Ақтау қаласы



жүктеу 40.83 Kb.

Дата03.02.2017
өлшемі40.83 Kb.

Қазақстан Республиқасының  Білім және ғылым министрлігі 

Ш. Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технологиялар және 

инжиниринг университетінің кітапханасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қашаған Күржіманұлының 170 жылдық мерейтойы қарсаңында 

жарық көрген «Қайыртпай кеткен Қашаған» кітабына және Қашаған 

Күржіманұлы шығармаларының қазіргі жыршылар орындауындағы 

CD-нұсқасына және үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) «Қашаған» 

шығармаларына б и б л и о г р а ф и я л ы қ   ш о л у. 

 

 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ақтау қаласы 

УДК 821.512.122  

ББК 84 Қаз Қ23 

 

Қайыртпай 



кеткен 

Қашаған: 

Ӛлеңдері, 

термелері  мен  толгаулары,  айтыстары  мен  сӛз 

қагысулары, 

жыр-дастандары. 

Алматы: 


"Жазушы", 2011.- 432 б. 

Бұл  кітапқа  қара  домбырасын  қолға  алып, 

халқының  мұңын  толғаған  қасиетті  Қашағанның 

жырларымен  бірге  ғұмырына  қатысты  түрлі 

мағлұматтар жинақталған. 

 

 



АЛҒЫ СӨЗ 

Сүт  үстінде  ғұмыр  кешіп,  мұздай  темір 

кұрсанған  біздің  бабаларымыз  Сӛзден  асқан  қару 

жоқ  деп  санапты.  Сірә,  қылыш  азар  болса  етіңе 

ӛтер,  сӛз  сүйегіңе  кетер  деп  топшыласа  керек.  Шындығында  да  солай.  Бір  ауыз  сӛз 

жүректі қалай жаралайды?! Бір ауыр сӛз сүйекке қандай таңба?! Салмағы қорғасыннан 

да зілдей сӛзді айтатын ауыз ғана айтпай ма?  Оны кім кӛрінген айта салмайды, ӛзінің 

иесі бар. Ақынын ардақтаған халық оның сӛзін де салмақтайды. Тарихта қандай билік 

иесі  болмасын  Сӛз  иесінен  алшақтамаған.  Атақты  Шыңғысханның  алдында  да  тілі 

мүдірмеген  Кетбүға,  Токтамысқа  толғау  айтқан  Сыпыра  жырау,  Есім  ханға  кеңес 

берген Жиембет жыраулар мүның дәлелі. Осы ұлы жыраулар кӛшін жалғастырушы, ӛз 

заманының айрықша талантты ӛкілінің бірі - Қашаған жырау. 

Мен үшін жыр таңсық дүние емес болатын. Бесіктегі әлдиінің ӛзі бір толғау Сыр 

елін - Жыр елі демей ме? «Шахнаманы» сарнатқан жыраулық мектепті бір кісідей кӛріп 

ӛстік.  Елбасы  сенім  білдіріп,  Маңғыстау  ӛңіріне  кызметке  келген  кезімнен  бастап-ақ, 

бүл  елдің  дәстүрлі  ән-жыры,  күй  мұралары  менің  кӛңіліме  ерекше  қызығушылық 

оятты.  «Жеті  қайқының  әндері»,  «бес  жүйріктің  жырлары»  деп  халықтың  жадында 

әбден  сараланып  сіңісті  болған,  ӛзіндік  мақам,  ӛзіндік  бір-бір  мектепке  айналған 

шығармаларды құлақ құрышын  қандырып тыңдап қалуға, авторлары туралы барынша 

естіп білуге құмарлық оянды. 

Ежелгі гректердің Гомер поэмаларын жатқа соғатын рапсодтары, элиндік аэдтер, 

ағылшынның  бардтары,  француздың  трубадуры,  немістің  минезингерлері,  орыстың 

скоморохы, гусляры, украиналық бандуршы, кобзарьлар, молдаван мен беларустардың 

лирниктері, қавқаздың гусандары мен ашұқтары, түрікменнің бахшылары, қырғыздың 

жомықшысы...  Бұл  кӛштің  қатарында  қазақтың  жыршы-жырауы  да  бар.  Қазақ  жыры 

әлемдік  мәдениеттің  тӛрінен  ӛз  орнын  әлдеқашан  сайлап  қойған,  бірақ  әлі  құтты 

орнына  қонбағандай  болады  да  тұрады.  Бағзы  Шығыс  елдерінен  кәсіби  саз  ӛнерінің 

алғашқы  іздерін  мамандар  Конфуций  жазған  дейтін  «Шицзин»  саз  кітабына  сүйеніп 

Қытайға  телиді.  Ырғақты  жырлар  туралы  біздің  әрамызға  дейінгі  2  мыңжылдыққа 

жататын  Үндінің  «Ригведасында»  кӛрініс  тапқан.  XI  ғасырдағы  князь  Ярослав 

кезеңінде  кұрастырылған  орыстардың  атақты  Дала  кітабында  «Русь  жерінде  періште 

сипат ғажап ән басталды» деп хатқа түскен. Ең жақыны кӛршілес қырғыздың Манасы 

тағы  бар.  Ал,  сонда,  таңды  таңға  косып  жырлаған,  «алты  күн,  алты  түн  жырлағанда 

шілдеде жерге қырбық қар түсірген» деп аңызға айналған жыршылықты, Мұрын жырау 

Алматыға  Маңғыстаудан  ат  шаптырып  барып,  алты  ай  жатып  тауыса  алмай  қайтқан 

«Қырымның  қырық  батыры»  секілді  орасан  эпиқалық  мұралар  туғызған  жыраулықты 

біз  осы  уақытқа  дейін  ғылымның  әділет  кӛзінен  тыс  қалай  жасырып  келгенбіз?  Бұл 

Әбіш  аға  Кекілбайұлының  сӛзімен  айтқанда  «тек  біздің  ғана  қолымыздан  келетін 

қырсыздық».  Бұлайша  ӛкініш  білдіруіміздің  ӛз  жӛні  бар.  Жыраулар  елі  саналатын 


Маңғыстаудың жыр мұралары туралы біз тамсана тыңдап, таңырқай айтып қана келеді 

екенбіз.  Маңғыстау  қазақтарының  жыршылық  мектебі  дегенде  ӛнерсүйер  қауымның 

баршасы  жақсы  лебізде.  Алайда  оны  орындаушылық  тұрғыдан  кәсіби  оқыту  әдістері, 

ғылыми  зерделеу,  әдеби  айналымға  енгізу  шаралары  кӛңіл  кӛншітерлік  емес.  Соңғы 

кездері  қорғалған  бірлі-жарым  қандидаттық,  докторлық  жұмыстар  мен  кеңестік 

кезеңнің  цензура  қайшысымен  қырқылған  екі-үш  кітапқа  ғана  қанағат  етіппіз.  Бір 

кездері ас-жиынның кӛркі болған жыршы жырауларымызды кәсіби сахнаға икемдеу де 

ойланатын  жәйт.  Ӛйткені  жыршының  рӛлін  түскен  келіннің  бетін  ашу-иісі  адам  деп 

қана  қабылдайтын  кезге  келдік.  Қалай  болғанда  да  ӛнер  -  ӛміршең,  ӛнер  -  мәңгілік! 

Құдіреті  күшті  Сӛз бен  ғажап  Сазды  биік парасат  пен  тұнық  сезімге,  терең  пәлсапаға 

үйлестірген  қазақтың  жыршысы  бойындағы  талантын  жаңа  уақыт  талабына  сай 

қапысыз  сомдай  білуі  шарт.  Мені  мұндай  ойға  әкелген  де  қызмет  барысымен 

Маңғыстаудың кияндағы әр ауыл-аймағын аралағанда кӛрген, тыңдап, тамсанған ғажап 

жырлар  екені  сӛзсіз.  Қазынасын  қара  жерінің  бауырына  жасырған  Маңғыстаудың 

әсіресе  мол  байлығы  қара  домбыраның  кӛмейінде,  қарттарының  кӛкірегінде 

сақталыпты. Сондай кенен қазынаның кемел иесі де осы Қашаған екенін кейін білдім. 

Елмен,  жермен  таныса  келе  облыс  орталығындағы  Қашағанға  койылған  ескерткіштің 

сондай  қуатты  ой,  асқақ  ӛнер  иесінің  жан-дүниесін  жеткілікті  аша  алмай  тұрғанын 

аңдыдық.  Бастаған  алғашқы  жұмыстарымыздың  бірі  де  осы  Қашаған  ақыннын 

ескерткіші  болыпты.  Кеңестік  режимнің  тиымын  кӛп  кӛрген  де  ақын  -  жыраулар 

мұралары. Әсіресе, «тексіз ӛскен тарпаң» ӛлкенің халқы қандай кӛп қорлық кӛрсе дәл 

сондай  зорлық-ты  Маңғыстаудың  әдеби  мұралары  да  шеккен  екен.  Әлі  күнге  бас 

газеттеріміздің  ӛзі  Қашаған  ақынның  тегін  дұрыс  жаза  алмауы  осының  салдары.  Әлі 

күнге Қашаған жырларын кең ауқымда насихаттау, танытудың кемдігі осының кері. 

Біз бұған дейін сыңаржақ пікір, тарихи әділетсіздік болып келген Адай кӛтерілісі 

құрбандары  мен  жапа  шегушілеріне  арналған  екі  томдық  зерттеу  кітабын  оқырман 

қауымға ұсындық. Енді осы істің заңды жалғасы, әрі жүйелі шарасы болып саналатын 

«Маңғыстау  мұралары»  жобасын  қолға  алып  отырмыз.  Бүгінгі  қолдарыңызға  тиіп 

отырған  «Қайыртпай кеткен Қашаған» кітабы осы іргелі жобаның бастамасы іспеттес. 

Әрі  дүниеге  келгеніне  170  жыл  толып  отырған  ұлы  жыраудың  рухы  алдында  бүгінгі 

ұрпақтың парыз кызметі болсын дедік. Бастауын жыр топаны Қашағаннан алған жоба 

одан  әрі  «Тіл  таңбалы  адайдың  ақындары»  деп  жалғаспақ.  Орайы  келгенде 

ұсынысымызды  қабылдап,  кӛз  майын  тауысып,  маңғыстаудың  арғы-бергідегі  ӛткен 

айтулы  ақын-жырауларының  мәйекті  дүниелерін  асқан  ыждаһаттылықпен  жинап, 

екшеп,  жүйелеп,  кешенді  ғылыми  жұмыс  атқарған  Жетібай  Жылқышыұлы  ақсақал 

бастаған  шығармашылық  алқа  жұмысына  да  ризашылық  білдіремін.  Бұл  еңбектердің 

қазақ  руханиятына,  ұлттық  әдебиетімізге  Тәуелсіз  мемлекетіміздің  20  жылдығы 

аясында барша маңғыстаулықтардың қосқан ерекше елеулі үлесі боларына сенемін. 



 

 

Құрметпен, жоба жетекшісі 

Маңғыстау облысының әкімі    

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ 

 

 

ББК84 (5Қаз – Рус)-7 

Қ23 

Қашаған – Қашаган – Kashagan. 

-Алматы,  2011.  –  48б.  –  қазақша, 

орысша, ағылшынша. 

Бұл  шығарылым  Қашаған  кен 

орнына аты беріліп отырған Қашаған 

ақынның  170  жылдығына  арналған. 

Осы  қуаныштың  құрметіне  орай 

«Порт  Қаспиан  Оперейтинг  Компани 

Б.В.»  (НКОН)  ақынның  таңдамалы 

ӛлеңдер  жинағын  басып  шығарды. 

Оның  шығармалары  қазақ  елінің 

рухани  және  тарихи  құндылықтарын 

толықтай  ашып  ӛрсете  отырып, 

Маңғыстау жерінде ӛмір сүрген кӛшпенділердің тұрмыс салты туралы мәліметтер алуға 

болады.  Бұл  кітап  оқырманды  ақынның  ӛмірі  мен  кӛшпенді  халықтың  ерекше 

қасиеттері және бай мәдениетімен толықтай танысуға мүмкіндік береді.  

 

 



 

 

 



 

Бұл  диск  дүлдүл  ақын  Қашаған  Күржіманұлының  дүниеге  келгеніне  170  жыл 

толуына арналады. 

     Күржіманұлы  Қашаған  жыраудың  шығармалары  Маңғыстаулық  жыршылардың 

орындауында: 

 

1.



 

 «Адай тегі» дастаны 

Амандық КӚМЕКҰЛЫ 

2.

 



 «Сақыпқа айтқаны» 

Мақсат АЯПОВ 

3.

 

 «Кӛрпе Оразмағамбет ахунға»  Арғын БИСЕНОВ 



4.

 

 «Есқали сұпыға айтқаны» 



Елдос ЕМІЛ 

5.

 



 «Нұрым мен Қашаған» 

Ақылбек ТАСҚАРАҰЛЫ 

6.

 

 «Тойбастар» 



Болат БИСЕНҚҰЛ 

7.

 



 «Байұлы, шаршың толғасын» 

Бауыржан ЕРМАШ 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал