Қасым Аманжолов шығармалары өз тұрғыластарынан ойының уыттылығымен, сөзінің оттылығымен, қиялының



жүктеу 170.83 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі170.83 Kb.

Қазақ поэзиясына буырқанған 

дауылдай, нөсерлеткен 

жауындай, лапылдаған 

жалындай екпіндеп келген 

Қасым Аманжолов 

шығармалары өз 

тұрғыластарынан ойының 

уыттылығымен, сөзінің 

оттылығымен, қиялының 

ұшқырлығымен дараланатыны 

шындық. Ақынның қоршаған 

ортадағы түрлі құбылыстарды 

қабылдауы, оны жырына 

қосуы басқаларға еш 

ұқсамайтыны да рас.Тірісінде 

«берейін өмірімнен өлең 

жасап» деп жырлаған 

ақынның шынында өмірі де 

өлеңіндей жалынды еді, аз 

ғана уақыт ішінде лапылдады 

да өртке оранды. Сол 

Қасыммен тағдырлас, дарабоз 

ақын Мұқағалидың: «Қасым 

деген - қалғыған жанартау 

ғой, Жанартау ғой. Жанды да 

кетті өртеніп», - деп толғануы 

сондықтан болса керек. «Жыр 

керек қой, дүниеге жыр керек 

қой, Неге ғана өледі ақын 

адам?!», - деп шырылдаған 

ақын жүрек тоқтағанымен 

оның бөбегіндей қастерлеген 

өршіл өлеңдері мәңгілікке жол 

тартқан еді. Сол өр тұлғалы 

ақынның өміршең өлеңдері 

жайында филология 

ғыл ым дарының докторы, 

профессор Бекен ЫБЫРАЙЫМ-

ДЫ әңгіме-сұхбатқа тартқан 

едік. 

— Қазақ поэзиясына үлкен өзгерістер 

әкелген Абай хакім екені даусыз. Одан кейін-

гі жаңаша өлең үлгісі Қасым поэзиясынан 

анық  б а й қ а л а д ы . Осыған  а л ы п - қ о с а -

рыңыз... 

— Егер жаңашылдық мәселесіне келсек, 

мысал өте көп. Мәселен, жыраулар поэзия-

сы — өз кезі үшін жаналық. Олардың ойлау, 

толғау әлеміндегі көркемдік жаңалықтар 

қазақ поэзиясына әлі күнге әсер етіп келе 

жатқаны хақ. 

Әрине, қазақ поэзиясына, жалпы руха-

ни әлемімізге Абай секілді қисапсыз жаңа-

лықтар әкелген деп ешкімді де бөлектеп 

айта алмаймыз. Сондықтан да Абай — ұлы 

ақын. Абай туралы қаншама зерттеулер 

жазылса да, әлі де ұлы  а қ ы н н ы н барлық 

қырын түгелдей аша алған жоқпыз. Абай 

— бөлек әңгіменің арқауы. 

Ал, Қасымның алдында қазақ өлеңіне 

айтулы көркемдік жаналықтар әкелген ірі 

тұлғалар, қазақ әдебиетінің классиктері — 

Мағжан мен Ілияс. Қасым  қ а з а қ  а қ ы н -

дарының шығармаларымен ғана емес, өзіне 

дейінгі қазақ фольклоры мен ауыз әде-

биетімен де, орыс тіліне аударылған Шығыс 

әдебиетімен де, Батыс әдебиетімен де терең 

танысқаны, нәр алғаны, іштей жарысқаны 

аңғарылады. 

Абай өлеңінен Шығыс пен Батыс поэ-

зиясының көркемдік тәжірибесін игеру, 

данышпанға ғана лайық терең ойшылдықты 

айқын көреміз. Абайдың заман мен заман-

дарды, қоғамдарды, адам мен адамзатты 

асықпай салыстырып, кеңінен байыптауға 

кең ойлап, кемел толғауға мүмкіндігі жет-

кілікті болғаны мәлім. Әрине, гәп — мүм-

кіндікте ғана емес, ең алдымен — Тұлғада. 

Абай — өзінен кейінгі барлық ақындарды 

ғана емес, күллі қазақ халқын тәрбиелеген 

ұлы Ұстаз, қайталанбас тұлға. Абай секілді 

философ ақындар қай халықтың да тари-

хынан аз да болса табылады. 

Немесе Мағжанның «типіндегі» ақын-

дар орыс поэзиясынан да,өзімізден де ұшы-

расып қалады. Мәселен, Бернияз жырла-

рын оқып көріңіз. Ілияс сияқты арқалы, 

адуын екпінді ақындардың «мақамы» — 

«стилі» көзімізге бірден оттай басылады, 

бұрын естіген-көрген тәріздіміз. Бірақ Іли-

яс біз көргеннен, естігеннен әлдеқайда 

асырады, үстемелете тасқындатып тол-

ғайды. Сонысымен тәнті етеді. Абайға, 

Мағжанға, Ілиясқа ұқсап жазатын, оларды 

айтпағанда, Күлтегін мен жыраулар рухын, 

Махамбетті еске салатын өлеңдер қазақ 

поэзиясында баршылық. 

Ал, әдебиетке Қасым Аманжолов келген-

де, «көк дауылдай кеуделі» ақын күллі елді 

аң-таң қылды.Жырлары жүрегімізге жақын, 

ешкім жатырқамайды, мөлдіреп-ақ жатыр. 

Бірақ... сөзі, өрнегі, әсіресе, рухы мүлдем бө-

лек. Ежелгі Шығыс пен Батыс поэзиясының 

небір қасқа мен жайсаңдарын еске алып 

көріңіз, ескеріп көріңіз. Әлем поэзиясында 

көркемдік сипаттары бірін-бірі еске салатын 

шайырлар жетерлік. Бірінен-бірі көбіне бей-

нелік  ә л е м і м е н  а й р ы қ ш а л а н а д ы . Ал, 

ақындық мектептегі, ақындык жарыстағы 

өрнек-үлгілерде «қайталаулар», «еліктеу-

лер», біріне-бірі қарап «ажырасу» да аз емес. 

(ЖАЛҒАСЫ 8,11.-БЕТТЕРДЕ). 


(Басы 1-бетте). 



 Осы айтқаныңызға мысалдар кел-

тіріңізші... 

— Е, е, Айнара, оның бәрін ғылыми 

тұрғыдан сықитып тұрып жазып, дә-

лелдеу үшін айлар керек. Бұған дейінгі 

оқыған ақындарымды іштей шолғанда, 

алған әсерім ғой. Сонымен... 

Қасымды ешкімге ұқсата алмайсыз. 

Дәлірек  а й т қ а н д а ,  Қ а с ы м ешкімге 

ұ қ с а м а й д ы ,  е ш к і м де  Қ а с ы м ғ а әлі 

күнге «ұқсай» алмай келеді. Қасымның 

асау рухы, бейнелік әлеміндегі қадам 

басқан сайын әрі өр, әрі «кішіпейіл», 

әрі дана, әрі «бала» сөз саптау, бейнелеу 

үлгілері — бұған дейінгі қазақ поэзия-

сында ұшыраспаған қисапсыз жаңа-

лықтар. Ақын шығармаларында жан 

дірілін, шыңырау сырдың тұңғиығын 

шарлайтын, замана шері мен қоғам 

құбылыстарын, тарих толқындарын 

барлайтын терең сезіну бар. Нәзік ли-

ризм мен көкжиекті қамтыған эпи-

калық байтақ әлем,  ф и л о с о ф и я л ы қ 

тамырлар біте қайнасып, тұтасып жа-

тады.  М ұ н ы ң бәрі —  а қ ы н д ы қ ше-

б е р л і к т і ң  ғ а н а емес,  е ң  а л д ы м е н , 

ақындық табиғаттың, интеллектуал-

дық тереңдіктің нәтижесі. Зерделі, 

есті, асау рух, сол рухтан нұр алған, сол 

рухпен суарған, сол рухтан ту алған 

шығармалар — «көрнектілену» үшін де 

емес, көсемсу үшін де емес, көкіректегі 

шежіре шерді немесе басқа да әрқилы 

тебіреністерін жеткізуге деген табиғи 

қажеттілік, табиғи ықылас. 

Осы ықыластың қуаттылығы сон-

шалық, Қасым Аманжолов казақ әде-

биетіне, сол арқылы әлем поэзиясына 

көркемдік ойлаудың адамзат тарихын-

да бұған дейін  б о л м а ғ а н  ж а ң а құ-

былыстар, тың толқыныстарын әкелді. 

Болмысты сезіну мен бейнелеудің, 

к ө р к е м д і к  т ә ж і р и б е н і ң адамзатты 

байытатын жаңа типін тарту етті. Ен-

деше, Қасым Аманжолов — ұлы ақын. 

Қасымнан кейін дүниеге келген ақын-

дардың ішінде оған бас имеген, тағзым 

етпеген ешқайсысы

 жоқ. 



 Осы пікіріңізді мысалмен тұздық-



тасаңыз жақсы болар еді... 

— Жұрт жатқа білетін өлеңдерді мен 

де мысалға келтіріп, уақытты алмайын. 

Әрі бұл — үлкен мәселе. 



 Ендеше, неге жазбайсыздар? 

— Ақын туралы аз жазылған жоқ. 

Алайда, көпшілігі мүшелтойлар қар-

саңында асығыс жазылады. Қасым 

Аманжолов сияқты бір ғасырда бір-ақ 

рет туатын ақынды толық тану үшін бір 

жыл немесе бір ай аздық етеді. Әде-

биеттегі шын мәніндегі эстетикалық 

маңызын жалпылама жаппай білгені-

мен, тиісті дәрежеде  м ә н бермеу — 

өркендеуімізге кедергі. 



 Ғылымға деген қамқорлық қазір 



күшейіп, жағдай түзеліп келе жатқан 

сияқты ғой... 

— Сияқты, әрине. Әлмисақтан бел-

гілі шындық — ғылымды ең алдымен, 

Тұлғалар жасайды. Әрине, ұжымдық 

зерттеушілерді қажет ететін мәселелер 

туралы сөз басқа. Әзірге жаңаша қам-

қорлық үрдісін көріп жүрген жоқпыз... 

Жамбыл, Қасым сияқты айтулы тұлға-

лардың мүшелтойларынан бірнеше 

жыл бұрын министрліктер тиісті шара-

ларды  о й л а с т ы р у д ы қолға  а л ғ а н ы 

мақұл. Осы орайда бірнеше шаруа тын-

дырылар еді.

 Біріншіден, шығарма-

шылық тұлғаның айтылмаған немесе 

жөнді зерттелмеген қырларын айқын-

дар едік.



 Екіншіден, үздік зерттеулерді 

шетел тілдеріне аударсақ, халқымыз-

дың рухани-шығармашылық әлеуетінің 

деңгейін әлемге танытар едік.



 Үшін-

шіден, қайраткерлеріміздің ең асылда-

ры айқындалып, шет тілдерге аударар 

едік. Сөйтіп, халқымыздың тағдыры 

мен тарихын, табиғатын әлемге таны-

тар едік. Егер танымаса, білмесе, басқа-

лардын құрметі де, көзқарасы да көңіл-

дегідей болмайтыны тарихта сан рет 

дәлелденген.



 Төртіншіден, қазір жасы-

ратыны жоқ, жоғары оқу орындарын-

да, орта деңгейдегі оқу орындарында 

оқулықтар мен оқу құралдары жетпей-

ді. Қайраткерлерімізді бүгінгі күннің 

биік талабы тұрғысынан таразылау сол 

оқу құралдарын жазуға септігін тигі-

зеді. 




 Қасым Аманжолов туралы көп том-

дық «Қазақ әдебиетінің тарихында» 

өзіңіз жазған едіңіз ғой... 

— Иә, жазғанмын. Бірақ ол шығарма-

чествосының да, жалпы қазақ поэзия-

сының да өзіндік құбылысына, соны 

көркемдік сипаттарына айналды. Қа-

сымның көптеген өлеңдеріне буыр-

қанған бұла күшке, екпінді ерлікке 

толы, шиыршық атып, бұлқына ойнап 

тұрған  а й б ы н д ы қайраты, тепсініп 

темір үзердей ішкі қуат, сапырылыса, 

шайқала шапшыған сезім драматизмі 

тән. Ақын небір уытты, сұрапыл сер-

пінді, болатты болатқа соққандай жі-

герлі де отты сарындарға көбірек көңіл 

қояды. Осынау рухани қасиет оның 

творчествосындағы бірегей стильдік 

ерекшеліктің де бедерленуіне әсер ет-

к е н .  А қ ы н «Сырбайға  е к і н ш і өле-

ңінде»: 

Мен едім от жүректі Қасым ағаң

Дүние қасіретіне жасымаған. 

Дауыл ғой, дауылдан бір тұрған бойым, 

Мен қайтіп іштегі өртті жасыра алам, — 

деп, өзінің ақындық табиғатын тап ба-

сып айтады. Оның творчествосын шол-

ғанда, стиль ерекшелігін, талғамы мен 

табиғатын аңғартатын сипаттар мол-

шылық. Соның бірі — ақынның толқуы 

мен толғамын, тебіренісін бейнелеуге 

қолайлы, қажетті сөз асылын іріктеп, 

өлең сәукелесіне гауһардай қадай бі-

луінде. Бұл ретте жиі ұшырасатын сөз-

дер: ай, алтын, ән, бұлбұл, бұрқап, дариға, 

дауыл, дүние, ел, ер, жаз, жаһан, жер, 

жүрек, жыр, күй, көз, күн, нажағай, на-

мыс, нұр, от, ой, өлең, өрт, сұлу, тау, тас, 

теңіз, темір, топан, теңселу,

 т.т. Ақын 

табиғатының айрықша айшықтары — 

жарқылдаған жасын мінез, өр дауыс, 

асқақ пафос. 

-

 Сіздің пікіріңізге қарағанда, ақын 

туындыларынан сонау Абайдың, Мағ-

жанның дәстүр жалғастығы байқалып 

тұрады. Сонда кезінде атын айтуға жас-

қанған арысымыздың шығармаларымен 

танытуға, табуға деген ықылас басым. 



 Әдетте, Қасымды лирик ақын ре-

тінде қабылдаймыз. Ал басқа да қандай 

қырлары болған? 

— Иә, Қасым — лирик ақын екені 

рас.  А қ ы н өлеңдерінің  л и р и к а л ы қ 

кейіпкері көңіл-күйіне қарай алуан 

кейіпте көрінеді. Бірде өр, тәкаппар, 

енді бірде үлбіреген нәзік, соншалық 

сезімтал. Дегенмен, буырқанған бұла 

күш пен асау арын лирикалық кейіп-

кердің жанына жақын.Өлең өрнегіндегі 

өзгеше, өршіл сарын, бөлекше бей-

неліліктің бедерленуіне себепкер — 

лирикалық кейіпкердің түйсінуі мен 

толғанысы. Кейіпкердің заман биігі-

нен толғауы, кәдуілгі тіршілік пен мәң-

гілік мәселелерді дәуір талабына сабақ-

тастыра сезінуі — ақын парасатының, 

шабыт пәрменінің айшықтары. Ақын 

жырларындағы сыршыл да сыншыл 

пайым — соның бір көрінісі. 

А қ ы н н ы ң өлеңдерінен бөлек дра-

матургия саласында жазған шығар-

м а л а р ы ,  м а қ а л а л а р ы бар. «Қорлы-

ғайын» (аяқталмаған драмалық поэма), 

«Әлем сахнасында», «Аңқау Жүсіп», 

«Досымның үйленуі», «Ауру мен ажал» 

сияқты нәрлі тілімен, кейіпкер таби-

ғатын айқын танытуымен, драмалық, 

комедиялық тартыстардың әлеуметтік 

тамырының тереңдігімен назар ауда-

рады. Ал «Халық ақындары туралы», 

«Қалибек Қуанышбаев», «Абай шығар-

маларының аудармасы», «Ұлы трагедия 

ақын туралы», «Иса ақынмен соңғы 

кездесу», «Жамбыл шығармаларының 

аудармасы», т.б. мақалаларында ақын 

өлеңге, жалпы поэзияға қоятын биік 

талабын айтады, қаламдастары туралы 

әділ, қамқор пікір білдіреді. «Айқасу» 

очеркін, «Еңбек еншісі» әңгімесін жаз-


құбылыстарды зерттеу, байыптау және 

дәлелдеу үшін сол арнада үнемі іздену 

қажет. 

— Ғалымдар неге ізденбейді? Мүшел-



тойларға орай мемлекет тарапынан 

қыруар қаржы бөлу дәстүрге айналған 

жоқ па еді? 

- «Неге ізденбейді?» деп сұрақ қою 

оңай. Іздену үшін қажетті қамқорлық, 

жағдай жасалуы шарт. Рас, мемлекет 

тарапынан арнайы қаржы бөлінеді. 

Сол қаржының қайда жұмсалатынын 

да естиміз. Бірақ... Бізді қинайтын — 

сол «бірақ» қой баяғы. Барлығы дерлік 

асығыс  ж а с а л а д ы .  М ә с е л е н ,  б и ы л 

Жамбылдың 165 жылдығы, Қасымның 

100 жылдығы... Мұндай атаулы күндер, 

тойлар бұған дейін де дүркіреп өтіп 

жатты. Басқасын айтпағанда, осы еке-

уіне қатысты зерттеулерге конкурс 

жарияланды ма, немесе әдебиетшілерге 

қажетті қамқорлықтар жасалды ма? 

Жоқ! Шығармашылық тұлғаның шын 

мәніндегі қадір-қасиетін университет-

тер мен институттар да, тойлардың 

төрінде қонжиып, ақын-жазушыларды 

дүниеге келтіргендей бәлсініп, шіреніп 

отыратын шенеуніктер де, күші асып, 

өзінен төменді басып кететін балуан-

дар да, әуенін аспанға әуелеткен әнші-

лер де, айтысқанда айызыңды қанды-

ратын ақындар да, т.т. таныта алмайды. 

Тұлғаны Тұлға таниды. Шығармашы-

лықтың қадіріне жететін, жеткізіп айта 

алатын — дарынды, сирек әдебиетші-

лер ғана. 

Кеңес заманынан қалған «дәстүр» 

б о й ы н ш а министрліктер мен  ә к і м -

шіліктер тарапынан білікті, зерделі 

зерттеушілерге өтініш айтып, жағдай 

жасағанын әл-әзір көре қойған жоқ-

пыз. 


Халқымыздың рухани-көркемдік 

кемелденуіне қайталанбас, кемел үлес 

қ о с қ а н Абай,  М а х а м б е т ,  М а ғ ж а н 

Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жан-

сүгіров, Қасым Аманжолов, т.б. сияқты 

әдебиет алыптарын зерттеу тойлардың 

қ а р с а ң ы н д а емес, жыл бұрын жүр-

гізілуі керек. Мәселен, қай оқу орнын-

да Қасым Аманжолов туралы семинар 

жүргізіледі, кай жерде Қасымтану орта-

лығы, ең болмағанда зерттеу тобы 

бар?! 


Сөз реті келгенде айта кету керек 

шығар, бұрын бұл секілді мәселелермен 

Білім министрлігінен бөлек Ғылым ми-

нистрлігі айналысушы еді. Екеуі бірік-

келі ғылымға тиісті дәрежеде көңіл бө-

лінбей-ақ келеді. Сол себепті, енді 

облыс әкімшіліктері ырду-дырду уа-

қытша шараларға толы өшпелі де көш-

пелі, дүңкілдек, күмпілдек тойларға 

шашылғаннан гөрі, Тұлғаның нағыз 

келбетін танытатын ғалымдарға мойын 

бұруы — қазіргі күннің айқын да зәру 

талабы. Мәселен, туғанына биыл 100 

жыл толатын Қасым Аманжоловтың 

а к а д е м и я л ы қ  б а с ы л ы м ы әлі күнге 

шықпауы — ұят. Осы мәселені Жам-

былға да қатысты айтудың қисыны бар 

екені күмәнсіз. Ғылымның қоғамдағы 

шылық шолу портрет. Ақын шығарма-

шылығын кешенді зерттеу, кеңінен жә-

не түрлі тұрғыдан таразылау ондай 

портреттің аясына сыймайды. Асық-

пай, көз майын тауысып, ұзақ зерттеу 

керек. Мәселенің бір қырын ғана қа-

райық. Қасымның бірнеше рет жинақ-

тары шықты. Үш-төрт том болып та, 

таңдамалылар болып та. Бұрнағы жи-

нақтарымен салыстырғанда томдық-

тарда да, басқа кітаптарында да «жекеле-

ген» «түзетулер» жасалды. Бұл жайында 

сол кезеңнің шындығын көп білетін, 

көзі көрген, куәсі болған С.Қирабаев 

«Әдебиетіміздің  а к т а ң д а қ беттері» 

(1995) деген кітабында айтқан болатын. 

Ақынның 1948 жылы шыққан «Дауыл» 

атты жинағы мен кейінгі басылымда-

рын салыстырып, бірталай мысалдар 

келтіреді. 

Осы орайда мен де біраз мысал ай-

тайын. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэ-

масындағы: 

Қанды қырғын қапылыста 

Жалғыз қап бар жолдасынан, 

Жараланған жолбарыстай 

Өрт жанарды бір жас ұлан, — 

(Қасым Аманжолов, «Дауыл». 1948, 

28-бет). 

деген шумақ кейін түсіп қалған. 

Осы поэманы 1961 жылы шыққан 

бір томдық таңдамалы шығармалар 

жинағымен салыстырдым. Біразын 

Серағаң да айтқан екен. Қайталамай 

басқаларын тізіп көрейік. 

«Темір гүрзі қақтап отқа» дегендегі 

гүрзі діни ұғымдарды еске салады деп 

«қауіптенген» бе, «темір болат қақтап 

отқа» деп «дұрысталыпты». 

Қанатын жел жайып қарсы 

Сабалады жауды бетке, — 

(сонда, 29-бет) деген жанды бейнелі, 

әдемі жолдар «түсіп қалған» да, орнына 

бір қарағанда асқақ сезілетін, шындап 

қарасаңыз, арзан патетикалық: 

Ашулы жел ащы дауыс 

Тұндырғандай жау құлағын, — 

дегенге «айырбасталған». Осы шумақ-

тың келесі екі тармағын оқиық. 

«Дауылда»: 

Сол аймақтың әрбір тасы

Ұшқандай ед құс боп көкке. (29-бет). 

Бір томдықта: 

Сол аймақтың әрбір тасы, 

Күйретердей жау қамалын. 

Кейінгісінің идеялық бағыты «дұ-

рысырақ». Ал, көркемдік деңгейі мен 

логикалық қисыны жағынан алдыңғы 

мысал анағұрлым жоғары. Снарядтар 

атқылағанда, топырақ тозаң боп, та-

сыңыз қиыршықтай ұшпай ма? Алғаш-

қы мысалда сол көрініс образға айнал-

май ма? Кейінгі мысалдағы әрбір тасы 

күйретердей жау қамалын дегенде, көз 

алдыңызға образды көрініс келмейді, 

сол жылдары айтыла-айтыла жауыр 

болған мағыналық, айқындық қана се-

зіледі. Оның үстіне соғыс Кеңес Ода-

ғының жерінде, орман «етегінде» бо-

лып жатыр. Абдолла (1915-1941) әлі жау 

қ а м а л ы н а жеткен жоқ. Олай болса, 

«күйретердей жау қамалын» деудің не 

қисыны бар. 

Ар қарай кеттік... 

«Ақырын ғана тартып сырнай» — 

«

Жайлап қана тартып сырнай»... 

«Ұрлық отын  ж а ғ ы п отыр» — 

«Зұлымдық от жағып отыр». 

«Түскен ұры терезеңнен» — «Түскен 

дұшпан терезеңнен» — болып «өңдел-

ген». 

Алғашқы басылымда поэма «Абдол-



ла» (Ақын өлімі туралы аңыз) деп атал-

са, кейін Абдолла аталмай, «Ақын өлі-

мі туралы аңыз» деп қана жазылады. 

«Дауылдағы»: «Құдірет күші жер жаһан-

ның», — деген аса асқақ дауыс кейін 

«өзімізге» қарай икемделіп, «қасиетті 

күші Ұлы Отанның» болып, идеялық 

жағынан «беті бері қарайды». 

«Жарқ-жұрқ етіп жан ашуы», — деген 

тегеурінді, темірді темірге соққандай 

серпінді жол: «Болып серік (?)жан ашуы», 

— болып солғындайды. «Ер күрсініп алды 



демін» деген жол мүлдем жоқ. 

Мұндай мысалдар тізе берсек, әлі 

де біраз бар. Уақыт ұту үшін ықшамдап 

айтайын. Кейінгі жинаққа мүлдем ен-

бегендер: 

Түсіргендей көктің майын, 

Зіркілдеді зеңбіректер. 

Естігендей дозақ күйін, 

Көрден ытқып шықты өліктер... 

Айтып жұмбақ өлеңдерін, 

Аңыз болып бір сұлу жар. 

Желпіп жалын желектерін, 

Келе жатты от сұлулар. 

...От сұлулар ыстық тілмен 

Өтті ұланды сүйіп-сүйіп... 

...О, құдірет, құнсыз темір, 

Кеше ғана жатқан шаңда. 

Біткендей-ақ бойына өмір, 

Зірк-зірк етіп қан майданда

Көрдіңдер ме, енді мынау, 

Сайысады адаммен бүл. 

О, зымиян, сұрқия жау! 

Қайран өнер, қайран ақыл! — 

Деді де ол жалын шарпып... 

Енді «жөнделген» жолдарға назар 

аударайық: 

Зілзала боп жер мен аспан, — деген-

де, астаң-кестең дүниені меңзесе, ке-

йінгіде мағынасы оған тіптен кереғар: 

«түтасқандай жер мен аспан» болып 

кеткен. «Өрт топанын кешіп Нұхтай 

дегенде», «Өрт топаның кешіп, таптай 

(?)» болып, «саяси» жағынан «дұрыстал-

ған». Сол сияқты: 

«Жау алмасын, сен алшы өрт» — 

«Жел, туған жерге алып жет»; 

«Қайран халқым, қайран жұртым» 

— «Туған халқым, туған жұртым»; 

«Ту сыртынан сығып жанын» — «Ту 

сыртынан шығып (?) жанын»; 

«Жалт берді ту, жалт берді өмір» — 

«Аялдамай, жалт берді өмір» — 

деген «өзгерістерде» ырғаққа нұқсан 

келгені,  к а р а б а й ы р л а н ғ а н ы ап-ай-қын. 

Осы поэмадан соңғы мысал: 



От сұлулар ыстық тілмен

Өтті уланды сүйіп-үуйіп. 

Қайсар атыр от киінген, 

Куш-қайратын тіске жиып, — 

деген жолдардын алғашқы екі жолы 

алынғанын айттық.Ал келесі тармақта-

рының орнына, «тіске жиыптан» ке-

йін: 

Жаңағы (?) ақшыл (?) ер жузінен 

Жалын тіл тұрды сүйіп, — 

делінген. «Жаңағының» бұл араға не 

катысы бар? Қан майданда түтігіп, от 

ішінде арпалыскан жауынгердің ак-

шыл жүзін кім көріпті?! 

«Жалын тіл тұрды сүйіп»-те бір 

буын жетпей, тармак аксаңдап калған. 

Осындай ықшамдаулар өлеңдерінде 

де бар. Бәрін жіпке тізбей, екі мысал-

кідірейік: 

«Ғалиға жауаптың» (1944) «Үшінші 

сезіндегі»: 



Сыпырып кіреукесін жіті (?) түннің, 

Жүзіне қараймын тік келер күннің. 

Жұлығын қан жалаған ботинкаммен, 

Төріне шығармын бір мен елімнің, — 

деген шумағы мен «Жамбыл» (1946) 

атты жырындағы: 

Білмеймін ұнадым ба, сынады ма, 

Мүндайда ақын жаны тұнады ма? 

Кеудемнен алып ұшты көңіл-күйі, 

Жас кезім оның кәрі құлағында, — 

деген шумағы алынып қалған. Мысал-

дарды тізудегі мақсат — ақын шығар-

маларының академиялық басылымын 

немесе таңдамалы шығармалар жина-

ғын бұрынғы басылымдарымен салыс-

тыра отырып шығару қажеттігін қайта-

лап еске салу. Бұл пікір бұрыннан 

айтылып келеді. Бірақ неге екені бел-

гісіз, «баяғы жартас біржартас»... 

Ақынның жан тереңінен шымыр-

лап шыққан жырлары оның өз твор-

ақын өз бетінше танысып, білген бе? 

— Иә, ақын өлеңдерінен алдында 

өткен айтулы ақындар поэзиясының 

ықпалы байқалатыны рас. Мәселен, 

«Сұлудың сымбатынан» Абайдың «Қақ-

таған ақ күмістей кең маңдайлысы-

нын» ізі көрінеді: 

Қара көз, қиылған қас, жазық маңдай, 

Алма бет, ақша жүзі нұр тамғандай. 

Қыр мұрын, оймақ ерін, меруерт тіс

Бейне мақпал қызыл тіл шекер балдай. 

Төгілер иығына қара шашы, 

Жібектей жүз құлпырған дамыл алмай. 

Немесе 


«Көктем» өлеңіндегі: 

«Алақанын тұр жайып, жас ағашта 

жапырақ. Балғын өмір ғажайып, Жас 

дауыспен жамырап» секілді сыршыл 

о б р а з д ы л ы қ  А б а й д ы ң «Жас жүрек 

жайып саусағын, Талпынған шығар 

айға алыс» сияқты толғаныстарымен 

үндесіп жатыр. Осындай сәттерде Абай 

тәсілі, Абай пайдаланған көркемдік 

өрнектер, бояулар бірден «менмұнда-

лайды». 

Сонымен қатар,  а қ ы н шығарма-

ларынан Сұлтанмахмұт Торайғыров, 

Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов 

өлеңдеріндегі ой-толғау, сыр ақтару 

сарыны мен машығы белгі береді. Мы-

салы: «Тойла, қазақ!» атты өлеңінде: 

Кім едің, кім болдың сен, ойла, қазақ! 

Бірақ та ойлап қана қойма қазақ! 

Көсемің, ұлы Отаның болсын риза

Табысты таудай үйіп, тойла, қазақ!— 

деп түйінделген. Жинақталған бейне 

ретінде алынған ел-халыққа арнап тіл 

қату, үндеу тәсілі Міржақып Дулатов-

тың «Оян, қазағын» жаңа заман тала-

бына сәйкес жаңартады. А.Байтұр-

сынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. 

халық жауы ретінде қаралау майданы 

басталып, одан тамам ел түгел құлақ-

танса да, жас, албырт ақын  ж а н ы н а 

жақын әуен мен тәсілден бас тартпай-

ды, жаңа заманға бейімдеп қолданады. 

Яғни ақын тек өміршең, озық дәстүр 

ғана көркемдік әлемінде жоғалмай-

тынын, жойылмайтынын сезіне біл-

ген.Сондықтан да сол дәстүрді өз жүре-

г і н і ң  к ө р і г і н е н  ө т к і з е д і ,  ө з і н ш е 

жаңғыртады. Ал Мағжан  ж ы р ы н ы ң 

жаңғырығы, А.С. Пушкиннің қайтыс 

болуына 100 жыл толуына орай жазған 

«Ақын» өлеңінен нышан танытады: 

Күн боп туған ұлан күнше күледі, 

Күндес болған түн өзегін тіледі... 

Жас ұланның таза қаны күйеді... 

Қара түнде қара киіп қайғырған 

Сұлуларды құшады да сүйеді... — 

сияқты тармақтардан Мағжанның көр-

кемдік әлемі елестейді. 

Үздіктер үлгісінен үйренуге құштар 

ақынның қалыптасу, өсу кезеңінде дү-

ниеге келген туындыларынан С.Сей-

ф у л л и н ,  І . Ж а н с ү г і р о в ,  Б . М а й л и н 

шығармаларының да әсері аңдалады. 

Алайда, Қасымның ізденістері ырық-

сыз, көзсіз еліктеу емес, саналы түрде 

дәстүрден үлгі алумен бірге, өзінің үнін 

ғанымен, прозамен дендеп айналыс-

паған. 

— Сұрапыл соғыс тақырыбы көптеген 



ақын-жазушыларымыздың қаламына 

ілінгені анық. Бірақ сол кезеңдегі қазақ 

психологиясын дәл Қасым ақындай жет-

кізе алған ешкім болмаған сияқты кө-

рінеді маған. Бұл жөнінде не айтасыз? 

— Отанға қара бұлттай қатер төніп, 

жан-тәніңді жаншып, таптап етпекке 

жанталасқанда, екі-ақ таңдау бар. Бірі 

— көну, жеңілу. Екіншісі — бағзыдан 

бері  б ұ л ж ы м а й келе  ж а т қ а н , баба 

қазақтың байырғы ұраны — «Қанға 

қан, жанға жан!» Ата жаумен арпа-

лысқан айбынды ұланды ұлы ететін, 

жаужүрек батыр ететін — оның Отанға 

деген махаббаты. Елін, жерін тебірене 

сүйген адам ғана батырға айналады. 

Мәселен, мына толғанысын алып қа-

райық: 


...Күллі әлемнің ашу-кегі

Орна менің кеудеме кеп! 

Жау жолына атам сені, 

Бомба бол да атыл жүрек! 

(«Ақын өлімі туралы аңыз»). 

Махаббат пен ашынудан серпіліп 

туған сұрапыл жігер-қайратты өзінің 

өр кеудесіне лық толтырған жалынды 

жастың өршіл толғанысында қаншама 

астарлы да ажарлы сурет, кестелі ке-

лісім бар. Өлімнің өзін әлем әдебие-

тінде сирек кездесетін романтикалық, 

әрі философиялық категория пафосқа 

а й н а л д ы р ы п , асқақтата  ж ы р л а ғ а н . 

Ақынға майданда мерт болған досы 

Абдолла Жұмағалиевтің өлімі қатты 

әсер етеді. Сөйтіп, ақын шығармашы-

лығының шыңы, қазақ поэзиясының 

айтулы туындысы — «Ақын өлімі тура-

лы аңыз» поэмасы дүниеге келеді. Аяу-

лы досқа деген махаббат, өкініш сезімі 

ақынның жан азасы мен тебіренісіне 

ұласып,  ж и ы р м а с ы н ш ы  ғ а с ы р д ы ң 

жойқын алапатына әрі поэзия, әрі фи-

лософия тұрғысынан қарауға серпін 

берген. Екінші дүниежүзілік соғыстың 

сипаты мен сиқын, адам қасіреті мен 

қасиетін, айбарлы өлім айбынын терең 

де жедел толғаған «Ақын өлімі туралы 

аңыз» — қазақ жырындағы ғана емес, 

ж а һ а н  п о э з и я с ы н д а  ұ ш ы р а с а т ы н 

жауһар туындылардың бірі. 

— «Дариға, сол қыз» да дәл осындай 

майдан даласындағы шындық пен қа-

сіретке және сол қиындыққа қарамастан 

өмір сүруге деген құштарлыққа толы 

өлең. Мүмкін, бұл өлең ақынның төлқұ-

жаты десем де қателеспеспін, әлде... 

— «Дариға, сол қыз» — майдан арпа-

лысы мен қасіретін, тарихи шындық, 

әлеуметтік трагедия мен жеке адамның 

басындағы трагедия, соның бәрінен 

аман алып шыққан өмірге деген құш-

тарлық оптимистік рухпен жеткізілген 

шығарма. 

(Жалғасы 11-бетте). 


(Басы 1,8-беттерде). 

Шығарма ырғағымен де, заман шын-

дығын, лирикалық кейіпкердің тебіренісін 

бейнелеу ерекшелігімен де сол кезеңде 

а й р ы қ ш а  ж а ң а л ы қ ретінде сүйсіндірді. 

«Көрсетпей жүзін, естіртпей сөзін, қаһарын 

төгіп тұр долы соғыс» деген жолдарда зама-

на аласапыраны жол кессе, «арманым бар 

ма, өлсем бір көріп, қайда екен, қайда, да-

риға, сол қыз?!» деген сәттерде кейіпкердің 

жарық дүниеге талпынған өлмес құштар-

лығын, «қолымда найза, шағылып айға» 

дегенде, асау қайратын, жігерлі табиғатын, 

асқақ рухын аңғарамыз. Бұл жырда ақынның 

қайраты мен айбаты, қайғысы мен қамығуы, 

үміті мен күдігі, мұңы мен тілегі қат-қабат. 

— Ойға құрсау салған идеологияның әсері 

ақын шығармаларына қалай ықпал етті? 

— Сол кездегі белсенді идеологияның 

талабына орай қалам иелерінің көптеген 

саяси оқиғаларға, жаңа қоғамды дәріптеуге 

жаппай атсалысқаны белгілі. Ол кез үшін 

мұндай қарекет қоғам, мемлекет үшін иде-

ологиялық, әрі әлеуметтік қажеттілік болса, 

шығармашылық өкілі үшін еріксіз өмірлік, 

мәжбүр қажеттілік болғаны мәлім. Иде-

ологияға икемделіп үн қатпаса, қайтсе де 

амалын тауып немесе көпе-кернеу жалған 

айып тағып, айдалатын, ату жазасына кес-

ілетін. Демек, Қасымның да заман талабына 

орай туған  ж ы р л а р ы н а ,  д а с т а н д а р ы н а 

қоғамның ерекшелігі әсер етті. Мәселен, 

«Құпия қызда»  Қ ы з а й қызы  Л ә з а т т ы ң 

бостандық іздеп, ауылдың еті тірі жігіті Нұр-

манның қолдауымен Кеңес еліне қашқаны, 

Н ұ р м а н мен  о ғ а н ерген  қ о й ш ы жігіт 

Жақыптың мерт болғаны, Ләзаттың Кеңес 

еліне келіп  б о с т а н д ы қ  а л ғ а н ы  х а л ы қ 

ақындары дәстүрінде жырланған. Бұл поэ-

маны жазуға 1938-1939 жылдары республи-

к а н ы ң сол кездегі  О р т а л ы қ Комсомол 

К о м и т е т і н і ң жастар өмірін өзек еткен 

поэмаларға арналған бәйге жариялауы се-

беп болған. «Құпия қыз» осы бәйгеде жақсы 

бағаланған. «Қытай қызында» да уақыт та-

лабына қарай бейімделіп жырлау айқын 

байқалады. Ал «Боран» өлеңінде сол талап 

сезілгенімен, ақындық қуат молырақ екені 

байқалады. «Бикеш» поэмасы да ақынның 

идеологияға икемделіп жазған туындысы. 

Қ.Аманжоловтың басқа да біраз өлеңдері 

сол кездің талғамы мен талабына лайық-

талып жазылған. Бұл шығармаларында 

ұраншылдық сарындар ұшырасып,тебірен -

те бермейтін, қаншама құлшынғанымен 

ақынның өзін толқытпаған соң, басқаны да 

әсерлендіре қоймайтын туындылар кезде-

седі. 


— Ақыннын өткені мен бүгінгісіне ой жү-

гіртіп, өз-өзіне сын көзбен қарай жырланған 

«Өзім туралы» өлеңі кейде ақынның бақұлдасу 

сөзіндей боп көрінетіні бар... 

— «Өзім туралы» — Қ.Аманжоловтың өз 

өмір жолын ой елегінен өткізу, өз болмысын 

тануға және танытуға деген талпынысы, 

заман мен келешекті шолуы һәм таразыла-

уы, алдағы күнге деген үміті, арман-сенімі, 

әрі болмысты философиялық-көркемдік 

тұрғыдан байыптауы. Сонымен бірге, бұл — 

а й ы қ п а с дертке  ш а л д ы қ қ а н ,  м ә ң г і л і к 

сапарға бет бұрған ақынның ақтық амана-

ты, арнау сөзі, реквиемі. Сыншы Е.Ысмайы-

ловтың айтуынша, өлең аяқталмаған. Соған 

қарағанда автор философиялық поэма жа-

зуды діттеген сияқты. «Шарлаған жолым 

жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі кел-

бетімде» деп күллі өмірін көз алдынан — та-

разыдан өткізген ақын бір сәт «Арпалыс ала 

құйын заманалар, арбасып тұрып алды мен 

не етемін» деп назаланса да, шындықты 

бейтарап сараптап: 

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, 

Өкінем ұқсата алмай келемін деп. 

Күніне жүз ойланып, мың толғанам

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп... — 

дейді. 


Қалай дегенде де «түстіңге» қарағанда 

«лақтырылғанның» зілі де, кесапаты да 

жойқын, жер астынан жік шыққандай то-

сын. Сол жойқындық, сол тосындық жүре-

гіңді дір еткізеді. 

Қазақшада: 



Қандай әйел тапты екен сені неге, 

Қандай сайтан енгізді дүниеге... 

Осы жолдардың қазақша табиғи, әдемі 

шықпай жатқаны талассыз. «Сені неге» де-

ген екі сөз үйірлеспей, үйлеспей, бірінен-

бірі  ү р к е к т е п ,  з о р д ы ң  к ү ш і м е н  ғ а н а 

қатарласқан. Сол секілді «енгізді дүниеге...» 

қарабайырланып, жайдақ мақала «стиліне» 

ыңғайланып кеткенін көрмеу мүмкін емес. 

Орысшада: 

Какая злодейка родила тебя? 

Какая ведьма в мир вводила тебя? 

Қазақшада: 



Тау бүркітке (?) атылған сен бір жылан

Долы сайтан, дүниеге салдың ылаң... 

Орысшада: 



Кинулся на мир, как змея на орла, 

Как сатана, как ведьма злостью полна... 

Қазақшадағы: «Тау бүркіткенің» жатық 

ш ы қ п а й  ж а т қ а н ы н а  м ә н бермесек те, 

орысшадағы ойыңнан кетпейтіндей, жан 

тітіретерлік соншалық зілді де зұлымның 

ұсқынын қашыра, бетіне шыжғыра екпін-

деп, еселеніп айтылған зор айыптау, кегі 

қаулаған өктем үн қандай? Қайда қашса да 

құтқармайтын, серпіні жойқын айыптаумен 

бірге, жарық дүниеге шүйілген қара ниет, 

қайырымсыз, қанқұйлы тажалдың табиға-

тын жазбай таныған байыптау қандай? 

Байыптау арқылы тарихтағы тажалды, 

адамзатына аранын ашқан ажалды, таймай-

тайынбай үсті-үстіне төпелеп әшкерелеуі 

қандай? 


Тажал мен ажал тізе қоспақ түгіл, тұта-

сып кеткен, озбырлығынан зұлымдығы 

асқан, зұлымдығын одан әрі қоздыратын 

озбыр ойраны тіпті озған, жарық дүниені 

«жалт-жұлт еткен кең мекен» емес, иманың 

қасым болатын аласапыранға айналдыр-

ған. 

Орысшадағы «подлец», «сатана», «ведьма» 



секілді бірінен бірі еткен, өрт өшпенділігі 

соншалық зілді сөздер қазақшада «сұм», 



«сайтан» болып сәл де болса қуаты қожырай 

бастаған. Сол сияқты «какая злодейка», «ка-



кая ведьма» дегендегі қайталай айыптау, 

оқыс зілдену «қандай әйелмен» шектелген. 

Бұл «какая» «қандай ғана» деп аударылса, 

әсерлірек шығар ма еді?! Алайда, олай 

аударса ырғаққа нұқсан. «Сен неге» дегенде, 

«неге» ұйқастың ұясына енгізу үшін ғана 

ентелеп келген.  А й қ ы н ы сол — орысша 

нұсқаның эмоциялық экспрессивтік қуаты, 

поэтикалық мазмұн ауқымы, көркемдік ма-

ғыналық көкжиегі кеңірек. 

Бұған қарағанда, өлең әу баста орысша 

жазылғанға ұқсайды. Өйткені, майдан га-

зеттері негізінен, орысша шығады ғой. 

Соған ұсыну үшін бірден орысша жазғандай. 

Сол кездегі майдан газеттерінің бірінде бұл 

өлең орысша жарияланды ма, ол жағын біл-

меймін. Ал, қазақшалай қатырып жатуға 

соғыс кезінде, әлбетте,  а қ ы н н ы ң уақыты 

болмаған. 

Қасымның бұдан басқа да біраз орысша 

жазған шығармалары бар екені бертінде 

а қ ы н н ы ң сүйікті қызы - Дариға Аман-

ж о л о в а н ы ң «Қазақ әдебиеті» газетінде 

ш ы қ қ а н  м а қ а л а с ы н д а  а й т ы л д ы . Сол 

қолжазбаларды табу майдан газеттерінде 

жариялануы мүмкін жырларын іздеу, са-

лыстыра зерттеу — алдағы міндеттердің 

бірі. 


Анығы сол — Баубек Бұлқышев сияқты 

Қ а с ы м  А м а н ж о л о в та орысшаға жетік 

болған. Орыс тілі арқылы әлем поэзиясы-

мен, қолы жеткен шығармалармен байып-

тап  т а н ы с қ а н . Орыстың ұлы  с ы н ш ы с ы 

Белинскийдің мақалаларын аударған. Әр 

тілдің өзіндік қалыптасқан әлемі бар екені 


дейді. 



 Ақынның аудармалары, орыс тілінде 



жазған өлеңдері жайлы айта кетсеңіз. 

— Ақын шығармашылығының құ-

нарына, әуен-сарын, бояу алуандығына игі 

ықпал еткен факторлардың бірі — орыс және 

басқа да халықтар өкілдерінің поэзиясы. 

Пушкин, Лермонтов, Маяковский, т.т. Сон-

дай-ақ, 30-жылдардан бастап бірге жүрген 

достарының бірі Ғ.Слановтың айтуынша, ол 

аталған ақындарға коса, Шевченко, Байрон, 

Руставели, Низами шығармаларын көп 

аударды. Ақындық тәжірибенің молаюына, 

өмірді көркемдік тұрғыдан тануына, өзіндік 

мәнерінің қалыптасуына аударманың да ай-

рықша септігі тигені рас. 

Арқалы Қасым ақынның от пен оқтың 

арасында жүріп, орыс тілінде жазған 

өлеңдерінің қазақша нұсқалары да бар. 

Бірақ ол өлеңдер алдымен орысша жазылды 

ма, әлде қазақша жазылды ма, ол жағы анық 

емес. Мәселен, ақынның шығармалар жина-

ғында берілген «Зұлым жау» өлеңінің тү-

сінікте келтірілген орысша нұсқасы небәрі 

6 жолдан ғана тұрады, қазақшасы 8 шумақ 

—32 тармақ. 

Зер салып, салыстырып оқысаңыз, «Зұ-

лым жаудың» орысшасы қазақшасына 

қарағанда, ашынуы мен ашуы араласа 

айқын тасқындап, асқындап, аспанға өрлеп 

тұр. Мәселен, қазақшада: 

Қандай ғана дозақтан түстің сен сұм, 

Қандай у мен тәжіңді бояғансың,— 

десе, орысшада: 



Из какого ада брошен ты подлец, 

Каким же ядом пропитан твой венец? — 

деп, шапшып шығандайды. 

Тәжді қараптан-қарап бояу қазақы ұғым-

ға бірден қона қоймайды. «Түстің сен сұм» да 

жүрістен жаңылысқан. Ырғақтың аяғы ша-

лынысып кеткен қапы сәті бірден көзге 

түседі. Бұларға «еркек ажар» (М.Әуезов) бе-

ріп тұрған жайт дозақ емес, «қандай ғана до-

зақтың»эмоциялық қызулы қуаты әлдеқайда 

айқын. Әйтсе де «дозақтан түстің» дегенде, 

дозақ аспанда әуелеп, көкті жайлағандай, 

сұм содан салбырап түскендей әсер етеді. 

Орысшада сол дозақтың өзі түңіліп, жиы-

рыла жиіркеніп, жыны ұстап лақтырған 

немесе жазира жарық дүниеге лаң салу үшін 

қасақана лақтырылған. «Подлец», «венец» 

деген қатқыл дыбыстар шоқпармен ұрғандай 

әсер етеді, «каким же» деген таңданысы мен 

ызбары, ызғары қабаттаса ширыққан эмо-

ция қазақшада көрінбейді. 

ғылымда баяғыда-ақ дәлелденген. Қа-

сымның асқар биікке көтерілуіне екі тілдің 

әлемінде еркін жүзуі, екі тілдің көркемдік 

құнары мен қуатын бойына еркін сіңіруі де 

әсер еткен. Бұл орайда Ш.Уәлихановтың, 

Абайдың, Ы.Алтынсаринның, Мағжанның, 

т.б. шығармашылығындағы «кәдуілгі» 

қазақшадан бөлекше ойлап кететін сәттерін 

еске алсаңыз, әр тілдің ғасырлар бойы 

жинаған тәжірибесінің шығармашылыққа 

әсер ететінін қайыра еске аламыз. Аристо-

тель мен әл-Фарабиден бастап, бүгінге 

дейінгі ғылым мен шығармашылық 

өкілдерінің өмірінен келтіруге лайықты 

мысалдар қыруар... 

Қасымның шығармалар жинағында 

«Бүгін майдың отыз бірі» деген атпен күн-

делік дәптерден келтірілген үзінділерде 

подполковник Әлпиннің ақынды «Отан 

үшін соғысқа» деген орысша газет редакция-

сына орналастырғаны, ондағы редактор, аға 

лейтенант Кулагин Қасымның жазған 

мақала, хабарларының берекесін кетірген-

дігі туралы айтылады. Және де мұнда ақын: 

«...орысша-қазақша бірнеше өлең жаздым. 

Бірақ көбі-ақ шабытсыз, көңілсіз жазылды. 

Біріншіден, науқас болдым, екіншіден, 

редактордың қыңыр мінезі көңілімді 

көтертпеді, соның өзінде июньнің тоғызы 

«Брянские леса» деген өлеңімнің басын жа-

зып қойған едім, бүгін аяқтағалы отырмын» 

деп, ағынан жарылады. Бірақ осы «Брянские 

леса» біздің қолымызға түспеді. Қасым 

еңбек еткен майдан газетінде жариялануы 

әбден ықтимал. Іздеу, табу жариялау кезек-

тегі шаруа. 

— Сөзімізді түйіндесек... 

— Түйіні — Қасым Аманжолов шығар-

машылығы, ғажайып ақындық қуаты әлі де 

арнайы, терең зерттелуі керек. Ұлтымыздың 

ғасырлар бойы өлмей, өшпей бүгінге жет-

кен, келешекке ұмтылған ұлы ағысты тала-

бын, қайталанбас өзіндік керемет рухани 

әлемін, шығармашылық зор әлеуетін таны-

татын бірегей, тарихи тұлға — Қасым Аман-

жолов. Адам мен адамзаттың қиялына қанат 



бітіретін, рухына жігерлі серпін беретін Қ/асым 

сияқты ақындар әлем поэзиясында сирек. Енде-

ше, Қасымды зерттеу, асыл мұрасын алуан 

тілдерге тәржімалап, таныту

 — елдігіміздің 

іргесін нығайту, кешегі күндерде кеткен есеміз-

ді қайтару, жоғымызды түгендеу, бақытты 

болашаққа ұмтылу деп, сөзімді тәмамдайын. 

Әңгімелескен Айнара АШАНОВА. 

Қазақ әдебиеті. - 2011. - 18- 31 наурыз (№ 11/12). - 1, 8, 11 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал