Қасым Аманжоловты ң ақындығы, аза маттығы жайында көп айтылды, көп



жүктеу 136.42 Kb.

Дата09.06.2017
өлшемі136.42 Kb.

Қасым Аманжоловты ң ақындығы, аза -

маттығы жайында көп айтылды, көп 

жазылды.  Ж а ң а талап,  ж а с әдебиетші-

лерден бастап ғұлама  ғ а л ы м д а р ғ а дейін 

қ ала м тартты. Біз « Қ ар қ аралының » бү-

гінгі санында солардың біразына ықшам-

далған түрде болса да орын беріп те от-

ырмыз. Кезінде  Қасым Аманжоловтың 

ақындығы жайында Мұхтар Әуезов, 

Сәбит Мұқановтар да өздерінің жақсы 

ойларын, жоғары бағаларын жазба-

ша да, сөйлеген сөздерінде де білдірген, 

«Біздің  Қасым» деп атап, өзінің небір жы-

лы, жоғары баға берген сөздерін Тайыр 

Ж а р о к о в те айтқан. Ал Ғали Орманов 

майданда жүрген  Қасымға: 

«Ел де  ұқсас Алатаудың жартасына, 

Көтерген соғыс жүгін  а р қ а с ы н а . 

Көндіккен әжім бетті  а т а - а н а л а р 

Қайыспай долы дауыл б ұ р қ асынға . 

Қайғыны жаспен жумай , термен жудық, 

Деп еді, — соның бәрін айт  Қасымға. 

Туған жер топырағына тіп-тік өскен, 

Қ ар а емен,  қ айсар , тентек  қ ал қ ашыма . 

Ж а л т ы л д а п найзағайдай бұлт астында, 

Көрінген көз тігеміз біз  Қасымға. 

Тік біткен бұтағындай 

қ арағайды ң 

Қ араймы з  қуаныш  қып т ұ лғасына . 

Аңқылдап ақын үні естіледі; 

Қан-топан  қызыл селдің ортасында», — 

деген жолдары бар өлең-хат та жазған. 

Қасым туралы  ж а з ы л ғ а н  ж а қ с ы өлең-

дер аз емес, баршылық. Дегенмен, солар-

дың ішінде әруақты мадақтау,  қадір-құр-

метке бөленіп үлгерген ақынды дәріптеу 

емес, жауынгер ағаның жауынгер ініге 

майдан үстінде ағынан  ж а р ы л а сыр 

шерткені сияқты бұл өлеңнің орны бө-

лек болса керек. 

Ал енді  Қасым туралы, оның ақындық 

шығармашылық өнері жайлы күрделі 

зерттеулер,  м а қ а л а л а р  ж а з ғ а н адам-

дар, тіпті, көп.  О л а р д ы ң ішінен  Қасым 

поэзиясын сүйіп оқыған, сүйіп зерттеген 

Тәкен Әлімқұловты, дүлдүл ақындары-

мыз Әбділда Тәжібаев пен Сырбай Мәу-

леновты, 1956 жылы  Қасымның өмірі 

мен ақындық жолы туралы «Өмір мен 

Өлең» атты өте  құнды, көлемді ғылыми 

еңбек  ж а з ғ а н атақты ғалым Есмаған-

бет Ысмаиловты бөліп, ерекше атаған 

жөн болар. Бұған университеттеріміз бен 

педагогикалық институттарымызда  Қа-

сым поэзиясы оқылатындығын еске ал-

сақ,  Қасым Аманжоловты тану ғылымы-

ның туып,  қалыптасқанына көзіміз жет-

кендей болады. 

Қасым жайл ы түрлі естеліктер де аз 

жазылған жоқ. Олардың шамалы бөлегі-

мен болса да, журналдың осы санынан 

танысуға да болады. Сол естеліктер 

Қасым а қ ынны ң орындай алмай кеткен 

армандарының өте көп болғандығын біл-

діреді. Мәселен, Сырбай ақынның  Қасым 

жайлы толғаныстарының арасынан мы-

нандай жолдарды оқуға болар еді: 

«...Ол арманшыл жан еді.  Қайтыс бо-

ларынан жиырма күндей бұрын бір кі-

ріп шыққанымда  Қасым: 

— Енді менің дәмімнің таусылатын 

уақыты жақындап 

қ алға н сықылды. 

Қ анш а өлмеймін деп  қ ұ лшынса м да ауру 

шіркін күннен-күнге  ж а н ғ а батып, мең-

детіп барады. Өлім үшін өкінбеймін. 

Өйткені екінің бірі өледі ғой. Бірақ кеу-

демде орындалмаған ойым, жүзеге аспа-

ған  қиялдарым бірге кетіп жатқанына 

өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дү-

ниеден мәңгілік аттанып бара жатыр-

мын. Оның біріншісі — Абайдан асамын 

ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. 

Екіншісі —  қ а з а қ т ы ң «Евгений Онеги-

нін» жазамын ба деп едім, оған да ажал 

шіркін жеткізбей кететін түрі бар... Үшін-

шісі — көшеге шыққанын бүкіл Париж 

аңдып тұратын Виктор Гюгоның  құрмет-

телгеніндей  қошаметке бөленсем бе деп 

ойлаған едім, бұл да арман болып  қара 

жерге менімен бірге көмілетін болды, — 

деді. Міне,  Қасым осындай армандарын 

тірлігінде аяқтай алмай,  қырықтан  қыл-

тиып  ж а ң а аса бергенінде  қыршын кетті». 

Осыларға  қоса  Қасымның жүрек түпкі-

рінде берік етіп сақтаған, сыртқа шы-

ғаруға  қимай кеткен және бір асыл ар-

маны болғанын  ж а қ с ы білеміз. Ол жайлы 

отбасы адамдары, ағайын-туыстары, 

қайтыс боларды ң алдында Бурабайд а 

емделген  Қасымның жанында болған 

адамдар  қиналып отырып терең толқи 

әңгімелейтін. Ол  а р м а н — т у ғ а н жерін, 

жастық шағын өткізген аяулы да асыл 

мекенін және бір көру, кеңшілік заман-

да емін-еркін сайрандап,  қызықтап көру, 

«Туған жер», «Ағайыма», «Сарыарқа» 

сияқты елі мен жеріне арнаған өлеңдері-

нің «Абайдан асқан шағында» жазылған 

жалғасын көсіле бір жырлап көру бола-



16 

Қ асы м  А м а н ж о л о в пе н  М а р т б е к  М а м ы р а е в т а р  м а й д а н д а с  д о с т а р ы м е н бірге. 

1 7 

тын. 1955 жылдың  қаңтарында дүниеден 

өткен  Қасым енді бір төрт-бес ай аман 

тұрғанда, сол жылдың жазында өзінің 

туған жеріне,  қадірменді  Қарқаралысына 

келмек еді. Туған елі, елдегі туған-туыс-

тары «Қасым келетін көрінеді» деген ха-

бардан  құлақтанып, сол тұстағы хал-

қадерінше, күш-мүмкіндіктеріне орай 

дайындыққа да кірісіп те кеткен бола-

тын. Егер, иә, егер...сол  ж а з д а  Қасым 

еліне келгендей болса, елінің, туыс-туған-

дарының, жас достарының  қуаныш-қо-

шаметін көріп,  Қызыл мен Ақтайлақ жа-

ғалауларына аунап-қунап, өзен-сула-

рына шомылғандай болса,  қайран  Қасым 

сергіп, сауығып, жадырап-жайраңдап 

қ айта р ма еді... Алайда, иә, алайда,.. тағ-

дыр бұған жазбады. Озбыр да тойымсыз 

ажал жадыраған жазды шығарып, ақиық 

ақынды туған жері -  Қарқаралысына 

жеткізбестен, өзіндей-ақ  қатыгез  қаңтар 

айында Алматы іргесіндегі мәңгілік ме-

кенінен бір-ақ шығарды... 

Аты бар әлемге әйгілі орыс ақыны Сер-

гей Есениннің өзінің өмірбаяны туралы 

жазған бір мәліметінде  қай жылы,  қай 

жерде туғанын айта келіп: «енді  қалған 

өміртарихым — менің өлеңдерімде», — 

дейтіні бар емес пе...Тауып-ақ айтылған 

сөз емес пе? Тегінде нағыз, шын ақынның 

шығармашылық өнерінен оның өмір та-

рихы, адамдық табиғаты, халықтық  қа-

сиеті айғайлай танылып, анық байқалып 

тұрады ғой.  Қасым жайлы да бұдан бас-

қ аш а айту мүмкін емес.  Б а с қ а ш а болуы 

мүмкін де емес  қой. Өйткені ақын, ең 

алдымен, өз  қоғамының мүшесі және 

белсенді мүшесі болуға тиіс. Олай болса, 

Қасым сынды шын а қ ы н өзінің тағдыры 

арқылы да, өзгелердің тағдыры арқылы 

да  қоғамдық шындықты суреттейді. Бас-

қ аш а айт қ анда , ол әлеуметтік маңызы 

бар шығармалар ғана жазады. 

Мәселен, журналымыздың осы саны 

жарық көретін маусым айында  Ұлы Отан 

соғысының басталуына жарты ғасыр 

толуына орай  Қасымның майдан жыр-

ларының  ж а ң а бір  қырларынан басқаша 

көрінуі заңды. Осы тұрғыдан алғанда  Қа-

сымның баршамызға жақсы мәлім  қар-

қ аралылы қ Мартбе к Мамыраевпен  қан-

ды соғыс күндеріндегі кездесулеріне  қыс-

каша тоқтала кеткен жөн сияқты. Омы-

рауына Алтын  Ж ұ л д ы з тақтырған ерлі-

гін Мартбек атамыз 1943  ж ы л д ы ң соңын-

да жасағанмен, жоғары атақты беру 

жөніндегі Указ келесі 1944 жылдың ба-

сында  ж а р ы қ көрген ғой. Осы жылы 

Мартбек пен  Қасым майдандық газет 

редакциясында кездесіп, біраз уақыт 

бірге болған майдандас,  қандас-жер-

лес азаматтар өзара жақын танысып, 

бір-біріне бауыр басып  қалады. Біздің 

қолымызда осы екі ердің елден аулақ-

та жүріп кездескен кезде түскен суреті 

бар. Журналдың 

Қ асымғ а арналған 

бүгінгі санында сол суретті жариялау-

дың да сәті түсіп отыр. Бұл суретте екі 

дос  Қасым  қызмет істеп жүрген «Алға, 

жауға  қарсы» атты газет редакциясы-

ның  қызметкерлері (солдан оңға  қарай) 

Сергей Капитанов, Александр Ковалев 

және Василий Кулагиндердің ортасында 

қ а т а р отырып түскен.  Қ асымны ң «Март-

бек» деген атпен «Қарағанды шахтері, 

Совет Одағының Батыры Мартбек Ма-

мыраевтың жауынгерлік өмірінен бір 

үзінді» деген  қосақ аты бар  ұ з а қ тол-

ғауын жазғаны да дәл осы кез. 



жалгасы 41-бетте 

Қасым осы 1944 жылды ң 23 майында 

«Социалистік  Қазақстан» газетіне одан 

сәл бұрынырақ, госпитальда жатқан-

да жазып бітірген «Абдолла» атты поэ-

масын жариялайды да, ол поэма ту-

ралы классик  қаламгеріміз Ғабит Мү-

сіреповтың «Майданнан соққан жаңа 

леп» деген мақаласы дүниеге келеді. 

Қасымның осы поэмасы жайл ы жазылға н 

қ а з а қ әдеби сынындағы бұл тұнғыш ма-

қ ал а сол «Социалистік  Қ аза қ станның » 

6 июніндегі санында жарияланады.  Қа-

сым Аманжоловқа күрт бұрылу, оның 

майдандық өлеңдерін жаппай сүйсініп 

оқу осы мақаладан басталып кетті. Ғабең 

сонда былай деп  ж а з ғ а н болатын: «Қа-



сымның «Абдолла» деген поэмасын кө-

ре сала сөз  қылғалы отырғанымыз — жа-

ңа тақырыптағы сапалы шығарма деп 

санағандықтан. Жаңаның да жаңасы, 

Отан соғысының ерлері жайындағы жан 

сөзі болса, ақын  Қасым ойын айта ал-

ған». Ғабеңнің бұл поэмаға ерекше на-

зар аударып, көңіл бөліп, іле үнін  қосып, 

пікір айтуына және бір себеп болды. Ол 

Ғ. Мүсіреповтің осы тұста сан мәрте атап 

айтқанындай, сұрапыл соғыс жылдарын-

да оның ерлері жайлы нысанаға дөп тиер-

ліктей тамаша туындылар, өлең-жыр-

лар туа  қоймаған-ды. Міне,  Қасым аға 

жазушының бұл сынына, әділ сынына 

«Абдолла» поэмасымен, ақын жайлы 

шын мәнісіндегі  а қ ы н д ы қ туындысымен 

жауап бергендей еді. Соған орай, жазу-

шы-сыншы Ғабең былай толғайды: «Ал-

ған тақырыбы майдан ері ақын Абдолла 

болса, майдандағы ақын  Қасым сол бір 

жалынды жанды толық елестете алған». 

Көлемді  м а қ а л а д а айтылған ойларды 

түгелдей шолып та болса айтып беру 

мақсат емес. Алайда, 1944 жылы  Қасым 

туралы жазылған сол мақаланың мына 

бір жолдарына оқырман назарын ауда-

ра кеткеннің артықтығы бола  қоймас 

деп ойлаймыз: 



«Қасым поэмасы майданнан соққан жа-

ңа леп сияқты. Елдегі ақын-жазушыға 

түгел ой салады. Көп нәрсені аңғартады: 

«Жасым кіші демеңдер, айта алсам айып 

емес шығар, осылай айтайық, жақсылап 

айтайық!» — дейді.  Қазақ әдебиетінде 

Қасымның ағасы да бар, інісі де бар, 

құрдасы да бар. Солардың ішінен Отан 

соғысының тақырыбына жазамын деуші-

лердің бәріне де «Абдолла» жаңа бір 

қырқаны меңзейді. Жаң а тақырыпты 

жақсылап жазайық дейді.  Қасымның 

ең бір жете  ұғынатын жақсы жайы осын-

да». 

Сонымен 1944 жыл —  Қасым көп  ж а з -

ған, оның көптеген өлеңдері, соғыс, май-

дан жайлы өлеңдері дүниеге келген 

жыл, «майданнан соққан  ж а ң а леп» бол-

ған «Абдолла», «Мартбек», «Полковник 

Әлпинге» сияқты 

Қасымның тамаш а 

жырларын дүниеге әкеліп,  қ а з а қ оқыр-

мандарын  Қасымға күрт бұрғызған жыл. 

«Елге хаты», «Ғалиға жауабы», жерле-

сі «Қапанға» атты өлеңдері де  Қасымның 

қ аламына н осы жылы , осы кезде туды. 

Соғыстың аты соғыс емес пе.  Қасым 

сағына, толғана; кей реттерде күңіре-

не жырлады бұл жылы. Бірінші боп туған 

елі, әсем  Қ а р қ а р а л ы с ы , сұлу Сарыарқа-

сы тіліне жиі оралған жыл болды осы 

1944 жыл! 

«Кең далам — дастарқаным — атамекен, 

Зейінді асқар тауым көкірегі кең. 

Лебіңмен оттай ыстық тартасың кеп, 

Тіріліп іздегендей мені әкем. 

Жалбыр тон жетім болып жүргенімде, 

Көтеріп, 

қаратып ең мені күнге, 

Әкем де, анам да сен, туған елім, 

Сен үшін ырысым да,  қасіретім де». 

деп, жүрек тереңінен шыққан сағы-

ныш жолдарын, туған жері мен еліне де-

ген ізгі сезімдерге толы жыр жолдарын 

ж а з д ы  Қасым. 

«Өлім деген арсыз сөз, 

Қайдан маған болдың кез? 

Өлім — жауым, өмір — дос, 

Неге өлейін бостан-бос!» 

деп өліммен бетпе бет кездескен  Қа-

сымның одан жеркене, тітіркене безі-

ніп, лағнат айтқан жылы да осы 1944 

жыл болды. 

«Хат жоқ елден: достан да, жақыннан да, 

Шынымен-ақ шіркіндер  ұмытқан ба? 

Жапа-жалғыз тұңғиық ойға батып, 

Ұқсаймын су түбінде отырғанға. 

Жалғыз сенсің сырласым, осы өлең; 

Ақын жыры, туысы, досы — өлең, 

Мейлі мені  ұмытсын дүние жүзі, 

Жырлап тудым анадан, жырлап өлем», 

— деп торыға, аңсай  ж ы р л а ғ а н жылы да 

осы жыл еді  Қасымның. Бір сәт түңіліп, 

түйіліп кеткен  Қасым бұл жылы тез сер-

гіп те отырды. Өйткені бұл  Ұлы Жеңіс ал-

4 1 


дындағы жыл еді ғой. Соған орай тұнжыр 

ой, ауыр  қайғыны оптимистік сезімдер 

оңай, тез жеңіп, үстемдік алып отырды 

бұл жылдағы  Қасым өлеңдерінде. Содан 

келіп  Қасымның өз мінезіне  ұқсас мына 

сияқты өлеңдер орын алды бұл жылғы 

ақын творчествосында: 

«Үстімде сұр шинелім, 

Ақсаңдай басып келемін. 

Қанды  қырғын,  қызыл от, 

Қаптап жүр ажал дегенің. 

Үстімде сұр шинелім, 

Ақсаңдай басып келемін. 

Қағып-соғып жатыр ма 

Оңайлықпен мені өлім, 

Үстімде сұр шинелім, 

Ақсаңдай басып келемін. 

Баяғы  Қасым, бір  Қасым, 

Баяғы күйім, өлеңім. 

Үстімде сұр шинелім, 

Ақсаңдай басып келемін. 

Ұмытса да достарым, 

Ұмытар ма өз елім». 

Елі мен жері «баяғы  Қасым, бір  Қасы-

мын»  ұмытпайтынына берік те нық сенген 

ақын 1944 жылды майдан жолдарында 

жүріпі, торыға да толғана жүріп шығарып 

салады. Сол  қанды жолдарда жүріп жа-

ңа 1945 жылды  қарсы алады, жеңіске де-

ген нық сеніммен  қарсы алады: 



«Жаңа жыл, мың тоғыз жүз 

қырық бесінші, 

Құйшы, дос!  Қыран көңіл бір желпінші! 

Қан  қырғын  қызыл соқта толастар ма? 

Жаңа жыл, айт та, менен ал сүйінші! 

Тілемен жетсе екен деп жасым жүзге, 

Тілемен нұр жаудыр деп көктен бізге. 

Жаңа жыл, жаршысы боп игіліктің. 

Жауды жеңіп 

қайтқандай елімізге». 

Бұл да  Қасым дәптеріне осы, 1944 

жылдың соңғы кешінде  ж а з ы л ғ а н үмітке 

толы, терең сезімге толы жолдар. Азамат 

ақынның тілегі  қабыл болып, сенімі ақ-

талды. Келер 1945 жылы Жеңіс жылы 

болып тойланды. Жалынды жүрек иесі 

Жеңіс шарабын ішіп, сұлу жырдан шашу 

шашып, сүйіншісін берді, көп  қылып бер-

ді... 


«Уа, дариға, алтын бесік туған жер, 

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр! 

Ж а т а алмас ем топырағында тебіренбей, 

Ақын болмай, тасың болсам мен егер... 

Болдым ғашық, туған дала, мен саған, 

Алыс жүрсем арманым, сен, аңсаған, 

Ж а қ ы н жүрсем, мен — төрінде рақаттың 

Алтын діңгек — өзім туған босағам!» — 

Қасым жазға н осы жолда р оның туған 

ө л к е с і — Қ а р қ а р а л ы с ы н а арнаған гимн 

емес пе?! Ақын жерлестері жаттап, жыр-

лап өтер ар-иман сөздері емес пе?! Дау-

ылпаз ақын тағы бірде былайша толған-

ған ғой: 

«Сүйем сені туған ел — атамекен, 

Абзал анам сенсің ғой  құшағың кең. 

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, 

Сенен артық не табам,  қайда кетем», 

Қасымның өзі жырлағанда й сұлу өл-

ке, сиқырлы жерде, «жер мен көктің жан-

наты»  Қ а р қ а р а л ы д а туған  Қасым ақын-

ның  қ а з а қ поэзиясының жарық жұлдызы 

болуы орынды да. Өйткені ол арғы-бергі 

барлық дарын-таланттар тәрізді өзінің 

кіндік  қаны тамған жері мен өскен елі-

нің табиғатына тартып туған. Сол себеп-

ті де ақын: «Сен де аямай бердің маған 

барыңды, мен де аямай барымды саған 

беремін», — деген өлең жолдарын жырға 

қосты. 


Қасым әйелі  С а қ ы п ж а м а л жән е  қыздары  Ж а н а р ,  Д а р и ғ а л а р м е н бірге. 

4 2 

Әттең дүние, не керек, арманын арқа-

лаған дүлдүл ақынымыз  Қасымды сол 

Қ ар қ аралысы н көрер алдағ ы жазд ы 

тостырмай, 1955 жылдың 17 январынан 

18-іне  қараған түнде, небары 43-тен 44-ке 

қ араға н 

қыршын жасынд а мейірімсіз 

а ж а л , ол кездегі дауасыз дерт болып 

саналған  құрт ауруы  қайтпас сапарына 

алып кетті. «Дүние жалт-жұлт еткен кең 

мекенім. Көре алмай көп жеріңді мен ке-

темін», — деп ақынның өзі айтқандай, 

солардың бірі ретінде «туған ел — ата-

мекені»  Қарқаралысын есейген шағында 

бір көріп мауқын баса алмай,  ж а з шық-

қан ша қ тағ ы гүл жайнаға н даласын , өзі-

н е  а с қ а қ т а й 

қ а р а ғ а н  т ә к а п -

пар аспанын  т а м а ш а л а й алмай, кәусар 

ауасын дертке дауа ретінде алып, көгіл-

дір алқабына бала күніндегісіндей емін-

еркін бір аунай алмай көз жұмды. 

Қасым дүниеден өтерде оның жанын-

да санаулы ғана адамдар болған ғой. 

Сол  ж а н д а р былай дейді: 

—  Қасым түн ортасы ауа бере  қасы-

на бәрімізді, балаларын шақырып алды 

да, сәл талықсып барып есін жинаған-

дай болды. Содан бәрімізге де күлімсі-

рей  қарап алып: «Сендер мені  қимай 

отырсыңдар ғой, енді  қиыңдар», — деді 

де, үзіліп жүре берді, — дейді ақынның 

сүйген жары  С а қ ы п ж а м а л . 

— «Қасым дүниеге күліп келіп, жылап 

кетті» демесін, сақал-мұртымды алып, 

жақсылап жуындырыңдар, — деп ертең-

гілік мені шақыртып алды, — дейді ақын-

ның ағасы Ахметжан. 

— Әкем де  қырық үштен  қырық төртке 

қ ара й түн жарымна н ауа көз жұмды 

деуші едің ғой. Сол кезде менің де шы-

рағым сөніп, өмірден аттанармын деп 

еді, сол айтқаны аумай келді ғой, — 

дейді ақынның анасы Айғанша. 

—  Қасым ертеңгілік  т а я қ қ а сүйеніп, те-

резеге телміріп көп  қарады.  Ж а р ы қ дү-

ниемен, туған-өскен жерімен  қайта-қай-

та  қоштасқандай жаутаңдай берді, 

дейді  қ а р қ а р а л ы л ы қ  қ а р т туысы Мұсыл-

ман  қария. 

—  Қасым  қимылсыз, үн-түнсіз жатыр. 

Қ има с адамның, әсіресе а қ ынны ң үнсіз 

ж а т қ а н ы  қандай ауыр. Біз іштей егіліп, 

Қ асымғ а  қ араймыз .  Қасым бізге жауа п 

қ атпайды . Мүмкін: ол өзі  қ айтала п ай-

та беретін: 

«Милый друг, я умираю, 

Поэтом был я честен. 

Но за то родному краю, 

Буду долго я известен», 

— деген Добролюбовтың өлер алдын-

дағы өлеңін еске алып  ж а т қ а н болар, — 

дейді  Қасымның және бір рухани ақын 

досы Сырбай Мәуленов. 

Осы айтылғандардың  қайсысы болсын, 

философиялық толғау дерлік, өз алда-

рына бір-бір шығармаға желі боларлық 

әңгімелер...  Қасым ол дүниелік болатын 

түнде де артында  қ а л а р  ұрпақтарына 

рухтас,  қаламдас ағайындарына ой са-

ларлық,  с а б а қ боларлық әңгімелер, ой 

толғамдарын  қалдырып кеткен. Өкініш-

ке  қарай,  қ а з а қ әдебиетінде ел ардақ-

тылары,  а қ ы н - ж а з у ш ы л а р туралы өзге 

елдердің салтында бар, мәселен, Л. Н. 

Толстой мен. А. И. Куприн, М. М. Приш-

виндердің  қыздарының Э. Хемингуэй-

дің әйелінің жазғандарындай әдеби ме-

муарлар жоқ. Ал ондай мемуарлар жа-

зуға талпыныстар жоқ емес. Міне, сондай 

туындыларға әлгі айтылғандардың әр-

қайсысы бір-бір тара у емес пе? 

Қ асымд а «Өзім туралы » атты  ұ за қ өл-

ең,  « Б а л а л ы қ шақ туралы», «Ағайыма» 

деген өмірбаяндық шағын өлеңдер 

бар. Бұлардың алғашқысын ақынды 

құрметпен,  қадір тұтушы әр  қ а з а қ жат қ а 

біледі, ойын-той, түрлі бас  қосуларда 

айтып та, өлеңдетіп те жүр. Ал «Ағай-

ыма» деген өлеңінде мынадай жолдар, 

бар: 

«...Қыс.  Қыстау атамекен  Қызылдағы, 



Ерттеулі аттар толы,  қора маңы. 

Томпаңдап үйге  ж а л ғ ы з келе жаттым, 

Тойдырып күресіннің сырғанағы. 

Жармасып  б о с а ғ а ғ а үйге енгенде, 

Түскендей болды жүрек ыршып жерге, 

Сұп-сұлық жатты әкем алдымызда, 

Бүркеніп жайнамазын оң  ж а қ төрде. 

Көл-көсір жылау-сықтау үйдің іші, 

Неткен күй күңіренген үлкен-кіші! 

Қ ұ ша қ та п жыладыңы з сіз кеп мені, 

Ж а л ы н боп өткен әке күйініші. 

Жыламай,  қарай бердім ынтамды сап, 

Көзіме көріндіңіз әкеме  ұқсап... 

Д а р и ғ а , енді бүгін  қан майданда, 

Тағы да сізсіз мені жүрген аңсап...» 

«Атамекен  Қызылы» —  қазіргі  Қасым 

атындағы совхоздың Аққора бөлімше-

сіндегі ел аузында  « Р а қ ы м ж а н  қыстауы» 

аталып жүрген жер.  Қасымның кіндік 

қаны осы жерг е тамған .  Қасымның әке-

сі —  Р а қ ы м ж а н да, оның әкесі Аманжол 

да осы  қыстауда туып-өскен, осында 

жерленген. Ақынның анасы Айғанша 

да, өлеңін арнап отырған ағасы Ахмет-

жан да — осы өңірдің түлегі. Ақынның 

өлеңдерінен  ж а қ с ы білетін жоқшылық-

тың неше атасын көріп өскен жастық 

шағы осы жерде өткен. 

Ақынның жақын ағайыны әрі  құрдасы, 

Қ а з а қ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, 

көп уақыт дербес пенсияда болып, бертін-

де  қайтыс болған осы өңірдің  құрметті 

а қ с а қ а л ы Мекебай  Ж а з ы б а е в былай 

деген естелік жазып  қалдырыпты: «Қа-

сым жастайынан алғыр, өрттей шапшаң, 

өте зерек еді. Әрі жасы толмай, әрі ақыға 

төлейтін ештемесі болмай, бізбен бір-

ге ол молда алдына кіріп, оқи алмады. 

Ж а б ы қ т а н , босағадан тыңдап жүріп-ақ 

бізге жаттатқандарды іштегі бізден ар-



4 3 

тық заулатқанын көріп, молданың көзі 

шығып кете  ж а з д а ғ а н ы бар. Ол-ол ма, 

музыкаға  қабілеті сонша, сыбызғыны 

өзі  қолдан кесіп, өзі ойнай беретін». 

«Жоқшылық жомарт ердін  қолын бай-

лайды» демекші,  Қасымның жеті атасы-

ның еншісіне тиген кедейшілік оның дар-

хан дарынына, білім, өнер іздесем деген 

талабына тұсау, бөгет болады. Сөйтіп 

Қасым білім шырағыны ң соңына тек 

1925 жылы, он төрт жасында ғана тү-

седі. Ол осы жылы  Қ а р қ а р а л ы уездік 

комсомол комитетінің жолдамасымен 

Семейдің педагогика техникумына жібе-

ріледі. Білім бұлағына аңсап келген, онда 

түсуге тілек білдірушілердің өте көп бо-

луы себепті және бар білімі техникум-

ға түсушілерге  қойылатын талапқа сай 

болмағандықтан.  Қасым жеткіншектер 

мектебіне (школа подростков) түседі. 

Бұл мектепті бітіргеннен соң ауыл ша-

руашылық техникумына 

қабылданып, 

алайда оны аяқтамастан, әуелгі педа-

гогика техникумына ауысады. Осында 

жүріп  қабырға газет шығарумен, оларға 

арнап өлең жазумен шұғылданады. 

1931 жылы аштықтан  қ а ш қ а н  Қасым-

дар Алматы  қаласына келіп,  Қ а з а қ педа-

гогикалық институтының дайындық кур-

сына түседі. Одан тиісті орындардың 

жолдамасымен халық шаруашылығының 

маманы болып шығуға тиіс жастардың 

қ атарынд а Ленинградтағ ы орман шаруа-

шылығы институтына түседі. Алайда, 

бұл жердің дымқыл ауасы  Қасымға жақ-

пайды да, жоқшылықта өскен жүдеу-

жадау  ж а с жігіт ауыр дертке, сол кез 

үшін дауасы аз  құрт ауруына шалдығып, 

елге  қайтады. 1933 жылы  Қызыл Армия 

қ атарын а шақырылып, Орал  қ аласында -

ғы әскери бөлімдерде  қызмет етеді. Орал 

қ алас ы ақынның творчестволық өмір-

баянында елеулі орын алады. Облыстық 

«Екпінді 

құрылыс» газетіне көптеген 

өлеңдерін жариялатады. Осы Орал  қала-

сындағы драмалық труппаның жұмысы-

на да  қатысып, өзін барлық аспаптарда 

ойнай білетін бесаспап музыкант ретін-

де де таныта біледі. 

Армия  қатарынан 1935 жылы Алматы-

ға оралған жалынды  ж а с ақын астанада-

ғы әдеби өмірге белсене араласып кетеді. 

«Лениншіл жас» газетіне жұмысқа орна-

ласады, біржола ақындық өнердің жолы-

на түседі. Соғысқа дейінгі кезеңде алғаш-

қы өлеңдер жинағы , «Азғынбаев», «Құ-

пия  қыз» поэмалары, Низами, Байрон, 

Шевченкодан аудармалары бірінен соң 

бірі  ж а р ы қ көреді. Осында жүріп  Ұлы 

Отан соғысының майдандарына аттана-

ды. Батыс майданындағы № 9 атқыштар 

бригадасында соғысқа  қатысады. Аға 

сержант дәрежесінде саяси жетекші 

подполковник Әлпиннің  қолдауымен жә-

не соның басшылығымен «Вперед, на 

запад» газетін шығаруға 

қатысады. 

Аға, тілшілік  қызмет атқарады. Кәнігі 

журналист ретінде майдандық газеттің 

жауынгер тілегіне орай, мақсатты, өткір 

тілді, бай мазмұнды болып шығуына 

зор үлес  қосты. Бұл жайында  Қасымның 

сол майданда, газет редакциясында жү-

ріп майдандағы сәл тыныстар кезінде 

елдегі ақын-жазушылармен, майдандағы 

әскери журналистермен жазысып, алма-

сып тұрған хаттары көп сыр шертеді. 

Қанды 


ұ рыстарды ң "ара-арасындағ ы 

жиі  ұшыраспаса да әредік болып  қалатын 

үзіліс-демалыстар кезінде,  ж а р а д а р бо-

лып, госпитальға түскен  ш а қ т а р д а  қолы-

на  қаламы мен  қ а ғ а з ы н алып, «берейін 

өмірімнен өлең жасап» деген  Қасым тө-

гілтіп өлең-поэмаларын  ж а з а д ы . Біздің 

қолымызға түспегенімен, кейбір дерек-

терге  қ а р а ғ а н д а орыс тілінде де өлең, 

публицистикасын жазып, майдандық, 

сол сияқты орталық газеттерге жолдап, 

жариялап отырған. 

Майданнан Алматыға жеңіспен, үлкен 

қуанышпен оралға н  Қасым денсаулығын 

мүлде әлсіретіп  қайтады. Сол кезден бір-

ден басталып кеткен және өмірінің ақыр-

ғы сәтіне дейін созылған ауыр дертпен 

айқас үздіксіз, асқан белсенділікпен 

жүргізілді. 

«О, тағдыр, мені сауықтыр, 

Айтатын жыр-ойым бар. 

Көңілім соған ауып тұр, 

Алда бір  қызық тойым бар. 

Бір өзім емес, көп үшін, 

Көкірегім толы күйім бар, 

Сау болып соны шертейін, 

Ауыра берсем  қиындар. 

Өлең мен күйден  ж а р а л ғ а н , 

Мен де бір адам ғажайып. 

Қ ұ т қ арш ы ауру жараңнан , 

Жазылып бір жыр  ж а з а й ы қ , 

Көңілдің күйін төгейік, 

Арманда кеттік демейік. 

Бәрін де беріп ел-жұртқа, 

Қ арызда р болмай кетейік», 

деген өлең жолдары арманшыл ақынның 

қ аламына н осы жылдар ы туған. Алайда, 

ақын тілегін  ж а р а т қ а н иесі бермеді,  Қа-

сым асыл арман үстінде дүниеден өтті. 

Ойына алған көп дүниесін, «Абайдан 

асырарлық дүниесін», өзінің «Евгений 

Онегинін» бере алмай кетті. Бірақ, ақын-

ның өзі айтқандай «қарыздар болып» 

кеткен жоқ, өлмейтін, ғасырлар бойына 

жасай берер бай мұрасын  қалдырып 

кетті. 


Қасым емес, міне отыз бес жылда н ас-

там уақыт бойына сол  Қасымның алдын-

да, арқалы ақынның алдында  Қарқара-

лысы, туған елі  қ а р ы з д а р  қалпында  қа-

лып келеді.  Қасымның өз сөзімен айтқан-

да, «екі заман  ж ы р ш ы л а р ы н ы ң аузы-

нан түспей жүрген даңқты, кербез сұлу 

Қ а р қ а р а л ы » тауыны ң кең  қ ұ шағынд а 



44 

әнмен жұбанып, күймен тербетіліп ер 

жеткен  Қасымын,  қырық төрт жасында 

қыршын кетсе де,  « қ а з а қ өлеңі аспаны-

нын  ж а р ы қ жұлдызына айналған дауыл-

ды ақын»  Қасым Аманжоловты  Қарқа-

ралы ел-жұрты әлі де болса өз дәреже-

сінде  қадірлеп,  қастерлеп, еңбегіне орай 

пір тұтып отырған жоқ. 

Қырық төрт жыл өмірі ішінде салқын-

суық  қ а б а қ танытудан бір  т а й м а ғ а н 

(әрине, бұған әр түрлі себеп-сылтаулар 

да болмай  қалған жоқ)  қарқаралылық-

тар сол салқындықты одан бергі отыз бес 

жылдан астам уақыт бойына бір еркін 

жылытпай-ақ келеді. Рас, көзі тірісінде 

қай тарапта н болса да 

қадір-құрмет 

атаулыдан  ж ұ р д а й болған  Қасымның 

ол дүниелік «екінші өмірі» басталған кез-

ден кейінгі жерде өз-өздігінен дерлік 

дәрежеде түрлі  құрмет көрсетіліп те келе-

ді. Алпыс, Жетпіс жылдығында бүкіл 

халық болып, барша  қазақстандықтар 

болып «ұлы ақын» деп мойындаған  Қар-

қаралының  Қасымын жерлестері де өз-

дерінше атап өтіп, біршама  қадір-құр-

мет көрсеткен болды. Алайда, халқының 

қадірлісі болып отырған  Қ асымғ а жер-

лестерінің көрсеткен  құрметі бөлімше ор-

талығы Аққорадағы болашағы беймәлім 

сегізжылдық мектепке ақын атын беріп, 

соның алдына сыпайы бюст-мүсін орна-

тумен шектелді. Ақын тойына келген сырт 

қонақтар Қасымнан көп төмен а қ ын-жа -

зушылардың да аттары өз ауылы, өз 

колхоз-совхоздарына еш шырғалаңсыз-

ақ беріліп  ж а т қ а н д а  Қасым совхозының 

еңбекшілер тілегін ескерместен баяғы 

Фрунзе атымен аталып келе жатқанына 

наразылықтарын білдіріп, бастарын шай-

қаумен келеді.  Ж а л ғ ы з  қ а з а қ орта мекте-

біне оп-оңай-ақ көршілес  ж а т қ а н Ақто-

ғай ауданының математигі Жәутіковтың 

атын бере салған  қ а р қ а р а л ы л ы қ т а р да, 

қ аза қ орта мектебі мен облысты қ кітап-

ханасына еш  қатысы жоқтығына дау 

айта алмаса да  Ж а м б ы л мен Гогольдің 

есімдерін күштеп таңып алған  қараған-

дылықтар да әзірге  Қасым Аманжолов-

ты танып-біле  қойған жоқ. 

«Таң атпаймын десе де, күн  қоймай-

ды», — дейді халық. Осыны түсінсек, 

бүгінгі өмір талабына, заманымыз бер-

ген, бүгінде беріп отырған күш-мүмкін-

дікке орай іс-әрекет етсек керек еді. Рас, 

Қасымның жа қ ынд а аталып өтетін ме-

рейтойы кезіндегі ардагер  а қ ы н ғ а көр-

сетілер  қадір-құрмет ерекше болуға тиіс 

деп күтіліп те отыр. Алайда, бұл сән-

салтанаттардың да  Қасымға сай болмай-

тындығына күдік те жоқ емес...  Қалай 

дегенмен, біздердің,  қ а р қ а р а л ы л ы қ т а р 

мен  қарағандылықтардың «Қасыммын, 

сол баяғы бір  Қасыммын» деп жырлап 

өткен, жоқшылықтың, ауру мен ауыртпа-

лықтың не түрін көрсе де сонау елуінші 

жылдардың бас кезінде бір ай ішінде ғана 

өзі туралы 26 сын мақала  ж а р ы қ көріп, 

тақымдап жатса да, бәріне шыдаған, 

бәріне де көніп, еш мойындамастан 

«Аманжол —  Р а қ ы м ж а н н ы ң 

Қасымы-


мын, Мен  қалған бір атаның ғасыры-

мын», — деп еңсесін төмендетпестен, 

өмірден тік жүріп өткен  Қасымның ал-

дында, ардагер азаматтың,  а қ и ы қ ақын-

ның аруағы алдында  қарыздармыз. Бұл 

қ ары з  қ а н ш а л ы қ керемет болса да бір 

баяндама жасаумен, бір кеш-жиын неме-

се бірер күнге созылатын той өткізумен 

өтеле  қ а л м а қ емес... 

Мынау аспан, ай, жұлдыздар тұрғанда, 

Қасым оты еш уақытта сөнбейді. 

Жалынын ол бөліп беріп жылдарға, 

Тек  Қасымша алға  құлаш сермейді. 

Советтік елінің жалынды жаршысы, 

шыншыл да сыршыл, коммунист ақын 

Қасым Аманжоловты ң асыл бейнесі  қа-

з а қ өлеңінің аспанында айқын нұрымен 

жарқырай береді. Бұл нұрға болашақ 

ұ рпа қ та р  қ уан а да,  қызыға  қ арайты н 

болады. 


Рамазан САҒЫМБЕКОВ. 

4 5 

Қасым Аманжоловпен  қоштасу сәтінен көрініс. Сол  ж а қ т а тұрған М ұ хта р Әуезов. 



Қарқаралы. - 1991 . - №2. - 41-45 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал