Қатынастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін яғни әрқайсысы өзіне



жүктеу 66.79 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі66.79 Kb.

Жаңбырбай А.Х. 

186 


қатынастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін – яғни әрқайсысы өзіне 

тән  мағынамен  сипатталады.  Баланың  жан-дүнеисіне  ұрпақ  жалғасушылық  әсер 

етеді:  темперамент,  табиғи  ерекшеліктері,  қапбілеттілік  ұрпақ  жалғасу  арқылы 

(қан  арқылы)  дариды.  Қанмен  пайда  болған  табиғи  ерекшеліктер  қабілеттілікті 

дамытуға өзіндік әсер береді: дамуға не көмектеседі, немесе дамуды қиындатады. 

Жапонияда  балаға  6  жасына  дейін  «жоқ»  деп  айтпайды  –  бұл  шығармашылық 

қабілеттіліктерді  дамытуға  ықпал  етеді.  Бала  дамуына  ананың  ауруы,  жүкті 

кезіндегі  анасының  қабылдаған  дәрілері  де  әсер  етеді.  Егер  бала  туу  кезінде 

жарақатқа  тап  болса,  онда  ол  бірінші  демін  кешігіп  барып  алады  –  бұл  да  бала 

жан-дүниесінің ары қарай дамуына кері әсер етуі мүмкін. 

Сонымен  қатар  балаға  өзі  өсіп  келе  жатқан  әлеуметтік  орта,  қоғам,  үстем 

идеология, ғылым мен өнердің даму деңгейі, негізгі діни ағымдар, өзіне ең жақын 

әлеуметтік орта (тәрбиешілер, мұғалімдер) бәрі әсер етеді. Жасөспірім шағы және 

мектептің  аға  сыныптарындағы  кездерінде  оларға  әлеуметтік  топтар,  бұқаралық 

ақпарат құралдары, діни үгіт насихаттар белгілі бір деңгейде ықпал етеді. Осының 

барлығын, сөзсіз, ескеру қажет. 

 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



2011 Қарым-қатынас психологиясы, Х.Т. Шерьязданова және т.б. Алматы, 2014. 

2.

 



Арнайы психология. Қ.С. Тебенова, А.Р. Рымбаева. Алматы. 

3.

 



Ұйымдастырушылық мінез-құлық. Д.Ә. Құнанбаева. Алматы, 2012 1. 

4.

 



Педагогика: дәрістер курсы, Алматы «Print-S», Алматы, 2005. – 364 с. 

5.

 



Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 1998. 

6.

 



Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. - 228 б. 

7.

 



Сағындықұлы Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы, 2012. 

 

 

 

ӘОЖ 372.3 

 

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ЕГІЗ 

 

Жаңбырбай А.Х. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім 

адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі,”  -  деген 

Әл-Фараби,  білім  мен  тәрбие  –  егіз,  екеуі  қатар  жүруі  керек.  Оқушыларды 

тәрбиелеу  мәселесі  ең  негізгі  талаптардың  бірі  боп  саналады.  Баланы  тәрбиелеу 

ісі  баршаның  ісі.  Адамгершілік  асыл  қасиеттердің  адамды  арман  мұратына 

жеткізсе,  ал  жаман  қылық,  жат  әрекеттердің  зияны  тиіп,  жаманшылыққа 

ұшыратып  жатады.  Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында  “Білім 

беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттың  құндылықтар, 

ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға, 

дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасау”  -  делінген,  ал  басым  міндеттерінің  бірі  ретінде  “жеке  адамның 

шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен 


Білім мен тәрбие – егіз 

187 


салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастырып, жеке басының дамуы 

үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту ”- деп көрсеткен[5]. 

Ұстаз  –  мамандық  әлеміндегі  ең  ғажайып  мамандық.  Көзі  жәудіреп  отырған 

шәкірттер  ертеңгі  ел  басқаратын,  ғылымның  сырын  ашатын,  қоңыр  даланың 

ғарышқа  самғайтын,  кемені  ақылдың  нұрымен  суарып,  кітап  жазатын  елімнің 

ертеңгі қожалары емес пе? Еліңнің ертеңін жасар азаматты тәрбиелеу, баулу сенің 

қолыңда  тұрса,  одан  басқа  қандай  сый  керек  [2].  Сондықтан  да  ата-ана,  халық, 

мұғалім  сеніп,  бүкіл  бір  ұрпақтың  сәтті  негізін,  дамуды  қазіргі  уақытта,  біздің 

күрделі  заманымызда  қажетті  топиранимизм  болып  жүруге  лайық  ұрпақты 

тәрбиелеуді тапсырып отыр. 

Оқушы  –  мұғалімнің  өзін  көрсететін  айнасы  іспеттес.  Мұғалімнің  жақсы 

көрген  шәкірті  еш  уақытта  ұятқа  калдырмайды.  Өзіңіз  сұлу  сезімсіз  болсаңыз, 

сұлу  сезімді  жанды  қалай  тәрбиелейсіз?  Оқушының  бойында    қандай    қасиет 

басым  болса,  сол  қасиетті  ол  алдымен  ата-анасынан,  екінші  мұғалімінен  алады. 

Сол  шәкіртіне  деген  өн  бойындағы  барлық  ыстық  қасиеттері  мен  жылы 

шуақтарын  аямай  төгеді.  Мұғалім  баланы  оқытады,  тәрбиелейді.  Сол  оқыту 

жолында ол небір қиындықтарды басынан өткізеді. Оның алдынан түрі мен мінезі 

бір-біріне  ұқсамайтын,  біреудің  еркесі,  біреудің  кенжесі,  біреудің  жалғызы 

дегендей-ақ, әр түрлі шәкірттер отырады. Біздің міндетеміз – сол шәкірттеріміздің 

ойлаған ойынан шығып, оның сүйіктісі бола білуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, 

шәкірт  ұстазының  әрбір  сабағын  асыға,  тағатсыздана  күтіп  отырса,  содан  артық 

бақыт бар ма екен, шіркін [2], [4]! 

«Сабақ  -  оқытушының  педогогикалық  мәдениетінің  айнасы»,  -  дейді                       

А.  Сухомолинский.  Бұл  тұжырым  –  нағыз  көрегендік.  Сабақ  –  педогогикалық 

шығарма,  оны  түсіндіруден  гөрі,  өткізу  әлдеқайда  оңай.  Өткізілетін  сабақтың 

болуының  толып  жатқан  шарттары  бар.  Оның  ең  бастысы  –  ерекшелігі.Алайда, 

бұлар  аз,  бұған  қоса  әдістемелік  шыңдалған  шеберлік  қажет  етеді.  Сабақты 

жоспарлауы, ұйымдастыруы, өткізуі үлкен нақтылық қажет етеді. Сабақ – күрделі 

үдеріс, оның үстіне небір қиындық оқыс әрекеттер сабақ үстінде кездесіп жатады. 

Ұстаз  шеберлігі  осының  бәріне  төтеп  береліктей  болуы  шарт.  Мұғалім  сабақты 

дұрыс  жоспарлап,  мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша  дегеніне  жете  алмайды. 

Оқтушы  сабақтың  мазмұнын,  құрылысын,  дәлдігін,  жұмыс  жүргізу  тәсілін  

мұхият  ойластыруы  қажет.  Сабақты  жоспарлауға  қандай  негізгі  талаптар 

қойылады? Олардың жобасы төмендегідей: 

1.Оқушылардың  бар  зейінін  аударып  және  ықыласын  ынта  -  жігермен 

тыңдауды ұйымдастыру

2.Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай түсу; 

3.Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеру; 

4.Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі, тиімді әдіс-тәсілдері; 

5.Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы; 

6.Мысалдардың  өмірмен  байланыстылығы  баланы  ойлануға,  сөйлетуге, 

тәрбиелеуге ықпалы; 

7.Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әр түрлілігі; 

8.Оқушы  теориялық  жағынан  меңгергенін  іс  –  тәжірибеде,  күнделікті 

сабақтарда  қолдана алуы

9.Оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске баулу

10.Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесуіне, ұқсастығына қарай 

түрлендіру; 

11.Оқушының  шығармашылық  белсенділігін  арттыратын  өз  бетінше  жұмыс 

беру; 


Жаңбырбай А.Х. 

188 


12 .Бағалау, оның тәрбиелік мәні; 

13.Үй тапсырмасын уақытында түсіндіріп,үлгісін беру; 

14.Осылардың ең бастысы – сабақтың жүйелілігі; 

Оқытушының  іскерлік  сапасына  төмендегідей    талап  –  міндеттер 

қойылады: 

1.Сабақтың мақсатының айқын болуы; 

2.Материалды жан - жақты  әрі түсінікті баяндауы; 

3.Басты мәселені бөле көрсетуі

4.Сыныпты пәнге қызықтыруы; 

5.Мәселе қозғап, пікір – сайыс туғыза білу; 

6.Баяндау тәсілі жүйелі әрі қызықты болуы;  

7.Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздері анық, қарқыны ұнамдылығы

8.Оқушыны тізгіндемеуі; 

9.Алған  мысалдарының  өмірмен  байланысы  әрі  тәрбиелік  мәнінің  маңызды 

блуы; 

10.Оқушыларға еркін жұмыс істеуі; 



11.Сыныптағы тәртіп дұрыс жолға қойылуы

12.Сабақтағы дидактикалық материалдардың жеткіліктігі; 

13.Көрнекі құралдардың барлығы

14.Техникалық құралдардың барлығы; 

15.Үйге тапсырма уақытында әрі дұрыс берілуі

16.Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілуі; 

17.Оқушылардың қателері дер кезінде түзетіліп отыруы; 

18.Бағалау нормалары сақталып әділ бағалануы [3]. 

Әр  сабақта    осыларға  қоса  педагогикалық,  пихологиялық,  физиологиялық, 

гигиеналық  талаптар  қарастырылады.  Көпшілік  жағдайда  бір  сыныптың 

оқушыларына бірдей дайындықпен, бірдей талаппен, бірдей өткізілген сабақты әр 

оқушы әр түрлі қабылдайды. Осыдан  кейін келіп жеке оқушыларды зерттеу және 

олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды.В.Рагова былай дейді:«Оқыту 

технологиясының  ең  басты  проблемасы  –  ұжымдық    жұмыста    жеке  оқушының 

жеке  мүмкіндігін  дұрыс  аңғарып,  оны  дұрыс  істете  білуі».Шынында  да,  сабақ 

оқыту  кезінде  оқушылардың  мол  мүмкіндігін  аша  алмай  келеміз,  сондықтан  да 

жеке оқушымен жұмы бірінші орында болуы керек. Жұмыс  барысында сыныпта 

уақыт  жетпесе,  үйге  тапсырма  беріп,  оны  тексеруді  қадағалап  ойластырылған 

жөн. Ендігі үлкен проблема – үнемі баланың сөйлеу  тілін  жетілдіріп, логикалық 

қорын  молайтып  отыру.  Көпшілік  жағдайда  мұғалімнің  мысалдары  -    оқушылар 

баяғыда  -  ақ  жалығып  кеткен  бір  сарынды  дүниелер.  Сондықтан  балада 

қызығудан гөрі немқұрайлық басым. Әйтеуір сыныпта  сабақ аяқталғанша отырып 

қайту. Келесі, оқытуда ескерілмей жүрген жайт, сабақты проблемаға құрып, бала 

алдында  жағдаят    тудыры  алу,  сол  арқылы  ойландыру    шешімін  іздету.  Сабақ 

үдерісіне  тікелей  араластыру.  Сабақ  жағдаятқа  құрылмаса,  тағы  керегі  жоқ 

жансыз мысалдар алынады, олар бала үшін ешқандай рөл  атқармайды. Мысалы: 

Оқытушы: Марат, Алматыға бардың ба? 

-Оқушы:  жоқ.  Немесе  «қоян  шөп  жейді»,  «трактор  жер  жыртты»,  Мараттың 

Алматыға  барған,  бармағаны  оқушылар  үшін  қызық  емес.  Келесі  сөйлемде  де 

солай. Қоянның шөп жейтінін, трактордың  жер жыртатынын бастауыш сыныпта 

естіген.  Тапсырма  баланы  шын    ниетімен  сөзге    тартатындай   болуы  керек  емес 

пе?  Бала  қызығып,  өзі  қиялдайтындай  немесе  біреудің  барғанын  құмартып 

тыңдайтындай  жағдай  жасау  қажет.  Келесі  бір  жай,  сабақтағы    нақтылық.  Көп 

жағдайда  сабақтың  тақырыбына  мазмұны  сәйкес  келе  бермейді.  Соның  әсерінен 



Білім мен тәрбие – егіз 

189 


кейбір  сабақтар мақсатынан  алшақтап, жүйесіз, бос баяндау боп келеді. Сабақты  

жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескере бермейміз. 



1.Оқыту, білім беру мақсатты: 

Балаға  ғылыми    теориялық  жағынан  не  айтуымыз  керек?  Ол  қандай 

мөлшерде,  оны  бала  қабылдайды  ма?  Қалай  қабылдату  керек,балаға 

түсіндірудің,есте сақтаудың жолын іздету керек. 



2.Үйрету: 

Оны білген оқушы практикада қолдана ала ма? Егер құр ережені жаттап алып, 

оны  іс  тәжірибеде  қолдана  алмаса,  ол  неге  керек?  Нәтижесі  сол  ережеге  

байланысты тапсырманы бала қиналмай орындауы керек. 



3.Тәрбиелеу: 

Ендігі  бір  жауапты  кезең  –тәрбиелеу,  екінші,  әр  түрлі  әдіс-тәсілдері  арқылы  

имандылыққа  тәрбиелеу.  Үшіншіден,  оқытушының  өзі  тәрбие  берудің  

көрнекілігі, іс – әрекеті, сөйлеген сөзі, киім киісі, жүріс  – тұрысы, адамгершілігі 

арқылы    тәрбиелеу.Айналадағы  қоршаған    ортаға  жанашырлыққа  мейіріммен 

қарау.  Бойкүйездік,  екіжүзділіктен  жиіркендіру.  Ұлт  намысын,  әдет  –  ғұрыпын 

жоғары  ұстау.  Қыз  бала  өз  орынын,  ұл  бала  өз  орынын  білу.  Ешқандай  тәрбие 

бермей оқыту не үшін қажет. Міндетті түрде сабақтың тәрбиелік мақсаты болуы 

керек. 

4.Дамыту: 

Оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой өрісін  шыңдай отырып, 

өмірге  көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт – бағдар беру. 

Ғылымға қызықтыру. Айнала қоршаған ортаға  немқұрайлы емес, зер сала қарау 

керек.  Бүгін  айтылғанды  ертеңмен  ұштастыру,  өз  бетінше  толықтыру,  жеке 

оқушымен  жұмыс.  Оқушыға  беретін  тапсырмаларда  дәлелдейтін,    түсіндіретін, 

пікірмен,  келісетін,  келіспейтін,  ұсыныс  енгізетін,  сын  көзбен  қарайтын,  бір 

сөзбен айтқанда, баланы жан –жақты  ойландыратын жұмыстар болуы керек. 

Ыбырай  Алтынсарин  айтқандай,  мектептің  жүрегі  болуымыз  керек.  Ақауы  

жоқ,  таза  қанды,  адал  жанды,  тоқырап,  тоқтап  қалуды  білмейтін,  өмір  бойы 

балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке. Мектептің жүрегі бола білу 

–  өмірден  өз  орынын  табу  деген  сөз.  Оқушылармен  достық  қарым  –  қатынас 

жасаудан ешқашан жалықпау керек. Ретті жерде сыйлап мәпелеуіміз қажет [1]. 

Бала  жаны  әділдікті  сүйеді.  Әсіресе,  баға  қойғанда  қандай  баға  қойсаңыз  да 

бала  сізге  дән  риза  болады.  Сізден  басқа  кемшілік  тапқанмен,  дәл  осы 

әділдігіңізүшін  сізді  қатты  бағалайды.  Оқушыларға  ретсіз,  жаза  қолдану 

оқытушының әдіссіз, әлсіз екенін көрсетеді. 

Егер мұғалім оқушы алдында шын мәнінде құрметтеліп сыйлайтын дәрежеде 

көтерілсе, өзін – өзі шебер мұғаліммін деп сезінуіне әбден болады. Бұл – мақтану 

емес,  адамның  қашан  да  сезім  үстінде    болуынан,  өзінің  жетістігін  де  сезіне 

білінден шығатын нәтиже. 

Жасандылық  жасамау  керек.  Бала  жаны  жасандылықты  жаратпайды. 

«Білгенің  қайсы,  білмегеніңді  кешірмесең»,  -  дейді  халық.  Сіздің  істес  болып 

отырған адамыңыз әлі жас, ақылы толмаған, көп нәрсені білмейтін сәбилер екенін 

ұмытпау керек. Олай  болса, кешірімді, мейірімді болу керек. 

Шәкірт  пен  ұстаз  арасында  достық  сезім  өте  қажет  –  ақ.  Бірақ  көп  нәрсе 

мұғалімнің  өзіне  де  байланысты  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Айталық,  бала  бір 

сабақты  нашар  оқиды.  Оған  ұрысуға  да,  қорқытуға  да  болады.  Ата  –  анасына 

барып  айту  қиын  емес.  Бірақ    бала  көп  пәннен  2-ден  басқа  баға  алмайды.  Бұл 

неліктен? Мұндай жағдай көбіне  мұғалім мен оқушының өзара ұғыса алмауынан 

болатынын  тәжірибе  айқын  көрсетіп  жүр.  Бала  жүрегіне  жол  таба  алмаған  

мұғалім кейде оны өзіне қарсы қойып алады. Бала ерегескіш келеді. 



Ибраева А.Б. 

190 


Бала  тәрбиесі  –  үлкен  өнер.  Әр  балаға  әр  түрлі  тәсіл  керек.  Біреуге  ақыл 

айтсаң  да,  жетіп  жатыр.Енді  біреуіне  ақыл  жүрмейді.  Мінез  –  құлқына  қарай  

басқа  амалын  табу  керек.  Бала  жүрегі  –  кішкентай    күйсандық.  Ол  сандықтың 

кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің  қолында әр кез сол кілт жүру керек. 

Туысынан бала жаман болмайды. Ал жаман тәрбиеші болуы мүмкін. Олай болса 

тәрбие жұмысына ата-аналар мен мектеп ұжымы бүтіндей бірлесе отырып, түбірлі 

өзгеріс, яғни, жаңа адамды тәрбиелеу мақсатында революция жасауымыз  керек. 

Қорыта келе айтарым: біздер, мұғалімдер  еш уақытта жалқауланып, баланың 

тағдырына немқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткені, бала – біздің болашағымыз. 

Болашақ ұрпақтың тағдыры, әуелі, Алланың, ата – анасының, сосын мына біздің, 

мұғалімдердің  қолында  тұр.  Оқушыларды  мектепте  өзін-өзі  басқару  жұмысына 

қатыстырып,  мектептегі  сайлау  жұмыстарына,  мерекелер  мен  түрлі  шараларды 

ұйымдастыруға  қатыстыру  арқылы  елжандылыққа  баулып,  азаматтық  тәрбие 

беруге  болады.  Сонда  оқушылардың  бойында  ізгілік,  жауапкершілік,  өз 

ықтиярымен  іс  атқаруға  даяр  бола  бастайды,  және  олар  әрқайсысының  отбасы 

туралы,  олардың  мұқтаждарымен  қатынастары,  істері  жайлы  біліп,  бір-біріне 

көмек  береді,  сөйтіп  оқушылар  ұжым  арқылы  әлеуметтік  жақсылықтарға  қол 

жеткізеді, достық қатынас дамиды. Ұйымдық жұмыстарда қолданатын қатынастар 

негізіндегі  достықты,  нәтижелі  еңбек  етуді  жеке  қоғамдық  тәртіпті  сақтауды 

саналы  игереді,  топтық  ортада  баланың  адамгершілік  ұстанымдары  жетіліп, 

тұлғалық қасиеттері қалады. Бала өзінің отбасынан алған тәрбиесімен мектептен 

алған тәрбиесін ұштастыра отырып, оны өз өміріне пайдалана алуы керек. Сонда 

ғана ол өзін қайда болсада дұрыс ұстай білетін өз еліне адал, өз елінің тәрбиелі, 

патриоты бола алады. Осындай оқушыларды тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті. 

 

 

 



Әдебиет

1.

 



«Парасат» журналы,  1982 ж. қаңтар айы. – Б. 2-4. 

2.

 



«Қазақ тілі мен әдебиеті», 1999 ж. шілде айы. – Б 17-20. 

3.

 



Х. Арғынов. Қазақ тілі методикасы. А., 1971 ж. 115 б. 

4.

 



«Ұлағат» журналы,  2009 ж. қараша айы. - Б. 33-35. 

5.

 



Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңы. – 2007 ж. 

 

 

 

УДК 372 

 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ ДПИ КАЗАХСКОГО НАРОДА 

КАК СРЕДСТВА РАЗВИТИЯ ДИЗАЙНЕРСКИХ УМЕНИЙ 

У ДЕТЕЙ СРЕДНЕГО ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА 

 

Ибраева А.Б. 

(СКГУ им. М.Козыбаева) 

 

 

 

В  основных  нормативных  документах,  регулирующих  содержание 

дошкольного  образования,  отмечается  необходимость  приобщения  детей  к 

декоративному искусству и дизайну.  






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал