Атмосфера дегенiмiз


Атмосфералық қысым, өлшеу әдiстерi



жүктеу 4.93 Mb.
бет9/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#21405
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100
Атмосфера дегенiмiз
физика 7 сынып эл. китап 2, 3 нед доклад Махимова Алтынай Формы и виды интегрированного обучения ДРЯЛ 102 В, Презентация11 лек, Документ Microsoft Word, Презентация Microsoft PowerPoint, 1-н с а Тест с ра тары Педагогикалы шеберлік, дәріс 11, FalinaVA Delovoy russkiy yazyk. Uchebnik, 14 лекция завтра, Өсімдіктерге жалпы сипаттама
3.Атмосфералық қысым, өлшеу әдiстерi
Ауаның салмағы болғандықтан, ол жер бетiне қысым көрсетедi.


Атмосфералық қысым – бiр өлшем жерге (см2, м2) ауаның түсiретiн күшi немесе қысымы. Метеорологиялық элементтердiң ең маңыздысы атмосфералық қысым болып табылады, өйткенi оның уақыт аралығында өзгеруi ауа-райын өзгертедi.
Атмосфералық қысым сынап бағанасының биiктiгiмен өлшенедi (мм), оның салмағы атмосфералық қысымды теңестiредi. Сынап бағанасы бойынша 760 мм тең қысым қалыпты атмосфералық қысым болып саналады (негiзi 1 см2) температура 00С тең, теңiз деңгейiнде, (негiзi Балтық теңiзi саналады).


Атмосфералық қысым мына факторларға байланысты:
1. Теңiз деңгейiнiң биiктiгiне байланысты. Температура бiр қалыпты болғанда, бiрақ жер бетi теңiз деңгейiнен жоғарылаған сайын, қысым төмендейдi, өйткенi белгiлi бiр нүктеге түсетiн атмосфераның салмағы төмендейдi;
2. Ауаның температурасынан. Температура көтерiлген сайын ауа тығыздығы төмендейдi, сондықтан қысымда төмендейдi;
3. Ауаның құрамындағы су буларынан. Атмосферадағы су булары көбейген сайын, құрғақ ауаны ығыстырады, оның орнын басады. Су буларының тығыздығы, құрғақ ауаға қарағанда төмен, сондықтан атмосферадағы су буларының мөлшерi жоғарылаған сайын, қысым төмендейдi.
Жер шарында қысым өзгерген сайын атмосферадағы әр түрлi ауа массалары бiр орыннан екiншi орынға жылжый бастайды, соның әсерiнен ауа-райы өзгерiп климат құбылмалы болады.
Атмосфералық қысымда периодикалық (дұрыс) және периодикалық емес (дұрыс емес) өзгерiстер болып тұрады.
Атмосфералық қысым өзгермелi метеоэлемент, кей кезде ол өте тез өзгередi, ал кейде бiраз уақыт бiркелкi болып тұрады. Периодикалық (дұрыс) қысымның өзгеруi күннiң биiктiгiнiң бiр тәулiктiк немесе жыл бойына өзгеруiне байланысты. Күндiз атмосфералық қысым түнге қарағанда төмен, ал жазда қыс айларына қарағанда төмен болады. Бұл өзгерiс жоғары айтылған заңдылыққа сәйкес, атмосфералық қысымның дұрыс өзгеруi. Ал, қысымның дұрыс бағытта өзгермеуi немесе – күндiз жоғарылап, түнде төмендеуi периодикалық емеске жатады. Бұл құбылыстар термикалық және динамикалық өзгерiстерге алып келедi. Жер бетiнiң бiр қалыпты жылынуы және салқындауы, жылы (жеңiл) және суық (ауыр) ауа массаларының келуi қысымның түсуiне немесе көтерiлуiне әкелiп соғады. Егерде жылы (жеңiл) ауа массасы келсе, онда қысым төмендейдi. Ауа-райын жақын уақыттарға (сағаттарға) болжау үшiн периодикалық емес атмосфералық қысымның өзерiстерi пайдаланылады.
Тәулiк бойынша атмосфералық қысымның өзеруiнде екi максимум және екi минимум байқалады. Максималды атмосфералық қысым сағат 10-да және 22-де болады, ал минимум сағат 4-те және 16-да бақыланады.
Тәулiкаралық қысымның өзгеруiн бақылау ауа-райын болжау үшiн қажет. Ауа-райы тұрақты, өзгерiссiз болатын жағдайда атмосфералық қысымның бiр неше күн қатар өзгеруi 0-ге тең болуы мүмкiн. Ал ауа-райының тез өзгеруi қысымның 10-15 мб өзгеруiне әкелiп соғады.
Тәулiкаралық қысымның ең жоғарғы құбылмалылығы қыс айларында мұхиттардың үстiнде, ал төменгiсi жаз айларында - құрлықтарда байқалады.
Жақын сағаттарға ауа-райын болжау үшiн барометрлiк тенденцияны және барометриялық сипаттамаларды бiлу қажет.


жүктеу 4.93 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет