Асымыздағы бөркімізден сабыр тайғалы не заман?! Қытайда бір мезгілде мың адам



жүктеу 29.67 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі29.67 Kb.

асымыздағы бөркімізден сабыр тайғалы не 

заман?! Қытайда бір мезгілде мың адам 

домбырамен күй тартып, олары Гиннестің 

рекордтар кітабына еніпті. Жақында ғана 

елордадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 

шоуда 500 адам домбыра тартыпты. Бір мезгілде, әрине... 

Аспанға бөрік ататындай әңгіме ме осымыз?! 

Кешегі қай бабамыз қоғамдасып домбыра тартып 

еді?! «Хорға» айналдыратын дағдымыздан қашан 

арыламыз?! Домбыраның табиғатын ұғынатын уақыт 

жетті емес пе? Домбырамен опера ойнағанды қашан 

қоямыз? «Частушканы» домбырамен сүйемелдегеніміз 

қай сасқанымыз? 

Енді рэпті домбырамен ойнау қалды-ау деймін. 

Сайлаубектің қолына домбыра ұстатуға жақындап 

қалғандаймыз-ау осы... 

Сол «мың домбыра» әңгімесі қазақ баспасөзінен түспей 

тұр. 


Басқаны қайдам, өзім тұшынғам жоқ. 

Қастерлі өнер жөнінде әңгіме қозғалған соң, сол әңгіме 

аясынан күткенім бар еді. Айтылмады сол әңгіме. Ол 

қазақтың Тәтекеңі, Тәттімбеті жөніндегі әңгіме еді... 

Қазір қастерлі өнердің де киесі кетті, білем. Әйтпесе 

Мұқағалиды Қарасазы, Қасымды Қарқаралысы ғана 

тойлап қана қояр ма еді?! Көшелі елдер қатарында 

болғандай болсақ, керісінше, Қарқаралы Мұқағалиды, 

Қарасаз Қасымды, Алматы мен Астана екеуін де тойлап 

жатар еді-ау дейсің... 

Тәттімбет есімі - Арқаға кеңінен жайылған есім. 

Басқаны қойғанда, сол Арқасының өзі тыныш жатқан 

жоқ па? Оған экономикалық дағдарысты немесе Арқада 

жүрген қызыл суды себеп қылудың жөні жоқ. Сонау 42 

жылдың өзінде Ленинград құрсауында қардай борап 

тұрған оқтың астында Шостаковичтің жетінші симфониясы 

ойналған. Оған қарағанда біздің күніміз ілгерілеу емес пе? 

Атап өту бар жерде бар. Біздегі атап өту өзгеріп барады. 

Ат шаптырады, балуан күрестіреді, көкпар тарттырады, 

ақындарды айтыстырады, болмай бара жатса, мүшәйра 

өткізеді. Осының бірінің де Тәтекеңе қатысы жоқ. 

Қатыстысы да аз емес. Аңшы болған. Айтулысы. Итпен 

қасқыр талаттырған. Астана төңірегінде өтіп жатқан түрлі 

аңшылық шоудың бірін осы Тәтекеңе арнай салсақ, 

тағымыздан түсіп қалмайтын едік ғой. Тамыршы болған. 

Мұнымыздың бәсі жоғары болса керек. Өйткені ол кісі 

ашқан қазақ даласындағы кен орындары аз болмаған. 

Ел басқарған десек, не дейсіз? Қарқаралы дуанының 

дуанбасылығына талас болған екеудің бірі емес пе еді? 

Ел тізгінін ұстауда Құнанбайдың жұмысын істемедің 

демесек, Құнанбаймен қатар тұрған адам. Құнанбайдың 

есімі аталған жерде есімі аталатын тұлға. 

Күйі, күйшілігі жөніндегі әңгіме атымен бөлек болуы 

керек. Сайдалы сары Тоқаны, Итаяқты Тәтекеңмен қатар 

қою талпынысы байқалады. Шертпе күй жөнінде әңгіме 

бола қалған жерде есімізге ең алдымен Тәтекең есімі 

орала кетпей ме?! Әлде қателесіп жүрміз бе?! Кейінгілерге 

айтарымыз болса болар, өйткені шертпе күй бастауында 

тұрған - бір ғана Тәтекең емес. Тәтекеңе дейін де талай 

күйші қу тақтайларына емініп өткен. Тәтекеңнің олардан 

мойын оздыратыны - шертпе күй мектебін негіздегені. 

Шертпе күй орындау шеберлігін шыңына жеткізгені. 

Тәтекең есімі - қазақ руханиятында өлмейтін есім. 

Оны өлтірмейтіні - күйлері. 

Күй болғанда, бойлауық күйлері. Қазақтың Ақаңы -

Ақселеу Сейдімбегі айтатын бойлауық күйлері. Арқада 

- қосбасарлар, Батыста - ақжелеңдер. Қазіргі қазақтың 

оқыған саз мамандары оларды да жіліктеп тастады цикл 

деп. Оқыған надандығымыз осылайша әр жерден көрініп 

қалады. Әйтпесе толқынды қуған толқындайын 

қосбасары да, ақжелеңі де бойлап тұрған жоқ па?! 

Қазіргі күй табиғатын зерттеушілеріміз алпыс екі 

тамырлы ақжелең, алпыс екі тармақты қосбасар 

дейді де, әрі қарай айдалаға маңиды, миға 

қонбайтын әңгімелер айтады, оннан, мұннан құрап 

аңыз-әпсана түзеді. Оқысаң, еңіреп қоя бересің. 

Ел білетіндей, Тәтекең қырық бес-ақ жыл өмір 

сүрген. Оның он екі жылында Нұрбике-Шаншар 

болыстығын басқарған. Ол да - елімді қайтсем 

ұшпаққа шығарам деген арыстың бірі. Енді оның 

өмір сүрген кезеңіне қараңыз: қазақ баласының 

тізелеген кезі. Кенесары Кекілікте қолға түсіп, 

қазақ баласының аттан түскен кезі. Сол қазақ 

баласының біржолата жатып қалмасы үшін не істеу 

керек?! Мұнан былай шошаңдатып бақан ұстау 

әпенділерге ғана жараспақ. Сонда қайтпек керек? 

Сол қазақ баласының рухын өлтірмеу керек. Ол 

үшін... 


Қосбасарлар солай туған. 

Қайда барарыңды білу үшін қайдан келгеніңді білу 

керек. 

Бұл отқарудан да мықты қару - күйқару - қосбасарлар 



еді. 

Бұл пендесінің намысын қалғытпайтын шалыс еді. 

Дүниеде қанша күйші бар, сонша қосбасар бар. 

Тәтекеңнің қосбасары жөнінде айттық. Бүгінгі күнге 

жеткені он саусақтан сәл ұзап тұр. Қалғаны... Сайдалы 

сары Тоқаның қосбасары, Қыздарбектің қосбасары, 

Әбдидің қосбасары, Сембектің қосбасары, Аманның 

қосбасары, Жағыпардың қосбасары, Аққыздың 

қосбасары... 

Сол қосбасарлар тағы да жіліктеледі. Наз болып, 

табалдырық болып, мұң болып, қарға болып, тәубе 

болып, зар болып. 

Не дейді сол қосбасарлар?.. 

«Келеді, - дейді, - жақсы күндер». 

«Ең бастысы, жаяу жүріп қалма» дейді. 

«Ат үстінде туғаныңды ұмытпа» дейді. 

«Айқайлап ән айта алмасаң да, құрығанда ішіңнен 

ыңылда» дейді. 

«Жігерің құм болмасын десең, емін қу тақтайыңа» 

дейді... 

Сол ыңыл мен тыңқыл қазақ баласының бойын қайта 

тіктетті. 

Бабамның «Елімайы» Бекболаттың «Елімайына» 

(«Елім менің») ұласты. 

Дәдем Қорқыттың «Елім-ай» сарыны Тәтекеңнің 

қосбасарына ұласты. 

Бізді тарих көшінен қалдырмай, өлтірмей, өшірмей 

бүгінгі күнге алып келген - осы қосбасарлар. 

Сол қосбасарлардың күні нешік? 

Өтіңіз жарылып кетсе де айталық: елім халінде 

жатыр... 

Өйткені қазіргі күйшілердің тартып жатқан 

қосбасарларының Тәтекең қосбасарына қатысы жоқ. Ат 

арығанда мәстек болып қалушы еді ғой. Қосбасарлардың 

да басында сол жайт тұр. 

Қазір оқыған мәдени тартушылар шықты. Шекті 

қылбұрау тартқандай тартып, нотамен тақылдатып 

шығады. Жалпақ тілмен айтқанда, еуропаша тартыс 

келді. Балалайкамен тартқандай тартады ғой... Тәтекең. 

қалдырған шалыс, қалыс, теріс, қосақ бұраулардың бірі 

жоқ. Есесіне сабалау бар. Біреу қуып келе жатқандай 

сабалап, өткінші жаңбырдай өте шығады. 

Тұшынбайсың. Еміренбейсің. Бойламайсың. 

Жә, болар. 

Пазыл Тұтқабеков ағамыздың тартысын көріп, 

тәубеңе келесің. Кешегі Дәулетбек Сәдуақасовтың 

баласы Қайролланы көріп, шүкіршілік айтасың. Бұлар 

барда, Тәтекеңнің қосбасарлары өле қоймас деп. 

Алайда жаныма бұлардың жаяу жүргені батады. 

Оларды үлкен сахнаға сүйрелеп жүрген бір жанды көрсем 

деп едім, сол үмітім ұзап барады. Тәтекеңді өлтірмейміз 

десек, ең алдымен, осы дәулескер күйшілерімізді өлтіріп 

алмайық. 

Ал оларды өлтірмейміз десек, өз алдына мектеп 

ашып берейік, үлкен сахналарда олардың кешін 

ұйымдастырайық. 

Осыған дейін аман келген Тәтекеңнің бізден кейін де 

өмір сүретініне кәміл сенемін. 

Алайда кейінгі ұрпақ Тәтекеңнің «Қосбасарын» 

жалғыз шекпен орындап жүрмей ме деген ішкі қаупімізді 

де айта кетелік... 

Төрехан МАЙБАС, 



жазушы 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал