Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша 2015 жылғы ақпараты



жүктеу 23.54 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі23.54 Kb.

Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама басқармасының  

Құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша  

2015 жылғы ақпараты  

 

         Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама басқармасы және 

ведомствоға  қарасты  мекемелерімен  Құқық  бұзушылықты  алдын-алу 

бойынша 2015 жылда келесі жұмыстар жүргізілді. 

         Ақмол  ауылының  әкімдігімен  бірге  «Алжир»  мемориалды-мұражай 

кешені    аталған  бағытта  жұмыстар  атқарды.  Ақмол  ауылындағы    тұрмысы 

нашар  отбасының,    Ақмол  ауылында  есепте  тұрған  балалармен  іс-шаралар 

өткізді.   

Мұражай ашылған уақыттан бастап Целиноград ауданының АІІБ тығыз 

байланыста  жұмыс  атқарады.  2015  жылғы  қаңтар-мамыр  айларында 

Целиноград ауданының АІІБ есебінде тұрған балаларға арнап экскурсиялар, 

тақырыптық көрмелер және дәрістер ұйымдастырды. 

5  мамыр  күні  мұражай  «Малиновка»  іздестіру  клубымен  Ақмол 

ауылының  тыл  ардагерлері,  Ауған  соғысының  ардагерлерімен  кездесу 

ұйымдастырды.  Іс-шараға  Ақмол  ауылының  №  5  мектеп  оқушылары,  

Целиноград ауданының АІІБ есебінде тұрған балалар қатысты. 

6-9 мамырда мұражай Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арнап сурет 

конкурсын ұйымдастырып, оған Целиноград ауданының АІІБ есебінде тұрған 

балалар қатысты.  

          18  ақпанда  Сәкен  Сейфуллин  мұражайының  қызметкерлеріне  ІІД 

лейтенанты  А. Умаров «Әкімшілік кодекс бабы» тақырыбында дәріс оқыды.  

           Балалар  мен  жасөспірімдердің  демалысын  ұйымдастыруда  қалалық 

кітапханалардың үлесі мол. Кітапханашылар өз іс-шаралары арқылы өмірдің 

құндылығын,  адамның  өз  денсаулығына  жауапты  болуы  керек  екенін 

көрсетуге тырысады. Мысалы, № 4 кітапхананың «Три ступени, ведущие вниз: 

наркомания, алкоголизм, курение» көрмесі өте қызықты; «Нет наркотикам! Да 

здоровью, силе и успеху» профилактикалық сұхбаты.  

Бүгінгі  таңда  қала  кітапханалары  жүйесінің    80%    балалар  мен 

жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін жұмыс атқаруда. 


Мысалы,  барлық  кітапханаларда  «Здоровье  –  это  мудрых  гонорар»; 

«Здоровая молодежь – здоровая нация» кітап көрмелері жұмыс жасайды. №14 

жалпы кітапхананың қызметкерлері  оқырмандармен  «Темекі тарту біз үшін 

дұрыс таңдау ма?» атты әңгіме жүргізді.  

Жазғы  кезеңге    «Жаз  -  2015»  жоспары  жасалды.  Аталған  бағдарлама 

шеңберінде  қуыршақ  театрының  қойылымдары,  ойындар,  әдеби  саяхаттар, 

конкурстар,  викториналар  жоспарланды.  Жұмыстың  мақсаты  кәмелетке 

толмаған  балалардың  көшеде  қараусыз  қалмай,  уақыттарын  кітапханаларда 

өткізу  болып  табылады.  Жылсайын  кәмелетке  толмаған  балалар 

инспекторымен  біргелікте  құқық  бұзушылықтың  алдын-алу  жұмыстары 

жүргізіледі. 

Театрлардың басты  мақсаты  қазақстандық  жастарды  патриоттық және 

эстетикалық  тәрбиелеуде,  тұрғындардың  мәдени  байлығын  арттыруда  түрлі 

жоспарлы спектаклдер қою болып табылады. 

Театрдың  негізгі  көрерменінің  (70%)  қаланың  жоғары  оқулары, 

колледждері және мектеп оқушылары, соның ішінде ішкі істер органдарында 

есепте тұрған, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың балалары қамтиды. 

Театр өз жұмысын жас көрермендермен театр бойынша экскурсиялар, 

ойындар арқылы балалардың көңілдерін көтерумен толықтырып отырады. 

Барлығы  аталған  кезеңде  М.  Горький  атындағы  Мемлекеттік  орыс 



академиялық  драма  театрында  110  спектакль  қойылды,  оған  15 702  адам 

келді. Сәуір айының соңы мамыр айында театрда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

арнап «Чем дальше мы уходим от войны…» музыкалық композиция қойылды, 

соңында № 28 және 3 мектеп оқушылары театр артистерімен шығармашылық 

кездесу өткізді.  

20 ақпанда Бөкейдің «Последнее причастие»  спектаклінен кейін         С. 

Сейфуллин 

атындағы 

Аграрлық 

университеттің 

студенттерімен 

шығармашылық кездесу өтті. 



Қ.  Қуанышбаев  атындағы  мемлекеттік  академиялық  музыкалық-

драма театры 7-8 ақпан аралығында қала мектептерінің оқушыларына            Д. 

Рамазанның  «Абылай  ханның  арманы»  тарихи  драма,  С.  Тұрғынбектің  

«Мұқағали» атты поэтикалық драмасы қойылды.  

          «Жастар» театры 13 мамырда ЕЦ 166/1 мамандандырылған мекемеде 

«Махаббат миниатюралары» спектаклін қойды. 

         Қуыршақ  театры  ақпан  айында  қаланың  орта  мектептерінде    «Байқа 

жолда балақай» спектаклін қойды.  



          Одан  басқа,  аталған  бағытта  қаланың  сарайларында  жұмыстар 

атқарылуда. Жастар сарайында 29 наурызда «Грация» халықаралық балалар 

конкурсы,  «Ақ  көгершін»  (25,27,28  наурыз)  балалар  шығармашылық 

фестивалі, «Сәлем, Астана!» (2,3 мамыр)   республикалық фестивальдарында 

ата-анасы  жоқ,  отбасы  төмен  балалар  өз  өнерлерін  көрсетті.  20-21  сәуірде 

сарайда  «Шексіз  шығармашылық»  атты  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың 

ашық  қалалық  фестивалі  өтті.    «KZ»  қайырымдылық  қоры  арқылы  гала-

концертке ата-анасы жоқ, отбасы төмен балалар шақырылды. 

         Тәуелсіздік 

сарайында 

балалардың 

адамгершілік-эстетикалық 

құндылықтарын қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында  келесі 

көрмелер ұйымдастырылды: 18 наурызда Наурыз мерекесіне арнап  «Ғасырлар 

жаңғырығы»; 25 ақпанда мемлекет қайраткері                               Жұмабек 

Ташеновтың 100 жылдығына арнап көрме-кездесу

; 16 сәуірде 

«Мөлдір бояу – 

Ару жібек» көрмесі.  

          Астаналық  цирк  барлық  қойылымдарына  есепте  тұрған,  отбасы 

жағдайы  төмен  балаларды  шақырады.  Цирк  артистері  балаларға  цирк  өмірі  



және жануарлар туралы экскурсия өткізеді.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал