"атадан жақсы ұл туса игі " Даналардың ішінде д ә у І р д І ң үш кемеңгері деп танылған Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы



жүктеу 61.45 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі61.45 Kb.

"АТАДАН ЖАҚСЫ 

ҰЛ ТУСА ИГІ..." 

Даналардың ішінде  д ә у і р д і ң үш кемеңгері деп 

танылған Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы 

Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны 

бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, 

айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел 

алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті 

ісіне сөз жеткізіп баға  б е р у қиын-ақ. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 

Егеменді ел санапын сақтап ертеңгі жайлау-ерісімізді жаза 

баспай бағамдау үшін алдымен тал тарихымыздың тағлы-

мына жүгінеріміз хақ. Басынан не қилы замандар өткерген 

ежелгі қазақ жұрты өзінің өмір шежіресінен сабақ алмаса 

адастырмас ақ жолын қалай таппақ? 

Құдайға шүкір, тіліміз қайта жанданып, ата салты мен 

дәстүрлер жаңғырып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп 

жатыр. Ауданымызға алаштың кешегі өткен үш тірегі, үш 

кемеңгерінің бірі - Қаздауысты Қазыбек бидің есімі берілді. 

Бұл өңірде Қазыбек бабамыздан тараған ұрпақтар аз емес 

"Атадан жақсы ұл туса игі, ата жолын қуса игі" деген. 

Осы орайда, Мәди ауылының тұрғыны Қазыбек бидің 

ұрпағы Мақсым Кәдірбергенұлы Алшынбаймен тілдескен 

едік. 

Алдымен өзіңізді 

оқырмандарға таныстыра 

кетсеңіз. 

Еліміз егемендік алып, де-

рбес мемлекет болдық. Бұ 

рынғы саясат пен орыс бо-

дандығының елесіндей 

көрінген аты-жөнімді 

ауыстырып, жаңа төлқұжат 

алдым. Өзім осы ауылда заң 

кеңесшісі болып қызмет 

істеймін. 

-Ұрпағы ретінде Қазыбек 

бабаңыз туралы не айта ала-

сыз? 

- Мен Қазыбек бабамның 

жетінші кіндігімін. 

Бабамыздың бел баласы 

Бекболаттан тараймыз. Бек-

болат биден Тіленші би, 

Тіленші биден Алшынбай би, 

Алшынбай биден Шәпи, 

Шәпиден менің әкем 

Кәдірберген туады. 

- Қазыбек бабамыз Сыр 

бойында дүниеге келген. Ба-

бамыздың елі Шаншар, 

Қарашордан Арқаға бұрын 

жеткен екен. Қазыкең 

Едірейге барса онда 

Қанжығалы Абыз-Шомақ 

отыр екен. Қысты күні Абыз-

Шомақтың үйінен қатық 

ішіп, Қазыбек бабамыз: 

"Жерің жақсы екен, маған 

лайық", - деп, Абыз-Шо-

мақты қуып жіберіпті - дейді. 

Кейінгі уақытқа  д е й і н со-

лақай саясаттың кесірінен 

аталмай, аталса да біреу 

біліп, біреу білмей келген 

Қазыбек би бабамыздың 

есімінің қайта жанғырғаны-

на куаныштымыз. Меніңше 

Қазыбек би өзінен тараған 

ұрпақ — біздің ғана емес, 

барша қазақтың да бабасы, 

кемеңгері. Арғынның 

Қаракесегінен шыққан 

Келдібектің баласы он 

үшінен билік айтқан 

Қаздауысты Қазыбек биді 

ә с п е т т е м е й т і н , 

қадірлемейтін, тәуеп ет-

пейтін адам баласы алашта 

жоқ шығар деп ойлаймын. 

Жалпы, бабамыз жайлы 

айтылып, жазылып жатқан 

дүниелер аз емес. Өзіңізге 

белгілі, аз уақыт бұрын сонау 

ел басына күн туған шақта 

үш Жүздің басын 

біріктірмекке үш ұлы ке-

меңгердің Ордабасында тізе 

қосқанының 270 жылдығы 

аталып өтті... 

Бала күндерімде әкем 

Кәдірберген марқұм бабам 

Қазыбек туралы сан алуан 

аңыз-әңгімелер айтып оты-

рушы еді. "Қиын-қыстау 

күндерде Қазыбек бабамның 

әруағына сыйынамын. 

Соғыстан да сол  к і с і н і ң рухы 

жебеп аман-есен оралдым 

ғой" дейтұғын. Ал қазірде 

мен де әкеме ұқсап, бабам-

ның киелі әруағына сыйы-

нып, ол кісіні өзіме пір тұта-

мын. 

- Ауданымызға Қазыбек 

бабамыздың есімі берілді. 

Халық болып, ел болып 

қуанып жатырмыз. Қуаныш 

құтты болып, ұзағынан 

сүйіндірсін дейміз! Енді 

өзіңіз осы орайда не айтар 

едіңіз? 

- Рахмет. Жалпы елге, жер-

ге қазақтың айтулы азамат-

тарының есімін беру қазіргі 

саясатымыздың оңалып, 

салт-санамыз бен 

дәстүрлеріміздің қалпына 

келе бастағанының айқын 

нышаны сияқты. Жоғарыда 

айтып еттім үш жүздің тату-

лығын тілеп, барша қазақтың 

"бір жеңнен қол, бір жағадан 

бас шығаруын" көксеп өткен 

үш ұлы кеменгердің бірі -

Қаздауысты Қазыбек би 

менің ғана емес, журегі 

"қазақ" деп соққан әрбір 

жанның данышпан бабасы. 

Енді осы бабамыздың есіміне 

лайықты жұмыстар 

жүргізілсе нұр үстіне нұр бо-

лар еді. 

Бүгін міне, ауданымызға 

Қазыбек би бабамыздың 

есімі берілгенінің 

қуанышына Балқантаудың 

баурайында ұланасыр той 

етіп жатыр. Осы тойда мен 

өзім жеке киіз үй тігіп отыр-

мын. Бұл менің баба алдын-

дағы перзенттік парызым деп 

білемін. 

- Әңгімеңізге рахмет, Мәке. 

Әрдайым бабамыздың 

әруағы қолдап, еңбегіңіз 

жемісті бола берсін! 

Болатбек ҚАУЫСОВ, 

ҚазМҰУ-дың журналистика 

факультетінің студенті 

Мәди ауылы. 

ҰЛЫ ӘРУАҚТЫ СЫЙЛАЙЫҚ 

Халқының қамын, ұлтының мүддесін ойлаған ұлы тұлғалар 

елінің есінде мәңгі сақталмақ. Сондай біртуар халық перзенті -

Қаздауысты Қазыбек. Бүкіл саналы ғұмырын елдің бірлігі мен 

ынтымағын, тыныштығы мен достығын нығайтуға арнаған ұлы 

бабамыз кемел би, кеменгер мәмілегер, сұңғыла саясаткер болды. 

Ақылына алғы алаш жүгінген Абыз баба сонау жаугершілік мол 

аласапыран заманда еліне қорған, жұртына пана бола білді. Төле 

және Әйтеке билермен қатар тізе қосып, қазақ жұртын Жоңғар 

шапқыншыларынан аман сақтап қалған ұлтымыздың үш ұлы 

ұстынының ерен еңбегін, қажырлы қызметін ұмыту әсте мүмкін 

емес. 

Егер тарихқа кез жүгіртіп ақыл сарабына салып бағамдасақ 

тағдыр тәлкегіне түсіп, зорлық пен қорлық көрген қазақтай 

халықты кездестіру қиын. Осыдан үш ғасырға жуық бурын 

"Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" деп аталатын алмағайып 

ауыр кезенде қазақ халқы тоз-тоз болып, іріп, құрып кетуге 

айналды. Тағдыры қыл үстіңде тұрған халықты ынтымаққа, 

бірлікке уағыздаған ұлы бабаларымыз жұртының тыныштығы 

үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, басын бәйгеге тікті. Соның 

арқасында ғана еліміз есін жиып халқымыз қатарға қосылды. 

Әйтпесе қандай күйде, қандай жағдайда жүрерімізді бір Алла 

білер еді. Осыған шүкіршілік айтып, ұлы баба әруағын сыйлау 

біздің перзенттік парызымыз. 

Тәуелсіздіктің, азаттықтың арқасында ауданымызға ұлы баба-

мыздың есімі берілді. Бұл үлкен аманат жүктейтін ауыр міндет. 

Баба есіміне лайық болу, оның атына кір келтірмеу ауданның әр 

азаматының асыл борышы. Адалдықтың, ақиқаттың, әділдіктің 

туын биік ұстаған қасиетті баба

  "

Т у р а биде туған жоқ, туғанды 

биде иман жоқ" деген қастерлі қағида қылдай қиянат келтірмеді. 

Соның арқасыңда халқының мәңгілік махаббатына, елінің ерек-

ше ризашылығына бөленді. 

Бүгін барша жұртшылық ауданға ұлы баба есімінің берілуіне 

байланысты той өткізіп жатыр. Бұл өте құптарлық, әрі қуанарлық 

жағдай. Осындай игілікті шаруаны қолға алған аудан басшыла-

рына, ел азаматтарына аталық ақ алғысымды айтқым келеді. 

Баршаңызды қасиетті бабамыздың әруағы қолдап, 

мәртебелеріңіз өсе берсін деймін. 

Халқымызда "Тірлік түбі - бірлікте деген аталы сөз бар. Қазіргі 

қиын-қыстау кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып 

дегендей ұйымшыл болу ұлтымыздың бағы. Қаздауысты Қазыбек 

бабамыздың "Тату болса ағайын жақын" деген ұлағатты сөзін 

ұмытпайық. Баба сөзі біздің бақытты тірлігімізге сәуле шашар 

шамшырақ болсын, ағайын. 

Қажай МҰСТАФИН 

Егіндібұлақ селосы. 

БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАЙ 

БІЛГЕН БАБАМЫЗ 

А. Рақышев - халық депутаттары аудандық 

Кеңесінің төрағасы 

Биылғы Тауық жылы аудан 

еңбекшілері үшін берекелі де 

мерекелі жыл болып тұр. Се-

бебі, тәуелсіздік туын 

желбіреткен егемен еліміздің 

сара саясатының нұрлы ша-

пағы біздің өңірге де бақыт 

шуағын шашты. 

Халқымыздың тілегі, 

көпшіліктің ойы орындалып, 

республика Жоғарғы Кеңесі 

Төралқасының шешімімен 

осы жылдың мамыр айында 

бұрышы Егіндібұлақ ауда-

нына ұлтымыздың кемеңгер 

ұлдарының бірі - Қазыбек 

Келдібекұлының есімі 

берілді. Сөйтіп, 

халқымыздың көптен күткен 

қуанышты күніне де қол 

жетті. 

Исі қазақта Қаздауысты 

Қазыбек биді білмейтін пен-

де кемде-кем шығар. 

Халқымыздың айтулы, 

айбынды, әруақты биінің 

өмірі негізінен қазақ-қалмақ 

шапқыншылықтары өршіп тұ 

рған жаугершілік заманда 

өтті. Қазыбек есімі ел аузын-

да көбінесе Абылай ханмен, 

Бұқар жыраумен қатар ата-

лады. Халық оны "Қазып 

айтқан Қазыбек" деп 

қастерлеген. Қазыбек бидің 

"Біз қазақ деген мал баққан 

елміз, бірақ ешкімге 

соқтықпай жай жатқан елміз, 

елімізден құт-береке қашпа-

сын деп, жеріміздің шетін 

жау баспасын деп, найзаға 

үкі таққан елміз, ешбір дұ 

шпан басынбаған елміз, ба-

сымыздан сөз асырмаған 

елміз", - деп келетін жай 

оғындай отты сөздерін кім 

білмейді? 

Қазыбек есімі халыққа 

қазақ пен қалмақ арасын-

дағы шапқыншылық тұсында 

екі елдің арасына білімші-

бүтінші болған батыл елші, 

парасатты мәмілегер ретінде 

мәлім. 

Атақты Абылай ханнан " Үш 

жүздің батырларынан сіз 

кімді артық көресіз", деп сұ 

рағанда ол былай деп жауап 

беріпті: 

"Бізге дейінгі екі кісіге таң 

қалуға болады, олар тоқсан 

туысын тұтқыннан құтқарып 

қалған Қаракесек, Қазыбек 

және тағы да сондай өзінің 

тұтқында кеткен адамдарын 

босатып алған Уақ Дербісәлі. 

Біріншісі Қалданның өз ал-

дына барып босатып алған, 

ал соңғысы өз ауылында жа-

тып дұшпанын қорқытып ал-

дырған". Кемеңгер ойымен, 

алдаспан ақылымен, сөз бас-

тайтын шешендігімен, ел ба-

стайтын көсемдігімен та-

нылған дара тұлга ел мүддесі 

үшін сонау зобалаң заманда 

жанкешті өмір сүрді. Құрса-

нып келген жауынан да 

қаймықпаған қайсар мінезді 

ұлы бабамыз ұлтының бола-

шағын ойлап тағатсызданды. 

"Алтын ұяң - Отан қымбат, 

құт-береке атаң қымбат" 

дейтін данышпандық сөз 

айтқан асыл текті баба елдің 

ірі-есінің сөгілмегенін, ха-

лықтың қапы төгілмегенін 

қалады. Осы жолда бүкіл 

саналы ғұмырын сарп етті. 

Қазір сол ғұлама бабалар 

аңсаған азаттық пен 

тәуелсіздікке қол жетті. 

Еліміз егемендікке ие болып, 

мемлекетіміз дербестік жо-

лына түсті. Қазақстанды 

әлем жұртшылығы танып, 

Біріккен Ұлттар Ұйымына 

мүше болып қабылданды. 

Дүниежүзінің өркениетті ел-

дерімен экономикалық, 

мәдени және рухани байла-

ныстар нығайып, достық 

көкжиегі уақыт озған сайын 

кеңейіп келеді. 

Қазақстанның қарышты 

қадамдары мен жарқын 

істерінің бастауында тәуелсіз 

мемлекетіміздің тұңғыш 

Президенті Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев тұр. Ха-

лықтар достығын, ұлттар ын-

тымағын әйгілеген қасиетті 

Ордабасы жиыны да Прези-

дентіміз дің жеке бастауымен 

өткен, ата-баба дәстүрін 

дәріптеген келелі де кемел 

бас қосу болды. 

Иә, ұлы баба есімін иемден-

ген ауданның абыройын асы-

рып, даңқын көтеру аса зор 

мәртебелі іс. Бүгін аудан 

еңбекшілері, барша жұршы-

лық Қаздауысты Қазыбек 

бидің әруағын әспеттеп, баба 

рухына тағзым етері хақ. Со-

ндықтан бүгінгі әңгіме, 

бүгінгі сөз баба туралы, оның 

өмірі мен қызметі жайында 

болмақ. Биліктің биік тұ 

ғырында тұрып халықтың 

көкейіндегісін айтқан, 

көмейіндегісін жарыққа 

шығарған әділет 

жақтаушысы, ақиқат 

жоқтаушысы Қазыбек 

Келдібекұлы табиғи дара да-

рынның, асыл текті ақылдың 

иесі, болашақты болжай 

білген көсем, сынсағатта су-

ырылып сөйлер дүлдүл ше-

шен. Төле, Қазыбек және 

Әйтеке билерден қалған сөз 

дәстүрі ғасырлар бойы 

үзілген емес. Олардың зама-

нында, Ахмет Баитұрсынов-

тың пікірімен айтқанда "Әділ 

билердің қолында билік 

қазақтың неше түрлі дертін 

жазатын жақсы дәрі еді". 

Осы қастерлі мұра, даналық 

пен қарақылды қақ жарған 

әділдіктің айғағы ше-

шендікпен айтылған билер 

сөзі халықтың жадында, 

елдің есінде. Асыл текті ата-

лар ақылы - бүгінгі ұрпақ 

тірлігінің темірқазығы. Де-

мек, біздер қасиетті баба-

мыздың ұлағатты ғұмыры-

нан, ғибратты сөздерінен 

тағылым ала отырып азат 

еліміздің, тәуелсіз мемле-

кетіміздің мүддесі үшін жан 

аямай қызмет етуге тиіспіз. 

Бұл баба рухын сыйлаудың, 

баба өсиетін орындаудың 

негізгі нышаны. 

Той тойға ұлассын, ағайын. 

Балқантау.-1993.-14 шілде 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал