Атау және ілік септіктерінің Қолданыстағы мағыналық сипаты



жүктеу 73.59 Kb.

Дата13.04.2017
өлшемі73.59 Kb.

АТАУ ЖӘНЕ ІЛІК СЕПТІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МАҒЫНАЛЫҚ 

СИПАТЫ 

(Кӛне түркі тілінен қазіргі қазақ тіліне дейін) 

Нұрмаханбетова Ақмарал Құрбанқызы 

Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасы, Астана, Қазақстан 

Республикасы 

Мемлекеттік  тілді  оқытудағы  тұлғалар  тағылымы.  Республикалық  ғылыми-

практикалық  конференция.  Хабаршы  филология  сериясы.  Алматы,  2012.  №1  (135).  252-

255- б. 

 

Аннотация. В данной статье расматривается характерные признаки, виды и способы 



применение окончании именительного и родительного падеже 

 

А.К.Нурмаханбетова – к.ф.н., доцент 

Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Гумилева, ул. Мунайтпасова, 5 

Корпоративная почта: 

Nurmakhanbetova_AK@enu.kz

  

 

Abstract.  

 

A.K.Nurmakhanbetova  – Candidate of Philological Science, Associate Professor 

L.N.  Gumilov  Eurasian  National  University  Faculty  of  Philology  The  Department  of 

Practical Kazakh Language, 5 Munaitpasov Street, Email: 

Nurmakhanbetova_AK@enu.kz

  

 

 

Кілт сөздер: септік жалғаулар, контекст, функционалды грамматика. 

 

            Тіл  білімінде  кез  келген  мағына,  қатынас,  байланыс  жалғаулар  негізінде  іске 

асырылатындығы белгілі.  Жалпы  ауызекі сөйлеу тілінде де, күнделікті қарым-қатынаста 

да  сөзіміздің  әр  түрлі  мақсатта,  сан-салалы  ыңғайда  қолданылатындығын  байқауға 

болады. 

Қазақ тіліндегі жалғаулар қатарындағы септік жалғауларының сөйлемде сөз бен сөзді  

байланыстырудағы  қызметі  ерекше.  Сөйлемдегі  сөздердің  түрленіп  келуі  осы  септік 

тұлғаларына  байланысты.  Сөйлем  ішіндегі  сөздерді  септік  жалғауларынсыз  қолдану 

мағынасыздыққа әкеледі. Мысалы: Мейлі қайда жүрейін, менің кӛзімнен де, кӛкірегімнен 

де сиқырлы да сыбызғылы туған жерімнің асқақ, әрі  әсем  келбеті  кетпеуін тіледім (О. 

Бӛкей). 

Ғалым  Н.  Оралбаева  «Септік  жалғаулары  сөйлемдегі  сөздерді  бір-бірімен 

жалғастырып,  септестіріп  тұр.  Осындай  қосымшаларды  септік  жалғаулары  дейміз.  

Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі  деп немесе  септеу 

дейміз», - деп жазады [1, 54 б.]. 

Қазақ тілінде жеті септік түрі бар екені белгілі. Зерттеуші ғалымдар  септіктерді екі 

топқа  бөліп  жүр:  Грамматикалық  септіктер  және  көлемдік  септіктер.  Грамматикалық 

септіктерге  атау,  ілік,  табыс  септіктері,  көлемдік  септіктерге  барыс,  жатыс,  шығыс, 

көмектес  септіктері  жатады.  Септік  жалғауларын  бұлай  бөлудің  басты  негізі  олардың 

мағыналары мен қызметтеріне байланысты екендігі белгілі.  

Септіктердің    бұлайша  екі  түрге  бөлінуін  аталмыш  жалғаулардың  шығу  тарихын 

зерттеуші  Г.  Сарсеке  көне  түркі  тілдерінен  де  орын  алғандығымен  байланыстырады  [2, 

225-226 б.].  

Атау септіктен басқа септік жалғаулары сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады. 

Сондықтан    да  олар  (атау  септіктен  басқасы)  сөз  тіркестерін  жасауға  қатысады.  Атау 

септік  жалғауындағы  сөздің  екінші  сөзбен  байланысында  сабақтаса,  бағына  байланысу 

болмайды,  ол  сөз  тіркесін  жасай  алмайды.  Бірақ  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  қызметін 


атқарады.  Септік  жалғауларының  жан-жақтылық  сипаты,  қызмет,  қолданыс  аясының 

кеңдігі оны грамматикалық категория ретінде морфология саласында ғана емес, синтаксис 

саласына  да  енгізеді.  Синтаксис  саласында  септік  тұлғалары  сөздерді    байланыстыру 

тәсілінің бір жолы болып табылады. 

Ғалым  Ә.  Хасеновтің  пікірінше,  «Септіктер  категориясына  тән  ерекшеліктің  бірі  – 

мотивациялануы. Әр септік әр түрлі қатынасты  – заттың затқа немесе заттың белгілі бір 

процеске қатыстылығын айқындайды» [3, 111 б.]. 

Ал профессор С. Аманжолов септік жалғауларының белгіленген нақты бір мағынаны 

білдірмеу себебін «Сөйлемдегі әрбір сөздің мағынасы бар.  Бірақ сөздің дара мағынасынан 

басқа  қарым-қатыстық    мағынасы  да  болады.    Бұл  қарым-қатыстық  мән  жалғауларға  да 

байланысты.  Бұған  қарап,  әрине,  жалғаулардың  өз  мағынасы  жоқ  деген  пікір  тумасын. 

Бұлардың  мағынасы  жасырын  тұрған  затқа  ұқсайды.  Ол  жасырын  мағына  сөз  бен  сөз 

арасы  жалғанғанда  көрінеді,  білінеді»,  -  дей  келе  септік  жалғауларының  сөз  бен  сөзді 

байланыстыру  қызметінде  септік  жалғаулары  арқылы  жасалған  қатынастардың 

мағыналық жағының шектеліп қалмайтындығын білдіреді [4, 70 б.].  

Тіліміздегі  септік  жалғауларының  саны  өзге  тілдермен  (орыс  тілі,  ағылшын  тілі, 

жапон  тілі,  неміс  тілі  т.б.)  салыстырғанда  көп.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  атау  және  ілік 

септігінің қолданыстағы негізгі қызметі мен мағыналарына тоқталмақпыз.  

Атау  септігіндегі  сөз  –  сөйлемдегі  ойдың  ұйытқысы.    Сөйлемнің  өзі  –  контекст 

тұрғысынан  қарағанда  тиянақсыз,  аяқталмаған  бірлік  болып  қалатындықтан,  атау  септік 

тұлғасын контекстің ыңғайында кеңінен сөз ету қажет. 

Мәтінде  атау  септік  тұлғасындағы  сөз  айтылар  ойдың  діңгегі  болып,  сөйлемдерді 

мағына  жағынан  да,  құрылымы  жағынан  да  өз  маңына  топтап,  ұйымдастырып  тұрады. 

Мысалға  Абайдың  «Ӛлең  -  сӛздің  патшасы,  сӛз  сарасы»  деп  аталатын  өлеңінің  бір 

шумағын алайық:  

Ӛлең - сӛздің патшасы, сӛз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы. 

Осы  шумақты  әдеттегі  грамматикалық  синтаксис  тұрғысынан  қарар  болсақ,  әрбір 

тармақ сөйлем тұрғысынан талданып, жай немесе құрмалас сөйлем түрлері болып  кетер 

еді. Ал контекст тұрғысынан келсек, мұндай талдаудың мәні болмас еді. Шумақ бір ойға 

бағынған, ол - өлеңнің сыр-сипатын, қасиетін ашу. Тақырыпқа өзек болып тұрған ӛлең сөзі 

атау септік тұлғасында бір-ақ рет қолданылған. Бірақ әрбір сөйлемде оның (өлеңнің) орны 

сезіліп тұрады.  

Қиыннан қиыстырар ер данасы (нені? - ӛлеңді) 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп (не? - ӛлең) 

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы (ненің? - ӛлеңнің), - деп сұрақ қойып жауап берген 

болар  едік.  Мұндағы  атау  септігінің  қызметін  барлық  тіл  ғалымы  еңбектеріндегі 

зерттеулер дәлелдейді және бұл жайында барлық морфологиялық оқулықтарда айтылады. 

Ғалым  Н.  Оралбай  «Атау  септіктің  өзіне  тән  мағынасы,  соған  сай  синтаксистік 

қызметі бар. Атау септіктегі сөз сөйлемнің бастауыш мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, 

Шақырылған,  уағдалы  уақытта  Жамбыл  қонаққа  келеді.  -  Әке-ау,  кӛңіліңізге  алмай-ақ 

қойыңыз, біздің Сәбит байқұлақтарға сәлем бермейді, - деп Сәкен әзіл айтқан екен («Сөз 

тапқанға  қолқа  жоқ»).  Осы  сөйлемдегі  Жамбыл,  Сәбит,  Сәкен  сөздері  атау  септік 

тұлғасының    тұрып,  келеді,  бермейді,  айтқан  екен  баяндауыштарымен  байланысып, 

қимылдың  иесін  білдіріп,  бастауыш  қызметін  атқарған.  Сондықтан  олар  субстанттық, 

субъектілік қатыстағы сөздер саналады. Сол арқылы ол басқа септіктерден ерекшеленеді», 

- деп жазады [1, 110 б.]. 

«Атау  септіктің  арнайы  жалғауы  жоқ,  зат  есімнің  негізгі  және  туынды  түбір 

тұлғасымен сәйкес келеді» деген ғалым С. Исаев мынадай мысалдар келтіреді: Толқыннан 



толқын (не?) туады (М.Жұмабаев).  Ащы мен тұщыны татқан (кім?) білер (мақал)  [5]. 

Ал  көне  жазба  ескерткіштерін  зерттеуші  ғалым  С.  Хасанова  да  «Атау  септік  - 

жалғаусыз, негізгі, туынды сөздер болып келеді. Мен йүкұнұрмен – Мен жүгінемін.  Олар 



турурлар –  Олар  тұрар. Еметкчі  болтүм  –  Жалшы болдым» деп  жазып, атау септігінің 

негізгі  қызметі  сөйлемнің  ұйытқысы  болу  екендігін,  негізгі  қызметі  зат  есімнің 

айналасында қарастырады [6, 105 б.]. 

Тілдің функционалды грамматикасын зерттеуші А. Тураева атау септігі туралы “Атау 

септіктің өзіне тән белгілі мағынасы бар, ол мағынаны септік парадигманың ешбір мүшесі 

білдіре  алмайды,  атау  септіктің  белгілі  тұрақты  қызметі  бар,  оны  қалған  септіктегі 

сөздердің ешқайсысы атқара алмайды, өйткені атау септік шартты түрде алынған, сөздің 

басқа  септіктерге  түрленбей  тұрғандағы  қалпы  ғана  емес.Ол  септік  парадигмасының  бір 

мүшесі,  септік  жүйесіндегі  сөз  формаларының  бірі,  ол  сөйлемдегі  сөздермен  белгілі 

қатысқа  түседі,  синтаксистік  қызмет  атқарады,  тұрақты  мағынасы  бар.  Атау  септікте 

танылып жүрген түрлі мағыналардың біреуі ғана оған қатысты. Ол – атау септік сөйлемде 

кім  және  не  туралы  айтылатынын  білдіреді.  Бұл  –  атау  септіктің  бірден-бір  мағынасы» 

деген пікір айтады [7, 102 б.].  

Зерттеуші  Г.  Сәрсеке  «Атау  септігі  осы  грамматикалық  мағынасында  сөйлемнің 

бастауышы қызметін атқарады. Кез-келген сөз атау септігімен түрленіп келіп, сөйлемнің 

бастауышы болады»,-  деп жазады [2, 224 б.]. 

Жоғарыда  айтылған  ғалымдардың  пікірлері  орынды.  Дегенмен  де  тілдің  дамуы  мен 

қолданылу  аясының  кеңеюі  аталмыш  септіктің  қолданыстағы  мағыналары  кеңейді  деуге 

болады.  Қазіргі  таңда  атау  септігінің  қолданыстағы  мағыналық  сипатын  ғалымдар  З.С. 

Күзекова мен Е.Қ. Әбдірәсіловтың еңбектеріне сүйене отырып, төмендегіше топтастырып 

көрсетуге болады: 

       Атау септігі 

 

Белсенді әрекет иесі 



Дулат теледидар кӛріп отыр 

Жақ (зат) атауы 

Бұл – АйжанМынау – кітап 

Қаратпада  тұлға сипаты 

Дастан, қайда барасың? 

Квалификативтік белгі иесі 

Бақыт – дәрігер 

Бағалауыштық белгі иесі 

Әжем - шебер 

Факт, оқиға 

Ертең – сайлау 

Заттың бар, жоқ екендігі 

Қалада жақсы театр бар 

Иеліктегі затты білдіреді 

Менің кітабым бар 

Жақ, зат идентификациясы 

 

Менің атым – Салтанат, Дүкеннің аты – 

«Заңғар» 

Қажеттілік мәні 

Маған білім керек 

Уақыттық кезеңдегі әрекет иесі 

Сабақ сағат 2-де басталады 

Уақыттық кезең (период) 

Бүгін жұма 

Субектінің физикалық күйі 

Баланың ыстығы бар 

Эмоциалық қалып-күйі 

Басым ауырып тұр 

Іс-әрекет субъектісі 

 

Әкем жазып отыр. Әкем ұйықтап отыр 

Қимылдың иесі 

Жамбыл қонаққа келді 

мамандық иесі 

Ағам – дәрігер 

Есім баяндауыштың иесі 

Ол – танымал ақын 

номинатив (тақырып атауында, 

этикеткаларда) 

Орфографиялық сөздік 



 

Идентификациялық модельдерде 

предикат ретінде 

 Бұл – орфографиялық сөздік 

 


Акционалдық белгі иесі 

Әкем жазып отыр 

Ситуациялық белгі иесі 

Әкем ұйықтап жатыр 

Квалитативтік белгі иесі 

Әкем шыдамады 

Квалитативтік бағалау белгі иесі 

 

Итбалық – сүтқоректі 

Қаратпаларда 

Туған жер, саған рахмет 

Заттың, тұлғаның қосымша атауы 

 

Доцент Исаев жұмыста.    «Уақыт және 



Қаламгер» басылымы жыл сайын шығады. 

«Тұлпар» жүрдек поезы уақытында келді 

                                                                                                                    [8, 4 б.].       

Тілдің  грамматикалық  құрылысы  адамдардың  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ету 

кезінде,  өз  қызметін  атқару  үстінде  екшеліп,  дамып,  күрделеніп  отыратыны  белгілі. 

Жоғарыда келтірілген атау септігінің мағыналары осыны дәлелдейді.  

Грамматикалық  септіктердің  бірі  –  ілік  септігі.  Ілік  септігі  өзінің  меншіктік,  иелік, 

қатыстық грамматикалық мағыналарында сөйлемнің анықтауышы қызметін атқарады. 

Ілік  септігі  туралы  Н.  Оралбай  «Ілік  септіктің  басты  грамматикалық  мағынасы  – 

меншікті  заттың    иесін  білдіру.    Ілік  септік  басқа  сөздермен  мынадай  қарым-қатынасқа 

түседі:  1)  туыстық,  жақындық  қатынаста  (әкенің  баласы,  досыңның  қарындасы);  2) 

бүтіннің  бөлшегі  (үйдің  есігі,  кісінің  қолы,  ағаштың  бұтағы);  3)  заттың  сандық  қатысы 

(жиенінің  бірі,  қонақтардың  бесеуі);  4)  заттың  сапасына  қатысы  (  туыстың  жақсысы, 

жігіттің  әдемісі,  адамның  өткірі);  5)  заттың  ерекше  қасиеті  (сұлудың  сұлуы,  батырдың 

батыры)т.б. Және ілік септігі қолданыста жалғаусыз, нөлдік тұлғада қолданыла да береді, 

ол  мағынаға  әсер  етпейді.  Бұл  нақтылық  пен  жалпылық  мән  ортасында  қарастырылады. 

Мысалы,  ауыл    баласы,  қала  халқы,  мал  басы  дегендерде  жалпылық  мән  басым, 

сондықтан оларды нөлдік тұлғада қолдануға болады» деп көрсеті [1, 111б.].   

Ілік  септік  жалғаулары  сөйлемде  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  қызметін  атқарады. 

Нақтылай  айтсақ,  зерттеуші  Г.  Сарсеке  «Ілік  септігіндегі  сөз  тәуелдік  жалғаулы  сөзбен 

байланыс құрайды. Бұл қолданыста ілік септігі  жасырын және ашық  тұлғасында да келе 

береді.    Мысалы:  Аздан  соң  құздың  басына  ереуілдеген  жаяулар  шықты  да,  ойдағы 

жиынға қарады (М. Әуезов). Бӛлімше командирлері жүгіре жӛнелді, тек қарт жұмысшы 

қозғалмады  

(Ә.  Нұрпейісов).  Ілік  септік  жалғауы  өзі  жалғанған  сөздерді  (құздың,  бӛлімше)  тәуелдік 

жалғаулы  сөздермен  (басына,  командирлері)  байланыстырып  тұрады»  деген  мысалдар 

келтіріп, ілік септігінің ықшамдалу жолдарына тоқталғандығын көреміз [2, 225 б.].   

Ілік  септік  жалғауының  толық,  ықшам  және  жасырын  түрінде  басқа  сөздермен 

тіркеліп қолданылу жүйесі  үнемі  біркелкі  болып келмейді. Ол қолданыстардың бәрі  ілік 

септік  жалғауының  тұлғалық  өзгерістері,  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты  болу 

керек.  


Зерттеуші Г.Х. Абдрахманова «Хикмет» тілінде ілік септігінің мынадай үш мағынада 

қолданылатындығын айтады: 

1. Бүтіннің бөлшегін аңғартады. Мысалы: атаның ерлігіні анда білді  (атаның ерлігін 

сонда білді); бір күн сені умруң барака болғай хазан (бір күні сенің ӛмірің берекелі болар 

қазан); 

2.  Қарым-қатынас,  байланыс  мағынасын  білдіреді.  Мысалы:  сенің  амірің  балан  еш 

қылмадым мен (сенің биік әміріңді бекер қылмадым мен); Мустафаны қадіріні қачан білур 

(Мустафаның қадірін қашан білер); 

3. Абстракты меншіліктілікті  сөздерді  білдіреді. Мысалы: худаны йолыда йалғуз озі 



(құдайдың жолында жалғыз ӛзі); һар кім хақны құлы болса хаққа йансун  (әркім хақтың 

құлы болса, хаққа жанассын, жақындассын);Жалпы ескерткіш тіліндегі ілік септікті сөз 

тіркестерінің  бұдан  да  басқа  беретін  мағыналары  болуы  керек,  бірақ  «Хикмет»  тілінде 

біздің аңғарғанымыз осы жүйеде ғана болды деп жазады [9,18]. 


Ғалым С. Аманжолов «Ілік жалғаудың негізгі мағынасы меншіктеу, бірақ меншіктеу 

екі  түрлі:  1.Тікелей  меншіктеу.    Мысалы:  Сағитты  мен  сол  Жоламанның  үйінде 

кездестірдім (С. М., «Ботагөз»).  2. Сатылай меншіктеу. Мысалы: Жалғыз прокат цехының 

корпусының өзі он алты мың сегіз жүз шаршы метр жер алады (И. Шухов,  «Теміртау»)» 

деп  жазса  [4,  87-88  бб.],  ал  ғалым  С.Исаев  ілік  септігінің  білдіретін  грамматикалық 

мағыналарын атап өтеді, «Ілік септігі білдіретін меншіктілік мағынаның» әр түрлі болып 

келетіндігін айтады [5, 37 б.].  

Көне түркі жазба ескеркіштерінде бұл септікте тұрған сөз заттың, қимылдың біреуіне 

тән екенін, қатысты екенін білдіреді де, екінші бір сөздің тәуелдік жалғауда тұруын қажет 

ететіндігі көрініп тұрады. Мысалы: Тәңірімнің бітігі – Тәңірімнің жазғаны. Менің өзім – 

Менің  ӛзім.  Оларның  тамшыны  –  олардың  қашқаны.  Қанның  йарлыңы  –  Ханның 

жарлығы. Яғни мұнда да меншіктеу мағынасы байқалады [6, 106 б.]. 

Жоғарыда  көрсетілген  пікірлерге  қатысты  зерттеуші  Г.  Сарсеке  «  ...  меншіктеу  ілік 

септігінің  жалғыз  тұрғанда  білдіретін  мағыналары  емес,  тәуелдік  жалғаулы  сөзбен 

тіркесуінен  туған  мағыналар.  Меншіктеу  мағыналарының    түрлеріне  біз  тағы  мынадай 

мағыналарды  қосар  едік:  мезгіл  (ағалардың  өткені,  шөптің  биылғысы,  жаздың  күні, 

күндердің  күні),  мекен  (Әулиекөлдің  беті,  сарқыраманың  тұсы,  қарағайдың  арасы, 

баланың  жас  кезі),  себеп  (баланың  балалығы,  істің  шалалығы)»  деген  мағыналық 

жақтарын көрсетеді [2, 225 б.].   

Қазіргі  қазақ  тілінде  ілік  септігінің  қолданыстағы  мағыналық  сипатын  былайша 

топтастыруға болады:  



Ілік    септігі 

 

Бір нәрсе тиесілі жақ тұлға 

Дастанның машинасы бар. Мынау ағамның үйі 

Жыл мезгіліндегі ай және жыл 

Бүгін 2006-шы жылдың 15 наурызы; 



Әрекет немесе оқиға 

Бұл 1986-ші жылдың  16 желтоқсанында болған 



Анықтауыш 

Бұл қазақ тілінің оқулығы 



Меншікті заттың иесі 

Ақанның әні 



Туыстық қарым-қатынас 

Баланың апасы 



Органикалық, табиғи меншіктілік  

Таудың басы 



Сапалық меншіктілік 

Қыздың сұлуы 



Заттың біреуге тәуелділігін білдіреді 

(посесив) 

Мынау ағамның үйі. Ақан серінің Құлагері 



Заттың (жақ, тарап) анықтамасы 

Мынау – қаланың орталығы. Мынау 

Қазақстанның рәміздері 

Бүтіннің бӛлшегі 

Қауынның бір тілігі. Алманың бір бөлігі. 

Романның бірінші тарауы, Екінің бірі 

Субъектіні толықтыру 

Менің атам келді 



Объектіні толықтыру  

Кітаптың мұқабасы тозған 



Мекендік мағына 

Әулиекөлдің беті, сарқыраманың тұсы 



Себептік мағына 

Баланың балалығы, істің шалалығы 

[8, 10 б.].         

Қорыта  айтқанда,  қазіргі  тілімізде  жеті  септік  бар  екені  баршамызға  белгілі.  Атау 

септігінен  басқа  септік  жалғауларының  өздеріне  тән  грамматикалық  көрсеткіштері  бар.  

Яғни, әр септіктің білдіретін мағыналары және соған сәйкес грамматикалық көрсеткіштері 

болады.  Атау  септігі  айтып  өткеніміздей,  тек  зат  есімнің  негізгі  және  туынды  түбір 

тұлғасында  жұмсалса,  ілік  септігі  етістіктермен  тікелей  байланыспай,  тек  тәуелдік 

жалғаулы есім сөздермен байланысады.  

  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Інжу-маржан,  2007. – 390 

б. 


2.  Сәрсеке  Г.  Грамматикалық  септіктердің  қызметі  мен  қолданысы  //  Қазақстан  жоғары  

мектебі. – Алматы, 2003. −№2. (223-230). 

3.  Хасенов  Ә.  Тіл  білімі:  Оқу  құралы,  3-басылуы.  –  Алматы:  Санат,  2003.  

 



416 б.

 

4. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 



320 б. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал