Аталған дипломдық жобада қазіргі уақытта кең тараған гаджеттерден



жүктеу 0.92 Mb.

бет1/6
Дата22.04.2017
өлшемі0.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

 

 

 

АҢДАТПА 

 

 

Аталған  дипломдық  жобада  қазіргі  уақытта  кең  тараған  гаджеттерден 



бөлінген  электромагниттік  толқындардан  адам  өміріне,  қоршаған  ортаға 

қаншалықты зиян келетіні туралы зерттелген. 

 

Жобада 


жалпы 

электромагниттік 

өріс 

жайында 


мағлұмат 

қарастырылған  және олардан қорғанудың бірнеше әдісі айтылған. Жобаның 

мақсаты электромагниттік өрісті қолданатын сан алуан техниканың біздерге 

қаншалықты зиян екенін зерттеу. 

 

Жоба  барысында  ұялы  телефоннан  шыққан  электромагниттік  өрістен 



қорғайтын  құрылғыны  алып,  елімізде  қолдануға  экономикалық  есептеулер 

жүргізілген. Есептік бөлімде ұялы байланыстың базалық станциясын белгілі 

бір  жерге  орнатып,  оның  іргелес  жатқан  аймаққа  тигізетін  зияны 

есептелінген. 

 

АННОТАЦИЯ 

 

 

В  данном  дипломном  проекте  исследовано  вред  электромагнитных 



волн современных гаджетов на человека и окружающую среду.  

 

В  проекте  собрано  информации  об  общее  электромагнитное  поле  и 



приведены  несколько  примеров  защиты.  Цель  проекта  исследование 

насколько  наносит  вред  разные  техники  использующее  электромагнитное 

поле. 

 

А так же приведены экономические расчеты на использование прибора 



защиты  от  электромагнитных  полей  сотовых  телефонов.  В  расчетной  части 

расчитан  вред  базовой  станций  сотовой  связи  на  данном  расположенном 

месте. 

 

ABSTRACT 



 

 

In project investigating damages of electromagnetic waves for life of human 



and environment from widespread gadgets. 

 

Generally  speaking  about  electromagnetic  waves  and  some  methods  of 



guarding against them. Target of project investigating usage of some techniques of 

electromagnetic range and some damages for us.  

 

During the project founding the mechanism of defence from electromagnetic 



range at mobile phones. In calculating part basic station of mobile communication 

have ascertain and damage for neighbour parts.  



 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

 

 

КІРІСПЕ 



1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

1.1 Электромагниттік өрістің жалпы сипаттамасы 



1.2Электромагниттік  сәулелену  көздері.  Радиожиілік  және  аса  жоғарғы 

жиілік                                                                                                            

1.3 Ұялы байланыс                 

 



12 

14 


1.3.1 Ұялы телефонның кері әсері                                                                  

16 


1.3.2 Оқушыға ұялы телефон ұстауға қатысты пікірлер      

18 


1.4 Табиғи электромагниттік өріс                             

20 


1.5 Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, 

олардың еңбек жағдайы 

 

22 


1.5.1 Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері                  

23 


1.5.2 Емдеуі                                                                                                   

1.5.3 Профилактикасы                                                                                        

1.6 Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері        

 1.6.1 Клиникасы                                                                                         

1.6.2 Алдын алу                                                                                          

23 


24 

24 


26 

29 


2. ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ                   

30 


2.1 Радиотехникалық нысанға іргелес аймақтың ТРТН тудыратын 

электромагниттік өріс деңгейін есептеу                                                         

 

30 


2.2 Есептеу әдістемесі                                                                     

30 


2.3 Есептеу нәтижесінің қорытындысы                                          

63 


3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ                                                         

64 


3.1 Зерттеудің жалпы сипаттамасы                      

64 


3.2 БИЗНЕС ЖОСПАР 

67 


3.3 Капитал шығындарын есептеу 

68 


3.4 Айлық/жылдық эксплуатациялық шығындарды анықтау 

69 


4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 

72 


4.1  Электромагниттік  сәулелердің  жұмысшы  ағзасына  әсерін 

бәсеңдету бойынша іс-шараларды жасау                         

 

72 


4.2 Зерттеу нәтижелері                                       

 

82 



ҚОРЫТЫНДЫ 

84 


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

85 


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 

86 


А ҚОСЫМШАСЫ 

Ә ҚОСЫМШАСЫ 

Б ҚОСЫМШАСЫ 

88 


89 

90 


 

 

 



 

КІРІСПЕ 

 

 

Электромагниттік  сәулеленуді  көзбен  көру  мүмкін  емес,  ал  елестету 

оны  қиын,  сондықтан  қарапайым  адам  одан  қорғанбайды  десек  те  болады. 

Егер жер жүзіндегі барлық құрылғы шығаратын электромагниттік сәулелену 

әсерін қоссақ, ол кезде Жер бетіндегі табиғи геомагниттік өріс миллиондаған 

есеге  асып  кетер  еді.Электромагниттік  ластанудың  масштабы  жер  бетінде 

көбейіп келе жатқандығы соншалық, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 

бұл проблеманы адам өміріндегі өзекті мәселе ретінде қарастырып отыр.  

Әрине,  қазіргі  дамыған  заманда  біздің  «көмекшіміз»  болып  кеткен 

электр  құрылғыларсыз  өмірімізді  елестету  қиын.  Бірақ  техникалар  адам 

өмірінде  ерекше  орын  алатындығы  соншалық,  тіпті  олардың  зиян  жақтары 

бар екенін біліп тұрсақ та одан бас тарта алмаймыз. Бұл дипломдық жобаның 

негізгі  мақсаты  күнделікті  қолданып  жүрген  гаджеттеріміз  бен  бізге 

уақытында  хабар  таратып  тұратын  сан  алуан  құрылғылардан  шыққан 

электромагниттік өрістің қаншалықты зиян екенін зерттеу.  

Осы  заманғы  радиоэлектрониканың  өте  қарқынды  енуі,  оның  ішінде 

әртүрлі  радиолокациялық  жүйенің  және  қондырғылардың  орналасуы,  оны 

пайданушылар  кеңістігін  кеңейтті,  олар  радио-толқынның  аса  жоғары 

жиіліктегі  (АЖЖ)  диапозонды  әрекетке  көшті.  Осындай  көрсетілген 

физикалық  әсер  факторы,тек  мамандарға  ғана  емес,  АЖЖ-к  генераторы 

өрістік  қызметімен  шұғылданатындар  және  кейбір  тікелей  қатнасы  жоқ 

адамдар да техникалық жабдықтарымен жұмыс атқаруда. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

 

 

 



1.1 Электромагниттік өрістің жалпы сипаттамасы 

 

 



Әр түрлі өнеркәсіп пен энергетиканың дамуына байланысты заманауи 

жағдайлардағы  ғылыми-техникалық  прогрессте  электромагниттік  сәулелену 

өзінің  экологиялық  және  өнеркәсіптік  маңыздылығы  бойынша  басқа 

қоршаған  ортадағы  факторларлар  арасында  алдыңғы  қатарлардың  бірінде 

тұр.  Жалпы  электромагниттік  фон  табиғи  сәулелену  көздерінен  құралады: 

Жердің,  атмосфераның  электрлік  және  магниттік  өрістерінен,  күннің  және 

галактиканың  радиосәулеленуінен  және  жасанды  (антропогенді)  сәулелену 

көздерден:  телевизия  және  радиостанция,  электр  беру  желілері,  электр 

тұрмыс  техникалары  және  баскалар.  Табиғи  электромагниттік  фонның 

деңгейі кей жағдайда антропогендік көздердің шығаратын электромагниттік 

сәулелердің  деңгейінен  бірнеше  есе  төмен  болады.  Ғарыштық,  жер 

төңірегіндегі  және  биосфералық  кеңістіктегі  электромагниттік  сәуленің 

жердегі өмір процесін жалғастыру үшін санаулы ғана мәні болады және оны 

биологиялық мөлшер (биологическая значимость) деп те атайды.  

 

Электромагниттік  өріс  деп  отырғанымыз  -  бұл  зарядталған 



бөлшектердің  өзара  әрекеттесуі  арқылы  жүзеге  асатын,  материяның  ерекше 

формасы.  Өзара  байланысқан  айнымалы  электр  өрісі  және  магнит  өрісін 

көрсетеді. Электр Е және магнит Н өрістерінің өзара байланысы, ол біреуінің 

қандайда  бір  өзгерісі  келесі  өрісті  тудырады:  жылдам  қозғалыстағы 

зарядтардан  туған  айнымалы  электр  өрісі,  өз  кезегінде  іргелес  кеңістікте 

жатқан айнымалы электр өрісін қоздыратын, көршілес кеңістіктегі айнымалы 

магнит  өрісін  туғызады  тағы  сол  сияқты.  Осылайша,  электромагнит  өрісі 

кеңістіктегі  бір  нүктеден  екінші  нүктеге  электромагниттік  толқын  түрінде 

жайылады.  Электромагнит  өрісі  вакуумде  электр  өрісі  Е  және  магнит 

индукцмясы  В  кернеулігімен  сипатталады.  Электромагнит  өрісі  ортада  екі 

қосымша  мәнмен  сипатталады:  магнит  өрісі  Н  кернеулігімен  және  электр 

индукциясымен D. Электромагнит өрісі компоненттерінің зарядтармен және 

токтармен байланысын Максвелл теңдеуінен көруге болады.  

 

Электромагниттік  толқындар  ортаға  байланысты  кеңістікте  ақырғы 



жылдамдықпен таралынатын электромагниттік тербелісті көрсетеді. 

 


 

 

1.1 Сурет - Электромагниттік толқындар 



 

 

Электромагниттік  толқындардың  бар  екенін  ағылшын  физигі 



М.Фарадей  1832  ж.  айтқан  болатын.  Ал  басқа  ағылшын  ғалымы  Дж. 

Максвелл, 1865 жылы электромагниттік толқын кеңістікте шектелмей, шығу 

көзінен  жан-жаққа  жайылатындығын  теория  жүзінде  көрсетті.  Максвеллдің 

теориясы  радиотолқын,  оптикалық  сәулелену,  рентген  сәулелері,  гамма-

сәулелердің  сипаттауына  жол  ашты.  Бұл  барлық  сәулелену  түрлері  бір-

бірімен  табиғаты  ұқсас,  өздеріне  тән  әр  түрлі  толқын  ұзындығы  бар  λ 

электромагниттік  толқындар  екені  анықталды.  Бұлардың  әрқайсысы  кесте 

бойынша өзінің анықталған орындары бар (2-сурет). 

 

 

 



1.2 Сурет - Электромагниттік толқынның шәкілі (шкала)  

 

 



Электромагниттік толқынның әр түрлі диапазондағы толқын ұзындығы 

басқа заттармен әр түрлі әсерлесетінін көрсетеді. Ең ұзынынан инфроқызыл 

сәулеге  дейінгі  барлық  электромагниттік  толқындардың  сәулелену  процесін 

және  жұтылуын  классикалық  электродинамиканың  өзара  қатынасымен 

көрсетуг 

болады. 


Электромагниттік 

толқындар 

радиобайланыста, 

радиолокацияда,  телевидениеде,  медицинада,  биологияда,  физикада, 

астрономия  және  басқа  да  ғылым  мен  техникада  кеңінен  қолданылады. 

Радиожиіліктер  және  тым  жоғары  жиіліктер  1  Гц-тен  300  ГГц-ке  дейінгі 



жиілік диапазонында электромагниттік сәулелену спектрінің құрамдас бөлігі 

болып  табылады.  Электромагниттік  сәулеленудің  негізгі  параметрлері 

толқын  ұзындығының  кері  тәуелділігіне  байланысты  (толқындардың  ауада 

таралуы үшін), жиілік (f) және толқын ұзындығы (λ) болып табылады:  

 

f = с/ λ                                                         (1.1) 



 

 

мұндағы: с-жарық жылдамдығы. 



 

Электромагниттік  сәулеленудің  тербеліс  жиілігі  Герцпен  (Гц) 

өлшенеді:  1  килогерц(кГц)= 

  

 



  Гц,  1  мегагерц  (МГц)=

   


 

  Гц,  1  гигагерц 

(ГГц)=

   


 

 

Гц.  Радиожиіліктер  және  тым  жоғары  жиіліктердің 



классификациясы  1  -  кестеде  көрсетілген.  Практикада  электромагниттік 

жағдайды  бағалағанда  көбіне  тебеліс  жиілігін  немесе  толқын  ұзындығын 

бөлек ескереміз.  

 

 



1.1 К е с т е   –   Өнеркәсіптік жиіліктегі электромагниттік сәулеленулер 

Жиі


лікті 

диап


азон 

Жиіл


іктер 

Жиілік атауы 

Толқы

н 

ұзынд



ығы 

Толқын атауы 

халықаралық 

Гегиенитикал

ық практикада 

қабылданған 

халықар

алық 


Гегиенитика

лық 


практикада 

қабылданған 

-- 

>3 


Гц 

және 


төме

н 

жоқ 



ИДЖ 

(инфр


адыб

ыстық 


жиілік

РЖ 



(ради

ожиіл


іктер) 

10 км 


және 

көбіре


к 

жоқ 


жоқ 

> 3-



30  

Гц   


ТТЖ (тым 

төменгі 


жиілік) 

< 10

  



 

  

км  



Дека 

метрлік 


жоқ 

> 30



‐ 

300 


Гц  

АТЖ (аса 

төменгі 

жиілік) 


ДЖ 

(дыбы


стық 

жиілік




  

 



 

‐ 

  



 

км

  



Мега 

метрлік 


жоқ 

> 0,3



‐3  

кГц   


ИТЖ 

(инфратөме

нгі жиілік) 

  

 



 

‐ 

  



 

 к

м  



Гекто 

метрлік 


жоқ 

> 3



‐3

0  


кГц   

ӨТЖ (өте 

төменгі 

жиілік) 


< 100

10  



км  

Мериа 


метрлік 

жоқ 


 

 

 



1.1

 

кестенің жалғасы 

Жиіл


ікті 

диап


азон 

Жиіл


іктер 

Жиілік атауы 

Толқы

н 

ұзынд



ығы 

Толқын атауы 

халықаралы

қ 

Гегиенитикал



ық практикада 

қабылданған 

халықар

алық 


Гегиенитика

лық 


практикада 

қабылданған 

> 30


‐ 

300 


к 

Гц 


ТЖ (төменгі 

жиілік) 


ЖЖ 

(жоғар


ғы 

жиілік) 


 

< 10

‐1

  км  



Кило 

метрлік 


ҰТ (ұзын 

толқындар) 

> 0,3


‐3  

МГц 


ОЖ (орташа 

жиілік) 


< 1

‐0,


1  км  

Гекто 


метрлік 

ОТ (орташа 

толқындар) 

> 3



‐3

0  


МГц 

ЖЖ 


(жоғарғы 

жиілік) 


< 100

10  м   



Дека 

метрлік 


ҚТ (қысқа 

толқындар) 

> 30


‐ 

300  


МГц 

ӨЖЖ (өте 

жоғарғы 

жиілік) 


УЖЖ 

(ультра


жоғарғ

ы 

жиілік) 



< 10

‐1

 м 



метрлік  УҚТ 

(ультрақысқа 

толқындар) 

> 0,3



‐3  

ГГц  


УЖЖ 

(ультражоға

рғы жиілік) 

 

 



АЖЖ (аса 

жоғарғы 


жиілік) 

< 1

‐0,


1  м  

Деци 


метрлік 

МКТ (микро 

толқындар) 

10 


> 3

‐3

0  



ГГц  

АЖЖ (аса 

жоғарғы 

жиілік) 


10

‐1 с


м  

Санти 


метрлік 

11 


> 30

‐ 

300Г



Гц 

ТЖЖ (тым 

жоғарғы 

жиілік) 


< 10

‐1

  мм  



Милли 

метрлік 


 

 

Электротүтінді  (электросмоговые)  сәулелену  қандай  да  бір  айрықша 



сәулелік фактор болып саналмайды, ол аса төменгі жиілік (АТЖ) - 50/60 Гц 

диапазонындағы кездейсоқ жағдайы болып табылады.  

 

Электр  өрісі  –  электрмагниттік  өрістің  дербес  бір  түрі.  Ол  электр 



зарядының  айналасында  немесе  бір  уақыт  ішіндегі  магнит  өрісінің  өзгерісі 

нәтижесінде пайда болады. Электр өрісіннің магнит өрісінен өзгешелігі – ол 

қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Э. ө-нің бар 

екендігін  оның  қозғалмайтын  зарядқа  әсер  ететін  күші  бойынша  байқауға 

болады.  Электр  өрісінің  кернеулігі  –  Э.  ө-нің  сандық  сипаттамасы  болып 

табылады. 



 

Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен 

денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е). Ол электр өрісінің 


белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің (F0) 

сол зарядтың шамасына (q0) қатынасына тең:  

 

E0=F0/q0                                                    (1.2) 



 

 

Бұл  жерде  зерттелетін  өріске  әкелінген  зарядтың  шамасы  (q0)  сол 



өрістің  жасайтын  зарядтардың  шамасы  мен  олардың  кеңістікте  тарала 

орналасуын  өзгертпейтіндей,  мейлінше  аз  деп  қарастырылады.  Электр 

өрісінің  кернеулігінің  бірліктердің  халықаралық  жүйесіндегі  өлшеу  бірлігі: 

в/м. 


 

Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті 

бар  денелерге  (олардың  қозғалыстағы  күйіне  тәуелсіз)  әсер  ететін  күштік 

өріс.  Магнит  өрісі  магниттік  индукция  векторымен  (В)  сипатталады.  В-ның 

мәні  магнит  моменті  бар  қозғалыстағы  электр  зарядына  және  денелерге 

өрістің  берілген  нүктесінде  әсер  етуші  күшті  анықтайды.  “Магнит  өрісі” 

терминін 1845 ж. ағылшын физигі М. Фарадей енгізген. Ол элетр өзара әсер 

сияқты магнит өзара әсер де бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп 

санаған.  Электр-магниттік  өрістің  классикалық  теориясын  Дж.Максвелл 

жасаған  (1873),  ал  кванттық  теориясы  20  ғасырдың  20-жылдары  жасалды 

(Өрістің  кванттық  теориясы).  Макроскоп.  Магнит  өрісінің  көздері  — 

магниттелген  денелер,  тогы  бар  өткізгіштер  және  қозғалыстағы  зарядталған 

денелер.  Бұл  көздердің  табиғаты  бір:  Магнит  өрісі  зарядталған 

микробөлшектердің  (электрон,  протон,  ион),  сондай-ақ,  микробөлшектердің 

меншікті  (спиндік)  магнит  моменті  болуының  нәтижесінде  пайда  болады 

(Магнетизм). Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит 

өрісінің  уақыт  бойынша  өзгерісі  нәтижесінде  пайда  болады.  Электр  және 

магнит  өрістері,  олардың  бір-бірімен  өзара  әсерлері  Максвелл  теңдеуімен 

толық сипатталады. Магнит өрісініңкернеулік (Н) мен магнит индукциясы(В) 

—  өрістің  күштік  сипаттамасы.  Кернеулік  векторы  өріс  пайда  болған  орта 

қасиетіне  тәуелсіз  шама  болса,  индукция  векторы  қарастырылатын  денедегі 

қорытқы  өрісті  сипаттайды.  Сондай-ақ,  индукция  векторы  магнит  өрісінде 

қозғалған  зарядқа  әсер  ететін  күшті,  магнит  моменті  бар  денеге  магнит 

өрісінің  тигізетін  әсерін,  өріс  тарапынан  байқалатын  басқа  да  әсерлерді 

анықтайды. 

 

 



1.2 Электромагниттік сәулелену көздері. Радиожиілік және аса жоғарғы 

жиілік 


 

 

Радиожиілік  және  аса  жоғарғы  жиілікті  электромагниттік  сәулелерді 



шығару  көздері  болып  адам  қажеттілігіне  жасалған,  әр  түрлі  сферадағы 

құрылғылар  мен  бұйымдар  болып  табылады.  Осы  негізгі  құрылғылардың 

көбінде  электромагниттік  сәулеленудің  физикалық  қасиеттері  қолданылады: 

кеңістікте  жайылу  және  сыну,  материалдарды  қыздыру,  заттармен  өзара 

әрекеттесу және т.с.с., сонымен қатар электромагниттік сәулелерді кеңістікке 


таратуға  арналмаған,  басқа  да  өзгеше  жұмыстарды  жасауға  арналған,  бірақ 

зиянды  электромагниттік  сәулелерді  шығаратын  құрылғылар  да  кездеседі. 

Радиожиілікті  және  аса  жоғарғы  жиілікті  электромагниттік  сәулелердің 

қасиеті  болып  байланыс  саласындағы  2  шекараны  кеңістікте  жайылу  және 

сыну  арқылы  байланыстыру  болып  табылады  (радио  және  телестанция, 

ретрансляторлар,  радио  және  ұялы  телефондар)  және  радиолокациялар  (әр 

түрлі  міндет  атқаратын  радтолокациенды  жиынтықтар,  навигациялық 

құрылғылар).  Радиожиілік  және  аса  жоғарғы  жиілікті  электромагниттік 

сәулелелендірудің мүмкіншілігін әр түрлі техникада материалдарды өңдеуде 

қолдану  үшін  әр  түрлі  материалдарды  қыздыру,  жартылай  өткізгіштерді 

қыздыру  үшін,  синтетикалық  материалдарды  дәнекерлеуге,  азық-түлік 

дайындауда  (қысқа  толқынды  пеш),  медицинада  (физиотерапевттік 

қондырғылар) кеңінен қолданады.  

 

Қысқа  толқынды  пеш  (немесе  аса  жоғары  жиілікті  пеш) 



микротолқынды  немесе  аса  жоғары  жиілікті  сәулелену  деп  те  аталатын 

электромагниттік  сәулеленуді  тамақты  қыздыру  үшін  қолданады.  Қысқа 

толқынды  пештің  жұмыс  жасау  жиілігі  2,45  ГГц-ті  құрайды.  Дәл  осы 

жиіліктен  көп  адамдар  қолқады.  Бірақ  заманауи  қысқа  толқынды  пештерде 

электромагниттік сәулелерді жұмыс аумағынан сыртқа шығармайтындай етіп 

жасаған.  Сонда  да  бұл  электромагниттік  сәулелерді  пештен  сыртқа 

шықпайды  деп  сеніммен  айта  алмаймыз.  Әр  түрлі  жағдайларда 

электромагниттік сәулелердің бөлігі сыртқа шығады, әсіресе есігінің астыңғы 

оң жақ бөлігінен қарқынды шығатыны зерттелген.  

 

Электромагниттік  сәулелерді  кеңістікте  тудыра  алатын  техникалық 



құрылғылар  электромагниттік  сәулелерді  тікелей  шығару  көздері  болып 

саналады.  Бұлар  радиоаппараттарда  антендік  жүйелер,  генераторлы 

лампалар,  фидерлік  тракттермен  дұрыс  жалғанбаған  жерлер,  генераторлық 

шкафтардың 

экрандалған 

аумақтары, 

электронды-визуальды 

құрылғылардағы  ақпарат  көрсету  экрандары;  материалдарды  термоөңдеу 

қондырғыларында-  жұмыс  индукторлары  және  конденсаторлар,  келістіруші 

(согласующие)  трансформаторлар,  конденсатордың  батареялары,  фидерлік 

желілерде экрандалған орындар. 

 

Радиолокационды  станциялар  ережеге  сай  айна  тәрізді  антеннамен 



құрылған  және  «оптикалық  оське»  бағытталған,  сәуле  түріндегі 

тарбағытталған сәулелену диаграммасы болады. Радиолокационды жүйе 500 

МГц-тен  15  ГГц-ке  дейінгі  жиілікте  жұмыс  жасайды,  бірақ  бөлек  жүйелер 

100  ГГц  жиілікке  дейін  жұмыс  жасай  алады.  Олардан  шыққан 

электромагнитті  сигнал  басқа  электромагнитті  сигнал  шығару  көздерінен 

ерекше.  Антенаның  кеңістікте  периодты  түрде  орын  ауыстыруына 

байланысты  кеңістіктегі  үзілісті  сәулеленуге  әкеліп  соғады.  Сәулеленудің 

уақытша  үзілістілігі  радиолакатордың  сәулеленуге  циклдық  жұмысына 

негізделген.  

 

Хабар таратқыш радиоорталықтар өзіне арнайы тағайындалған аймақта 



орналастырылады  және  өте  үлкен  аумақты  (1000  га-ға  дейін)  алып  жатыуы 

мүмкін. Ол өз құрылысына сәйкес, радио-хабар таратқыш тұратын орын және 

бірнеше ондаған антенді-фидерлік жүйе орналастырылатын антенді алаңдары 

бар бір немесе бірнеше нысаннан тұрады. Хабар таратқыш радиоорталықтар 

тудыратын  электромагниттік  сәулеленудің  жағымсыз  әректі  байқалатын 

аймақты шартты түрде 2-ге бөліп қарастыруға болады: 

 

- Аймақтың бірінші  бөлімі- радиохабар таратушы мен антенді-фидерлі 



жүйе  қызметін  қамтамасыз  ететін  барлық  қызмет  орналастырылған    хабар 

тарату  радиоорталық  аймағы.  Бұл  қорғалған  аймақ,  оған  тек  қана 

таратқыштармен,  коммутаторлармен  және  антенді-фидерлі  жүйелермен 

байланысты жұмыс жасайтын профессионалды адамдар ғана жіберіледі.  

 

-  Аймақтың  екінші  бөлімі-  хабар  тарату  радиоорталығымен  іргелес 



жатқан  аймақ,  бұл  жақта  барлығына  рұқсат  етілген  және  мұнда  тұрғын  үй 

салып  адамдар  орналасуға  болады,  бірақ  бұл  аймаққа  орналасқан  халыққа 

сәулелену қаупі төнеді.   

 

Хабар тарату радиоорталықтар орналасқан аймақта, ал кейде аймақтың 



сыртында  да  жоғары  дәрежелі  электромагниттік  толқынның  төмен,  орташа 

және  жоғары  жиілікері  байқалады.  Хабар  тарату  радиоорталықтары 

аймақтарында  электромагнитті  жағдайы  жөнінде  анализ  бойынша  өзіндік 

интенсивтілігі және  әрбір радиоорталықтағы  электромагниттік  сәулеленудің 

таралуына  байланысты  оның  өте  қиын  жағдайда  екенін  көрсетуде.  Осыған 

байланысты  әрбір  хабар  тарату  радиоорталықтарына  жеке-жеке  зерттеулер 

жүргізіледі. 

 

Халық  қоныстанған  жерде  электромагниттік  сәулелену  көзі  болып 



қазіргі  жағдайда  қоршаған  ортаға  аса  жоғарғы  және  ультражоғары 

диапазондағы  ультрақысқа  толқындар  сәулелендіретін  радиотехникалық 

тарату  орталықтары  саналады.    Адамды  және  қоршаған  ортаны  үлкен 

дәрежеде  сәулелендіретін  орта  болып  антен  тірегіші  180  м-ден  аспайтын 

радиотехникалық  тарату  орталығы  орналасқан  аймақ  болып  саналатынын 

көптеген салыстырмалы анализдерден көруге болады. 

 

1.3


 

Ұялы байланыс 

 

 

Ұялы  байланыстың  ең  басты  элементі  болып  ұялы  телефондар 



арасында радиобайланысты орнатып тұратын базалық станциялар саналады. 

Базалық  станциялар  мен  мобильдік  радиотелефондар  ультражоғарғы  жиілік 

диапазонында электромагниттік сәулелендіру көзі болып табылады. Әлемдік 

стандартқа  сәйкес  қазіргі  кездегі  ұялы  радиобайланыс  жүйесіндегі  кейбір 

техникалық сипаттама 1.2 - кестеде көрсетілген.  

 

 



 

 

1.2  К е с т е   –   Ұялы  радиобайланыс  жүйісі  стандартының  қысқаша 



техникалық сипаттамасы 

Стандарт атауы   БС-ның 

жұмыс 


жасау 

жиілік 


диапазоны  

МРТ-ның 


жұмыс 

жасау 


жиілік 

диапазоны 

БС-ның 

максималд



ы 

сәулеленді

ру қуаты  

МРТ-ның 


максималд

ы 

сәулеленді



ру қуаты  

"сот" 


ради

усы 


NMT

‐450  


аналогты  

463 – 467,5 

МГц  

453 – 457,5 



МГц  

100 Вт  


1,0 Вт  

1,0  – 


40 км  

AMPS  


аналогты 

869  –  894 

МГц  

824  –  849 



МГц  

100 Вт  


0,6 Вт  

2,0  – 


20 км  

D

‐AMPS 



(IS

‐136)  


сандық 

869  –  894 

МГц  

824  –  849 



МГц  

50 Вт  


0,2 Вт  

0,5  – 


20 км  

CDMA  


сандық 

869  –  894 

МГц  

824  –  849 



МГц  

100 Вт  


0,6 Вт  

2,0  – 


40 км  

GSM


‐900  

сандық 


925  –  965 

МГц  


890  –  915 

МГц  


40 Вт  

0,25 Вт  

0,5  – 

35 км  


GSM

‐1800 


(DCS)  

сандық 


1805 

– 

1880 МГц  



1710 

– 

1785 МГц  



20 Вт  

0,125 Вт  

0,5  – 

35 км  


 

 

Базалық  станция  өз  аймағындағы  мобильді  радиотелефондарды 



байланыстырып отырады және сигналды қабылдау-тарату режимінде жұмыс 

жасайды.  Стандартқа  тәуелді  базалық  станция  463-тен  1880МГц-ке  дейін 

жиілік  диапазонында  электромагниттік  энергияны  сәулелендіреді.  Базалық 

станция антеннасы жерден 15-100 метр биіктікте тұрғызылған құрылыстарда 

(қоғамдық,  қызметтік,  өндірістік  және  тұрғын  нысандарда,  өнеркәсіптік 

кәсәпорындардың  желдеткіш  құбырларында  және  т.б.)  немесе  арнайы 

тұрғызылған мачтарда қондырылады. Осылардың арасында таратуға (немесе 

қабылдау-таратуға),  қабылдауға  негізделген  және  электромагниттік 

сәулелену  көзі  болып  саналмайтын  да  антенналар  бар.  Базалық  станцияның 

таратқыш (қабылдау-таратқыш) антеннасы 2 түрлі болуы мүмкін: 

 

-көлденең  жазықтықта  шеңбер  диаграммасымен  бағыттас  («Omni» 



типті) - 1.3 сурет. 

 


 

 

1.3 Сурет - «Omni» типті антенна бағытының диаграммасы 



 

 

 



 

 

1.4 Сурет – Секторлы антена бағытының диаграммасы 



 

 

1.3.1 Ұялы телефонның кері әсері 



 

Электромагниттік  өрістер  барлық  тіршілік  көздеріне,  cоның  ішінде 

адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық 

зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв 

жүйесіне,  ішкі  мүшелеріне,  физиологиялық  дамуына  тигізетін  теріс 

зардаптары  анықталған.  Сонымен қатар,  кейінгі кезде  шетел  мамандарымен 

бірігіп 

өткізілген 

зерттеулер 

нәтижелеріне 

сүйенетін 

болсақ, 


электромагниттік  өрістердің  әсерінен  жүздеген  ауру  түрлерінің  жаппай 

таралуы  анықталып,  қалаларда  өзіне  қол  жұмсау  фактілері  көптеп  тіркеле 

бастады.  Себебі,  электромагниттік  өрістер  адамның  ми  құрылысына  өте 

қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  телекоммуникацияның  дамуына 

байланысты,  элекетромагниттік  өрістер  де  өсе  түсуде.  1990  жылмен 



салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің 

таралуы  ондаған  есе  өсе  түскен,  ірі  қалаларда  оның  мөлшері  қалыпты 

нормадан 1000 есе артқан. 

 

Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі 



ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, 

көру,  есте  сақтау  қабілетін  төмендетумен  қатар,  жыныстық  органдардың 

және  эмбрионның  дамып  жетілуі  мен  қызметіне  де  теріс  ықпалын  тигізеді. 

Ана  құрсағындағы  эмбрионның  электромагниттік  өріс  толқындарына 

сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан 

жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа 

біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. 

 

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, 



істі  бітіру  мүмкін  емес.  Дегенмен,  оларды  сақтық  шараларын  қолдана 

отырып пайдаланған абзал.  

 

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде 



енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы 

да  басқа  құралдардың  орналастыру  талабы  мен  пайдалану  уақыты 

сақталынуы  тиіс.  (Күндік  тиісті  уақыты  –  5  сағат).  Пайдалану  барысында 

үлкендер  әрбір  сағат  сайын,  балалар  әр  30  минут  сайын  үзіліс  жасауы, 

мұнымен  қоса  жұмыс  орнындағы  электромагниттік  өріс  деңгейінің 

көрсеткішін  бақылау  барысында  зертханалық  өлшеулер  жүргізіп  тұруы 

қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен 

телефонды  құлаққа  тосып,  күндіз-түні  сөйлесумен  болады.  Бұрын  ұялы 

телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы 

күні кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны 

айтасыз,  алыстағы  ауылдарыңыздың  өзінде  «соткасыз»  үй  жоқ.  Ал  енді 

екінің  бірінің  қолында,  жамбасында,  қалтасында,  сөмкесінде,  кеудесінде 

жүрген  осы  «сотка»  дегеніңіз  адамға  қаншалықты  зиянды?  Америкалық 

мамандар  ашқан  жаңалыққа  бұл  күнде  ешкім  таңғалмайтын  болды.  Осыдан 

екі  жыл  бұрын  «екіқабат  әйелдер  мен  жас  балалардың  ұялы  телефонды 

пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес 

сәулелерден  қорғану  жөніндегі  Ресей  ұлттық  комитеті  де  дабыл  қаққан 

болатын. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау 

қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен 

бойкүйездік  билейді.  Балалардың  көбісі  ашушаң,  шаршауық,  жүйкесі  тез 

құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, 

депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт 

ішінде  телефонмен  сөйлесіп  жатады.  Ең  зияны  да  осы  екен.  Ұялы 

телефонның  антеннасы  мұндай  жағдайда  жоғары  деңгейде  радиация 

шығарады.  Бұл  айналып  келгенде  адамның  дене  бөліктерін  қыздырып, 

денсаулығына  кері  әсер  беретін  көрінеді.  Әсіресе  ,жастар  күндіз-түні 

«соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, 

бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты 

метр  жерде  болса,  онда  жоғары  кернеулі  электр  сымының  астында 


ұйықтағанмен  бірдей  екен.  Тіпті  мұның  соңы  мида  қатерлі  ісіктің  пайда 

болуына  әкеледі.  Ғалымдар  сұмдық  сорақы  жайттарды  да  анықтап  отыр. 

Ұялы  телефонмен  ұзақ  сөйлессеңіз,  ол  адам  миын  бір  градусқа  дейін 

қыздырады екен. 

 

1.3.2 Оқушыға ұялы телефон ұстауға қатысты пікірлер 



Осыдан  он  шақты  жыл  бұрын  ұялы  телефон  біз  үшін  таңсық  еді. 

Бүгінде  ересектер  былай  тұрсын,  мектеп  жасындағы  балалардың  қолында 

қос-қос телефон­нан бар. Әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына 

тигізер кері әсері туралы жиі айтады. Алайда құлақ түріп, елеп жатқан ешкім 

жоқ.  Қайта  заман  ағымына  қарай  ұялы  телефонның  түр-түрі  шығарылуда. 

Әсіресе, түрлі ойындары мен ғаламторға ену мүмкіндігі бар телефондар жас 

ұрпақтың сүйікті «ойыншығына» айналды. 

  

Соңғы  жылдары  елімізде  ғылыми  техника  қар­қынды  дамығалы  көп 



жетіс­тікке  қол  жеткіздік.  Қоғамда  өмірге  қажетті  әрі  қолжетімді 

технологиялар  көптеп  еніп,  теле­коммуникация жүйелері жаңарды.  Адамзат 

игілігіне  арналған  бұл  жаңалықтар,  әрине,  пайдалы.  Әйткенмен,  әртүрлі 

жиіліктегі  диапазоны  бар  техногенді  электромагниттік  өрістердің  адам 

денсаулығына  кері  әсері  де  жоқ  емес.  Әсіресе,  ұялы  байланыстың  зияны 

бөлек  дейді  мамандар.  Мамандар  алдағы  10-15  жылда  сымсыз  телефонның 

зардабынан ісік дертіне шалдығушылардың саны арта түсетінін айтып, дабыл 

қағуда.  Биыл  дүниежүзілік  Денсаулық сақтау  ұйымы  ұялы  телефондар   жас 

жеткіншектердің  денсаулығына  зиянды  екенін  мәлімдеді.  Ғалымдардың 

пайым­дауынша,  10  жыл  бойы  күніне  жарты  сағат  ұялы  телефонмен 

сөйлескен  адамдардың  глиома  дертіне  шалдығу  қаупі  40  пайыз­ға  дейін 

ұлғаяды. Ұялы телефондар электромагниттік сәулелердің негізгі тетігі екені 

айтпаса да түсінікті. Бұл – жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың 

асқынуына әсер ететін сәулелер. Тіпті, кей мемлекеттерде мектеп жасындағы 

балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салынған. Себебі, 10-11 жастан бас­тап 

ұялы  телефонды  тұрақты  пайдаланатын  жандардың  ми  ісігіне  тап  болуы 

әбден  мүмкін.  Себебі  электромагниттік  сәулелер  ойлау  қабілетін  реттейтін 

мидың жүйке орталығына енеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты 

дерттің  де  асқынуының  негізгі  себепкері  де  сымсыз  телефон  екенін 

жасырмайды  маман­дар.  Әлем  елдері  ұялы  телефонн­ың  адам  өміріне 

қауіп­ті­лі­гін  жан-жақты  зерде­леуде.  Испаниял­ық  ғалымдар    11-13  жас 

шамас­ындағы  бала  телефон  арқылы  екі  минут  сөйлескеннен  соң,  мидың 

биоэлектрлік  белсенділігі  2  сағат  бойы  қалпына  кел­тірілетіндігін 

дәлелдеген.  Ұлыбритания­ның  бірқатар  қа­лаларында  зерттеу  жүргізген 

ғалымдар да мұны жоққа шығармайды. Ал Ресейдің гигиена институ­тының 

жүргізген зерт­теулері 5-10 жыл бойы сымсыз­ телефонды пайдаланған 20-29 

жас  шамасындағы  азаматтың  ми  ісігіне  тап  болу  қаупі  ұлғая  түсетінін 

көрсетіпті.  Бұл  өскелең  ұрпақтың  ұялы  телефонды  неғұрлым  ерте 

пайдаланса, соғұрлым дертке шалдығу қаупі де арта түсетінін меңзесе керек. 

Дегенмен,  ғалымдардың  мұндай  пікірімен  келіспейтіндер  де  бар.  Ұялы 



телефонның  адам  ағзасына  осыншалықты  әсер  ететіндігі  әлі  толықтай 

дәлелденген жоқ. Әлемнің әр түкпірінде сан қилы зерттеулер жүргізілсе де, 

бұл  жанама  пікір  ғана  дейтіндердің  қатары  да  жеткілікті.  Ал  профессор, 

дәрігер  Әскер  Есенқұловтың  айтуынша,  мұндай  зерттеулер  әлі 

дәлелденбеген.  «Сол  себепті  де  сымсыз  телефонның  қауіптілігін    айтып, 

дабыл  қағу орынсыз. Мұның бәрі кішігірім зерттеулер ғана», - дейді ол. 

Жалпы,  ұялы  телефонға  қызығушы  топ  –  балалар  мен  жастар. 

Тұтынушы  назары  үшін  барын  салатын  ұялы  байланыс  операторлары 

балаларды  баурау  үшін  түрлі  ойындарды,  жаңа  қызметтерді  ұсынады.  2001 

жылы  Еуропарламенттің  ғылыми  зерттеулер  басқармасы  кәмелеттік  жасқа 

толмаған балаларға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салған. Содан бері 

Еуропа мемлекеттері мектеп қабырғасында оқушыларға телефон пайдалануға 

үзілді-кесілді  қарсылық  білдірді.  Мәселен,  Ұлыбританияда  сымсыз 

телефонды  сату  барысында  оның  қауіптілігі  жөнінде  ақпараттандыратын 

парақшалар  қатар  ұсынылуы  керек  десе,  Францияда  ата-аналарға  балалары 

қанша уақыт телефонмен сөйлесетінін қадағалау міндеттелді. Адам ағзасына 

радиацияның  әсер  етуін  зерттейтін  бір  топ  ғалымдар  ұялы  телефон­дардың 

қорапшаларына  «Денсаулық  сақтау  ұйымы  ескертеді»  деген  ескертпе 

жазуларды  енгізу  керек  деген  ұсыныс  білдірді.  Еуропа  елдерінен  үлгі  алса 

керек,  Тәжікстанда  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында  білім 

алушыларға  ұялы  телефон  пайдалануға  тыйым  салған.  Дегенмен  қанша 

тыйым  салынса  да,  сымсыз  телефонның  негізгі  тұтынушысы  балалар  мен 

жастар  болып  қала  бермек.  Жасыратыны  жоқ,  қазір  мектеп  жасындағы 

балалар ұялы телефонсыз сабаққа деген ынтасын да әлсірететінін айтады. 

Еуропа  мемлекеттерінде  қолданылатын  тәжірибені  отандық  мектеп 

қабырғаларына  да  енгізу  керек  деп  ойлаймын.  Бұл  бір  жағынан,  ұрпақ  

денсаулығына  алаңдаушылық  болса,  екіншіден,  мектеп  жасындағы 

балалардың  арасындағы  бәсекені  де  бәсеңдететіні  анық.  Телефон  түрлі 

дерт­тің  пайда  болуына  себепкер  болуы­мен  қатар,  баланың  санасына  да 

кәдімгідей  әсер  етеді.  Қазір  балалар  арасында  телефонын  көрсетіп  мақтану, 

әдемі  нұсқасын  алудан  «жарысу»  дағдыға  айналып  отыр.  Біздегі  бір 

кемшілік,  ата-аналар  балаларына  телефонның  зияндылығын  айтып,  оның 

орнына  сабағына  мән  беру  керектігін  ескертпейді.  Ал  ұстаздар  тарапынан 

ескерту жасалса, білім ордасына келіп ұрыс-керіс шығарудан да тайынбайды. 

Ұстаз  айтса,  оқушыны  жаман  болсын,  көштен  қалсын  демейді.  Мұны 

түсінбейтін  ата-аналар  қоғамда  жетіп  артылады.  Мектепке  келген  баланың 

ұялы телефон ұстауы біріншіден, оның оқып отырған сабағына тікелей теріс 

әсер  етеді.  Екіншіден,  оқушының  ойын  шашы­ратып,    алаңдатады. 

Үшіншіден,  ұстазды  сыйлау  әдебін  бұзады.  Төртіншіден,  жанындағы 

отыр­ға­н  өзге  оқушыларға  психо­логиялық  тұрғыдан  кері  ықпал  етеді.  Бұл 

мәселелерді күнде­лікті сабақ беру барысында аңғару қиын емес. Сол себепті 

мектеп  қабырғасында  оқу­шы­ларға  ұялы  телефон  пайдалануға  тыйым  салу 

орынды деп есептеймін. 

 


 

 

 



 

1.4 Табиғи электромагниттік өріс 

 

Кез-келген  организмнің  қызметтік-динамикалық  қасиеттері  оның  өмір 



сүру  жағдайының  шарттарына  қабілеттілігіне  тәуелді  болады.  Ағзаның 

қалыпты  тіршілік  әрекеті  үшін  қажетті  факторлардың  біріне  табиғи 

электромагниттік  өріс  жатады.  Табиғи  электромагниттік  сәуленің  тапшы 

немесе  жоқ  болуы  зиянды  әсерлерге,  тіпті  тірі  ағза  үшін  қайтымсыз 

зардаптарға әкелуі мүмкін. 

Қазіргі  кезде  жер  бетінде  жаңа  экологиялық  жағдайлардың 

қалыптасуына  байланысты  қоршаған  ортаның  электромагниттік  тұрғыдан 

кірленіп,  тірі  ағзалардың  зардап  шегуі  үлкен  алаңдаушылық  туғызатын 

мәселеге  айналып  отыр.  Сондықтан  да  электромагниттік  сәуленің 

биологиялық  әсерін  зерттеу  жұмыстары  өзінің  алдына  әлеуметтік  мәні  зор 

экологиялық  міндеттер  жүктейді  және  қазіргі  уақыттағы  физика,  экология, 

биология ғылымдарының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 

Тірі  ағзаларға  электромагниттік  сәуленің  әсер  ету  механизмі  бүгінгі 

күнге  дейін  түбегейлі  шешімін  тапқан  жоқ.  Электромагниттік  өрістің 

биологиялық  әсерін  түсіндіретін  бірнеше  болжамдар  бар.  Олар  ұлпаларда 

тоқтың  туындауына  және  өрістің  тікелей  жасушалық  деңгейде  әсер  етуіне, 

бірінші 

кезекте 


мембраналық 

құрылымға 

әсерімен 

негізделеді. 

Электромагниттік өріс әсерімен биологиялық мембраналар арқылы диффузия 

жылдамдығы, 

биологиялық 

макромолекулалардың 

бағыты 

мен 


конформациясы, сондай-ақ еркін радикалдардың электрондық құрылымының 

күйі  өзгеруі  мүмкін.  Негізінен  электромагниттік  өрістің  биологиялық  әсер 

ету  механизмі  арнайы  емес  сипатқа  ие  және  ағзаның  реттеуші  жүйесінің 

белсенді өзгерісімен байланысты болады. 

Тірі  ағзалар  биоколлоидтық  және  физикалық-химиялық  реакцияларда 

жетекші  рөл  атқаратын  күрделі  гетерогенді  жүйелерден  тұрады.  Көптеген 

жылдар  бойы  ғалымдардың  үздіксіз  зерттеулерінің  нәтижелері  негізінде 

анықталғанындай, коллоидтық жүйелердегі реакциялардың жылдамдығы күн 

сәулесінің  белсенділігіне  байланысты  және  геомагнитті  полюстердің 

орналасуына қатысты болады. Мұның негізгі себебі – электромагниттік өріс 

әсерімен  су  қасиеттерінің,  ондағы  физика-химиялық  процестердің  өзгеруі, 

жанды  және  жансыз  обьектілерде  жүретін  реакциялардың  жалпы 

құрылымының өзгерісі болып табылады. Бірінші кезекте кез-келген өзгеріске 

бейім  келетін  плазмалық  және  жасуша  ішіндегі  мембраналар,  әр  түрлі 

органелдер  мен  жасуша  ішіндегі  құрылымдарды  шектейтін  мембраналар 

екендігі  анықталған.  Жасушалық  мембрананың  түрлі  физика-химиялық 

әсерлерге,  оның  ішінде  сәулеленуге  сезімталдығы  жоғары  болып  келеді. 

Мембрананың  морфологиялық  және  қызметтік  өзгеріске  ұшырауы 



практикалық  тұрғыда  өте  аз  сәулеленуден  кейін  және  өте  аз  дозада 

жүретіндігі  дәлелденген.  Сонымен  қатар  электромагниттік  сәуленің 

биологиялық  мембрана  өтімділігіне  және  натрий  катиондарының 

тасымалдануының  активті  үдеуіне  әсер  етіп  өзгеріс  тудырғанда,  бұл 

жағдайда  қанықпаған  май  қышқылдарының  қайта  қышқылдануының 

белсенділігі  және  митохондрияда  қышқылдану  процестерінің  бірігуі  және 

фосфорлануы жүреді. 

Жасушалық деңгейдегі мұндай өзгерістер келесі себептерден туындауы 

мүмкін деп есептеледі: 

 

-  Электромагниттік сәуле  зарядталған  бөлшектерге  және  тоқтарға  әсер 



етеді, осының нәтижесінде өріс энергиясы жасушалық деңгейде энергияның 

басқа түрлеріне түрленеді. 

 

- Атомдар мен молекулалар электр өрісінде полярланады, полярланған 



молекулалар магнит өрісі таралуының бағытымен бағытталады. 

 

-  Электролиттер  болып  табылатын  ұлпаларды  құрайтын  сұйықтарда, 



сыртқы өрістің әсерінен кейін иондық тоқтар пайда болады. 

 

-  Айнымалы  электр  өрісі  диэлектриктің  айнымалы  поляризациясы 



есебінен  жүретіндей,  өткізгіштік  тоғының  пайда  болуы  есебінен  тірі 

ағзалардың  ұлпаларын  қыздырады.  Жылулық  эффект  электромагниттік  өріс 

энергиясының жұтылуының салдары болып табылады. 

Өріс  кернеулігі  және  әсер  ету  уақыты  неғұрлым  ұзақ  болса,  айтылған 

эффектілер соғұрлым күштірек байқалады. õ= 10 мВт/м мәніне дейін шартты 

түрде  жылулық  баспалдақ  ретінде  алынады,  артық  жылу  термореттеу 

механизмі  есебінен  шығарылып  отырады.  Бұдан  басқа  органдардың  қатты 

қызуға  сезімталдығы  олардың  құрылымымен  анықталады.  Қатты  қызуға 

көру,  ми,  бүйрек,  қуық  және  өт  жолдары  органдары  өте  сезімтал  болып 

келеді. 


Электромагниттік  өрістің  нерв  жүйесіне  әсерін  көптеген  ғалымдар 

тәжірибе  жүзінде  зерттеді.  Орталық  нерв  жүйесіне  электромагниттік  және 

магниттік  өрістердің  әсері  жөніндегі  көптеген  жылдар  бойғы  зерттеулер 

нәтижелері  профессор  Ю.А.Холодовтың  монографияларында  жарияланған. 

Электромагниттік  өрістің  миға,  нейрондар  мембраналарына,  есте  сақтау, 

шартты-рефлекстік  әрекеттеріне  тигізетін  тікелей  әсерлері  анықталды. 

Спектроскопиялық  зерттеулер  нәтижесінде  әлсіз  электромагниттік  өрістің 

нерв  жасушаларындағы  жүретін  синтездік  процестерге  әсер  ету 

мүмкіндіктері көрсетілді. Зерттеулер осы әсерлердің нейрон қабықшаларына 

әсер  етіп  онда  айқын  өзгерістер  тудыруы,  мидың  күрделі  құрылымына 

берілетін ақпараттардың бұзылуына әкелетіндігі байқалды. 

 

 



 

 

 



 

1.3  К е с т е   –   Адам  ағзасына  әсері  біліне  бастайтын  магнит  өрісі 

кернеулігінің мәндері 

Магнит өрісінің  әсер  ету  механизмі, биологиялық 

деңгейлер, магнит өрісі көздері 

Кернеулік, кА/м 

Биомолекулалардың 

кеңістіктік 

бағытының 

бұзылуы 


800 

Магниттік су тежегіштік эффект 

160 

Судың электр өткізгіштігінің өзгерісі 



115 

Өздік  биопотенциалға  сәйкес  келетін  өздік 

индукция электр қозғаушы күші 

80 


Химиялық реакциялардағы магниттік эффектілер 

8-80 


Су тұтқырлығының ұлғаюы 

11 


 

Жоғары  жиілікті  диапазондағы  электромагниттік  өріс  әсер  еткенде 

қысқа уақыт аралық есте сақтаудың бұзылуы мүмкін. 

Жердегі  тіршілік  электромагниттік  толқындар  әсерімен  пайда  болды 

және  дамып  отырды,  мұндай  әсерлердің  азаюы  немесе  жоқтығы  жердегі 

тіршілікке  кері  әсер  етуі  мүмкін,  сондықтан  геомагниттік  өріс  барлық  тірі 

ағзалар үшін табиғи экологиялық фактор болып табылады. Соңғы уақыттарда 

ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамуы  нәтижесінде  жасанды 

электромагниттік  толқындар  тарататын  көздер  көбейді.  Тірі  ағзалар  жоғары 

электромагниттік  аймақ  болып  табылатын  жаңа  өмір  сүру  ортасы 

қалыптасты,  сөйтіп  олар  қалыпты  шектен  артып,  кері  әсерлерін  көрсете 

бастады.  Электромагниттік  өрістің  биологиялық  обьектілерге  әсер  ету 

механизмі  бүгінгі  күнге  дейін  толық  анықталмаған.Тек  оның  барлық  тірі 

ағзалардың  құрылым  деңгейіндегі  көпше  түрдегі  әсерін  байқауға  болады. 

Осыған  қарамастан  электромагниттік  сәулелер  медицинада  көптеген 

ауруларды  емдеуде  кеңінен қолданылады.  Қазіргі  уақытта  электромагниттік 

сәулелердің  тірі  ағзаларға  тигізетін  алуан  түрлі  әсерлерін  зерттеу  өте 

маңызды  болып  табылады  және  ол  экологиялық,  физикалық,  биологиялық 

және медициналық тұрғыдан алғанда өзекті мәселеге айналып отыр. 

 

 



1.5  Электормагнитті  толқындардың  жұмысшының  ағзасына  әсері, 

олардың еңбек жағдайы 

 

Күн  суыта  келе  жұртшылық  түрлі  жылыту  құралдарын,  қысқа 



толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. 

Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме 

құралдары,  ойын  автоматтары,  емдеу-профилактикалық  мекемелеріндегі 

төмен  және  жоғары  жиіліктегі  физиотерапевттік  электроқондырғылар, 

тұрғын  үйлердің,  мекемелердің  төбесіне  орнатылған  қабылдау-тасымалдау 


мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да 

басқа  электромагниттік  өріс  туындататын  құрылғылар  үнемі  қолданыста 

болып  келеді.Аталған  құрал-жабдықтар  арқылы  қоршаған  ортаға  берілетін 

үзілісті,  үзіліссіз  толқындар  биоэкосистемаға  әсер  етеді.  Оның  белгілі 

дәрежеде адам ағзасына да тигізетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне және 

қуатына тікелей байланысты.  

 

 

1.5.1 Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері 



Әр түрлі диапазондағы электромагнитті толқындар өндірісте, ғылымда, 

техникада  және  медицинада  кеңінен  қолданылады.  Оларды  металл,  ағаш 

және  басқа  материалдарды  өндіруде,  радиохабарлама,  теледидар,  қыздыру 

және 


диэлектриктерді 

дәнекерлегенде 

пайдаланады. 

Радиолокация, 

радиометеорология, 

радиоастрономия, 

радионовигация, 

ғарыштық 

зерттеулерде, ядролық физика және т.б. жоғарғы жиіліктегі электромагнитті 

толқындары  қолдану  кең  орын  алды.  Радиотолқындардың  сәулелену  көзі-

ламполы  генераторлар.  Олар  тұрақты  ток  энергиясын  өзгермелі  өте  жоғары 

жиіліктегі  токқа  айналдырады.  Қазіргі  кездегі  цехтарда  электровакуумдық 

зауыттарда,  электр  лампасын  шығаруда,  жоғарғы  жиіліктегі  генераторларға 

мөлшерленген.  Жоғарғы  жиіліктегі  токтар  металл  бөлшектеріндегі  қалдық 

газдарды  жояды.  Радиотеледидар  станциясының  жұмыс  орнында  жоғарғы 

жиілікті  өрістер  көзі  болып  табылатын  белоктардың  дұрыс  қозғалмауы 

бөлгіш  фильтрлер  болып  табылады.  Физиотерапевтикалық  кабинеттерде 

медициналық  аппаратпен  жұмыс  барысында  электромагнитті  өрәстер  пайда 

болады  және  оның әсері персоналға  қауіпті.  Айқын  биологиялық  әсерді өте 

жоғарғы  жиіліктегі  өрістер  береді.  Сантиметрлік  және  миллиметрлік 

толқындар  терімен  сіңіріліп,  рецепторлар  арқылы  организмге  рефлекторлы 

әсер  етеді.  Дециметрлік  толқындар 10-15  см  тереңдікке  еңіп,  ішкі  ағзаларға 

тіке  әсерлеседі.  Радиотолқындар-радиожиілікті  электромагнитті  өрістер-

көлемді  электромагнитті  спектрдің  бірнеше  миллиметрден,  бірнеше 

километрге  ұзарған  бөлігі.  Олар  электр  зарядының  тербелісі  нәтижесінде 

туындайды.  Тербеліс  жиілігі  жоғарлаған  сайын,  толқын  ұзындығы 

қысқарады. Толқындарды осылай ажыратады: қысқа толқындар (ҚТ), ультра 

қысқа  толқындар  (УҚТ),  жоғары  толқындар  (ЖТ)  және  ультра  жоғары 

толқындар  (УЖТ).  Электромагниттік  толқындар  жарық  толқындарының 

жылдамдығымен  таралады.  Электромагнит  өрісінің  қуаты  (ЭӨҚ)  мекемеде 

генератор  күшіне,  экрандық деңгейі  мен  металл  жабындыларының  болуына 

байланысты  кең  көлемде  тербелсе,  шығару  көзі  жойылуына  байланысты 

төмендейді.  

 

1.5.2 Емдеуі 



 Жалпы  сауықтандыру  терапиясы.  Седативті  және  ұйықтататың  дәрі-

дәрмектік  заттарды  тағайындаудан  тұрады.  Гистаминге  қарсы  препараттар: 

супрастин,  пипольфен,  димедрол,  глутамин  қықылы  (күніне  0,25г  3  рет). 

Аздап  транквилизаторлар:  үшоксозин,  хлордиазепоксид  (эленкум);  глюкоза 



аскорбин  қышқылы,  биогенді  стимуляторлар-женьшень  тұнбасы,  қытай 

мемоннигі,  элеутерококк;  ОЖЖ  қызыметі  бұзылса  (астениялық  синдром 

және  вегетативті  дисфункция)  және  шеткері  қандағы  өзгерістермен 

сипатталса  В

6

–витаминің  тағайындау  қажет.  Жұмысқа  қаблеттілікті  тексеру 



керек.  Патологияның  ерте  белгілерін  анықтағанда  еңбекке  қаблеттілігі 

сақталған  кезде,  белсенді  терапия және  оны  санаторий-профилакторияларда 

өткізген  дұрыс.  Амбулаторлы  емдеу-жекелеген  алдын  алуды  орындағанда 

жақсы нәтиже береді және еңбекке қаблеттілігі бұзылмайды. Одан да айқын 

жағдайларда  уақытша  басқа  жұмысқа  ауыстырылуы  керек  және  ол  жерде 

ЭМТ  болмауы  қажет.  Осы  жағдайда  науқасқа  1-2  ай  уақытқа  ауруханалық 

парақ  беріледі.  Ем  тиімді  болған  жағдайда  бастапқы  кәсібіне  оралып,  қатаң 

дәрігерлік  бақылауға  алынады.  Науқас  уақытымен  емделмесе  және  айқын 

формаларда  (өткір  астенизация,  айқын  нейроциркуляторлық  бұзылыстар, 

диэнцефальдік  жеткіліксіздік)  сәйкес  емдік-профилактикалық  шаралардан 

кейін басқа жұмысқа ауыстырылуы керек. 

 

1.5.3 Профилактикасы 



Алдың-алудың  негізгі  әдісі  -  радиосәулелену  деігейін  тексеру  қажет. 

Жұмысқа  кірер  алдында  және  кезеңді  медициналық  тексерілуді  жүргізу 

керек. ЭМӨ радиожиілік (мм, см, дм) көздерімен жұмыс жасайтын адамдар 

12 айда 1рет медициналық бақылаудан өтеді. Ультракүші жоғары, төмен, өте 

төмен  ЭМ  сәулелер  көзімен  жұмыс  жасайтындар  24  айда  1рет  өтеді. 

Медициналық  тексеруді  терапевт,  невропатолог,  окулистің  қатысуымен 

өтеді.  Гемоглобинді,  лейкоциттер  мен  ЭТЖ  мөлшерін  анықтау  керек. 

Көрсеткіштері  бойынша  электрокордиографиялық  зерттеулер  өткізеді. 

Жұмысқа  қабылдауға  қарсы  көрсеткіштер:  вегетативті  дисфункция, 

катаракта,  наркомания,  токсикомания,  созылмалы  алкоголизм,  шизофрения 

және тағы да басқа. эндогенді психоздар. Кешенді ұйымдастыру-техникалық, 

санитарлық-сауықтандыру және емдеу-профилактикалық шаралар әске асыру 

сырқаттанушылықтың төмендеуіне себеп болады. 

 

1.6 Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері 



 

Физикалық  сипаты  бойынша  электромагниттік  толқынды  сәулелер 

(ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты 

бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. 

ЭМС 

толқындардың 



жиілігі 

және 


ұзындығымен 

сипатталады. 

Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы 

тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 

Гц, мегагерц (МГц) =   

 

 Гц және гигагерц (ГГц) = 



  

 

 Гц құрайды. 



Радиосәулелер  толқындарын  келесі  негізгі  диапазондарға  бөледі:  өте 

төмен  жиіліктегі  (ӨТЖ),  төмен  жиіліктегі  (ТЖ),  жоғары  жиіліктегі  (ЖЖ), 

ультражоғары жиіліктегі (УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ). Оларға 


өте  ұзын,  ұзын,  орташа,  қысқа,  ультра  қысқа  және  микротолқындар 

(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән. 

Жұмыс  күні  бойында  ЭМА  осында  жұмыс  істейтін  адамдарға  әсері 

жұмыс  орындарында  60  кГц  –  300  МГц  аспау  керек:  50  кГц  –  60  кГц-тен 

3МГц жиілік үшін; 20 кГц - 3МГц-тен 30 МГц жиілік үшін; 10 кГц - 30МГц-

тен 50 МГц жиілік үшін; 5 кГц - 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 кГц – 

30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін. 

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының 

тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде 

рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 

0,1 Вт/м

2

 (10 мкВт/см



2

); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м

2

 (100 мкВт/см



2

аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м



2

 

(10 мкВт/см



2

) аспау керек. 

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ТББ 

бақылаулары,  РЛС  мен  немесе  жеке  АЖЖ  блоктарын  реттейтіндер 

микротолқынды  сәулелер  әсерлеріне  ұшырауы  мүмкін.  Егер  кабинкаларда 

жақсы  экрандары  болса,  адамдар  аз  қарқындылықтағы  микротолқынды 

сәулелерге  ұшырайды.  Радио  және  телерадиостанцияларда  жұмыс  істейтін 

кезекшілер  орташа,  қысқа  және  ультрақысқа  толқындардың  әсеріне 

ұшырайды. 

Радиотолқындардың  термиялық,  биологиялық  әсерлері  бар,  сонымен 

қатар  ағзада  дезадаптациялық  әсері  бар,  ол  дегеніміз  әртүрлі  қолайсыз 

факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар 

кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз 

мөлшерде  ОЖЖ  ынталандырады  және  үлкен  қарқындылықта  тежеуші  әсер 

етеді. 

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз 



факторларға жатады:  

1.

 



10  киловольттан  жоғары  кернеудегі  жұмысшылардағы  АЖЖ 

блоктарының  модуляторлы  және  генераторлы  аймақтарындағы  рентген 

сәулелері (басым төмен энергетикалық);  

2.

 



РЛС 

кабиналарындағы, 

радио 

және 


телеоадистанция 

мекемелеріндегі,  индукциялық  және  диелектрлік  металл  қызбаларындағы  

жоғары температура,  

3.

 



РЛС  операторларындағы,  радио  және  телерадиостанцияларындағы 

кезекшілердегі  эмогционалды  психикалық  стрестер,  сонымен  қатар  соңғы 

категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі;  

4.

 



индукциялық  қыздыру  аймақтарының,  кабиналардың  ауаның 

химиялық заттармен ластануы. 

 

1.6.1 Клиникасы 



Қарқынды  сәулелену  жылу  эффектісін  тудырады.  Бұл  кезде 

дегбірсіздікке,  аяқтардағы  ауырсынуларға,  бұлшық  ет  әлсіздігіне,  дене 

температурасының  жоғарлауына,  басының  ауыруына,  бетінің  қызаруына, 


жоғары  тершеңдікке,  шөлдеу,  жүрек  қызметінің  бұзылуына  шағымданады. 

Жедел  қысқа  уақыттық  микротолқындар  тахикардия,  діріл,  ұстама  тәрізді 

бастың  ауырсынулары,  жүрек  айну  түріндегі  диэнцефалды  бұзылыстармен 

жүреді.  СВЧ  алаңында  аз  қарқындылықта  жедел  реакция  астения  түрінде 

көрінеді. 

Радиожиілік  диапазонындағы  ЭМС  әсерлерінен  пайда  болған  кәсіптік 

аурулар сәулеленуге жатады. Олар баяу түрде дамиды. 

Микротолқындар  (АЖЖ  алаңдары)  радиотолқындар  спектріндегі 

биологиялық белсенді болып табылады. 

Клиникасындағы  маңызды  орындарға  ОЖЖ  өзгерістер,  әсіресе  жүрек 

тамыр жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі. 

Үш 


синдромды 

ажыратады: 

астениялық, 

астеновегетативті, 

гипоталамиялық.  Бұл  синдромдар  негізінен  аурудың  үш  кезеңіне  сәйкес: 

бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын. 

Аурудың  бастапқы  кезеңінде  астениялық  синдром  болады,  науқастар 

басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді 

түрде  жүрек  аймағында  пайда  болатын  ауырсынулар.  Вегетативті 

симптомдар  реакциялардың  ваготониялық  сипатымен  жүреді.  Артериялды 

гипотония  және  брадикардия  тән.  Брадикардия  кезінде  ЭКГ  –  Т  тісшесі 

басым кеуде әкетулерінде, биік, үшкір, ол клиникалық мәліметтер бойынша 

вегетативті  дисфункция  көріністері  болып  табылады.  Перифериялық 

қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан 

төмен. Қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда 

көру және сезу қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек 

қабілетін өзгертпейді. 

Аурудың  шамалы  айқын  және  айқын  кезеңінде  астеновегетативті 

синдром  немесе  гипертония  түріндегі  НҚД  синдром  түрінде  дамиды. 

Астениялық синдромдар тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке жүйесінің 

симпатикалық  бөлігінің  жоғары  қозғыштығымен  байланысты  және 

ангиоспастикалық 

реакциялар 

және 


тамырлардың 

тұрақсыз 

гипертензиясымен  көрінетін  бұзылыстар.  Соңғысы  аурудың  ауырлығын 

көрсетеді. 

Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен 

сипатталатын  гипталамиялық  синдромдар  аурудың  жекеленген  айқын 

жағдайларында  дамиды.  Осы  науқастарда  жоғары  қозғыштық,  ұйқысының 

бұзылулары,  есте  сақтау  қабілетінің  төмендеуі,  ұстама  түріндегі  бас 

аурулары  мен  зардап  шегеді,  ол  жүрек  айну,  бас  айналу,  көзінің 

қарауытуымен,  қысқа  уақыттық  естен  танулармен  сипатталады.  Оларды 

қолдарын созған кездегі саусақтар мен қабақтарының  терморы, гипергидроз 

анықталынады.  Науқастар  жиі  жүрек  аймағындағы  қысып  ауырсынуларға 

«ауаның  жетіспеушілігі»,  АҚ  жоғарлауы,  әсіресе  диастолалық  (90-95 

мм.сын.бағанасынан  жоғары),  күрт  әлсіздік.  Ұстамадан  тыс  уақыттарда 

науқастар  сол  жақ  қол  және  жауырынға  таралатын  жүрек  аймағындағы 

ауырсынуларға  шағымданады.  Айқын  невростения  фонында  кардиалгия 



дамиды,  ол  тамырларды  кеңейтетін  заттармен  емге  көнбейді.  Кейде  кезеңді 

түрде  пайда  болатын  жүрек  қағулар,  жүрек  жұмысына  көп  мөлшерде   күш 

түсу, физикалық күш түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды 

жағдайға  ауысқан  кездегі  пульстердің  айқын  лабилділігі,  субфебрилитет 

анықталынады.   

Артериялды  қысым  тұрақсыз  болады,  көбінесе  жоғарлауға  бейім. 

Қалыпты  АҚ  бар  науқастарда  физиалық  күш  түскен  уақыттағы  күрт 

систолалық және басым диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ 

қарыншаның гипертрофиясына байланысты, жүректің сол жақ шекарасының 

кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу 

естіледі.  ЭКГ  –  да  Т  тісшесінің  төмендеуі  және  инверсиясы,  көбінесе  екі 

стандартты  немесе  сол  жақ  кеуде  әкетулерінде,  ST  сегменттерінің 

ығысуларымен.  Церебралды  криз  кезіндегі  жеке  жағдайларда,  жыпылық 

аритмиясы дамиды, ол қарыншалық экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын 

жағдайларда  атеросклероз,  ЖИА,  гипертониялық  аурулардың  ерте белгілері 

анықталынады. 

Гипоталамиялық  синдром  мидың  үлкен  шарындағы  қыртыстың 

биоэлектрлік  белсенделегендегі  өзгерістер  түрінде  сипатталынады  (ЭЭГ 

белгілері бойынша). 

Вегетациялық  дисрегуляция  белгілері  көміртегі  алмасуларының 

бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және 

диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің  

—  триглицерид,  беталипопротеид,  холестерин  және  фосфолипидтердің 

жоғарлауы,  хлорид  және  кейбір  электролит  көрсеткіштерінің  төмендеуі, 

қандағы гистамин деңгейінің  жоғарлауы. 

Шеткі  қанда  цитопенияға  бейімділік,  сонымен  қатар,  эритроциттердің 

спалы жетіспеушілігі, хромосом аберрациясының жиілігінің жоғарлауы, қан 

клеткасындағы  цитохимиялық  өзгерістер  (лимфоцит,  нейтрофил,  тромбоцит 

және эритроцит), нейтрофилді қатардағы жетілген клеткалар санының азаюы 

және сүйек миындағы эритропоэз белгілері. 

Көру  ағзасы  жағынана  баяу  үдемелі  катаракт  дамуы  мүмкін.  ЭМА 

әсерінен  аз  қарқындылықтағы  АЖЖ  кезінде  бұндай  өзгерістер 

анықталмайды.  Бірақта  ангиопатия  түріндегі  тамырлардың  торлы 

қабаттарындағы өзгерістер  және ретиналды  тамырлардың склероз белгілері, 

кейде макулярлы аймақтағы дистрофия ошақтары болады. 

Электромагниттік  сәулелердің  сүлелі  әсерлері  және  негізінен 

бейспецификалық 

реакциялар 

негізінде 

көрінетін 

бұзылыстар 

зақымданулардың  анықталуын  қиындатады.  Ол  ауруға  тән  сипаттарна 

анализдің  динамикадағы  даму  процесіне,  науқасты  жан  жақты  тексеруге, 

еңбек  ету  қабілетіне  негізделген.  Соңғысына  циркуляторлы  бұзылыстармен 

астениялық  синдромның  дамуы,  бас  миының  биоэлектрлік  белсенділігінің 

өзгерістері,  диспротеинемия,  дислипидемия,  дисэлектролитемия,  белгілі 

дамуы  бар  және  клиникалық  көріністері  тән.  өзіне  тән  ерекшеліктеріне 


пароксизмалды  вегетативті  –  тамырлақ  өзгерістер,  соматогенді  астенияға 

байланысты, бас миының психогенді немесе органикалық бұзылысары тән. 

Қыртысты  қызметтердің  жағдайын  және  вегетативтік  тамырлық 

реакциялардың  басым  түрлеріне  ескере  отырып  салыстыруды  жүргізу, 

науқастың  жалпы  жағдайын,  сонымен  қатар  ағзаның  жеке  ерекшеліктеріне 

қарап жүргізеді. 

 

Астениялық  синдромдары  бар  науқастарға  жалпы  күшейтетін  және 



седативті  ем,  витаминді  ем  (В,С  топтары)  тонусты  жоғарлатын  заттар 

тағайындалады.  Вегетативтік  тамырлық  бұзылыстар  басым  болған 

жағдайларда 

комбинирленген 

әсерлі 

(беллоид, 



беллатаминал) 

холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз 

мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз. 

Гипоталамиялық 

синдромы 

және 


гипертониялық 

түрдегі 


нейроциркуляторлы 

бұзылыстары 

бар 

науқастарға 



аз 

мөлшерде 

транквилизаторлар  (седуксен,  тазепам  және  т.б)  және  антигистаминді 

препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды 

тағайындайды.  Коронарлы  жетіспеушілігі  бар  науқастарға  миокардтағы  қан 

айналымды  жақсартатын  және  тәжді  қан  айналымды  жақсартатын 

препараттарды тағайындаймыз. 

Симпатикалық  адреналды  криз  типі  бойынша  ұстамалар  болған  кезде 

тамырларды  кеңейтетін  дәрілермен  қоса  аз  мөлшерде  аминазинді 

тағайындайды  және  ауырсынуды  басатын  заттарды  иньекция  түрінде 

қолданады.  Наркотикалық  препараттарды  сақтықпен  қолдану  керек. 

Терапевтік  комплекстің  құрамына  емдік  гимнастика,  гидротерапия, 

мойынның  вегетативті  түйіндеріне  эуфиллинмен  фонофорез,  массаж, 

сонымен қатар психотерапия қолданады. 

Еңбек  ету  қабілетінің  сараптамасы.  Аурудың  бастапқы  кездерінде 

еңбек  ету  қабілеттері  сақталынады.  Осы  жағдайларда  амбулаторлық, 

стационарлық  және  санаторлық  жағдайларда  міндетті  түрде  арнайы  ем 

жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін 

бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді. 

Шамалы  айқындық  кезеңдерінде  стационарлық  жағдайда  арнайы  ем 

жүргізіледі  және  рационалды  түрде  еңбекке  орналастырып,  санаторлық 

курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде 

өзіндік  қиындықтары  бар.  Кейбір  жағдайларда  ондай  адамдарды  дәрігердің 

қарауымен  және  радиотолқындардың  аз  мөлшердегі  байланыстарымен   сол 

жұмыстарында қалдырады. 

Айқын  кезеңінде,  әсіресе,  жиі  церебралды  криздермен  диэнцефалды 

жетіспеушіліктер  кезінде  сәулелерді  бөлетін  жұмыспен  байланысты  үзу 

керек.  Жалпы  қабылданған  критерилер  бойынша  мүгедектікке  акуысчтыру 

сұрақтары  шешіледі.  1-2  жылдан  кейін  егер  науқастың  жағдайы  жақсарған 

болса  науқастың  мүгедектігін  алып  тастайды.  Катаракта  анықталған  кезде 

процестің  өршу  қауіпіне  байланысты  жұмыс  істеу  көрсетілмеген.  Жалпы 

соматикалық  аурулардың  айқын  түрлерінде  басқс  жұмысқа  ауыстырылады. 



Әйелдердің  жүктілік  кезінде  және  бала  емізу  кездерінде,  сонымен  қатар  18 

жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа жіберілмейді. 

 

1.6.2 Алдын алу 



 Радиотолқындардың  әсерлерінен  пайда  болған  ауруларды  алдын  алу 

үшін,  арнайы инженерлік  техникалық шаралар  жүргізілу  керек,  қатаң  түрде 

техникалық  ережелерді  сақтау  керек,  еңбек  және  демалыс,  рационалды 

тамақтануды ұйымдастыру керек. 

АЖЖ  әсері  бар  жағдайларда  жұмыс  істеген  кездерде,  12  айда  бір  рет 

окулист, 

невропатолог, 

терапевтің 

қатысуларымен 

кезеңді 


түрде 

медициналық  қараулардан  өту  керек,  ал  УҚТ  (ультра  қысқа  толқындарда) 

және ЖЖ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет өтіп отыру керек. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал