қазақстан   және   Бүкілодақтық   Ленин 

комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының 

«Түрік   дүниесіне   қызметі   үшін»   халықаралық 

сыйлығының,   Қырғыз   Республикасы   халықаралық 

«Руханият»,   Түрік   дүниесі   жазушылар   бірлестігінің 

«Шахрияр»,   ЮНЕСКО-ның   «Боорукер»   клубы 

сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр 

мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне 

7


сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 

 

  2002   жылы   М.Шахановқа   «Жазагер   жады 



космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния 

Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының 

А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның 

Гебзе  қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы 

ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. 

   «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов 

қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен 

нобелшілердің   халықаралық   конгресінде   «Нобель» 

ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс 

ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің 

Алтын медалімен» марапатталды. 

        Ақын   өз   елінің   мемлекеттік   дәрежедегі 

сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден, 

медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. 

       Ол оны былай түсіндіреді: «Отан біздің ең үлкен 

анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу 

дәметпеуі   керек.   Отан   да   өзінің   дараланған 

перзенттерін   марапаттап   отыруы   шарт.   Бірақ   ол   өте 

әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-

келген   заңдастырылған   немесе   заңдастырылмаған 

ұрылардың   ең   кемі   екі   орден,   үш   медалі   бар. 

Солардың   қатарында   болғым   келмейді.   Ал   шет 

мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел 

перзентіне   көрсетілген,   есепке   құрылмаған   риясыз 

құрмет   сәл   де   болса   республикамыздың   рухани 

мәртебесін өсіреді».

8

    


29

28

         Қазіргі   қазақ   поэзиясының   атын   әлем   таныған 

ақиық  ақын   –   Мұхтар   Шахановтың   «жаңа   қазақтар» 

атты кітабына оның әр жылдары жазылған жырлары 

мен   жаңа   өлеңдері   және   ЮНЕСКО-ның   арнайы 

шешімімен   тұсаукесері   Парижде   өткізіліп,   Еуропа 

елдерінде   беделге   ие   болған   «Өркениеттің   адасуы» 

атты дастанынан үзінділер енді.

     Сондай – ақ жинақтың «әр жылдар әуендері» атты 

бөлімінде әуенін автордың өзі шығарған немесе әнін 

басқа   қазақ   сазгерлері   жазған   өлеңдерін   тұңғыш   рет 

кең   көлемде   топтастырып,   әнқұмар   қауымның 

назарына ұсынып отыр.    Тоқтала кетер болсақ, оның 

ішінде   «Жаңа   қазақтар   немесе   рухани  байлықсыз   да 

мемлекет   құруға   болады   деп   ойлайтын   жас 

бизнесмендерге   хат»,   «Айбергенов   Шыңы», 

«Қалдаяқов   өзені»,   О.Сүлейменовке   арнаған   «Біз 

қазақтың   екі   ақыны   біргеміз»,   «Желтоқсан   алаңы», 

«Эверестке   шығу»,   «Еркектер   жыры»,   «Әйелдер», 

«Ғашықтық   ғаламаты»,   «Қырғыздар   мен   қазақтар», 

т.т.басқа   көптеген   өлеңдері   бар   және   «Махаббатты 

қорғау», «Танакөз», «Сейхундария» т.т.б. поэмаларыда 

бар.       Ақынның   ән   жырлар   әуендеріде   бір   төбе   ата 

кетсек «Ақ бантик», «Әке туралы жыр», «Өмір-өзен», 

«Айналайын» т.т. басқа  жазылған әндері бар.

     


9

  

 

10



    

  

27



Мұхтар Шаханов  

өлеңдеріне   

жазылған әндер

Мұхтар Шаханов  

өлеңдеріне   

жазылған әндер



 

26

               



11

12

 

25



       

24

13



           

14

      



 

23


22

       


    

               



Қалдаяқов өзені

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан-таңға ән салдырған,

Өзің әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.

Зорсығанның көбісі құры сүлде,

Ешкім көзі тірісінде

Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім.

Қандай ғажап кереметің бар сенің.

Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп.

Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,

Ал сен ұлы жүрегіңмен,

Пейіліңмен, тілегіңмен,

Күллі тамыр тірегіңмен,

Дарын едің алдыңа жан салмаған.

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

Отырардың еңкеймеген рухын

Әр қазаққа ән арқала жалғаған.

Енді саған өшпес, өлмес атақ даңқтың кезегі.

Келгендігін досың түгіл қастарың да сезеді.

Кеш болса да жадырап-ақ, еркелеп ақ еліңе.

Ұлтыиыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені.

15

Мұхтар 



Шаханов 

өлеңдері

                      Танакөз

                    (дастан)

Ізгілікпен ізеттің байлауында,

Мама қаздар самғайтын қойнауында.

Достық атты қазына аралы бар

Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,

Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған.

Өзін мәңгі бақытты санайды екен.

Сол аралдан от алып ұшқан адам.

Шаттығы сай болса да тал бойына,

Бұлбұл қонып жатса да  таңдайына,

Ол аралды көруге көп адамның

Қатал тағдыр жазбапты маңдайына.

Алаулаймыз шығыстың ақ таңындай.

Кезіміз жоқ жататын ақтарылмай.

Сол аралға, арман не,  жетіп өлсек

Тек жете алмай қайтудан сақта,  «құдай!»

16

    


21

 

 

20



                   

   Айбергенов шыңы

Бәйшешектің ғұмырындай тағдар кешкен мөрт батыр

Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,

Намысыңды дәуіріне еткізбедің қақпақыл.

Міне, содан ұлтымызды рухсыздан күзетіп

Сенің жырың шекарада әлі кенге сапта тұр.

Пайымдаймын, мойындаймын, сен данасың, 

                                                              мен  - бала,

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана.

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған Махамбет пен Сен ғана.

Заманының ыңғайына жүрмей  кеткен ,іңкәрім,

Саһ өнерде қызғанышты білмей кеткен, іңкәрім,

Иығына бүгін бешпет ілмей кеткен іңкәрім!

Жер астынан сәлем жолдап жатырсың сен 

                                                             күн сайын,

Қазағымның маңдайына сыймай кеткен,  

                                                        сұңқарым.

Не жақсылық болса алдымен елге болсын дегенсің.

Сондықтан да сенің даңқың, сенің салтың көгерсін.

Сайын далаң жырыңды еске-ап күлкісін сәл 

                                                            шегерсін.

Әр жүректе бұлтқа оранған қасиетті бір шың бар,

Ол  - ақындық  мәрттік шыңы, Айбергенов деген шың...

17

Фота-шежіре



Студенттер

Айдай әсем болашағын сағынып жүр қанша қыз,

Айдай әсем арманына бағынып жүр қанша қыз.

Кеудесіне көктем гүлін тағынып жүр қанша қыз,

Соларды іздеп жігіт біткен сабылып жүр, нансаңыз.

Адам деген ер жеткен соң болмайды екен, болмайды,

Жақын өзі-ақ қосылады, алысты арман жалғайды.

Кешегі қыз анау жүрген, жалбыр шашты қыз еді,

 Көрдіңіз бе, бойжетті де жылдам түзелді.

О, институт, анасың сен бөбектерін емізген,

Айнымайсың арнасында шалқып жатқан теңізден.

Толқып жатқан таңізсің сен, қаншама қыз ақ маңдай

Кең төсінде емін-еркін  жүзіп бара жатқандай

Кей үзілген үміт жібін бір- бірімен жалғап сап,

Қанша  жігіт жағада отыр сол қыздарға қармақ сап.

Көпшілігі бұл әдісті алған білем үйреніп,

Апта сайын той жасайды бір студент үйленіп.

Барлық көңіл тоғысады, бір көктемді жырлайды,

Әне сабақ жүріп жатыр, шәкірт ұйып тыңдайды.

18

          «Жазагер  жады космофурмуласы»

                               ( романнан үзінділер)

                    



  Ұлылар мен Орташалар

...Міне, қызық, ылғи бойын зор айтқан соң

                                                                   күліп алдан,

Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.

Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,

Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған

Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған

Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған

Мынау марғау дәуірдің  де орташалар  - сүйенері,

Биліктегі бастың көбі – орташа ақыл иелері.

Техникалық түйсігі мен қарынының қадамы бір

Ұлы Рухын сыртқа тепкен орташа ойдың заманы бұл.

Шулы нарық базарына ене алмастан Ұят қалып,

Семіз Байлық шіренеді жер кіндігі сияқтанып.

Ғасыр арсыз болған соң ба Ұят, Намыс жүр киімсіз,

Ал, Рухты жалаңаштау қоғам үшін тым тиімсіз.

Жалаң аяқ қалай жүрмек, жолда сансыз шеге жатыр,

Неге оған болыспайды қайсар сана, кемел ақыл.

Ағатай, сәл сақтаналық, рухсыз күш неге батыл?

Баспен емес, қарынмен ойлайтын топ келе жатыр.



19




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал