Қасым Аманжоловтың "Мен өмірі Сталин туралы өлең жазған жоқпын" мақаласынан



жүктеу 30.89 Kb.

Дата21.01.2017
өлшемі30.89 Kb.

Қасым Аманжоловтың 

"Мен өмірі Сталин туралы өлең 

жазған жоқпын" мақаласынан 

Бүгін - "Шын талант творчествоны тастамайды" дедіңіз. 

Кеше Әуезов алғысөз жазып, ақжолтай тілеген "Ар" жина-

ғыңыз, тұңғыш жинағыңыз "Ұлы Сталинді мақтамайтын 

арсыз  ж и н а қ " деп айыпталып, өртеліп жатқанда, өзіңіз 

"байшыл", "ұлтшыл" деп  қудаланып жүргенде осы сөз, осы 

принцип сіздің бүкіл болмысыңызда болғаны хақ. Сондық-

тан да сіз  қазақ әдебиетіне мігірсіз  қызмет еттіңіз.  Ж а р 

қ ұ лағыңы з жасты қ қ а тимей,  қ аза қ ы ,  қ анатт ы  ж ы р л а р 

жаздыңыз, "Евгений Онегинді" екі  қайтара, Роберт Бернсті 

түгелге жуық, Омар Хаямнан 300-ге тарта рубаи тәржі-

маладыңыз, тағы басқа  қаншама еңбек жасадыңыз. Соның 

бәрі ортақ  қазан - өнер үшін. 

"Мен өмірі Сталин туралы өлең жазған жоқпын. Аузыма 

алған жоқпын. "Сталин жасасын!", "Партия жасасын!" де-

генге ешқашан бармадым. Мен мұнымды ерлік деп санай-

мын" деген  қарапайым да, елеусіз айтылған  қазіргі сөзіңізді 

- бітірген істі бұлдау емес, репрессияда айдалып, атылып 

кеткен әкелеріңіздің аруағына тағзым ету деп түсіндік. 

Еңбегіңізді елейтін, ескеретін буын,  ұрпақ барын айта 

отырып, өзіңіз менсінбей "өлең-мөлең сол..." деп атай сал-

ған кейінгі жырларыңыздан бір үзік үзінді беруді жөн 

көрдік ("Ойсылқара", соңғы шумағы): 

Қайтарар кім оған  қыруар  қарызды, 

Айтар кімге әдірә  қалған арызды? 

Бір мыңқ етпей тұр керенау кемеңгер, 

Мәңгі шыдам ескерткіші тәрізді. 

Осы, киелі Ойсылқара бейнесінің астарына сыйғызғаны-

ңыз -  қазақ  ұлты. Ал,  ұлттың  ұлы Сізсіз -  Қуан ата Шаң-

ғытбаев. 

Ақын атаның  қолын алып көңілін сұрай барғандағы 

әсеріміз осы болды. 

1

 "Қарттарым, аман-сау жүрші" айдарымен "Жас алаш" 



газетінде 1999 жылдың 1 шілдесінде жарияланды. -  Құраст. 

264 Шайыр 

Құастырушыдан: Жоғарыда  Қуандық Шаңғытбаевтың 

"Ар" кітабына айтылған жақсы пікірлер мен естеліктердің 

көбісі көп жылдардан кейін айтылды. Біз оларды алдын-

ала келтіру себебіміз - "Ар" кітабының тарихын оқырман-

ға басынан аяғына дейін айтып беру. Ендігі жерде ақын-

ның өмірбаянына  қайта оралып, оның тағдыры жәйлі әңгі-

мемізді жалғастырамыз. 

...Сонымен, "Арды" бүкіл кітапханалардан, дүкендерден 

жиып алып өртеп жіберді. Жұмыссыз  қалған жас ақын 

Ақтөбеге, туған ауылы  Қарабұтаққа оралады. Оның өмі-

ріндегі ең бір  қиын, 1946-1949 жылдардың аралығындағы, 

қуғындалып, жұмыссыз жүрген кезеңі басталады. 



Қ уанды қ Шаңғытбаевтың 

1993 жылы  Қазақ теледидарында 

сөйлеген сөзінен '; 

"...Сонда

 2

 әсіресе екі кісіні нысанаға  қатты алыпты. Біреуі 



Қасым марқұм Аманжолов, біреуі - мен. Мен онда Алма-

тыда жұмыс істейтінмін, Ақтөбеге кеттім. Ақтөбеде мені 

жаңағы кінәларға байланысты еш жер жұмысқа алмады. 

...Өз замандастарымның ішінде мен  Қасымның  қалай 

сынға алынғанын, сыналғанын, үйсіз-күйсіз өлең жазып 

күн көргенін жақсы білемін. Ал біз  Қастайды (мен оны 

Қастай дейтін едім),  Қасым марқұмды сыйлаған жоқпыз". 

1

 Ақынға арналған хабардан үзінді. -  Құраст. 



2

 1946 жылы "Жданов қаулысы" шыққан кезін айтып отыр. 



-  Құраст. 

Қуандық Шаңғытбаев 265 

Ақтөбеге екінші рет кетуі. 

Сыналған қара күндері 

Алған дем, болашаққа басқан  қадам -

Бәрі де бір сен үшін, асқар заман. 

Еншіңде - күлсем де мен, күрсінсем де, -

Бар өмір бағыштаулы бастан саған. 

Мен сенің аласа емес, биігіңмін, 

Саясыз тұлдыр болсам, - күйігіңмін. 

Бағзыда бас білмесем, кешір, елім, 

Құлыңмын,  құлыныңмын,  құйыныңмын. 



Қарабұтақ, 1946 

Қ у а н д ы қ Шаңғытбаевтың 

естелігінен: 

"...Менің  Қасыммен таныс-біліс екенімді естіп, әдебиет-

ке үйірсектеп жүретін бір жігіт "таныстыр, таныстыр" деп 

қ ойма й  қойды. Ол кезде  Қ асы м  А л м а т ы н ы ң шетінде, 

К ү л ә ш т і ң (Байсейітова) дачасында  т ұ р а т ы н . Әйелі, 

кішкентай  қ ы з ы бар. Сосын,  Қасымға айтып көріп ем, 

"Келіңдер" деді. Бардық. Дастарханда отырмыз.  Қасым аз 

сөйлейтін кісі еді. Менің жанымдағы жігіт ауыз жаппай 

Қаскеңді әбден мақтады. Мақтап отыр, мақтап отыр. Бір 

кезде  Қасым сәл  қозғалақтап, астындағы орындығымен 

қарама-қарсы отырған әлгінің басын ала перді келіп. "Кет, 

әкеңнің!.." 

Көлгірлікке шыдамайтын еді". 

"Жас алаш", 9  қазан, 1999 

Қуандық Шаңғытбаев

 267 


Суреттің артындағы жазуы: 

"9/ІІІ 46.  Қуан! Түбінде Поэзия тоңын тепкілеп жібітіп, 

құр тақырға гүл шығарар екеуміз болмасигек. 

Сол үшін алшы суретімді.  Қасым". 

Ақынның мұрағатындағы шақырудың бетіндегі жазуы: 

"Айналайын  Қасымым! 

Жан едің жайсаң жасы мың, 

Ертерек неге өлдің сен, 

Мені жақсы көретін 

Асылым, ағам, асылым?! 

Қуандық  қой!" 


Құрастырушыдан: 

Қасым Аманжолов бар болғаны 44 жы л ғана (туған жы-

лы 1911) өмір сүріп, 1955-ші жылы жарық дүниеден озды... 

Оның бітпей  қ а л ғ а н "Досымның үйленуі" пьесасын 

аяқтауды ақын  Қуандық Шаңғытбаев өмірден өткен аға 

досына өзінің парызы деп санаған.  Қасым Аманжоловтың 

бір актылы пьесасының сюжетін бұзбай оны көп актылы 

толық метражды спектакльге айналдырды. Мұхтар Әуезов 

атындағы  Қазақ театр сахнасындағы  қойылымды көрер-

мендер ықыласпен  қабылдап жатқанда театрдың директо-

ры Әзірбайжан Мамбетов  Қуандық Шаңғытбаевқа  құжат-

қа  қол  қойғыздырды. 



Қуандық Шаңғытбаев 269 

Қ А С Ы М ӨЛІМІ Н 

Е С І Т К Е Н Д Е 

Ұмытса да достарым, 

Ұмытар ма мені елім! 

Қ. Аманжолов 

Өлем деп өкінбейтін сорлы  Қасым, 

Өтті ғой дүбірлетіп домбырасын... 

Қарайып бір колаттың бөктерінде 

Менің де тұрған шығар  құлпытасым. 

Аз өмір арынындай сәйгүліктің! 

Айрылып аға, достан,  қайғы жұттым. 

Жалт берсе менің де асау арғымағым, 

Тағдырын таңдамас ем жай жігіттің. 

Қатардың мен де солай дүрі болсам, 

Құлшынған илһам  ұлы, ірі болсам, 

Бақта гүл, шөлде жаңбыр, түнде нұр боп, 

Өмірдің жарқылдаған жыры болсам. 

Аспасам, көлдей шалқып, көңіл хошта, 

Кетпесем, кақпақыл боп жеңіл досқа, 

Дем болсам бір жұтатын заманыма, 

Өтпесе, о дариға, өмір босқа! 

Қасым-ай,  қалды-ау жаным болып жұрдай, 

Тұншықты-ау ахық тілді алтын сырнай. 

Көзімнің жасын кімге сүрткіземін, 

Қайда екен Тахауи мен ақын Сырбай!.. 

Қостанай, 1955 

1

  Қуандық Шаңғытбаевтың бұл өлеңі 1968 жылы "Аққу әні" 



кітабында жарық көрді. -  Құраст. 

Шаңғытбаев, Қ. 

Таңдамалы [Текст] / Қ. Шаңғытбаев. - Алматы : Сага, 2010 - (мұқ.). 

1 т. : Шайыр. - 399 б. : фот. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал